Мазмұнға өту
Home

Аудармалары. I кітап

Фариза Оңғарсынова

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Аудармалары. I кітап

Фариза Оңғарсынова — «Аудармалары. I кітап». ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАРЫ

/uploads/ffba6276-cf9e-56ad-96c5-1e78eff7ec2b/cover.png

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАРЫ

Ғашықтық сезім — адамзат ғұмырын жалғайтын нәр.

Ол сезім тек ер мен әйелдің арасында болады деп түсіну — қателік. Балаға, анаға, әке мен бауырға, дос пен жарға, туған жер, атамекенге, өнерге деген өлмей ажырамайтын қимастық — осының бәрі, сайып келгенде, ғашықтық.

Поэзияның алтын діңгегі — осы сезім.

Бұл кітап түрлі тілде өлеңмен өрнектелген жырлардан — сезім жырларынан тұрады.

Әр тіл — өзінше құпия әлем. Оның өзіне ғана тән бояулары болады.

Мен осы ғұмырымда сол әр халық ақындарының өзіме ұнаған, өз жүрегіммен үндес шығармаларын туған тіліме өз бояуымен жеткізуді мақсат еттім. Бұл жолда өзім де көп жайларды үйрендім.

Әсіресе Александр Блок пен Пабло Неруданың жырларын аудару үстінде қатты қиналдым. Әр ақынның қадір-қасиетін өз халқымның оқырманына дәл жеткізгім келді. Тіпті әр өлеңнің ырғақ, буындарын да сақтауға тырыстым.

Үлкенді-кішілі әр шығарманы аудару үстінде өзіме сол ақын өз жырын қазақша оқып, кейін маған үкім айтады деген шарт қойдым. Өз бауырластарымды сан жүректердің лүпілімен тілдестірсем деп армандадым.

Бұл кітап,- қалай болғанда да, жүрегімнің қанын, жанымның қуатын берген өз творчествомның бөлінбес бір бөлігі.

Қазақтың өлең сүйер ұрпағы осынау ғашықтық жырларынан әр ақынның жүрек лүпілін сезініп, өзінің жан әлеміндегі тұнып жатқан сәулелер пернесіне үндестік тапса, маған қуат берер мақсат — осы!

Фариза ОҢҒАРСЫНОВА
АЗИЯ
СИЛЬВА КАПУТИКЯН
АРМЕНИЯ

Бұлыңғыр елестер

- Қарашы, құрбым, періштең жырақ

шырқады!

- Қарашы, жігіт, жүйрік-ау уақыт

тұлпары!

Осылай деді бір перде,
(екіншісі оны тыңдайды)
зымиян, залым күлкі - өңде,

даусы бірак сырнайлы.

- Қарашы мына жігітті

анау бір қызға үңілген.

(жігіттің көзі үмітті
тіл қатып қызға жүгінген!)
Пердеге перде сыбырлап

ұялтты балғын аруды.

Үй іші — елес, түн, ырғақ,

терезе түгел жабулы.

Ойланып, айтар сыр бардай

шығарды перде ақыры үн

(ұйқыдан кенет тұрғандай):

- Күлімде маған, батырым!

Семсерге батыр сүйеніп

ғажап бір сырлар шертеді.

Баурап ап жанын ертегі

перделі сұлу елітеді.

Шақырды биге күмбірлі үн –

Іздесті көзбен бір-бірін.

Ақ тамақ, албырт, асқақ өң!

Еске сап жүзі қыр гүлін,

Тағы да биге! Басқамен!

Іздейді көзбен бір-бірін.

Нұр шашып тұрды гүл ірең,

сөнгенде маңда бар жарық.

Бір нәзік сәуле жібімен

қос жүрек қалды жалғанып.

Есінен танып түр жігіт

не істерге білмей абдырап.

Жырақта сәуле - мұңды үміт,

жүректе түк жоқ ал бірақ.

Шарап құйған шыныдан

Ертегі ұзақ, мас түннің

сәттері өтіп барады.

Перде астында жас кыздың

жарқылдайды

тамағы.

Тұлғасы - тал гүлдеген,

көрсең, шіркін,

күлгенін!

- Ақын мырза, білмеп ем,

сүйкімдісіз сіз керім!

- Сіз орысша білмейсіз,

Бірақ көзден сырды ұғам...

Жібек шарқат жылжыған
иығының тұсында,
сосын аяқ ұшында

қалғып жатыр сұр жылан.

Диван жақ бұрышта

Пеш қалдырды солғын мұнар –

шоқ табын.

Терезелер сөндірді бар

оттарын.

Кемені айдын ағыстарда

жалмаған.

Тырна ұшады салып таңда

сарнап ән.

Шықпайды - бос алаңдама –

енді Күн!

Мен - ақынмын, маған ғана

сен бүгін!

Ертегімді ұқ, албырт гүлім,

сен менің.

Әкелемін барлық түрін

перденің.

Сезімімнің жалындары
қыздырып,
балқиды әлі жанындағы

мұз жібіп.

Тізе бүгіп қарсы алдыңда
жігіттер,
батады әлі аңсау-мұңға

үміткер.

Қабырғадағы көлеңкелер

Король өтіп бара жатыр паңдана,

тәжі ырғалып басында.

Сайқымазақ, күлдіргіші - сарбала

қутыңдайды қасында.

Үкіленген қалпақ киген, керілген

сұлулар да барады.

Шынжыр ұстап келе жатыр сеніммен

батыр жігіт манағы.

Сізге семсер жарасар еді, батырым,

қарашы асқақ тұлғаны!

Кездесуге шақырғандай ақырын

отты жанар ымдады.

Үкіленген қалпағыңыз, жүргенде

жарасымды түрі тым.

Сіз, айтпақшы, не жұмыспен бұл жерге

келіп тұрсыз, жігітім?

Ертегі айтып бере аламыз біздер де
таң атқанша жыр қылып,
Мына гүлді бұрынырақ сізден де

сыйлаған-ды бір жігіт!

Мұны әкелген - жүрегімнің ақыны,

текке бірақ күрсінбе.

Сіз өзіңіз ертегінің батыры,

қажет емес гүл Сізге...

Келеке

Қасымды бояп қызылмен

жаныма келіп тұр күліп:

«Білмедім бұрын неге мен
өзіңді, сері сұр жігіт,
мұншалық сұлу демеп ем!»
Соны айтып тағы күлді де

басқамен кетті назданып.

Маңымды жапты түн, міне,

мен қалдым ессіз арбалып.

Көлеңке толған жан-жағым

сиқырлап, арбап сананы...

Бал шарап, сыбыр, арман - үн...

Ауаны кенет жарады

әтештің айқайы - таң әні.

Атшана зулап барады.

Естілді тағы балғын үн:

«Батырым үнсіз тұр неге?

Түсің бұл сенің - қалғыдың,

Естиін деп пе ең бірдеңе?

Меңіреу, мылқау түн - керең,

кереңнен түк те шықпайды.

Таңданба «не, - деп, - бұл деген?» -
Әтешті түн де ұқпайды!»
Олар өлең оқиды
Қадалғанда сенің жарқын жанарың,

жырларымның шатастырдым беттерін.

Әуенінен жаңылғандай бар әнім,

ақылымды қарға көміп кеткенің.

Әлгі перде не деп кетті? Бұл неден?

Қайтер ең сен сезіміңді таптаса?

Тек кітапта - ертегі мен жыр деген,

ал өмірде - мылжың, бәрі басқаша.

Бір мен үшін бұл өмірде бұлт, аспан,
жырларым да, жүрегімнің әні де,
түнек түн де, үшқындар да нұр шашқан –

тек өзіңмен байланысты бәрі де.

Қаталданба, еркелетші, жарығым,

Келемеждеп күлкі етесің несіне.

Ұмыт болған қатерлі оттың жалынын

салма менің есіме!

Болар іс

Қыз бөлмеден шығарып,

жапты есікті жай ғана.

Түк үқпады бұл анық,

жайлы, тыныш айнала.

Қар есіңнен тандырып,

қақпаны да жабады.

Қыз жігітке сәл күліп

жылы жүзбен қарады.

Жел үйірген шұнақ қар

жұлдыздарды жүрді айдап.

Шауып өтті құр аттар –

дүбірледі түнгі аймақ.

Жалғыз жайлап сананы
перделі ару тұр әлі,
Сонда жігіт жанары

көзіне оның құлады.

Мұнда және онда
Қуғынға шықты шарқ ұрып, -
жатпайды тыныш жел неге –
сілесі қатты алқынып

жете алмай қара пердеге.

Ызадан сосын жарылып

шананы көмді қарменен.

Тұманның тонын жамылып

мұнара салып сәндеген.

Қуады бәрін қағынып,

секем ап көңілі әрнеден.

Даланы кезді сандалып,

долы жел неткен кекті еді.

Ұшқындар жүрді шам жағып

түнекке сәуле сепкелі.

Келеді жел де қарманып –
пердеге бірақ жетпеді,
Түсірді жұлып ақ бұлтты

талдырып жерге тепкелі.

Көгілдір түнек тылсымда
екі елес қана көрінген,
байланып жіпсіз бір сырға,

ісі жоқ басқа өмірмен.

Билеп жүр екеу перделі,

кірпіктер көзден от күреп –

ғашық боп қалған қос жүрек.

Абыржу

Билеп жүрген біздер ме,

көлеңке ме, елес пе?

Түс секілді күндер де...

Сен ғанасың тек есте.

Не күйдемін — таңданам,

сен де ұға алмай іркілдің.

Бетпердеден баураған

жанары екен бұл кімнің?

Қол ұстасып жүрміз бе –

өңім бе әлде түсім бе?

Жүргендеймін күндіз де

қошқыл түннің ішінде.

Өз жолымнан сен мені

тайдырдың ба шырқап ән?

Құштарлық па мендегі

Ақ дауыл боп бұрқаған?

Алдың, перде, барымды –

өзіңде асқақ ән қалды.

Қайтар маған жанымды,

қасіретімді бал дәмді!

Өлімге бел шешу

Жүрегім өлім сұрайды,

сұрайды менен оңаша.

Өмірден кетсе шырайлы,

өкінер емес ол аса.

Бұлақтай баурап сен мені

әкелдің мынау құрдымға.

Алдымда - тылсым өрнегі,

Қараңғы түнек, түн мұнда.

Көзіңмен мені байладың,

өптің де түннің төрінде.

Өмірдің бұзып қаймағын,

итердің мені өлімге.

Ұқсам да сенің жазаңды,

қуандым тіпті балаша:

Қайғылы мұндай ажалды

қайтемін жүрек каласа?

Отанға деген махаббат

Өлшемі жоқ ана махаббатының,

пір тұтпайды жұрт бекерге - ол киелі.

Аюлар да (ой-санадан мақұрым)

ақымақтау балаларын сүйеді.

Екі жүрек бір-біріне сенімін

өшіргенде, сөнгендей ғой бар шырақ.

Көгершін де жоғалтқанда серігін

отырады көзден жасы тамшылап.

Бірақ, бірақ бір махаббат болады,

ол адамның еркінен тыс күш мүлде:

елге деген махаббатың жоғары

тұрады ылғи бар сезімнің үстінде.

Ол ешқашан жалған емес, түсінем,

елін сүю жадыратар көңілді.

Бүкіл адам сол сезімнің күшімен

өлтірмей жүр жердегі бар өмірді.

Басқа жол жоқ

Қар бораннан шыға алмадым,

қуанамын өлімге.

Сен алдымда бұлаңдадың,

үміт шашып көңілге.

Қара көзің қадалғанда

жанталасып бұлқынам.

Күртік қардан таң-арманға

құлап-тұрып ұмтылам.

Хан, батырлар жерде қалған

жатыр көзі жұмулы.

Мұның бәрі, перделі арман,-

құрбандарың бұрынғы!

Мен тұншығам боран қамап,

шуақ қайда күнгейлі?

Ал жатқандар маған қарап:

«Тіріл қайта! Тұр!»—дейді.

Дауыл - менің жүрегімнің аңсары

Сұқ найзаны, төк терді –

шықсын естен күлкі де!

Самға, түнек от демді,

қар шапанды сілкіле!

Өлтір мені, айбаттан,
жақындатпа таңды алғы,
Мен де бір кез жайратқам

жанға жақын жандарды.

Сүйгендерді жат қылдым,

ұмыт бәрі бүгінде.

Жүрегімді лақтырдым –

жатыр тылсым түбінде.

Найза жанар, қадал да

түйре, есімнең танайын.

Өрте мені алауға –

өз еркіммен жанайын!

Қарлы алау

Алау да шапшып аспанға,

мосыда жанды батырым.

Ұшқындар моншақ шашқанда,

жылжыды түндер ақырын.

Серігі қыстың түн деген,

тоқитын өрнек ақ қардан.

Тыныштық, тыншу білмеген

ұйтқиды боран шатқалдан.

Бұралған түтін - сыйлы өрнек,

Ақ аспан, аппақ айдала...

Шалқы да тілің сүйреңдеп

мосыны, жалын, аймала!

Қар перде киген сал жігіт,
жана түс алау жалынға,
Көзімді саған талдырып
түнде де, таңғы шағыңда

сүйгенде сені - жанды үміт.

Сүйіктім болғын сен менің,

сал жігіт, сұлу жанарлым.

Жаныңды қармен емдедім,

мен саған бірақ адалмын.

Болмады менен адал жан,
жаныңды үш күн түсіндім,
Сүйгіздім тұнжыр жанардан,

қанат та байлап ұшырдым.

Жан енді, өрте денеңді,

Ұйтқыған желге қарама!

Күліңді сенің мен енді

ұшырам қарлы далаға.

Фаина

Сен келдің де, көркіңменен

бар сұлуды тасаладың.

Мен өртендім, толқып денем,

оны немен баса аламын?

Балқып аяз, нұрдай қарға

алау жүзің тұр гүл атып.

Тек ат шана зулайды алға

қоңырауын сыңғыратып.

Сені аймалап қыстың демі,

мен құша алмай торығамын.

Жаннат ішік үстіңдегі,

ашып қойдың омырауын.

Сендегі албырт еркіндікті

аңсағандай жел жылайды.

Көркің жаулап кең тірлікті

қызғанғандай жер мұңайды.

Кең даланың ақ құндағы,

от жанарың жалқыдайын.

Мейлі алдасын сәттің бәрі –

сол жанарға шарпылайын!

Бәрі өтер деп таң шағыңның
жел де мейлі қарды үрлесін,
нәзіктігін саусағыңның

менен өзге жан білмесін!

Баурап өзің, самал, дала

қиялымнан күй ақтардым:

кең дала мен маған ғана

пердеңді ашқан сияқтандың.

МИХАИЛ ДУДИН
Социалистік Еңбек Ері
Жеңімпаз
Төрт жылғы соғыс жанына

салғанмен талай жараны,
орыстың жері тағы да

гүл атып, бүршік жарады.

Жерлерде кеше сабылған
ұрыспен кешіп сан айды
жас гүлдер шыққа малынған

дірілдеп бүгін қарайды.

Найзағай өткен жерлерде
тілгілеп түннің түндігін
күл болған құмды белдерде

қалалар өсіп тұр бүгін.

Бетке алып үйін бөктермен
сүрапыл жанын сынаған
ерлікті бастан өткерген

келеді орыс - ұлы адам.

Құтқарып әлем тірлігін

қалды өзі ажал торынан.

Дүние арнап жыр, гүлін

тосады оны жолынан.

Дұшпанды талай жер жұтты,

моласы сонау қалған мың.

Ол біздің өшпес ерлікті

есіне салар жаулардың.

ПОЛЬ ЭЛЮАР

Франция

«Тірлік ету - яғни өміріңді басқалармен бөлісу. Дүниедегі жалғыз тұрағың - бүкіл әлем». Әлемдік ұлы әдебиеттің алтын қорына өз есімін мәңгі жазып кеткен XX ғасырдың даңқты ақыны, француз халқының ұлы Поль Элюар (Эжень - Эмиль - Поль Грендель) осылай деп жазған болатын. Прогресшіл гуманист ақын өз творчествосымен, өз тірлігімен осы өзі айтқан қағидаға берік екенін көрсетті. Бүкіл әлемді өз үйім деп, адамзат баласының тағдырын өз тағдырым деп қараған Поль Элюардың әр өлеңінен, әр жолынан зұлымдық пен әділетсіздікке қарсы адалдық пен бостандық үшін күрестің айбынды үнін естиміз.

Француз халқынын адал ұлы Поль Элюардың (1895— 1952 жж.) өзіндік ерекшелігі мол жалынды жырлары поэзия сүйгіш адам баласының көмескіленбес қажет мұрасы болып қала бермек.

Мен Парижде болғанымда өзім қадір тұтатын Элюардың зиратын іздеп барып, тағзым еттім.

Аналар мен жесірлердің тілегі
Қол қусырып тіледік,
Көзімізде шын бақыттың күлкісі
ойнап жүр едік

күннің өзін тербетіп,

Жүрегіміз кеудемізден сүт бұлағын селдетіп.

Қызыл қанмен, қылышпен

құтқарыңдар фашизмнен, жер көрмеген бұл істен!

Берші қару біздерге,

фашистерді атқылайық, атқылайық біздер де!

Бұлағы едік өмірдің,

Қиял тұнған кеудемізден шарықтайтын көңілді үн.

Достар, бізге қару әкел, қару әкел, жарай ма,

фашистерді құртамыз біз, құртамыз біз қалайда!

Олар аз ғой өлгендерден, бұғанасы қатпаған

қыршын кеткен боздағымыз жазықсызға оқ атпаған.

Біз оларды сүюші едік ес қалмай,

Тек өмірді ойлайтынбыз басқа ештеңе еске алмай.

Қолымызға қару ұстат, басқа ештеңе көрсетпе,

Өлімменен арпалысып өлеміз біз өлсек те!

Бұдан былай жалғыз
Олар,
қара құс секілді, билейтін түндерде,

жандары пәк гүлден де.

Қызын, ұлын ажырата алмадым мен шашынан.

Әрқайсының арқасында винтовка бар асынған.

Қол ұстасып билейді олар, ән салып,
бостандық деп жар салып,
ән-ұшқынмен жалындады түнгі әлем,

жау көз ілді тәтті ұйқыға тамсанып.

Олар деген -
өмірдің жас маздағы,
көңілі асқақ, жаз жаны,
армандары - дауылды айдын теңізбенен ұласу,

тағдыр бірақ көбісіне көруді оны жазбады.

Әділетпен тірлік ету -

мәні осы өмірдің,

үлгісі олар шыншыл, адал көңілдің.

Мынау байтақ ғаламда

олар бауыр барлық адал адамға.

Оларда арман
мөлдір бейне сынаптай,
күш тасқыны шыдатпай
қол ұстасып ұмтылады олар алға - Жеңіске,

ақ айдынға талпынатын бұлақтай.

Қарымта

Мынау соғыста мерт болды:

ондаған достар, жігіттер,
ондаған арулар - үміттер,
ондаған сәбилер;
жүздеген жігіт өлді,

жүздеген үміт өлді,
жүздеген бөбек өлді,

мың дос пен мың әйел, мың бөбек..

біз санауға не деген жүрдек ек.

Иә, өлікті санай аламыз,

жаңылмай санай аламыз.

Бірақ уақыт зырғуда,

сонау кекті қалай аламыз?

Соғыстан соғысқа дейін

ұмытылар ма екен

мерт болған талай ағамыз...

Егер бір өлі мүсін

есте қалса, былай өтеміз:

біз соғыспен күресіп етеміз

Өмір үшін!

Батырдың жесіріне

Бұл қайғың түсінікті шын естіге:

жұбатып айта алмаймын ешбір әнді.

Ол жұрттың бақыты үшін күресті де,

ал өзі сендік болып кетті мәңгі.

Ел кегін қару етіп ұстады да,

ерлікпен жау біткенді желкеледі.

Дауыл боп тиісті де дұшпанына,

ал саған жас балаша еркеледі.

Бұл қайғы сені, әрине, күйікті етті,

жалғыз-ақ жұбаныш бар біле білсең:

ол сені өле-өлгенше сүйіп кетті,

мәңгіге мекендедің жүрегін сен.

Бақыт қой соны аңсаумен күн кешірген,

өмірге құштарлығы қалды сенде.

Сондай боп (шығарма оны бір де есіңнен)

бас имей кетті ғой ол қайғы-шерге.

Қайғыдан толықсыған шақтарыңда

қолыңа ал тұмар қылып жазғандарын.

Жасың тый, қуат жина, батпа мұңға,

бар әлі жүрегіңде маздар жалын.

Сүй оны тірісіндей өліп-өшіп,

серік қыл оның саған құштарлығын.

Сүйсінсін достарының көңілі өсіп,

елеме біреулердің дұшпандығын.

Асқақ бол — осы болсын шешім шегі,

тағдырдың елең қылма құзы-жарын.

Мейлі жұрт жесір әйел десін сені,

ал өзім ылғи саған қызығамын.

Махаббатым сен едің, жұмбақ күнім сен едің,

жүрегіме ең жақын қымбат гүлім сен едің.

Тағдыр мейлі айырсын, айырды ғой, асылым,

басқа сүйді мені, ал сен кеудемдесің жасырын.

Мейлі кунде көрмейін, шақырмайын сені мен,

бірақ ішім елжіреп, тек өзің деп егілем.

Басқа адамды сүюім азап болды қаншалық...

Ұмыттыра алмады ол тырысса да жан салып.

Сіңіп қапсың каныма, жаңбыр сіңген жердеймін,

сені аңсаймын — ауруым. Оны немен емдеймін?

ДЕБОРА ВААРАНДИ
Эстония
Эстон топырағы
Сұрғылт-қызыл, жансыздық елесіндей,

іреңі тым жүдеген,
нәзіктігі адамның денесіндей

жалаңаш, үлбіреген.

Неткен кедей, жоқтай бір нұрында айбын,

өшкендей оты-жаны.

Үн шығармай жай ғана сыбырлаймын:

«Эстонның топырағы...»
Мульгимаада қоңырқай дала жаны,
Вооремада аздаған құнарлырақ;
сұрғылт тасты теңіздің жағалары

тамырсыз тұрар жылап.

Ылғал барда көгерер жер жақсысы,
жылу да жоқ, ызғардай оттың басы;
өнім нашар, тұқым аз, ең бастысы –

күтім де жоқтың қасы.

Көз жүгіртсең - кендікке тоқтау бар ма –
көкжиекке көсіліп ақы-бұлсыз,
ән боп шалқып, жырланған жоқтауларда

шалғын жер жатыр үнсіз.

Неткен керім, табиғат, ғаламатың –

орман, сулар, кешегі қала, затың –

барлығын түрлендірген:

қойдың араластырып жермен, күлмен.

Қарт партизан - маңдайда түнған із бар –

жерді уыстап сәбидей өбектейді:

«Құнары аздау, жетпейді ылғал, тұздар –

нәр беру керек...» - дейді.

Мен сенемін - жарқылдар сенің нұрың,

сен жайлы өлең ұрпағың оқыр әлі.

Болғай деймін саған нәр менің жырым

Эстонның топырағы,

Эстонның топырағы!

МИХАИЛ ЛЬВОВ
Ұйқысыз түндер
Болды ма ұйқы сонау бір сызды, қарлы

Арпалысқан ұрыстар даласында.

Ұйқы деуге бола ма мызғығанды

Өлім менен өмірдің арасында!

Ажал менен соғыстың соқпағында

Өмір, өлім жатқанда жұлқыласып.

Ұйқы қалды көміліп от жалынға,

Кетті адамнан әзіл мен күлкі қашып.

Ол күндердің азабы жанға батқан

Әлем тұрды дірілдеп құз-өткелде.

Ұйқы көрмей қас қағым таңдар атқан

Бас штабта, окопта, күзеттерде.

Кірпік ілмей өтумен күн-түндері,

Қорғады елін советтің солдаттары.

Сол ұйқысыз түндерсіз мүмкін бе еді

Елімізге бейбіт күн орнатпағы.

Мазасыздық қалыпты жүрегімде,

Әлі ұйқысыз өтеді түн дегенің.

Ендеше мен тағы да бұл өмірде

Тектен-текке жер басып жүрмегенім.

Жайып салам жүрегімді

Аңсайды туған үйін қайда да адам,

Қам көңіл табады тек содан емін.

Егерде тірі жүрсе қайран анам,

Мүмкін мен ұлы ақын да болар едім.

Қайрат пен бақыт бердің, өмір, маған,

Кезім жоқ қиындықтан жасырынған.

Мен тудым, қара жерге көмілді анам,

Айырдың, сөйтіп мені асылымнан.

Жан бар ма ұмыттырар оны мүлде,

Аңсаймын әлі көздің жасын сығып.

Бір рет отырмадым өмірімде,

Анамның көкірегіне басым сұғып.

Семья, жылы үйге мен жарымадым,

Алысып жетімдікпен аласұрдым.

Досыма, жарыма да, - жабығарым, -

Жетпейді алақаны анашымның.

Жылар сәтте көргем жоқ жылап тегі,

Жеңілетін жерде де жығылмадым.

Қатал жан деп қалмаңдар бірақ мені,

Өмір өзі үйреткен мұның бәрін.

Өмір, мені жылылау қабылдағын,

Жау емеспіз,,бекер ғой кек сендегі.

Сойылыңа жықпа деп жалынбадым –

Сенің соққың естілеу еткен мені.

Күш қалдырмай бойымда күресерге

Сойылыңның астына алсаң-дағы.

Жабықсам да, кейде мен жүдесем де,

Дауылыңды келемін қарсы алғалы.

Қарманатын еш нәрсе табылмасын,

Мен бәрібір бұқпаймын жыламсырап.

Сауғаласын қорқақтар жанын, басын,

Біз көрерміз қалай да бұған шыдап.

Туған екем құрыштай ғасырда мен,

Болса деп ем терім де қалайыдан:

Тым болмаса қорғансын асыл денем

Соққылар мен өрттердің талайынан.

Мейлі туа бермесін айым да оңнан,

Мүмкін бұған өзім де кінәлымын.

Кездеспесін олжалар дайын жолдан,

Өзгерткені аз мені өмір сынағының.

Жараланғыш жаныма мұң егілді,
Қайтем енді көбейсе содан қайғым,
Жайып салам сонда да жүрегімді,

Мен өйткені басқаша бола алмаймын.

Шындық
Сырт көзге өз-өзімнен мықтысынып,
төрт жағым құбыладай көрінуге
немесе жиын-кеште жұрт тұшынып

тыңдардай ән боп шалқып төгілуге
ешқашан арым менің жібермеді,

қайтемін өзгені де, өзімді алдап.

«Хал қалай!» деп сұраса біреулері,
«Тамаша» деп күлкімен сөзін жалғап
соғатын өтірікті адамдар-ай,

Белгілі тым жетісіп жүрмегені.

Демейді «халым нашар», алаңдамай

жылтырап алдауменен күн көреді.

Ал егер өмір сені лақтырып,
Тарыдай салса бір сәт елегіне,
Ішіңнен қайғы жұтып жылап тұрып,

Өтірік күлімдеудің керегі не?

Жасырмай өзің жайлы ештеңені,

Досыңа кездескенде ақтар бәрін:

Керексіз қызыл сөздің кестелері,

Өзіңше ұялғансып ақталғаның.

Шындықты айт — көмектессең өзіңе
шын,
Өзгені айыптама ғайбат жағып,
Иықтан жүк түскендей сезінесің,

Кетесің сонда өзің де қайраттанып.

Ісіңді жөнде, әйтпесе - тағы да сын,

Бойдағы бар күдіктен арыл, емде:

Шындықпен, тек шындықпен арыласың

Кездескен көлденеңнің бәрінен де.

Жетінші майда өлгем мен,

Жеңіске жақын қалғанда.

Жалғыз оқ тиіп кеудемнен

Жеткізбей кеткен арманға.

Жақындап жау да бір адым,

Қызған шағы еді ұрыстың.

Жат жерге сонда құладым,

Көрінбей қалды күміс күн.

Мықты екем тегі мен деген,

Мәңгіге көзді жұмбаппын.

Қансырап шын-ақ өлген ем –

Жетінші күні тіл қаттым.

Күн шықты қайта, жел тұрды,

Қуаныш қандай сондағы!

Өмірге қайта келтірді

Аялы жанның қолдары.

Сол жандар сақтап қалады

Тоқтатпай тірлік арынын.

Төсекте жатып, жаралы,

Тыңдағам Жеңіс дабылын.

Қарайды күліп күн өрден

Жердегі әлсіз көшетке.

Қасірет шегіп түнерген

Командир жатты төсекте.

Қем-кетік толды, сынақ та,

Қатер де бітпегенменен.

Мен аман қалдым, бірақ та

біткен жоқ майдан

кеудеден.

ЛЕВ ОШАНИН

Мұхтар Әуезовты еске алу

Жылдар зулап, жастық та тарағандай.

Әлі есімнен кетпейді бір жай ғана:

Москвада, жарқырап дала маңдай

Мұхтар отыр жанымда шыңдай дара.

Зал жарылып кетердей теңселеді,
халық білер өнер мен жыр қадірін,
жазушылар - қашан да ел сенері –

бар әлемнен жиналған мұнда бүгін.

Халық деген — болмастай сына қағып –

тыпырлайды алдында әр қақпаның.

Континенттер тыңдайды -тына қалып

сан тілдегі өнердің саңлақтарын.

Сан тілдегі сан сұмдар сұрақтарын

тау тасындай жаудырды залдан бізге.

Мұхтар жаққа қараймын –

қуат, жалын

және терең ой жатыр арман жүзде!

Асып-сасқан мен жаққа бір қарады

мейіріммен, далалық даналықпен –

жаным кеңіп, өңімнен нұр тарады!

Е-е, осындай болса ғой аға біткен...

Жылдар жерде зулайды асықтырып,

жанын ұрлап Мұхтардай есті ағаның...

Қазақ жерін мен бүгін басып тұрып

сол данышпан тұлғаны еске аламын.

БОРИС ОЛЕЙНИК
Украина
***
Лақтырып азап-шоққа бір,

Батырды салды сынға бек:

таратсын жұртқа отты әділ

жақсы іске жаратуға деп.

Ғасырларды кешіп ұрыншақ,

адамзат жетті бұл күнге.

Лаулаған отқа тығын сап,

Бекіту бірақ мүмкін бе?!

Алауды жырлар жан да көп,

Әркімді бірақ жуытпа:

Прометей ұрлап алған от

Джорданоны құртқан. Ұмытпа!

Сұрбойдақ балладасы
Пері боп ұшып келемін,
қарға түс жарау дөненім
ақ қардай көбігі шашылған,

Чурайвнадай сұлуым,
сонау күні жүрегінің жылуын

шашып, таңға иығыма асылған.

Пісте мүрын, ай қабақ
адал сертін таң атқанша қайталап,
гүл кестелі орамалын басынан
алып, менің табаныма төсеуге

ант-су ішкен... кетерде.

Чурайвна, асыл жан!

Ол күлімдеп өткенде,

бұлбұлдар да естен танған көктемде.

Ұшып келем,

тақымымда - махаббаттың пырағы.

Кенет... сонау аспаннан

екі жұлдыз Купалаға құлады.

Айдалада бір жапалақ жылады.

Досым — жарау қара атым,

тезірек ұш, кезің қанат қағатын!

Білмей келем

жаным неге жылым-мұңға батқанын

шығарымда тағамды да таппадым...

Қалып артта көк белдер

таң атарда бал еріннен өбкен жер –

қақпасына аттың басын тіредім.

Арғы жақта - күлкі, шаттық шулары,

Музыка ойнап, ән мен бидің думаны,

мұнысы не, атым, бар ма білерің?

Кенет есік ашылды да шалқадан

шыға келді қалқажан:

қалыңдықтың фатасы бар басында!

Мені көріп шағаладай шыңғырды,

күйшілердің әуені де қылғынды.

Тізгін мұз боп алақанға жабысты,

Ей, жүйрігім, жақын етіп алысты

асығыппыз жат тойына жетуге!

Ей, Маруся, сертің қайда,

қайда сезім сол адал?

Қайда, қайда куә болған гүл кестелі орамал?

Бірдеңе деп күбірлейді о-дағы,

маған қарай аппақ қолын созады.

Қой, жарауым, алданбайық түріне,
сатқындықтың нәзік әнін тыңдатқан
жылдамырақ кетейікші бұл бақтан –

құлақ салма «Кешір» деген үніне!

Қайғы-мұңды қара жерге лақтырып,

Жүрегімде арлан-ыза жатты ұлып –

гуслидің ішегі үзіліп өшті үні.

Осы ма еді махаббат пен дос құны?!

Чурайвна естен танып құлады,
жатқа сатқан орамалды ап жылады,
қайғырғаннан аһ ұрып,

Әтеш біткен айқай салды шақырып.

Чурайвна, төсегіннен сан тұрып,
күздігүнгі шағаладай шарқ ұрып
әлі талай шыңғырарсың, көктемде
терезеңнің алдынан мен шат күліп,

мойыл қара ат мініп

қиқу салып өткенде!

Неке орамал жамылып,

басқа қызға - басқа аруға табынып,

өтіп бара жатам, сонда сағынба!

Атым, айтшы: осы біз

тұрмыз кімнің

терезесі жанында?

Ана туралы ән
Адамзаттың жолына дән-ғұмырын септі де,
жер жүзінің тоңына өмір гүлін екті де,
балаларын үйретті ар мен ғұмыр кешуге,

сосын, демін бір алып жиналды алыс кетуге.

- Қайда кеттің, анашым?—деп бүрсиді балалар.

- Әже, қайда барасың? — немерелер қамалар.

- Тыныстап дем алайын, жақын ғана жолым бар,

көкжиекке барайын, енді өздерің болыңдар.

- Кетесіз бе түз-жерге, ойыңыз не, анажан?

- Кім айтады біздерге ертегіні қалаған?

- Мен сендерге қалдырдым аққулы аспан, Күнді, Айды,

күмістеген тал, жыңғыл, алтын басты бидайды.

- Керек емес алтын да, күмістеген орманы,

қақпа алдында жарқылдап өзің жүрсең болғаны.

Бар бейнетті сіз көрген көтермейміз, сынама,

қалсаң болды біздермен, ортамызда жүр, ана!

Аппақ шашты тағдырдың дәл өзіндей тым сұлу

кетіп бара жатты ана жүзінде жоқ күрсіну.

Дидарынан таң күліп дала болып жайланды –
адамзаттың мәңгілік бесігіне айналд
***
Табытта жатқан сан ғасыр

Жағасын Нілдің қалдырып
Қоңыржай мекен жап-жасыл

Қурай да гүлдер жан жібіп.

Қоштасып соның бәрімен

ұштыңдар қайда, құстарым?

Алдарың аяз, сәні кем,

біліңдер мұнда қыс барын.

Әндетсе мұнда әр гүлі,
ол жақтың шыттай аспаны,
тіл қатпас шөбі, шалғыны,

жусан да, мүк те тастағы.

Қосыла шырқап жыр-әнін
беталдың бәрің бір елге,
Талайдың жолда құларын

Көсем құс анау білер ме?

Қарт көсем ойлы, жол алда!

Қомдады сомдап қанатын.

Түк емес сынды оларға

жұлдызды ғалам, қара түн.

Қаншама ғасыр мұңды азап

шексе де таймай ұшқан кім?

Сол қанатында бір ғажап

құпия сыр бар құстардың.

Қанша күз жерден, жаз ақты

құстардан тынбай қиял-үн.

Елетпей мезгіл, азапты

тартатын күші-ай ұяның!

Менің қарызым
Қарыздармын
украин ұлы боп жаралғаным үшін-ақ,
Сонау баста тағдыр тегі отырмаған шытынап,

Жер мен суды, қос қанатты аспанды

бізге енші қып бөлген кезде мырзалығы асқан-ды.

Менің қара топырағым, әйел сынды, құнарлы,

тарихтардың қыспағында сыналды.

Қайыстырған шақта біздің сары даланың жонын дән,

сыңғырлайды орақтарым күлкі-әзілден соғылған.

Ауылымды көрші менің - түк еместей жұмағың:

Тоған. Тоғай. Жасыл орман. Өзен. Әнші құрағым.

Жаңа туған айым қандай, сұлу қыздың қасындай,

осы жерге басылмайды кұмарым.

Менің далам - ішкішті емес шеттерінен есірген –

өңкей алып батыр ұлдар өсірген.

Европа жау тигенде тыпырлаған кездерде

мен ем аман алып қалған нөпірден.

Қаным менің оттай өртер жанассаң.

Татарлар да бір кездері бағы асқан

салқын тартқан қанын жасарту үшін

менің сұлу қыздарыма таласқан.

Шырын балын ақтарады бақтарым –
жеміс-жидек, қарбызымның тат дәмін,
әр үйіме еркін ен де, жатсынба –

достың қолын мен ешқашан қақпадым.

Қарыздармын бар әлемге, бағыма,
шараптай ән сіңіріпті жаныма,
сол әніме қосыл сен де, қуат жи –

әуендерім күш құяды қаныңа.

Дін уағыздап кезген емен жер шарын,

туған өлкем - сатылмайтын ар шамым.

Күнім үшін қүрбан етіп тілімді,

қолтығына кіргенім жоқ баршаның.

Қандай бақыт - әлем атты қоғамнан

орныңды алып, еркіндікке оранған.

Тек біреуге - Отансызға -

мен қарыздар болғам жоқ,

ешқашан да бола алман!

Туған жер

Қайда жүрсем, өзіңе оралғанша асықтым,

әлем шексіз болса да, саған ғана ғашықпын.

Сен сарайсың құздағы құлата алмас ғасыр да,

көкшіл аспан күмбез боп төңкерілген басында.

Сол күмбезге ұя сап көгершін боп қонар ма ем,

бар ләззат, бақытты алар едім содан мен.

Қай жақтарға ұшсам да, оралар ем қайтадан,

саған деген сезімді мақтанышпен айта алам.

Өлсем, сенің қойнауың — тыныстайтын бесігім,

жүрегімде мәңгілік тұрар сенің есімің.

ИВАН ДРАЧ
Украина
***
Қаңтардың жарып құрсағын,

жылжиды тамшы қақтардай –
бейне бір дүние - нұр сағым

ұстатпай ағып жатқандай.

Менің де жаным қаңтардай

өзіңнен ғана тапты нәр.

Жылуың сенің жалтармай,

жүректі Күн боп қаққылар.

Жүрегім - дабыл. Күн - суық.

Тамшыға не жоқ бұл шақта?!

Бұрқасындарға тұншығып,

аязға тоңып тұрсақ та!

Жалғанның барлық тірлігін
өлшеймін сендік болмыспен –
жылуың - менің күн нұрым,

ашуың тектес әр қыспен.

Ерудің осы мәні не?

Жылусыз мен де семер ем.

Құбылыстардың бәріне

сенбеймін бірақ неге мен?

Жанымның мұзы тым қалың,

еруі де оның қиын-ды.

Жүректі қинап түрғаным,

сұрақтар шырмап миымды.

Тамшыда ой жоқ бұл жайлы –

сорғалап жатыр мүң қалмай.

Ал мені аяз тырнайды

қасірет төніп тұрғандай.

Күнбағыс туралы баллада
Күнбағыстың бір кезде
қол-аяғы болыпты,
денесі де толық-ты;

жалаңаяқ жарысатын желменен,
суға түсіп, құмға аунап,
торғайды да мерлеген,
талайларын құлатқан;

алмұрт көрсе, ол ойынды қойды да,

«шірігі» деп сүңгітетін қойнына.

Бір аяқпен секіретін

су ақсын деп дүңгірлеген құлақтан.

Күнді шалды кенет оның жанары,

аузын ашып қарады:

алтын шашы бұйраланып, шыққан Күн
сары көйлегі желбіреп
арасында аспандағы бұлттардың

велосипед мініп зулап барады!

Есі шықты.

Керемет боп көрінді Күн жас ұлға:

- Ей, ағатай, берші - мен де тебейін!

Тым болмаса, отырайын қасыңда?!

Ағатай-ау, сен де қызғанасың ба?

...Поэзия, алтын Күнім, ән қылык,

Сен баураған әлеміңнен таң күліп

қанша жастың кеудесінде жанды үміт!

Құпияңа талпынады әр бала

күнбағыс боп қалу үшін мәңгілік!

Әулет балладасы

Әулетімнің жүз жолы бар - жүз үміт,

Жасы жүзде, тармақтары - жүз әлем.

Біздің көне табалдырық мүжіліп,

табандардың тапауынан тұр әрең.

Болғанымен тауым асқақ, жерім кең,

Әр соқпағым - тарихымның парағы.

Мына ғасыр жүз Дауылға жегілген

боз үйімді солқылдатып барады.

Қара жаңбыр нөсерлетіп, тосса сыз –

Нұр кейпімді суалтуды ойлайды.

Бірақ менің қаным ешбір қоспасыз,

ол ешқашан қасиетін жоймайды.

Үрім-бұтақ - немереде енді үміт,

тәй бас, батыл жүр, ұлым!

Жалғыз аяқ соқпақтармен сен жүріп,

жалға менің әулетімнің ғұмырын!

Жүз ғасырлық заман жүгін кешті ауыр,

тұқымымды жүдетті де сан қырғын!

Құрта алмайды, қырқа алмайды еш дауыл

тамыр-нәрін туған әулет-халқымның.

Қанат хикаясы
(Жаңа жылдық ертегі)
Арасымен орманның,
белес-белес жолдардың,

теңізді де бір аттап
тұла бойы - нұр аппақ
келе жатты Жаңа жыл,

келе жатты бала жыл.

Жасқа және кәріге

базарлық бар бәріне:

қозы тері бөрік бар,
құс қанатты көлік бар
көселерге мұрт та бар,

мұрты барға жұрт қарар!

Бидайы бар, тұзы бар,

көйлек те бар қызығар.

Кирилл атты ағаға

қанат тиді сары ала.

Күн кешетін басқадай
жайбарақат. Масқара-ай,
мазаны алып тұр бүгін

мына қанат құрғырың!

Фуфайкесін қақ жарып
Қолтығының астынан
көкке қарай шапшыған

шыға келді қос қанат.

Ал ағайдан күй кетті,

жүрегін мұң билепті.

Әй, Жаңа жыл, Жаңа жыл,

мазағың ба жаңа бұл?

Тағдыр бердің біреуге
алшаң басып жүрерге;
тұмандарда жүргеннің
жолын ашар Күн бердің;

қара түнде қинадың –

біреуге ажал сыйладың.

Жұртқа сыйлап Күн, Айын –

кешіре гөр, құдайым –

бұған қанат бергені!

Әйелі де жерледі:

«Адам сынды басқалар:

байлығы бар, ақша бар,

салқын тисе, балы бар,

байпақ, тоны, шамы бар...

Біздің мына қаңғыбас,
жалаңаяқ, қарны да аш –
қанат мұның не теңі,
жыным келіп кетеді!»

Кирилл ағай саспады,
ақыл ене бастады,
қайрап қара балтаны,
шығарам деп талқанын

қанаттарын қырықты.

Жұлдыз біткен күліпті.

Сүйтіп ағай тыныпты.

Кескен қанат бүлікті

салып, қайта шығыпты.

Күнде шауып қанатын,

үй төбесін жабатын.

Қырқа берді қалғанын –

бүтіндеді шарбағын.

Жерде үйілген қанатты
жыр жазуға қанатты
ақын біткен ұрлады,
ал қанаттар тұрмады –

жатты жерде жан қармап,

көк аспанды армандап.

Жаңа қақпа - біреуде,
біреуге - күш, жігер ме –
үлестірген Жаңа жыл,

тағдыр неткен ала бұл!

Қанат беріп ал бұған,

өміріне салды лаң.

Мұнан асқан жалғанда

бақытсыздық болған ба?!

Қанат жерде қалды жай...

О, тағдыр-ай, тағдыр-ай!

Пикассоның көз жасы

Жаз думаны басталды - хан базардай,

Қызыл-жасыл дүние тұр құлпырып.

Айналаға қарайсың көз жаза алмай,

Жымыңдасқан жапырақ күнге ұмтылып.

Шаттық. Күлкі. Адамдар қол қысады –

бір-бірінің саусағын сындырар ма...

Дүкендердің ашылды мол құшағы,

Кітаптардың толқыны жылжыды алға.

Кенет шулы дүкенді дір еткізіп,

бір ғажайып сәулелер нұр сепкені!

Мөлдірлігі кетердей жүректі үзіп

Пикассоның көз жасы жылт еткені!

Қыз жылайды жұлдыздай өң-іреңі,

Жер... егіліп тұрғандай ол да, сірә.

Бәрі толқын-қайғыға көміледі,

Біз де батып барамыз көз жасына.

Балалар да жылап тұр, ағаштар да,

Жанарынан ананың жас құлайды.

Жасын төгіп найзағай жүр аспанда,

Дүниені өксітіп басты қайғы.

Уақыты жоқ жылауға басқа адамның –

тек талантқа берілген көз жасы да:

Олар «Король Лирі» боп тас заманның,

Жылайды жай түсердей өз басына.

Одессаға тірелді от кемесі,

Қайда тоқтар - белгісіз барар мекен.

Жарқ етті де алдымен өтті елесі,

Қапелімде көз жазып қалар ма екем.

Пайғамбарлар ызамен сыбырлады:

«Жынды ғой ол, іздеме, жүргін жырақ».

Жыр азабы секілді ғүмырдағы,

Ғажайып боп мені арбап тұрды бірақ.

Ал жүректе—Пикассо, жер бетіне

сыймай ылғи жаныма жыр төгіліп...

Қара күрте жарасып келбетіне,

«Юманите» қалтадан тұр көрініп.

Дүниеге жас толы қадап жанар,

қышқыл шындық - бояуы дара тарлан:

нұр былғаған балағы ағал-жағал,

өзі - Жердің көз жасы жаңа тамған!

Арамен жолдастық

Ара кеше ызыңдап оқша ағатын,

Отыр бүгін бүрісіп алаңдамай.

Қозғай алмай мұздаған қос қанатын

Мүсәпірсіп қарайды маған қарай.

Ұзатайын дедім де ғұмыр жасын,

Жүрегімнің тұсына салдым еппен.

Жаны кіре бастады жылынғасын,

Маужырады елестеп балды көктем.

Жеңді бойлап жүрді де, ол абайсыз

Секірді кеп, шырқауды сағынады.

Жер де қатқыл сұп-сұрғылт көгорайсыз,

Жел де ысады жаралы тәнін әрі.

Кеудешесі алтыннан, әтірлеген,

Жасқану бар араның өңінде әлі.

«Қақ қанатты, - деп оған ақыл берем. -
Тоңу емес, тек өрлеу - өмір мәні!»
Түс те болды. Естимін - жүр ызыңдап,

Шала-жансар мүлгімейді әр бұрышта.

Алдында оның тұрғандай жүзімді бақ,

Қарсы ұшады аязды қарлы қысқа.

Алтын пияз балладасы

Алып-сатар базарлардың алтын дидар ханымы,

Жанарларға жас алдырған жақындатпай жалыны.

Бүкір кемпір Горпинаның мойнына асылып,

Қыздар тағар бұрымының семгендігін жасырып.

Ол - бұрымда ақ түймедей миллион көзді арбайды,

Жарқыраған ажарының азабында бар қайғы.

Ол - жерасты шіркеулердің күмбезіндей жарқырап,

Құдай деген бір жаны үшін шырқырайды қалтырап.

Өтпес Пышақтың дүлейі - оның жалғыз ғана азабы,

Содан кейін газ құшақта От сотқардың мазағы.

Алтын пияз - ауылдағы базарлардың ажары,

Солдаттардың қалтасында жатар тартып жазаны.

Хор қызындай періштесі жалмаңдаған Тәбеттің,
Қатқан нанның қарындасы, күн жамалын ән еттім;
ақ шалбарлы Сарымсақтың егіз туған сыңары,

Студенттің аждаһадай Аранының құмары.

Былқ-сылқ еткен Қартобыңның бәсекелес - құрдасы,

ас бөлмеден шықпас Тұздың жаны бірге мұңдасы.

Ол кішкене - Жанна д'Арк, киіп сауыт, қалқанын,

Микробтар әлемінің шығаратын талқанын.

Тәмпіш мұрны Петрарканың Лаурадай нәзігі –

Қолдан тіккен дорбасында бірге жүрер азығы.

Қайда екен сол алтын ару, елемей ме оны жұрт,

Біреулердің құрсағында жатыр ма әлде торығып?..

Не боларын білмей елде тардырының ертеңгі

отырғанда, мүмкін жаны Майға шыжып өртенді.

Мерекелік дастарқанда байлық Мырза көлкіген

Нан-патшаның салтанатын асырды ма көркімен?

Әлде қанды Шашылықтың алдында
сақина боп сырғанаудан талды ма;
грузиндік Шампур князь ақ тәнін

қалайды алтын сақиналар жапқанын.

Өлералды жанталасу басталады сол шақта:

Пияз-ару көзден жасы моншақтап,
Лақтырады ең алдымен алтын тонын кешегі,
Сосын зерлі кеудешесін шешеді;
Ағытады шәйі көйлегін бұлқынып,

ақ шарбыдай іш көйлегі жыртылып...

Аппақ дене лыпасыз да шырайлы,

зорлық көрген тағдырына жылайды.

Алтын пияз - ол үзілген бақшасынан Ананың,

мекен етіп тіршіліктің аралын.

Ұйпа-тұйпа жұмарланған күйінде

Қорқыныштың күшағында жүмады енді жанарын.

Қыз саусағы

Құдайым-ай, саусақтардың басында

Қаншама әуен, айқай бар!

Күйген саусақ, азап шеккен жасында –

Нәзік қолды байқаңдар.

Құдайым-ау, қаншама үлпіл, діріл бар

Қайғы-мүңды саусақта!

Сол саусақтан тарайтындай ғұмырлар,

тар қапаста қалсақ та.

Нұр шашатын сәулелерім таңдағы,

Сипағаны өбкеннен де тәттірек.

Сүйкімді жан өмірімді жалғады,

Көкірегінде - ақ тілек.

Саусақтар-ай жүз тілде де тіл қатқан.

Үні бірақ ішінде.

Азаптадым,

Салдым талай сынаққа -

даналығы үшін бе...

Көз ілемін шуағымен бес күннің,

Саусақ-жұлдыз бас жағымда жанасты.

Саусақ балы... қанша ләззат кештірдің

Әрі тәтті, әрі ащы...

ЕВГЕНИЙ ЕВТУШЕНКО
Неткен сұмдық түсінбеу
***

Неткен сұмдық түсінбеу:

бір-біріне жаны жат құдды бөтен,

сөйте тұра құшақтап аймаласқан.

Түсіну де дәл сондай сұмдық екен –

әр қимылдан, қабақтан, жай қарастан.

Жаралаймыз жанды біз:

Ұғыспаудан жүректі жылатқан ем,

Көп түсінсек -

қайғысы ол да бастың.

Сенің нәзік жаныңды бірақ та мен

ұқпасам да, ұқсам да қорламаспын.

Ұнатпайды жұрт мені
***
Ұнатпайды жұрт мені

Кінә тағып түрлі кеп.

Өсектер де бітпеді

найзағайдай тілгілеп.

Мені жерлеп кінәлап,

тарап жатады сөз деген.

Ту сыртымнан тұра қап,

Атқылайды көзбенен.

Сөйткен сайын нықталам,

Қажымаймын тіпті де.

Жасай алмай түк маған

Әуре боп жүр жұрт, міне.

Асқақ қарап талайдың

мысын мұрттай құртқан ем.

Мысқыл жүзбен қараймын

айтақтасқан жұртқа мен.

Түк емес қой мазақтар

десем де одан азбаймын:

Кейде іштегі азаптан

Құлап кете жаздаймын.

Жанарымда мұң тұнып
тұрса-дағы, жұрт мені
дейді «өр кеуде, сұм қылық,
бұл не қылған мықты еді?»

Түсінбейді мені түк –
жаным - тұнжыр түн менің,
Ал неліктен кемітіп

көре алмайды, білмедім.

Бұрқасын жел жолды үрлеп

жүріп келем зорға мен...

Өркөкірек болғым кеп

аңсап кетем сонда мен...

Бұлақ-ескерткіш жайлы әндер

Туған жердің бұйырмай беткейі де,

мекен болды жат елдің құба белі.

Көйлегі де қалды ғой жетпей үйге —

көз жасымен анасы жуар еді.

Ескерткіш тұр ауылда оған деген.

Аттамаңыз, көрсеңіз бас бұрыңыз.

Білесіз бе, көп бізде олар неден —

қу соғыстан қалған бұл дәстүріміз.

Ақ шашты ана ертемен күнде тұрып,

жанына кеп жылайды, сырласады.

Балғын мүсін тұр үнсіз гүлге тұнып,

ал ананың қайғысын кім басады?

Күнде ана мен баласы осы жерде

кездеседі, бір-бірін жұбатады.

Ол бір қалпы — тұр төсін тосып елге,

жасыл жаңғақ жанында бүр атады...

Күндіз-түні сыңғырап,

шапқылайды мың бұлақ.

Егінші одан сусын ап,

далада іске құлшынад.

Қыздар суға барғанда

көзін салады армандап.

Бала біткен маңында,
шатты, мұңсыз шағында,
бұлақ суын шашқылап,

асыр салар шапқылап.

Ескерткіштің түбінен
бұлақ мөлдір үнімен
шулы өмірмен жалғасып,

жатады ылғи алға асып.

Қаза болған ерлердің

қанына оны теңгердім.

Ағады ылғи көз ілмей,

дәл өмірдің өзіндей.

III
Егер сенің о бастан арың, таза болмаса,
жақсылықты білмейтін жаның таза болмаса,
адалдық пен шындыққа жүгінбейтін жан болсаң,

жеңіл өмір — арманың, ой-өріске тар болсаң,
өтірікпен, өсекпен айналаңды уласаң,
қасиетті бұлақпен маңдай терді жумасаң,
адалдарға өмірде істеп жүрсең зақым көп,

былғап жүрсең сыртынан, көзінше оған жақын боп,

татпа мына бұлақтан — ар алдында хақың жоқ.

Жоқ! Сені көргім келмейді!

Жанарым егер іздесе,

көзімді жұмам мен мейлі.

Аузымда тұрса есімің

қырқамын тілді тісіммен.

«Атама, жоқ еш кешірім!»

Ал егер жүрек шыңғырса?

Ойламай сені бір таңым

атпаса, күнді түн қылса,

жүректі қалай қырқамын?

Сықылықтап күлген болам мына мен

қасіретімді сен көрмесе екен деп.

Түнде жалғыз елжірер ем, жылар ем —

таңмен бірге жасты тыям жетер деп,

Күлем солай. Ойламасын деп сені:

«Жүрегін мен кеттім мәңгі мекендеп».

Күлімдеймін бір жеңілтек қыздардай,
жүргендей боп бақыт-нұрды қарсы алып,
көз жасымнан тұрсыншы деп із қалмай,

әлденені ыңылдаймын ән салып.

Сондағы ойым тек - өзіңе сездірмеу

сені ойлаумен жүргенімді тамсанып.

Не берсең де тұтас бер бәрін маған
***
Не берсең де тұтас бер бәрін маған -

аспанды да, жерді де, бөлектеме!

Теңіз, өзен, таулар мен сағым далам –

бәрін түгел бермесең, көнед деме!

Тұтас берсең жүрмейді көңіл налып,

сонда ғана шалықтап өтер едім.

Берме маған бақытты бөліп жарып,

қайғыны да түгел бер – көтеремін.

Бір-ақ заттың жартысын қалар едім,

онсыз менің көңілім - жетім бала:

берсең болды - үлбіреп алау ерін

өзің жатқан жастықтың шетін ғана...

Қашан шықты бұл өзі тірілерді
***
Қашан шықты бұл өзі тірілерді

түк елемей,өлгенді қадірлеген?

Ішіседі адамдар, бүгіледі.

сонсоң жерге енеді жалын денең.

Өліп тынып, тапқан соң қоныс күйлі,

егілер сөз айтады-ау дұрыстап бір...

Ажал неге ерте алды Маяковскийді,

тапаншаны қолына кім ұстатты?

Емес пе еді ол үшін сыйың - бақыт,

қайтып құрмет тұтпаған мүсінді ана!

...Тірі адамдар өмірді қиындатып,

Құрметтейді өлгенің үшін ғана.

Қайтып тынсын көңілім алаңдамай
***
Белла Ахмадуллинаға

Қайтып тынсын көңілім алаңдамай:

жан досым жүр бір келмей маған қарай.

Жат біреулер өмірі мені ұқпаған

опыр-топыр жүреді келіп маған.

Оған да жат бір жүрген кісілері.

Мұны өзі де жап-жақсы түсінеді.

түсініксіз бір өкпе екен бізде,

қайғырамыз сол үшін екеуміз де.

Қайтып тынсын көңілім алаңдамай:

сүйіктім жүр бір келмей маған қарай.

Мойнымды орап білегі

басқа әйел жүр, менен ол сый күтпеді,

сүйіктімнен ұрлады сүйтіп мені.

Айтыңдаршы, құдай-ау, қарлығашым

жат иыққа білегін салды ма шын?..

Мені ұрлатып алған соң ызаланып,

біреуді о да ұрлайды-ау бұза-жарып,

жан жүрегі жат жанды жақын қылып.

Көрсеткендей болады батыл қылық.

Өмірі солай өтеді, жорта кұшып,

Іштей бірақ өзімен арпалысып.

О, не деген көп еді көлгірсіген

таныстықтар, достықтар... Мен күрсінем...

Жын ұрғандай боп кетем осылардан,

содан қайғы жаныма қосып алғам.

О, кел біреу құртуға

жаны жаттың жақын боп күлетінін,

жақын жанның жат болып жүретінін.

Түсінбеймін не болған осы маған
***
Түсінбеймін не болған осы маған,

жынданыпты дейтіндей тосын адам:

сәл нәрседен қайғырып, тыншымадым,

ұялмастан ұялып қымсынамын.

Жұрт қуанса сазарып солғын өтем,

әлде қажып шаршаудан болды ма екен?..

...Мен жақында кіріп ем бір дүкенге,
(көптік қандай — сабылған түрлі пенде!)
айтып едім бір көйлек аларымды,

дүкенші қыз өлшеді тамағымды.

Метрлікті нәзік қол олақ ұстап,

жатыр менің мойнымды орағыштап.

Сәл шаршаған жүзінде мүңы бардай,

мүмкін ол да жүр шығар тыным алмай.

Аяп кеттім соншалық, шыдамадым,

жаным ашып мен әрең жыламадым...

Кейде кітап аламын қолыма мен,

жете алмаймын ешқашан соңына мен:

жанарымда іркіліп қақ бұлағы,

оқытпайды әрі қарай, жаптырады.

Өнерден де кейде мен қауіптенем.

маған жаттай ойын мен сауық деген.

Мені жұрттар мыжиды, жек көреді,

аз біледі өмірді деп келеді.

Жұрт қорықса, көрсетпей оң қабағын,

мен ендеше жәй адам болмағаным.

Түкке тұрмай кетсем мен шын-ақ құрып,

неге мұнша қиналам жылап тұрып?!

Мен досымды жерлегем.

Мен досымды жерлегем. Ашынамын.

Бұл сырымды өзгеден жасырамын.

Жұрттар үшін ол әлі тірі бірақ,

жанында әйел. Жүрген жоқ міні құрап.

Жұрттар үшін - бөлінбес біз бір егіз,

өйткені әлі күнбе-күн бір жүреміз.

Тамаққа да бір барып, бір ішеміз.

Сол баяғы достарша күлісеміз.

Мен үшін ол өлімен тең екенін,

еш адамға айтпаймын неге екенін.

Ұрыспадым, мен оған.

Не өкпемді ұқтырып қабағыммен,

тек ішімнен өлдіге санадым мен.

Таза көңіл талпынған ақ үмітпен,

үнсіз ұғыс, жақындық - бәрі біткен.

Бұл не сұмдық –

тірі адамды өлді деу? Естідің бе?

Қаза болған жоқ еді-ау ешкімім де...

Көп жолдасты осылай жерледік біз,

содан ерте есейдім мен де еріксіз.

Ұйқта, жаным...

Қақпа жабық. Толқындар келіп қашып,

қайта-қайта шарбақты соққылайды.

Долы теңіз жанынан көбік шашып,

жалмағандай Күнді де от шырайлы.

Ұйқта, жаным...

Жанымды азаптама,

тау мен дала - бәрі де көз ілді ғой.

Ит те жатыр шынжырды жалап қана,
шаршатқандай ас жайлы өзін бір ой,
теңіз ғана тасырлап тынши алмай,

жапырақтар жұтады ағын демін.

Ал мен саған жалынам үн шығармай,

сыбырлаймын: «Ұйқташы, жаным менің...»

Ұйқта, жаным...

Жаныңа мұң екпесін

ренжісіп, келіспей қалғанымыз.

Елестетші: бәрі ертең түн өткесін

ұмыт болып, жайнайды жан-жағымыз.

Ұйқта, жаным...

Кеп қалар таң да ұрланып.

Жасың тыйып, түсіңде күлімдеші.

Гүл тергендей куаншы, бал-бұл жанып,

жүрегіңді жылатып түңілмеші.

Ұйқысырап сөйледің –

жатқан жоқ па түсіңе ешкім еніп,

дөңбекшуден әлде сен шаршадың-ау?

Онда ұйқыға ораншы, кетсін еріп

жүрегіңде өңіңнен қалса қырау.

Ұйқта, жаным...

Кім екен тынышыңды алған –

деңбекшіген теңіз бе? Бұла жел ме?

Әлде көңілің қалды ма бір сұмдардан,

әлде айыпты оңбаған — мына мен бе?

Ұйқта, жаным...

Жазбайсың ғой бұл түні, сені ұғамын,

жыр да мұндай сәттерді түйсінеді.

Естисің бе - кешірші мені, жаным,

тым болмаса түсіңде сүйші мені.

Ұйқта, жаным...

Қол ұстасып өтейік сан құздардан,
жер жарылып кетердей мына шақта
қауіпті ғой, қиын ғой жалғыз қалған –
құшақтасып құлайық құласақ та,

Жаныңды әсем тербесін күй ырғағы,

ұмыт сосын өкпелі кешті мүлде.

Жер үстінде көз ілу қиындады,

ұйқта, жаным, сонда да...

Естідің бе?

Теңіз әлі тасырлап тынши алмай,

жапырақтар жұтады ағын демін.

Ал мен саған жалынам үн шығармай,

сыбырлаймын: «Ұйқташы, жаным менің...

Ұлыма

Жақсы оқып, шаттанғаннан, жасқа жанар.

толардай қуантпадың, балам, әлі.

Күлімдеп арт жағымнан басқа аналар

қызыға маған ешбір қарамады.

Қарт әжең күңкілдейді — ашынды анық:

«Күнімен доп куғызып... бір ұлыңды...»

Көрші әйел есік кақты ашуланып,

шамасы, айтар сенің қылығыңды.

Рас, сен әжең сырқат жатқанында

кетпейсің ойыныңа тағы басып.

Қиналып, күйзелген бір шақтарымда

байқап қап отырасың жаның ашып.

Тәттіңді қарамастан ақ, қарасын

Бере сап тұрасың бір жолдасыңа.

Балаға таяқ жеген жақ боласың,

ұқсатам сонда сені қолбасына.

Жаныңа үңілемін сонда сенің

(не болам сенен үміт сөнсе, күнім).

Анаңа ол да бақыт, сол да сенім —

бір сәуле жүрегіңнен көрсе бүгін.

Қөрдім де сол сәулені, түңілмедім,

адалдық күтсін сенен түбінде елің.

Нұр шашсын десең күңгірт іңірлерім,

даңқың да, талантың да болмас. Мейлі.

Әйтеуір Адам болғын, ұлым менің!

Қартаюдан қорықпаймын.

Қорқатыным — әлем тіршілігіне,

шаттығына, бақытына, сосын күрсінуіне

алаңдамай, керең жан боп қалудан тек қорқамын.

Өзімді-өзім құдай көріп —
бар адамды бір өзімдей көрсем мен,
бар өмірді тек өзімнің тірлігіммен өлшеуден,

қартайғанда солай естен танудан тек қорқамын.

Күншуаққа қыздырынған
шалдарменен күйкі-шүйкі, уақ-түйекті сөз қылып,
пенсиямды мақтан етіп, әңгімені қоздырып,

далаңдаған бір кемпір боп қалам ба деп қорқамын.

Табанымның астындағы нәрседен
өзге жақты көре алмасам, ұқпасам,
ойыммен де үй сыртынан алыс ұзап шықпасам,
түк сезбейтін көп топастың бірі болып алам ба

деп қорқамын.

Мен өлімнен корықпаймын.

Жаныма ылғи нұр берген,

жылытқызған, табыстырған талай тәтті түндермен,

жырларымның рақатын сезінбеуден қорқамын...

өзгелерге жаным ашып езілмеуден қорқамын.

***
Тағдыр маған аямай берді бәрін,
тек махаббат бақытын сыйламады;
шырқасын деп тынбастан елдің әнін,

қайғыны да сезсін деп қинағаны.

Жете алмаған арманның жалынымен
алауласын, тұралап қалмасын деп,
мұңды, шатты жырлардың ағынымен
біреулердің үмітін жалғасын деп;

соғатынын білсін деп дауылдың да,
найзағайдан жас терек құлайтынын,
азап көрсін, батсын деп ауыр мұңға,

басқаның да сезсін деп жылайтынын.

Бұл емірден жасқанбай алсын бәрін,

өзі сыйлап жан үнін басқаларға.

Бақыттының, мүңдының бар сырларын

ұға білсін, жүрсін деп бастап алға.

Қайғысына жаттың да жылай білсін,

күйіп-жанып көрсін деп жанталасып.

Шырқай білсін биікке, құлай білсін,

отырмасын деп пешке арқа басып.

Келмей жүрген қолынан талай ердің

асқақ, мұңды әуеннен танбасын деп.

Жүрек оты Жердегі бар әйелдің

менің ғана жырымда лауласын деп.

Туған жердің өлмейтін мұраларын
(бабалардың ғасырлап жинағаны)
толықтырсын жырымен бұла, жалын

деп махаббат бақытын сыйламады.

МЫРЗА ТҰРСЫН-ЗАДЕ
Лениндік сыйлықтың лауреаты,
Социалистік Еңбек Ері, тәжік ақыны
Бауырластық қағидасы

Шығыстағы Бұхарада
әмір тақтан ұшқанда,
Орыс аға мейіріммен

жол көрсетіп түсті алға.

Қышлақта сонда естідік
елең етіп тың үнге,
«Еркіндік», «нан» — екі сөзді

алғаш орыс тілінде.

Ата-анам да таныды алғаш
Россия дауысын,
Таныды алғаш әлемдегі дүниенің

ағысын.

Горький айтқан ұлы сөздің
келді сонда шындығы,
«Адам» аты Айдан асып,

аялады күн нұры.

Фрунзе айтты Ленинге:

ел бақытты бұл жерде,

Қызыл тулар аясында

Бұхара еркін гүлдеуде.

Біледі ұрпақ сол сөздерден
Салтанат та басталған,
Сол сөздерден жүректерде

ұялаған жақсы арман.

Біз орысша оқыдық та
ұлылардың ғылымын,
Аштық кілтін әлемдегі
құпиялар сырының,

Осы тілмен біз үйрендік
ілімдердің мол нәрін,
Біз оқыдық Маркс пенен

Лениннің томдарын.

Пушкиннің таудан аққан
ақ бұлақтай жырларын,
Чайковский әуенінің,
сұлу, әрі мұңды әнін,

Нева үстінде күркіреген
«Аврора» дабылын —
Бәрін-бәрін осы тілде

естідім де, таныдым.

Егер әлем көрсе бүгін
бақытты атқан таңымды,
Егер біздің Жамбыл ақын
ұлы атанса дарынды,

Өзбекстан құлпырса егер
гүл бағындай шексіз кең,
Орыс тілі, сенсің бізді

биіктерге жеткізген.

Естігенде «бостандықтай»
жалғыз сөзді ел бүгін,
Барлық әлем армандайды
бақыт пенен теңдігін,

Француз бен негр, индус

аңсайды атар таң жайлы.

Осы бір сөз жүректерде
гауһар тастай жайнайды,
Париж, Берлин, Варшава да
құлақ түрді қуанып,

Сені естуге, орыс тілі,
әлемдегі бір алып,
Ол үн біздің Москваның

асқақтаған үні еді:

«Менің халқым — әлемдегі

бостандықтың тірегі».

Осы тілмен бүл емірде
туған едік қайта біз,
Ұлы істердің табысын да

осы тілде айтамыз.

Туысқандық қағидасын
осы тілде табамыз,
Достыққа да үйрететін

Россия анамыз.

Россия! Тәжікстан
өз ұлыңдай мақтанып,
Өзіңді әр кез дәріптейді,

жыр етеді шаттанып.

Өзіңменен қатар басып

көреміз біз нұрларды,

Біздің ана тілімізде жырлап асқар тұлғаңды.

СУБХАС МУККЕРДЖИ
Индия
Тек осы жер
Сөздерге де, өңдерге де енді ешқашан сенбеймін,

бұдан былай көзім көрмей, ешкімге де ермеймін.

Бұдан былай мына менің өзімде де күмән бар –

сендер де енді мені алдымен отпен, қанмен сынаңдар!

Мені әлі де шошытады пасықтықтың мұз демі,

елестейді мені алдаған адамдардың жүздері.

Жылмың қағып келсеңдер де, енді сенбен достай шын,

мені алдай алмайсыңдар бұдан былай ешқайсың!

Өр мұхиттан басталатын өзім туған кең Үнді,

алдауменен таптадыңдар, топырағымды, елімді.

Мұның бәрін ұғып тұрмын, әттең, әттең, кеш мүлде...

Қаным сіңген, терім сіңген мынау байтақ жерімді

бұдан былай таптатпаймын ешкімге!

МАХМУД ҚАШҚАРИ
ЕРТЕДЕГІ ТҮРІК ЖЫРЛАРЫНАН
МАЙРАМХАН АБЫЛҚАСЫМОВА
ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ХАЛЫҚ АҚЫНЫ

Тауда
Кеше мен тауға шықтым,

жұпарын жұттым қанбай.

Шыңдарға жармасып Күн,

биікті ұқтырғандай.

Мұңды едім, күлкі, бақыт

ұмытқан көптен мені.

Жаныма нұр кұлатып

келгендей көктем кері.

Күй кештім дәл осындай,

жанымды жанап ақ күн.

Мен сонда дара шыңдай

биіктеп бара жаттым.

Көмілдім асқар сынды

нұрына шуақ таңның.

Баяғы жас қалпымды

кешкендей қуаттандым.

ФАЗУ АЛИЕВА
Әйел махаббаты
Әйел деген — шарап деп сен жырлайсың, ақыным,

келіспеймін мұныңа, бұл — мен үшін жат ұғым.

Ә дегеннен шарапқа қанамын деп ойлама,

көз іліп ап, тағы бас жазамын деп ойлама.

Әйел — қорған, мәрмәрдан өрілетін қатарлап,

күзетеді оны тек батылдық пен махаббат.

Қақпа соқса біреулер — достар да бар, қас та бар,

сақтамасаң қорғанды — иемденер басқалар.

Әйел деген — құзар шың, шығармайтын басына,

табындырған екенсің — сақта ендеше, жасыма!

Бұлақ ойнап, ол шыңның айналғанын гүл баққа

көргің келсе, аймала, жылуыңмен құндақта.

Жоғалтпайды ол сенімін, естіртпейді ез үнін,

өрлік мұзын әйелдің еріткенше сезімің.

Махаббаттың шарабын іше алады сең жібіп

өр сезімін әйелдің балқыта алған ер жігіт!

Биіктер

Өседі биік шынарлар

сұңғыла көкке бас сұғып.

Қызыға қарар ұландар

көзінен кейде жас шығып:

«Бақытты-ау, шіркін, үлкендер —
төбесін сүйген жеке Қүн!»
Жастар-ай, егер білсеңдер

биіктік тылсым екенін.

Қаншама биік өссең де,

шырқауың алда түрғандай.

Өс, өрле, шыңға жет сен де,

биіктікті аңса муңданбай!

Арманнан албырт күй ұғын
(армансыздарда сөнеді от),
алынған әрбір биігің

көрінер сонда төбе боп.

Тау заңы
Бабалар өткен
заңдарын
кітапқа жазып қалдырмай,

қаныма сіңген арман-үн,

далаға сіңген жаңбырдай.

Құрта алмай заңын қай күш те,

тау елін сүйген Күн, аспан.

Біреуге қайғы — жай түссе,

ел болып бірге жыласқан.

Жазбаған заң бар тауларда,

қайғы ортақ мұнда, той да ортақ.

Арына тиген жауларға

қайтатын бірге ойран сап.

Жау келсе, тауды мұз құрсап,

тұрмайды бұлттай түнермей.

Дос келсе — жаны жұп-жұмсақ

жайылған мақпал кілемдей.

Таулы елде сондай заңдар бар

жазылмай жеткен біздерге.

Томда деп ойлап қалмаңдар —

ол заңдар суда, кұм, жерде.

Жеңе алмай уақыт, шаң, бүлік,

өлмейтін сондай заңды ұқтым.

Ол заңдар жасар мәңгілік

қанында әрбір таулықтың!

Күн мен махаббат

Күн шықпайды түндерде, бұл — ақиқат қашаннан,

Күнді тіле, жалбарын — бәрі әшейін бос арман.

Таң атады кезінде, Күн де шығар сыланып,

шығар сәтте еш нәрсе сала алмайды бүғалық.

Махаббат та дәл сондай — тілегеннен келмейді,

тұтанбайды — сүйген боп көріне бер сен мейлі.

Келген кезде махаббат ұмыттырар бар жайды,

қос жүрекке бір ұшқын жол салады, жалғайды.

Сонда екеуі қарайды дауылға да жасқанбай,

сонда екеуі мәңгі бір ару Қүн мен аспандай.

ГҮЛСАЙРА МОМУНОВА
ҚЫРҒЫЗСТАН
Мәңгілік от
Мәңгілік от қызыл жалын лаулаған

ұшқынындай жарқыраған көздердің.

Мәңгілік от — Күн нұрынан аумаған

ескерткіші жалындаған кездердің.

Күнде өтемін мәңгілік от жанынан,

жүрегіме саркылмайтын нәр алып.

Мәңгі бақи өшпейтін бұл жалыннан

батырлардың даңқы жятыр таралып.

Қорғағандар туған жердің намысын,

аңыз болып қалды бізге от күндер.

Жер үстінде ұрпақтардың бағы үшін

тіршіліктің отын жағып кеттіңдер.

Мәңгілік от, сөнбе, сөнбе, алаула —

жайып жатсың сен ерлікті ғажайып.

Мен келемін жалыныңа қарауға

жүрегімде кетсе жылу азайып.

Жыр оқысам

Жыр оқысам жадырайды қабағым,

жыр оқысам нұрланадьі жанарым.

Мен өмірдің ләззатын, қызығын

жақсы жырдың жолдарынан табамын.

Әрбір күннің кайталанбас жыры бар,

әр жүректің айта алмайтын сыры бар.

Білетіндер тіршіліктің қадірін

жақсы жырдың жолдарынан ұғынар.

Жыр оқысам, жаңа ашылған гүлдеймін,

көктемдегі сәулесі мол күндеймін.

Жыр оқысам, ынтығамын өмірге,

қайғыруды, жабығуды білмеймін.

Туған үйге барғанда
Алғаш мені шешіп алып жөргектен,
алғаш сенде анам мені тербеткен,
сенде қалып бақытты шақ, балалық,

сенде менің ақыл-ойым ержеткен.

Алыс кетсем жабықтырса кейде өмір,
қуаныштан шалқып кетсем кейде бір,
будақтаған түтінің де сағыныш,

сен құшақсың мені күткен бейне бір.

Сені аңсасам — көңілде жыр шумағы,

сені аңсасам — жаксы өлеңнің туғаны.

Өшпесе екен ошағыңда жанған от,

бітпесе екен көк түтіннің будағы.

Ерлікті аңсау
Жорық сап түнде көшелік,
Ямардың суын кешелік,
бұлақтан қанып ішелік,

жаудың бәрі қуылсын.

Жүйрікпен таңда жөнейік,
Будыраштың қанын төгейік,
Басымыл бегін көрейік,

жігіттер түгел жиылсын!

Қиқулап атпен шабайық,
семсер мен қалқан алайық,
дұшпанға ойран салайық,

аш жанынан түңілсін.

Қоршайық жаудың қамалын,
құртайық айла-амалын,
қиратып қару-жарағын,

қалжырап жерге бүгілсін.

Тоқты мен бөрі тең өссін,
хандар мен ерлер кеңессін,
әділет тусын, ел өссін,

қайғы жерден қуылсын!

Арғымаққа мінгізіп,
бес қаруды ілгізіп,
мәрт мінезбен жүргізіп,

жауға карсы сал мені!

Атылыпсың оқ болып

О, бауырым! Жүрегіңде шоқ сеніп,

кеттің жарық дүниеден жоқ болып.

Бірақ сенің атың қалды еліңде,

сенің даңқың өшпек емес емірде,

сен жауыңа атылыпсың оқ болып.

Сені еске алсам қиналамын мен бүгін,

бірақ қайта жұбатады ерлігің.

Сен атаның орындапсың арманын,

туған жерде ескерткіш боп қалғаның,

бізге мақтан сенін, өлмес ерлігің.

Ерте өтсең де жүрегіңде шоқ сөніп,

сен мәңгіге кете алмайсың жоқ болып.

Жыры болып қалдың бүгін ақынның,

серті болып қалдың туар батырдың,

қас жауыңа атылдың да оқ болып.

***
Ұлым менің,
ұзақ өмір сүруің керек сенің,
(мен оныңа тілекші емес пе едім?)

Күндер қанша алдыңда,
жолдар қанша

кешкізетін тірліктің белестерін.

Дүниеге қуана күліп келіп
Кір шалмаған ақ жейде киер едің,
Одан кейін
әрнеден күдіктеніп,

тағдырыңа басыңды иер едің.

Жер жетеді,

шынында үй жетеді

(қу тіршілік не деген бейнет еді) .

Қару беріп қолыңа біреу сені

көздеп көр деп,

атуға үйретеді.

Сапқа тұру
әкелмейді, әрине, саған бақыт,
мал соярсың
қында жатқан қылышты жалаңдатып,

ауыр азап, өмірде ең қауіпті іс

қару ұстау, үйрену адамды атып.

АРДАҚ ЕЖЕНОВА

Ардақ Еженова өз өлеңдерін орыс тілінде жазады. Бұл оны туған халкының қадір-касиетінен, тілі мен қанынан жырақтаткан емес. Ардақтың өлеңдерінен біздің шалқар даламыздың жусан жұпары аңқиды, ай маңдай арғымақтармен жарысқан самалы еседі.

Балалық шақпен қоштасу циклынан
Алыс қалған балалықтьщ пәк дәмін
таңдайыма келтіріп,
қызым менің қия алмаған шақтарын

қайталайды ентігіп:

«О, біз бүгін қандай қызық ойнадық!

Тағы ойнағым келеді!»

Ал кешкісін кино көрсе, ойланып

актерлардың ойынына сенеді.

Сахнада, рингте күнде де,
футболшылар жанталасқан алаңда,
жеңістер ме, жүлде ме —

бәрінде — ойын, қараңдар!

Жүректердін дүрсілінде, көңілде,
тағдырда да ойын бар,
Жер бетінде
үлкен-кіші өмірде

жүріп жатыр, жүріп жатыр ойындар.

***
Менің әкем
ұқсап кейде тақтағы патшаларға,
есік алды — ақ ұлпа ақша қарда

отырғанда шалқайып бөренеде

құдай өзі келсе де жасқанар ма!

Балалары — біз жүрміз бас аман, жай,
мықтысимыз жасқанбай, тасаланбай,
көз алдында жүреміз әкеміздің

революцияны өзіміз жасағандай.

Түсінеді ол өмірдің заңдылығын:

өзі бір кез жастықтың жан жылуын

берген сонау дауылды кезеңдерге -

уақыт солай бұйырды — салды жүгін.

Он жетіде

мектеп ашты ауылда тың арналы,

он тоғызда колхоз деп ұрандады.

Мезгіл солай сынады жас шағында,

балапаннан шыңдалған қыран жаны.

Уланбаған жас шақта мұң-шерменен

сұлулыққа, шындыққа кім сенбеген?!

Сол сеніммен келеді ол әлі күнге

жек көрумен жандарды бүрсеңдеген.

Қаратпайтын тосқауыл — күз, желге де

әкем үшін сенімі — жүзген кеме.

Жер нәр алар көктемнің жаңбырындай

сол сенімді сіңірді ол біздерге де!

***
Жас сәбидей
алақанда шық неге ерігенін
түсінген жаңа ғана

сарғаюмен күткенім сені менің
бір шындықты (о баста-ақ сеніп едім)
мойындатты

мендегі санаға да:

шыңдардай тұрған дара
саған -
жалғыз күткенім, аңсағаным,
үнсіз, ессіз, сағынып қарсы аларым,

мені жеткізе алады жылдар ғана;
жан болсам да емірде
жолы мұңды,
мені күтіп, өкініп, сағынатын

күн туады саған да -

соны білгін.

Сосын менін, туады таңьш күліп,
күтіп жүрмін шыдаммен со күнімді
саған
өзімді аңсатып, сағындырып

бұрқан-талқан ететін өміріңді.

***
Есік алды. Бала қыздар шуылдап
әткеншектің қасында
итер дейді, өктемсиді жас ұлға,

мен де солай тербелуші ем жасымда.

Әткеншекті — ақ құсын
жерден жырақ ұшыруға талпынып,
бәрі-бәрі жабылады алқынып,
сонау, сонау көк жүзінде — биікте

әткеншегім ұшса дейді шарқ ұрып.

Ал, әткеншек мұңды әнін
баяғыша ызыңдайды — тыңдадым,
жерден ұзап кете алмайды, ырғалып,

тастағысы келмегендей құндағын.

Бала қыздар тербеледі,

білмейді

Жердің де өзі шыр айналып түрғанын.

АНДРЕЙ БЕЛЯЕВ
ҚАЗАҚСТАН
Қамалу
Көздеріңмен құрық салдың,

тұтқындадың, тұрып қалдым.

Сенсіз жүрсем, жетер қайғым -

енді өзіңнен кете алмаймын.

Жанарымен қамауға алған

сендей сұлу – талайға арман.

Сол жанардан сыр аңдаймын,

шідерлеулі шұбардаймын.

Сүйіскенге дейін

Қолым тиіп, жас денең

дір етті – күш бұл қандай?!

Шымырлады тас төбем,

денемді ток ұрғандай.

Қол – қаруы қиялдың,

тарта қойдым түсініп.

Сен қымсынып ұялдың,

мен де тұрдым қысылып.

Тағдырмен кездесу

Билеп жүрдік. Жанарыңыз

қадалады.

Жазық маңдай,

неткен сұлу жамалыңыз,

саусағыңыз нәзік қандай!

Би биледік тіл қата алмай,

көзімізден жұлдыз ағып.

Сөйлесуге мен бата алмай,

бір бозарып, бір қызарып.

Сәл жымиып бір күлесіз,

деміңізден көктем есіп:

"Құрбым, неге күрсінесіз –
қалдық па әлде өкпелесіп?"
Дидарыңыз жүз жылытар,

тіл қатсам да, сене алмадым:

"Күрсінгенім – сіздің жұпар

деміңізбен демалғаным…"

Айтып алып қысылдым мен:

"Береді,- деп, - жауап қандай?.."

Ол жылытты түсін бірден,

көңілінде таң атқандай.

Ұнаттың ба – күлімдедің,

жанталастым соны ұққым кеп.

Өзіме - өзім күбірледім:

"Тағдырыма жолықтым!" – деп.

Сол бір түн

Түн жып-жылы. Есімде:

жүрек тулап бұлқынды,

сол көктемнің кешінде

бірге өткіздік бір түнді.

Мен рахат күйдемін,

бұдан тәтті сәт бар ма!

Ұйқы қайда – сүйгенің

құшағыңда жатқанда!

Атпаса екен таң бүгін,

тоқтатар ма ем уақытты.

Ұйқылы-ояу қалғыдым,

құшағыма ап бақытты.

Армандарды жалғатып

кештім сезім өртін мен.

Екеумізде бар бақыт

басталған-ды сол түннен.

Бақыт құсы
Сағыныштан алып-ұшқан,
аймаласқан, тағы құшқан
екі ғашық жанартаудай

лапылдаған жарылыстан.

Жоғалғандай төзім – кемең
құмарлықтан көз ілмеген
осы екен ғой өмір мәні –

шын махаббат – сезім деген!

Арман-бақтай жұмақтағы

қос жүректің гүл атқаны.

Бақыт құсы ұя салып

біздің үйге тұрақтады.

Жас отау

Қарапайым көктемнің қарапайым күні еді,

көк аспанда алтын Күн бұрыңғыдай күледі.

Адамдар да көшеде күндегідей шұбырған,

ал біз үшін… дүние қайта гүлдеп түледі.

Қос жүректің дірілі талықсытып денені,

махаббаттың толқыны тербеткендей кемені.

Әдеттегі көктем-күн гүлбағындай жұмақтың,

махаббаттан мас болып екі ғашық келеді.

Қандай көркем дүние, нұрын құйған Күн қандай,

гүлдің бәрі жұпарын бізге шашып тұрғандай.

Бәйгедегі тұлпардай шапқылайды қанымыз,

шәрбатына ләззаттың мейіріміз тұр қанбай…

Талай күнгі аңсатқан аппақ арман, жүз үміт
теңіз болып шалқиды,
қос аққудай сызылып
екі ғашық ғажайып бір әлемге

айналған,

бар дүние қарайды екеумізге қызығып!

Бүгін алғаш ашылды жас отаудың түндігі

шаңырақтан төгілді мейірімді Күн нұры.

Екі жүрек қосылып ақ сезімге оранған,

жастанғаны – боз жусан, шымылдығы – қыр гүлі.

Азаппенен алысқан о қаншама күн өтті!

Күдік, үміт жарысып жүректерді жүдетті.

Соның бәрі өтті де, ұмыт болды бүгінде –

арманымның аруы отауыма гүл екті!

Армандаған, аңсаған өтті күндер бұлдырап,

жас отаудың төрінен ән шалқиды сыңғырап.

Күн мен әлем, көл, орман бұрыңғыдай бәрі де,

жас отаудың ішінде

өмір бүгін – бір жұмақ.

Йабақыларға қарсы күрес жырлары
Будыраштар да құтырып,
алпауыт ерлер жұтынып,
жорыққа шықты жапырып,

қанымызды біздің төкпекке.

Тасаға дұшпан тірелді,

біздерге елші жіберді,

қабағы қатып түнерді.

Батырлар біздің жиылды.

Тасалап келді жылғаны,

жауласу жанын тырнады,

ағайыншылық қылмады.

жан-жақтан әскер кұйылды.

Ертістің суын жайлаған,
найзасын кекке кайраған
Имектер 2 серттен таймаған,

бет алар бізге олар да.

Қелісім жасап сынады,

серттесіп уәде қылады,

ханнан көмек сұрады.

Басмылдар да жиылды.

Күн аптабы есті алар,
бізді сынап қас болар,
қара көзге жас толар,

халыққа сонда қиын-ды.

Өмір деген – махаббат

Өмір - сүю үздігіп,

құштарлықта жалын бар.

Қызу қанды қыз-жігіт,

ләззатына қаныңдар!

Өмір деген –

бір ғажап

махаббаттан тұрады.

Жан ғұмыры – мұңды азап,

табылмаса сыңары.

Өмір – үнсіз мұңдану

"Хош!" – дегенде сүйіктің.

Бір суынып, бір жану,

қайғысымен күйіктің.

Өмір – жанды тербеген
махаббаттың мәңгі әні,
әуенімен емдеген

бұлбұл үні таңдағы.

Өмір – жанды жырлатып,

өлең жазу түн қатып.

Махаббаттан нәр алып

өмір сүру – шын бақыт!

Әкелікті сезіну
Нұрзияға
Сен туғанда маған қонған бақ дедім,

исің жұпар, шырын-балдай тәтті едің.

Ортамызда құлыншақтай құлдырап

қызық еді былдырлаған сәттерің.

Сен туғансың күздігүні Мәскеуде,

қуаныштан толды менде жас кеуде.

Есім шығып келе жаттым жүгіріп,

сау емеспін, ішкен емен мас деуге.

Бақыт нұры басқандай ма көзімді,

ұшып – қондым, адам едім төзімді.

Алып шықты перзентхана алдына

құндақталған қуыршақтай өзіңді.

Құдай берген бақыт еді ол бізге,

біз шалқыдық - мұхитпыз ба, көлміз бе…

Әке болып сезінуді сен маған

алғаш рет сезіндірдің сол күзде.

Саған бүгін қараймын да, балғыным,

Еске аламын өткен күннің барлығын.

"Лексуспен" сырғанай бер, ұмытпа

бұл өмірде ор-жар барын, жан Нұрым!

Елге оралу

Біз оралдық туған елге,

ортасына дос, бауырдың.

Білім алдық өзге жерде,

нанын жедік басқа ауылдың.

Ата жұртты аңсап келдік,

даласы кең, асқары – шың.

Туған елге барсақ дедік

жаңа өмірді бастау үшін.

Тербетеді дала жанды,

асқақ күй мен жыр отаны.

Құшақ жайды Қарағанды –

Отанымның бір отауы.

Көркейтеміз бұл қаланы,

өмір кешіп сәнді, мәнді.

Ертеңіміз нұрланады,

біз біргеміз енді мәңгі.

Қыран самғап шыңдарына

ұя салар қиясына.

Кең даланың ұлдары да

оралады ұясына!

Кек және кешірім

Өкпе шоғын тұтандырмай

біз сараңбыз кешіруге.

Мейірімді ол жұтар құмдай,

жұтар ақыл шешімін де.

Ашу қысса қанды буып,

шығар жанның есі мүлдем.

Жан-дүниең жаңғырығып

тазарар тек кешіріммен.

Ыза - жалын, ашу - тамұқ,

сені азаппен сынары анық.

Сен өртенсең жасың тамып,

тек мейірім шығар алып.

Дұшпаныңның кесектерін
(кесек атпас құзғын бар ма),
жапқан жала-өсектерін

лақтыр бәрін құрдымдарға.

Кешір, уды төкпе өңештен,

есең кетсе бір есерде.

Жандарыңнан өкпелескен

кешірімді сұра сен де.

Әйелдің ойы
Тарс жауып есікті, біржолата кеттің сен,
қайтем аппақ сезімді жазғы құйын

деп білсең.

Ұмыттың ба түндерді, жалындаған кезіміз?

Түсінбедім жоғалтып алдық екен нені біз?

Өмір сүрдім сен үшін, еркелеттім баладай,

көңіліңді табам деп, өзіме де қарамай.

Ауырғанда өбектеп, қатерлерден қорғап ем,

бақытты әйел мен едім әлемдегі сонда мен.

Көк теңізде көлбеңдеп кемеміздің желкені

өмір кештік. Ал бүгін соның бәрі – ертегі.

Есің кіріп өзіңе өкінетін күн туар,
сонда сенің жүрегің мені еске алып бұлқынар;
көздеріңе мұң тұнып, жүрегіңді қайғы орап,

еске аларсың дірілмен сүйгенімді аймалап.

Сезім деген – жас шыбық, өсірмесең құлатпай,

қаңғып кетер Махаббат жетім қалған лақтай.

Қызғаныштың қалқаны

Бір дерт бар дүниеде сақтанатын,

қырқатын қыршынынан бақ қанатын.

Қызғаныш – оның аты,

шалдыққанның

жүрегі қараулықпен тапталатын.

Өмірде орындалмай тілектерің,
мақсатсыз сандалудан жүдеп пе едің;
жеткізбей арман кетсе адастырып,

жат болып мөлдір сезім, дір еткен үн.

Қызғаныш шашар сонда запыранын
сүліктей сорып жанның ақыл, арын;
қараулық, қатыгездік бойыңды алып,

темірге айналасың таты қалың.

Өт-уын қызғаныштың жұтқан адам
қалуы мүмкін емес жұттан аман,
зәр кеулеп көкірегін солар сонда

қураған қу сүйектей жұртта қалған.

Қызғаныш – менмендіктің төл баласы,

менмендік – теңіз, жұтпа сор жағасы.

Жақсыны көре алмайды кердең адам –

өлтіріп тынады оны өз жарасы.

Азапқа салма бекер шыбын жанды,

ұмтыл тек ақ тілекпен ғұмырға алғы.

Бір қалқан тапсам деймін

қызғаныштан

сақтайтын мейірімнің нұрын мәңгі.

МҰХАМЕД ӘЛИ
ӨЗБЕКСТАН
Менің байтақ Отаным

Есімде бала шағым. Алда — мұрат.

Сыры мол өмір — әлем ашты есігін.

Сен жайлы ойламаппын онда бірақ,

Отаным — Өзбекстан, ақ бесігім!

Қараушы ем қойды екен деп неге тағып

алқадай қадалғанда көгіме Күн.

Бүкіл жер Өзбекстан деп аталып,

бар әлем Отаным боп көрінетін.

Еске алып сол кезімді, мұңданамын,

мен бекер шексіздікті күтеді екем:

Отаным — таусылмайтын құндақ әнім –

сонау бір таумен ғана бітеді екен.

Әлемде - бүгін білдім, аңқау да едім –

қанша отан, қаншама елдер бар ақ таңдай!

Содан ба — жүрегіме дарқан жерім

күн сайын жақын тартып баратқандай.

Ал бүгін бақытыңа күндер айғақ,

баяғы мұңды үніңнен күлкі басым.

Туысқан халықтармен бірге жайнап,

Отаным, күннен-күнге құлпырасың.

Достарсыз нәрсіз гүлдей семер кеудем –
Бресте, Енисейде жарасып ән,
достар жүр хабар күтіп, елеңдеумен

өзбектің ерте гүлдер даласынан.

Әлемнің картасында нұрлы мекен –

ұлы деп аталмапты бекерге елім.

Балалық болжамдарым шындық екен –

әлемдей елім байтақ екен менің!

Көкпар

Батырлар шықты тебініп,

жалтылдап аттың жанары.

Баурайды жұртты тек үміт,

жүректері де жанады.

Кең дала, сен де жаңғырық,

тұяқтар тілсе, жер шыдар.

Қапыда қалма ал, жігіт,

көкпарда сені ел сынар!

Әркім де жеңісті армандар,
жеткізбе — терлер төгілсін,
соңыңда қиқу салғандар

шаңыңа сенің көмілсін!

Көрдің бе — халық тұр қарап,

көкпарды қолдан түсірме.

Қол соғар саған уралап

жігерің, ебің үшін де!

Даланы жапсын мұнар шаң,

қамшы бас, онысыз тағар сын.

Көкпарды қолдан шығарсаң,

бармақты шайнап қаларсың!

Күз

Күз ерекше сәндендіріп бау, жайды,

көңілді де сабыр, үміт жалғайды.

Ащы-түщы татып өмір дәмдерін,

сонда-дағы бермей жүрген әрлі өңін

күз - байсалды келіншектен аумайды.

Өмір - ғажап. Құстай ұшып барады,

көрдік талай қуанышты, наланы.

Күздің ойы
терең, әрлі жамалы,
қолы да ашық —
мырзалыққа жол берген

мүмкін жақсы, жаманды да көргеннен.

Күздің молдау берері мен алары.

Жан жылуы, мейірімі — таңғы арай,

таңғы арайдың өтетінін аңдамай

қаламыз ба...

Күндер неге зулайды?

Ойлануға мұрша бермей бұл жайлы,

қапелімде қысы келіп қалмағай!

Таңғұттарға қарсы күрес жырлары
Таңғұт жау тиді айлалы,
қатұнсін тісін қайрады,
жайратпай жауын таймады,

бауыздап жанын қинады.

Тұрмады бектер алдасып,
жекпе-жек шықты арбасып,
қылыштың жүзін қан басып,

қынабына қайта сыймады.

Домалап жаудың бастары,
иықтан түсіп қашқаны,
әлсіреп дұшпан сасқаны,

қылыштар қанға малынды.

Қатұнсін бегін алдағы
Таңғұттың ханы алдады,
ел-жұрты оны қарғады,

ажалға сосын бағынды.

Жауына бегім тістенді,
кірісті жаңа іске енді,
тәңірім оған күш берді,

жайнатты жүзін таңғы нұр.

Таңғұттың сансыз әскерін

түсірді қолға хас бегім!

Таба алмай дұшпан басқа ебін,

көзінен ұшты ән-ғұмыр.

Тұтқындап жаудың қалғанын,

шыңғыртып қақты шаңдарын.

Рахымы түсіп алланың,

бегімнің бағы жанды бір.

Әскерін бектің көргенде,
тасындай жайдың төнгенде,
Таңғұттар сасып сол демде

қонағы болды ажалдың.

Бек көрді жаудың шөккенін,

қансырап азап шеккенін.

Олжаға батып бектерім,

алыбын қырды тажалдың.

Тәлкектеп жаудың тағдырын,

келеке қылды зар-мұңын.

Адамын, атын, бар жүгін

олжалап алды сан жұрттар.

Дүшпандар қалды абдырап,

бұғауға түсіп зар жылап.

Бастары төмен салбырап,

иілді менмен таңғұттар.

Қол жиып өрге самғаттым,
садақты шіреп жауға аттым,
ұрыста бәрін аунаттым,

ақылдан дұшпан адасты.

Арғымақ атым зырлады,

зымырап аттап жылғаны.

Қара бұлт көкті былғады,

төгілді бұршақ аспаннан.

Жайлы екен түнгі шалғын маң!

Тұрып ем түнде, қаңғырған

бөріні кердім — алдымнан

жөнеді қарғып тастардан.

Атыма қамшы бастым да,

ұмтылдым сонда қасқырға.

Титықтап, корқау, састың ба,

тигенде ажал тырнағы!

Бас салып итім, мұзбалақ
қасқырды жатты жұлмалап,
жығылды қорқау құм жалап,

орнынан енді тұрмады.

Қараңғы түнді қуғым кеп,

бетімді нұрға жуғым кеп

мен тұрдым.

Уақыт жүр-жүрлеп

әкелді менің күнімді.

Әрі астым шыңнан, қыраттан.

Қарайған көрдім жырақтан:

қылышын алып қынаптан,

шаңдатып жаулар келеді.

Қаласам, жауды шабар ем,
әскерін қойдай қамар ем,
қылышпен басын қағар ем,

жалынып бірақ бас ұрды.

Зәресін алып айбыным,
құрбан қып мүлкін, байлығын,
жау шекті зарын қайғының,

«Жанымды қи!»—деп шошыды-ай.

Аяғыма келіп жығылды,

сұрады жалғыз ғұмырды,

ұяттан өліп бүгілді.

тоқтатты мені осылай.

Қайғыға жауды батырдым,

кешірдім ісін жат ұлдың,

ұятыңды жу деп ақырдым.

Шешті өзі сонда теңдерін.

Жүрегім менің

Көзімді тігем жыраққа,

жанымда әлі жайлылық.

Жүрсе де жырым сынақта,

қайтемін оны қайғы ғып.

Алдымнан азап тосқанда,

жауратар мені қарлы сыз.

Қайтемін, кейбір достар да

жауымнан бөліп алғысыз.

Қуаныш, қайғы жүгінен

басады зілдер денені.

Егіздей,

бірі бірінен

ажыраса алмай келеді.

Пыр етіп жерге түскенде

аштықтан басқа не білдім.

Қайғы мен мұңды ішкенде,

ашылар сыры өмірдің.

«Жалғыздық» әні зарлайды,

тағдырым неткен қайғылы!

Айнала елсіз.

Арбайды

жалғыздан жүріп Ай, Күні.

Рубаб қайда шақырды?

Дутар да жалғыз. Жаны жыр.

Барабан мылқау батыр-ды,

қайғы мен күлкі — бәрі бір.

Көз салам таудан әр елге:

Ферғанам ғана — сол жұмақ.

Өлке жоқ мұндай әлемде,

тасада жатыр ол бірақ.

Бұлбұлы да оның төменде,

төккенмен әнін еліне.

Түйіліп бүлттар төбемде,

көрсетпей қойды мені де.

Күн туар әлі, білемін,

ыза мен әнім бұрқанар.

Сыбырлап қояды жүрегім:

«Жырды тек — түбі жыр қазар!»

Арманды тулат, көңілім,

үміт-нұр құйып жанарға.

Алғысөз — бүгінгі өмірім,

ғұмырым, әнім әлі алда!

Күндерім үшып барады,

жағалауларым тұнжырап.

Өткен күн — елес.

Ағады

бұрқаныстарсыз құр жылап.

Өкпем бар өткен күндерге —

дұрыстап өмір кешпедім.

Ойламай соны бір демде,

есейіп бәрін екшедім.

Қуаныш — сәттік шарап бір,

қайғысы бірақ тозбайды.

Ойлаймын азап жамап құр,

сонау бір ғажап көз жайлы.

Адамның күйін сынға алма —

қанатын өтер жая алмай.

Қол соғып бірде шыңдар да,

құмырысқа бірде аярдай.

Бір шындықты білгем мен,

өмірім де мөлдір-ді.

Мөлдір еді тілек те,

жұмақ деуші ем жерді де.

Бәрі өзгерді,

жүрекке

бір қолаң шаш енді де.

Жанымды ұқпай,

көңілін

қыздырды жат жалынға.

Содан

әрсіз өмірім,

жараланғыш жаным да.

Өмірден күттім берер деп

бәрін де.

Жас ем, несіпті ем.

Күтуші ем қашан енер деп

бақытым біздің есіктен.

Жатқаннан бақыт безінер,

жиіркенер одан өмір де.

Күрессіз күткен

кезігер

бақытқа емес, өлімге.

Біреуді қорғап, жан салам,

жүремін күйіп, шырылдап.

Қорғағандарың ал саған

мысқылдай қарар қырындап.

Жанталас, күрес,

жүргені

адамға жетпей кең дала.

Байсалды қалпы

ілгері

айналып тұрған Жер ғана!

Бидай елеген әйел

Жер үйдің үсті — тақтайдай,

бейне бір қырман алаңы.

Елегін ұстап,

ақ маңдай

келіншек шығып барады.

Самал жел есті. Еледі,

алтындай дәнді ақтады.

Төменде, үйде, бөбегі

ұйқтамай әлі жатқаны.

Елестеп таулар көзіне,
жүзінде титтей мұң қалмай,
бұлақты бойлап өзі де,

елек те билеп түрғандай.

Шарқаты желмен сыбдырлап,

әйелдің өзі — нәр тұрған!

Еседі самал сырды ұрлап,

тегіліп жатыр алтын дән!

Ояну

Қоштасты таңғы шуақ ақ қыраумен,

қалыпты оқ-сәуледен мұнар құлап.

Оянып ұйқысынан жатты дәурен,

шатырда көк нәр гүлі тұр албырап.

Су беті шымырлайды, құрақ мүлгіп,

бәріне сәулелі күн үміт құйған.

Келеді бүршік атып мұрат-тірлік

бұтада

түнеугүні жігіт қиған.

Жап-жасыл жүзімдіктер дөң мен өрде

шапанын лақтырыпты қыста оранған.

Шатырға, балаға ұсап, өрмелеуге

әзір тұр,

асатындай үш қамалдан.

Сандықтан сәнді бұйым жанарды атып,
төккенде күннің көзі шұғыланы,
ауылдың көшелерін алаулатып

қылтиған қыздың бәрі қыдырады.

Көктемде даритындай адамға құт,
шабындық болса-дағы жасыл әлі,
орақты қайратуға жалаңдатып

шөпшілер базар жаққа асығады.

Білмейді бақшашы да жанға тағат,
таба алмай күңкілдейді құралдарын,
сонан соң аяңдайды бауға қарап,

«Қырсыз,— деп,— бала біткен» сынар бәрін.

Тынымсыз кәрі-жасы — түрлі халық,

әрнеге елеңдейді көңіл, міне.

Толған Ай аспандағы мың бұралып

арбайды жүрегіңді, өзіңді де!

Көктемде адам біткен мұңсыз жандай,

қырау қыс естерінен шығар бір-ақ.

Бақ кезген самалда да бір сыр бардай,

шатырда көк нәр гүлі түр албырап.

Желмен сырласу

Сен неге бүгін шапқылап

аулама келіп құлайсың?

Терезелерді қаққылап,

біресе сыңсып жылайсың.

Білмейтін бе едің, дауыл жел,
орныңды сенің жердегі –
(тынышымды алма — дамыл бер!)

даланың сайран белдері.

Үйім де менің шап-шағын,

өзім де жалғыз, мұңдымын.

Кезсекші бау мен бақшаның

саясын, төккен күн нұрын.

Мазамды алма бекерге,

қаңғыбас едің, демеспін.

Төрт қабырғалы мекенде

ұстай алмайды сені ешкім!

Бітті бәрі. Кетейін, жоғалайын.

Білегіңді мойныма орап, айым,

«Қал!» демедің сен неге, жыламадың,

жүгірмедің?

Тартамын содан уайым.

Күн, апталар өтсе де мен жылаған,

босағаңа тағы да келдім аман:

ала көзбен атпайсың неге мені,

«Кет!» деп неге айтпайсың енді маған?

«Неге» мен «Не» — сұрақтар жетегінде

кетеміз бе, сүйреліп бекер үнге?

Азап шексе қос жүрек екі жақта,

бір махаббат болғаны екеуінде!

Ескі корабль

Тіреліп жерге табаны,

құм қапқан мынау жай бүгін.

Толқындар еске салады

баяғы дарқан айдынын.

Бақытсыз сорлы

бұл күнде

тұтқыны болды жағаның.

Сайрандап қалған шіркінге

туғандай енді қара күн.

Теңіз төрінде, жырақта,
толқынды тіліп кеудемен
корабльдер жүр,
бірақта

жатыр бұл жонын жел жеген.

Жанына ешкім келмесе

тіл қатпай айтар мұңдарын:

«Сендердей едім мен кеше,

күшімді сорды жылдарым.

Белгі жоқ қайран ол күннен,
көрмеген едім кек тежеп,
айдаһар жалды толқынмен

алысқам талай жекпе-жек.

Жатырмын белім бүгіле,

арқаны сүйеп от құмға.

Жағада дауыл күні де
алысар ешкім жоқ мұнда!»
Табылмас жанның емі де,

табиғат заңы талайғы.

Тереңде жүргендеріне

жаны ашып қартың қарайды.

Қызғаныш та жоқ үнінде,

қарайды жүзін мұң жауып:

қаласың-ау деп түбінде

жағада мендей кұм қауып:

Прометей
Ақ қардық беті — қара дақ —
көлеңкесі екен қыранның,
қапыда жанын жаралап,

таяу ма құздан құлар күн...

Дақ түссе арға

қашаннан

құдайлар шығар қорлана.

Прометейдегі бас арман —

бауырдың қамы, сол ғана.

Бір кезде көктен ұрланған

күшін-ай оттың, құдірет!

Прометейді сынға алған

Зевсті баурап ұлы кек,

найзағай құдай атанған.

Ал отқа жалғыз табынып

Прометей жұрттан бата алған,

отта деп тірлік, бал үміт.

Сол оттан бірақ қаншама

өртенді ғұмыр жердегі.

Адамдар отқа жанса да,

үмітін отпен емдеді.

Жердегі жанға жаны ашып,
от ұрлап алған бабаның
жетпеді ме екен санасы
болжауға

бір кез ғаламың

сол отқа лаулап жанарын?

Дүние, отсыз тұман ең,

түнекте жүрді халық та.

Сол оттан енді мына әлем

ұқсайды бүгін тамұққа.

Зұлымдық пенен зорлықтың
қаруы болып қолдағы,
қорқытып жерді сол мықтың,

үреймен жанды қорлады.

Көрдің бе мұны түсіңде,

Прометей бабам, ер мүсін?

Осының бәрі үшін де

жауап беретін сенбісің?

Тартқызып соның азабын

жартасқа сені таңды ма?

Сол отқа тігіп, жанарын
адамзат жиған бар мұра,
аспаның, жерің, адамың

күл болып бір күн қаларын?!

Қуыршақ

Бәз бір қалпы жыласа, қуанса да,

күлген күйі жатады жұбанса да.

Өзгермейді келбеті, мұңаймайды

дүниені түп-түгел су алса да.

Білеріміз: тайғанақ бақыт деген,

ара-тұра мен де оны татып келем.

Бақыт ұстап өтпейді ешкім мәңгі,

тек қуыршақ санаспас уақытпенен.

Кішкене қыз жеткендей қолы Күнге,
ойнағанда құлпырар өңі мүлде;
жалыққанда алады ұрып-соғып,

лақтыра да салады оны күлге.

Қуыршаққа бәрібір, күрсінбейді,

ұрып-соғып иесі жүрсін мейлі.

Қуыршақтай күн кешсе, керемет-ау!

Бірақ адам миына бұл сіңбейді.

Өмірде ұмытылады екен бәрі.

Өзіңді біз ұғысқан мекенді әлі
ұмытпай жүрсем де,
уақыт кермегімен

шайылып баратқандай шекер-балы.

Қанша жыл аласұрдым жетім аңдай,

бейнеңді көз алдымнан кетіре алмай.

Ақыры уақыт-батыр жеңді мені:

бейнеңді көз алдымда көмді желі.

Күн кешем енді сені есіме алмай.

Бұлбұл әні

Құс әніне елең етіп құлағы,

бір жас бала қариядан сұрады:

«Ата, неге бұлбұл үні тек қана

көктемеде шығады»?

«Құс дегенің адамға ұқсас, қарағым:

сезім баурап жүрегі мен жанарын,

көктемеде махаббаттың таң әнін

шырқайды ол да.

Талабын
орындаса, ұя салып,
әнді емес,
ойлар жалғыз қамын бала-шағаның!»

Таңғы сурет
Таң нұрынан мұнар жасып,

жайнайды аспан, тұман қашып.

Көк толқында еркелеген

сұлулардай қылаңдасып,

ақша бұлттар жүр арбасып.

Аңғарында жел күбірлеп,
тау, даласы енді гүлдеп
мейірімін, әжімдерін

тосады ана-жер күлімдеп!

ОРЫС ӘДЕБИЕТІНЕН
Василиса туралы аңыз
Киев атты шаһардың алабында,
Владимир князьдың заманында

Боярлар мен князьдар құрметіне

Ұлан-асыр той болды жаңа жылда.

Асып-тасқан сол тойға келді бәрі,

Думан қызып шалқыды елдің әні.

Мақтанысты кеу-кеулеп, ішіп жеді,

Ас көрместей дәл мұндай ендігәрі.

Біреулері мақтан ғып сәйгүлігін,
Біреулері байлығын, жайлы күнін,
Енді бірі мақтады ауыл-елін,

Үстағандай қолына Айды бүгін.

Жұрт мақтансын, лепіріп күлсін,

мейлі,

Мұндайда ешкім әдетте түйсінбейді.

Ляховиц жерінен келген жігіт —

Годинұлы Ставер үнсіз дейді.

Владимир — князь-ды топтан ерен,
«Қосылмайды,— деп ойлап,— топқа
неден»,

- Ей, Ставер, сен неге үндемейсің,

Мақтан етер ештеңең жоқ па?-

деген.

Сонда жігіт князьға былай деді:

- Берген маған бәрін де құдай, -

деді. -

Әсем қала, құс қанат арғымақтар,

Қөз тұндырар даланың шұрай жері.

Мақтанбаймын сөз етіп бар мұраны,

Айқын жұртты жарым да таң

қылары.

Мынау жұртты, князым, өзіңді де

менің жарым есінен тандырады.

Жақсылар мен жайсаңдар дуылдасып,

Сөз тастады князьға жымыңдасып:

- Ставерді зынданға тастайық та,

Жас жарының көрейік сырын басып.

Ай аруға, князым, қарсы ма едің,

Ғашық жүрек таба алмай қалсын

емін.

Бәрімізді тандырып есімізден,

Керім болса, құтқарып алсын ерін!

Бар еді оның бір досы — жан ардағы,

Естіген соң бұл сөзді қала алмады:

Ляховиц жеріне құстай ұшып,

Василиса сұлуға хабарлады.

Василиса бұл жайлы тыңдап алып,

Білді: ерінің қапаста тұрғаны анық.

Тек әйелдік ақылмен құтқармаса,

Мүмкін күлкі болуы сынға қалып.

Сосын шашын ерлерше қырықтырды,

Қиді жігіт киімін тігіп құнды.

Қырық мерген және де қырық палуан

батырларды жанына біріктірді.

Сонда жұрттың алдына қол бастаған

Микулич Василий — жігіт тұрды!

Сөйтіп бұлар Киевті бетке алады,

Ә дегенше шаһарға кеп қалады.

Шатыр құрып қаланың шет жағына,

жігіттері сол жерге тоқталады.

Василиса ойланды өте беріп,

«Шын сүйгеннің басынан кетер

ерік».

Владимир князьға сәлем берді

сосын өзі алдына жеке келіп.

Таң қалдырды князьды мына мүсін,

(Даналықтың көзі де қырағы шын).

- Аты-жөнің кім? - деді. - Төрлет бері,

Қай орданың, қай жердің

ұланысың?

Жауап берді князьға кырағы ерің:

- Ляховиц жерінің ұланы едім, -

Микулаұлы Василий — аты-жөнім,

Бір өтініш тыңдауды сұрар едім.

Ұлы князь, сүйікті қызыңызды

жарым болса деп келдім мына менің!

Сонда князь кенеді тамағын кеп,

Ақылдасып қызыммен аламын деп.

Қызына кеп айтады барлық жайды,

- Өзің қалай қарайсың, қарағым? - деп.

Қызы: «Қалай бересің бұған мені –

Жігіт емес, әйел ғой мынау; - деді.

Даусы нәзік, білегі жіп-жіңішке.

Қарашы, әне, кеудесі, қынай белі?»

Князь келіп жігітке жақын бері,

- Өтінішің, әрине, ақылды еді.

Бірақ жолдан шаршадың, моншаға

бір

түсіп шықсақ қайтеді, батыр? - деді.

Жігіт құптап: «Жарайды, мақұл», -

деді.

Жас жігіттің қимылы тіпті пысық,

Моншашылар қарсы алды тік

тұрысып.

Князь баппен шешініп, киінгенше,

Василиса тездетіп шықты түсіп.

Сол арада князь да келді кіріп,

Жігіт түсіп шыққанын енді біліп:

- Оу, батырым, күтпедің неге мені?

Сонда былай жауабын берді жігіт:

- Тақсыр князь, мен деген

жолаушымын,
Айтпадыңыз сұлудың маған сырын,
Буға бөгіп моншада отыруға

уақытым жоқ дәл қазір оған, шыным.

Князь ойда: «Қызым да ержетті шын,

Жігіттің де тап қылды келбеттісін».

Қызы бірақ ойынан қайтпай тағы
деді: «Мені әйелге бермекпісің?»
Князь келді: «Көп біздің батыр елде,

Ал қызымды, сайыста жалқы жең де!

Алтын жүзік қақ бөліп ортасынан
түсір, - деді, - садақпен атып
жерге!»
Шықты князь ерлері ақтар үміт,

Алтын жүзік көзделді, жақ керіліп.

Үшеуінің оғы да өтті жанап,

Діңгекте тұр сақина шақ көрініп.

Микулаұлы Василий бір

тартқанда,

Түсті жүзік ортадан қақ бөлініп.

Сосын князь жалтармай той жасады,

Неге күйеу жігітті ой басады?

Үшінші күн өткенде, қалыңдық жақ

күйеу неге бұлай деп ойласады.

Шын жағдайды білмейді ешкім әлі,

Неке қияр күтуде кешті бәрі.

Князь келіп жанына: «Василийжан,

көңілсізсің неліктен?»—деп сұрады.

- Шешеме уақыт болды ма,

көкеме ме -

құлазиды көңілім көпе-көре...

Гуслиде ойнайтын ешкім жоқ па?

Солар мүмкін көңілді көтере ме...

Көтермеді көңілін өнерлері,

Күйеу: «Тұтқын жігітті керем, -

деді.

Годинұлы Ставер зынданда деп

естіп едім, ол керім өнерлі еді».

Князь сонда қиналды. Бұл тойдағы

Ставері кім ол деп жұрт ойлады.

Тұтқын келіп гусли тартқан кезде,

Жас жігіттің жүзінде күлкі ойнады.

Василийдің көзінде - үміт таңы,

Тілек айтты князьға тұрып тағы:

«Ставермен барамын шатыр жаққа», -

деді жігіт, басқа жұрт түк ұқпады.

Көрді Ставер өзінің кермиығын,
Василиса шешті де ер киімін,
Сұлу ару қалпына келді қайта,

Сосын кетті жалғауға ел жиынын.

Сұлу әйел таң қылып тегіс бәрін,

Сонда есінен тандырды ел ұстазын.

- Күн дидарлы князым, айтшы, - деді,

Күйеуімді зынданда неге ұстадың?

Князьдың да ойында үміт бар-ды,
Әйелдегі даналық, қылықтарды
керген кезде сөз таппай ұлы князь

дудар басын иді де тұрып қалды.

Алып Ер Тоңаны жоқтау
Шеңгелін ажал салды ма,
Ер Тоңаны алды ма,

сұм дүние артта қалды ма...

Қайғылы жүрек жыртылды-ау!

Сұм ажал бүгін жылатты,

құрығын салып құлатты,

бектердің бегін сұлатты.

Қыршын да ғұмыр қырқылды-ау!

Өмірдің күні зырлайды,
адамның күшін ұрлайды,
ғұмыр да мәңгі тұрмайды,

құтылмас ешкім ажалдан.

Тәңірім торын құрғанда,
тұтылмай адам тұрған ба,
мүжілер алып шыңдар да

тағдырдың оғы қадалған.

Ажалмен тәңірім сынаған,
тұра алар қарсы кім оған,
құздар да одан құлаған,

құтылып ешкім кетпедің.

Аш арландай аларып,
қадалғаннан қан алып,
нұрлы жүздер қабарып,
тұр қайғыға қамалып

жауға шабар бектерім.

Ерлікті қаза сынады,
бектерім жасын бұлады,
бөрідей ұлып жылады,

жоқтады жыртып жағасын.

Көңілімді қайғы жандырды,
жазылмас жара қалдырды,
кешегі күнге зар қылды,

кеткенді қайдан табасың?!

Жалғанның туып заманы,
жауыздар қаптап барады,
ашылды сұмның араны,

сиреді қайран бектерім.

Біліктілер қалмады,
заман оны жалмады,
сүрінді бектің тарланы,

салды жанға жараны.

Ажал жұтып ағаны,
жауыз жайлап барады,
жақсының өшіп жанары,

дүние азып барады.

ВАСИЛИЙ КУРОЧКИН

Екі басты самұрық

Достар, достар, бір жұмбақты шештім мен:

бүкіл елді ауыр халге жеткізген
кім еді деп сұрамаңыз ешкімнен –
Ресейдің гербіне, әне, тағылып,
қайғымызға, сорымызға малынып,

тұр ақымақ - екі басты самұрық!

Мұны ойымнан шығарғам жоқ ақырын,

халық-дана бос айтпаған нақылын:

«Не заманнан бұғау салып ерікке,
баукеспені, қанішерді желікпе
қолдап-қорғап су бүріккен деміне
барлық пәле — самұрықты гербте!»

Достар, достар, келсін бізге қайдан құт,

ақымақ тұр бар өмірді айран қып.

Самұрықты мөрге жіпсіз байландық,

содан біздер бақытсызбыз, жарандар,

содан жаппай ішкіштерге айналдық.

Біздің орыс ағайынға ас қайғы,
ішіп алса, төбелестен бастайды,
сөздерінде, өздерінде бір мән жоқ,
сүйіседі, жыласады, қақсайды –

айтатыны мисыз екі бас жайлы.

Алым алу - әкімдердің басты ісі,

пара алмаса жойылардай бақ күші.

Неге олай? Кінәлі екен бүған кім?

Себебі не? Себебі сол - бәрінің

мундирінде - сиқын қара сәнінің!-

Сол ақымақ Самұрық тұр әлі күн.

Жексұрын құс отыр қалғып бүгін де,

Сұсы бөлеп жұртты үрейлі дірілге.

Ал әкімі тонап жатыр халықты,

өмір мәнсіз, ащы сүттей іруде.

Шындық та жоқ мынау орыс елінде,
Береке жоқ, жоқ үміт те, сенім де,
Өйткені анау екі басты самұрық

түк көрмейді - жан бітсін бе темірге!

Сөз жүзінде батырсимыз тағы біз,

ал ұрлықпен құлпырады жанымыз.

Екі жүзді самұрықтай ақымақ

екі сөзді мырзалармыз бәріміз.

АПОЛЛОН МАЙКОВ
Бір түп жусан
Қураған бір шөп ол жалпы,
иіскесең, жайнап жанарың,

есіңе түсер сол қалпы

қасиет, көркі даланың...

Далаға құрып ақ шатыр,

көшпелі ел бір кез жайлаған.

Ардақ пен Саржан - қос

батыр

жері үшін жаудан таймаған.

Жайратып орыс жаугерін,

бір тойды сол ел бастады:

шырқатып асқақ әндерін,

қымызға қызды жас-кәрі.

Кенеттен бірақ шу шығып,

даланың төсі шаңдапты.

Жау тиді жерді қусырып,

аққулы көлді қан жапты.

Далаға бүлік салғалы

күш жиып келді Мономах.

Дон өтіп Саржан, Ардағы

Кавказды жүрді паналап.

Далада елдің орнына

жел ұлып кезді сайларды.

Мономах қайтыс болды да,

орыстың жерін қайғы алды.

Кешсе де Саржан сан жорық,
Оралды туған ұяға,
Кавказды билеп, хан болып,

інісі жүрді қияда.

Қалады Саржан барғанын

бір жырау Қавказ еліне:

«Сәлем айт, інім Ардағым

оралсын туған жеріне!

Еліне қайтсын, алданбай

жат жерде өткен бал күнге.

Сағынды далаң армандай,

күтуде туған халқың де!

Сағыныш зарын шекпесе,

әнге бас — қаны бусар-ды.

Оны да елең етпесе,

бер оған бір түп жусанды».

Ардақ хан алтын шатырда,
абхаздық ару — жан-жағы,
бас иіп Кавказ батырға,

думанды күнін жалғады.

«Шақыра келдім елге мен,

сонау бір сарсаң өтті күн:

далаға тыным бермеген
Мономах патша жоқ бүгін!»
Деп жырау келді ашынып,

Ардақ хан елең қылмайды.

Бағынған елдер бас ұрып,

«күніміз» сен деп жырлайды.

Жырау қарт бірақ тынбады,
кенеп ап кенет тамағын,
түсер деп еске құндағы,

шырқады дейсің дала әнін!

Қаһарлы мұндай хан бар ма –
ер Ардақ ашу құрсанды,
бұйырды бағынғандарға

әкет деп мына бір шалды!

Ардақта құрмет, тақ мынау,

елтімес сыйға мұнша кім...

Ұсынды сонда қарт жырау

даланың бір түп жусанын.

Кеткендей кенет ашылып
жүрегіндегі бір жара,
Ардақ хан шөпке бас ұрып,

иіскеді-ай дейсін, мұңдана!

Қаһарлы ерге жаны мұз

таңданды жұрттар шегініп:

жусанды сүйіп ханыңыз

жылады-ай сонда егіліп!

Кешегі сұсты қарау хан

тия алмай жасын төкті бір:

«Жырақта қайран даламнан

өтті, - деп, - бекер көп

ғұмыр».

Қоштасты жылап тұрған хан:

«Сый көрдім, мұнда мен де
ерек,
жат жерде хандық кұрғаннан,

өлімім артық елде!»— деп.

Қыңбады ол тағым қалар деп,

кеудесін жуды жас шерлі.

Қайдасың туған далам деп,

жарауға қамшы басты енді.

Жортады. Туған жерімен
көрісу - жанның сусары,
далаға ұлын теліген

қолында бір түп жусаны!

МИХАИЛ ЛЕРМОНТОВ
Мұңды әуендер
Жұлдызымен тағдырымның

бірге сөнген тәтті арманым.

Тек жанарда қалды мұңым,

көз салсаң да шаттанбадым.

Жас төккенмін,

жылауменен

мені талай басқан қайғы.

Тас мүсіндей мынау денем,

көзден бүгін жас тамбайды...

Күлкі қылдың сонда мені,
мен де саған жалынбадым –
ал жүректің болмады емі,

жалғыздықтан арылмадым.

Жатпыз енді — бар білерім.

Көзден жасым ақса да үдеп,

шыңғырса да жан-жүрегім

сүйе алмаймын басқаны деп...

ІІІ

Мен өзімді кұрбан еткем

құштарлыққа, сенен бөтен.

Алғашқы арман зырлап өткен

тілесең де келер ме екен.

Быт-шыт болған со күндегі

ұмытар ма үмітті ешкім...

Өлтіріп ең өзің мені –

енді қалай тірілтпексің?

К-ға
Мен жайлы талай сыбырлар
талықсып саған жеткенде,
өкінсем осы ғұмырға

несіне келдім деп мен де,
қан жұтып жүрген шағымда
ешкімге жылы қарамай,
жүрсе де қаулап жанымда

ешкімді жан деп санамай,
жүргенімді естіп теңселіп

сенерсің сонда бұған шын:

өкінішіңнің семсерін

өзіңе-өзің сұғарсың.

Ол азаптың да зар-мұңын

тартатын мен ғой. Таңданам:

тегінде саған тағдырым

қайғыруды да жазбаған.

Жыраудың әні

Жат жерде жүрдім сабылып,

жарысып жырым желменен.

Көп жылдар өтті. Сағынып

оралдым туған жерге мен.

Сазымды бұрап сенімді

әніме тағы бастым мен:

сергіткім келген елімді

жанына жақын жақсы үнмен...

Шапқындар таптап шаңдатқан
кездім мен туған қырларды,
шөптердің басы қан қатқан

аяғым талай былғанды.

Қаңқалар жатыр сасыған,

ит-құсқа құдай бергендей:

өлікке қарап ашынам,

қалғандар тым аз елде өлмей.

III
Жүректен шыққан мынау үн
зарлы еді түндей тұманды,
келтіріп саздың бұрауын

сарната бердім бір әнді.

Бостандық, өлім шағында,

соңғы үні соның - бұл әнім.

Үмітсіз жанның

зарым да

елеңдетпеді кұлағын.

Сұрады менен бір адам:

жерде осы еркін жан бар ма?

Неге мен зарлап жыланам,

жеткізем кімді арманға?

Жүректі кетті қақ тіліп,

тілі ащы қандай кұрғырдың!

Сазымды жерге лақтырып

сағақтан бір-ақ сындырдым.

***
Жұрт кешірмес күнәларды
кешіргенім үшін мені
талай адам сынап алды,

жаман көрді, түсінбеді.

Сонда тағдыр жазалады,

тастап маған кесірлерін:

сөзімді алды - жан ажары,

сонысы үшін кешірмедім.

Қайда қашам адамдардан –
жүрдім малтып мұң желімге;
кімді көрсем - жанарда арман,

шаттық толы жүздерінде!

Саратовтағы оба

Оба жайлап торықты елім,

жүректі үрей, мұң қаптаған.

Ішінде сан өліктердің

біреуі тым қымбат маған.

Жер алғанмен оның демін,
жасыра алмас сыз жатағы;
оны өртеген жалын менің

жүрегімді мұздатады.

Бөліспейді бір жан барып
азапты әсем кескіндегі;
жанары оның нұрдан жарық

сиқырламас ешкімді енді.

Иіскеп сүю - көңілімде,

сезім ғой бұл жат ұқпаған...

Құшсам оның өлігін де,

соның өзі-ақ - бақыт маған.

ТАРАС ШЕВЧЕНКО
Некелескім келмейді
Үйленбеймін, ана, мен,

неке деген - бір ғаріп.

Бас қатырып баламен

не жыным бар шырмалып!

Өкпелеме, анажан,

Жер де жыртқым келмейді:

егін еккен даладан

шапанымды жел жейді.

Жолдас болма кіл ерге,

қолқалама үйлен деп.

Әйел алып

жүрем бе

от басында күйбеңдеп!

Мырзалардай күн кешем,

ішіп-жеймін - жұмысым.

Алшаң басып жүрмесең,

өмір деген құрысын!

Деп ақымақ бір казак

даңқ іздеп із кесті.

Ана байғұс мұңды азап

шегуменен күн кешті.

- Қайда кеттің, Иваным,

тастап үй мен еліңді,

неге мені қинадың? –

деп анасы егілді.

Жыл артынан жыл өтті,

шамы да өшті үйінің.

Ананың да күні өтті

көтере алмай күйігін.

Жалба-жұлба түрімен

келді бір күн батырың:

жоқ баяғы гүл ірең,

үні де әлсіз, ақырын.

Отырды енді байғұсың
өмір мәнін кеш білген,
жүрегінің қайғысын

бөлісе алмай ешкіммен.

Қаңыраған үйге еніп

қайғы зәрін ішеді.

Баяғыда-ақ үйленіп

отыратын кісі еді.

Қайда жастық, жігер, үн,

қайда шаттық, қайда бақ?

Мұздай болған жүрегін

Кім жылытар аймалап?

Жасы ағылды арна боп,

шоққа салды қайғы-ұста.

Су беретін жан да жоқ

ғаріп болған байғұсқа.

Еркім жоқ, қайғы — татқаным,

таба алмай жақын сырласты.

Іздедім, бірақ таппадым,

жанымды тұман-мұң басты.

Құдайды да іздеп сандалдым,

Кеше гөр мені, жасаған!

Зулайды мәнсіз тарлан-күн,

қайғысын тосып тасадан.

Ойларым улап сананы,

өтуде зармен от күнім.

Ғұмырым кетіп барады,

еске алатын да жоқ түгім.

Тіледі жүрек дос рай,

жылайды, жаным солады.

Өлікті көмер осылай

даланың қарлы бораны.

Күздегі қайтқан тырнадай

менде де жылдар қайтуда.

Отырам қалай жырламай –

жазамын, жай жоқ айтуға.

Жырыммен алдарқатамын

ақымақ мына басымды.

Өзімді содан матадым,

шақырып көктен жасынды.

Қысқартып қыстың түнін мен

кегімді сөзбен қашадым.

Өзіме сөйтіп жырыммен

шынжырлы бұғау жасадым.

Мырзалар біліп мұнымды
төндірді сұсты бұлттарын,
уласын мендік ғұмырды –

тараса болды жұртқа әнім.

Күштіден зорлық қалған ба –
айырсын мейлі достардан,
кеудемде шыбын жан барда

көзіне жырдың шөп салман!

***
Сол бір байтақ даланы да,
биік корған-моланы да,
бұлбұл үнді сол түнді де,

діріл, сезім, көркіңді де

мен ешқашан ұмытпаймын.

Бірақ, бірақ ашынар жай –

неге кеттік қосыла алмай?

Елжіресіп жүргеніміз,

сол бір тәтті күндеріміз

өте барды өң мен түстей.

Мен өткіздім жастығымды
татып айдау - ащы мұңды,
сен өткіздің жастығыңды

жалғыз, жесір... пеш жағумен.

Күн кешеміз еске алумен

өлген жылды, сөнген нұрды.

Оба

Оба жүр - қолда күрегі,

көр қазу - жалғыз білері.

Өліктің мынау көптігі,

жаназа, дұға — жоқ бірі.

Көктеме. Бақта - гүл ірең,

жайғандай кілем белдерге.

Құдайдың мөлдір шығымен

кеудесін жуды жер-жеңге.

Сәнденді дала құлпырып,

гүл атып бақтар арбайды.

Адамдар жүдеу, жүр тынып –

жібітер ас жоқ таңдайды.

Тізілген үйде қозы-лақ

қырылып жатыр шетінен,

тірісі әлсіз маңырап...

Аш өгіз кетті бетімен.

Жылқы жүр қалған сүлдері

жайылым іздеп бақшадан.

Өнімді таптап жүр ме еді –

ешкім жоқ оны жасқаған.

Ашыққан малға қарар кім,

ешкім жоқ жем де салардай.

Жатыр-ау бәрі адамның

ұйқыдан басын ала алмай.

Шіркеу тұр жанды шақырмай,

қоңырауларын кім қағар?

Үрейлі қандай, апырмай,

түтінсіз тұрған мұржалар!..

Бақшаның маңы, үй маңы...

өліктен сасып жатты бақ.

Тірілер өлік жинады

қармақпен сүйреп тартқылап.

Күндер мен айлар зырлады,

қаңырап село тұр әлі.

Көр қазушылар тынбады,

олар да бір күн құлады.

Арулап тәнін сүйгеннің

дұға оқыр ешкім қалмады.

Кешегі жылы үйлердің

мәңгіге сөнді шамдары.

Көңілсіз екен бағың да,

жоқ болса тірі ел, қара...

Қаңырап қалған ауылда

сыңсиды жалғыз жел ғана.

Бүр атқан әсем гүл, баққа

сол село тұрды малынып.

Келмеді бірақ бұл жаққа

ешкімді ешкім сағынып.

Зымырап солай жыл да асты,

өртеді жасыл селоны.

Жылы ұя орнын күл басты,

жоқтады жалғыз жел оны.

АЛЕКСАНДР БЛОК
Өлім туралы
Мен қалада қаңғырып көп жүремін,
Өлімді де көп көрдім бұл өмірде,

қайғырмайды сонда да ер жүрегім,

елімді ойлап жасымас жігерім де.

Бәйге алаңын мен бірде араладым,

Аспан ашық. Алтын күн нұр төгеді.

Қорған іші көктемнің салады әнін,

Дала жасыл майсаны бүркенеді.

Жұрт мінбеде дуылдап алаңдағы

қызықтайды жүйріктер бұлқынғанда.

Сәйгүлікпен бірге ойнап жанарлары

әлем-жәлем киінген сылқымдар да,

мырзалар да, өзге де — қарар бәрі.

Ал жүйріктер қиқумен ұмтылды алға.

Келе жатып естідім ат дүбірін,

От тұяқтар — қан ойнап, тулады үміт.

Шықты кенет артымнан қатты бір үн:

«Құлады, құлады!»— деп шулады жұрт,
қарғып шығып қорғанға,
қарадым да
көрдім: жарыс, қиқу-ды жаңа мұнда,

ат келеді ентігіп шабармансыз,

жатыр жолда құлаған адам жансыз.

Жатыр алыс аспанға жүзін беріп,
Жоқ жаңағы елірген қызу, желік,
Ғұмыр бойы жатқандай қара жерде
үнсіз, жансыз көздерін қадап елге,

еш нәрсеге, ешкімге алаңдамай.

Жұрт жүгіріп барады оған қарай,

арба сүйреп келеді біреулері,

Халық тынды өзгеріп түр-өңдері.

Салды арбаға көтеріп еппен ғана,

Кейін қалған аттылар жеткен жаңа.

Құлаған жан ұмытып думан жайлы,

қол-аяғы икемсіз былғаңдайды.

Арба айдаушы жылжыды маңғазданып,

Аяңдады аттар да қаздаң қағып.

Қандай жақсы осылай бірден өлген,
Азап тартпай, күндегі жүрген өңмен
жерді құшқан, қиналмай, аласұрмай,

тұра алмасын сезінген шарасыздай.

Дара келсем, озсам деп алыспенен

ғұмыры өткен бәйгемен, жарыспенен.

Енді, міне, бір сәтте ат сүрінді,

Арман еткен еркіндік, сәтті күнді

ұшты жігіт жүйріктің екпінімен.

Тізгін-өмір үзіліп кетті бірден.

Қандай әсем туған жер көктемдегі,

Жасыл майса, жұпар жел өпкен демі.

Қасиетін сезгендей мәңгі жердің

Тосып жатыр көгалға балғын ернін.

Өмір бойғы ойлар мен арман қайда,
Шырт үзілген үміті жалғанбай ма,
тірліктегі қиқулы жарыс қайда,

думан өмір біржола алыстай ма?

Арман-жүлде, өмірден күткені де,

енді осымен барлығы біткені ме?

Бітті демі, бітті ойлар санадағы,

Жансыз жанар аспанға қадалады.

Қуаныш жоқ, жоқ енді ақыл, қайғы,

Тыныш, еркін, азапсыз жатыр жайлы.

Тағы бірде өзеннің жағалауын

жалғыз өзім жай жүріп араладым.

Өзен беті ақ толқын көбік атып,

Тұңғиықтың тынымсыз салады әнін.

Маңдай терім сыпырған жұмысшылар,

Жүк тасып жүр,

тартқандай жан азабын.

Отын, кірпіш, көмірді арқалайды,

арқалайды тіршілік, бала қамын.

Күн көзінен тотыкқан күрең жүзден

көрсең ашық көздердің қарағанын!

Найзадайын қадалып,

жел мен күнге

ашып қойып тер сіңген жағаларын.

Сен көресің жалаңаш балалардың

отын ұрлап, кірпішті талағанын.

Ұрлағанын алуға келіп тұрған

анадайдан олардың аналарын.

Отын, кірпіш арқалап, бүгежектеп

үйді-үйіне сонан соң тарағанын.

Ал балалар қайтадан ұрлап-қарлап,

Көрсетеді бір іске жарағанын.

Кенет сұмдық айқайдан тоңды денем:

«Құлады, ойбай! Жығылды! Өлді!» деген.

Бір жұмысшы арбасын тастай беріп
Судың бетін нұсқады,
желбіреген
ала-құла көйлектер жапырласып,

соған қарай жүгірді батыл басып.

Жарға соққан толқындар арасында

өлік жатыр теңіздің жағасында.

Жалба-жұлба киімі үстіндегі,

Жатыр сұлық, өлі жан ұқсын нені...

Су ішінде серейген денесінен

сезілмейді бұрынғы күштің лебі.

Біреу құшып, кимелеп басқалары,

жақындауға кейбірі жасқанады.

Жиылған жұрт жабылып су денені

Көтеріп ап жатқызды тасқа бәрі.

Қылыш сүйреп қаланың сақшысы да

жақын келді тәртіпке бастағалы.

Құлақ тосты өліктің кеудесіне

еш дыбыссыз сүлдері жатса да әлі.

Халық келді үзгенге таң-ғұмырын,

демалыс та, жұмыс та қалды бүгін.

Суда қанша жатыпты, ішкен бе өзі –

осы ғана сұрағы барлығының.

Мен бақылап бәрін де қарап келем,
Мынау жүрттың жүзінен азап көрем,
Сосын тарай бастады үнсіз-түнсіз

Иық түсіп, қатыңқы қабақпенен.

Ішіп алған біреуі шешенсиді

Қанша адамды құртты деп арақ деген.

Көрдім бәрін, әрі қарай кете бердім,
Кезем әлі талайын мекен, елдің,
Аспанымда күн барда нұр төгетін,

Алғы үмітке арманды жетелермін.

Жүрегім, сен бәрін де жырлап бірге

бастаушым бол алдағы жұмбақ күнге!

Өлімдерге қара сен күлім қағып,

қайғырма да күрсінбе бүгін налып!

Мендік қамсыз өмірге нұр-арайлы

Төзе алмассың өзің де, бұ да - қайғы.

Менше сүйіп, дәл менше жек көруге

ешбір адам дүниеде шыдамайды.

Мен сондаймын, қайтесің амал бар ма,

тік қарағым келеді жанарларға.

Шарап ішкім келеді, әйел сүйгім,

жылу берсем сезіммен тамам жанға.

Қалжыраған күн сайын мұнар-жүктен
Кештерімді толтырам құмарлықпен
Дауыл екпін өмірге кеудемді ашып –

әнге бассам, жылыстар тұман біткен.

Көл үстінде

Кешкі желмен әндетіп тілдесемін,

лақтырғандай кеңілден мұң кесегін.

Қарағайлар қосылып әуеніме

көлдей көркем көңілмен күн кешемін.

Айналамды қоршаған сұлулықты

жырға қосам осылай бірнеше күн.

Көз салмайды көл маған жағадағы,
жатыр үнсіз жай тауып жаңа жаны,
маужыраған әйелдей бейжай күйі

көк аспаннан көз алмай қадалады.

Нұр шапағын аспанның тартып алып

аққу мойнын арудай таранады.

Сұлу көлге керілген кеште кілең

бар табиғат елтиді шет-шегімен.

Қалықтаған қайық та көл-арудың

айна жүзін сипайды ескегімен.

Қарағайлар қаз тұрып тамсанады,

сұлулыққа сүйсінбес жан шамалы.

Кеудесінде түнгі оттар жымыңдасып,

айналаның барлығы ән салады.

Келе жатыр үш көзді жылан жылжып

болат жолмен,

оны да қарсы алады.

Жар басында көріп мен түрмын бәрін,

тыңдап кешкі әлемнің мұңды ырғағын.

Қара мәрмәр зират тұр жоғарыда,

төменде — жол белдеуі қыр-жылғаның.

Арасында моланың, түн жарымда,
қол қусырып үн-түнсіз тұрғанымда
дағарадай қалпағым, көрсе біреу
қорқар еді: "Шайтан,— деп,— тұр ма мұнда?"

Бірақ ешкім көрген жоқ мені жерде,
екі ғашық нұр тұнып өң-іреңде,
бір-біріне қарайды, істері жоқ

ештеңемен, ешкіммен, менімен де.

Оларға тек қажеті сезім ғана,

мен тілеймін айдынның демін ғана.

Ал ару көл қалайды жырларымды,

еркіндікті, шуақты, нұр, жалынды.

Қараңғылық қоюлап іңірдегі,

байқалады тұман да түрілгені.

Қыз келеді теменде ойлы, жалғыз -

көріп тұрмын ап-айқын - түріндегі

сағынышын, мұңын да.

Одан әрі

баспалдаққа отырды моладағы.

Мені көріп тұрған жоқ, байқамады.

Маған аян бұл қыздың айтар әні,

жырақ кеткен арманы тұманданып,

енді қалай жас көңіл жай табады.

Саяжайлар от көзі күлімдеген,

құлақ түрем күлкіге, күбірге мен.

Самауырдың оттары, шылым иісі...

Жас арудың мұңды, үнсіз түрін көрем.

Жалғыз отыр, көңілі құмар, алаң,

қазір қажет еместей бұған адам.

Китель киген офицер қисалаңдап

келсе,

қуар қыз оны бұл арадан.

Қадайды алыс тұманға ол жанарын,
балапандай үзе алмай тор қамалын,
қарайды алыс жақтарға,
менің көзім

жетпейтіндей, қарауға қорғанамын.

Нәзік тұлға! Не деген арай күн ең!

Есімі кім? Япырай, қалай білем?!

Аделина? Мария? Фекла ма?

Атап тұрмын ішімнен талайды мен.

Ал ол болса әлі үнсіз қадалады

көкжиекке,

сол жақта сана, жаны.

Мұртты офицер жақындап келе жатыр –
қуады оны қыз қазір! Бар амалы
таусылғасын офицер жырақтайды,

ойға батып қыз өзі қалады әлі!

Қолын алды жас қыздың тұрған алда,

жарғақ көзін қадайды нұр жанарға.

Кенет сүйе бастады - тұрмын әрең –

жетеледі дачаға! Жынды адам ба?!

Қарқылдадым олардың төбесінен,

Мұртты офицер. Тансын деп сол есінен.

Тас лақтырдым, құм төктім, ызыңдадым,

кительдіге осынша неге өшігем?

«Фекла!» деп сосын мен дауыстадым,
есі кетіп шыққандай ғарыштан үн,
не істерге білмеді екеуі де,

көрдім қыздың кительге жабысқанын.

Тас лақтырған, күлген кім - ұға да алмай

жанталасып жүгірді, алыстадым.

Қайырлы түн!

Шығып ап биік жарға

айқайладым, алысқа, қиырларға.

Жарқырайды төменде ару айдын,

тыныштықтың толқынын құйып жанға.

Қол астымда түрғандай әлем менің

шаттанамын, қуаныш - жан ермегім.

Көлеңкемді қондырған айдын көлге

бар дауыспен айқайлап «сәлем!» дедім.

Жоқ үрейдің не мұңның мұнда табы,

Ару орман «сәлем!» деп тіл қатады.

«Қош бол!»—десем, «Қош! Қош!» — деп

қайталайды,

қимас сәттер жаныңа қымбат әрі.

Тек көл ғана тіл қатпай қарысады.

Естілмейді толқынның таныс әні,

Бірақ ақ түн, құдай мен қарағайлар

ақ айдынның төсінде табысады.

Ойға шомған ақ түннің серігімін,

Келе жатыр үйге алып мені бүгін.

Жел ышқынып, вагондар зуылдайды,

Естігендей боламын сенім үнін.

Бөлмеме енді, мінеки, таң жарығы,
Таң жарығы қашан да жанға жылы,
Қітаптарды, столды, төсегімді

жылытып тұр (жылытпаған жер жалыны).

Жылытып тұр столда жатқан мына

актер әйел жолдаған хаттарды да:

«Шаршап біттім. Аурумын. Гүл де мені

қуантпайды.

Жанымды мұң жеңеді.

Хат жазыңыз және де кешіріңіз...»

Нәзік сөздер. О да бір күндер еді

ұғынысқан, өбіскен, ән тыңдаған...

Жазуыңнан елестер қалпың маған,

Күн нұрымен лаулайды әрбір әрпі,

Шашыңдағы жақұттай жарқылдаған.

Көңіл күй жырлары

...Жігіттерді жинайық,

жеміс теріп, сыйлайық.

Той қызығын тыймайық,

аңға шығып, құс салып.

Төрт аяғын билетіп,
құр атқа бас үйретіп,
қырық кез кұрық сүйретіп,

киікке тазы қосайық.

Түлкіге қыран салғанда,

тазыны қосып арланға

жеткендей мәз боп арманға.

Ерлік жоқ, сірә, жігіттер,

осыдан асқан жалғанда!

Солтүстік теңізде

Самал ескен теңіздің жағалауын

Не жасаған бұралқы ана қауым:

түтіндетіп, ішіп-жеп, тарпаң жүріп

басқан жерін кетеді талқан қылып.

Ыржыңдасып, шомылып күн кеш еткен,

ауаны да бүлдіріп улы өсекпен.

Күймеменен арнаулы кісілері

алып барып тайызға түсіреді.

Жалаңаштап төстерін, денелерін

шешінеді үлкені-кішілері.

Аяқтары үйренген құмға сары
тітіркеніп, дірілдеп су басады,
Көңілді екен десін деп естігендер

дабырласып, айқайлап шуласады.

Ал аспанда батар күн төгіп нұрын,

түрлі түстер тізіліп өрілді мың.

Қызғылт, көкшіл бояулар арасынан

ұясына батарда көрінді күн.

Теңіз жатыр тайсалмай батыл жаны,

Тереңіне бұлттарды батырғалы.

Бұлттар өлер алдында ызаланып

кездерінен от шашып лапылдады.

Дүние тұр бусанып, шабыттанып,

Ұясына күн енді жанып барып.

Моторы бар бүйірлі қайықпенен

біз де теңіз төріне бағыттадық.

Бензин иісі бұрқырап мұрын жарып,

қайығымыз зулайды зырыл қағып.

Мың құбылған толқындар екі жақта,

өріледі ізіміз бұрымданып.

Балықшылар кайығын, түнгі оттарды

басып өтіп барамыз біз ырғалып.

Артымызда көкжиек жырақтағы

өткенменен алаулы күн аптабы,

қып-қызыл боп өртеніп тұр қазір де.

Алды - сансыз кеменің шырақтары.

Көкшіл тұман,

құбылған сағым - алдым,

Ағараңдап желкендер сабылар мың.

Еркін арал ұқсайды

жотасына

су ішінде көлбеген жануардың.

Теңіз тыныш. Ескектің үні жырдай,

Тегіс болмас тегінде шыны мұндай.

Сан желкенге оранған жүйрік кеме

тұр ортада теңіздің сұлуындай.

Қаз мойынды жел кеме тұр ырғалып,

жақұт-фонарь желкенде жымың қағып.

Ақ қалпақты адамдар отыр үнсіз,

матрос тұр көрінбей жүзі де анық.

Біз де, міне, ақыры батылданып,

Мотор үнін жайлатып, жақындадық.

Тілдесудің ыңғайлы сәтін бағып:

«Сүйреу керек емес пе? Біз дайынбыз», -

дедік біздің біріміз батылданып.

«Қажеті жоқ»,— деп сонда жауап берді

әлгі тұрған матрос қатуланып.

Шыға келген арудай сұлу бақтан
өң бойыңды сәнімен шымырлатқан
бара жатты жел кеме жай қалықтап,

кім де болса етердей түрін мақтан.

Қадаламыз кеменің оттарына

қошқыл түнде жалтылдап жымың қаққан.

Құмда

Махаббатқа жоқ менің шектелерім,

Өткен емес жастығым текке менің.

«Сен мендіксің», «сүйемін», «жаным» деген

бос сөздерді мен бірақ жек көремін.

Құл болуды ешқашан қаламадым,

сұлу әйел көрінсе қадаламын:

«Бүгінгі түн біздікі. Құштарлықтың
толқынына көмілсін сана, жаным,
бірақ ертең кетемін өз бетіммен,

еркіндіктің қайтадан салам әнін».

Табиғаттай табиғи жаным менің:

тыныс етіп теңіздің ағын демін,

қарағайдың иісінен нәр алғанмын,

күн кезіндей күйдірер жалын демім.

Сұрғылт сұлулығындай құм жағаның

тұзды желдің өтінде шыңдаламын.

Мен осындай ойда едім, сенімді едім,
араладым фин жерін, ерінбедім,
қырынбайтын, жасыл көз фин жұртының

қызықтадым армансыз елін, жерін.

Тыныш екен шекара жағалары,

Алдымдағы ел бейтаныс маған әлі.

Иесіз қалған орыстың шіркеуі де

жетімсіреп жат елге қадалады.

Мен осындай ойда едім қанша жылдан.

Кенет бір қыз шықты да қарсы алдымнан

қарап тұрды көз салып айналаға,

Күнмен ойнап жанары тамсандырған.

Елең еттім көргендей жан арманын,
қара шаштың толқыны-ай! Соған жаным
құмарланып,
тілейді жібек талдар

мойыныма төгіліп оралғанын.

Ол келді де тәкаббар өр жанарын

жанарыма қадады - қорғамадым.

Миығынан күліп ап, маған қарай

шөп лақтырды, көрдің бе қорлағанын!

Сүйтті-дағы жүгіріп ұзай берді,

Шауып шықты шекеме сонда қаным.

Қуып бердім бойымен жаға-жардың,

орманға да соқтықтым, жараландым.

Жүгіремін далада аң қуғандай,

тұманданып, бұлдырап барады алдым.

Жан дауыспен айкайлап жүріп келем,

жырақтайды қыз бірақ күліп менен.

Құм бетіне қалдырып ізін ғана,

есімді алды ойнақы қылықпенен.

Құлай кеттім, кернеді мұң ішімді,

жете алмадым, кешпеймін бұл ісімді.

Көз алдымда жүгіріп барады қыз,

шашып маған күлкісін - күміс үнді.

Күліп бара жатқандай шаштары да,
көйлегі де, көзі де, қастары да,
Жатып алып ойлаймын: «Бүгін түнде

өзің ғана қажетсің жас жаныма.

Қашан оны тағы аңдай ұстағанша

бұл арадан кетпеймін! Қашқанына

өкіндірем».

Осылай мен күттім кеп,

(түн самалы жанымды сергітті үрлеп).

«Сен мендіксің, сүйіктім», - демеймін мен.

Ол ғана айтсын: «Сендікпін, сендікпін!» - деп.

***
Көз тартып сұлулығың,
жапқандай жүзіңді мұң,
шаршаған жаның жүдеп,

ұмытып әнін жүрек,
еш жанға көңіл бөлмей
тілегенмен қаншама
өлім келмей

жүргенінде
оранып жанар мұңға,

мен сені ренжіте алармын ба?

Жоқ, жоқ, мен зорлықшы емен,
Маған жат ол күш деген,
көп жайды білгеніммен,
өзімменен өзім боп жүргеніммен,

пиғылы арам, айлакер жан емеспін,

тәкаппар деп айтпайды және де ешкім.

Өйткені мен ақынмын -

мұны білгін -

тартып алар жұпарын тірі гүлдің.

Сіз қаншама мұңданғанмен
маған айтып сырларды,
ал мен

ойлап тұрмын:

піспеген талғамы әлі,

болғаны он бес жастасыз - арман әні

Сіз үшін алда бәрі.

Сондықтан қалар едім:

жырға қосар аспан мен дала, белін
ақынға емес,
ғашық бол басқа адамға,

солай...

бекер көзіңді жасқа малма.

Шын сүйетін кезіксе бір адамың,

сонда мен де Сіз үшін қуанамын:

баламаңыз ессізге, жасыққа да –

Нағыз адам дүниеде - ғашық қана!

Музаға
Сазыңмен сенің зарлы, үстем
келгендей ажал,
батып күн,

үні бар және қарғыс пен

күйреген бейуақ бақыттың.

Бар ма екен, сірә, күш сендей,

алдында әлсіз бар халық.

Жұмақтан жерге түскендей

періштелер де арбалып.

Мазақтап өзің сенімді
күлгенде,
сенің көгіңнен
сұғылт бір сәуле төгілді

бір кезде маған көрінген.

Қайдансың өзің, сырласым,

келдің-ау көктен тегі шын.

Жұрт үшін - ғажап музасың,

азапсың бірақ мен үшін.

Таң ата күшім сарқылып,
қалжырап біткен шағымда,
сәулеңе сенің талпынып,

қалыппын өлмей - бағым ба?

Жау болсақ деп ем жоламай,
сыйладың неге - өлтірдің –
түнгі аспан, гүлді көгорай –

қарғысын ғажап көркіңнің?

Аймалап бір сәт, жоғалдың
шараптан бетер мас қылып,
бұлбұлдай ұштың - солармын -

іздеймін көзге жас тұнып.

Еркімді ол билеп сенделгем,
досты да кейде дұшпан ғып,
жүрекке тірлік, дем берген

жусандай ащы құштарлық!

Ресторанда
Сол бір кеш болды ма өзі,
болмады ма -

білмеймін. Бірақ есте қалар мәңгі:

Таңғы нұр боз аспанды торлады да,

жүдетті көшедегі фонарьларды.

Халық көп. Терезе жақ қатарда мен

отырып саған кездің қырын салам.

Алтынды таңғы аспандай бокалменен

жолдадым қара раушан гүлін саған.

Қарадық. Сенің асқақ жанарыңа

бас идім — мұндай сәтте жасып па едім!

Жігітке жаныңдағы:

«Қара мына

біреу де маған ессіз ғашық!»—дедің.

Ашулы жанарыңнан жарқыл көрем,

Музыка бұзды ұйқысын тымық таңның.

Бірақ сен сол жек көрген қалпыңменен,

көркіңмен жүрегімде тұрып қалдың.

Дір етіп балапандай,

тұрдың-дағы

жігітпен биге шықтың - көр дегенің.

Сарнаса музыканың мұңды ырғағы,

сыбдырлап шәй көйлегің дөңгеледің.

Отырдым баурағандай бір күй мені,

Мен жаққа қарағаның қатал-ақ тым.

Шолпылы цыган әйел би биледі,

әндетті таңы атты деп махаббаттың.

Әзәзіл
Құш мені —
өмір сүрмедім,

Жаттармен жүрдім сандалып.

Өпкенде сендік гүлді ерін,

Есімнен танам арбалып.

Күткенің түн де, таң демей,
Өтіп те болмай жылдай күн
Шақырды мені сәуледей,

Әніндей әсем сырнайдың.

Сәулені таппай төзбедім,
Жеттім мен тауға жан салып,
Кеберсіп ернім, көзде мұң,

Қырқылған қолға қамшы алып.

Күн батар мезгіл — ерен шақ:

Өртенер таулар мұңды үнмен.

Тамара жаным,

сені аңсап

Ессіз де күшсіз тұрдым мен.

Сол сәтте, сол бір ақшамда,

Түсімде көрдім елжіреп.

Мен тұрған шырқау аспанға

Шарқатың жетті желбіреп.

Билейді ол, жылап мұңлы әнмен,

Зурналар зарлы сарнаса...

Жете алмас күйеу қуғанмен,

Чеченнің оғы болмаса!

Жылдар зулап өтеді, күн алмасып,

Әлем бізге қарайды түн-жанармен.

Ал, көңілім, шаршаған тұман басып,

бақыт дейсің әлі де -

мұңданам мен...

Бақыт деген немене?

Гүл бағында

серуен бе оңаша қол ұстасқан?

Не мерт етер құмарлық құндағында

шақтарың ба шараптан толып тасқан?

Бақыт деген немене?

Шағың аз-ақ

ұйқтап, тыныш дем алған күйбеңдерден.

Көзіңді ашсаң — жанталас, тағы да азап

домалатып ілгері сүйрер желмен.

Сәл тыныстап, қарайсың жан-жағыңа,

әлгі қатер өткендей. Дамылдадың.

Тыныштықты сол сәтте-ақ жалмады да,

Тағы қайта басталды дауыл-жалын.

Суға кетіп, тал қармап, тайғанақтап,
құлақ тұнып әуеннен ызыңдаған,
есі шығып кұздан да, сайдан аттап,

күн өткізген бүгін де, бұрын да адам.

Қашан бітер?

Қаншама шошынды адам...

Қандай азап, қорқыныш - жалын кешкен...

Қолыңды бер, ұмтылшы, досым, маған,

шығарайық тағы да бәрін естен.

Нәпсі

Мен сені бір қырыңнан көріп тұрмын:

қолың мен өр кеудеңді жолықтырдым.

Қысылам анаң барлап қарағаннан,

Өзіңді бір көндіру — маған арман.

Көз жұмдым, сен туралы ой қамады,

сеземін - найзағай тұр ойнағалы.

Жанарым ақ жүзіңде жалындады,

дір еттің толқындардан жаныңдағы.

Өртендің, сонда-дағы тағат кылдың,

сен маған көзің салмай қарап тұрдың!

Алау бар — мен өртенбей қаламын ба –

қадалмай жанап өткен жанарыңда!

Қара қан уын жайды ес, денеге –

оны енді баса алмайды ештеңе де!

Бір құмарлық тып-тыныш таңды ұрлады,

көңіл жынды сүйрейді саған қарай.

Тыныштықта дауылдың алдындағы

жын бағады сені де алаңдамай.

Кеуде, шіркін, тойымсыз алқынады...

Қорқытсақ па жындардың қуып бәрін?

Жоқ! Жанымның сен енді - бар құмары,

Тұңғиыққа құлауға жуық тәнім!

Теңеймін сені шеңгелге
қарасаң бірақ
дәт қалмай
найзағай ойнап жатқандай,

тасқындар ұлып кеудемде.

Жанарың, тілеп жалқы әнін

аңсайды мені бекер шын.

Жақын кел - жақтан тартамын,

мысықтай зытып кетерсің.

Ерінге ерін түн-тұманда табысып,
айқасқан қол жазыла алмай қарысып,
азаптардан жүрек тулап, тән ысып –
жоқ, жоқ, мені қарғасаң да сен мейлі –

от кұшақта жолығысқым келмейді!

Сенің, ыстық қоламтаңа көміліп,
тыныштықтан, зерігуден бөлініп,
есімді алып, өртендіріп от демің,

найзағайдан соқыр болғым жоқ менің!

Жұмақ болса деп ем сенің мекенің,
бірақ өзің сиқырлайсың -
жетегіңде кетемін -
біле тұра сенің жылан жұмағың

құлазытар дозақ қана екенін.

Тағы да өзім. Ызалы, ашулымын.

Терезеде не жарық — күн бе, түн бе?

Ай қарайды аспаннан шашып нұрын,

Күліп тұр ма жердегі бір жетімге?..

Күн сәулесі құрысын, құрысын бәрі!

Кім қол берер түсініп мұндай жайды?

Басымда — тек өкініш тылсымдары,

Жан-күйімді тұңғиық түн жайлайды.

Бос кеудемді бір жанар сұққылайды,

О, сол жанар есті алған алқындырып!

Әлі-ақ өтер бірақ та бұлтты қайғы,

мен де өтермін жаныңнан салқын күліп.

Талықсиды бұраң бел де,

қорқынышқа оранды еркем...

Қандай таныс мынау бөлме!

Бәрі де ұмыт болар ма екен?

Сыбырлайды танып естен,

көрінбей нұр төккен ірең.

Алау ерін жалын ескен

аймалайды от демімен.

Жасыл перде

жақсы күннің

шапағына малынады.

Ұйқылы-ояу қас сұлудың

жас денесі жалын әлі.

Түн де — ғасыр,

діріл, дем,

құштарлықтың сыбыры.

Рақат сәт. Үңілген

шыныда - Айдың сынығы.

Аймалау мен алғыстан
талықсыған сәттерде,
құстар сайрап таңда ұшқан,

Көрінді арай - ақ перде...

Жалғандық па, жарқыл ма –

тұрды тұнжыр көзіңде.

Саған мынау қалпымда

ұқсап кеттім өзім де!

Ақыры жеңдім мен сені,

кіргіздім үйге еңселі!

Оңаша. Май шам. Түн. Ернің.

Үстінде қалы кілемнің.

Жалаңаш кеуде, бал қылық,

құмарлық естен тандырып.

Толқынды шашың арбайды,

Жүзікте жақұт жанбайды.

Өбуден ернің шаршайды,

Сүюді ол әлі аңсайды.

Терезе жабық, түн жылы,

Тулардың ғана сыбдыры.

Жеткенін айтып қазаның

оркестр ойнар азалы үн.

- Сөндірші шамды, жарығым!

Дыбыс па? Қелген тағы кім?

- Қорықпа, жоқ қой мұнда адам,

Қаның бұл бойда тулаған!

Талықсып ернің кезерген,

Жатқаның әлсіз сезем мен.

- Сүйкімдім, менің құмарым...

Құшағына алды түн-ағын.

Сөнді шам, сөзің, жанарың...

Өлісің, соны қаладым!

Қаныңды жұтып тамсанам...

Көмемін, сосын ән салам.

Көктемім жайлы нұр тайған!

Бойымда қаның шырқайды ән!

Артық қып құдай жаратқан

сұлудың отын өшіргем,

таяқпен ұрдым сосын мен.

Киінді тездеп жаңағы,

Үрейге толып жанары

мен жаққа қарап барады.

Жоқ енді ол. Кетті.

Ал мені

Қоршады түннің қамалы.

Түнектің арты таң ба еді –

алыс бір сәуле жанады.

Әлгінде ғана лаулаған

бақыттың шамын таптадым.

Өзіме тұрып таң қалам:

жалғызбын, жұртқа жат жаным.

Құлағым тіктім ән-жырға,

Азатпын! Түннің жақсы үні!

Осылай еркін тағдырға

саттым мен азғын нәпсіні!

***
Столымда күлімдеп нұр дидарың
Суретің тұрғанда қарап маған,
Ұмытушы ем, ерлік, даңқ, сыйдың барын,

Әлемдегі мен ғана ем қанатты адам.

Кеттің бірақ, тастап үй-бақшаны әсем,

Баурады ма тосыннан күй жаныңды.

Тағдырыңды сыйладың баскаға сен,

Мен де ұмыттым сенің нұр дидарыңды.

Күндер өтті. Шаштым мен өмірімді

құмарлық пен шараптың азабына.

Шіркеуде де сені ойлап, со күнімді

шын тіледім - тағдырдың мазағы ма?..

Сені аңсадым, шақырдым - бұрылмадың,
Жас та төктім - сөніпті от сенде бірақ,
Кеттің мұңды, бетке алып түн ызғарын

Менен бөлек, белгісіз жерге жырақ.

Тағдырыңды, нәзігім, жүрмін білмей –

Еркінен тыс кейде адам не кешпейді...

Көзім жұмсам әлі күн бүгінгідей

Сенің тұлғаң, келбетің елестейді.

Сол күндерді аңсаудан мұң жиналды,

жастықтағы не пайда күш-жалыннан.

Күлім қаққан бейнеңді нұр дидарлы

Өзім алып тастадым столымнан.

Болды өзі қалай, бұл неғып?

Елеусіз, әлсіз жарлы едім,
сырлы бір әлем әндерін
құйғанда,
санам нұрланып,

дүниенің үқтым бар демін.

Көрмеген байлық бұл деген,
қазынадан мұнша жасқанып,
қадірін білмей мастанып,
Патша едім, шалқып жүрген ем,

лап берді жаулар бас салып.

Алдыңғылары жеткенмен,
бөгедім, арбап ұстадым,
таусылар емес дұшпаным –
түксиіп бәрі кектенген

ағылды төгіп сұстарын.

Қарауылды алдап алдағы
жайына жаудың өттім де,
лаулаған оттай шоқ түнде
шақырып бір кез арбады –

ілестім, тағат жоқ мүлде.

Періште сынды адасқан
құдайдай мені қарсы алды,
ханшасы маған тамсанды,
ортада сол бір жарасқан

сұлулар билеп, ән салды.

Ол орта жердің бағында

күл болар еді бір демде.

Ал бірақ сол бір түндерде

кек қайнап жүрек, жанымда,

қаһарын төгіп тұр менде.

Таң атып сосын нұр құйып,
күн туды күңгірт ал маған,
қанаттың үні самғаған

зулады көкке түңғиық.

Қараңғы тартты бар ғалам.

Мен тұрдым кешіп түндерді,

тумастай болып бүла күн.

Ант ішу, сыбыр, құмар үн –

алыстан шыққан үндерді

шалғандай болды құлағым.

Қоршады мені мұң бірақ,
шашса да жерге Күн нұрын,
маңымды қоршап, тұнжырап
құрсаулы темір тұр бүгін

тосады мезгіл шынжырын.

Шыға алар емен тордан мен,

қоршаған құрыш жан-жағым,

тынысты қысар тар маңым.

Айналам дала болғанмен,

тұншығып сәтте қалғаным.

Жасырар жайым жоқ менің
сендерден,
қара - жаным мұң,
жырақтап менен сағым күн,

амалсыз жұтып от демін

ішінде тұрмын жалынның.

Қайдасың? Бөлек сен кеттің,

естілмей маған наз әнің.

Жетсеңші тездеп, базарым,

Тағдырым болған еңбектің

бөлісші маған азабын!

***
Ұмыттым деген кезімде
бақытты шақтың ақ таңын,
алғашқы сол бір мақпал үн

естілді,
бұрқақ өмір де
қоймайды мұңға батырмай,
сол бір үн бірақ көңілде,

алғашқы махаббатымдай.

Бәрі өтіп менде,
жұрт өзге
кешкенде ғашық жолдарын,
есіме салар

бір кезде

менде де бақыт болғанын...

Ессіз, еркін өмір кешкім келеді:

жансыздарға жан бітіріп жалғанда,

қол жеткізіп орындалмас арманға,

қанат беріп бар жанға мәңгілікпен жалғауға.

Мейлі өмірдің тұншықтырсын тұманы,
мейлі мені қылғындырсын шер-қайғы,
келер күннің ер көңілді ұланы

айтар, мүмкін, мен жайлы:

Асқақ басып өткен өмір-қамалдан,

сол ғой оның ұлылыққа тең ісі.

Жылу менен мейірімнен жаралған

ол - еркіндік жеңісі!

***
Шабытты шапақ таңдарым,
Құс қанат менің арманым
қасірет тұнған жақтарға

дүниені түгел шаң, жалын,
азап пен түнек жапқанда,
тыншымай сонда самғайды,

қиялдап аппақ таң жайлы.

Өмірді мынау жын қаққан

теңсіздік, қайғы-мұң жапқан

сүйемін мәңгі нүр бардай.

Түнектің арғы жағында

ғажайып өмір тұрғандай.

Екпесең сен де ормайсың,

бейнетқор, адал жан болсаң,

шарасыз, күшсіз сорлайсың.

Есуас мына ғасырда
ерік жоқ титтей басыңда,
Не біліп, нені ұғарсың,

Кімге наз айтып жыларсың?

Сен өзің бір сәт ғұмырда

ауру мен аштық жылында

қорлық пен жоқтық шектің бе?

Ызалы жасты төктің бе?

Парижде ауру балалар

көрдің бе, сірә, жатқанын,

азапқа, мұңға батқанын?

Осынау ұлы дауылға
мекенің, жерің, тауың да
көмілмей әзір тұрғанда

көзіңді аш, қара, сырды аңда!

Ызалы, асқақ қалпыңнан,
Көзіңдегі отты жарқылдан
өмірдің жүгін тартқандар

күш алып ерсін артыңнан.

Зұлымдық сеуіп біреулер,

Жемісін жинар оның да,

Көміліп жерге соңында.

Көрмей-ақ алғы таңдарды

қарғаумен өтер жалғанды.

***
Біз келеміз күйіп-жанып,
қалыпты

тартып өмір азабын.

Құдай бізге кездесуді жазыпты

үстінде ауыр қазаның.

Азап шеккен ұрпақтардың соңынан

келер жаңа ғасыр да.

Қор боп өткен данышпанды өр ұлан

балар ұлы асылға.

Жандар қанша азап көрген, қорланған

езіп емір еңсені.

Қара бұлттар кағысынан өлді арман

ойнап күрес семсері.

Келер күннің жастарына өрліктің

қалдырамыз біз әнін:

қарсы тұру күштеріне зорлықтың —

жеткен шегі ызаның.

Сайран салып өткейсіңдер сындардан

тыңдап үнін ақынның.

Онда ерлік пен қайсарлық бар шыңдалған,

сосын онда жатыр мұң.

Ақын жүрек лүпілінде бар асыл,

байлығындай тереңнің.

Тұнып жатқан жаңа күш пен жаңа сыр

ақтарады келер күн.

Ақындар

Қала шеті - саз, мейлің батпаққа бат,

Тұрды акындар үйлерде бұл жердегі.

Көргенде олар бір-бірін асқақ қарап

іштерінен менсінбей жүргендері.

Қызықтамай жаңа үйді, жаңа жерді,
ақын біткен атырар бақыт таңын
столынан бас алмай,
қала берді

шарап ішіп өткізіп уақыттарын.

Ішкенде - дос бүкпесіз сыры, жаны,
тіл күрмеліп, мылжыңдап түніменен,
Сосын іске жан салып жұмылады,

толғатады, туады сұлу өлең.

Ес жиғанда көз тігіп тұрар көлге,

Маңғаз төбет секілді мақұл бәрі.

Елең етіп көлденең бұраң белге

тұтқындалып қалады ақын жаны.

Армандайды ғажайып заман жайлы,

баспадағы жандарды қараңғы деп

бір ауыздан косылып жамандайды.

Гүл үзілсе мұңайып қалар жүдеп.

Тұрды осылай ақындар, оқырманым,
сен ойларсың: «Әуре,— деп,— мұның бәрі,
жайлы, қамсыз тірлікпен отырғаным
артық менің,

құрсын бұл ғұмырлары!»
Жоқ, оқушым, сенің бұл ақыл-ісің,

қамсыз, топас тірлігің — қиын маған.

Жайлы заман, бүлт, бұрым — ақын үшін,

Саған оны ұғу да бұйырмаған!

Әйелің де жаныңда, тоқ көңілің,

ризасың, тірлігің тым жайлы да.

Басады ақын ішумен от көңілін,

заңдарыңды, шартыңды ол ұрмайды да!

Мейлі өлейін төбеттей тас түбінде,
өмір мейлі таптасын жерге мені,
Сенем: құдай ақ қарын шашып бірде,

Аймалайды бораны емдегелі.

***
Еске алам бәрін тамсана,
Іздемен басқа тағдырды,
Ғашық боп жүрек қаншама,

Ақыл да отқа жандырды!

Бақыт пен азап іздері
Қалса да сонау от күннен,
Өпсе де талай мұз демі,

Өңімді берген жоқпын мен.

Азапқа сені салсам да,

Бір болу бізге жазылған:

таппаған іздеп қаншама

шындықты көрем назыңнан.

Қадалса көзің,
жүрек те
Тулайды толқып өр әнмен,
Бұрқасын түнгі түнекте

Тұншықпай келем содан мен.

Тағы да жастық жылдардай

өртенген сезім, от мінез.

Бақыттың шамы тұр жанбай-

Енді оған сенер өтті кез.

Қауіпті жылдар кетсін де,
Сау қалсаң содан болғаны,
қолыңды сермеп шексізге

қаласың құстай тордағы.

Сезесің сонда бақыттың

жоқтығын, тіпті, жалғанда.

Аздығын мүлде уақыттың

жетуге жалғыз арманға.

Шабыттың кешіп шалқарын
шалқыған шақтар сендегі –
тараған содан дарқан үн

ұласар әнмен жердегі.

Бақыттың дәмін татып па ек,

Кеш ұқтық бәрі жалғанын.

Аталып кеткен бақыт деп
балалық шақтың арманын
***
Көркіңмен, не сөзіңмен, қылығыңмен

мені арбай алмайсың сен бұрынғыдай:

басқамын түсініксіз сыры мүлдем,

өлік боп өткіземін ғұмырды ұдай.

Өткізіп түс көргендей өміріңді,

Өбеді сені уақыттың тосын демі.

Түсіңде үш күн, үш түн өлігімді

күзетіп,

жерлейсің сен сосын мені.

Қиялдап, нәр аласың содан әсем,

тағдырды қарғап кейде түнересің.

Түсіңде керген менің молама сен

барғыштап, неше түрлі гүл егесің.

Қырқыншы, тоғызыншы күн өткенде

көлеңкем келер саған — түрім жаңа:

көрікті, бірақ өлі жүрек те, өң де –

күткенің сол еді ғой бұрында да?!

Қайғыдан кемілсе де қанша арманың,

басқаша өмір сүргің келер әлі.

Іздерсің әсемдікті, аңсар жаның —

ойламай сұлулықтың неде мәні.

Сонан соң көптен күткен ол келеді,

Оятып ұйқы-өмірден қалғып өткен.

Сен үшін әлем бір сәт өзгереді,

Жұмаққа бастағандай соңғы көктем.

Сол күні, жаңа досың келген күні
батқанда сен рақат елес-түнге,
таба алмай жанашыр жан жерден тірі

өлемін керексіз боп мен ешкімге.

Сен мені ұмытасың, моламды да...

бір күні ойда жоқта жалығасың.

Құшқанда ол — көкірегің толар мұңға,

сол кезде мені қайта сағынасың.

Алқынып, дауа таппай басқалардан,
жер-көктен мені іздейсің аласұрып,
не пайда, жақындамай қашқан арман

түндерді өткізесің таң асырып.

Қарғарсың азаптарды мұң жамылған,
сүйе алмай өмір бойы басқа жанды,
Нәр алып менің отты жырларымнан

өтерсің кейде жуып жас жанарды...

Суықсың деп қоймайсың сын да тағып,

Рас, ондай болмауым намыс маған.

Біреулермен достасып, жылмаң қағып,

жүру үшін тағдырмен алыспағам.

Сен өзің де бір кезде басқаша едің,
жұлдыз санап болжаушы ең алдағыны;
Түндер-түнек, шағылып тасқа сенім,

қашан келер — белгісіз — таң жарығы.

Сол болжамың түп-тура келді бүгін:

жапты әлемді тағылық түн-тұманы,

дүниені басқандай шерлі бір үн,

алда жалғыз сәуле жоқ, бұлт ығады.

Ұқпайтындар жұлдыздың жұмбақ сырын

мынау қапас түнекте тұншығады.

Келер түннің өзінше қымбаттығын

білмегендер ызадан құлшынады.

Үміт, сенім бар кезде артта қалған
мен де өзіңдей сенгіш ем, жарқын едім,
сескенбеуші ем өсектен, мақтаулардан,

тек жақсылық істеу-ді - бар тілегім.

Енді түк жоқ жанымды емдер менің,

Үміттің де жыраққа кетті лебі.

Құшақ жайып бір кезде сенгендерім

сырт қарауға мәжбүр етті мені.

Сол кездерде өртеніп, алып-ұшқан
сүюге де сенуге құштар жаным
кетті өртеніп бұл күнде жарылыстан,

сеніміме ілесіп ұшты арманым.

Енді менде қалғаны:

денем, жаным,
мұң, үнсіздік және де жас қуатым –
жандандырып тойымсыз әйел қанын

хайуандай аранын аштыратын.

Қақпа емен есікті:

құр алданған

көңіліңді қалдырма, келме, әрі жүр.

Бір кезде адам аталған бұл аңдардан

жанашырлық таппайсың сен бәрібір.

Біреулерге жалынып, қиылмай тым,

түзу жүргін шын адам болам десең.

Күйкі өмірлі пендеге бұйырмайтын

күзет жұмақ есігін одан да сен.

Он екі жыл өткенде

к. м. с.

Айнакөл жатыр бабында,

Баяғы қалпы - көркі күн...

Тоқтаған мынау шағыңда

Неге сен қайта толқыдың?

Алғашқы құштар сезімнен
арылмай әлде жүр ме едің,
Елеспен сол бір егіз бе ең

соны ойлап өтіп түндерің?

Ендеше шақыр - құр солма –

жарқ етер «жаным келді» деп.

Баяғы нәзік үн сонда

сыбырлар тағы елжіреп.

Көлде, бақтың қойнауында,
Түн жетелеп ойға, мұңға,
елестетем таныс жайды,

Аққу шошып алыстайды.

Ұмытпаппын әлі бірін:

қылықтарың, назың, үнің...

Жүрген жерің, ізің, жаным,

Толқын шайған бүгін бәрін...

Жасыл бақтан, құмнан майда

Иісің шығып тұрғандай ма...

Қөргендеймін бүгін де мен

Жас тұлғаңды дірілдеген.

Бәрі де елес, тәтті елестер...

Жібек самал, мақта кештер...

Бал күндерді шетке ысырып,

Көл тұманы кетті ұшырып.

Арқалап жүгін өмірдің,
Өтумен күндер, жылдарым
жүргенде күңгірт, көңіл-мұң,

Тұман боп тірлік-құндағым.

Білмеппін сол бір орманда
Өткен күн елес берерін,
Құстар да сайрап сол маңда,

Құлаққа жалғыз келеді үн:

«Қайда сол сезім, сәт балғын,

Қайғыға бекер батпа, шын.

Қайта қақ тәтті шақтардын
Жабылып қалған қақпасын!»
Айнамкөзім жанарынан таң атқан,

Сені менің тәңірім ғып жаратқан.

Бүршік атқан өмірімнің жас гүлі,

Ең алғашқы сезімімнің тасқыны.

Енді неге теңесем-ау сені мен?..

Бір мен үшін өмір едің, сенім ең...

Көз алдымда нұр келбетің, күлгенің,

Күміс үнің құлағымда тұр менің.

Көзіңдегі тұңғиыққа, ақылдым,

Қазір де ойша батып бара жатырмын.

Келгенде аяз сый арнап –
Шыныны әрлеп өрнегі,
Отырасың қиялдап

жанға жылы бөлмені.

Кенет — бақта ызғарлы

Жарқ етксндей гүл жамал.

Елжіретіп мүз жанды,

Тұтқындайды бір жанар.

Жанды тербеп бір ырғақ,

Алаулаған отты ерін...

Есімде әлі сыбырлап

Сенің нәзік өбкенің.

Кездесуші ек тымық кеште
(бүгінгідей көз алдымда),
Ерке назды қылық та есте –

сол көктемге оралдым ба?..

Куә қылған бақ пен гүлін

Қос жүректің қайда арманы?

Қалай сол бір сәттер бүгін

Тәтті түске айналғаны?

Жастық сезім, шын жалынды

Армандадым неге кеште?

Менің отты жырларымды

Туғызған сол кез емес пе!

Әлі де арман жүрегімде,

Жүрек бірін ұмытпаған:

Кеш. Бақ іші. Гүл ерінге

сәт дірілдеп жуықтаған.

Көзімнің оты тайған ба,
Оркестр сазын тыңдап ем,
Дирижер құлаш жайғанда,

Жарысты желмен мұңды әуен...

Сергітпей мені бұл бірақ,
Тағы да сені салды еске,
Әншінің үні сыңғырлап

жаңғыртар бақты әр кеште.

Сол сәтте үнсіз күрсініп

келгендей біреу жаныма.

Айналам - мұңды тіршілік,

Ызғарын шашты қаныма.

Әуендей баурап келесің

маңайды бөлеп ән-жырға.

Сол елес, өлмес елесің

тұрды ғой көздің алдында.

Бүгінгідей есімде сақталғанмен,

Асау жылдар жалмаған мұның бәрін.

Жаңғыртсам да армандап бақтарды әнмен,

Тәтті елес боп жұлдыздай жымыңдадың.

Өмір өткен, бұл күнде өткен бәрі,

тек алғашқы махаббат түске енеді.

Содан көңіл аңсайды көктемді әлі,

қан толықсып, кернейді күш денені.

Жаным жасып, құлазып оранар мұң,
иығымды басқанда түн жейдесі,
Енді келмес өмірге сол адамның

елестейді тірідей нұр бейнесі.

Сен көрікті ең, шын еді ұнатқаным,

Кінәлама кеттің деп көңіл бөлмей.

Шырқап цыган әніндей, жырақтадым

оралмас со күндердей.

Сүйген жүрек ұмытқан өрт дегенді,

Алдым - соқпақ, сол ғана есімдегі.

Өшпес сәттер болды ғой...

Өткен енді

келмейді... кешір мені!

***
Болсам да бүгін жат пенде,
Бұзсам да берген антымды,
Өзіңді көрген сәттерде

Жүрегім тулап алқынды.

Кетсем де жырақ бүгін мен
Арқалап жалғыз сын-жүкті,
Жүресің шарпып нұрыңмен

Мендегі күңгірт тірлікті.

Басын да сұқпай басқа адам
Мұздаған мынау бөлмеде
сол үйді өзім тастаған

түсімде көрем. Ол неге?

Түсімде керем барлығын,

Арылмай сонау жылдардан.

Тегінде менің ән, мұңым

Өзіңмен мәңгі шырмалған.

Шақырса да арбап әнімен,

Ешкімге де ермей шеттедім.

Артықтау маған бәрінен

Сені ойлап азап шеккенім.

Әзілге сайдың басында,

Ұрсуға көштің ұққасын.

Мөлтілдеп көзде жасың да,

Түсіндің түк те шықпасын.

Шығарған болып есіңнен,

Сақылдап күлдің — арбадың.

Сескеніп мендік шешімнен

Шашыңды жайдың, зарладың.

Ұсқының қашып көгердің,

Кідірдің сосын сәл тұрып.

Қарғадың, шыға жөнелдің,

Біржола кеттің алқынып.

Байырғы жұмыс көңілде,

Кірісем соған көз ілмей...

Өтті ме сонда емір де

Өзіңе деген сезімдей?

Жылдар өтіп, ғұмыр жолым

салды ақымақ күйге мені:

түсіме енді бүгін

Оның

мені ешқашан сүймегені.

Мен ол үшін өмірдегі

кездейсоқ бір жан болғаным.

Тез суынып көңіл демі

кешір деді таңғы арманым.

Батқан күндей іңірдегі

басқалардан солды жаным.

Түсіме еніп бүгін мені

аялады сол бір әнім.

Темір жолда
Мария Павловна Ивановаға
Көгалда, жолдың қасында,
Жатыр ол тірі жанға ұсап,

Алқызыл шарқат басында,

Көрікті мүсін, бал құшақ.

Бір мін жоқ бойда, көркінде,

Жүретін кеше асқақ тым.

Күтетін толқып ол күнде

Келуін әрбір составтың.

Сезімге тұнған қос жанар –

Қас арулардан несі кем?!

Жолаушы, мүмкін, көз салар

Вагонның терезесінен...

Жасыл, көк, сары вагондар
өтеді сарнап ән салып,
Телміріп сансыз жанарлар

Қарайтын бұған тамсанып.

Әйнектен көзін салатын
Жүргіндер алаң, жылғаға,
Ұзатып бәрін қалатын

Жандарм менен бұл ғана.

Жолаушы-гусар тек бірде
Қадалған көзден нұры ұшып,
Сөйткенше поезд кетті де

Жөнеді көзден бір ұшып.

Осылай өткен мас күндер,
Шаршатып жанын бос арман,
Жүрегін осып жас түндер,

Кездеспей серік-дос алдан.

Шаршады-ау талай өзі де,
(Тағдыр-ай, мұнша сараң ба ең?!)
Вагонның жансыз көзіне

Үмітпен күнде қараумен...

Келмендер енді жөн сұрап,

Сендерге бәрібір әлі.

Сезімнен, жолдан қансырап,

Тапталды, жалғыз құлады...

Кармен
Сиқыр бір сазға таңданып,
Жүзіңе шапшып бар қаның,
Күтесің ессіз арбалып

жымыңдап шамдар жанғанын.

Тағатың бойда қалмай шын,
шамаң жоқ күліп, жыларға,
талықсып кете жаздайсың

жарқ етіп Кармен шығарда.

Аспанда Айдың сынығы жасыл нұрмен тербеліп
ұйқылы-ояу қалғиды, самал үнсіз сенделіп
тыншымайды,
кешегі мұз да балқып кетті ғой,

Дауыл құшқан кеудемді мазалайды шексіз ой.

Айдан нәзік бар ма екен?! Күннен жарық бар ма екен?!

Ешкімге айтпа: әлемде бар ғажайып таң мекен:

сонау биік үйдегі соңғы қабат, бір бөлме,

сәулесі оның нұрлырақ көктегі Ай мен Күннен де.

Таң перісін көрмеп ем бұрындарда –

алтын шашты, нұр ескен дидарынан.

Көк аспандай мелдіреп құбылғанда

төгілердей бір ғажап күй жанынан.

Түнде бірақ басқаша көрінеді:

қорқынышты, түнектей жаны мұнар;

өртенгендей шашы мен өң-іреңі,

Ал үнінде дауылдың дабылы бар.

Көктемдей ғажап күйге енем,

тыншытар бір жай жоқ мені.

Хозені оқтай түйреген

жанары қандай отты еді!

Сұлулық сырын жаңа ұқтым:

маржан тіс, мүсін қайыңдай...

Сонда мен естен таныппын

күндіз бен түнді айырмай.

Шырқайды ол: «Қиын енді аман
қалуың — мерт боп кетесің,
Махаббат үшін сен маған
өміріңді құрбан етесің!»

Карменнен күтіп бір үміт,
табынып толқын мүсінге,
соңынан ессіз жүгіріп,
шұбырған жанның ішінде

біреу тұр мұңды бүгін де
күбірлеп күңгірт іңірге,
кеткендей бойдан күй, ерік,
Лиллас-Пастья түбінде

сұр қабырғаға сүйеніп,
қарсы алар солай таңды ұзақ,
от берер үміт жоқ тағы,
қиялында оның жалғыз-ақ

Карменнің жырдай от тәні!

Жанына бір жан келе алмас,

ашулы жанар, өрт қылық...

Көргенде Сізді мен алғаш

бойымды тасқын өтті ұрып.

Қарайсың (неткен өр түрі!)
деміңді де еркін ала алмай,
қуқыл жүз, шаштың толқыны

сені орап қазір алардай.

Кездесу үнсіз... күй... мұңдар...

талайын бастан кешіргем,

Сезімге толы қимылдар

Тандырды мені есімнен.

Өкініш тұнып жанарда,

ескендей дауыл қолдардан.

Осылай қатал

адамға

арыстан қарар қорғаннан.

Эскамильо тіл қатып

қадайды жатқа жанарын...

Қызғаныш, ыза тулатып

бұрқанды Сізде қан - ағын.

Қаһарлы жүзден таң нұрын
күту де мүлде бекердей,
жер қылып жұрттын, барлығын

жанармен түйреп кетердей.

Қарамау керек бұл түрге,

үндемеуге де жоқ шамам.

Мұндайда сөйлеу мүмкін бе?

Амалсыз, үнсіз тоқталам.

Кеттіңіз жұртқа жат қарап,

жұлдыздай жалқы көрікпен.

Нәп-нәзік иық, ақ тамақ

таныс қой маған. Неліктен?

Тағдырдың жазған заңындай

бейнеңіз қалды, қалды үміт.

Аңсаудан жүрек арылмай

сағынар, сақтар мәңгілік...

«Кетейік мынау өмірден,
өмірден — қайғы-мұңдардан!»
Шыңғырып жатыр зор үнмен

өмірін құрбан қылған жан.

Есімде қимыл, сәт — бәрі...

Ал сыртта - марттың ақ қары.

Бұталар – көктем бүр жарған,

көңілімде - мөлдір мұңды арман.

Ендеше күткен көп күннен

сәулелер сөнген жоқ мүлдем.

Төсіңнен сенің өбтім мен.

Сыйладың арпа - жан гүлі,
даланың мақпал шалғыны,
жетер деп қашан арман үн
күтумен атқан таңдарым,

сен мені есіңе алғаның.

Бөлмемде раушан тұр бүгін,
белгісі сенің бұл гүлің –
Шашың ба толқын, әндер ме,
жүрек пе, ессіз жан ба әлде

тұтқын боп қалған Карменге?

Сен менің ұмыт әндерімдейсің

тағылау түнек тағдырымдағы.

Көзіме басқа жан көрінбей шын,

сен болдың - өмір, ән-жырым - бәрі.

Түсімде ерніме көміліп ернің,

сусадым нәрсіз кепкен жерлердей.

Сен менің күңгірт өміріме ендің

қоңыраулатып көктем келгендей.

Жанымнан өтіп кете барасың

ертегілердің ханшаларындай.

Дүниеде өзің жеке-дарасың,

шаршады жаным аңсауы арылмай.

Ұйқтайсың - бейне аумай Ай, Күннен –
жанымда менің өмірлі, от кейпің,
түсіңде көріп таңдағы айдын мен

арманды - менің қолым жетпейтін.

Түсіңде мәз боп күлімдегенің,

туған жер әлде көрінді ме екен?

Мен де одан өмір нұрын көремін,

жұмақтай мөлдір көгілдір мекен.

Тамашаладың таза жаныңмен

сол жұмақ жердің таңын, гүлдерін.

Шырқайсың сосын ғажап әніңмен

құштар сезімнің дауыл күндерін.

Махаббат, рас, еркін ғой құстай,

әйтсе де, Қармен, сендікпін.

Құс едім, сенің дертіңнен ұшпай,

аңсаумен шәрбат-шер жұттым.

Қарменсіз бүгін жаным тұл менің,

түк емес темір төзім де.

Сандырақ, кұмар, жалын түндерім –

ойнақы отты көзіңде!

Өзіңді жырлап, көктегі құсым,

қамалды бұзам қоршаған.

Мені күйдірген өрттерің үшін

жұлдызды аспанға жол салам.

Толқыны сенсің, жарқылдап жатқан

өзен боп ақса жырларым.

Қалсын деп мәңгі әтірің жаққан

қолымды да әлі жумадым.

Тылсым ойлардан жатқанда арылмай

төсекке сенсіз сыймадым.

Сол сәтте түнгі аппақ жалындай

жарқ етер нұрлы дидарың.

Қиялға батып жүрмін мұңданып

қолымды жайып елеске.

Басқа бір елде жүрсе де,

ұрланып

алар деп кейде мені еске.

Дүлейлері мол дауылды өмірде

келсін де тездеп құшақ жаяр күн.

Жұлдыз бол жалғыз менің көгімде –

тілегім қалсын көңіл төрінде,

ұзақ жолда да, Кармен аяулым!

Болмайсың мендік, ешкіммен және жүрмейсің,
өзіңе тартар күшің де осы, ақылдым,
мұңдарды серпін, дауыл кешуге үндейсің,

сондықтан саған табынған ессіз ақынмын!

Қарасаң - асқақ, әйелге тән бір күнәмен

сұлулығынан жазаланғандай қырсығып.

Үңілсең - оның жанында ғажап бір әлем

еңіреп жатыр тереңдіктерге тұншығып.

Осы еді мені өзіңе ессіз құлатқан,

көрсем де сонда жалғыз-ақ рет не бәрі...

түсініксіздеу жанарың мені ұзатқан

білмей-ақ тұрып, сүймей-ақ тұрып мені әлі.

Өзіңе өзің құдайсың, жырақ самғайсың
биіктіктерге, жұлдызды сонау жақтарға,
түтінге толы әлемде жалғыз жандайсың

іздейтін тынбай жаңа дауылды ақ таңда.

Сол таңда барлық тұрақсыздықты жел күреп
кеткендей,
бақыт, ән тұнып,

ойға келмей мұң...

Бірақ мен сені сүйемін бүгін елжіреп,

өйткені, Қармен, менің өзім де сендеймін.

Нақылдар мен ғақылдар

Тасқын сулар таудан өтіп, тас жарар,

ну жайқалар тереңдіктен татса нәр.

Қардай аққу, құстар ұшса қаңқылдап,

құзғын қалар үні бітіп, қарқылдап.

Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер,

ұлысыңда ұлы болсаң, біліміңді елге бер!

Асығыс еткен іс шала,

асығыс жаққан от шала.

Жіті қара жау жаққа, бекем ұста қылышты,

өзі тиген дұшпанға сал аянбай ұрысты.

Жеңем десең жауыңды, есіңе ұста күн бұрын:

бұз алдымен олардың ерлерінің бірлігін!

Семсер ұста, жасқанба, жау келсе де қаншама,

қыл мойынын қиып ап, жез сауытын паршала!

Саған кулсе біреулер — күлкісінің сырын бақ,

өзің де күл, шарт сынба, тұла бойың шымырлап.

Ғаріп келсе — күт оны, ас-суыңа қандыр да,

қума үйіңнен, бірақ та сапарынан қалдырма!

Ұлым, ақыл тыңдасаң, білімсіздік жоғалар,

білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар.

Қобалжығыш көңілдің акылы да жоқ аса,

мылжыңы көп адамның аспаны да аласа.

Біліп қалса кезімді құс атуға оқталар;

көлде жүзген қасқалдақ суға сүңгіп жоқ болар.

Көлің толса, үйіңнің жарын жығар,

білікті адам айтпай-ақ жаныңды ұғар.

Алтының мен күмісің болған сайын құнықпа,

қу нәпсіге табынып, тәңіріңді ұмытпа!

Ұйғырлардың, татардың малын алып арзанға,

байимын деп

өткінші дүниеге алданба!

Тұйғын салып, ер жігіт күнін түзде өткерер,

арқар менен киікті қанжығаға бөктерер.

Қайғы-мұңды қуатын менде шаттық, күлкі бар,

сол сарайға шын достым жұмақтайын ұмтылар.

Қауіп сезсе алдынан мұз шұқиды қарғалар,

аңшы жоқта тордағы жемге қарап таңданар.

Өлексені көргенде, құзғын көктен құлаған,

ақ көңілі сәбидей, сенгіш келер ұлы адам.

Қонақ келсе ер жігіт, құт келді деп ұғады,

қонақ көрсе жауыздар, тігулі үйін жығады.

Байлық — берген абырой — жайлаудағы коңсыдай,

опа жаққан әйелдей, тұрақтамас ол шырай.

Алтыныңа, малыңа масаттанба, ағайын,

күн мен түнің бәрібір өте шығар жолшыдай.

Артық бұйым, адамзат, жауың болар түбінде,

білім, өнер бойдағы сауын болар түбінде.

Байлық деген топан су, түбі жау боп жылатар,

ол иесін түбінде төмен қарай құлатар.

Тірі адамға көп екен дүниенің азабы,

соны ұққанда көзімнен жас сорғалап ағады.

Көргені — азап адамның, Жер дегенің — бір тамұқ,

көрмей адам ізгілік, өмір өтер бұлтарып.

Бұл дүниеге келген соң қалмас ешкім мәңгілік,

тек жұлдыз бен Күн ғана қайта туар жаңғырып.

Бақ бергенде құдайым таңдамайды адамын,

оңға басып бір ісі, өрге аттайды қадамы.

Жылқы мен қой, түйеден дәулет жиған ер еді,

енді содан сүт сауып бақ-ырысқа кенеді.

Ердің пейілі бұзылды байлық жиып талғамай,

дүниеге кұлайды қызыл көрген қарғадай.

Ішпей-жемей байлық жиып, зар жылайды сараңдар,

сараңдықтың кеселінен жырақ болғын, адамдар!

Мал-мүліктен басқа ой жоқ дүниеқор адамда,

бұралқы иттей қарайды ол жақын туыс, жаранға.

Дүние үшін діннен безіп, акыл-естен танады,

осы жолда баласын да құрбандықка шалады.

Білімдінің сөзімен бұзу оңай торды да,

ақыл сөзді сіңірсең, жоғалмайтын сол мұра!

Кеуде кермес есті адам, жылу берер жанары,

ақымақты мақтасаң, ақыл-естен танады.

Ағайынды кезінде
қолда,
бетін қайырма;
тарту алсаң,

өзің де

екі есе сый дайында!

Жолда жүрген адамды

сыйла, тосып тағамды:

атын да күт,

арпа бер,

демесін ол сараң-ды.

Кісі келіп күнбе-күн,

Қонақасы таңдайды.

Ұнамаса құрметің,

шығып алып қарғайды.

Ақ ниетпен күліп алға

келсе,

шырай таныт сен де.

Жақсы сөзді ұғып ал да,

өсек-аяң алып келме.

Кекті тайдыр жолыңнан,

әділдікті саяла.

Келгенінше қолыңнан

жақсылығыңды аяма.

Қиындық түссе басыңа,

төзгін «Әлі-ақ өтер» деп.

Тағдырды ойла, жасыма,

жылай бермей бекер кеп.

Табысыңа, байлығыңа сендің бе -

асып-таспа, оймен қара Жер, Күнге.

Зат жоғалтсаң, қайғырарсың,

бірақ та

талабыңды өкінішке жеңдірме.

Шақырғанда үлкенге

жүгіріп бар, керілме.

Жұт келгенде жеріңе

халқыңмен бол, бөлінбе.

Өзіңдікі - бақ, малың,

қонақтікі - ас, дәмің.

Таңдамай күт, тап бабын -

даңқың елге жайылар.

Халық сүймес сараңды,

жаны жұтаң адамды.

Кішіпейіл бол, ұлым,

атың сонда қалар-ды.

Дүние жиып сенделме,

қарның тойса шалқыма.

Жаның көрге енгенде

қалар бәрі артыңда.

Ата-анаңды қадірлей біл, ақыл сөзін тұтын да,

Өз басыңа бақ дарыса, есің шығып құтырма.

Жолдасыңды тастама, жақсы екен деп басқалар,

қаз іздеме көлдерден, өз тауығың аш қалар.

Ауыр ісің, қайғыңды біреуге артпа, тұлданба,

өзгелерді тойдырма, қарның ашып тұрғанда.

Ұлым, саған айтайын өсиетін дананың:

білімдіні таны да, соңынан ер, қарағым.

Білім үйрен данадан, жалтаңдама басқаға,

қызмет қыл, басыңды и, ерлігіңді таста да.

Қыстың қамын қытымыр
жайлы жазда ойлағын,
қамсыз кешсең күн, түнді -

өтер ізсіз айларың.

Жолдас болма адаммен сырты жылтыр, іші жат.

Ат болғанда асау тай, тыным табар қысырақ.

Таққа шығып тұрсаң да, тәңіріңді ұмытпа,

асып-тасқан көңіліңді ақылыңмен шыбықта.

Көңілі кедей сорлы адам ойламайды ар жайлы,

күшпен оны ешкім де тойындыра алмайды.

Ұлық болса еліне ізгі болар ер кісі,

кішілік пен кісілік — ұлылықтың белгісі.

Дәулетті адам байи түсер, сый да алар,

жарлы бектер жәрдем көрмей қиналар.

Білімдіден сөз тыңдасаң, күш тасыр,

үйренгенді желге ұшырмай — іске асыр.

Жаудың күшін аз ғой деп нан пісірме деміңе,

ескермесең жауыңды, қатер төнер еліңе.

Куликов даласында

Шалқар өзен баяулап мұңды ағады,

жуады жағажайды.

Шөмелелер томсарып жылғадағы

басқандай нала-қайғы.

Орыс елі! Сүйіктім, жарым менің!

Тыншытпай жат ұраны,

Татарлардың оғынан жанып жерім,

қабырғаң қақырады.

Дала жолы - біздің жол мұнар басқан.

Ол мұнар - мұңды жаның.

Қауіпті емес мен үшін тұманды аспан –

сені ойлап тұнжырадым.

Мейлі дала орансын көк түтінге,
Алаудан жалын ұшып,
Ханның болат семсері отты түнде

жарқылдар шағылысып...

Ұрыс - мәңгі! Тыныштық түске енеді

қан мен шаң арасынан.

Кернегенде намыс пен күш денені,

қалмайды шама-шыдам.

Жарау аттар күткендей жорықты алдан

зулайды самғап өктем.

Бұлт та қашып барады қорыққаннан,

көкжиек қанға бөккен.

Сорлы жүрек, малынып қара қанға,

еңіре зарлап тұрып.

Тыныштық жоқ!

Арғымақ ағады алға

даланы шаң қаптырып.

Тұрдық дала төсінде. Түн қараңғы.

Жер де мұңды, қалғандай сағы сынып.

Өзен жақта жаңғыртып жылғаларды

шыңғырады аққулар жаны шығып.

Өртенеді аппақ тас жолымызда,

анталаған дұшпандар - арғы бетте.

Қасиетті біздің ту қолымызда

желбіремес ешқашан таңғы лепке.

Досым отыр тұқыртып жерге басын:

«Қылышыңды қайрай бер, - деді маған.

жазу үшін жау салған ел жарасын

өлу керек,

қалсын тек жерің аман».

Отан жаны жаралы, егілулі,

құрбан болған елі үшін жандар аз ба?!

Сүйікті жар, еске алып серігіңді

дұға еткейсің шіркеуде таң намазда!

Мамай шапқан даланы, қамалды да

мұнарлы түн есімде...

Тұрдық сонда екеуміз қараңғыда –

далада - білесің бе?

Дон бойында бұрқанып ағысы жан

шошытар, үңілсе кім.

Аққулардың мұң толы дауысынан

естілді үнің сенің.

Аттануға дұшпанға шынжыры қан

әскерлер құлшынады.

Естілгендей үзеңгі сыңғырынан

анамның сыңсығаны.

Түнгі аспанда қыран кұс құрыш тұлға

шарықтап самғады әрі.

Сәулесі орыс жерінің

ұрыстарда

князьға жар болады.

Непрядва сұрланып салқындады,

жасырды дала нұрын.

Жау жақ бетте қырандар шаңқылдады –

бастады жаман ырым.

Өзен үстін қымтаған мұнарланып
ішінен ақ тұманның
келе жаттың сен маған сылаң қағып

еске сап шақты балғын.

Ақ күмістей толқын боп жарқылдадың

досымның семсерінде.

Мен құлшындым қызынып салқын қаным,

жеткендей еңсе күнге.

Қаптағанда жау-татар, таң шағында

айқастым, шегінбей мен.

Тұрды сонда жарқылдап қалқанымда

өшпейтін сенің бейнең.

Тағы да мәңгі мұңымен

бетеге жерге жабысқан.

Тағы сен аққу үнімен

шақырдың мені алыстан.

Қырдағы құлан-жылқының

үйірі кетті шығандап.

Арандай ашып құлқынын

татарлар шықты ұрандап.

Мен тұрмын мәңгі мұңыммен,

қасқырдай торға қамаған.

Білмеймін, қайтсем, күнім, мен

қай жақтан сені таба алам.

Тыңдаймын семсер сыңғырын,

ұранды шуын татардың.

Жатқандай жанып қыр бүгін,

туғанда бізге қатал күн.

Толқынын жұтып қайғының

ақбоз ат мініп келем мен.

Басқандай нұрлы Айды мұң,

бұлттар да көше жөнелген.

Жарақат толы жанымнан
үмітті сәуле өріліп,
Шарпылып отты жалыннан

кетеді қайта төгіліп.

Келсеңші, шаттық, тағы да ән –

жарқ етсін менде ай-жанар.

Жел есіп аттың жалынан,

шатырлап жатыр найзалар.

Тағы да дала қымтанып

түн құшты, шуақ сәт қалмай.

Шапақты Күнді бұлт алып,

сүйретіп бара жатқандай.

Тымырсық түнек алқымдап

біткендей ұрыс - отты күн.

Найзағай семсер жарқылдап

айқасып жатқан жоқ бүгін.

Ал бірақ бәрі есте әлі

бұрқанған асау күндердің:

аққулар үні, кеш - бәрі,

алысып жаумен жүрген күн.

Жүректер тыншу табар ма,

торлады бұлттар әлемді.

Күн туды, міне, саған да –

иманыңды айтып қал енді!

***
З.Н. Гиппиусқа
Түнек жылда туғанның ер жеткені
жол таба алмас,

қасірет шексе де елі.

Біз, азапты жылдардың перзенттері,

естен шығара алмаймыз ештеңені.

Бүл заманда ессіздік жүр жалғанда,

енді үміттің түсер ме нұры бізге...

Соғыстан ба, ерікті жылдардан ба –

қанды сәуле қалыпты жүзімізде.

Дауыл екпін мылқау ғып тығындады

аузымызды,

тарылды тыныс, дем де.

Ал журекте - біткен бе бүгін әні –

ештеңе жок, әшейін қуыс кеуде...

Мейлі, біздер өлгенде,

одан әрі

қарқылдасын қарғалар тұрып алып...

Көретіндер бар әлі, болады әлі

сенің патшалығыңның нұрын жарық!

Сен көрікті ең, шын еді ұнатқаным,

Кінәлама кеттің деп көңіл бөлмей.

Шырқап цыган әніндей, жырақтадым

оралмас со күндердей.

Сүйген жүрек ұмытқан өрт дегенді,

Алдым — соқпақ, сол ғана есімдегі.

Өшпес сәттер болды ғой...

Өткен енді

Келмейді... кешір мені!

Қарлы перде
Күртік қар
Қарлы шарап
Шыныдан шарап іркілген

жарқ етіп өзің тағы да,
күнәсыз келбет, күлкіңмен

қорқыныш кұйдың жаныма.

Жүректе бір кез орнап ең,

оралдым ұмыт сағымға.

Жүргендей сездім сонда мен

ақ түтек боран маңында.

Өзің боп мендік бар арман,

сыңрырлап күлдің сескенбей.

Құлпырған күндыз жағаңнан

мен жаққа дауыл ескендей.

Шаттанам естіп наз үнді,

жеңіске жеткен жандайын.

Сонау бір кылық, назыңды

есіме қалай алмайын?

Қарлы өрнек
Қарлы түнек жол
қашанда,

көрінбейді өзге мүсін.

Әзір таныс болмасаң да,

сен - жырымның өрнегісің.

Қардан тінін келеді ескім

сол өрнектің күнде, түнде.

Бірақ жалғыз сен емессің

мені құшқан бұл көпірде.

Теңіз — мылқау, шашуда мұң,

Көпір маңы — қымбат жарық.

Жатыр бүгін ашулы ағын

мұз-шынжырмен құндақталып.

Тұрсың қабақ ашпай,

мұңмен

үнсіз қарап кешке, шамға.

Саған есік ашпаймын мен,

Ашпаймын!

Жоқ!

Ешқашанда!

Ұшқан қарға біз де ілесіп

қалықтаймыз шың-құздарда.

Ғашық көңіл мұңды кешіп,

қадаласың жұлдыздарға.

Асса шана алысқа, алға,

Табатындай көңіл де емін.

Көздеріміз табысқанда,

асығады ерінге ерін.

Үмітсіз түн серігімін,

қандай пенде ұқсын мұны...

Естілмейді демің, үнің –

жұтты түннің түпсіз мұңы.

Жылытпаса да мені нұрың,

күміс қарлы қыстың жыры,

жатқа айтамын сені бүгін!

Ақырғы жол

Қансонарда елесің де

алыс кетіп, қамады-ау мұң.

Сен - оралмас кемесің де,

Мен - бос қалған жағалаумын.

Желкен, қарды бүркендің бе,

Жұтты ма әлде мұз сеңдері?

Жырақтағы шіркеудің де

әлсіз оты тұр сөнгелі.

Қаласа аппақ түз жолын кім –

кетер соның жетегінде.

Жалынды ұқпас мұз көңілдің

сезінерсін, не екенін де...

Қар жамылған жағалаудан
сүйген жүрек үні барсын,
Күртік қарға тағаланған

сол үн сазын ұғынарсың.

Күзетте

Бас имей келем тағдырға,

Еркіндік - менің бар әнім.

Ол - көкте, әлем алдында,

қадайды маған жанарын.

Белгілі барлық ісім де,

қылмысым да аян бір соған.

Тұманды түнек ішінде

жарық боп әлем тұр содан.

Қылышын сүйеп қарайды:

мендегі қиял, тәтті арман,

ұятым, ісім талайғы –

жадында бәрі сақталған.

Қылышын ұстап көлденең,

бір күні маған жетеді:

әр ісім үшін ол менен

жауабын талап етеді.

Екінші рет туғанда
Есігімді жұлқып ашып (қақсын ба!)
қарлы дауыл ызыңдады бір мұңмен,
Тағы, міне, ақ дауылдың астында

екінші рет қайта туып тұрмын мен.

Бұған дейін өмір кештім, жон асып,
білем бәрін — бұ несі деп таңданба,
Байқауымша, жұмаққа да жол ашық

зұлымдықпен тірлік еткен жандарға.

Тоңазыған жер үстінде

әйелдің

шолжаңдаған қылығынан шаршағам.

Қар ұшқыны түскен сәтте, ай өңдім,

мұз боп жатыр ақ денеңде аңсаған.

Осы сәттің мақтанышы

менің де

жүрегіме кұйды мұздай ызғарын.

Көктеме де келер әлі дедің бе,

болжадың ба шырын сәттің құндағын?

Жүрек мені қуанышпен емдейді,

көңілім - мұз, қарашы бұл мазағын.

Көктем бірақ маған енді келмейді,

үшінші рет қайта тусам - ажалым!

Дауыл құшағында

Қарлы боран әндетті,

қар инелер түйреді.

Денем мұздап, жан кетті

сені құшып сүйгелі.

Өптірдің де ерніңнен
«Қара,— дедің күлімдеп, -
ұмытқанша сен мүлдем

сүйгеніңді бүгін», - деп.

Осыны айтып нұсқадың

шексіз қарлы даланы.

Аяз шашып жанарың

тоңазытып барады.

Екеумізді бір екпін
лақтырды бір құрдымға,
ұшқын шашып түнек түн,

қар да билеп жүр мұнда.

Отты ұшқынмен жарысып

жапалақ қар самғады.

Көңіл көкпен табысып,

арман түнді жалғады.

Мені бірақ тұр басып

көк аспанның салмағы.

Суылдайды қар ұлып,
шыдар ма аспан бұл сынға,
жұлдыз біткен ағылып

құлап жатыр тылсымға.

Жарқ етіп нұр жанарың
көк аспаннан қарадың -
ұмыт болып нұрлы елім

шуағыңмен жанамын.

Өтті сосын сан жылдар

құлазытқан, мұң басқан.

Шарпып талай таңғы ызғар,

шаттықты алды түнгі аспан.

Менен алыс жүр бірақ
мендік жалғыз жалын күн,
ызғар төгіп, бұлдырап

жүрсе де оны сағындым.

Қыраулы бұл шақтарда

нұр сәулеңді шаш, таңым!

Таяғын жат жақтарға

лақтыр өлі патшаның!

Дауылдар шақырғанда

Мұндай аппақ қыс болмаған,

бұлт болмаған қауырсындай.

Қаланы көк түс торлаған –

түтін өрлеп дамылсыз, жай.

Кілт ұсындың күмістеген –

мекендедім жүрегіңді.

Дала жым-жырт, дыбыс та өлген,

түн тұнжырап түнерулі.

Аппақ қарлы тауларменен
тылсым түнек сырласқанда,
жырақ кетіп арман деген,
жанымызды түн басканда,

бірге кеттік жолға арналы

біле тұра сорды алдағы.

Күміс шалғы тұрды аспанда.

Дауыл үлып, бозарды аспан
ай шалғысын кұлатқанда,
өзің сонда көз алмастан
қарап тұрдың жырақтарға –

даланы аппақ тозаң басқан,

жел ұлиды ұзақ таңға.

Түнек қаптап айналаны,

тұңғиыққа сырғанадық.

Тұрдың (дауыл аймалады)

жанарыңа мұң қамалып.

Алда — дауыл әндетеді,

еркіндеміз бір екпіннің.

Жақын қалды қар мекені

бізді күткен түнек түннің.

Белгісіз батырды жоқтау

Жаудың отын өшірді,

дүниеден көшірді.

Дұшпанның қаны жосылды,

шәйіт болды өзі, ер еді.

Жақсы істерге бас болған,
дастарқанына ас толған,
жаураса елі ақпаннан,

дем беріп ылғи жебеді.

Аямады елден ас-дәмді,

оғырақтар одан жасқанды,

көзінен жаудың жас тамды.

Сол ерді ажал таңдады.

Жұртына берді ас-дәмді,

жаулары одан жасқанды,

Бастарын талай шапқан-ды.

Оны да ажал жалмады.

Әйелдің әні

Бір көтерем бәрін де мен,

сүрінсең.

Жаз жарқылдап жалынды өлең

бүгін сен.

Мен сүйемін -

жаныңменен

ұғын сен.

Жанарыңды жұлдыздарға

қадағын.

Қалсын жерде - құндыз қарда

садағың.

Текке өзіңді мұңды ызғарға

қамадың.

Ақ дауылдың шың-құздарда

сал әнін!

Тұншықтырам боранымен

жанымның.

Күміс күлкі оранып ем -

жалындың.

Шырқ үйірсем өр әніммен -

табындың.

Бұғаулаймын сананы мен,

жас қыран.

Ақша қардың шарабымен

мас қылам!

Қанатты шақ
Құс қанат біткен жандайын,
қақтырып жердің таңдайын,

аспанды серпіп самғайын.

Жұлдызды мұздар маңында,

ілесіп ұшқын - жалынға

ойнасын құйын жанымда.

Мазасыз бір күй - көңілде,

жұлдызды жолдар - көгімде,

Билейді қар - қыз төрінде.

Құйын жел әнін салады,

сиқырлы қыздың жанары

арбайды, жарқыл қағады.

Мұңды бір үн төгіледі

аспаннан.

Жер өзгерген өң-реңі

ақ шаңнан.

Корабльдер көрінеді

бос қалған.

Ақ желкендер, қарды жұтқан

ағыстар...

Теңіз бетте жаңғырыққан

дауыстар...

Шайқалып сонсын барша жақ,
ұмыт боп думан - салтанат,
құштарлық түні жырақтап,

төгіліп кетті бал шарап.

Ғашықтық

Ғашықтық, сенің көгілдір ымырт шақтарың,

тағы да: «Мәңгі сендікпін»... сәттер қас қағым.

Ұйқысыз түндер, бұлыңғыр күндер тағы да,

алысқа кеткен желкендер маңы - ақ сағым.

Еркелей құшып жондарын қарлы даланың,

неліктен сәуле қадайды күліп жанарын.

Сен болсаң, міне, жамылып өлген патшаның

қанатын аппақ,

тағы да арбай қарадың.

Періштем менің қаһарын төгіп қабақтан,

жанары - садақ, көздесе болды - дәл атқан.

Бірақ та найза-ашуы да оның мен үшін

күмістей күлкі сыңғырап шыққан тамақтан.

Қажет емес

Кораблі қажет емес жырақтың –

теңіз жақты түн жапқан.

Ақ төсекке белгісіндей жұмақтың

шақырасың түу жақтан.

Сенің үнің естіледі бораннан,

жұлдыздар да тұр жауып.

Қайық кетті түн-тұманға оранған

дауыл құшып, мұз қауып.

Бұдан артық тағдыр бар ма -
өңінде
қар үстінде өртеніп,
нүкте қойған жердегі бар өмірге

ажалынан ерте өліп.

Сені ораған құпия түн - пердені,
түсіне алмай сырларын,
қарлы ұйқыны бұзбау үшін жердегі

тірлігімнен мүлде безіп тұрғаным.

Үрей
Жүрегім, қарадың ба
артыңды

шындап, тегі?

Біреу бар, жаңа мұнда

шақырды

ымдап мені.

Сенбісің? Бұл сен бе едің?

Құйындар жүр сенделіп.

Ай-шалғы қадалады.

Сенбісін, табынғаным,

ұнатқан, сағынғаным –

ерем бе саған әлі?

Заңғар көкке жол шегіп

әрі ұшайық.

Теңіздерде өртеніп

табысайық.

Құс қанат құйындарым,

жаныма жиыл бәрің,

қанат бер - қалғымайын!

Шаттанып, толып-тасып,

өзіңмен қол ұстасып,

сүйіктім, қалжырайын!

Отына тажал қыстың
крестің - ажал күштің
өртеніп жануы үшін,
тоқтамай құз-шыңдарға

жұлдызды тылсымдарға
оқ болып ағу үшін

бер маған құс қанатын!

Жоғал
Есік ашты тағы да
шуақты күн,
шашты тағы жаныма

қуат нұрын.

Келеңкені жүректен
қуып тағы,
тіл қатады, тым еппен

жуықтады:

«Кімсің өзің, кім едің?

Қалғымағын!

Неге құрып жігерің

қалжырадың?

Тұр үйқыдан, серпіл де!

Сағындырған

көңіл құсы - еркіңде,

арыл мұңнан!

Жақ шабыттың, мұндар жан,
шамын тағы —
ісің ғана мұңдардан
арылтады!»

- Сендер кімсің? Қоршауға

орадыңдар.

Жұмақ кызы болсаң да,

жоғалыңдар!

Күзетші түн, қақпаны

аштың неге?

Босағамды таптады

бассыз неме!

Мұңды үйімде жан, арман
күйімді алған
хор қызы бар жаралған

құйындардан.

Жанында мен — ноқталы
құз қыраны,
жақындасам, от тәні
мұз қылады,

жүрегінің шоқтары

шыжғырады.

Арнап соған жалынын
ашты менің жүрегім
құпиясын жанының,

жанарының түнегін.

Жоғалыңдар қасымнан,

періштелер топталған!

Тағыларды жасырған

жұмақты бақ оттардан.

Қанатыңмен дем берме,
айналдырма басымды,
мен ермеймін сендерге

әкелсең де асылды!

Төсегімде мұз қатқан
қос қылыш бар таңбалы –
шын белгісі бұл жатқан

қараң күннің алдағы.

Жаным шуақ арайлы
екі сәуле шашса нәр –
оттай лаулап қарайды

ашу толы қос жанар!

Тағы да қар

Тағы да боран жағаның

іздерін бітеп, қарды үйді.

Бетінде қарлы даланың

қос жұлдыз ғана қалғиды.

Ақырып соққан құйын жел
адуын суды сапырған,
Күртіктен жал-жал үйілген

молаға ұқсап жатыр маң.

Даланы жаулап, түн қатып
жүйріктей үзген жүгенін
аспан мен жерді шулатып

сайранды салып жүр елім.

Қорабльдер де қалғыған
быт-шыт боп желкен желге ұшып,
шырмап ап бәрін қар-жылан

діңгектер қалған жер құшып.

Даланы кезіп сұм ажал
кернейін қарлы сарнатып,
күртікке толы жыралар,

көрінбей көзге алда түк.

Дала мен шырқау шың-құздар –
бәрінде сұрғылт бір ажар,
Жылаусыз, нұрсыз жұлдыздан

сығалай қарап тұр ажал.

Дауыстар

(Дауылмен араласып екеу өтеді)

Жігіт:

Бүрсеңдетті жер, даласын

ақ дауылдың асқақ демі.

Бұлтты серпіп сен барасың

тұңғиыққа бастап мені.

Ә й е л:

О, жет маған!

Күндер өліп,

өтеді ағып ғасырлар да әлі.

Ай да сөніп,

құлар келіп

жүзін жерге жасырғалы!

Жігіт:

Менің еншім тиген адам –

ақ боранда тұншығады,

тұңғиықтан бір шығады!

Ә й е л:

Таста үрейді,
Міне, желдің сыршыл әні
сені әлдилеп жас баланың
бесігінде,

тыншымады.

Қар инелер шымшылады.

Жігіт:

Жүрек таудың
тасқынымен
тұңғиыққа домалады,
Сен қуанып,

жас түріңмен

шаттанасың соған әрі!

Ә й е л:

Тыңда мені –

дабыл қақсам,

түнектерге батырады.

Тыңда қарды -

дауыл жақтан

жауынгер ән шақырады!

Жігіт:

Семсерімді жоғалтыппын

соңыңа еріп мен сенің...

Қайда, қайда семсерім?

Ә й е л:

Қарсы соккан дауылмын мен!

Жүрміз жұмбақ өңірде біз –

жұлдызды түн төріндеміз!

Жігіт:

Кешір мені, атамекен!

Еркіндемін ақ боранның,

жел билеген жақта қалдым!

Ә й е л:

Ей, жас адам,
қоштас бүгін
жердегі өмір, күндеріңмен,

беріл дауылды үнге мүлдем!

Ж і г і т:

Кешір мені, кешір мені!

Жүрегім - мұз, салқын бүгін!

Сен қайдасың, алтын күнім?

(Қарлы боран арасынан крест көрінеді).

Қарда

Алдандым саған,

Мәңгілік!

Жұлдызда бар ән –

қалды үміт.

Қарап ем төмен –

дір еттім:

Мәңгілік деген –

түнек - түн!

Бір нәзік шуақ
көрінген
жалғайды бірақ

өмірмен.

Шуақ та мүлгіп
кемерде
жоқ болды сүңгіп

тереңге.

Перделер
Бетпердеден қарасаң
Бетпердеден қараса, өмір

басқаша екен тамаша бір.

Жұлдыз - түннің жақұт көзі,
ойлы жүзбен қарап ақыл
тылсым жаққа уақытты өзі

жетелеп ап бара жатыр.

Қараңғылық жылжып қашып,

жаутаңдады батыл жаны.

Түн аяғын ілбіп басып

төсегіне жақындады.

Сәттер сазбен сыңғырады,

бір әуен бар жүректе де.

Майшам да әрең бұлдырады,

жасыл қоян күлед неге?

Кітаптар да қас-қабағын

көрген күйі жатыр қалғып.

Суреті әне жас баланың

тұрғандайын ақынды аңдып.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙