Мазмұнға өту
Home

Жеті жебе. Әңгімелер, новеллалар

Жолтай Әлмашұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Жеті жебе. Әңгімелер, новеллалар

Жеті жебе. Әңгімелер, новеллалар. Жолтай Әлмашұлы

/uploads/ccbf3edc-fc9b-5a3b-bc08-e21036261f5c/cover.png

Бірінші көрініс

Бейсенбай Кенжебаевтың кабинеті. Кабинетте жалғыз. Өзіме-өзі сөйлесіп отыр.

Бейсенбай: Абай! Абай ақын... Ұлттың үлкен ақыны...Қазақтың бас ақыны... Қайран Ахаң, Ахмет Байтұрсынов Абай туралы осылай деп жазып еді-ау. Тоқта! Баяғыда Мәскеуде жүргенде Мағжан ақын маған «Абай туралы жаз» деп тапсырма берген ше! Сонда жазған мақаламды «Абай – халық ақыны-ы...» деп атап ем-ау. Енді мынау, сол халық ақыны туралы тамаша романды өзім баспада бас редактор болып отырып шығара алмаймын. Не деген сорлылық! Не деген мүсәпірлік! Біз деген жылдан-жылға майдаланып бара жатқанымыз-ау осы. Әйтпесе, ХХ ғасырдың басында, аласапыран уақытта да Ахмет, Әлихан, Мағжандар өз дегенін істеді. Шоқай уақытша өкіметтің министр портфелінен саналы түрде бас тартты. Садықбек Сапарбеков аға ше! Садықбек аға жазушы Сәбит Мұқановты атышулы Шаядан – Голощекиннің құрығынан құтқарып жіберіп, Мәскеуде оқуға аттандырды.

Сұлтанбек Қожанов алашшыл Мағжанның бір томығына өзі алғысөз жазып, кітабын жарққа шығарды. Ақын өз кітабын көргенде кеудесіне басып тұрып, көзіне жас алыпты деседі... Ал, Нәзір болса... Мәскеуде отырып-ақ қазақтың мақал-мәтелдерін, бейпіл сөздерін, жоқтау өлеңдерін жианттырып, бастырды. Соны жинаушылардың бірі – ана Өтебай Тұрманжанов болса, екіншісі – өзім едім, ,ғой. Ал, бүгін... Бүгін осы қызғаншақ топ Абайды қоя тұрып, енді Мұхтардың өзін сүріндірмек ойлары бар-ау. Әуезов Әуезов болғалы қаш-шан! Әуезов әлемдік дәрежеге көтеріліп кете ме деп қорқа ма? Әй, дәу де болса сол-ау. Қызғаныш көрігін қоздырып жүргендердің ішін тынағын көкала ит сол болар-р... Тіпті ЦК-ға дейін сөз тасығандары несі-әй! (кішкене ойлана түсіп) Осы өзім де сонша жалтақ боп барам ба? Дәл бүгін қолымда бәрі бола тұра»Абай» туралы романды бастыра алмаймын. Бұл не? Бұным қалай?..

Осы кезде әлдеқайдан Дауыс естілді.

Дауыс: Әрине, кез келген адам өзінің жылы орнына бауыр басып қалды. Жұмсақ орын, жұмсақ кресло... Өзі өмір бойы сол жұмыстың үстінде отырып келгендей бола қалады, Сен де солай пенденің бірісің. Оны неменеге бұлтақтатасың, уа, пенде-е..

Бейсенбай: (шошына) Бұл кім?... Кімнің даусы? Кімсің сен-н... (сосын сәл тоқтап) Ә-ә, өз ішімдегі үн екен ғой. Иә, кісі кейде өстіп екіге жарылады. Өзіңе-өзің қарсы шыға келтін кездер де болады. Дұрыс, өте дұрыс айттың, сен, Дауыс! Креслоны қимасам, қимай да тұрған шығармын...

Дауыс: Ары қарай тыңда! Сен жұмсақ креслоны қимай орырғаның өз алдына. Ол бір жағы ғана. Одан да сорақысы – сен қорқақсың. Жүрегі жоқ жігітсің. Ахмет, Шоқай, Смағұл, Сұлтанбек. Тұрардың сен сарқыты ғанасың. Олардай болу қайда! Ол үшін арыстан – жүрек керек-к...

Бейсенбай: Ойпыр-ай! Сен, Дауыс, мені қатты қайрап жібердің-ау! Сол алаш ардақтыларының сарқыты екенім рас. Бірақ сонашлық сужүрек дегеніңе жол болсын. Айтар жерде, біз де сөзімізді айтқанбыз. Керек десең, бүгін де айьуға әзірмін. Тек-к...

Дауыс: Ән, айтпадың ба?! Өстіп күмілжитініңді біліп ем ғой. Қорқақтардың бәрі де өстеді. Өзінің қорқақ екенін ашық мойындай алмайды.

Бейсенбай: Жоқ! Сен өйтіп мені мазақ ете берме! Жетер! Жоғал енді... Арғысын өзім білем... (күрсініп алып) Қой, кісі өмірінде бір рет болса да ерлік іске бас тіге білуі керек. Олай етпесе, ол еркек пе!...Телефонды алып, нөмірді тереді. Арғы жағынан Әуезовтің қоңыз даусы естіледі.

Мұхтар: Тыңдап тұрмын.

Бейсенбай: Мұха, бұл - Бейсенбай ғой.

Мұхтар: (қуана) Пәлі, Бәйсеке! Аман ба? Ойпрымай, ұзақ жасайды екенсің, жаңа ғана өзіңді ойлап отыр едім.

Бейсенбай: Мен сізге, Мұқа, жақсы хабармен телефон соғып отырмын. «Абай» романы қайда? Қарап болдыңыз ба?

Мұхтар: Әрине. Ол әзір тұрған дүние ғой. Тек әлгі ЦК-дан қорқып, үйде қамап қойғаным болмаса.

Бейсенбай: Енді сол романды қолға алатын кез келді. Ана жолғы әңгіме ептеп басылайын деді. Арада үш-төрт ай өтті емес пе! Сіз қолжазбаны маған жеткізіңіз.

Мұхтар: Ойпырмай, арты не болады сосын? Өзің ойланып алдың ба?

Бейсенбай: Ойландым. Әбден ойландым. Ендігі жұмысты маған тапсырыңыз...

Мұхтар: Жарайды. Бүгін жеткізіп берем.

Бейсенбай: Тек ешкімге емес, өзіме беріңіз.

Мұхтар: Келістік. (Бейсенбай трубканы қояды. Сосын ойланып отырады да, хатшы қызға Қуандықты шақыр дейді. Каинетке Қуандық кіреді.)

Қуандық: Шақырдыңыз ба, ағай!

Бейсенбай: Шақырдым. Кел, отыр. Өзіңе айтар әңгіме бар. Қуандық орындыққа отырады. Бейсенбай кішкене ойланып қалады.

Бейсенбай: (тілінің ұшымен) Осы әңгіме тек екеуміздің арамызда қалсын. Әуелі соған келісіп алайық. Сыртқа сөз шықпайтын болсын. Сөзге беріксің бе?

Қуандық: О, не дегеніңіз, аға! Мен терісін сыпырыпжатса да үндемейтін бары тұқымынанмын ғой.

Бейсенбай: Ә, иә... Айтұқан екенсің ғой (күліп). Есімде, есімде... Ендеше сенімді көңілімен айтамын саған. Қазір осында Әуезов кеелді. Ол романның қолжазбасын жеткізеді. Соны саған беремін. Жауапты редокторы өзің боласың...

Қуандық: (қуана) Ту-у! Ақыры шығаратын болдық па?!

Бейсенбай: Шығаруға бәрі де құлықсыз. Мен тәуекел деп, бар жауапкешілікті өзіме алып отырмын.

Қуандық: Сонда-а... директор білмей ме? Ал, күні ертең...

Бейсенбай: Ертеңді көре жатармыз. Бүгнгіні айт.»Абай» романы өз халқына тез жетуі керек. Ең бастысы – сол...

Қуандық: Түсіндім.

Осы кезде кабинетке Әуезов кіріп келеді. Қолында – қолжазба.

Мұхтар: Айтуың юойынша жеткенім осы, Бәйсеке.

Бейсенбай: (орнынан тұрып, құшақтаса амандасады) Хош келдіңіз, Мұха! Таныс болыңыздар, мына жігіт – Қуандық Шыңғытбаев. Өте талантты ақын ініңіз...

Мұхтар: Е-е, Шаңғытбаев сенсің бе! Білем,білем... Газеттерден өлеңдеріңді көзім шалған...

Бейсенбай: Өзі өте аз жазады, бірақ саз жазады-ау деймін.

Мұхтар: Пәлі, қайталап, ой бере оқып көруіміз керек екен онда. Бәйсекең көрінген ақынды мақтамаушы еді.

Бейсенбай:Ал, енді,Мұха, «Абай» романын мен өз жауапкершілігіме алып, шақырмаққа бекіндім.Редакторы осы ақын ініңіз Қуандық Шаңғытбаев болады.

Мұхтар: Пәлі, романға ақын редактор болса, бұл деген ғажап қой. Мен өзі қара сөзбен жазсам да, бұл романда Абай рухы бар. Абай поэзиясының қуаты бар. Бұл дұрыс болды ендеше!

Бейсенбай: Ең бастысы-бқл шару өз арамызда болсын. Кітап шыққанша ешкім білмегені жөн. Соған келісіп алайық.

Қуандық: Мен ешкіме сыр ашпаймын. Батыр тұқымы солай болады.

Мұхтар: Әй, осы мен өзіме-өзім сенбеймін, мақтанып, айтып қойып жүрмесем...

Бейсенбай: (күліп) Онда өз обалыңыз өзіңізге... Өзіңізге өзіңіз тұсау салсаңыз, ешкім кешірмейді. (сосын салмақтанып) Сонымен, Қуаныш, сен енді іске кіріс.

Қуандық: Маған меніңіз.

Мұхтар: Е, өзі өжет

Ақын ғой. Бұған сенбегенде кімге сенуіміз керек. Бұл жалғанда төмен қарап, мұрнының астынан міңгірлеп, күмілжіген кісіден қорқуға болады. Осы жігіт дұрыс, Бәйсеке!

Бейсенбек: Өзіңіз жөн көрсеңіз, Мұха, осы жігітке тоқтадық. КЕсімді шешім осы болсын.

Мұхтар: Ал, онда мен кеттім. Қалған шаруаны өздеріңе сендім. (ол сахнадан шығып кетеді. Енді кабинетте – Бейсенбай мен Қуандық).

Бейсенбай: Ал, бала, өзіңе өте жауапты жұмысты сеніп отырмын. Бұның арты айқай-шу болуыда ықтимал. Бірақ олл саған тиер сөз емес. Бәрін өзім көтерем. Сенің міндетің – романды тезірек жарыққа шығаруға мұрындық болу.

Қуандық; Мен де... су жүрек емеспін. Тәуекел іске сіз бел байласыңыз, мен де тәуекел еттім. Әуезов үшін ғана емес, Абай әруағы үшін. Тіпті қазақ әдебиетінің мерейі үшін. Сендім. Сендім өзіңе. Ендігі шаруаны баспаханада жалғастыру керек. Әзірге басқа жұмысты қоя тұр. Баспахана – үй, үй – баспахана... Ұқтың ба?

Қуандық: Ұқтым. Ана қасыдағы –ы... (күмілжиді)

Бейсебай: Кім? Әлгі Сүмесінов пе?

Қуаныш: Иә, сол... Өзі тімісікленіп, менің не істеп, не қойып жүргеніме дейін аңдуды шығарыпты. Әнеукүні тағы да екеуміз қатты-қатты сөзге келіп қалдық.

Бейсенбай: Не үшін?

Қуандық: Әуезов үшін. Ол Әуезовті көп жазушының бірі дейді, ал мен өте талантты деймін. Ол «сен жағымпазсың» дейді. Мен оған «көре алмайсың, қызғаншақсың» деймін. Сосын ол жағама жармасты.

Бейсенбай: Сен не істедің?

Қуандық: Жас емеспін бе! Итеріп жібердім. Ол қабырғаға басын соғып алды. Сосын боқтады. Мен де қарап қалмадым.

Бейсенбай: Оның жарамаған екен. Нең бар еді...

Қуандық: Жоқ, өзі ғой.. Әуезовтің шығармасын былай қойып, енді жазушының өзіне жармасты. «Әуезов – айлакер, қу адам, өз бас қамын ғана ойлайды, әйтпесе жұрт қатарлы соғысқа бармай ма»... Ау, Әуезов соғыстан гөрі ұлт әдебиетіне көп пайда тигізетін кісі ғой десем, «ол енді даулы нәрсе» деп шалқақтайды. Сосын шыдаймын ба, екі-үш рет түйіп жібергенім рас...

Бейсенбай: Ой, оның дұрыс болмапты. Ондайлардан аулақ жүру керек. Қарасы жұғады.

Қуандық: Сізге кірген жоқ па? Мені жамандамады ма?

Бейсенбай: Келген. Айтқан бәрін де. Мен «Қуандықпен өзім сөйлесем» дегем. «Енді саған қол көтерсе, жұмыстан қуам» дегем. Ол соған мәз болып, шығып кеткен.

Қуандық: Мені жазалайсыз ба? Жазықты мен болғаным ба сонда-а...

Бейсенбай: Жазықты болсаң жазаламаймын ба! Ел-жұрт алдында масқараламаймын ба!..

Қуандық: (қуана) Рахмет, ағай! Көп-көп рахмет...

Бейсенбай: Ал, іске сәт! Тек... оны-мұны жағдайлар бола қалса, дереу өзіме айтып отыр. Ешкімге емес, тек өзіме-е...

Сахна қараңғыланады.

Екінші көрініс

Әуезовтің үйі. Мұхаң өз кабинетінде. Өзі әлденеге күйгелектенуде.

Мұхтар; (өзіне-өзі) Ойпыр-ай, бәрі де сәтті аяқталса екен. «Абай» жарыққа шықпаса, онда қазақ жұрты һәм жалпақ елім туралы айтам деген барша ойымның да, арманымның да тұзақталғаны. Бүкіл ғұмырымды арнаған тақырып... Бар күш-жігерімді арнаған еңбегім... Солақай мыншылар мен шалағай баспагерлер, әрине, тырнақ астынан кір іздесе, кемшілік қоя ма! Барды жоқ етуге әркім-ақ шебер. Әй, осы түрімізбен біз ұлт әдебиетін өткендете алар ма екенбіз. Қит етсе, аяқтан шалу. Сәл шалыс бассаң, төмпешке алу. «Хан Кенені» жазам деп таяқ үстіне таяқ жедім. «Қилы заманды» жазып ем, басыма қиямет қайым орната жаздады. Сондағым не! Ұлт тірлігі, ел ойындағы нәрсені қағаз бетіне түсіргенім. Жазушы сондайды жазбаса,онда несіне жазушы! Несіне қаламгер!... «Абай» романы көп жылғы ойдың жемісі еді. Енді қарашы! Көрінген аяқтан шалады. Әлгі Сүмесіновтер сүңгісін тыға түсуге әзір. Бұл не! Бұл қай заман? Өмірі бітпейтін, өмірі аяқталмайтын қиянат па! Ұр-да жық саясат па!Бұның да шегі болушы еді...

Осы кезде кабинетке Валентина Николаевна кіреді.

Валентина: Мұхтар, сен соңғы кездері кабинеттен шықпайтын болып кеттің. Жүр, тамағың әзір болды. Соны жеп ал. Сосын таза ауаға шығып, серуен деп келейік.

Мұхтар: Тіпті тамақ ішуге тәбетім жоқ, Валя. Тойып тұрған кісі секілдімін.

Валентина: Жоқ, болмайды. Асқазаныңызды бұзасың. Онсыз да соңғы кездері мазалап жүр. Саған күтім керек. Айтқандай, баған Самсонов телефон соғып еді.

Мұхтар; (елең етіп) Иә, Самсонов дос не деді? Нені сұрады?

Валентина: Сенің жағдайыңды сұрады. Денсаулығыңа алаңдаулы.

Мұхтар: Басқа не деді?

Валентина: Романы не болды деді? Қашан шығады деді.

Мұхтар: Ой, Самсонов, Самсонов... Ол – таза жүректі адам ғой. Әкелші телефонды. Мен онымен тілдесіп қояйын. (Валентина трубканы береді, Мұхтар номерді тереді)

Самсоновтың даусы: Ал-ло! Тыңдап тұрмын.

Мұхтар: Леонид Антонович! Бұл – Әуезов қой. Жағдай қалай?

Самсонов:О-о, Мұхтар, өзің қалайсың? Телефон соқсам үйде болмасың. Қайда жүресің осы,а?

Мұхтар: Е, жұмыс қой, Леонид Антонович! Мен университетте сабақ берем ғой. Оған қоса қоғамдық жұмыстар...

Самсонов: Оның бәрі де дұрыс, Мұхтар. Ең негізгі – сенің шығармашылығың. Роман не болды? «Абайды» қашан оқимыз?

Мұхтар: Қазақша нұсқасы баспада. Шығып қалар. Ал, орыс тіліне... сауатты аударатын кісі қарастырудамын. Оңтайлы адам болмай тұр.

Самсонов: Өй, саған аудармашы неменеге керек! Өзің орыс тілінде ағып тұрсың. Өзің-ақ аудар. Тіпті бар ғой, о баста орысша жазуың керек еді.

Мұхтар; Жоқ, Леонид Антонович! Мен қазақпын ғой. Сосын да әуелі қазақша ойламайын. Қай тілде ойласаң, сол тілде ғана талантты шығарма жазуға болады.

Самсонов: Жолма-жол аударып жасатшы ендеше. Сосын мен де үлес қосармын. Ең бастысы – сенің талантың сарөылмауы керек. Мен саған сенемін, Мұхтар.

Мұхтар: Рахмет, Леонид Антонович! Алла разы болсын,

Самсонов: Ал, жасқы онда. Хабарласып тұрсаңшы.

Мұхтар: Міндетті түрде. (трубканы қояды).

Валентина: Көрдің бе, сен жақтаушылар бар. Ал, сен болсаң... қарадан-қарап күйіп-пісіп... Жүрегіңе салмақ түсіріп...

Мұхтар: Әлгі бір кермек ойы құрғыр... есімнен кетпей тұрғаны.

Валентина: Ол не ой?

Мұхтар: Абай туралы романымды шықпай жатып сынға ала бастады. Ал, шыққан күні солақай сыншылар қыр соңыма түсіп ала ма деп қорқам. Ескілікті көксепті, бұл заманды ұнатпайды деп...

Валентина: Міне, міне! Мен саған не деп жүрмін. Баяғыда-ақ айттым. Осы тарихты қоя тұр деп... Аяғы дауыл деп... Жазам десең, басқа тақырып көп емес пе. Шартты образ деген болмай ма. Қайтесің сол тарихқа қайта-қайта бас сұғып... Көрген құйқың аз ба!

Мұхтар: Оның рас. Көрген құйқым аз емес. Бірақ... ұлтым үшін, елім үшін басымды тәуекелге тіксем, оның несі айып! Қорқақ та өледі, оның да мың жасамасы белгілі. Өмірге келген екенбіз, алла-тағала талант берген екен, ендеше жазып кетуім керек. Абайды мен жазбасам, басқа біреуде жазар әлі. Алайда... менің Абайым басқа ғой. Мен өз Абайымды, өз Құнанбайымды келер ұрпаққа көркем сомдап қалдыра алмасам, басқа өмір сүргенім де.

Валентина: Дәл бүгін, дәл қазір емес қой. Оған да уақыт келер. Заман түзелер. Қартайып тұрған жоқсың ғой, Мұхтар...

Мұхтар; Қартайып тұрған жоқпын дейсің,ә! Мен осы күні қырықтың жуан ортасында тұрмын. Әлем әдебиетіне үңілсек, барлық талаптты қаламгерлер ең тамаша туындыларын осы жасқа дейін жазып үлгерген. Бұдан кешіксем, онда мүлде кешіккенім.

Валентина: Сен... алғашқы кітапты аяқтап қойдың ғой. Демек, кешіккен жоқпын. Тек... шығару жағынан асықпа дегенім де. Асықпай, екіншісін жаза бер.

Мұхтар: (ойлана,. Өзіне-өзі) Тап осы сөзді ана Бейсенбай дос та айтып еді-ау. Әй, өзі тумысында таза жігіт. Бойында тектілік бар. Тектілік қашанда, қай кезде де алыстан мен мұңдалап тұрады, оны жасырын ұстай алмайды екенсің-ң...(сосын әйеліне бұрылып) Жарайды, Валя. Осы сен болмасаң...(оны құшақтайды) сен болмасаң, қайтер едім. Өз-өзімнен жынданып кетермін-ау... Жүр, шәй ішсекішейік.

Екеуі сахнадан шығып кетеді.

Үшінші көрініс

Бейсенбай Кенжебаевтың кабинеті. Кабинетт жалғыз өзі. Орындықта отыра алмай, әрлі – берлі кезіп жүр.

Бейсенбай: (өзінен-өзі) Осы қазақ... қашан бірлікке, ауыз бірлікке келер екен? Қашан көрсең де жауығып, жауласып жүргені. Бір-бірін атарға оғы болмай жүргені. Баяғыда Абай күйзеле айтқан қазақ-әлі сол қазақ. Өзгерген дәнеңе де жоқ сияқты.(енді Абайдың өлеңі оқиды)

Біріңді, қазақ, бірің дос

Көрмесең, істің бәрі бос!..

Міне, осыдан артық айтуға болар ма! Айтқан-ақ қой.

Сол қазақ, бірақ, әлі күнге бірімен-бірі дос бола алмай жүр. Дос болу қайда,дауласудың неше түрін шығарып барады. Күні кеше Ахметке, Мағжанға, Міржақыпқа, Сұмағұлға, Сұлтанбеккк, Тұрарға күн көрсетпеген қазақ енді келіп... Әуезовті де таптап тынбақ. Байшыл, ұлтшыл, ескілік шырмауында деп... «Әй,жарайсың! Нағыз ұлт үшін туған ұл екенсің!» дер күн болар ма бізге де. Соны айта алатын ұл туар күн болар ма біздерде!... «Басқаны сынай бергенше, сол сын ойыңды өзіңнен баста» деуші еді-ау Нәзір ағам. Мен...бүгін сондай іске тәуекел еттім. Не де болса Мұхаңның «Абай» романын жарыққа шығарып өлем. Сосын жер ауып кетсем де арман жоқ. Тек... ертеңгі ұрпақ осы ісімді дұрыс түсінсе болғаны.

Осы кезде ішке Қуандық ақын кіреді. Ол абыржулы.

Қуандық: Аға, жағдай шиеленісіп тұр.

Бейсенбай: Иә, не боп қалды?

Қуандық: Ана баспаханадағы... топ бастығы ше! Әлгі Мұса деген татар жігіті... Сол «мен әзір баспаймын, маған директордың қолы керек» деп қиғаштаййды. Мені тыңдағысы жоқ.

Бейсенбай: Оның кім еді тағы да! Ол қайда шыққан дәу?..

Қуандық: Ол өзі өте қыңыр жігіт. Сөз таратып жіберуіде ықтимал.

Бейсенбай: Кімге айтады? Не деп айтады?

Қуандық: Мен білсем – сол өзі ана Сүмесіновпен таныс па деймін. Араға Сүмесінов араласып кеткен жоқ па екен...Содан қорқам.

Бейсенбай: Сүмесінов дейсің бе? Әй, оның жөні жоқ. Сүмесінов осы күні басқа бір шұғыл шаруамен отыр. (сосын ойлана) ...Айтпақшы, ол қайда екен өзі? (телефонды алады, арғы жағынан дауыс естіледі) Ә, Сүмен, сен бе бұл! Жағдай қалай? Кешегі тапсырманы қолға алдың ба? Дұрыс-с... Тездет. Айтпақшы-ы... баспаханадан Мұса деген бастық бар дейді. Сен оны білуші ме ең? Не дисің? Білмеймін... Танымаймын... Е-е, жарайды. Жәй... Жақсы! (трубканы қояды) Айтпадым ба, Сүмесіновтің қатысы жоқ.

Қуандық: Мұсаның тілін қалай табамыз енді? Бір жағына қисайса бітті, қайта түзелмейтіннің өзі ме деймін.

Бейсенбай: Ойпыр-ай,ә! Сондай жігіт де. Қане, телефоны бар ма? (Қуандық телефон нөмірін айтады, Бесенбай телефон шалады) Ал-ло! Бұл кім? Типография ма? Топ бастығы өзің бе? Мұсамысың?.. Ә-ә, өте дұрыс...

Мен – Кеженбаев, баспаның бас редакторы... Білесің бе! Онда тіпті жақсы. Ал, енді шырағым, әлгі «Абай» романы туралы айтайын деп ем. Сол кітапты тезірек басу керек . Мүмкіндігінше тезірек... Иә, өте қажет... Директо дейсің бе! Ойбай-ау, ол ауырып жатыр ғой. Ауруханада ғой. Оны мазалап қайтеміз. Әзірге – мен басшымын. Барлық қағаздарға қол қоюға құқым бар. Не дейсің? Түсіндім... Түсінсең бопты. Өзіңе сендім, айналайын. Жарай ма! Ал, жақсы. (трубканы қояды, сосын Қуандыққа бұрылып) Бар енді... Өзімен дос болып алмайсың ба? Кітап шыққанша...

Қуандық: Түсіндім,аға. Мен кеттім.

Ол сахнадан шығып кетеді. Бейсенбай жалғыз.

Бейсенбай: (өзіне-өзі) Мына өмірде бұқпантайлап, ұзақ-қ ғұмыр кешуге болар. Ал, бірақ... ертең ел есінде жүрер бір ісің болмаса, ондай ұзақ өмірдің несі өмір. Осы роман жарыққа шықса, Әуезов те әлемге танымал жазушы болып шыға келеді. Әлем Әуезовті ғана танып қоймайды, сонымен бірге қазақ деген елді де танитын болады. Осыдан кітап шықсыншы. Алғашықы таныстыру мақаласын да өзім жазам. Ақыры бел байладық, ендеше аяғына дейін...

Сахна қараңғылана береді де қайта жарық жанғанда – Әуезовтің пәтері. Кабинетте Мұхаң жалғыз. Өзімен-өзі сөйлесіп,арлы-берлі жүре түседі.

Мұхтар: (кіжіне) Менің жолымды кес-кестегені түк те емес. Ал, Абайды өшіреміз дегендеірі... бос әурешілік қой. Абай – шың. Абай – асқар тау. Абай – жұмбақ (енді өлеңдетеді)

... Қайран сөзім қор болды,

Тобықтының езіне!...

Иә, ол жұмбақ боп туып, жұмбақ боп өмірден озған адам. Сол Абай жұмбағын шеші – бізге сын. Бізге міндет. Бізге мұрат... Айтпақшы... роман не болды екен? Бейсенбай дос не істеп жатыр? «телефонды қолына алып, нөмірін тереді) Алло! Бәйсеке, бұл өзің бе? Мен Мұхтар ғой. Иә,иә... жағдай жақсы. Рахмет! Екінші кітабы дейсің бе? Оны да жазарсыз. Әуелі осы біріншісін жарыққа шығарып алайық та. Не дейсің! Бәрі орнында... жақында шығады! Ой, аузыңа май! Әлгі Сүмесіновтер әзірге тыныш па?

Бейсенбай: Тыныш, Мұха! Тыныш... Олар білмейді де.

Мұхтар: ЦК ше! Олар біле ме?

Бейсенбай: Жоқ, олар да білмейді.

Мұхтар: «Абай» романы жарыққа шыққан күні шалқаларынан құлайды десеңші. Өздеріне де сол керек.

Бейсенбай: Мұха, сіз тым күйгелектене бермеңіз. Соңғы уақытта жүрегіңіз ауырып жүр дей ме! Соны күтіңіз...

Мұхтар: Оны кім айтты?

Бейсенбай: Валентина жеңгеммен ара-тұра сөйлесіп қоям ғой. Ол менен жасырмайды.

Мұхтар:Ә, сырларың белгілі болды.

Бейсенбай: Енді... денсаулық тек сізге ғана керек емес, ол халыққа да қажет. «Абай» романның қалған кітаптарын сіз жазбасаңыз кім жазады. Ол – халық байлығы емес пе!

Мұхтар: Көңіліңе рахмет, бауырым. Сенімен сөйлессем болды, қанаттанып қалам. Ал, жарайды. Жақсы күнде жолыққанша!

Бейсенбай: Сау болыңыз, Мұха!

Сахна қараңғылана түседі де, қайта жарық жанғанда Бейсенбай өз кабинетінде отырады. Осы кезде кабинетке Сүмесінов кіреді. Өзі әлденеге ренжулі.

Сүмесінов: Бәйсеке, мен сізге ренжулімін.

Бейсенбай: Е,неге! Не үшін...

Сүмесінов: Сіз менен жасырып бірнеңе істеп жүрген сияқтысыз.

Бейсенбай: Жоға! Сенен не жасыруым мүмкін...

Сүмесінов: Ұзынқұлақтан естідім. Сіз Әуезовтің «Абай» романын бастырмақшы сияқытысыз. Бұл қалай?

Бейсенбай: Өзің білесің ғой, ол романды уақытша Әуезовке қайтардыұ емес пе.

Сүмесінов: Қайтаруын қайдардық қой. ЦК әзір шығаруға болмайды дегенін де білем. Тек...

Бейсенбай: Ал, сен неге күдіктенесің?

Сүмесінов: Менің жанымдағы Қуаныдық деген жігіт ылғи баспаханаға кетеді. Сонда кетсе болды, күнұзақ жолалады. Сосын баспаханаға телефон соқсам, ол бір кітапты шығарумен әлектеніп жүр ейді. Сол, шамасы, Әуезовтің романы емес пе екен...

Бейсенбай: Жоқ, Қуандық басқа шаруамен жүр. Соғыс кезі. Тез шығаратын кітаптар көп. Соны мойнына жүктегенбіз. Жас жігіт қой, әзір шаршау дегенді білмейді.

Сүмесінов: (аз-кем ойлана түсіп) Ә-ә, мен басқаша ойлап жүрсем...

Бейсенбай: Басқа қандай шаруаң бар? Айт ойыңдағыны...

Сүмесінов: Айтар болсақ, әңгіме көп қой. Қайсыбірін айта береміз. Айтсаң – жақпайсың, айтпасаң – ішті күйдіреді...

Бейсенбай: Жақпайсың деуіңе жол болсын. Шындықты айтсаң, оны неге жақтырмауы керек. Шындық, әрине, ащы болады. Бірақ бәрібір түбі шындық жеңген...

Сүмесінов: Қайдам-м... Осы шыншыл болам деп талай рет қаяқ та жедім. Өтірік күлетіндердің-ақ жолы болғыш.

Бейсенбай: Жоқ. ОЛай емес. Өтірік күлетіндер мен өтірік сөйлейтіндер түптің түбінде өз сазайын тартып жататыны өтірік пе! Бәрі де уақытша нәрсе. Ал, шындық... мәңгілік. Адалдық жолы ауыр болса да, құлашы кең.

Сүмесінов: Соны... іші сезеді-ақ. Әйтсе де сол шыншыл болудан шаршай бастадым. Әнукүні сіз айтқан соң Әуезовке романын қайтарып беріп жатып «әлі қол тигізетін жерлері көп екен, ескілікті көксеуу исі сезіліп-ақ тұр» деп, өз ойымды айтсам, ана Қуандық деген жас ақынсымақ «сіз Әуезовке олай сөйлемеңіз, ол беделді адам» дейді. Сонда қалай? Біз беделді кісілерге сын айтауымыз керек пе! Мен оның романы туралы айттым...

Бейсенбай: (жөтеле түсіп) Шырағым, Әуезов жайы басқа әрине. Оның романына баға беру үшін өте биік өре керек. Білім керек. Атүсті ой айту да қиянаттың бір түрі. Осы жағы есіңде болсын. Ал, енді... өзің не жазып жүрсің? Бірдеңелер бар ма?

Сүмесінов: (мүдіре түсіп) Мен де... ептеп әңгіме жазам ғой. Сол енді... бір кітабым әзір еді. Әңгіме-хикаяттардың көбісі күрескерлік, батырлық туралы...

Бейсенбай: (сөзді бөле) Дайында. Өзіме әкел. Жақсы болса, тездетіп берейін.

Сүмесінов: Рахмет,аға. Онда тездетіп соған кірісейін.(ол шығып кетеді, Бейсенбай абыржулы күйде, дереу баспаханаға телефон шалады).

Бейсенбай: Алло! Маған сондағы Қуандық деген қызметкерді шақырыңызшы. Иә, баспа қызметкері... (кішкене пауза жасайды) Қуандық! Бұл сен бе! Ойбай, сенің онда жүргеніңді, Әуезовтің романымен жұмыс істеп жатқаныңды Сүмесінов сезіп қойыпты. Енді тездетулерің керек. Күндіз де, түнде де жұмыс істеу керек. Қажет болса, сонда түне... Қайткенде де шығару қажет. Ұқтың ба! Ұқсаң сол...

Сахна қараңғыланады.

Төртінші көрініс

Сахнада «Аурухана» деген жазу бар. Ауухана ауласында Қуандық ақын тұр. Қолында – кітап. Өзі біреуді асыға күтулі.

Қуандық: (кітапқа қайта-қайта қарап қойып) «Абай» романы ертеңнен бастап бүкіл қазақ елін шарлайды. Абай әр үлкен роман кейіпкері болып есік қағады. Соған өзім де үлес қосқаныма бақыттымын. (кітапты сүйеді)

Енді Бейсенбай көрінеді. Бейсенбай асыға басып келіп, Қуандықты құшақтайды.

Бейсенбай: Кәне, әкелші бері! «Абай» романы қалай шықты өзі? (ол да кітапты маңдайына тигізеді) Бұл дұрыс болды. Дұрыс іс жасадық. Әлі-ақ көрерсің, осы «Абай» романы қазақ әдебиетін биік шыңға көтереді. Әлемге танытады. «сосын аурухана жаққа кілт бұрылып) Әне, Мұхаң да келе жатыр.

Екеуі солай қарай жүреді. Мұхтар көңілді.

Бейсенбай: Сүйінші, Мұха! «Абай» романы жарыққа шықты.

Қуандық: (ол да жарыса) Құтты болсын, аға!

Мұхтар: (қуанышын жасыра алмай) Ой, айналайындар! Сендерді тапқан аналарыңнан айналдым! Бұл... бұл мен үшін қандай сый екенін білсеңдер ғой. Қане, қане, әкелші бері «Абайымды», өзім бетіме басайын. (ол кітапты алып, бетіне басады, сол кезде жанары суланады)

Бейсенбай: Аға, көңіліңіз босап кетті ме? Қойыңыз, жүрегіңізге салмақ түсіресіз...

Мұхтар: Келіңдерші, екеуіңді де құшақтайды. Сендер болмасаңдар, мен не істер едім. Бұл өле-өлгенше айта жүрер іс болды. «Абай» романы үшін екеуіңе қарыздармын...

Бейсенбай: Қарыз емессіз, Мұха! Бұл – біздің міндетіміз... Жазушының міндеті – жазу, баспаның міндеті – басып шығару...

Мұхтар: Бәрі сендердей ойласа ғой. Өйтіп ойлайтындар жоқ қой, жоқ.. Өңкей қаптаған сүйкімсіз сүмелектер... Сосын қайтіп қана оңады бұл әдебиет... Қалай алға басады...

Бейсенбай: Бұл өмірде, Мұхаң, жақсы мен жаман, ойлы мен ойсыз, ақ пен қара өмір сүре беретіні табиғат заңы ғой. Өзіңіз де романда сол жылы қайта-қайта айтыпсыз. Оны бірде Абай аузына, енді бірде ел аузына салыпсыз...

Мұхтар: Оның рас. Мен өмірде бір нәрсеге көзім жетсе,ол осы. Адам өмірі мәңгі бітпейтін күрес. Өйткені адам бар жерде талас бар, тартыс бар.

Қуаныш: (сөзге араласа) Адамадар арасындағы тартысты сіз «Абай» романында өте әдемі, әсерлі суреттепсіз. Өте шынайы шыққан...

Мұхтар: Өй, айналайын сенен, түсіне білген сезіміңе ризамын. Шын әдебиетті түсіне білген кісіден шын қаламгер шығады. Түбі сен де жаман ақын болмассың.

Осы кезде сахна қараңғыланады да, Мұхтардың құлағына Абай даусы естіледі.

Абай даусы: Уа, ұрпағым! Қуану орнына неге қобоалжып тұрсың? Сен осындай жасық па едің?

Мұхтар: Абай ата! Мен жасық болсам, өзің жайлы роман жазуға бел буар ма ем.

Абай даусы: Тәуекел ету – жеңістің жартысы ғана. Ал күресе білу – нағыз ерге тән іс.

Мұхтар: Уа, әруақты Абай! Мен өзіңмен мұңдасып, сырласыпөмір кешкелі қанша жыл. Мен күсем бірге күлдің Мен жыласам бірге жыладың. Сен екеуіміздің сезіміміз де астасып кеткелі қанша уақыт. Енді міне, сен өркем роман кейіпкері болып, еліңе оралдың. Жолың болсын, Абай ата! Қалың елің, қазағың сені құшақ жая қарсы алғалы тұр. Әне, елің-ң...

Абай даусы: Менің мұңым мен жырымды қайта жаңғыртып, қайтадан өз халқыма берген саған мың бір алғыс, балам! Ерлік тек соғыста, ұрыста жасалмайды, ол бейбіт өмірде де бола береді. Сен жеңімпаз ұрпақ болдың, Мұхтарым! Енді батамды бердім саған... Аталық батамды қабыл ал...

Мұхтар: Қабылдадым, Абай ата! Серт беремін алдыңызда! Мен енді ойлаған ойымды орындамай, бір сәт те тыным алмаймын...

Абай дуасы: Дегеніңе жет, құлыным! Жаратқан ие қабыл көрсін! Қабыл болсын ниетің-ң... (дауыс жоғала береді)

Мұхтар: (дауыстап) Абай ата! Абай ата!... (Сахна жарықтана береді)

Бейсенбай: Мұха, сізге не болды?

Мұхтар: (күрсіне) Осы жаңа ғана маған Абай атамның үні жетті. Атам риза екен... Ал, мен сендерге ризамын. Ризамын бауырым-м... (ол Бейсенбай мен Қуандықты қыса құшақтайды)

Сахна қараңғылана береді.

Бесінші көрініс

Бейсенбай Кенжебаевтың кабинеті. Кабинетте – Сүмесінов пен Қуандық. Сүмесінов қызу сөйлеп отыр.

Сүмесінов: (тұтыға) Бұл... бұл дұрыс іс емес. Мен мұны Компартияға қарсы әрекет деп есептелмейін. Байшыл, ұлтшыл кітапты шығаруға тікелей араласқаны үшін мына Қуандық жұмыстан кетуі керек, Бәйсеке!

Бейсенбай: (байсалды) ЦК Әуезовтің кітабын шығаруға болмайды дегген жоқ қой. Тек уақытша ғана тоқтатты...

Сүмесінов: «Абай» романын шығаруға қарсылық білдірді деген өздеріңіз ғой.

Бейсенбай: Уақытша ғана... Жағдайға байланысты.

Қуандық: (шыдай алмай) Несіне бұлтақтайсыз,Бейсеке! Сүмесінов ұнатпады екен деп роман архивке кетпейді ғой. Бізде де көз бар, талғам бар. Менің ойымша, роман өте шебер жазылған...

Сүмесінов: Сен, бала... ағаңа айбат көрсете берме! Мен әзірге бөлім бастығымын. Сенен лауазымын. Сенен лауазымым үлкен. Саған қарағанда әдебиет туралы түсінігім де молдау...

Қуандық: Күдігім бар...

Сүмесінов: Ал, мен... сенің сол күдігіңе түкіргенім бар. Сенің пікірің кімге керек осы...

Қуандық: Сіздің де пікіріңіздің қоғамға қте пайдалы болып тұрғанын байқамадық қой...

Бейсенбай: (екеуін де тоқтатап) Жә, сабыр. Үлкен романға баға беру-осы үшеуміздің ғана міндетіміз емес. Оны енді жалпы әдеби қауым айтады. Ол үшін қазір таласпай-ақ қойыңыздар...

Сүмесінов: Неге айтпаймыз? Неге таласпаймыз? Әдебиетке әдебиетшілер ғана пікір айта алады.

Бейсенбай: Көрінген әдебиетші көркем дүниге әділ төреші бола алмайды. Ол үшін көңіл көзі болуы шарт.

Сүмесінов: Көңіл көзі жоқтар – әдебиетші емес. Ондайлар көркем шығарма жаза алмайды.

Бейсенбай: Бұл өмірде шын талант бар да, шалағай әдебиетшілер де бар. Оныда ойлап өою керек.

Қуандық: (сөзге араласып) Ой, Бейсеке, оған несіне түсіндіріп жатсыз. Өзі білегенге өзгенің асыл сөзі де арзан.

Сүмесінов: Мен білсем, Бейсеке, осы іске өзіңіз басшылық еткен екенсіз. Демек, сіз де мына Қуандықпен сыбайлас-с...

Бейсенбай: (сөзін бөле, ашуланып) Ой, шырағым, сен не деп барасың! «Абай» романы түкке тұрмайтын дүние болса, өзім – ақ шығартпай қояр ем. Талантты дүниеге қамқор болмай қайтеміз. Онда не үшін отырмыз...

Сүмесінов: (басын шайқап) Енді түсіндім. Ым-жымдарыңыз бір екен. Мен бұны аяқсыз қалдыра алмайын. ЦК –ға айту парызым. Коммунистік парызым...

Қуандық: (қисая сөйлеп) Одан басқа қолыңнан не келеді!

Сүмесінов: Сен... тіліңді тарт, жәдігөй ақын!

Қуандық: Сен де жағыңды жап, жағымпаз аға!..

Бейсенбай: Ой-й, осы мінездерің-ай! Біріңді – бірің сыйлаудан кетіп барасыңдар. «Абай» жарыққа шықса, оған жауап беретін, барлық ауыртпалығы мен ұрыс-керісті көтеретін мен ғой. Сендердікі не осы?

Сүмесінов: Мен... мен ЦК-ға айтуға тиіспін.

Бейсенбай: (ашулана) Айт! Жеткіз. Қоймадың ғой тіпті. Басыңнан сыйпаса көрерміз-з...

Сүмесінов: Сіз... мені қорқытпаңыз! Өз ойымды қай жерде де ашық айту – азаматтық парызым. Бәріміз тақ тұратын әділ төреші – ЦК...

Бейсенбай: Е-е, әдебиетке әділ төрешіні тапқан екенсіз. Әдебиетке әділ төреші қай кезде де әдебиетшілердің өзі болған. Соны да білмегенің...

Сүмесінов: Жоқ! Біздің уақыт басқа. Бізде әділдік жоқ. Біріне-бірі көре алмайтындар, біріне-бірі шындықты шыжғырып айта алмайтындар әділдікті қайтеді. Цк қай кез де қара қылды қақ жарған...

Бейсенбай: Бар. Бар дедім ғой. Алдыңнан жарылқасын.

Сүмесінов: Барам. Қазір-ақ барам. Кеттім, міне! Тек... маған өкпелемеңіз. Алдыңыздан өттім... «ол сахнадан шығып кетеді, енді Бейсенбай Қуандық екеуі қалады).

Қуандық: Тым қатты кетіп қалмадық па, аға! Ол өзі... кісі аямайды. Бәрін бүлдіріп жүрсе...

Бейсенбай: (ойлана) Е-е, Сүмесіновтерді көріп тұрғаным тек бүгін емес. Ондайлардың талайымен алысып келемін ғой. Олар кеше де болаған, бүгін де бар, ертең де болады. Оған бола бас қатырмақ. Ал, енді, Қуандық, екінші іске кірісу керек. Дереу «Абай» романы туралы мақала әзірлеуіміз қажет. Көрінген керауыз, сыңаржақ сыншылар аузына келенін оттап үлгергенше, біз өз сөзімізді айтып үлгерейік.

Қуандық: Қайтіп... не деп жазамыз?

Бейсенбай: Тақырып «Қазақ өмірінің айнасы». Осылай деп айқайлайтып қоялық. Білсін топастар. Іші күйсін қызғаншақтардың...

Сахна қараңғылана береді.

Алтыншы көрініс

Орталық комитет. Кабинетте екі кісі. Бірі – Әмірбаев та, екіншісі – Кенжебаев. Әмірбаев өте қатулы.

Әмірбаев: Сізге не деп едік, жолдас Кенжебаев! Сіз қайда жұмыс істейсіз өзі?

Бейсенбай: Мен бе! Мен – баспаның бас редакторымын.

Әмірбаев: Ол баспа кімдікі?

Бейсенбаев: Ол мемлекттікі.

Әмірбаев: Ендеше сіз неге мемлекет басшысының сөзін аяқ асты етесіз?

Бейсенбай: Мен... шамам жеткенше партия саясатына, ел басшысының айтқанын орындап жатырмын.

Әмірбаев: Жоқ, сіз мемлекет саясатына жүргізіп отырған жоқпыз. Сіз өз ойыңызыға не келсе, соны істеп жүрсіз. Бұл деген бассыздық, тәртіпсіздік.

Бейсенбай: Кінәм не? Не жаздым?.. Не бүлдірдім?

Әмірбаев: Өтірік білмеген болмай-ақ қойыңыз. Сіз Әуезовтің «Абай» романын өз бетіңізбен басып шығардыңыз. Енді сол үшін жауап бересіз.

Бейсенбай: Неге мен жауап берім керек? «Абай» романы о баста баспаға өткізілген. Тіпті теріліп те қойған.

Әмірбаев: Өтірік! Өтірік айтып тұрсың! Қолжазабаны сұратып алып, баспаханаға жіберген сенсің.

Бейсенбай: Мен емес, баспа басшылығының шешімі...

Әмірбаев: Жауаптан жалтарма. Оған дәлелім бар. Міне, мына түсінік-хатты оқы. (олдына Сүмесінов жазған түсінік-хатты тастайды) Осында бәрі де жазылған.

Бейсенбай: (көз жүгіртіп шығып) Ә-ә, түсінікті. Әділдік осында ма десек, енді ЦК да екіжүзділерді тыңдай бастаған екен.

Әмірбаев: Тағы да ескертемін. Өз сөзіңе есеп бере сөйле. Сонымен, баспаханаға жіберген сен ғой.

Бейсенбай: Ол бұрын жоспарда болған. Уақытша тоқтата тұрғанбыз. Кезегі келгенде басып шығарғанымыз рас.

Әмірбаев: Жоқ! Сізге «ол романды шығаруға болмайды» деген нұсқау болған. Сіз оны орындамадыңыз.

Бейсенбай: Мүлде шығаруға болмайды деп ешкім кесіп айтқан жоқ. Ондай шешім болды ма әуелі?... Нұсқау қайда?...

Әмірбаев: Жолдас Кенжебаев! Сіз менімен босқа тәжікелесесіз. Одан да айтқанға көніңіз. Әйтпесе арты қиын болды. ЦК-мен ойнауға болмайды.

Бейсенбай: Мен ЦК-мен ойнап тұрғам жоқ. Шындыққа көз жеткізгім кеп тұр.

Әмірбаев: (мысқылмен) Осы сені... кімнен сұрасам да иі жұмсақ, момын адам деуші еді. Сөйтсем, ел де қателеседі екен-ау. Өзің таза қыңыр жансың ғой,ә! Қисайған бетіңнен қайтпайды екенсің. Ол жақсы емес...

Бейсенбай: Сонда не істеуім керек? Не дейсіз...

Әмірбаев: Өз еркіңізбен арыз беріңіз. Сіз баспадан кетесіз.

Бейсенбай: Қалай?

Әмірбаев: Солай! Не өз еркіңізбен, не қуыласыз-з...Осының бәрін жаным ашыған соң айтып тұрмын. Әйтпесе, сізбен сөйлеспеуіме де болатын еді. Түсінікті ме! Ертең арызыңыз менің алдымда жатсын. Сұрақ бар ма!

Бейсенбай: Жалғыз сұрағып бар. Сүмесіновтің жазбахатының ақ-қарасы тескерілмей ме?

Әмірбаев: Ол тексерілген. Бәрі де дұп-дұрыс.

Бейсенбай: Роман түкке алғысыз, талантсыз шығарма деген тұжырым да дұрыс дейсіз бе?

Әмірбаев: Иә, біз осыған келісеміз.

Бейсенбай: Біз дегеніңіз кім?

Әмірбаев: Арнаулы комиссия.

Бейсенбай: Олар кімдер?

Әмірбаев: Олар – осындағы партия қызметкерлері. Оқыған қазақ азаматтары...

Бейсенбай: Көркем әдебиетке тек әдебиетшілер ғана баға беруге қақылы.

Әмірбаев: Әдебиеттің саяси жағы болады. Оған баға беретін – Орталық Комитет. Осындағы зиялы қауым...

Бейсенбай: Тағы бір сауалым бар.

Әмірбаев: Айтыңыз.

Бейсенбай: Ана Сүмесіновтің баспада беделі жоқ екенін, екінің бірі оны жақтырмайтынын, жұмыстан гөрі сөз теруге бейім екенін біле тұрып, неге оны жақтап отырсыздар? Әлде... солай ету керек болды ма?

Әмірбаев: Сүмесінов Компартияның адал жауынгері. Біз оның дабылын – жүрек дабылы, намыс дабылы деп қабылдадық. ЦК үшін адал коммунистің, әсіресе баспа секілді саяси орындарда отырған әр коммунистің жан шырылы ерекше ескеріледі. (сосын сәл мүдіріп) Сіз... күдікті ойдан арылыңыз-з...

Бейсенбай: Онда жетіскен екенбіз.

Әмірбаев: Жолдас, бас редактор! Сіз тым еркінсіп барасыз. Бұның арты жақсы болмайды. Ақылды кісі отпен ойнамайды.

Бейсенбай: Сонда не деуім қажет?

Әмірбаев: Мысалы, кешірім сұрап дегендей... Артық кетіппін, енді қайталамаймын деп өз қолыңызбен жазып берсеңіз, ойлануымыз мүмкін.(сәл пауза жасап) Әй, бірақ...хатшы кешіре қойса... Әуезовте нең бар осы! «Абай» романы – ұлтшылдық исі аңқып тұрған шығарма. Соны да түсіне алмағандарың ба?

Бейсенбай: (жалпы қарап) Ұлтты қорлап, жалтақтап өмір кешкенше, ұлтшыл болып атылып кеткеніміз мың есе артық. Әуезов те сол бағытты ұстанады. Мен де...

Әмірбаев: (үрейлене) Сен...сен не деп кеттің! Іріген ауыздан шіріген сөз шығады деген. Болды! Әңгіме бітті! Арызыңды жазып әкел! Ертеңнен бастап жұмыстан кетесің! Жетті!.. Болды!.. (ол айқайлаған күй орнынан ұшып түрегеледі, Бейсенбайға есікті нұсқайды, Бейсенбай шығып кетеді.)

Әмірбаев: (өзіне-өзі) От, подлец! Өтірік білмеген болады. Алдағысы келеді. Өзінше қу... Мен көрсетейін бұларға қулықтың көкесін... Менімен ойнаған екен...

Сахна қараңғыланады.

Жетінші көрініс

Қала іші. Тыныш көше. Скамейка жанында Мұхтар Әуезов. Ол Бейсенбайды асыға күтулі. Алыстан Бейсенбай көрінеді. Мұхаң шыдамсыздана солай қарай жүреді.

Мұхтар: (жақындай бере) Не болды Бейсеке!

Бейсенбай: Не болсын, Мұха! Мені ЦК-ға шақырды. Жұмыстан кететін болдым.

Мұхтар: Менің кітабыма бол ма? Әй, олар не істеп отырғанын өздері біле ме әуелі.

Бейсенбай: Әмірбев қатулы. Менімен өте қатты, әмір бере сөйлесті. Сосын екеуміз сөзге келіп қалдық.

Мұхтар: Жоқ, бұны бұлай қалдыруға болмайды. Не деген сұмдық! Не деген бассыздық-қ...

Бейсенбай: Ең бастысы, Мұха, «Абай» романы жарыққа шығып үлгерді. Ұлт үшін сол олжа.

Мұхтар: Сен жұмыстан қуғанын кеше-ақ естігем. Сосын ана Әмірбаевқа телефон шалдым. Ол «мен емес, Мұха, басшылардың шешімі» деп басын алып қашты. Өзі қай кезде көрсең де жылпылдап тұрған біреу ғой. Қоғамда біле-білсең, осындайлар өте қауіпті. (сосын ойлана) Мен бұны елеусіз қалдырғым келмейді. Барамын ертең ЦК-ға. Кіремін жоғарғылардың бәріне де. Сенің түк те жазығың жоқ деп айтамын... Көп болса кітапты қайтып алар...

Бейсенбай: Кітап енді халықтың қазынасы. Оған ешкім де қожалық жасай алмайды. Оның бірнеше данасы сонау майдан шебіне де кетіп қалды.

Мұхтар: Солай ма! Ел аралап кетті десейші. Жоқ,жаныма батып бара жатқаны – саған жасалған қиянат қой. Сол үшін барамын...

Бейсенбай: Қайтесіз, үлкен басыңызды кішірейтіп. Болар іс болды. Мен арызымды жазып беріп қойдым. Екі қолға бір жұмыс...

Мұхтар: Қап! Арызыңды жазбай тұра тұру керек еді. Енді қайттік!

Бейсенбай: Мұха, жұмыс табылар. Оны қоя беріңізші.

Мұхтар: Сонда да...Бұл деген кісінің намысына тию ғой.

Бейсенбай: Басқа қолдарынан не келеді! Шығатын роман шығып кетті, елдің қолына тиіп үлгерді. Енді қайтсін! Маған қыр көрсеткендері ғой.

Мұхтар: (ойлана) Рас айтам, Бейсеке! Осы күні Компартия басында отырғандардың көзі сау да, көкірегі соқыр. Түйедейді көрмейді, сосын түймедейді сөз қылады. Әнеукүні Әмірбаевқа айттым да «Сендер саясат пен әдебиетті шытастырмаңдар» дедім. Екеуі екі бөлек нәрсеғой дедім. Саясатты илеуге, езгілеуге, тіпті тепкілеуге де болады. Ал, көркем әдебиетке ол әдіс жүрмейді. Өйткені, көркем өнер -ел жұүрегінің лүпілі. Халықтың қауышуы, қайғысы һәм тебіренісі. Онымен ойнауға болмайды дегем.

Бейсенбай: Әмірбаев соны түсінсе жақсы-ау.

Мұхтар: Менің де күдігім бар. Кеше саған көрсеткен қоқан-лоққысынан соң өзім де шошиын дедім. Соларға сеніп жүрген біз де аңқаумыз.

Бейсенбай: Қоя, беріңіз, Мұха! Саясат – бүгіндік, ал әдебиет – мәңгілік...

Мұхтар: Қап-ай, ә! Сенен қысылып тұрғаным...

Бейсенбай: Қысылмаңыз, Мұха! Біз керек болса тек сіз үшін емес, Абай үшін, ұлт әдебиеті үшін күрестік. Сосын да басымызды тәуекелге тіктік. Тіпті Қуандық ініңіз «газетке мақала жазып жіберейік» деп құшыныс білдірді. Ана «Аға газетке» шыққан мақала сол.

Мұхтар: Е, өте мақтап жіберіпсіңдер. «Қазақ өмірінің айнасы» деу тым артық енді. Оны халық, ел қалай қабылдайды. Мәселе сода. (сосын кішкене мүдіріп) Осы жасыма дейін не көрмедім? Көргенім – тепкі, алғаным – соққы... Бірі – ұлтшыл деп соғады, екіншісі – талантымды таптағысы келеді, ал үшіншісі – жеке басыма шүйіледі...

Бейсенбай: Ұлтшыл болу деген – ұлтын сүю деген сөз. Мен солай түсінем, Мұха! Талантыңызды қызғанса, ол да әлсіздердің әрекеті. Мықты қай кезде де мықты. Талант қай кезде де талант! Ал, жеке басыңызға келсек... онда жұрттың қандай шауасы бар. Жеке өмір – жеке кісінің өз тағдыры. Өз бақыты, өз қайғысы...

Мұхтар: Сонда да... әйтеуір аяқтан шалғысы келеді де тұрады. Қазақты қадірлеп, құрметтеп жүргені де шамалы. Әйтпесе, қазақ қызын менсінбей, орыстан қатын алар ма еді дейтін көрінеді.

Бейсенбай: Ол енді, Мұха, тағдыр ғой. Сіз әдейі жасаған жоқсыз. Валентина Николаевна – ұлты басқа демесек, жақсы адам. Сізге ұрпақ сыйлады, қиналғанда сүйеу болып келеді.

Бізге ұнайды. Оны жалпы қазақ түсінуі керек. Меніңше, түсінеді де...

Мұхтар: Бұл жұрт соны айтып отырады да, кенет ұлтшыл деп маңдаймнан қақ переді. Ұлтты сүйсем де жазықтымын.

Бейсенбай: Бұл-уаықтша нәрсе, Мұха! Сізді бүгін ұлтшыл десе, ертең-ақ ұлт сізбен мақтанатын болады әлі... Сізден ендігі өтінеріміз –«Абай» романының екінші кітабын тезірек аяқтауыңыз керек. Ел сізден соны күтеді.

Мұхтар: Ел «Абай» романының жалғасын іздей бастады ма! Ойпырмай, онда ұнағаны ғой. « Қалай қабылдар екен» деп алаңдаушы ем... (ойлана) Айтқандай, мен өткенде түс көріппін. Түсімде сен, мен жәні әлгі Қуандық ақын. Екеуің мені құттықтап жатырсыңдар. «О, Мұха, Сталиндік сыйлық құтты болсын» десіңдер. «Әзілді қойыңдар» деймін мен.Сөйтсем сен маған «Правда» газетін көрсетіп, «міне, мында басылған» дейсің. Қарапайым, өз көзіме өзім сенбеймін. Расында да Сталиндік сыйлық алған қаламгерлер арасында мен де жүрмін. «Абай» романы үшін берілді» деп жазыпты.Саған қараймын. Сенің қолыңда қалың бір кітап. Ол менің «Абай» романым туралы жазған көлемді зеттеу кітабың ба деймін. Соның бір данасын маған әкеліп тұр екенсің. «О, мынау деген үлкен жұмыс қой» деймін. Сен күлесің. Ал, Қуандық болса... ол да жымия күліп келіп, маған «Ар»деген өлеңдер кітапбын ұсынып тұр. «Өзіңіз алғысөз жазған алғашқы өлеңдер жинағым,ағай!» дейді. Мен айтам: «Нағыз арлы жігіттер ғана өстіп «Ар» деген кітап жаза алады» деймін. Қуандық інім мәз-мейрам. Енді бір кезде...анау-уалыстан балаларым жүгіріп келеді екен. Олар – менің көптен арман еткен ұлдарым... Олар да естіп үлгеріпті. Сыйлық алғанымды біліп, құттықтауға құстай ұшып келеді...Олар маған жете бергенде, біз құшақтаса бергенде... оянып-ақ кеткенім-м...

Бейсенбай: О-о, Мұха, мынау өте жақсы түс қой. Періштелер әумин десін. Болсын. Орындалсын.

Мұхтар: Кісі күндіз не ойласа, түсінде соны көреді деуші еді. Түсімді айтып, тым мақтанып кеткем жоқ па? Саған өзім деп айтқаным ғой...

Бейсенбай: Жоқ, Мұха! Әдеби орта «Абайды» жақсы қабылдады, жалғасын іздеп жатқан жоқ па! Алла тағала тегін түсіңізге кіргізбен болар.

Мұхтар: Сонда да... ыңғайсызданып тұрғанымды қарашы.

Бейсенбай: Мұха, ана Қуандық ініңіздің бір кітап боларлық өлеңдері де бар екен. Оқып көрсеңіз қайтеді. Тегін түсіңізге кірмеген болар... Тіпті ктабының атына дейін айтып қойдыңыз...

Мұхтар: Өзі расымен-ақ тәуір жігіт. Сөзде тұра білу ерліктің үлкені. Осы күні серт бере тұрып, артынша айнып кететін өтірік достар, өтірік інілер көбейіп кетті ғой. Дос болу – асыл іс. Шын достық та асыл қазына іспетті.

Бейсенбай: Өте дұрыс айтасыз, Мұхтар аға! Мен де өмірде әуелі дос боп жүріп, кейін айнып кеткендерді көп көрдім ғой.

Мұхтар: Айнып кетсе жақсы-ау. Ал, енді өзіңе жау боп шықса – сол жаман. «Іштен ышққан жау жаман» деп қазақ неге айтты. Менің романым жарыққа шыққалы бері алдымен көре алмай жатқандар – өз қазағым болып, солар сынауға ұмтылуда. Ал, ана Мәскеуде Самсонов досым қайта-қайта телефон шалып, қуана құттықтап жатыр. Сүмесіновтер тобы жабыла тиісіп, «роман түкке алғысыз нәрсе» десе, Самсонов бастаған бір топ орыс достар «орысшаға дереу аудару керек» деп, кеудеме қанат бітірді. Міне, дос көңіл қандай! Қызғаныш қандай!... Мен бұл өмірдегі достықты екіге бөлем. Бірі – ниет дос, тілек дос. Ондай достар сенің сыртыңнан тілекші болып жүреді. Жақсы болсаң қуана алады. Ал, екінішісі – тірек дос, жүрек дос. Ондай достар тек тілекші ғана болмайды, қиналғанда қасыңда, қуанғанда даныңда жүреді. Қандай жағдайда да қол ұшын беруге әзір тұрады. Тірегі бола алады. Сол жүрек-достарды тани білу ләзім. Бірақ оын өз кезінде тану да қиын ғой. Арада әзәзіл жүреді, ортаға от тастайды. Тұнық сезімді ылайлайды. Бәріміз де пендеміз, кей-кейде сөзге, өсекке ереміз.

Бейсенбай: Дос – жүрек дос... Өте әдемі айттыңыз, Мұха! Шіркін-ай, жүрек-достар көп болса ғой мына өмірде-е...

Мұхтар: (ойлана, алысқа көз салып тұрып) Ондай достар өмірде көп болмайды ғой, Бейсеке! Өте аз ғой. Сирек қой. Сосын да жақсы адамдар мына фәниде жалғыздық зарын тартады. Жарық дүниеге жалғыз келіп, жалғыз кетеді... Өмір сүру философиясын сол жалғыздардан іздеу керек. Солардан сұраған ләзім. Мен осыны түсіндім-м...

(Шымылдық)
Ай асындағы алтын шаһар
(ана туралы әфсана)

Қатысушылар:

Балым-Ана – жасы 80-ге келген кейуана.

Нәзипа – Балымның құрбысығ бір қолының мүкісі бар.

Шәрипа – бұл да Балымның құрбысы, бала таппаған әйел.

Айман – Балым әженің кіші келіні, момын.

Райхан- Балым әженің ортаншы келіні, адуынды.

Майра – Балым әженің ең үлкен келіні, ғалым әйел.

Нұрғаным – Нәзипа әженің келіні, өсекші.

Нұрхан, Бозтай - 1941 жыл соғысқа аттанып, оралмай қалған солаттра. (жекелеген көріністерде).

Соқыр күйші, Керең шайыр – бұлар бірде көрініп, бірде елес болып кететін бейнелер.

Оқиға осы күні алыстағы бір ауылда өтеді.

Режиссерге кеңес:

1. Бұл пьесада автор ұлтымыздың әдет-ғұрпы мен салт-әстүрін оқиағаға ойластыра айшықтап көрсетуді мақсат етті;.

2. Мұндағы Балым-Ана – ескі заманды жалғасырушы, өзі сауатты, ойы өзгешелеу болса, Нәзипа кемпір жеңіл өмірді қалаған, пікірі ұшқары, мінезі жеңілтектеу, әрекеті күлкілі жан, ал Шәрипа – өмірінде сәби сүю бақытына ие бола алмаған арманды Кейуана. Мінезі үш түрлі үш кемпір мен келіндер арасындағы қарым-қатынас; бүгін мен ертең мәселесі; болашаққа деген күдік пен сенім....

3. Шығармада барлық оқиға мен әрекеттер күй мен жыр арқылы желіленіп отырғаны әбден дұрыс болар еді.

Пролог

Сахнаға алба – жұлба киінген екі адам таласа сөйлесіп шығып келе жатарды. Бірі Қара-шапанды, екіншісі-Қызыл шапанды. Қара шапанды – кеудесінен күй төгіліп тұратын соқыр адам; қызыл шапанды – құлағының мүкісі бар өлеңші-шайыр. Екеуі бірін-бірі итерісіп, бірінен бірі озып кетіп, сөйлеп-сөйлеп қояды.

Қара шапанды адам: Мен соқырмын ба?

Қызыл шапанды адам: Мен кереңмін бе?

Қара шапанды адам: Жоқ, менің кеудем күибірлеп тұр. Кеудем толы сазды күй...

Қызыл шапанды адам: Менің кеудемнен жыр төгіледі. Тасқынды жыр...

Қара шапанды адам: Алайда, сол күйді құлақ қоя тйңдайтын кісі қалмай бара жатқан сияқты.

Қызыл шапанды адам: Жырдың да қадірі қашты...

Қара шапанды адам: Бізді бұ дүниеде ешкім де елемейді.Ешкім де түсінбейді. Әттең-ң...

Қызыл шапанды адам: (сөзді іліп әкетіп) Әттең-ң... сол бір кеудесінде көзі бар Ана тірі болғанда ғой. Алла тағала оны да көп көріп, арамыздан алып кетті.

Екеуі сахна ортасына келіп отырады.

Қара шапанды адам: (қасындағы серігіне бұрылып) Әй, сен осы кімді айтып отырсың?

Қызыл шапанды адам: Ой, ұмыттың ба? Ұмытып та қалдыңи ба? Балым-Ана...есіңнен шығып кеткені ме?

Қара шапанды адам: Балымды ұмыту мүмкін бе? Есімде, есімде... Сағынамын кей-кейде...

Қызыл шапанды адам: Ананы кім сағынбасын! Ана жұмыс басты пенделердің бәріне де аса қымбат болмақшы екен. Сен соны білесің бе?Әй, сезесің бе сен...

Қара шапанды адам: Ана қадірі дедің бе? Анаға сағыныш туралы айтамысың!.. (сәл тоқтап, ойлана) Ана туралы жер бетінде аңыз көп! Неге олай? Өйткені, Ана – кісіге жарық дүние сыйлаушы асыл жан. Батыр да, шешен де, ақын да, алыпта – бәрі Анадан жаратылған.

Қызыл шапанды адам: Аңыздың бәрі де ең соңында Анаға келіп тіреледі? Осыған таң қалам.

Қара шапанды адам: Ол тектен-тек емес. (Сақалын салалап, отырып қалады)

Қызыл шапанды адам: Мен таяуда бір ән естідім. Ана туралы...

Қара шапанды адам: (күліп) Әй,сен.. сен ол әнді қалай естідің? Өзің саңыраумын дейсің...

Қызыл шапанды адам: Тас керең емеспін. Аздап еститінімді білесің ғой. (сәл тоқтап,ойлана) Бозбала жігіт бір қызға ғашық болады. Қыз айтады: «Егер мені сүйетінің шын болса, онда Анаңның жүрегін суырып әкел, сонда саған тұрмысқа шығамын» дейді. Бозбала еш ойланбастан өз Анасын өлтіріп, оның жүрегін алып, сүйген қызына жүгіріп келе жатады. Сол кезде сүрініп кетіп, қара жерге оңбай құлайды. Қолындағы жүрек талға ілініп қалып, баласына сөйлепті дейді «Балам, бір жерің ауырып қалған жоқ па, тұра ғой, құлыным!» Осыны естігенде Бозбала өзінің әбес қылығын түсініп, өкіріп тұрып жылапты дейді...

Қара шапанды адам: Е, бұл бұрыннан белгілі ән ғой. Соны енді естідің бе?

Қызыл шапанды адам: (қисая сөйлеп) Еһе! Осы күні естігеніңді айтсаң да жақпайсың. Ал, өзің айтшы. Өзің не білуші ең?...

Қара шапанды адам: Мен де бір аңыз естігем. Ол баяғыда-а болған екен. Сүттей ұйып отырған отбасына ғайыптан жан алғыш Әзірейіл келіпті деседі. Оны тек Ана көріпті. Әзірейіл Анаға қарап:

- Не өз жаныңды бересің, әйтпесе ана ер жетіп отырған ұлыңның жанын алып кетемін, - дейді.

Ана қипақтамай, Әзірейілге қарсы қарап сөйлеп:

- Менің жанымды ал – депті.

- Осы соңғы сөзің бе?!

- Иә, соңғы сөзім.

- Жоқ, - депті Әзірейіл. – Сен бұны бір сәттік сезімге беріліп айтып тұрсың. Мен ертең келем. Соған дейін ойлан.

Әзірейіл кетіп қалады. Ана түні бойы дөмбекшіп, ұйықтамай шығады.

Ертеңіне кеш түсе Әзірейіл тағы да келіпті.

Қалай, бір шешімге келің бе? – деп сұрайды. Ана тағыда:

- Менің жанымды ал, - дейді.

- Жоқ, сен әлі сезімнің жетегінде жүр екенсің. Мен ертең келем,-деп, тағы да көзден ғайып болады.

Үшінші күні келген Әзірейіл тағы да:

- Кімнің жанын алам? – деп сұрайды.

- Менің жанымды ал, - дейді Ана тағы да қаймықпай.

- Онда, - депті Әзірейіл. –Мен қазір біреуіңнің қаныңды ағызам.

- Кімнен

Қан бірінші ақса, соның жанын алып кетем.

- Соны айтып, әуелі баласына жақындайды. Ана сол сәтте дереу пышақты алып, өзінің жүрегіне бойлата сұғып жіберіпті дейді.

Ананың мынадай батырлығына таң қалған жан алғыш Әзірейіл:

- Әй, бұның не? – депті. – Мен әзілдеп едім ғой.

Ана үзіліп бара жатып, әзер тілге келіп:

- Ұлым артымда аман қалса болды, өзге еш арманым да, аңсарым да жоқ, - депті.

Баласы үшін өз шыбын жанын қиюға да қаймықпаған Анаға жаны ашып, Әзірейіл инеден оған қайтадан жан бітіруін тілеп, жалбарыныпты...

Қызыл шапанды адам: Алла тағала Әзірейілдің тілегін қабыл көріп пе?

Қара шапанды адам: Қабыл көрді ме, жоқ па – аңыз әңгіме осы жерден үзілді.

Қызыл шапанды адам: Пенделер Ананың шын қадірін түсінбей-ақ қойды-ау осы...

Қара шапанды адам: Жұмақ аналардың табанының астында жатады деседі. Нендей жақсылық істегің келсе де, ең әуелі – Анаға арналуы керек! (сәл тоқтап) Айтпақшы... сен екеуміді ылғи ңъіздеп отыратын, қай кезде де ән-күйімізді тыңдауға ынтығып тұратын Балым кемпір еді ғой. Солай ма?

Қызыл шапанды адам: Иә, иә, дұрыс айтасы, ол бізді үнемі іздейтін.

Қарап шапанды адам: Іздеп қана қоймайтын, бізді тыңдайты, мақтап-мадақтайтын.

Қара шапанды ада: Сенің ақын, шайыр болғаның сол Балымның арқасы...

Қызыл шапанды адам: Ал, сен шебер күйші болғаның да – сол Балымның ықыласы.

Қара шапанды адам: Ол әсіресе менің күйлерімді қатты ұнатты.

Қызыл шапанды адам: Жоқ, ол менің отты жырларымды жақсы көрді.

Енді екеуі күрсіне сөйлейді:

- Е, ол кемпір де өмірді тастап кетіп қалды!

- Біз қалдық жетім болып!

- Жоқ, жетім емеспіз!

- Әй, енді кімге керекпіз? Соқыр мен кереңді енді кім бағалайды? Кімбіз біз?...

Қызыл шапанды адам: (тоғана)

- Жетімбіз, иә, жетімдерміз,

Жетім бола жүріп жетілгенбіз!

Жел соқса – суық өтіндеміз

Жау шапса – шекара шетіндеміз-з...

Біз жетімдерміз-з....

Сахна қараңғыланады.

Бірінші АКТ

Бірінші көрініс

Сахна қазақ жабдықтарымен жабдықталған. Оюлы көрпе, құс жастық, оюлы төсеніш. Жақтауда қамшы ілініп тұр. Төрде – үкілі домбыра. Төрдің дәл ортасында құрақ көрпеше үстінде Балым Кейуана газет оқып отыр.

Балым – Ана: (газетке үңіле түсіп) О,тоба-ай! О, жасаған! «Сәби сатылды» дегені не сандалғаны? Ол мал ма екен?.. Естімеген елде көп деген осы –ау! Шыққыр көз бұны да көріп, тар керең құлақ мұны да естіді-ау! (күрсінеді) Жаратқан ие осы пендесін не үшін жаратады? Бүгінгі ұрпақ жауапкершідік дегенді ойлауды да қойғаны ма, бұл қалай! Ой, сұмдық-ай!...

Осы кезде сахнаға қатар құрбысы-көрші үйдің кемпірі Нәзипа шығады.

Нәзипа: (күйіне сөйлеп) Мен... мен бір бағы жанбаған сорлы кемпір болдым. Маңдайымның соры бес елі екен. (өз басын ұрғылайды)

Балым-Ана: (таңдана) Саған не болған? Бұл не сөзің!...

Нәзипа: Бәрі бітті! Құрыдым-м...

Балым-Ана: Өзің отыршы. Түсіндіріп айтшы маған...

Нәзипа: Түсіндіретін түке те жоқ. Ана Нұрғаным келін...жалғыз немеремді аудандағы жетімханаға өткізгелі жианлып жатыр.

Балым-Ана: Ойбай-ау, оған қой демейсің бе! Онысы несі?...

Нәзипа: Сөз тыңдаса қані! Көкбеттеніп алыпты. (жыламсырап) Қартайғанда көргенім осы ма еді...

Балым-Ана: (басу айтып) Ашумен айтқаны шығар. САбырға келер әлі.. (сәл тоқтап) Бұрын ол келінді көкбет демейтін едің.

Нәзипа: (ашулана) Жоқ! Ол сондай. Өзінің дегенін істемей тынбайды! Баяғылы бері сендерге білдірмей, жасырып келіп ем. Ақыры оның сыры ашылатын болды.(өкси сөйлеп) Немеремді айтсайшы-ы...

Балым-Ана: Құдай-ау, бұл масқара ғой. Қазақта бұрын-соңды болмаған нәрсе...

Нәзипа: Бір қолымның мүкісі басыма осынша азап әкелер деп ойласам кәні! Өз немереңді өзің дұрыстап қарай алмайсың деп...(ойлана) Баяғыда-а... сорлы Шәрипаны екеуміз ортаға алып, әбден қинап едік. Сенің балаңды қасақана өлтіре жаздағаны ше! Сөйтсем, ол да айналайын екен. Ал, мынау...

Балым-Ана: (өзіне-өзі) Шәрипа мені қатты қорқытты ғой... Зәремді алды ғой, қайтейін...

Нәзипа: (таңданыспен) Со шіркін, мен ойлап қарасам...(мүдіреді)

Балым-Ана: Кімді айтасың?

Нәзипа: Сол Шәрипа... сол бар ғой, білуімше сол кезде аздап ауытқығаны сияқты.

Балым-Ана: Е,қойшы! Сен де айтасың-ау!

Осы кезде тыстан Нұрғаным келіннің ащы даусы естіледі.

Дауыс: Біздің үйдің кемпірін көрдіңдер ме? Өзін жер жұтты ма осы!...

Екінші дауыс: Кемпірді неге іздей қалдың, жазған-ау?

Дауыс: Е, сағынып қалды деймісің! Ана немересін қарай тұрсын деп ем. Бір жерге барушы едім.

Екінші дауыс: Ой, тоба-ай! Бүгінгі кемпірлер тек бала бағу үшін ғана керек-к...

Балым-Ана: (күліп) Е, сенің келінің емес пе іздеу салып жатқан! Айбарақ қылып кіріп, зәремді алып ең... Немерең әлі үйде екен ғой, жазған-ау..,.

Нәзипа: (орнынани асығыс тұрып жатып) Қой, ойбай! Мен үйге кетейін. Тездетейін...

Ол сахнадан шығып кетеді. Балым-Ана ойланып отырып қалады.

Әлдеқандай күйдің әуені естіледі. Кейуана күй әуеніне құлақ төсейді. Тыңдай түседі.

Осы кезде сахна түкпірінен тосын дауыс есіледі. Ол-қызыл шапанды шайыр.

Қызыл шапанды адам: (тоғана) Күй!... Күй!... О, шіркін дүние, осы күйде не не құдірет бар екен, а? Неге осы бір тылсым әуен адамды балқытып ала жөнеледі? (сәл кідіріп)

Жүрегіме сол жетті,

Осы ой мені тербетті.

Күй қазақтан туды ма,

Қазақ күйден туды ма,

Осы ой мені тербетті...

Балым-Ана: Әй, сен ... сен тағыда келіп қалдың ба?

Қызы шапанды адам: Мен бағаналы бері сенің жаныңдамын, Мені өзің іздедің ғой.

Балым-Ана: Мен іздедім бе?

Қызыл шапанды адам: Иә! Мен сенің көңіліңнің ішіндемін. Мен өлең оқыдым. Тағы да оқиын ба?

Балым-Ана: Тоқтай тұршы. Өзің де бір сумаңдап... мына күйді тыңдап алайын. Қарашы, жүректі т ербейді емес пе!

Сахнаның бұрышынан Қара шапанды күйшінің сұлбасы көрінеді.

Қызыл шапанды адам: Менің өлеңім де күйден кем емес. Мен былай жазам.

- Айыптама ақынды арақ ішкен...

Шайқатылып жүргені дара күшпен!..

Балым-Ана: Арақ ішсең, жетіскен екенсің. Бар. Бар деймін! Маған қазір сен керек емессің.

Қызыл шапанды адам: Неге керек болмай қалдым! Әшейінде өлеңімді сілтідей ұйып тыңдайтынсың.

Балым-Ана: Қазір күй ғана бойымды балқытып барады. Бар деймін.

Қызыл шапанды адам жоғала береді. Енді Қара шапанды күйшіні тыңдап отырып қалады. Осы сәтте сахнаға бір кемпір шығады. Ол – Шәрипа.

Шәрипа: Әй, кемпір! Нені уайым етіп отырсың?

Балым-Ана: Бұл.. бұл сен бе, Шәрипа?

Шәрипа: Иә, менмін. Түрімді ұмытып қалғансың ба?

Балым-Ана: Жоқ, неге ұмытайын.

Шәрипа: Қазіргі адамдар бал бақытын сезінгісі келмейді. Сол ма уайымың?...

Балым-Ана: (ойлана) Заман-ай! Екеуіміз баяғыда-а... осы бала тағдыры үшін қатты - қатты сөзге келіп қалмадық па!

Шәрипа: (күліп) « Баламды өлтіре жаздадың» деп бұлқан-талқан ашуланып, маған тап-тап бергенің есімде.

Балым-Ана: Өзің ғой. Баламды бесікке тұншықтырып, өлтіре жаздағаның өтірік пе, а?

Шәрипа: Құдай біледі, ешқандай жаман ойым болаған жоқ. Бесікке жабуды қалың жауып қойыппын. Сәби тұншығады деп оламаппын.

Балым-Ана: Мәселе-бесіктегі жабуда емес, сенің алакүлік ниетінде. Сол әдетіңді еш түсіне алмадым ғой мен. Сен неге-е...

Шәрипа: Неге деме, қалай де!

Балым-Ана: Оның айрмасы қайсы?

Шәрипа: Аспан мен жердей. Неге деп қасақана істелген қылмысты сұрайды. Ал, қалай деп... түсініксіз әректті сұрайды.

Балым-Ана: Сенің әрекетіңнің түсініксіз түгі де жоқ. Бәрі де қызғаныштан!... Басқа бір қисық ниеттен...

Шәрипа: Басқаны айтсаң да, қызғаныш демеші. Мен қызғанған жоқпын. Мен оны... (даусы бәсеңсіп қалады)

Балым-Ана: Сен бейкүнә сәбиді неге сонша жек көрдің?

Ал, айт!

Шәрипа: Бәрі де өтті-кетті. Ұлың аман қалды. Енді не арманың бар? (сәл тоқтап) Айтпақшы, сол бала үлкейіп, Алматыда қызмет істейді дей ме?

Балым-Ана: Ол бала... үлкен қызметке қол жеткізді.Қалада тұрады. Құдайға шүкір, Майра келінім де ақылды болып кездесті. Келінім ертеден жалғасып келе жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрді зерттеп, соны жинастырып жүр. Екеуі ауылға келе сала қалса, бір марқайып қалам.

Шәрипа: Ал, мен... (жыламсырайды) Мен арманмен өмір өткізге бейбақ болдым ғой.

Балым-Ана: Арман ескіре ме екен! Арман өтіп кете ме екен! Бала таба алмасаң, енді заман өзгерді. Бәрінде шешуге болады ғой.

Шарипа: Сонда маған... бала асырап ал дегенің бе бұл?

Балым-Ана: Сөйтсе қайтеді екен! Оның несі айып?

Шәрипа: Біреудің баласы бойыңа сіңе ме? Бөтеннің қаны...

Балым-Ана: Ал, тәрибесі ше! Сенің тәрбиеңді көріп өспей ме?

Шәрипа: Сексенге келіп қалдым. Енді сәби асырау деген...

Балым-Ана: Ешуақытта ештеңе кеш болмайы. Алла-тағала құп көрсе, арғы жағы өзінен-өзі орайласып жүре бермекші.

Шәрипа: Ту-у, көңілімді көтеріп жібердің ғой. Ойланайыншы. Үйге барып тағы да қабырғаммен кеңесейін.

Ол сахнадан шығып кетеді.

Балым-Ана – жалғыз. Тағы да газетке үңіліп отырады.

Балым-Ана: О, тоба! Мынадай бала сатқан сұмдықты естігенше шыққыр көзім шығып, құлағым неге тас керең болмайдв! (ойнала түсіп) Жаңағы Нәзипа не деп кетті, а? Келін немеремді жетімханаға өткізбекші деді ме? Мамыражай ауылға да жеткені ме мына сұмдық!...

Осы кезде сахнаға Керең шайыр мен Соқыр күйші бір-бірін жетелеп шығып келе жатады. Балам-Ана слек етеді.

Соқыр күйші: Әй, замандас, «құлағым тас керең болсын» дегенің не сөз! Ол аз десең «шыққыр көзім» дедің...

Балым-Ана: Ойбай-ай, сендер естіп қалдыңдар ма! Мен газет оқып отырып, байқамай айтып жіберіппін.

Керең шайыр: Тас керең болсаң жетімсерсің.

Соқыр күйші: Көр соқыр болса, қорлықты сонда түсінерсің.

Балым-Ана: Жоқ, мен сен екеуіңді олай деп ойлдамаймын.

Керең шайыр: Менің құлағымның мүкісі болса да, кеудемнің құлағы бар. Жырды кеудедегі құлағыммен естіп жазамын.

Кеудемнен сөз төгіледі,

Әсем жыр боп өріледі...

Өзіме – өзім сауал берем,

Жырлаймын деп неге, нені!...

Соқыр күйші: Менің саусағымның көзі бар...

Балым-Ана: Әй, екі қақпас! Сендер менің көңілімді сұрағалы келдіңдер ме, жоқ басқа бір жымысқы оймен келдіңдерме!

Соқыр күйші: Әрине, сенің жағдайыңды біле кетейік деп кірдік. Түнде жақсы ұйықтадың ба?

Балым-Ана: Әйтеуір тағы бір түн өтті ғой.

Соқыр күйші: Сенің бақытың – көзің су қараңғы емес. Газет оқисың. Жер-жаһандағы жаңалықтарды біліп отырасың.

Балым-Ана: Менің де көзім ауырады. Тек тиіп-қашып оқығаным болмаса...

Керең шайыр: Сексен аз жас емес...

Соқыр күйші: Кеше немерем екеуімізз мал іздеп шығып, ана ай астындағы алтын шаһардың жанынан өттік. Ол жақта бізді ешкім іздеп жатқан жоқ секілді.

Керең шайыр: Көзімен көргендей болып сөйлейді,ә!

Соқыр күйші: Е, жанымда немерем бар демедім бе!

Балым-Ана: ойбай-ау, өзің жұмбақтап сөйлейтін болып алыпсың ғой. Алтын шаһарың өай шаһар?

Соқыр күйші: Е, ұмытып қалғаның ба? Баяғыда-а...ана ауыл сыртындағы «Ақатаны» - әлі ата-бабалар мәңгі мекенін тапқан орынды осы сен емес пе ең «Алтын шаһар» деп жүрген. Түнде ол ауылда шырақ жанады. Ай астындағы алтын шаһар деп сол жақты айту керек деген кім екен?

Балым-Ана: Е-е, сол ма? Қайдағы-жайдағыны ұмытпайды екенсің. Ол бірайтыла салған әңгіме еді.

Соқыр күйші: Жоқ, ол бос сөз емес. «Ақата» расымен-ақ «Ай асытындағы алтын шаһар». Әсіресе, жас ұлғайған шақта ойлайтынымыз тек сол жақ...

Балым-Ата: Кәрілік – керек жас емес екен. Бұл құрғыр кім-кімге де қадірсіз жас...

Соқыр күйші: Тек кірілік пе екен! Өзіңді-өзің керексінбесең, мына фәни түкке тұрғысыз. Сөйлесең – мылжыңсың, үндемесең – мақаусың...

Балым-Ана: Оу, сол мақау болаған да дұрыс па деймін осы күні! Ауыздан шыққан сөздің жайы бола бермейді. (сәл тоқтап) Ана, Мылқауды айтам да. Ешкімде шаруасы жоқ, өзімен-өзі.

Соқыр күйші: Керең болсаң – көңілің тыныш.

Керең шайыр: Әй, мен ауыз қимылыңнан байқадым. Керең болсаң жетісерсің. Тірлікте түйіткіл көп. Ең абзалы – түк көрмеген дұрыс-ақ.

Балым-Ана: Ойбай-й, сендер не деп кеттіңдер. Бірің тас керең, бірің соқыр болып, жатып алсаң, мына ел-жұрт не болады! Ұрпағымыз кім болып өседі! Сендерді де шал дейді-ау!...

Соқыр күйші: (Кейуанаға) Сенің жаңағы сөзің менің ойымды тас-талқан етті. «Сәби сатылады» дедің бе? Баланы өз қолымен жетім етіп... (сәл тоқтап, қамығып) Әкелші ана домбыраны!... (Керең шайырды түртіп қалады)

Керең шайыр: Ойбай, не болды?

Соқыр күйші: Әперші ананы... (қабырға жақты нұсқайды)

Керең шайыр: Оны не істемексің, жазған-ау! (орнынан тұрып, қамшыны алып береді)

Соқыр күйші: Ой, есуас! Қамшы емес, домбыра керек. Күй тартамын-н...

Керең шайыр: Е, солай демейсің бе! (сосын домбыраны алып береді)

Соқыр күйші: Күй тыңдаңдар! (Ол «Жетім бала» күйін тартады)

Кейуана мен Керең шайыр күй біткенше балқып, тыңдап отырып қалады. Күйді аяқтай бере Соқыр күйші күйіне, ашына сөйлейді.

Соқыр күйші: Жер бетінде жетімдер болмасын десек, адамдардың жүрегіне жылылық нұрын құю ләзім. Тас жүрек адамдардан арылмай болмайды.

Керең шайыр: Мына сен секілді ме!(күледі)

Соқыр күйші: Апыр-ай, осының саңырау екені өтірік. Естімейтінді естіп қояды.

Балым-Ана: (күле сөйлеп) Ту-у, көңіілм құлазып отыр еді, екеуің көтеріп тастадыңдар ғой. (сәл тоқтап) Осы сен домбыраны қалай жаңылыспай ойнайсың?

Соқыр күйші: Мен жүрекпен ойнаймын.

Керей шайыр: Бұл... бұл жаттап алған ғой. Жаттанды күйші...

Балым-Ана: Әзілдеріңе болайын. (күледі) Ел не десе о десін, екеуіңнің де кеуделерің күмбірлеп тұр. (сәл тоқтап) Әттең, адам біткен сен екеуіңдей болса ғой...

Керең шайыр: Мендей адам жоқ!

Соқыр күйші: Ой, мақтаншағым-ай! Сен керең кімге керек ең осы...

Керең шайыр: Менің керең болғаным түк емес, мына қоғам керең болмасын де.

Балым-Ана: (сөзді іліп әкетіп) Рас, осы күні қоғам керең бола бастаған сықылды. Адамдар қатыгез! Бір – біріне жақсылық жасауға құлықсыз!

Керең шайыр: Қоғам соқыр бола бастады.

Соқыр күйші: Жоқ, қоғам - тас керең.

Балым-Ана: Ал, сен екеуің ше? Бір-біріңе сенесіңдер ме?

Екеуі жарыса сөйлеп:

- О не дегенің?

- Біз неге өзара жауласуымыз керек.

Балым-Ана: Адамдарды аздырып бар жатқан – бір-біріне деген сенімнің жоғалуынан.

Екеуі жарыса сөйлеп:

- Ондай әңгіменің бізге қатысы жоқ;

- Екіжүзділер өзімен-өзі кетісн.

Балым-Ана: Әттең, барлық уақытта солай болса ғой. Қызғаныш, күңшілдік біржола жоғалса ғой... (сәл тоқтап) Осы күні ұрлық-қарлық көбейді.

Керең шайыр: (сөзді бөліп) Осы ұрлық дегенің әлгі шетелде кәсіп болып саналады деседі.

Соқыр шайыр: Онда жетіскен екен! Ұрлықты кәсіп десе, адам өтіруді де кәсіп көретіндер бар болар.

Керең шайыр: Ондай ел де бар екен...

Соқыр шайыр: Адам өлтіруді де кәсіп ете ме? О, тоба-а!...

Керең шайыр: Шетелде баланы саудаға салып, сатып алған соң оның ішкі құрылысын бөлшектеп, қайта сатады дейді.

Балым-Ана: (үрейлене) О, сұмық! О, құдай тас төбеңнен ұрғырлар-р...

Соқыр күйші: (Керең шайырға) Сен де айтасың – ау! Өз көзіңмен көргендей...

Керең шайыр: Е, естиміз ғой.

Соқыр күйші: Қағыс естіген боларсың.

Балым-Ана: (сөзге араласып) Ойпырмай-й, өстіп таласа кететіндерің-ай! Қойыңдар, түге! Екеуің де мықтысыңдар. Сендерге жан жетпейді.

Соқыр күйші: Осы ұрық-қарлық та тоқтықтан. Әйтпесе адамға не жетпейді? Баяғыда-а... Соғыс кезінде осы ауылда ұрлық болды ма? Есігіміз ашық-шашық жата беретін.

Керең шайыр: Әй, осы соғыс демекші... Балым-ау, Нұрхан ағаң сол кеткеннен мүлде хабарсыз кетті-ау. Соны ешкім іздемеді.

Соқыр күйші: Нұрханмен бәрге көрші ауылдан Бозтай деген жетім жігіт те аттанған. Ол да хабарсыз кетті.

Балым-Ана: Ол ма!... Олар шейіт болғандар-р...Олардың жаны әлдеқашан жұмақта...(мұңая, күрсініп отырып қалады).

Соқыр күйші: (қуақылана) Е, неге мұңая қалдың? Ішіңде құпия бір аңсау бар екенін біз де білеміз!

Керең шайыр: Ағасы Нұрханды аңсағанын айтасың ба?

Соқыр күйш: О, сорлы! Ағаны аңсамайды, сағынады. Ал аңсайтын адам - ол... (жымияды)

Балым-Ана: Сен енді мені мазақ етіп отырсың.

Соқыр күйші: (қуақылана) Мазақ етсем, жаным шықсын. Ана жігітті әлі де аңсайтының өтірік пе? Сол бір жылдары әлгі солдаттан хат алды деп те естігенбіз.

Балым-Ана: Ал, хат жазыпты! Ал, онда тұрған не бар? Осы әңгімені әрлі-берлі бұрып айтудың жөні қайсы? Жасымыз сексенге келді.

Соқыр күйші: (күле сөйлеп) Сексеннен соң әйелдің екінші тынысы ашылады депті ғой данышпан... Хи-хихи!..

Керең шайыр: Махаббат ескірмейді! Махаббат – қартаймайды!

Балым-Ана: Отанды қорғауға аттанып, оралмай қалған солдатты қай-қайсымыз сағына, сарғая аңсап күтсек те жарасады. Оның несі күлкілі?

Соқыр күйші: (қуашыланып) Бұл аңсау ол аңсауға ұқсамайды-ы...

Балым-Ана; Саған еш дауа жоқ екен!... (сәл тоқтап)Ау, айтпақшы әлгінде маған Назипа келіп кетті. Әлгі келіні құрғыр жалғыз немерені жетімханаға өткізем деп қиғылық салып жатыр деді ме...

Соқыр күйші: Ақыры осылай боларын өзім де біліп ем.

Балым-Ана: Бұ не сөзің?

Соқыр күйші; Келін жас. Күйеуі қайтыс болды. Енді қайтпек?

Балым-Ана: Сонда-а... ана немеренің обалы жоқ па!

Соқыр күйші: Келінді баяғылы бері әмеңгерлік жолмен бір еркекке қосу керек еді. Сонда бәрі де шешіліп тұр ғой.

Керең шайыр: (сөзге араласып) Әңгіме – Нәзипаның шайпау келіні туралы ма, а?

Соқыр күйші: Өзің шайпау! Күйеуден жастай жесір қалсаң, сені де көрер ем...

Керең шайыр: Мен күйеуден қалатын қатын емеспін.

Соқырт күйші; Мысалы дегенім. Мысалға айтқаным.

Балы-Ана: Ой, сендер де... Одан да ана Нәзипаның келінін сабырға қалай шақырасыңдар. Соны ойламайсыңдар ма?

Ана екеуі жарыса сөйлейді:

- Бізді тыңдайтын кім бар!

- Соқыр мен Керең кімге керек!

- Көзге ілінбейміз де.

- Бізді көріп, сөйлесетін тек өзің ғана...

Соқыр мен Керең бір-бірін жетелеп, сахнадан шығып бара жатады.

Керең шайыр: (өлеңдетеді)

Жырдың да аты – махаббат,

Сырдың да аты – махаббат!

Адамның нәзік жан сыры

Тек осылай аталад!... (шығып кетеді)

Балым-Ана: (енді селк етіп) Әй, осы маған не болған! Жаңағы екеу қайда жоғалды? Болды ма осы арада?... Менің баяғыда-а... уақытпен көміліп қалған махаббатымды еске түсіріп... (сәл тоқтап) Оу, Бозтай ! Сен неге ұмытылмайсың? Неге менің ішкі нәзік сезімімді мазалай бересің? Бұның қалай сенің-ң...

Сахна қараңғылана береді.

Екінші көрініс

Ұлы Отан соғысы басталған кез. Аудан орталығындағы станса басы. Жұпыны киінген адамдар. Жиылған жұрт бір топ жас жігітті майданға шығарып салып тұр.

Көптің арасынан Нұрхан мен Балым бөлек шығады. Екеуі бір-біріне қимай қарасып тұр. Қоштасар сәт.

Нұрхан: Келші Балым,бетіңнен сүйейін,

Балым: (оған еркелеп) Аға, аман-есен орал.

Нұрхан: Жауды жеңбей оралмаймын.

Балым: Аман-сау қайтып келемін деші.

Нұрхан: Жеңістің жалауын көтеріп жетемін бұл елге!

Балым: Сені сағына күтемін.

Осы кезде Нұрханның жанына келген қиылта мұрт қойған әсем жігіт сөзге килігеді. Оның аты – Бозтай.

Бозтай: Мен де сенің маңдайыңнан иіскей алсам ғой!

Балым: Не үшін?(күледі)

Бозтай: Сендей қарындасым болып, мені соғысқа шығарып салмады ғой деп армандап тұрмын.

Нұрхан: (сөзге араласып) О-о, екеуің тез тіл табысып бара жатқан сияқтысыңдар ғой.

Бозтай: Осындай ақылды қарындасы бар жігіт – дүниедегі ең бақытты жігіт.

Нұрхан: Тым асыра мақтап жіберген жоқсың ба?

Бозтай: Еш артықтығы жоқ.

Нұрхан: Жә, көңіліңе рахмет.

Осы кезде Нұрханды көпшілік арасынан бір кісі дауыстап шақырады. ОЛ солай қарай кетеді.

Бозтай: (Балымға жақындай түсіп) Айнаалайын қарындасым, сені сағынуға бол ма?

Балым: (күліп) Сағына беріңіз.

Бозтай: Хат жазуға бола ма?

Балым: Сәбет солдатына «жоқ» деуге бол ма екен!

Бозтай: Түсіндім. Саған көп-көп рахмет.

Балым: (қымсына) Не үшін?

Бозтай: Мені тез түсінгеніңіз үшін.

Балым: Сіз де есен-аман оралыңыз.

Бозтай: Уәде етемін. Ораламын аман-сау!

Осы кезде дауыс естіледі.

Дауыс: Жолдас жауынгерлер! Қоштасу уақыты аяқталды.Вагонға кіріп отырыңыздар. Поезд қазір қозғалады.

Солдаттар поезға мінуге асығады. Станса у-шу болады.

Сахна қараңғыланады да, қайта жарық жанады. Осы кезде сахнаға кіші келіні Айман шығады. Енесі өзімен-өзі күбірлеп сөйлеп отырады.

Балым-Ана: (өзіне-өзі) Шірікн, сол жас жігіт Бозтай неге біржола хабарсыз кетті екен? Соғысқа кірген кезінде бір рет хат жазып еді. Жан сырын айтып, төгіле жазған еді. Оған жауап та жазып ем. Ал, содан соң... Неге жауап келмеді? Неге хат біржола үзілді,а? (сәл тоқтап) Әлде ол да... ағатайым Нұрхан секілді оққа ұшып, жер құшты ма? Ағам да, Бозтай да маған аман-есен ораламыз деп уәде етіп еді, бірақ сөздерінде тұра алмады. Мені олар... алдады.

Айман: (енесіне тақап кетіп) Апа, кіммен сөйлесіп отырсыз?

Балым-Ана: (селк етіп) Мен жәй... әлдене есіме түсіп кетіп (қайтадан газетке үңіліп) Сәби сатамыз дейді ә! Ойпырмай-й...

Айман: Апа, кім сатам дейді.

Балым-Ана: мына газеттегіні айтам да. Бұ заман не боп барады!

Айман: Не туралы жазыпты?

Балып-Ана: Әлдебір елді әлдебір екі жас әлі дүниеге келмеген сәбилерін сатпақ боп...(газетті Айманға ұсынып) Мә, өзің оқышы!

Айман: (газетті қолына алып, оқи бастайды) «Чилилиік жас жұбайлар Хуан мен Каролина әлі дүниеге келмеген балаларын аукционға салып сату үшін жарнамаберіпі...» (тұтығып) Мұнысы несі? Бұл не сұмдық!

Балым-Ана: Жағамды ұстадым ғой. Бала сатып не істемек?

Айман: (газетті әрі оқып) Әлгі екі жас жұбай балаларын аукцион арқылы көп ақшаға сатып, сол ақшаға жеңіл автокөлік пен жер сатып аллмақшы болыпты.

Балым-Ана: О, төбеңді көрмегірлер! Құдайдан безген екен де. Әйтпесе, о заманда бұ заман баланы саудалап,баюды қай оңбаған кәсіп етіпті десейші.

Айман: Өткен жолы келгенд Шымкенттегі ортаншы келініңіз Райхан айтты. Қаладағы күл-қоқыс арасынан біреулер жас шарананы тауып алыпты. Анасы құндақтап, сонда тастап кетіпті.

Балым-Ана: О, тексіз немелер!

Айман: Ал, ана Алматыдағы Майра келініңіз айтады. Бір жалғыз басты келіншек өз баласын өз қолымен өлтіріп...

Балым-Ана: (сөзді бөліп) О, жүрексіз немелер! Айтпай-ақ қойшы, жүрегім шаншып кетті.

Айман: Қазір осындай қатыгез Аналар көбейіп бара жатыр.

Балым-Ана: Бұның бәрі де - махаббаттың жоқтығынан. Келін күйеуін шын сүйе алмаса, онда сәбиіне де салқын болмақ. Суып қалған көжедей... (сөзінің соңын жұтады)

Айман: Соны айтам да. Өтіп, сәбиді қинағанша, тумай-ақ қойса болмай ма!

Балым-Ана: (оған жалт қарап) Тәйт! Алла-тағала әйелді бала табу үшін жаратқан. Пұшпағы қанамаған әйел әйел емес. Ондайларды Ана деуге де болмайды.

Осы кезде сахнаға көрші кемпір Нәзипа шығады.

Нәзипа: «зарлы дауыспен) Ойбай-й, енді не бетімді айтамын. Масқара болдым ғой мен...

Балым-Ана: Тағы не боп қалды?

Айман: Мұныңыз не?

Нәзипа: Соры қайнаған сорлы кемпір мен-ақ екенмін.

Балым-Ана: Айтсаңшы енді...

Нәзипа: Ана келін... біздің Нұрғаным келінді айтам...Өз сәбиін өзі... (тұтығып қалады)

Айман: (шошына) Көтек! Ол сәбиіне не істепті? Өлтіріп қоймаған шығар!

Нәзипа: (қинала) Бұдан да өлтіре салғаны дұрыс болатын еді. Аудан орталығына кетіп еді, ақыры жетімханаға өткізіп қайтыпты.

Балым-Ана: (күйіне) Әй, онысы несі! Мен жәй ашу үстіндегі сөзі ме десем... Осындай мамыражай заманда о не қылғаны...

Нәзипа: Өзім де білемін. Жалғыз ұлдан онда айырылдым. Енді жалғыз ұлдан қалған баланы да көре алмайтын сияқтымын.

Айман: Нұрғанымға не болған! Онысы несі!

Балым-Ана: Өзімен сөйлестің бе?

Нәзипа: Көрші ауылда сүйгені бар дей ме! Соған тұрмысқа шығар болса, кесірін тигізеді екен. (жыламсырап) Ана Шәрипа сорлыны айтам да. Бала-бала деп ғүмыр бойы арманмен өмір сүрді. Ал, біз болсақ...

Балым-Ана: «Өзің кете бер. Жолың, әне! Ал, баланы үйде қалдыр» демедің бе?

Нәзипа: Айттым ғой. «Сен бала баға алушы ма ең, бір қолың анау...» деп өзіме тиісті. Тыңдар құлақ бар деймісің...(жыламсырайды).

Айман: (өзіне-өзі) Мұнысы несі! Ұяттан жұрдай болған екен-ау бұл Нұрғаным... Жолығайыншы өзіне...

Айман сахнадан шығып кетеді де, Балым пен Нәзипа екеуі оңаша қалады.

Нәзипа: (басын ұрғылап) не істеймін! Қайтемін енді,а?...

Балым-Ана: (жалт қарап, көзін сүртіп) Сен сабырға келші. Бір ақыл айтсам-тыңдайсың ба!

Нәзипа: Ол қандай ақыл?

Балым-Ана: Сол сәбиді... әлгі немереңді айтам. Соны Шәрипаға тәрбиелеуге берсек ше!...

Нәзипа: (шощына) Ойбай, о не дегенің! Немерем үйге сыймай жатыр деп пе ең! Еркіме салса, өзім-ақ асыраймын ба!

Балым-Ана: Сенің балаға икемің жоқ қой. Келін соны біліп, осындай әрекетке барды ма дегенім де...

Нәзипа: (ашулана) Кім? Мен бе икемсіз! Иә, сонда ана Шәрипа баланың бабын жасап ала ма екен! Өмірі пұшпағы қанап көрмеген сорлы... (сәл тоқтап) Ол тіпті сенің балаңды өлтіре жаздағанын ұмыттың ба?...

Балым-Ана: (ойлана) Әрине, ұмытқам жоқ. Бірақ, одан бері талай зан өтті..

Нәзипа: (көзін сүртіп) Оның бір әңгімесі есімде қалыпты. Маған айтты: «Мен кей-кейде өзімді-өзім түсінбей кетем. Айналадағы адамдардың бәрі де маған жау сияқты болады. Жұрттың баласы көзіме құбыжық болып көрінеді» Сонда мен сұрағам: «Өзіңді-өзің билей алмай қаласың ба?» Шәрипа айтатын: «Өз билігім өзіме тимей кетеді. Көзімнің алды қарауытады. Ойыма не келсе, соны істегім келеді»

Балым-Ана: Ал, маған басқаша айтатын: «Шіркін, Алла-тағал маған да бір шарана сыйлап, соның өсіп, азамат болғанын көрсем ғой» дейтін. Мен оған: «Неге болмасын! Әлі-ақ сәби сүйесің» деп жұбату сөз айтушы ем. Ол сондайда кәдімгідей-ақ қуанып, шаттанып сала беретін.

Нәзипа: Оны түсіну өте қиын. Әр күні мінезі әртүрлі. Бірде аңқылдақ, ақкөңіл. Ал, енді бірде... қабағынан қар жауып отырады. «Неге?» деп сұрасаң, өзі де түсінбеген белгі байқатып, иығын қиқаң еткізетін.

Балым-Ана: (өзді бөліп) Сонда-а... ол бейбақ аракідік расымен ақыл-естен адасатын болғаны ма? Бәсе-ау, менің баламды өлтіре жаздағаны содан екен ғой.

Нәзипа: Ол бейбақты кей әрекетіне бола кінәлауға болмайды. Оның осы құпиясын ешкім де біле алған жоқ.

Балым-Ана: О,тоба! Мына заман не боп барады! Кеселдің де түр-түрі көп бо барады! Сау деген адамың – сау емес. Есі дұрыс деген адамың – есуас...

Нәзипа: (кіжіне сөйлеп) Менің келінім де сірә, сау емес. Есі дұрыс болса, өстер ме еді! Бұнысы несі оның.. Бетім-ау, енді қайттым...

Балым-Ана: Сен менің айтқанымды ойланып көр. Әлі де кеш емес...

Сахна қараңғылана береді.

Үшінші көрініс

Сахнада Нұрғаным жалғыз отыр. Шашы дудырап кеткен. Өзі көңілсіз.

Нұрғаным: (өзіне-өзі) Осы істегенім дұрыс болды ма, әлде жоқ па! Елде жоқ іске тәукел еттім. Арты не болар екен! (сәл тоқтап) Е, мен бе екен кінәлі! Енем де бір сорлы. Өлер күйеу өлді, енді мен не істеуім керек. Жап-жаспын. Артында қалған ұрпағы деп жас шарананы құшақтап отыра берем бе! Сонда... менің ендігі тағдырым не болады? Мен мына жарық дүниеге тек азап көру үшін келіппін бе?...

Осы кезде сахнаға Айман шығады.

Айман: (ашулана сөйлеп) О не қылығың, Нұрғаным! Баланы аямайсың ба?

Нұрғаным: (шаптығып) Күйеуің жаныңда, балалардың аяқтанды. Менің жағдайымды түсінуші ме ең!

Айман: Келін болған соң, оның өз тәртібі бар. Оған көнуің керек.

Нұрғаным: Әмеңгер біреу табылады демексің бе! Ол қашан болды? Және кім болады? Мен қаусаған кәрі шалға тимеймін.

Айман: Ел ішінде келін болу-оңай іс емес. Біз де жастау кезімізде көп қиындық көрдік. Бәрі де артта қалды.

Нұрғаным: Мен шыдай алмаймын. Қазір заман басқа.

Айман: Сонда сөз байланысып қойған жігітің бар ма? Ол кім?

Нұрғаным: Бар. Бірақ қазір айтпаймын.

Айман: Өзің біл. Тек алданып қалып жүрме.

Нұрғаным: Ол жігіт мен десе ішкен асын жерге қояды. Бүгін барам десем де қарсы емес.

Айман: Бәрібір алды-артыңды барынша ойлап ал. Әйел жолы-жіңішке...

Нұрғаным: Жіңішке болып жарығаным қайсы? Енді жуан болам. (екеуі де күледі)

Айман: (енді мұңая) Кейуана сырқат. Үйден кісі үзілмейді. Шаршап та жүрмін.

Нұрғаным: Абысындарың ше? Олар келе ме?

Айман: Иә, бәрі де келе жатыр.

Нұрғаным: Міне, бұл өте оңтайлы сәт екен! Кепмірдің қатты науқастанғанын пайдаланып қалу керек.

Айман: (таңдана) Қалай? Не үшін?

Нұрғаным: Өз пайдаңды ойла, жеңеше! Қашанғы үйді күзетесің! Сіз де бой жазып, қала қыдырып дегендей...

Айман: Бізге қалай қайда? Қыдыру қайда?

Нұрғаным: Ана абысындарға жүкті аударып салыңыз. Көрсін олар да.

Айман: Сонда... сенің айтпағың...

Нұрғаным: Иә,иә! Дәл таптың. Тез түсіндің.

Айман: Мен нені түсініппін?

Нұрғаным: Нені ойласаң, менің де ойым сол.

Екеуі де күледі.

Сахна қараңғылана береді де, қайта жарық жанғанда – сахнада Балым-Ана мен Айман.

Айман: Апа,мен сіздің көңіліңізден шыға алмадым ғой, ә!

Балым-Ана: (сөзін бөліп) Бұл не сөзің?...

Айман: (мұңайы) Үйкүшік келін болып қалып қойдым ба дегенмі ғой.

Балым-Ана: Мен алпысқа толғанша осы шаңырақтың табалдырығынан ұзап көргем жоқ. Құдайдың берген сегіз баласын бағып-қақтым. Ұл өсті, қыз бойжетті. Отағасы өмірден озған соң, ұл-қыздарыма қыдырдым. Ел араладым. Ешкімнен қалғам жоқ. Ештеңеге кешіккем жоқ.

Айман: Өзгелер мені ақымақ санайтын сияқты, кей-кейде соны ойласам өзегім өртене жаздайды.

Балым-Ана: Ой, ақылсызм-й! Күледі емес, қызғанады.

Айман: (жалт қарап) Солай ма, апа?

Балым-Ана: Өз бақытыңды өзің қадірлей біл, қарағым!

Айман: Ал, мен кейде өзімнен-өзім күйзеліп... Ренжіп...

Балым-Ана: Кісінің өзінен-өзі күйзеліп кететін кездері де болады. Бірақ, ол бір сәттік қана...

Айман: Ал, мен сондай ойлардан ажырай алмай ұзақ-қ қиналдым.

Балым-Ана: Сайтан ойлар кісіні жақсылыққа бастай бермейді. Одан тым сақ болмақ керек.

Айман: Апа, мен сізге мүлдем арқа сүйеп кетіппін.Өзіммен-өзім қалсам, қайтер екем! Сіздей ақыл-кеңес беретін енелер де енді жоқ.

Балым-Ана: Мына Нәзипа, ана Шәрипа да – кепірлер.

Айман: Бірақ... (сәл мүдіріп) Сізбен сол кісілерді салыстырып көрсем... Айтатын ақылын салмақтап көрсем...(сөзінің аяғын жұтады) Осы кезде сахна кішкене қараңғыланады да, бір шеттен Шәрипа апа көрінеді.

Айман: Есенсің бе, апа?

Шәрипа: Шүкір, қарағым! Өзің көңілсізсің ғой. Не болды саған?(сәл тоқтап) Ә, түсіндім. Ана енең бе? Сол ма?

Айман: Апамның қатысы жоқ. Мен өзім...

Шәрипа: Сол кемпірді түсінбей-ақ қойдым. Келінді алақанға салып отырмай ма екен,а!

Айман: Алақанға салу – келін үшін керек пе екен!

Шәрипа: Сенің ақылың бір басыңа жетеді. Әттең, маған келін болғаныңда ғой, үлде мен бүлдеге орап қояр ем.

Айман: (күліп) Сізде ұл жоқ қой.

Шәрипа: Соны айтам да. Құдай маған бір ұлды да қимады.Ал, енді ұлым болып, келін түсірсем, хор қызындай етіп күтер едім.

Айман: Сізге кеоін болғым кеп кетті.

Шәрипа: Ана кемпір... алжиын депті. Оның бар айтқандарын тізбелеп құлаққа іле берме.

Айман: (жымиып) Сонда қайткенім дұрыс?

Шәрипа: Өз көңіліңнен сұра. Ойыңда не бар, соны жүзеге асыруға тырыс.

Айман: Келінге олай етуге бола ма?

Шәрипа: Неге болмайды? Келіннің де сезімі, ойы, арманы болады дегенди.

Айман: (күлімсіреп) Айттым ғой, сізге келін болғанымда...

Шәрипа: Е-е, кісі арманы орындала бере ме! Тағдыр деген өте қатал. Біреуге арман болғанды біреуге оп-оңай бере салады. Алайда сол қолыңдағы бақты қадірлей білмейтіндер көп.

Айман: Дұрыс айтасыз! Ақылсыздар мен ақымақтар тым көбейіп барады. Қадіріңді түсінетіндер жоқ десе де болады.

Шәрипа: Білем! Білем! Отынмен кіріп, күлімен шығып жүрсің. Сенің қадіріңді түсінер заман да келер.

Айман: Айтпақшы, апа, мен осы күні момын болудан шаршадым. Үндемегенді түсінетіндер мына жарық жалғанда жоқ екен.

Шәріпова: Енді енеңмен ашық сөзге көш. Ә десе, мә де! Сода еңсең биік болады. Сөйт. Солай ет! (дауыс жоғала береді)

Арман: (ышқына) Жоқ! Мен олай ете алмаймын! Мен ондай емеспін, апа...

Қайта жарық жанады. Сахнада – Балым-Ана мен Нәзипа.

Балым-Ана: Келіндерге керегінше қаталырақ болғаным рас. Ақыл үстіне ақыл қосса дедім. Парасат үстіне парасатты бола түссе дедім.

Нәзипа: Сен тым қаталсың! Талабың тым биік. Сосын да ана Алматыдағы, ана Шымкенттегі келіндерің ауылға жиі келмейді.

Балым-Ана: Менен қаша ма? Ойбай-ау, не дейді мынау!...(жөтеледі)

Нәзипа: Олар ғана емес, қолыңдағы келінің де көңілсіз жүреді. Оған не себеп? Айтшы өзің...

Балым-Ана: (ренжи сөйлеп) Саған не жоқ! Сен де ескінің көзі емес пе едің! Баяғыда біз келін боп түскенде осы ауыл қандай еді. Қайнағалардың алдын кесіп өтпейтін ек. Абысын-ажынмен өте тату ек. Ойлағанымыз – осы ауылдың абыройы болатын. (сәл тоқтап) Заманды бұзатын – адам... Тәртіп пен иба кеткен елде берек де болмайды.

Нәзипа: Ол кез басқа болды. Қазір басқа уақыт. Екеуміз де қартайдық, ендігі жол – жастардікі.

Балым-Ана: Жастарға жол беруге болар-ақ еді, алайда сол жолды дұрыс алып жүрер кімің бар?

Нәзипа:Әй, қыз, мен бірнеңе түсінсем – сен үйдегі билікті әлі де өз қолыңнан шығарғың келмейтін сияқтысың. Мен үй билігін баяғыда-ақ келінге беріп құтылғам.

Балым-Ана: Сен...сен өз басыңның тыныштығын тым ерте ойладың. Отбасы тізгінін жол-жөнекей кім көрінгенге ұстата салуға болмайды.

Нәзипа: (шырылдап) Сонда менің келінім кім көрінген болды ма!

Балым-Ана: (қатты шуланып) Әй, Нәзипа, мен солай дедім бе? (сәл тұтығып) Әулет абыройын салиқалы әйел ғана ойлай алады. Тәйтік келін әйтеуір бір күні әулеттің түбіне жетеді.

Нәзипа: (ашу шақыра) Сен осы менің келінімді неге жек көресің?

Балым-Ана: (күліп)Жоға! Неге жиырыла қалдың?

Бұл өз ретінде қарай айтылған әңгіме. (тоқтап) Айтпақшы, өткен жолғы ойымды құп алдың ба,а?

Нәзипа: Немерем туралы ма? Жоқ, мен оны өлсем де Шәрипаға бергізбеймін.

Балым-Ана: Ең болмаса көз алдыңда болады дегенім еді...

Нәзипа: Бүйткен ақылыңа болайын. Өзің кітапқа көп қарап, қияли болайын депсің...

Балым-Ана: Кітап деген – алтын қазына! Айтпақшы ,анада аудандағы ауруханаға жатып келдім ғой. Сол жолы бір кемпірмен бөлмелес болдым. Сол кемпір айтады, «мен өмірімде бір кітап оқып көрген емеспін» дейді. Мен әзілің болар десем, жоқ шын айтам деп қарап-п тұр.

Нәзипа: Оқымаса, оқымаған шығар.

Осы кезде сахнаға Айман шығады.

Айман: (сөзге араласып) Бізге де апам кітап қарамайсыңдар деп ылғи апам зекиді.

Нәзипа: Бұның дұрыс емес. Адам тек кітаптан ғана үйрене ме екен?

Балым-Ана: Енді қайдан! Қайдан үйренбексің. Кітап – ибалықтың кілті! Кітап – имандылықтың бастауы! Кітап...кітап...

Нәзипа: (оның сөзін бөліп) Шын қияли болуға айналып-сың. Сенен қорқайын дедім. Баяғыда сен туралы ана Шәрипа да айтып еді. Бұл қияли болып кететін шығар деп...

Балым-Ана: (қинала сөйлеп) Иә, мен қияли болдым. Болмасыма шарам да жоқ.

Нәзипа: Әй, қыз-ау, сен ақылға келсеңші! Келіндерге көз алартып, тым тырнағыңды батыра берме.

Балым-Ана: Ойпыр-ай! Ойпыр-ай, мен екем ғой. Ақыл айтсам, оным – астамсау екен! Басу айтсам, оным – бақылдық екен. Тілек айтсам, оным – тәлпіштік екен... (жөтеліп алып) Қояйын! Бәріне де қояйын ендеше.

Айман: Апа, ашуланбаңыз. Сізге ашулануға болмайды ғой.

Нәзипа: Қыз-ау, нені қоясың?

Балым-Ана: Сөйлеуді... (жөнелтіп) Сөйлемейтін енді! Сөзі құрсын! Құрсын бүйткен өмірі... Мылқау болып қалайын...

Балым-Ана орнынан тұра береді де, қайтадан қисая кетеді. Нәзипа оны сүйемелдейді.

Нәзипа: Саған не болды?

Балым-Ана: Басым-м... Басым айналып барады-ы...

Нәзипа: Ой, мұның не! Менің сөзімді көңіліңе ауыр алып қалғаның ба!

Балым-Ана: Жоға!

Нәзипа: Ондай ана Айман келіннің...

Балым-Ана: Не болды саған! Ананың сөзі, мынаның сөзі деп... (басын ұстап, ыңырсиды) Жаңағы Айман келін қайда?

Нәзипа: Ол саған су әкелмекке жүгіріп кеткен.

Балым-Ана: Келінге қатты болсам, ширатып алайын дегенім де. Осы күнгі кемпірмен келін тәрбиесімен айналысуды қойды. Сосын да кердең келіндер көбейді.

Нәзипа: Мен айналыспайын дедім бе! Тыңдап жатқан келін жоқ. Сосын өз қадірімді өзім түсіріп қайтем.

Балым-Ана: Содан өзімнен кейін кұл болмаса бүл болсын дегенің бе бұл?

Нәзипа: Жоға, олай емес.

Балым-Ана: Келін сөзіңді тыңдамаса, ойына келгенді істесе-бәрінің де біткені ғой.

Нәзипа: Өзіне еркіндік тисе, ақылға келер деп ем...

Балым-Ана: Ақылға келсе жақсы-ау! Ал, ақылсыздыққа басса...

Нәзипа көзіне жас алады. Балым енді оны жұбата бастайды.

Балым-Ана: Қой жылама. Не көрінді сонша?

Нәзипа: Екі күн болды, немеремді сағындым.

Балым-Ана: Келінге алып кел демедің бе? Шәрипаға берейік деп... аударыстырып...Осы айланы да түсінбегенің бе!

Нәзипа: Оны айтпақ тұрмақ, қай күні үйден кетіп қалады деп зәрем ұшып отырған жоқ па!

Балым-Ана: Ол сонда шынымен-ақ өз шаңырағынан безе ме? Оған не көрінеді?...

Нәзипа: Қайдан білейін. Аяқ астынан нілдей бұзылды ғой...

Балым-Ана: Мүмкін... мүмкін сенен де бар шығар. Жас адам түн төсегінде қашанғы жалғыз-з... Бұл сезімі құрғыр-р... (сөзін жұтады)

Нәзипа: (жалт қарап) Сезім дейді ғой! Оның соңынан салпақтап еріп алған адамда иман қала ма?

Балым-Ана: Сезім шіркін... ақылға бағынса жақсы-ау! Ақылға бағынбайтын кездері де болады оның...

Осы кезде сахна қараңғыланады да, қайта жарық жанғанда – Балым-Ана Бозтайдың хатын оқып отырады.

Балым-Ана: (сарғайған қағазды сыйпалап) Сен... сен мені шын ұнатқан екенсің-ау! Сағынышыңды осы хат сөздеріңнен-ақ сеземін. О,Бозтайым! Қайдасың, сен.... Барсың ба, бұл әлемді! Жоқ, әлдеқашан жер қойнына кеттің бе?

Бозтайдың дауысы: Соңғы фашисті өлтірмей ауылға қайтпаймын деп ем. Сені ойлап, майдан даласына аттанушы ем. Әттең... әттең соңғы жорықта оқ тиді. Қансырап жатыпта сені ойладым, Балым-м...

Балым-Ана: Шын махаббатты ешбір соғыс та, ешбір қан майдан да жеңе алмас деуші ем...

Бозтайдың даусы: Мен де солай ойлағам. Сөйтсем....

Балым-Ана: Неге үндемей қалдың?

Бозтайдың даусы: Сенің алдыңда кінәлімін! Берген сөзде тұра алмадым. Сертімді орындай алмайтын болған соң, саған хат жазып, көңіліңді о баста мазасыз күйге салмауым керек еді.

Балым-Ана: Жо-жоқ! Олай емес, қайта сенің хатың менің жүрегімді ұзақ уақыт жылытты. Өмірден шаршаған сәттерімді сенің хатыңды оқып, қайтадан қайраттандым.

Бозтайдың даусы: Солай ма, Балым? Осы сөзің рас па?

Балым-Ана: Әрине, рас! Мен сені ұзақ-қ сағындым. Өмір бойы-ы...

Осы кезде қосарлана шыққан дауыс Балым-Ананың ойын бөліп жібереді.

Балым-Ана: Әй, сендер кімсіңдер?

Соқыр күйші: Бұл мен ғой.

Керең шайыр: Бұл мен...

Балым-Ана: Осы сендер-ақ... менің қиялыма ойда-жоқта кіріп келесіңдер. Рұқсат сұрау жоқ...

Соқыр күйші: Тәтті сезімнен айырдық па! Үркітіп жібердік пе?

Керең шайыр:

Махаббат деген мәңгілік!

Айтамыз оны ән қылып!.. Ахау-у...

Сахна қайтадан қараңғылана береді.

Төртінші көрініс

Сахнада Балым-Ана мен Нәзипа сөйлесіп отырады.

Балым-Ана: Біз де сексенге келеміз. Бұған талай-талай замандастар жете алмайды ғой.

Нәзипа: Оның рас. Ана Шәрипа үшеуміз ғана...

Балым: Үшеуміз қатар келін боп түстік емес пе! Шіркін, сол күндер...

Нәзипа: Айтыссақ та, талассақ та кетіспеуші едік. Келіндік жолымызды білуші ек.

Балым: Айтысты кім бастайтыны есіңде ме?

Нәзипа: Әрине, Шәрипа.

Балым: Ол неге ашушаң болды,ә?

Нәзипа: Соны да түсінбедің бе? Ұл болмайды, қыз болмады.

Балым: Соған біз кінәліміз бе?

Нәзипа: Іштей күйік бар ғой. Соны кімге айтады? (сәл тоқтап) Әй, сол Шәрипа сенің балаңды тұншықтырып өлтіре жаздаған жаз есіңде ме?

Балым: Есіме түссе, ішім әлі де жанып кетеді.

Нәзипа: Ол неге олай етті екен?

Балым: Егер өзім келіп қалмағанда өлтіріп те қоятындай екен. Әуелде оны түсінбей, қатты жек көріп те жүрдім.

Нәзипа: Сол өзі қалай болып еді, а?

Балым: Балам бесікте ұйықтап жатқан болатын. Өзім тысқа шығып кетіп ем. Сол екі арада үйге Шәрипа келе қалыпты. Ол мені іздеп, үйге кірген ғой.

Нәзипа: Содан? Содан кейін...

Балым: Мен кіріп келгенде ол бесік жанында отыр екен. Бесікке жеңіл жабу жауып кеткем. Бірден көзім түскен түсті, енді бесік үстіне қалың жазбу жауып қойыпты. Күн болса ыстық. Бар даусыммен айқай сап «ойбай, бала тұншығып өлді ғой» деп тұра жүгірдім. Сонда байқадым, Шәрипаның екі көзі қып-қызыл, қанталап тұр. Маған өте қорқынышты түрмен қарап «Өлсе қайтеді екен, құдайыңа барады емес пе!» деді. «Сонша бақырғаның не?» деді.

Нәзипа: Жүрегі қандай тас еді!

Балым: Мен оны әрі итеріп жіберіп, бесіктің үстіндегі жабуды алдым. Сөйтсем, балапаным әзер-әзер дем алып жатыр.

Нәзипа: Жақында бір газеттен оқыдым. Шетелдік бір келіншек өз күйеуінің басқа әйелмен көңіл жарастырып кеткеніне қатты ренжіп, үйдегі екі баланы буындырып өлтіріп тастапты.

Балым-Ана: Сондай келіншекті де Ана деуге бола ма,а?

Нәзипа: Енді іштегі қызғаныш не істетпейді дейсің!

Балым-Ана: Ал, біздің Шәрипа болса... біреудің баласын қызғанды ғой, ә!

Нәзипа: Сол оқиға ауылда ұзақ-қ сөз болып, әзер басылып еді-ау!

Балым: Үшеуміздің арамызға сына түсуі де сол оқиғадан басталмады ма!

Нәзипа: Мен қазір ойлап қарасам, арамызға ылғи от бастап отырған сол – Шәрипа болыпты.

Балым: Бәлкім, біздің де ақылымыз тым асып кете қоймаған шығар.

Нәзипа: Мен өзім дәл сондай әрекетке бармаған болар едім. Өзіме сенемін.

Балым: Басқа түссе... кім біледі! Біреудің ішкі сырын білмей, кінәлау оңай ғой.

Нәзипа: (мұңая) Оның да рас. Күні кешеге дейін бақытты едім. Бәрі де көзден бұлбұл ұшып барады. Ал, қазір...

Балым: Қазір не бопты?

Нәзипа: Біздің үйдегі келін...

Осы кезде сахнаға Нәзипаның келіні Нұрғаным шығады.

Нұрғаным: Немене, екі кемпір бір – біріңізге еркелеп отырсыздар ма? Шалдарыңызды баяғыда-а ана дүниеге аттандырып жіберіп...

Нәзипа: (жалт қарап) Қой, қарағым! Бұл әзіл айтатын ждер емес.

Нұрғаным: Шалдарыңыздың басын баяғыда жалмағандарыңыз өтірік пе!

Нәзипа: Біз емес, өздері асықты ғой. Ана жақта бір рахат дүние бардай...

Балым-Ана: (басын бұрып) Әй, қарағым-ай! Келін болсаң, келіндік жолыңды білсеңші. Аталарыңды осылай сөз етер жөнің бар ма!

Нұрғаным: Е, онда тұрған не бар! Атам да адам баласы ғой.

Балым-Ана: Ол адам баласы, ал сен... (жөтеледі)

Нұрғаным: (ашулана) Мен – ақымақпын ғой. Сол ғой айтқыларың келетіні... (даусын көтеріп) Мен өзімді ешкімге басындыра алмаймын. Біліп қойыңдар.

Нәзипа: Оған сөйлеп нең бар еді!

Балым-Ана: (Нәзипаға) Бәріне сен кінәлісің! Келінді кердеңдетіп жібердің.

Нәзипа: Бұлар да жас емес. Өз жолын өздері тапқаны жөн ғой.

Нұрғаным: (жұлына сөйлеп) Иә, біз өз жолымызды табамыз. Ендігі заман – біздікі! (сәл тоқтап) Айман келініңізде әзер шыдап жүрген шығар. Ол да қалаға кетуге еш қарсы болмас.

Нәзипа: Көтек! Келіннің елден кетем дегені қай сасқаны?

Балым-Ана: (басын көтеріп алып) Төрт баланың анасы емес пе!

Нұрғаным: Қалаға барғысы келетін шығар... Онда тұрған не бар!

Нәзипа: Осы жастар қызық. Қалада не бар екен. Өзім қалаға барсам болды, басым ауырады. Қашан қайтқанша асығам.

Нұрғаным: Қалада, апа, театр бар! Музей бар! Парк бар...Онда қыдырып жүру – бір ғанибет. Ауа таза, көше тап-тұйнақтай! Киімің еш кірлмейді.

Балым-Ана: (ойлана сөйлеп) Менің келінімнің жайын басқа кезде шеше жатармыз. (Нұрғанымға) Одан да сен мені тыңда.

Нұрғаным: (елең етіп) Иә, апа! Маған бірнеңе айтпақсыз ба? Ақыл ма?

Балым-Ана: Ақыл емес, ақылдасу. Сендер жаңа заманның жастарысыңдар. Бізден гөрі ақылдарың да толық (сәл тоқтап). Сен өз сәбиіңді жетімханада жаутаңдатқанша, бала сүю бақытын сыйлап Шәрипаға бере тұрсаң қайтеді? Ең болмаса, көз алдымызда өседі дегенди...

Нұрғаным: (шатынап) Баламды көрінгенге саудалалаймын ба солай!... Ауызға не түссе, соны айтады екенсіздер-р...(сосын ойлана, өзіне-өзі) Мынау ойланатын ақыл ма деймін. Жетімханаға өткізді деп жаманатты болғанша, сол кемпірге бере тұрсам... Кім біледі, күндердің күнінде қайтып алу керек болып жатса... (енді даусын шығарып) Бұл жайлы асықпай ойланған дұрыс...

Балым-Ана: Көп ойланатын түк те жоқ.

Нәзипа: (жағаласа) Осы өте дұрыс іс. Көңілге қонатын әрекет.

Нұрғаным: Бұған Шәрипа әже қалай қарайтынын білмейсіздер ғой. Ол кісі қарсы болса ше?

Нәзипа: (елең етіп) Неге қарсы болады! Қарсы болушы ма еді о кемпір... Менің алтындай немереме қолы жетіп жатса, қалпағын аспанға атып қуанар.

Нұрғаны: Сіз де айтасыз-ау! Ол жас емес, кәрі... Сәбиді бағу деген.

Балым-Ана: (сөзді бөліп) Ол келіседі!

Нұрғаным: Оны қайдан білесіз?

Балым-Ана: Мен бұ жайлы сөйлескем. Ойын да білемін.

Нәзипа: (киліге) Иә, айтпады ба! Балым араласса, шешілмейтін іс жоқ.

Нұрғаным: Сөйлескенде не деді?

Балым-Ана: Қарсы емес.

Нұрғаным: (ойлана) Солай деп пе еді! Онда-а... (өзіне-өзі) Біз өзі соншалық табылған ақыл бола ма,а? Дегенмен, бұларды мен де ойнатайын. (сосын дауысын созып) Ал, мен кеттім.

Нәзипа: Қайда барасың, ойбай-ау? Айтып кетсейші.

Нұрғаным: Ауданға. Жетімханаға.

Ол сахнадан тез-тез шығып кетеді.

Балым-Ана: Әне, көрдің бе, тез-ақ өзгерді ғой.

Нәзипа: Сен қалайша... келіннің ойын дөп баса қойдың,а?Ал, мен...

Балым-Ана: Өзімнен де бар деп еш ойламайсың-ау,ә! Кейде ұшқалақ болып кетесің, ал кейде өз сөзіңе өзің есеп бермейсің.

Нәзипа: Ол мінез ғой. Мінезді қалай өзгертем! Ол қолдан келе ме?

Балым-Ана: Мінез деген әркімнің өз қолындағы шаруа. Тек сабыр, парасат, қанағат...керек. Әй, бірақ, ол үшін де кісіге Алла-тағала ой бермесе бола ма!...

Нәзипа: Сонда мен... сонда біз, Шәрипа екеуміз ақылсызбыз да, сен данышпан қатын болың ғой. Сол ғой демегің-ң...

Балым-Ана: Олай емес. Мен оны айтам деген жоқ ем...(сәл тоқтап) Әлгі келінді айтам да. Томпаңдап жүгіре жөнелді ғой,ә! Құдай қаласа, немерең де оралар-р...

Нәзипа: Өзім де таңмын. Қалай көне қалды! Не де болса, немерем көз алдымда болсыншы. Осы ақылың ақыл-ақ екен, қыз-ау... (ол Балым-Ананы қыса құшақтайды)

Сахна қараңғылана береді де, қайта жарықтанғанда Кейуана төсекте қиналып жатады. Жанында – екі келіні.

Айман: Апа, бірнеңе десеңізші.

Райхан: Неге сөйлемейсіз?

Осы кезде сахнаға Нәзипа кемпір шығады.

Нәзипа: (қисая сөйлеп) Сенлдер асты-үстіне түсіп отырсыңдар ма! Бұл келінді ұната бермейтін қисық мінез кемпір... Аузынан келін мақтаған сөз естісем, құлағым тас керең болсы.

Айман: Біз не жаздық?

Райхан: Кінәміз не?

Нәзипа: Кінәлі болатындарың – көп бала таппадыңдар.

Айман: Төрт бала тапсам да аз ба!

Райхан: Қалада екі баланы тәрбиелеу де оңай емес.

Нәзипа: Бұл – мінезін түсініп болмайтын қыршаңқы кемпір! Баяғыдан солай... (сәл тоқтап) Шәрипа, мен, бұл – үшеуміз қатармыз ғой. Ортамыздағы ақылгөйіміз осы! Біз не істесек те бұған жаққан емеспіз. Өзіміз – дарақы, ееліндеріміз – кердең...

Райхан: Аузын ашса, жүрегі көрінетін аңқылдақ кісілерде болады. Оларды жаман деу дұрыс па? Мысалы, мен өзім сондаймын. Ойымдағыны ашық айтып салам. Сонда мен жаманмын ба?

Нәзипа: Енелерің біртүрлі адам. Сендер осы күнге дейін сезбей жүр екенсіңдер ғой. Бұған салса – бәрі де темірдей.

Тәртіпке бағынуы керек. Тіпті есіктің алдындағы кәрі төбетте беймезгіл үрмеуі тиіс.

Айман: (жымия) Сырттағы сыпырғы көлденең жатса да сөз естиміз! Бірақ, бұл тәртіпке үйретеді ғой.

Райхан: Бәріне қатаң тәртіпке бағындыруға барлық уақытта бола бермес. Әскерде жүрген жоқпыз.

Нәзипа: Болғанда қандай! Бқл кемпір сендер тұрмақ, Шәрипа екеуәмәзге де әлі күнге ақыл айтқысы кеп тұрады. (күліп) Әй, сендер байқаңда! Қазір ашулы, қаһарына ілініп қалып жүрсеңдер...

Осы кезде Балым-Ана көзін ашады.

Балым-Ана: (Нәзипаға арнап) Сен... сен өйтіп келіндерімнің ортасына от салма. Мен үшін келіндерімнің бәрі де асыл. Еш кемшілігі жоқ.

Нәзипа: Е,ендеше неге көңілің тола бермейді!

Балым-Ана: Оның себебі басқада...

Нәзипа: Ол не себеп! Сен де сөзді бұраңдатасың-ау!

Балым-Ана: Әлім жоқ! Сөйлей алмаймын! (жөтеліп, көзін жұма береді)

Келіндер «Неге! Не үшін сөйлескісі келмейді?» десіп жан-жақтан дауыстайды.

Нәзипа: Бұл кемпірді бұзған – ана ауыл молдасы. Соның берген кітаптарын оқимын деп алжиды деді. Тамақ берсең «өзі халал ма» дейді. Біреу туралы сөз айта бастасаң, «өсек сөз өлгенде жаныңды қинайды» дейді.

Райхан: Мен сонда өз күйеуіңнің алдында бас иіп, бүгіліп тұруым керек пе! Ондай құрметке ылайлық күйеу болса бірсәрі...

Осы кезде Балым-Ана қайтадан көзін ашады.

Балым-Ана: Келіндерім түгел келді ме?

Нәзипа: Ау, үлкен келіні қайда? Ол Алматыдан әлі жете алмай жатыр ма? Бұл кердеңі – қай кердең?

Райхан: Мен осында келе жатқанда хабарласақам. Майра абысын республикалық симпозиумда екен. Аяқтала салысымен осында жетем деп еді.

Нәзипа: (бетін тыржитып) Сипмпозиум деген не тағы?

Әйелдің орны үй емес пе! (Байтал шауып бәйге алмас» демей ме!

Арман: Олай емес, апай! Майра – ғылым жолындағы әйел. Ол үлкен жиындарда баяндама жасайды.

Нәзипа: Әй, қайдам! Оқу өтіп кеткен қатындардан қорқам.

Балым-Ана: (ауырсына сөйлеп) Үлкен келінім неге кешігіп жатыр екен! Оған да айтарым бар еді.

Екі келіні қосарлана:

- Біз ше?

- Бізге ештеңе айтпайсыз ба?

Нәзипа: (отқа май құйып) Е-е, сендерді қайтсін! Бұ кемпірге жағатын тек ана Майра...

Райхан: (шарт етіп) Біз адам емеспіз бе? Бізде ақыл жоқдей ме сонда-а... (енді өзіне-өзі) Бірі үлкенмін деп кеуде кереді, ал бірі кіші келін юоп кергиді. Осы менің де қадірімді түсінер жан болар ма екен,а?..

Айман: Әр келіннің өз орны бар емес пе! Оған несін ренжиміз.

Нәзиап: Сендер қанша шаптықсаңдар да Майраның орнын баса алмайсыңдар.

Райхан: Е, неге! Оның қай жері артық екен!

Нәзипа: Ол – ғалым.

Райхан: Әйелге ғалым болу басты міндет емес.

Нәзипа: Ол әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді өте жақсы біледі.

Райхан: Біз де ешкімнен қалыса қоймаспыз.

Нәзипа: Ол Балымның тілін тауып сөйлесе алады.

Райхан: Біз ақымақтау болдық па сонда?

Айман: (сөзді бөліп) Апа, сізге бүгін не болған? Біздің арамызға от салуды ойласаңыз – ол жақсы емес. Сізге бұлай ету – ұят!

Нәзипа: (ашулана) Е, айтқаным өтірік пе! Тыңдағыларың келмесе, айтпай-ақ қояйын. Өл де маған!...(бұрқырап сөйлейді)

Сахна кішкене қараңғылана береді де, әлдеқайдан күй ойнайды. Ол күй өмірдің өткіншілігі һәм алдамышы екендігін жырлайды. Күйді тартушы – қара шапанды адам.

Балым-Ана басын көтеріп алады. Басқалардың оның бқлай елең еткеніне таңданулы. Олар күйді естімейді.

Балым-Ана: Күй ме? Күй, шіркін... (күрсініп) Тартшы! Тарта түсші!

Қара шапанды адам: Бұл – сен іздеп, сен армандап жатқан күй.

Қызыл шапанды адам: (оған ілесе):

- Күй қазақтан туды ма?

- Қазақ күйден туды ма?

Осы ой мені тербетті...

Нәзипа: (шошына) Ойбай-ау, мына кемпір жынданайын депті. Кіммен сөйлесіп жатыр өзі,а?

Келіндер: (жарыса)

- Елеспен сөйлесіп жатыр ма?

- Көзіне күйші көрінді ме екен...

Балым-Ана: (толғана) Күйден таза, күйден мөлдір, күйден адал, күйден пәк бар ма екен мына тірлікте!...

Қара шапанды адам: Иә, күй деген – құдірет...

Қызыл шапанды адам: Жыр да өзінше бір әлем...

Сахна қараңғылана береді.

Екінші АКТ

Бесінші көрініс

Сахнада Нәзипа кепмірдің жалғыз келіні Нұрғаным. Ол әлдекімді күтулі. Арлы-берлі жүреді. Алысқа көз тастайды.

Нұрғаным: (өзіне-өзі) Қап, осыдан барғой... Осыдан Балым кемпір өле кетсе, мен де бірдеңеге ілініп қалуым керек. Мына үш келіннің үшеуі де не білуші еді. Екеуі қалада өскен қызқаяқ, ал мына ауылдағысы... Әй, сол Айманның ақылы бар деймісің... (күліп) Осындай дүниесі көп кемпірге Алла тағала ақылсыздау келіндерді бергенін көрмеймісің! Ана Шәрипа апаның айтқаны дұп-дұрыс. Оны жұрт есі жоқ деді, ал шын мәнінде...

Сахна кішкене қараңғыланады да, сахнаның бір шетінен Шәрипа әже көрінеді.

Шәрипа: Сен өз енеңе қарағанда анағұрлым өткір, алғыр, батыл болып келесің.

Нұрғаным: Солай ма, апа?

Шәрипа: Менің айтқандарымды тез қағып алыпсың. Бұл – жақсы қасиет.

Нұғаным: Алайда, осы қылығым дұрыс па, бұрыс па – соны өзім де түсіеһне алмай жүрмін.

Шәрипа: Оның түсінбейтін несі бар! Сен жаңа заман келінісің! СЕн ескіні бұзып шыққан, жаңа салтты батаушысың...

Нұрғаным: Осы рас па, апа? Шын айтасыз ба?

Шәрипа: Енді ше! Бұны мен айтпасам, кім айтады! Осы күні келінді түсініп, оны мадақтайтын ене бар ма!

Нұрғаным: Шіркін, сіздей ақты ақ, қараны қара деп айтатын апалар көп болса ғой.

Шәрипа: Енді сен жас келіндердің басшысы болуың керек. Оларға бағыпһт беруді қажет. Ол үшін....

Нұрғаным: Ол үшін не істеймін, апа? Неден бастаймын?

Шәрипа: Оны ойлана! Толған! Сен істейтін іс көп. Егер ақылың жетіп жатса, осы ауылдың бар кеоіні асшаң-алақаныңда, жұмсаң-жұдырығыңда болады.

Нұрғаным: Маған өз енем осындай құпияларды айта бермейді. Менімен сөілесе қалса, өтірік аңқау болып көрінгісі келеді. Мен, бірақ, оның ішіндегісін де біліп тұрмын.

Шәрипа: Сенің енең-Нәзипа өте ақылды кемпір деп ойламай-ақ қой. Оның сыы маған бас саусақтай белгілі. Өзінше қу болғысы келеді, ал онысы...

Нұрғаным: Мен оны әу басқан-ақ байқағам.

Шәрипа: Е, ендеше аяғыңды аңдып бас. Қарсы келіп қасарыспа. Оңтайлы сәтті қалт жіберме. Ол үшін... (тоқтап қалады)

Нұрғаным: Айтыңызшы, неден бастайын? Апа, апатай! Неге үндемей қалдыңыз? Апа-а...

Шәрипа – елес жоғала береді. Сахна қайта жарықтанады. Осы кезде сахнаға Райхан шығады.

Нұрғаны: (күле сөйлеп) Өзіңді күте-күте тағатым таусылды ғой. Қайда жірсің?...

Райхан: Кемпір тағы да қысылып қалды. Соның жанынан шыға алмадым.

Нұрғаным: (ойлан сөйлеп) Саған не айтпақшы ем.

Райхан: Иә, соны тезірек айтшы.

Нұрғаным: (Райханның мойнындағы алтын алқаны көріп) Мәссаған! Мынау таза алтын ба?

Райхан: Әрине! Мен тек тазасын сатып алып тағам. Менде мұндай алқаның төртеуі бар. Соларды кезек-кезек тағам.

Нұрғаны: Қандай бақытты әйелсің! Біз болсақ мынау, ауылда салпақтап... Ең болмаса жөні түзу алқа да сатып ала алмадық.

Райхан: Осы күні мойнына қымбат алқа тақпайтын әйел бар ма! Күйеуің тірі кезінде жағасынан алуың керек еді.

Нұрғаным: Ой, ол жарытып ақша тапты дейсің бе! Оның үстіне енемнің түрі мынау. Ақша көрсе, ақылынан адасып қалады. Ақыры байғұс еркек өлді де қалды... (сәл тоқтап) Әй, осы саған таң қалам! Алқаның көзі қандай болса, жүзігің де сондай. Тіпті білезігіңе дейін ұқсас.

Райхан: Өзім әдейі заказбен алдырамын. (енді оған сұрақ қойып) Мені не үшін іздедің?

Нұрғаным: Ана енең бар ғой, ол енді ұзамайды.

Райхан: Оны өзім де сезем.

Нұрғаным: Ендеше тыңда. Оның бриллиант сырғасы бар екенін білесің ғой.

Райхан: Естігем.

Нұрғаным: Естісең, соны сен алуың керек.

Райхан: Ол ескі емес пе!

Нұрғаным: Бриллинат ескіре ме екен. Тіпті қажет етпесең, маған бере сал.

Райхан: о не дегенің! Өзім алам.

Нұрғаным: Олай болса, осы бастан соны алудыңы қамына кіріс.

Райхан: Ол үшін не істеуім керек?

Нұрғаным: Ана екі абысыныңмен араны ашып ал. Кіші келіннің алдын орта кет. Әйтпесе...

Райхан: Әйтпесе не болады?

Нұрғаным: Бриллинатты Айман иемденіп кетеді. Айтпақшы, ол сені тыңдай ма?

Райхан: Әрине!

Нұрғаным: Тіпті ата салт бойынша ортаншы келіннің өз орны бар. Соны алдыңа тарта бер.

Райхан: (ойлана) Сонда ескі бриллиант үшін осынша күйіп-пісем бе?

Нұрғаным: Ал, абырой ше! Бедел ше! Оны неге ойламайсың?

Райхан: Бұған абырой-беделдің қандай қатысы бар?

Нұрғаным: Өзің-ақ ойлашы. Егер сен бриллиантқа ие болсаң, өзге жұрт «е, мына келінін кемпір аса қатты қадірлеген екен» демей меӘ Ал, түк тимесе...

Райхан: Түсіндім! Енді ұқтым... Ой, ақылыңнан айналайын-н... (он бетінен сүйеді)

Тағы да сахна қараңғыланады да, жарық жанғанда Нұрғаным Айманның қасында, ошақ басында жүреді.

Нұрғаным: Осы кемпір ұзамайтын сияқты.

Айман: Әлі жазылып кетеді.

Нұрғаным: Жоқ, мен кеш келген дәрігердің әңгімесін тыңдадым. Ол айтты: «Ары кетсе бір ай өмірі қалды» деді.

Айман: Солай деді ме?

Нұрғаным: Дәл солай айтты.

Айман: Онда әзірлену керек екен ғой.

Нүрғаным: Әзірлікті еркектер жасап жатыр. Сіз басқа жағын ойлаңыз.

Айман: Нені?

Нұрғаным: Мәселен, кемпір өле қалса, саған не тиюі керек?

Айман: Оны ойламаппын.

Нұрғаным: Ол дұрыс емес. Ойлау керек. Бұйырғанды жібермеу керек.

Айман: Өздері беретін шығар...

Нұрғаным: Түк те бермейді. Әлі көрерсің, ана қаладан келген келіндер бәрін бөліп алып кетеді. Сіз аузыңыз аңқиып...

Айман: (сөзді бөліп) Апамды осы үйде оны жылдан бері бағып-қағып отырмын ғой.

Нұрғаным: Соны айтам да. Кемпірді баққан далада қалады, ал енді көлденең көк аттылар бар қызығын көреді. (сәл тоқтап) Сіз... сіз ақылсыз емессіз. Тек алысты болжап үйренуіңіз керек.

Айман: (өзіне-өзі) Өздері алысты түп-түгел болжап, анықтап алып жүргендей сөйлейді. Бәрі ақылды, бәрі данышпан. (Нұрғанымға қарап) Мен алысты қайтем. Осы бүгінім дұрыс болса болды.

Нұрғаным: Бүгін дұрыс болуы үшін, алысты дұрыс жоспарлап алған жөн.

Айман: Сонда не? Не істеуі керек?

Нұрғаным: Кемпірдің қолтығына кіре бер. Оған барынша жақындап дегендей...

Айман: Апамның бабын табу да үлкен жұмыс.

Нұрғаным: Мен ұсыныс айттым. Ал, арғы жағын өзің ойлап, шеш. (енді өзіне-өзі) Осылармен малтамды езіп тұра бергенше, қой, қаладағы таысыма барып, ұлымды көріп келеді. Қалай қарап, қалай бағып жатыр екен. Кім біледі,әрі көрші ауылдағы маубас еркек аяқ астынан айнып шыға келсе, онда ұлымды қайтып алмаймын ба,а! (күліп) Әй, өзім де ақылдымын-ау! Маған жетер келін бұл ауылда бар ма екен өзі-і...

Сахна қараңғылана береді де, күй әуені есіледі.

Алтыншы көрініс

Тағыда сол үй. Қазақы көрпе, құс жастық. Төрде Балым-Ана жалғыз өзі ойға шомылып отыр.

Балым-Ана: (өзімен-өзі күбірлеп) Мен осы ақылдан алжасайын дедім бе? Маған не боп барады?... Ақылдасып, ақыл қосар да жан қалмады. Шәрипа анау өз көрпесін өзі қымтап алып... Нәзипа мынау бірде олай, бірде бұлай бұлаң етіп... (сәл тоқтап) Сонда... сонда сенерім де, сүйенерім де ана екеуі болғаны ма,а?

Осы кезде екі жағынан екі кісі көрінеді. Олар – Керең шайыр мен Соқыр күйші.

Керең шайыр: Сен кемпір бізді ұмыта бастадың ғой. Ескі дос о дүниеде де керек болады.

Балым-Ана: (шошып кетіп) Тәйт! Тілің қандай ащы еді.

Соқыр күйші: Менің күйімді аңсайтын боласың әлі!

Балым-Ана: Олай емес. Мен күйді әрдайым жүрегімде сақтаймын.

Соқыр күйші: Онда күй тартайын.

Керең шайыр: Жоқ, өлең оқып бергенім дұрыс.

Соқыр күйші: Күй тартамын!

Керең шайыр: Өлең оқимын!

Балым-Ана: (ашу шақырып) Барыңдаршы, түге! Бүгін өзіммен-өзім болсам деп едім. Осы сендер-ақ... жағаласып болмадыңдар ғой.

Керең шайыр: Еһе, бізден де жери бастаған екенсіз-ау! Бұл жақсы емес.

Соқыр күйші: Күйден де қадір кете бастапты. Енді лақтыра салайын домбыраны...

Балым-Ана: (ышқына сөйлеп) Жо-жоқ, олай емес. Сендерді бәрібір іздеймін ғой. Тек өтінерім: бүгін жалғыз қалдырыңдаршы мені.... Өтінемін-н...

Анау екеуі сахнадан шығып бара жатады.

Балым-Ана: (өзіне-өзі) Уа, дүние шіркін... Дүние шіркін-ай!... Сені түсіне алмай кетермін бе фәниден! (күрсініп) Бір келінді көңілің қалмайды, сөйтсең ол жаныңнан шықпайды. Ал, бір келінді аңсай, сарыла күтесің, бірақ ол жетіп болмайды. (сәл тоқтап) Райханым неге көрсеқызар болды екен? Айманым неге момын? Неге үйдің бар билігін өз қолына алуға ыңнтасыз. (ойлана) Мйражаным-ау, сен қайдасың? Қашан келесің ауылға! Сөзімді де, ниетімді де айтпай ұғатын едің! Сені көра алмай өліп кетем бе, қайтемін-н...

Осы кезде әлдеқайдан Майраның үні есіледі.

Майра: Апатай, өзіңізге қарай ұшарға қанатым болмай отыр. Сіз мені іздеп те жатқан боларсыз. Мен де асығулымын.Сізді көріп, аузыңыздан жазып алсам ба деген сан сауалдың жауабы да керек еді. Күтіңізші, апа!

Балым-Ана: Ой, құлыным. Жарығым менің! Асығып-ақ жатыр екенсің ғой. Ал, мен болсам... (жалмасырайды) Айналайыным, ақылды ғып сені берген Аллаға мың тәуба! Мен үзіле кетсем, осы әулеттің әуресі сенің басыңа түсетін болады. Соны ойлап қамығамын ғой.

Майра: Білем, апа! Бәрін де түсінем. Симпозиум бүгін бітті. Ертең жолға жиналам.

Дауыс жоғала береді.

Осы кезде сахнаға Нәзипа шығады.

Нәзипа: Есіңді жидың ба, қыз?

Балым-Ана: Ұзақ ұйықтадың ба?

Нәзипа: Екі күн, екі түн ұйықтадың.

Балым-Ана: Түс көріппін.

Нәзипая: Қандай түс?

Балым-Ана: Түсімде шалым келіпті. Өзі маған жақындамай, алыста отыр. Оған қолымды созам. Ол созбайды. «Шөлдедім» деймін. Тыңдамайды «Су берші» деймін. Ол үндемей, сыртқа шығып кетті. Содан қайтып оралмады.

Нәзипа: Келмегені жақсы болған. Әлі де жарық дүниең бар екен.

Балым-Ана: Сосын тағы да түс көрдім. Менің демім бітіп барады екен. Келіндерім жылап-сықтау орнына сандықты ашып, дүниеге таласып жатыр. «Маған ананы бер, маған мынаны бер» деп өзара бет жыртыса жаздайды. «Әй,сендерге не болды?» деп зекиін десем, сөйлей алмаймын. Сөйтсем, өліп қалаған екем. Ішім қан жылады. Маған Алла тағала шынымен-ақ осындай ақылсыз келіндер бергені ме деп қиналдым.

Нәзипа: (сөзді бөліп) Түсіңде солай болса, өңіңде басқаша болады. Оған қамықпа.

Балым-Ана: Тағы да түс көріппін. Әлгі таяқ ұстаған Соқыр үйшінің көзі көретін болыпты. Керең шайырға әлдене айтып, ұрысып тұр. «Мен бәрін де көріп жүргем» дейді. Керең «мен бәрінде естіп жүргем» дейді. (сәл тоқтап) Әй, осы біз керең мен соқырға адам деп қарамайды екенбіз-ау! Ойлап қарасам, нағыз жаны таза адамдар солар ма деймін.

Нәзипа: Соқыр шал кереңнің бір қиысқ қылығын байқап жүрген ғой. Керең шайыр Соқыр шалдың бір бұзауын қолды еткен жоқ па!

Балым-Ана: Оған Керең шайыр кінәлі емес. Кімнің сиыры жоғалмай жатыр. (сәл тоқтап) Сол түсімнің аяғында әлгі Керең шайыр соқыр болып қалыпты.Сиырды Соқыр шал бағатын болыпты. Көзі көретін болды-ау деймін...

Нәзипа: Е,бұл енді миың шаршағандығыңның белгісі. Көп ойлай бермеуің керек. (сәл тоқтап) Айтпақшы, сен қыз, кенет өліп кетсең, сандығыңдағыларды кімге үлестіреміз? Соны айтпадың ғой.

Балым-Ана: Оны кезі келгенде айтам.

Осы кезде сахнаға кіші келіні Айман шығады.

Айман: Апам қалай екен? Мен қасына отырайын.

Нәзипа: Е, дұрыс. Баяғылы бері осылай етпейсіңдер ме!

Айман: Сырттағы жұмыстан босай алмай жатырмын ғой. Болмаса, апамнаң басқа қымбатты кім бар.

Нәзипа: Ой, сөзіңнен айналайын.

Осы кезде сахнаға Райхан шығады.

Райхан: Сіздер шәй ішіп келіңіздер. Мен апамның жанында болайын.

Нәзипа: Мына Айман отырам деп еді.

Райхан: Айман сізге шәй құйып бере тұрсын.

Нәзипа: О да жөн екен.

Айман: Қаладан келгендер апамның жайын біле ме! Мен өзім жанында болайын. Райхан, сен шәй ішіп ал.

Райхан: Оқа емес. Апамның исін де сағындық қой.

Айман: Ендеше, бір иіскеп ал да, сыртқа шық.

Райхан: Неге?

Айман: Сыртта күйеуің күтіп тұр.

Райхан: Ол мені неге іздеді?

Айман: Білсем, айтпаймын ба?

Райхан Нәзипаға ілесе сыртқа шығып кетеді, Айман Кейуананың қасында қалады.

Айман: (сыбарлай сөйлеп) Апа, мен сізді он жыл бақытым ғой,ә!

Балым-Ана: (әлсіз дауыспен) Әрине, қарағым! Ыстық-суығыма көнген сенсің.

Айман: Ендеше бір өтінішім бар.

Балым-Ана: Айта ғой.

Айман: Маған ештеңенің де керегі жоқ. Тек ризашылығыңыз қажет.

Балым-Ана: Оны уақыты келгенде айтам.

Айман: Көңіліңізде өкпеңіз жоқ па, апа?

Балым-Ана: Жақындағанда өзім айтам. Уайымдама.

Айман: (қуана) Маған сенем дегеніңіз ғой бұл.

Балым-Ана: Сен көп еңбек сіңірдің.

Айман: (мәз болып) Шәй әкелеәін бе! Төсегіңізді ауыстырсам қайтеді? Жастығыңыз тым қатты емес пе!

Сахна қараңғылана береді де, қайта жарық жанғанда Нұрғаным жалғыз тұрады.

Нұрғаным: (өзіне-өзі) Әп, бәлем! Енді жатсын солай! Жатсын бір-бірімен таласып... Әйтпесе бар ғой, осы елдің бәрі сол Кейуананың келіндерін мақтап, аузының суы құиды. «Болсаң, солардай бол» дейді. О,несі әй! Біз кімнен кем екенбіз! (сәл тоқтап) Менің сәбиімді жетімдер .үйіне өткізгенімді де сөз етіп... Онда қандай шаруасы бар? Бала өзмідікі, не істейтінімді де өзім білем-м... (ойлана) Мені соншалық ақымақ көретіндеріне таңданам. Өз сәбиімді өзім жетімханаға өткізіп не көрініпті? Аудан орталығындағы бір таныстың үйне аз уақытқа қалдырғанымды біле ме бұлар...

Осы кезде оның жанынан Нәзипа апасы келеді.

Нәзипа: Әй, келін! Осы сен... сен бірдеңені былықтырып жүрген жоқсыңба?

Нұрғаным: Нені былықтырам?

Нәзипа; Ана кемпірдің келіндері кешелі бері өте сыпайы болып кетті.

Нұрғаным: Ақыл кірейін деген шығар.

Нәзипа: Ақылды ма! Жоқ, әлде әңгүдік пе...

Нұрғаным: Білмеймін, апа! Өздері ғой.

Нәзипа: Олар не сұрады?

Нұрғаным: Кемпір өлс,е бізге не тиеді деді!

Нәзипа: Сен не дедің?

Нұрғаным: Қалағандарыңды аласыңдар дедім.

Нәзипа: (өзіне-өзі) Әй, осы менің келінім бар ғой, нағыз зымиянның өзі. Жап-жас болып алып осыны қайдан үйренеді екен! (сосын Нұрғанымға) Е, енді түсіндім. Сол екен ғой...

Нұрғаным: Сізден үйренгенім ғой, апа!(өзіне-өзі) оларға түкте тимейді. Кемпірмен ойнап жүр екен. Балым ақылсыз емес... Оның өз есебі ішінде... Әттең, бұл үйге мен келін боп түскенімде ғой....

Нәзипа: (оның ойын бөліп) Ана Шәрипаға бірнеңе айтқансың ба?

Нұрғаным: Не боп қапты?

Нәзипа: Немеремді алуға өте асығулы ғой.

Нұрғаным: (күліп) Аналық сезімі аяқ астынан оянып кеткен шығар.

Нәзипа: (қабағын тыржитып) Оның шын әжесі мен емеспін бе! Сәби біһәбібір мені іздейтін болады әлі...

Нұрғаным: Сіз баланы дұрыстап баға алмадыңыз. Оны мойындаңыз.

Нәзипа: Балаға салқындау болғаным рас. Оның үстіне мына қолымда икемге келмей... Әйткенмен.. жүрегім жылы. Түнде түсімде де іздеп оянам.

Нұрғаным: (сабырға шықырып) Қорықпаңыз, әже. Баланы кез-келген уақытта қайтып аламыз ғой,.

Нәзипа: Е, солай десейші одан да. Өстіп қуантып боймайсың ба!

Нұрғаным: (өзіне-өзі) Қуана бер! Шалқи бер! Маған ана ана көрші ауылдағы маубас еркек «балаңды да ала кел» деген. Ендеше, мұндв қалдырып өайтем. Әзірше, осылай үміттене тұрсын бұлар...

Сахна кішкене қараңғыланады да, қайта жарық жанғанда – Шәрипа әже мен Нұрғаным сөйлесіп тұрады.

Нұрғаным: Сәбиді сізге сеніп тапсырғалы отырмын...

Шәрипа: Күнім-ау, маған сенгеніңнің өзі неге тұрады! Мен байғұс сіби исін жылдар бойы аңсап келем ғой.

Нұрғаным: Оны білем. Бәрі де Алланың ісі...

Шәрипа; Сол Алла бермеген бақытты сен сыйлағалы тұрсың. Мен бұл жақсылағыңды өлгенде ұмытармын ба!(сәл тоқтап) Өзі... қандай бала? Күлегеш пе, жоқ әлде тұйық па! Бәлкім сөйлуге жарап қалған шығар, ә!

Нұрғаным: Оны... кезінде көресіз. Әзірге күте тұрыңыз.

Шәрипа: Ойбай-ау, қашан әкелесің? Менің шыдамым тусылады ғой енді. Қашан көргенше асығып...

Нұрғаным: Күтіңіз. Әкелірһп берем дедім ғой. (енді өзіне-өзі ) Бұныда сенен үйрендім. Өз әдісің-өзіңе....

Шәрипа: (қуанышты көңіл күймен) Енді жақын күнде мына шаңыраққа кіп-кішкентай сәби енеді. Ол бала бұл үйге бақыт, қуаныш, шаттық... бәрін де ала келеді. Шіркін-ай, сол күн тезірек болса екен! Жетсем екен сол сәтті күнге...

Сахна қараңғылана береді. Әлдеқандай күй-әуен төгіле жөнеледі.

Жетінші көрініс

Сахнада – Нәзипа кемпір және Балым-Ана екі келіні. Олар даудырлап сөйлеп, бір-біріне сөз берер емес.

Райхан: Апам Шымкентке келіп, бір ай жатты. Бір ай бойы қыңқ етпей, жағдайын жасағанбыз.

Нәзипа: Не жасадың?

Райхан: Оның қайсыбірін айтам. Қыдырам десе, қыдырттым. Демалам десе – демалдырдым. Таныстарым түп-түгел үйіне қонақ етіп шақырды. Көйлек кигізді.

Нәзипа: Игі іс істепсің.

Райхан: Мен майда-шүйде шаруаларды тілге тиек етіп жатқам жоқ.

Осы кезде Айман сөйлейді.

Айман: Ал, мен түк істемедім бе сонда! Он жыл бойы өзім бақтым ғой. Ыстығыны күйіп, суығына тоңып...

Нәзипа: Оның рас.

Райхан: Өзің ғана бақпаған шығарсың. Бұл – ел іші ғой.

Айман: Ел не істейді! Кім оған тамақ әзірлеп береді.? Кімоның төсегін ауыстырып отырады?\.

Нәзипа: Жөн сөз.

Райхан: Ауылда біз болсақ та, сөйтер едік. Оның несі мақтаныш.

Аманы: Мен мақтаныш үшін айтып жатқам жоқ. Шындықта бір рет айтылуы қажет қой.

Нәзипа: Шындық екені рас.

Айман: Соны айтам да.

Нәзипа: Ақыры шындықты айтайық дедіңдер ғой. Ендеше, мен де шын сөйлейін.

Келіндер: (жарыса)

- Иә, шын сөз болсын.

- Өтірік айтылмасын.

Нәзипа: Осы бар ғой, мен сен екеуіңнің парасатыңа күдікпен қараймын. Сырт көз-сыншы. Сендердің ақылдарыңтым қысқа...

Келіндер: (қосарлана)

- Енді бізге не істе дейсіз?

- Қайтсек ақылды болып көрінеміз?

Нәзипа: Енді сендерге айтарым мынау: Кейуана әл үстінде. Қайсысың өте жанашыр болсаңдар, кемпір соны бағалап, бар ықылыс-пейілін білдіріп кетеді. Ол бүкіл ауылға жайылады. Ал, бірақ...

Келіндер:

- Тағы не боп қалды?

- Неге бірақ дедіңіз?

Нәзипа: Кемпірді тым еркелете берген де жақсы емес. Оған ара-тұра мінез де көрсетіп қою керек. Сендер оны істей аласыңдар ма,а?

Келіндер:

- Мінез көрсету де қиын ба?

- Ол қажет пе бірақ...

Нәзипа: Тағы да айтарым мынау: сендер бірігіп күрессендер, ана Майраны да уысқа түсіріп, жақсы келін атана аласыңдар.

Келіндер:

- Ол не үшін керек?

- Неге олай істейміз?

Нәзипа: Сендерге де сый-құрмет болуы үшін... Әйтпесе... (енді өзіне-өзі) Әй, Шәрипа-ай! Сен шынымен-ақ данышпансың. Мына екеуі менің алдыма түсіп жортып ала жөнелді ғой қазірдің өзінде...

Келіндер: (оның ойын дөп басып)

- Түсіндік.

- Сіздің сөзіңіздің жаны бар.

- Елді сіз секілді қариялар көп болса ғой.

Нәзипа: Бар шаруаны бүгіннен бастаңдар. Әуелгі нысана-кемпір...

Райхан: Мен бүгін түнде қасында болам.

Айман: Тамақ та ішуі керек шығар. Ең сүйікті тамағын әзірлеуге кірісіп жатырмын. (сосын өзіне-өзі) Ойпырмай, осы Нәзипа әже неге аяқ астынан құбылып, осынша іштар болып кетті екен,а? Неге апамды көре бастады? Неге-е...(сәл тоқтап) Қой, мен де өтірік ілесе берейін. Аяғына дейін көрейін...

Сахна кішкене қараңғыланады да, қайта жарық жанғанда-Кейуана төсекте жатады.

Балым-Ана: (дауыстап) Менің келіндерім қайда екен? Шақырыңдаршы бері...

Екі келіні сахнаға шығады. Екеуі де кемпірдің аузынан жағымды сөз естуге ынталы.

Айман: Не айтқысы келді екен?

Райхан: Ризалығын сездірмек қой. (сәл кідіріп) Ай астындағы алтын шаһар дей ме, бірдеңе...

Айман: Ой, соны түсінбедің бе! Ол ана өмірді айтады.

Райхан: Ойбай-ау, солай ма еді.

Айман: Е, енді не деп ең.

Райхан: Алтын шаһарды тапқан екен. Зираттарды шаһар деп... Түпсіз тұңғиық демей ме онан да...

Олар келген кезде Балым-Ана кішкене басын көтеріп отырады.

Балым-Ана: (даусы дірілдеп) Байқаймн, осы кесел мені алмай тынбайтын сияқты.

Райхан: О не дегеніңіз?

Айман: Әлі өмір сүресіз!

Балым-Ана: Жоқ, қарақтарым! Өмір аяқталып кел жатқан сынды. Түнде түсімде тек өлі әруақтарды көретін болдым. Сол тегін емес. (жөтеледі) Ал, енді сендерге айтайын дегенім – әулетке қана емес, әлемге ие болатын Аналар. Жақсы ана – елдің бағы. Жақсы әйел – болашақ жақсы азаматтың бағбаны.

Екі келін жарыса:

- Оны білеміз!

- Түсінеміз!

- Солай солай! – десіп екпіндеп сөйлейді.

Балым-Ана: Сөзімді бөлмеңдер. (сәл тоқтап) Мына жарық әлем – пендеге сынақ үшін берілген. Өйткені, қара жер өте кең. Қара жер – ай астындағы алтын іспетті... Арала. Жүр. Еркін сайранда. Мұнда не істесең де, өзің білесің. Еркіндік мол болады. Ақыр соңында жер бесікке жетесің. Жер бесіктің үсті – алтын шаһар. Түнде ол жақтан алтын алау көрінетіні де содан. (сәл тоқтап) Ана құрсағы – өте тар. Жер бесік – тағы да тар. Ал, қара жер.... (жөтеледі) Осы сынақты біреу көтере алады, біреу көтере алмайды. Біреу не істесем де өзім білем дейді. Біреу алды-артын ойлап өмір кешеді. Пенде не істесе де, оны бір жаратушы көріп тұрады. Бірақ соны ұмытып кететін ұрпақ көп.

Келіндер:

- Апа, сіз не айтып кеттіңіз?

- Тым тереңдеп кеткен сияқтысыз! – десіп тағы да жамырасады.

Балым-Ана: Жоқ! Мен лығып кеткем жоқ. Бұл әңгімені мен баяғыда-ақ айтуым керек еді. Жер бетінде не бүлініп жатса да, соның алдымен кінәлі – әйелдер! Әйел өтірік айтса, ел өтірік айтады. Әйел қулыққа көшсе, ел қулыққа бейім болып кетеді. Әйел алаяқ болса, ел де солай.

- О, бізді кім тыңдайды!

- Бұл сөзіңізге сену қиын! – десіп, келіндер тағы да жарыса сөйлейді.

Балым-Ана: Бұл сөзімнің еш артықтығы жоқ, қарақтарым! Ана өмірге ұрпақ әкелуден бас тартса, ұлт күйрейді. Ал, бала тәрбиесіне көңіл аудармаса, тәртіпсіз ұрпақ көбейеді.

- Бұны бізге не үшін айтып отыр!

- Біз бала ма екенбіз! – десіп, екі келін қабақ шытады.

Балым-Ана: Не ұқсаңдар да өздерің білесіңдер! Маған айту парыз. Түсінігі бар адам өзі-ақ санаға сіңіріп алады. Ал, қабылдамаса... қайтеміз! Желге ұшқан сөз болады-дағы... (Балым-Ана: енді үндемей қалады, келіндер аң-таң)

Райхан: Бізге басқа ештеңе айтпайсыз ба?

Айман: Мұндай ақылды мен апта сайын еститінмін.

Райхан: Мен маңызды бірнеңе айтатын болар деп ойлап ем....

Айман: Бізге дәріс оқыған сияқты болды...

Балым-Ана: Ең соңғы айтайын дегенім – адам мына тірлікте екі жұп болып өмір кешеді. Сол жұп бір-бірін қалай сыйласа, ұрпағы да солай. Сол жұп бір-бірін қалай сүйсе, ұрпағы да сондай махаббатқа ылайық.

Келіндер:

- Біз оны білеміз!

- Сүйюдің не екенін түсінеміз!

Балым–Ана: Сөзімді бөлмеңдер. (жөтеліп алады) Ал, енді сүймейтіндер де отбасы құрып жатады. Ол-азап. Сүйе алмаған екі жұп өмір бойы бір-бірін іштей қинайды. Жер бетіндегі жетім балалар да, жанарына мұң ұялаған сәбилер де – сондай жұптардан.

Келіндер:

- Сіз атамды шын сүйдіңіз бе, апа?

- Сіздердің махаббаттарыңыз қалай болды?

Балым-Ана: Біз бір-бірімізді шын сыйлай білдік. Сыйласа білу де – бір бақыт. Кейбір сыйластық болды, оны махаббаттан да артық қоюға әбден болады. (сәл тоқтап) Қалған әңгімені Майра келінім келген соң айтарым. Мен шаршадым. Жантаяйын. (сосын өзіне-өзі) Тағы да есіме түстің ғой, Бозтайым-м... Неге Нұрхан ағам емес, сен еске түсе бересің?

Осы кезде сахна қараңғылана береді де, әлдеқайдан Бозтайдың үні естіледі.

Бозтайдың үні: Мен сені қатты сағындым ғой, Балымжан! Сенімен табыстыуды жазбаған жатаратқанға не істеймін. Жолым шиыр, алдым өр... Сен биіктесің! Сенімен ең болмаса бір күн кездестірсе, Аллаға шын риза болып аттанар ем о дүниеге....

Балым-Ана: Екеуіміз бір-бірімізді қанша жерден ұнатсақ та, Алланың қалауы олай болмайды. Араға соғыс араласты.

Бозтайдың үні: Соғыс сылтау емес. Мен сол соғыстанаман-есен оралуым да мүмкін еді ғой. Сенімен қайта табысып...

Балым-Ана: Ендеше, қайдасың? Неге іс-түссіз жоғалдың? Неге менің кеудемді астаң-кестең, әрі-сәрі күйге бөлеп, мүлде жоғалып кеттің!

Бозтайдың үні: Бізді табыстырмаған... табыстыра алмаған – әлсіз махаббат! Екеуіміз бір-бірімізді шын сүйе алған жоқпыз. Шала махаббаттың адымы да қысқа. Ол ешқандай қиындыққа қарсы тұра алмайды.

Балым-Ана: Солай ма еді! Сенің сүйгенің де бекер екен ғой. Ал, мен бейбақ сол сезімге малданып... Ұзақ күтіп... Сарғая күтіп...

Бозтайдың үні: Жоқ, олай емес. Менің айтайын дегенім – біз екеуміз арадағы сезімді шын бағалай алмадық. Оны әуелете алған жоқпыз. Сезімді білмеген жерде - махаббат та сөнеді.

Балым-Ана: Онда... онда оны өшірген екім де емес, өзіміз екен ғой. (сәл тоқтап) Иә, Бозтай біздің сезім – жалп етіп жанып, қайта өшкен білте шамның жарығындай-ақ болы. Мен оны енді ғана түсінгендеймін-н-н...

Сахнада қайта жарық жанғанда Балым-Ана ааласұрып, қиналып жатады. Осы кезде дауыс естіледі.

Дауыс: Алматыдағы келін келді. Міне, үйге кіріп келе жатыр.

Балым-Ана: (даусы дірілдеп) Келді ме! Келгені ғой , қарағымның... Қайда! Қайдасың, жарығым... Өзіңді сарыла күттім ғой. Мен мына жұртты, мына жұрт мені түсінбей әбден қалжырадым ғой мен.

Сахнада Майра көрінеді.

Майра: Апа! Апатай!

Балым-Ана: Жеттің бе, құлыным! Сонша сағындырдың ғой сен-н... (жыламсырайды)

Майра: Барынша асығып жеткенім осы болды, апа! Жыламаңызшы...

Балым-Ана: Жо-жоқ, бұл қуаныш жасы! Бұл ризалық жас, балам! Көзім жұмылмай тұрып жеткізген Аллаға мың тәубе! Балам қайда?

Майра: Ол пойызға отырды, апа! Мени самолетпен ұшып жеттім. Сіз қатты іздеп жатыр деген соң...

Балым-Ана: Иә, іздедім. Сарыла күттім. Көзім тіріде өзіңе айтатын да, тапсыратын да щаруаларым шаш етектен. Енді соны тыңда, қарағым. Үнсіз отыр да, тыңдай бер. (Майра басын изейді)

Сахна кішкене қараңғыланады да, өайта жарық жанғанда - Майра мен Айман оңаша сөйлесіп тұрады.

Айман: Мені неге оңашаға шақырдыңыз?

Майра: Бұл - апамның тапсырмасы.

Айман: Сол кісінің сөзі ме?

Майра: Маған барлығын да өзіңмен ақылдасып атқар деді. Ел ішіндегі жағдайды жақсы білетін Айман деді.

Айман: Солай айттым ма? Ал, мен болсам...

Майра: Апам сені жақсы көретінін де жасырмады. Аздап тартыншақ, әйтпесе әулетті ұйытып әкететін келін еді деді. Айман: (көзін сүртіп) Маған... маған тым қатал болағн соң, жек көретін шығар деп ойлап қоюшы ем. Осыны қалай байқамадым. Қалай сезбегем-м...

Майра: (арқасынан қығып) Ал, енді іске кіріселік. Бітірер шаруа өте көп. Сенен сұрайтыным мынау. (Бірдеңелерді сыбырлап айтып жатады)

Сахна қараңғылана береді.

Сегізінші көрініс

Сахна – Нәзипа кемпір. Қасында Балым-ананың екі келіні тізе бүгіп отыр.

Райхан: Бұл не қылғаны? Біз не жаздық! Елге күлкі болдық қой.

Осы кезде Нұрғаным сахнаға шығады.

Райхан: (оны көре сала) Сенің айтқаныңдай болмады. Кемпір бізді алдап соқты.

Нұрғаным: Саған түк те тимеді ме?

Райхан: Қызыма алтын сырғасын атапты.

Нұрғаным: (Айманға) Ал, саған ше?

Айман: Маған кемпірдің ескі көйлегі тиді.

Нұрғаным: Сені де оңдырмаған екен.

Нәзипа: Әй,өйстіп асылық сөз айтпаңдар. Марқұмның әлі топырағы да кеуіп үлгерген жоқ. Бәрің «дүние-дүние» деп...

Нұрғаным: Өлген соң бәрі де қалады.

Райхан: Өлгенге дейін керек қой. Ойбай-ау, ана бриллиант сырғаны қайдағы біреуге атағаны несі? Ол кім еді сонша!

Нұрғаным: Ол – артынан ерген жалғыз сіңілісі.

Райхан: Сіңілісі болса, кеше ауырып жатқанда қайда болды? Тіпті ат ізін де салған жоқ.

Нұрғаным: Алтын білезік кімге тиді?

Айман: Алтын білезігім нағашыма берілсін депті.

Райхан: Олардың қасында біз ешкімге де емес екнбіз ғой.

Осы кезде кіші келіні Айман сыңсып жылайды. Бәрі аң-таң.

- Саған не болды?

- Жылағаның-не! – десіп, оған тұс-тұстан дауыстап жатыр.

Айман: (өксігін баса алмай) Сіздер білесіздер ме! Ол кісі маған хат жазып кетіпті. Сол хатта «сандықтың түбінде жиырма жыл бойы жинаған шашым бар, соны қалтаға салып, өзіммен жерле» депті. Сосын тағы жазыпты: «Жұлынған тістерім де тұр, оны да өзіммен жер қойнына беріңдер» депті.

Райхан: Шашы несі! Ол кімге керек!

Айман: Сол хаттың аяқ жағына жазыпты: « Шашымды жерге тастаған жоқпын. Бір діндар кісі айтты: «Егер шашың отқа түсіп, күйіп жатса, баяғыда шетінеген балаң «анамның исі ғой» деп отқа қолын салады екен. Сосын қолы күйіп шырқырап жылайды екен». Сол діндар тағы да айтты: «Кісі денесі көрге түске соң, қайтадан жан бітіп, дене мүшелерін түгелдейді екен, сонда тісім қайда деп қайғырады деседі». Сондықтан да тісіңді босқа лақтыра берме...»

Бәрі үндемей отырып қалады.

Нәзипа: Ойпырмай, мұны маған да айтпаған екен. Қаншама шашым күл-қоқысқа кетіп еді.

Райхан: Тісім ше! Көп тісімді жұлдырдым ғой.

Айман: Тағы сол хатта жазыпты: «Менің артымда қалған дүние-мүлікті немерелерім мен шөберелеріме тең бөлдім.

Сосын төркініме, нағашы жұртыма арнадым. Соңғы өтінішім сол – менің туыстарыммен қарым-қатынасты үзбеңдерші...»

Райхан: (көңілсіз үнмен) Тағы не жазыпты?

Айман: Ең соңында былай депті: «Енді мен жоқпын. Ауылдағы шал-шауөанның бәрі де қартайып, ақыл айтудан қалып барады. Егер қажет деп тапсаңдар, бұдан кейінгі ақылды ана Майрадан сұрарсыңдар...»

Райхан: Сонда бізге ендігі жол сілтейтін Майра болмақпа?

Нәзипа: Сексенге иек артып тұрған Шәрипа екеуміз екен. Сонда бізді де ақылсыз кісіге санағаны ма? (кекесінмен) Алжыған екен. Шын алжыпты!

Осы кезде сахна қараңғылана береді де, қайта жарық жанғанда сахнада Майра мен Нұрғаным сөйлесіп тұрады,.

Нұрғаным: Мені неге оңаша шақырдыңыз?

Майра: Өзіңе айтарым.

Нұрғаным: Ал, айтыңыз!

Майра: Сен туралы көп естідім. Өзіңмен осылай кездесуді ұзақ күтіп едім.

Нұрғаным: Не үшін? Мен сізге кіммін?

Майра: Біз екеуміз де осы әулеттің келіндеріміз.

Нұрғаным: Болса ше?

Майра: Әулеттің жүгі деген болады. Соны енді біз көтеруіміз керек.

Нұрғаным: Е, енді түсіндім. Сізді Балым-Анамен ұзақ сөйлесті деп еді. Сырыңыз белгілі болды. Басыңзы айналып қалыпты.

Майра: Мен, қарағым, сен ойлағандай жас келін емеспін. Ғалыммын. Алматыда тұрам. Әлемді шарлап жүрген адаммын. Ендеше, менің басымды айналдырып алу оңай шаруа бола қоймас.(сәл тоқтап) Ал, адалдығына келсек, мына өмірден өткен ана – ең ғажайып жан. Оны түсіне алмағандарың, әрине, өкінішті-ақ.

Нұрғаным: Өзге келіндерге не беру керектігін де сізбен ақылдасты ма?

Майра: Ақылдасқан жоқ, тапсырды. Мен соны орындадым. (сәл тоқтап) Тағы да айтарым бар.

Нұрғаным: Ол не?

Майра: (қалтасынан хатты алып) Мынаны оқышы.

Нұрғаным: Бұл не? (хатты алып, оқи бастайды)

«Жанымнан артық көретін асылым Балымжаным! Өзіңді өлердей сағындым ғой. Мені өзіңе соншалық ынтықтырған, соншалық табындырған қандай ғаламат күш екен? Сен жәй ғана сұлу қыз емессің, сен хор қызындайсың! Әттең...осыдан қан майданнан аман-есен оралсам, сені өмір бойы төбеме қойып, аялап өтер ем-ау...»

Нұрғаным: (тоқта) Бұны кім жазған?

Майра: Мұны сонау кезінде майдан даласынан Бозтай деген жігіт жазған.

Нұрғаным: Балым әжеге ме?

Майра: Кейуана ол кезде жап-жас қыз болған.

Нұрғаным: Екеуі бір-біріне ғашық болған екен ғой. Сонда қалайша...

Майра: Міне, әйел ерлігі осылай. Өзі Бозтайды өліп-өшіаһп сүйсе де, басқа бір еркекпен елу жыл бақытты өмір кешті. Ешкімге ештеңе білдірмеді. Бар сырын өзімен бізге көрге ала кетті...

Нұрғаным: (ойлана) Сонда... сонда Балым-апа Бозтайды сүйе тұрып... (сосын өзіне-өзі) Ойпырмай, берік жан екен.

Соны елу жыл бойы сездірмегені қандай мықтылық.

Майра: Мықтылғы – тек бұл ғана емес. Апамыз қолындағы келіні Айманды да өте жақсы тәрбиелей алыпты.

Нұрғаным: Бұл қалай? Бұны қалай түсінеміз? Мен Айманды білем ғой.

Майра: Жоқ, сен білмейсің. Айман ешкіммен айтысып-таспаса да өз ойы бар әйел. Кешегі шаруалардың көбісі сол Айманның айтуымен...

Нұрғаным: Сенбеймін. Сене алмаймын.

Майра: Әлі көрерсің. Осы ауылды Айман сабырлы мінезімен, һәм салқын ақылымен иіріп әкететін сыңайлы.

Нұрғаны: Жоқ! Мен бұны еш түсінбеймін. Түсінгім де келмейді.

Майра: Тағы да тыңда. Сенің ана сәбиіңді Шәрипаға бере тұру керектігін де апамыздың аузына салған осы Айман.

Нұрғаны: Не дит! (өзіне-өзі) Қап, бұл Айман үндемей жүріп мені де ақымақ етіпті-ау! Өзімше ақылды, қу болдым десем...

Майра: Не ойлап кеттің?

Нұрғаным: Әлі де сене алар емеспін.

Майра: Әрине, сенбейсің. Өйткені, сен осы күнге дейін тек өзім ғана ақылдымын деп ойлап жүрдің.

Нұрғаным: Сонда мені мұқатқанңыз ба бұл? Мазағыңыз ба?

Майра: Мазақтап қайтейін. Бәрі де өз арамызда қалатын әңгіме ғой. Тек жаныма бататыны – сен енең екеуің неге қызғаншақтау болдыңдар екен. Әттең, осы бір мінез кеселінен айыға алсаңдар ғой...

Нұрғаным: (өзіне-өзі) Кесел! Біз сонда кесел ме екенбіз! Не дейді мына ғалым әйел! Әй, бұның өзі данышпан ба екен сонда! Кемшіліксіз бе екен... (Майраға) Сіз... тым қатты кеттіңіз.

Майра: Оңашада ашық айтқаныма кешір. Мен сенімен айтысып-тартысатын жастан әлдеқашан өтіп кеткен адаммын. Арманым біреу-ақ: абысын-ажын боп, тату-тәтті өмір сүрсеңдер екен. (сәл тоқтап) Сен аласұрып жүрген кезіңде Айман түзу ақыл тауыпты. Бірақ сен... оны да Қақпақылға салып бақтың. Не Шәрипа әжеге бермедің, не болмаса... Енді ойлан. Ана сәбиді өзің бағып-қаққаның дұрыс болар еді. Жақсы, тәрбиелі ұл өсіруден асқан бақыт бар ма қазақ әйелі үшін...

Нұрғаным: (өзіне-өзі) Мені ақымақ деп жүр екен ғой бұлар. Қулығымды қайдан білсін. Балам жетімханада емес қой. (сосын Майраға) Мен кеттім!

Майра: Қайда?

Нұрғаным: Балама.

Майра: Балаң қайда? Әлі жетімханада ма?

Нұрғаным: (күліп) Мені мүлде есі жоқ әйел деп ойлайсыздар ма! Аналық сезімі біржола семіп қалған жан дейсіздер ме! Жоқ, мен де Анамын. Мен де сәбиімді жан-тәніммен сүйемін.

Майра: Онда бұл істеп жүргеніңді қалай түсінеміз?

Нұрғаным: Бала бір танысымның үйінде. Қазір барам да, алып қайтам. Сонымен бәрі де бітеді. Елдің аузы жабылады. Ал, кеттім-м...

Сахна қараңғыланады да, қайта жарықтанады.

Үй ішінде Нәзипа, Майра және басқалар бар.

Нәзипа: (Майраға) Балым жарықтық сені асыға күтіп жатты. Өзіңе ықыласы ерекше еді ғой оның.

Майра: Үлгердім ғой, әйтеуір.

Нәзипа: Саған айтарым көп деп жатушы еді. Бір түн не айттыңдар?

Майра: Не болушы еді. Ел бірлігін айтты. Жақсы қартаюды айтты.

Нәзипа: Сосын?

Майра: Сосын ағайынның туыстығын, бауырмалдығын айтты.

Нәзипа: Сол-ақ па?

Майра: Осы аз ба екен?

Нәзипа: Әй, бүгінгі адам ақылға көнсе жақсы. Тыңдамайтын, тасбауыр болып барады.

Майра: Соның басты себебі не деп ойлайсыз?

Нәзипа: Қандай себеп болсын! Ақылдың аздығынан шығар...

Майра: Құрбыңыздың айтуынша, осының бәрі де адамдардың көкірегіндегі қызғаныштан...Адамдар осы күні бірін-бірі қызғанып, жақсылығын да көргісі келмеуді әдетке айналдырады. Ол-дерт! Ушығып бара жатқан дерт..

Нәзипа: Е, дерт болса, оған мен не істей алам! Ол да заман зауалы шығар.

Майра: Сонда біз ештеңеге кінәлі емеспіз бе, апа!

Нәзипа: Жоқ, мен өзімді кінәлімін дей алмаймын. Менде тұрған не бар!

Майра: Ауылдың үлкені, кішісі бар – әр келіндері осылай дей берсе, онда не болады. (сәл тоқтап) Қалай десеңізде де, ана Шәрипа әже шын ерлік жасауға бел буған екен. Жетімханадағы баланы алдырып, өзі бағып-қағып өсірмек бопты. Сексендергі кемпірге ол оңай жұмыс болмас еді...

Нәзипа: Өй, әдірап қалсын! Шәрипаның кім екенін сен білуші ме едің. Ол сенің күйеуіңді жас күнінде өлтіре жаздаған.

Майра: (күліп) Білем, апа! Кеше үйіне барып, біраз сөйлестім.

Нәзипа: Оған да бардың ба? Ол адам баласымен сөйлесе бермеуші еді...

Майра: Ал, менімен сөйлесті.

Нәзипа: Сонда не айттыңдар? Әңгімеге желі болар қандай ортақ сөз бар?

Майра: Әңгіме тақырыбы сіздің немереңіз туралы болды.

Нәзипа: (елең етіп) Иә, сосын? Ол не деді?

Майра: Өмірге, адамдарға деген өкпенің бәрін де ұмыттым деді. Оны ұмыттырған кішкентай сәбиге деген шынайы сезімнің оянуын болды деді. «Біз неге таза болуды сәбилерден үйренбейді екенбіз» деді.

Нәзипа: Ол сонда менің немеремді өзі біржола иемденіп алмақ болған ба?

Майра: Жоқ, олай емес. «Үйіме жас бала келетін болды» деген сезім бойында оянған сәттен бастап, мүлде өзгеріп сала бердім дейді. Соны өзім де түсінбедім деді.

Нәзипа: Келін оған келіспей жүрген жоқ па!

Майра: Міне , Нұрғанымның осылай алдаусыратып жүргенін білген кезде неге екені белгісіз, барлық буырқанған сезімнен біржола айрылып қалдым деді. Ештеңені сезініп, ешнәрсеге таңдана да алмай қалдым. Менің бойымда нендей өзгеріс болғанын өзім де түсіне алмадым.... Өмір бір сәтте түк қызық еместей... болып кетті.

Нәзипа: Ал, сонда.... сонда менің келінім немеремді кімге бермек? Қайда апармақшы?

Майра: Немереңіз қазір үйде болуы да ғажап емес. Нұрғаным оны өзім бағып – қағам деген шешімге келді ғой дймін.

Нәзипа: Рас па! Шын сөзің бе! (орнынан бір бұрып, бір отырады) Айтқандай, Шәрипа да өзгерген екен. Ол бұрын ондай емес еді. Сенің күйеуіңді өлтіре жаздағанын ұмытамыз ба біз-з...

Майра: (күліп) Онда мен күйеусіз қалатын едім-ау,ә! (сәл тоқтап) Апамның жанынан елес секілденіп, соқыр да, керең де кетпейді деп едіңіз! Айтыңызшы, бұл не сонда?

Нәзипа: Ойбай-ау, кейде оған көрінген адам бізге көріне бермейтін. Балым тегінде ерекше жаратылған жан.

Майра: Сонда-а... бойында бір қасиет болғаны ма?

Нәзипа: Ауыл молдасының айтуынша, Балымның бойын буып тұратын ерекше күш бар. Сонысы қозып кеткенде, ол әлдекімдермен сөйлесе жөнеледі. Тіпті өзі де айтатын «Мен ей-кейде құлағыммен күй естимін, жыр етимін» дейтін. Оны басқалар ести алмайтын...

Осы кезде сырттан дауыс естілед.

Дауыс: Соқыр Сағынай күйші мен керең Сәндібек шайыр көрісуге келе жатыр.

Нәзипа: Олар мұндай жерде мүлде көрінбеуші еді.

Райхан: Соқырдың көзіне саңылау пайда болған шығар. Керең шайыр еститін болған ғой. Кейуананың қайтыс болғанына қатты қайғырып, көп-көп жылаған ғой сорлылар...

Нәзипа: О, жарықтық-ай! Осы болып жатқанды түсімде көрдім деп еді. Осы Балым шынымен тегін кісі болмады...

Сахна кішкене қараңғыланады да, бұрыштан Балым кейуана көрінеді.

Балым: Сен менің сөзімді ұмытқан жоқсың ба,а?

Нәзипа: Қайсысы еді? Не жөнінде-е...

Балым: Әй,сен де бір ұшқалақ кемпір болдың ғой. (сәл тоқтап) Мен айтпадым ба, осы күні Шәрипаның жолын қуаандар көбейді деп... Ауылдағы келіндерге қарашы, көбісі-ақ сол Шәрипаның ісін құп көріп алыпты. Бала тапқысы жоқ. Ал, Шәрипа байғұс бала таппайын деді ме! Алла-тағала бермеді ғой. Бұл біле-білсең үлкен індет! Осылай кете берсе, бұл қоғам бүлінеді. Келіндерге дұрыс жол сілтеу-енді саған аманат! Осыны айтпап па едім...

Нәзипа: Есіме түсті. Айтқансың. Алайда-а...

Балым: Неге тежелдің?

Нәзипа: Алайда, бүгін мені кім тыңдайды! Менің де заманым өтіп барады екен.

Балым: (дауыстап) Жоқ, олай емес. Адам қашан көрге басы жеткенше күресіп өтуі тиіс. Қоғам кеселімен. Өтірік пен өсекпен... Екіжүзділікпен... Алдау-арбаумен... (елес жоғалады)

Сахна қайта жарықтана береді.

Дауыс: Соқыр күйші есік алдында құлап қалады.

Тағы бір дауыс: Керең шайыр жер сабалап, еңіреп жылап отыр...

Нәзипа мен Майра сахна қуысынан шығып келе жатқан екі кісіге қайды.

Нәзипа: (алдынан шығып) Ау, сендер кімсіңдер! Бұларың не?

Соқыр күйші: (күінішті үнмен) Айрылып қалдым ғой. Жәй замандасымнан емес, тағы бір ғажап күйшіден айрылдым.

Нәзипа: Ол кемпір күй тарушы ма еді?

Соқыр күйші: Иә, ол күйші болатын.

Нәзипа: Қой, сен есіңнен алжасайын дедің бе? Балым күй тартты деген естісем, екі құлағым тас керең болсын.

Соқыр күйші: ОЛ – күйші еді. Ол күйді домбырамен емес, сөзбен айтатын. Қара сөздің күйшісі еді ғой, әттең-ай!

Керең шайыр: Мен де оның сөзін етитін едім. Ол – шешен еді. Оның қасына келсем, құлағым бір сәтке ашылатын. Сөзі қандай әуезді еді...

Нәзипа: (жағасын ұстап) О, тоба! Сендер жынданайын деген шығарсыңдар. Енді Балым күйші деп... Шешен деп...

Керең шайыр: Қра сөздің жорғасы деңіз...

Нәзипа: Мейлі, Қалай десең де күйші деп, шешен деп өзеуредіңдер ғой. Шамасы, сендер емес, мнн есімнен адасайын дедім бе?

Керең шайыр: (өлеңдете)

- Тірліке мынау құр қалған жоқсың олжаңнан,

Өмірді сүрдің майданға, сірә, болжанған!

Атадан адал, жарыңнан жақсы сый көрдің,

Балаға құрдас, келінмен құрбы болған жан!...

Нәзипа: - Әй, бұларың не? Қаралы күні өлең оқымайды.

Соқыр күйші: Мен күй тартам.

Нәзипа: Қой, ойбай! Мұндай қаралы күнде күй тартқан кімді көрдіңдер!

Соқыр күйші: Жоқ, бұл жоқау күйі!...

Нәзипа: Әй, сен екеуің.... екеуің неге тайталасып кеттіңдер? Біріңнен бірің қалыспай... (сосын өзіне-өзі) Ойпырмай, бір-бірі сүйрелеп жүргенімен, бұлардың да бойында «мен алдамын» деген пенделік қызғаныш ұшқыны болғаны ма сонда?... Уа, пенде!... Сен неге сондайсың! Неге кеудеңді өзімшіл сезім тырналап жатады осы...

Соқыр күйші ауаны сермеп, күй тартқан кісінің қимылын көрсетіп жатады. Оның әуенін ешкім де естімейді. Тек Майраның құлағына ащы, мұңлы күй әуені құйылып жатады.

Майра: (өзіне-өзі) Астапыралла! Астапыралла! Енем ғана еститін киелі күй ендң маған ауысөан ба? Мына күй – қандай күй! Мынадай күйді мен бұрын-соңды естімеген екенмін-ау!... (сәл иоқтап) Апатай, сіздің мұныңыз не! Өз бойыңыздағы асыл қасиетті неге артқа қалдырып кеткенсіз? Ол сізге ғана тиесілі Алла сыйы емес пе еді... Өзіңізбен ала кетпедіңіз бе, апа-а!...

Осы кезде Майраның қасына Айман келеді.

Айман: Күй әуенін естіп тұрсың ба?

Майра: (жалт қарап) Сен... сен де естисің бе?

Айман: Иә, сен осы әуенді көптен бері естимін.

Майра: Онда апамның бар қасиеті саған ауысады екен.

Айман: Білмедім. Өзім де түсіне алар емеспін.

Осы кезде сахнаға Нұрғаным шығады. Ол өте көңілсіз.

Нұрғаным: (тұншыға сөйлеп) Шәрипа әже... әлгінде қайтыс болып кетіпті.

Нәзипа: Не дит!

Майра:Ой, жарықтық-ай! Сәбидә асыға, аңсап күтіп еді. Көтере алмаған екен-ау кеудедегі ауыр, кермек ойды...Әттең-ай!.... (күрсінеді)

Сахна қараңғылана береді. Қайта жарық жанғанда – сахнада Нәзипа жалғыз.

Нәзипа: (өзімен-өзі) О, Балым замандасым! Міне, мен жалғыз қалдым.кеше Шәрипаны да жерледік.Ол да сенің соңыңнан кете барды.Кеудемді ащы өксік буып тұр. Ол не? Өзім де түсіне алмаймын. (сәл тоқтап)Сен секілді емес, мен бір ақылсыздау кемпір болдым ғой. Қадіріңді біле алмасам, мені кеш! Сен кеткен соң жапанда жалғыз қалғандай болып отырысым мынау...

Сені күйші деді! Қара сөзің күйшісі екенсің. Соны мен неге байқамағанмын. (сәл тоқтап) Қара жер кісіге сынаққа беріледі деуші ең. Сол сынақты қалай өткеріп жатқанымызды енді ойланбасақ болмас... (сәл тоқтап) Ана дүниені алтын шаһарды да естен еш шығармағанымыз абзал екен. (көпке қарап) Бәріміз түбі барар шаһаар ғой. Сол жерге арымыз тап-таза боп жетіп жатсақ, арман бар ма!...

Эпилог

Сахна тып-тыныш. Көтеріліп келе жатқан көк түтін Әлдеқайдан мұңлы әуен естіледі. Жайраған бұйымдар. Көңілсіз көрініс. Енді сахнаға жұпыны киінген екі кісі шығып келе жатады. Бұлар қара шапанды адам мен қызыл апанды адамдар. Қызыл шапанды сөз бастайды.

Керең шайыр: Кеудесі керең адамдар көбейіп бара ма, бұл қалай?

Соқыр күйші: Көкіргеі соқыр жандар қаптап кеткен сыңайлы ғой, байқап қарасам...

Керең шайыр: Жақында теледидардан өз анасын балталап қлтірген жігіт туралы көрсетті.

Соқыр күйші: Оның бойында жын бар екен!

Керең шайыр: Өткенде өз Анасымен соттасып, үй даулаған ұл туралы шу шықты.

Соқыр күйші: Оның бойын жын жайлаған екен!

Керең шайыр: бір жас Ана өз сәбиін жетімдер үйіне апарып, тастай қашыпты. Өз аты-жөнін айтуға да батылы жетпепті. Зытып отырыпты.

Сонда мен былай деп өлең жаздым.

- Өз ұлынан өзі қашқан Ана ма?

- Сайтан кіріп кетті ма екен сатағаң!

Соқыр күйші: Ондайларды Ана деуге болмайды. Олар – азғын адамдар. (кішкене тоқтап) Саған бір ауыз айтып берейін. Бұл да баяғыда-а болған оқиға.

Бір жас Ана сәті түскен күні сәбиін дүниге алып келеді. Сөйтсе, әлгі сәбидің басы адам да, аяғы - жылан болып туыпты. Әкесі бұл құбыжықтан қорқып, оны өлтірмекші болады. Сонда Ана баласын құшағына қысып алып, зар жылапты:

- Сәбиді өлтірсеңдер, мені де бірге өлтіріңдер.

Содан елдің естиярлары әрі ойласып, бері олйасып,баланы әзірге өлтірмейтін болды. «Кейін Анасы жоқ кезде білдірмей көзін жоямыз» деп келіседі. Содан, бұл құдайдың құдыреті қоя беріңіз, Анасы бір жаққа кеткенде, тас жүрек жандар ұрланып кіріп, әлгі баланы өлтіргелі жатқанда, олардың көз алдына жылан аяқ бала кәдімгі бала бейнесіне ауысыпты. Оны көзімен көрген адамдар қорқыныштан естен тана жазбапты. Үйден қаша жөнеліпті.

Керең шайыр: Ол қалай кәдімгі балаға айналған, ә?

Соқыр шайыр: Ананың ақ тілеуі ғой. Ана шын тілесе, бұл дүниеде орындалмас ештеңе де жоқ. (орынан тұрып) Ана деген- асыл жаратылыс! Ол – Алланың махабббатымен жаратылған, Алланың ықыласына бөленген асыл жан... Сосын да Аналарға тағзым ету барша пендеге парыз іс!...

Керең шйыр: Мен енді тек қана Аналар жайлы өлең жазатын болам. Осы сөзім-сөз...

Соқыр күйші: Күй арнау керек! Күймен жоқтау өте әсерлі болады.

Керең шайыр: Арынды, тасқынды жырға жете ме! Жырлың аты – жыр...

Екеуі тайталаса сөйлесіп, сахнадан шығып бар жатады.

(Шымылдық)
Жеңіс мерекесіндегі жеңіліс
(соғыс реквиемі)

Қатысушылар:

«Қарттар үйінің» тұрғандары:

Ағаш аяқ (Адамбек) – Ұлы Отан соғысына қатысып, бір аяғынан айырылып оралған мүгедек қарт.

Тымырсық (Сәрсен) – Ұлы Отан соғысында жазатайым тұтқынға түсіп қалып, фашистер ларгерінде болған, кейін қашып шығып, елге аман-есен оралған қарт.

Түгелбек: Соғыс кезінде елде, тау арасында қашып-тығылып күн өткізген, сөйтіп майданға бармаған қарт;.

Ұрқия – қарттар үйіндегі адуын, бірбет кемпір.

(Бәрінің де жасы 70-пен 80 аралығында)

Қара киімді адам (оқтын – оқтын көрінеді).

1-жігіт, 2-жігіт, Қожановтың, Момышұлының, Қошқарбаевтың даусы неміс офицерінің даусы, дәрігер, жас бала,т.б.

Оқиға ХХІ ғсырдың бас кезіндегі қарттар үйінде өтеді.

Режиссерге кеңес:

1. Ағаш аяқ. Тымырсықтың соғыс кезіндегі бастан кешке оқиғаларын қоюлатып, елес түрінде көрсетуге де болады;.

2. Түгелбектің соғыс кезінде тау арасында тығылып, қашып-пысып жүрген тұстарын да әртүрлі күлкілі формада көрсете беруге болады.

3. Бұл шығарма Ұлы Отан соғысына бүгінгі күн көзімен қарап жазылған шығарма екені де ест болғаны абзал.

Бірінші көрініс

Үлкен аула. Маңдайында «Қарттар үйі» деген үлкен жазу бар. Оның екі жағына кішілеу әріптермен «Қарттар – қазынамыз», «Ардагерлер – асыл жандар»,т.б. жазулар ілінген. Сахнаның бір шетінде бір топ адам. Сахнада – абыр-сабыр жүгірген кісілер. «Болыңдар, тездетіңдер, енді бес минуттан соң бастаймыз» деген дауыстар. Сахнаға үш ер кісі шығып,, алдыңғы қаатрға келіп жайғасады, біреуінің бір аяғы – ағаш аяқ.

Ағаш аяқ: Ау, бүгін өзі... кішкене сахна соншалық құлпырып кетіпті ғой. Күнде жүдеу тартып, жыламсырап тұрушы еді.

Сөзді екінші қарт іліп әкетеді. Ол қу тілді.

Түгелбек: Иә, бүгінгі кісі танымастай. Әй, бірақ, бұл да көз алдау ғой. Жеңіс мерекесі деп біз секілді шал-шауқанның көңілін алдарқатып қояйық дегендері де.

Енді үшінші шал сөйлейді.

Тымырсық: Ой, не болды сендерге! Өнерлі жастар жеңіс күні деп үлкен концерт ұйымдастырып жатса да жақпайды өздеріңе! Сендерге не жағады?..

Түгелбек: Не емес, кім жағады деңіз.

Ағаш аяқ: (күліп) Ойпырмай, сөз аңдып қалған заман. Бір-біріңді тап бастырмайсыңдар-ау тіпті.Осындай жеңіс мейрамында сөйтуге бол ма?

Тымырсық: Осы күні мейрам деп жүрген кім? Бұл күн әрбірден соң мереке емес, опат болған боздақтарды еске түсіретін қаралы күн...

Осы кезде үш шалды адуын кемпір Ұрқия тотқата сөйлейді,һ.

Ұрқия: Әй, қақпастар! Қойыңдар енді... Сендерді тыңдаймыз ба, жоқ концерт тыңдаймыз ба!

Үш шал жарыса «ойбай, қойдық» деседі. Осы кезде сахна сәл қараңғыланады да, соғыс туралы бір ән шырқалады. Ән аяқтала бергенде сахнаға бір жас жігіт шығады.

Жас жігіт: (мақаммен, асықпай) Құрметті аталар мен әжелер! Біздің қазына – қарттарымыз! Сіздерді келіп есік қаққалы тұрған жеңіс мерексімен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеуге рұқсат етіңіздер! (кішкене үзіліс жасап) Ал, енді сіздерге қала өнерпаздарының күшімен әзірленген шағын концерт-қойылымды ұсынамыз. Ең алдымен соғыс тақырыбына арналған шағын скеч...

Сахна кішкене қараңғыланады да, жарық қайта жанғанда, екі жігіт тұрады.

1-жігіт: Кешегі қанқұйлы соғыс азаматтарын ғана емес, елді де сынға салды. Ұлы отан соғысына қазақтар да қатысып, көптеген ата-әжелеріміз Кеңес Одағының батыры болды, омырауына орден-иһмелаьдар тақты. Осының өзі-ақбіздің ұлттың нағыз интернацилналист, бауырмал ел екенін әйгілей алады...

2-жігіт: О-о, айтады екенсің сен де... Интернациланлист, бауырмал... Сол соғыстан не пайда таптық! Біз үшін керек пе еді сол соғыс...

1-жігіт: Ой, сен өзің не деп тұрсың! Ұлы Отан қатерлі қауіп төнген кезде қазақ қайтіп қарап қалады,.

2-жігіт: Біздің Ұлы Отан қай Отан? Ең алдымен соның басын ашып алуымыз керек...

1-жігіт:Сен... сен жынданайын депсің! Ұлы Отан ол кезде біреу-ақ болды. Ол – СССР...

2-жігіт: Сол СССР қазаққа не берді? Соны айтшы сен әуелі.

1-жігіт: СССР ме! (даусын көтере) СССР - ортақ Отан болды. Барлық ұлттар достығының куәсі юолды. Ортақ үй...Ортақ шаңырақ... (тұтығып қалады).

2-жігіт: Ортақ! Ортақ!... Бәрін де ортаға салып, саусағымызды мұрнымызға тығып қалмадық па! Сол өтірік пе!.. (күледі)

Осы кезде залда, алдыңғы қатарда отырған Ағаш аяқ шыдай алмай ортынан ұшып түргеледі.

Ағаш аяқ: Мынау не! Бұл қандай скеч, ағайын-ау! Бұл не көрініс-с... «айқайлап жібереді) Мұнда қисық сөз сахнадан айтылмауы тиіс. Мен бұның дереу тоқталуын талап етемін-н...

Түгелбек: (ол да орнынан ұшып түрегеліп) Адамбек, қазір демакратия-я... Жариялылық заман! Неден үріктің сен? Айтсын! Айта берсін! Жалғастыра беріңдер-р...

Ағаш аяқ: Жоқ! Тоқтатылсын! Мен қарсымын.

Түгелбек: мен жалғастырсын деп талап етемін.

Ағаш аяқ: Тоқтат! Тоқтатыңдар-р...

Сахна айқай-шу. Ерсілі-қарсылы жүгіріскен кісілер.

Сахнаның бір щшетінен қара киімді Адам шығады.

Қара киімді адам: Соғыстың аты – соғыс. Үш шалды шал бүліндіріп, тағы да дау-шарғыға салып отырған да сол баяғы соғыс. Олардың тәне ғана емес, жаны да жаралы. Жан жарасы ұзақ емделеді, жазыла ма, жазылмай ма ол жағы жұмбақ. Ал, соғыс... «Войны без жертв не бывает!» Солай-й... (шығып кетеді).

Екінші көрініс

Сол қарттар үйінің кең ауласы. Сахнаның арғы түкпірінде көп қабатты үйдің – Қарттар үйінің сұлбасы көрінеді. Сахнада екеу: оның бірі – Ұрқия әжей де, екіншісі – сексенге тақаған Адамбек қатр – Ағаш аяқ. Екуінің де қолында күрек, жерді шұқылап, бірдеңе істеп жүр. Аула іші көкпеңбек. Дәл ортасында екі жас шыбық қылтиып көрінеді. Ағаш аяқ теңселіп, ақсаңдай басып, әзер қозғалады. Ал, Ұрқия ширақ. Жылдам-жылдам қоғалып, тез-тез сөйлейді.

Ұрқия: (күле сөйлеп)Әй, қақпас-ау, кеше Түгелбек екеуің жап-жақсы концертті быт-шыт қылдыңдар ғой. Өтер соғыс өтті, сендердікі не? СССР-ің де баяғыда құрдымға кетті. Ойбай-ау,өздерің әлдеріңе қарамай, ірі-ірі сөйлейсіңдер ғой тіпті...

Ағаш аяқ: Ол ірі сөз емес, Ұрқия! Анығы сол. Кешегі соғысты бүгін мазақ етуге болмайды. Қаншама боздақтардың қаны сол соғыс даласында төгілгенін ешқашан ұмытпауымыз керек.

Ұрқия: Жоқ, мен соғысты айтпаймын. СССР-ге соншалық жандарың аши қалғанын айтам да.

Ағаш аяқ: СССР деген ұғым, меніңше, о баста жақсы ой болған. Оны да жеңілдетіп жіберген бергідегі саясаткерлер...

Ұрқия: (күліп) Жә, жарайды. Бүгін тағы да сол әңгімені бастап кеттік-ау. Қойшы соны. Мына заманды, бүгінгі күнімізді айтып-ақ тауысып алайық.Осы бар ғой, Ағаш аяқ... тоис Адамбек, мен ойлаймын. Кәрілік деген жәй абстрактылы түсінік. Кісінің сырт бейнесі ғана қартаяды, ал ішкі дүниесі ғұмыр бойы жап-жас боп тұрады. Әссіресе,жан дүниесі... Жүрегі қартайып барып, дүние салды дегенді естідің бе әуелі... Жоқ! Жүрек жалған сөз бен жалған әрекетке шыдай алмай, бірден жарылып кетуі мүмкін. Жарықтық жүрек деген ешқашан қартаймайды-ау. (жүрек тұсын сипайды).

Ағаш аяқ: (күліп) О-о, сен өзі бос сөзге құмар сөйлемпаз, бейпіл ауыз кемпір ме десем, тұла бойың тұнып тұрған философия ғой,әә! Қарашы сөзін, жүрек-жүрек деп тақылдап... Жарықтық жүрек қартаймайды деп...

Ұрқия: Бұл бер жағы ғой. Менің күнде не ойлап, не нәрсемен бас қатырып жүргенімді ашып айтсам, мына сенің шақша басың бар ғой, шыр көбелек айналып кетеді, білдің бе!... Менде ой деген жетеді-і...

Ағаш аяқ: Иә, не нәрсе? Нені ойлайсың?.. Бастадың ғой, аяғын жасырма. Ми айналып, атала боп кетсе де, айт енді...

Ұрқия: Былай ғой енді... Айталық, адам өзін-өзі күте білсе, жүз жасқа келуі оп-оңай. Тіпті бар ғой, жүзден де асуға болады. Мұны осы салаға бар ғұмырын арнап, миы қурай бастаған ақбас ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген.

Ағаш аяқ: Солай де. Кісі жүзден асып, екі жүзге қадам басса, онда шайтан боп кетпей ме?

Ұрқия: Қайдағы шайтан! Кісі организмі жүз жасауға әбден-ақ әзір. Жаратылысымыз солай. Оған дауласудың да қажеті жоқ.

Ағаш аяқ: (кекесінді үнмен) Сенің күн сайын ойлай беретінің осы ма? Жаңағы миды айналдырып жіберетін әңгімең осы ма?

Ұрқия: Бұдан да басқа ойлар жетеді. Алайда оны ешкімге айтпаймын. Ол енді...ішкі құпиям. Көрінген алжынған шалға айтып беретін әңгіме емес.

Ағаш аяқ: (ренжіген үнмен) Сонда, мен сен үшін көрінген біреу болдым ғой! Осы қарттар үйінде пенде боп бірге тұрып жатқанымызға енді аз күнде екі жыл толады. Ол аз ба! Аз екі жыл деген... (екі қолын аспаға көтереді)

Ұрқия: Аз! Аз әрине. Адам бірін-бірі жақсы тау үшін ең кемі он жыл араласуы керек. Сонда ғана оған ішкі сырыңды айтуға болады.

Ағаш аяқ: (ойлана) Он жыл! Не деген көп уақыт? Оған дейін кім бар, кім жоқ. (сосын жымиып) Әй, осы әйел жыныстылардың жан дүниесін түсінбей-ақ қойдым. Не айтаң да ойланайық, ертең де күн бар, асықпау керек дейді. Сөйтіп, сілікпеңді шығарады. Шыдамыңды тауысады. Ал, еркектер... рахат қой, олар екі сағаттан соң-ақ бөтелкелес дос боп шыға келеді.

Ұрқия; Бөтелкелес дос басқа, шын дос басқа. Сен бұл екеуінің ара-жігін қалай ажырата алмайсың. (сосын ойлана) Әрине, он ыжл аз уақыт емес. Бірақ тағдыр заңы, өмір заңы солай. Кісі он жылдай өзінің кім екенін, қандай адам екенін толық айтып болады. (енді күрегін көтере беріп) Өй, Адамбек сен не... Түбін дұрыстап көму керек. Әйтпесе бұл өсімдік көгермей, көктей солады. (енді еңкейіп, жас шыбықтың біріне алақынымен аялай түседі)

Ағаш аяқ: (мұңлылау үнмен) Осы кішкене шыбық жас қаламен брге өсіп, бәйтерек болып, мәуелеп өскенше біз бармыз ба, жоқпыз ба?

Ұрқия: Үмітсіз тек шайтан. Жақсы сөз – жарым ырыс. Неге тірі болмайық. Сені қайдам , өзім осы жас шыбықтың алып бәйтерек болғанын көрем әлі. Жасым жетпісте. Әлі алда сексен бар, тоқсан ар...

Ағаш аяқ: (күліп) Әй, сорлы-ау, сол сексен тоқсан біздің қолымызда ма екен. Бір алланың құзырында емес пе! Ана дүниеге керек болсақ, бір-ақ күнде... алады да кетеді.

Ұрқия: Алла өзі сүйетін пендесіне шын пейілмен сұраса, жеткілікті өмір де сыйлай біледі. Жаратушы біле-білсең,еңбек сүйетін, еңбекқор жанды жақтайды. Мен сендер сияқты жатып ішер жалқау емеспін.

Ағаш аяқ: Сендерің кім? Кімді айтып тұрсың?

Ұрқия: Е, бар ғой ана... кім еді? Әлгі Тымырсығың бар, Түгелбегің бар...

Ағаш аяқ: Мен олар үшін жауап бермеймін. Олар – осында тапқан таныстарым.

Ұрқия: Таныстарым дейді. Жан қиыспас достарым десеңші онан да. Күнде көрем ғой, жұптарың жазылмайды.

Ағаш аяқ: Е,енді... жасымыз қатар болған соң, әңгімеміз жарасады. Оны-мұныны айтамыз. Тымырайып жүргенде не табамыз, сосын сөйлесеміз-дағы... Кейде шарт-шұрт ұрысып та қалатынымыз бар. Кешегідей (Күледі)

Ұрқия: Әй, діу де болса өсек айтасыңдар... Осы күні қатындар емес, еркектер өсекші.

Ағаш аяқ: Тәйт! Бұл не сөз? Өсекші деп.. Еркек басымызбен не көрініпті. Біз өсекші емеспіз! Салмақты, салиқалы қариялармыз.

Ұрқия: Ал, өсек емес делік. Сонда не?..

Ағаш аяқ: Өткен-кеткендерді. Арғы-бергіні. Кешегі кездегі көз көргендерді. Сол көп таныстармен болған қызық жәйттер... Арадағы қуды-қашты әңгімелер...

Ұрқия: Міне, бұл да өсек.

Ағаш аяқ: (қабағын шытып) Барлық әңгімені өсек деу – қиянат, Ұрқия! Кісі бір-бірімен сөйлесу үшін, әңгіме-дүкен құру үшін Жаратқан ие тіл берген. Тіл тек өсек-аяңды айтады десең, ол ұят. Біздің тіліміз өсекке бейміделмеген, шындыққа, адалдыққа бейімделген тіл. Біз бұлтаққа көнбейтін, өтірікке бас имейтін қатаң заманның, Сталин заманының ұрпағымыз. (қақиып тұрып қалады)

Осы кезде сахна қараңғыланады да, ауыр, залы музыка ойналады. Сахнаға қайта жарық түскенде – ортада Сұлтанбек Қожанов, ал жоғарыда – Сталин.

Сталин: Ал, сөйле Қожанов!

Қожанов: Менің бір ғана өтінішім бар, жолдас Сталин!4

Сталин: Айт.

Қожанов: Менің халқым өте көнбіс ел. Алайда оның намысына тие беруге болмайды. Егер қазақ ашуға мінсе...

Сталин: (сөзді бөліп) Ашуға мінсе не істейді! Кімді қырады?

Қожанов: Ашуға мінсе, жолдас Сталин, жойқын күшке айналады. Ата-тегіміз жауынгер халық қой. Онда тоқтату қиын болады.

Сталин: Жә, сонда не демексің?

Қожанов: Менің халқыма көп қысым жасалып жатыр. Соны тоқтатыңыз.

Сталин: (айқайлап) Жоқ! Тәртіп барлық ұлтқа бірдей. Мен ешқайсысын бір-бірінен бөліп қарамаймын. Біз біртұтас Совет халқын құру жолындамыз. Осыны есте ұстаңыз, жолдас Қожанов!

Қожанов: Тәртіпті талап кеткеніңіз дұрыс. Оған ешкім қарсы тұрмауы тиіс. Алайда, Қазақстанда Голощекин ойына келгенді істеп жатыр. Елде жағдай қиын... Жұт, ашаршылық... Халық басқа жаққа босып кетіп жатыр...

Сталин: (күле сөйлеп) Осы сен... сен неге бірбет қазақсың! Басшыға қарсы келе беру түбі жақсылыққа апармайтынын да ұмытпа. (сәл тоқтап) Солай-й, жолдас Шыңғыс-хан... Орта Азияның Шыңғысханы...

Қожанов: Шыңғысхан мен емес, шын Шыңғысханды іздесеңіз айтайын. Ол алыста емес...

Сталин: (ашу шақыра) Отставить! Тоқта! Шық кабинеттен!...

Сахна қайта қарңғыланып, қайта жарық жанғанда Ұрқия сөйлейді.

Ұрқия: Зобалаң заман, кесел заман – сол Сталин заманы емес пе еді. Несіне «біз Сталин заманының адамдарымыз» деп мақтана кеуде қағасың...

Ағаш аяқ: (толғана , тебірене) Әр заманның өз сұрқылтайы болады. Әр уақыттың өз кеселі бар. Кешегі Ленин...жер бетіндегі адам баласына тек жақсылық тіледі. Адамдар жоқшылық пен тоқшылықтан құтылса екен, біріне-бірі күш көрсетпесе екен, тең болып қмір сүрсе екен деп армандаған жоқ па.Оның әу бастағы өз қиялында керемет, әсем, жақсы қоғам құру арманы болғанына мен іштей сенем. Бірақ амал нешік, өмірі қысқа болды. 54 жас деген не! Бала ғой. Ал, енді сол жолды жалғаған Сталин болса... әрине, ол да елді қан қақсатсам, қырып-жойсам, ақырзаман орнатсамдеп армандамағаны белгілі. Оның да әуел бастағы ойы, арманы елді жасқы өмірге жеткізу болды. Алайда...

Ұрқия: (сөзін бөле) Міне, міне, сол жерін айтшы.

Ағаш аяқ: Алайда... саясат өз дегеніне бұрып әкетті. Бәріне кінәлі сол заман, сол саясат...

Ұрқия: Ленин сүттен ақ, судан таза екен. Сталин тіпті ақадал, жаны пәк жан екен. Бәріне де кінәлі олар емес, әлгі-і... саясат, заман... Ау, бұл не өзі? Бұл енді әшейін көңіл жұбату ғой...

Ағаш аяқ: (дауыс көтере) Жоқ! Көңіл жұбату емес, бұл ащы шындық. Өмірдің ащы шындығы. Қай заманда да халықты қан қақсатқан – сол саясат. Сол саясат бағыты. Кім-кімді болмасын, әу баста қаныпезер болып тумайды. Оны қаныпезер ететін – сайқал саясат. Айналасындағылардың айласы, әрекеті, астыртын ісі. Аяқтан шалуы. Міне, Сталинді де ашындырған осындай істер.

Ұрқия: Сонда... айналасындағы ат төбеліндей саясаткерлерге ашындым деп, бар ел жақсыларын, игі жақсыларды қырып тастауға бол ма? Бұл деген нағыз қаныпезерлік қой.

Ағаш аяқ: Сталин, менің ойымша, бәрін қырып салыңдар деп ешкімге де, ешқандай да бұйрық берген жоқ. Рас, жолында кесе-көлденең тұрғандармен күрескен де шығар... Ол басқа әңгіме. Ал, мына біздің арыстарымызды алсақ, оны қүртқан өзіміз. Өз ішіміздегі алауыздық...

Ұрқия: Қалай? Ұлттың үлкен өкілін, белгілі-белгілі қайраткерін құрту үшін Орталық нұсқау бермесе, кім батып бара алады? Кімнің батылы барады?..

Осы кезде сахна қараңғыланады. Қайта жарық түскенде сахнада қара киімді Адам тұрады. Ол әлдекімге нұсқау беріп тұр.

Қара киімді Адам: Кез келген халықты уысында ұстағың келсе, ең алдымен олардың бас көтерер көсемдерін көгенде. Солардың аузына құм құй. Көні құрт. Көз көрмеске жөнелт. Сонда ғана өз дегенің болады. Ойлағаның іске асады. Әйтпесе... Әр қадам сайын кедергіге тап бол бересің. Өмір пәлсапасы осы. Осыны есіңде ұста-а...

Сахна қайтадан қараңғыланып, қайта жарық түскенде Ұрқия сөййлейді.

Ұрқия: (ойлана түсіп) Ой, сорлаған сорлы халқым-ай! Көрмеген қорлығың, ішпеген уың бар ма сенің!... Ал, енді...кешегі Ұлы Отан соғысы ше? Ол кімнің кінәсі?

Ағаш аяқ: (қабағын түйіп) Ол... ол біздің кінәміз емес. Оны бастаған неміс фашистері. Гитлердің қанқұйлылығы.

Ұрқия: Сенің ойыңша, Гитлер кім? Ол қандай адам? Әлде... ол түкке тұрмайтын кеще ме?

Ағаш аяқ: Мен олай дей алмаймын. Гитлер жәй пенде болса, соншама армияны жасақтай алмас еді. Демек, оның бойында да ерекше қасиеті бар. Тек кешілігі... ниеті дұрыс емес. Ниеті – қара... Сол үшін де ол тарихта қарабет болды. Сталин олай емес. Сталин өз уақытында ел ықыласына бөленген адам. Сосын да біз жеңдік.

Ұрқия: Жеңіс жалғыз Сталиннің еңбегі ме! Егер Сталиннің орнында басқа біреу болғанда, жеңіліп қалар едік деп ойлайсың ба?

Ағаш аяқ: Басқа біреу болса, аяғы не боларын білмеймін. Өйткені басқа біреудің кім екенін білмеймін ғой. Ал, Ұлы Отан соғысының жеңісіне тікелей ықпал еткен – Сталин. Оны жоққа шығаруға болмайды. Әрине,Сталиннің жанында өте даңқты қолбасшылар, әскери адамдар болды. Ақылды армия генералдары жүрді. Ең бастысы – Сталин соларды тыңдай білді. Қателескен де шығар. Жаңылыс басқан тұстары да аз болмаған болар. Бірақ ең соңында сара жолды тапты. Кеңес армиясын... дұрыс бағыттай алды.

Ұрқия: Менің бұл турасында өз ойым бар. Ол мынадай. Жеңіс – сол кездегі барша Кеңес халқының қанымен келді. Газерттерде жазып жүр ғой, Ұлы Отан соғысында 26 миллиондай кісі жер жастаныпты. Осы аз ба? Солар жан қиыспағанда, жеңіс болар ма еді.

Ағаш аяқ: Рас, соғыс шығынсыз болмайды, Сталиннің өзі де оны мойындаған. Ал, енді өлгендерге келсек....

Ұрқия: (сөзін бөле) Тіпті етің өліп кеткен адамдай, салқын сөйлейсің ғой өзің. Соғыс даласында денесі көмусіз қалған талай қазақ боздағының әруағы ше! Олар қалай ұмтылар! Осы күнге дейін жылаулы отбасылар бар. Соғыс жарасы, есіңде болсын, ешқандай жазылмайтын жара.

Ағаш аяқ: Дұрыс! Сөзіңе қосылам. Соғыс жарасы – ол жан жарасы. Жан жарасы оңайлықпен жазылар ма! Бірақғ өмірдің аты – өмір. Соғыс жылы жетім қалғандар жылап-сықтап жүріп те жетілді емес пе.

Ұрқия: Жесір қалғандар ше! Жап-жас жесірлер... Бар өмірі ойран-топан болған арулар ше...

Ағаш аяқ: Иә, қаншама арулар күйусіз, жарсыз қалды. Жас өмірі өксуге ұласты.

Ұрқия: Міне, сосын да ақындар сл кезді жырмен кестелегенде, ең үлкен тргедия деп сол жас аналарды жазады. Әлгі Қадыр ақынның:

Автомат, пулемметпен қырқып атып,

Кетті – ау соғыс талайды шырқыратып!

Күйеуі өлген соғыста көрші әйел,

Темекіні шегетін бұрқыратып! – деп жазуы тектен-тек пе! Қарашы, неткен ауыр...

Ағаш аяқ: Әрине, оған сөз бар ма! Трагедияның үлкені сол ғой. Соғыс трагедиясы...

Ұрқия: Жас жесірлер трагедиясын сөзбен жеткізу қиын. Ал, енді сол Қадыр ақынның тұстасы Тұманбай ақын:

Жеңеше, шылым шекпе деп,

Айтуға саған хақым жоқ.

Тағдырмен шықтың жекпе-жек,

Жиырмаңда жесір қатын боп! – деп күңірене төгілді емес пе! Ауыр ғой, ауыр...

Ағаш аяқ: Ақындар да айтқан-ақ екен...

Ұрқия: Әні, трагедия қайда жатыр. Жесір қалған жас әйел күйін біз түсіне алармыз ба?

Ағаш аяқ: ОЛ ол ма, сол жас жесірмен бірге әкесіз қалған сәбилер ше! Олардың жас жүрегіндегі аласапыранды кім ұғар... Міне, ең ауыры... (Ойланып қалады. Сосын қайта серпілгендей боп) Сен ғой, жесір қалған жас аналарды айттың. Ал, сәбилер... Сәбилердің жан қайғысы қандай қиын, қандай ауыр!

Ұрқия: Ауыр ғана емес, азап. Соның бірі – менмін. Әкем де, екі бірдей бауырым да сол соғыс даласында қалды. Осы күні сүйегіне де зар болып жүрміз. Зар бола жүріп, өмірден де өтіп барамыз...

Осы кезде сахна қараңғыланады да, қайта жарық түскенде жас бала шығады. Ол жан-жағына қарап, алақ-жұлақ етеді. Арт жағынан ақырын басып, солдаттар өтіп бара жатады.

Жас бала: Ағалар! Ағатайлар! Менің әкемді... әкемді көрдіңдер ме! Неге үндемейсіңдер! Әкем қайда? Әкемді тауып беріңдер менің... (айқайлайды)

Осы кезде әлдеқайда зор дауыспен өлең оқылады.

Кетерде солдат жарының,
Ішінде қалған ана жыл,
Көкемді айтапай танырмын,

Деп күтіп жас сәби жүр.

Қайырлмай қалай кетерсің?

Хабарсыз қалай ол тоқтар!

Көрдің бе, оның көкесін,

Соғыстан қайтқан солдаттар?..

Ағаш аяқ: (толқи сөйлеп) Жас жесірлердің де, әкесіз қалған сәбилердің де ішкі жан жарасын түсінемін. Ал, бірақ...ең ауыр жара – сол соғыста ұлдарын мәңгіге жоғалтып, қан жұта күн кешкен әкелер мен аталардың жан дүниесінде, жүрегінде болар деп ойлаймын. Балаңды жоғалту деген қандай қиын-н...

Ұрқия: Бала – бауыр ет. Ол... жазылмас жара ғана емес,көрге бірге кететін қаралы қайғы... (сосын Ағаш аяққа бұрылып) Соғыс туралы сөз қылу қандай ауыр. Сен жаңа... сол соғыс туралы оп-оңай, жеп-жеңіл сөз айтпақ болдың-ау...

Ағаш аяқ: (ашулана) Мен бе жайбарақат сөйлеп отырған! Менің ішімдегі алапат сезімді сен білесің ғой. Сол буырқанған сезімді сезіне алсаң, өзіңнен-өзің шошыр едің. Мен.. жиырмаға жетпей аяғынан айырылған жас мүгедекпін. Менің жастымдағы сол соғыс даласында қалды. Мәңгі қалды. Мәңгіге жоғалттым оны. Содан кейінгі өмір...аты ғана. Мен баяғыда өлген адаммын. Жұр ағаш аяқ дейді, ең дұрысы – Ағаш адаммын...

Ұрқия: (күмілжіп) Кешір, кешір мені... Мен байқамай...Көңіліңе алмашы. Сен де, мен де жарым-көңіл мұңлықпыз ғой. Бір-біірмізді жаралап қайтеміз. Кешір мені-і... (Ұрқия Ағаш аяқты құшақтайды, екеуі де үнсізотырып қалады. Осы кезде бұлардың қасына Түгелбек келеді).

Түгелбек: О-, екеуің құшақтаса қалыпсыңдар ғой. Еңлік пен Кебек сияқты...

Ұрқия: (дереу денесін жинап) Күл, күле бер бізге. Таздан тарақ қалғалы қаш-ша...

Ағаш аяқ: Кәрі көңілдің бір пәс босаңсығаны да. Әйтпесе, Елік пен Кебек болу қайда. Олар аңыз-махаббат. Ал, біз деген... Тағдыры тұйыққа тірелген бейбақтармыз. Қарттар үйінде қайбір жетіскеннен пенде болып отырмыз. Атамызда жоқ дәстүр...

Түгелбек: (күліп) Е, сендерге не болған! Мен жәй әзілдей салып ем. Бір-біріңе көңіл ынтығып тұрса, Еңлік пен Кебектен қай жерің кем. Олар да адам. Олар да пенде болған...

Ағаш аяқ: Жоқ, Түгелбек, сен олай деме, олар періште. Олар пенделіктен биік тұрған қос ғашық. Әйтпесе екінің бірінің махаббаты неге аңыз болып қалмайды.

Түгелбек: (олардың жанына жайғасып, отырады) Өзіңді (Ағаш аяққа қарап) бағанадан іздеп жүрмін. Өстіп үндемей шығып кететінің бар. Әлде...

Ағаш аяқ: Сен ұйықтап жатқансың. Оятқым келмеді.

Түгелбек: Әлде-е... жеке кездеспек боп... (Ұрқияға қарап жымияды)

Ұрқия: Әй, замандас, сен енді қалжыңды қой. Біздің бағаналы бері не істегенімізді сұрамайсың ба онан да. Міне, екі түп шыбық ектік. Бұл – ақ қайың. Ертең-ақ әуелеп өседі. Мына жас қаладай өседі.

Түгелбек: (жерге үңіле қараған болып) Мынау ма! Әй қайдам-м... Өсе қойса...

Ұрқия: (жұлып алғандай екпіндеп) Өседі! Өскенде қандай! Көресің әлі. Осы екеуінің бәтерек болғанын да көрерміз тірі болсақ.

Түгелбек: (жымысқылана) Сонда... мынаның бірі – сен де, ал анауы...

Ағаш аяқ: Әзілді қой. Көңілің кетсе, сен де ек. Сен де отырғыз.

Түгелбек: Қолымнан келмейді.

Ұрқия: Қолыңнан не келеді сонда? Сен өзі қандай еркексің? Шауаға икемің жоқ. Қайтіп күнелткенсің, жарқыным-ау!

Түгелбек: Мен...кішігірім бастық болған адаммын. Яғни қағазбен жұмыс істеп, қағазбен күнелттім.

Ұрқия: (оны басынан нұқып, әзілге шаптыра) Арамтамақ! Нағыз арамтамақ сен екесің. Ел үстінен күнелткен қу болдың ғой...

Түгелбек: Әй-әй, сен өйтіп менің жыныма тиме. Немене, папкі ұстаған бар қазақ арамтамақ па сонда! Оны да ақылы жеткен ұстайды. Кісі болу үшін бас керек, алық керек, парасат керек.

Ұрқия: Шын парасат иесі – папкі ұстап, галстук тағып, шірене түкірген еркек емес. Нағыз адам – ол ең алдымен Жер-Анаға бас иген адам. Жер-Ананы сүйе алмағандар шын мәніндегі Адам деген атқа ие болып та жарытпайды.

Түгелбек: Мен Жер-Ананы сүймейді деп кім айтты? Жерді мен де қадірлеймін.

Ұрқия: Соны көре алмай тұрмын-ау...

Ағаш аяқ: Жә,сендерге не болды? Қойыңдар енді. Басқа біреу естісе күлер. Бастары піспейді екен деп. Осындай қырыс мінездеріне бола бұл шал-шауқанды қарттар үйіне қамаған ғой дер...

Түгелбек: Рас-ау. Сөйтіп ойлайтындар да табылады.

Ұрқия: Өйтіп ойлайтындар – ақымақтар.

Түгелбек: Ақымақ ешқандай өзін ақымақпын демейді. Ең қиыны сол – ол өз кемшілігін өзі білмейді. Білдірмек болсаң – сені жау көреді.

Ағаш аяқ: Мына сөзің әдемі шықты, замандас. Өмірде тап солай. Көрдік қой ондай адамдарды...

Түгелбек: Мен де аз көргем жоқ.

Ұрқия: Осы сен...(Түгелбекке қарап) қол-аяғын бүтін, сап-сау шалсың. Соғыстан қалай аман-есен келдің,а! Соны айтшы... Әлде оған да ақыл, парасат керек пе?...

Түгелбек: (қипақтап) Енді.. соғыс туралы айтылатын жер ме бұл.

Ұрқия: Біз жаңа ғана сол туралы айтып отыр ек. Мына замандасым (Ағаш аяқты нұсқап) соғыс даласында аяғын берді. Сөйте тұра бар жеңістің исі – Сталин-н деп оның атына мадақ айтқысы келеді. Ол күндер әдіра қалсын десем, маған ренжиді.

Түгелбек: Рас, рас! Ол күндерден беті аулақ. Оны еске алып не керек. Құдая енді соғысын көрсетпесін.

Ұрқия: Мен әнеукүні қатындар арасынан бір өсек естідім. Ана Тымырсық деген достарың бар емес пе! Сол неге үндемейді, неге көп сөйлемейді, неге елден бөлек жүріп, аулақ қаша береді десем... оның сыры бар екен. Тымырсық – соғыс кезінде тұтқынға түсіпті. Фашистердің қолында болыпты. Әйтеуір амалдап құтылып шығыпты.... Соны намыс көреді дейді. Ешкімге, еш жерде соғысқа қатыстым деп айтпайтыны да сонан екен.

Ағаш аяқ: Соғыс кезінде немістердің қолына түсіп қалса, оған ол кінәлі ме! Соғыстың аты – соғыс. Ондайлар аз болды ма? Жағдай солай болған шығар. Ол – намыстанатын жағдай емес.

Ұрқия: Бәсе десе! Мен де солай ойлаймын. Соған бола қайғыланып, өмір бойы үндемес атанып...

Ағаш аяқ: Біз оны ортаға алып, әңгімеге тартуымыз керек. Соғыс біткелі қанша жыл. Енді жасыратын, үрейленетін, қорқатын не бар. Қайта көрген-білгенін бүгінгі ұрпаққа айтып кетуі керек қой.

Ұрқия: Өте дұрыс айттың. Мен де солай ойлаймын. Тымыпсықты сөйлету керек.

Ағаш аяқ: Сөйтейік. Оны сөйлеткен жөн.

Түгелбек: (осы кезде Тымырсық туралы сөзді бөле) Осы сен... аяғыңнан қалай айырылып жүрсің? Соны айтшы бізге! Соны ылғи да сұраймын деп оқталам да, үнемі ұмытып кетем. (Ағаш аяққа бұрыла қарайды).

Ұрқия: Иә, айтшы. Біле жүрейік біз де.

Ағаш аяқ: (қинала,ойлана) Ойпырмай, ол өзі... ауыр әңгіме. Еске алудың өзі қиын-н... Жанымды сыздатады. Соғысқа алғаш кірген кезіміз. Фашистердің беті қайтты. Біз жеңбей тынбауға бел буғанбыз. Сондай бір кескілескен ұрыс кезінде... аяқ астынан жараланып қалғаным. Әлде оқ тиді, әлде снаряд жарықшағы... (кішкене пауза жасап) Аһ, дүние-ай, сол кезді ойласам жаным сыздайды-ы... Көкірегім шым-шымдап ауырып ала жөнеледі.

Осы сәтте сахна қараңғылана береді. Жарық Ағаш аяққа түседі.

Ағаш аяқ: (өз-өзіне күбірлеп) Уа, бұл не күй? Денем неге ысып барады? Маған не болды?

Дауыс: Сен оққа ұштың. Сен жаралы жауынгерсің.

Ағаш аяқ: Оққа! Не дейді? Сонда... мен ауыр жаралымын ба?

Дауыс: Иә. Сен ауыр жаралысың. Снаряд ұшқыны сенің бір аяғыңды жұлып әкетті. Енді – мүгедексің.

Ағаш аяқ: Не дейт! Неге мүгедекпін? Дәрігерлер қайда?

Дауыс: Енді олар да түк істей алмайды. Сенің бір аяғың өзіңнен бөлініп қалған. Қазір қансырап жатсың. Әне,есіңнен танып бара жатырсың.

Ағаш аяқ: Жоқ! Мен есімнен неге танам! Мен соғысқа жаралы болу үшін келгем жоқ. Мен елімді қорғау үшін келгем. Аяқ! Аяғым қайда? Аяғым-м... (ол жыламсырап, ауыр күрсінеді) Енді ақсақпын ба? Енді соғыса алмаймын ба? Онда... не өмір қалды. Бұдан да өлгенім артық-қ...(қолына автоматын алады. Өзіне-өзі атпақ болады. Қолым дірілдейді.) Өзімді-өзім атамын. Өлемін.

Дауыс: Ал, ат. Сонда кім ұтады? Сені қорқақ біреу дейді де қояды, Нағыз мықты жауынгер соңына дейін күреседі. Қасық қаны қалғанша....

Ағаш аяқ: Жалғыз аяқпен... қалай күресем? Кімге керекпін?

Дауыс: Ойлан! Тағы да ойлан! Кісі ойлай алмай қалғанша әрекет ете бер... Адамның құдыреттілігі де сонда-а...

Ағаш аяқ: А-а, не дейсің! Адам ойлай алмай қалғанша әрекет ете береді... Онда мен... әлі де керекпін ғой, сонда! Демек-к...

Дауыс: Әрине, керексің. Сен жауға қарсы соғысу тек автомат алып ұмтылу ғана деп ойласаң – қателестің.

Ағаш аяқ: Сонда... не істеймін?..

Дауыс: Оны... өзің тап. Өзіңді-өзің атып тастац оңай. Бір ғана оқтың жұмысы. Ал, раухы мықты жігіт өйтпейді. Ол тағы да алға ұмтылады. Өмірмен бетпе-бет келеді. Қандай қиын, тастақты жол болса да жеңуге тырысады. Міне, нағыз ер сол-л...

Дауыс жолғала береді. Сахна жарықтанады.

Ағаш аяқ: (ауыр дем ала) Солай-й... Сөйтіп ұрыс даласында бір аяғымды бердім. Сосын... кімге керекпін. Мені елге қайтарды. Елге келіп, бір аяғым мына (аяғын ұстап) ағаш аяқты кигізіп, күн өткіздік қой әйтеуір-р... Өз шамама қарап, еңбек етуге тырыстым. Арамтамақ болмайыншыдедім-м... Ерді намыс өлтірер деген...

Түгелбек: Кешір, досым. Жүрегіңді ауыртып қойдық па! Мен жәй... тарихын біле жүрейік деп сұрап ем... Бірге жүрген соң.... (осы кезде биік үй жақтан дәрігер дауыстайды.)

Дәрігер: Түгелбек ата! Сіз тез 3-кабинетке келіңіз. Кезекті емді қабылдауыңыз керек. Тездесіңіз-з...

Түгелбек: Ойбай-ай, осыдан-ақ безер болдым. Өзі удай ащы. Бір сағат жатасың көзің бозарып. Енді амал жоқ, дәрігерді де тыңдау керек. Мен барып келе қояйын.

Ол кетеді. Артынша Тымырсық келеді.

Ағаш аяқ: (оны көре-сала) Ойпырмай, осы жаңа ғана өзіңді сөз етіп едік. Мақтап жүреді екенсің...

Тымырсық: (қос шыбықты көріп) Ой, мынау... бұрын жоқ еді...

Ұрқия: (сөзді бөле) Бұны біз кеше мына Адамбек досың екеуміз (Ағаш аяқты көрсете) отырғыздық. Қарашы, өздері бүр жара бастапты.

Тымырсық: Осы қос шыбық алып бәйтерек болып өссе, қандай ғанибет.

Ұрқия: Өседі. Әуелейді әлі. (сосын Тымырсыққа бұрылып) Сен де, замандас, бір жас шыбық отырғызбайсың ба?

Ол екеуі әңгімелесе бастағанда Ағаш аяқ сылти басып жандарынан ұзап кетеді.

Тымырсық: Мен... мен соны істей алсам жақсы. Қолым қалтырайды. Сексен жас аз жас емес.

Ұрқия: (күліп) Сексен – жастың соңы ма! Енді тоқсан бар, арғы жағында жүз...

Тырмырсық: (күлген болып) Тосан, жүз... Оған жету қайда! Әй, енді ұзамаспыз-ау. Тықыр таянған сияқты.

Ұрқия: Тырық қашан таянса да, бәрі Алланың қолында. Пенде бұ дүние есігін ашқан күні-ақ ажал тықыры жанына тақап тұрады. Оның ерте не кеш жетуі – Алла әмірінен. Сондықтан да, замандас, қайғыны ұмыт. Одан да серпіл. Ашыл.

Тымырсық: Серпіле сөйлейтіндей не қауқар бар! Бәрі өтті, бәрі артта қалды. Бір өмір өте шықты...

Ұрқия: Жоқ, замандас! Өмір те шыққан жоқ, ол бар, ол әлі жалғасып жатыр. Әлі де... жалғаса береді.

Тымырсық. Осы да өмір ме?

Ұрқия: Неге өмір емес. Біз әлі ойлай аламыз, жас ұрпаққа ақыл-кеңес бере аламыз. Әрине, тыңдайтын құлақ болса...

Тырырсық: Міне, мәселе сонда. Бізді тыңдайтын ұрпақ жоқ. Жастар бізден әлдеқайда ақылды.

Ұрқия: Ой, әдірам қалғыр... Қайндай ақыл оларда. Білеміз ғой...

Тымырсық: Заманн жаңа, уақыт жаңа. Бәрі де өзгерген. Біз ескінің көзіміз...

Ұрқия: Айтпақшы... сен осы өткен өміріңді неге айтпайсың? Сол күндерді неге еске алмайсыз? Өмірі ол туралы ләм демейсің. Жақ ашпайсың. Әлде... себебі ба ма?

Тымырсық: Қандай себеп! Себеп жоқ! Тек... Нені айтам? Нені еске алуым керек?...

Ұрқия: Мәселен, өткен күндер... Кешегі балалық шақ. Жастық дәурен... Бастан кешкендер...

Тымырсық: (ойлана, қамыға) Менің өмірім... өзгелерге ұқсайтын өзгешелеу өмір. Оны айтқым да, еске түсіргім де келмейді.

Ұрқия: Неге еске түсіргің келмейді! Өткен өмірге еш өкінуге болмайды. Қалай дегенде де ол сенің тағдырың...

Тымырсық: Мәселе – сол тағдырдың тайғанақтылау болғандығында. Сосын сөз етіп неге керек.

Ұрқия: Кісі өз тағдырын өзі күстаналамауы қажет. Қазақ «маңдайға жазылған сол» деп жатады. Ендеше әр өмір – өзінше тарих. Жақсысын кейінгілер үлгі алу үшін айтамыз, жайсызын – ондайды қайталамау үшін айтуға тиіс емеспіз бе...

Тымырсық: Мен біреудің өміріне сонша ынтыға бергендерді ұнатпаймын. Ол – әркімнің өз құпиясы...

Осы кезде тағы да сахнада Қара киімді Адам көрінеді.

Қара киімді адам: Жер бетінде мың-миллион адам болса, соның бәрінің де ішкі құпиясы бар. Оны ешқашан,ешкімге айтпайды. Айтуға да болмайды. Өйткені, адамның жаратылысы солай. Айтуға болмайтынды айтса, бұл қоғам опырылып құлайды. Қане, осы сөзім өтірік пе! Айтыңдаршы бірің-ң...

Ол сахнадан шығып кетеді.

Осы кезде бұлардың жанына сылти басып Ағаш аяқ та оралады.

Ұрқия: (Ағаш аяқты нұсқап) Мына замандасымыз да рахат өмір кешпепті. Жас он сегіз-он тоғызға жете бере соғысқа аттанған. Майдан даласында бір аяғын берген. Енді, міне. Мүгедек... Ағаш аяқ... Жас өмірін соғыс жалмаған. Өзі сүйген қызына қолы жетпеген. Итшілеп жүріп, бас қосқан қосағы ақыр аяғында өзін тастап. Басқа біруге тайып тұрған. Ешкімі жоқ. Сосын да амалсыз осында келген. Осыны жасырмай-ақ айта алады. Ал, сен болсаң...

Тымырсық: (төмен қарап) Менің өмірім одан да шытырманды. Әйтеуір дене мүшелерім, аяғым сау демесем, жүрегім қырық құруар. Жанымда жара көп. Оның қайсыбірін айтайын. Аяғым бүтін болғанымен, жүрегім-ағаш...

Ұрқия: Айт! Айтып бер. Ең болмаса жүрегіңді жеңілдетесің. Іште булыққан ой жаман. Ол кісіні бір күні алып ұрады.

Ағаш аяқ: (Ұрқияны қостап) Айту керек. Жеңілдеу үшін де айтқан жөн. Енді сексенге аяқ артып тұрып, нені жасырамыз. Онсыз да кәрі қойдың жасынадай жас қалды.

Тымырсық: Ойпырмай! Не десем екен! Бәрі де ішімде кетер, өзіммен бірге кетер деп ем. Сол құрғырды ешкім естімей-ақ қойса деп ем.

Ағаш аяқ: Әдейі істесең – сөз басқа. Ал, жағдай солай болса, оған жан қианп не керек.

Ұрқия: Иә, десейші. Ситуация деген болады. Ол кісі еркінен тыс нәрсе...

Тымырсық: Тап солай. Бұл ситуация. Менің еркімнен тыс...

Ұрқия: Сонымен...

Ағаш аяқ: Иә, содан...

Тымырсық: (қинала сөйлейді) Мен...мен соғысқа қатысты деген атым болмаса, өзімді соғыс ардагері деуге арланам.

Ағаш аяқ: Е, неге?

Ұрқия: Неге арланасың?

Тымырсық: Ол өзі...ұзақ хикая. Ойлай бастасаң-ақ аяқ-қолым дірілдеп қоя береді. Мен соғысып жарытпаған қазақпын.

Ұрқия: Айтсаңшы енді кібіртіктей бермей...

Сахна сәл қараңғылана береді де, сахнаға Бауыржан Момышұлы шығады.

Бауыржан: Мен қазақ деген ұлттың ұлымын! Менің халқым о бастан-ақ жауынгер ел. Олар жаудан тайсалмайды да қорықпайды. Егер қазақ арасынан қашқын, қорқақ, сужүрек біреу шықты десе, басымды да тігуге әзірмін. Батыр халықың ұрпағы да батыр болып туады.

Ол сахнадан ақырын шығып кетеді. Сөзді қайтадан Тымырсық жалғайды.

Тымырсық: Мен... сужүрекпін. Қорқақпын. Езбін...(қамыға күрсінеді) Сол соғыс даласында қалуым керек еді. Несіне тірі жүрмін мен...

Ағаш аяқ: Сабыр ет, бауырым! Сен – пендесің. Пенденің бәрі де өмір сүруге хақылы. Сондықтан да кінәлі емессің.

Тымырсық: Соғыс даласында... жалғыз қалғанда әртүрлі ойға берілдім. Қолымда винтовка бар еді. Қасымдағылардың бәрі тұтқындалып жатты. Ал, мен... өзімді-өзім атып тастауым керек еді. Соған... жүрегім дауаламады. Қорқақпын. Сужүрекпін. Енід мынау. Өмір бойы арымның алдында азапқа түсіп...

Ағаш аяқ: Сен сонда тұтқында болдың ба?

Тымырсық: Иә. Мені немістер тұтқын болып бейшаралық күйін кештім. Олар тепкіледі, ұрды. Аузына келген сөздерін айтты. Ит деді, доңыз деді.Соның бәрін де естіп тұрып, өмір сүрмек болдым.... Аһ, дүние-е...

Ағаш аяқ: Бұл ситуция. Тұтқынға түскен қазақ жалғыз сен емес. Ондайлар көп болаған. Сол үшін азап шегуің жөн емес, бауырым. Еңсеңді көтер. Бойыңды тікте. Сен кешегі жауынгерсің.

Тымырсық: (басын көтеріп) Ең жаман жауынгермін. Жасық солдатпын. Тұтқыннан басқа түк көрмеген ынжықпын.

Ұрқия: Тұтқында көп болдың ба?

Тымырсық: Екі жыл, әлде онан да көп... Бізді оқытып, өзімізге қарсы пайдаланбақ болды-ау деймін. Солардың дегеніне көнбеске амалым қалмады. Тек бір күні... Мұстафа Шоқай деген қазақ келіп, араша түсті. Соның арқасында...кішкене еркіндік алып, одан соң елге қашуға мүмкіндік туды.

Ұрқия: Мұстафаны көрлдің бе?

Тымырсық: Көрдім.

Ұрқия: Ол өзі... қандай кісі еді? Өте ақылды деседі...

Тымырсық: Менің білуімде – Мұстафа тек қазақ қана емес, бүкіл түркі жұрты үшін де мақтаныш қой. Оның ойлағаны да сол түркі жұртының басын біріктірмек болған секілді. Сол үшін таяқ жеді. Соның жолында жанын пида етті.

Ағаш аяқ: Содан? Аяғы не болды?

Тымырсық: Мен ретін тауып елге қаштым. Бірақ, елім...мені Отанын сатқан солдат деп қарсы алды. Сосын түрме... Әй, қойшы. Мен не көрмедім. Ең дұрысы – сол соғысдаалсында өзіме-өзім қол жұмсап, өліп-ақ кетуім керек еді. Сонда бүгінгі ұрпақ мені батырымыз деп айтып жүрер ме еді. Енді мынау... Су түбі – құрдым...

Сахна қараңғылана береді. Әлдеқайда жарқ-жұрқ еткен жарық, снаряд даусы. Ыңыраған солдаттар үні. Жарық Тымырсыққа түседі.

Тымырсық: (қинала) О, құдай-й... Мынау не? Мен қандай күйдемін. Қарулас достарым қайда? Қайда жатырмын мен..

Дауыс: Тұр оңбаған! Сені... тап қазір-ақ бір оқпен о дүниеге аттандырып жіберер едім. Амал жоқ. Нұсқау солай. Сен енді тұтқынсың. Тұр! Түс алдыма.

Тымырсық: Ойбай-ай, бұл не? Өңім бе, әлде түсім бе? Сен кімсің?

Дауыс: Менің кіи екенімді қайтесің! Тұр дедім ғой. Әйтпесе мына автомат дүмімен соғамын өзіңді.

Тымырсық: Ұрма! Ұра көрме! Мен қазір-р...

Дауыс: Бол! Тез! Уақыт тығыз-з...

Сахна қайта жарықтанады.

Тымырсық: Мен... мен қарабетпін. Сужүрекпін...

Ағаш аяқ: Олай деме, замандас. Сен енді сол күндердің тірі куәсісің. Бұл бұ дүниеден өтсек, ол кез шындығын айтатын да ешкім қалмайды. Сондықтан да ашылуың керек. Сенің сөзің енді саған емес, болашақ ұрпаққа керек. Ең болмағанда ана Мұсафа Шоқа құрмақшы болған Түркістан легионы туралы өз ауызыңмен баяндп бер. Басы қалай басталғанын айт.

Ұрқия: Сөйтуің керек. Ол кез шындығы айтылуы керек. Әдбен керек.

Тымырсық: Жоқ, енді қтнамаңдар мені. Осымен болдым. Әрі қарай алмаймын, онсыз да денем қалшылдап барады. Мен... жансыз ағаштай тірі өлікпін.

Ағаш аяқ: Сен тірі өлік емессің. Сен – кешегі күннің тірі куәсі боласың. Тірі куә ретінде де қадірлі қарт болуға толық хақың бар.

Тымырсық: Қинама мені, замандас! Ол да жетер. Сендерге ашылғаным да болар. Неміс фашистерінің итаршысы бола жаздаған адамды бүгінгі ұрпақ кешіре ме! Осы үндеменге қалпымда бұ дүниеден өтейін. Қинай көрмеңдер енді...

Ұрқия: Түк айтпай өтіп кетсең, оның күнәсі екі есе ауыр болады. Ұрпағың оны кешпейді. Осыны да ойла.

Тымырсық: Өтінем сендерден. Соғыс туралы сөйлеу – маған өте ауыр. Мен қарабет адаммын. Соғыс туралы қасқайып қарап сөйлеу бақытына ие болғандар аз ба! Аз ба ондай қазақтар... Бауыржан Момыншұлы, Рахымжан Қошқарбаев, Мәлік Ғабдуллин... Көп қой. Көп. Солардың сөзі, солардың жазғаны ендігі ұрпағыма үлгі-өнеге болсын. Мен – қарабет ұрпақпын. Мен – сужүрек, қорқақ, ез солдатпын. Бүгінгі балаларым мендей атасы болғанын білмей-ақ қойғаны дұрыс... Қандай үлгі бар менің өмірімде...(қамыға, күрсіне отырып қалады.)

Ағаш аяқ: Сенің ерлігің – еліңді сүйе білгенің. Тұтқынға түсіп, өз еліне қарсы жұмыс істегендер де баршылық. Сен өйте алмадым. Өйткені, жүрегің таза. Еліңді, жеріңді сүйетін таза жүрегің бар. Сен сол жүрек сөзіне құлақ астың. Мақтанарың да сол, замандас...

Ұрқия: (сөзді бөле) Аяғын тыңдайық та. Фашистер тұтқынына түстің. Ал, сосын... Содан кейін...

Тымырсық: Аяғы не болсын. Тұтқынның жағдайы қалай болушы еді. Түні бойы ой мазалайды. «Мен сатқынмын ба!» деп азаптанасың...(сахна қараңғыланады, жарық Тымырсыққа түседі.

Тымырсық: (қинала) Мен... тұтқынмын. Фашистер тұтқынымын. Масқара-ай! Бұдан да өлгенім артық еді...

Дауыс: Жоқ! Өлуге әлі ерте. Тұрқын болу – бәрінің де біткені емес қой.

Тымырсық: Енді ше! Бас бостандығым жоқ. Ана фашистер не айтса, соны орындауым керек.

Дауыс: Ойланып көр. Ақылы бар кісіге кез келген жағдайдан шығар жол бар. Тек соны таба білу ләзім.

Тымырсық: Қандай жол? Қай жол...

Дауыс: Өзің ойлан.

Тымырсық: Қашу ма? Сол ма?

Дауыс: Мүмкін, ол да дұрыс шығар. Ойлан-н...(дауыс жоғала береді).

Тымырсық: (өзіне-өзі) Қашу!... Қашу керек...Тұтқын боп мың күн өмір сүргенше, бір күн болса да бостандық қымбат. Өз бостандығым-м... Не болса, туған жеріме, еліме жетіп өлейін. Ең болмағанда...сол жерге бет алып бара жатып үзіліп кетсем де армн жоқ...

Сахна қайта жарықтанады. Тымырсық абыржулы.

Тымырсық: Содан... айласын тауып қашып шықтым ғой. Елге де жеттім ғой. Әй, бірақ... (қинала күмілжиді)

Ұрқия: Қиналма, замандас! Бұл – тағдыр. Тағдырдың маңдайға жазғаны сол.

Осы кезде биік үй жақтан дәрігердің даусы естіледі.

Дәрігер: Ұрқия әже! Уколға келіңіз.

Ұрқия: Ойбай, мені шақырып жатыр. Мен барып келе қояйын.

Ол кетеді. Енді Түгелбек келеді. Скамейкада Ағаш аяқ отыр. Тымырсық әлгіндегі ауыр әңгімеден арыла алмай, әрігерек кетіп қалады.

Түгелек: Ау, Ұрқия қайда?

Ағаш аяқ: Оны да уколға шақырды ғой. Сонда кетті.

Түгелбек: Қап! Бір сауал қоймақ боп келе жатыр ем. Өзі бір жайдары кемпір. Әңгімесі де әдемі.

Ағаш аяқ: Әңгімесі ғана емес, ақылы да терең. Бәрін әріден ойлайды. Есіңде ме, баған мына Тымырсық туралы айтқаны? Осы Тымырсық замандастың ішінде бір айтылмай жүрген әңгімесі бар сияқты, соны сыртқа шығарайық деді ғо...

Түгелбек: Есімде. Сонда... Тымырсық....

Ағаш аяқ: Рас екен. Осы қазір бар сырын айтты. Фашистер тұтқынында болыпты.

Түгелбек: Сонда... сосын қашып шыққан ба?

Ағаш аяқ: Кәдімгідей. Туған жер қайдасың деп тартып отырған.

Түгелбек: Ал, туған жері... сатқын деп көрмегенін көрсеткен-ақ болар. Содан үркіп қалған жүрек әлі де жүрексініп, қорқа беретін шығар.

Ағаш аяқ: Е, оның нсіне қорқады енді. Бүгін заман басқа. Өтер күн өтті. Енді онда кімнің шаруасы бар. Сексендегі шал кімге керек.

Түгелбек: Сонда да... Кім біледі, жаңа өкімет тағы бірнеңені шығарып жүрсе...

Ағаш аяқ: Тұтқынға түсу – қылмыс емес. Бірақ, ол үшін жазалы болу, жазаға тартылу – жауынгер үшін екі есе салмақ. Соғыс деген – соғыс... Соғыс даалсында бәрі де болады. Біреулер оп-оңай көзге түсіп, батыр да атанады, Ал, шын батырлар елеусіз қалып қойғаны да аз емес. Соғыстың өз тәртібі бар. Өз психологиясы бар...

Түгелбек: Соны мен де ойлаймын. Аяқ-қолы бүтін Кеңес батырларын көрсем, солардың батыр екеніне сене алмаймын. Ал, енді жүруге шамасы жоқ, мүгедек, жарымжан адамға тіпті медаль да бұйырмапты. Бұл не? Бұл қандай әділдік...

Ағаш аяқ: Менің көңілімді аулағаның ғой, замандас. Рахмет! Мен майдан даласына орден-медаль алу үшін барғам жоқ. Тіпті батыр болуды да армандаған емеспін. Мен Отанды қорғау керек деген асыл сезімді жаныма серік еттім. Әттең... ерте оққа ұштым. «Ерте солған гүлдей енді ешкімге керексіз болып қалам ба!» Жанымды сыздтып, жан азабына салған осы ой болды. Өмір бойы жанымды шырқыратып келе жатқан – тағы да осы кермек ой... Осы кермек ой бүкіл өмірімді өксітті...

Осы кезде сахнаға тағы да қара киімді Адам шығады.

Қара киімді Адам: Кісі неден азады? Ойдан азады. Кісінеден қартаяды? Ойдан қартаяды. Кісі неден ауырады? Ойдан ауырады. Бірақ кісіні қайтадан жазып алатын да – сол ой. Кәдімгі ой. Иә, иә, сіз бен біздің ішіміздегі кәдімгі ой...

Ол шығып бара жатады.

Осы кезде бұлардың жанына Тымырсық келеді.

Тымырсық: Оу, екеуің неменеге қамығып отырсыңдар?

Ағаш аяқ: Е, кәрі кеуде қалай қамықса да жарасады.

Тымырсық: Жоқ, біз енді қамықпауымыз керек.

Ағаш аяқ: Қалай?

Тымырсық: Ана Ұрқиядан үлгі алуымыз керек. Сол кемпір мықты. Шынымен-ақ жігерлі.

Ағаш аяқ: Иә-ә... қанша көңілденем десек те, өмір де тұйықталуға жақындады. Енді таяқ тастам жер...

Тымырсық: (Ағаш аяққа бұрылып) Мен бағанағы әңгімеден соң қатты ойландым. Расында да мен неменеге қорланамын. Әдейі қолға түскем жоқ қой. Ол – ситуация...

Ағаш аяқ: Әрине, ситуация. Сен оған бола қапаланба. Енді елге шыныңды айт. Осылай болған де. Сонда жаның тазарады.

Түгелбек: (сөзге түсіне алмай) Сендер не жөнінде айтып тұрсыңдар? Түсінбедім.

Тымырсық: Жәй, әшейін...

Ағаш аяқ: Жасыратын түк те жоқ. Мына Тымырсық замандасымыз соғыс кезінде неміс фашистерінің қолына түсіп қалыпты. Сосын тұтқын болған...

Тымырсық: Арғы жағының қажеті жоқ.

Ағаш аяқ: Неге қажет емес. Білсін. Шындықты естісін.Сен әдейі тұтқынға түсен жоқсы ғой. Соғыс кезінде бәрі де бола береді.

Тымырсық: Ол енді рас. Соғыстың аты – соғыс. Бірақ...тұтқынға оп-оңай түсіп қалғаныма намыстанам. Ол – менің әлсіздігім. Сол ой арымды мазалай береді...

Түгелбек: (күліп) Ой, сендер де... Арым мазалайды дейсің,ә! Сол ар, намыс деген не нәрсе! Ол да бір қиялидың ойлап тапқаны ғой. Болды ма – болды, өтті ме – өтті. Қайта-қайта еселеп еске алып не керек соны...

Тымырсық: Жоқ олай емес. Ар – кісі айнасы. Арынан жұрдай адам жер бетінде өмір сүре ала ма?

Түгелбек: Неге өмір сүрмесін. Кімнің маңдайына жазылып қойған нәрсе ол. Қай кісінің ары биік екенін кімбіле алады, Айтшы, кім?

Тымырсық: Ары биік кісінің сөзі де таза, өзі де таза...

Түгелбек: Бұл жәй сөз...

Ағаш аяқ: (ашулана) Сен, Түгелбек, қалай-қалай қиялайсың? Ары биік адам мен арсыз адамыды ажырата алмай не көрініпті.

Түгелбек: Қалай? Қайтіп?

Ағаш аяқ: Ол көзге бірден ұрып тұрды. Арсыз адамның ісі де, тірлігі де майда... Сөзі де тайғанақ...

Түгелбек: Тірлігі ірі адамды осы күні көрсетші маған! Бәрі де майда. Бәріде құлқынның құлы...

Ағаш аяқ: Олай емес. Жақсылар бар. Олар көп.

Түгелбек: Ал, мен жоқ деймін.

Тымырсық: (ашуға булыға) Сен... сен, Түгелбек, өйтіп кісіні ашуландыра берме. Арлы адма, азаматтығы биік адам жәй өмірде көзге түсе бермеуі де мүмкін. Бірақ олар қиын-қыстау кезде алға шығады. Мысалы, соғыс кезінде... баяғы Ұлы Отан соғысы кезінде талай-талай екіжүзділерді көрдік қой. Сол соғыста...

Түгелбек: (өз-өзінен ашуланып) Осы мен түсінбеймін. Соғыс, соғыс деп... Бірің – аяқтан айрылдың, ал бірің құтқында болып, осы күнге дейін ар азабына түсіп жүрсің. Сол соғыс сендерге не берді? Айтыңдаршы, не берді?

Ағаш аяқ: Соғыс не беруі керек еді? Соғыстан кім пайда көреміз деп барады. Сенің ойың қызық екен...

Түгелбек: (саспастан, салмақыты сөйлеп) 26 миллион адамның көзін құтты. Талай отбасы аңырап қалды. Қайсыбір әулет жарығы біржола өшті. Ұрпақсыз қалды. Қара жамылды. Соның бәрі кімге керек еді. Айтыңдаршы,кімге?...

Тымырсық: Оның жөн. Соғыстың аты – соғыс. Ол ешкімге де опа берген емес.

Түгелбек: Мен де соны айтам. Соғыс деген адамзатқа келген нәубет. Оны сөз қылу тұрмақ, атын да атағым келмейді.

Тымырсық: Кімнің соғысқа барғысы келеді дейсің?? Отан – Ана шақырған соң...

Түгелбек: Қай Отан – Ана! Біз қайда, ол қайда?

Тымырсық: Соғыс Совет Одағына шабуыл жасаумен басталған жоқ па!

Түгелбек: Совет Одағына емес, Ресейге... Әй, қойшы осыны. Осы соғыс деген пәлекет кімге кере еді!

Ағаш аяқ: Соғысты біз емес қой бастаған. Бастаған – неміс фашистері....

Түгелбек: Неміс фашистері Ресейге соғыс ашты. Қазаққа емес...

Ағаш аяқ: (кіжіне) Ал, Отан... Отан ше! Ол кезде біз қазақ, орыс, украин, белорус, өзбек... деп бөлінгеніміз жоқ. Біз ортақ Отанды қоғамақ болдық.

Осы кезде сахна кішкене қараңғыланады да, сахнадан Рақымжан Қошқарбаев көрінеді.

Рақымжан: Мен, қазақтың қарапайым қара баласы, бүкіл Совет әскерімен бірге неміс фашистеріне қарсы шайқаста жан аямадым. Фашистерді тықсыра қуып, ақыры Берлинге әкеп тіредік. Рейхстаг төбесіне ту тігу сәтінде алғашқылардың бірі болып мен де көтерілдім. Сол Рейхстагқа ту тігіп тұрып, алыстағы еліме сағына көз салдым. Көзіме көрінбеді. Көз алдымда тек сағым ғана көлбеді. Бірақ, менің жүрегім сезді. Менің ерлігіме бар қазақ бірге қуанып жатыр еді. Халқыңды көкке көтеріп, оны қуантқаннан артық қандай бақыт бар, ағайын!...

Ол ақырын шығып кетеді. Сөзді Бүгелбек жалғайды.

Түгелбек: Түсінбеймін. Тағы да айтам. Сол соғыс қазаққа керек пе еді?..Босқа талай боздақтан айрылдық.

Тымырсық: Сен... бүгін солай ойлайсың. Со кезде неге осыны айтпадың. Неге «бұл соғыс қазаққа керек емес» деп сол кездем жар салмадың?

Түгелбек: Мен... сол кезде де солай ойлағам. Тек... дауыстап айта алмадым.

Тымырсық: Өзің...соғысқа бардың ба? Қай майданда болдың?...

Түгелбек: (кібіртіктеп) Енді оның қажеті қанша! Өтер заман өтті. Соғыс біткелі қанша жыл-л...

Тымырсық: Сонда да... ең болмаса біз де білелік те... Мен де айттым ғйо шынымды...

Түгелбек: Жоқ! Мен айта алмаймын.

Тымырсық: Әлде-е... Сен де тұтқында болдың ба? Мүмкін, фашистерге қызмет етіп...

Түгелбек: (кекесінді күлкімен) Тұтқын! Мен ондай ақымақ емеспін. Өз тағдырыма өзім қожа болғам. Қазір де солаймын.

Тымырсық:Ал, соғысыз кезінде...

Ағаш аяқ: (сөзді бөле) Ол соғысқа бармаған адам. Оны айтпай-ақ түсінуге болады емес пе. Сөзінен-ақ байқамайсың ба!..

Тымырсық: Сонда-а...

Түгелбек: (ашуға булыға) Иә, барғам жоқ. Бармадым. Ал, не істейсіңдер-р... Мен біреулер секілді ақымақ емеспін. Өз жолымды білем.

Тымырсық: (таңдана) Демек... біз соғыс даласында өмір мен өлім арасында жүргенде, сен елде тәтті тамақ ішіп... О, тоба!

Түгелбек: Оған да ақыл керек. Парасат керек. Ең алдымен – жан тәтті...

Ағаш аяқ: (ашулана) Сен... сен нағыз жүрегі жоқ адам екенмһсің. Әйтпесе өстермісің...

Түгелбек: Мен де жүрек жоқ деп кім айтты? Мен соғысқа қатыспағаным да, еліме, жеріме көп қызметкен адаммын. Қой өсірдім, егін ектім. Орден алдым.

Ағаш аяқ: Ал, соғыс... Соғыс ше! Соғысқа кісі жетпей жатқанда сенің ауылда жүруің қалай? Жап-жас жігіт қалай ұялмай ауылда жүрді?

Түгелек: Онда жас болдық. Үлкендердің сөзіне құлақ асатын кезіміз. Әкемнің ақылын тыңдадым. Айтқанын екі еткем жоқ...

Ағш аяқ: Сонда... әкең қандай ақыл берді. Не деді?

Түгелбек: Не десін.»Балам, соғыс деген сұлмат, одан аман қайтуың екіталай. Одан да елде бол» деді. Мен айттым: «Қалай елде болам, қатарларымнан ұят қой». Әкем айтты: «Сен ұятты қой, жалғыз ұлымсың, сен соғыста опат болса, менің де ошағымның оты сөнеді». Сосын ойланып қалдым. Не істеу керек? Әкені тыңдау керек пе, жоқ тыңдамай майданға аттанғаным жөн бе? Күн-түн ойланып барып, ақыры әкенің дегеніне ыңғайландым.

Тымырсық: (сөзді бөле) Сонда... ауылда емін-еркін, жайбарақат жүре бердің бе? Сені соғысқа алмады ма? Ваенкомат қайда қараған!... Ол неге сені шақырмаған-н...

Ағаш аяқ: Бәсе десейші. Сен ерекше адам болдың ғой...

Түгелбек: Ерекше дейтін түкте жоқ. Әкем барлығын да өзі ойластырып қойыпты. Мен тау тау арасындағы жықпылға тығылдым. Сонда 3-4 жыл бой тасаладым. Тамақты өздері тасып беріп тұрды.

Тымырсық: Ой,подлец! Міне зымияндық-қ...

Ағаш аяқ: (оны тоқтатып) Сабыр, сабыр... Бұл да енді тағдыр...

Тымырсық: (ашулана) Қандай тағдыр! Өз еркімен соғыстан қашу да тағдыр болғаны ма?

Түгелбек: Әй, сен өйітіп әкіреңдеме! Біз де білеміз, сен өлімнен қорқып,өтірік тұтқынға түсе салғансың... Енді сәндеп, бипаздап, ертегі айтқандай боласың... Оныңа кім сенеді!...

Тымырсық: Не-е! Не дейсің-ң... (ол Түгелбекке жұдырық ала жүгіреді)

Ағаш аяқ: (оларды тоқтатып) Ту-у, екеуің де ақымақ екенсің. Өтер уақыт өтті. Енді ашуланып не керек... Одан да ақылға келсеңдерші.

Тымырсық: Жоқ-ау, мен болсам тұтқында... көрмегенді көріп, азап шегіп елге оралам. Сосын тағы да абақты... Ал, бұл болса, бой тасалап, жан бағып... Ақылдымын, парасаттымын деп... Өй, өйткен парасатыңа... (жұдырығын түйеді)

Түгелбек: Сен де соғысып жарытпапсың. Ең болмаса бір фашисті өлтірмеген соң... тұтқынға түсіп қалдым деп ақталасың-ау тағы да... Өйтіп соғысқа барғанша...

Тымырсық: Әй, сен... Байқап сөйле! (тағы да ұмтылады)

Ағаш аяқ: Мені тыңдайсыңдар ма, жоқ па! Сәрсен, сен сабырға келші. Әңгімесін түгел тыңдайық та. Бала боп кеттіңдер ме?.. (ашуланады, ана екеуі сабырға келеді)

Түгелбек: Сосын... соғыс та бітті. Мен еңбек майданының жауынгері болып шыға келдім.

Тымырсық: Ал, мен... Отан үшін отқа түсем деп ұмтылып, көзсіз көбелектей қалбаңдап барып, тұтқын болып, көрмегенді көріп, жат елде азап шегіп жүрлім-ау... (өкінеді).

Түгелбек: (сөзін әрі жалғап) Ең бастысы – әулеттің отын өшірмедім. Ұрпақ өсірдім. Ал, еліме соғыссыз-ақ еңбек сіңірдім ғой деп ойлаймын.

Ағаш аяқ: Сол... сол отбасың қане? Олар қайда? Сонша сыйлы болсаң, мына қарттар үйіде нең бар? Қорғап қалған балаларың қайда?

Түгелбек: Бала мен келін шетелде. Бизнеспен а йналысады. Ал, мен... оларға несіне масыл болам. Өз өзім табайын қаражатымды дедім. Қала орталығындағы үйді пәтер жалдаушыларға бердім. Өзім қарттар үйіне уақытша келіп паналадым. Бұл – өз қалауым.

Ағаш аяқ: (күйіне) Жетіскен екенсің! Нағыз зымиян жанымызда екен ғой...

Түгелбек: Әй-әй, се шал... маған көзіңді ақитпа. Әркімнің өз жолы бар. Мен саған Ағаш аяқ болып тұрып, неге еліңе керек болмай қалдың дегем жоқ қой. Құрметтесе, сені құрметтеуі керек еді... Қалай еді, әлгі Әбу ақынның:

Сен құрметтек оны,

Түсіндің бе, қарағым!

Ол тектен-текке берген жоқ,

Майданда бір аяғын!... – деп жырлағандай, саған жасалатын құрмет қайда?... Қайда халық құрметі-і...(айқайлап сөйлейді)

Ағаш аяқ: (мұңайған үнмен) Кешеге дейін құрметсіз болғам жоқ. Еліме, халқыма рахмет. Соғыс мүгедегі деп бар жағдайымды жасап-ақ бақты. Бірақ...

Түгелбек: Иә, неге бірақ!... Неге аяғында қадірің кетіп қалды?

Ағаш аяқ: Қадірім еліме, халқыма кеткен жоқ. Ол енді...отбасылық мәселе. Өз еркіммен келдім мұнда.

Түгелбек: (шиқылдай күліп) Әне, өз еркімен келіпті. Жайлы үй, жаюлы төсек болса, адам мұнда келе ме? Бұл жер – құрдым сияқты. Қазақ өай кезде әке-шешесін қарттар үйіне өткізіп еді. Бұл – құрдымдағы ұя. Неше жерден соғыс мүгедегімін, міндетім бар десең де тіршілік аяғы осылай аяқталып келеді десеңші. Қадірім кетті, өзімді тыңдайтын кісі қалмады десеңі онан да. Ал-л.. не болды енді? Соғысқа барған сен де, бармаған мен де теңбіз. Артық жерің қайсы? Айтшы кәні! Қай жерің артық-қ...

Ағаш аяқ: (кіжіне) Сенен артық жерім – соғысқа барғандығым емес біле – білсең. Сенен артық болатыным – мен арымның алдында адалмын. Ұрпағымның алдында қарабет емеспін.

Түгелбек: Ойдөйт десе! Сонда қара бет менмін бе? Жоқ! Мен өз дәуірімді жақсы сүрдім. Мен саясатқа емес, саясат маған қызмет қылды. Ал, сен болсаң... саясатқа құл болдың.

Ағаш аяқ: Мені сүріндірген саясат емес, басқа нәрсе.

Түгелбек: Енді не! Айтшы онда, неге осы күні қадірің жоқ?

Ағаш аяқ: Жаңа айттым ғой, ол отбасылық мәселе деп. Өзім мүгедекпін. Өзіме-өзім жағдай жасай алмаймын. Кір жуу, тамақ істеу... қолымнан келмейді. Сосын амал жоқ...

Түгелбек: (кекесінен күліп) Осының бәріне кім кінәлі? Әрине, соғыс. Сен көк өгіз секілді соғысқа жеккен – сол кездегі саясат. «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деп ұрандадық. Ал, арты не болды? Міне, бүгін өзіңе-өзің жғдай жасай алмайтын ғаріп жан болдың. Отан қайда? Ол сені неге қолтығыңнан демеп, аспанға көтере дәріптемеді? Неге қолпаш көрсетпеді.

Ағаш аяқ: Отан қайда болсын. Ол – міне! Мыа біз тұрып жатқан үй. Қарттар үйі... Дайын төсек, әзір тамақ... Осыған мың тәубе-е...

Түгелбек: Ха-ха-ха! Қарттар үйі... Ау, бұл жер құрдым ғой. Болашағы бұлыңғыр құрдымдағы ұя ғой. Бұны не деп мақтаймыз. Әйтеуір өлмеген жанға өлмес пана-а... Осыны да жылы ұя деп, ауыз кере мақтанып не керек!..

Тымырсық: (сөзін бөле) Саған ұнамаса, жөніңмен кете бер. Өзімізге ұнайды.

Түгелбек: Әй, екеуің де кешегі сайқал саясатқа алданған ұрпақсың ғой. Мен енді шын түсіне бастадым. Әкемнің ақылы-ақ екен. Расымен, сол соғыс бізге неменеге керек? Неге мен өз тағдырымды өзім отқа салуға тиіспін. Өйткені ол менің тағдырым... Менің өмірім... Өз өміріме өзім би болуға хақым бар шығар... Жоқ, мен соғыстан қашқам жоқ, мен өз көңілімнің қалауын істедім. Бұдан былай осылай деп айтатын болам. Осылай деп бар дауысыммен жар салам... Сендер.. Сендер соқыр саясатқа құл болаған адамсыңдар. Ха-ха-ха... (қарқылдап тұрып күледі)

Ағаш аяқ: (орнынан тұра бере, анаған таяқ сілтеп) Сен... сендейлер бар кезде біз кәйтіп оңған ел боламыз. Бізді сорлатып жүрген де – сен секілділер. Айлакер, зымиян, қу түлкі...(Ағаш аяқ таяғын сілтей бере, құлап түседі)

Тымырсық: (жан даусы шығып) Ойбай-ау, өлді-ау енді. Келсеңші, көмектессеңші. Тұрғызайық таорнынан... Түгелбек, ау Түгелбек... Көмектессеңші...

Түгелбек: (бір шетке ығысып барып, өзіне-өзі) Әркімнің өз жолы бар. Адалдық жолы дейміз-ау, соның өзі де сан тарау. Мәселен – ең ондысын, ең дұрысын, ең қолайлысын таңдай білу. Ақымақ – өмірін отқа салады. Ақылды – оқ пен от ортасынан да аман өтіп кетеді. Солай-й... Әй, бірақ оны түсіне алатындар аз-ау бұ дүниеде. Аз. Өте аз-з... Оны түсіну үшін сондай адам туу керек-к...

Түгелбек артына қарамай жәй адымдап кетіп бара жатады. Тымырсықтың даусы шыңғырып шығады. Осы кезде тағы да Қара киімді Адам шығады.

Қара киімді Адам: (Түгелбекті нұсқап) Әне, анау басқаларға күліп бара жатыр. Өз әрекетіне өзі-риза. Ал, біз ше! Біз кімге күлеміз? Кімді мазақ етеміз? Уа, айтсаңдаршы! Біз кімге күлуіміз керек-к...

Сосын кетіп қалады.

Тымырсық: Ойбай-й... өліп барады. Үзіліп барады-ы... Көмек-к...

Осы кезде көп қабатты үй жағынан Ұрқия көрінеді. Ол жүгіріп келеді.

Ұрқия: (алқына сөйлеп) Не болды! Не боп қалды? Ойбай-ау, демі жоқ қой. Жүрегі тоқтап қалмады ма. Кім? Кім бұны...

Тымырсық: Әлгі Түгелбек... Ауыр сөз айып... Соғыс бізге не берді деп...

Ұрқия: әй, сол да... Соғыстан қашқан сорлы... Өз жайын күйттеген сүмелек-к... Еркек емес, ез... Қорқақ! Сужүрек!... Ау, дәрігер-р...

Ақ қалатты дәрігер қыз жүгіріп жетеді. Бәрі жабылып Ағаш аяқты көтеріп әкетеді.

Үшінші көрініс

Тағы да аула іші. Арғы жаығынан көп қабатты биік үй көрінеді. Екі жас шыбықтың жанында Ұрқия отыр. Өзі көңілсіз. Күрсініп қояды.

Ұрқия: О, тоба! Бұл өзі... ниеті харам адам өмір бойы солай қала береді екен-ау. Әйтпесе, осындағы шалдардың бәрі де бірдей. Бәрі де тәуба ойлаған пенделер. Ал, бірақ... кешегі Адамбек шын таза жүректі, ары биік азамат екен ғой. Оны Ағаш аяқ деп құқатып қоюшы ек. Аяқтың ағаш болғаны түк емес, жүрегі ағаш адамдар ше...

Осы кезде оның жанына Тымырсық келеді. Ол да көңілсіз.

Тымырсық: (көңілсіз дауыспен) Ана Адамбек досымнан айрылып қалғалы бері көңілім қан жылағандай. Елсізде жалғыз қалғандаймын.

Ұрқия: Иә, мен де жітісіп отырғам жоқ. Сен оны айтасың, ал мен туған бауырымнан айрылғандаймын. Қан майданнан, от ортасынан аман-есен оралып, бейбіт өмір майданында мерт болғанын көрмеймісің! Тұп-тура жеңіс мерекесі қарсаңында...

Тымырсық: Өзінің артында ұрпағы да жоқ екен-ау. Онбес жыл отасқан қатыны бала көтермеген дей ме...

Ұрқия: ол ол ма, ол ұятсыз қатыны бұны тастап, бі-ақ күнде бір жас жігітпен қол ұстасып, кетіп қалыпты дейді.

Тымырсық: О, оңбаған! Неткен қара жүрек қатын...

Ұрқия: Қара жүрек қана емес, тас жүрек десейші.

Тымырсық: әй, Адамбек-ай! Не деген шыдамды жан өзі... Ана тас жүрек қатынның жерге қаратып кеткені ме, әлде жанына батқаны – артында ұрпақ қалмайтыны ма?...

Ұрқия: Ол үшін ең үлкен трагедия – соғыс кезінде аяғынан айрылу емес, сол ұрпақсыз өтетіні болған шығар... Соны ішінде ұстап жүріпті-ау. (сосын дереу серпіліп) әй, бірақ... ол ұрпақсыз емес, ізсіз емес. Мына жас шыбықты сол шал өз қолымен отырғызды. (жас шыбықты аялайды). Ол жас шыбық енді алып бәйтерек болып мәкелесе, онда біздің Адамбек те өлмейді.

Тымырсық: (ойлана) Мен білсем, оның жүрегінде ауыр салмақ болып жабысқан кесел – бүгінгі ұрпақтың кешегі сұрапыл соғыс туралы жеңіл-желпі айтатын. «Әй, бізге неменеге керек еді» дейтіні-ау деймін...

Ұрқия: Бәлкім, ол да рас болар...

Тымырсық: Осы... Түгелбек қайда? Көрінбейді-і...

Ұрқия: Ойбай-ау, естімеп пе ең. Ол сол күні-ақ қарттар қарттар үйінен кетіп қалды ғой. Ол да бір еркек шал екен. Тағы да тектен-тек кеткен жоқ. «Қарттар үйі деген құрдым ғой» деп мұқата сөйлеп кетіпті. Ұятсызға дауа бар ма?

Тырымсық: (ойлана тіл қатып) Ағаш аяқ!... Шіркін, мына өмірде Ағаш-жүрек болғаннан сұмдық қасірет бар ма екен! Е, алла сондай Ағаш –мжүректерден сқтай гөр-р...

Ұрқия: (қамыға) Сол... Адамбекпен мен соңғы рет ұзақ-қ

Сырласып ем. Сонда маған көп-п әңгіме айтып еді. Дұрыстап, мән беріп тыңдамаппын ау. Саясат деген тек мемлекет үшін емес, ол жеке бас мүддесі үшін де қызмет ете береді деді. Өмірдегі бар дрбелең, қиянат, зорлық, астамшылық бәрі де сол саясаттың салдары деді. Сосын... ол маған мына өмірдегі екіжүзділік, халелеондық туралы да айтқан. Жер бетіндегі бар қасіретті, қайғыны тудырушы да солар деген. Раса-ау сол...

Тымырсық: (күрсіне) Хамлелеон адамдар-р... Олар аз ба? Ондайлар кеше де болған, бүгін де бар. Ертеңде арамызда жүре береді.Менің ойымша... солар жер берінен жойылып бітпейінше адалдық та, тыныштық та мәңгі болмайтын шығар. Еһ, дүние-е... (маңдайынан сұтайды).

Ұрқия: Тағы бір жолы Адамбек маған мынадай әңгіме айтты. «Мен осы ұлтымның болашағына алаңдаймын» деді. «Е, неге?» дедім мен. «Өйткені, біқ бірігіп, бір жұдырық бола алмаймыз ба деп қорқам. Қарашы, еліміз егемен болғалы бері жұмылып жұдырық болу орнына, ырду-дырду көбейді. Ұлттың емес, жүздің жампозы, рудың ірісі пайда болды. Отанның емес, Қотанның қайраткерінен аяқ алып жере алмайсың. Екі қазақтың басы қосылса, үшінші қазақты жамандайды. «Е, ол пәлен жүздің саясаткері» дейді. «Анау пәлен рудың туыстары» дейді. Бұл не? Сұмдық қой... «Мен оған айттым: «Қой, Адамбек, ұлтымыз егемен ел болып, аяғынан тік тұрып келеді, сен жарқын жағы емес, тек қараңғы жағын айтады екенсің». Адамбек айтты: «Ұлт үлкен ұлт болып қалыптасуы үшін, оған бүкіл халықтың аялы алақаны керек. Біздің егемендігіміз әлгі өзіміз еккен жас шыбық сияқты. Оны аяласаң өседі, әйтпесе қурап қалады. Ол рас...» Мен оны тыңдап отырып, ойланып қалдым....

Тымырсық: Ойпырмай,ә! Бәрі ішінде жатыр жатыр екен-ау.Сол ойын бізге айтқан емес. Ашылған емес...

Ұрқия: (кенет шаттана сөйлеп) Сен қарашы! Қарашы мынаған! (жас шыбықтың бірін аялып тұрып) Мына шыбық ана шыбықтан едәуір ұзын да биік. Бұны кім отырғызды дейсің. Білесің бе! Ол с Адамбек қой. Адамбек еккен жас шыбық... Әне, Адамбек секілді адал жанның шыбығына дейін тез өседі, тез өркендейді, тез өркен жаяды. Бұл деген жақсылық белгісі емеч пе!

Тымырсық: (көңілсіз күйде) Еркіндік тисе, неге өспесін. Неге әуелемесін! Ағаш та өседі, қала да көркейеді. Ел де еңсе тіктейді. Егемендік те өз тұғырын нығайтады. Ал, бірақ... Бірақ адалдықтың алдын орай беретін азғындар аз ба! Адамбектерді аяқ асты еткісі келетін азулы Наданбектер аз ба! Мына өмірде әсіресе, солар қорқынышты... Солардан сақтай гөр, жаратқан ие...

(Шымылдық)
Қайраткедің құпиясы
(ғұмырнамалық әфсана)

Қатысушылар:

Қабілеткер (Қабен) – кешегі комсомол қызметкері, өлең жазып, ән шығарады.

Хадиша – Қабілеттің әйелі, кітапханашы.

Ілияс Омаров – белгілі мемлекет қайраткері, өнер жанашыры.

Гүлшат Омарова – Ілиястың әйелі.

Нұрсат Оңдасынов – мемлекет қайраткері, өнер жанашыры.

Өзбекәлі Жәнібеков – қоғам қайраткері, өнер жанашыры.

Қаламбай – Ілиястың танысы, құпия комитет қызметкері.

Жекелеген көріністерге Қасым Аманжолов, Қанабек Байсейітов, режиссер, драматург, т.б.

Оқиға ХХ ғасырдың ішінде өтеді.

Режиссерге кеңес:

1. Шығармада өнер құдыреті мен сол өнерді қадірлеген азам туралы толғаныс-монолог қатар өріледі:

2. Шығарманың басты кейіпкері Ілияс Омаров бейнесін аша түсу сол кездегі әрқилы тарихи дерек-дәйектерді де қосып отыруға болады.

Пролог

Шымылдық сырғып ашыла берген жайлы пәтердегі бөлемесінде жасы жетпіске тақаған бір кісі ысқыра әндетіп, жұмсақ креслода теледидар көріп отырады. Бұл – қабілеткер. Өз өміріне риза адам. Басқаша айтқанда, «талатты» ақын-сазгер, «Қазақстанның мәдениет қайраткері».

Теледидардағы дауыс: Құрметті теледидар көрушілер! Енді сіздерің назарларыңызға «Өнер және Ілияс Омаров» атты хабарымызды ұсанамыз. Омаровтың қазақ өнері мен мәдениетіне сіңірген ұшан-теңіз еңбегін білетін кісілер үшін бұл хабардың маңызы аса зор деп ойлаймыз. Сонымен...

Қабілеткер: (тележүргізушінің даусын бөле) Е-е, Омаров туралы хабар де. Білем. Білеміз біз ол Омаровты...(орнынан тұрып, бөлем ішінде ерсілі-қарсылы жүреді) Осы жұртты түсінбеймін. Біреуді мақтаса, төбесіне көтеріп, мәртебесін көктегі жұлдыздарға дейін жеткізеді. Асқар дейді, алып дейді. Халқы үшін туған қыран дейді. Дейді, дейді...

Осы кезде сахнаға оның әйелі Хадиша шығады.

Хадиша: Саған не болған? Осынша күйгелектенетіндей не болды, жазған-ау!

Қабілеткер: (әйелін еркелете) Келші! Жаныма отыршы.

Хадиша: Ал, отырдық.

Қабілеткер: Саған бір қызықты әфсана айтып берейін бе?

Хадиша: Ол қандай әфсана? Осы сенің-ақ аңыз-ертегің таусылмайды.

Қабілеткер: Жоқ, бұл өмірде болған оқиға. Көз алдымызда өткен қызық хикая...

Хадиша: (отырып жатып) Ал, айта ғой. Құлағым сенде.

Қабілеткер: ХХ ғасырдың орта кезеңінде Алматы шаһарында елге есімі таныс, өнерге жанашыр болған бір қайраткер, содан соң бар арманын өнер мен өлеңге арналған бір қабілетті жігіт өмір кешіпті. Бірақ атағы жер жарған қайраткер өнерлі жігіттің жан дүниесіндегі буырқанған талантты байқай алмапты... Бәлкім, байқаған шығар, бірақ бағалауға келгенде сараңдығы ұстапты...

Хадиша: Ой, мен сені жөні түзу әңгіме айта ма десем...

Қабілеткер: Бұның несі жаман екен! Сен өзі нені түсіндің?

Хадиша: (күйле сөйлеп) Сол баяғы өзің туралы қияли әңгімені тағы бастадың ба?

Қабілеткер: Мен айта бастасам, саған бәрі қияли әңгіме болып көрінеді екен. Ал, басқалар айтса... қызық хикая. Солай ма?

Хадиша: Өзің әлденеге ренжіп отырсың ғой. Жасың жетпіске тақады. Енді өзіңді де, көңілді де әлдеқашан сабырға шақырар кезің емес пе бұл. Бұл не қылығың?...

Қабілеткер: Мына тірлікті айтамын да. Әділеттілік деген әдірам қалды. Бәрі де алмашы сезіммен өмір сүреді. Бәрі де қолдан жасалған қайраткерлерге табынады. Қолдан құдірет жасап алып-п... (кіжінеді)

Хадиша: Ойбай-ау, кім туралы айтасың? Осы саған не болған, а?

Осы кезде сахнаға Қабілеткердің танысы Қаламбай шығады.

Қаламбай: (Хадишаға) Мына қиялгер күйеуің тағы да қияли әфсана айтып отыр ма? Өзі туралы ойдан шығанған аңызнаманы айтап отыр ма? Өзі туралы ойдан шығарған аңызнаманы бастады ма?

Хадиша: Күнде естіп жүрген ертегім ғой. Бірақ шаршамайтынын айтсайшы бұның!

Қабілеткер: (кіжіне) Әфсана айтпай не істерсің! Қазіргі кезде теледидарды қосып қалсаң болды, ананы да, мынаны да аса дарынды, көрнекті, қайталанбас қайраткер деп мақтайды кеп! Тіпті аспандатып жібереді. Ал, солардың көбісін мен көргем. Білем кім болғанын...

Хадиша: Кімді айтып отырсың, жазған-ау?

Қабілеткер: Қара халық тамсанып, таңдай қағып жүрген кейбір «өсемсымақтарды» айтам да.

Қаламбай: Сенің күйеуіңе салса, бұл дүниеде таң қалар ешкім де жоқ. Бәрі де әшейін пенде...

Хадиша: Кей кісілерге тамсанып, таңдай қақса-елге сіңген еңбегі бар болғаны. Осы қазақ кімнен кем екен! Кімнен сорлы екен! Бізден де озық ойлы ұлдар туған жоқ деп аузымызды қу шөппен сүрте берсек...

Қабілеткер: (сөзді бөліп) Мықтылар бар болғанымен, саусақпен санарлық. Әріге барсақ, Бөкейханов, Байтұрсынов,.

Аймауытов, Дулатов... Берегірек айтсақ – Төреқұлов, Қожанов, Рысқұлов, Жұмабаев...

Қаламбай: Айтпақшы, осы тізімге талантты ақын-сазгер Қабілеткерді де қосып жазуға әбден болады емес пе! (күледі)

Қабілеткер: Әй, әй, осы сенің-ақ мазағың бітпейді екен.

Хадиша: Әлгі өнер академиясына аты берілген ағай ше? Оны неге айтпайсың?

Қаламбай: Ілияс Омаров өмір бойы есімін аялап өткен Жүргенев..

Қабілеткер: Мысалы, сол Жүргенев! Өзі ұлт мәдениетінің шын жанашыры болған деп, осы күні атын аспандатып, даңқын даладай етіп, тіпті адамзаттың асылы деп...

Хадиша: (сөзді бөліп) Болса болар. Сен оның қандай іргелі істер атқарғанын біле бермейсің ғой. Тарихшы емессің. Зерттеп жүрген жоқпын.

Қабілеткер: Зерттемесем де білемін. Ол саясаткер. Биік лауазымға сол 30 – жылдары-ақ қолы жеткен қазақ. Сосын сол кезгі саясатқа иіліп төсек, жайылып жастық болған адам.

Хадиша: Осылай оңды-солды сөйлей беретінің-ай, сенің! Мен кітапханашымын. Кітаптарға сенем. Жазылған кітаптарға көз жүгіртсек...

Қабілеткер: Бұл оңды-солды айтылған сөз емес. Жүргенев өз уақытында ана қанқұйлы Голощекинмен табақтас, сосын әлгі Мирзоянмен тағы да әмпей-жемпей болды ғой. Өйтпесе, үлкен лауазымға отырар ма еді.

Хадиша: Енді қабілет-қарымын бағалаған болар. Ол кезде бүгінгідей оқыған, білімді қазақ көп болды деймісің!

Қабілеткер: Есіңде болсын, 20-30-жылдары қазақтың шын мықтыларын елде қала алмады. Мұстафа Шоқай шетелге кетті. Бөкейхан-Мәскеуге барды. Бірқатары Ташкенді паналады.

Қаламбай: (сөзге араласа) Соның басты себебін неге осы күнге дейін ашып айтпай жүрміз? Мәселе қайда жатыр...

Хадиша: (күйеуіне) Қиын күндерде кеудесін оққа төсеп, қыл үстінде өмір кешкен қайраткерлерді түк бітірмеді деп кінәлауға қалай дәтің барады?

Қабілеткер: Кінәламаймын. Бірақ, мақтағым да келмейді. Әр зат атымен аталас мына ғаламда шындық үстемдік құрады.

Хадиша: Шындық деген щъшындық қой. Оны өз уақытысында айта білу, әрине, азаматтық.

Қабілеткер: Ал, мына теледидар бүгін Ілияс Омаровты аспандата мақтап кеп берді. Мен бліемін Омаров болса...

Қаламбай: (сөзді бөліп) Омаровты сен екеуміз өз көзімізбен көріп, аралас-құралас болдық. Оның азаматтық бейнесін бір ауыз сөзбен ашып беруге бола ма?

Қабілеткер: Неге болмасын.

Қаламбай: Жақында естідім, Ілияс Омаровтың мерейтойына орай бір белгілі драматург пьеса жазып, оны бір белгілі режиссер сахналағалы жатыр екен. Енді Ілекеңнің көркем бейнесімен туған халық сахна арқылы табысатын күн де алыс емес секілді.

Қабілеткер: Міне, мен не дедім. Бұл қазақ біреуді мақтағысы келсе, ай-жұлдызға теңейді. Ал, ұнатпаса, қара жерге тығып жібереді.

Хадиша: Ілияс ағаның алғыр, епті, өнерді шын бағалай білген азамат болғаны рас қой.

Қабілеткер: Әні, сен де солай ойлайсың. Ал, шын мәнінде...

Қаламбай: Иә, шын мәнінде ол кім еді? Қандай құпияны біледі екенсің!... Айтсаңшы бізге де...

Қабілеткер: Ол да қателескен көптің ішінде сол бір жылдарда атылып, не болмаса жер ауып кете барушы еді. Оған әлдекімдер қамқор болып, көмек қолын созды. Әні, тағдыр...

Қаламбай: (ойлана) Тағдыр дейсің бе? Мүмкін, жүрегі таза, ойы ақ болған соң, тағдыр да мейірімін молынан төккен болар.

Қабілеткер: Білмедім. Білмедім қалай екенін! Әйтеуір, Омаровтың өмірде долы болғаны анық. Ал, сол тұста қадірлі қазақтың қаншама арыс ұлдары, сыпайылап айтқанда, қоңыз теріп кетті ғой.

Қаламбай: (сынай қарап) Соның бәріне де мына өзіміз қадірлі қазақтар кінәлі болдық деп ойламайсың ба, а?

Қабілеткер: Бәріне де әуелі адамның өзі себепші болады. Не нәрсе де пенденің өз іс-әрекетінен... Тек жүрсек, бұл пенде жайдан-жай тығдырдан тепкі көрер ме еді, айтшы өзің!...

Сахна қараңғылана береді.

Бірінші бөлім

Бірінші көрініс

Сахна ашыла бергенде, Ілиястың кең кабинетінде Қабілеткер екеуі оңаша сөйлесіп отырады.

Ілияс: (үстіндегі костюмін шешіп қойып жатып) Ал, бала, тым жиі келетін болып алдың! Қандай шаруа?...

Қабілеткер: Ілия аға, өткенде Орталық Комсомол комитетінің пленумында өзіңізге кіріп шығайын деп рұқсат сұрап ем ғой. Со шаруамен...

Ілияс: Иә, есіме түсті. Әндерің туралы айтам дегенсің.

Қабілеткер: Ән шығарып жүрмін. Осы күні 5-6 әнім бар.

Ілияс: Өзі орындалып жүр ме?

Қабілеткер: Тойларда.

Ілияс: Теледидардан, радиодан неге орындалмайды?

Қабілеткер: Соны өзімде түсінбеймін. Апарып берем. Алып қалады. Біра, орындалмайды.

Ілияс: Неге деп ойлайсың?

Қабілеткер: Сізге шынын айтайын ба, аға?

Ілияс: Айт!

Қабілеткер: Ос күні қазақ зиялылары бірін-бірі көре алмайды. Қызғаныш. Мықтыны мықты деп танымайды. Танығысы да келмейді. Тіпті сізге осылай емін-еркін кіріп жүргенімді де қызғанатындар бар.

Ілияс: (күліп) Бәрі емес шығар.

Қабілеткер: Көбісі сондай. Талантыңды көрмейді. Көрмеген болады.

Ілияс: Осы сенің есімің қазақ. Бұлай деп кім қойған?

Қабілеткер: Азан шақырып қойған есімім Қабен болатын. Оны кейінірек өзім өзгертіп алдым.

Ілияс: Неге? Неге олай еттің?

Қабілеткер: Есейе келе бойымдағы қабілетті байқадым. Сосын олйадым: қазақ жақсы кісілерді қайраткер, бейнеткер, жұмыскер, ымырагер.... деп айтпай ма! Отыра, өз атымды Қабілеткер деп өзгерттім. Қабілетім бар екенін де әйгілеп тұрған жоқ па...

Ілияс: (Сәл тоқтап) Әйгілеуін әйгілейді-ау! Бірқа қабілет пен талантты шатастыруға болмас. Екеуінің арасы жер мен көктей...

Қабілеткер: Жоқ, мен сізбен кеоһліспеймін. Талаттың бір аты – қабілет. Қысқасы, қабілетсіздерден қоруымыз керек.

Ілияс: Солай-ақ делік. Ендеше маған айтшы. Әндеріңнің тақырыбы қалай? Не туралы жазасың?

Қабілеткер: Мен алғашқы еңбек жолымды колхозшыдан бастағам. Сосын комсомол жұмысына ауыстым. Қысқасы, өмір көркем. Демек, әндерім де сол бағытта.

Ілияс: Ал, сөздерін кім жазады?

Қабілеткер: Мен өзі әрі ақынмын. Өзім өлеңді шығарып, сосын әнге айналдырамын.

Ілияс: Бұл кісі қызығарлық нәрсе екен. Бізде осы күні әрі сазгер, әрі ақын болып жүрген адамды естімеппін.

Қабілеткер: Міне, енді байқадым. Мен өз қатарластарымнан осылай ерекшеленіп тұрамын.

Ілияс: Жарайды. Сонымен, әндерінің тақырыбы...

Қабілеткер: (сөзді іліп әкетіп)

Тракторшы қарындас,

Ешкімгеде жалынбас!

Еңбек етсең, тер төгіп.

Қамал бар ма алынбас-с...

Осындай сөз жаздым да, оны дереу әнге айналдырып кеп жібердім.

Ілияс: Бұл дұрыс екен. Тағы қандай ән...

Қабілеткер: (тағы да сөзді іліп әкетіп)

Комсомолмын, комсомолмын,

Жұмысыма жан саламын!

Жан саламын, ән саламын.

Жақсы іске тамсанамын.

Осылай басталатын өлеңім бар еді, соған да ән шығарып тастадым. Оны бір тойда өзім шырқап айттым да. Қол шапалақтаушылар көп болды.

Ілияс: Хош келдік. Бұл жазбалардың ана айтқан керемет болмасы да, айта жүруге болатын ән шығар. (сәл тоқтап) Сен неге қазақтың рухын көтеретін ән шығармайсың? Ол үшін өткен тарихты білу абзал. Тарихты үңгіп, тереңіне үңілмей болмайды.

Қабілеткер: Тарих дейсіз бе! Оны атай көрмеңіз. Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» деген поэма жазам деп таяқ жеген. Мұхтар Әуезов ! «Хан Кене» деген драма жазып, қатаң ескерту алған.

Ілияс: Бірақ, есіңде болсын, осы екі шағарма да уақыт өте өз бағасын алады. Келер ұрпақ оны қиянат пікір мен ғайбат сөзден аршиды.

Қабілеткер: Оған дейін қанша уақыт бар әлі. Тіпті ондай заман туа ма екен? Соған күдігім бар...

Ілияс: Жоқ, туады. Қазақ барда барлық қиянат іс өз беп-пердесін ашады.

Қабілеткер: (қабырғаға қарап) ана төрде ілулі тұрған портреттегі кісі Темірбек Жүргенов қой.

Ілияс: Иә, сол кісі.

Қабілеткер: Сіз білесің бе, осы Жүргенов бір кездері Мұхтар Әуезовтің «Хан Кене» драмасын қатты сынға алған. Оны жақтап сөйлегені үшін Ғабит Мүсіреповке де шүйліккен. Сіз оны білуге тиіссіз.

Ілияс: Жүргенов Әуезовті жек көріп сынамаған. Әсіресе, ана қазақ пен өырғыз арасындағы дау-дамай туып кете ме деп қауіптенген. Білеміз ғой, Кенесары ханның басын қырғыздар алды деген қауесетті...

Қабілеткер: Ол сылтау ғана болуы мүмкін. Әйтпесе қазақ-өырғыз арасында Жүргеновтің не жұмысы бар! Меніңше, Жүргенов осындай ілікті ойлап тауып, Мұхтарды сілкілеп алмақ болған.

Ілияс: Өзің тек өмірдіңт көлеңкелі жағын теріп жүреді екенсің.

Қабілеткер: Оқимыз, ізденеміз. Осы күні Әуезовті де тым көкке көтеріп, асыра мақтаушылар көбейді. Бірақ ешкім оның өмір-жолын толық зерттеген емес. Сонау 30 – жылдары Алаш зиялылары қынадай қырылып жатқанда неге Әуезов аман-есен құтылды?

Ілияс: (ашу шақыра) Мұхаңның да сол сойқаннан аман қалғанын тілемегенің бе бұл! Онда сайра! Сайрай бер! Неге ана Мүсірепов тірі жүр де! Неге ана Мұстафин аман қалды де! Неге ана Мұқанов біздің заманға аман жетті де. Айтсаңшы осының бәрін-н...

Қабілеткер: (қипақтап) Сізді ашуландырайын деген ойым жоқ, аға! Мен тек... ойлана жұрер жайттар ғой деп...

Ілияс: Мұндайда ойланып барып сөйлеген абзал. Өзің де осы әдебиет пен өнердің ішінде жүрген адамсың.

Қабілеткер: Жарайды. Қазқа әдебиетінің бүгінгі нарқасқаларына мен баға бермей-ақ қояйын. Дегенмен, мына кісі (Жүргеновтің портретін нұсқап) туралы ойымды біліп отырғаныңыз артық болмас.

Ілияс: Иә, айт. Тыңдайын.

Қабілеткер: Осы Жүргенов Фирдоусидің «Шахнаме» деген еңбегін аса қатты бағалап, оны қазақша аударуға ынтық болған деседі. Оны ертеректе қазақша аударған Орал молда дегендң көп айтып, көп мақтапты. Онымен қоймай, әлгі Сыр бойынан шыққан шайыр Тұрмағанбетке «Шахманені» қайта тәжімалапты.

Ілияс: Бұдан қандай ерсі әрекет көріп отырсың?

Қабілеткер: Біз. қазақтар, өзімізді өзіміз сүйе білмейміз. Өзгеге құлай кетеміз. Бұны еліктегіштің деуге де, тіпті жалтақтақ деуге де болады.

Ілияс: (дауыс көтеріп) Жоқ! Мен бұл ойыңмен келісе алмаймын. Егер сен әлемдік көркем ой жауһарларын қазқшаға аудару ісін жалтақтық, жағымпаздық десең, ойың тым қысқа болғаны. Бұз қазақ ХХ ғасыр ішінде Қалмақан Әбдіқадыров аударған «Мың бір түн», Тұрмағанбет аударған «Рүстем-Дастан» секілді асыл қазынадан сусындаса, ол жаман ба!

Қабілетбек: Мен оған қарсы емеспін. Тек біржақты кетіп алмасақ дегенім ғой. (сәл тоқтап) Жарайды. Оны қойшы. Тарихты сүю, тарихты біл, тарихи тақырыпқа көп көңіл бөл дейсіз. Ал, осы өзіңіз де сол тарихты түбірлеп қазамын деп таяқ жеп...

Ілияс: (сөзін бөліп) Рас, баяғыда Хан Кене туралы жазылған жаңаша көзқарас-пікірлер үшін, әсіресе ана тарихшы Ермахан Бекмахановты қолдағаным үшін таяқ жегінім бар. Тіпті Орталық партия комитеті хатшылығынан да сол үшін шеттелгенмін. (ойлана) Әттең, сол кезде ұлтжанды азамат Нұртас Оңдасыновты тыңдасам ғой.

Осы кезде сахна қараңғыланады да, бір шеттен Нұртас Оңдасынов көрінеді.

Нұртас: Ілиясжан, мн естіп жатырмын, сен Орталық Комитетке хатшы болып барғалы бері көп істі қолға алып жатыр екенсің.

Ілияс: Ой, аға, бірдеңелерді ойластырған болам. Бәрі де өзіңіздн үйреген шаруалар ғой. Біра, істің басы бар да, аяғы жоқ.

Нұртас: Е, неге! Тарихты сен білмесең, кім біледі. Өнер-мәдениетті сен түсінбесең, кім түсінеді?

Ілияс: Екі күн бұрын хатшының алдында болып, «біздің халықтың өткен тарихы әлі де күңгірт, кейбір мәселелерді түпкілікті анықтап алу керек» деген пікірімді айтқам.

Нұртас: Ал, ол не деді?

Ілияс: Түк деген жоқ. «Се идеологсыі, бәрін өзің шеш» деді. Ал, қателесіп кетсе, тағы да өзің мойныңмен көтересің» деді.

Нұртас: Бұл ауыр сөз. Ойлануың керек.

Ілияс: Неге, аға? Неден қорқа береміз?

Нұртас: Абылай хан мен Кенесары ханға қатысты деректер өте за. Және осы күнге дейін даулы пікірлер көп. Сосын да қателесіп кетсің бе дегенім ғой.

Ілияс: Сонда даа тәуекел етемін. Кенесары тарихта өз бағасын алуы тиіс.

Нұртас: Өте абай болшы, айналайын. Бұл менің сені жақтамаймын дегенім емес. Қиналғаң жаныңна табылып қалармын....

Ілияс: Оны білемін, аға! Сізге сенбегенде кімге сенем! Кейде өз ақылым жетпей бара жатса, дереу сізді іздейтінім де содан.

Нұртас онымен қоштасып жатып, тағыда бірнеңені айтпақ боп мүдіреді. Ілияст та оны байқап, тіл қатады.

Ілияс: неге бөлегдіңіз, аға?

Нұртас: (сәл жымиып) Әлгі құрасың кім едң, Өтешқали ма?

Ілияс: Иә. Атамбаев Өтешқали ма? Онымен құрдаспын.

Нұртас: Сол құрдасыңды бір ауыз өлеңмен сілейтіп салғаның есіме түсіп тұрғаны. Қалай еді... Ә, былай:

Ақ басың көксеркештің қылшығындай,

Желке етің балуанның бұлшығындай.

Қатын көрсең ойнапшық бір тұрмайсың,

Жіп иірген кемпірдің ұршығындай!

Қандай керемет! Не деген шымыр өлең!

Ілияс: (күліп) Екеуміз де Совминде бірге істедік қой. Ол өзі әзілді жақсы көтере білетін жігіт еді. Сол кезде әйелі қайтыс болып, бойдақ жүрген кезі болатын. Қалжындаған түрім ғой...

Нұртас: Оу, сенің әлгі бірінші хатшы – Шайахметовтің алдында Жанбаевқа қарап айтатын өлеңің де өте ащы! Қалай батылың жетіп....

Ілияс: (сөзін іліп әкетіп) Өздері ғой. Екеуінің де басы жап-жалтыр. Содан мен...

Нұртас: Иә, білем. Жанбаев саған өлең шығаршы деп қинапты ғой. Сен сылтау айтып, шығып кетпекші болсаң да жібермей қойыпты деп естігем.

Ілияс: Шын қинады. Өлең айтпасың, осы кабинеттен шығушы болма деді.

Нұртас: Содан? Сен не деп құтылдың?

Ілияс: Не деуші ем. Бір шумақ өлеңді аяқ астынан құрастыра қойдым. Ол былай:

Бастарың жылтырайды сырлағандай,
Жабыр жауса бір тамшы тұрмағандай,
Бау-бақша арасына кіріп кетсеңдер,

Балалар қауын екен деп ұрлағандай,- дедім.

Екеуі де күледі.

Нұртас: сенімен әңгімелессем, көңілім көтерліп қвлады.

Сахна қарнғылана береді. Қайта жанады.

Қабілеткер: сол Оңдасынов та қазақ үшін бір кісідей еңбек сіңірдім деп ойлайды. Соғыс кезінде Әуезовтің «Абай» романының алғашқы кітабын ылғи мақтап отырады екен.

Ілияс: Нұртас ағаның ауызға алар еңбегі ол ғана емес. Ол кісі Министрлер Кеңесінің төрағасы болған жылдарда мен де, Димаш Қонаев та орынбасары болдық. Сол жылдар әлі есімде, Нұрекең сізбен терезесі тең кісідей сөйлесе білеті. Ең бастысы – ол терең ойдың адамы. Еліміздің экономикасын, ауыл шаруашылғын өркендетуді де ұмытқан жоқ. Сол кезде кесек-кесек бағдарламаларда өмірге келді. Оған Нұрекең тікелей себепші болды. Сонымен бірге ұлттың өнері мен әдебиетін жан-тәнімен сүйіп, соған қамқор бола білуді де үйретті бізге.

Қабілеткер: Мұхтар Әуезов әртүрлі тақырыпта кино-сценарий жазып, Нұрекеңнің алдына көбірек барыпты. Кино ісіне жаны ашымааны ма, жоқ болмаса әлденеден қорықты ма, Нұртас аға оның ұсыныс-ойларын толық қолдамапты.

Ілияс: Мынандай деректерді білуің, әрине, қауанышты. Бірақ, неге Оңдасыновқа күдікпен қарайсың?

Қабілеткер: Оңдасынов Әуезовтің Кенесары жайлы жазғанын да, 1916 жылы оқиғасын қозғаған туындысын да әзірге жылы жаба тұру керек деп қоқтатып тастаған деседі.

Ілияс: Республика үкіметін басқарып отырған кісі сол кезгі саяси жағдайды дөп басып біліп отырмады ма! Бұл – Әуезовтің тұқыртуы емес, қайта сақтандыруы деп түсінген дұрыс.

Қабілеткер: Қорқу мен жалтақтау. Оңдасынотың да бойында болды деуге осы деректер жетіп жатыр.

Ілияс: Қорқу дедің бе! Жалтақтық дейсің бе! (ойлана) Иә, заманның арлы-берлі тоқуы кімді қорқытпады. Кімді үркітпеді! Бәріміз де пендеміз-з...

Қабілеткер: Сіз не айтып кеттіңіз?

Ілияс: Өткен күндер есіме түсіп кеткені... Баяғы кез-з...

Сахна қарңғылана береді, қайта жанғанда, сахнада Ілияс пен Гүлшат оңаша сөйлесіп тұрады.

Гүлшат: (еркелей сөйлеп) Сені неге осынша сүйдім екен, а? Дәл осыншалық ғашық болуға бола ма өзі?

Ілияс: Бұрын болмаса да, сен болдырдың! Бұл сенің сүйіспеншілігің, жарығым! Сенің мөлдір махаббат сезімің...

Гүшат: Сені жолықтырған тағдырыма мың ба бір рахмет! Мен осы күндері өзімді ерекше бақытты сезінем.(сәл тоқтап, қабағын түйіп) Әттең, мына кезең... Мына уақыт...

Ілияс: Не десең о де, мен бірақ түпкілікті шешім қабылдап қойдым.

Гүшат: Менің саңан кесірім тиеме деп қоқам. Мен қалай десең де белгілі байдың қызымын, «халық жауының»ұрпағымын.

Ілияс: Болса ше! Махаббат бұның бәрінен де биік тұрады. (Гүлшатты құшақтап) Әлде сен мені шын сүймейсің бе?

Гүлшат: Жанымнан артық көремін сені. Сосын да шарадай басыңды дау-дамайға салғым келмейді.

Ілияс: Біз қандай жағдайда да бірге болуымыз керек. Сенсіз маған өмір жоқ... Естимісің, сенсіз өмір сүре алмаймын-н...

Гүлшат: Менің әкем Мұхаммед-Сәкидің, анамның айтуына қарағанда, көрмегені жоқ. Ол кіс бір кездері Орынбор өңіріне белгілі көпес болғанын айттым ғой. Мәскеу, Петербор, Париж, Прага,Варшава қалаларына емін-ерікн барып келіп тұрғанда...

Ілияс: Білем. Білем. 1919 жылы бар байлығын кәмпескелеп, өзін қспаққа алған соң, қазақ жеріне кетуге.

Мәжбүр болды. Ал, мұнда тағы да қиындық тап келді. «Халық жауы» деген жалған жала жабу науқанына ілікті.(сәл тоқтап) Қалай десең де, Гүлшат, біз екеуміз бірге боламыз. Біздің сүйіспеншілігімізді ешкім де бұза алмайды.

Гүлшат: Тырнақ астынан кір іздеп, саған да жала жаба бастаса қайтем! Заманның сиқы мынау...

Ілияс: Ондай әңгіме қазірдің өзінде бар. Менің соңымнан қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері аңдып жүрген сияқты.(күліп) Бірақ мен қорықпаймын.

Гүлшат: (үрейлене) Онда.. онда не істейміз,а? Сені де қамап қойса... мен қайтем?...

Ілияс: Оған үлгермейді. Мені де сақтандырып, ескеріп отырған жанашыр адам бар.

Гүлшат: Ол кім?

Ілияс: Жаны таза адам.

Гүлшат: Мен білем бе?

Ілияс: Оның есімін әзірге ешкім де білмеуі керек. Келісім-солай.

Гүлшат: Мейлі, аман болшы әйтеуір! Сен аман болшы,жарығым!...

Ілияс: Ақырын әзірлене бер. Біз жақын күнде Алматыға кетеміз. Бірақ ешкімге тіс жарушы болма.

Гүлшат: Түсіндім! Бәрін де түсіндім...

Ілиясты құшақтап, көзіне жас алды. Сахна қараңғылана береді де, қайта жанғанда-әлгіндегі көрініс.

Қабілеткер: Бірақ сол Оңдасыновта арынан абыройсыз болып, орнынан кетті ғой. Әуелі Гурьевке барды. Сосын зейнетке ерте шығарлып, Мәсекуге асты. Содан қайтып елге оралмай қойды емес пе!

Ілияс: Оңдасынов жыл сайын елге келіп тұрды. Өзінің туған жері – Түркістанға соқпай кетпейді. Қазір, естуімше, көп том боларлық аапша-парсыша-қазақша сөздер сөздігімен жұмыс істеп жатыр екен. (сәл тоқтап) Біз өзі бірді айтып, бірге кетіп жатырмыз ғой.

Қабілеткер: Бәрі де бір-бірімен байланысты әңгіме. Өте қадірлейді екенсіз, ендеше Сіз төрге Жүргеновтің портретін ілсеңіз, неге жанына Оңдасынлвты да ілмегенсіз?

Ілияс: Қарағым, Жүргенов қазақ елінің мәдениеті мен өнеріне ерекше қызмет еткен адам. Сол кісінің арқасында.

Біздің халық өзінің консерваториясын, өзінің оркестірін, өзінің театрын, қысқасы, талай мәдениет ошақтарын ашып алды. Ашып қана қойған жоқ, оны қалыптастырды.

Қабілеткер: Әй, солай ма еді! Соны ойлаған екенсіз-ау! Бірақ...

Ілияс: Айт! Ойыңды ірікпе.

Қабілеткер: Сол Жүргенов «халық жауы» болып ұсталып кетті. Әлі ақталған да жоқ. Ал, сіз болсаңыз...

Ілияс: Ақталмаса, ақталады, Жүргеновтің «халық жауы» болуы тіпті қисынға келмейді.

Қабілеткер: Құпия комитет қызметкерлері көп қателесе бермейді. Сіз ойланып сөйлеңіз.

Ілияс: Қалай десең де осы ойым ой. Мен бұл ойдан еш айнымаймын.

Қабілеткер: Ал, енді Оңдасынов болса...

Ілияс: Оның да кінәсі бар ма?

Қабілеткер: Әрине, бар. Ол да Жүргеновті оңашада мақтайды екен. Әуезовтің «Хан Кене» деген шығармасын қоғамақ болып мақала да әзірлеп, жарияламақ боп... Бірақ көлеңкесінен қорқып...

Ілияс: (дауыс көтере) Әй, сен өзі... ауыз өзімдікі екен деп... Ойланып сөйлеуге болмай ма, а?

Қабілеткер: Мен сізді сыйлаймын. Сіз жүрегі кең азаматсыз. Менікі-сізді әлгіндегідей күдікті жандардан сақтандыру ғой...

Ілияс: Ақыры, сөз басталды ғой, онда мен бұл оқиғаның тағы бір жағын айтып қояйын. Жүргенов Тұрмағанбетті арнайы іздестіріп, сонау Қазалы түрмесінен жатқан жерінен шығарып әкеліп, Алматыда демалыс үйіне жатқызып жұмыс істеткен. Тұрмағанбет Фирдауси жазған шығарманы парсы тілінен қазақшаға аударған. Бас-аяғы екі-үш айда «Рүстем-Дастан» деген үлкен тарауын аяқтап, Жүргеновтің алдына әкеледі.

Қабілеткер: Ондай тұстарын білмейді екем.

Ілияс: Әрі қарай тыңда. Сосын «Рүрстем-Дастанды» Мұхтар Әуезовке апарып, пікір сұраған. Мұхтар аға бұл аудармаға риза болып, 1961 жылғы басылымына өзі алғысөз жазған. Сөйтіп, Фтрдаусидің асыл мұрасы қалың қазақ ішіне жол тартқан болатын.

Қабілеткер: ол жақсы-ау, алайда...

Ілияс: Иә, ойыңдағыны жасырма.

Қабілеткер: Сіз неге тым жалпақшешей бола бересіз! Анаған да, мынаған да қолұшын бергіңіз келіп тұрады.

Ілияс: Талантты, қабілетті болса, неге көмектеспейін. Ұлт сөзін айтушы болса, неге қолдамаймын. Бізді сол үшін мыга мансап креслосына отырғызған жоқ па!

Қабілеткер: Менің Қаламбай деген танысым айтады. «Ілияс аға кісіні шын тани бермейді, біреуден жылт еткен жаңалық көрсе болды, соған жығыла кетеді» дейді.

Ілияс: (күліп) ол досыңның сөзінің жаны бар. Жақсылық жасауға құмартып тұратыным жасырын емес.

Қабілеткер: Бір жылдары сіздің алдыңыздан Қасым ақын шықпай қойыпты деп естігенбіз.

Ілияс: Қасым ақынды мен өзім іздедім. Қасым – талантты жігіт.

Қабілеткер: Соған да көмектестіңіз бе? Ол өкіметке қарсы өлең жазды. Билікті сынады. Сонда да...

Ілияс: Ақынға тек өкіметті, билікті мақтап жаз деп нұсқау берсек, шын поэзия туа ма?

Қабілеткер: Қасым ақын сіз туралы сыртыңыздан сол жылдары на айтып жүргенін қайдан білесіз. Менің әлгі Қаламбай деген танысым айтады...

Ілияс: Оу, сен өзі сол Қаламбайды ғана тыңдайды екенсің. Өз ойың қайда, өз ойың...

Қабілеткер: Мен қай кезде де сақ сөйлеймін. Өзімніңсөзім емес, өзгенің пікірі деп айтам.

Ілияс: Е, рны түсіндім. (күліп) Сенен үйренетін нәрселер көп-ақ сияқты. (сосын арқасынан қағып) Ал, жақсы. Хабарласып тұрарсың.

Қабілеткер бөлмеден шығып кетеді. Ілияс оңаша ойланып, арлы-берлі жүреді.

Ілияс: Қаламбайды таниды екен-ау! Ал, сонда-а... Жо-жоқ, ол жағын білмейтін сияқты. Егер Қаламбайдың құпия комитетте істейтінін білсе, одан бойын аулақ салмас па еді. Демек білмегені ғой. Бірақ... Қаламбайды қайдан танып жүр екен, а?...

Екінші көрініс

Сахна ашыла бергенде өзінің жұмыс бөлмесінде Ілияс Омаров кітап ақтарып отырады.

Ілияс: (қалың кітапты көтеріп) Мынау «Абай жолы». Бұны сонау-у 1942 жылы соғыс қызып жатқан кезде баспа арқылы шығартуға ықпал еткен Оңдасынов. Сол Оңдасынов 1944 жылы қазақ тіліндегі «Абай» романын Мәскеуге Сталиндік сыйлыққа ұсынады. Өнер көмитетіне хат жазып: «Әзірге қазақ тіліндегі нұсқасын жібердік, орысшасы жақында дайын болады деп қол қойыпты. Қандай батылдық десеңші! (енді екінші кітапты көтеріп) Мынау «Рүстем-Дастан». Мұны Тұрмағанбет ақынға аудартып, қалың қазаққа жеткізуге құштар болған жан – Темібек Жүргенов. О-о, Темірбек ағаның ұлт мәдениеті мнн өнеріне сіңірген еңбегін санап тауысу мүмкін бе! Осы Фирдоусидің асыл қазынасы қамқор болғанының өзі неге тұрады!(сәл ойланып) Ал, мен ше? Жасым, отыздан асып, қырыққа тақады. Осы күнге дейін не істеп, не бітірдім? Ұлтыма істеген жақсы ісім қайда? Рас, отыздың арғы жақ, бергі жағында Орталық партия комитетіне хатшы болдым. Бір-екі облысты басқардым. Қазақ киносына басшылық еттім. Ол-бар болағны лауазым. Нендей елеулі іс бітіре алдым екен, а? Ұлтымның шынайы тарихын түзеуге күш салып, Абылай, Кенесары хандарды ақтамақ болып ем, онымды бұл қоғам дұрыс түсінбеді. Осыдан соң ұлт әдебиетінің майталмандары – Әуезов, Мүсірепов, Мұқанов, Мұстафиннің қомақты романдарына талдау жасадым. Ұл киносы мен театрына да көз қырын салған болдым. Осы ғана ма? Бұл-аз ғой. Осы үшін өмір сүрдім десем келер ұрпақ түсінер ме? Әй, түсіне қоймас-с... (сәл тоқтап) Айтпақшы, Қасым ақын...

Сахна қараңғылана береді де, қайта жанғанда Ілияс пен Қасым Аманжолов сөйлесіп отырады.

Қасым: Ілеке, мен бұ Алматыдан біржола күдер үзіп жүр едім. Сарыарқама, Қарағанды өңіріне тартып отырсам ба деп ойлап жүр едім. Сіз менің кеудеме қайтадан үміт отын жақтыңыз.

Ілияс: Қасеке-ау, өзің туралы тым төмен ойлама. Сен қазаққа керек ақынсың. Қазақ елі өзің секілді адуынды ақындарды ай сайын, жыл сайын дүниеге әкеліп жатыр ма екен!

Қасым: Осы күнге дейін көрмегенім жоқ. Биліктктегілердің бәрі де кеудемнен итереді. «ақын болсаң қайтейін, өлеңді біз үшін емес, өзің үшін жазасың» дейді олар.

Ілияс: Биліктегілердің бәрі бірдей өнерді, әсіресе жалынды жырды түсіне беруі екіталай. Сені бағалау үшін сенің биігіңе көтерілуі керек.

Қасым: тым көтермелеп жіберген жоқсыз ба, Ілеке!

Ілияс: Жоқ, Бұл әзіл емес. Мен қазақ поэзиясын түсінер болсам, Абай мен Мағжаннан кейін өлең өлкесінде жарқырап көрінген, көріне де беретін – өзің боларсың. Оны біз айтпасақ та, келер ұрпақ талай-талай айтады, тілге тиек етеді. (сәл тоқтап) Менің жүрегімді дір-р еткізген әлгі «Өзім туралы» деген толғауың ғой. Қалай еді...

Бермесең бермей-ақ қой баспанаңды,

Сонда да тастамаймын астанамды.

Өлеңнің отын жағып жылтырармын,

Өзімді, әелімді, жас баламды!...

Қасым: Бәр сәттік сезім үстінде туып кетіп еді. Осы күні көптің аузында кеңінен тарап алыпты.

Ілияс: Тараса, тарағандай. Ақын бұдан артық не айта алады...

Қасым: Осы өлеңімді кейбірулер бұра тартып, әр сөзінен басқа мағына іздеп...

Ілияс: (сөзді бөліп) Оны маған да айтушылар бар. Аты-жөнін айтпай-ақ қояйын, бір ақынсымақ ана жолы сені маған жамандап кете бергені.

Қасым: (қамыға) Мүмкін, оның сөзі рас та шығар.

Ілияс: Жоқ, олай емес. Сені бүгін түсінбеген қазақ, ертең бәрібір түсінеді. (ойлана) Ол күндер де туар әлі. Бірақ оны сен екеуміз көре аламыз ба, жоқ па...

Сахна қараңғылан береді де, қайта жарық жанғанда, сахнаға қаламбай шығады.

Қаламбай: Армысыз, Ілеке! Жағдайыңыз қалай?

Ілияс: Бармыз, Қалеке! Өзің ше? Өз тірлігің қалай?

Қаламбай: Е, біздікі от пен оқтың арасындағы тірлік қой. Өзім қалап барған соң, не істейін. Осылай өтеміз-дағы.

Ілияс: Баяғыда Қызылордада комсомол қызметінде жүрген кезіңде танысып едік. Сен сол саламен кете бергеніңде, осы күні үлкен мемлекет қайраткері болар едің ғой.

Қаламбай: Құпия комитетке шақырған соң, қарсы бола алмадым. Ол кезде өте жас едік, бұл шаруаның осынша қиын болатынын ойлаппын ба!

Ілияс: Қай жұмыс оңай дейсің, осы күндері...

Қаламбай: Біздің жұмыста екі түрлі бейнемен, екі түрлі мінезбен өмір сүрмей болмайды. Соған қиналып кетем.

Ілияс: Жоқ, Қаламбай! Сен оған еш өкінбе. Біле білсең, сен ұлт үшін үлкен игілікті іс атқарып келесің. Оны бүгін білмегенмін, ертеңгі ұрпақ білетін болады.

Қаламбай: Ілеке, уақытым өте тығыз. Сізге бір нәрсені ескертіп қойғалы келдім.

Ілияс: Ол не?

Қаламбай: Сіз ана Қабілеткер деген адамды неге жыныңызға тым жақындата бересіз?

Ілияс: Айтпақшы, сол Қабілеткер сені қайдан таниды, а? Өзі сенің ең жақын досың сияқты сөйлейді. Сөздеріңнен цитата келтіріп қояды.

Қаламбай: Бір кездері жақын тансып қалып едік. Содан бері араласамыз. Өзі қонаққа көп шақырады.

Ілияс: Сенің қызмет орныңды біле ме?

Қаламбай: Жоқ, оны сездірмедім. Білмегені де жақсы. (сәл тоқтап) Біраздан бері араласқан соң, түсініп жүрмін. Тым сене бермейтін жан. Іс-әрекеті күдіктілеу...

Ілияс: Ау, ол өзі өлең жазады. Ән де шығарам дейді. Менің есігім өнер сүйер жанның бәріне де ашық қой.

Қаламбай: Ол болмайды. Баяғы Қызылордадағы оқиғаны ұмыттыңыз ба?

Ілияс: Ұмытқам жоқ. Ол үшін саған мәңгі-бақи қарыздармын.

Қаламбай: Мына Қабілеткер сізді көзіңізге мақтап алып, ана жаққа басқаша дерек беріп жүреді екен. Сіздің Жүргеновтің портретін іліп қойғаныңызды, Оңдасыновты мақтай беретініңізді – түгелімен айтып барып жүр.

Ілияс: Ойпырмай, не дейді! Ол сондай адам ба? (таңдана) Адам аласы ішіде деген осы екен-ау,ә!

Қаламбай: Ал, мен кеттім. Осы айтқандарымды естен шығармаңыз.

Сахна қараңғыланады.

Үшінші көрініс

Ілияс өз үйінде диван үстінде домбыра шертіп отырады.Әлде бір күй әуенін орындап бола бере сөйлейді.

Ілияс: Шіркін, қазақтың қара домбырасынан өткен шежіре бар ма екен, а! Мұнда да, шер де, арман да-бәрі тұншығып тұр-ау! Қолыңа ал да шерте бер. Құлақ қой да, тыңдай бер-р...

Осы кезде сахнаға әйелі Гүлшат шығады.

Гүлшат: Ілияс, сенімен сөйлсейін деп едім.

Ілияс: Иә, айта бер. Не туралы?

Гүлшат: Сен Бауыржан Момышұлымен осы күндері өте тығыз араласып жүрсің. Ал, ол туралы...

Ілияс: Түсіндім ойыңды. Бұны сен ғана емес, жұрттың біразы айтады. Қайтеміз, Бауыржан сол мінезімен Бауыржан.

Гүлшат: Оған ақыл-кеңесіңді айьпайсың ба! Осы заман тік сөйлеп, билікке мінез көрсететін уақыт па!

Ілияс: Бауыржан кеңсе қызметкері емес, әскери адам. Оған кеңсе тәртібіне бағын деуіміз артықтау.

Гүлашт: Өзің ойлашы, өзгелерге жақсы үлгі ме сонысы! Ертең тағы да ондағы Бауыржан-мінез жігіттер шыға бастаса...

Ілияс: Онда жақсы болар еді-ау! Бізге осы күні жетпей жүргені – сол Бауыржан секілді ақты ақ, қараны қара дейтін адамдар ғой.

Гүлшат: Ақиқатты айтудың да өз мәдениеті бар емес пе!

Ілияс: (әйелін құшақтып) Ол Бауыржан ғой. Бауыржанды сен де, мен де тәртіпке сала алмаймыз. Тіпті біз түгігі атағы жер жарған жазушы Мұхтар Әуезовтің өзі де Баукеңді еркелете сөйлеітін еді.1943 жылы Ұлттық академида Баукең лекция оқыпты. Сол жолы бір үлкен ғалым оның сөзін тыңдаңқырамай, жанындағы кісімен сөйлесіп отырғанда, Баукең «отставить!» деп айқай салыпты. Әскери адамға сол жолы Әуезов те, Сәтбаев та ештеңе дей алмаған. Сол жылдардың өзінде Орталық партия комитетінің хатшысына «қазақ тілі құрып барады» деп хат жазған да сол Бауыржан...

Гүлшат: Дегенмен, қазақтың оқыған азаматтары өзін өте мәдениетті, әдепті ұстаса – одан ұтылармыз ба! (сәл тоқтап) Айтпақшы, кеше сені Нұртас аға іздеп еді. Екі рет телефон шалды.

Ілияс: Ол кісі неге іздеді екен. Не боп қалды екен!...

Сахна қараңғыланып, қайта жанады.

Оңаша бір орынжайда екі кісі сөйлесіп отырады. Олар – Нұртас Оңдасынов пен Ілияс.

Ілияс: Нұреке, кешегі естіген әңімем рас болғаны ма?

Нұртас: Солай болды. Бұл – түпкілікті шешім.

Ілияс: Сонда Алматыдан кетесіз бе?

Нұртас: Алматыдан кетсем де, қазақ жерінде болам ғой. Гурьев мына тұрған жер.

Ілияс: (өкіне) Сізді енді күнбе-күн көре алмайтын болдым. Сған қианалмын, Әлі де ақылдасып атқарар істер көп еді.

Нұртас: Оқа емес. Енді әбден қалыптастың. Орталық партия комитетінде де істелің. Киноны да басқадың. Облыс хатшысы да болып үлгердің. Үлкен, сүбелі шаруға бер бұрар шағың...

Ілияс: Айтпақшы, Нұреке, мен ана өзіңіз ұнататын арқалы, адуынды ақын Қасым Аманжоловқа ақыры пәтер алып бергіздім. «Жау жолына атм сені, Бомба бол да, жарыл жүрек!» деген өлең жолдарын жиі айтушы едіңіз.

Нұртас: (қуана) Бұл игілікті шаруа болған екен. (сәл тоқтап) Осы Әуезов көрінбейді ғой.

Ілияс: Ол Мәскеуге кетіп қалды.

Нұртас: Неге?

Ілияс: Естімедіңіз бе, оны өткенде «тыңшылар» соңына түсіп, қамаққа алмақ болыпты. Соны алдын-ала естіген соң, жасырын түрде Мәскеуге ұшып кетуіне көмектестік. Басқа бір кісінің құжатымен...

Нұртас: Ой, тоба-ай! Бұл заман не боп барады өзі! Баяғы 37-жылдың салқыны тағы айналып соқпаса екен деп тіле!

Ілияс: Бәрі өзімізден емес пе! Қазақты қақпақыл етіп тобықтан шалып жатқан тағы да қазақ...

Нұртас: Енді қайтерміз! Біз осындай елміз. Осындай халықпыз. (сәл тоқтап) Сенімен ақылдасайын деген шаруам мынау. Біз осы күнге ұлттық киномызды өрістете алмадық. Сонау соғыс жылдарында мен де әрбір мүмкіндікті пайдаланып қалуға тырысып бақтым. Бірақ ол кез қиындау күндер еді. Қол жеткізгеніміз шамалы.

Ілияс: Оны мен білем ғой. Сол жылдары біз – Диаш Ахметұлы екеуміз сізге орынбасар болмадық па! Оңаша отырып айтқан ақыл-кеңестеріңіз әлі де есімде. Сіз Әуезовті көп іздейтінсіз. Халық әртістері алдыңызға көп келетін.

Нұртас: Мұхтар аға ақылды адам ғой, сол жылдары менің өтінішіме орай, жаңа дәуір туралы ктносценарий жазуға отырды. «Абай» романын уақытша тоқтата тұрды.

Ілияс: (сөзді жалғап) «Абай» романының желісімен кино түсірсе ғой, шіркін...

Нұртас: Мен де соны айтқалы отыр ем.

Ілияс: Бұл жайлы Әуезовпен әңгіме болған. Ол кісі айтты: «Әлі роман толық аяқталған жоқ, кішкене күте тұрағн дұрыс болар» деді.

Нұртас: «Абай» операсын өте жақсы шығардыңдар. Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамиди екеуі бұл іске үлкен үлес қосты. Бұл жолы да өте талынтты режиссер табу абзал. Мысалы...

Ілияс: Кімді айтар едіңіз?

Нұртас: Мысалы, Қожықов... Не болмаса, Айманов...

Ілияс: Мен Сұлтан Қожықов ағамен пікірлесіп жүргем. Ол кісі «Қыз Жібекті» киноға айналдыруды арман етті.

Нұртас: Бұл да оңды ой екен. «Қыз Жібек» нағыз киноға сұранып тұратын нағыз соқталы шығарма.

Ілияс: Тағы бір арманымыз – ұлттық ән-би ансамблін құру.

Нұртас: Оны баяғылы бері қолға алуға тиіс едік. (күрсіне) Өзіңмен әңгім елессем, көңілім шалқып, еңсем көтеріліп қалады. Ау, айтпақшы сенің өлеңіңді тыңдамағалы да көп болыпты-ау. Әсіресе, әлгі бір «Ездің сипаты» деген өлеңің....

Ілияс: (Дауысын жуандатып)

Жалмауыз көрсе қыздар тарқылдап,

Чин көрсе жоғарылау жалпылдаған.

Халқына әйгіленсе жамандығы,

«Мен жақсы, мен жақсы» деп барқылдаған...

Екеуіде күлісіп алады.

Нұртас: Сенің мына бір өлеңіңді мен өзімде жаттап алдым.

Ой-бидай, бас-диірмен, ақыл-елек.

Ұн уақ, елегенде мимен зерек.

Диірмен елекпенен жаман болса,

Кетпей ме араласып ұн мен кебек!

Ілияс: Ой, аға! Мені ұялттыңыз ғой. Менен қандай ақын шықсын. Ақын деп Абайды, Мағжанды, тіті осы күнгі Қасым Аманжоловты айтса болады.

Нұртас: Жоқ, сенің өлеңіңде түйір ой бар. Түсік бар. Сол да жетеді. Ана Ғабит аға елуге болғанда оқыған өлеңін де өте әсерлі. Соны мен оқиын ба, жоқ әлде...

Ілияс: (мақамдата)

Орнатып бетке әжім, қырау басқа,

Мінеки, келіп қалдың елу жасқа!

Өткенді баспалдаққып ілгері атта,

Айтатын не тілек бар онан басқа!...

Екеуі тағы да күлісіп алады.

Нұртас: Осы, Ілеке, сен ана орыстың «приятного аппетита» деген сөзін қалай қазақшалағансың?

Ілияс: (жымиып) Е, оны экспромт айта салғаным ғой.

Нұртас: Қалай?

Ілияс: «Араның ашылсын» деп аударғам.

Нұртас: Рас, рас! Қазақта аран деген сөз бар...

Екеуі тағы да күледі.

Нұртас: Қазіргі кезде орыс сөзін молынан аударып, қазақ ұғымына сіңісті етіп жүрген Ісләм Жарылғапов екен. «Аялдама», «Балмұздақ» дегендерді сол айтты деседі.

Ілияс: Ол рас. Ісләм өте тапқыр кісі. Оның мұндай сәтті сөздері өте көп.

Нұртас: (ойлана сөйлеп) Тағы бір өзіңе айтқалы оқталып жүрген әңгімем мынау еді. Енді екі-үш жылдан соң Мәскеуде қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өтеді. Соған бұл қазақ осы бастан әзірлене бермесе болмайды. Баяғыда 1936 жылы Мәскеуде өткен онкүндікті Темірбек Жүргенов өте жақсы ұйымдастырған деп әлі айтып жүр.

Ілияс: Бізге «ал,кіріс» деп билік берсе кәне! Сенім артса кәнәки!

Нұртас: Талпыну қажет. Осы бастан ұсынып-пікір әзірлей берген жөн-ақ. Ал, мен... Әттең, көмек беріп жүрер ем, енді облысқа кетіп барам.

Ол ойланып отырып қалады.

Ілияс: Нұртас аға, сіз Жүргеов туралы не ойлайсыз? Сол кісіні бұл қазақ неге айтқысы келмейді?

Сыбырмен сөйлесетін уақы жалғасып жатыр ғой. Әлі де оңалып тұрған ештеңе жоқ.

Ілияс: Сонда ео үшін бар күш-жігерін, тіпті жанын аямаған осындай азаматтар атаусыз қала бермек пе!

Нұртас: Ондай күнде туар әлі. Қазақ аман болса... «сәл тоқтап, ойлан) Шіркін, Темірбек аға 1934 жылғы қазақ жазушыларының І сьезін өткізуге тікелей ықпал етіпті, ел ішіндегі талай-талай таланттардың көзін ашыпты. Ол опера теартын қалыптастырды. «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек», «Жалбыр» - бәрі де Жүргеновтің ерекше қамқорлығымен жарыққа шыққанын біле жүру ләзім.

Ілияс: Осы күні жоғарғы оқу орындарының бәрі дерлік сол Жүргеновтің араласуымен ашылған екен ғой.

Нұртас: Ол өтірігі жоқ ақиқат.

Ілияс: Жүргеневті неге (темір нарком» деп атаған?

Нұртас: Алған бетінен қайтпайтын қайсар мінезіне берілген баға шығар.

Ілияс: Неге «қазақтың Луначарскийі» деп атағанын да кейінірек түсініп жүрген жайым бар.

Нұртас: Құрманбек Жандарбеков Жүргенов туралы бір жазбасында «біз оны қазақ театр өнерінің атасы деп танимыз» деп дәл айтыпты.

Ілияс: Ал, Ахмет Жұбанов «өнер саласында қай-қайсымызға да сол Темірьектің жігері жетпей жатады» деп жазыпты.

Нұртас: Өте рас сөз! Шындығы да сол.

Ілияс: Қазақ сондай арысын бүгінгі күні шын қадірлей алмай отырғаны өкінішті-ақ.

Нұртас: Ілиясжан, сен оның 1936 жылы Мәскеуде өткен өнер онкүндігіндегі істеген жұмыстарын түгел талдап, сүзіп өт. Саған да бір күндері керегі боп қалар.Сосынғы айтпағым...

Ілияс: Иә, аға! Неге тоқтап қалдыңыз?

Нұртас: (Қинала сөйлеп) Әлгі Жүргеновті, Рысқұловты, Қожановты, Сапарбековті,құдай-ау, қазақтың бар қаймағын өз қолымызбен ұстатып жіберген күндер елестеп кеткені...

Ілияс: Ол солақай саясаттың кінәсі! Сіз қиналатын шаруа ма екен! Мен сізді сол күндерден аман-есен, таза шыққан аға ретінде білемін.

Нұртас: (ойлана) Аман шықтым-ау! Әйтсе дк көңілде жібімей жатқан қалың тон бар.

Ілияс: Ол қандай тоң, аға! Бұл не сөзіңіз...

Нұртас: Ағалардың халық алдында еш кінәсі болмаса да, «халық жауы» деген атты кете барғаны батады жаныма! Сол кездегі араша түсе алмағаным арымды қинайды менің...

Ілияс: Сіздің қолыңыздан не келеді, аға! Сол солақай заманның шет жағасын мен де көрдім ғой. Бәріне кінәлі – замана сиқы...

Нұртас: (қинала сөйлеп) Байқап қимыл жасашы! Осы күні досымыздан жауымыз көп күн болып тұр. Екінің бірі аяқтан шалып жіберуге әзір. Осыны есте ұсташы.

Ілияс: Ой, ол жағынан қорықпаңыз. Мен де аяғымды аңдап басуға үйреніп алдым.

Нұртас: Сонда да...

Ілияс:Түсіндім, аға! Енді жолға шығып кетсеңіз, сапар оң болсын.

Екеуі қоштасады. Нұртас сахнадан шығып кетеді.

Сахна қараңғылана береді де, қайта жанғанда, сахнаға Қаламбай шығады.

Қаламбай: (Ілиясқа) Бұныңыз қалай, Ілеке! Мен сізге өткенде не деп едім.

Ілияс: (үрейлене) Не бүлдіріп қойдым. Не істедім тағы да?...

Қаламбай: Ана Оңдасыновпен оңаша жолығып, сонша ұзақ сөйлескеніңіз қалай?

Ілияс: Е, ол кісімен сөйлесуге болмай ма? Кеше ғана үкімет басқарған адам...

Қаламбай: Әңгіме арасында Жүргеновті көп айтыпсыздар. Ол әзірше «халық жауы». Осыны неге естен шығара бересіз!

Ілияс: (қабағын түйіп) Бұл-қиянат қой. Жүргеновті осы өкімет әуелі орденмен марапттайды, ал артынан... түрмеге жабады. Бұл қандай заман? Бұл неткен түсініксіз уақыт-т...

Қаламбай: Сабырға келіңіз, Ілеке! Мен сізге келмесем де болатын еді. Бірақ ішкі арым «осыны істе» деген соң келдім.

Сізе осы күндері барынша сақ болу ләзім. Ана Әуезовтің соңына түскендер сізді де аямайды.

Ол сахнадан шығып кетеді. Ілияс ойланып тұрып қалады
Екінші бөлім
Төртінші көрініс

Шымылдық жылжып ашылғанда сахнада, жұмсақ кресло үстінде Қабілеткер газер оқып отырады.

Қабілеткер: Міне, тағы да Омаров! Республикалық газеттің бір бетін түгел алып тұр. Суретін де беріпті. Тақырыбын қарашы. «Заманымыздың ұлы тұлғасы!» (күйіне) Бәрі ұлы! Бәрі тұлағ! Бәрі шетінен ұлтшыл азамат. Ұлтын сүйген қайраткер...

Осы кезде әйелі Хадиша сахнаға шығады.

Хадиша: (кофе ұсынып жатып) Газетте не жазыпты,а?

Қабілеткер: Не жазушы еді! Сол баяғы гөй-гөй! Мақтайтындары – санауғы ғана адамдар. Басқаны көзге іле бермейді бұлар-р...

Хадиша: Жақсы адамдар өмірде соншалық көп емес қой.

Қабілеткер: Жоқ-ау, біреуді әпдеп мақтаса болды, тек соны айта береді, айта береді. Поэзия десе – Абай, проза десе Әуезов, сазгер десе – Қалдаяқов... Ау, сонда басқалары шошқа атағалап жүр ме екен, а? Өзгелер еңбегі неге еленбей қала береді?

Хадиша: Шын мықты болса, түбі көрінеді. «Алтын кездік қап түбінде жатпас болар» демей ме.

Қабілеткер: Әні! Бұл қазақ бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай сөйлейді. «Талант түбі жарып шығады-ы»! Атасының басы! Көзі тірісінде аты шықпаған соң, өлген соң не керек! Жарық дүниеден көшкен соң, не болса о болсын-н...

Хадиша: (шошына сөйлеп) Бұл не сөзің? Ойбай-ау, өзіміз жете алмасақ, ұрпағымыз жетеді. Өзіміз бітіре алмасақ, ұрпағымыз бітіреді. Тірлік дегенің осылай жалғаса, жалғаса ағып жатқан өзен сияқты ғой...

Қабілеткер: Менің атым Қабілеткер емес, Шалагер болуы керек еді. Не істесем де, бар ісімді бұл қазақ шала дүние деп қабылдайды. Бәрінің көкірегі көрсоқыр болып кеткен бе,а!

Хадиша: Мықтылар мықтымын деп мақтанбайды. Асып-тасып сөйлемейді.

Қабілеткер: Сенің ойыңша, мен нашар сазгермін бе? Ақындығым түк емес пе?

Хадиша: (еркелете) Ойбай-ай, мен үшін саған жетер жан бар ма! Хас талантсың сен...

Қабілеткер: Е, солай десейші. Әйтеуір, сен ғана түсінесің мені. (ойлана) Бұл қазақта тәуірі жоқ, ал өлгендердің жаманы тағы да жоқ. Осы Омаров... бір жылдары ана жастар ұйымының жеткшісі Өзбекәлі Жәнібековке бәр топ жас талантты ақын-жазушыларды мақтапты. Сонда деймін-ау... Мені де атаса...

Хадиша: Құдай-ау, есімнен шығып барады екен. Мен жаңа газға сүт қойып кетіп едім.

Ол сахнадан шығып кетеді. Қабілеткер ойланып отырады.

Осы кезде сахна қараңғыланады да, қайта жарық жанғанда – сахнаға Омаров пен Жәнібеков сөйлесіп отырады.

Ілияс: Өзбекәлі, келгенің жақсы болды. Мен өзім де саған хабарласқалы отыр едім.

Өзбекәлі: Жәй іздедіңіз бе, аға?

Ілияс: Жәйж деседе болады. Бірақ. Ұлт мәдениеті мен өнерінің болашағы туралы сөз қозғасақ, оны жәй шаруа да айту тағы да ыңғайсыз.

Өзбекәлі: Айтыңыз, құлағым сізде.

Ілияс: мына Орталық Жастар ұйымының хатшылығына сенің келіп отырғаның өте дұрыс шешім болды. Енді, ең алдымен, ұлт рухын көтерудің ең төте жолы-өнер өкілдеріне қамқор болу. Соларды қолдау керек.

Өзбекәлі: Білем, аға! Сіз қай кезде де қазақ ақын-жазушыларына, өнер өкілдеріне қолұшын беріп, қамқорлық көрсетіп келесіз. Өскеменде хатшы болғанда «Өр Алтай» әнінің тууына мұрындық болдыңыз. Оны Жамал апамыз құйқылжыта орындады. Әлі орындап жүр. Брусиловскийге «Дудар-ай» әнін шығартыпсыз. Оны да білем. Қазақтың қабырғалы қаламгері Әуезов, Мұқанов, Мүсірепвті, одан соңғы жас буын Нұрпейісов, Ахтанов, Қабдоловтың талантын бағалап, мақала жазған «Әдебиет жайлы ойлар» деген кітабыңызды парақтап отырсам...

Ілияс: (сөзді бөліп) Иә, рахмет! Менің жазғандарымды оқып жүреді екенсің. Ал, енді саған айтар өтінішім мынау: осы күні қазақ әдебиетінде Сәкен Жүснісов, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырзалиев, Олжас Сүлейменов секілді ақын-жазушылар жарқырап көріне бастады; онымен бірге сазгерлер Шәмші Қалдаяқов, Нұрғса Тілендиевтер де ерекше көзге түсуде. Осындай талаттарға қамқор болу керек-ақ.

Өзбекәлі: Бұл менің де ойымда жүрген қаламгер-сазгерлер.

Ілияс: Ендеше, қолдау жасап қана қоймай, барынша қамқор да болуы қажет. Мен байқасам, осылар түбі ұлт руханиятының ірі өкілдеріне айналмақ.

Өзбекәлі: Аға, өтініш-ойыңызды құп алдым. Оған қоса менің де сізге айтар өтінішім бар.

Ілияс: Ол қандай өтініш?

Өзбекәлі: Өзіңіз жақсы білесіз, әйгілі жазушы Мұхтар Әуезов өмірден өтерден бірнеше ай бұрын Қазақ университетінде болып, жас талаттар алдында сөз сөйледі. Сол сөз осы күнге дейін ауыздан-ауызға алынып, әлі айтылып жүр. Біз де ойласа келе, биылғы жылдың аяғында сол Қазақ университетінде Әуезов әруағына арнап, тағы бір ой саларлық кеш ұйымдастырмақ дейміз. Оған баяндама жасауға Мұқановтың уақыты болмай жатыр, Мұстафин науқас, ал Мүсірепов шетелде жүр. Сөйтіп, Мұхамеджан Қаратаев ағамызға қолқа салдық. Ол кісі әзірге қарылық жасаған жоқ.

Ілияс: О, бұл дұрыс болыпты. Қаратаев – үлкен, білікті,білімді сыншы.

Өзбекәлі: Енді сол кешке сіз де қатысып, жастар алдында аз-кем сөйлеп берсеңіз қайтеді?

Ілияс: Сөзсіз қатысамын. Сөйлеуге де болады.

Өзбекәлі: Онда сізді келісті деп есептейміз.

Ілияс: Менің қазіргі отырған жерім – Госплан ғой. Елдің экономикасын сараптауым керек. Халықтың әл-ауқатының деңгейін салмақтауым қажет. Былай қарағанда кісіге менің өнер-әдебиетке еш қатысым болмауы мүмкін, алайда жаныма жақын болған соң...

Өзбекәлі: Оны тек сіз емес, барша зиялы қауым айтып жүр. Біз сізді ұлт руханиятының сардары, ұлт мәдениетінің жоқшысы деп есептеп келеміз.

Ілияс: Ақыры өнер туралы сөз басталып кетті ғой. Ендеше, өзіңмен бөлісер аз-кем ойларым да бар.

Өзбекәлі: Айтыңыз. Тыңдайын.

Ілияс: Бізге ең алдымен рухани ұстаз кім болады десек,ол – Темірбек Жүргенов. Ол кісіден үйренеріміз әлі де көп.

Ал, енді бүгінгі бюрокроттар оны « халық жауы» болған деп сөз арасын да кірістіруге құшатр емес.

Өзбекәлі: Мен де, аға, Темірбек Жүргеновтің атқарған істерімен түгел танысып шықтым.

Ілияс: Ендеше, бүгінгі бағыт та сол ыңғайда жүргізілгені абзал. Бізге жақсы көркем фильм керек. Ол үшін ана Айманов, Бегалин, Қожықов, Қарсақбаев секілді өте талантты режиссерлерді жақсы іске бағыттай білшеніміз абзал. Операны түпкілікті қалыптастыру да үлкен міндет. Балет те керек. Ең бастысы – ұлтымыздың сан ғасырлық ұлы мәдени мұраларын да тірілтуді қолға алмай болмас.

Өзбекәлі: Шіркін, сіз мәдениет министрлігіне ауысып отырсаңыз, қандай ғанибет болар еді, аға!

Сахна қараңғылана береді де, қайта жарық жанғандай – сахнада Қабілеткер жалғыз отырады.

Қабілеткер: (қынжыла өзіне-өзі) Міне, сол Омаров Жәнебекпен сөйлескен де, тіпті ана университетке барып, жастар жылында 43 минөт сөз сөйлегенде де менің атымды бір жерде де айтпады. Алдына барып, жан сырымды ашып жүргенде көргенім осы ма? Бұл қиянат емей немене! Менің не жазығым бар? Өзім комсомолда жұмыс істеп жүріп те қаламды қолымнан түсірген жоқпын. Өлең жаздым. Ән шығардым. (жан-жағына қарап) Ау, әлгі Қаламбай қайда? Екеуміз әңгіме-дүкен құрып, кофе ішеміз бе деп ем...

Осы кезде сахнаға Қаламбай шығады.

Қаламбай: Тағы да өзіңмен-өзің сөйлесіп отырсың ба, а?

Қабілеткер: Өзіммен емес, өткенмен тілдесіп отырмын.

Қаламбай: Өткен өтті, енді бүгінмен өмір сүру керек.

Қабілеткер: Өткенге есең кетсе, қалай еске алмассың. Мен өткенге есесі көп кеткен бейбақпын.

Қаламбай: Олай деме! Мәдениет қайраткерісің. Ондай адам бейбақ бола ма екен!

Қабілеткер: Е,оны да әзер берді ғой маған. Алпыстан асқанда ғана Мәдениет министрлігінің өкілі көріненге беріп жатқан төсбелгісін кеудеме тақты. Алпыс ән, алты жүз өлең жазыппын. Соны бағалайтын қазақ көрмедім ғой мен.

Қаламбай: Талантты қара тобыр қадірлеп, аспанға көтереді деп кім айтты саған? Елге талаттың қадір-қасиетін қалай жеткізсең, солай қабылдайды.

Қабілеткер: Әй, осы сөзіңнің жаны бар. Мен осы күнге дейін өзімді-өзім насихаттауды білмеппін ғой.

Қаламбай: Бойыңдағы қабілетіңнің көп бөлігін өнерге емес, басқа нәрсеге пайдаландың ба деп қорқамын.

Қабілеткер: «шошына! Бұл не сөзің! Мені кім деп ойлайсың, а?

Қаламбай: Поэзияға, саз өнеріне бар күш-жігеріңді жұмсай алмағаныңды айтам да.

Қабілеткер: Ол рас. Комсомол жұмысы дедік, басқа дедік-әйтеуір уақыт жетпей жатты ғой.

Қаламбай: Адам өмірде бір саланы ғана ұстағаны абзал. Сонда діттеген биігіне жете алмақшы.

Қабілеткер: Сен ше? Сен жеттің бе?

Қаламбай: Әй, мен де жете алмадым. Менің де тағдыр-талайым тайғақты болды. Енді, міне, бәрі де өтті-кетті.

Қабілеткер: Осы сені бір кездері құпия комитетке қызметкер ауыспақ болыпты деп естіп едім.

Қаламбай: Иә, шақырған. Бірақ келіспедім.

Қабілеткер: Е, солай ма! Мен әйтпесе іштей қорқып жүруші ем. Өзің ашылып сыр айта бермейсің. Кездессек, қысқа сөйлесеміз де тараймыз.

Қаламбай: (ойлана сөйлеп) Адам неге осылай, а? Неге ішінен басқаны ойлайды, ал өмірде басқаша тіршілік етеді!

Қабілеткер: Бар ондайлар. Көп қой ондай адамдар-р...

Қаламбай: Сен өзің... арыңның алдында тап- таза өмір сүрдім деп айта аласың ба,а?

Қабілеткер: Бұл – қиын сауал. Әр адамның ішінде ешкімге айтпайтын бір құпиясы болуы заңдылық. (сәл тоқтап) Өзің ше? Өзің ешқашан өтірік айтпай тіршілік кештім дей аласың ба?

Қаламбай: Қолымды кеудеме қойып сөйлер болсам, айта алмаймын. Өмірде бәрі де болады.

Қабілеткер: Әні, біз сондаймыз. Бәріміз де пендеміз. (сәл тоқтап ) Әттең.. арманым көп еді. Асқақ еді. Жетем деген биігім қол созым жерде тұр еді.

Қаламбай: Осы сен неге тойымсыззсың? Ел арасында онсызда атың бар. Қабілеткер десе бәрі елең ете қалады.

Қабілеткер: Елең еткеннің бәрі таңдану емес. Елеңдеу мен таңдану-екі басқа! (сәл тоқтап, ойлана) Айтпақшы, осыны кім айтып еді? Иә,иә, есіме түсті. Бұны да айтқан сол Омаров... Мәдениет минитрі Ілияс Омаров...

Сахна қараңғылана береді де, қайта жарық жанғанда – сахнада Омаров пен Қабілеткер сөйлесіп отырады.

Ілияс: Осы сенің әндеріңді қанша қолдап, мақтайын десем де, өз әріптестерің алдымда кес-кестейді. «Ол туралы айтпай-ақ қойыңыз» дейді.

Қабілеткер: Олар көре алмайды дедім емес пе!

Ілияс: Шын талантты туынды болса, неге күндесін! Шамасы, әлі де бір қайнауы ішінде сияқты.

Қабілеткер: Жоқ, олай емес. Сіз сөз өнерін толық түсіне бермеуіңіз де мүмкін.

Ілияс: Оқырманның да ойы есепке алынуы керек қой. Бізді оқырман деп есептесек...

Қабілеткер: Оқырманға шөп те өлең, шөңге де өлең. Шын талантты танитын нағыз талантты ақын-жазушылар.

Ілияс: Сонда, енің ойыңша, көркем шығарма тек әдебиетшілердің өзі үшін жазылуы керек пе? Ал, онда ел қайда, жұрт қайда? Кім оқиды оны...

Қабілеткер: Халық ішінде де көкірегі ашық, ойы озық адамдар табылады. Бәріне бірдей топырақ шашқаным емес, әрине.

Ілияс: Айтпақшы, сенің дүниелеріңнің әлі де шикілеу екенін Өзбекқали да айтқан болатын.

Қабілеткер: Өзбекәлі де өнерді өз деңгейінде түсінеді дей алмаймын. Ниеті түзу шығар, ал бірақ...

Ілияс: Бір салада жұмыс істедіңдер. Өзбекқали сені жақсы біледі. Ол шын талантты білетін жігіт деп ойлаймын.

Қабілеткер: Бағаласа, сөйте ме? 1986 жылы Софияда өткен жастар мен студенттердің Бүкіл дүниежүзілік ІХ фестиваліне менің әнімді қатыстырса да болатын еді. Комсомол туралы емес пе. Жоқ, олай етпеді. Қайдағы бір бишіні ұсыныпты.

Ілияс: Гүлжан Талпақова ма?

Қабілеткер: Дәл өзі! Оның қай жері ұнап қалғанын да білмеймін.

Ілияс: Қай жері болсын, таланты-дағы.

Қабілеткер: Мен бұл жағдаймен толық қанықпын. Өзбекәлі Мәскеуге, тікелей космомолдың бірінші хатшысы Борис Пастуховқа телефон шалып, тізімге енгізді. Арнай киім тіккізді. Халық биі «Айжанқызға» қоса Тәттімбеттің «Былқылдақ» күйінің әуеніне билейтін болып шештік. Ал, бірақ...

Ілияс: (сөзді бөліп) Фестивальден екінші орын алып оралды ғой сол қыз...

Қабілеткер: Оған дейін талай қызық болды. Мәскеуде Фортепьяноға билейтін болғандықтан, конкурсқа жіберілмей қалды. Сосын Өзбекәлі тағы да ашуға мініп, Орталық Комсомол комитетіне барып жүріп, ақырып биді өзбек дойрашысы сүйемелдеп, шығарыпты ғой.

Ілияс: (күліп) Білем. Маған фестивальдан оралған соң Өзбекқали арнай келіп, бәрін де айтқан. Тіпті ашулана сөйлеп, «осы біз қашанғы фортепьяноның сүйемелдеуімен билей береміз» дегені де есімде.

Қабілеткер: Әні, айтпадым ба, ол сондай адам. Тіпті сізге де мінез көрсетіп кетіпті ғой тегі.

Ілияс: Мен бұ әрекетін қисыө мінез емес, ағаға еркелегені деп қабылдағам.

Қабілеткер: Өзбекәлі комсомолдың жақсы қайраткері болған шығар. Бірақ өлең мен әдебиетті білуде-түсінуде біз секілді әдебиетшіге жете алмайды.

Ілияс: Осы сөзіңе қарсымын. Өзбекқалиды бір кісі білсе, ол ме шығармын. Оның бойында ұлт өнеріне, мәдениетіне, әдебиетіне деген іңкәрлік бар.

Қабілеткер: Ал, менімен ашылып сөйлескен емес.

Ілияс: Әрине, мінезі өте жұмсақ дей алмаймын. Ол кей жерден тік мінез байқатып та қояды. Онысы өзіне жарасатын да сияқты.

Қабілеткер: Мінез кімде жоқ екен! Мен де айғайға баса алам. Бірақ не үшін? (сәл тоқтап) Өнер-мәдениетті терең түсінеді дегеніңізге сене қою қиын.

Ілияс: Өзбекқали «Гүлдер» ән-би ансамблән құруға ерекше күш жұмасп жүр. Ол менің ұсынысым еді. Осы істі аяғына жеткізгеніңе сенемін де. Тек денсаулығы құрғыр мазалап... «Гүлдер» ансамблінің сахнаға өнер көрсетіп тұрғанын көре алам ба, жоқ-па оны білмелдім.

Қабілеткер: Сіз сырқатсыз ба?

Ілияс: Науқас мазалап жүр. (сәл тоқтап) Өзбекқалиды көп жұрт әлі де түсінгісі келмейді екен. Бұл – қателесу. Ондай жігіттерді бағалай білу қажет. Осы кездің өзінде ол бірталай ақын-жазушыларға, өнер адамдарына шын қамқор болып жүр. Өнерді бағалаамаған һәм түсінбеген адам соны істер ме еді, айтшы өзің? (Жөтеледі).

Қабілеткер: Ой, сіз де... Өзі комсомол жетекшісі болса, басқа не істемек! Ақын-жазушыларға, басқа да өнер адамдарына жақын жүрсе, тарихта жақсы аты қалатынын біледі ол. Сосын да...

Ілияс: (ашу шақыра) Сендер осындай қияңқы ойдан қашан құтылар екенсіңдер,а? Егер сол Өзбекқали өз ісін ғана біліп, комсомолдың поенумы мен конференциясын жақсы өткізіп, Орталық партия комитетіне өте сауатты хабарлама жіберіп отыра берсе, оның мұртына балта шаппас еді. Тіпті, білесің бе, сол бала осы күні ұлттық киім-кешектер мен ескі бұйымдарды іздестіріп, қайта жаңғыртуды да қолға алып жүрген көрінеді.

Қабілеткер: Сізге ұнап қалған екен. Алайда сол Өзбекәліні мен өзіңізбен салыстыра алмаймын. Сіз тау болсаңыз, ол төбе. Сіз теңіз болсаңыз, ол таяз су...

Ілияс: Аға мен ініні салыстырмас болар. Біз де алдымыздағы ағаларға іні болыдық. Жүргеновтен, Оңдасыновтан, тағы басқа ұлтжанды ағалардан көп нәрсе үйрендік.

Қабілеткер: Үйрену бар да, сол ағалардан озып кету бар. Сіз оздыңыз...

Ілияс: Бұл артық сөз! (жөтеледі) Жасым келер жылы елу сегізге шығады екен. Әттең, денсаулық мазалап барады. Таяуда Мәсекуге жол жүрмекшімін. Ойда шару шаш-етектен. Бәріне де үлгерем бе, жоқ па...

Қабілеткер: Үлгересіз. Үлгеруіңіз керек.

Ілияс: Айтпақышы, сен неге комсомол қызметінен кетіп қалғансың?

Қабілеткер: Әйтеуір Өзбекәліге жақпадым ғой.

Ілияс: Е, неге? Не боп қалды?

Қабілеткер: Сазгерлерді қолдау туралы жазба-хатым оған ұнамапты.

Ілияс: Не жазып ең?

Қабілеткер: Жас сазгерге комсомол қызметкерлері жете көңіл бөлмеді. Комсомол сыйлығы тамыр-таныстықпен таратылды деп шындықты жазғанмын.

Ілияс: Ал, мен басқа әңгіме естідім. Сен өзің «комсомол сыйлығына лайық едім, мені ешкім де көрмей жүр» деп жазды дей ме?

Қабілетке: Бұны сол Өзбекәлі айтты ма?

Ілияс: (жымиып) Ол емес. Басқа бір кісі айтты.

Осы кезде сахна кішкене қараңғыланады да, қайта жарық жанғанда Ілияс пен Қаламбай оңаша сөйлесіп отырады.

Ілияс: Сонда Қабілеткердің бар ойы не? Арманы не?

Қаламбай: Қызғаныш. Өзі жете алмаған соң өзгені де алға жібергісі жоқ. Ол жамандамаған ақын-жазушы жоқ десе де, болады. Ал, енді соңғы күндері Өзбекәлі екеуіңіздің араңызға от салғыс келіп жүр.

Ілияс: Ол мүмкін емес. Мен Өзбекқалиды білем ғой.

Қаламбай: Түйіткілге тірелетін тұстарымыз да болуы ғажап емес.

Ілияс: Ол не?

Қаламбай:Мысалы, осы күні республикалық барлық мәдени іс-шараларды тек орталық Комсомол комитеті өткізіп жатыр деген сыбыс бар. Ал, мәдениет министрлігі неге үнсіз отыр десе ше?...

Ілияс: Тіптен де олай емес. Өзбекқали менімен ылғи ақылдасып өояды. Ешбір істе менсіз өткізген жоқ демес де болады.

Қаламбай: Ал, әлгі Қабілеткер басқаша айтып жүр. Ел кімге енуі мұмкін?

Ілияс: Сонда бүгінгі қоғам Қабілеткер секілді бейпіл ауыз адамдарлың сөзін назарға ала ма екен! Жоқ, бұл шындыққа жанаса бермейді. Парасат пен ойлап, пайыммен бағалайтындар көп...

Қаламбай: Сонда да... ойланыңыз. Менің ақылымды тыңдаңыз, енді сол Қабілеткерді қасыңызға жолата бермеңіз.

Ілияс: Оны қалау қуып жіберем! Өзі келеді, өзі кетеді.

Қаламбай: Енді қаттырақ болуыңыз керек.

Ілияс: Ойпыр-ай, осы күні кімге сенеміз! Кімнің көңілі ақ, кімінің көңілі қара – оны білу қиын заман болып кетті-ау,құрғыр-р...

Сахна қарңғылана береді де, қайта жанады. Енді Ілияс Қабілеткерге әңгіме айтып отырады.

Ілияс: Сөйтіп, комсомол жұмысынан неге ауысып кеттім дедің?

Қабілеткер: Көп еңбек сіңірсе де, еңбегім еш болды. Менің қадірім болған жоқ. Сосын... өзім арыз жазып бердім де, кетіп қалдым.

Ілияс: Бұл жарамаған екен. Біздің жігіттердің көп істе басы пісе бермейтіні қиын-ақ.

Қабілеткер: Ой, аға! Біз не айьып кеттік. Мен сізге келгенде бүйтіп көңіліңізді түсірем деп ойламағам. Білесіз ғой, сізді ерекше қадірлейтінімді...

Ілияс: Ал, жарайды. Онда әзірге сау болып тұр. Мен Мәскеуден оралған соң, тағы да осы әңгімені жалғастара жатармыз.

Қабілеткер: Жақсы, аға! Аман-есен оралыңыз.

Ол сахнадан шығып кетеді. Ілияс жалғыз қалады.

Ілияс: Сөйлесе, ағынан жарылады. Ал, ішінде не ой бар, оны қайдан білейін. Әй, қазақтар-ай, қазақтар... (ойлана) Шіркін, қазақ өнерін әлемге танытып, дүние дүзіне паш етер күн туса ғой. Ана жолы Қанабек ағам өте дұрыс айтты. Біз әлсіз емеспіз, бірақ бір-бірімізді әлсіретуге құмар халықпыз деді ғой.

Ілияс ойланып отырып қалады. Ос кезде әлдеқайдан бір дауыс естіледі.

Дауыс: Туған елді ұмыттың ғой, Ілияс!

Ілияс: (елең етіп) Неге! Неге ұмытайын. Қостанай өңіріндегі Сарыкөл аймағы естер шығар ма! Жазы би ауылын ұмыту мүмкін бе! Шіркін, сол аймақтың саф алтындай таза ауасын айтсайшы! Барар ма еді, жұтар ма еді мейір қанғанша!...

Дауыс: Өзіңе тәрбие беріп, жол нұсқаған Бекет Өтетілеуов ағайыңды еске алмай жүрсің ғой!

Ілияс: Ол кісінің тәлім-тәрбиесі менің жүрегімнің төрінде мәңгі сақтаулы. Ағаның шығармашылығы туралы көлемді мақал да жаздым. Осы және басқа да әдебиет-мәдеиет жайлы ойларым «глазами читалея» деген кезекті кітабыма енбекші.

Дауыс: Денсаулығың да аса жақсы емес қой, Ілияс! Өз жайыңды неге көбірек ойламайсың? Елуді еңсерсең де, алыпсқа жеткен жоқсың.

Ілияс: Адамның саналы ғұмыры оның ұзақ не кем жасауы мен бағаланбайды. Өте аз жасап та адамзат үшін асыл ойлар қалдырған ғұламалар өмірде аз емес. Мені ол жағы емес, осы күнге дейін ештеңе біре алмағаным көп аңдатады.

Дауыс: Отбасың ше? Оларды неге ойламайсың? Ұл-қыздарың...

Ілияс: Мен оларға сенемін. Сүйген жарым – Гүлшат «халық жауының» қызы болса да, екеуіміз махаббат алдында серт бергенбіз.Соны өмір бойы сақатп келемін деп ойламын.Энгельсина, Алмира, Диас, Тимур деген балаларым енді ес жинады. Оң-солын таныда. Өз мақсаттарын терең түсіне бастады.

Дауыс: Ойлан, Ілияс! Ойлан тағы да.

Дауыс жоғала береді. Енді сахнаға Гүлшат шығады.

Гүлшат: Біз екеуміз қаншама қиындықтарға тап келсек те, өте бақытты өмір кештік қой, Ілияс!

Ілияс: о не дегенің, Гүлшат! Әрине, бақыттымыз. Әлі де өмір сүре береміз.

Гүлшат: Мен «халық жауының» қызы едім. Сен үшін ол өте қауіпті болатын. Сонда да алған бетіңнен қайтқан жоқсың. 1933 жылы Қызылордада, өте қиын кезде бас қосқанымыз ешқашан есімнен шықпайды.

Ілияс: Сол шақта тәуекел етпесем, сенен мәңгіге айрылар едім ғой, Гүлшат!

Гүлшат: Қызылордада сені де ұстап алып,қамаап тастауы мүмкін еді. Өзіңді сыйлайтын, дос көретін азаматтарға әлі күнге мың алғыс айтып отырамын. Солар сені барлық қауіптен алдын-ала сақтандырып отырған жоқ па!

Ілияс: (ойлана, өзіне-өзі) Иә, менің барлық жымысқы әрекеттердн сақтандырып келе жатқан – Қаламбай ғой. Сол жігіт болмаса, кім біледі, баяғыда-ақ... Әттең, Қаламбайдың біз үшін қаншама жақсы іс жасап келе жатқанын тіпті жан жарым – Гүлшатқа да айта алмаймын. Міне, біздің заманның сиқы осы. Қоғамның түрі осы... (сәл тоқтап) Бізді құтқарып жүрген азамттарға мың алғыс дейік, Гүлшат.

Гүлшат: Рас-ау, солар болмаса қайтер едік.

Ілияс: Солар болмаса, мен осы күнге жетер ме едім, жетпес пе едім. (сәл тоқтап, жөтеле) Қазір денсаулығым мазалап жүр ғой, Гүлшат.

Гүлшат: Емдел деймін. Өзің тыңдамайсың. Уақытты өткізіп алсаң, арты қиын болады ғой. Ен болмаса бізді – балаларыңды ойласаңшы.

Ілияс: Ештеңе емес. Әлі-ақ жазылып кетемін.Біз бақытты да ұзақ-қ ғұмыр кешеміз әлі...

Сахна қараңғылана береді.

Бесінші көрініс

Ілияс: (өзіне-өзі) Шіркін, бұл уақыт қалай тез жылжиды,ә! Кеше ғана жап-жас жігіт едім, енді міне, елудің үстіне шықтым, бірақ бітіргенім көп емес. Баяғыда, Нұртас Оңдасыновв ағам айтқан ақыл-кеңестің ең болмағанда үштен бірін де жүзеге аысрмаппын. (сәл тоқтап) Қазақ киносы әлі дамымай отырғаны рас. Өткен жолы Қанабек ағаның ойы құптарлық. «Қыз Жібекті» көркем фильм етіп тезірек шығару керек. Ал, оның сценариін жазуды Ғабит ағаға өтінгеніміз өте дұрыс болды.

Осы кезде кабинетке Қанабек Байсейітов кіріп келеді. Ілияс қуана қарсы алады.

Ілияс: Қанеке, осы қазір сізді ойлап отыр едім. Келгеніңіз қандай жақсы болды.

Қанабек: Ілеке, бүгін өзіңізге кіріп шығамын деп кеше телефон соқпадым ба!

Ілияс: Иә, есімде. Ұмыта жаздаппын-ау. Әй, осы сырқаты құрғыр...

Қанабек: Мәскеуге жол жүрмекші екенсіз. Алла қолдаса, барлық сырқат сол Мәскеуде қалатын болар.

Ілияс: Айтқаның келсін.

Қанабек: Сізге тілекші мен ғана емес, барша қазақ зиялылары. Өнер өкілдері түгелімен сізге ақ жол тілеп отыр.

Ілияс: Айтпақшы, кеше Өзбекқали хабарласып еді. Сізді қайта-қайта айтып еді. Мен қазір... (телефонды тереді, арғы жағынан Өзбекәлінің даусы естіеледі.) Алло, Өзеке, міне, менің алдымда Қанекең отыр. Сен кеше бір ой айтып едің.Солай ма? Мен-ақ айта берейін бе? Жарайды. (телефонды қойып) Сізге Өзбекқалидің өтініші бар. Өзі Арқалыққа хатшы болып кетіп барады. Сондағы енді құрылғалы жатқан теартға басышылық жасасаңыз дейді. Аяғынан тік тұрғызуға...

Қанабек: Ойпырмай, жас та келіп қалды. Ол өзі...

Ілияс: Сіздің өмір-тәжірбиеңіз керек. Өзбекқалиға көмектескеіңіз өте дұрыс болады деп ойлаймын.

Қанабек: Ендеше, ойланайын.

Ілияс: Айтпақшы, осы күні «Қыз Жібек» көркем фильм етіп түсіруді бір жола қолға алдық. Соны Қожықов түсіргені дұрыс па? Ана айманов, Қарсақбаевтар да өте талантты режиссер,ә!

Қанабек: Аймановтың стилі бөлек қой. Ол комедия жанрына бейімірек. Ал, Қарсақбаев – балалар киносының шын шебері.

Ілияс: Сонда Қожықовты таңдағанымыз оң болғаны ғой.

Қанабек: Әрине, дұрыс!

Ілияс: (күліп) Өзімде солай ойлағам! Сұлтекең киноға біраздан бері жан сала кірісіп жатыр. Таяуда жарыққа шығып та қалар...

Қанабек: Ойпырмай, Ілеке-ай, сіз менімен сынап сөйлесіп отырған жоқсыз ба,а?

Ілияс: Жоқ, сынау емес, өзіңізбен тағы да ақылдасқан түрім ғой. (күрсіне) Мына денсаулығы құғыр да бір жақтан мазалап...

Қанабек: (қинала) осы қазақтың маңдайына оқта-текте өнерді түсініп-қаділейтін азамат біте қалса, жарықтық Алла-тағала оны да көп көреді екен.

Ілияс: (жымиып) Қанеке, не айтқалы отырсыз? Түсінбедім ғой.

Қанабек: Е, кімді айтушы ем. Жүргеновті «халық жауы» етіп құртып тындық. Оңдасыновты облысқа қудық, одан әрі Мәукеуге бас сауғалады. Таза кісінің бірі Нұртас аға еді.

Ілияс: Таяуда маған Өзбекқали айтты. Нұртас аға былай депі «Мен үш нәрсемен мақтанамын: ешқашан ешкімнің қолынан пара ақша алмадым – қолым таза; біреуге жала жауып, нақақтан күйдіріп, құжатқа қол қойғам жоқ – арым таза; руға, жүзге бөлінген емеспін – жүзім таза!...»

Қанабек: Сол Оңдасынов тағы бір өкінішінде айтыпты. «Екі ұлымды қазақ тіліне үйретпедім. Ол үшін туған халқымның алдында басымды иіп кешірім сұраймын...!»

Ілияс: Е, осы күні халқынан кешірім сұрайтын кім бар!

(ойлана)Нұртас аға Мәсеуде жатып, сегіз том боларлық арабша-парсыша сөздіктер кітабын әзірлепті. Бұл деген бір ғылыми институт атқаратын жұмы емес пе,ә!

Қанабек: Сондай ұлдарына пана бола алмаған-тағы да осы қазақ! (өкіне) Біз осындай дарақылықты қашан қояр екенбіз, Ілеке! Сіз білесіз бе, айтыңызшы....

Ілияс: Қайдан білейін. Қазақты қазақтың түсінуі қиын боп барады-ау осы...

Сахна қараңғылана береді де, қайта жарық жанғанда, Қабілеткер мен Қаламбай сөйлесіп жүреді.

Қаламбай: «Қыз Жібек» көркем фильмінде орындалатын әндер ішінде сенің шығарған әніңді ұсынған деді ме?

Қабілеткер: Әуелгіде менің әнімді да алатын болып еді, артынан бәрі өзгеріп сала берді.

Қаламбай: Е,неге?

Қабілеткер: Мен кімге ұнай қоюшы ем. Жәнібеков жұмыстан қуды. Ілияс аға сөзімді тыңдайды да, қоя салады. Өткен де ана Тілендиевпен де сөзге келіп қалдым.

Қаламбай: Себеп не?

Қабілеткер: «Аққу»деген күйі бар. Соны мақтай береді. Сосын айттым «Бұның орта деңгейдегі күй ғой» дедім. Ол жатып келіп тулады. Маған жұдырық ала жүгірді.

Қаламбай: Содан?

Қабілеткер: Араға Ілияс аға түсті. «Бұларың жарамайды» деді. Екеуіңнің де өз орындарың бар ғой, соны біліп жүргендерің абзал деді,.

Қаламбай: Сазгерлік өнер де-жарыс. Ана Тәлендиев,Қалдаяқовтан озғың келсе, үнсіз әрекетке кіріс!

Қабілеткер: Қандай әрекет!

Қаламбай: Жақсы ән жаз.

Қабілеткер: Жазып жатырмыз ғой.

Қаламба: Іздену керек. Тереңдеу керек. Ең бастысы, жүрегің таза болуы шарт. Айтпақшы... ана Ілияс Омаров ағаға таза пейілмен, шын ниетпен араласуың керек еді.

Қабілеткер:Мен не істеп қойыппын?

Қаламбай: Оны өзің олйап тап! Өз арыңмен сөйлес.

Қабілеткер: (өзіне-өзі) Әй, осы Қаламбай менің біраз құпия әркеттерімді білетіндей сөйлейді. Соңыма түсіп жүрген жоқ па екен! Қаламбайдан о баста сақ болуым керек екен-ау,й! Баяғылы бері осыны неге байқамағанмын!...(сосын Қаламбайға) Жоқ, менің арым таза! Мен ешкімге қиянат жасағам жоқ...

Қаламбай: Сонда да... ар алдныда тару деген болады. Соны айтам.

Сахна қараңғылана береді де, қайта жанғанда, Ілияс жалғыз өзі тоғанып тұрады.

Ілияс: Қайран, ел! Қайран, қазақ! Біріңді-бірің дос көре алмай, бос өмір сүруден қашан арылар екенсің,а?... (сәл тоқтап, толғана) Мына дерттің беті қатты. Әтте, әлі де атқаруға тиісті істер көп еді. Ойдағы арман, іштегі жоспар:

- Бәрі де енді қалмақ па?! Жете алмағанымды, жеткізе алмағанымды кімге айтам! Кімге аманат етем! Көкейімдегіні айтпай ұғар кім қалды осы күні.... (сәл тоқтап, күңірене) Халқым-ау, сенің әл-ауқатың артып, мәртебең тасып, тойына өмір кешкеніңді көрдім ғой, енді салт-дәстүрің мен әдет-ғұрпыңды әуелетіп, мәдениетіңді әлемге паш етер күннің де алыс емес еді. Соны жалғап, соны алғы күндерге сүйреп жеткізер кімің бар-ау...Қайда, ат басындай жүрегі бар атпал азаматың...(мүдіреді) Өзбекқали? Сол ма сенерім... Ол шалғайда. Алыс облсыста. Жо-жоқ, мен сол жігітке айтып кетейін ең болмаса. Сол жігіттің көңіл түкпірінде жүрсін менің де асыл армандаырм-м... (ол телефонды теріп жатады).

Сахна қараңғыланады.

Эпилог

Сахна. Сахнада режиссер мен драматург. Екеуі әлденеге таласып жатыр.

Драматург: Сен байқасйың ба, сонау-у 37-жылдары біздің барлық арыстарымыз қырық жастан аса бере «іске» шатылыпты. Бәрін де қынадай қырып тастады.

Режиссер: «Халық жауы» болған боздақтарымыздың орта жасы тіпті қырыққа да жетпейді.

Драматург: Ал, енді мынаған көңіл аударып қарашы. Соғыстан кейінгі жылдары да қазақ қайраткердерінің басынн әңгіртаяқ кете қойған жоқ. Оңдасынов – 58 жасында қызметтен кетті. Ал. Ілияс аға 58 жасында өмірден өтті.

Режиссер: Сол асыл ағалардың ізін жалғастырған Өзбекәлі Жәнібеков болып еді, ол да өтті өмірден. Ал, енді кім? Бүгінгі күні кімді айтуға болады,а?

Дараматург: Бүгінгі қайраткерледің шын бағасын келер ұрпақ айтады. Жаңа заман жастары бағалайды.

Режиссер: Солай дейсің,ә! Солай солай-ау, бірақ... (тоқтап қалады)

Осы кезде сахнаға қартаң тартқан, ақ шашты кісі Қабілеткер шығады.

Қабілеткер: (режиссерге қарап) Менің естуімше, сендер Омаров туралы спектакль әзірлеп жатыр дейді. Сол рас па?

Режиссер: Сондай ойымыз бар.

Қабілеткер: Оның мәтінін кім жазбақшы?

Режиссер: Мына жігіт.

Қабілеткер: Ой, бұл бала ғой. Омаровты әбден өмір көрген ортан жіліктей мына біздер жазуымыз керек еді. Оның өмірі жай өмір емес, аңыз ғой, әфсана ғой.

Режиссер: Сіз ол кісіні көріп пе едіңіз?

Қабілеткер.: Көргенде қандай! Ол менің шығармашылығымды өте жөғары бағалайтын. Өзінің алдында екі-үш рет болып, ұзақ-қ сөйлескенбіз.

Режиссер: Не жөнінде сөйлесуші едіңіздер?

Қабілеткер: Бәрі туралы. Ол кісі менімен ашық-жарқын әңгімелесетін. (сәл тоқтап) Мен оны Мәскеуге емделуге өзім шығарып салғанмын.

Режиссер: Содан?

Қабілеткер: Емделіп оралды ғой. Бірақ...

Режиссер: Сосын?

Қабілеткер: 58 жасында көз жұмды. Өнерді қадірлеген асау жүрек, өнербаян-ғұмыр кенеттен ерте үзілді. Ал, сол кезде бұл Алматыда қайғырып, жаламаған бір кісі болған жоқ. Өз заманында оны да шын бағалай алмадық қой» деп еңіреді қалың жұрт... (өзіне-өзі) Әттең, өмірі қысқа болғанын көрмеймісің! Әйтпесе, енді ғана жол тауып, іс-әрекетке бойлай бастап ем. Жеңгейді жағалап дегендей... Әй, өзімніңде жолым бола қоюы өте қиын... Сондай сорлымын...

Режиссер: Ғабит аға Мүсірепов: «Ілияс соңынан өсек-аяң ермейтін. Ешбір кресло Ілиясты көркейтпейтін. Ілияс өзі отырған орынды көркейтенін. Барған жері бақытқа бөленетін. Бәрімізге бастық болмай, аға басшы бола білгір маман еді» деп жазыпты.

Драматург: Ілияс ағаны жерлеу кезінде сол Ғабит Мүсірепов: «Егізімнің сыңары еді. Қазақтағы алтаудың бірі еді. Өзгесін айтуға болмайды, оларды ешкім сұрамайды» деп айтқанын да естідік.

Қабілеткер: (ойлана) Ілияс аға туралы оны өте жақсы білетін адам жазғаны дұрыс болушы еді.

Режиссер: Ал, онда сіздің жазғаныңыз бар ма?

Қабілеткер: Өлең бе? Ән бе? Мен, мәселен, бір кездері Ілияс деп жыр жолдарын кестелегем.

Қайраткер қазақтың Омаровы,

Барлық істің бола білген ол алыбы...

Сонан соң оның әнін шығарғам. Айтайын ба?

Режиссер: Аға, сіз түсінбей қалдыңыз.

Қабілеткер: Неге? Нені түсінбедім?

Режиссер: Бізге өлең де, ән де керек емес.

Қабілеткер: Енді не? Опера ма?

Режиссер: Жоқ, драма.

Осы кезде сахнаға Қаламбай шыға келеді.

Қабілеткер: Міне, жас күнгі досымда келді. Осы азамат менің не жаза алатынымды да біледі.

Қаламбай: Әңгіме не жөнінде?

Режиссер: Ілия аға Омаров туралы спекталь қоймақшы едік.

Қаламбай: Түсінікті.(енді Қабілеткерді оңашалап) Сен тез келісе салма. Әуелі бұлданып, өзіңнің бағаңды асыра сөйле. Ақысын да сұра. Пьеса жазу оңай жұмы па екен. Бұл – соңғы үмітің. Осы жерден бірден көзге түсіп кетуің де ғажап емес. Ал, кіріс...

Қабілеткер: Ақысын сұрап жатқаным ыңғайсыз болмай ма!

Қаламбай: Мен айттым. Енді өзің шеш. (сосын өзіне-өзі) Жасың жетпіске тақаса да, әлі күнге жүъұртқа жалтақтап, күлдібадым, шала-шарпы дүиелеріңді тықпалап... Таланттымын деп кеуде қағып... Бүйтіп елге күлкі болғанша, сол жазуы құрғырды баяғыда-ақ тастауың керек еді. (сосын Қабілеткерге) Қайраткер Омаровпен дәмдес-тұздас болған Қабілеткер менмін де. Ол кісі дарын-қабілетімді ең алдымен бағалаған де. Ал, мен кеттім.

Ол сахнадан шығып кетеді. Қабілеткер режиссерге жақындайды.

Қабілеткер: (оған сыбырлай сөйлеп) Қанша төлейсіңдер?

Режиссер: Оны сапасын қарап көре жатармыз. Өте сапалы болса...

Қабілеткер: Иә, солай болса...

Режиссер: (ол да сыбырлап) Автокөлік мінгіземіз.

Қабілеткер: (жалт қарап) Рас па?

Режиссер: Әзіл емес, шыным.

Қабілеткер: Онда кідіре тұрыңдар. Мен аз күнде өзім хабарласам. Тек күте тұрыңдар...(айқайлап) Ай, Қаламбай... Қаламбай деймін...

Ол сахнадан шығып кетеді.

Режиссер мен драматург күлісіп алады.

Енді екеуі қосарлана сөйлейді.

- Ай, халайық! Елін бар жан-тәнімее сүйе білген арыс азамат

Ілияс аға, Омаров туралы сый-таруымыз осы. Көп сөзден бір түйін қымбат. Көп уадеден бір іс артық! Ендеше,бар,а құлдық. Заман өтер, уақыт жылжыр. Бір кездері Ілияс аға туралы да шымыр, бұдан да өткір, бұдан да мағыналы тың туындылар өмірге келер. Ол енді алдағы буын, жас буынның еншісіндегі шаруа. Біз бір нәрсені анық білеміз: қазақ барда, ұлт барда Ілияс секілді арыс ұлын елі ешқашан ұмытпақ емес. Ол ел жүрегінде мәңгі жасай бермекші.

(Шымылдық)
ІІ бөлім
Ана мен бала
1. Ана

- Қазақтың қилы – қилы ақ батасын қалайша есте көп сақтағансыз?

- Әдейі жаттағам жоқ.

- Сонда өзінен-өзі есте қалып қойған ба?

- Солай деп ойламын.

- Сіз айтқан баталардың көбісі біз оқыған кітаптарда кеспейді. Бәлкім, оны өзіңіз...

- Жоқ, қарағым! Мен өз жанымнан шығара беретін шайыр емеспін.

- Онда әлгі батырларды қайдан жинағансыз?

- Ол, бәлкім, өзімнен бұрынғы есті қариялар мен ақ жаулықты әжелерді көп тыңдағандығымнан болар. Солардың зәуеде айта салған сұлу сөзі зердеме қонақтап қала берген болар...

Жасынның суретші досы Жарқынбек сол жолы Балым-Анамен бір кеш отырып сөйлесіп, сан түрлі сауалдар беріп, көп әңгіменің тиегін тоқтаусыз бұрап, молынан ағытып еді. Жасын болса қалдырап, қажып, ұйқысы келіп, енді болмаса досына ым қағып «әй, доғарсаңшы енді, демалмайсыз ба» демекші-тін. Абырой болғанда Жарқынбекте бұның ойын оқып қойғандай, сол сәтті әзірше шеті мен шегі көріне қоймайтын салалы әңгімеге күрмеу сала бастады. Жасын сол сәтті пайдаланып.

- Ал, ендігі әңгімені тұсаулап, қалғанын ертеңге қалдырсақ қайтеді?

- деген.

- Сөйтіңдер, айналайындар. Ұзақ жолдан сеңсоқты болып келдіңдер ғой, енді жақсылап демалғандарың дұрыс,- деп Балым-Ана да елп етті.

Содан соң бұл екеуі тысқа шықты. Түн болып қалған-ды. Ауыл түні қандай ғанибет. Аспан шайдай ашық. Көкте жұлдардар жамырап тұр. Бірақ, әдеттегідей емес, өте жақындап келіп қалғандай. Әні-міні дегенше осы ауылға түгелімен жауып кететіндей көрінеді. Әне, анау «Жеті қарақшы!» Анау – «Темірқазық!» Анау-у бозараңдап созылып жатқан «Құс жолы...» Ал, анаусы...

Аспанға қарап, керіле демалып тұрған Жасынның тәтті ойын тағы да суретші досы Жарынбек бөлді.

- Мен сенің анаңның портретін салам.

- Не дедің?

- Портретін салам деймін.

- Е-е...

- Немене, күдігің бар ма? Суретін салам дедім ба, ендеше сөзсіз салам. Мен ол кісіні бүгін ғана көрсем де, таза бейнесін тап басып, қазір-ақ таныған сияқтымын.

- Қай жағынан?

- Ол кісі тұнып тұрған шерлі шежіре екен. Қазақтың ақ батасы мен қанатты сөздерін қалай көп біледі! Бұл деген көзі тірі қазына ғой.

- Сен денсаулығы сыр беріп, әбден ауруы меңдеген кезде кездестің. Ал, баяғыда-а...

- Сол кезде неге мені ертіп әкелмегенсің?

- Оның сәті түсті ме! Қу тірлік...

- Ол сылтау емес, - деп Жарқынбек қатты қынжыла сөйлейді. – Ондай сылдауды мына маған айтуға қалай ұялмайсың?

- Жоқ, расы сол ғой.

- Сен анаңды осы күнге дейін шын бағалай білмеген екенсің! – деп, енді Жарқынбек бұған барынша шүйлігіп, таза ренжіген үнмен тіл қатты. – Ана қадірін көзі тірісінде білмеу – топастық...

- Сонда мен... – Жасын сөзінің аяғын жұтып қояды. Сөз аяғын айтуға тіл барған жоқ. Жүрегі дір-р ете қалды.

«Сонда мен ешнәрсеге селт етіп, елжірей білмейтін сезімі табантөс жан болғаным ба? Ана қадірін сезіне білмейтін бозөкпе, боркемік жан екенсің дегені ме бұл...»

Жастау кезі еді. Қалада тұрып жатқан-ды.

Келіншегі екеуі ғана тұратын кішкене пәтерге бір жолы алыстағы аулыдан артынып-тартынып анасы жетіп келді. Өзі бір бөлек болса, көретіп келген заттары он бөлек. Базардан оралып жатқан олжалы базаршыдай. «Ауылдың дәмі ғой» деп, сонша жерден арқалап әкелген қапшықтың аузын ашып, кішкене-кішкене көп түйіншектерді бірінен соң бірін шығары жатыр. Онысы-құрт, ірімшік, қауынқақ, жиде....

- Ой, апа, бұның бәрін ауырсынбай, қалай арқалап келгенсіз? – деді Жасын еркелеп. – Қалада қазір кім құрт сорып, жиде жейді екен?

- Е, немене, қала қазағы өзінің ұлттық тағамын мүлде ұмытып кетіп пе? Осыдан көр де тұр, сол тәтті құртты ана орыс көршіңе берсең, ол сені өле-өлгенше ұмытпас.

Осыны айтып отырып, қапшықтың ең түбінен ширатыла оралған кішкене бір затты тағы да шығарды.

- Бұл не, апа?

- Бұл - кілемше. Түйенің жүнінен тоқылған. Жататын жерлеріңе көсеп қоямын. Табаның жылы болады.

- Апатай-ау, қазір дүкенде не көп – кілемше көп. Сатып аламыз ғой.

- Әй, ол басқа, бұл басқа. Бұны мен сендерге әдейі арнап тоқыдым деймін.

Анасы бұдан әрі сөз айтпастан әлгі клемшені келіні мен баласы жататын бөлеге апарып төсеп те тастады. Оюы қандай! Түрі қандай! Үйдің іші бір сәтте шұғылаланып, жайнап кеткендей болды.

Келіні қуанып, мәз-мәйрам болып, үй ішінде қолды – аяққа тұрмай, зыр жүгіріп жүр.

Жасын жарасымды дүниені іштей сезіп, барынша ұнатып тұрса да:

- Бәрібір дүкендікі жақсы болады, - деп өз дегенінен қайтпады. Соны айтты да:

- Қазір фудбол көруге стадионға барушы едім, - деп үйден асығыс-үсігіс шығып бара жатқан. Апасы соңынан тұра жүгіріп, есік алдында бұның аузына аппақ ақ құрттың біреуін салып үлгерді.

- Е, болмаса осыны сорып кетсеңші, - деді.

- Жарайды, апа!

Тысқа шыққан соң, құрттың щын дәмін байқап, аузында арлы-берлі домалатты. Өте дәмді екен. Тіпті бал татиды десе де болады.

«Қап, жаңа екі-үш құртты неге қалтама салып ала шықпадым екен,а?»

Фудюол біткен соң достарымен бірге болып, ойынды қайта-қайта талқылап, құж-құж айтысып, үйге өте кеш келді.

Анасы ұйықтап қалған болар деп ойлаған, тысырсыз кіріп, тым-тырыс жата қалам ғой деп еді, сөйтсе есікті сол кісі ашты.

- Балам-ау, тым кешіктің, ғой...

- Достарым жібермей...

Ішке өтті. Жатын бөлменің жарығы жағып жалғанда,бағанағы кішкене кілемше көзіне оттай басылды. Ою-өрнегі қандай! Айнала көмкерілген сызықшалары ше! Дәл отрасына ақ тиіннің суреті салыныпты. Әдемі десе әдемі-ақ екен. Бейнебір даланың жанды суреті бұның бөлмесіне көшіп келіп, орналасып алғандай. Жайнап тұр-ау, жайнап тұр. Келіншегі ұйқысырап:

- Келдің бе? – деді.

- Келдім.

Аз күнге келген болар деп ойлаған. Сөйтсе, анасы елге қайтуға асыққан жоқ. Айлап жатып алды. Ол келгелі бері келіншегінің де мінезі өзгере бастағандай. Бұрын кеш оралса, келісті қабақты былай қойғанда, ең бергісі ыстық тамақтанда құр қалушы еді, енді олай емес. Қашан келсе де,кешкі ас әзір. Ол ол ма, бұған дейін:

- Сен қайда жүрдің? – деген оңайлықпен біте қоймас сауал-тергеу басталып жүре беретін. Енді ондай әңгімелер де сап тыйылды.

Қайта оның есесіне:

- Сен осы үйдің арқа сйүерісің, саған құрмет көрсету парызымыз, - деген секілді жанға жайлы тиер жылы сөздер көп айтылаты.

Жасын, бірақ,ол кезде үй ішіндегі бұл секілді мінез өзгерістеріне онша мән бере қоймапты.

Үйге қонақ та көп үйіріле бастады.

«Бүгін бір туысымыз қонаққа келеді, сен ертерек орал» деп ертеңгісін жұмысқа кетіп бара жатқанда келіншегі ескертіп жатарды.

«Жарайды, тез келуге тырысам».

«Қонақ шақыру» іс-шарасы бір күнмен аяқталмайды, ол жалғаса береді, жалағас береді.

Бір күні нағашы-жиендер келсе, келесі күні жерлестер, ал одан соң-құда-жегжаттар...

Әйтеуір, соңғы уақытта түсінгені – кім көп, осы қалада бұлардың алыс-жақын туысы-ақ көп екен. Бұрын қалай байқамаған!

Кеш түсті дегенше, бұл үйде тәтті тілектерге ұласқан үлкен мерекелі отырыс басталып жүре береді.

Бірақ, бұл басқосу тыныш отырып тамақ ішу ғана емес, жылы-жылы сөз айтумен шектелмейді, одан да тереңдеп, алыс-жақын туыстықты тарау-тарау етіп талдау болып жалғасады.

Ақ тілектер айтылады. Жақсы – жақсы лебіздер тілге тиек етіледі. Көбінесе анасын емес, тіпті келіншегінде емес, бұны мақтайды. «Әулет үшін мақтаныш болуға лайық» деседі.

- Ер болған соң осылай болу керек, - дейді қонақтар. – Міне, отбасы жылуы осылай сақтаған абзал. Бұл осы күнгі көп жастарда жетісе бермейді.

Жасын бірақ, сол шақта бұл әңгімелердің қалай, қайдан туындап жатқанына да аса мән бере қоймапты.

Кеше аятала бере анасы мүдірмей айтатын ұзын-сонар батасын мақамдап бастап, сағыздай созады.

Асың, асың, асыңа,

Береке берсін басыңа!

Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай қорғалып,
Қыдыр келсін қасыңа! –

деп басталатын өте көңілге қонымды тілгеі бар-ды. Соны әуездей айтады.

Әлгі батасы аяқтала береді:

- Тағы да алқандарыңды жайыңдар, басқа бата берейін,- дейді. Бұлар қайта алақан жаяды.

Бастарыңа бақ берсін,

Не берсе де, нақ берсін!

Қырда жүрген Қыдырды,

Үйлеріңе ап келсін!

Қарындарың тоқ болсын,

Қайғыларың жоқ болсын!

Шүпірлеген үйіңде

Балаларың көп болсын!

Жақсы сөз тиек болсын,

Ықыласты ниет болсын!

Дастарханың мол жайылып,

Үсті толы ет болсын!

Әумин-н!...

Барлығы да «әумин» десіп, бет сипайды.

Ол аз десең, енді сөз ыңғайына қарай, неше түрлі мақал-мәтелдерді мәнерлеп, айтып, моншақтай тізілтеді...

«Етік тігер біз емес, ерге шығар қыз емеспіз» дейді.

«Бие құтырса құлын тастайды, келін құтырса, жүріс жастайды» деп те қояды.

Болмаса, «Отыра-отыра еріншек өлер, жаманға жақсылық жасаймын деп көңілшек өлер» дейді.

- Қуана білмегенгн – құт, бағалай білмегенге бақ қонбас;

- Шығар ауыздың жайы жоқ, шайпау әйелдің бағы жоқ;

- Итті құдай қинасын иесімен;

Жаман қатын ұрысар түйесімен...

Жаманның іші пысады.

Сонда ойлайды: « Осының бәрі де баспа арқыл басылған іктаптарда бар ғой, оны несіне айта береді екен,а!»

- Қазақтың түбіне жететін ең үлкен кесел немқұрайлылық, - деп бір күні анасы сөз бастады.

- Сен байқайсың ба., осы күнгі қазақты ештеңе де қызықтырмайтын боп барады.

- Өтіп тым күдер үзе сөйлеуге бола ма! – деп, Жасын сөзді бөлген.

- Мен бе екем! – деді Балым-Ана. – Менің аузым қышыған соң сөйлеп отыр дейсің бе? Жоқ, олай емес. Көз көріп отырған соң, үндемеуге тағы болмайды. Айналаңа қарашы, бүгінгі қала жастары сөз қадірін білмей өсіп келеді. Сөз қадірін білмеуі – өз қадірін де білмеуі. Сөйлесе шүлдірлейді. Орыс-қазақ сөзін араластырып айта береді. Бұл тілдің қадірсізденуінің басы.

- Ондайлар бар...

- Бар ғана емес, өте көп. Жарайды, тіл мәселесіне өкімет қолға алып жатыр дейді ғой. Біржақты етер. Ал, енді осы күні

Ұлттық тағамдар да ұмытылып барады. Сенің тұстастарың қымыз бен шұбаттың қадірін беле ме? Қақ пен қауынқақтың айырмасын түсінбейді. Құр пен жентті түсінде де көрмеген шығар...

- Есесіне, жаңа заманның тағамдарын біледі.

- Ұлт болып қалу үшін оның ұлттық тағамдары да сақталмай болмайды. Қымыз бен шұбат қаншама дертке дауа! Қазының қасиеті қандай!

- Апа, мен жұмысқа кетуім керек.

-Е, бар! Бара бер. Саған сөз айтып отырған мен де...

Апасы жаулығын серпіп тастап, кері бұрылады.

Арада үш-төрт ай өткенде анасына ауылға өзі бастап алып барды.

Қара шаңыраққа кірген сәтте үйдегі үлкен келіні тағы бір қызық жаңалықты бұлардың алдына тосты.

- Апа, сіз жоқта үйге көп хат келді, - деді. - Оны біз ашып оқыған жоқпыз. Сіз болмаған соң...

- Оны кім жазған? – деп Жасын да кәдімгідей таңданды.

- Жер-жерлерден келген хаттар.

Балым-Ана жаулығын шеше сала әлгі хаттарды бірінен соң бірін ашып, оқуға отырды. Сөйтсе, оны жазғандар – қыз-келіншектер екен.

Оның тарихы былай.

Осыдан бес-алты ай бұрын Балым-Ананың атынан «Қазақстан әйелдері» журналына бір мақала басылған-ды. Онда кейуана өзінің кілем тоқу мен киіз басу өнерін қалай меңгергенін, оның қиындығы мен қыр-сырын айтып, ағынан жарыла сыр ашқан-ды. Осыны оқи сала жер-жерден ақыл-кеңес сұраған хаттар ағылған секілді. Бәрінің де өтініші біреу-ақ.

«Бізге кілемді қалай, қайтіп тоқитынын талдап-анықтап жазып жібере алмас па екенсіз?»

«Сіз қарсы болмасаңыз, мен өзіңізге барып, жолығып қайтсам деп едім...»

«Мүмкіндік болса, өзіңіз тоқыған кішкене кілемшелердің бірін пошта арқылы салып жібересіз бе?...»

Балым-Ана сол күні бір немересіне қағаз-қалам беріп, әлгі хаттарға жауап жазуға отырды.

Кешкісін шәй үстінде әкесі Әлібай Жасынмен оңаша сөйлесіп отырды.

Әке мінезі бөлектеу. Аз айтады. Қысқа айтады. Сараң сөз. Сыз қабақ. Сынама сиық.

Бала мінезі басқаша. Білсем дейді. Естісем дейді. Әрненің басын шалады. Қайтсем дөп түсем дейді. Ойындағыны қозғай алсам ғой деп арман қылады.

Әке - тарыншақ.

Бала - жасқаншақ.

Әке - күдікті.

Бала - үмітті.

- Әй, балам! – деді әкесі. – Сенің мына шешең қартайғанда ғұлама болып кете ме деп қорқа бастадым.

- Не туралы айтасыз? Сөзіңізді түсінбедім, - деді Жасын.

- Апама өкепелісіз бе?

- Жоға, өкелеп нем бар? Мінезін айтам-дағы. Елдің бәрінің көңілін табу еш мүмкін емес қой. Алыстағы, жер түбіндегі бір кемпірге хат жаздырып, соның хал-жағдайын сұрап, ежіктейді кеп!

Әкесі екеуі осылай енді сөз тарқата бастаған сәтте үйге үлкен ұлы кіріп келеді. Қолында дәу посылка жәшігі.

- Бұл не? – деді Әлібай.

- Бұл апама келген посылка.

- Қайдан?

- Алматыдан.

- О, тоба! – деп сақалын салалап қойды Әлібай. – Енді мұндайлар да келе бастады ма! О, тоба!...

Ішкі бөлмеден Балым-Ана шықты.

- Бұл маған ба?

- Иә, сізге.

- Онда ашайық.

Жәшіктің аузы ашылған бетте бөлме ішін қызыл алманың қолқаңды қытықтайтын жұпар исі бірден алып кетті. Алматының апорты екен. Бетіне бүктеп салынған хаты да бар.

«Мына сізге осындай тәтті алмаларды тағы-тағы жіберіп тұрайын, ал сіз маған кілем тоқуды үйретіңіз» деп жазыпты онда.

Әлібай ақсақал осы жолы қуанышын жасыра алмай, риза көңілмен:

- Әй, дегенмен менің кемпірім бірте – бірте табыскер болып барады, - деді. – Әкелші біреуін, жеп көрейін...

Сол күні көрші-қолаң бұл үйге қайта-қайта ағылып келіп, арқа-жарқа болып, Алматының апортынан ауз тиген еді...

Ертесіне түске қарай кош айтысып, қалаға жол жүргелі жатқан Жасын анасы Балым-Ананың қатулы қабағын көріп, бірден тіксініп қалған-ды.

- Апа, сіз не болды?

- Әні, - деді анасы. – Әні, біздің бейшара қазақ осы!м Бәріне де кешігіп жүреді. Бәрінен де артта қалып қоя береді.

- Не болып қалды, апа?

- Жаңа теледидардан бір хабар көрдім. Ана немістер біздің қызымды зерттеп, одан неше түрлі сырқатқа ем болатын құпиясын ашыпты. Енді масқара болғанда, қымызды қалай пайдалануды бұл қазақ немістерден үйренетін шығар, ә!

- Олар біздің қымызды өздеріне алып кетіп бара жатқан жоқ қой, апа!

- Әкетеді Әлі ол да болады. Пәтент дей ме, не дейді, әйтеуір бірнеңе жасапты деді ғой.

- Патент?

- Иә, солай деп естідім.

Жасында селк ете түсті.

«Ойпырмай, біз шынымен-ақ өзімізде барды өзгеге беріп, бір күні саусағымзды сорып, отырып қалмасақ жарады да...»

2. Бала

- Сенің анаң неше жасқа келіп еді?

- Сексеннен асты ғой.

- Ал, сен ше?

- Мен елуден астым.

- Е, енді не өкініш бар?

- Тумақ бар. Сосын өлмек бар. Оған пенде қайтсе де көнуге тиіс. Ауыр болса да - ащы шындық осы!

«Бұл тұмса табиғаттың бір тылсым құпиясын сіз де, біз де білмей, сезбей келіппіз-ау: білсек те елемеген болыппыз-ау!...»

Кейіпкерді осындай кермек ойлар көп мазалай беруші еді.

Ерте өмірден озса, естен де тез шығады. Ал, әбден есейіп, ес тоқтатқан тұста Анаңмен мәңгіге қоштасу осынша ауыр болар деп ойламаған екен. Жас кезде көп нәрсеге расымен мән бермей, көп жайтты ұмыта салу да оңай ма деді. Баяғыда-а... осыдан отыз жыл бұрын, комсомол ұймында жұмыс істеп жүрген кезде, аяқ астынан комсомолдық жолдамамен Чехосовакияға (ол кезде әлі берге еді) сапар шегуге тура келген-ді. Отызға тарта өрімдей жас жігіттер мен қыздарды бастап барып, қайта алып қайту міндеті бұған жүктелді.

Сол сапар кезінде бір жолы түс көрді. Түсінде анасы аяқ астынан қайтыс болыпты. Өзі алыста. Жерлеуге жете алам ба, жоқ па – беймәлім. Жаны сыздап, жүрегі ауырып, қара терге түсіп, азапты сәттерді бастан өткеріп жатып. Оянып кетті. Сөйтсе, о сайтан алғыр, небәрі түс екен ғой. Сондай қуанар ма! Сол жолы, бәрі де түс болып шыққанына жас балаша қуанып, орнынан қайта-қайта секіргені есінде.

«Жасыңыз ұзақ болады екен, апа!» деп күні бойы осы сөзді қайталап, күбірлей бергені бар-ды.

Бірақ сол бір салмақ салған кермек ой кеудеден еш кетпей-ақ қайғаны.

Ақыры қолына қалам алып, өлең жазды. (Балаң кезде аздап шимайлағаны болмаса, өлең жазбаушы еді,) сол өлең мынада.

Жүре берші Анашым арамызда,

Өзің жайлы айтады ел аңызға!

Қамын ойлап жүргенің бар баланың

Адам біткен бейнебір балаңыздай.

Анашым-ай, асылым, шапағатым,

Пайғамбардай естілер маған атың!

Ақ самайың маған жыр жыздыатын,

Ақ жүрегің бол деген маған ақын!

Көңілім толмай жүгірсем бір ісіме,

Демейсің сен қуат боп жүрісіме!

Сен жанымда жүргенде Ақ шашты Ана,

Елти берем ақ сүтті иісіне!

Жолсапар кезінде осындай өлең жолдары түйдектеле еріксіз төгіліп, өзінен-өзі қағазға түсіп жатты.

Елге келген соң әлгі өлеңді «тыңдап көрші» деп әнші досына оқып берді. Ол бірден ұнатып, бұған екеулеп ән шығарып, облыстық радиодан орындалады да. Бұл оқиға әдейі дайындағандай, Аналар мерекесімен тұспа-тұс келді. 8 наурыз қарсаңында эфир арқылы таралып жатқан-ды.

Оны тыңдаған Анасы «мен туралы ма, маған арнадың ба?» деп жас баалдай шаттанып, ерекше нұрланып, көз жанары күлім қағып, қандай қуанып еді!

Бұл енді өткен тарих! Баяғыда болған оқиға. Ескірген дерек.

Одан бері қанша қыз, қанша жаз, қанша көктем һәм қанша күз өтті? Есінде жоқ.

Шілденің шыңылтыр күндеріңін бірінде Анасы келмес дүниеге жол шекті. Тағы да Жасынның еңсесін зілдей болып, ауыр жүк басып тұрып алды...

Көңілі алаң. Ойында бірдеңе тұрды да қойды.

Осылайша арада біраз уақыт сырығып өтіп кетуге айналды.

Бір күні Қызылордадан қарындасы хабарласып, «анамыздың жылдық асын осы маусымның басында беруге келістік» деді. Сол түні тағы да ұйықтай алмай шықты. Есіне әндегілер түсті. Ойы шам-шытырық.

Әнебір жылы Қызылордадан Алматыға көшіп бара жатқанда анасы:

- Балам-ау, туған жерден тым ұзақ барасың, - деген. – Мен сені ел ішінде қалатын болар деп армандап ем.

- Апа, қызмет бабы ғой.

- Қызмет кісіні емес,кісі қызметті ауыздықтамас па!

- Олай емес, апа! Өкімет жұмыс берді, біз соған көнеміз. Бермесе қайтер ем!

- Өз мінезі қайда? Өз мақсатың қайда? Өмір-ағын су сияқты. Ағынға қарсы тұра алмаған адам да судағы шөңге тәрізді: бағыт-бағдарсыз жүзіп кете бермекші.

- Сонда не істе дейсіз, апа! Қызметті таста дегеніңіз бе бұл?...

- Олай демеймін. Қайда бет түзесең де артыңда туған ел мен туған жер барын ұмытпағайсың. Оны естен шығардым дегенше өз бағытыңнан адасқаның...

- Жарайды, апа! Оны ұмытпауға уәде етем.

«Апам қанша шырылдап, суға аққан шөгеге айналып кетіп жүрме деп ескетсе де мен бәрібір жақсы жолды таңдай алмадым. Менің өмірім ағын сумен бірге ылағып ағыпты...»

Тағы бір жолы... елге келгеніңде анасы толқып отырып әңгіме айтқан болатын.

- Осы күні өтірік басып барады, - деп ол кісі. - Шындықты ешкім де төрге шығарғысы келмейді.

- Неге олай дейсіз?

- Күйінген соң айтамын-дағы. Адамдар бір-бірін өтірік мадақтайды. Кемшілігін көріп тұрса да, ол жайлы жақ ашпайды. Үндемегенді дұрыс көреді.

- Енді.. кей кезде бұлай ету де дұрыс болар...

- Жоқ, - деді Балым-Ана. – Мүлде жоқ! Жалған сөз төрге озды дегенше, шын сөз өлді дей бер. Шын сөздің өлуі-өмірдің астаң-кестеңін шығаады. Сен де солай сөйлуге үйреніп алдың ба,а?

- Кей-кейде көлгірсіп жіберетінім өтірік емес...

- Айтапады демес, түбі сол мінезіңнен таяқ жейсің. Оңбай жейсің!...

Апасы осыны айтты да, орныанна тұрып, тысқа беттеді.

«...Апатай-ау, кісі өтірік айтатын деп ойлай ма екен! Мына қоғам, мына заман өз тығырығана тіреп қойып, олай етпесіңе қоймай ше!... Кеңірдегіне қанжарын тақап тұрып «былй деп айт» деп жаналқымаға алса ше!... Өтірікке мәжбүрлік-қоғами құбылыс болып кеткені қаш-шан!...»

Жасынның жүрегі бүлкілдеп, көңілі босап кетті.

Үстелге келіп отырды. Өлең жазғысы келді.

- Сағығыным ғой,

Басыңа жиі келсем мен!

Тірлікті кештің,

Өмірде мынау өлешеген!

Өмір-өзенде,
Борышым менің көп пе әлі,
Басады неге,

Бір ауыр жүк еңсемнен?

Осындай жолдар өзінен-өзі тарыдай төгіліп, қағаз бетіне түсті. Тоқтай қалып, қайта оқып көріп еді, әп-әдемі екен. Ұнаған секілді. Енді тағы да жалғастыра бермекке бекінді.

- Кездерім көп,

Ауыр ойлардан теңселген,

Көп ісім жоқ,

Мына өмірде еңсерген.

Қапалы болып,

Қиналып, апа, өттің бе?

Ұл бола алмай

Қалғаным үшін сен сенге?

Анам менің,

Тектіден туған текті еді.

Өмір дегенің

Ептілер құрған еп пе еді?

Түн ішінде
Тұншығып жатып түс көрем,
Жан анашым

Болды ма маған өкпелі?

Осы жерге келгенде көңілі алабұртып, тағы да тоқтады. «Рас-ау, жан анашым маған өкпелеп-ақ кеткен сияқты. Туған жерден тым жырақ кеткенім үшін... Айтқан тілін алмағаным үшін... Сөзіне құлақ аспағаным үшін...»

Жанары жасаурап, ең соңғы жолдарды қинала жазып жатты...

- Пенде дегенің,

Жаралған жан ғой кетуге,

Талпынамыз-ау,

Арманға тез-тез жетуге!

Өмір дегенің
Сәбиі болып еркелеп,
Сәби сезіммен

Анаңды аңсап өту ме?

Өлеңді аяқтады да, қаламсапты стол үстіне қойды.

Ойланып отыр. Көңіл түкпіріндегі көл-көсір сезімді, буырқанған ойды бәрібір сол қалыпында мөлдіретіп жеткізе алған жоқ.

Иә, жеткізе алмады. Қалай жеткізсін! Ақындық-қолжаулық емес. Өлең-ермек бола алмайды. Соны.. өзі де сезге. Сезіп-ақ елді... «Бірақ неге көңіл шіркін өлеңге.

Бастай береді! Жаралы сезімнің жалғыз емшісі-нәзік жыр болғаны ма, қалай?...»

Ішкі жан-дүниесі алай-дүлей!

Кеше суретші досы Жарқынбек хабарласты.

- Мен сенің анаңның портретін салып бітірдім,- деді қуанышты, көңілді үнмен салдырлай сөйлеп.

- Рас айтасың ба?

- Е, бұлай әзілдей ме екен!

- Оны қашан көрем? Қазір байын ба?

- Жоқ! Бүгін болмайды. Бояуы кепкен жоқ. Ертең кел.

- Дегенмен... бүгін-ақ...

- Ертең... Ертең деймін!

- Ендеше айтшы? Қалай салдың? Басында жаулығы бар ма?

- Бар.

- Бешпентінің оюлары қалай? Түймелері көріне ме?

- Көрінеді.

- Ал, түрі.. келбеті қалай?

- Кәдімгідей.

- Әжімдері көріне ме?

- Көрінеді. Өзіне жарасымды.

- Көңіл-күй ше?

- Не дейсің?

- Ренжулі ме? Жоқ, күліп отыр ма?

- Ой, өзің сұрақты көбкейтіп кеттің ғой. Ертең өз көзіңмен көрерсің. Оған дейін шыда.

- Шыдаймын ғой. Шыдамағанда қайтейін-н...

Телефонның тұтқасын орнынан қойды да, сол жерде ойға беріліп отырып қалды.

Әнебір жылы... анасы Алматыға тағы келді.

Бұл жолы, бірақ, артынып-тартыныпты. Қолында-жалғыз сөмке. Базар барып, бос қайтқан базаршыдай. Көңілі пәсең. Жасын оны күтіп алып тұрып, көңілсіз кейпін байған соң:

- Апатай, бұрынғыдай құрт-ірімшік тасуды қойғансыз ба? – деп күлдермек болды.

- Бәрі өз кезінде,- деді Балым-Ана. – Менен бұрығы күш кетіп барады. Ал, елдегі келіндерге сөз-билігім жүрмейтін болды.

- Неге олай дейсіз? Сізді бәрі де тыңдайды ғой.

- Тыңдаса өсте ме! – Балмы-Ана ашулана сөйлейді. – Бұл күнде құрт жаймайды. Қауынқақ істемейді. Жиде жерде шашылып жатады, оны жинап-теретін кісі қалмаған.

- Е, әзілдегенмін ғой, - деп Жасын сөз арнасын басқа жаққа бұрмақ болған. Балым-Ана сонда да әлі көңілсіз сезімнің жетегінде қалып қойды.

- Әкең дүние салғалы бері жалғызсырай болғам,- деді. – Қара шаңырақтағы ұл мен келін де өзді-өзі. Менде шаруалары жоқ. «жағдайыңыз қалай?» деп оқта-текте болса да қасыма келіп отырып, хал сұрамайды.

Жасын тағы да күлдірмек болып:

- Е, шалыңызды несіне сағынасыз! – деді. – Ол кісінің мінезі ауыр еді ғой. Сөзі сатулы еді ғой. Өзіңіз солай демеуші ме едіңіз...

Балым-Ана жалт қарап:

- Сөзі сатулы болса да жүрегі қатулы болмайтын, - деді.

- Е, солай ма!

- Өзі аз сөйлесе де, өзгенің сөзіне зейінмен тыңдайтын. Айтпақшы емеуріннен ұғып, тез қағып алатын Ал, осы күні жөні түзу тыңдаушы да қалмады...

Аз-кем жөткірініп алды да:

- Тыңдалмаса сөз жетім болатыны шынымен рас екен, - деді. – Менде, сөзім де-жетім...

Одан соң тағы да былай деді:

- Осы бетімен кете берсе, бұл қазақ түзу көшелі ел бола алмайтын шығар. Кейінгілердің пейілі ұнамайды. Бар гәп – пейілде ғой...

Бүгінгі түн барлық түнге ұқсамайтын, жанды азапқа салған сылбыр түн болр ма! Таңды алғаш рет жалынып атқыза алмай-ақ қойды-ау! Не деген ұзақ-қ...

«Бұл сағыныш!» деп ойлады. «Анамды осынша сағынам деп ол кезде ойлыппын ба! Не деген қымбатты едің, не деген құдыретті едің, о, Анашым-м!... Бұлай сағындыарыңды бір кездері қалай сезбегенмін!... Неге білмегенмін мен...»

Таң ата көзі ілініп кеткен екен. Түсінде Анасын көрді. Ол әуелде досы Жарқынбек салған үлкен сурет болып елестеп еді, артынша тірі бейнеге ауысып, бұған қарай баяу аяңдап келе жатты.

Баласының басынан сипап, еркеле сөйлеп тұр. Сол баяғыдағыдай. Кәдімгідей қалпы. Үні де сол. Биязы үн.

- Балам, - дейді емірене сөйлеп. – Сен неге қамсыз ұйықтап жатырсың? Айналаңа қарасаңшы! Мына дүние не боп барады.

- Ұлым-ау, - дейді тағы да. – Балапаным-ау, мен саған құрт,ірімшік, жиде әкелдім..... Ауыз тиші осыдан...

- Несіне әуре болдыңыз, апа! Мен оны жемеймін.

- Құрт пен ірімшіктен қашақн сені көрдім. Оны оқта-текте болса да жеп тұу керек. Еріккеннн сонау-у алыстағы ауылдан арқалап келді дейсің бе! Сен үшін, құлыным-м! Саған күш-қуат пен қажыр – қайрат берсін деп жан-жүрегіммен, аналық пейілменмен тілеген арманым ғой...

Оянып кетті.

Түсі екенін білді.

Түс екеніне сонша қиналып, қатты өкінген сәте осы болды.

Жанарынан екі тамшы жас еріксіз үзіліп түсті...

Ең ұзақ сағыныш

1. Елу жас

Ол осы бүгін соншалық бақытсыз сезінді. Жоқ, ол бүгін өзін сондай бақытты сезінген болар! Жо-жоқ, бақысыз... Әлде, бақытты ма?

Құдай-ау, қайсысы?

Ойламайын десе де ойлайды. Ойланбаса қоймайды.

Мына жарық дүние, сабырмен ойлап қараған саналы жанға, расымен бір-ақ тұтам. Таң атып, кеш батқандай. Не болмаса, есіктен кіріп төрге озғандай. Бұл жаратқан ие кісіге осынша қысқа ғұмыр сыйлай отырып, неге зіл батпандай ауыр салмақ һәм ауыр ойлар жүктейді екен! Мың жылға жетіп жығылар тастай ауыр тұтас ойлар кісіні жүндеп, жүнжітіп, тіпті қажытып та тастайды. Қажыған жанда қандай қауқыр қалады!... Сосын... біреулер ішкілікке салынып кетеді, енді біреулер қияли күйге душар болып қиналады, тағы біреулер өз тағдырына өзі ие бола алмай,түбі жоқ тұңғиыққа жұтылады.

Жарық дүние, шіркін, кісіге не үшін беріледі? Сынау үшін бе? Ал, «қайтер екенсің» деу үшін бе? Онда... ой беріп не керек? Ойланбай келіп, ойланбай-ақ келемһсі дүниеге аттанып кете бермей ме! Неге біз... пенде болып жааратылған алып, періште өмір сүруді қалаймыз! Пенде деген пенделігі бар, пенделіктен күнде жасайтын, жасай да беретін жұмыр басты адам. Оған періште болуы үшін не нәрсе керек емес дейсің! Тіпті періште болып ойлауы қажет. Сонда пенде мен періште кездесе қалса, не болады? Кім кімге жол беруі керек? Періште ешқашан өзін өзгеден жоғары қойып көрген емес. Ал, пенде... ол да өз жолын өзі дұрыс көретін өзгеше жаратылыс. Өмір шамасы, сосын да тайталас... Арпалыс. Күресі. Жеңіс тк, жеңіліс те жоқ. Ылғи иты жығыс..

Елжас елуге аяқ басқалы бері біртүрлі қияли болып алып еді. Әдейі ойлайын демейді, олар өзінен-өзі қаумалайды. Дегбірін алады. Дегенге көнбейді.

Елу жасқа шышымен-ақ шыққысы келмегені ме? Одан әрі асса, алпыс деген көңілсіз ауыл күтіп тұрғанын ойлағаны ма? Жоқ, ондай ой емес. Одан басқа бірнеңе... Әйтеуір бір көңілсіздік.

Осы елу жас деген белеске бет алғалы бері көп ойланып, көп толғанып, тіпті сол ой тұтқынына жиі-жиі қамалатын болып алды. Елу жас деген, ойлап қараса, соншалық егде жас емес, жастықтың шырқау шыңы, найза шыңы. Көңілде әлі де жастық желік ізі бар. Әлі де... жылтырақ көрсе, селт ете қалар сергек сезім оты өше қоймаған. Ал, енді көңілге күдік келетіні – бұл жас не жастық емес, не кәрілік емес. Ортадағы бір белес. Қай жаққа қисайғың келсе де өзің білдейтін дүдамал-дүние...

Осыған өкіну керек пе? Жоқ, қуану керек пе? Екеуі де емес. Өкінуге себеп жоқ, ал қуануға тағы да тиек болмай тұр.

Елу – орта жол! Арғы да емес, бергі де емес...

- Осы сен-ақ есеймейді екенсің! – деп бастайды сөз басын жұбайы Қараторғай. – Елуге келсең де селтеңің бітпейді.

- Елуде селтең аяқталады деп кім айтты! Ол алпыстың әңгімесі ғой...

- Әні, бұған салса әлі де шошаң-шошаң етіп селтеңдей беру керек. Алпысқа дейін... – деп Қараторғай одан бете р бұрқырайды. – Өзі немерелі екенін, ата деген атқа әлдеқашан-ақ таңылғанын да ойлауды әуелі... Ой, жазған...

- Атаның да түр-түрі бар, - дейді бұл.- Біз әлі жас атамыз... Қылшылдап тұрған...

Қараторғай кенет қылт ете қалады да, өңі бозарып, көңілі сарайынан түйдек бұлттай түнерген өкпесі өріледі. Сөйлмей қояды. Сазарып алады.

Сондайда ойлайды. «Әй, осы, есею деген есті жас есалаң еркектерден бұрын әйелдерге ертерек жетеді! Олар тез есейеді, тез ақыл тоқтатады, тез сабырға келеді. Ал, еркектер-р...»

Елжас сабырлылық деген затты қанмен бітетін қасиет деп ұғушы еді. Ол кісі бойында бұйығып жатады, оны ешнәрсежоұ етіп жібере алмайды деп ойлайтын. Сөйтсе... қателеседі екен. Сабыр да сусыма құм секілді. Алақанда қысып ұстасаң тұрады, ал сәл босаңсытсаң саусақ арасынан сауылдайды.

Ой, дүние! Өз жолын, өз бағытын білетін есті екі еркек болса, соның бірі өзіммін деуші еді. Жақсылар жүрген жолды таңдадым, енді сол соқпақ мәңгі сапарласым болады деп сырлы сезіммен ойлап та қоятын. Сабырсыздыққа жаны қас! Дүниеде жек көретіні – дегбірсіздік! Сөйтіп жүріп, сондай сабыркөңілді жанына серік етіп жүріп, елуді де еңсерген екен. Бір-ақ күнде... дегібірінен айрылғаны несі?

Неге фәни деген кеңістікті сабырсыздық сынағына ұрынды?

Осыны өзіде түсіне алар емес.

Елжасты осыған дейін үнемі көңілге дамыл бермес бір ой мазалап жүретін.

Махаббаттың қадірі неге мұнша төмендеп кетті? Неге жастар арасындағы ынтық сезім суып барады? Неге жас жігіттер гүл-гүл жайнаған қыздарды жан сала қорғау орнына, оларды оңды-солды мазақ етеді?

Осындай сауалдар ылғи да дегбірін алып, көңілін кілкілдете беретін. Жақында осыған жауап та тапқан сияқты.

Осының бәрі де қыздардың өз кінәсі ме деді. Қыздар жігітпен қай жағынан да тең болғысы келеді. Өзінің үлпілдеп тұрған нәзіктігін әлсіздік деп ойлайды екен. Сөйтіп, нәзіктігіне намыстанам деп жүріп, қайран қыздар бойындағы ең ізгі қасиетін де біржола жоғалтыпты. Соны түсіне ме бірақ! Әй, түсінейді-ау!

Осындайда есіне түседі. Бұның жастық шағы бір тамашакез екен. Оңан да міне, 25 жыл өтіп кетті. Ол кезде жігіттер де, қыздар да өзгеше болды.Жігіт қолынан ұстаса, соны үлкен мәртебе көріп, ішінен өзін шексіз бақытты санайтын. Қыз бар болғаны ақ белегінен жеңіл ғана сипатқанына риза болатын.

Сол кезде кім қадірлң – қыз қадірлі болғаны рас. Қыз өтініш айтса, жігіт өліп кетсе де орындауға құлышынып тұратын-ды. Ал, содан сұлулық перштесі ұмылды ма? Жоқ, ұтылған жоқ.

Нәзіктік деген нұрлы қасиеті барша сұлулар үшін баға жетпес байлық еді. Оны неге ұнатпады! Неге аяқ асты етті!...

Ең сорақысы – сұлулардың тал бойына жарасатын нәзіктігін жоғалту ғана емес. Тіпті жігіттермен тең боламын деп, әредік асып та түсемін деп талпынуы да емес. Ең сұмдығы – әсем жаратылыстың өз қадірін өзі сезіне алмауы...

Жаратқан ие сыйлаған сұлулықты асыл дүниедей алақанға сала аялау орнына, аяқ асты етуге ұмтылуын қалай түсінуге болады? Елжаса осыған аң-таң. Осы күні қыздардың киім киісі – жігіттердікі секілді. Жүріс-тұрысы жігіттердікі секілді. Сөйлеген сөзі-тағы да жігеттердікі... Кеудесі ғана емес, о, құдай-ай, кіндігі де ашық. Денесінің тең жартысы онсыз да ашық-шашық қызбен құпия махаббат әңгімесінқозғау әсерлі ме? Көз күнәсін өздері-ақ жол ашып беріп отыр. Содан соң не қалады? Нені сөз етуі керек? Әрине, сөзаяғы секс... Танысқан түні бәрі де төсекпен аяқталады.

О, тоба! Қоғам бұзылсын десең, әуелі қыз-келіншегін бұзу керек! Ұлт болашағы құрдымға құлпасын десең, әуелі қатын-қалашын қисық жолға салу керек!

Елжас осыны ойлаушы еді, осылдан қорқып жүруші еді...

Бір күні қазық болды.

Театрда бір қызбен таныстым. Аяқ астынан көңілге шуақ құяр келелі әңгіме өрбіді. Онымен сөйлескен себебі – мына қыз басқаларға мүлде ұқсамайды. Киім киісі де, жүріс-тұрысы да бөлек. Сөзі де өзінікі.

Елжасты ең алдымен қыздың сөзі қызықтырды. Нені айтса да нықтап, нанымды етіп түйеді. Дауласуға себеп қалдырмайды.

Сосын әңгімеге тартты.

- Тұрмысқа шықтың ба? – деп сұрады одан.

- Жоқ, аға!

- Е, неге!

- Жігіт жоқ!

- Жігіт қаптап жүр ғой.

- Олар көңіл деңгейіне көтеріле алмағандар. Бәрі де өмірді өз деңгейімен өлшейді.

- Енді замандасың солар ғой. Сосын да бәріне көну керек.

- Білмеймін. Мен көне алмайтын сияқтымын.

- Онда жалғыз қаласың.

- Мейлі.Жалғыз болсам, болайын. Жалғыздық қасірет емес...

- Олай деме, қарындасым! Үмітсіз шайтан...

- Әрине, үміт үзбеймін ғой! Бірақ... күдігім басым.

- Жасың нешеде?

- жиырма бестемін.

- Аһ, жиырма бес! Қайран, қылшылдаған жас!... Арман жас!...

Елжас кішкене тыныстап, ойланып тұрды да:

- Саған өлең оқып берейін бе? – деді.

- Оқыңыз! Тыңдауға әзірмін, - деді қыз.

- Бір ақын былай деп жазады:

Аяуылым,сен де оған болшы құмар,

Болшы құмар, көзіңнен аршы мұнар.

Жиырма бесте ең биік адалдық пен

Жиырма бесте ең биік ар шыңы бар...

Әні, байқайсың ба, жиырма бес-ең бір асыл, ең бір қимас жас. Ол романтикаға толы кез ғой, шіркін...

- Ол, ол сіздің жастық шағыңыз шығар. Біздікі соншалық қызық емес.

- Оны қызық ете алмай отырған өздерің емес пе!

- Қайдам-м!.. – Қыз иығын қиқаң еткізді.

Әңгіме осымен бітіп, ол екеуі екі жаққа кетіп еді.

Арада бір ай өткенде әлгі қызбен тағы да жолығып қалды. Тағы да теартда жолықты.

Әңгімені бірден Елжастың өзі бастап әкетті.

- Тұрмысқа шықың ба?

- Жоқ, аға! Жігіт жоқ.

- Ә-ә, өз көңіліңнің деңгейі... Солай ғой?

- Осы күнгі жігіттер өте дөрекі.

- Сонда қалай?

- Сөйлеген сөзі көрекі, істеген ісі дөрекі. Аузына не түссе, соны айта салады.

- Мүмкін, әдейі айтатын шығар. Сынағаны болар. Жақын араласқан соң, ішкі сырын ашпай ма!

- Жақын араласа да алмаймын. Сөздің соңы секс! Өсек соңы-төсек..

- О, онда қиын екен... – деді Елжас. – Ал, біздің жас кезіміз қандай еді. Ойлаудың өзі бір бақыт...

- Щіркін, сіздің заманыңызда неге дүниеге келмедім екен! – деп, қыз армандап кетті.

- Ал, солай болғанда не істер едің?

- Шын өмір сүрер едім.

- Қазір өтірік өмір сүріп жүрсің бе?

- Солай деуге де болады.

Одан соң да жарты жылдай уақыт өтіп кетті.

Бір жолы әлгі қыз тағы да кездесті. Орталық концерт залында...

Елжас ыңғайланып, сұрақ берсекші болып еді, қыз оның алдын орады.

- Сұрамай-ақ қойыңыз, еш өзгеріс жоқ.

- Ойпырмай, саған қиын екен.

- Қиын түкте жоқ. Жалғыздықта да тілмен айтып болмайтын бақыт болады. Оны көретін көкірек көзі керек.

- Әрине, болады. Алайда...

- Сізді түсінемін. Артыңда ұрпақ қалдыру керек дейміз ғой. Сәбидікөрінеген еркектен емес, өзім сүйген еркектен сүю ғана бақыт.

- Енді нағыз сүйетін, сүйгеніңді табатын уақыттарың емес пе?

- Солай солай. Бірақ, бүгінгі қоғамда шын жігіт жоқ! Жігіт орнына – мігіт...

- Дегенмен қу шөппен ауыз сүртуге бола ма? Бар шығар.

- Бар болар. Бірақ өте аз. Бізге жете ме, жетпей ме...

- Ой, қарындасым-ай, саған ауыр екен.

- Түкте ауыр емес. Өмір сүруге болады.

Елжас бұдан әрі не дерін білмей тоқтап қалып еді, енді сөз тізгінін қыздың өзі алды.

- Елу деген жақсы шығар,ә? – деді. Назбен айтты.

- Елу деймісің? Қызығы да бар, шыжығы да бар.

- Оны қалай түсінеміз?

- Ол ұзақ-қ әңгіме.

- Айтыңыз. Мен тыңдайын.

- Жоқ. Келесі жолы. Тағы бірде.

- Келесі кездесуді асыға күтіп жүретін болдым-ау! – деп қыз қамықты. – Неге кісіні келер күндерге ынтықтырып қойғанды жақсы көресің,а!...

Елжас мұнан кейін де сол қызбен әлденеше рет жолықты. Әдейі іздеген кезі жоқ, алайда үнемі кездесе кетеді. Әрбір кездесу екеуін бірте-бірте жақындатып жібергендей. Табыстыра түскендей.

Кездескен сайын байқайды, сауалды бұл емес, қыз қояды. Оған бұның елу жасы қызық сияқты. Елуді салмақтағалы, салиқалылықты сүйсіне тыңдайды. Айта түссе дейді.

Тағы бір жолы – қыз неге екені белгісіз, бүгінгі гендерлік саясат бағытына сөз арнасын аударды. Елжас сөз еткісі келмесе де, еркіне қоймады.

- Қазір әйелдер неге билікке құмар? – деп сұрады.

- Онда тұрған не бар! Әйел де қоғамнан өз орнын іздеуге толық құқылы.

- Оның орны тек биікте ме екен?

- Барлық жерде. Соның ішінде – билік те бөтен емес. Қыз басын шайқады. Сосын кішкене кідіріп барып:

- Әлі осы үшін әйелдер емес, еркектер өкінетін болады, - деді.

Елжас оның сөзін түсінген жоқ.

Тағы бір кездесуде сол әңгіме жалғасып жүре берді.

- Гендерлік саясат өте дұрыс, - деді Елжас. – Бойында жалыны, жүрегінде оты бар қыз-келіншектер осы күнгі қоғамда өз орнын тауып жатса нұр үстіне нұр...

- Өз орны деген не? – деді қыз. – Әйел орны біржола айқындап алатын заманға жеткен жоқпыз ба?

- Ал?...

- Ал болғанда... Еркектің аты – еркек. Әйелдің аты – әйел. Әркім өз орнын білсе ғой.

- Сонда әйелдің орны баяғыша от басы, ошақ қасы демексің бе?

- Ол ғана емес.

- Ал?

- Ол ғана емес, онда да басқа орны бар. Айталық, әйелбилікке ұмтылғаннан гөрі неге бала тәрбиесіне біржол бет бұрмайды! Мұсылман әйелдердің бас еркіндігі, жан-дүние еркіндігі бәріне қымбат.

- Оны қалай түсінеміз?

- Әйел – отбасының жылуы. Ол ең алдымен, өзінің жарын жан-тәнімен сүюі шарт. Оны құрметтеуі шарт. Сосын... бала табуы керек. Сосын.. сол бала дұрыс тәрбиелеуі керек. Әрбір әйел мына керең қоғамға кем дегенде үш тәртіпті, тәрбиелі, әдепті, ақылды ұрпақ тәрбиелеп, азамат етіп қосса,ол үлкен ерлік.

- Ә-ә, - деп күлді Елжас осы жолы қызды қылдай жерден ұстап алғандай. – Өзің өзіңе қарсы шығып отырсың! Бұл қалай?...

- Неге өзіме-өзім қарсы шығармын. Бұл-менің ішкі ойым. Талайдан бергі өз ойым...

- Жоқ, олай емес, - деді Елжас. – Сен бұл ойға кеш оралыпсың. Егер сен баяғыда осылай ойласаң, ертеден тұрмыс құрар едің. Алдымен өзіңнен басар едің...

Қыз сонда да жеңілгісі келмеді.

- Мәселе мен емес, - деді ол. – Мен біреумін. Әңгіме біреу туралы емес, көп туралы...

- Көп деген сен секілді жалқы қыздардан құралмай ма?

- Менің әу баста өз мақсатым болды, - деді қыз. – Әуелі соған қол жеткізіп алайын дедім.

Елжас қыз намысын одан бетер қамшылады.

- Өмір деген сол мақсат пен отбасы бақытын қатар алып жрумен әсем ғой, - деді. – Бірін-бірі толықтырмай ма! Біріне-бірі тірек болмай ма!

Елжас пен қыздың ой тайталасы тағы бір жаңа баспалдаққа бастады...

Қыз бірте-бірте ашылды. Енді ішке бүгіп жүрген жан сырын айтатын болды.

- Мен де сүйгем, - деді қыз. – Ғашықтық отына күйіп-жанып, талай түндержі азаппен өткергем. Алайда...оны сезген жоқ.

- Кім? Кім сезбеді! – деп Елжас қызыға ынтыға түсті.

- Біреу ғой.

- Аты бар ма? Кім ол?

- Енді, бәрібір емес пе?

- Жоқ! Олай деме. Сен шын жақсы көрген болсаң, оны неге ұмытуың керек?

- Ұмытпағанда қайтем! Ол өз теңін тапты. Ал, мен...

Елжас қызды қайрады.

- Кейде қыз өз бақыты үшін күресуі де қажет. Өмір-майдан...

Қыз мұңая тіл қатты.

- Өзің сүйгенді емес, өзіңді сүйгенді іздеген абзал. Мен сезім алдында алданыппын. Сосын да сүрініп кеттім...

- Елу жас туралы айтпадыңыз ғой, - деді қыз. – Кейінірек айтам деп едіңіз...

- Е, оның несін айтайын. Елу деген екі жиырма бес.. Сосын қызық бола ма?

Елжас аз-кем күлімсіреді де:

- Мен саған бір жол өлеңіноқып берейін бе? – деді.

- Оқыңызшы, - деп қиылды қыз да.

- Қадыр ақын былай дейді:

Мынау сенің күн дидарлы елуің,

Елу емес, жүзді екіге бөлуің.

Елу емес, сол елуді қақ жарып,

Екінші рет жиырма беске кеуің...

Қыз жас балаша сықылықтап күліп жіберді де:

- Әні, көреміз бе! – деді. – Сіз екінші рет жиырма беске келісіз. Демек...

Елжас оның сөзін бөлді.

- Е, - деді ол. – Бұл өлең ғой. Ақын тіліндегі тәтті сөз ғой. Әйтпесе, елу жас бір асу емес пе! Бұл кездегі кісі арғы-бергіні еске алып, барынща ойлана бастайды. Ойланбасыңа қоймайды.

- Жиырма бесте кісі әлі де лапылдақ сезімге оп-оңай еріп кете алады. Ал, енді елу жаста ақыл тоқтату тылсымы бойды баурай бастайды. Соны айтпақсыз ба?

- Міне, ең үлкен қайғы сонда, - деді Елжас. – Ақыл тоқтатқан сайын ішінде өкініш оты жаздайды, Көп нәрсеге үлгере алмағаныңды, талай нәрсені бітіре алмағаныңды түсінесің. «Шіркін, жас кез қайта оралар ма еді?» - деп армандайсың.

Қыз айтты:

- Кісі ешқашанда арманға жете алмағаны деседі. Тіпті жүз жасаса да...

Елжас ойлана:

- Ол рас, - деді. – Ешкім бәрібір жете алмайтын арман ғой ол. Десе де «әй, осыны орындауым керек еді» деп аһ ұратының шындық. Онсыз бола ма!

- Елуден кейін де өмір жалсаға бермей ме?

- Жалғасады. Бірақ ол енді алпыс жасқа бет алу ғой. Ал, арғы жағы...

- Ту-у, сіз тым пессимист екенсіз. Бұны қалай байқамағам...

- Мүмкін! Мүмкін-н... Солай да шығар...

2. Жиырма бес жас

Қыздың аты – Қарлығаш.

Өз ойынша, ол заманнан өте кешігіп туған жан. Өзіне салса осыдан 30 жыл, тіпті 40 жыл бұрын тууы керек еді. Шіркін-ай, сол кезде туса, бұл өте бақытты болар ма еді. Иә, бақытты болатын шығар? Жоқ, әлде қателесе ме? Ол кезде де орындағандай, өтірік, өсек, жалғандық...жағаласып жатса ше!...

Қалай деген де ол мына жарық әлемге өте кеш келген ұрпақ сезінеді.

Қарлығаш кей-кейде ойлайды: «Осы мен әуелде құс болып жаратылған шығармын!...»

Тағы да ойлайды: «Жер бетіндегі жұмыр бастыпенделерден гөрі құстармен тіл табысу оңай.»

Сосын тағы да ойлайды: «Шіркін, неге ғана құс болып қалып қоймадым екен!...»

Ол көшеде келе жатып, тал бұтағындағы немесе тротура үстіндегі кішкене құстарды көре қалса болды, тоқтай қалып, солармен тілдескісі келеді. Бұл сөйлейді, құстар шықылықтайды. Бұл тағы да жылы-жылы сөздер айтады, құстар тағы да шықылға басады. Сөйлескендері осы. Бұл құсты түсіне алмай шаршайды. Бәлкім, құстар да бұның не айтып тұрғанын түсіне алмай қиналатын болар. Әлде... олар түсініп жатыр ма? Түсіне алмайтын бұл шығар...

Құс-әлем! Оны өлердец сағынады. Қарлығаш. Бірақ... сағынудан өзге не келеді қолынан! Не істемек!

Сосын амаслсыз жұмыр басты пенделер ортасына оралады.

Тағы да қоңырқай, көңілсіз тірлік басталып жүре береді...

Қыз бала тұрмысқа шығуы керек! Сөзсіз шығу керек!...

Қай кезде де, қай ортада да еститіні осы сөз. Осындай үзілді-кесілді пікір. Неге? Неге тұрмысқа шығуы керек? Тұрмысқа шықпаса, онда өзгенден кем болғаны ма?

Жо-жоқ, жаратылыс заңы қай кезде де пендеге өзүстемдігін жасайтын болғаны ма!.. Тұрмысқа шығу деген – дүниеге ұрпақ әкелуге ұмтылу деген сөз. Бұл одан да гөрі пайдалы, тиімді істі тындыруды ойлап жүрсе ше! Онысына не дейді! Әлде... қайтсең де табиғат заңына тақ тұрып бағынасың дей ме! Сонда кісі еркіндігі деген қайда? Көңіл қалуы ше?... Көңіл түкпіріндегі ой ше!...

Бұл өмір о, тоба, абақты болғаны ма?

Абақты-ғұмыр кімге керек? Кімге тәтті екен ондай өмір-р!...

Қарлығаштың жанын қандай жігіт түсіне алады? Бар ма ондай жігіт!..

Өз қатарларында бұны түсінген бір жан болған емес. Түсінуді айтасыз, бұнымен жөн сөзге келіп, сөйлесті ме екен? Жоқ, сөйлескен жоқ. Сөйлесетін жігіттердің бұл армандағанындай парасаты да болмай тұр.

Парасатсыз ұрпақ қаптап келеді. Қоғам сол парасаты жоқ жандармен ауыра бастады...

Елжасты көргелі бері Қарлығаш өзін сондай бақытты сезіне бастады. Мына сұрықсыздау, есалаң өмірде Елжастай жандар да бар екен-ау! Оның бар болғаны қандай ғанибет!

Түсінде де, өңілде де сол кісіні іздейді. Қайта-қайта көргісі келеді. Жүздессем дейді. Сөйлессем дейді. Сырлассам дейді.

Ал, Елжас болса... қасақана тым сирек кездеседі. Тіпті айлар бойы жоғалтып алатын кездері де бар. Сөйтіп сағынып жүрген кезінде ол бір жарқ ете қалады. Қарлығаш қуанып кетеді. «Ту-у, көрінетін күн бар екен-ау!...»

- Елжас аға! – деп жанына жетіп келеді. – Елжас аға, сіз қайда жоғалып кеттіңіз?

- Жоғалғаны қалай! Мен осы қаладамын.

- Қалада болсаңыз, неге жиі көрінбейсіз? Неге көзге түспейсіз?

- Көрінетін жерде көрініп жүрмін. Бар қазаққа көріну мүмкін емес қой.

- Бар қазаққа емес, маған-н...

Қарлыға ұяла төмен қарайды. Елжас оның ойын енді ғана түсінгендей:

- Е, саған ба! Саған көрінбей жүр екем ғой. Енді... сөзсіз кездесіп тұрамыз. Уадем осы.

Қыз қуанып сала береді.

Сол күні ол өзін өте бақытты сезінді.

Қайда барса да көңілді, шаттықтан ән шырқап, шат-шадыман болып жүреді.

Қарлығаш үшін бұл әлемде Елжас деген кісінің болуы, онымен сырласуы бақытына ие болуы, өте зор қуаныш еді...

«Мына жарық әлемде махаббат бар» деп ойланды Қарлығаш. «Бірақ оны көру үшін керек».

«Ол қандай көз?» деп дауыстады ішкі үн.

«Ондай көздің анықтамасы жоқ. Оны әркім өзінше сезінеді.»

«Е-е» деді ішкі үн. «Осы күнгі жастар мүлдем қияли бола бастапты...»

Ол Елжас ағасымен үнемі ойша сөйлеседі.

- Аға, мен сізді ұнатамын.

- Мен де сені сыйлаймын, қарындасым. Сенің сезім-түйсігің өте терең. Осы үшін қадірлеймін.

- Мен сізді сылап қана қоймаймын, аға! Мен сізді...сүйемін.

- Ол болмайды. Екеуміздің арамызда 25 жыл жатыр.

- Махаббат үшін жас шегі болған емес. Болмауы да керек.

- Жо-оқ, қарындасым! Жас пен кәрі, үлкен мен кіші... деген ұғым жоғалмауы қажет. Онсыз болмайды.

- Ал, махаббат ше! Сонда махаббат зат еңіреп, жетімнің күйін кешіп, босағада қала бере ме? Оны кім есіркейді? Кім мүсіркейді?... Біз, пенделер, неткен қаталмыз! Неткен жүрексізбіз-з...

Қарлығаш өстіп, өзімен-өзі айтысып жатып есін әзер жияды. Сөйтсе, жалғыз өзі. Бөлмеде бөтен ешкім жоқ.

Өз қиялын өзі мазақтап, сықылықтап күліп алады. Ұзақ-қ күледі.

Қарлығаш көп күн ойланып барып, ақыры Елжас ағасына хат жазбаққа бекінді. Бар ойын сол хат арқылы жеткізбек.

«Аға!» деп бастады хатты. «Менің жан сезімімді тек сіз түсінесіз ғой. Сізді сосын да үнемі іздеймін де жүрем. Көшеден де, автобустан да, кинотеатрдан да... Мен сізді неге іздеймін! Неге осынша сарылып іздей берем-м...»

Осы жеге келгенде хат кілт үзілді.

«Жоқ, бұлай жазылмауы керек. Бұл тым қиялилау сияқты. Хат деген салмақты, сабырлы жазылғаны абзал.»

Соны қайтадан жаңа жолдан байстайды.

«Асыл аға!» деп бастайды. «Асыл ағатайым! Сіздей кісіні жаратқан аллаға алғысым шексіз. Сіз мен үшін дүниедегі ең қымбат адамсыз-з...»

Тағы да тоқтайды. Тағы да ұнамайды.

Қарлығаш осы күні Елжасқа арнап он рет хат жазғани шығар. Бірақ, біреуі де ұнаған жоқ. Бәрі де жыртылды.

Ол осы жолы анық түсінді. Мына жарық әлемде жақсы көрген кісіңе арнап хат жазудан қиын, ауыр, азап жұмыс жоқ па деді...

«Кісіні не нәрседе де ұмтылдыратын, алқындыратын асыл сезім – сүйе білу. Сүюсіз өмір-өмір емес. Ондай адамдар бақытсыз. Шексіз бақытсыз-з».

Бұл – Қарлығаштың оңашадағы ойы.

«Сендерді аямайын! Сендер сүю дегенді түсінбейсіңдер. Түсіне алмадыңдар. Сүю деген ол отбасы құру ғана емес. Ол мүлде басқа-а...»

Бұл – Қарлығаштың достарына жазбақ болған хатының алғашқы жолдары.

«Арман аяқталған күні адам да өлді-і...»

Қарлығаш ылғи да күбірлеп, осыны айта береді. Неге айтады, өзі де түсіндейді. Армансыз жан болмайды, әрине. Бірақ сол арман орындалған бойда, кісі бәріне қол сілтеп өлуі керек пе? Бұл не сонда?

Түсінсе бұйрымасын. Осы күні өз ойына өзі қарсы шығатын болып жүр...

3. Келіншек пен Қыз

Қараторғай бүгін Елжасты сөз тергеудің астына алды.

- Осы байқаймын, - деді ол. – Байқаймын, сенің мінезіңде өзгеріс пайда бола бастапты. Бұрынғыдай емессің.

- Сонда қандаймын? – дейді Елжас күле сөйлеп.

- Өзгерген сияқтысың.

- Өзгергені қалай? Жақсы мағынада ма, әлде...

- Жақсы мағынада. Қорықпай-ақ қой, - деп Қапраторғай күліп жіберді. – Өзің біреуге ғашық болып жүрген сияқтысың.

Елжас жұлып алғандай:

- Ғашық болып жүрген мен бе екем! – деп қалды да, тілін тістеді.

Қараторғайғада керегі осы еді, енді тіпті шатынады.

- Иә, сен емес екенсің, сонда кім? – деді. – Кім саған өлердей ғашық болып жүрген?...

- Жоқ, қайдағы ғашық! – деді Елжас. – Сөз ғой әншейін... Елуге толған бізге кім үздігіп-ынтыға қойсын.

- Қайдам! Қайдам-м.!...- деп, Қараторғай сонда да Елжасты қыспақта ұстап тұр. – Елу деген қартаю емес.

- Оны білем ғой, - деді Елжас. – Елуге жеттім екен деп белбеуді босатып, мен де еңсе түсіргім жоқ. Бірақ, ғашық болу дегенің артықтау...

Қараторғай енді тік шабуылды бастады.

- Бір құрбым сені өткен жолы театрда жап-жас қызбен ауыз жабыстырып сөйлесіп тұрғаныңды көріпті ғой,-деді.

- Ол кім еді?

Елжас селк ете қалды.

«Ол қайсысы екен сол сәтті байқап қалған?!»

Сонда да сыртымен сыр бермеген болды.

- Теартда кім кездеспейді! Кіммен сөйлеспейсің?

- Жас қыз неге саған кенедей жабыса қалады?

- Жабыса қалғанын кім көріпті! Кісімен сөйлесуге де болмай ма?

- Ол сөйлесу бұл сөйлесуге ұқсамайды ғой. Мәселе қайда жатыр...

- Жоқ, бұл қиянат! Мен ешқандай қызбен әмпей-жәймпей емеспін.

Осы жерге келгенде Қараторғай күліп жіберді.

- Сонша қатты үрейлендің ғой. Мен ойнап айтып едім. – дегенде Елжас есін әзер жиып, өз-өзіне келді.

«Е, бәсе! Сол қызбен бейілдене сөйлесіп тұрғанымды сол сәтте кім көре қойыпты! Біз оңаша едік қой.»

Осы күндері расымен-ақ өзіне-өзі түсіне алмай бара жатыр. Бұрынғыдай емес, көңілі алабұртулы. Жан дауасы не екенін өзі де сезіне алар емес. Әйтеуір алаң бар.

Осындай сезімді баяғыда, жиырма бес жасында бастан кешіп еді. Ал, мынау деген...

Ақындардың «махаббат жас талғамайды» деп жырлауы тегін болмағаны ма? Жарайды, махаббатта шек жоқ делік. Әйтсе де өз шаңырағың, сүйікті жарың, ұл-қызың бола тұрып біреуді ұнатуға бол ма? Бұл не сонда?

Шынайы сезім тек бір ғана кісіге арналады деуші еді. Ол екі, тіпті үш адамға бөлінсе, онда не болғаны? Оны қандай махаббат дейміз?

Елжас оңаша сәттерде өз түйсігіне өзі қарсы шығып, ойша айтысып кететін болып жүр.

«Баяғыда ата-бабаларымыз бір емес, екі-үш әйел алған. Сонша шүйкебастың бәрімен де тату-тәтті тіршілік құрған. Бәрін де жан-тәнімен,беріле сүйе алған. Жақсы, көргенді ұл-қыздарды дүниеге әкеліп, олар да өз кезегінде тату-тәтті өмір кешкен» дейді бір ойы.

«Олардың бәрі де шын бақытты болғанын сен бейбақ қайдан білесің? «Екі қатын алғанның дауы үйінде» дегенді білмеушіме ең. Соған да ақылың жетпегені ме?» - дейді тағы бір ой.

«Сезімнің шексіздігі өтірік пе? Оны ауыздықтауға,тұзақтап ұстауға бола ма? Ол деген өзіңе-өзің қиянат ету ғой. Пенде фәни дүниеге тұзақталу үшін келмейді ғой. Пенде – жер бетінде еркін өмір кешуі керек. Демек, сүю еркіндігі де шектеулі емес...»

«Еркіндік деген еркінсу емес. Еркін ойлау бар да, ойланып іс-әрекет ету тағы бар. Сүю де солай. Ақыл-парасатқа бағынбаған іс-түбі опық жегізеді...»

«Ал, сонда... сонда еркін жүрек, сүюге құштар жүрек не істемек! Адамның бәрі бірдей емес. Оның бәріне де бір қалыпқа салып, бір қорапқа қамап қоюға бол ма!...

Қараторғай оңаша сәттерде ойлайтын еді.

«Еркектердің махаббаты мәңгі емес. Тұрақсыз. Өйткені олар бір сұлуды тіпті жүз сұлуды көрсе де сұқтанбай,сүйсінбей тұра алмайды. Өмірдегі ең тұрақты махаббат әйел затында ғана».

Елжас ойлаушы еді.

«Мен мына тірлікте тек қана Қараторғайды сүйемін. Басқаны сүюім мүмкін емес. Сөзім де, сертім де осы болуы керек еді. Ал, қазір... неге.

«Аға,сіз неге маған сонша салқынсыз? Жазығым – сізді құрметте, алдыңыздан құлдық ұрғаным ба?»

«Жо-жоқ, айналайын, неге салұын болайын. Ол сенің ойың ғой. Әтпесе...»

«Ендеше, неге менімен сөйлесуден қашқақтайсыз? Мені көре тұрып, көрмеген болып кете барасыз?...»

«Мен әдейі істеймеймін. Байқамай қалған болармын.»

«Сіз байқадыңыз. Көрдіңіз мені. Сөйте тұра, бұрылып жүре бердіңіз.»

«Шырағым-ай, көңіліңе қаяу түсіріп алыппын-ау! Ондай ой басымда болған емес. Шынымен байқамағанмын ғой..Болмаса бұрылмаймын ба! Сөйлеспеймін бе өзіңмен...»

«Сіз өтірік айтасыз! Мені ғана емес , өзіңізді де алдап тұрсыз. Бұл – ең жаман қасиет. Әсіресе, ер адам үшін...»

«Айналайын-ай, не дейін саған! Не деп жұбатайын жаралы көңіліңді! Мен бейбақ... мен екі оттың ортасындағы көбелек-к...»

Ол оянып кетеді. Сөйтсе түсі екен. Бағаналы бері бұны ар сотана салыа азаптанғае көрініс – бар болғаны түсі.

Елжас еріксіз жымиып алды.

Екі жүзді-і!..

Егер еркек бір қызды ғана емес, екі қызды қатар жақсы көрсе, онда ол елдің алдында екіжүзді болғаны ма? Сүю сезімінің қатып қалған қағидасы бар ма? Бар болса, ол қандай?

Соңғы күндері Елжастың еңсесін түсіріп, түн баласына ұйқысын бұзған бір сезім сұлбасы осыған саяды. Өзі ойлағысы да жоқ.

«Осындай қияли ойдың маған неменеге керегі бар» деп, ішкі сезімін тұзақтап та көрді. Жоқ, бәрібір айналып соғып, оқтын-оқтын мазалай береді.

Ең қиыны – бұл өзі ешкіммен ешқашан бөлісе алмайтын ішкі қиял. Іңкәр қиял. Өзгеге айттың-ақ, ол өзінің мөлдірлігін жоғалтады. Тәттілігінен айрылады.

Ой, шіркін-ай! Тәтті ойлар неге жалғыздықты қалайды екен!

4. Арман арпалыс

Ақыл деген немене?

Ол, әсілі, көңілді сабырға шақыру һәм өзіңне-өзің жез ноқта кигізу. «Былай жүрсең-дұрыс, былай жүрсең-бұрыс»деп әлдеқайдан құлағыңа біреу сыбырлап тұрғандай, үнемі өзіңді бақылауда ұстау. Өзін-өзі қай жағынан да мықтап ұстап, үнемі бақылауды жоғалтпаған пенде-ақылды адам.

Сезім деген немене?

Ол, әсілі, жан дүниесіндегі қылдай нәзік үнге құлақ асып, бойыңа еркіндік беру һәм ойыңа тұзақ салмау. Өз көңіліңе ұнайтын істі істеп, артынан не болар екен деп күдіктенбей, рахат әлемді сезіну. Міне, өстіп өмір кешкен, осылай қаймықпай қадам басқан пенде-еркін адам.

Оны бірақ мына қоғам еркін адам демейді, ессіз адам дейді.

«Уа, мен сонда кіммін!» деп жанайқай күйге түсті Елжас.

«Мен кіммін-н!»

«Махаббат бар ма, аға?» деп сұрады Қарлығаш. «Сіз орта жасқа келдіңіз ғой, сіз айтыңызшы!...»

«Оны кім біліпті, қарағым» деді Елжас. «Оны кім біліпті! Махаббат деген ең асыл сезім ғой, оны сезініп – түсіну үшін аса байқампаз адам болып туу керек шығар.»

«Жоқ, сіз жауаптан жалтарып отырсыз» деді. Қарлығаш. «Махаббат жайын сіз білмесеңіз, енді кім біледі. Есею, ақыл тоқтату жасындасыз. Сіз қазір қандай нәрсеге де батыл әрі шын баға бере алатын жансыз».

«Ой, шырағым-ац, ақыл деген жасқа қарай ма екен! Алпыстағы шал болады, ақылы жас жігіттен аспайды. Жиырмадағы жігіт болады, ақылымен дүйім елді аузына қаратады.»

«Мен білсе, - деді Қарлығаш. – Пенде өмір сүрген ортада сүю-күю деген мәңгі болады. Ынтығу, құштар болу – сізімнің шығуы. Ендеше, махаббат неге болмасын...»

«Махаббат жер бетінде мүлде жоқ дегендерге сенбе!» деді Елжас. «Оны айтатындар - махаббатта жолы болмағандар».

«Е, осылай демейсіз бе! Енді-енді өз бейнеңізді тауып,шын сөзге ауысып келесіз. Махаббатты сіз білмесеңіз-з...» Бұл - Қарлығаштың сөзі.

«Қарағым-ай, ағаңды тым қинап жібердің ғой. Сүю-күю біздің де басатн өтті ғой. Онсыз өмір бола ма! Онсыз тірлік бола ма! Ал, бірақ... махаббаттың орны өзге. Ол... жалын ғой, от қой-й...» Бұны Елжас.

Елжас аалғашында мүлде махаббат туралы ойлаған жоқ, ол бар болғаны бір жас қызды кездестірді. Оның ішкі әлемінде не бар деп қызыға-ынтыға ұмтылып еді. Сол қызығушылық оны бірте-бірте құрдым атты әлемге сүйреп әкетті. Ол-сезім құрдымы болатын. Енді сол құрдымнан шыға алмай әлек.

«Маған не болған осы!» деп ойлайды оңашада. «Осынша сезім сергелдеңіне түсе беретіндей не болды сонша! Жас та емеспін, ақыл тоқтатпаған албырт та емеспін, ау, мұнымне менің! Менің тап осылай жан сергелдеңіне түсуіме жөн болсын...»

Осылай ойланады да, өзіне-өзі басу айтқан болады. Сап-сап, көңілім дейді, Бірақ, сабасына түсер көңіл жоқ. Күн өткен сайын өрекпіп, жанын қоярға жер таптырар емес.

«Бұл не өзі? Әлде... махаббат деген осы ма? О-о, ол бар болса, баяғыда... жиырма жасында неге басында ойнақ салмады! Неге Қараторғаймен танысып жүрген кезінде жүрегін дүрсілдетеді.! Сол күндерде бұл өзін ғашық болдым деп ойлаған. Жер бетінде өзі үшін Қараторғайдан артық жан жоқ деп ойлаған. Ойлап қана қоймадым, сол сезімге бас ұрды. Қараторғайға жан сырын ашты. Мәңігілік жар етуге көндірді. Ал, содан соң... Содан соң...

Міне, жиырма бес жыл болды, екеуі тату-тәтті өмір кешіп келеді. Ұл-қыз өсірді, Жақсы отбасы, жарасты жанұя екенін де өзгелер мойындады. Бірақ...

Бүгінгі көңіл-күйді түсіне алмай-ақ түсіне алмай-ақ қойғаны. Елуден аса бере осындай жан-дүние сегелдеңіне тап болармын деп ойлап па! Бұл не сергелдең? Түсіне алар емес.

Қарлығаш жататын бөлменің терезесінің алдына осы бір Ала торғайдың пайда болғанына да көп күн болды. Таңертең ертемен шықылықтап оятады. Шықылықтап, төсестен тұрғызады. Бұл жуынуға кеткен кезде ол да ғайып болады. Сосын да Қарлығаш оянып алып, керіліп-созылып, ұзақ-қ жатады. Әдемі Ала торғаймен қоштасқысы келмейді.

Оның дауысы қандай әсем! Әндей әуезді! Қарлығаш сол әуенді қатты ұнатады. Әттең, қүстар тілін білер ме еді. Білсе ғой, шіркін...

«Кіп-кішкентай досым менің!» деп ойлар еді Қарлығаш. «Сен де мына дүниеде жалғызсың-ау. Серігің қайда? Сыңарың қайда? Ә-ә, сыңарың болса, сен бүйтіп менің тереземнің алдында телмірер ме едің. Жалғыз екенсің ғой,жарығым-м...» Неге екені белгісіз, осы жалғыздық туралы ойласа болды, Қарлығаштың ішкі әлемі өртеніп сала береді.

Кей күндері жаңағы Ала торғай терезе алдына отырып алады да, әдемі әніне басады. Тоқтаусыз әндетеді. Даусы қандай!Жаныңды тербеп, қозғайды. Қайдағы-жайдағыларға жетелейді.

Қыз ойша сол Ала торғаймен тілдеседі.

«Неге мұңлы ән саласың, Ана торғай! Сенің де жаның жаралы ма? Әлдекімді аңсайсың ба? Сағынасың ба? Зарыға күтесің бе?»

«Енді... әніммен-ақ байқамайсың ба!» дейді бір үн. «Сосынд да сезбейсің бе! Мен... жалғызбын ғой».

«Иә, түсінемін» деп ойлайды қыз. «Сен... жалғызсың.Мен секілдісің. Бірақ... менің қайғым басқа ғой. Менің жан жан азабымды сен ұғармысың-ң....»

«О-о, нге ұпаймын! Ұғамын оны. Оны сүю дейді, махаббат дейді. Ал, махаббат азабы – сезім азабы. Сезімазабы – рахат азабы...»

«Сен солай ойлайсың! Ал, иен үшін... сезім сергелдеңі іспетті бірдеңе! Осы күні өзімді-өзім түсіне алмай барам. Қайтем енді...»

Үн қайта естіледі. Қараса – Ала торғай ұшып бар жатады.

5. Ең ұзақ сағыныш

Қыз ойлана: « Осы мен Елжас ағатайымның басын текке қатырып жүрмін. Осыны қою керек шығар. Бірақ, қалай қоям? Қайтіп-п...»

Елжас ойлады: «Осы қызды маған қай құдай кездестірді екен. Тып-тыныщ өмірім астаң-кестең болды ғой. Өмір емес, көңілім... Көл-көсір, еркіме бағынбай бара жатқан асау сезімді қайтем енді...»

Бүгін сол қызбен жолығып тұрып, кесімді, жоқ шешімді сөзін айтпақ болған. «Сен жассың, бағың жанады әлі, өзіңе лайық қатарыңды табасың» демекші еді.

Қызы көрген сәтте тағы да сол баяғы күйгелек күйге түсті. Ішкі әлемі сапырылысып ала жөнелді.

Қызға айтты:

- Сен әдемісің!

Қыз айтты:

- Сіз жігіттің сұлтанысыз!

- Жоқ, біз деген жігіттің ауылына ауып бара жатқан жастығымыз, - деді. – Сен... әлі балғынсың. Балаусасың!

- Елу жас ер азаматтың гүлдейтін жасы, - деді қыз. – Сіз...гүлдеп келесіз.

- Жиырма бестей қайдан болсын! Қайран, жиырма бес!...

- Екеуі ұқсас, - деді қыз. – Жиырма бес – ақыл тоқтату болса, елу – ақыл толтыру...

- Ә, жоқ, - деді Елжас күле түсіп. – Ақылды тоқтата бастау әлі де жастықтың ұзап кете қоймағанын аңғарта алады. Ал, ақылды толысуы – жас өмірдің көңілден ұзай бастауы деген сөз.

Екінші жолы кездескенде Қарлығаш көптен бүгіп жүрген өз ойын ашық айтпақ боп, ынтыға тілге келді.

- Сіз неге жалқы болып жаратылдыңыз екен! Неге сіздей еркек жер бетінде көп емес екен?...

- О-о, - деп күлді Елжас. – Мендей еркек көп қой. Оны көре білу керек. Асып бара жатқан қай қасиетіміз бар!

- Жоқ, сіз жер бетінде жалғыз боларсыз, - деді қыз. – Мен соны соңғы күндері іштей түсініп жүрмін. Жүрегім сезеді.

- Ол шындыққа жанаспайды. Жер бетінде мені он орап алатын, менен әлдеқайда асып түсетін мықты еркектер қаптап жүр. Біз, өкінішке орай, ондай бола алмадық.

- Сіз болдыңыз! Сіз... жеңімпазсыз!

- Жете алмағаным көп.

- Жеткеніңіз де аз емес. Ал, арман деген ешқашан аяқталмайды. Ол – ақиқат.

«Біз осылай бір-бірімізді іздеп, бірімізге-біріміз ынтығып қанша жыл өмір сүрер екенбіз? Оның ғұмыры қанша?» деп ойланар еді Қарлығаш. «Ол мәңгілік бола ала ма?...»

Тағы да ойлайды.

«Адамның сүюі мен сағынышы соншалық шексіз болар деп кім ойлаған! Адам сосын да адам ғой..»

Содан кейін тағыда ойлайды.

«Жер берінде кісінің кісіні сүюінен, сағынуынанғ ынтыға өмір кешуінен өткен бақыт жоқ!...»

«Сені де азапқа салдым-ау Қаралығаш! Мен өзі жігерсіз еркекпін. Сенің шын сезіміңді сезіне тұрып, тиісті жауап қата ламауым қандай аянышты!»

«Жоқ, сіз маған әрдайым жауап қатып жүрсіз. Мен оны жүрекпен сезіне алам!»

«Ол дұрыс қой. Алайда әр нәрсенің аяғы болушы еді. Мен саған «шешім қабылдауымыз қажет» деуім керек еді».

«Ол қандай шешім?..

«Енді ... бас қосамыз ба деп...»

«Ол аса тәуір шешім емес. Бас қосу-жүректің терең түкпіріндегі ең тәтті сезімді суытып алу! Бас біріктіру-бар сезім бақытынан айыру. Сосын да бұл сөзіңізді құптаймын. Біздің сезім мәңгі әдемі, мәңгі нәзік, мәңгі сұлу қалпында қалуы үшін ең ұзақ-қ сағынышқа айналуы керек-к...»

Қыз оянып кетеді. Бұл-түсі екен. Түсі болмаса да, ойдағы қиын түйінге оп-оңай жауап тауып бергендей.

Қыз мұңайып отыр.

Әлгіндегі түс елесі де бойын дел-сал етіп, өзіне-өзі келе алар емес.

«Осы түс деген түлкінің боғы дейтіндер кім екен?! Жо-жоқ, түс деген ішкі ой-сезім сәулесі, соның бөлінбес бір сыңары-ы... Біз, пенделер, түс тылсымын әлі күнге түсіне алмай келе жатқанымызды мойындауға тиіспіз-з...»

Елжас жүріп келе жатыр. Бойы дел-сал. Кеудесін әлдене қаусырмалап, сығымдап қысатын тәрізді.

«Мен еркек емеспін! Мен елу жыл бойы еш нәрсенің мәнісіне түсінбей, босқа өмір сүрген еркекпін. Дәлірек айтқанда шын еркектерше өмір сүре алмаппын.Өзім жасай алмайтын ерлікті жұдырықтай қыз жасады...»

Адымдаған сайын аяғы ауырлай түскендей. Әрбір адымы енді зіл батпан. Бәтеңкесі бірте-бірте солдаттың ап-ауыр етігіне ұқсап барады.

«Ойбай-ау, жаны таңғы шықтйа пәк, саф ауадай таза қызды қадірлеп, алақанға салатын-ақ жөнім бар еді. Оның орнына жымысқы сасық қулыққа салып, әрі тартып, бері тартқа ұластырдым. Қыз мұны бүсінбеді деймісің! Астарын ұқпады деймісің! Кесімін де, шешімінде өзі айтпады ма!»

Ол жүріп келе жатып кілт тоқтады. Аспанға қарады. Аспан осы жолы тым-м алыстап кеткендей көрінді Көз жетпеске...

«Адамның бақыты – ең ұзақ сағынышпен бағаланады деді ме! Солай болса, солай шығар! Елу жыл өмір сүріп, талайлармен табақтас бола жүріп, соны да түсінбеген екенмін ғой...»

Аспан ендібір сәтте дереу төмен қарай құлдилап, бұған қарай төне түсіп, тым жақындап қалғандай болды. Жо-жоқ, аспан емес екен. Бұл-бұлттар ғой. Түйіліп келе жатқан қоп-қою қара бұлт...

Ол туралы ода
(күнделік-әңгіме)
Тізгін босатар
(күнделікке кіріспе)

Бұл – менің күнделігім!

Сіз кімсіз дейсіз бе? Мен ед сіз секілді кәдімгі кісімін. Ептеп сөз өнеріне қызығатыным бар. Атағың бар ма дейсіз бе? Жоқ, атақ алуға ұмтылған емеспін. Атақ сұрайтындай аты жер жарған жазушы да, журналисте емеспін. Мен өз шамама қараймай, өнер десе ішкен асын жерге қоятын қарапайым адаммын. Ептеп жазғандарымды жариялатып та қоямын. Бірақ... өз атымнан емес. Бүркеншік есіммен. Оны сіз ара-тұра оқыған да шығарсыз. Ал, мына жазбалар – күнделік деуге болатын дүние. Күнделік болғанда...

Кейбіреулер, иә менің бір қатар замандастарым әр күнін, әр сағатын, тіпті әр минутын да елеп-ескеріп, соны тізбелеп жазып жүреді. Өзі үшін бе, жоқ өзгелер үшін бе – ол жағын ойламаппын. Мүмкін, ол да дұрыс шығар. Мүмкін, ол да оңды шаруа болар. Ал, мен.. ондай күнделік жазуға о бастан жоқ кісімін. Баяғыдан, жас күннен сондаймын. Алайда, тірі пенде болған соң, жүре келе, бәрін де көре келе, әйтеуір айналаңда болып жатқан оқиғаларды, оның болу себептерін (әсіресе сол оқиғаларды қолдан жасайтын кейбір тамыр-таныстарың жайлы) жазғың келе бастадй екен. Өзге үшін емес, өзің үшін. Өз көңіліңді өзің жқбату үшін бе, бәлкім! Әйтеуір, сол тектес бірнеңе...

Бұл сонымен, менің күнделік-ойларым.

Бұл жазбалардан әлдебір жанр іздеп, атын атап, түсін түстеуге мен де құлықсызбын, сіз де сол үшін көп бас қатырмай-ақ қойыңыз. Бұл, кәдімгі күнделік делік, тіпті әдебилендіріп айқымыз келсе, күнделік-әңгіме дей салалық.

Сонымен, оқырманым, мен бұл күнделік жазбаларды бүгін ғана, яғни жасым қырықтан асқан кезде бастадым. Күнделіктің бас кейіпкері өзім және Ол. Ал қалғандары...Солардың атын атап, түсін түстемей-ақ қоялық. Олар, бірақ, өте көп. Біріне бірі ұқсамайды. Сосын да мен оларды Тапал, Жалпақ, Ұзын, Жирен, Мұртты... деп жазып отыратын болам.

Алда-жалда, оқырманым, солардың арасынан өзіңізге өте жақын таныс бейнесін тауып алып, соған қиналып жатсаңыз, ол үшін маған өкпелемеңіз. Бұл бар болғаны күнделік қой...

Бірінші дәптер

Ол және «Достар»

Ол кім? Ол – менің сырласым. Ол – менің тағдырласым. Ол- менің мәңгі бірге сыңарым.

Ол, тіпті, дос та емес, кей-кейде тайталасып. Ой сайысына да, сөз сайысына да түсе беретін қарсылас. Қысқас, Ол – менің тағдыр қосқан екінші елесім. Мен оның әлі талай-талай ойталасына түсе беретінім айғақ. Кеудемде жаным барда...

Ол айтады маған:

- Сен айналаңа сергек қара. Дос кім, дұшап кім – соны ажырата біл, - деді.

- Мен сонда дос пен дұшпанды ажырата білмейтін ақымақпын ба?

- Жоқ, ақымақ емессің. Бірақ аңқаулығың бар. Тіпті, ащырақ айтсам – аңқаулығың басымдау...

- Аңқаулық – ақымақтық емес.

- Рас, аңқау адам – жаман адам болмайды. Алайда, аңқау кісі өмірде ылғи да есе жібереді. Өзіне тиесіліні де ала алмайды.

- Бұйырмаса не істейсің?

- Жоқ, кейде бұйырып тұрғаннан да айырылып қаласың.

- Ім-да!...

Ол маған «сен айналаңдағы аралас-құралас кісілер туралы үнемі ойланып жүруің керек» дейді. Қайта-қайта айтады. Сосын ойлана бастады.

Мен соңғы күндері Тапал туралы көп ойлайтын болып жүрмін. Тапал кім? Қандай кісі? Құдай-ау, мен оны талай уақыттан бері білемін ғой. Танимын ғой. Ол туралы бәріне де бес саусақтай білем деп жүрсем, түк те білмейтін болғаным ба? Өмір деген қандай күрделі. Білем дейсің, бірақ жеме-жемде түк те білмейсің. Солай.

- Тапал!

Шіркін-ай, оның ішкі ой әлеміне бі-ақ рет сүңгіп шығар ма еді! Неткен қиын адам! Неткен ішкі дүниесінің қатпары көп жан! Ал, бірақ... оны түкке алғысыз біреу деген бол ма? Жаман адам ба? Онда дәлелде. Ол не үшін жаман? Неліктен жаман дейсің? Жо-жоқ, оны жаман деп айту үшін әуелі он ойланып, жүз толғауың керек. Өйткені, оның сондай адам екенін дәлелдеу өте қиын.

Тапал сонда жақсы адам ба? Қайдам-м... Бұл да екі ұшты нәрсе. Жақсы адамдар ондай болмайды. Жақсы, ол, жақсы ғой... Оның жақсы келбеті, жақсы ісі, жақсы сөзі... алыстанмен мұңаламай ма? Ал, бұның тірлігі... түсініксіздеу.

Мен Тапал туралы ойлап-ойлап келіп, енді бір уақыт соның өзі болып сөйлегім келеді. Әрине, бұл да күбіктілеу. Өйткен, Тапал мен емес. Мен ол бола алмаймын. Ал, Тапал... Мейлі, бір мезет соның өзі болып толғанып-ақ көрейінші.

... Көктем кешікті. Тапал соны ойлады. Неге екені белгісіз, ол үшін осы жылы көктем қатты кешіккен секілді. Тіпті биыл көктем келмейтіндей. Қыс қажыттыма екен?... (Қысты да ұнатпайтындар бар.)

Әйтеуір көктемді ұнатады. Тіршіліктің тірілетін уақыты оған қатты әсер етеді. Ал, күз... денесін тітіркендіреді. ОЛ – табиғаттың өліп бара жататын сәті...

Тапал адам баласына сенбейді. Содан да болар, онда дос жоқ. Жәй, жұмыс бабымен араласатындар болмаса, жан қиысар жан жоқ қасында. Оны өзі де армандаған емес. Бұл фәниде шын достық болады дегенге сенбейді, сенгісі де келмейді. Жер бетіне жайлаған – тек сатқындық... Сондықтан өзіне-өзі сақ. Айналасындағылардың бәріне де күдікпен қарайды. Сене бермейді.

Кейде... біреулерге жақсылық жасағысы келеді. Қолынан келетінді істеп бағады. Бірақ... сол жақсылық жасаған кісісі уақыт өте бере оын ұмытатын секілді. Бұның сөзін сөйлемейді, басқаны мадақтап тұрғанын талай рет көрді.

«Бұл адамдар неткен қайырымсыз?... Жақсылыққа - жақсылық жасау керек жоқ? Әлде... ешкімге қайыр жасамағаным дұрыс па?..»

Тапал кейде осылай ойлайды.

Бүгін ойлап көрсе, оның сырын елге жаятын қасындағы қатыны екен. Кей-кейде көңілденіп, өз-өзінен сия алмай, тасып-толып отырғанда, шәй үстінде қатынына ішкі сырын ашып қоятыны бар. Сол әңгіме ақыр аяғында өзіне таяқ боп тиеді. Арада аз уақыт өтпей-ақ алдынан мен сұңдалап шыға келеді.

«Сіз пәленше туралы былай депсіз ғой.»
«Қашан? Кімге айтыппын?..»
«Пәленшеге өз қатының айтыпты.»

Бұның аузына құм құйылады. Тілін тістеп алады. «Неге ғана оған айттым екен?..»

Бірақ сыртымнан сыр бермейді. «Жалған сөз» дейді. «Өсек сөз» дейді.

Оның бұл өмірдегі үнемі ұстанып келе жатқан принципі: «Еш уақытта еш нәрсені мойныңа алма.»

Тапал өзін қызғаншақпын деп ойламайды. Біреудің өскенін, биіктегенін көре алмаушылық деген сезім өз бойында жоқ деп есептейді. Алайда... кей-кейде өз жанындағы, өзінен жасы кіші жігіттер өсе бастаса, кеудесіне шоқ түскендей, тынысы тарылып, жүрегі аузына келіп кептелетіні бар. Ол не? Соны түсінбейді. Мүмкін, қызғану... Жо-жоқ, қызғанып қайтеді. Өссе – өсе берсін, Бұл заманда кім өспей жатыр? Кім өшпей жатыр? Бірде олай, бірде былай... Өмір заңы солай.

Тек... әнебір кездері өзінің қол астында томпаңдап жүгіріп жүретін, қазір әжептеуір дөкей бола қалған жігіттің әрбір қозғалысы кеудесіне тікенектей қадалады да тұрады. Өзі болған адамдай кердеңдеуі де ұнамайды. Соны, ептеп...білдірмей ғана тобықтан шалып жіберсе ғой... Ол үшін, әрине, өзі көрінбегені мақұл.

Кешке теледидар көрді. Бір әнші қыз әдемі ән шырқады. Құлаққа жағымды екен. Ал, сол әннің авторы.. баяғы өзінің қарамағында істеген жігіт.

Ойпырмай! Оның да сазгер болып кеткені ме? Ой ақымақ... Кеше ғана мойны салбырап, еңсесі түсіп, бұның аузын жүруші еді. «Көкелеп» алдынан шықпаушы еді. Енді қарашы... сазгер! Ағасын елемеуге айналды. Тіпті оқта-текте болса да сәлем беруге жарамайды. Неткен топас? Неткен миғұла...

Тапал телефонды көтереді. Ана жігітке телефон соқты. «Пәленшені білесің ғой» деді. «Сол ән шығарыпты». Арғы жағындағы дауыс «білем» деді. «Білсең сол. А, айтпақшы ол сені өзінен тіпті төмен ұяды екен. Бір үлкен отырыста сен туралы сөз болғанда «менің қасымда ол ешкім де емес» депті. Оны өз құлағымен естіген бір танысым айтты». «Солай деп пе?» . «Солай депті». «Кімнің мықты екенін уақыт көрсетеді». «Жоқ, сонда да... намыс деге болады. Осы туралы ертең сөйлесейікші...»

Трубканы қоя салады.

Тапал бүгін бастығынан сөз естіді. «Сіз жаңашыл емессіз, ескі әдіспен жұмыс істейсіз» деді. Сонда жаңашыл болу деген не? Әлде... бұны шетке ысырып, ана жас жігіттерді көтермек пе? Жоқ болмайды екен. Талпыну керек. Басшының қалайда тілін табу қажет. Қайткенде де көңіл қыбын тауып, келе жатқан апаттың алдын алған жөн. Қайтсе де соны орындауы керек. Бірақ қалай?...

«Ойпырмай-й, мен тіпті сол Тапалдың өзіне айналып барам ба? Кәдімгі ішіне кіріп шыққандай сөйлеймін-ау! Әй, мен де... Сенбеске сенемін осы...»

Осылай деп күбірлеп тұрғанымда Ол айтты:

Жоқ, сен қателескен жоқсың! Бағытың дұрыс...

Ол бүгін мені тағы да қамшылады. Ұзынды да естен шығармағаның абзал деді.

Бүгін ана Ұзын туралы ойланып отырмын.

Өзі шын қызық жігіт екен. Қу болғысы келеді. Өзінше. Бірақ онысы мысықтың нәжісін шала көміп, елден жасырғаны секілді. Күлкің келеді. Оған қу болып не керек? Қайда сол аңқау, аңғал қалпымен жүре берсе ғой, сонда беделі де арта түсер еді. Әй, бірақ оны түсінер болса, өзі де ондайға бармас еді-ау. Бұл тірлікті не нәрсе де түсінбеушіліктен басталып жатады. Түсіндіру керек дейсіз бе? О, ол босқа әурешілік. Мен оны да іске асырмақ болғам. Сөйтсем, Ұзын оны өзін қорлау деп түсініпті. Тыңдамаса айтқан есіл сөзім-м..

Тағы бір араласатын таныс-досым бар. Ол – Жалпақ. Ол болса, тіпті кісіні шалқасынан түсіретін қызық адам. Оған кеше не болды десең, өлсең де жауап ала алмайсың. Кешегіні бүгін, бүгінгіні ертең айтпаймын дейді. Дұрыс! Айтпаған дұрыс-ақ. Өсек боп кетеді. Ал, енді өмір тек өсектен тұрмайды ғой. Ау, кеше кіммен болдың деген сұраққа жауап берсе, ол да өсек пе?

Менің түсінгенім – Жалпақ тіпті кеше өзі көрген нәрсені бүгін өзг түгіл өзіне де сыбырлап айтуға қорқатын сияқты.

Ұзынға қайтадан тоқтайын.

Оның қасында екі-үш досы болушы еді. Соның біреуі оның тағдырына ықпал еткенмін дейтін. Ұзын оны жоққа шығармайтын. Күндердің күнінде солардың арасына сына кірді. Ұзынның мінезі сонда белгілі болды. Нағыз топас екен. Өзіне жақсылық жасаған кісіні де қаралай бастады. «Мені шеттегі, қыр соңыма түсіп алды, сыртымнан өсек айтты» дейді екен. О, тоба! О заманда бұ заман – өзі жақсылық жасаған кісіге өзі қарсы шығудан өткен сорақылық бар ма?

Осындай да ойлайсың: «Сірә, жақсылық жасаған кісіден ешқашан арамдық күтпе, ал арамдық жасаған кісіден бәрін де күте бер...»

Түсінгенім: Мына өмірде жақсылықты да оны ойланып барып, кісілігі бар адамға жасау керек екен. Ең болмаса – қадіріңді біліп жүреді. Ал, қадірсіз болам десең, қасиеті жоқ кісіге жанас. Ол жақсылық жасаған кезіңде дос та, сәл сүріне қалсаң – ата жауың боп шыға келеді.

О, тоба-ай!...

Жалпақ момын жігіт. Момын ғана емес, керекті жерінде өз сөзін де айта алмайтын, кісіге есесін жіберіп ала беретін босбелбеу, ез бе деймін.

Мына фәниде момын мен ездің ара жігін ажырата алдық па өзі? Әй, осы екеуін көп шатастырамыз-ау біз...

Ана жолы осы Жалпақты ептеп жақын тартып, бұлай сөлбірейтіп жүре беруге болмайды, ептеп жиналғаның дұрыс деп сөз бастап, достық ниет байқатып көріп ем, ол ат-тонын ала қашып, туласып кеп «Сенен ақыл сұрадым ба?» дейді. «Жоқ, бұл ақыл емес, ақылдасу ғой». «Ондай ақылды өзіңе пайдалан, мен өз жолымды білем».

Сөз осы болды. Қайран да қайран кінәсіз сөзім, тағы да қор болыдың-ау! Айтып нембар еді? Сөйлеп нем бар еді? Күл болмаса, бүл болсын...

Артынан мынадай ойға келдім: «Шамасы, мына қоғамға ондайлар да керек. Бәрі ақылды, данышпан болса, онда қызық қала ма,а!»

Демек, бұл фәниге Жалпақ секілді адамдардың келуі-жаңалық болмақ емес.

Мен бүгін Жинер туралы жайсыз хабар естідім. Жұмыстан кететін болыпты. Мәссаған! Кеше ғана тайраңдап жүр еді. Тіпті сәлемімді де еріне, әзер алатын. О, астамшылық! Болдым-толдым, енді сенен кем емеспін, тіпті артықтау болармын деген жаман ой... Сасық ой...

Жиренді бұрын іш тартушы ем. Бірақ соңғы жылдары ара қатынасымыз салқындап кетті. Оған кінәлі мен бе, жоқ ол ма – білмеймін. Әйтеуір білетінім: Жирен таза жігіт болмай шықты. Сөзге ереді екен. Ол - бір. Бір ұрты арам екен. Ол – екі. Жасаған ерсі ісі үшін шімірікпей, ант-су іше салады екен. Ол –үш... Қысқасы, Жирен тап-таза, адал жан емес.

Оған көзім жеткені – өз қасында жүрген бір досының үстінен домалақ арыз ұйымдастырғандар тобында бұл да бар болып шығыпты. Досы қатты ренжіп «саған не жаздым, жазығым жаныма жақын санағаным ба» деп зар сөзін айтса, бұл мұртынан күліп, «е, маған не дейсің, мен емес қой жазған» депті. Соны рахаттанып айтыпты.

Сүрінгенді бұл қазақ аяушы еді, қолтығынан демеуші еді, қолдау көрсетуші еді. Ал, Жирен демеу көрсетіп тұрмақ, қайтып оның жаңайына да жоламапты. Сонда, о бастан мысық тілеу болғаны да...

Мен бүгін мынаны түсіндім.

Алыста жатқан айдаһардан жақында жатқан жылан қауіптірек екен.

Тапа - өте қызық кісі.

Оның сыры соңғы уақытта барынша ашылып келеді. Өзі емес, өзгенің қолымен от көсеу дегеннің нағыз шебері осы кісі ме дедім. Әй, бірақ ондай әрекеттің жымын білдірмей әстеу үшін де талант керек-к... Ақыл керек...

Әттең... мына қоғамда тек қана адал адамдар өмір сүрер болса, біз баяғыда-ақ пейіште өмір сүрер едік-ау. Баяғыда, күнімде атам «ақыр заман деген болады, ондай кезде жер жүзін топан су қаптайды, тіршілік біржола тоқтайды, өмір тәмамдалады» деп көңілге жайсыз кермек әңгіме айтатын. Мен үрке, үрейлене тыңдап, «ойпырмай, ондай да болады екен-ау» деп таңданатынмын.

Соны осы күні ойласам, бәріне кінәлі адамдар екен ғой. Ақырзаман – адамдардың өздері қолдан жасайтын тауқымет. Өзіңіз-ақ ойлаңызшы: мысалы, осы күні табиғат бүлінді, ауа бұзылды, су уланды...

Өзімзіге өзіміз көр қазып жатқанымызды білгіміз келмейді.

Адамдар майдаланды. Ар-ождан екінші кезекке жылжиды. Өтірік өрге басты. Ақшалылар сыйлы болды, ақылдылар төменге ысырылды. «Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін!» Қайран, қазекем! Өзің бұны баяғыда-ақ айтып қойыпсың-ау...

Бұл – ақыл-ойдың ақсауы! Бұл –сезімнің мешеуленуі. Бұл – ойдың топастануы...

Бір жазушы досым айтты: енді мен кітап жазбаймын, өйткені кітап жазбақшы болып, қиялданып жүргенімді көріп, мазақ ететін ұрпақ келіпті мына қоғамға...

Аһ, дүние! Біз осыны да көреміз деп пе ек...

Біз ана кісі қызғаншақ, мына кісі іштар деп сыртынан тон пішіп, баға беріп жатамыз. Сол сәтте өзіміз туралы ойлаймыз. Асылы, сол қызғаныш сезімі жұмыр басты пенденің бәріне де ортақ. «Мен ешкімді де,ешнәрсені де қызғанбаймын» деп сөйлеп тұрған сөздің өзі-ақ қызғаныштың хабаршысы. Өйтпесе, өстіп сөйлер ме! Әй, бірақ сол үшін пендені кінәлау да қиянат. Пенде деген – пенде...

Жақсы адамдар жоқ деседі. Ол – өтірік сөз. Мына фәниде жаман адам бар болса, жақсы адамдар да бар болғаны. Өйткені қоғам үшін екеуі де керек. Қайсысы аса қажеттірек, ол енді мәңгі жұмбақ. Кей-кейде жақсыдан гөрі, жаман адам өтімді болып тұратыны рас. Сол үшін, бірақ, қоғамды жек көруге бола ма? Бір нәрсені түсінуіміз керек. Қоғамда ұяты аздау адамдар тезірек жарқырап көзге түседі, өйткені олар обал-сауап жағын аз ойлайды. Ал, жақсылар... «Осы қалай болар екен, аяғы немен бітеді» деп жүріп-ақ көштен қалады.

Тапа өзін өте ақылдымын деп ойлайды. Ал, алқыдың қайнар көзі-қулық деп ойлайды.Қулықтың да қулығы бар, ол – өте айларкер. Ол ешқашан жайсыз әрекетті өз қолымен істемейді, өзгенің қолымен істейді. Егер әңгіме ушығып бара жатса, оны өзгеге жаба салып, өзі құтылып кетіп отырады. Ең сұмдығы – сонысын ешкім білмейді деп ойлайды. Міне, әңгіме қайда жатыр! Біздің ақсатып келе жатқан осындай жымысқы әрекеттер. Қоғамды тұралатып тұрған да осындай «мысық қулықтар»

Ұзын түбі өзгетерін шығар деп ойлаушы ем. Жоқ, ол өзгермеді. Өзгеру тұрмақ, қайта жыл өте келе онан бетер мінез шығарды. Ол өз бет-бейнесін енді ғана ашты. Ақылсыз екен. Өмірдегі кішкентай нәрселерге де өз бетінше баға бере алмауы сұмдық қой.

Жирен былай қарағанда өте мықты жігіт. Алайда... өзінше қулық жасап қояды. Онысы – қулық деуден гөрі баланың ойыны сияқты. Соны өзі түсінбейді-ақ. Әлденеше рет түсіндірмек боп, сөзге тартып көрсем, менің сөзімді қабылдамады. Қабылдағаның не, қайта ренжіп қалды. «Өз ақылым өзіме жетеді» дегені ғой ол. Әй, адамдар – ай! Осылай болмаса, пенде болар ма!

Адам өз бйына қарап, шақтып секіруі керек. Соны білмейтіндер көп. Ең қиыны – оның білмей тұрғанын дәлелдей алмайсың. Оның көзімен қарағанда – сен түк білмейсің. Міне, қарама-қайшылық деген қайда! Сен оны терістейсің, ал ол сені....

Айтарын айта алмай өткен адамдар бақытсыз дейді. Жоқ, кейде оған да қосылуға болмайды. Айтарыңы айтпай кету де – ерлік. Оны клер ұрпақ өзі ойлап тапсын. Ал, сенімен бірге көмілген сырды таба алмаса, мәңгі жұмбақ жан боп қаласың!

Екінші дәптер

Өтірікшілер «ойыны»

Жаңа ғасыр да басталды. ХХІ ғасыр!

ЖЖ ғасырдың жақсылығы да баршылық, сол жақлығына жағаласа кейбір келеңсіздіктері де жоқ емес. Әсіресе, менің халқыма... Ал, мына ғасыр не сыйлар екен! Не күтіп тұр алдымызда?... ЕҺ, дүние! Алдымызда не күтіп тұрғанын алдын-ала білетін болсақ, сен тіпті қызық та болмайтын шығарсың, өмір-р...

Не де болса, жаңа ғасыр табалдырығын аттадық. Ең үлкен қуанышымыз – біз жаңа ғасырды егемен ел боп аттадық. Оған да тәуба!

Тапал айтады: әй, біз ел боп кете ала ма екенбіз деп. Мен айтам: оған неге күдікетенесің деп... Ол айтады: қазақ ешқашан өз бетінше ел боп кете алмайды деп. Мен айттым: жоқ, сіз қателесесіз деп. Ол айтады: Әй, өзің-ақ ойлашы. Біз үш жүзге бөлінеміз бе, бөлінеміз. Біз руға бөлінеміз бе, бөліеміз. Біз әулет-әулет боп бөлінеміз бе, бөлінеміз. Е, ендеше, басымыз біріге ме! Осының салдарынан ғасырдар бойы өзгеге жем боп келеміз...

Мен ойланып қалдым. Талай рет естіп жүрген әңгіме ғой. Сонда да ойландырады. Ойланбасыңа қоймайды...

«Сыймай жүргеміз жоқ, сыйыса алмай жүрміз!» Осы рас! Біз қазақ, қай істе де сондай екенбіз-ау. Өзімізге өзіміз сыйыса алмаймыз. Дәлірек айтқанда, сыйыстырмаймыз. Сыйысып сыйласқаннан гөрі сыйыспай салғыласқанды тәуір көреміз. Өсы етімізге сіңіп кеткен пәлекет пе, жоқ дерт пе?

Жаңа ғасыр халқымды жаңа қырынан таныта ма деп үміттенем. Бұл ғасыр тек ғасыр алмасуы ғана емес, бұл – мыңжылдықтың алмасуы. Біз үшінші мың жылдыққа аяқ бастық. Осы үшінші мыңжылдық қазақ үшін, менің ұлтым үшін үлкен асу болады. Соған сенемін.

Тапал маған айтты:

- Есіңде болсын, ешқашан ешкімге шын сырыңды айтушы болма! Егер шын сырыңды екінші біреу білсе, онда сен соның құлысың.

Мен айттым:

- Бұл қалай? Мен неге сыр ашқан соң, басқа біреуге құл болуым керек.?

Ол айтты:

- Оған түбі көзің жетеді. Айтқанды тыңдамасаң, ақыры өкінесің.

Ойланып қалдым.

«Шын сырыңды ешкімге айтпасаң, онда ын дос қайдан болады? Кім саған сенеді?»

Өтірікпен ойнайтын заман осы ма, сірә!

Әйел заты ылғи да еркектердің сырын білуге ынтығып тұрады. Ал, еркектер неге ондай емес? Еркектердің құлағы тыныш болса, өзгені көп қажет ете бермейді. Міне, жаратылыс. Біз еркек пен әйелдің айырмасы жоқ дейміз. Соған өзімізді сендіргіміз келеді. Тіпті соған ұмтылып та жүрміз.

Біз осы неге өтірікепен қоңсы қонып алдық екен,а?

Әнеукүні Тапал маған жаны ашыған адам сияқтанып, өтірік әңгіме айтты. Оның жанашыр сөзі ылғи өтірік. Соны мен білмейді, сезбейді деп ойлай ма екен! Осы адамдарға таң қалам. Өтірікпен дос болып кеткен адамдар къқоғамға өте қауіпті. Ал, ондай адамдар осы күні шаштан да көп.

Мықтылар тек қана шындықпен достасады.

Ұзын маған мақтанды.

«Мен әйелімді оп-оңай алдай алам»деді. «Ол маған кәміл сененеді» деді. «Өйткені мен оның алдында ешқашан жаман қылық пен көрінгем жоқ» деді.

«Сонда қалай?» деп ойладым мен. Өз жарын алдағанға да мақтану керек пе! Ол мақтануға тұратын нәрсе ме? Осы біз немене мақтанып, немен айбарланатынымызды білмей бара жатқан сияқтымыз.

Өтірік – балдай тәтті. Шындық – удай ащы. Адам неге өтірікке бейім тұрады десем, оның сыры осында екен.

Кеше Жирен маған ішкі сырын ашты.

«Осы момындықтан көп таяқ жедім» деді. «Мына тірлікте аддуын, бірбет болу қажет екен. Өйтпесең, сені адам ғұрлы санамайды. Көргенің күн емес. Бәрі сені басынады, аузына келгенді айтады»

Мен оны аядым. Момын болып өмір кешуге болады әрине. Әйтсе де зорлық-зомбылыққа көнуге бола ма? Арың таза болсын десең, сол арыңды биік ұста. Азаматтық бейнең аяқ асты болса, ол өзіңді-өзің құрметтей алмағаның.

Өзіңді-өзің құрметтеу – өмірдің ең негізгі қағидасына айналуы керек.

Пендені тану!

Әй, осы мәселе қай кезде де, қай заманда да мәңгілік мәселе болып қала берер деймін. Пенденің пенде тану тұрмақ, білігісі де келмейді. Бұл не? Ниеттің бұзылуы ма? Ынтаның ылайлануы ма? Жоқ, сезімнің жүзіне көлеңке түскені ме? Айтуы қиын. Түсін одан да қиын. Егер бәрімізді де жұмыр басты пенде етіп жатартқан жаратушы бар десек, онда осы пенденің тірлігімізге есеп берер уақыт жетті. Адам боп қаламыз десек....

Хамелеон!

Мына өмірде хамелеон-адамдарды неғұрлым көбірек таныған сайын мен өмір сүрудің мәні не деген сауалға көп жүгінетін болдым. Асылы, өмір сүру деген – адалдық! Өтірік өмір – ол өмір емес, ол өзіңді-өзің алдау, өзіңді-өзің маймылға айналдыру. Біз, сірә, осы бетімізбен кете берсек, қайтадан сол маймылға айналып бітетін шығармыз. Бірақ, анығында, аңғал маймылға айналу да осы күні қиындап кеткен-ақ болар! Сондай қаупім бар-р....

Ол бүгін мені ұйқымнан ерте оятты.

- Сен тым сылбыр адамсың, -деді маған. – Сен ешқашан жеңіске жете алмайсың.

- Жеңіске жетуді мақсат еткен мен жоқ. Не деп сандалып тұрсың?

- О-о, деді ол маған күліп сөйлеп. – Сен де айтасың-ау! Марапат кімге керек емес! Атақты кім жек көреді!

- Ә, жеңіс дегенің сол ма?

- Ол ғана емес.

- Енді не тағы?...

- Адамға құрмет те керек. Адамға абырой да керек...

- Абырой үшін күреспейді. Оны адамдар өздері сезінеді.

- Ой, сен де... Бас десе құлақ дейді екенсің...

Екеуміз тіл табыса алмай, бір-бірімізге теріс қарастық.

Бүгін түнде ұйқым келмеді. Өзіммен-өзім көп дөңбекшіп, ой азабына түстім.

Оған себепші – тағы да Ол.

Ол маған былай деп тіл қатты:

- Сен білесің бе? Адам деген айсберг сияқты. Оның сен білетін сыры – құпиясының үштен бірі ғана. Ал, үштен екісі – тереңде.

- Сонда қалай? Адамның бәрі сырын ішке бүгіп жүр ме?

- Бәрі деуге болады. Адам – ерекше құбылыс. Оны ешкім толық түсіне алмаған.

- Достар ше! Оларды қайтесің? Оларға да сенбе дегенің бе бұл?...

- Иә. Әсіресе, сол достарыңнан сақ бол! Өйткені олар сенің ішкі сырыңды біледі.

Мен ойланып қалдым....

Үшінші дәптер

Ақылдың «Азабы»

Ол екеуміз тайталасып, таласып жүретін бір мәселе бар. Ол айтады:

- Еркектер сияқты қыз-келіншектер де ойлай алады. Олар еркекпен тең болуы керек. Ойына келгенін іске асыра алуы қажет.

Мен айттым:

- О баста Алла тағала еркекті еркек, әйелді әйел етіп жаратты. Біз сол айырмашылықты бұзып алмауымыз керек...

- Жоқ, сен еркектік эгоизмге салып тұрсың.

- Бұл – эгоизм емес, жаратылыс заңы. Еркек әйелге айналса, бар қасиетін жоғалтады. Ал, әйел еркекке айналса, ол да өзіне тән бар жақсы қасиеттерінен айрылғаны. Сонда не ұтасыз? Табиғатқа қарсы тұру да – ақылдылық па?

- Табиғаттың тепе-теңдігі сақталуы керек...

- Тепе-теңдікті о баста Алла тағала өзі-ақ реттеп қойған.

- Қалай?

- әйел отбасының жылуын сақтауы керек. Дүниеге ұрпақ әкелуі керек. Соны тәрбиелеп...

Ол менің сөзімді бөліп кетті.

- Бұл айтып отырғаның екеуіне де бірдей шаруа. Еркек те ортақ оған.

- Сен сөзімді бөлме. Әрі қарай тыңда. Еркек сол отбасының берік болуы үшін керекті нәрсенің бәрін де табу қажет. Айталық, киім, тамақ...

- Оны бұл күнде әйелдер де таба алады.

- Бірақ еркек бала таба алмайды ғой.

Мен айттым оған:

- Әйелдердің бойында бір өте қауіпті кемшілік бар, сен соны білесің бе?

- Ал, айт.

- Әрбір әйел өзкүйеуін тек өзімдікі деп ойлайды. Өзіме ғана тән дейді.

Солай екені өтірік пе!

Еркек зат па! Оны сатып алып па!

- Некеге тұрған жоқ па! Заңды күйеуі болған соң, әйел оны қызғанады, қорғаштайды, іздейді...

- Тек солай болса жақсы-а! Кей әйелдер еркегін тергеуге алады ғой. Жұмыстан кешіксе де – кінәлі; аздап дұтып алса да – кінәлі; жол – жөнеккей біреумен сөйлесіп, көзге түссе де – кінәлі...

Ол үндемей қалды.

Менде жауап күткем жоқ.

Өйткені, осыны өзім де түсініп жүрмін деп айта алмас ем...

Мына өмірде адамға не қымбат? Сірә, ұрпақ қымбат шығар. Одан асыл, одан қасиетті не бар! Е, ендеше... сол үшін өмір сүресіз бе!

Ол айтады:

- Перзент үшін ғана өмір сүру – парасаттың бір бөлшегі. Шын парасатты болу үшін одан да басқа маңызды мәселелер бар.

- Ол не?

- Адам жер бетіне үлкен-үлкен істер бітіру үшін келеді. Сондықтан да үлкен мақсаттар қоя білу шарт.

- Мақсат дейсің бе?

- Иә, мақсат керек. Адамды аздыратын – мақсатсыздық...

Ол маған әркез өктем сөйлеп үйренген.

- Ақылды болу деген ұғымның өзін әртүрлі бағалауға болады, - дейді.

- Қалайша! – деймін мен. – Ақылдылықты әртүрлі түсіндіргені қалай?

Ол біреу-ақ емес пе!

- Мәселе сонда. Ақылдылар да біркелкі емес.

- Бұл адасуға бет түзеуі...

- Жоқ адамсу емес, - дейді Ол. – Ақылдылар бірнеше топқа бөлінеді. Мысалы, ел тағдырын ойлап қайғыра білетіндер. Өз бас қамын көбірек күйттейтін ақылдылар... Жақсы өмірге ұмтылыңдар... Қайтсем, басқадан озып кетсем дейтіндер.... Тағысын тағылар....

- Онда, - деймін мен. – Ақылсыздар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды да топтауға болады.

- Жоқ! – дейді Ол. – Жоқ! Ақылсыздар бір – біріне ұқсас болып келеді. Әлбетте солай.

- Ұрпағың азғындасын десең, оған керекті-керексіз ақылды көп айт, - дейді Ол. – Сонда өз ұрпағыңды өзің танымай қаласың.

- Бұл даулы нәрсе, - деймі мен. – Ақылдың жаманы бола ма?

- Болады. Кейде керексіз ақылды айтпаған да мақұл.

- Оны қалай түсінуге болады?

- Өз мағанасына. Ақыл-айтылмайды. Ақыл сезім арқылы жүрекке енуі керек.

- Адамға көп ақыл керек пе? – деп сұрадым мен.

Ол айтты:

- Әрине, ақыл аздық етпейді. Бірақ, оны қай мақсатқа қолданасың, ең маңыздысы сол.

- Ақыл әрине адамзаттың игілігіне жұмсалады.

- Жоқ! Кейде адамдар сол ақылды басқа нәрсеге де пайдаланып жүр.

- Мысалы?..

- Соғыс қаруын ойлап табу! Біреуге біреудің үстемдігін орнатуға ұмтылу...

Ол тағы да айтты:

- Жер бетінде ақылы аз адамдар көбейіп барады.

- Оларды неге жөнге салмайсың? Кемшілігін неге айтып, дұрыс жол сілтеу қажет емес пе!

- Міне, сен осы жолы қателесесің, - деді Ол. – ақылсыздарды сынамау керек, оларды аяу керек.

- Неге?

- Өйткені, олар өзінің ақылсыз екенін бәрібір сезіне алмайды.

Төртінші дәптер

Түйіткүл

Ол мені әбден шаршатты. Күндіз де, түнде де мазамды алып, ылғи құлағымның түбінде ызыңдайды да тұрады. Шаршадым әбден.

Сосын ашум келді де, оған дүрсе қоя бердім.

- Сен енді мені мазаламашы! Онсыз да өз азабым өзіме жетеді.

Ол айтты:

- Жоқ, біз екеуміз ешқашан ажырай алмаймыз.

- Неге олай дейсің?

- Өйткені, мен сенің екінші сыңарыңмын.

- Онда жетіскен екенмін.

- Ана досың туралы ойлауды қойдың ғой,- деді Ол.

- Онсыз да шаруа шаш етектен. Неге маен ғана ойлай беруім керек?

- Өйткені, сен ойламасаң, ол ойлайды. Ол ойласа, сен жеңілесің.

- Мен ешкімді де жеңу үшін күресіп жүрген жоқ.

- Онда бір күн міндетті түрде сүрінесің. Оның өкініші өте ауыр болады.

- Жоқ, өкінбеймін.

- Өкінесің. Есіңде ме, сенің үстіңнен домалақ арыз жазылған күні қандай күйге түсіп елдің.

- Ол бір сәтті кезім. Бұрқ ете қалған ашу. Пенденің бәріне де тән нәрсе.

Ол айтты:

Өмір сүрудің мәні – күресте. Күресе білмеу – кемшілік.

- Сорлы болмаудың негізгі шарты неде? – деп сұрады Ол.

- Білмеймін. Білгім де келмейді.

- Ә-ә, бас қатырғың келмейді ғой. Ол дұрыс емес.

- Сонда дұрысы қайсы?

- Дұрысы – өзіңді үнемі суытылған сәйгүліктей баптап ұстауда.

- Ол не үшін?

- Ол кез-келген уақытта күреске де, жарысқа да, тайталасқа да әзір болуы қажет. Қоғам сондай адамдарды қадірлейді. Сондай кісілерге артады.

Мен ойладым: «Асылы, менде дос жоқ екен-ау! Досым болса, неге қасымнан табыла бермейді. Жаным қиналғанда, ылғи да жалғыз қаламын. Дос дегенім сол сәтте зам-зия жоғалып кетіп отырады...»

Ол айтты: «Сен өзің жостықтың шын қасиетін түсіне алдың ба! Достық қызметпен, шенқұмарлықпен шатасырып жіберген жоқсың ба!

Мен айттым «Қызмет, шен достыққа зиянын тигізе ме! Ол екеуі қатар жүре беретін нәрсе ғой».

«Жоқ» деді Ол. «Достық шынайы сезімге, асыл сыйластыққа, шын сенімге арқа сүйейді. Ондай болмаған жағдайда ол достық емес. Ол – көңіл алдау...»

Ол бүгін мені тағы да ерте оятты.

- Сендер, - деді Ол. – Сендер ұлт боп ұйыса алмай, ырду-дырду күн кешесіңдер ме деп қорқам.

- Тәйт! Жағыңа жылан жұмыртқаласын. Құдайға шүкір, қазір егемен елміз. Дүние жүзі бізді тани бастады.

- Ол жақсы ғой,-деді Ол. – Оны түсінемін-ау! Алайда... қазақты түсінбей жүрмін. Қазақ неге қазақты сүйе алмайды?

- Оны кім айтты? Қазақ қазақты қадірлейді.

- Жоқ! Қазақты сүймейтін басқа емес, қазақтың өзі. Қазақты сүріндіретін де сол қазақтың өзі.

- Әй, сен не деп барасың! Ауыз өзімдікі екен деп, оттай берме.

Ол айтты:

- Әлі-ақ көрерсің! Қазақты сатып кететін тағы да қазақ болады.

- Ой, қоймадың ғой сен! – дедім ашуға булыға. – Ал, айтшы ойыңды. Неге олай?

- Өйткені, - деді Ол. - Сендер қазақ баласына қазақы намысты үйретпей жүрсіңдер. Ұлттық намысы оянбаған жұртта ұлт жанашыры өсіп жетілмейді!

- Жап, - деді Ол. – Мен кете алмаймын. Кетсек бірге кетеміз.

- Мен сенімен бірге жүрегім келмейді.

- Мен де соны ойлаймын. Бірақ, алам қанша! Мен сенің санаңдамын. Мен сенің жүрегіңдемін!...

- Онда... онда мен өзімді-өзім өлтірем.

- Одан ұлт ұтпайды. Тағы да ойы тайғанақ бір ұрпағы өмірден өтті – кетті дейді де қоя салады.

Мен ойладым: «Әй, жұртым-ау, біз кімбіз? Қайда бара жатырмыз? Қайтсек ел боламыз?...»

Тағы да ойладым: «Әлгі елес-сыңарым ащы да болса ашығын айтты. Біз өз ұрпағымызды қалай, қайтып, қандай әдіспен тәрбиелеп келеміз?Осыны ойладық па, жұртым!...»

Содан соң тағы да ойға қалдым: «Неге менің басыма ылғи жаман ойлар келе береді? Жақсымыз қайда? Жетістігіміз қайда?»

Ол осы кезде тағы да тіл қатты: «Жақсылық пен жетістік ешқайда қашпайды. Бола ел ең алдымен өзіне-өзі сын көзбен қарап үйрену қажет. Өзіне-өзі күле білген ел - ең ұлы ел...»

«Өзіңе-өзің күлу – есалаңның әрекеті емес пе!» деймін мен намыстанып.

«Жоқ!» - дейді Ол. – «Есалаң кімге күліп жатқанын өзі білмейді. Ал, есті ел кімге күлгенін де, неге күлгенін де біліп отырады».

«Сен-ақ алқылды екенсің!» дедім мен. «Оңды-солды сөйлей бересің, сөйлей бересің...»

Ол айтты:

- Мен саған ең сұмдығын айтайын ба? – деді. – Тек өзіңе ғана айтамын: менің осы күні түсінгенім жаратылыстың ең үлкен қателігі адам ба деймін...

- Адамның жаратылуы неге қателік болады?

- Өйткені, бәрін де бүлдіріп жатқан сол адамдар емес пе, а!...

«Жоғал!» дедім мен саған. «Менің жалғыз қалдырар күнің бар ма сенің!»

«Ондай күн болмайды» деді Ол. «Ондай бақыт сен екеуміздің маңдайымызға жазылмаған! Ол енді арман-н...»

Күнделік, өкінішке орай, оыс жерден кілт үзілді. Арғы жағында не болды? Тағы қандай ойлар айтылады? Ол жағы жұмбақ.

Бәлкім, осы күнделіктің жалғыз сіздің қолыңызға түспеді ме, қадірлі оқырманым! Егер қолыңызға түсе қалса, бізге де оқуға бере жатарсыз.

Айтпақшы, бұл күнделіктің аты жоқ болатын, оны «Ол туралы ода « деп атаған біз едік. Оқып отырып байқағанымыз – әлгі жігітті үнемі қамшылайтын кейіпкер Ол екен. Бізге Ол ұнады. Қай жағынан да... Шіркін, жер бетіндегі барша адамды осылай көрінбейтін кейіпкер үнемі тақымдап отырса, өмір әлдеқашан жайнап кетер ме еді, қайтер еді!...

Біз осындай беймаза оймен белгісіз жанның күнделігін амалсыз жауып едік.

Осымен сөз де тәмәм!

Көзқуаныш

Осы айналамдағы адамдарды мен қанша талпынсам да ешқашан түсінген емеспін. Түсінгім-ақ келеді, бірақ түсіне алмаймын. Неге дейсіз бе? Оған себеп көп.

Ең үлкен себеп-мынада!

Аталар мен әжелерден бата сұраған келіндерге:

- Ұл тап! – деп ақ тілеу айтады. Келіні оған мәз болып, бет сипайды.

Сол «Ұл тап» дегеннің орнына «қыз тап!» десе ше! Ренжіп қалады дейсіз бе? Неге? Қыз кімнен кім екен, а? Қызды кемсітетіндер – Ана қадірін түсіне білмейтіндер деймін. Осы сөзім – сөз! Қай жерде де осыны бар даусыммен батыл айтуға еш қымбатсынбаймын.

Айтпақшы... баяғыда-а,Араб елінде дүниеге келген қыздарды өз ата-аналары тірілей қара жерге көмеді екен. Сол ерсі дәстүр көпке сақталып келіпті деседі.

Бұдан құтқарған – біздің пайғамбарымыз Мұхаммед ғалейкумсалам! Тіпті қасиетті Құран Кәрімде де «тірлей көмілген қыздардың ақыр аяғында сұрауы болатыны» анық жазылған. Оны сіз оқып көрдіңіз бе?

Оқыңыз. Білгеніңіз жөн.

Менің екі қызым бар. Үлкені – Айжан, кішісі – Маржан. Айым да, күнім де сол екеуі! Әттең, Алла тағала сол екеуін бермегенде, мен қалай өмір сүрер едім деп оңашада өзімше ойға батам.

Кейбір қалжыңқой достарым:

- Қыз жат жұрттық, ұл болмай, отбасың әрі қарай жалғанбайды! – деп менің намысыма тиіп те көрді.Оларға еш ренжіген жоқпын. Мейлі, айта берсін. Қыз қадірін түсінбейтіндерге не дермін.

Қыз деген отбасы жылуы тәрізді. Үйіңде қыз болса, жылылық қана емес, мейірімділік те қоса енеді. Оны өз өмірімнен байқаймын.

Бұрынырақта... әйелім екеуіміз ғана тұрып жатқан кезде, өз үйіріме өзім асыр-салып шу ала кіруші едім. Жастау кезіміз ғой, кей-кейде жолдастарың мен бас қосып қаласың да, түн ішінде оралатының тағы бар. Сап-сау оралсаң жақсы-ау, аяғыңа әзер тұрып, тәлтіректеп жетесің ғой.

Сондайда...

Ой, мен өзі не айтып кеттім. Қолыма қалам ұстап, сіздерге сыр айтпақ болғанда, ең алдымен көз алдымда ай мен күндей екі қызым тұра қалып еді. Қыздарым жайлы сыр шерткім келген-ді. Соны айту орнына, айдалаға лағып кеттім бе, не болды өзі!

Жә, тақырыпқа оралайын.

Үлкен қызым жиырма жасқа толар-толмаста тұрмысқа шығатын болады. Оны өзі айтқан жоқ. Әйелім түн ішінде құпиялап құлағыма сыбырлап жеткізді. Төбемнен біреу мұздай су құйып жібергендей болды. Тұрмысқа шыққаны несі? Әлі жап-жас емес пе!

-Қой, әзілің болар...

Әйелім күлді.

- Мен саған тұрмысқа шыққанда нешеде едім,а?

- Сен бе! Сен-н...

- Мен де жиырмада болатынмын. Өзің еркіме қоймай, алып қашып кеткенсің.

- Е, ол енді... Ол басқа уақыт, - деп күмілжіген болдым.

Осы әңгіме бұдан соң біздің үйде күнде талқы тақырыбына айналып алып еді. Әйелім де қызының тұрмыс құрғанына қарсы емес сияқты. Сонда... менің келісімім ғана керек болғандай.

Түнде ұйқым келмейді. Қызымды ойлаймын. Үлбіреген балапан. Бұғанасы да қатқан жоқ. Ол қалай басқа үйге келін болып бармақшы!

- Қызыммен өзім сөйлессем қайтеді? – деп сұрадым әйеліммен. Әйелім бұл ойымды кұп көрмеді.

- Ол қысылып қалады ғой...

- Сонда.. сөйлесуге де болмай ма?

- Кейінірек! Кішкене бой үйретіп алған соң...

Келістім. Келіспегенде қайтейін. Бірақ ішкі дүнием бәрібір алай-дүлей. Қызымды ешкімге де қия алатын түрім жоқ. Қасымда бола берсе екен, ешқайда кетпесе екен деп тілеймін.

Жұмысқа бара жатып та, қайтып келе жатып та қызымды ойлай берем.

Бүгін жаңбыр жауды. Жұмыстан жаяулап шығып кетіп ем, қалың нөсер астында қалдым. Қолымда қолшатыр да жоқ. Үсті-басым малманадай су боп үйге әзер жеттім.

Есік алдынан әйелім қарсы алушы еді. Бүгін көрінеді. Оның орнына кіші қызым есік ашты.

Сырт киімімді шешіп болғанша қасымнан кетпей тұрып алды. Көзінде нұр ойнайды. Тұңғиық жанарына тылсым әлем тығылып тұрғандай. Оны шын білгіңіз келсе, құрметті оқырмандарым, сіз де мен секілді қыздың әкесі болып көріңіз.

- Қызым-ау, үстің су болады,-деймін оған.

- Болса қайтді екен?

- Жаурап қалсың.

- Мен жаурауық емеспін.

Екеуміз де күлдік. Әсіресе қызымның қоңыр күлкісін айтсайшы!

- Сізді күні бойы сағынып қалам, - дейді Маржан.

- Айналайын, мен де сені сағынып отырамын.

- Ал, Айжанды ше?

- Оны да сағынамын, - дедім. – Айтпақшы Айдан қайда?

- Ол ана бөлмеде.

- Не істеп отыр?

Білмеймін, күні бойы көңілсіз болды. Жылады ма деймін.

Жүрегім су-у ете қалды.

- Жылады дейсің бе?

- Солай сияқты көрінді маған.

Дереу асығыс-үсігіс киімдерімді ауыстырдым да, Айжанның бөлемсінің есігін қақтым.

- Қызым,мен кірейін бе?

Үн жоқ.

- Қызым, бұл әкең ғой

Тағы да үн жоқ.

Осы кезде Маржан есікті итеріп ашып жіберді. Айжан кереуетінде бүрісіп жатыр екен.

- Қызым-ау, үн қатпадың ғой.

Оның қасына жақындадым. Еркелетіп, маңдайынан сипайын дедім. Сол сәтте, кенет... көзіне көзім түсіп кеткені. Таңғы шықтай тап-таза, мөлдір қара көдерінде екі тамшы жас үзіле жаздап тұрып қалыпты.

- Қызым-ау, саған не болды? Айшы, ботам! Жаныңа не батты?

- Әке, мен тұрмысқа шықпаймын.

- Неге? Неге олай дейсің?

- өйткені, сізді ренжіткім келмейді.

- Ой, балапаным-ай! Құлыным-ай!

Менің де көзімнен жас ытқып кетті. Оны өзім де байқамай қалдым.

- Сен... сен олай етпе! Бәрі де өмір заңы... Қыз өз теңін тауып жатса...

- Ол енді келмейді?

- Неге? Неге келмейді?

- Бүгін басқа біреуді сүйемін деп жүрегімді жаралады.

- Әй, ол... ол кім өзі! Тап, әкеңнің... Менің қызымды басынатын кімнің баласы ол! Айтшы маған! Мен оны...

- Әке! – деп қызым дауыстап жіберді. – Әке деймін!

- Е, не?

- Жүрекке әмір жүрмейді. Сүймейтін жанға сүйкеніп не керек!

- Сонда да... Өйтетіні бар, ол баста неге басыңды қатырады! Мен оған көрсетем. Мазақ ететін кісіні тапқан екен!...

Селкілдеп, ашу қысып, екпіндеп тұрмын. Қызым мені өзі басты.

- Әуелі сүйкенген мен едім, әке!

- Сен бе! Сен неге өйттің! Оның не, қызым-м!...

Дауысым бірте-бірте бәсеңдеп бара жатыр...

Жаз шыға жұмыстан берген тегін жолдамамен санаторийге баратын болдық. Үлкен қызым жұмыста. Әйелім мен кіші қызым Маржанды алып, демалуға аттандық.

Қанша деген мен демалыстың аты демалыс. Үшеуміз тамақтанып алып, орманды аралаймыз. Қайықпен жүземіз. Әйтеуір, не керек, күніміз текке өтіп жатқан жоқ.

Айтпақшы, мұнда өте үлкен бассейн бар. Маржан суға жүзгенді қатты ұнатады. Екеуміз түс ауа екі-үш сағат бойы бассейнге түсеміз. Рахат!

Осы рахат күндер жалғаса берер ме еді, қайтер еді, бір күні аяқ астынан Маржаным ауырып қалды. Ыстығы көтерілді. Тамаққа тәбеті болмай қалды. Төсекте жатады да қояды.

Дәрігерді шақырдық. Қызымды қайта-қайта қарап болып:

- Жұқпалы аурулар ауруханасына жіберуіміз керек, - деді.

- Сіз не деп тұрсыз! Деймін мен дауысымды көтеріп. – Онда неге бару керек?

- Үстіне қызыл дақтар шыға бастыпты, жұқпалы болуы да мүмкін.

- Жоқ, мен оған келімпеймін.

- Біз сізден сұрамаймыз. Бұл жер санаторий. Мұнда көп-п адам тынығып жатыр. Бәрінің аман-саулығына жауапты бізбіз. Қысқасы, түс ауа сол ауруханаға алып кетеміз.

Осыны айтты да, «мен болдым» дегендей, дәрігер аяғын қадап-қадап басып, бөлмеден шығып кетті.

Әйелім маған, мен оған қараймын. Демалыс туралы ой мүлде естен шықты. Қытпек керек!

- Мен енді өліп қалам ба! – деп кенет Маржан қызым жыламсырап қоя берді. Көзінен мөлт-мөлт жас ақты.

Мен сол сәтте ұқтым. Жаныңа аса қымбат, ең сүйікті қызыңның қиналып жылағанына өте жанқиналыс нәрсе мына жарық дүиеде жоқ-ау екен! Қолдан келер не шара бар!

- Жұқпалы аурулар ауруханасына апарасыздар ма мені-і...

Маржан тағы да көз жасын мөлтілдетті.

- Жоқ, қызым! – дедім мен. – Сені онда жібермеймін.

- Дәрігер сізді тыңдамаймын деді ғой.

- Ол солай деді ме? - деппін сасқанымнан.

- Енді не істейміз? – деді әйелім алақтап.

Шешімді өзім және көп созбай шұғыл қабылдау керек екеніне осы қазір ғана ұқтым.

- Жиналыңдар! – дедім оларға. – Тағ жиналыңдар!

- Қайда! – деп әйелің аң – таң болып маған қарады.

- Әке, қайда барамыз? – деді қызым да жыламсыраан үнмен.

- Кетеміз! Қайтамыз үймізге!

Сол-ақ екен, қызымның жүзіне бір сәттік қуаныш деп-демде, жылдам орнай қалғандай болды. Иә, ол күлді! Күле бастады. Аппақ тістерін жарқырата күліп жатыр. Көзінде күлкі нұры пайда болды, әне...

Ту-у! Қандай рахат! Қызымның күлкісін көруден артық рахат бар ма екен мына тірлікте! Осыны осы күнге дейін қалай байқамай келгенмін мен!...

Сөйтіп, өз еркімізбен аңсап жеткен сұлу санаторийден енді өзіміз ұрланып, қашып шықтық. Қызым жол бойы жадыраңқы болды, күліп, әртүрлі әңгімелер айттық. Әйтеуір өзіміз тұратын қалаға жеткенше көңіліміз аспандап, шығындап кетіп жатты.

Қалаға келген соң, дәрігерлермен ақылдаса келе, көз жеткені, бұл желшешек деген сырқат екен. Таныс дәрігер айтты:

- Үйде, жылы жерде ұстаңыз, суды көбірек ішуі керек,- деді. – Ал, жара көбейе бастаса, оған «зеленка» жағып отырасыздар.

Әйелім дәрігердің айтқанын істеді.

Қызым әуелде көңілсіздеу болып:

- Осы мен жазылмай қалмаймын ба? – деп мұңданып та қоятын. Ондайда ішім өртеніп кете жаздайды.

- Жоқ, қызым, бәрі де дұрыс болады.

- Бетімде дақ белгілері қалып қойса, кейін бірге оқитын жігіттер күліп мазақтайды ғой.

- Қалмайды. Жазылған соң, түк те байқалмайды.

- Әке, шын айтасыз ба? Мені алдап отырған жоқсыз ба, а?

- Қарағым-ау, сені алдап қайтем! Саған өтірік сөйлеуге әкеңнің қандай қақысы бар...

Осылай деп оған өте батыл айтам. Ішімнен еш нәрсеге сенімсіз болсам да, тайсалмай сөйлеп қоям.

Алайды, бәрі де сәтті болды.

Екі аптадан соң Маржаным қайтадан орнынан тұрып, желшешектен құлан-таза айығып, шауып кетті. Маған еркелігін қайта бастады.

- Әке, мен сізді жер бетіндегі ең асыл адам деп есептемеймін,- дейді жайраңдап күліп.

Оның ризасыз күлкісі... менің жан-жүрегімді ерітіп жібере жаздайды.

- Ал, сен ше! – деймін мен. – Сен мен үшін жер бетіндегі ең тәтті қызсың.

Өстіп, қуана тіл қатысып, бақытты күндерді қайта бастағанбыз. Бәрі де орнына келгендей.

Тек... жаныма бататыны – Айжанның тағдыры...

Ол қайтер екен енді? Алдағы өмірі не күтіп тұр!..

Күндегі күйді тірлік. Таң атады, күн батады.

Таңертең жұмысқа қалай асықсам, кешке қарай үйіме жеткенше тағат таппаймын. Өйткені...

Жұмыстан қайтып келе жатады. Үлкен қызым жұмыс істейтін мекеме жанынан өтем. Терезе ішінен қызымның бейнесі оттай басылады. Ойша оның әлдебір сымбатты жас жігітпен сөйлесіп тұрғанын елестетем. Иә, бұл менің қиялым. Ал, қызым болса...

Үйге жетем... Есікті енді кіші қызым ашса екен деп армандаймын. Ол есікті аша сала қуанып, мойныма асылатындай болып тұрады. Ал, көзінде әп-әдемі, жарасымды күлкі...

Мен өзімді сол сәтте өте бақытты сезінем.

«Көзқуаныштарым менің!» деп күбірлеймін. «Сендер болмасаңдар, мен қайтер екем! Сендерсіз өмір сүру қызық болар ма, тіпті...»

Жұмыстан оралдым. Есікті қақтым.

Есікті бүгін әйелім ашты. Жүрегім зырқ ете қалғаны.

- Қызым қайда?

- Ол ана Айжанның қасынан шығатын емес.

- Не боп қалды?

- Айтпақшы үлкен жаңалығым бар.

- Ол не? Айтсаңшы тезірек...

- Айжан тұрмысқа шығатын болыпты.

- Не дейді!...

- Солай.

- Қай жігіт! Кім екен ол...

- Баяғы жігіті... Кешірім сұрап келіпті. Сүйетінін айтыпты ақыры...

Әйелімді құшақтай алыппын.

Сол сәттегі буырқанған, лықсып төгілген ішкі сезімімді мен сізге айтпай-ақ қояйын, ал сіз сұрамаңыз...

Көзқуаныштырым жайлы біраздан бері ішіме бүккен бар сыр бар.

Айтпақшы... Таяуда бір газеттен оқыдым. Шетелдерде осы күні «жыныстық секеция» деге пәсе белең алып барады дейді. Жас аналар болашақ сәбидің жынысын анықтап болаған соң, қыз бала болса, дереу алдырып тастап жатыр екен. Соның салдарынан жер жүзінде осы күні ер балалар саны күрт өсіп кетіпті. Сондай деймін-ау, бұл Адамзат не ойлап жүр? Алла тағала о баста екі жынысты етіп жаратқан болса, бұл пендеңіздің жаартылысқа қарсылық жасауы қалай? Арманы не? Аңсары не?...

Баяғы-да... Араб елдеріндегі кісіге айтып болмаса сұмдық оқиға жер бетіндегі жұмыр басты пенделерге әлі де, әлі күнге сабақ бола алмай келе жатқаны ма, бұл қалай?

Бұл қалай деймін, уа, Адам!...

Қайдасың сен, Мя?

(бала сыры)

Мені неге Негр деп атайды?

Бұл әңгімені о баста бастамағаным дұрыс еді. Біздің үйдің сыры өмір бойы менің өз ішімде құпия болып қалар деп ойлаушы ем. Құпияны сақтау қолымнан келмеген сықылды, бүгін сырымды сіздерге ашып отырмын.

Бұған әрине, ешкім де кінәлі емес, өз басымның осалдығы. Мен осыдан соң өзімді керемет мықты жігітпін деуге арланам. «Мықтылық дегеніміз – ең алдымен шыдамдылық». Бұл – әркімнің айтатыны. Мен бірақ, сол сөздің мәнін дұрыс түсінбеген екем. Сосын да осалдық танытып алған сияқтымын.

Сонымен, мен сіздерге не айтқым келді? Бәрін де басынан бастайын.

Мен туралы үлкен қаладағы Республика даңғылын сіз білетін боларсыз. Білмейсіз бе? Онда ерінбей-ақ түсіндіріп берейін.

Сіз жолыңыз түсіп, самолетпен біздің қалаға ұшып келдіңіз делік. Аэропорт құшақ жая қарсы алды делік. Содан соң сіз қарсы бетке өтесіз де, енді қалаға жету үшін көлік іздейсіз. Жо-жоқ, іздеудің қажеті шамалы. Қолсөмекеңізді көтеріп, жан-жағыңызға қарап тұрасаңыз, жылмаңдаған күлімкөз жігіттер өздері-ақ жетіп келеді.

Сізге қайда бару керек?

- Тез жеткізіп салайын ба? – деп, жақын бауырын жаңа кездестіргендей, жан-жағыңыздан қаумалап қалады.Олардың бәрі де өте сыпайы, өте мәдениетті болып көрінуге тырысады. Тіпті сыпайылығы соншалық, қол сөмкеңізге жармасып:

- Маған бере тұрыңыз, мен-ақ көтеріп жүрмін,- дейді.

Сыртыңыздан білдірмесеңіз де, ішіңізден қуанып тұрасыз. «Қандай қонақ жай қала» деп ойлайсыз. «Адамдары неткен кішіпейіл, кеткен бауырмал-л..»

Бірақ мұның бәрі де алдамшы көрініс. Жаңағы жан-жағыңызды қаумалаған жігіттердің біріне:

- Жолақысына қанша аласызар? – деп сауал тастасаңыз, ол аузын кең ашады. Көп ақша сұрайды.

Сіз:

- Ой, ол көп қой, жерде жатқан ақша бар ма! – десеңіз,дереу қабағы құрыстанып, мұрын шүйіріп:

- Сода немене, су тегін жеткіңіз келе ме? – деп өзіңізге оқты көзімен ата қарайды. Ол аз десеңіз, кері бұрыла беріп:

- Осындай тиын санап қалған қонақтардың астанада не шаруасы бар екен? – деп күбір етеді. Сіз ол сізді естіп қалсаңыз, әрине, шамданасыз.

Шамданбай-ақ қойыңыз. Олар заман қиыншылығын алға тартып, әбден ақшаның құлы болып алған жандар. Өңіңде де, түсіңде де тек ақшаны ойлайды. Адамгершілік, сыйластық, сыпайылық, ар-ұят-бәрі де ақша болып елестейді оларға. «Әлемді ақша билейді» дейтін де болар. Дауым бар дейсіз бе! Дауласпай-ақ қойыңыз, бәрібір оларды жеңе алмайсыз.

Сонда... қалаға қалай жету керек? Оның ең дұрыс жолы – автобус. Сәл сабыр сақтып, кішкене шыдасаңыз үлкен көгілдір автобус ырс-ырс етіп жетіп-ақ келеді.

Көгілдір автобусқа енді ойланбай-ақ отыра беріңіз. Ой, ол деген елдей кең, далада дарқан көлік! Сізбен саудаласпайды. Бар болғаны – билет құнын төлейсіз. Ал, енді оны да төлегіңіз келмесе, ептеп кісілердің арасымен өтіп жүре беруге де болады. Бірақ, ондай кісілерді біздің қалада – қоян дейді. Ұсталып қалсаңыз қоян болып шыға келесіз. Суретіңіз ілінеді, атыңыз жазылады. Сосын танитын кісілер көріп, сізге күледіү Ең дұрысы – билет алу.

Сөйтіп, сіз көгілдір автобусқа отырасыз да, қала қайдасың деп тартып бересіз. Қала онша қашық емес, әні-міні дегенше шамдары самаладай самсаған менің қалам кіріп келе жатасыз. Әуелі төрт құлаты жаңа мешіттің жанынан өтесіз, сосын, «Рамстор» деген үлкен дүкен бар, одан да өтесіз. Міне, содан кейін барып менің көшем – Республика дағылы басталады.

Бұл даңғыл неге менің көшем болып есептеледі? Өйткені, осы даңғылдың бойындағы биік үйлердің бірінде біз тұрамыз. Одан соң, жаңағы көгілдір автобус «Кенесары батыр» аялдамасына жетіп тоқталғанда, менің мектебім анадайдан менмұңдалап тұрады. Ол – зәулім. Үш қабатты ғимарат. Төбедегі маңдайшада еліміздің Елтаңбасы ілулі тұр. Ол күндіз күн сәулесімен жарқ-жұрқ етіп, көздің жауын алады. Мен мектепке келе жатқанда ол Елтаңаға қарап, сәл мүдіретінім бар. Тоқтамайын-ақ деймін, бәрібір аялдаймын.

Ана жолы сол Елтаңбаға қарап тұрғанымды арт жағымнан Аяз ағай (ол менің сынып жетекшім) келіп:

- Әй, Нарбай, сабаққа кешігесің ғой, - деді. – Өзің көмірдей қара болсаң да күн астында көп тұрады екенсің. Негр болған жақсы ма?

Арт жағыма жалт қарап, «Негр – адамның қоры емес» деп айта жаздадым. Бірақ айтпадым...

Мен мектепке тұра жүгірдім.

Айтпақшы, менің балалар Негр дейді. Өзім бұл атқа мүлде үйреніп алғандықтан ба, тіпті елең ете қоймаймын. Онда тұрған не бар! Негр де адам! Ақтан қараның несі кем? Не болмаса қаар түс ақ түстен жаман ба?

Менің шын атым – Нарбай. Әкемнің аты – Табанбай,шешемнің аты – Тоты. Үйде үшеуміз ғанамыз. Жо-жоқ, біздің үйдің тағы бір тұрғыны бар Ол – Мяу. Менің жалқау мысығым. Азанды-кеш сүт ішіп алады да, пыр-пыр етіп ұйықтайды. Түртіп қалсаң да оянбайды. Мен оны маубас Мяу деп атаймын.

Әкем Табанбай бұйрабас. Оны қоя берші, оның үстіне көмір қара. Алыстағы ауылда әкемнің ағайын-туыстары бар. Олардың бәрі де осыншалық қара емес. Ал, әкем...

Мен әкемді неге қара болды екен деп уайымдап жүрсем, өзім де содан аумай қалыппын. Түрім қара болғаны түк емес, ал шашым... Шаш дейтін шаш та емес, тұтасып қалған ұйпа-тұйпа бірнеңе. Тарақ пен тарай алмай әлектенем.

Мектептегі бір бала маған «Киізбас» деп ат қойыпты. Соған қатты ашуланғаным есімде.Сол киізбастан құтыла алмай жүргенімде, бір жолы Аяз ағай маған кейіп:

- Өй, өзің бір Африкадан жаңа оралған Негрге ұқсап...- деп жер-жебіріме жеткені. Сабаққа дұрыс даярланбай келгендегі тапқан сыйып осы болды. Сол-ақ екен, бүкіл балалар үзіліс кезінде шуласып:

- Негр қайдасың?

- Негр мұнда қара!... – деп, менің ит жылымды келтіргені. Кімге ашуланарымда білмеймін. Бәріне кінәлі – Аяз ағай.

Бірақ, шындықты айту керек, Аяз ағай соншалық жаман кісі емес. Біз оған бауыр басып кеткенбіз. Туған әкеміз сияқты. Содан да болар, ол кісі кейбіреуімізді сайқымазақ етіп, кемшілігімізді айтып жатса да, көңілге алмаймыз.

Аяз ағай, жалпы, қалжың сүйетін кісі. Өзі сықақ өлеңдер жазады деседі. Өткенде мектептегі қабырға газетіне бір күлдіргі өлең басылып еді, кейін білдік, соны осы Аяз ағай шығарыпты. Ол өлең былай:

Таңертеңгілік,

Мектепке келе жатып,

Тұнжыраймын мойным төмен иіліп!

Түске таяу,

Үйге қайтып келе жатып,

Жадыраймын есім қайта жиылып!

Сөйтіп, өлеңнің астына «Жалқау оқушының монологы» деп жазыпты. Біз оны жаттап алдық.

Ал, енді Аяз ағайдың сықақ өлеңіне ілініп кетпей, жәй ғана «Негр» дегеніне мен неге режимін!

Мен, сол күннен бастап менің Нарбай атым ұмытылып, Негр болдым да шыға келдім.

Сіз күліп отырсыз ба? Білем. Түсінем. «Өңкей тас қаралар жиналған отбасы екенсіңдер» деп ойлайсыз ғой. Бұлай ойласыңыз, қателесесіз. Ал, енді менің шешем – осы қаладағы, қала берді әлемдегі ең сұлу келіншек десе де болады.

Оның сұлулығын таң қалмайтын кісі жоқ. Көшеде де, той-томалақта да... Оны өз көзіммен талай рет көргенмін.

Кім-кім де анамды көре болды, үйіріле кетіп, қасынан шықпайды. Тотымен сөйлессем дейді. Апамды еркелеткісі келеді. Күлдіргісі келеді. Ал, менің шешем болса өзінің биік, тік қалпынан айнымайды. Ешкімге ретсіз атық сөз айтқанын көргем жоқ. Еркелесе – тек өз әкеме еркелейді. Мен ылғи да соны көрсетемін.

Алайда бір жолы әкем мен апамның ұрысып жатқанын байқап қалдым. Олар мені көрген жоқ. Биік үйдің бұрышында тұр екен...

Әкем қатты-қатты сөйлейді. Апам да қайтқан жоқ, ол да жауап қайтарды. Сөздерін естімесе де, екеуінің өстіп шаң-шұң ұрыса сөйлескені жаныма батты. Неге? Не үшін? Неліктен бұлай сөйлеседі.

Қысқасы, мен сол күні түні бойы дөңбекшіп, ұйықтай алмай шықтым! Мен маубас Мяуға ғана мұң шақтым.

- Неге! – деймін оған. – Неге әкем мен апам қатты-қатты сөйлесті? Оған не себеп?

Маубас Мяу аузын аша есінеп алды да, қайтадан қалың ұйқыға бас қойды.

Олар неге ұрсысады?

Сіздің ойыңызды біліп отырмын. Біз де өзім арман еткендей, керемек тату-тәтті отбасы емес екенбіз. Біздің үйде де дау-дамай, айтыс-талас бар екен.

Ол қайдан шыққан дау? Қайдан пайда болған тартыс? Неге Тоты апам Табанбай әкемді тыңдамайды? Мектепте «отбасы дегеніміз – еркек пен әйелдің одағы» деп түсініреді. Тағы да «отбасы иесі – ер адам» дейді. Ал, біздің ше?

Соңғы кездері мен әкем мен шешемнің қас-қабағына көпқарайтын болдым. Әрине, байқатпай қараймын. Білдірмей бақылаймын.

Алдымен әкемді бақыладым. Менің әкем кітаптарда жазылатындай, жылуы мол отбасының тірегі болып жүр ме, жоқ па? Енді тірек бола алса, онда қандай қасиеттерің бар?

Түсінбегенім: әкем - еңбекқор адам. Жұмысы – «Рамстор» дүкенінің күзетшісі. Таңертең ерте кетеді, кеш бата оралады. Шаршап келеді. Бірақ қабағын болмашыға бола шыта бермейді. Оралған сайын маған конфет, печенье, тағы сондай тәттілер әкеледі. Оны маған бергенще асығады. Демек, ол өте қайырымды әке! Баласын шын сүйеді,оның үлкен адам болғанын армандайды. Мінезі – ұстамды. Айқаулауға жоқ. Жәй, баяу сөйлейді. Үйге кісі келсе, қабақ шытпайды. Жаны таза. Әңгіме айтса, көңілінегіні жасырмайды. Бәрін ақтара салады. Күлсе, ынты-шынтысымен күледі. Қолына ақша түссе, апама әкеліп береді. Ешкімнен жасырмайды, біздің көзімізше (Мяуды айтам) беріп жатады.

Ал, өзіңіз ойлаңызшы,енді менің әкем қандай адам?

Сіз ойлана тұрыңыз, мен енді шешем туралы айтып берейін.

Апам бір министрлікете жұмыс істейді. Қандай қызмет дейсіз бе? Оны білмеймін. Әйтеуір таңертең ерте кетед, өте кеш оралады. Кей күндері тіпті түн ортасына дейін жоқ болады. Әкем сонда да сабырмен күтеді. «Қазір келіп қалар» деп бізді (Мяу екеумізді) жұбатып қояды.

Апам айнаға көп қарайды. Көп боянады. Сосын телефомен ұзақ-қ сөйлеседі. Көп күледі. Сөздерін бізден жасырып, ас үйге барып сөйлеседі. Оның сөзін бізге (Мяу екеумізге) керек пе! Әрине, керек емес. Үлкендердің әңгімесі еш қызық болмайды. Олар болмашы нәрсені мыжып айтып, уақыт соғанды ұнатады.

Тағы бір байқағаным – апам қызметін жақсы көреді. «Қызметім қашан өседі?» деп әлдекімдерге айтып жатқанын екі-үш рет естіп қалдым.

Қызмет деген не? Ол жоғарыласа, кісі де сыйлы бола бере ме? Сон да адамның өзінің кісілік келбеті қайда қалмақ! Жан сұлулығы, мінез байлығы, тағысын тағылар есепке алынбай ма! Оны кім еске алады, кім айтады!

Қайсыбір күні апам мен әкем екеуі тағы да сөз жарыстырып қалды. Теледидардағы хабарға таласты. Әкем футбол көріп жатыр еді, апам басқа каналға ауыстырып жіберді.

- Мен футбол көрем, - деді әкем.

- Ал, мен қазір гендерлік саясат туралы хабарды көруім қажет, - деді шешем.

Ой, оны көріп не керек, футболды айтсайшы!

- Футболың құрысын! Жалғыз допты жаыла қуалаған өңкей ақымақтар-р...

Әкем де осы жолы көтеріліп кетті.

- Әй, сол гендерлік саясат... біздің ұлтқа не береді,а? Оның несі жақсы?

Апам айтты:

- Қазақ кешеге дейін әйелді адам деп қараған жоқ. Оның ойлағаны болмады. Еркек не десе, сол орындалып жатты. Жетер! Әйел еркіндігі һәм әйел ой-арманы да есепке алынып, жүзеге асатын уақыт келді.

- Басқаны білмеймін,- деді әкем. – Менің білетінім қазақ ешқашан әйелді табанының астына салған емес.

- Үйде қамап ұстап, қызметке араластырмаған соң ерікіндік бола ма! – деп анам тайталаса түсті.

- Еркекке арқа сүйеген әйелдің ұтылғаны жоқ – деді әкем. – Қайта ондай отбасында береке болады. Жарасымдылық орын алды.

- Еркек біткен эгоист. Олар әйелдің жұмсақтығын байқаса бітті, табанының астына салуға тырысады.

- Олай емес! – дп дауыстап жіберді әкем. – Тіптен де олай емес! Әйел қылықты болса, еркек оны еркелете біледі.

- Қылықтының қадірін білер еркек қалды ма осы күні!... Шар-шұрт әңгіме!Шап-шап жауаптар...

Біз Мяу екеуіміз өз бөлмемізге кетіп қалдық.

Мяуға айттым:

- Олар неге ұрсысады, а? Не жетпейді ол екеуіне?...

Мяу үндемеді. Пыр-пыр етіп ұйқыға кетті.

Мен бөлемеде арлы-берлі жүрдім де, ақыры ұйықтаған дұрыс шығар деп ойладым.

Қонақ келгенде

Біздің үйе қонақ аяқ астынан келе берді. Оған Мяу екеуміз әбден-ақ үйреніп алғанбыз. Апам сырттан дабылай сөйлеп кіріп келе жатса, артында қонақ бар деген сөз. Біз ондай кезде өз бөлмемізге зып береміз де, қайтып шықпаймыз.

Бірақ бүгінгі келген қонақтың жөні басқа. Бұл – министрлікте жұмыс істейтін үлкен бастық екен. Өзі қара костю мен қызы галустус таққын, шашы майланғандай жалтырап тұратын, алдыңғы күрек тісі алтындалған, соны көрсетем деп көп күлетін, күлкі езу адам. Мен оны бөлмеле кіріп-шығып жүріп байқадым.

Келген қонақ жалғыз болса да, оған деген ынты-ықылас өзгеше.

- Мырза Зияевия, -деді апам. – Мырзеке,сіз ысқытықтаған жоқсыз ба? Косюміңізді шешіп қоя салмайсыз ба?

Мырза басын арлы-берлі бұлғаңдатқаны болмас, аса көп үндемейді. Тек күле береді. Күлгенде алтын тісі жарқ-жұрқ етеді.

- Мырзеке, сізге біздің үй ұнамай отыр ма? Неге сөзге шорқақ болып отырсыз? – деп апам тағы да алқымдайды.

- Бәрі де тамаша!

Мырзаның жалғыз ауыз сөзі осы. Келгені бері айтқаны да осы.

Менің әкем кісіні әуелде ұнатпаса бітті, қай сөзге де тартыншақ. Келген қонақты (қанша дегенмен еркек қой) әңгімеге тартып отырудың орнына, аузына су ұрттап алғанай, үнсіз отыра береді. Қонақ ваннаға қол жууға кеткен сәтте апам әкеме:

- Бірдеңе деп отырсаңшы! Келген қонақты жақырмайтындай тымпиым отыратының не? – деп дүрсе қоя береді.

Әкем қай кезде де асықспайды. Апама қабақ шытпайды да. Сөз бір құлағыңнан кіріп, екінші құлағынан шығып барап жатқандай. Апам бұған одан бетер бұлданады.

- Әй, сені де еркек деп... Басыңа бөрік емес, орамал байлай салса ғой...

Осы кезде әкемнің тілі шығады.

- Сен... тіліңді тарт! Еркекті білуші ме ең!

- Білеміз! Білеміз еркекті! – деп апам да қайтпайды. Оларды сөзі қонақтың қарасы көріне бере басылады. Екеуіде түк болмағандай, қонаққа қол қусырады.

- Мырза Зияевич, дастарханға келіңіз! – деді апам.

- Дәм тата отырып сөйлесейік, - дейді әкем.

Мырза енді төрге озды да, гастугін ағытып, орынқыққа шалқая отырып:

- Қандай әдемі, жарасымды отбасы! Мен бағаналы бері тек сіздерге таң қалумен отырмын! – дейді. – Сіздер сыйласты отбасының үлгісі болуғы әбден-ақ жарайсыздар.

Тағы да сол сөзін жалғай түсіп:

- Бала қандай тәртіпті! Қонақ келді деп аяғының ұшымен жүреді, - деп мені де мақтап өтеді. Мен бұл сөзге әжептәуір масайрап қалам. «Енді мысығымды мақтаса екен» деп күтем. Бірақ Мырза оны ауызға да алмайды. Қайта ваннадан шығып келе жатып, аяғына оралған Мяуды аямастан теуіп жіберді. Мен тіксініп қалдым.

Жаңағы әңгімеден соң ойланды ма:

- Мүмкін, коньяк ішерсіз... деп әкем бөтелкеге қол созды.

Араққа жететін ішімдік бар ма! – дейді Мырза.

Олар әкем екеуі арақ ішеді. Апам ішпесе екен деп ойлаймын. Сөйтсем Мырза оны да қинайды, «ең болмаса вино іш» дейді. Апам өзіне вино құяды...

Мен есігі қиялай ашық тұрған бөледен бері қарай шығам. Әдейі көрінейін деп шығып келем. Өйткені, апам ішпесе екен деймін. Мені көрсе қояр деп ойлаймын.

Мырза мені көре сала:

- о-о, бұл үйдің жігіті осы ғой, - дейді. – Атың кім қарағым?

- Негр... жо-жоқ, Нарбай.

Мырза қарқылдап тұрып күледі.

- Оу, бұл баланың есімі екеу екен ғой. Негр несі?

Әкем оны ежіктеп түсіндіре бастайды. Шашымды айтады. Түр-әлпетімді сөз қылады. Қысқасы, менің бар келбетімді қонаққа суреттеп береді. Сөз аяқталғанша кете алмай мен тұрам. Ішімнен әкеме ренжимін. Соның бәрі де қонаққа керек пе? Онсыз да көріп тұр ғой.

- Е,солай де! – дейді Мырза. – Ну, ничего! Негрлер де адамның қоры емес. Түрі бар болғанымен, жүрегі ақ... Ең бастысы – олардың көбі ақылды болып келеді...

Мен ішімнент қуанып тұрмын. «Бұл қонақ ақылды кісі екен ғой».

Сол сәтте апам алдындағы виноны қағып салады. Менен еш қымсынбайды. Бұрын менің көзімше бұлай етпейтін. Енді міне, оны да көзім көрді.

- Нерг демекші... – дейді Мырза да өзіне құылған арақты сіміріп бола бере. – Осы жақында біздің министрлік Африкаға екі кісіні іссапармен жібермекші. Соған кісі таңдап...

- Ол шешіліп қойған шығар, - дейді апам сөзді іліп әкете қойып.

- Жо-жоқ, әлі шешілген жоқ. Кандидатураны келесі аптада жоғары жаққа беруіміз керек.

Әкем ол екеуінің сөзіне араласады.

- Африканышетел деп көтермелесек те, өз елімізден асып бара жатқан түгі де жоқ.

Мырза әкеме бұрылып:

- Оны сізге кім айтты? – дейді. – Әр елдің өз ерекшелігі болады.

- Оған дау жоқ, - деп, әкем тағы да өз ойын жалғастырады. – Біз, қазақтар, соңғы уақытта тым шетелшіл болып барамыз. Қыдырсақ та – шетел, демалсақ та – шетел! Тіпті енді бала екеш баланы да сол шетелде оқытқан дұрыс дейміз. Сонда ғана ол алғр, пысық, білімді болып шығады екен. Осыған ақылым жетпейді.

- Сізді тыңдаған қызық екен, - деп Мырза енді әкеме назар салады. – Кешірерсіз, сіз қай жерде қызмет атқарасыз?

Сөзді апам бөледі:

- Мырза! Мырзеке... – дейді. – Қызметін қайтесіз.

- Жоқ, біле отырған жөн ғой.

- Мен қарапайым жұмысшымын, - дейді әкем.

- Онда.. – деп Мырза жымияды. – Онда үлкен саясатты қалайша жілікше шағып отырсыз?

- Ол үшін үлкен лауазым керек емес, көп оқу керек.

Мырза айтады:

- Сіз көп оқисыз ба?

Әкем «аздап оқимыз ғой» дей салды. Шындығында, үйде не көп, кітап көп. Соны әкем ғана оқиды. Қолы босаса, кітаптан бас алмайды.

Қонақ енді қипақтай сөйлеп:

- Жұмыс, қызмет деп жүріп, соңғы жылдаы кітапты парақтауды да ұмытыппыз, - дейді.

Оны апам әрі жалғап:

- Кітаптағыны осы күні компбютерден де табуға болады емес пе! – деп күлген болды.

Сосын тағы да сөздің тізгінін өзі ұстап:

- Кітапты қайтеміз! Одан да ән салайық. Ән –көңілдің ажары,-дейді.

Қонақ жаңағы әңгіме әсерінен әлі шыға алмай отырса керек.

- Жоқ, -дейді қонақ. – Көркем әдебиетті кітаптан оқу бөлек әлем ғой. Әсіресе, ұлт әдебиетін...

Әкемнің бетіне қан жүгірді.

- Өте дұрыс айтасыз, - деді әкем. – Әрбір өзін зиялымын дейтін қазақ алдымен ұлтының ақын-жазушыларын танып аса қандай ғанибет. Жапонияда солай екен. Әрбір жапон өз елінің мәдениеті мен әдебиетінің жанашыры...

Мырза дауысын жуандатып:

- Жапони – озық ел ғой, қазақ та ешкімнен сорлы емес. Әсіресе, әдебиеті...

- Өте біліп айтасыз, -деді әкем. – Біздің аңыз-жырларымыз жүз, тіпті екі жүз болып қалар.

Сөзді апам бөлді.

- Қазір кітап оқып отыратын кез емес қой.Есік алдында ХХІ ғасыр тұр... Заман, уақыт басқа...

Әкем қабағын шытып:

- Әдебиетке ешбір уақыт, заман билік жүргізе алмайды, - дейді. – Өйткені, ол – ұлттың асыл қазынасы.

- Да-да, - деп Мырза орнынан тұрып кетті. – Уақыт талабы – өте қатаң. Бәріне де үлгеру қажет.

Осындан соң апам екеуі күбірлесіп балконға шығып кетеді.

Әкем үстел үстінде үнсіз отырып қалады. Әрине, іштей буырқанып, тағы да сол әңгімені әрі жалғай түскісі келіп отыр. Бірақ, қонақты алқымдай беруі жөн бе!

Мен өз бөлмеме кіріп кеттім де, Мяуды сипалап жатып, ұйқыға кетем...

Шетелге аттанарда

Кешкі шәй үстінде кермек әңгіме басталып жүре берді. Басталмас пе еді, бәріне кінәлі әкем.

- Осы шетелге несіне құмарта бересің? – деді әкем. – Онсыз да аласыпыран заман. Кім біледі...

Апам шарт кетті.

- Әні, мен жолға жүретін болсам, осылай сөз басталады. Жұрттың әйелдері анау, алыс-жақын шетелді он айналып оралып жатыр. Үйкүйшік әйел мына менмін.

Әкем айтты.

- Саған шетелге барма деп жатырмын ба! Тек...сақтандырғаным ғой. Мұндайды жаны ашыған адам ғана айта болар.

- Өйтіп жаның ашығаны бар болсын. Министрлік басшыларына он рет кіріп жүріп әзер рұқсат алдым. Онда да көп емес, он күнге... Ал, сен болсаң жағамнан алып «бармай-ақ қой» деп көңілімді бұзасың. Одан да ақ жол тілмейсің бе!

- Жарайды! Жарайды! Жолың болсын.

- Е, мұның дұрыс енді. Осылай демейсің бе бағаналы бері.

Маған ол екеуінің осындай мылжың әңгімелері ұнай бермейді. Сосын Мяуды ертіп, бөлмеме кіріп кетем. Қолыма ертек кітап алдым да, Мяуға оқып беруге кірісем. Мяу жатып алып, есінеп қойып, маған құлақ төсейді.

- Ерте, ерте, ертеде...

Менің даусымды апамының үні бөліп кетеді.

- Қызғаныштың да орны болуы керек қой, - дейді апа дауыс көтере. – Мен бала емеспін, өз жолымды білем.

- Сен соңғы күндері мүлде өзгеріп бара жатырсың, - дейді әкем. Даусы өте жалынышты.

- Ол сенің ойың шығар.

- Жоқ, өзгеріп кеттің. Бізді екінші орынға ысырып, қызметті алғы орынға шығардың. Саған күйеуің мен бе, бала Нарбай да қызық емес...

- Е, оны қайдан ойлап таптың!

- Жақында баламыз жазғы демалысына шығады. Бұрын оның болашағын ойластырушы ек. Қазір сен ондайды айтпайсың да.

- Демалысқа шықса, лагерьге жіберейік. Достарымен бірге болса қызық емес пе!

- Оны Нарбайдың өзінен сұрайық. Өз қалауын айтсын.

- Білем, білем сенің ойыңды, - дейді апам. Енді дауысы одан бетер қаттырақ шығады, мені ұйықтап қалған болар деп ойласа керек. – Саған салса, ауылға жібере саласың. Ескі жұртқа.

- Ескі жұрттың қай жері жаман! Екеуіміз де сол ауылда өскен жоқпыз ба!

- Ескі ауылда ескіше ойнайды. Онда баланың қиялы дамымайды. Шалдар, кемпірлер... Малтасын езіп, күнұзақ әңгіме айтқанды біледі.

- Ол жай әңгіме емес. Ол – философия.

Философия! Ха-ха! Бос мылжың десеңші.

- Осы сені түсінбеймін! – деп әкем ашулаенды. – Сен кім болғың келіп жүр?

Апам күледі.

- Мен бе? Мен өз заманыма лайық современный әйел болғым келеді.

- Сен кімдерге еліктеп жүргеніңді өзің де білмейсің. Мұсылман әйелінің өз жолы бар ғой.

- Дінге байланып қалған әйел қызметті тастауы керек. Мен әзірге қызметтемін.

- Араб елдерінде де қызмет істеп жүрген әйелдер бар емес пе!

- Ол жақ басқа...

Әкем оны тоқтатып, басу айтып, басқа бір әңгіме бастады.

- Ортамыздағы ермегіміз жалғыз ұл. Ол да есейіп қалды. Ең болмаса екеу болғанда...

- Енді мен босана алмаймын, - деп, апам шарт ете қалды.

- Жасым болса отыздан асып кетті. Оның үстіне...

- Ал, сонда...

- Оның үстіне қазметтемін. Қызметте жүрген әйелдің әдемі, әсем фигурасы болуы керек. Бет пішіні дұрыс болғаны абзал. Салпы етек әйел қызмет істей ала ма?

- Қысқасы бала керек емес қой.

- Солай десе де болады.

- Онда бала асырап алайық.

- Оны қайтеміз? Бөгденің қаны бізге сіңісе ме?

- Онда басқа бір әйелге қолқа салайық. Қазір ғылым жетілген. Ұрық салу арқылы...

Апам тулап ала жөнелді.

- Айтпағың осы ма еді. Енді қалғаны сол ма? Өзге әйелдің жатырынан шыққан баланы бағып... Көрінгенге көз түрткі болып...

- Енді Ақылдасқан шаруа ғой.

- Мүмкін сен басқа әйел алуды да ойлап жүрген шығарсың,а? Ол да ойыңда ба ма?

Жәй, жәй сөйле! Бала естіп қалар...

Осы енді сыбырға көшті. Дауыстары естілер-естілмес. Мен ойлынып жатырмын.

«Шіркін-н!» деймін ойға батып. «Тағы бір кішкентай бала келсе ғой біздің үйге! Ол маған іні болар еді. Оны ертіп, паркке алып барар ем. Балмұздақ әперер ем. Киноға кірек ек. Әткеншек тебер ек. Қандай рахат-т...»

Ауылдан келген хабар

Мен сіздерг алыстағы ауыл туралы айтуды ұмытып кетіппін ғой. Өткен жылы жаз айында әкем екеуіміз барып қайтқанбыз. Апам қызметін сылтауратып, қалада қалып қойған.

Біздің ауыл – Қаратау етегіндегі қойнауға орналасқан сексен үйлік бұйығы мекен. Онда клуб жоқ. Теледидардан бір ғана канал көрсетеді. Оның өзі бұлдырап, көз ауыртады. Телефон желісі таяуда ғана тартылыпты деседі, бірақ ол әлі жұмыс істемейді. Ұялы телефон алмайды. Ауылдың отрасында жалғыз көше бар. Өздері атын дардай етіп – Келден батыр көшесі деп атайды. Бірақ ондай жазу еш жерге жазылмаған. Рас, ол Келден батыр көшесінен тарайтын тағы да екі көше бар. Олар тым ұзақ емес, қысқа. Оның үстіне өте тар. Содан да болар, ол көшелерге ат берілмеген.

Бір қызықғы бұл ауылдың аты да Келден батыр атымен аталады. «Ол кім?» деп сұрасаң, баяғыда сондай батыр атамыз өтіпті деп, кез келген әңгіме тиегін ағыта жөнеледі. Құлақ төсесең – ертегі тыңдағандай боласың.

Ауыл адамдарының шетте қалдық, қала бара алмадық деп ренжіп, қабақ түйіп жүрген кезін көргем жоқ. Сондай түкпірдегі ауылда жатып та, қалжыңды ұмытпаған. Екі сөзінің бірі – күлкі. Күлмесіңе қоймайды.

- Әлгі кірпіш бастың-ақ қорлығы өтті, - деп әңгіме бастайды үлкендер. Ол кім десең, шынында да басы төрт бұрышты бір кісіні көрсетеді, оған еріксіз күлесің.

- Қамыт аяқтың үйінің арғы жағында... – деп бастайды да, мнн түсінбеген соң тағы бір кісіні нұсқайды, қарасам-аяғы доғал сияқты.

Ойлап қарасам, Жарғақ бас та, Қылкеңірдек те, Қалқақұлақта – бәрі осы ауылда екен. Ауыл айтқыштарының аузында өмір сүріп жатыр екен.

Ауылға қыдырып келген қонаққа дереу қосымша ат бергіш ауыл – осы. Және дәл тауып айтады. Таңданбасыңа қоймайды.

Айтпақшы, маған екінші рет көмір бала деп ат қойып жүрген осы ауыл. Мен оған еш намыстанғам жоқ. Қайта Намаз (ол менің әкемнің әкесі) ашуланып:

- Әй, сендер менің немеремді неге көмір дейсіңдіер! Өздерің жетісіп тұрғандай, - деп бәріне жекіп, таяқпен сыптыртатын.

Біздің ауылдағы үйле Намаз атамнан басқа Жағалбай көкем мен Жаныс апам тұрады. Сондан кейін балалар.... Олар төртеу, жоқ бесеу... Өткен жылы бесеу еді, биыл алтау болыпты. Оны мен таяуда білдім. Ауылдан келген хатта жазылған екен. Ол хатты Намаз атам жаздырыпты. Жазған Жағалбай көкемнің үлкен ұлы Теміржан.

Хатта поштадан ең алдымен мен алдым. Ашып оқыдым. Тағы бір бөпе дүниеге келгенін білгенде қуанып сала бердім. Оны көргім келіп кетті. Хат соңында Теміржан жазыпты: «Жағалбайлы көкем соңғы кезде ауырып жүр, төсек тартып жатып қала береді». Мен осы жолдары қайта-қайта оқыдым. Жаным ауыр оқыдым.

Кешке әкем жұмыстан келген соң хатты көрсеттім. Әкем өзі оқып шықты да, басын ұстап отырып қалды. Содан соң маған:

- Елге барып қайтпаса болмас, - деді. – Әй, бірақ жұмыстан жібере қоя ма?

Сұрасаңыз да жібермей ме? – дедім мен.

- Қаныпезер бастығымыз бар, сөзге түсінбейді, - деді әкем қиналып. – Осы қалада неміз бар еді десейші... Ауылда-ақ жүре бермей...

Содан кейін жағын таянып, ұзақ ой құшағына беріліп,отырып қалды.

Мен осы жолы әкемі аяп кеттім. «ол неге сонша мұңға беріледі екен?» деп ойландым. Сосын әкемді көңілдендіргім кеп:

Мен де ауылды жақсы көрем, - дедім. – Қаладағы адамдар қатты болып келеді, ал ауылда ондай емес.

Әкем сол сәт маған жалт бұрылып:

- О, ақылыңнан айналайын! – деп құшақтай алды. – Сен ақылды жігіт болып өсетін шығарсың. Саған сенемін ғой.

Одан кейін өзінің ауылда өткен балалық шағы туралы айтты. Ондағы достарын еске алды. Содан кейін Жағалбай ағасы есіне түскенде тағы да күрсініп алып:

- Неге ауырды екен! Неге төсек тартып жатып қалды екен! – деп күбірледі.

- Тымау шығар, - дедім мен.

- Айтқаның келсін қарағым! Солай болса екен.

Сол күні түннің бір уағына дейін екеуміз ұзақ-қ сырластық. Мен әкеме сұрақ қоюмен болдым. Мұның бәрі де көптен кудемде кептеліп жүрген, жауап таба алмай жүрген сауалдар болатын.

- Әкем, - дедім бір сөз ретінде. – Сіз апам екеуіңіз неге сөзге кеоіп қала бересіздер! Неге дауыс көтеріп сөйлесесіздер?...

- Оны кім айтты?

- Өз құлағыммен естідім ғой.

- Е, естідім де! – Әкем ойланып қалды. – Естісең, есейе бастаған екенсің. Мен сені әлі бала деп жүр едім.

- Ұрыс-керіс жасамай да өмір сүруге болмай ма?

- Болады. Болғанда қандай!

- Онда неге...

- Оның себептері бар, балам! Сен оны әлі толық түсіне алмауың да мүмкін.

- Мен ойлана алам.

- Ойлай аласың, жақсы! Ойлана білмеу – қасірет! Ойлай алмайтындар – үлкендер арасында да бар.

Әкем осыны айтты да, аз-кем үнсіз қалды. Үй ішінде үнсіздік орнады. Ойланып жатырмын. Екеуі неге сөзге келіп қала беретінін бәрібір айтқысы келмеді. Шешемді жамандағанда жоқ. Осы күнге дейін Тоты апам министрлікте қызмет істеді деп мақтанып жүруші ем, енді әкемнің сөзін тыңдап жатып, оның жанының тазадығына риза болғандаймын. Адамның жан тазалығы қандай ғанибет! Соның бәрі де кітапты көп оқығаннан болатын шығар.

- Кітап оқыған адамның жан дүниесі таза болады,ә! – дедім.

- Әрине, - деді әкем. – Кітап үлкен тәрбиеші ғой...

- Әке! – дедім мен енді еркелей тіл қатып. – Әке, сізге тағы бір сұрақ қояйын ба?

- Иә, айта ғой.

- Мен неге жалғызбын?

- Оны...оны анаңнан сұра.

Сөз осымен тәмам болды.

Менің досым – Мяу

Соңғы кездері үйкүшік болып алыппын. Ешқайда шыққым келмейді. Көше де қызық емес, ойын да тартпайды. Бір сыныпта оқиытн достарым да менің құлықсыз екенімді сезіп, күденр үзе бастаған.

Үйдемін. Кітап оқимын. Сурет саламын. Шаршай бастасам, балконға шығып, дене шынықтырамын. Сосын қайта үйге кіріп, ваннаға суға түсіп алам. Бойым сергиді. Қайта кітапқа отырам.

Бүгін маубас Мяу әбден жыныма тиіп болды. Әншейінде пыр-пыр етіп ұйықтай беруші еді. Аяқ асытынан өзіне желік бітіпті. Кітап оқып отырса үстел астынан жер бауырлап келіп, аяғымды тырналайды.

- Бар әрі! – деймін оған.

- Мяу-у...

Диванға барып, жатып алып кітап оқи бастасам, тағы да саусақтарымды тырналап түрткілейді.

- Өй, саған не болған?

Мяу-у,,, Мяу-у...

- Ә, түсіндім. Сенің де ішің пысқан екен ғой. Кел, ендеше сөйлесейік.

Маубас Мяуды жерден көтеріп алдым. Сосын құлағына сыбырлап:

- Қарның ашты ма? – дедім.

- Мяу-у-у...

- Тамақ жегің келмейді екен. Онда неге мені мазалайсың?

- Мяу-у... мяу-у..

- Жалғызбын де. Жалғыз сен ғана ма? Мен де солаймын.

- Мяу-у-у... – Ол ұзақ мяулайды.

- Ауылды сағынып жүрсің бе? Сені қалаға бекер-ақ әкелген екем. Қала деген осы. Биік үйлерге кіріп ктеміз де, сыртқа шықпаймыз. Ал, ауылда...

- Мяу-у-у...

- Түсініп отырмын. Ауылда достарың көп еді ғой. Солардан ажыратып әкелгенім дұрыс болмаған екен. Сен маған серік болсын деп едім.

- Мяу-у-у...

- Не дейсің! Ә, менімен ойнамайсың дейсің бе! Екеуміз асыр салып ойнай берсек, мнн үшін кім кітап оқиды! Кім мектепке барады! Бүгінде білімі жоқ қоғамға керек емес. Бұл – ХХІ ғасыр.

Осыны айттым да, өзім де ұзын сонар ойға берілдім.

Ауыл мен қаланы салыстырдым. Біздің Келден батыр ауылында әлі ХХ ғасыр өмір сүріп жатыр. Қалада- ХХІ ғасыр! Міне, мәселе қайда жатыр.

Тіпті ауылдағы адамдар мен қаладағы адамдардың былай қойғанда қала мысықтары да өзгеше! Қала мысықтары өз бетімен көшеге шығып, серуендеп қайтып келеді. Автомобиль жанына аяқ баспайды. Тамақты да талғап ішеді. Артық тамақты өлсе де аузына алмайды. Ал, менің Мяуым болса...

Бұл Мяу әлі сол ХХ ғасырдың мысығы екен. Келден батыр ауылының ауасымен демалып, сол ауылдың тұрмысымен тыныстайды екен!...

Маубас Мяу туралы ойланып отырағанымда кенет есіме Теміржан түсті. Жағалбай көкемнің үлкен ұлы! Онымен өткен жазда бір ай бойы бірге ойнағанбыз. Мына Мяуды тауып беріп жүрген дн сол болатын.

- Қаладағы үйде жалғыз жатасың. Ең болмаса қасында серік болады, - деп, кетер кезде қағаз қорапқа салып берген. Жарты жылдан бері Мяу екеуіміз бір-бірімізге бауыр басып та алғанбыз. Бірақ...

Мен өзімнің жалғыз екенімді биыл ғаан ойлай бастадым. Оған себеп болған – теледидардағы хабар. Бір жолы демография туралы хабар берілді. Маңдайы жарқыраған бір ағай сол хабарда айтты:

- Ұлт табиғи түрде өсуі үшін әр отбасында ең кемі үш бала болу керек.

Сосын тағы да айтты:

- Баланың көпшіл, ұлтшыл, халықшыл болып өсуі үшін орта керек. Ең үлкен орта – көп балалы үй. Көп балалы үйде баладар бір-бірін тәрбиелейді. Бір – біріне қарап, үлгі алып өседі.

Хабарды көріп отырып ( жалғыз отыр едім) көзіме еріксіз жас алдым. Жылайын деген жоқ едім, жас еріксіз шықты...

Жалғыз екенімді ойдауыма тағы бір себеп – сол Теміржанның сөзі болды.

Теміржан айтты:

- Жалғыз жүрген бала тасбауыр болды дейді. Сен жыл сайын аулға келіп тұр. Жарай ма?

Жарайды! – деп басымды изегем.

Қалаға келген соң өз-өзіме сын көзбен қарай бастадым.»Мен тасбауырмын ба?» Өзіме байқалмайды. Достарымды жақсы көрем. Олармен сыйласа білем. Тек.... соңғы уақытта өзіммен-өзім болуды қалайтын күйгедушар болғанымды түсіне алмаймын. Неге өйтем? Неге жалғыздықты қалаймын? Асылы, тасбауырлық деген осы болса ше!..

- Мяу-у-у...

Менің ойымды маубас Мяудың даусы бөліп жіберді. Мен оны құшақтап, бауырыма бастым.

- Сен жалғыз емессің, Мяу! Қасыңда мен бармын. Біз екеуміз. Екі доспыз. Сезесің бе, Мяу-у!..

Үйдегі саяси дау

Апам шетелге барып келген соң, арада бір апта өткенде үйде үлкен саяси дау басталып жүре берді. Ол дауды бастаушы апамның өзі. Кешкі шәй үстінде апам айтты:

- Қалада «Халықтың досы» деген саяси партия құрылды. Мен соған мүше болдым.

Әкем айтты:

- Е, құтты болсын!

- Жоқ, сен жай құтты болсын айтпа. Партия туралы қызығушылық білдірмейсің бе?

Маған қандай партия да қызық емес.

- Міне, артта қалған қазақ деген осы! Қоғам өзгеріп жатыр, ал бұл болса...

- Өзгеріп жатқан қоғам емес.

- Енді не?

- Өзгеріп жатан адамдар. Әр заманда әртүрлі адамдар келеді, олар әртүрлі саясат жүргізбек болады. Оны біреу қостайды, біреу қостамайды. Сосын... тартыс басталады.

- О-о, өзің философ болып алыпсың ғой.

- Әр заманның өз бұлтаңы болатынын білу үшін үлкен философ болу қажет емес.

Апам енді ашуланайын деді. Қабағын түйіп, даусын –өзгертіп:

- Қысқасы, сен мен кірген партияға мүше бола алмаймын дексің ғой,ә!- деді.

- Өз еркім өзімді емес пе! Біз ерікті, демократиялы қоғамда өмір сүріп жатқан жоқпыз ба!

- Бетімен кеткен демократия болмайды. Бәрі де белгілі бір тәртіпке бағынуы керек.

Әкем әдейі істеп отыр ма, жоқ шыны сол ма, апамды қостай қоймады. Тағы да қисая сөйлейді:

- Партия мен қозғалыстың жақсылыққа апарған кезін көргем жоқ. Су аяғы – құрдым-м...

Мен әкемнің соңғы сөзін түсіне алмадым. Су аяғы неге құрдымға құлауы керек! Су аяғы – теңіз демей ме! Бұлақтар теңізге барып құятыны рас қой.

Менің ойымды тағы да апам бұзды.

- Сен саясаттан мақұрым қалған адамсың! Сен әлі сол баяғы ХХ ғасырмен өмір сүріп келесің...

- Әй, сен... – деп, көкем дауыс көтере берді де, маған бұрылып:

- Балам,сен ана бөлмеге бара тұршы, - деді.

Мен орнымнан әзер көтеріліп, өз бөлмеме беттедім. Менің соңымнан Мяу да ілесті.

Енді қатты-қатты дауыстар естіліп жатты. Мен оның бәрін де тыңдағым келмеді. Екі құлағымды жастықпен жауып, диванда қимылсыз жатырмын. Тек Мяу ғана бөлмемде ерсілі-қарсылы жүріп алды.

Әлден уақытта есік тарс етті. Кім шығып кетті екен? Соны білгім келді. Орнымнан енді көтеріле бергенімде, есікті апам ашты.

- Нарбай, сенің әкең жынданайын депті, - деді анам. – Мені қорлап, аузына келген сөзді айтты.

Апама қарап ем, екі көзі жасаурап тұр екен. Мен оны құшақтай алдым.

- Неге... неге айқайласа бересіздер? Айқай-жүйкеге де, жүрекке де әсер етеді деседі ғой, апа!

-Е-е, бізде қайбір жүйке қалды дейсің! Әкең жүйкені жұқартып біткені қаш-шан!...

Мен апама «бұған тек әкем кінәлі ме, сіз де ойланбайсыз ба» деп айта жаздап барып, өзімді-өзім әзер тежедім.

Отбасындағы саяси дауға екі жақ та кінәлі екені көрініп-ақ тұрды.

Ауылға кеткім келеді

Бір күні аяқ астына қонақтар келе қалды. Олар кімдер дейсіз бе?

Келген Жағалбай көкем мен Жаныс апам. Оған Теміржан да ере келіпті. Ой, мен үшін ең қызық күндер сосын басталды.

Қонақтардың не үшін келгенін Теміржанның өз аузынан-ақ естіп білдім.

Жағалбай көкем қайта-қайта ауыра берген соң, қалаға келіп, дәрігерге көрінбекші болыпты. Олар жол жүрерде Терміржан «мен де барайыншы» деп қиылыпты. Жағалбай көкем:

- Бірге жүрсін. Нарбайды сағынған болар, - деп бір-ақ шешімін айтыпты да, үшеуі жолға шығыпты.

Дәрігерге көріну, тексерілу шаруасы бір аптаға созылды. Сол ьбір апта ішінде Теміржан екеуміз қаланы кезіп, бармаған жеріміз қалмады. Бізден маубасМяу да бір елі қалыспайды. Қайда барсақ, сонда жетіп келеді де тұрады. Теміржан айтты:

- Бұл мысық мені әлі таниды екен. Ауылды сағынған түрі ғой, - деді.

- Мысықтар да ауылды сағына ма?

- Сағынғанда қандай! Біздің елдің бір оқиға болған. Көрші ауданға беріп жіберген мысықтың баласы алты айдан соң, арып-ашып ауылды тауып келіпті. Өзі әбден жүреген, жүні түскен. Жол-жөнекей көрмегенін көрген болар, әйтеуір құр сүлдесі қалпты. Соны көрген ауыл адамдары «Ой, пәлі десес, мысық екеш мысық та туған ауылан осынша сүйе алады екен-ау» десіп, таңданғаны бар.

- Е, - дедім мен, - Менің мысығам да соңғы кезде көп мияулайтын болып жүр.

Теміржан менен екі жас үлкен. Ол да озат оқушы. Оның да оқымаған кітабы жоқ. Бірақ қалаға алғаш рет келуі болған соң, сұрағы жоқ.Біздің мектептің бағдарламасын сұрайды. Ағайлардың сабақ өткізу тәртібіне қызығады. Тек ол ғана емес, қала өмірі туралы да айта берсем екен дейді.

Олар әсіресе біздің Аяз ағайдың мінезіне қатты қызығады.

- Сонда сендермен әзілдесіп жүре бере ме? – деп сұрайды.

- Солай. Ол кісі әзіл қой. Нашар оқушыларға аяқ астынан өлең шығарады.

- Қандай өлең?

- Әртүрлі. Мысалы, бізбен бірге Кәрім деген бала оқиды. Ол тамаққа тоймайды. Үзіліс кезінде буфетке барып, айран ішіп отырады. Сосын келесі сабаққа кешігіп келеді. Аяз ағай соны мазақтап:

Біздің Кәрім о, тоба-ай!

Барып тұрған қомағай!

Қарны ашса мазасыз,

Ызыңдайды сонадай-й!...- деп өлең шығарды.

Осы өлеңді оқып беріп ем, Теміржан ішек-сілесі қата күлді.

- Ал, бізде, - деді сосын. – Ағайлар өте қатал. Бізбен әзілдеспейді. Ұрысса, қорыққанымыздан іннен-інге кіріп кетеміз.

- Сен осы қалаға оқуға ауыссаң қайтеді? – деп сұрағанымда, Теміржан мұрнын тыржитып:

- Жо-жоқ,и ауыл ол ауыл ғой, - деді.

- Мектеп бітірген соң не істейсің? Қалаға келіп оқымайсың ба?

- Жоқ, мен мектеп бітірген соң, еңбекке араласам. Ауылда егін егіп, бақша өкілдерін өсірем.

- Оны қайтесің?

- Оны түркістанға апарып сатам.

- Ол ақшаны қайтесің?

- Оған көп-п кітап сатып алам.

- Оны не істейсің?

- Ауылда кітапхана ашам. Білімге құмар балалардың бәрі кітап оқу үшін сонда жиналатын болады.

- Ал, оқу ше?

- Жоғары оқу орнына сырттай түсем. Барлық бағдарламаны алып, өзімше ізденем. Өз бетімше оқып-білуге дағдыланам.

Маған Теміржанның әңгімесі соншалық қызық болып көрініп кетті. Тағы да айта түссе екен дедім.

- Бақща өнбей, егін шықпай қалса қайтесің?

- Онда тағы да егем.

- Ол да шықпаса...

- Тағы да, тағыа, тағы, тағы... Қысқасы, өнбесіне, көктемесіне қоймаймы. Ой, біздің ауылдың бұлағының суы тұп-тұнық, тап-таза ғой, қандай дәнді де көктетеді. Жері құралы ғой...

Мен одан бетер қызыға түсем.

Түнде Теміржан тез-ақ ұйқытап қалады. Ал мен ұзақ-қ ойланып жатам. Неге екені белгісіз, мен осы күндері ауылға кеткмі келіп кетті.Теміржанның жанында болып, оның істеген ісін мен де істесем ғой деп арман еттім...

Қайдасың сен, Мяу?

Сөйтіп уақыты келгенде Теміржан ауылға қайтып кетті. Жағалбай көкемнің науқасы пәлендей қорқынышты емес екен. Тиісті дәрі-дәрімекті ауылға алып барып, ем алуға болатынын айтыпты.

Теміржан аттанарда өте көңілді болды. Мені қайта-қайта құшақтай береді.

- Жазғы демалыста ауылға кел! Саған талай-талай қызықтарды көрсетем, - деді.

- Уақыт келгенде көрерміз, - деп мұрнымның астынан міңгірледім. Олай деу себебім – апам менің жазғы демалысымды әлдеқашан-ақ өзі шешіп қойған. Апамның ойынша, мен ең алдымен қала жанындағы лагерьге баруым керек. Онда ағылшын тілін үйретеді екен.

- Тілді білмесең, ертең шетелде оқи алмайсың, - дейді апам. – Шетелде оқымаған бала біздің елде бәрібір екінші сортты болып қалады.

Әуелде қасылық байқатып, қисая сөйлесем де, «екінші сортты болып қаласың» деген сөз ойымды бұзған. Расында да біздің сыныптың ұл-қыздары жаппай ағылшын тілін үйренуге бас қойыпты. Қашан көрсең де қолдарында ағылшын тілі оқулығы. Демек, апам текке айтып отырған жоқ, бұның астарында бір шындық бар.

«Шіркін-н!» деп арманадар едім сондай сәттерде мен. «Шетел тілін де тез меңгеріп алып, сосын ауылға да барсам ғой... Бәріне үлгеріп жатсам, қандай рахат болар еді...»

Ол, бірақ, арман ғой. Армандау оңай, ал өмірде бәрі де басқаша.

Жалпы мектепке мен ағылшын тілінен тәп-тәуір-ақ баға алып жүрген оқушымын. Сыныптастарымның алды да емеспін, арты да емеспін. Жуан ортасындамын. Бірақ, бұл көрсеткіш апамды еш қанағаттандырмайды. Оның ойынша, мен ең үздік оқушы болуым керек. Ағылшын тілінде таза сөйлей білуім қажет.

Теміржанға осы туралы ойымды ашық айтып ем, ол мұрнын тыржитып:

- Қала қазақты ұмытып барады екен, ең алдымен біз қазақ болып алмаймыз ба! – деді.

Ағылшын тілі қазаққа зиянын тигізе ме?

- Зияны жоқ. Алайда соны үйренем деп жүріп, көп бала өз тілін ұмытып қалмаса болғаны.

- Қазақшаны былай да білеміз ғой. Оны оқып не керек!

- Ол саған солай. Ал, қалада туып, тек қала тәрбиесімен өкен көп балалар өз тіліне шорқақ бола бастапты.

- Оның бәрі де қазақ тіліне қажеттіліктің жоқтығынан болар, - дедім өзімше білгішсініп. – Егер білу шарт десе, бәрі үйренер еді.

- Мен де соны ойладым, - деді Теміржан. – Өз тілімізді білмей өссек, қазақтың қызғылықты ертегісін кім тыңдайды? Кім сол ертегілерді бізден кейінгі балаларға майын тамыза әңгімелеп береді?

- Сен ертекке әлі сенесің бе?- деп сұрадым Теміржаннан.

- Ертекке сену басты мәлесе емес, - дедә Теміржан. – Оны жүрегіңмен қабылдай білуің керек. Сезіммен тыңдай алған абзал.

- Сонда не болады?

- Сонда сен өзіңнің қазақ екеніңді түсінесің. Жаның рахаттанады.

Мен осы сөздерден соң ойланып қалам. Расында да қазақтың ертегілерін ертек қана деп оқысаң, онда көп жайтқа түсінбеуің де мүмкін. Ол кешегі халықтың ой-арманы, үміт-тілегі... Теміржан өте дұрыс айтады.

Еһ. шіркін, біз осы өте арманшыл халық шығарыз,ә!...

Осы ойымды Теміржанға айтып ем, ол қуанып сала берді.

- Міне, енді түсіне бастадың. Осылай ойлау керек, - деді.

Қоштасып тұрған сәтте де мен Теміржанға сол әңгімені қайта еске түсіріп:

- Мектеп кітапханасының «Қазақтың батырлық дастандарын» алдым, енді оқи бастаймын, - дедім.

- Оқы! Сосын екеуіміз талқылаймыз, - деді ол.

- Қош, - дедім мен.

- Қош! Келесі кездескенше! – деді ол.

Қанша қия алмасамда, Теміржанды қол бұлғап шығарып салдым.

Үйге келген соң бөлмеге сия алмадым. Бір кірем, бір шығам. Аз күн болса да Теміржанға бауыр басып қалыппын. Әрбір сөзі құлағыма ызыңдап келе береді, келе береді.

Кенет... есіме түсе кетті. Маубас Мяу қайда?

Енді шарқ ұрып, соны іздейін. Еш жерде жоқ. Ұшты-күйлі жоғалған. Жым-жылас.

Жұмыстан апам келді.

- Н іздеп жүрсің?

- Маубас Мяуды таппадым.

- Е-е, оны мен көрдім. Бағана Теміржанның қол сөмкесіне кіріп бара жатқан.

- Сонда... ауылға кетті ме? Оны неге маған айтпағансыз?

- Әй, қойшы соны! Үйдің іші ластанғаннан басқа түк пайдасы жоқ. Кетсе, кеткені де дұрыс болды.

- Мен қайтем! Бауыр басып қалып ем...

- Ештеңе емес. Ертең-ақ ұмытасың.

- Жоқ! Мен оны ұмыта алмаймын.

Апам зекіп тастады.

- Ұмыт! Ұмыт енді... Сол Мысық мына бізден де қымбат ап саған!.

- Жалғыз қалғанда екеуіміз сөйлесетін едік.

- Оһо, сөйлесетін жәндікті тапқан екенсің! Мысық кісі тілін түснуші ме еді. Қой, балам, өйтіп қияли бола берме!

- Қияли мен емес, мына сіздер-р...

Аузынан осы сөздердің қалай шығып кеткенін білмей қалдым. Тұңғыш рет Апама қатты сөйледім. Ол көзі шарасынан шығып, маған аңтарыла қарап тұр. Тілі байланып қалғандай.

Мен еріксіз жылап жібердім. Апам мені құшақтады.

- Жылама, балам! Көз жасыңды тый! – деді. – Жігіт болмашға да жылай ма екен. Мысықсыз ұйықтай алмаймын десең, ертең базардан біреуін сатып әкеліп берем...

- Жоқ-қ! – дедім басымды керіп тартып. – Жоқ, керек емес! Маған басқа мысықтың түкке де қажеті жоқ!

Сосын далаға зытып ала жөнелдім. Осы сәтте үй ішінің ауасы соншалық тарылып кеткендей көрінді.

- Балам! Балам, қайда барасың? – деп айқайлаған дауыс құлағымда қалып қойды.

Үй түбіндегі паркке барып, ұзақ-қ жүріп алдым. Өзіме-өзім келе алар емеспін. Көзіме жас үйіріле береді. Неге жылай берем? Өзім де түсіне алмаймын.

Арт жағымнан жұмсақ даус естілді. Әкем екен.

- Үйден қашқаның не, балам!

- Маған үйдің іші тарылып кетті. Өкпем қысылды.

- Түсінем, балам! Бәрін де түсінем.

Әкем басымнан сипады.

- Әнем-міне дегенше жаз да келеді. Сосын демалысқа шығасың. Мяуды сағынсаң, елге барып қайтамыз.

- Рас айтасыз ба?

- Шын сөзім.

Әкемді құшақтай алдым. Сол сәт көзімнің жасы да тыйылмайды. Кеудемді қуаныш кернеп ала жөнелді.

«Мен саған жақында барамын, маубас Мяу! Сенің қасыңда боламын. Бәлкім, біржола қасыңда қалармын-н».

Ішімнен осылай күбірлеп қоямын.

Әкем айтады:

- Ауылда қанша болғың келсе де, мен сені күтемін. Мауқың басылғанша ойнайсың.

Мен әкемді одан бетер қыса түсем.

«Сенсіз маған өмір жоқ екен, Мяу! Мені тастап, қашыпкеткенің не? Ең болмаса «қош бол» деп айта алмағаның ба? Ә, білдім! Сен маған ренжіген екенсің ғой...»

Кенет... әлдеқайдан «Мяу-у-у» деген дауыс келді құлағыма. Мен басымды оқыс көтеріп алып:

Қайда? Кәні!... – дедім алақтап.

Әкем таңдана:

- Балам, саған не болды! – деді. Сосын маңдайымды сыйпады. – Денең ысқыт екен, ауырып қалмасаң болғаны ғой. Жүр, үйге қайтайық.

Әкем алға түсті. Мен соңынан ілбіп еріп келем. Жаңағы дауысты ойлап келем. Ол қайдан естілді екен? Неге менің құлағыма ғаан естілді? Әкем естімеді ме сонда?

Қала қою қараңғылыққа оранып, мүлгіп жатыр.

Адымдаған сайын құлағыма маубас Мяудың даусы тағы да естіліп қалатындай, қайта-қайта елеңдеймін.

ЕЛ МЕН ЕЛЕС
(мінездер миниатюрасы)
1. Билік басында

Билік басына келді. Биікке көтерілді. Үлкен лауазым. Әнебір жылдары «шіркін, биік лаузымға қолым жетер ме екен, жетпес пе екен, әй қиын-ау сол өзі...» деп ойлайтын. Енді соған қолы жеткенде «ойпырмай, енді қалай болар екен, дұрыс алып жүре алам ба» деп шынымен уайым қыла бастады.

Оған себеп көп.

Бұл күні екінің бірі бұны сынағыш. Сын садағын кезеп тұрғандар – сансыз көп. Шамасы келетіні де, шамасы келмейтіні де бір түйреп өткісі келеді. Әйтеуір сөз айта алатынның бәрі бұның аты аталған жерде тыныштық таппай, тыпыршып ала жөнеледі.

Анада осы қаладағы беделді газетте бір «мықты»: «Ой, оны баяғыдан білеміз, өзі жасынан шенқұмар, ойлағаны билік басына бару, қызметпен аурған жігіт» деп жазыпты. Солай ма? Бұл расымен қызмет, лауазым ауруымен ауырды ма? Өз ойынша – жоқ. Тіпті осындай биікке шынымен-ақ көтерілермін-ау деп үміттенсе кінә! Ал, енді жұмыс істеп, сол жұмысын басқалар да бағаласа екен десе, соны армандаса, оның несі мін? Оны да артық мінез дей ме! Түсінсе бұйырмасын.

Ал, анабір жолы бір қыңырлау жігіт баспасөзге «шамасы белгілі ғой, қатырып жатқаны қайсы, осы күнге дейін көзге түскен бір жұмысы – әлгі журалистермен жақындығы, солармен тәуір болмас, мені мадақтайды, түймедей ісімді түйедей етіп көрсетеді деген қулық ой ғой онысы» деп құқылжытты. Соны көре қалыпты. Басқа істегендерін көзге іліп жатқан жоқ. Оған не дер...

Тағы бір мықты... «ол лауазым иесі болғалы бері мүлде өзгеріп, бөлек адам болып кетті, сөйлеген сөздері де басқаша» деп жазды. Сонда-а... не істе дейді бұлар? Билік басына жеткен соң үндеме, дымың ішіңде болсын дей ме! Бір елі ауызға екі елі қақпақ қой дей ме? Ондай билікте отырып не керек? Өйтіп ел басқарып не керек?

Баяғыда... жастау кезінде бұнің тілеулестері өте көп болып еді. «Талабың зор, болашағың нұрлы, алың ашық, барар жерің биік, тұғырың шыңда...» деуші еді. Қазір ше?

Қазір... «өзі өркөкірек, сөзі сүйкімсіз, лауазымға мас болған, ел сөзіне құлақ аспайтын, мінезі өзгерген...» болып барады.

Осыны айтып-жазып жатқан халық па? Ел-жұрт па?

Әй, қайдам-м!... Өз байқауынша, ат төбеліндей аз ғана топ. Шағын тобырдың шатағы... Қайтсек сүріндіреміз деп жанталасуы. «Өстіп атағы шығып кете бере ме? Ол неге бізден озуы керек? Асып бара жатқан қандай ісі бар?...»

Оңашада ойлап қараса, бұл жұрттың бәріне бірдей жағу қиынның қиыны екен. Соны сезеді. Сондайда ойлайды: «Тіршілік деген тек тайтаастан, алыс-жұлыстан тұратын болғаны ма?»

Тағы да бір ойы айтады: «Жоқ, тайталасты тудыратын ешкім де емес, адамдардың өзі ғой.»

Тағы да ойлайды: «Бәлкім, тайталас-тағдыр болмаса, кісі өзін-өзі қолға алып, ширығып-ширатылып жүре алмайтын болар. Кісіні әрдайым қамшылайтын, намыстандыратын, тақымдап отыратын қозғаушы күш – ол сыртыңнан айтылатын күбір сөз...»

Еһ-е!.. Жетсең де жамансың, жете алмасаң да жамансың.

Өмір дегенің осы ма еді, беу жалған-н!...

Мұндайда қазақ айтқан: «Бар болса, көре алмайды, жоқ болса, бере алмайды».

Ал, Елес айтады: «Аяз би де әлін білген...»

2. Сағыныштың сазайы

Ол сынай беретін, сынай беретін.

Газеттерді ашып қалса да – сол, теледидарды басып қалса да – сол! Жиналыстарға бара қалса да сол! Қайда болса да сол... Жағы тымбастың өзі. Сөзі бітпестің өзі. «Ұятсызға дауа жоқ». Оның сүйкімсіздеу даусын естіген сайын осы сөзді ішінен қайталап қоятын да, жүре беретін. Әйтеуір бір жағы семсер деп ойлап... Сөйтсе тоқтайтын ол ма! Қайта күннен-күнге үдетіп барады.

Газеттерді ашып қалса да, теледидарды басып қалса да... Симфозиум, конференцияларда да...

Содан ойланды. Көп ойланды. «Бұған не дауа бар?...»

Көп күн қатырып жүрді.

Бір жолы жұмыс кабинетінде жалғыздан-жалғыз отырып, әлгі снағышты тағы да есіне алған. Демалыс күні еді. Ешкім мазаламайтын күн. Өзіне ғана тиесілі күн. Сонда да жұмыста. Есіне тосыннан әлгі «сынағыш досы» түсіп отыр. Сынаудың да сынауы бар. Жөнімен, ретімен сөз айтылса, оағн қарсы уәж жоқ. Реніш те болмайды. Кемшілігің айтылса, оның астарында шын сын жатса, ренжіп не керек. Ондайларға ренжімеу керек, қайта кемшілігіңді дер кезінде айтқаны үшін рахмет айтса да артық емес. Ал, мынау... «тисе терекке, тимесе бұтаққа»! Бұл не сонда?...

Ойлана – толғана келе, сол сынағыш жігітті өзіне шақыруға бел байлады. Бетпе-бет отырып сөйлеспек.

«Сынай бер, бірақ тек қана шындықты айт. Сонда мен ренжімеймін...» Осыны айтпақ болды.

Келесі күні әлгі «сынағыш» досы кабинетіне сүмең етіп кіріп келе жатты. Бұл оны өз кабинетіне шақыртуын шықыртқанымен, артынан айлаған: «Әй, ол кім сонша, мені шақырып алатындай, мен қайтемін оны, бармаймын» деп бұлданар, келмей қояр деген. «Кіргісі келсе, сөйлескісі келсе өзі неге келмейді! Мен неге баруым керек? Осы сөзімді айт оған» деген жайсыздау жауап аламын ба деп күдіктеніп еді. Сөйтке...

Сөзді шақыртқан соң өзі бастады. Қысқа қайыруға тырысты. «сынағаның айып емес, бірақ жөнімен айт, арға тиме» деді. Анау да есе жібермеді. «Қай жерім дұрыс емес, айтыңыз кәні» деді. «Жоқ, айтыңыз, қай жерім қате?...»

«Ана жолғы жазғаның сәл-пәл қиғаштау. Оның анығы мынадай».

«Кешегі бір сөзінде былай дедің. Бұл да нысанаға дөп тиіп жатқан жоқ. Шынығынан шаласы басымдау...»

Сынағыш дос енді жатып келіп дауласар, бет жыртыса айтысар деп еді, біоақ өйтпеді. «Енді... сынасақ оның да астарында бір шындық бар, жел тұрмаса шөп басы қимылдай ма» деп күмілжіп қалды. Атылып, басымен алысып тұрған жоқ. Әлгіндегідей емес, бұның ыңғайына жығылып, дегеніне көне бастағандай. Бұның да күткені сол еді. Енді әрі қарай қатты сөзге бармады. «Өз жағдайың қалай, үй іші, отбасы дегендей, пәтер жағы дұрыс па?» деп жылы сөз бастай беріп еді, анау «ойбай, қайбір жағдай бар дейсің, пәтерден қиналып жүмін» деп зар қақты.

Бұл көмекшісін шақырды. «Мына азамат көп қиналып жүр, пәтер жағын шешуге көмек көрсетейік, ертең есіме сал» деді. Сол-ақ екен ана «сынағыш» мүлде өзгерді. Енді бұны көзінше мақтай бастады. «Сізді көп кісілер өтірік түсінбей жүр, мықтылығыңызды белсе де, әдейі қисайып, кері тарта сөйлейді» деп сампылдап сөйлеп, тоқтамай қойды.

Оның сыры деп-демде ашылды. Арғы жағы белгілі болып қалды.

Жылы қоштасып, шығарып салды.

Міне, содан бері бұның құлағы тыныш.

Газеттерді ашып қалса да, теледидарды басып қалса да ол жоқ. Жиналыстарда да көрінбейді...

Мұндай да қазақ айтқан: «Тас пен ұрғанды аспен ұр».

Ал, Елес айтады: «Өмірде бәрі де бола береді».

3. Өтірік шындық

«Жазушы – заманның көзі мен құлағы...»

Қызметке араласқалы бері қаламгер ағайындар жайлы қайсыбір отырыста болмасын, естігені де, көңілге түйгені де – осы! Сосын да ақын-жазушы десе ішкен асын жерге қоятыны, олар келсе көп күттірмей, дереу қабылдайтыны, сөзіне құлақ асатыны рас. Сөзі салмақты, айтары алымды, білдірері білікті қаншама ұлт жазушы бар.

Ал, енді мына бір кісіні еш түсінбей-ақ қойғаны. Ылғи да «сізге кіріп шығайын, ел тағдырына қатысты айтарым бар еді» дейді де тұрады қиналып. Өзі анау айтқан белгілі де емес. Аты-жазушы. Көмекшісі әлденеше рет қағазға атын жазып әкелді. «Пәленше деген жазушы сізге кіргісі келеді.»

Бір емес, екі емес... Ақыры қабылдауды жөн көрді. Айтарын айтсын енді. Тыңдап көрмек болды.

Ертеңіне каьинетіне «өз сұрауы бойынша» кіріп келген әлгі жазушы айтар шаруасын бес-он минутта бітіре қоймады. Әңгімені әріден бастады. Өзінің өмір жолын, жетім өскенін, бақытсыз балалығын, қиналып жетілгенін айтты. Жазушы болу үшін де әбден арып, кітап шығару үшін «жарым жасын» бергенін тағы қосып қойды. Сосын барып «мына кітабымды сізге әдейі ала келдім, өзі сіз секілді ел қамын жеген азаматтарды марапаттау, солардың ішкі жансарайына үңілу, жан сезімін көркем тілмен кестелеу» деді.

Кітапты қабыл алды. Келгеніне, көңіл толқытар тілек айтқанына ризалық білдірді. Өтінішін де тыңдады.

Жеке үй салу үшін жер керек екен. «Шешім берейін» деді.

Баласының қызметін өсіру керек екен. «Оны да ойластырайын» деді.

«Көптомдық кітаптарымды шығаруға қаржылай көмек көрсетпес пе екен?» деп сұрады. «Жарайды, оны да бір жақсы етерміз» деді.

Жазушы сонда ғана сабырға түсіп, аптыққан демін алып, осымен тоқтадым дегендей ыңғай танытып еді, есік алдына дейін шағырп салды.

Сөзі әсерлі екен. Бипаздап мақтайды екен. Сенбесіңе сендіретіндей.

Беріп кеткен кітабын сипалап ұзақ-қ отырды. «Бір қол босаған кезде оқып шығу керек» деп ойлап та қойды.

Бір күні қолы қалт еткенде әлгі кітапты парақтап көрсе, ішінде түскте жоқ. «Сіз секілді ел қамын жегендер» туралы деп еді, ал мынаусы... түсініксіз бірнеңе. Тіпті оның ана жолы айтқаны басқа, ал кітаптың ішіндегі жазғандары мүлде бөлек. Ойлады «Бұл жазушы мені ктіап оқиды дисің бе, оқыса түсінер ме, айта салайын, бәрібір ұғып жатқан жоқ-қ... Қай сөзім қалады дейсің... Есегім көпірден өткенше...»

Кей жазушылар шындықты бұрмалап, өз қиялындағы бірнемелерді шатпақтап, өтірік жазады деп еститін. Жазушылар өтірік жазып қана қоймайды екен, өтірік те сөйлейді екен...

Ол өз кабинетінде қос қолымен басын қыса ұстап, арлы-берлі жүріп, неге екені белгісіз, ұзақ-қ күлід. Тоқтаусыз күлді. Шек-сілесі қатқанша күле берді.

Сол сәтте тілінің ұшында мынадай сөздер тіреліп тұрып қалып еді. «Өмір дегеніміз – шындық, ал өтірік шындықты туғызатын мына өзіміз, адамдар-р...»

Елес айтады: «Мата даңқымен бөз өтпейді».

4. «Періште» Еркек

Екі келіншек. Кәдімгі әйел жынысты екеу. Күнде бірге жүреді, ұзақ жүреді, ұзақ-қ сөйлеседі.

Оның біреуі – Бұйрабас, екіншісі – Бұрымды.

Бұның сөз кезегін Бұйрабас бастады.

- Әйғ сен... еркек атаулыны түкке алғысыз етіп, ол бейшаралардың басына бар жаманшылықты үйіп-төге берме. Еркектің тәуірі, әйел табынатын жақсылары, көргенділері де бар. Бар ғана емес, баршылық.

- Қайдам-ау,- деді Бұрымды. – Мен білсем, еркектің етегіне намаз оқып жүргені аз. Бәрі де бірдей. Тірлігі де, қылығы да, әрекеті де...

- Жоқ, қателесесің. – деді Бұйрабас. – Адамгершілігі зор кісілер аз емес. Баршылық. Мысалы, ана Ұзынтұра төраға бар ғой, сол... жігіттің сұлтаны. Байқамайсың ба, өзі тәкаппар, өзі сұлу, өзі ақылды... Тіпті моральдық жағынан да өте ұстамды.

Бұрымды күліп жіберді. Тоқтай алмай, үдемелете күлді. Бұйрабастың «саған не болды, жын қақты ма?» дегеніне де қарамастан, ұзақ күлді.

- Сені... сені бірдеңе ұрып кеткен шығар, - деді Бұйрабас.

- Жоқ, сені ұрып кеткен, - деді Бұрымды.

- Неге? Неге олай дейсің?..

- Өйткені сен табынбайтын еркекке табынады екенсің. Сол Ұзынтұраны көптеп білесің бе?

- Е, енді... ептеп... Бір-екі рет отырыста болғанбыз. Маған көз қиығын салған. Ықыласы ерекше болған. Өзім бірден ыңғай байқата қоймаған соң, ол да өзін-өзі ұстады. Сондай ұстамды еркектерді қадірлеймін. Әйтпесе, бар кейбіреулері, өзіңе сүйкене кетеді де, қаласаң да, қаламасаң да қыр соңыңнан қалмайды. Тіпті мезі етеді...

Бұрымды тағы да күлді. Келемеждей күлді.

- Ой, сен өзің... неменеге күле бересің? Айтсаңшы себебін...

- Себебі болған соң күлемін де, - деді Бұрымды. - Күлеуімнің астары бар ғой.

- Ол қандай себеп?

- Өйткені, сол Ұзынтұра төрағаны мен де жақсы білемін. Онымен бірнеше рет дәмдес болғанмын.

- Өтірікті соқпа, - деді Бұйрабас. – Өтірігіңе береке берсін. Мен жақсы танимын деген соң, дереу ойлап таба салған айлаң ба бұл?

- Имандай шыным! Мен оны сенен бұрын білемін. Білгенде, жәй таныстық емес, жақсын таныстық...

- Сонда-а... – деп Бұйрабас аузын ашып, аңтарылып қалды. – Сонда сен онымен бұрыннан-ақ...

- Иә, бұрыннан.. Баяғыдан... Ол маған айтты, саған ұзын шаш жарасады деп. Сосын шашымды өсірдім. «Бұрымдым» деп еркелеткені қандай!..

- Аһ, подлец! – деді Бұйрабас. – Ол маған.... Сенен басқа ешкімді ұнатқан емеспін деп... Алдап...

- Е, құрбым, ашуыңды бас, - дейді Бұрымды. – Енді екеумізде жас емеспіз. Сен де, мен де қырықтың үстіне шықтық. Елу дейтін ауылға еңкейіп барамыз. Сондықтанда өмірдің майда-шүйде нәрселеріне тым күйгелектене бермеуіміз керек. Денсаулықты күт. Ендігі қалғаны сол.

- Жоқ-ау, - деп Бұйрабас сонда да басыла алмаған. – Жоқ енді.... мені алдамай-ақ шынын айтса болмай ма! Бала емеспіз. Түсінеміз.

- Еркектің бәрі солай, - деп Бұрымды да күйіне тіл безеді. – Періште еркек жоқ.

Бұйрабас кішкене ойланып, үнсіз қалды да, артынан аһ ұра:

- Дүниеде ең таза, ең сүйкімді еркек бар болса, ол Ұзынтұра болар деуші ем, сөйтсем... – деп күрсінді.- Сөйтсем... бәрі де көз алдау екен ғой.

Әне әлгі екі келіншек тағы да бірге кетіп бара жатыр. Олар не жайлы сөйлесіп барады екен, а?..

Мұндайда қазақ айтқан: «Пендесі бар жалғанда бәрі мүмкін-н...»

Елес айтады: «Өзіңнен басқа ешкімге сене көрме!...»

5. Жел сөз

Бірі – Мысықмұрт, бірі – Жалтырбас, осы екі жігітті ел күнде көреді. Күнде үй сыртында ерсілі-қарсылы жүреді де қояды. Өздері арақ ішіп, аузына келгенді айтатын көп еркектерге ұқсамайды.

- Қатыным қайтыс болғалы бері екі жылдан асты,- деді Мысықмұрт Жылтырбас досына сыр аша. – Осы екі жыл ішінде әбден шаршадым. Жалғыздықтан шаршадым. ЖҰмыста да сүреңсіз бір тірлік, үйге келсем – жалғыздық...

- Ой, сен неге жалғыз болуың керек, - деді Жалтырбас. – Қайта рахат өмір сенікі емес пе. Айналаң толы қыз-келіншек. Қалағанымен күл, ойна. Бетіңнен қағатын кім бар, қане!

- Бетімнен қағатын пенде жоқ екені рас, - деді Мысық мұр. – Бірақ оны еркіндік деуге бола ма. Еркіндік деген тек қана ешкім көрмейтінғ құлақ естімейтін алыс аралда ғана болады. Әйпесе, әрбір қадамың сөз, гу-гу әңгіме..

- Ол қандай әңгіме?

- Қандай әңгіме болсын! Өсек сөз... Осы өткен айда бір келіншекпен кішкене сөйлесіп, әмпай-жәмпай бола бастап ем, артынша әңгіме гу-гу ете түсті. «Ойбай, несін айтасың, ол екеуі баяғыдан ашына екен» деп үй арасында сыпсың сөз жүргірді. Ашына болған түгіміз де жоқ. Жәй, сыр бөлісу...

Жалтырбас күлді.

- Әйел мен еркек достығы дегенді түсінбеймін. Әрине, ел дұрыс айтады. Екеуің де басы бос адамсыңдар. Енді... өзгесі табиғат заңы.

Мысық мұрт азар да берзер.

- Әне, сен де солай ойлайсың! – деп күйіне сөйлеп тұр. – Біз жәй достармыз. Ойымыз, сөзіміз жараасады.

- Ой жарасса, сөз жасарасса, одан артық не керек? Одан әрісі белгілі емес пе.

- Жоқ! – деп Мысық мұрт кесіп айтты. – Жоқ! Еркек пен әйел жәй дос бола алмайды деген теріс ұғымнан қашан құтыласыңдар сендер! Не деген топассыңдар-р!..

- Өмір заңы бойынша... – деп Жалтырбас тағы да сөз жалғай беріп еді, анау әрі қарай сөйлеспеді.

- Өмір заңы жоқ! – деді Мысық мұрт. – Өмір заңы деп ойдан шығарып жүрген біздер.

- Е, онда өзің біл. Менікі жәй сөз арасындағы әңгіме! Ал, енді... осылай соқа басың сопайып жүре бересің бе? Қыз-қырқын көп қйо осы күні...

- Ойым бар.

- Ол кім? Менен жасырасың ба?

- Жоқ, жасырмаймын.

- Онда айтсаңшы.

- Әлгі министрлікте істейтін орта бойлы, сары шашты келіншек. Соны ұнатып...

Жалтырбас оған «осыны шын айтып тұрсың ба?» дегендей, сұрулы жүзбен ұзақ қарады.

- Неменеге маған бақырайып қарайсың? Сен айт дедің...

- Жоқ, шын сырыңды айтқаныңа күдіктенгенім емес, жаңағы сары шащты келіншекті ойлап тұрғаным...

- Е, оның несі бар? Сырын білуші ме ең?

- Ептеп...

- Сонда-а...

- Жеңілтектеу.

- Оны қайдан білесің?

- Естігем.

- Кімнен?

- Бір танысымнан.

- Ол не деді?

- Ол... қысқасы, сары шашқа жоламай-ақ қой.

- Сен айтты екен деп неге қашуым керек! Естігеніңнің бәрі өсек болса ше!

- Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды.

- Бүйте берсек, әңгімеге ілінбеген қыз-келіншек табыла ма?

- Мүмкін, бар шығар. Іздеу керек.

- Қашанғы іздеймін. Шаршадым.

- Онда өзің біл.

- Жоқ, сен досым емессің бе! Әлгі сары шаш келіншек туралы не естідің? Айтсаңшы ашып...

- Мені одан әрі қинама.

- Жоқ, қинаймын! Айт расын!

- Ол өзі... жеңіл жүріске әдеттеніп алған келіншек. Кімдермен қарым-қатынас жасайтынын да білем. Демек, сенің де көзіңе шөп салуы әбден ықтимал. Әдетін қоя алса жақсы...

- Шын сөзің бе осы?

- Имандай шыным!

Мысық мұрт үнсіз қалды. Қапалы. Ренжулі.

- әй, осы... – деді сосын. – Бұл дүниеде жаны пәк, жүрегі таза, ойы орнықты қыз да, келіншек те қалмай бара жатқаны ма? Енді не істеймін! Қу тіземді құшақтап өтем бе бұ дүниеден-н...

Мысық мұрт пен Жалтыр бас, әне, тағы да өзара сөйлесіп, әлденеге дауласып, тағы да бірге кетіп барады.

Мұндай қазақ айтқан: «Ел ішіндегі азаматтың жаманы жоқ, бірақ өсектен аманы тағы жоқ...»

6. Кран мен экран

Буарбайдағы демалыс үйіне бір мезгілде екі бірдей келіншек келіп кірді. Екеуі де демалмақшы. Екеуі де жас шамалас. Тек айрмасы – бірінің сары да, ал екіншінікі қара.

Демалыс үйінің кіре берісіндегі ұзынша орындықта қаздай тізіліп отырған бір топ демалушылардың арасынан біреуі:

- Ана сары шашты келіншек теледидарға ұлттық бағдарламаны жүргізбей ме? – деп, оны бірден танығанын аңғартты. Оны қасындағы серігі де қостап:

- Иә, сол келіншекке ұқсайтын сияқты, - деп бұрыла қарады.

Ал, үшінші демалушы айтты:

- Әй, ол емес болар, ептеп түрі ұқсайды, бірақ....

Осы кезде ұзынша орындықтың ең шетінде отырған бір кісі:

- Ау, ана қара шашты келіншекті танимын ғой, - деді. Бәрі оған қарай жапырыла бұрылып, жамырай тіл қатты:

- Танисың ба?

- Қайдан танисың?

- Ол кім? – десіп ынтыға сұрап жатты.

- Ол ма! Ол өткен айда «қаладағы үйімді заңсыз бұздыңдар» деп өкіметке қарсылық көрсеткен келіншек. Естеріңде ме, биік кранның ең төбесіне шығып алып...

Осы-ақ екен, бәрі оны жарыса қостай жөнелді.

- Тап өзі!

- Сол ғой мынау!

- Краннан түспей қойған келіншек...

- Әй, өзі де жүректі екен!

Бағаналы бері бөстекті әңгімеге зауқы болмай, орындықта ұйқы қысып, есінеп-есеңгіреп отырған бір келіншек дереу орнынан ұшып тұрды да, оған жетіп барып, амандасып үлгерді.

- Сені таныдым. Сен анада кранға шығып алып, өкіметке өз талабыңды өткіген батыр келіншексің! Солай ғой,ә?

- Болсақ болармыз,- деді әлгі қара шашты келіншек күлімсірей сөйлеп.

Өзгелер де өре түрегелді.

Кранға шыққан «батыр» келіншекті енді бәрі қоршап алыпты. Сұрақ жауап кетті.

- Сен сонда қалай қорықпадың?

- Өзіңе-өзің сенімді болдың ба?

Сұрақтан соң сұрақ онан сайын туындап кете барды. Ал, онымен бірге келген экран «жұлдызы» әп-сәтте елеусіз қалды. Ешкім одан: «сен теледидарда істейсің бе?» деп сұрамады да.

Тіпті экран «жұлдызының» өзі де «мен кіммен бірге келгенмін» дегендей, әлгі құрбысына алыстан көз салып, ұзақ-қ қарап тұрып қалып еді.

Міне, ьар оқиға осы.

***
Мұндайда қазақ айтады: «Атың шықпаса, жер өрте!»
Ал, Елес айтады: «Қандай аңғалсың, қайран ел!»
7. Наубай

Бурабайдағы демалыс үйінде демалып жатыр еді. Өзімен қатарлас ешкім жоқ. Бәрі де жастар. Сосын да сөйлесетін, ой бөлісе қоятын кісі таба алмай қиналды. Сонда ойлады: «Қатарың болмаса, тойға барма» деп қазекең дәл айтқан екен-ау!»

Асханадағы қатарлас үстелде орта жастағы бір кісі тамақ ішетін. Өзі көп сөйлемейді. Сөйлемейді дейді, тіпті үндеместің тап өзі. Өйткені, келгелі бері аузынан бір ауыз сөз шыққанын естіген емес.

Бір жолы бетпе-бет келіп қалған сәтті, алдымен өзі сөзге тартты.

- Иә, замандас, қайдан келесің?

- Астанадан.

- Мен де Астанадан келдім. Жерлес болдық қой.

- Ну... – деп танысы тісін ақситып, жымиып қойды.

- Жалғыз екенсің-ау, сірә!...

- Ну...

- Жасымыз да шамалас сияқты. Елуге келген сияқтысың.

- Ну...

- Осы жолы демалыс үйінде жастар қаптап кетіпті. Тіпті бала-шаға десе де болады. Түк қызық емес.

- Ну...

- Әй, осы елу жастан кейін тіршіліктің қызығы да азая бастай ма деймін...

- Ну...

Бұл қанша сауал беріп, оны әңгімеге тартса да, аузынан бір ауыз сөз шығара алмай, азапқа түсті. «Ну...» деп шаршатты.

Сол күйінде бөлініп, әрқайсысы өз жолымен кете барған. Одан кейінгі кездесулерге жай амандасып, жанынан өте шығатын болды. Басқа не імтемек!

Қалаға келген соң таныстарына:

- Қатар ешкім болмады, бүйтіп демалғаны құрысын,- деп қинала әңгіме айта бастап еді. Қатар достары мұның сөзін күлкіге айналдырып әкетті.

- Әй, өзіңнен де бар ғой,-деді.

- Аспандап жүрсің. Ешкімді менсіне қоймайсың.

- Әйтпесе, бүкіл демалыс үйінде сөйлесетін кісі неге табылмасын!

- Рас айтам. Қатар кісі болмады, - деп, бұл ақтала сөйлейді.

- Тіпті бір кісі де кездеспегені ме?

Бұл аз-кем ойланып отырды да, әлгі «Ну...» дейтін үндеместі есіне түсірді.

- Болды бір кісі... Бірақ, соның өзі... – деп мүдірді.

- Ол кім?

- Атын да сұрамаппын.

- Ой, таныстарыңа болайын.

- Жоқ, атын біледі екем.

- Кім екен?

- Наубай...

- Ондай да ат бола ма? – деп, бір досы шиқылдап күліп алды. – Әзілің шығар.

- Иә, оның мен білетін аты – осы! Басқасын білмеймін.

- Шіркін, қазақ-ай! – деді әлгі оъдосы. – Атты да қоя салады-ау өстіп...

«Бұл менің қоя салған атым еді» деп бұл да айтпады.

Бар әңгіме осымен аяқталды.

Мұндайда қазақ айтқан: «Мыңның түрін білгенше, бірдің атын біл!»

Ал, Елес айтады: «Көп сөйлегеннің бәрі бірдей ақылды ма?..»

8. Би мен билік

Ол қандай да бір қиын жағдай болмасын, қиыстыра жол тауып, көңілге қонымды билік сөз айтушы еді. Сосын д оның аты – Би.

Ал, екінші кісі билікке жақын жүргенді ұнататын. Оны жоғары жақтағылар ылғи жауапты қызметтерге тартушы еді. Осы күнге дейін әртүрлі билік қызметінде болып үлгерді. Сосын да оның екінші аты – Билік.

Сол екі азамат күндердің күнінде ел ішіндегі депутаттық сайлау науқанына араласты. Екеуі, бірақ, екі жақтың сөзін сөйлеп бақты.

Бірі – шын еңбек адамын, ел сөзіне айтатын кісіні ұсынып, соған дауыс беруге үгіттеліп жүрді.

Екіншісі – артық әңгіме айтпайтын, өз пікірі жоқ, алайда жоғарыға бас изеп тұратын ұнамды азаматқа дауыс беріңдер деп шырылдады.

Аяғында не болды дейсіз бе! Әрине, Биліктің айтқаны өтті. Оны өткізген – билік. Би бұл жолы жеңілді.

Арада біраз уақыт өткенде ел аяқ астынан қиын жағдайға тап болды. Ауыл шетіндегі су тоспасы бұзылып кетіп, көп үй суға ақты. Ел күңіренді. Әлгі депутатқа қарады. «Біздің зар сөзімізіді жоғарыға жеткіз» деді. Депутат уәде берді. Бірақ нәтиже болмады.

Бір күн өтті. Бір ай өтті. Өзгерген дәнеңе жоқ.

Міне, сол кезде ел енді Биді іздеді.

- Сөзімді сөйле, жоғарыға тыңдат, - деді. – Сенеріміз сенсің!

Би құп алды. Сол күннен бастап бір сәт те тыным көрген жоқ.

Жоғарыға барды. Ол тыңдады да, құрғақ уәдемен шығарып салды.

Сосын одан да жоғарыға барды. Сөзін тыңдады. Ол да мандатып ештеңе қоймады. Сөзбұйдаға салды.

Содан да жоғарыға өрледі. Беті қайтпады. Орындатпай тынбасқа бел буғаннан бәрі де білді. Ақыры дегеніне жетті. Ел зары жүрекке жетіп, шаруаның шешімі табылды.

Сол кезде қуанған халық «Ой, өзің азамат екенсің» деп, оның арқасынан қағып, ризалық сезімдерін білдіріп жатты.

- Айтқаныңнан қайтпайды екенсің!

- Өтірік сөйлей алмайды екенсің!

- Сенің қадіріңді енді түсіндік.

Бәрі бітіп, барлығы өз орнына келген соң, арада біршама уақыт өте, ел тағы да Биді ұмытты. Тағы да Бтлікке ыңғайланып, соның жанына топырласты.

Бірақ оған Би ренжіген жоқ. Солай боларын алдын-ала білген жандай, ештеңені елең етпей, өз бетімен жүріп жатты.

Мұндайда қазақ айтқан: «Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін!»

Ал, Елес айтады: «Қай нәрсенің қадірін басыңа іс түскенде ғана білесің!»

9. Кісі қадірі

Бұл фәниде кісіден қадірсіз кім бар екен,а? Осы сөзім өтірік пе? Жалған айттым ба? Жоқ, бұл шындық. Ешкім дауласа алмайтын ақиқат. Шындықтың шын жүзі.

Бір ақын былай деп жазыпты:

- Ақындардың тағдыры қылдай неге?

Өліп барып озасың бұл бәйгеде!..

Міне, сіз бен біз өмір сүріп жатқан қоғам тап осылай. Көз тірісінде.

көрмеген аман – есен жетіп жатқан жүйріктер жоқ десе де болады. Неге?

Осы неге деген сауалға адамдар өмір бойы жауап іздеп келеді. Жауап таба алатын емес.

Тірлікте жақсылар мен жайсаңдардың өз дәуірінде бағаланбауы басқалар емес, сіз бен біз кінәліміз. Өзімізге өзіміз тор құрамыз. Өзімізді өзіміз тобықтан қағамыз. Өйткені, пенде барлық уақытты азды-көпті кемшіліктен құр алақан бола алмаған. Солай болып кете бере ме екен, а?.. «Әрине!» дейсің іштей күрсініп алып.

Демек, о, пенделер, кез келген азаматыңды сын садағына ал да, атып түсіре бер.

- Қазақ олай емес дейсң бе?

- Қазақты жақтағыңыз келе ме?

- Тап осындай қисық әдеттен қазақ шынымен аман ба екен?

- Жоқ, қазақ та солардың жуан ортасында. Маңдайына біткен мықтыларын көзі тірісінде жетістіріп ұлықтаған емес, ал өлген соң... өлгеннен кейін шетінен данышпан, шетінен құдірет! Өлілер жайлы еш қымсынбай, еш тартынбай, көсіле сөйлейміз-ау!

Демек, көнуге тиіс жалғыз ақиқат – көзі тірісінде қадірлі болған пенде кем! Егер бар болса, ілуде бір – екеу ғана...

Тағы бір ақын былай деп жыр кестелепті.

- Мықсытың ба, мейлі сен ірісің бе,

Қадірің жоқ көзіңнің тірісінде!

Осы ақын неге бұлай жазды екен деп ойланасың! Осынша таусылуға бола ма! Неге тарылады?

Сол ақын ары қарай былай деп жалғайды:

- Тірлігінде, ей пендем, ірісінбе,

Бар бақытың сол болар!

Тірісің бе?

- Ойпырмай, осының айтқанына тұрамыз ба, қайтеміз! Бұдан артық айта да алмасыпыз, сірә!

Рас, сіз бен біз тіріт жүрміз. Бармыз. Аманбыз. Саумыз. Сол тірі жүруден артық қандай қадір керек екен!

Иа, сен тірі жүрсің! Сол сенің қадірің...

Мұндайда қазақ айтқан: «Басы аманның бағы ашылар!»

Ал, Елес айтады: «Өлі арыстаннан тірі тышқан артық».

10. Күн мен түн

Тіршілік әу баста жаратылғалы бері күн мен түннен тұрады. Күн батады, түн келеді. Түн ауысады, күн оралады. Осылай мәңгі-бақи жалғасып жатыр.

Алайда, жер басып жүргенжұмыр басты пенделердің арасында түнді ұнатпайтындар да баршылық. Неге?

Өйткені, түн қараңғы, Түнде жүру қорқынышты. Жер бетіндегі барлық қылмыс атаулы негізінен түнде жасалады. Түнде ұйықтайсың. Ұйықтп жатып, тосын жағдайлардан қорғанып та үлгермейсің. Опынып қалуың оп-оңай. Түн туралы теріс сөз осылай жалғасып кете береді, кете береді.

Бірақ, осы адамдар сол қара түннің де пенде үшін аса қажет қасиеті бар екенін неге түсінгісі келмейді?

Пенде күнде тәтті жесе, бір күні құсады.

Пенде ұйықтамай, тек қозғалыста болса, бір күні естен танып құлайды.

Пенде күннен кейін күн бар екенін ойламаса, онда алдында күтіп тұратын қауіп-қатер барын сезінбес еді.

Бұл ғана емес. Кісіге ең әдемі, ең терең ойлар осы түнде келеді екен. Түн – кісіні еріксіз ойландыратын сәт.

Бір ақын жазыпты:

- Қоп-қою қараңғылық!

Қарағылық!

Төңіректі жұттың ба қараңғы ғып.

Қараңғылық!

Қайтесің жасыл бақты,

Бүркемелеп, бөтен ғып, жасанды ғып!

Реніші болар! Жарықты аңсауы болар... Ал, сол ақын әлгі өлеңінің бір.

жерінде:

- Жасыл дүние жоғалмайды, түн-түнек!

...Тағы жауды жаңбыр сіркіреп!

Бақ ішімен келе жатыр аяңдап,

Көк исі шығады-ай бір дүркіреп!

Сезімім мас, оятамын сілкілеп!... – деп, тағы да жарық күнді, жарық.

Әлемді арман қанатына қондырыпты.

Алайда, бәр нәрсе анық: сол ақын да осы қараңғы әлемді жағадан алып, сілкілемейді. Тек... қараңғылық та жасыл әлемді жасыра алмасын сездіреді.

Түнде табиғат маужырап, ұйқыға кетеді. Жасыл әлемді көре алмай, еріксіз іздейсің. Сосын таң ертерек атса екен деп арман етесің. Арман деген адам үшін асыл қазына емес пе!

Осы жолдарды да түн жамылып жазып отырмыз. Түн тып-тыныш! Ешкім ойыңды бұзбайды. Ештеңеге алаңдамайсың.

Армысың, тұнық түн!

Мұндайда қазақ айтқан: «Бақыттың қадірін сорлағанда сезінесің!»

Елес айтады: «Сырластарым – шындықтың таразысы».

11. Қарапайым болу

Бурабайдағы демалыс үйінде осы кісімен бір үстелде отырып тамақ ішетін. Күндегі әдеті осы. Таңғы ас, түскі ас, кешкі ас... Көрмейін десе де көреді. Жүздепейін десе де жүздеседі. Тілдеспейін десе де тілдеседі.

Бұл – қызметкер. Лауазымы бар. Ал,анау...

Өзінің айтуынша – істемеген жұмысы жоқ. Ол шопыр да, құрылысшы да болыпты. Егін де егіпті. Әйтеуір араласпаған шаруасы жоқ десе де болады.

- Қарайым адаммын, - дейді. – Қарапайым болып өмір кешу –ғанибет қой.

- Әрине, күлкі витамин...

- О-о, өте дұрыс айтасың!

- Әлбетте, - дейді бұл да. – Оған не жетсін!

Содан екеуі бір-бірімен сырласып, әр саладан әңгіме тиегін ағыда бастады.

Бір жолғы әңгіме ата-тек туралы өрбіді.

- Қазақтың данышпандығы сонда, -деді бұл. – Әрбір қазақ өзінің жеті атасын біліп өскен. Жеті атаға дейін қыз алыспаған.

- Жеті ата деген не? – деп сұрады анау.

- Жеті атаны білмейсің бе? Өз әкең, атаң, оның атасы...

- Ә-ә, деді. –Сол ма еді.

- Сен жеті атаңды білесің бе?

- Әй, соны ойламаппын. Өз әкемді білем. Атамды білем. Ал, одан арғысы...

- Қызық екен. Жеті атаны білмеу деген...

- Әй, қойшы, -деді ол. – Соны да сөз деп... Одан да жүз грамнан тастап жіберсек қайтеді,а?

Бұл оның өтінішіне қарсы болмады. Әңгімеге зауқы болмай тұрған шығар деп ойлады. Қарапайым болғанға не жетсін!

- Ішсек ішейік...

Жүз грамнан ішілді. Оның артынан тағы да...

Енді әңгіме қазақ ұлты туралы, оның тарихы жайына ауысты.

- Ана Абылайдың заманында, - деп бұл сөз бастай беріп еді, анау:

- Ол кім? Ақын ба? – деді.

- Жоқ, батыр. Ел билеген хан.

- Ә, солай ма?

- Жарайды, Абылайды қоя тұралық. Ал, енді Мағжан өз кезінде былай деген...

- Мағжан?! Ол революционер ме?

Бұл күлді. Күлді де:

- Иә, революционер, - деді. – Тек поэзияның...

- О, тоба! – деді анау. – Поэзияда да революционер болған екен ғой.

Әңгіме тіпті қиюласпады. Енді не айтарын да білмей састы. Сосын одан:

- Өзің қай тақырыпты жақсы көресің?- деп сұраған.

Анау айтады:

- Әй, маған бәрібір...

- Жоқ, бір нәрсеге қызығатын шығарсың?

- Мен бе? Мен... – деп, ол мүдіре түсті. – Мен анекдотты жақсы көремін. Күле білу – ғанибет қой.

- Әрине күлкі витамин...

- О-о, өте дұрыс айттың!

-Ал, онда анекдот айт.

- Е, оны айтуға болады.

Бірге демалып жатқан екі таныс осылайша күні бойы анкдот айтты. Жаңа танысы осыдан зор ләззат алады екен. Ал, бұл болса... қатты шаршады. Тіпті жүйкесі жұқарды. Қарапайым болудан шаршады ма екен, бәлкім...

Ертеңіне үйге қайтуға бел байлады.

- Ойбай-ау,қайтам дегенің не? Мен енді кімге анекдот айтамын.

- Оқа емес, тағы бірде...

- Ішім пысатын болды-ау!

- Тыңдайтын кісілер табылар...

- Әй, ондайлар қайдан болсын. Осы күнгі адамдар анекдотты түсіне білмейді. Қайдағы бір қияли әңгімеге құмар.

Мұндайда қазақ айтқан: «Тегін білмеген – тексіз».

Ал, Елес айтады: «Тең теңімен, тез ек қабымен болғаны абзал-ау!..»

12. Кім көшпелі?

Ақсақал мен жас жігт вокзалда кезекті поезды күтіп отырған болатын. Жас жігіт уақыт өткізейін деп қол сөмкесінен қалың кітап алып, оқуға кірісті. Ақсақал оған екі-үш рет қарағыштап қойды. Ақыры шыдай алмай:

- Әй, балам! – деді. – Қандай кітап оқып отырсың?

- Шетел жазушысының кітабы.

- Не туралы?

- Детектив! Шытырман оқиғалары...

- Оның бәрі де өтірі! Ойдан шығарылған оқиғалар.

- Енді кітаптың бәрі де солай емес пе?

- Жоқ! Нағыз көркем туынды өмірге жақыл болады. Кісі оқып отырып одан өзі не болмаса басқа бір танысын тапса, ол жақсы кітап.

Жас жігіт шалдың сөзіне қызыға түсті. Сосын әрі қарай әңгімеге тартты.

- Сіз жас кезіңізде кітапты көп оқыған болдыңыздар ғой, ата!

- Жоқ, олай емес. Бұл менің өмірден түсінгенім.

- Тағы не түсіндіңіз?

- Тағы дейсің бе? – деп ақсақал ойлана түсті. – Айтар әңгіме көп қой.

- Мәселен...

- Мәселен, мен қайсыбір күні бір өнер адамынан «Көшпенділер» деген кино түсірілгенін естідім. Сол киноға сенсек, бұл қазақ берген, көше берген, дала кезіп босып жүре берген...

- Енді расында да солай ғой, - деп жас жігіт ынтыға түсті. – Көшпенді екніміз өтірік пе? Сіз бұл оймен келіспейсіз бе?

- Әрине келіспеймін! – деді шал. – Қазақ ерігіп көшкен емес,өз жерінде арлы-берлі мал бағып, мал жағдайын ойлап қозғалатын болған. Жаздай-жайлау, күзде-кздеу, қыста-қыстау дегендей...

- Сол көшіп-қону емес пе сонда? – деп жас жігіт тағы да сұрақ астына ала түсті.

- Жол,бұл өмір сүру айласы болады.

- Сонда ккөшпелі дегеніміз кім?

- Көшпенді деп ана шетелдің жұртын айт, - деді шал. - Қашан көрсең, дәу-дәу дорбасын, семіз-семіз сөмкесін асынып алып, әлемді кезіп жүргені. Ой, шіркіндер-ай, жазда да,қыста да өз жерінде құрық басып отыра алмайтын болар тегі...

Жас жігіт ойланып қалды.

Осы кезде поез да бар даусына салып бақырып, вокзалға келіп тоқтап еді. Екеуі екі вагонға мінуге асығып зытып бара жатты.

***
Мұндайда қазақ айтқан: «Әр нәрсенің өз аты болады»
Ал, Елес айтады: «Білмейтін жерде білгішсінбе!»
13. Гегель мен Гоголь

Екеу сөйлесіп отыр. Екеуі де сәнді киінген, білімді, мәдениетті, көп білетін жандарға ұқсайды. Сырт көз бұл екеуіне қызығып та қарайды.

Олар әлдебір тақырыпқа сөз қозғап отыр.

Біріншісі – Көзілдірікті, екіншісі – Көк тонды.

Көзілдірікті айтады:

- Гегельдің фидһлософиясы өте терең ғой, - дейді.- Оны әлі күнге түсініп болған жоқпыз.

Көк тонды айтады:

- Ол рас, - дейді. – Гогольді түсіну, өкінішке орай, екінің бірінің маңдайына жазылмаған.

- Шіркін-ай! – дейді. Көзілдірікті. – Сол Гегель секілді өмір мәнін терең түсіне алсаң, көңілді арман болар ма еді.

Көк тонды күлді.

- Елдің бәрі Гоголь секілді ойласа, өмір қызық бола ма! – дейді. – Әркім өзінше мықты. Дегенмен, Гогольдің орны бөлек екені рас.

- Бөлек деу, ол гении! Ол өз дәуірінің данышпаны. Ол – жансарай тұңғиығынан сыр тарта білген білгір жан.

- Бұл ойыңды қостаймын, - деді Көк тонды. – Гогольді білмегендер шын бақытсыз.

- Ойбай-ау, бақытсыз деу аз, ондайларды сорлы деу керек. Гегельді білмесе, несіне өмір сүреді екен, а?

- Соны айтам да, - деді Көк тонды. – Сондай жандарға жаным ашиды. Рухани жұтаңдық деген сол, әне...

- Айтпақшы... – деп Көзілдірікті жігіт қасындағы серігіне қарады. - Сенде сол Гегельдің үш томдығы бар ма?

- Менде үш томы жоқ, - деді Көк тонды. – Менде бары жалғыз том...

- Сонда ол... – деп Көзілдірікті мүдіріп қалды. – Сонда қалған екі томы жоқ па? Оны алмағансың ба?...

- Оны білмедім, - деді Көк тонды. – Мен дүкеннен сатып алғанда жалғыз том болатын. Екінші томын өзі өртеп жіберген дейді ғой.

- Қалай өртеген? – деп Көзілдірікті таңдана тілге келді.- Ол өртенген жоқ. Өз көзіммен көргем. Үш том болып шыққан.

- Жоқ, жалғыз том.

- Жоқ, үш том!

- Жалғыз деген соң, жалғыз.

- Мен «Философия ғылымының энциклопедиясын» айтам. Ол үш том.

- Мен «Өлі жандарды» айтып тұрмын. Ол жалғыз том.

- Сенің айтып тұрғаның Гегель ме?

- Иә, мен Гоголь туралы айтып отырмын.

Көзідірікті күліп жіберді.

- Мен философ Гегелді сұрадым.

Көк тонды да күлді.

- Мен бағаналы бері жазушы Гоголь туралы айттым.

«Ол , сол жазушыны да сөз етіп... деп енді Көзілдірікті ішінен көңілсіз күбірледі. «Өз романын өзі өртесе, ақылы қайсы?..»

«Гегельді қайдам, оның қияли ойлары кімге керек екен» деп Көк тонды да өзінше ойланды. Бірақ екеуі де өз ішіндегісін ашып айтқан жоқ.

Мұндайда қазақ айтқан екен: «Көрмес түйені де көрмес».

Ал, Елес айтады: «Білмей жатып, бағасын берме!»
«Аңшы ата ізімен»
(табиғат новеллалары)

1. Жас лақ жас бала секілді...

- Ал, бала дайындал! – деді қарт аңшы иығындағы Қос ауыз мылтығына қол жүгірте беріп. – «Аққолтығың» да алыс қалмады, мына дөңнің асты ғой...

Қос ауызды мен де қолыма алдым. Екеуіміз ентелеп, қыр басына шыға бердік.

Айналасы ат шаптырым алаңқай жазықтың ішінде еш нәрсе көрінбейді. Тек әр-әр жерде шоқат-шоқат болып, ақ қар жамылған жыңғыл-бұталар көзге анадайдан ұрып тұр.

- Мұнда ештеңе жоқ-ау, сірә!... – деді аңшы атам көңілсіз үнмен.

- Жоқ секілді ғой...

- Онда былай болсын, - деді аңшы қарт әжімді жүзін маған бұрып, - «Шешінген судан тайынбас» дейді ғой. Нар тәуекел кел деп анау-у қыратқа шығып қайтайық. Арғы жағы жыра болушы еді, ол бөкенсіз болмауға тиіс.

Қарсылық жасамадым. Не десе де «болмады» дегендей бас изей бердім. Екеуміз енді солай қарай қатты-қатты адымдап тартып отырдық. Бар ойым: осы бір жұдырықтай қария тап бүгін барынша көңілді болса екен деймін; бала күннен сәби жүрегімде қымбат кісі болып орын алған кішкентай қара шалға көңіл шуағын тілеймін; таяуға ғана үлкен ұлы қайтыс болып, ішқұсалықпен жатып қалып, тірлікке араласқанына да санаулы-ақ күн болған; бүгінгі сапарға бастаушы да өзі; мақсатымыз – көңіл көтеріп қайту ғана болып еді...

Күртік қарды күрт-күрт басып, шаршауды да білмей, жүріп келеміз, жүріп келеміз. Көз ұшындағы қыратқа жеткенше менен де, атайдан да тіс жарған сөз болмады. Қыраттың дәл түбіне тақағанда барып атай тоқтап, тымағын алып, жіпсіген маңдайын алақанымен сипады.

- Ал, жеттік! – деді сосын. – Енді сақ болайық, бала. Ақбөкен дегеніңіз өте сақ аң. Иіс сезсе-ақ зытып отырады.

Қалабай қарт алда, мен артта – екеуіміз кішкене қырат төбешікке қиялай, жол салып тырмысып өрлеп келеміз. Кенет Қалекең отыра қалды. Қолына да төмен сілкіп үлгерді сол сәт. «Бұқ» дегені-ау. Ұға қойдым.

Ерекше сақтықпен қолын бұлғап, мен өзіне қарай шақырды. Еңбекпен, қара терге түсе қарманып, қасына тақадым. Жәй сыбырмен:

- Көп екен! – деді атай. Көз нұры ойнап шыға келіпті. – Кемі жиырма-отыз бар-ау. Сезіп қалмады ма екен бізді?!

- Қайдам?!

- Кәне кідірмейік. Біріміз мына жырамен еңбектеп отырып (сұқ саусағымен кішкене арықшаны нұсқап), жыраның иегіне жетейік. Сосын қашып үлгерем дегенше, басып та үлгереміз. Әйткенмен аңшыға тән аса сақтық керек екені рас. Барамысың, әлде...

- Сіз барыңыз...

- Мейлі ендеше... – Қалабай кішкене арықшамен жер баурлап жылжи жөнелді. Қимылында шапшаңдық та, ерекше бір ширақтық та бар. Кезінде осы аймаққа аты шыққан аңшы болыпты-ау бұл кісі де. Ол жайлы ауылдағы көнекөз кісілер ылғи жыр етіп айтып отыратын еді. «Әнебір қатты қыста қырық қоян атып әкелді, ал ана бір жылы жиырма киікті жер жастандырғаны бар» десіп, ол туралы әңгіме өзінен-өзі ұзай түсетін. Аяқталмай-ақ қоятын.

Мен ойланып, әрине еске түсіріп отырғанда, әне, аңшы қарт төмен қарай құлдилайды. Жерге сіңіп бара жатқандай. Ортадағы төбешік қалқалап, жол болып кетті. Ендігі үміт – мылтық даусы ғана, соны ғана күтуіміз керек. Сонда ғана қозғаламын.

Әлден уақытта мылтық даусы шаңқ ете қалды. Таңғы ауамен жаңғырып шықты. Атып тұрдым. Кідірмей, солай қарай адымдап жүгіре жөнелдім.

Атай мылтық атқан орнынан тапжылар емес. Біреуін жатқызған-ау! Өзгелері тым-тырақай қашып барады. Бірақ... атай қозғалмайды. Ақбөкенді қоя тұрып, Қалекеңе жақындадым. Мылтығына сүйеніп әлі отыр. Үлкен кісінің болмашыға (қайта қуанатын жағдайға) қамыққан бейнесін алғаш көруім бұл. Шошып кетіп:

- Қалеке, мұныңыз не? – дедім абыржып. Ол үндеген жоқ. Кәрі жанарынан еріксіз сыздықтап шыққан қос тамшы әжімді бетке жол салып, қау сақалға енді де, жоқ болды.

Көз алдыма әлгіндегі тышқанға атылғалы жылжыған кәнігі мысық секілді қарт елестейді. Мынау жанары суланған адам тіпті ол еместей, өзге жан, ала бөтен кісідей...

- Қалекең!..- дедім даусым дірілдеп. – Сізге не болды?

- Бейшараны неге аттым екен!... – Толқулы үнмен алғаш рет тіл қатты. – Өзгесі болса бір сәрі, жап-жас лағы екен. Егер жас бала шетінесе, адам ғой, қандай қайырар еді. Жас лақ та бала секілді... Көңілімді толқытып, ойыма қайдағы-жайдағыны түсіргенін көрмеймісің!... Мүмкін ана топта мына бейкүнә лақтың енесі де еңіз-теңіз жылап бара жатқан щығар бізді!...

Даусы дірілдеп, сөзін бітіре алмады. Қамығып отыр. Менің де көңілім босап кетті. Кенет «ана жаққа қарашы» деді қолын шошаң еткізіп. «Кетіп бара жатыр, қащып бара жатыр!...» Жалт қарасам, әлгінде ғана қыбырсыз жатқан жас лақ оқтай зытып бара жатыр екен бөктерде.

Дәл осы мезет бөкендер жайлы әкем айтқан бір әңгімееріксіз есіме түсті. «Бөкендер өте сезімтал, сонымен бірге барынша үркекр, қорқақ болып келеді. Тосыннан шыққан айқай, не мылтық даусына қатты шошынып қалуы да мүмкін.Бұл әсіресе бөкендердің жас лағына тән қасиет», деген еді әкем. «Оқ тиіп, жараланбаса да, қорыққан жас лақ кейде жыра-жыраға жат қалатыны да болады». Соған енді ғана көзім жеткендей. Әкемнің айтқаны дәл келгендей.

«Жас лақ жас бала тәрізді деді ме! Әлбетте, солай. Сосын да олар өте қорқақ! Өте албырт!...»

- Ана жаққа қарасаңшы! – деп атай тағы да даусын шығара, көңілденіп сала берді. – Көрдің бе оны! Ол өлмеген екен...

Әлгіндегі сөздерге көңілім босап, бей-жай күйде тұр едім. Не күлерімді, не жыларымды білмей тұрып қалдым мен...

2. Құмай мен қасқыр

Қарт аңшы тағы да, бірақ бұл жолы соңғы рет өткен өмірін еске алып, күрсініп алды.

Бүгін – кәнігі аңшының Құмайынан айрылып, қайғы жұтқан азалы күні...

Бүгін – Қалабайдың талай жылдан бері кәсіп еткен, аңшылық кісіппен қоштасып, үнсіз, тілсіз өзінше бір күй кешкен күні...

Ол сол бір оқиғаны қайтадан есіне түсірген... қарт аңшы өз бетінше бара алмас батылдыққа еріксіз барып, Құмайын өз қолымен атты да, қара жерді терең қазып, көміп тастады.

Ол Құмаймен бірге өзінің сүйікті кәсібі – аңшылығын да қоса жерлеген еді.

... Бүгін Қалабайдың талай жылдан бері кәсіп еткен аңшылық қоштасып, үнсіз, тілсіз өзінше бір күй кешкен күні...

3. «Қожанасыр» қарт

Оны ауылдастарының көбісі-ақ «аңшы қарт» деп баяғыдан атап кеткен, ал енді біраз «Қожанасыр» деп, бөлекше атап жүруші еді.

Ол – болмысында тым қызық жаратылған, әр сәттік қимылы өзгелерден оқшауланып тұратын кісі. Жасы жетпісті алқымдаған бұл адамның тіршілік әдеті де тіптен өзгеелеу: тұйық мінезді жан әдетте тау құлап жатса да тырс етпей жүреді; ал кейде сол салмақты қалпынан аяқ астынан өзгеріп кетеді; сәл-пәл нәрсеге шарт-пұрт ашуланып ала жөнелетіні де бар.

Таң ала көбеңнен қара кешке дейін тыным жоқ. Тіршілік қамдаймын деп, тірлік қамдайтын тек өзіндей-ақ, елден бұрын оянып алады. Киінгені де қызық, алдымен әбден тозған, әр жерінің шүберегі жалбыраған, жазы-қысы тастамайтын мақталы шалбарын киеді. Сонан соң неше жылғы тер сіңген, әбден күн қағып, түрі өзгере бастаған ескі кәстөмін иығына іледі. Оның артынан өзі қатты ұнататын қоңыр сырмалы күпәйкесін киеді де, белін бес жұлдызы бар әскер белдікпен қынай буынады.

Шәрбектің әскерден келген баласынан ат-түйедей көріп, қала алған әскер белдігі әрі түймесі, әрі буынар белдігі...

Киініп болды дегенше қарбалас тірліктің басталғаны. Әуелі қорада қамаулы тұрған он шақты уақ малды тысқа шығарды, жалғыз сауын сырыны бас жібінен жетелеп, тыстағы ағаш қазыққа әкеп байлайды. Сосын ескі кепенің төбесіне тырмысып шығып, жерге бір-екі бау жоңышқа тастау керек. Оны уақ малға, сиырдың алдына, сосын қорада қалған есегіне бөліп салады.

Енді астауға су құйып, жем илеу басталады, ол сиырды сауатын кезде ғана алдына тартылады. Әйтпесе қарасан келгірдің тыпыршымай саудырай қоюы екіталай. Бұл кезде Бүбіжан үйден шығып үлгермесе, қайтадан кепеге кіреді.

Малдың қиын күреп, тезірек далаға шығарып тастауды ойлайды.

Шелегін білгені іліп алып, үйден Бүбіжан шығып келе жатады.

- Бассаңшы жылдамырақ!... Күн тал түс болды ғой...

- Ойпырма о-о-й-й! Біреу қуып келе ме, түге, жұрт әлі ұйқысынан оянған да жоқ... – Осылай десіп алады да, Бүбіжан сиырдан сауырына жармасады. Қалекең бұзауды бас жібінен ұстап тұрып, сауынның тезірек бітуін тағатсыздана күтеді.

Сиыр сауылып болады. Шал енді уақ малды шықпырта қуып, өріске беттеді. Бұзауды емізіп алып, орнына байлайды. Сиырдың алдына бір уыс жонышқа тастайды да, сонсоң барып беті-қолын жуып, үйге шай ішуге кіреді.

Мұнан кейінгі тірліктің өзі де бір қызық! Шайға тойып алып, қайта белді мықтап буынады да, үйден шыға бере иығына көне мылтығы «он алтыны» іледі. Қораға келіп, әуелі сиырдың, бас жібін босатады да, сосын қара есекке ерді салып, өзі қонжиып отырып алады. Қалекең өмірі есекке дұрыс отырып көрген адам емес, ылғи да сол жағына қисайып, жанамалай жарбиып алады да, әнін айтып, шоқытып жүре береді. Асылы, жұрттың «Қожанасыр» деуі де осыдан шығар!

Қара есек те Қалекеңнің сырына қанық. Қисық отырды деп кирелендеп, қырыстанбай-ақ, «ықы!» десе болды, тарта береді. Жүрісі де бөлек, қаз-қаз басады деуге де, жорға жүріс деуге де келмейтін бөлек желіс. Жұрт оны «Қожанасырдың есегі» дейді, ал енді біреулер «Қалабай торы» деп атайды. Қара есекті неге олай атайды деп бас қатырған ешкім жоқ.

Жалғыз сиырды алдына салып алады да, сонау-у көз ұшында мұнартқан Ақбөкені бетке алады. Жолай, өзінен төрт-бес жас кіші болса да, бет пішіні мұның қасында егде, ересек көрінетін, мыжырайған, жақ терісі шалбарланып тұратын Әзілбек досының үйінің қасынан өтетін әдеті. Ол тыста жүрсе айқайға басып:

- Әй, қақбас!... – дейді. – Қақбас-ау, не істеп жатырсың?

Әзілбек болса:

- Сен оны кімге сөйледің,а? – деді.

- Саған айтам, қақбас-с...

- Тапқан екесің қақбасты! Өзің қақбас! – деп Әзілбек шыж-быж болып қалады. Қалекең ынты-щынтысымен қарқылдап күліп өте береді. Ақбөкенің баурайына тақай бере сиырды тастайды да, сонау таудан сылдарай ағып келетін Қайнар дейтін өзенді жағалай, құс атуға шығады. Қайнардың екі қапталы өмірі үйрексіз болған емес, ауылдағы үлкенді-кішілі аңқұмар адамдар осы жерде аңшылық құрады. Осы араға үйір.

Міне, Қайнарды бойлап жүріп келе жатыр, астындағы есегі әзер ілбиді, бірақ соның өзі жақсы, асыққанда қайда бармақ. Қылт еткенді қағып тастайтын кәнігі аңшының мінезіне басып, мылтығын аоған. Есегі мылтық даусына әбден үйреніп кеткен, былқ етпейді. Дәл алдынан бір топ қасқалдақ дүркірей ұшты. Қалекең атуға шақ қалып барып, өзін-өзі тежейді, «он алтыға» қашықтау жер екен. Сәл-пәл беріден ұшқанда, шүріппені басып-ақ жіберер ме еді. Аз-мұз өкінгендей болды да, артынан қолын бір-ақ сілтеді.

«Қасқалдаққа оқты қор қылып қайтпекпін! Атқан соң, қаз-үйрек ату керек. Ең болмаса көңілің тоқ болады,ә!...»

Тағы да өзенді бойлай, алға жылжыды. Ойланып келе жатыр, бұл оның соңғы кезде үйреніп алған әдеті. Аң аулау,құс атуды сылтау етіп шығады да, ылғи бір таусылмас ойлармен кеңес құруға бауыр басып кетті.

Дәл қазір өз отбасы туралы ойланды. Отбасы демекші, бүгінде үйелмелі-сүйелмелі алты баласы бар. Ең үлкен екі қызын бой жеттіріп, құтты орнына қондырып үлгерді. Енді, міне, одан соңғы ұлы – Байтаны да азамат болды. Көптен бері ойлағаны: «Бір қолды-аяқтай лыпып тұрған елгезек келін түсіріп, соның қолынан сүт қатқан шай ішсем, арман болар ма!...» Осы кеше ғана сол ойының күл-талқаны шықты. Ауданнан баласының атына ала қағаз келіпті, әскерге шақыратын көрінеді. Сонда алып кетпесе неғылсын. Солдат болса, екі жылдан соң ғана оралады. Қандай көп уақыт!..

Қазіргі бар уайымы да сол...

Жанары жалғыз нүктеге қадала кетті. Тіктене қарап еді,жалғыз нүкте бірте-бірте көбейіп бара жатыр. Сөйтсе жағада жайылып жүрген бір топ балпаң үйрек екен. Дереу мылтығын кезеп, бар ынта-зейінін солай қарай бағыттады. Әні, көздеп тұр, көздеп тұр!.. Қазір атылуға тиіс, сұқ саусағы шүріппеге тисе,бітіп жатыр. Жоқ, бәрі керісінше болды, мылтықтың басы төмен сылқ түсті. Бәрі кәрі жүректің үйректерді аяғаны, атқысы келмегені. Сөйтті де, есегін тебініп қалып, ілгері жүре берді. Әлгіндегі бір топ балпаң үйрек сонда барып, тысырды сезе салып, пыр-пыр етіп, қанаттарын суылдатып, ұшып бара жатты. «Мыжырайған жаман аңшының алдын орап, алдап соқтық деп мәз боп бара жатқан шығарсыздар», - деді Қалекең балпаң үйректердің сонынан ұзақ-қ тесіле қарап тұырп, - сол жаман шалдың кәрі жүрегі сендерді ешбір жамандыққа шынымен-ақ қиғысы келмейтінін білсеңдер ғой...».

Қалабай осыдан әріге аса зауқы болмады ма, енді кері бұрылып, аулға бет түсезі. Осы кезде:

- Уа, Қалеке!.. Қалеке-е!.. – деген айғай естілді соңынан. Бұрылып қарап еді, уақ малды бағатын қойшы жігіт екен. Аты Кәкен еді. Есегін бас-көзге қарамай, төпелеп ұрып келеді. Өзі де алға түсіп, қопаң-қопаң етеді.

- Қалеке, қанжыға қанды болсын! Бірдеңе атып ала алдыңыз ба?..- деді жақын келген соң. Ентіге сөйлеп тұр.

- Осы әлгінде бір топ балпаң үйректің дәл үстінен түсіп, басып салуға шақ қалдым да, бишараларды көңілім қимады. Өмір сүрсінші дедім. Әйтпесе екі-үшеуін орнында қалдыратыным сөзсіз еді...

- Ой-й, Қалек-ай!...- деп ренжи тід қатты Кәкен. – Енді ыңғай келіп тұрған нәрсені бостан-босқа жібергеніңіз не? Көңілектік аңшыларға тән қасиет емес қой.

- Сонда аңшы қандай болуы керек? – деп Қалекең қияс сауал қойды. Оған мән беріп жатқан Кәкен жоқ:

- Аңшы деген аздап қатал болғаны абзал, - деп сөз жалғады. – Көңілшек адамның қолына мылтық ұстамағы жөн-ақ.

- Ойпырмай, сонда мен кіммін,ә! – деді Қалекең. – Өте көңілшек кісі болғаным ба?

- Дәл солай, - деп Кәкен тақ-тақ етті. – Бүгін сізді еш танымай тұрмын. Ау, енді аяйтын да жер болады, сонымен біргеи еш сезімге берілместен, мықтылықты басып салатын да сәттер бар... Мына түріңізбен, сізді кешегі кәнігі аңшы еді деуге ауыз барар емес.

- Жарайды, жарайды!... Сен-ақ сақ аңшы бола ғой, ақылың да өзіңе, басқаң да өзіңе. Мен «аңшы Қалабай» атанбай-ақ қойдым... – Қалекең қара есекті бүйірге теуіп қалып,тартып кетті. «Қожанасыр десе қожанасыр» деп, Кәкен ойланып тұр. «Мен соншалық қандай ауыр сөз айттым екен,а? Бар болғаны-көңілшек болмаңыз дедім...»

Қара есекке мінген қара шал әні-міні дегенше көз ұшына ұзап кетті. Артына қайта бұрылып қараған жоқ. Санасында әлдедір ызалы ой ойнақ салып бара жатыр.

«...Адам біткен ақылды. Мен былай етіп ем десең, дереу теріске шығарады. Сонсоң, бас салып өз ойын бастайды, сен қажет етесің бе, жоқ па – онымен бір тиын шаруалар болсын кәні! Алыс жылдан астам уақыт өмір сүріп, ешкімге білгішсінген кезім жоқ еді, ешбірінен ақыл да сұрамап едім... Ой, тәйір алғырлар-ай!...»

Уақ малдың қойшысы Кәне көзін күннен көлегейлеп, артынан әлі қарап тұр.

«Маған сонша ренжігені несі? Осы кісіні түсіну өте қиын-н..»

Қара шалдың көңілі осы қазір астаң-кестең болып бара жатқанын қайдан ұқсын.

«Әй, осы адамдардың жын қаққан шығар. Әйтпесе өзімен-өзі жүрмес пе! Біреудің дегені біреуге жүретін заман әлдеқашан өтіп кеткен жоқ па!...»

Қожанасыр қарттың есекке өмірінде бірінші рет түзу отырып, екі бүйірге кезек тепкілеп бара жатып ойлаған ойлары осы-тын...

4. Қатыгездік

Әдетте бұл ауылдағы мінездері екі түрлі кісілер туралы сөз басталса, әңгімелерінің әу басын «Қалекең мен Әлекеңдей» деп жалғар еді. Сол жұрт аузында жүрген Қалекең мен Әлекеңді бір жанұяның баласы десе кейбір сырт кісілер «япыр-ай,ә!» деп, шын таңданып, таңдай қағатын. «Өздері еш ұқсамайды ғой» деген көңіл күдігін де жасырмайтын. Расында да, олар ағайынды,бір туған кісілер. Алайда, тағдыр екеуіге екі түрлі мінез сыйлапты.

Сәл еңгіш, бірақ екі кісі еркін сиярдай кең иықты, бет-жүзін баяғыда-ақ әжім басқан, балпаң жүрісті Қалекең туралы сырын білмейтін сырт көз әр саққа сала ойлауы мүмкін. Өзгесін қайдам, әйтеуір, «қос алақанын көкпар-салыммен тоздырған әйгілі шабандоз ба екен», не болмаса, «қоян ұрып, құс атқан, қақпан құрып, түлкі-қарсақ ұстаған кәнігі аңшы ма екен» деген ой кімге де болса келмей қоймасы анық-ты.

Расында да солай өзі.

Қалыбай ат құйрығын шарт түйе ата кәсіп етіп, үлкен додаға атойлап түспесе де, қатарластарынан қалыспай, үзеңгі қағыстыраты бар көкпаршы, қақпамен арқар ұстап, ауыл-үйді қарқ етпесе де, қоян-қарсағыңа есесін жібере қоймаған, аңшылық кәсіптен кәдімгідей хабары бар епті кісі екені рас-ты. Соның үзілмей келе жатқан ізі болар, қазір де тауық пен үйрек, мысық пен күшік асырап, солардың қас-қабағымен қуанып, солардың қас-қабағына қарап қиналуға құмар-ақ.

Ал, Әлібай – Қалекеңе тіпті үйлеспейтін жан. Ол кісі аңшылық, көкпар-салып дегенді ұнатпайтыны былай тұрсын, тіпті атын ад естігісі келмейді. Мысық, үйрек, тауығыңа онан бетер қырғи қабақ. Әркез сауын сиырдың алдындағы астауға салынған жемге құжынай жабылып жатқан Қалекеңнің тауықтарын көріп, айқайға басып, шықпырта қуып, көпке дейін өз-өзіне келе алмай жүргені. Сондағысы:

- Осы тауық деген пәленің қай жеріне қызығады екен? Сирақтарын серейте сән көре ме осы пәлекетті!.. деп, күңкілдейді.

Қалекеңнің мінезі сонда да өзгермейді, мұрынның астымен айтылған мияу сөзді құлағына да ілмейді.

Міне, бүгін де мал-салды ерте жайғастырып болып, есіктің алдындағы жиде ағашқа қонақтаған тауықтарын түгендеуге келді. Екі қоразға бар: бір – бала қораз, екіншісі – ата қораз. Сонсоң сегіз мекиен тауық. Көзбен санамалап,аз-кем аялдап тұрып қалған-ды, түгел қонақтаған екен. Ол енді кері бұрылып, үйге беттеді. Беттеп келе жатып, есік алдындағы кір жаятын жіп керу үшін қадаған жиде ағаштың ұшар басына ілінген темір қақпаға көзі түсе кеткені. Шал сәл езу тартып, іштей күліп алды. Есіне өткен қыста тауықтарға шапқан (жабайы мысық) қалай ұстағаны түсті.

...Сол күні көңіл-күйі болмай, әбден қалжырап, жатуға ерте қамданды. Малды жайғасырып болысымен, тауықтар кірген қос кетектің аузына екі диірмен тасты тұрғызып, сүйей салды. Дөңгелек ауыр тасты әлдене орнынан қозғап, аша алады-ау деп ойласа бұйырмасын. Сөйтсе, оған да айла табатындар ба екен, ертеңіне бір сұмдыққа тап болды. Бір кетектің аузы ашық. Ішіне көз салып қарап еді, шашылған жүндер, тауықтың сирақтары мен қауырсындары көрінеді.

Келген аңның ізін ешнәрсеге ұқсата алмады. Мысықтың ізі дейін десе, оған келмейді, үлкенірек із. Ал түлкі, қарсаққа тағы ұқсамайды. Алақанына салып, мәпелеп отырған тауықтарының түр-түсіне дейін көкейінде сайрап тұрушы еді, енді ішкі дүниесі алай-дүлей болып кетті.

Кешке қарай белгілі болды, белгісіз мақұлық екі тауықтың өлтіріп кетіпті. Қалғандарын қайта кіргізіп қамады да, аузын тағы да дидірмен таспен бекітті. Сонан соң екі тауық желінген кетектің дәл аузына ескі қақпанды құйып тастады. Дәніккен қу бүгін тағы келер сөзсіз. Сосын ұйқыға жатты. Ал, таңертең ерте тұрып, асығып басып жеткенде, есінен танып түсе жаздады. Аң тағы да келген, бірақ қақпан құрылған кетекті әрі-бері айналған да, екінші кетекке барып, диірмен тастың астынан қуыс жасап, тағы да екі-үш тауықтың мойнын қиып, қызыл қанға бөкіріп кетіпті. Мойны қиылғанның ішінде үлкен ата қораз да бар.

Қалекең өкінді дейсін, бір, не істерін білмей басын шайқай берді, шайқай берді.

«...Бұл сонда нендей аң болды? Неткен қу! Әсте мәлін деген жабайы мысық болады деуші еді. Сол емес пе екен?..Дәу де болса сол-ау!.. Бір кездерде небір айлалы түлкілерді қақпанмен-ақ ұстаушы ем, маған не көрінген десейші?.»

Күн бойы өкінумен, бас шайқаумен болды. Бар бітіргені – кепенің арғы қуысында біраз жылдан бері ұсталмай жатқан қасқыр қақпанды алып, соған киіз ойып салды. Бүгін кешке кетектің аузына құмақшы.

Ақылдасар кісі таппай, Әлібай шет жағасын сездіріп еді, «Мәлін деген не пәлі? Мысық шығар оның!..» деді де қойды. Қалыбай да онан әрі үндеген жоқ.

Кешкісін барлық тауықтың бір кетекке қамады да, қасқыр қақпан мен онан сәл кішінлеуін қатарластырып құрып тастады. Сонан соң айналасындағы ізді түгел жасырып, ақ ұлпа қармен бүркемелеп тастады. Сөйтті де үйге кірді. Көпке дейін көз іле алмады. Бір кезде кірпігі айқасып кеткен екен, таң сыз бере шошып оянып, басын көтерді. Қақпан есіне түсті де, дереу шапанын жамылып, аяғынан керзі етігін қоңылтаяқ сұғына сап, тысқа шықты. «Бүгін қақпанға бір нәрсе түседі» деп мазасызданып жатып, ұйықтап кеткен кіші ұлы Арабай да тысырды сезіп, көзін уқалаған күйі көкесінің соңынан ерген.

Айтқандай бүгін істің сәті түскенге ұқсайды. Қасқыр қақпан орнында жоқ, әлдене аулаққа сүйретіп әкеткен, ал кішкентай қақпанда дәу ала мысық мияулап жатыр. Арабай оны бас салып, тепкілемекші болып еді, әкесі басу айтты.

- Қой, шырағым! Бұл бейшара қаңғып жүріп шоқ басқан мүсәпір ғой, - деп Қалекең ала мысықты қақпаннан босатып жіберді. Ала мысық «енді бұл жерді желкемнің шұқыры көрсін», дегендей ақсаңдай басып, алды-артына қарамастан зытып бара жатты.

- Жүр, бар қызық ана жақта, - деп Қалекең ұлын ертіп, ізге түсті. Мақұлық көпке ұзай алмапты, ауылдың сыртындағы қарғын су ағатын жыраға жетіп жығылыпты. Қасқыр қақпан оң жақ қолтықтан сығымдай ұстаған екен. Арабай жақындауға бата алмай тұр.

- Несіне үрйеленіп тұрсың, өліп қалыпты, - деді Қалекең оның жанына тақап келіп. Мәліннің үсті-басы қызыл ала қан. Ажалы қақпаннан емес, басқадан болғанға ұқсайды. Айнала шолып өтті, айтқандай осы тұста не көп, айқыш-ұйқыш із көп-ақ. Қария бір ауық ойланып тұрып қалды.

- Көке, а, көке? Қақпан аяқты ауырта ма, ол содан өлді ме? – деді Арабай бәрін білгенше асығып.

- Мәлін деген, естуімше, өте шымыр келеді, - деді Қалекең. – Көрмеймісің қасқырға арналған қақпанды ауыр тасымен осы жерге сүйретіп әкеліпті. Мұның ажалы басқадан. Меніңше былай: күнде жас тауық етін әкеліп жүргенде, оны басқалары қуана қарсы алатын болған; бүгін мынадай ап-ауыр пәлекетті сүйретіп, бос келген соң, оны тірідей тастап кетуге қимаған; батылдау біреуі алқымнан алып, өткір тырнақтарымен аямай бауыздаған. Әні, олар сондай, тас бауыр. Тұз тағысы балаларын кішкентайынан солай баулиды. Адамдардың тағы аңдардан айырмашылығы – бауырмалдығында. Бір-бірін ешқашан далаға тастап кетпейтіндігінде...

Бала осы сөздерді тыңдап тұрып, қанға бөгіп жатқан Мәлінді аяп кетті. «Өз бауырын өздері қалай өлімге қияды екен? Бауыздауға асыққанша, неге темір шынжырды үзуге әрекет жасамаған, қалай да құтқаруға керек еді ғой... Әкесі, шешесі, болмаса, баласы жоқ па? Темір қақпанға түсіп, қинаоып жатқанда, ешкімнің жаны ашымағаны қандай қиын!...»

- Көке, енді қақпан құрмай-ақ қойшы, - деді Арабай, үйге қайтып келе жатып.

Қалекең үндемеді. Бала жаныын іштей ұқты. Қызыл қанға боялып жатқан жабайы жыртқыштың бейнесі көпке дейін есінен кетпейтінін де ойлады. Алайда, өмір деген осылай.

Оның ащысы мен тұщысы, жақсысы мен жаманы қатар жүретінін де білгені абзал..

Сол күннен кейін, көп уақытқа дейін Қалекең қара қақпанға қол тигізген емес...

Аз-кем ой құшағына беріліп кеткен екен. Енді қайта серпіліп, үйге қарай қаттырақ жүрді.

Шай ішуге де мұрсат берместен Әлібектің Алматайы мен Нұрбайы,өзініңАрабайы ортаға алады.

- Біздің көкеміз ертекті қызық етіп айта алмайды. Сіз айтып беріңізші, - дейді Алматай мен Нұрбай.

- Ертек айтшы, көке! –деп Арабай да қиылды. Қалекең тамағын сәл қырнап алып, әңгіменің тиегін ағытады. Әңгімесі – көргені мен білгені, әркімдердің естігені.

Бір кездерде барып, балалар шаршаған соң ғана, басы жаттыққа тиеді.

... Шалқалай жатып, «ертең аңға шығып, бой жазып қайтсам қайтер екен» деп ішінен күбірлеп қойды...

5. Жүрекпен ойнауға болмайды

Қалабай ата –әңгіме айтудан жалықпайтын кісі. Тек тыңдайтын құлақ керек.

- Бүгінгінің жастары әңгіме тыдуды да қойды, - деп кей-кейде ренжи тіл қатты. – «Алпыстан асқаннан ақыл сұра» деп кеткен аталарымыз. Үлкенді тыңдап өскен, үлкеннің айтқанына құлақ қоя білген ұл ертең есті азамат болады.

Ол әсіресе аңшының өмірі жайлы сөз бастаса бітті, ерекше әсерленіп, бойын сергек ұстап, ұшар құстай қомданып алады. Қайсыбір қызық хикаяны бастар алдында әжімді маңдайын күректей алақанымен сипалап қойып, кеңкілдеп күліп алатын-ды.

Қазір де солай етті.

- О,бәлекет, Шитұмсық-ай! – деді, әлдекімді есіне алып. «Шитұмсығы кім екен» деп ойладым.

- Е,бала, мен саған қызық бір жәйтті айтып берейін,- деді, сосын кейін маған мойын бұрып. – Бұл өзі шынында да кісі таң қаларлық оқиға болды. Кейін көрші-қолаң көпке дейін еске алысып, Шитұмсық құрдасымды мазақ етісетін Ал ол болса маған көз аларта қарап, «бәрін бүлдірген сенсің ғой» деп, атарға оғы болмай жүрді...

Иә, әлгі Шитұмсық деп отырғаным, құрдас болған соң менің қойған атым ғой, осы қазіргі мектеп күзетшісінің әкесі – Таңатар еді. О-о, Таңатар марқұм осы аймаққа аты шыққан белгілі аңшы болатын. Жүйрік жорға аты, бабы келіскен бүркіті, сонсоң үлкендігі кішігірім баспақтай қасқыр алатын ит бар-ды. Қасқыр ала ма, жоқ па – оны көрген ешкім жоқ, бәрақ ірі болған соң елдің бәрі оны «Бөрібасар» деп атайтын. О, мұрныңа болайын, Шитұмсық, жер хабардамағыр құрбһдасым, мақтанғанда жарылып кете жаздайын. Жаңағы бспақтай итін – Бөрібасарын мақтаудан бір жалықпайды-ау. Сол бір кезде екеуміз де колхоздың қойын бағып жүрдік. Ертеңгісін өріске мал айдап шығады да мені көре салысымен:

- Е-е, құрдас, біздің Бөрібасардың бүгінгі бір қылығын айтайын, - деп көбі сөзді көпірте жөнеледі. Бұл асыл тұқымды ит дейді. Анау-мынау тмақты ішпейді дейді. Әттең қасқырға салудың реті келмей жүр, әйтпесе кез-келген көкжалыңды бір-ақ тістеп, астына басып алар еді. БҰл аймаққа бұған тең келер тұқым бар ма өзі?!

- Ондай тұқым қайдан болсын!...

- Жоқ, менің мұны қайдан тапқанымды білмейсің бе? Оның өзі бір қызық хикая. Күшік кезінде күлге аунап жатқан жерінен алып келіп асырадым ғой. Көрейсің ба, текті иттер де кейде осылай өз иесін іздеп, көшеде жата береді. Ал, оны ьанып алу үшін көңіл көзі керек...

- Сен күшік кезінен танығансың ғой?...

- Енді қалай! Дөп бастым. Құлағы тікірейіп тұр екен. Желкесінен көтерсем, еш қыңсыламайды-ау, қыңсыламайды. Бізің үйдегі құрдасың бар ғой, әуелдегіде «бұралқы иттің тұқымы шығар, қайтесің әуреге түсіп» деп біраз қиғылық салды. Келіспедім, қасарысып тұрып алдым. Мен иттің тұқымын танитын болсам, осы текті тұқым дедім. Ақыры айтқаным келмеді ме, қарашы!...

Сол маңда бірқатар қойшылар отыратынбыз. Кейінірек бірлі-жарым қозыларды тартып кетіп жүрген бір қасқыр туралы сөз бола бастады. Менің отарыма келген емес. Сыпсың сөзге сенбей жүруші едім. Арада бір апта өткен еді, бір жолы Әлмәмбет деген қойшы жаңағы қайта-қайта мазаны алған қасқырдың терісін өзгеріп маған келгені.

- Атаңа нәлет, еше түнде қойға шапты, тура мылтықтың ұшына іліге қалмасы бар ма, - деп екі езуі екі құлағына жетіп, ырқ-ырқ күлді. – Басып салып едім, серең ете қалды.

Терісін сипап көрсем, нағыз арланның өзі екен.

Құрдастардың әзілі қалған ба! Маған сол сәтті бір оә сап ете қалғаны.

- Әй, Әлмәмбет! – деді оған. –Қазір шайланып алып, екуіміз әлгі Шитұмсықтың үйіне соғайық. Оның көкжал алатын итін сынап көрелік.

Әлмәмбет менің ойымды тез ұқты да, келісе кетті. Екеуіміз сәлден соң атқа қондық.

Біз Шитұқмсықтың отарына желе жортып жетіп келсек, қойлары ауылдың жанында жусап жатыр екен. Құрдасым жарқылдай күліп, алдымыздан шықты.

- Уай, жол болсын! Жайшылық па, әйтеуір?..

- Әлей болсын! Саған келе жатырмыз, - деп аттан түсе бердік. Осы кезде Әлмәмбеттің бөкетеріндегі көкжалдың терісін көре салып, Шитұмсық аңтарылып қалды.

- Пәлі, мынаны қайдан соғып алғансыңдар? Не мылтықтарың, не иттерің жоқ соңдарыңда. Мен ғой, ана Бөрібасарды пәлен жылдан бері баулып, әлі күнге бір рет қасқырға сала алмай келемін, - деп ол анадай жерде қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан «текті тұқымды итін» сұқ саусағымен нұсқады.

Мен үн-түнсіз ерге қыстырылған теріні алдым да, ақырын басып Бөрібасардың тұмсығының тұсына апарып, иісін сезеді-ау деген жерге ысырып қоя салдым. Сол-ақ екен, Бөрібасар бір-екі рет қозғалды да, кенет басын көтеріп алды, сосын арлан қасқырдың терісін көре сала, орнынан ұшып түрегеліп, зыта жөнелді. Алдындағы биік қорадан қалай ырғып кеткенін де сезбей қалдық. Бәріміз бұл көрініске қарқылдап тұрып күлдік. Шитұмсық бізге қосылып еріксіз жымиды. Бірақ бізідң күлкіміз ұзаққа бармады. Қорадан ырғып кеткен төбеттің соңынан іздеп барсақ, міне қызық! Өліп жатыр. Шитұмсық екі-үш рет «Бөрібасар! Бөрібасар!» деп түртіп көріп еді, қозғалмады. Шынымен-ақ өліп кетіпті...

Шитұмсықтың көзіне жас үйіріліп келіп қалды. Жылап жіберер ме еді, қайтер екен, бізден ұялды-ау деймін.

Қайран қалған біз дереу ауыл жақтан мал дәрігерін шақырттық. Ол итті әрі-бері тексеріп көріпғ ақыры «инфаркт» деп диагноз қойды.

Мәссаған! Көкжал қасқырдың иісінен зәресі ұшқаны соншалық, оның жүрегі жарылып кеткен болды ғой.

Ал мал дәрігері құралдарын сөмкесіне алып жатып:

- Жүрекпен ойнауға болмайды, ол өте нәзік келеді, - деді.

Дәл сол сәтте қай-қайсымыз да қамығып қалдық. Олай боларын кім білген!..

... Әне, бала, жүрек деген сол! Онымен ойнау қауіпті.

Қалабай ата әңгімесін күліп бастап, өте ауыр аяқтады. Екеуміз де көпке дейін үндеген жоқпыз...

6. Бөкеннің соңғы ерлігі

Ақсақал отқа-текте насыбай атушы еді. «Осы құрғырды әне бір жылы қызық көріп бастай қойып едім, енді тастап кете алмай жүргенім», - деп бір атым насыбайды тілінің астына тастар алдында ақтала сөйлейтін, «Титімдей пайдасы болса, кәні, бұл шіркіннің!...»

«Сендер жастарсыңдар, болащақтарың алда, бұған үйір бола көрмеңдер» дегенді сөз астарынан суыртпақтап қана жеткізгені.

Көкшіл түсті түйір-түйір насыбайды тілінің астына баса қойып, әлдебір әңгіменің тиегін ағыта бергенде, бағанағыдай емес, еді даусы да өзгердіп кетеді. Бірақ сөзін түсінесің. Керек десеңіз, кей-кейде бұл кісіге осындай өзгешелеу үнмен әңгіме айтқан жарасатын да сияқты.

Бүгін маған тағы да бір шағын әңгіме айтып берді...

- Мына Ердешбай...сен оны жақсы білесің ғой, әлгі қолы шолақ құрдасымды айтып отырмын, ойпырмой-й, аңқұмар-ақ адам еді, шіркін... Қазіргі кісі сенбейді. Соп дерсің, -деп атай сөз бастай берген.

- Мен Ерекеңді өмірі қолына мылтық ұстап көрмеген адам деп ойлап жүруші ем...

- Әні! Әні! Жұрттың бәрі де солай көреді. Талайдың аузынан естідім осы сөзді. Ал енді бар ғой, сол Ердешбайың сона бір жылдары мын жатқан «Аққолтығыңнан» бастап, Ақсай, Ақтөбе, Ақши, Қайнар, Тоқтамыс, тіпті онан арғы Қаратау сілемдерін түгел шарлап шыққан кәнігі аңшы. Оның мылтығының ұшынан не аң, не құс аман құтылып көрген емес. Айтты не, айтпады не, бір жолы кезекті сапардан өте көңілсіз оралды да, маған:

- Қалабай, мен бұдан былай аң аулауға шықпаймын!-дегені. Әуелгіде таңырқай қарадым оған. Оның сөзі маған, әрине, түсініксіз еді.

- Е-е, жайшылық па?! Не боп қалды?...

- Несіне сұрайсың! Өмірімдіе бірінші рет бөкеннің жан тәсілім алдындағы кісіге жасаған соңғы айбатын көрдім. Көзін айтсаңшы, көзін... Қорқып кеттім. Енді талай уақыт түсіе кірер әлі...

- Ау, жұмбақтамай түсіндірші бәрін де! Ол қалай болды өзі?...

Ердешбай басындағы тымағын алып, тершіген маңдайын аақанымен сүртті де, әңгімесін қайта жалғады.

- Аяқ астынан желігіп, Бозжорғаны жайдақ міне салып, Ақсайға бара қалмасым бар ма. Қия белден аса бергенімде бір топ ақбөкеннің үсінен түсті. Иығымда ұос ауыз мылтық, астымда жүйрік бозжорға, «Әп, бәлем, сәті түсті ме, енді сендерді құтқармаспын», деп солай қарай салып келіп жібердім. Бозжорғам зулап келеді. Бөкендер иісті сезе салып, тым-тырақай, бет-бетімен қашты. О, зәлімдер-ай! Бір-біреуден тарай қашқанын көрмеймісің. Көп ойлануға уақыт жоқ, сол жақ бүйірге бұра тартқан дәу текенің соңына түсіп кеп бердім. Айғай салып, қуып келемін. Бозжорғам көсіліп тастап заулап келеді. Пәлі! Жүрйріктің жүйрігі екен өзі де... Әні-міні дегенше арамыз алшақтап барады. Бозжорғаның басын бос жібергем, сонда да бұл шабысына ілестірер түрі жоқ. Қара слытықты қолайлайын десем, оның да ыңғайы келмей тұр. Сен жақсы білдесің ғой, бөкен жарықтық бір жағына қарай бұрылса, қайтсе де жолыңды кесіп өтеді. Ол да өзіне тән қасиет-дағы... Бәліи соры, бәлки бағы... Бірақ тап осы жолы бұл оған сор болып жабысты. Сәлден соң бөкен солға қарай икемделе берді. Әп, бәрекелді! Мен енді асықпадым. Бозжорғаның басын осылай қарай икемдеп, иығымдағы мылтықты қолыма алып, оңтайлы сәтті аңдуға көштім. Ол арманым соншалық көп күттірмеді. Томпақ тұмсықты бөкен жер танабын қуырып, қиялай шауып, бөктердің етегімен сызып келе жатты. Бейне оқ дерсің жарықтық! Шылбырды жайлап босаттым да, енді оны мылтықтың ұшына ала бастадым. Міне, міне! Өзі айналып, көздеген тұсыма келіп те қалды.

Шүріппені басып салдым. Менің Бозжорғамды білесің ғой, мылтық даусына үркімейді. Бірінші оқ оған дарымаған сияқтанды, шынымды айтсам ол жағын сол мезет ажыратып жатқан мен жоқ, екінші шүрікпені де тартып қалдым. «Бақ-қ» еткен дауыс естілді. Бөкеннің даусы ма, болмаса құлағым шулады ма!.. Көзімнің алдындағы бір сәттік тұман сейілгендей болды. Енді алдыма қарасам, жарықтық бөкеннің артық аяғы кирелеңдеп қалыпты. Алдыңғы аяғымен сүйретіліп бара жатқан секілді. Ат басын ірікпей,жанына таяпи келіп қалып едім, оқыстан әлгі жануар маған қарай кілт бұрылып, өзім ұмытлғаны. Көзіне көзім түсіп кеткені... Денем тітіркеніп сала берді. Жануардың екі жанары қанталап тұр ма дедім. «Сен ... сен адам емес, жауызсың!...»

Қанталаған ашулы, кекті қос жаанр бері қарай енді бір әзіде жүгіріп емес, құстай ұщып келе жатқандай көрінді. Рас, рас ол маған қарай ұшып келе жатты. Еркімнен айрылып, дегбірім қашты. Денем бір ысып, бір суынды Өзім өз болғалы тұңғыш рет абдырап, абыржып, бар еріктен ажырап, қанды көздердің арбауына шырмалдым.

Ойпырмай, сен сенесің бе, бөкен ең соңғы күшін жинап алып, екі-аяқ аяқпен, алдыңғы екі аяғымен маған жетіп, Бозжорғаның кеудесіне сарт етіп соқты. Қарағайдай қос мүйіз сақ еткенде ғаан өз-өзіме келген сияқтандым. Алайда, бұл кезде барлығы да кеш еді...

Бозжорға осқырып жіберіп, анадай жерге ысырылып барып, төрт аяқтап жата қалды. Мен қара жерге екі аунап барып, қайта тұрдым. Есеңгіреп қалып, қайда қашарымды білмей, бөкеннің өзіне қарай жүгіріппін.

Оның соңғы ерлігі – маған келіп соқтыққан соңғы қимылы болды. Көз алдымда жан тәсілім етті. Үзіліп бара жатқанда тағы да бағанағы суық жанарын маған қадап алды. «Адам емессің, жауызсың сен!...»

Бозжорғамен ауылға жеткенше асықтым...

- Ердешбай сөзінде тұрды, - деді Қалабай ақсақал әңгімесін онан әрі жалғап. – Сонан кейін аңға шыққанын көрген емеспін. Сол күннен соң біржола қойып кетті.

Міне, бөкен екеш, бөкен де өмірге құштар. Жауыздық пен жақсылықты, қатыгездік пен қайырымдылықта олар да түсінеді. Тілі жоқ болса да, түйсігі бар жануар ғой...

7. Мерген мен қыран

- Таңатарлық Көкбалақ деген қыраны нағыз касиетті құс еді, - деп бастады кезекті әңгімесін Қалекең. – Бірақ марқұм құрдасым соның қадіріне жете алмады-ау деймін. Өзі білмесе де, білгеннің тілін оңайлықпен алмайтын құдайдың қырсығы болатын ол. Сөйтіп жүріп жақсы өқстың обалын қалды....

Кішкене үзіліс жасап, әлденелерді есіне түсіргендей, үнсіз ойланып қалды.

- Е-е! Иә-ә!.. Есіме түсті. Мұндайы да бар еді оның. Қызба мінезді. Намысына тисең, бірден морт етеді. Әлгі Шынтемір мерген...

- Оныңыз кім?... – Байқаусызда сөзін бөліп жіберіппін. Маған жақтырмаған кейіпппен бір қарап алды да:

- мына Шынтемір ше! Кейін Шынтақ деп атын өзгертіп алыпты ғой, көксоққан! Құтырған төбедегі тірәктірші Абызханныңм әкесін айтамын... О-о, ол қралайды көзге атқан мерген болатын бір кездері... Менің айтайын деп отырғаным – сол Шынтемір мен Таңатардың арасындағы болаған бір қызық жайт. Өзім куәгер болдым бұған.

Бір жолы, тағы да Таңатардың қыстауының тұсында онымен ойда жоқта кездесе қалып, әңгімелесіп тұр едім, жел қуған қаңбақтай құйындатып Шынтемірдің де келіп қалғаны. Үшеуміз бірақ аңшылық туралы айтқан соң, қоштасуға ыңғайлана бергенбіз. Ананың қызба мінезін қызық көретін Шынтемір қарап тұрмай, әлдебір қисық әңгіменің шетін шығарғаны.

- Тәке-ай, сол аңшылықты қоятын уақытың болды ғой. Қасқыр алатын итің анау, жүрегі жарылып өлді, Мынау бүркітің де көксау көрінеді, күрк-күрк жөтеле ме, қалай?...

Тәкең шарт кетті.

- Әй, әй, сен... өйтіп бағыңды шайнама. Басқасын қайдам, бірақ Көкбалағыма құс баласы жетпейді. Бір айдың ішінде екі түлкі, жеті қоян ұстады. Ол аз ба?... А-а?... Аз ба деймін...

- Ойбай о-й!... –деп, қарқ-қарқ күлді Шынтемір. – Сөзіңе қарап шынымен қасиетті құс па десем, шоқпармен ұрып алатын түлкі, қояннан аса алмай жүр екен ғой. Оның мақтаныш қылатын түгі де жоқ. Рас айтамын, ор қоянды құс салмай-ақ қалпақпен ұрып, та бастырмаймыз өзіміз...

- Сені...сені де білеміз! – деп Тәкен онан әрі ашуға булықты. – Иығына мылтық асынғаның болмаса, мергендігің де шамалы. Ел құлағы елу, ана жолы қарсы ұшырасқан көкжалды екі рет атып, біреуін де тигізе алмапсың.

- Кім айтады?! Мен тигізе алмаппын ба?...

- Иә, сен. Ел айтып жүр.

- Сандырақ.

- Естіген құлаққа жазық жоқ.

- Біреудің сандырақ әңгімесі...

- Жел тұрмаса, шөптің басы қозғалмайды, Шынтемір.

- Өтірік! Өтірік дедім ғой.

Екуі әуелі әзілдесіп, онан соң қызыл кеңірдек болып айтысып, арылдасып, ақыр соңында бір-біріне қатты-қатты сөз айта бастады.

- Е, бала болдыңдар ма! Қой, тарқайық! – десем көнер емес.

Бір уақытта Шынтемір тұрып:

- Мынадай шартым бар! – деді. – Мергендігім қазір-ақ дәлелдеп беруге болады. Ол үшін сенің тәуекелің қажет. Қалай, келісесің бе?

- Әуелі айтсаңшы. Қандай шарт ол? – деді Таңатар.

- Қолыңдағы Көкбалақты, - деп Шынтемір тісін қашырлатты. – Шырқау биікке ұшар. Мен оған бір оқ атып, тұп –тура құрғынан тигіземін. Егер жаңылыс кетсем, сөйтіп құсыңды жарақаттар болсам, тап қазір астымдағы атымды түсіп беремін. Құнын солай өтеймін. Келісесің бе?

Таңатар ойда-жоқта басталған тайталасқа абдырап, Көкбалақ бір, Шынтемірдің астындағы көкала атқа бір қарай берді. Келіспесе болмады. Шынтеміршынға көшкен екен. Құырыығына тигізе ала ма, болмас Көкбалақты өлтіріп қоя ма?... Немесе оғы айдалаға сандалып кете ме?.. Оның мергендігіне шек жоқ еді. Десе де ұшып жүрген құсты көздеп ату оңай ма! Тағы да құсты емес, оның құйрығын дәлдеу керек. Құйрық пен дененің ара жігі аспанда қалқып жүргенде көзге көріне ме!

- Нартәуекел! – деді Таңатар. – Айтқаныңа келістім.

Көкбалақ томағасы сыпырылысымен бірден көкке атылды. Сосын қанатын жайып жіберіп, көз ұшында қалқып ұшып жүрді. Жерден жемтігін іздейді. Ешнәрсе көрінер емес. Бұ не? Иесі алдағаны ма?

Мұндағылардың не ойлағанын қайдан білсін!

Шынтемір көздеп тұр. Шүріппеге саусағын апарар түрі жоқ. Ол ұзақ көздеген сайын, Тәкеңнің дегдірі кетіп барады. «Ойпырмай қыранымнан айрылып қаламын ба? Өз қолымнан оққа қиямын ба?...» деп,ой тұйығына шын батып тұр.

Осынау шешуші сәт мені де бейтарап қалдыра алмады. «Қыран аман қалса игі еді! Босқа өліп кетсе обал-ау! Обал ғой, қасиетті құс қой. Көкбалақтар көп деймісің!...»

Бір кезде мылтық даусы шаңқ етті. Дереу үшеуміз де көкке көз тіктік. Көкбалақтың құйрық жүні бұрқ ете қалғанын бәріміз де көрдік. Құс еркінен айрылып, төмен қарай сорғалаған жоқ. Ашуы келді білем, бар даусымен шаңқ-шаңқ етті. Сосын аспанда шеңбер жасап бір айналып ұшты да, жерге қарай оқ секілді ағып келе жатты. Таңатардың онымен жұмысы болмады. «Алақай! Тірі қалды, тірі қалды!..» деп айқайлап, алақанын шапалақтап жүр.

Көкбалақ жақындап қалғанда, үшеіміз де қоқып кеттік. Екпіні өте қатты еді. Бір сұмдықты жүрегі сезі де, Шынтемір мылтығын лақырып жіберіп, тұра қашты. Көкбалақ оны тап бастырған жоқ. Төбесінен бүре түсіп, үлкен қанатын кең жайды да, тағы да имек тұмсығын әнтек көтеріп, шаңқ-шаңқ етті. Таңатар екеуміз алқына жүгіріп жеттік.

- Көкбалақ! Көкбалақ! – деп айғайлап келеді Таңатар. Құс болаттай тырнағымен Шынтемірдің бас киімін шеңгелдеп бүріп алыпты.

Мен артта қалып, Таңатар қыранға жақындай берген. Бүркіт өз иесіне де айбат шекті. Шаңқылдап, қанатын қағып, қасына жақындатпады Шынтемірді болат тырнақтан әрең босатып алдық. Бет-аузын жуып кетіпті.

- Қасиетті құспен ойнап нем бар еді!... – деді ол әзер тілге келіп. – Өзіме де обал жоқ...

Көкбалақ томағасын кигізген соң да, көпке дейін еліріп, басылмады. Тұғырда тағат тауып отыра ала емес...

8. Сәби мен сұр жылан

- Сендер жыландар тірлігі жайлы аз білесіңдер ғой,- деп Қалекең тағы бірде қызық әңгіме бастаған. – Олардың ұғу үшін, білу үшін табиғатқа өте жақын жүру керек. Ал, сендер болсаңдар жан-жануарлар, өсімдіктер әлемінен мүлде бейхабарсыңдар....

Қарсы тұрып, дау айтар уәжім болса да Қалабек ақсақалдың сөзін бөлгім келмейді. Егер арада бөтен әңгіме араласып кетсе, әлгі бір қызық хикаядан қол үзіп қалам ба дегенім...

- Халық аузында «жыланның басына ақ құйып қайтарар болар» деген сөз бар. Бұл тегіннен-тегін айтыла салмаған, қарағым. Оны өз көзіммен көрмесем, мен де сенбеген болар едім. Көрген соң айтамын да.

Қалекең әдеттегі қалпынша кішкене тыныстап алып, әрі қарай еркін көсіле сөйлеп кетті:

- Соғыс кезі. Әлі фәшист итінің біздің жерге баса-көктеп кіріп келетін соғысын айтамын. Елде тігерге тұяқ қалмаған, жұмысқа жарамды ер-азамтты түгел майданға жөнелткен. Қалғандары – кемпір-шал, қатын-қалаш, буыны бекімеген сәбилер... Мен де сол кезде қырықтың қырқасына шыққан едім. Жасым асып кетті ме, болмаса бір аяғымды сылтып басатыным сылтау болды ма – әйтеуір соғысқа алынбағам.

Бәріміздің ойымыз да, тілегіміз де біреу-ақ: тезірек ұрыс бітсе екен; ер-азаматтарымыз елге аман оралса екен; жер бетінде тыныштық орнаса екен.

Таңды ерте атырып, күнді кеш батырамыз. Күні бойы ауыл жанындағы егістік жерде жұмыс істейміз. Бидай ектік. Ол шіркіннің жұмысы таусылған ба. Ерте көктемнен қара күзге дейін сол бидайдың қас-қабағымен өмір сүреміз.Өйткені, аш-жалаңаш, ашқұрсақ елдің бар сенгені де, үміті де сонда.

Егістікте жүрген адамдардың бірлі-жарымы болмаса, басым көпшілігі жаулықтылар. Сопайып шыққан сүйкімсіз сұңғылдай болып, әр-әр жерден серең-серең етіп бой көрсетеміз. Тірті, жараспайды-ақ екен. Қайтерсің бірақ... Бір күні мынадай қызық оқиғаға тап болдық.

Күйеуі соғысқа аттанарда екіқабат болып, құрсақ көтерген Әпикүл деген келіншек бес-алты ай бұрын аман-есен босанған-ды. Бала тапты екен деп оны қолпаштап, бабын жасап отыратын күн қайда! Екі күн үйінде болды, ол үшінші күні бригадир баласын арқасына таңдырып, егіске айдап шықты.

Сол Әпикүл кішкене нәрестесін орылған бидай сабанынан төсек жасап, жанына ұйықтатып қоятын. Өзі бидай орады. Ара-тұра келіп емізіп кетеді.

Бригадирдің қаталдығы соншалық, тым көп емізіп отырып қалса, «енді мынауың жалқаулық» деп басына әңгіртаяқ ойнатады.

Сақалы беліне түсетін Сүйербек деген ақсақалымыз болушы еді. Жұмыста жапырып тастайтындай өзінде көп қауқар болмаса да, басқаларға дем беріп, сөзімен жігерлендіріп жүретін.

Сол кісі, әшенейінде келіндеріне тіктеп қарамайтын еді, бүгін жаңағы Әпикүлдің соңынан қуып келіп:

- Келін шырағым, мына ыдысқа кешкене сүт салып бере қойшы, - деп темір қалбырды ұсынған. Әпикүл «бұл не, әзілі ме,болмаса мені мұқатқысы келгені ме» деп әуелгі қызарақтап қалып еді, алайда ақсақалдың жүзіндегі әлденеге абыржулы кейіпті байқап, өзін-өзі тежеген. Сосын анадай жерге барып, үйілген сабанды көйлегейлеп, кеудесін ашып жіберді де, тырсиып тұрған емшекті қос қолдап қысып-қысып жібергенде, ақ сүт саулап кетті. Көбіміз мына көрініске таң-тамашамыз. Ауызы бейпілдеу кей қатындар:

- Бетім-ау, мына қақпас алжиын деген екен, енді аштан өлетіндей келінінің кеудесіндегі сәбидің несібесіне ортақтасқаны несі, әй? Көр де тұрыңдар, бұл сол сүтті әлі шәйға құйып ішеді, - десіп гу-гу өсек айтыса бастаған.

Сүйірбек олардың бір сөзін де елең қылмады. Қалбырды алды да, бағанағы кішкене сәби ұйықтап жатқан сабан төсекке беттеді.

Бақсақ, нағыз сұмдық осында. Алаңсыз пыс-пыс етіп, ұйқыны соққан бейкүнә баланың жалаңаш төсінде қарасұр жылан оратылып жатыр. Бағанағы бейпіл әңгіме, даңғаза өсек енді жайына қалды. Бәріміз де демімізді ішімізден аламыз. Қаттырақ дем шығарсақ бітті, жылан ашуға басып, сәбиді шағып алатындай.

Әпикүл мұны көріп, көкірегі қарс айрылып, тұра жүгірмекші болды. Оны әзер тоқтаттық. «Сабыр, сабыр» дейміз тіліміздің ұшымен ғана. Ендігі бар үмітіміз – Сүйірбек ақсақалда. Не дегенмен өмір көрген кісі ғой. Бір айласын қылар.

Сүкең қалбырап ұстап, жыланның жанына барды. Сол сәтте жып-жылы сәби құшағында маужырап ұйықтап жатқан сұр жылан да басын көтергендей болды. Енді атай қалбырды сәл бір шетіне қисайтып, әлгінің төбесіне ақ сүттен бір-екі рет тамызды. Жылан онан бетер мойнын соза түсті. Бұдан соң атай сүтті төменірек, жерге қарай тамшылата бастап еді, анау да дегесін көтеріп, солай қарай икемделді. Сүкең бірер аттап, ілгері жүрді. Сүт сызаттап ағып келеді. Сұр жылан созыла түсіп, оның артынан ерді. Ұп-ұзын айыр тілімен ақ сүттен жалап-жалап алады.

Біз тегін кино көргендей таң-тамашамыз. Өстіп Сүкең жаңағы қара сұр жыланды сәбидің жанынан әудем жерге оп-оңай алып шықты. Осыған дейін бір өліп, бір тіріліп анасы байғұс сәбиіне жетіп келіп, құшағына қысып алып, ағыл-тегіл жалады дейсің.

- Жалғызым-ау! Жарығым-ау! – деп еңірейді. – Сенен айырылып қала жаздадым ғой мен бейбақ...

Бір-екі қатын қолдарындағы айыр-күректерін көтеріп, жыланды мыжғылап тастауға лап қойған. Атай оларды тез тоқтатып тастады.

- Бұл жылан екеш жылан да адам сүтінен ауыз тиді ғой. Ана сүті – ең қасиетті нәрсе. Өлсе, өз ажалынан өлсін. Сендер қолдарыңды былағамай-ақ қойыңдар, қарақтарым!- деп қарасұр жыланды үркітіп жіберіп еді, ол ирелең-ирелең етіп, әні-міні дегенше зым-зия жоқ болды.

Сөйтіп, ақ сүттің арқасында сәби сұр жыланнан аман қалғаны бар, балам! Әні, «жыланның басына ақ құйып қайтарар болар» деген сөздің астары осында...

Қалекең сөзін аяқтап, орнынан тұрды.

Менің көз алдымнан әлгіндегі елес-сурет кетер емес.

9. Жыланның кегі

- Дүниеде кекшіл мақұлық көп-ақ, олардың талайын көргенбіз...

Ауыл сыртындағы аңғарда келе жатып, Қалекең маған тағы бір әңгіме айтып берді. Ол әңгімесін әуелгіде осылайша жұмбақтап бастады да, аз-кем үзілістен соң маған бұрыла түсіп:

- О, тоба, бұ жарық жалғанда жыландай кекшіл нәрсені көрсем көзім шықсын, - деп бір қойды.

- Оның сыры неде? Не үшін бұлай дейсіз? – деп мен де ынтыға түсем.

- Ойбай, айтатыны жоқ, ілгерілекте кісі таңқаларлық әрекетін көргеніміз бар, бұл шұбатылған жылан жарықтығыңның... Мына Қасқыржан деген қойшыны білесің ғой. Әлгі Қасқыржан ше... Ана Ақшидың түбінде қыстап отыратын шүңірек көз жігітті айтамын...

- Е, білемін, білемін. Қасқыржанды бұл аймақта білмейтін пенде болушы ма еді. Әрі қарай... Арғы жағын айта беріңіз.

- Сол Қасқыржанның Кебек деген әкесі болған. Бұ шіркіннің шамасы арғы атасымен жазылатын болса керек. Әйтпесе фамилиясы Кебеков болуға тиісті. Маған десе неге «Төбетов» болмайды. Ол енді құлағыңды ұрайынның өз шаруасы ғой. Айтпағым, сол Кебек марқұм осы «Қызылмақташының» кетпеншісі еді. Ілгері, колхоз кезінде мұнда кетпеншілер жарысы болатын. Кім бір күнде егістік жерді көп шабады, соны кешкісін есептеп шығаратын. Сосын озғандардың есімін мадақтайтын. Басқаларға үлгі қылатын. Сондай еңбек тайталасында бұл Кебек кетпеншіге жан баласы шыдас бере алмайтын еді-ай!...

Бертінректе оның атына «кетпенші» деген атақ қоса жалғанып айтылып жүретін. Мұны марқұмның өзі де тым теріс кермей, іштей масайрап қалатын-ды. Жұмыс десе жанын беретін Кебектің кісі көңілі қаламас бір қияс қылығы болды. Онысы енді айтып отырсаң, тіптен күлкілі еді. Баланың ойыны секілді...

Мақұм жылан атаулыға өлердей өш еді.

Онда егіс даласында не көп – жылан көп. Ана жерден де, мына жерден де ирелең-ирелең етіп зытып бара жатқаны. Кебек оларды көрсе бітті, қуып жүріп, кетпенімен қақ бөліп тастайды. Бишаралар екіге бөлінген соң бір орнында тағат тауып тұра алмай, секіріп жүргені. Сонысынан ләззат ала ма, Кебек сақ-сақ күліп, кетпеніне сүйеніп, бірауық көз салып қарады да тұрады. Жүрегі дір етпейді-ау шіркіннің...

Бірқатар қатарластары оның мұнысын әбес көріп:

- Әй, Кебек, бала емессің, шаға емессің. Мынауың не? Бұл қылығыңды қойғаның дұрыс, - дейтін. Оларды тыңдар Кебек пе?

- Е, мұның неіс әбес екен? Жылан деген жауыз. Кісіні шақса өлтіреді. Адамға зияннан бөтен тигізер шапағаты шамалы. Олай болса, мен елге көмектесіп жүрген жоқпын ба!...

Осылай деп, өзінікін өзі түзеп алар еді. Өз айтқаны өзіне жөн.

Содан не керек, Кебек бұл әдетін доғарған жоқ. Баяғысынша жылан көрсе тап беріп, кетпенімен қақ белінен шауып тастап жүрді.

Бір күні, (онда қасында үш-төрт жолдасы бармыз) егістіктен қайтып келе жатыр едік. Ауылға тақай бергенде дәл алдымыздан ұзындығы метрден асатын қарасұр жылан жылмаң етіп шыға келді де, ирелеңдеп, бұта-бұтаның арасына кіруге асықты. Мұндай да қарап қалар Кебек пе! Дереу тұра ұмтылғаны. «Қой, қайтесің» дегенімізге тоқтамады.

Әні-міні дегенше жетіп алып, кетпенімен шауып кеп қалғаны. Жаңағы ұзын жыланның енді құйрығы бір бөлек, басы бір бөлек болды. Құйрық жағы шоршып-шоршып түседі. Ал, бас жағы онша көп секектемеді. Тым-тырыс қалды. Күтіп тұрар уақыт жоқ, бәріміз алға қарай асыға адымдадық.

Күн кешкіре бастаған. Өзіміз күні бойғы жұмыстан әбден қалжырап келеміз. Ондайда не қызық керек.

Ауылға кірген соң, бет-бетімізбен үйді-үйімізге тартыстық. Ілез-демде әлгіндегі оқиға есімізден шықты да кетті.

Ертесіне таң атар-атпастан-ақ бір жайсыз ауыл арасында желдей есті. «Кетпенші Кебек қайтыс болыпты» десті. Бқл хабар қайсысымызға да соншалық тосын, сенімсіздеу естілді. Дереу көзімізді тырнап ашып, әлгі марқұмның үйіне жүргіірістік.

Келгенде өз көзімізге өзіміз сенбедік.

Жаздың жаймашуақ күні еді. Тамақтанып болған Кебек далаға далаға төсек салдырып, қалың ұйқыға кетеді. «Шаршап жүр ғой, алаңсыз дем алысн» деп әйелі де оның жанына балаларды жақындатпады. Таңертең ерте оянатын күйеуі тіптен қыбырсыз жатқан соң, келсе, денесі мұздап қалыпты.Бір таң қаларлығы – дәл бас жағында құйрыңғы кесілген жыланның жасы жатыр. Ол да өлі.

Ауылдың бірқатар ақсақалдары жаға ұстасып:

- Астапыралла-а!... Бұл жылан деген пәлең өте кекшіл келеді ғой. Соған тиісіп несі бар еді. Енді көрмеймісің!... – деп күбірлесті.

«Ой, пәлекет-ай, бұлар сондай ма еді?» - деп біз де аузымыз ашыла аңырайдық.

Қалай дегенде де енді біз үшін аңқылдақ, ақкөңіл Кебек жоқ еді. Ол о дүниеге түн ішінде-ақ аттанып кетіпті...

Кебек пен кекіл жылан жайлы әңіме көпке дейін ел аузында жүрді. Бұл тек бертініректе ғана ұмытыла бастаған-ды...

Оның тарихы осындай.

10. Құсқа айналған келіншектер

- Әй, бала, - деді Қалекең бір күні. – Сен осы Қаратау ішіндегі Қатынқамал деген үңгірді білесің бе?

- Естігем.

- Нені естідің?

- Сондай үңгір бар екенін естігем.

- Тағы не білесің?

- Басқа ештеңе білмеймін.

- Онда тыңда. Қатынқамал үңгірінің тарихы өте қызық,- деді Қалабек шал. – Мен саған оны да айтып берейін.

- Ертеде, -деп шал сөз бастады. – Осы аймақта ұрыс-төбелес өте көп болған. Әсіресе, жоңғар шапқыншылығы тұсында...

- Сонда әлгі үңгірге жауынгерлер жасырынған ба?

Қалабек қарт алара қарады.

«Өзің бір түк сезбес неме екенсің-ау» деген ойды оқыдым оның көзінен. Содан соң үнсіз тыңдап, отырып қалдым.

- Жоңғарлардың күші басым болған соң, сол елдегі ер-азаматтар аз ойланып, көп ойланып барып, ақыры осы тау арасындағы үңгірді әзірлепті. Оған кімдерді жасырды дейсің?...

- Әрине , балаларды...

- Тек балаларды емес, қатын-қалашты да осы үңгірге кіргізіп, аузын дәй таспен жауып қойыпты.

Содан жау тағы да шабуылға шығады.

Ер жігіттер қаша жүріп соғысады.

Жау аң-таң: бұлардың арасында не бала жоқ; не қатын-қалаш жоқ; өңкей сайдың тасындай ер-азаматтар...

Ішінен бір ақылдылау ер адам айтыпты:

- Әй, дәу де болса, бұлар қатын-қалашты бір жерге жасырып қойды.

Оның осы сөзіне куә болғандай, тап осы мезетте тау арасындағы «Қатынқамал» үңгірінде бір әйел тоғатып, босанып қалады да, сәби шырқырап жылайды. Жау жендеттері селк етеді. Дауыс шыққан жақты бетке алып, өрмелей бастайды.

Жоңғар жауынгерлерінің күші әлдеқайда басым екенін аңғарған қарсыластары не істерін білмей, алыстан бақылайды.

«Әй, қатын-қалаш, бала-шағаны тауып алса, бәрін қырып тастайды-ау енді» деп өкініш білдіреді. Аһ ұрды. Бармақ тістейді.

Алайда, «Қатынқамалға» өрмелеген жау жендеттері тез қайта оралыпты. Бұған жергілікті жігіттер аң-таң. «Мұнысы несі?... Неге тез келе жатыр?... Бәрін аз уақытта қырып тастауы мүмкін емес...»

Жоңғарлар тағы да шабуыл бастайды. Жергілікті жігіттер тағы да қаша соғысып, бөлініп-бөлініп, тау ішіне жасырынып құтылады.

Қара түн түседі. Жау әрі-бері іздеп, ешкімді таба алмаған соң, кері қайтады. Таудың түні өте қорқынышты. Сосын да дереу өз бекетіне асығады.

Ал, таң сыз бере жергілікті тау беткейіндегі «Қатынқамал» үңгіріне асығып жетіпті. Жақындаған сайын жүректері өрекпіпті. Ана жақ үнсіздік. Не әйелдің, не баланың даусы естілмейді.

«Мүмкін емес!» дейді бір-біріне күбірлей сөйлеп. «Бәрі қырылып қалуы мүмкін емес. Жау аз уақытта қалай бәрін өлтіріп үлгеруі мүмкін...»

«Не де болса ішіне кіріп көрейін» дейді орталарындағы ересек кісі. «Қайтсе де, болар іс болды. Ендігі шаруа-Алланың қолында-а...»

Алқына жетіп, үңгір ішіне бас сұққанда – өздері де таң болыпты. Үңгірде бірде-бір жан жоқ. Тек әр-әр жерден құс қауырсындары шашылып жатады...

Жауынгер жігіттер аң-таң. Түкке түсіне алмай, көбісі бас шайқап отырып қалыпты.

- Менің әйелім қайда? – деп бір жауынгер басын төмпештепті.

- Менің балам қайда жоғалды! – деп екінші жауынгер күңірентіп...

Орталарындағы бір егде жауынгер бәрін де сабырға шақырыпты.

- Алланың ісі, қарақтарым! – депті. – Алланың не істесе де еркі күшіт...

- Жоқ, сонда, - деп бірінші жауынгер алқына сөйлепті.- Сонда... қатын-балалар қайда кетуі мүмкін? Олар қайда-а?...

- Жым-жылас жоғалуы қалай? – депті екінші жауынгер. – Көңіл сенбес нәрсе ғой бұл...

- Алла біледі, - депті қарт жауынгер. – Алланың ісін пенде қайдан біле қойсын...

- Сонда олар қайда жоғалып кеткен? – деп еріксіз сұрақ бердім.

- Міне, бар гәп сонда, - деді атай. – Осы жұмбақ бүгінге дейін өз құпиясын ашқан емес.

- Сонда-а...

- Иә, ел ішінде әртүрлі салаға бастайтын аңыздар бар. Соның бірі былай: Жау жендеттері үңгірге бас сұққанда Алла тағаланың құдіретімен әлгі қатын-қалаш пен бала-шаға құсқа айналып, көкке ұшып кетіпті.

- Қызық екен.

- Ал, тағы бір аңызға былай айтылады: жау үңгірге жақындап келе жатқанын сезіп, әзиз-аналар жылап-сықтап, Аллаға жалбарынса керек. Сонда қара жер қақ айрылыпты да, бәрі басқа бір дүниеге көшіп жүре беріпті...

Шал осыны айтты да, аз-кем үнсіз отырып қалды. Ішінен әлденеге күйзеліп, күрсініп те қояды.

Мен тау бөкетеріндегі үңгірді ойладым...

«Расында да сол бір қыз-қырқындап қайда жоғалып кетті екен, а?.... Егер құса айналып, көкке ұшқаны рас болса, олар әлі күнге зеңгір көктен бізге қарап, көңілдері толқып, мұңаятын шығар...»

Аспанға қарап едім, дәл осы сәтте төбемнен бірт топ құс жайбарақат қанат қағып, ұшып өтіп бара жатты.

11. «Келіншектау» хикаясы

- Ата, осы «Келіншектау» деген жердің тарихы қызық дейді ғой...

Қалабай ата әңгіме айтуға ыңғайланды. Жөтеліп қойды.

- Сен өзі, - деді маған. – Осы Қаратаудың ішін аралап көрдің бе?

- Түгел емес.

- О, онда ештеңе білмейді екенсің.

- Неге?

- Өйткені, тау сырын білу үшін, оны түп-түгел аралап шығу керек.

- «Келіншектау» туралы сұрадың ба? – деді сосын. – Ол ұзақ-қ әңгіме ғой.

Содан кейін тағы бір жөткірініп алды да, сөз бастады.

- Мына Қаратауда биік-биік шоқылар көп, - деді. – Сондай үлкен шоқының бірі – Мыңжылқы. Сол Мыңжылқы бір сілемін – Келіншектау деп атайды.

- Сол тау бір келіншектің атымен аталатыны да рас па, ата?

- Рас. Ол келіншектің тарихы. Бірақ жақсы мағынада емес. Қарғыс тиген келіншектің көші... жайлы хикая.

- Қарғысы қалай? Ол өзі...

- Сөзді бөлме. Мен бәрін де басынан бастайын.

Ілгеріде осы маймаққа аты мәлім белгілі бай өмір сүріпті. Оның жалғыз қызы бар екен. Күндердің күнінде сүйікті қызын көрші ауылдың бір жігітіне айттырып, жасауын жасап, аттандырғалы жатады. Өзі бай болған соң, мыңғырған малы болған соң, аянсын ба, қызына:

- Не айтсаң да орындаймын, - дейді. – Көңіліңе арманың қалмасын.

Сөйтіп, көш әзір болғанда қызына:

- Жасауың алтын шыңырақты, күміс уықты, аршыған ақ жұмыртқадай отау болды. Қазан-ошақ, аяқ-табақың бәрі де алтын жалатқан күмістен жасалды. Көрпе-жастық шытырма шәй, сусыма жібек болды. Төсегін пілдің сүйегінен әзрленді. – деп риза пейілмен айта бастайды.

Қызы, бірақ, қуаныш белгісін байқатпайды. Көш әні-міні деп, жолға жүруге әзір тұрған-ды.

Әкесі шыдай алмай:

- Қызым-ау, неге ренжіп тұрсың? – дейді. – Тағы не бар еді ойыңда?

- Әке, бірнәрсені ұмытыпсыз.

- Ол не?

- Маған берген жасауыңыздың ішінде итаяғымның сабы алтын болмапты.

Қызының мына сөзіне әкесі қатты қапа болып, есінен тана жаздайды.

- Ойбай-ау, бұл не сөзің? – деп қипақтайды.

- Жоқ, мен сізге өкпелімін. Осыны ойламапсыз.

Бай сол жепде қатты күйініп тұрып, қызына теріс бата беріпті.

- О, жаратқан ие! Мен туған қызымнан көңілім қалды. Көшті тас қыл, дүние түп-түгел тас болсын!...

Сосын бұрылып жүре беріпті.

Әке қарғысы қай кезде де өте ауыр болатынын білетін қыз анасы шыж-быж болып, арлы-берлі жүгіріпті. Қызына:

- Ойбай, райыңнан қайт, - депті. – Әкеңнен кешірім сұра. Әйтпесе...

Әйтпесе не болады екен! – деп, ақылсыз қыз сонда да қасарыса беріпті.

- Әке қарғысы – оқ, - депті шешесі. – Оның қабыл болуы оп-оңай. Енді Алла тағала...

Не болса, о болсын. Мен риза емеспін. Сосын да ойымдағыны айттым.

- Ойпырмау, итаяғыңның сабында тұрған не бар? – деп анаға байғұс тағы да зар еңіреді. – Итаяқ деген не бұйым ба!...

- Сізге бұйым емес шығар, ал маған бұйым...

- О, жүзіқара! – депті сонда анасы да. – Сені қандай қызғып тәрбиелегенбіз? Жер қылдың ғой жұрт алдында...

Осыны айтып, отыра қалып, көз жасын көл етеді...

Артынша бұл аймақта ешкім көріп-білмеген бір сұмдық болыпты деседі.

Кісі наласы Алланың құлағына шалынды ма, кім білген, барлық көш ілез-демде қара тасқа айналыпты деседі. Қызы да қара тас болып мәңгіге қатып қалыпты...

Әке сонда да артына бұрылып қарамапты.

- Өте ауыр хикая екен, -дедім мен.

- Иә, бұл қайғылы оқиға. Тойымсыз келіннің қаралы көші туралы әпсана...

- Сол көш орны әлі күнге дейін сақталған ба?

- Әрине. Мыңжылқы шоқысына барсаң, сол төбеден төменге көз сал. Сонда төменнен сағым ойнайды. Ал, сағым арасынан үлкен көш көрінеді. Ұзыннан-ұзақ шұбатылған көш... Бірақ, оның бәрі де бір орнында қатып қалған тас түйелер...

12. Көкпаршының көңілі

Бір жылдарда... көкпарды көп доданың бірі емес, өнердеп білген осы өңірде Құли көкпаршыдан өткен көкпаршы болып па! Дариға-ай, о да бір дәурен дүние екен-ау! ... Қай уақытта да уысына ілінген тоқты-торым, теке-терім Құлидың қолынан қайтып босап па әуелі... Оны арғы-бергі ауылдағы барлық көкпаршы білетін де мойындайтын. Көкпарға Құли араласты дегенше алдарындағы несібесінен сол сәтте-ақ біржола айрылғандай болып, бәрі де сабылысып, қарбаласқа түсетін.

О, шіркін, о да бір дәурен дүние екен...

Құли қартайды. Бойдан қуат кетті. Қыран құстың тырнағындай темір саусақтар да әлсізденіп, ұстаған заты уысынан сырғып кете беретін болды. Бұл кәрілік! Мойындасаң да, мойындамасаң да мойныңа мініп алар ит кәрілік! Баяғыда... ойлайтын. Мен қайратымнан қайтпайтын щығармын. Мені ешкім де жеңе алмас. Мен көкпарға араласқанда, маған тең келер кісі болмас. Сөйтіп ат үстінен түспей жүріп, дүрбелеңді дода-дүниеден тып-тыныш о дүниеге де аттанып кетермін деп... Сөйтсе...

Кәрілік деген кәрі дос ол да өзінше көкпаршы екен. Ол да өз дегенін істейді екен. Мойындасаң да, мойындамасаң да сені желкелеп алады екен. Мойныңа бір мінген соң, ол енді қайтып оңайлықпен түсе қоймайды екен. Бұл кәрілік солай екен.

Қария әсіресе үйден шыға алмай, үйелеп отырып қалғалы бері осы ой деген түпсіз тұңғиық сезімді анық серік етті. Әйтпесе баяғыда ой деген пәледен мүлдем ада еді. Қиял деген қырсығың бұл ауылға қыдырмайтын қонақ еді. Енді мынау... үйкүшік...

Күні кеше «қартайдым,енді көкпарға шабатын щъшама жоқ, бірақ барып көремін, айқайш болып отырамын» деп, үлкен ұдына қолқа салғанда баласы ол сөзін құп алып, қайда той-томалақ болса, сонда алып баруға уәде етті. Және ол сөзінде тұрды да. Бұл көкпар басталды дегенше, сол дүрмек ішіне кіріп кететін. «Әй, анау да бір болбыр неме екен ғой, қолына ұстап тұрып жібере салғаны несі» деп, алыстан айқай сап, іштей кіжініп тұратын. Кейбір бұны жыға тани бермейтіндер «ой, мына қақпас шалға не жоқ» деп,, омыраулай өтіп, қаға-маға шетке ығыстырылды. Құли ондайды елеп жатқан жоқ. Оның бар зейіні – көкпарда.

- Әй, олай емес, бұлай тарт. Сілкіле, сілкіп тарт! – деп айқайға басады.

Сөз аналарға жетіп жатыр ма, жоқ па – онда шаруасы шамалы. Әредік әлгі көкпаршы оң, тәуір қимыл жасап қалса, «ой, пәлі, бағаналы бері өстімейсмісің» деп, риза көңілмен шек-сілесі қата күлетін.

Ал,енді соңғы айларда ондай бақыттан да айрылады. Алаңсыз жүруден қалды. Аяғы басуға дәрмен жоқ. Енді көрші жатқан ауыл-ауылдан аралап, көкпар көруге да бара алмайды. Ұлы «енді болмайды, аяқ асты боласыз, үйде отырыңыз» деп тастап кетеді. Әке осығае әжептәуіп-ақ налиды. «Өй, иттің күшігі... Мені аяқ астында қаласың деп... Кешегі кәнігі көкпаршыны қорлап сөйлейді әй, мынау! Сен... мені білмейді екенсің. Мені табаннымен таптап кетер пенде бұл айтһмақта әлі туған жоқ» деп, ұлына күркіреп қоятын.

Кеше ұлы келіп:

- Әке, ертең ауылда, ана қыр үстінде көкпар болады. Соған алып барамын, - деген.

Бұл балаша қуанды.

- Қашан, ертең ертемен бе? – деп елпектеді.

- Жоқ, таң атпай емес, түс ауа...

- Е, жарайды.

Түс ауа бааласы атқа мінгестіріп алып, ауыл сыртына алып келді. Өзі аттан түсті де, әкесін анадай жердегі төбе басына отырғызды.

- Осы жерде отырып көресіз...

Әкесі айтты:

- Балам-ау, мына төбеден не көрем мен. Тым аласа екен. Сен онан да анау-у бікке шығар мені. Сол жерден қарап отырайын.

Ұлы әке өтініщін амалсыз орныдады. Биік төбеге көтеріп шығарды. Ол жер расында да еңселі. Енді сайдағы алаңқай алақанға салғандай бола қалды. Тек... төменгі жағы ойпан, терең шұңқыр. Әкесіне:

- Орныңызлдан қозғалмаңыз, төименге құлап кетіп жүрмеңіз, - деп ескертті.

- Е, немене, мен жас бала ма екем, - деп әкесі әжептәуір-ақ ренжіп қалды.

Сәлден соң делебе қоздырар көкпар да басталып кетті. Құлидың ұлы да сол дүрмекте. Қарт көкпапршы алыстан көз салып, кәрі қырандай бақылап отыр.

- Әй, сен олай етпе, былай... Былай қарай сілкіле. Ой, жетесіз... –деп, өтөбе басынан айқайлап қояды.

Бір уақытта ұлының қолына көкпар тигенін көріп, айқайға басты.

- Енді заула, бас қамшыны! Ананы... ананы тақымға басып ал. Босаңсыма. Ой, мынаны-ау,ә!... Қап-п!...

Шал кәдімгідей еліріп алған. Өзі сол дода ішінде жүргендей екпіндейді кеп.

- Әй-й... күшік-ау, болсаңшы. Атты... атты қамшыла.Олай емес, мына жағынан. Туһ-һ!... Осындай да болбыр бала болады екен-ау... Көкпарды қор қылып...

Құли көкпар қызығымен итініп, итініп кетіп, алға жылжып-жылжып бары, жар жағасына да келіп қалғанын да аңғармаған, Бір пәсте... Кәрі көккпаршы баласының көкпардан айрылып қалғанын көріп, ашуға булыға айқайлап жіберді.

- Әй, сені де ұл таптым деп... Әй, сені е ұрпағым деп... Боркемік... Жасық туған неме....

Осылай деп булыға сөйлеп, орнынан тұрып кетердей боп, ұсмтылып қалды да, сол сәтте шұңқыр сайға қарай құлап бара жатқанында байқамады. Құлдилап кле жатса да әлгі әсерде айға алмай: «мені де ұлым деп, үміт артып...»деп күбірлеген күйі терең сайға гүрс етті. Осы сәтте мына жарық әлем қарт көкпаршының көзінің алдында жарқ етті де, шыр айналып бара жатты.

Шыр айналған дүние арасында есі кіресілі-шығасылы болып жатып, шал өзінің биіктен құлағанына емес, ұлының көкпарды оп-оңай қолдан бегеніне налыды. Соны қатты қинала есіне шығара алмай жатыр. Ұлы емес, көкпардан жеңілген тап мына өзі секілденді. Сол жеңіліс...тұла бойын мұздатып, бүкіл жан-жүйесін сырқырата, жанына баат ауыртты. Құлап қалғаннан емес бірақ. Бәрі де ұяттан....

Ат үстінде қырық жыл көкпар тартып жүріп өмірі жеңіліп, не аттан қүлап көрмеген көкпаршы ұяттан өртене жаздап, тұла бойы қалшылдап жатты да... көзін ақырын жұма берді.

Ал, ана жақта көкпар-дүние қызып жатты.

13. Бозторғайлар жоғалған жыл

Атайдың ала сиыры ұшты-күйлі жоқ болып кетті де, соны іздеуге шықтық.

Екеуміз де ат үстіндеміз. Атай – алда, мен – артта.

- Әй, бала! – деді атай. – Сен неге менен қалып қоя бересің? Қатар жүріп отырсаң болмай ма?

- Болады ғой.

- Ендеше астыңдағы атыңды қамшылап қой.

Мен солай еттім. Енді екеуміздің де атымыз қатарласа берді.

Осы кезде зеңгір көгінде бір бозторғай сызылта ән салды. Атай атты тоқтатып, әлгі әнші құсқа көзін күннен көлегейлеп, ұзақ-қ қарады.

- Неге тоқтап қалдық? – деймін мен ештеңеге түсіне алмай.

- Ана шынашақтац торғайды айтам да,-дежі Қалекең. - Қарашы, алаңсыз шырқап, ән салып жатыр. Ал, бір жылдары...

Сөздің аяғын жұтты.

Ішімнен тағы бір әңгіме басталарын сезе қойдым. Сосын да атайды сұрақ беріп мазаламай, үнсіз күте түстім.

- Баяғыда-а... – деді атай сөзін бастай беріп, -Осы бозторғайлар да іннен-інге тығылып, жоқ болып кеткен кездер болған.

- Ол қай кез?

- Ол ма? Ол баяғы ашаршылық жылдары... Кітаптардан оқып жүрген щығарсыңдар?

- Иә, оқыдық. 1932 жыл...

- Дұрыс айтасың. Сол бір жылдары біздің елде сұмдық ашаршылық болыпты. Мен жас бала едім, ептеп есімді білемін.

Бір жолы үйде талшық етер түк қалмай, күңіреніп кеттік. Өзімнен кіші қарындасым «қарным ашты» деп зар еңіреді. Мен де жетісіп жатқан жоқ едім. Алайда үнсіз шыдап бақтым. Жылауды намыс көрдім.

Әкей үн-түнсіз үйден шығып кеткен.

Арада біршама уақыт өткенде, әкей қайта оралды да, шешеме:

- Мынаны тез пісір, -деп бір қалтаны алдына лақтырып тастады.

Оның не зат екенінде шаруамыз жоқ, «тез пісір» дегеніне қуанып, дегбірсіздене күтіп жатырмыз. Шешем әлгіні тез-тез отқа қақтады да, алдымызға тосты.

Ет екен. Өте кішкентай құстың еті. Жел көрсек, дәмі жаман емес. Ашқұрсақ болған соң, ойланып жатар не бар, қарындасым екеуміз тойғанша жедік.

Осы жағдйға бір емес, бірнеше бірнеше рет қайталанды.

Біз кішкентай құстың етімен жан сақтадық.

Бір жолы мен әкем мен шешемнің оңаша сөйлесіп отырған сәтіндегі әңгімесін естідім. Әкем айтты:

- Балаларға там-тұмдап талшық етіп жүр едім, қазір сол бозторғайлар да ұшты-күйлі жоғалды.

- Олар қайда кетіп қалыпты?

- Біле алмадым. Бейшаралар осы күні адам көрсе, зәре-құты қалмай қашатын болар.

- Ой, заман-ай! – деп күрсінді анам. – Аштыққа ұрындырып, пендені құйтақандай торғай етіне де зар еткен заман-ай!...

-Кісі ашықса, не жемейді, - деді әкем. Баяғы бабаларымыз айтыпты ғой: «тоқтық не дегізбейді, аштық не жегізбейді»

Мен олардың әңгімелерінен көп нәрсені түсіне алғам жоқ. Тек білгенім – торғай етін де жеуге болатындығы...

Арада талай жылдар өтті. Әкей қартайып, үзілер шағында маған:

- Балам, мына жақсы заманның қадірін біл. Тоқшылықты да көтере білу ләзім, - деп сыр айтты.

Сөз ыңғайына қарай мен де кеудемдегі сауалды бердім,

- Әке, баяғы ашаршылықта сіз бізді кішкентаф құстың етімен аман алып қалып едіңіз, сол қандай құс? – деп сұрадым.

Әкей күлді.

- Әлі есіңде екен ғой. – деді сосын. – Ол бір қиын кез болды ғой. Басқа амалымыз қалмады емес пе!

- Сонда-а ол құс....

- Иә, бозторғайлардың еті болатын. Кәдімгі құйтақандай дала торғайы...

Мен не айтарымды білсмей, үнсіз отырып қалдым.

- Әне, балам, - деді әкей. – Сондай да кездер бастан өтті. Мына тоқ заманды нантепкі ете көрмеңдер. Бұл – бастарыңа қонған бақ...

Осыны айтты да, үзіле берді....

Әкем өмірден өткен соң, далада жүрге кездерімде осы бір кішкентай құсты көрсем, ішімнен қан жылап, олардан кешірім сұрайтыным бар.

«Біздің жазығымыз не!» деймін ішімнен... «Аш болған соң кісіде амал қала ма! Бәрі де сол ашаршылықтың кесірі. Кісі тоқ болса, сендер секілді құйтақандай құсты өлтіруге қияр ма...»

Атай атты тебініп қалды. Екеуміз шаба жөнелдік. Ол осы жолы менен озып кетуге бейілді еді. Көңілі босап кеткенін де аңғардым. Үлкен кісі болса да, жаны нәзік жан ғой...

Ат үстінде келе жатып, көкте шырқаған бозторғайғаи қарап, ойға баттым.

14. Қоңыраулы қасқыр

- Ата, - дедім мен. – Ата, сіздің Таңатар деген құрдасыңыз қақпан мен қасқыр ұстап, қайтадан босатып жіберген дей ме?

- Ол рас, - деді атай. – Ол болған оқиға.

- Неге босатып жібереді?

- Оның өз сыры бар...

- Таңатар расымен-ақ аңңшы еді ғой, -деп Қалекең әңгімені әріден бастады. – Оның істемейтіні жоқ болатын.

Бір жылдары үйінде киік асырап, оның санын он бескеи жеткізгенін де көргенбіз. Тағы бірде тау кекілігін ұстап әкеліп, оны үй тауығымен будандастырып та көрді. Әні, ол сондай кісі.

- Ал, жаңағы қасқыр хикаясы...

- Е, ол қызық хикая, - деп, атай қоиаданып алды. – Мұны осы ауылдағы көнекөздердің көбі-ақ білуші еді. Енді ешкім де қалған жоқ қой.

Кішкене тоқтады «Ешкім қалмады» деген кезде өзінің де өмірі аз қалғаны есіне түсіп кетті ме екен! Аз-кем аялдап барып, қайта сөз жалғады.

- Бір жылы осы ауылға қасқырдар үйір болып алды. Шет үйлердің малдарын тиісіп, бірлі-жарымын сүйреп әкетіп те жүрді. Осыған ашуланған Таңатар сыртына үш-төрт жерге қақпан құрып тастады. Қасқырлармен шындап айналысуға көшті.

Содан не керек, арада үш күн өткенде бір қақпанға дәу арлан қасқыр түсіпті. Аяғы ептеп қанап, жаралы болғаны болмаса, өзі сап-сау. Көздері оттай жанады. Оны алып келу үшін Таңатар мені де ертіп жүрд. Сол кезде байқадым, бұл түз тағысының сұсы өте қатты болады екен. Көздері от дерсің! Қарасаң, жүрегің ұшады.

- Бұны атып өлтірейік, - дедім мен.

- Оқты щығын қып қайтесің, - деді Таңатар.

- Онда дәу келтекпен тұмсығынан бір қояйық. Сонда серең ете қалады.

- Жоқ, оны да істемейміз.

- Енді қайтеміз?

- Тірідей үйге апарамын.

- Қайтіп?

- Қазір көресің.

Таңатар осыны айтты да, үстіне теріден тігілген күпісін киіп алып, сол қол білегіне ұзын арқанды орады. Екі қабаттап орады. Сонда соң маған «ал, енді болды» деп күлді. Өзі сенімді көңілмен қасқырға беттеді. Арлан қасқыр ырылдап, ұмтылып-ұмтылып қояды. Таңатар оған жақындай бере, сол қолын ұсынды. Қасқыр атылып келіп, тістеп алды. Осы кезде Таңатар оның тұмсығана тұзақтап әзірлеп қойған шынжырды кигізе қойды. Сосын бір шетінен тартып, қысып тастады да, тонды шешті.

Таңатар арлан қасқырды үйінде бір жеті ұстады. Оның исін сезген иттер ол үйге жолай алмай, алыстан үріп, айнала шауып жүрді.

Бір күні Таңатар айтты:

- Осы қасқырды босатып жібере салмақпын.

- Е, неге?

- Өз есебім бар.

- Ол қандай есеп?

- Мойнына шынжырлап қоңырау байлаймын да, далаға жібере салам.

- Сосын не болады?

- Сосын ол түкте істей аламайды.

Ол осылай істеді.

Қоңыраулы қасқыр бостандыққа шыққанына қуанып, зыта ала жөнелді. Алайда ол қуанышы көпке ұзаған жоқ.

Арада бір ай өткенде ауыл сыртындағы бір терең жырадан сол арлан қасқырдың өлі дегесін тауып алдық.

Мен бұл жағдайға таң-тамашамын. Таңатарды әңгімеге тарттым.

- Сондай бұл қалай болғаны? – деймін. – Бұл арлан қасқыр неге өліп қалды?

- Соны да түсінбегенің бе?

Түсінбей тұрғаным рас.

- Өзі қоңыраулы қасықыр болса, - деді Таңатар. – Ол кімге кере? Үйірі бұдан қашады. Өйткені алыстан еді өзіне шақыратын дыбысы бар. Алғ өз бетінше малға шабайын десе, тағы да қоңырау даусы айласын іске асырғызбайды.

- Е-е, - дедім мен. – Сорлы қасқыр ақыры аштан өлген екен ғой.

- Жоқ, - деді Таңатар. – Ол аштан өлген жоқ, намыстан өлді. Арлан қасқырға бұдан өткен намыс ба ма!

- Содан өзі өлен бе? – деймін мен таңдана.

- Қоңыраулы қасқыр өз жемтігін өзі еркін алып жей алмаса, онда қалай өмір сүрмек! Қасқырда да намыс бар, қарағым...

- Шіркін, адамдар да сондай болса ғой, - деп еріксіз айтып қалып едім, атай сөзімді қостап:

- Өте дұрыс айтасың, - деді. – Біз намысты болуды арлан қасқырдан үйренсек те артық емес.

15. Көктен жауған құрбақалар

Атай мені сынағысы келгендей, сұрақ беріп қояды.

- Көктен не жауады?

- Әрине, жазда жаңбыр. Ал қыста-қар...

- Сосын?

- Сосын не жаумақшы екен! Басқасын білмеймін.

- Ә-ә, - деді атай. – Көрдің бе, сен ондайды білмейсің. Тіпті естіген де емессің.

- Не туралы айтып отырсыз, ата?

- Бір жылдары көктен кәдімгі құрбақа жауға кездер де болған.

- Бұл өзі баяғыда болған оқиға, - деп атай әңгімесін бастады, - мен оны өз әкемнің аузынан естігенмін...

Осы Сырдың бойында бір жылдары ауа райы күрт өзгері, жаздың ыстық күнінде төпелеп жаңбыр жауыпты. Мұндай жағдай өмірі болмаған соң, ел үдерісіп, үрпиісіп, қорқа бастайды.

- Апырмай,ә!- деді бір шал. – Мына күннің беті жаман. Аптап ыстықт жаңбыр жауғаны нес!

- Бұл өзі ақырмазанның хабары емес пе екен! – дейді екінші қарт.

Жаңбыр бір күн тоқтамай,толастамай жауыпты. Тек түн ішінде аздап саябыр тапты да, ол ертеңіне қайта басталады. Содан, түске жақындаған ғаламат қызық жағдай болыпты. Аспаннан жауып тұрған жаңбырмен қабаттаса көктен құрбақалар жауа бастапты. Кәдімгі суда жүзетін көкшіл құрбақалар...

Ел-жұрт жаға ұстапты.

- Әні, айтпадым ба, бұл жақсылық белгісі емес, - деп, бір шал тағы да зар сөзіне басыпты.

- Ойбай, мал сойып, құрбандық шалу керек, - десіпті көпшілік.

Қысқасы, не керек, сол жолы біздің ауылда қорқыныш пен үрей билеп алыпты. Бәрі де бір сұмдық болатынын күтіп, іштен тыныпты.

Ауыл-үйде шалдардың басы қосыла қалса болды, ең алдымен сол құрбақа жауған күнді айтып, қайта-қайта үрей шақырып қояды екен. Тіпті бір қыршаңқы шал:

- Ақырзаман болғанда әуелі осындай кісі таңқаларлық оқиға болған екен, - деп көріп-білгендей әңгіме соғып жүрді.

Ел шынымен-ақ үрейлі еді. Қорқыныш сезімі көпке дейін сейілмей-ақ қойған-ды.

Бірақ, өмірдің аты – өмір.

Арада екі-үш жыл өткенде әлгі қызық оқиға жайлы жұрт ұмыта бастапды.

- Мен осы күнге дейін таң қалам, - дейді атай. – Сол құрбақалар көкте қалай қалқып тұрған?

- Бәлкім, басқа бір жақтан ұшып келген шығар, - дедім мен.

- Сен де айтасың-ау, - деді атай. – Құрбақалар да ұша ма екен?

- Олар ұша алмайды, - деймін мен. – Бірақ күшті дауыл оларды ұшырып әкетуі де мүмкін ғой.

- Ондай ертегіңді айтпа! – Атай маған дүрсе қоя берді. – Бұл деген Алла тағаланың құдыретімен болған нәрсе.

Мен ойланып қалдым. Ойымда әртүрлі жауап сөз тығылып тұрған-ды. Бірақ оны тыңдар атай жоқ.

Көкке қарадым. Аспан алыста-а...

«Қара жер аман болса, әлі-ақ осы көктен талай-талай нәрселер жауатын да шығар» деп ойладым.

16. Баланы жұтқан жайын

- Біз ол кезде бала едік, - деді атай. – Мына Сырдың бойында тұратынбыз. Біздің үй балық аулап, соның етімен күн көріп жататын.

- Ол кезде Сыр өзенінде балық көп болған шығар,ә! – деймін атайды қостап сөйлеп.

- О-о, - дейді атай. – Көп болған да қандай! Қармақ салып қалсаң болды, сол сәтте қабады.

- Қандай тамаша! – деді мен. – Қандай жақсы заман-н...

- Сол бір кезде біздің ауылда бір сұмдық оқиға болды, - дейді атай енді тереңнен сөз қозғап. – Бір баланы жайын жұтып қойды...

- Қалайша?! – деп мен таңдана сұрадым.

- Енді соны айтып берейін...

- Осы Сырдың бойында бөлшек-бөлшек болып, иірімдері қалып қоятын су болушы еді, - деді Қалабек ата. – Соның бірі біздің үйге өте жақын жататын-ды.

Біз, бір топ бала, күнде соған барамзы. Шетіне отырып, балық аулаймыз. Ыстықтай бастасақ, суға түсеміз.

Көлемі онша үлкен емес. Деп-демде айнала жүгіріп шығуға да болады. Ең қызығы, сол судың түбі өте терең еді. Ал, сол тереңде қап-қара болып, дәу бірдеңе жатушы еді. Біз оны жоталанып жатқан қара тас деп ойлаушы едік.

- Мен байқап қалдым, сол су түбіндегі нәрсе оқта-текте қозғалатын сияқты, - деп бір күні көк көз досым.

- Қойшы ей, - дедім мен. – Сен де айтасың-ау! Ол қара тас емес пе!

- Жоқ, осы нәрсенің жаны бар. Үлкен балық емес пе екен,а?

- Бәлкім, ол көк акула шығар, - деді бір бала.

- Жоқ, кит шығар шөгіп жатқан, - деп, екінші бала сайқымазақтанды.

- Маған неге сенбейсіңдер? – деп көккөз бала одан бетер өршеленді. – Оның қозғалғанын өзім көрдім дедім ғой.

- Саған елестеген ғой. Ұйқың тыныш па еді... – деймін мен.

Оның сөзіне бәріміз қыран-топан күлісіп алдық.

Бұл әңгіме осымен ұмытылған-ды.

Арада екі-үш апта өтті. Бір жолы жаңағы көк көз досымның алты жасар інісі де бізбен еріп келіп, суға шомылды. Бәріміз жүзіп жүріп байқамаппыз, әлгі бала судың ортасына қарай ағып кетті. «Оны қалай алып шығамыз» деп ойланып тұрғанымыз сол еді, кенет су түбіндегі дәу қара тас қозғала бастады.

Әні-міні дегенше су бетіне көтерілді де, жас баланы қылғытып жұтып қойды. Сөйтті де, қайтадае су түбіне батып кетті.

Біздің зәре-құтымыз қалмай, үйге қарай жүгірдік. Көк көз досым ағыл-тегіл жылап келе жатыр.

- Апа! – дейді дауыстап. – Апа-а! Інімді балқы жұтып қойды....

Артынша ауылдың барлық ересектері солд суға келіп, әуелі арықша жасап, суды басқа жаққа ағызып жіберуге әрекеттенді. Сөйте-сөйте азайтып, түбіне жақындады.

Сол кезде баяғы дәу қара тас тағы да бұлқынып, тулап кетті. Үлкендер оның жайын балық екенін білді.

Ақыры үлкен жайынды судан алып шығып, ішін жарды. Ұзындығы екі метрден асатын дәу жайын балықтың асқазанынан жас баланың мәйіті шықты. Еш жері де бүлінбеген. Мүлгіп, ұйықтап жатқандай.

Баланың әке-шешесі жылап-сықтап, сол күні мәйітті жер қлойнына берді.

Біз сол күннен бастап Сыр бойындағы қалдық суға шомылуды доғардық.

- Өте қайғылы жағдай екен, - дедім мен. – Үлкен жайын балық қалайша кішкене суда ұзақ уақыт өмір сүрді,а?

- ОЛар аштыққа өте шыдамды, - деді атай. – Айына бір рет тамақтанып асла болды, шыдап жата алады.

17. Жылқының жылауы

Қалабек атай кеше кешкісін маған тағы бір өте қызық әңгіме айтып берді. Мен сол әңгіменің әсерінен түні бойы ұйықтай алмай шықтым.

Бұл оқиға былай болған екен.

Бір жылдары осы Қалекеңнің көршісі – Пәзілбек деген кісі өмір сүріпті. Жарықтық жастау күнінде атақты көкпаршы болған дейді. Өзі қартая келе, бойдан әлі кете бастаған соң, Аққасқа атын жүк тасуға жегіпті.

Айтпақшы, сол Аққасқа аты бір замандарда бәйгенің алдын бермеген жүйрік тұлап болыпты. Ең әуелі бәйгеге қосып, одан аяғы мертіккен соң, көкпарға салып, ең ақыр соңында, міне, ауыл-үйдің жүгін тасуға жеккен жағдайы бар.

Жылқының қадірін білетін кісілер Пәзілбектің бұл ісін аса құп көрмейпті. Өзімен тұстас кісілер:

- Әй, бұныңм не! – еп оған ескерту де жасапты. – Бұл қасиетті тұлпар емес пе еді.

- Болса қайтеді екен! – деп Пәзілбек тарс-тұрс жауап қатыпты. – Басқа атым жоқ, ендеше осымен жүк тасымағанда қайтпекпін!

Содан не керек, Аққасқа байғұс амалсыз ауыр жүк тиеген арбаны сүйреп, таң атқаннан қара кешке дейін дамыл көрмейді. Көршілер Пәзілбектің бәрібір айтқанға көнбісін сезіп, енді сөз айтуды қояды. Сорлы Аққасқа азапты күндерді бастан өткеріп жатады.

- Бір күні, - дейді осы жерге келгенде Қалабай атай қызына сөйлеп. – Көше бойлап келе жатыр едім. Алдымнан арба сүйреткен Аққасқа шықты. Соңында – Пәзілбек. Аққасқа та әбден арыпты. Үсті-басы қара терге малшынған. Өзі аяғын әзер басып, ауыр арбаны қинала сүйрейтіні көрініп-ақ тұр.

Сорлы Аққасқа ат мені көре сала ең болмаса бір ауыз жылы сөз күтті ме екен, тоқтап қалды. Мен де кідірдім. Пәзілбек басын көтеріп:

- Әй, сен неге тоқтадың! – деп Аққасқаның жон арқадан салып-салып қалды. Менің жаным шығып кете жаздап:

- Өй, Пәзеке, мұның не! – дедім. – Обал емес пе!

- Сеніңшаруаң қанша! – деді ол маған көзін аларта қарап. – Жөніңмен кете бермейсің бе! Ат менікі, сенің қандай әкеңнің ақысы бар,а?

- Енді-і... аяушылық деген болмай ма!

- Кет жөніңе! – Ол бар дауысымен айқайлап жіберді де, енді бас салып Аққасқаны дүренің астына алды. Сорлы ат сол сәтте артқы құйрығымен жерге отырып қалып, алдыңғы аяғын аспанға көретіп алып, бар дауысымен кісінеп жылап жіберді. Көзінен сорғалап жас аққанын байқап, қорқып кеттім.

Менің шын зәрем ұшты. Өмірімде жылқының жылағанын тұңғыш рет көрдім. Бетімді бастым да, тұра қаштым.

Үйге келген соң осы оқиға жайлы көрші шалға айтып бердім. Шал айтты:

- Ой, әттеген-ай! – деді. – Жылқы жыласа, бір жаманшылық болады деуші еді. Дереу зытып отырғаның дұрыс болған...

Мен түкке түсінбедім. Шал не айтқысы келді екен?

Арада көп уақыт өткен жоқ, бір күні ауылды суыт хабар аралап жүре берді. Пәзілбек аяқ аяқастынан о дүниелік болып кетіпті. Еш ауырмаған. Кешке төсегіне жатқан да, таңертең оянбаған.

Сол кезде көрші шал айтты:

- Әні, жылқының наласы деген осы, - деді. – Ол жыласа, қай кісіге де өте ауыр соғады.

Қалабек атай осы әңгімені айтып болды да:

- Жылқыны жылату оңай емес, - деді. – Ал, енді жылайтын болса, онда жаманшылық болатыны рас-ақ екен. Оған талай реткөз жетті, - деп тақиясыз шешіп, басын қайта – қайта сипалайды.

Менің көз алдыма алдыңғы екі аяғын аспанға көтеріп, ағыл - тегіл жылаған жылқы бейнесі келіп тұрып алды.

18. Кекіліктің қулығы

Таудың етегіне келдік. Екеуміз де аттылы едік, енді аттан түстік.

- Әрі қарай жаяу жүру керек, - деді Қалабек атай. – Атқа обал болды.

- Олай болса сөйтейтік, - деп мен де аттан түстім.

Енді екеуміз Қаратаудың бергі сілемдеріне тырмыса өрледік. Иығымызда – мылтық.

Бүгін жолға шығуымыздың өз сыры бар.

Кеше кешкісін атай сөз арасында:

- Көптен бері тауға бармаппыз-ау, - деген. – Өзін сағына бастаппын.

Мен айттым:

- Онда ертең қол бос, қос ат әзірлетейін...

Атай жас балаша қуанып сала берді.

- Сөйтсең, сөйте ғой.

Міне, енді тау бөктеріне көтеріліп бара жатқан бетіміз. Атайдың аяғы тайып кетіп, құлап қалар ма екен деп алаңдап қоям. Жоқ, ондай осал щал көрінбейді. Қайта маған жеткізе қояр түрі жоқ. Оқта-текте өзімнің аяғым тайғанап-тайғанап кетеді.

- Тау бөктерінде не бар? – деп сұрап қоямын.

- Мұнда кекілік көп.

- Ол қандай құс

- Сәл кішілеу демесең, құдды тауық. Олар да жұмыртқалайды, олар да балапаннын соңынан ертеді.

- Ә-ә, - деймін мен.

Кенет атай отыра қалды. Мен де солай еттім.

- Кекілік пе? – деймін сыбырлай сөйлеп.

- Иә, кекіліктер жайылып жүр.

- Енді не істейміз?

- Мен кішкентай жақындап көрейін. Сосын атамын.

- Жарайды.

Атай бұқпантайлап, әудем жерге дейін барды. Сосын орнынан атып тұрып, мылтықтың шүріппесін басты. Тау іші жаңғырып қоя берді.

- Тиді ме? Орнында қалғаны бар ма? – деп мен де жетіп келім.

Шал ана жақтан көз алмай тұр. Кекіліктер ұшып-ұшып бара жатыр. Тек біреуі ғана секек-секек етіп, тастап тасқа ырғиды.

- Әне, -деді атай. – Анаған оқ тиген...

- Оны қала ұстаймыз?

- Соңынан қуу керек.

Екеуміз ентелеп, кеккілікті қуа жөнелдік. Ол болса аңсаңдай басып, бір тастан екінші тасқа секіріп түседі. Біз жақындай бастасақ, қатты-қатты жүгіреді.

Осылайша оны қуа-қуа, көп жер жүріп қойыппыз. Міне, осы кезде әлгі кекілік кенет қанатын қағып – қағып жіберіп, алысқа ұша жөнелді. Атай екеуіміз аң-таңбыз.

- Бұл, сірә жараланбаған болды ғой, - деймін мен өзімше білгішсініп.

Атай ойланып тұр екен.

- Не ойланып кеттіңіз?

- Бізді алдап соққанын көрмеймісің, - деп атай ынта-шынтасымен күле сөйледі! – Жаңағы жерде бұл кекіліктің ұясы болуы ғажап емес. Сол жерден кету үшін жасаған айласы бұл.

Содан соң біз бағанағы жерге қайта оралық. Атай тас-тастың арасын тінтіп жүріп, кекіліктің ұясын тауып алды. Ішінде төрт-бес жұмытқа бар екен.

- Міне, - деді Қалекең. – Міне, оның ұясы.

Мен жұмықталарға қол соза беріп ем, ата:

- Оған тиме! – деді. – Өзі де жетіскеннен бізді алдады дейсің бе! Өз өмірін тәуекелге тікті ғой әлгінде. Баласы үшін тірі жәндік не істемейді дейсің!

Соны айтта да, атай мылығын арқасына іліп, төмен қарай түсіп бара жатты. Мен де соңынан ілестім.

19. Орманның оянуы

- Сен ағаштардың арасындағы татулықты білесің бе?

- Түсінбедім...

- Орман ағаштары бір-біріне бауырмал болып келеді.

- Оны қалай байқауға болады?

- Мен оны өз көзіммен көргем.

Атай екеуіміздің арамыздағы жауаптасу осылай басталып кетіп еді.

- Баяғыда-а, - деді атай сөз бастап. – Менің жас күнімде болған бір қызық жәй әлі есімнен кетпейді.

Бір жолы есік алдына жаңадан қора салатын болдық. Әкей үй жанында жатқан ескі-құсқы ағаштармен бітіре салмақшы еді, мен оған көнбедім. Орманға барып, жаңа ағаш кесіп әкелем дедім.

- Обал юолады ғой, құлыным, - деді әкем. – Қора үшін осы үйдегілер де жарап жатыр.

- Жоқ, мен барып келем.

Сөйттім де, балтаны өткірлеп, бір досымды ертіп, ауылдан алыстау орманға кеттік. Әрине, орман ішінде не көп, ағаш көп. Жуаны керек пе, жіңішкесі керек пе – бәрі бар. Тек таңда да, кесіп ала бер. Досым айтты:

- Осы шетінен алайық та қайтайық, - деді.

- Жоқ, ортасында түзулері көп болады, соларды кесейік, - дедім мен.

Қысқасы, не керек, орман ішіне кіріп кетіп, әр ағашқа балта ұрып, аралып жүрміз. Біреуінің ұзындығы ұнамайды, екіншісінің жуандығы келіңкіремейді. Әзер дегенде түп-түзу өсіп тұрған қайың ағашын таңдап, соны қырқуға кірістік. Екеуіміз екі ағашқа балта ұра бастадық.

Кенет орман ішінде жел көтерілетіндей болды. Айнала суылдап, ысқырып, алай-дүлей бола бастады.

- Мен қорқайын дедім, қайтсақ қайтеді, а? – деп досым үрейлене сөйлейді. Мен алған бетімене қайтпадым. Ағашты құшақтай ұрып, кесіп жатырмын. Бір кезде... айналадағы ағаштардың бұтақтары төмен салбырап, бетімнен сабалай бастады.

«Бұнысы несі!» деп ойланып қоям ішімнен, «Ағаштар да өстуші ме еді...»

Сәлден соң айналамыздағы бүкіл ағаш қозғалып, теңселіп-теңселіп кетті, біздің үстімізге құлап кетердей боп тербеле бастағаннан байқадым.

Енді өзім де қорқа бастадым. Шынымен-ақ мына долы желден айналадағы ағаштар сынып кетіп, басымызға құласа, осы жерде сеспей қатып қалармыз әлі...

- Сені білмеймін, мен кеттім, - деп досым құрал-сайманын жинастыра бастады.

Бұл кезде орман іші алай-дүлей күйге ұласып кетіп еді...

Алды-артымызға қарамай, тезірек жазыққа шығуға асықтық.

Ең қызығы – біз жазық жерге шыққанда жел уілін естімейді. Айнала тып-тыныш. Түк болмағандай.

Ауылға оралғанда осы оқиғаны әкейге айтып беріп ем, ол кісі:

- Орман оянып кеткен ғой, - деді.

- Оны қалай түсінеміз?

- Е, қарағым, орман да тірі тіршілік иесі. Олап оянса, өте қиын жағдай болады. Қайта аман-есен шығып кеткен екенсіңдер. Әйтпесе, тірі оралуларың қиын болып қалуы екінің бірінде.

- Міне, -деді атай күлімсіреп. – Міне, мен осылайша орманның ашуына қала жаздағанмын. Содан бері қарай орманға барып, ағаш қырқып көрген емеспін.

20. Молдаторғай

Мен төбесінде шошағы бар Молдаторғайды бала кезімнен далада көп кездестірген болатынмын. Өзі өзге құстарға ұқсамайды. Ең алдымен – адамдарға жақын жүреді. Ұша жөнелсе де, тым алысқа ұзай алмайды. Балалау күнімізде сол Молдаторғайды таспен ұрып жатқанымда әкем көріп:

- Оның не! – деп маған дүрсе қоя беретін. – Оны неге ұрасың! Ол – қасиетті құс екенін білмеуші ме ең?

- Оның қасиеті не?

- Е, ол енді ұзақ әңгіме.

Қалабай атайдан сол Молдаторғай жайлы талай рет сұрадым.

- Ол қасиетті құс. Оны өлтірген кісі өмірде бақытты бола алмайды.

- Неге? Деймін мен сене алмай. – Ол соншалық қандай қасиетке ие?

- Аңыз бар, дейді атай. – Ертеден келе жатқан аңыз бұл. Адам ата жұмақтан қуылған кезде осы шөл даладан орын әзірлеп, жағдай жасап Молдаторғай деседі. Өлім періштесі – Әзірейіл өзін де, көлеңкесін де көрсепей, жер бетіне келіп, жан алмақшы болғанда оны тез байқайтын.- Молдаторғай екен. Адамға хабаршы болады екен.

Молдаторғайдың кірішксіз таза көңіліне риза болған Адам ата оған Алла тағалынң мың бір есімін жеке-жеке түп-түгел үйретіпті. Солайша, Моладторғай Алланың барлық атын жаттап алып, білімпаз құсқа айналыпты. Бұдан соң ол зеңгір көкке көретіліп, шырқайән салып, Алланың әруақты есімдерін әлемге әйгілей бастапты. Егер де ол сол Алла тағалның мыр бір есімін еш мүдірмей айтып шықса, жұмаққа бармақшы екен.

Өкінішке орай, сол Ақниет құс Алла тағаланың мың есімін айтып, ең соңғысына келгенде қателесіпті. Оның себебі былай: ол сайрап тұрып, ең соңғы есімді айтар сәтте, жерге қарайды; төмендегі өз көлеңкесін көреді; көреді де қорқып кетеді; жерге жақсылық жасау орнына көлеңкемізді түсіреді екен біз-ау деп ойлайды; соны ойлап тұрғанда Алланың мың бірінші есімін ұмытып қалады...

Сөйтіп, қайтадан қара жерге оралыпты деседі...

- Бқл аңыз ғой, - деймін мен.

- Аңыз екені рас, - дейд атай. – Алайда аңыз әңгіме тектен-тек тумайды. Ол халықтың жүрегінен шығады. Сосын да ұмытылмайды.

Осыны айтады да аз-кем тоқтап:

- Біз де бала болдық, - дейді. – Сол бала күнімізде шешеміз айта беруші еді. «Егер Молдаторғайды өлтіріп қойсаңдар, бақытсыз боласыңдар».

- Неге? – дейміз біз.

- Өйткені, ол қасиеті бар құс. Оның мынадай өлеңі де бар.

Молдаторғай атым бар,

Қанатымда хатым бар.

Мені өлтірген жүгермек,

Жастайыңнан жетім қал!..

Атай осыны айтты да, қатты-қатты жөткірінді.

- Өзі ақын ғой, Молдаторғай! – деймін мен әзілге шаптырып.

- Құстардың ішіндегі ең білімдісі болса, бойында қасиеті бар болса, оған өлең шығару да қиын шаруа болып па!

Қалабек атайды тыңдап тұрып, мен де ойша бала күнімді еске алдым. Төбесінде шошағы бар Молдаторғайдың дәл жанымда секек-секек етіп жүретіні келід көз алдыма...

Ол шынымен-ақ адамдардың өзіне жақын санай ма екен,а?

21. Бураның мінезі

Түйе жануарының ішіндегі ең мінездісі бура еді. Ол жайлы әңгіме де көп, жазылған шығармалар да баршылық.Содан да болар, мен Бура туралы көп құлақ түре бермеуші ем. Бәрі де айтылып болған нәрсе ғой деп ойлайтынмын.

Бүгін ойда-жоқта Қалабек атаймен тағы да осы бура жайында сөз сабақтап әкеткенімізді өзім де сезбей қалдым.

Сөзді бастаған мен едім. Түйелер туралы сұрағаным болмаса, тап қазір бура жайлы әңгіме басталып кетер деп күтпеппін.

Атай кішкене қозғалып алды да:

- Түйе жайлы сұрағаныңда есіме түсіп кетті, - деді, - Осы түйелердің арасында бура жүрсе, одан сақтанып қойған да еш артықтық етпейді.

- Сонда қалай? – дедім мен. – Сақтанғанда-а....

- Иә, сақтану керек.

- Буралар неге сондай болып келеді? Олар неге адамға мінез көрсетеді?

- Барлық уақытта емес, - деді атай. – Оның өз уақыты бар.

- Менің бала күнім болатын, - деп әңгіме тиегін ағытты Қалабек ата. – Біздің ауылда ол кезде түйе топ-топ болып, тізіліп жүретін. Өздері сондай үлкен, алып, сырт түрі қорқыныштылау болса да, біз, ауыл балалары, оларды елең қыла бермеуші ек. Жүгіріп келе жатып, тас лақтырып, үркітіп тастайтынбыз. Иір мойын түйелер біздің лақтырған тасымыздан жасқанып, мойнын бұлғандатып, бақыра-шақыра кері ығысатын.

Бір жолы әкемнен:

- Осы түйелер сонша үлкен бола тұрып, неге қорқақ келеді? – деп сұрағаным бар.

Әкем айтты:

- Олар қорқақ та, жалтақ та емес. Тек өз жөнін біледі. Әйтпесе... Сөзінің аяғын жұтып қояды.

- Әйтпесе не істер еді? – деймін.

- Әйтпесе, балам, түйе кез келген кісіні табанымен таптап, кеудесімен мыжып тастай алады.

- Ондай да жағдай болған ба?

- Әрине, болған. Буралар көктем мен күзде буырқанады.Сондайда адам көрсе болды, қуып береді.

- Ал, жетіп алса...

- Онда кеудесімен басып, мыжып-мыжып тасауы да ғажап емес.

Сол шақта бала болғандықтан, әкемнің сөзіне соншалық сене адмағам. Тіпті ойыма алмағанымм болар, кейін ұмытып та кеттім.

Баламыз ғой, ауыл үй арасында ғана ойламаймыз, кей-кейде ауыл сыртына да шығып кетеміз. Күн күйіп тұрады. Аспан айналып жерге түсетіндей болып көрінеді. Оны да елең қылмаймыз. Басымыздан күн өтіп кетеді-ау, сосын мұрын қанайды-ау, сосын қан қысымы көтеріледі-ау... деп ойлайтын біз бе!

Кезекті күндердің бірі еді.

Ауыл сыртында бір топ бала ұзақ-қ ойнадық. Түс ауа әркім өз бетімен үйді-үйге тарай бастағанбыз.

Мен төте жолға түсіп, қорадан ырығп кетіп, үйге тезірек жетем бе деп ойлап едім. Қырсыққанда алдымнан бір топ түйе шыға келгені. Қорқыққам жоқ. Күнделікті әдетіме басып, оларға тас лақытырып, жолымды ашпқшы болғам. Сол-ақ екен, топ түйенің арасынан аузы көпірген біреуі маған қарай жүре бастады. Оған да тас лақтырдым. Бірақ үркетін түрі жоқ. Кенет... бұрынырақ әкем айтқан әңгіме есіме түсе кеткені...

«Ойпырмай, осы бура емес пе екен! Мені бауырымен мыжып тастағалы келе жатса ше!...»

Денем дірілдей кетті. Қол-аяғым қалшылдап, аяғым қара жере жабысып қалғандай көтертпейді.Екі көзім әлгі Бурада.

Міне, ол маған тақап та қалды. Енді аяғымды көтеріп, қашып та кете алмаймын. Қашқанмен, тап бастырмасы әбден белгілі.

«Не істеу керек! Қалай үркіте алам оны?..»

Басыма сан түрлі ойлар келіп, шатаса бастағандаймын.

«Жерге жата қалсам ше! Сонда ол мені өлдіге санап, кері бұрылып кетер...»

Жүрегім өрекпіп, алқымыма тығылды. Бақырып жылайын десем, дасым шықпайды. Бура жаныма келді. Келді де, бар даусымен тағы да бір-екі рет бақырып-шақырып алды. Көздеріне көзім түсті. Ойнақшып тұр. «Мен сені қазір-ақ мыжып тастаймын» дейтіндей.

Бойымды батылдық билейді. Оған мен де тіктеп қарадым.

«Ал, келе ғой, өлтіргіш болса, мені өлтір де таста! Кеудеңмен бас! Мыжғыла-а...» Бура екеуіміз бір сәт көзбен арбасып, тапжылмай тұрып алған екенбіз.

Кенет... Бура аузындағы көбігін менің бетіме бүркіп жіберді. Көзім түк көрмей қалды. Қос қолыммен уқалап, әзер көз жанарымды аштым.

Енді қарасам-қарсы алдымдағы бура жоқ. Ол қайда? Қайда жоғалды?

Сонда ғана анық байқадым, бура мені жайыма қалдырып, өзі әудем жерде желе жортып, өз тобына қарай асыға басып кетіп бара жатыр екен. Көзіме ып-ыстық жас келіп қалды. Әйтеуір, аман екеніме қуанғаным ба, жоқ болмаса бураның осы мінезіне риза болғаным ба?

Рахмет саған, бура! – деп айқайлап жіберіппін.

Қалабек ата осы әңгімені аяқтай бере әлдене есіне түскендей, бір сәт ойланып отырып қалған-ды.

- Сізге не болды, ата?

- Мен ғой, аман-есен құтылдым. Ал, көрші үйдің баласын екі күнен сң сол бура кеудесімен мыжып тастады.

- Өліп қалды ма?

- Әрине, қайтыс болды. Сосын ауылдың ересектері бураны сойып тастады.

Атай екеуміздің арамызғаы әңгіме осыншалық өте ауыр аяқталған еді...

22. Барсақ

Мені өзі итті, дәлірек айтқанда ит асырауды ұната қоймайтын кісі болатынмын. «Сол құрғырдың қай жерін жақсы көреді екен осы,а?» деп, оңаша да өзіме-өзім сауал беріп, оның жауабын таба алмаушы ем. Итті ұнатқанның бәрі жақсы адам да, ал оны ұната бермейтіндер жаман адам болады деп кім айтар! Бірақ, өмірде бәрі де бола береді еке.

Құдайдың құдіреті, сол итті соншалық бауыр басып, оны өзіме өте жақын санап кетермін деп ойласам кәні!

Бұл өзі былай болған еді.

Бір күні үлкен ұлым үйге кішкентай күшік алып келіпті. Өзі кіп-кішкентай, әл-дәрмені жоқ, тәлтіректеп қана жүре алатын осы бір үрпек ж.н бала күшікті әуелде сырттай ғана қызықтап, қасына көп бара бергем жоқ. Қайта әйелім обал көріп, оған ас-су беріп жүрді.

Балам айтады:

- Көшеден тауып алдым, жаңбырлың асытында бүрсеңдеп, дір-дір етіп тұрды. Енді болмаса жаурап, өліп қалуы да мүмкін еді. Аяған соң әкелдім, әке!

Мен айттым:

- Аяғаның жөн-ақ. Бірақ көшеден ьауып алған күшік біздің үйге бақ әкеле қояр ма екен! Сұраушылар болса, беріп жіберсеңші.

Балам басын изедіү

- Жарайды, әке! Сөйтсем сөйтермін...

Бұл әңгіме осымен біткен сияқты еді.

Алайда, сұраушы болмады ма, жоқ әлде балам оны үйден қуып іжберуге қимады ма, әйтеуір әлгі күшік біздің үйде екі-үш ай тұрақтап қалды. Ол кезде күз айы еді, енді күн суыта бастады. Бұрын аулада емін-еркін ойнайтын бала күшік ертеңгісін бүрсең қағып, әлдененің астына тығылып отырады.

Таңертең ертемен жұмысқа кетіп бара жатып, сол бала күшікке көзім еріксіз түсе береді. Ол да мені көре сала басын көріп, көзін сата қарап, маған бірдеңе ала шықпадың ба үйден дегендей қыңсылап алады.

Бірте-бірте оған деген аяушылық сезім бойымда ояна бастады. Күнде үйден шығар алдында қалған-құтқанж жеуге жарайтын не бар екен деп қарастыра бастауды әдетке айналдырып алдым. Әйтеуір, үйден құр қол шыға қоймаймын. Ақсұр күшік те оған үйрене бастады. Бұрын тек көзін сатып қарайтын болса, енді алдымнан жүгіріп шығатын болып алды.

Өстіп жүргенде қылышын сүйретіп қыс та келді.

Күн тез суытты. Әуелі қар жауыһды да, артынан үскірік аяз басталып жүре берді. Маған ең алдымен ақсұр күшіктің жағдайы аса ауыр тиді. Оған не істеу керек? Мына түрімен сыртта қала берсе, үсіп өлетіні сөзсіз. Суықтан арам қатса, обалы кімге?

Ары ойланып, бері ойланып, ақыры үйге іргелес жеке бөлме бар еді, онда әртүрлі құрылыс заттары сақтаулы-тұратын, соның есігін аштым. Ойым қатты жаурап баар жатса, сонда кіріп, бой жылытса деген еді. Сөйтсем, мен ақсұр күшіктің ойын дөп басыппын. Ол еді кеш түсе бере томпаңдап әлгі бөлмеге кіріп бара жатады. Онда не көп, қағаз жәшік көп, қорапшалар көп. Шамасы, солардың бірінің ішіне кіріп алып, пысылдап ұйықтайтын болса керек.

Астана қысы биыл ұзаққа созылды. Бірде боран тұрды, бірде қатты аяз буды. Қысқасы, не керек, бәрімізді қалтырап ктті. Үйге көмір жағуды жиілеттік. Электр қуатын да пайдаланып жатырмыз. Әйтеуір, бала-шаға жаурап қалмаса екен деп көктемді де асыға күткен жағдайымыз бар.

Айтпақшы, менің ақсұр күшігім де биылығы қысты сол жапсарлас бөлмеде өткерді деуге болады. Оқта-текте қол босаған кезде, ішіне кіріп іздесең, еш жерден таппайсың. Тек дауыстап шақыр саң ғана, бір қораптың әлде ішінен, әрде арғы жағынан басын қылтитады. Оның тірі екеніне мен де қуанып қалам. Қолыма ұстаған дәмлді сол жерге салам да, тысқа шығып кетем.

Күн сайын жұмысқа шығып бара жатқанымда ақсұр күшік бәрібір мені шығарып салып барып, бөлмесіне кіреді. Мен де тамақ бере кетуді еш ұмытпаймын.

Өсте жүріп, биылғы қыста да өткердік-ау!

Созылмалы қыс та ақыры бораны мен аязын азайтып, бірсін-бірсін бізден алыстап бара жатты.

Көктем шыға жер де көгеріп, қора іші жайнап сала берді. Ақсұр күшік те енді тысқа шықты. Қысқы жылы орнын сонда қалдырып, далада ұйықтайтын болды. Өзі көктеммен бірге әжептеуір өсіп те қалып еді. Әуелде ме оның дене тұрқына қарап, канден күщік болар деп ойлағам. Жоқ, олай емес екен. Ақсұр күшік көктем кіре ұзарып, бойы да биіктеп, аяқтары сидиып кетті. Өте үлкен иткен айналмаса да, канден емес екенірне көзім жете түсті. Өзі құлақтарын тікірейтіп, түн ішінде бейсауыт келген ит-құсқа үретін де болды.

Мен осы уақытқа дейін оған ат қоюды ойламаған екем, енді соны еске алдым. Қалай атаған жөн?

Баяғыда, бала күнімізде бізің ауылда Қарсақ көп болушы еді. О, шіркін адамнан қорықпай, көз жетер жердегі төещіктің бергі бетіндегі жорытп жүретін-ді. Өз көзімізбен талай рет көрдік. Әкем айтатын:

- Бұл Қарсақ, оны түкінің азғындаған түрі деуге болады, дейтін.

Есейе кел сыныптас досым екеуіміз сол Қарсақтың бірін ұстап та алдық. Өзі тым шақар, тістері өткір, өте әбжіл аң екен. Байқаусызда саусағыңды тістеп алса, түбімен жұлып алуы да мүмкін.

Үйдегі ақсұр күшікке ат бермек болған кезімде, неге екені белгісіз, сол ауылдағы Қарсақ есіме түсе кеткені.

Мен оны Қарсақ дегем жоқ, қайта сәл өзгертіп:

- Барсақ болғаны дұрыс, - дедім өзіме-өзім. Ондағы ойым: бүкіл күшік маған ең алдымен сонау-у бала кездегі Қарсақты ескк түсіреді; сонымен бірге өзі де Қарсақ сияқты өте әбжіл, жылдам, алғыр болса екен деп ойладым.

Барсақ, өзім ойлағандай, өте алғыр, жылдам қозғалатын ит болды. Өзінің шамасына қарамастан, түн баласына қораға ештеңені кіргізбейді. Үріп, айбат шегіп, бәріне мінез көрсетіп бағады.

Бір жолы біздің қораға бір маскүнем кіріп кестсе керек. Соны көрген Барсақ әлгі адамға айбат көрсетіп, үріпті. Мас адам оны тыңдасын ба, өзінің тұрқы мынау болған соң, елең қылмай жүре беріпті. Сол кезде Барсақ оның артық аяғына жармасыпты да, сіңіріне тырақ іздерін барынша батырып жіберіпті. Сол кезде әлгі маскүнемнің жан даусы шығады. Оны естіп, үйден әйелім жүгіріп шықпай ма!

- Ойпырмай, - дейді әйелім кешке мен үйге келген кезде. – Мен мына Барсақтан қорқайын дедім. Бір маскүнемді зар қақсатты ғой бұл...

Арада күндер жылжып жатты.

Барсақ екеуіміз бұл кезде тіпті дос болып алдық.

Мен жұмыстан қалай оралам, ол алдымнан жүгіріп шығады. Еркелейді. Қыңсылайды.

Үйге кіріп, шәй ішіп алған соң, қораға шықсам болды-жанымнан бір елі кетпей қояды. Көшеге шығыап, серуендейін десем, соңымнан ілесіп алады.

Көктемнің бір күндерінде жүрегіи ауырып, қалалық ауруханаға жатып емделуге тура келді. Амал қанша, жұмысқа ескертіп, ауруханаға жөнедім. Онда бір жетіден астам уақыт жатып қалдым. Дәрігерлер нақты диагноз қойып болғанша, уақыт та зымырай берді. Бәрі бітті-ау деген кезде, заттарымды жиыстырып, үйге оралдым. Балам өзінің жеңіл автокөлігімен алып келіп еді, үйдің сыртында кабинадан енді түсе беріп ем, ойда-жоқта Барсақ жүігіріп келіп, маған еркелеп, алдыма жаат кетті.

Бұл қайдан біліп қояды екен? Әлд иісімді біле ме?

Оның менің тап қазір кеіліп, автокөліктен түсіп жатқанымды тап басып біліп, өзі күтіп алғанына таң-тамашамын. Ішім одан бетер жылып сала берді.

«Әй, кей-кейде адамдар да осылайша бір-бірін қатты іздей бермейді ғой. Ит екеш иттің адалдығы деген осындай болады екен-ау!..»

Өзім ауруханадан оралып тұрған соң ба, көңілім босап, жылап жіберуге шақ қалдым.

Бүгін күн демалыс еді. Аулада өз қолыммен қойған орындық бар болатын.

Оның үстін жауын-шашыннан көлегейлеп те қойғам. Өзіме осы орын өте ұнайды. Үйден шығып, сол ұзынша орындықта отырам. Кейде жантайып жатам.

Сол әдетіме басып, орындықта отыр едім. Барсақ та дәл қасымда шоқиып отырған-ды. Осы кезде біздің қораға бөгде үйдің қамыс құлақ қарасұқ иті кіріп келе жатты. Мен айғайға бастым.

- Әй, жоғал бұл жерден!

Жерден тас алып, оны жіберіп ұрдым. Қарасұр ит теріс бұрылып, зыта жөнелді. Менің Барсағым да оның соңынан жүгірді. Жақтырмағанымды біліп, ол да айбат көрсетіп жатыр екен ғой деп ойладым да қойдым.

Барсақ әлден уақытта қайта оралды.

Түс ауа бере біздің қораға ит қаптай бастады. Бағанағы қамыс құлақ қарасұр, аал мойын ақсұр, тәпелтек тарғыл ит...

Терезеден қарап тұр едім, шыдай алмай сыртқа шықтым да, оларды таяқ ала қуып бердім. Сөйтсем, менің Барсағым да соларға қосылып алып, бірге шауып бара жатыр.

Мен ештеңеге түсіне алмай, аңырап қарап тұр едім, үйден әйелім шықты.

- Сен осы күнге дейін байқамағансың ба, - деді ол.

- Нені? – деймін мен.

- Сенің ана Барсағың ұрғашы ит екен ғой.

- Е, болса ше?

- Ана иттер сосын ад келгіш болып жүр.

- Ау, сонда...

Мәселенің мәнісін енді түсінген сияқтымын.

«Демек, менің Барсағым – ұрғашы. Ал, ана иттер...»

-Оларды көп қуа берме, - деп күледі әйелім. – Олар күйеу ит болса қайтпексің...

Әйелім осыны айтты да, қайтадан үйге кіріп кетті. Мен аңтарылып әлі тұрмын.

Осы кезде қораға Барсақ оралып келе жатқан. Соңында тағы да бағанағы қамыс құлақ қарсұр, ала мойын ақсұр, тағы сол сияқтылар.

Қолымдағы таяғымды көтеріп, оларды ұрмаққа бейімделе беріп ем, менің Барсағым маған мұңая қарап қалғандай болып көрінді.

«Оларға тимеші! Өтінемін сенен...»

Сол қалпымда қалшиып әлі тұрмын, әлі тұрмын. Көршілердің иттері қора ішін емін-еркін аралап болып, қайтадан шығып бара жатты. Олардың соңынан-Барсақ та...

- Барсақ-қ!..

Даусым қатты шығып кетіпті. Ол артына жалт қарады. Жалт қарады да, бұлар менің тағдырым ғой дегендей, сәл кідіріп барып, қорадан шығып кете барды.

Менің бойымды, неге екені белгісіз, сол сәтте жеңіл діріл билеп алып еді.

Ол күндер де өтті.

Қосарланып кіріп, қосарланып шығып жүретін көрші үйдің иттері бұл кезде зым-зия жоғалған. Барсақ тағы да жалғыз.

Мен жұмыстан келсем болды, еркелеп, қыңсылап, қасымнан кетпей қояды. Алайда бұрынғыдай жеңіл, әбжіл, жылдам емес. Денесі ауырылап, салмақты күйге ауысып келе жатыр.

Әйелім айтады:

- Бұл енді аз уақытта күшіктейтін шығар...

Осы сөзді естігенде менің жүрегім дір-р ете түсті. Барсаққа аяушылық сезіммен қарап қояды. Рас, іші үлкейіп келе жатқандай ма! Күшіктесе, күшіктейтін шығар. Бірақ, ол күшіктерді мен дәл осы Барсқтай жақсы көре алам ба екен!...

Менің осы ойымды оқып қойғандай, Барсақ маған көзін сата, мұңая қарап қалыпты.

Арада көп уақыт өтпей-ақ менің Барсағым күшіктейді. Біреу, екеу емес, алты күшік тапты. Енді күнұзақ сол кішкене күшіктерінің жанынан ұзап шыға алмай, жатады да қояды.

Жұмысқа кетіп бара жатып та, оралып келе жатып та алдымен сұрайтыным:

- Біздің Барсақ аш қалып қойған жоқ па?

Бүгін, міне, күн демалыс. Аулада жападан-жалғыз отырмын. Жаныма Барсақ келді. Өзі азып қалыпты. Көзіне көзім түсіп еді, бойын буған ауыр мұңды байқадым.

«Ау, бұл қалай? Күшіктердің әкесі қайда жоғалды? Олар үшін ұрпақ тағдыры түк те болмағаны ма?...»

Осыны ойлауым мұң екен, менің де бойымды белгісіз бір қорқыныш билеп ала жөнелді...

23. Боз бура

Қасқа аттың үстінде әлдебір ой сонарына беріліп, қалғып-мүлгіп келе жатқан Қасқырбек айдалада, елсіз жапан түзде ойламаған жерден Боз бураға тап келді. Алыстан-ақ таныды. Сол өзінің Боз бурасы... Көзі әбден қаныққан жануарды бұлжытпастан бірден-ақ танып, аяқ-қолы ысып сала бергені.

«Мен неге осынша дірілдеп кеттім!» деп ойлады Қасқырбек. «Осы Боз бураны көрсем болды, неліктен кеудеме қоқыныш пен үрей қатарласа кіріп алады,а?»

Боз бура да Қасқырбекті еш жаңылыстырған жоқ. «Сол,соның тап өзі» деп басын бұлғаң еткізді де, бұған қарай желіп кеп берді. Күтіп жүргені де осы екі аяқты адам болатын. Ақыры кездесті. Елсізде, тығылар жер жоқ жапанда бетпе-бет келді. Бұдан өзге тілегені де жоқ-тұғын.

Қарғып-қарғып, үдемелете желіп келе жатыр еді...

Қасқырбек те бұдан әрі күтіп тұрудың еш жөнін таппай, Қасқа аттың басын бұра сап, қамшы басты.

Бұл қашты, Боз бура қуып берді.

Айдала. Ақ қар. Көз алдында-шегі де, шеті де жоқ кеңістік.

Бірі-қашқын, екіншісі-қуғыншы. Екеуі ғана кең далада көз алдыңда көлбеңдейді.

Аппа-а-ақ, Ақ бота жарық дүние есігін ашқан кезде осы Қасқырбек қандай қуанып еді. Боз інгеннің өзінен де қызғанып, түн ішінде ботаны үйдің ішіне әкеліп, үсті-басын жуып, әбден тазартып, еркелетіп алатын. Бота да бұған соншалық бауыр басып, бұны көрсе болды, әдемі боздап, басын бұлғаңдатып, еркелей қозғалып қоятын-ды.

Бір жолы осы Ақ ботаны мойнынан ұстап, жетелеп әкете берген сәтінде Боз інген бұны тарпып қалған. Қызғанғаны шығар. Әйтеуір табаны Қасқырбекке жанамалай тиді,әйтпесе қалпақтай ұшырып та жіберуі әбден мүмкін еді. Міне, сол күннен соң Қасқырбек ботаны әкетуді қойды. Енді есейе бастады, енесінің жанында жүре берсін деп ойлап еді.

Ақ бота, әрине, тез өсті. Тездетіп бой түзеді. Ертерек мама түйелермен өріске шығуға қам жасады. Қасқырбек әуелде жібермей, жез ноқта салып, байлап қойып жүрсе де, артынан өз еркін берді. Ақ бота өріске шығып, үлкен түйелермен жайылатын болды.

Арада көп уақыт өткен жоқ, сол момақан бота ауыл арасында өзгеше мінез шығарып алып еді. Бір күні көрші үйдің баласын теуіп жіберіп, жарақаттап тастады.Оған көршісі қатты ренжіді.

Осыған қапа болған Қасқырбек сол күні Ақ ботаны қамшымен екі-үш рет салып-салып жіберген-ді...

Астындағы Қасқа аты қатты-қатты орғып басып, адымын аша түскенімен Боз бура да үдете шауып, қыр соңынан қалмай келе жатыр. Тіпті әрбірден соң аралары жақындай бастағанын да аңғарды. Қасқырбек енді шын қорқа бастады. Боз бура осы кезде әбден өсіп, толысып, толған шағында. Оның күші де бойына сыймай, асып-төгіліп жатқаны да өзіне аян. Егер ол жетіп алып, Қасқа атқа соқтықса, онда Қасқырбек қалпақтай ұшып, жер құшып...

Арғы жағын ойлаудың өзі қорқынышты.

«Әй, осы Боз бураға мен не жаздым екен,а?» деп іштей қапалана күбірлеп қояды. «Жазығым-жас кезінен жақсы көріп, жылы алақанымды тосқаным ба! Әлде... сол бір ашу үстіндегі қамшы сілтеп жібергендерім есінен кетпей қалғаны ма!...»

Қамшыны қайта-қайта басып, Қасқа аттың үстінде қопаң-қопаң еткен Қасқырбектің дәл қазіргі түрі кісі шошығандай еді.

Ақ бота сәл есейе бастағанда түрін өзгертті. Енді ақ емес, боз болды. Оны сосын да Қасқырбек «Бозтайлақ» деп атай бастаған-ды.

Сол Бозтайлақ енді тіпті беймаз болып, көрінгенге соқтығысып жүрді. Тіпті бір жолы үй артындағы жалғыз шалдың сиырын теуіп жіберіп, сеспей қатырыпты. Шал бейбақ көз жасын көл етіп, Қасқырбекке келмей ме!

- Ау, мына Тайлағаңа ие болсаңшы. Ол бүйте берсе, бұл ауылда тігерге тұяқ қалдырмас, - деп ашуға булыға, буына сөйлеген болатын. Қасқырбек шалды әзер басып, оған екі-үш қой беріп, үйіне шығарып салды. Шалды шығарып сап тұрғаны сол еді, бір бүйірден Бозтайлақ сопаң етіп шыға келгені.

- Әй, иттің ғана баласы, сенен-ақ күйдім ғой осы! – деп оны қақбастан қамшымен салып-салып қалып еді, Бозтайлақ мөңкіп-мөңкіп кетіп, тулап жүріп, бұның өзін тап тап кетуге шақ қалды.

Екі-үш күннен соң көрші шалдар басқосып отырып, осы Бозтайлақта сөз етті.

- Бұны сатып жіберген дұрыс, - деді бір шал.

- Жоқ, сойып, етіп таратып жіберген абзал, әйтпесе барған жерін тағы да үргін-сүргін етсе қайтеміз, - деді екінші шал.

Қасқырбек үндеген жоқ. Қанша қияс мінез көрсетіп жатса да, осы Бозтайлағын еш қия алар емес. Көңілінде оның орны өзгеше, қимас бір ынтық сезімі өшпейтін түрі жоқ.

Әне, Боз бура бұған жақындап та қалды. Аралары – таяқ тастам жер. Қасқырбек артына бұрылып қара еді, Бозбураның екі көзі қанталап кетіпті.

«Мен саған қайтсем де жетемін, сені бауырыма алып, езіп өлтіремін» деген ойын үнсіз ұқтырып келе жатқандай.

Кенет Қасқа аттың бір аяғы үңгірге кіріп кетті ме, сүрініп барып, тізерлеп барып, қайта тұрды. Осы сәтте арттағы Боз бура да келіп қалып еді. Ол кеудесімен Қасқа атты соғып өтті. Қасқа ат теңселе басып, тәлтіректеп қалып, анадай жерге дейін сырғып кетті. Қасқырбек болса құлап түсуге шақ қалып еді, әйтеуір құламады. Қасқа атқа қайта қамшы басты.

Боз бура тағы да соңынан түсіп кеп берді.

Айдалада екеу ғана: Қасқа ат пен Боз бура. Қасқа аттың үстіндегі Қасқырбек жабыса жатып алған, көзге бірде көрініп, бірде көрінбей қалады.

Ауыл шалдарының уәждесуінен соң ақыр аяғында мынадай кесімді ойға тоқтаған болатын.

Жақын күнде Бозтайлақ пышаққа түсіп, сойылатын болды.

Айтпақшы, ол бұл күнде Бозтайлақ емес, Боз бура болған-ды. Тек аяғы тайлақ аты әлі де қалмаған. Тек үйреніп кеткен соң, бәрі де Бозтайлақ деп атай салатын-ды.

Қасқырбек Боз бураны екі-үш күн ерекше бағып, асты-үстіне түсті. Мойнынан сипалап, еркелетіп те қояды. Әр келген сәтінде оның бота күнгі қылықтары еске түсіп, жүзін көлегейлеп, жылап та алып жүрді. Сондай сәттерде Боз бура бұған үрейлі қарап та қоятын.

«Жануарым-ай, ішің бірдеңені сезе ме екен! Маған неге бұлай қарай бересің?» деп Қасқырбек іштей тілдесіп те алатын.

Уақыты келген күні үш-төрт жігіт жиылып, Боз бураны союға әзірледі. Боз бура осы жолы барлық сұмдықты анық сезген сыңайлы. Әуелден-ақ бас жібін тартқылап, ерікке көнбеуді бастады. Жігіттерді де осал емес, түйенің аяғына қыл арқылы лақтырып, күрмеу салып, жығудың әдісін жасап жатқан-ды.

Кенет... Боз бура орнынан ырғып тұрды да, қорғаны бұза-мұза жас жібін үзіп, тайраңдап қаша жөнелді. Жігіттер:

- Ойбай, ұстаңдар ананы! Десіп үдере көтеріліп, соңынан қуып кеп берді.

Қапелімде ат қайда, олар ат тауып мінгенше Боз бура алыстапғ ұзып бара жатты...

Боз бура екінші рет жетіп алып, оң бүйірден соққан сәтінде Қасқа ат та, Қасқырбек те омақаса құлады. Оның осы жолғы соққысы өте қатты болды. Ат есеңгіреп, орнынан тұра алмай, кісінеп жіберді. Қасқабек жандалбасалап, еңбектеп жүріп, бір үлкен үңгірді көзі шалды. Сосын ойланбастан сонда кіріп кетті.

Бұл қасқырдың апаны болаты.

Боз Бура апанның аузына келді. Келді де жүрелеп жатып алды. «Әйтеуір бір шығарсың-ау» дегені ме!

Қасқырбек тар үңгірде тұншығып, әзер шыдап жатыр. Оның үстіне... апанның арғы түкпірінен қасқырдың қаңсық исі келді мұрнына. «Ойпырмай, қайтер екем!» деп ойланды ішінен.

Соны ойлауы мұң екен, апанның арғы түкпірінен жылт-жылт еткен көз көрінді. Бұл қасқыр еді. Бірақ қасқыр Қасқырбекке жақындауға қорықты. Қасқырбек те қам жасап, жан қалтасынан кездік пышағын алып, әзірленіп жатты. Егер бұған өзі келіп, соқтығысар болса, онда амал қанша, тұмсығына пышақ салып алады.

Жоқ, қасқыр бері жылжымады. Ол да өз басының амандығына ойлаған тәрізді. Тек көздері жылт-жылт етіп:

- Ау, бұның не, бұл менің үйім ғой, сен қайдан келе қалып едің? Дегендей үнсіз сыр ұқтырып қояды.

- Е-е, - деді Қасқырбек. – Мынадай күйге тап болмасам, сенің апаныңа кіріп нем бар. Кетпеймін бе жөніммен! Жүрмеймін бе кең далада таза ауамен тыныстап-п...

Күн ауып барады. Боз бура апанның аузынан қозғалар түрі жоқ. Қасқырбек те бүктетіліп отырған соң ба, әбден қажи бастады. Мына түрімен енді бірер сағат отырса, әлі құрып, естен танып түсері сөзсіз.

«Не істеу керек?»

Кенет... басына тосын ой келді. Бұны бағаналы бері неге ойламаған?

Қолына кездігін қыса ұстады. Сөйтті де апанның шығар аузына жылжып келіп, Боз бураның кеудесіне екі-үш рет сұғып-сұғып алды. Боз бура аузынан көбік ата бақырып жіберді. Бірақ қозғалған жоқ.

Енді одан бетер батыра, кездікті аямай сұққылай берді, сұққылай берді. Боз бура қозғала бастады.

Тағы да кездікті қыса ұстап, тізеге тақай бергенде Боз бура орнынан ырғып тұрып, алыстап кетті. Енді апанға сырттан сәуле түсіп, таза ауа кірді. Қасқабек кеуде керек демалып, иықтарын қозғап қойды. Арғы жағынан тысыр байқалды. Қараса-қасқыр екен. Ол да таза ауа жұтқысы бар-ау. Енді ол бұған еш қорқынышты емес. Ең үлкен қоқыныш – даладағы Бура.

Қасқырбек ептеп аяқ созып, сыртқа шығып, жан-жағына көз салды. Боз бура көрінбейді. Тағы да денесін көтеріп, бой тіктеді. Ештеңе байқалмайды. Анадай жерде Қасқа аты тұр екен. Оны өзіне шақырды. Қасқа ат иесінің даусына елең етіп, осылай қарай жүрді.

Ат апан аузына тақап келгенде бұл да шалт қимлдап,оның үстіне ырғып мінді. Осы кезде байқады, Боз бура да алыста емес екен. Ол Қасқырбектің апаннан шыққанын көре сала, осылай қарай шапты. Бұл атқа қамшы басты,.

Енді қайтсе де жеткізбеуді, оған алдырмауды ойлады.

Жоқ, Боз Бура тағы да жақындап қалды. Әне, құйрық тістесе бастады. Енді сәл уақытта тағы да кеудесімен ұрып, бұл екеуін жер қаптырмақшы.

Тап осы кезде қыр астынан екі аттылы аңшы шыға келгені.

- Ой, мынау... Қасқырбек қой, - деді біріншісі.

- Анау Боз бура, ол құтырып алған екен, - деді екіншісі.

- Атамыз ба қайтеміз...

- Кімді?

- Ой, кімді дейді. Бураны айтам.

- Ату керек.

Мылтық даусы шаңқ етті. Қасқырбек басын осы кезде ғана көтеріп алып, артына қарағанда Боз бура тәлтіректеп барып, омақаса құлаған сәтін көрді.

- Бозтайлағым... – деп дауыстап жіберді Қасқырбек. – Бозтайлағым-ау, бұл не қылығың сенің! Сен дүние есігін ашқанда маңдайыңа жазылғаны осы ма еді, жазған-ау!...

Көзінің алды тұманданып бара жатты.

Бойын әлдебір өксік-ой буып кеткендей болды.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙