Мазмұнға өту
Home

Ауыл адвокаттары

Мұстай Кәрім

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ауыл адвокаттары

Мұстай Кәрім — «Ауыл адвокаттары». АУЫЛ АДВОКАТТАРЫ Повесть Сөз басы

/uploads/c5c42e07-2a8e-51fb-85af-aafb9db714a9/cover.png

АУЫЛ АДВОКАТТАРЫ
Повесть
Сөз басы

Тірі кісінің күндері, апталары, айлары, жылдары толассыз тізіліп өте береді. Бірінен-бірі кейін қалмайды, бірінен-бірі асып түспейді, бірде-бірі қайталанбайды. Бәрі де өз орнында. Алайда ең бақытты, ең сәтті, ең мерейлі ғұмырдың осы бөлшектерін бір жіпке тізгенде кілең інжу-маржан, алтын мен күмістен жасалған қымбатты, әсем алқа болып шыға қоймайды. Асыл тастар арасына қатқан саз балшық араласып, алтын, күміс теңгелер қасына көгерген бақыр, тот басқан қаңылтыр қосылар еді. Қайсысы көбірек екенін айту да қиын - алтыны ма, әлде бақыры көп пе? Әрине, шын адамның өн бойы шын болуы керек: қуанышы - сары алтын, қайғысы - қара көмір. Тек ең еркін, мықты адамның өзі де өз еркінше өмір сүре алмайды. Оның көз алдында шыққан күн оның қалауымен батпайды, ол бастаған өмір оның қалауымен аяқталмайды. Меніңше, адамның өз тілегімен шаруа тындырып, өз еркінше өмір сүрген күндері - ең асқақ, ең қымбат сәттер. Сол сәттерден тағдырдың өзегі жаралады.

- Ау, қайғы-қасірет, жоғалту, жеңілу сәттерін тағдырдан шығарып тастайсың ба? Оларды да ешкім тілеп алмайды ғой. Еркіңнен тыс келеді. Сонда, сеніңше, олар қатқан балшық, көгерген бақыр, тотыққан темір болып шыға ма? Бұған не дейсің?

Бұл сұрақты менің ішімдегі шүбә шайтаны қойды.

Сұрақ қойылған соң жауап қайтару керек. Қайтарайын.

- Балшық пен темір дегенде, мәнсіз, мағынасыз, парықсыз босқа өткен өмір бөлшектерін айтып отырмын. Ал кісі сабырмен бастан кешкен азап, қайғы-қасірет әлгі алқаға тізілгенде асылға айналып, құны артады.Тек түстері ашық емес.

Алыстан орағытқанда не айтпақпын? Сіздердей зерек ойлы кісілер мұны бірден аңғарады. "Ауыл адвокаттары" деген бүл жазбамда үш құрбының, үш құрдастың, үш достың өмірін бастан-аяқ тәптіштемеймін. Ұзақ сөздің қызығы да жоқ қазір. Тек олар қалдырып кеткен асыл дүниелердің кейбірін теріп алып, қысқа ғана жіпке тізгім келді. Ұсақ-түйек араласуы да мүмкін, әйтсе де күмісті мыстан, дұрысты бұрыстан айыруға тырыстым.

Автор.

ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ

ОЙЛАМСЫЗ ОҚИҒА

Варшава жақта сол аяғын тізесіне. дейін жұлдырып, төсіне солдат айқышын таққан Хәлфетдин үйіне қайтып келді. Ағаш аяғын тықылдатпауға тырысып, есіктен ептеп кірді де, тына қалды. Перденің арғы жағында шаруасымен айналысып жатқан Сағида есік ашылғанын байқамады.

- Мүгедекті қабылдайсың ба? - деді күйеуі бәсең үнмен. Қолындағы қомақты сандығын еденге қойды.

- Хәлфетдин! - деп айқайлап жіберді әйелі әлі көрмей жатып, - Хәлфетдин! - Ол атып шығып, күйеуінің мойнына асылды.

- Сен бе, Хәлфетдин?! Есен-сау қайттың ба? Қуанғаннан өліп кете жаздадым ғой, я рәббі! -Ол күйеуінің көкірегіне бетін тақап, жылап жіберді.

Шешесінің "өліп кете жаздадым" деп жылағанын есітіп, бір бұрышта ойнап отырған бала өкіріп қоя берді. Сағида дереу баланы көтеріп алды. Баланың көнбей тыпыршығанына қарамастан оны әкесінің құшағына ұсынды.

- Әкең, балам, әкең ғой! Жылама! Анау суретіндегі мұрты да бар!

Бала тына қойды. Біраз қашқалақтады да, тура ұмтылып, жіңішке білектерімен әкесінің мойнынан құшақтай алды. Бауырына баса қатты құшақтағанда әкесі сағыныш аралас рақаттан көңілі елжіреп, жылап жібере жаздады.

- Есен - сау, аман - есен! - деп қуанды келіншек қайта-қайта, - Бүп-бүтін!

- Бүп - бүтін емеспін мен, Сағида, мінеки, бір аяғым кеміс.

Әйелі оның аяғына қарамады да:

- Кеміс болса, болсын! Әйтеуір, өзің бүтінсің! Ұлың бүтін! Мен бүтінмін! Үшеуміз де бүтінбіз! - деп ол масайрап күліп жіберді. - Естен танатын шығармын енді, құдай-ай!

Үй-жайы, мал-жаны түгел, аман сақталғанына Хәлфетдин дән риза болды, келіншегінің сұлулығына, оның әбден көркейіп, кемеліне келгеніне сүйсініп, мейірі қанбады? Керемет келіншек болыпты!

Көктемгі қысқа түндерде де ол шамды сөндіртпеді:

- Жүзіңді көріп, құмарым қанбай қойды, - деді. - Оянған сайын қарап отырайыншы...

- Ойпыр – ай - ә... - деп жорта сенбеген болды Сағида ішінен қатты қуанса да.

Күйеуі қайтып келген соң үйге құт кірді, ошақтың оты маздап, көңіл жайнап кетті. Ағаш аяқ алғашқы күннен бастап босағадан емін-еркін аттады. Балташының қолы сау болсын! Үйіне кемістігінен жасқаныңқырап қайтқан солдаттың көңілі жай тапты, өйткені әйелі оны жұбатпады да, аяныш та білдірмеді. Ағашты аяққа бекіткен қайысты шешкенде: "Ал қазір сәйгүлігімізді доғарамыз" деп әзілдеді Сағида. "Сәйгүлігі сәйгүлік - ау, тек шабандау" деп әзілге әзілмен жауап қайтарады күйеуі. Күйеуінің аяғын жуғанда келіншегі оның сау қалған жағын аялай сипап: "Батырым менің..." деп сүйіп алатын болды.

Қапелімде осы тұрмыстың астан - кестеңі шықты... шыға жаздады. Хәлфетдин ақсаңдап Байғыз көшесінен қайтып келе жатқан. Аяқ астынан алдынан Мұратша ұры тап болды. Ол хәл - жағдай сұрамастан турасына көшті:

- Сен қайтып келгенше елде тамаша әндер шықты ғой. Есіткен шығарсың.

- Есітпедім. Қандай ән?

- Ел естігенді сен есітпегенің қалай?

- Қайдам. Есімде жоқ, - деп солдат елең етті.

- Ендеше, есіңе түсірейін. Мынау ән.

Аңқаулықпен аңғармай Ашып алдым сырымды. Сағиданы сүйем деп Құртып алдым мұрынды!

- Тіфу! Өтірікші, сатқын! Баяғы Мұратша қалпыңда қалған екенсің! - деп жөніне кете берді Хәлфетдин, біраз жүрген соң артына қайырылып, тағы түкірді. - Сұрқия!1

Бірақ ішінде - күдік туды, үйіне қайтып жетісенше сол күдік қасіретке айналды. Күдікшіл кісіге осының өзі де жетті. Көз. алдына сұмдық көріністер елестеді. "Зина жасау жатқан екен өзіне, қандай толысып, құлпырып кеткен, көзі жайнап тұр" деп ызаланды ол әйеліне.

- Сол әнді шығарған мен емес, айтқан мен емес, әйеліңді әурелеген мен емес, - деп сықылықтап күлді ұры. — Жә, патшаға қызмет жасай бер...

Баяғыда екеуі де жігіт кезінде Ешбай тоғайында Мұратшаның біреудің пішенін ұрлап, тиеп жатқан үстінен шыққан Хәлфетдин оны басы-көзіне қарамай, сілейте сабаған еді. Мына жерде өшін алғанын қарашы, жауыз. Солдат бүл жайды баяғыда ұмытқан-ды.

Хәлфетдин үйіне өңі қарауытып, еңсесі түсіп қайтты, үн-түнсіз сәкіге барып отырды да, басын қолымен басты. Үйде Сағида жалғыз өзі еді. Баласын әжесі үйіне алып кеткен.

- Түсің қашып кетіпті ғой, Хәлфетдин, саған не болды?

- Ештеңе.

- Ештеңе болмаса...

- Маған ештеңе болған жоқ, - деп қайталады ол - Мені кім әурелесін, тәйірі. Ал сені...

- Не айтпақсың, Хәлфетдин?

- "Сағиданы сүйем деп"...

- Ә - ә, сол ма? - деп Сағида сақылдап күліп жіберді. - Саған да жеткізіпті ғой.

- Жырқылдама, жәдігөй!

Мұны тістеніп тұрып айтты.

- Хәлфетдин?!

- Сөйлеме! - Әйтпесе...

- Сөйлеймін. Сүттен ақ, судан тазамын! Нахақ айтып тұрсың, күнәдан қорық!

- Менің күнәм жоқ! Өзің қорық!

- Хәлфетдин! Шылғи өтірік! Қазір түсіндіріп беремін.

- Түсіндірмей-ақ қой! Отсыз түтін шықпайды.

- Шығады.

- Шықпайды!

- Сөзімді тыңда, Хәлфетдин! Әйтпесе, тұрмысымыз күйрегелі тұр ғой!

- Тыңдамаймын! — деп ол ағаш аяғын еденге тақ еткізіп тартып ұрды. - Салдақының сөзін тыңдамаймын. Төсегімді арамдадың!

Сағида ашуға булығып, жылап жіберді. Күйеуі одан сайын ызаланды. "Жылап сендірмекші болады, қар қатын" деп қатуланды ол.

Намыстанған әйел қатты кетті:

- Бұл не дегенің! Қорқытқаныңа болайын.

- Ә - а, солай ма?

- Солай.

- Ендеше, талақ. Арам, талақ! Талақ! Талақ! Талақ!

- Талағыңнан қорықпаймын. Қорықпаймын. Қазір бостандық.

Екі жылдан астам оқаптарда аунаған, талай адам өлтірген (соғыста медальді адам өлтіргені үшін береді), лазареттерде қыруар азап шеккен солдаттың ішінен қаталдық шайтаны шыға келді. Ол қарғып тұрып, пеш жанындағы балтаға ұмтылды, тек қолына тез түсе қоймады, ағаш аяқ икемге келе бермеген шығар. Сол сәт Сағида сыртқа қарай тұра жүгірді. Хәлфетдин сонда да балтаны алып, құйрығымен аласұра жорғалап, әйелінің соңынан атылды. Есік көтермесіне шығып, бақша жаққа қашқан қатынға қарай сілтей бергенде әлдеқайдан сап ете түскен Құрбанғали ұшып барып, балтаның сабынан шап беріп ұстай алды. Анау қарыспады, қолын босатты. Сірә, тосын жағдайда не болғанын аңғармаған - ау. Түс көргендей жай мұның өзі. Бірақ себепсіз шыбын ұшпайды, дейді. Тату көршілердің үйінде үрейлі шуды есіткен, Құрбанғали екі арадағы шарбаққа келді. Күтті. У-шу басылмады. Көп өтпей - ақ Сағиданың өкси жылағаны құлағына шалынды. Әлдеқандай бірдеңе болып қалды ма деп шарбақтан секірді. Есік алдына жете бергенде алдынан Сағида атып шықты, соңынан балта ұстаған Хәлфетдин көрінді. Сол сәт құйттай Құрбанғали өз бойынан аюды алып ұратын алапат қайрат сезді. Шапшаң екен, сабаз.

Қолындағы балтаның жүзін бас бармағымен сипап тұрып:

- Бұл балта ғой, көрші ағай, адамның басын емес, ағаш шабуға арналған, - деп Құрбанғали сәлден соң босағадан аттап, ішке кірді. Хәлфетдин үндемеді, аяғын созып отырды да, екі алақанымен бетін басты. Сағида кілет бөренесіне барып сүйенді. Осы қалпында олар үн-түнсіз ұзақ тұрды. Үшеуі тынышталған кезде Құрбанғали Хәлфетдинге әлгі мұрын әуресінің қайдан шыққанын түсіндіріп берді. Нәжіптің мұрнын бұзып құтылғанын, Сағиданың сүттен ақ, судан тазалығын бүкіл ауыл біледі. Қайдан біледі? Қалай біледі? Біледі. Сондықтан ауыл ол.

- Хәлфетдин ағай, ғайбатқа сеніп, бекер жәбірледің жеңгейді. Тіреліп тұрған көршіміз ғой, бізден сұрасаң еді. Үш жылдай оның қақпасы мезгілсіз ашылмады, есігі сықырламады.

- Отсыз түтін шықпайды дегендей... - деп міңгірледі Хәлфетдин. - Анау Мұратша ұры көңілге қаяу салды.

- Мұратша сияқтылар түтін шығарса, тұншығып өлесің.

Сағида былқ етпеді, тіпті сөзге де қосылмады. Бірақ оның жүрегі жайына түсті. Күйеуі бір жылы сөз айтса, бұрынғыша сүйген жар болғалы тұр.

- Бұлай болған соң, бұдан әрі қалай тұрамыз деп ойлайсыздар? - деп сөз тартты сақал -мұртсыз "ақсақал".

- Білмеймін енді, бауырым, білмейім. Үш рет талақ деп жіберіппін ғой.

- Мұныңыз жаман екен. Құттыяр азаншыны әкеліп, ақылдасу керек шығар, жеңешем қарсы болмаса...

Сағида бұл жолы да ләм-мим үндемеді. Шыдады.

- Құттыяр не істейді?

- Бәлкім, бір амалын табар, жеңешем келіссе... - деді он жеті жасар Адвокат.

Әйел сәл басын изегендей болды.

Мұса молданың өзін ұсақ-түйек шарумен шақырып, мазалауға бата алмайды жұрт. Ол неке, жаназа, құрбандық шалу, мәулит оқыту, сырттан келген мәртебелі төрелерді, үлкен дәрежелі дін ұлықтарын қарсы алумен айналысады. Ал коп балалы, кедей Құттыяр азаншы әрқашан күзетте, әрқашан жұмысқа әзір. Жұрт арасына шыққанда қысы-жазы оның басында төбесі жасыл ақ сәлде, үстінде шалғайлары қырыла бастаған қызыл жолақ көгілдір өзбек шапаны, аяғында сары мәсімен киілген терең қара көн кебіс болады. Сақал мұрты ұдайы қырылған. Өзінің шашын өзі алады ол таза жүреді Құттыяр азаншы. Абыстайы өте қайратты болмаса да, жинақы әйел артында шұбырып жүрген алты баласына күн сайын айтатыны: "Дүниедегі ең биік, ең құдіретті құдай тағала, қала берді Мұхаммет пайғамбар, одан соң - елдің патшасы, содан соңғы - сендердің әкең. Құдай тағала көкте, пайғамбарымыз - жердің астында, ел патшасы - алыста. Қастарыңда жүрген ісім? "Әкеміз!" деп шуылдасады балалар (азаншы кеш үйленгендіктен балалары әлі кішкентай). "Ол сендерге ризық табады. Әкені құрметтеңіздер" деп үгіттейді абыстай. Азаншының денесіне шыр бітпейді, май жұқпайды. Күнделікті тәрбиесі жетпей ме, әлде тынымсыз ба, қайдам. "Қанағатсыз емес біздің Құттыяр, сондықтан дүниеге жарымайды, -дейді халық, - ал анау орамның азаншысы тары жеген тауықтай тырсиып түр". Құттыяр әрі қайырымды, елден түскен қайыр-садақа тым көбейіп кетсе, артық тапқанын: "Құдай риза болмайды" деп қайтып береді.

- Қарап отыра бергеніміз жарамас, - деп сөзін сабақтады Құрбанғали, - бірдеңе жасау керек.

- Қатты састым, бауырым...

- Немістің алдында да осылай састың ба?

- Неміс басқа нәрсе, ол сенің бекерге баса - көктеп, ренжітетін некелі қатының емес.

- Сен де бірдеңе айт, жеңеше.

- Күйеуімнен асып, мен не айтайын... - деді Сағида ұяң үнмен.

- Ендеше, былай жасайық! Басқа бәле түссе, малға шығын дегендей, сен, ағай, тауық сойып бер, жеңешем қазан ассын, - деп Адвокат тікелей бұйрық беруге көшті. - Іңір түсуден мен Құттыяр азаншыны ертіп келейін. Мана мешіт маңында көргенмін, үйінде шығар.

Шам жағудан Құттыяр мен Адвокат келіп жетті. Жол - жөнекей Құрбанғали азаншыға болған жайды егжей - тегжейлі түсіндірді. Жиырма жылдан астам қызметінде молда мұндай жағдайларға талай кездескен. Мұның амалы біреу-ақ - неке жаңғырту. Бірақ ол оңаша, елеусіз жасалады. Құпия күйінде қалады.

- Әссәләмәғәләйкүм! - деп есіктен кіруден қонақтардың танауын тауық сорпасының бүрқыраған қош иісі жарып кетті. Құрбанғалидің іші жылып сала берді. Азаншының еріні сәл жыбыр етті: "Бәрекелді..." Сағида шымылдықтың ар жағында тұрған соң күйеуі шапшаң түргеліп, азаншының таяғын алды, шапанын, кебістерін шешуге көмектесті. Отырған соң дұға оқылды. Осы арада Сағида да үнсіз келіп, бұларға қосылды.

- Е – е - е, солай екен... - деп Құттыяр тақыр басын сипап қойды.

- Солай боп қалды, азаншы ағай, - деді үй иесі, - Бүлдіріп алдық. Түзетуге батаңды бер.

- Жай бата берумен іс бітпейді, қарағым, Хәлфетдин. Алдымен Сағида қарындас басқа біреумен некелесуі керек. Олар айырылысқан соң ғана қайтадан некелесулеріңізге болады. Мұны білгенің жөн.

- Білуін білем ғой, қиынын айтсаңшы, өз әйеліңді өз қолыңмен өзгеге некелеуге қалай қиярсың?

- Басқа жолы жоқ мұның. Бересің де, қайтып аласың. Сенімді адамың бар ма?

- Адам табылар - ау. Жүрегім дауаламай тұр.

- Келін не ойлайды?

- Қазіреттен асып не ойлаймын енді...

- Құрбанғали, сенің жасың нешеде?

Азаншы жігітке сынай қарады.

- Бойым осылай болғанымен, азаншы ағай, он сегіздемін, - деді Құрбанғали жасына бірнеше ай қосып.

- Өте жақсы. Егер мына екі мұңлық құптаса, - Құттыяр иегімен әуелі күйеуін, одан соң әйелін нұсқады, - Сен неке жасына кіргенсің.

Хәлфетдиннің іші жылып сала берді. Бөгде біреуге жалынып - жалбарынып жүргенше, құдай пендесіне өзі жеткізген ғой.

- Сен қиналмасаң, бауырым, мен құдайға тапсырып, тәуекел етемін... біз тәуекел етеміз... -ол әйеліне бұрылды, әйелі бас изеді. - Біз тәуекел еттік. Көршілік қақына жаса бұл жақсылығыңды!

Сәкінің үстіне өрнекті дастарқан жайылды, азаншы төрге шығып, сидам сирақтарын бүгіп, қампиған үлкен жастыққа отырды. Оның қасына Құрбанғали жайғасты, күйеуі мен әйелі сәкі шетіне қырын отырды. Тамақ келгенше ең маңызды, аса жауапты салт орындалды.

- Кәбир ұлы Құрбанғали, сен Сәйфілмәлікқызы Сағиданы заңды зайыптыққа алуға ризамысың? - деп сұрады азаншы.

- Ризамын.

- Сәйфілмәлік қызы Сағида, сен Кәбирұлы Құрбанғалидың заңды зайыбы болуға ризамысың?

- Ризамын.

Осы бір сәт Хәлфетдиннің жүрегі су ете түсті. Өңі ме бұл, түсі ме? Кімнің әйелі осылай "ризамын" деп құлшынып тұрады?

Құттыяр мақамына келтіріп неке дұғасын оқыды. Оның дауысы жағымды да сенімді еді. Кесімді үкім шығарғандай. Оқып отырғанда жаңа ғана бір-біріне ризалық берген екеуінің аттарын үш рет қайталады. Сөйтіп, оларды әмірлікке қосып қойды азаншы.

Хәлфетдиннің шолақ аяғы кенет топыр пышақпен кескендей сыздап қоя берді. Амалсыздан әрең шыдады.

- Енді сен, Құрбанғали, Сағида қарындасқа қарап, үш рет "талақ" деп айт.

Адвокат үндемеді.

- Құрбанғали, саған айтып отырмын ғой.

- Аузым бармайды.

- Қалайша аузың бармайды? - деп Хәлфетдин ұмтылып қойды.

- Солай. Айта алмаймын.Үйленуге жасым жетті. Жеңешем де өте сұлу... Балаңды асырап алармын...Хақтың жазғанына, азаншының айтқанына көнгім келеді.

Беті бүлк етпейді, сірә.

Үшеуі де қатты састы. Ойлап қарасаң, айтып отырғаны дұрыс. Некесі қиылды, тағдыры қосылды. Күш, зорлық жүрмейді бұған.

- Қалжыңды қой, бауырым, онсыз да ішім жанып барады.

- Қалжыңдап қайтем, ойланып отырмын...

Құрбанғали соңғы сөзін айтуға асықпады. Не десе де еркі бар. Көп уақыт өткенімен, уақыт тапжылмай, тұрып қалғандай көрінді.

Сағида қатты қорықты.

"Жас күйеу" күрсініп қойды да, байсалды үнмен:

- Сөйтіп, алмадай албыраған әйеліңнен айырылып қалдың, енді қайтесің, Хәлфетдин ағай?

- Айырылғаны қалай?

- Екеуміз "алдым-бердім" жасаған жоқпыз ба?

- Олай деме, бауырым, көрші ақысы бар ғой.

Құттыяр азаншының да көңіліне күдік келді. Кімнің ішінде қандай шайтан жатқанын қайдан білесің?

- Шының ба бұл, Құрбанғали? - деп сұрады ол.

- Шыным да, сырым да аралас. Мен жеңгемді жат қолға тапсыра алмаймын. Шартым бар.

- Айт шартыңды.

- Жазықсыз әйеліңді, яғни айыпсыз кісіні, осылай қатты қорлағаныңа құдайдан кешірім сұрап, үш рет тәубе ет, Хәлфетдин көрші.

- Тәубе етемін, - деді ол аузының ұшымен.

- Олай емес. Өз аузыңмен үш рет толық қайтала.

- Тәубе! Тәубе! Тәубе! Енді ризасың ба?

- Жоқ. Бұдан былай Сағида жеңешемді қызғанып, әлде күдіктеніп қорламауға, оны тіпті саусақпен шертпеуге үш рет ант бер.

- Тым қатты кеттің...

- Ант бермесең, өзің біл, - деп Құрбанғали сәкінің төменгі жағына қарай жылжып отырды. Зәресі ұшқан Хәлфетдин бойындағы еркек намысын да, солдат абыройын да сақтай алмады.

- Бұдан былай Сағиданы тіліммен де, қолыммен де зәбірлемеймін. Білләһи - оллаһи! Оллаһи - білләһи! - Мұны айтқанда ол өзін - өзі кемсіткенін аңғармады. Өйткені бір сот: "Егер мынау шынын айтып, Сағидадан айырылып қалсам, қайтемін?" деген ой сап ете түсті басына. Көз жазып қалам ба деп құты қашты.

Шектен шыққан солдатты шүйкедей көрші жігіт осылай жөнге салды.

Қатайып алған даусын одан сайын қатайта түсіп, Құрбанғали соңғы үкімін жариялады:

- Өзіммен некелескен Сейфілмәлікқызы Сағидадан бас тартамын: талақ, талақ, талақ!

Үшеуі де еркін дем алды. Құттыяр салттың келесі бөліміне жігерлене, шабыттана кірісті.

- Жәнібекұлы Хәлфетдин, Сейфілмәлікқызы Сағиданы өзіңнің өмірлік зайыбың етіп алуға ризамысың?

- Ризамын! Ризамын!

- Сәйфілмәлікқызы Сағида, сен ажалың жеткенше Жәнібекұлы Хәлфетдиннің заңды әйелі болуға ризамысың?

- Ризамын! Ризамын!

Бұл жолы азаншы неке дұғасын ерекше толғана, ықыласпен оқыды. Көкірегінен салтанатты әсем әуен ақтарылғандай болды. Оқып болған соң:

- Өмір жастарың ұзақ болып, зор бақытқа кенеліңдер, тату - тәтті өмір сүріңдер. Құдайға да, пенделерге де игілікті болыңыздар, - деп неке салтына енбеген жақсы сөздер айтып, игі тілектер тіледі шабыттанған Құттыяр.

Тамақтан соңғы дұға алдынан "бас күйеу" азаншыға елу шақты тиындық екі күміс теңге ұсынды. Молда біреуін кері қайтарды.

- Біреуі де жетеді.

- Есептесіп жатқанымыз келісер ме екен, азаншы ағай, сен екі неке қидың ғой.

- Оның алғашқысы жалған еді. Жалғанға қайыр алу арам. Сый - құрметіңе рақмет!

Хәлфетдин мен Сағиданың арасында болған осы ойламсыз оқиға елге тарамады. Көргендер көрмеген, естігендер естімеген, білгендер білмеген болса керек, сірә.

Үйлі-баранды болып, тату өмір сүрді бүл екеуі. Ауылда ақсақ Хәлфетдиннің балтасы жонған бөрененің саны, Сағиданың саусақтары сауған сүттің есебі жоқ. Мейрам күндері медальдарын жарқыратып екеуі көшеге шықса, жұрт қызыға қарайтын. Көсегесі көгерді -төрт ұл, екі қыз өсірді. Ұл-қыздары әдепті, қайырымды болды.

Сырттай сыр білдірмесе де Хәлфетдин көршісіне ішінен өле - өлгенше алғыс айтты. Қонақ боп келсе, төрінен түсірмеді. Енді өздері ата-ана болған балаларын, немерелерін жинап, отағасы мынадай өсиет айтты:

- Адамның басына қасірет түскенде біреудің қол ұшын беруі өте жақсы, өте ізгі іс. Бұл көрінгеннің қолынан келе бермейді. Төбеңнен төнген тажалдан пайғамбар ғана қорғай алады. Құрбанғали көршіміз, балалар, сендердің шешелеріңе, сендердің әжелеріңе сол пайғамбарша қамқоршы болды. Талай жылдар бойы әуелі мені қылмыс пен қорлықтан, шешелеріңді, яғни өжелеріңді жазым болудан тіпті өлімнен қорғап қалды ол Тас-талқаны шыға жаздаған тұрмысымызды реттеп, жөнге салып берді. Толық айтуға ұяламын. Осы айтқаныма сеніңдер. Көзі тірісінде менен кейін соны құрметтеңдер, - деп ол жас мойыл бұтағы жапқан терезенің ар жағындағы биік үйді иегімен нұсқады. - Дүниеден озғанда қабіріне топырақ салыңдар. Менен бұрын кете қоймас, ол әлі мықты, ширақ. Топырақ салған соң тез тарап кетпеңдер. Қабір басында тұрып: "Бұл кісі кім еді, жер бетінде қандай жақсылығы қалды оның?" деп ойланыңдар. Ал одан кейін қалсам, бірге тұрармыз.

Жоқ, өзі тұра алмады. Хәлфетдин мен Сағида осыдан он жыл бұрын екеуі бір ай ішінде дүниеден өтті. Алдымен кемпірі, кейін өзі. Олардың өсімтал үлкен ұясы өсиетті берік сақтады. Құрбанғалиды жерлеуге бала - шағасымен шұбырып келді.Тұңғыш ұлының кенжесі диірменші Меңдияр марқұмды өз қолымен аялап лақатқа қойды, яғни жер құшағына тапсырды. Хәлфетдин әулеті қабір басынан тез кетпеді, бір шетке шоғырланып, үнсіз тұрды. Олардың алғысы да, құрметі де осы еді...

ОНЫНШЫ ТАРАУ

БАС АМАН БОЛСА...

"Саған келген ажалды алдап, бір рет жолдан адастырғанмын, Кәшфолла..." деген еді Нұрислам досын жерлегенде. Оның сөзін жұрттың бөрі есітті, бірақ сол күні де, кейін де мұны қайталап сұрап, тәптіштеген ешкім бола қоймады. Өйткені Алдар айтқан сөздің түп - дерегі табыла бермейді бәрібір. Әдетте оның өтірігін көңіл күйіне қарай әркім өзінше түсінеді. Ұдайы төте жолдан жүретін ажалдың адасуы да күмәнді, әрине. Бірақ Нұрисламның қалың, дымқыл ерінінен шыққан сөз шек келтірмейді. Келісіп тұрады. Әйтеуір, қисынсыз сөзді айтпайды ол.

Ауылға біресе қызылдар баса - көктеп, біресе ақтар басып кірген алмағайып заман еді. Ержеткен жігіттерді әскерге қуып, егделерді емпеңдетіп лау айдатып, мыңғырған қойды маңыратып, тауықтарды шырылдатады. Жер қоймалардағы сүт - май құмыралары жылан жалағандай. Қу құлқын талай адамды күнәға батырды. Шүкір, ана жақ та, мына жақ та әйел - қыздарға соқтықпады. Басқа жерлерде ондай жағдайлар да болған дейді жұрт.Тап осы кезде Нұрислам Кәшфолланың соңына ерігі келген ажалмен көзбе - көз, бетпе - бет кездесті. Кездескенімен сасқан жоқ. Ақсақ шабан азбанымен Ақжақып жолының бойында жер тырмалап жүр еді ол. "Неге қара азбан, құла айғыры қайда?" деген сұрақты күні бұрын сезіп, сәл шегініс жасамақпын.

Қызыл су қайтып, жер едәуір дегдіп қалған кез еді. Басқа лаушылармен бірге Қоян Шәймиді де құла айғырын жектіріп, Істәрлі жаққа алып кетті. Ақтар еді бұлар. Қула айғыр баяғы ауру оқытушыны Өршәк өріне жеткізген кездегідей емес. Өткен жылдарда тасыған жүк қажытқан оны. Алайда әлі қуатты. Басын бір сілкіп жіберсе, жасарып кететін сияқты. Егер ақсақ азбаны үйде болса, Шәйми соны жегер еді - ау. Қырсыққанда, ол орманға кетіп, екі-үш күннен бері оралмаған.

Бір апта шамасы өтуден лаушы қайыс делбесін жинап, иығына салып, түн ортасында үйіне қайтып келді. Есіктен кіруден:

- Басым аман ба, қатын?

- Сенің басың ба? Қайдам... Сырттай қарағанда аман сияқты... - деп қуланды сөзге шебер, іске шорқақ әйелі.

- Сырттай да, іштей де аман-сау!

- Құдайға шүкір, ендеше!

- Бас аман болса, не дейді?

- Құдайға шүкір дейді.

- Шүкір, шүкір дейді... Бас аман болса, мал табылады.

- Құдай жарылқаса.

- Құдайдан күт! Құла айғырдан айырылдық, қатын Жат жерде зарығып қалды.

Бұл үрейлі хабарды әйел алғаш аңғара қоймаса да атты аяды:

- Бишара - ай! Жалғыз өзі ме? Жапан түзде?

- Жау ішінде! - деді Шәйми ойланбастан. Кенет оның қиялы лап етіп жанды да, көз алдына өзі көрмеген көріністер келе қалды.

- Сұрапыл соғыс ортасында! Арқырап, ышқына кісінегені өзегімді өртеді. Шайқас үстінде жау ішіне жарып кірді де, ақтардың бір атын теуіп өлтірді, екіншісін шайнап тастады, үстіндегі офицердің қабырғасын омыра тістеп, жерге тартып ұрды.

Мына жайды есіткен әйел:

- Пәлі, құла тұлпарым - ай! Жанын салған екен ғой! Қара құнаннан жасырып, нанмен асыраған еңбегім босқа кетпеген екен! — деп тебіреніп кетті.

Шәймидің қиялы лап етіп жанды да, лып етіп сөнді. Ол бұрыштағы дөңбекке барып отырды. Сәкі толы ұйқтап жатқан үлкенді - кішілі бес баласына көз тастап қойды да, өзі де қорылға басты. Жоғалып кеткен үлкен ұлын есіне де алмады. Екі түн бойы көз ілмеген еді.

Шындығында жағдай былай болды. Осыдан үш күн бұрын әскер үлкен емен орманы шетіне қонды. Лаушылар жиналып, ошақ басында тамақтанғанда ел арасындағы қаңқу қауесеттен басталған әңгіме ұлғайып, басқа арнаға бұрылып кетті.

- Ертең қиямет-қайым болғалы түр, - деді біреу. - Орынбор жақтан қызылдардың жер қайысқан қалың қолы келе жатқан көрінеді. Аттысы, зеңбіректісі, жаяуы қисапсыз...

- Мыналарды жалмап жұтады енді. Шайнап та тұрмайды...

- Бізді де қоса жұтпаса...

- Неге жұтады? Біз әскер емеспіз ғой.

- Зеңбіректің оғы ұшып бара жатып: "Сен әскермісің? Сен әскермісің?" деп жеке-жеке сұрар деймісің.

- Қойыңдаршы, қайдағыны соғып, жұртты қорқытпаңдар,- деді қаба сақал мишәр ағай.

- Сақалыңа от тисе, қорықпассың...

- Қызылдардың күші қазір ғаламат көрінеді.

- Ғаламат болса, бола берсін. Бізге одан не қайран? Біз лаушымыз.

- Кімнің лаушысысың сен? Кімнің жүгін тасисың? Кімнің жырын жырлайсың?

- Ешкімнің жырын жырламаймын.

- Жырламақ түгіл, сайратады. Сенен сұрамайды.

- Қызылдарға біз бәріміз де дұшпан болып шығамыз ғой сонда?

- Солай.

Бұл үрейлі әңгімені бастаушының көздеген мақсаты болды ма, жоқ па, айқын айту қиын. Бірақ жұрттың көңіліне үлкен күдік салды ол.

Төңіректе тыныштық орнаған соң Шәйми екі-үш күн бойы бірге келген жасы елудің үстіндегі чуваш қартпен кездесіп, таң алдында қашуға уағда байласты. Атсыз кеткен кісіні аңғармай да қалар. Астындағы атын кім тастап қашады?

- Менің атым титықтаған, көтерем, кәрі, - деді чуваш қарт сыбырлап, - зар қаға қиналатын түгі жоқ, тек тірі жан болған соң аяймын. Ер - тұрманы да отыз бұрау, қырық құрау. Жақсы атты арбасымен өзіміздің ауыл маңындағы орманға жасырғанмын. Балам бағып жүр. Сенің атың, Шәйми, дүлдүл, құла дүлдүл, қамыт - доғаң байлардікі, арбаң -көпестікі.Үйде мұндай малың жоқ шығар, мұқият ойлан.

- Бас нешеу? Екеу ме? - деп сұрады Шәйми бірден.

- Бас нешеу болсын, біреу, екеу емес.

- Бас аман болса, мал табылар, дейміз біз, башқұрттар.

- Рас. Басын жоғалтқан бал жемейді, - деді чуваш.

Олар кеш түсуден өздерінше тәуекелге бел буған еді. Енді күдіктенуге, шегінуге жол жоқ. Чуваш қарт ноқтасының жөке тізгінін шешіп, шекпенінің ішінен беліне байлады. Шәйми су жаңа қайыс делбесін мұқият орап алды. Басқа ештеңеге тимеді. Шағаннан иілген көгілдір доға да, көнмен көмкерілген қамыт та, жез өрнекті ер - тұрман да жайнап қала берді. Осыларды алып кетерлік шамасы болғанымен, қолы бармады. Тіпті қайыстан өрілген арқалық пен жібектей жұмсақ қайыс тартпаға да қарамады. Жат жерде жалғыз қалған сүйікті атын тонап, бүлдіріп кетуге ожданы жетпеді. Ал делбе оның бір қазынасы, жан өрнегі, көңіл қуанышы еді. Екі алақанына осы делбенің екі ұшын, яғни екі тармағын қысып ұстап, Шәйми құла айғырына бір ысқырып жіберсе, рухы періштелерге еріп ұшар еді...Тағдыр деген осы. Иесі атының басынан сүйіп қоштаспады да (бұған дейін кеш сайын оның басынан сипап кететін еді). Бата алмады. Ар-ожданы жібермеді. Шәйми өте қарапайым, қараңғы кісі болғанымен, топас, қатыгез емес-ті. Атына қиянат жасағанын рухы сезді, көңілі түсінді. Жазықсыз хайуанды зәбірлеуді обал санады. Бірақ ішінен ғана: "Жамандығыма ренжісең де, жақсылығымды біржола аяғыңа таптама. О дүниеде қиямет күнінде сенен мен туралы жауап алғанда расын айтсаң, соған ризамын. Саған жасаған жақсылығым жамандығымнан басым түсуі ықтимал. Бақұл бол..." деген өтінішін айтты.

Солай болды. Қайыс делбесін арқалап, бас сауғалаған Қоян Шәйми сүмірейіп үйіне қайтты.

OН БІРІНШІ ТAPAУ

АЗБАНЫММЕН АНТ ЕТЕМ

Нұрислам Ақжақұп жолының бойындағы Бөләк орманының маңында мимырт атымен мықшыңдап сүрі жерді тырмалап жатқан. Әбден титықтап жүдеген қара азбан әр адымын өлшеп басады. Иесі де малына сай. Жөке шылбырын бостау ұстаған ол тырма қапталында келе жатып ара - тұра қалғып кетсе, кесекке сүрініп, селк етіп, кезін ашады. Аптап күйдірмей, жандырмай, жайымен діңке құртады. Кептен бері жаңбыр жоқ. Кедір -бұдырда секіріп кететін ағаш тырма шаң бұрқыратады. Шаң көзді бұлдыратып, көңілді мұнар басады. Мұның үстіне қазір түн де қысқа. Мұрынына самал енген Нұрислам түнгі ойын-сауықтан таң алдында ғана қайтады. (Дүние дүрлігіп жатқанымен, жас - желең ойын-сауықты қоймайды). Егер Шегіртке көшесінде Балдыбанат деген томпақ, сүйкімді, ибалы қыз болмаса, сол қыздың екі көзінен нұр төгіліп, екі еріні гүл жайнап, екі бет алмасынан майда сепкілі жымың қағып тұрмаса, жігіт түн ұйқысын төрт бөлмес еді. Әзірше олар сөз байласып, қол алысқан да жоқ. Әйтсе де бұл дүниеде олар екеу екені анық. Осындайда бір керіп, бір көрініп қалғанға не жетеді.

Қырсау аттың жақсы жағы да бар. Қара азбан қаптаған бөгелек, сона, құжынаған қара шыбын талап жатқанда құйрығын қылт еткізбейді, бәз-баяғы қалпында тарта береді, тайсалмайды, жолдап да шықпайды. Текті жылқы тұқымы мына азапқа шыдай алмас еді.

Бір сәт Нұрисламнан бес - алты қадам алдағы үлкен кесектің үстіне сұр қанатты, кішкентай ғана ақ бауыр торғай келіп қонды. Қазтамақ дейміз біз оны. Сұмдық ұшқалақ. Құйрығының ұшынан бастап тұмсығына дейін тұла бойы толассыз қимыл - қыпылдап, қалтырап, дірілдеп тұрады. Сирағы, тырнақтары қылтиған жіп - жіңішке. Секірсе, алысқа секіреді қазтамақ. Нұрислам таяп келгенше торғай қозғалмады, тары дәніндей көздерімен қадала қарап тұра берді. Нұрислам ұстағалы қолын созды. Торғай ілгерірек ұшып барып қонды. Тағы күтіп тұрды. Нұрислам тағы ұмтылды. Торғай бұл жолы да сескенбей, анадай жерге ұшып барды. Бұл бірнеше рет қайталанды. Құйттай батыл құс алғаш Нұрисламның ұйқысын ашып, көңілін көтергенімен, бара-бара әлдеқандай үрей, күдік оятты. Талай сиқырлы аңыздарға сеніп өскен, өзі де қиялшыл, шын мен жалғанды шатастырып алатын жігітке осы да жететін. "Әлде бұл тіпті қазтамақ емес, біреудің жаны шығар. Әлдеқандай хабар жеткізгелі жүрмесін... Жаман хабар ма, әлде жақсы ма? Жоқ, хабаршы емес, құс бейнесіне енген сиқыршы, жауыз бірдеңе, бәлкім. Мені арбау үшін осындай сұлу торғайға айналған болар. Солай, бәлкім, солай. Нұрисламның өкпесі аузына тығылды. Тынысы тарылды. Қараса, торғай оны тағы күтіп отыр.Тоқтайын десе, қорыққан болып шығады, қуайын десе, өшіге ме деп қорқады. Нұрислам сиқырлы құбыжықтан қорқуға да, шегінуге де болмайтынын жақсы біледі. Шегінсең - біттің. Жігіт шегінбегенімен, атын шылбырынан тартып тоқтатты. Міне олар қазтамақ пен екеуі бір - біріне бақырая қарап түр. Торғайдың екі көзі тұнып тұрған ізгілік, ықылас, сенім. Тұрысы, қимылы, бар болмысы бір жақын адамды еске түсіргендей. Бәрі таныс! Кім бүл сонда? Әрі - беріден соң сөйлеп кететін сияқты. Ау, мынау айнымаған Құрбанғали досы ғой. "Құрбанғали!" деп айқайлап жіберді. Торғай пыр етіп ұшып кетті, жігіт абыржып қалды. Аздан соң ол да басылды. Жауыз қанша тырысқанымен, Құрбанғалиға ұқсай алмайды. "Шүу, жануар, тағы бір ұмтылып, тым болмаса, түскі тамағымызды ақтайық!" деп жігіт атына қуат берді.

Алға озыңқырап айтайын. Нұрислам қазтамақты көк айғырдың қайта келуінің хабаршысына жорыған әңгімесін кепке дейін айтып жүрді. Бұған құлыштықтар түгел сенді. Олар сол қазтамақты көрмесе де, Алдардың өзін көріп, сөзін есітіп жүр ғой. Тек сол торғайдың Құрбанғалимен екеуі екі түйір дәндей бір-бірінен айнымайтынын айтпай, бүгіп қалды. Жұрт мазақтап, әжуалауы мүмкін. Содан қорықты.

Салпақтап жүріп, ұлы сәскеге дейін біраз шаруа тындырыпты. Ат азырақ дем алуы керек. Атын тоқтатты да Нұрислам ыстық топыраққа шалқасынан жата бергенде көктегі шөкімдей ақша бұлттан шыға келген Құрбанғали қазтамақ болып секек қақты. Безектеп, шыр көбелек айналды. Қарап тұрудың өзі қызық. Кенет әлдеқайдан арқырай кісінеген ат дауысы жым-жырт әуені жарып кетті. Көптен бері үн шығармаған қара азбан да оқыранып қоя берді. Нұрислам атып тұрып, аспанға қарады. Көк жүзінде жалғыз күн. Жан-жағына қарады. Толқып кетті. Шатасып тұр ма, әлде елес пе? Ақжақын жолымен шаңды бұрқырата шұбалтып, үш салт атты шауып келеді. Мойнын бұрған төртінші ат жетекте жортады. Коп болса, екі-үш жүз қадамдай болар. Алдыңғысы құла ат мінген. Әскерилер екені көрініп тұр, иықтарына мылтық асынған. Манағы ат тағы кісінеді. Нұрислам қатты толқып кетті. Өте таныс, өте жақын ғой мына дауыс. Тіпті қара азбан да бірдеңені сезіп, қайта - қайта бұрылып қарады. Ат үшінші рет кісінеді. Құла айғыр ғой бұл! Taп өзі! Атына қарай жүгіргісі келген жігіт тоқтай қалды. Оның үстінде отырған кім? Жақсы ма? Жаман ба? Бәлкім, оның өз атына мініп, өз ажалы заулап келе жатқан шығар. Олай болса, хәлі мүшкіл Орман жаққа қарай қашайын десе, артынан атып салуы кәдік. Жөні түзу, айыпсыз кісі қаша ма? Тағдырдың жазғаны болар. Нұрислам қамыт бауын жөндеген болып, атының қасына келді де, көзінің ұшымен жолды бақылады. Бәлкім, өте шығар бұлар. Әрине, өтіп кетеді, оларға мұнда не бар? Жоқ, өтіп кетпеді. Өкпе тұсқа жете бере алдыңғы салт атты атының басын тартып, Нұрислам жаққа бұрды. Шаң бұрқ етіп басылды. Бас көтермей, өз ісімен айналысып жатқан тырмашы, көлденең көк аттыға елең етпеген түр көрсетті. Тек құла айғырының сопақша сұлу басын көргенде көңілі босап кетті. Бірақ оны да сыртқа шығармады..

Әуелі алдыңғысы сөз бастады:

- Хәл қалай, жігіт?

- Жақсы.

- Ауылда кім бар?

- Ауылда кім болсын, халық бар, - деді ол басын көтеріп қарамай.

- Ақтар ма, қызылдар ма деп тұрмын ғой?

- Олардың бірі де жоқ.

- Сен неге айыпты кісідей, темен қарап сөйлейсің?

Сонда ғана Нұрислам басын көтерді, сонда ғана шәпкілердегі жұлдыздарды көрді, сонда ғана көк айғырын бастан аяқ шолып шықты, сонда ғана...

- Тұра тұр... Тұра тұр... Шырамытамын... Ау - у, жігітім! Кәшфолласың ғой, сен! Өңім бе, түсім бе? Жоғалып кеткенсің! Ойпыр-ай!

Нұрислам тұрған жерінде тыпыршып қалды.

Кесек денелі, жүдеу жүзін шаң басқан қызыл әскер иығындағы мылтығын алып, қасындағы жолдасына тапсырды да, аттан секіріп түсті. Басқалары отыра берді. Алшаң басып, Нұрисламның алдына келді.

- Саламатсың ба, Нұрислам? Өзіңді танытқың келмеді - ау, сірә, - деді Кәшфолла баяу, байсалды үнмен. Тап бес жыл емес, бес - алты күннен бері кездеспеген сияқты. Ал Нұрисламның қуанышы қойнына сыймады.

- Мәссаған, тап ертегі! Ойпыр-ай, жігітім! Тірі екенсің ғой. Па шіркін! Құдай өзіңе бойды да берген екен. Тек сүйегің саудырап тұр, карға шұқыр етің жоқ.

- Бал мен майдың ішінде жүзіп жүргеніміз жоқ. Қара басқа ризық табар...

- Ақтар екен деп сескеніп қалдым, бала. Жан тәтті ғой. Қара азбанды тасалағаным сол еді. Мына жақсы айғырды қайдан қолға түсірдің?

- Істерлі жақта ақтарды шапқанда...

- Игілігін кергейсің, - деді жігіт сәл мұңайып.

Аттың нағыз иесі туралы Нұрислам әзірше сөз қозғауды қажет деп таппады. Заман басқа. Бұдан соң ол:

- Ей, бала! Екеуміз де бассызбыз! Қол алысып көріспеппіз ғой. Кел, керісейік! - деп қужың етті.

- Көрісейік, Нұрислам, көрісейік. Қатты сағындық.

Кәшфолла қос қолын ұсынды. Оның сол алақанында терең тыртық ойылып қалған екен. Екі дос өмірінде бірінші рет қол алысып көрісті.

- Алақаныңа таңба түскен екен, - деді Нұрислам.

- Солай болғаны рас. Жоғалмау үшін...

- Неге, Кәшфолла, ештеңе сұрамайсың? Сұрамағанды айту бір түрлі...

- Ең жаманын есіткенмін.

- Солай де... Димде сен жүрген күні жерледік Ғариф ағайды. Жайы жаннатта болғай дейді қарттар.

Осы кезде құла айғыр қара азбанның желкесіне басын сүйеп, ал анау тұнжыраған көзін жерге тігіп, жылағандай, әлде үнсіз қуанып тұрғандай еді.

- Ау, мұнда неге тұрмыз? Жүр, ауылға қайтайық! Жолдастарыңмен моншаға түсерсіңдер. Әбден шаңға батыпсыңдар. Шама - шарқымызша сый - құрметімізді көрсетерміз, - деп ол екі салт аттыға бұрыла қарады. - Қош келдіңіздер, тәуәріштар. Таныс болайық.

Олардың қасына барып, біртіндеп қол алысты.

Жоқ, Нұрис дос, біздің уақытымыз тығыз. Ақтардың әскерінің соңынан келеміз.Маңызды тапсырма орындағалы жүрміз. Анау Қара түп орманынан өткенде ақтар бізді байқап қалған болар. Қуып келуі ықтимал. Жолдап адастырып, тасалай тұруымыз керек. Сен аулақ қойнауларды менен жақсы білесің ғой.

- Білем.

- Қайда барған ыңғайлы?

Нұрислам сәл ойланды да, кесіп айтты:

- "Қасқыр апаны"! Ең ыңғайлысы сол болар. Есіңде ме?

- Есімде сияқты...

- Міне, қазір Бөләктен өтіп, Шытырлыға түсіңіздер. Құрғылық шұңқырын бойлап Құйқалыға соғыңыздар. Жол біреу - ақ. Қақпалының аузында кішкене ғана батпақ бар. Өтерде ат аяғының астына бұтақ сындырып тастаңыздар. Тұяқ ізі қалмасын. Іші қуыс аса жуан жалғыз үйеңкіге жеткен соң жол оңға бұрылып, тар ғана соқпақ солға, қалың көктерекке еніп кетеді. Ол "Қасқыр апанының" тап үстінен түседі. Оған кіруге шайтанның өзі де қорқады. Сенің зердең зирек еді. Ұмытпаған шығарсың.

- Ұмытқаным жоқ, - деді Кәшфолла. Өйткені ол жат жерде жалғыз жүрген кездерде өз ауылының барлық тоғайларын, төбелерін, тауларын, өзендерін, соқпақтарын, шалғындарын ойымен шарлап шығатын еді. Бала шақта кейін қалған туған жер қатты сағындырды оны.

- Тек маса - сонасы сұмдық. Шыдай алсаң.

- Шыдармыз.

- Қызық болды бұл өзі, Кәшфолла. Туған жеріңнен бір шыны аяқ шай да іше алмай кетіп барасың.

- Ризық бұйырса, ішерміз әлі. Жарайды, - деп ол манадан бері қара азбанға мойынын сүйеп тұрған құла айғырдың қасына келді, жүгенінен тартып, оны шетке бұрды, арық ұзын кеудесін азғана артқа тайсалдыра беріп, мініп алды да, жолдастарына иек қағып, ишара жасады. Олар аттарын тепсініп, жүріп кетті.

- Іңір түсуден күт мені, Кәшфолла, тамақ әкелейін. Қақпалыға кірерде үкі болып бір үн беремін, қуысты үйеңкіден өткенде екі рет... Сендер құс үніне салып, ысқырып белгі беріңдер.

- Жарайды. Сен де алды-артыңды абайла.

- Келістік.Тамақ та әкелемін.

- Тамақ жағына абыржыма. Қарнымызда бір күндік тамақ, арқамызда апталық азық бар... -деп әлгі салт атқа тиелген теңді көрсетті. Өзі сәл жымия күлімсіреді. - Сау бол!

- Хош бол, Кәшфолла.

Құрдасының атын айтқан сайын оның көңілі қобалжи берді.

Салт аттылар Бөләк шетіне желіп жетті де, орман бойлап біраз ұзаған соң бұрылып барып, көрінбей кетті. Нұрислам сонда ғана есін жиды:

- Өй - й, мәңгүрт таз, - деп оңашада өзін-өзі осылай сөгіп алатын әдеті бар еді. - Қолдағы тамағыңды бермепсің ғой...

Атыз шетіндегі жусанның түбіне көмілген бір шыны сүті мен шешесінің ескі алжапқышына оралған жарты көмеш наны бар еді.

Жігіттің көңілі қатты толқып, ойы сан-саққа жүгірді. Ақылға сыймайтын ғажайып қой бұл Кәшфолла, жарайды, адам баласы.

Аман болса, тұз - дәм тартып, бірде болмаса, бірде, түбінде туған елге қайтар - ау. Ал мына құла айғырдың иесінің қасына өзі келуі өңің түгіл, түсіңе де мың жылда бір енетін жай. Екеуі бір көрінді де, жоғалды. Әлде бүл тылсымды ғажайыпты Нұрислам ойдан шығарды ма? Дүние кенет өзгеріп кетті. Жаңа ғана көк жүзі де, көк жүзіндегі күн, де, алыс көкжиек те, ормандар да, темір тісті ағаш тырма жырған қара топырақ та, басын иіп тұрған ақсақ қара азбан да - бәрі де шын, әрі жақын еді. Әр қайсысын көріп, сезіп, ұстауға болатын. Енді олар қапелімде құбылып, басқа сипатқа, өзге түске өзгергендей. Нұрисламнан алыстап, шеттеп кеткендей, жартылай қиял, жартылай шындыққа айналғандай. Осы алмағайып дүниеде жігіт жалғыз қалып, адасқандай елегзи берді. Сонда бостан босқа секектеген болып шыға ма әлгі қазтамақ? Жоқ, босқа емес. Ол шын еді ғой. Жеткізген хабары да жай хабар емес. Кәшфолла... Құла жорға... Әрі екі салт атты... Бұлардың бәрі де осында болды. Тегі жақсы, сұлу, ізгі нәрселер кереметке ұқсап туады, анығырақ айтқанда, оларды кереметтің өзі туғызады. Осы ақиқатты ақылымен түсініп жетпесе де жігіт ішкі түйсігімен сезді. Шындық пен керемет қосылып, дүние ақырын сабасына түсті. Бірақ ол ақсақ атын қуалап, тырмамен көкке шаң көтергісі келмеді. Әрі көктен жерге түсе қоймаған мазасыз көңіл әлі қобалжулы еді.

Нұрислам атын доғарып, ағаш арасына айдап жіберді. Жаңбыр болмаған соң биыл шөп аласа, ашық жерде шалғыға да ілінбейді. Қара азбан іске де, шөпке де зауықсыз. Ол әуелі қисық қайыңға арық қабырғасын ұзақ сүйкеп тұрды да, пысқырып жіберді, бұдан соң артынан орманды жаңғырта жел шығарып, түске әзірлікті сонымен бітірді. Сөйтіп, шөп жеуге кірісті. Нұрислам қатты шөлдегенін жаңа сезді. Көмілген сүт пен нанын іздеп атыздың бойымен кетті. Азығы жердің басында қалған екен. Жусандардың түбін түрткілеп біраз жүрді. Жерге тізе бүгіп, алдымен сүтті қазып шығарды. Салқын шыны алақанына тигенде денесі біртүрлі рақаттана шымырлап кетті. Тісімен шыны тығынын жұлып алып, бір - екі жұтудан - ақ тәніне ләззат тарап, тұлабойы жеңіл тартып сала берді. Шыныны көтеріп, бірден ішіп бітірмей, рақаттана созып, жайымен, үзіп - үзіп ұрттады. Нанға тимеді. Қарынды қампайтып, шөл басқан соң Нұрислам кәдуілгі шаруаның пысықтығына басты. "Танаптың бір шеті ғана қалып түр. Анау жолға жетіп қалдым ғой. Бітіріп қайтуым керек. Кешке тойға барғалы тұрғаным жоқ" деп ойлады ол. Жүгіріп барып атына ноқта салды. "Бүл қай қиқарлығың? Әзілің шығар..." дегендей, ат басын тартты, тек қатты қарысуға шамасы да, құлқы да жоқ еді. Иесінің мына қызу қимылына қайран қалды. "Әлде манағы шауып кеткен құла айғырдың соңынан барамыз ба екен? Сөйтсек керемет болар еді, - деп ойлады ат, тіпті біраз жігерленіп кетті. - Мен кімнен кеммін? Төрт аяғым, төрт аяғымда төрт тұяғым бар, құйрық-жалым бар, кеудемде жаным бар. Заманында тіпті айғыр да болғанмын мен..." деп ол басын шұлғып, қайраттанып, бір-екі нық қадам басты. Тек тырмаға қарай жүргенде сағы сынып, қамыт кигізгенде бүкіл үміті үзілді.

Ойға батқан Нұрислам танапты екі - үш айналған кезде әлгі Ақжақып жолында тағы шаң көтерілді. Бұл жолғы шаңның құйрығы ұзынырақ, жуанырақ еді. Салт аттылар келеді. Жеті - сегізден кем емес. Кәшфолланы қуып жүрген ант атқандар болмасын... Тәйірі, бүл заманда жолда көлденең кек атты аз деймісің. Ауыл адамдары да жолда жалғыз жүрмейді қазір... Кеп етпей-ақ Нұрисламның күдігі дұрысқа шықты. Ақжақып жолымен қалаға қарай салт атты алты әскери кісі шауып келеді екен. Бүл жолы жігіт атының тасасына тығылмауды ұйғарып, делбені бірден тартып, атын тоқтатты да, келе жатқан аттылардан кезін айырмай қарап тұрды. Ешкімнен қорықпайды, ез жеріне табанын тіреп түр, үлкен жолдан кім етіп жатқанында шаруасы жоқ, тек қызық үшін қарайды. Бір аңқауға ұқсап қойса да зияны жоқ. Есуастау көрінуге де болады. Қажет жерінде, өзін қалай ұстауды, сезін қалай айтуды шамалап қойды ол Шектен шығып бас қатырмау, аса білгіш болып та көрінбеу керек шығар. Ақымақ па, әлде ақылды ма, кіммен сөйлесуге тура келетінін кім біледі.

Нұрисламның тұсына келіп жеткен салт аттылар кілт тоқтады, тек екпінмен жеті-сегіз қадам етіп кетті. Ол да кілт бұрылып, бұлардың қасына келді. Аттары ақ көбікке батқан, тіпті түстерін де айырарлықтай емес. Аттылардың жүздері анық көрінбейді, беттеріне қара перде кигендей. Тек еріндері қимылдайды, кездері жылтырайды. Иса мәулиді мейрамында көрші Богобор ауылының жастары ойында бір-бірін танымау үшін беттеріне осылай перде жауып келетін. Нұрислам мұны өз көзімен керген. Бұлардың жүздері, әрине, ластанып қарайған. Жігіттің кезі тұрқы ұзынша, қыл мойын, әсем жүрісті сарғыш жирен биенің үстінде отырған қойтапалдың иығындағы шаң басқан сары погонға түсті. Демек, солар. Бірақ погондының кескіні Нұрисламды шошытпады, қайта қызық көрінді. Қысқа үзеңгілерге оның құйттай етігінің табаны әрең жетіп түр. Үлкен кең ердің үстінде ол қораның шетіне қонған ала қарға сияқты мықшиып отыр. Тас атсаң, "қа – а - ақ!" деп ұшып кетер еді, атуға болмайды.

"Ала қарға" қарқылдап:

- Неге бақыраясың, аңқау? Мұнда кел! - деді. Шынында да оның қарлыққан даусы қарқылдап шығады.

- Кім? Мен бе?

- Сенен басқа кім бар мұнда? Ақымақ!

- Мына жолдастарың бар ғой...

"Ала қарғаның" жұқа құрғақ ерінінде болар-болмас кекесін күлкі жылт етті. Жігіттің топастығы ұнады оған. Ол өзінің "үш мұжықтың екеуі нақұрыс" деген қағидасына тағы бір дәлел тапты.

- Бегом сюда! - деп орысша айқайлады тапал.

- Бегим, бегим! - деп Нұрислам он бес адымдай жерден жүгіріп жетті. Орысша сөйлесуден жасқанбады. Әкесімен қаладан қалаға лау айдағанда орысша шүлдірлесуді үйреніп алған. - Чауа калякать будем, офицер әфенді?

- Не қалақай. Өзіңше сөйле.

- Сөйтсек, сөйтейік.

- Алдымен мына менің көзіме тура қарап, ант ет.

- Не деп, офицер әпенді?

Тапал тағы да жымиғандай болды. "Офицер әпенді" дегенге шікірейіп қалды. "Бәлкім, мына мұжық пәлендей нақұрыс емес шығар" деп ойлады ол.

- Сұрақтарға дұрыс жауап қайтаруға ант ет! - деді көзі зілдене зәр шашып.

- Бәлкім, антсыз - ақ дұрысын айтармын, офицер әпенді, ант деген қауіпті нәрсе ғой, бұзсаң, басыңа пәле.

- Ант ет! Алдасаң атамын! - деп ол беліндегі наған бәйенегін қағып қойды.

Нұрислам мойынын созып, тапалдың сұрлана қалған жүзіне қадала қарап:

- Оллаһи - білләһи, анау жалғыз қара азбаныммен ант етем. Алдасам, жер жұтсын! - Оның түбі көрініп тұрған кіршіксіз мөлдір көзінде титтей де өтірік, не қулық жоқ еді. (Тек "жер жұтсынды" асыра сілтеңкіреп жібергеніне іштей өкініп қойды). Сол көздерге кездескенде тапал сәл жасқаншақтап қалды. Бірақ қайта қалпына түсті. Тағы қарқылдады:

- Жер шұқылап жатқаныңа коп болды ма?

- Біраздан бері.

- Неше сағат?

- Біз деген, офицер әпенді, сағат болмаған соң, былайша, жерді сағатсыз шұқылаймыз, -деп Нұрислам кекетіп қойғанын өзі де байқамай қалды.

- Кекетпе, ақымақ!

- Біз, осы ояздың халқы, ылғи ақымақпыз. Ақылды болсам, мен де сен сияқты жақсы ат мініп, былғары ердің үстінде, беліме алты атар байлап, қонжиып отырар едім.

Тапалға "ақымақтың" бүл сөздері де ұнады. Ақымақтығын өзі де біліп тұр ғой. Өзін ақылды, психолог есептейтін қиқар басқалардың ақылсыздығын анықтағысы келіп, неше түрлі сынақ, тәжірибе жасауды ұнататын. Сол әдетіне басты. "Офицер әпендінің" аты тыпыршып, жер тарпып, "сөзді осынша соза беретін несі бар" дегендей, басын көтеріп қойды. Иесі түсінді. Шынында да ақымақпен несіне уақыт шығындап түр? Тапалдың ашуы келді. Бар дауыспен айқайлап, ақырып жіберді. Бүл дауыстың қайдан шыққанын құдайдың өзі ғана біледі:

- Қыршаңқы! Айт! Жарты сағат бұрын үш салт атты өтті ме осы арадан?

Нұрислам селк ете түсті, тек абыржымай, ақырын жауап қайтарды:

- Жақын арада ма? Иә, өтті. Үш салт атты, жетегінде бір ат бар. Қызылдар. Маңдайларына жұлдыз қадаған.

- Қайдан келе жатыр, қайда кетті?

- Олар ма?

- Солар! Солар! - деп тағы бақырды тапал.

- Әуелі анау Ақжақып жолынан былай қарай шауып келді, - деп иегімен ымдап көрсетті. -Енді қала жаққа бұрыла бергенде...

Жігіт үндемей қалды.

- "Бұрыла бергенде..." дейсің бе?

"Ала қарғаның" төзімі таусылды.

Нұрисламның көз алдына талай көріністер келе қалды, алдымен ойына талай қулық сап ете түсті. Ол шабыты шалқып, зейіні ашылғанын сезді. Енді Алдардың айтқанына ібілістің өзі де қалай сеніп қалғанын аңғармайды. Оның күнәсіз көздері одан сайын жарқырап, мөлдірей түсті.

- Енді етіп кетеді-ау дегенде... Аттарының басын шапшаң бұрды да мына басқа... жоқ, мен ол кезде анау жақта едім... менің қасыма шауып келді. Сүйегі шыққан тырыли арық біреуі менен Мақлашау жолын сұрады.

- Мақлашау деген не?

- Қоныс. Боярдың қонысы. Шаруасы ғаламат шалқып жатыр дейді. Шіркеуінде күні-түні қоңырау қағылады екен. Мұжықтар алтын мен күмісті бөлісе алмай, таласып, қан-жоса қырылысып жатыр дейді. Мұсылмандарды маңына жолатпайды дейді. Өзім барып көргенім жоқ. Таңертең соларды көрген Мұтаһар айтып кетті.

- Сен маған қайдағыны соға берме, - деді тапал бүл жолы сәл бәсең сөйлеп. - Мұжықтарға қайдан келген сонша алтын?

- Бояр көміп кеткен шомбал шойын сандық толы алтын мен күміс, гауһар, жақұт туралы қауесет көптен бері тарап жатқан. Күні кеше сол табылыпты. Қайдан есіткенін қайдам, әйтеуір, қызылдардың көзі қамасыпты. Ақ - қараны айыра алмапты. Сонда шапты. Ана – а - ау қырдың астындағы солардың шаңы әлі басылмаған.

Ол екі-үш шақырым жердегі Алыс алқабында шұбырған малдың шаңын көрсетті.

Тапал бұларды үнсіз тыңдады. Сенер - сенбесін білмеді. Сенбейін десе, байлар көміп кеткен қазыналар жер-жерден табылып жатыр. Сенсең... ертегіге ұқсас...

- Алдап тұрсың ғой, сұрқия! - деп тағы айқайлап жіберді "Ала қарға".

- Жоқ, алдамаймын. Алдағаннан кім оңған дейсің?

Тапал Нұрисламды бастан аяқ шолып шықты. Бар дүниесі - тұмсығы тесік шабата, ауы жамалған қызыл кендір ыштан, үстінде соры шыққан қара кендір көйлек, жиегі тесіліп қалған көк киіз қалпақ. Анау ер үстінде шалқая артына қайырылып, қарқылдап күліп жіберді. Басқалары сасып қалды. Офицер неге бұлай қуанды екен?

- Бәсе, алдамайды екенсің ғой. Әбден байып, шіріген шығарсың? Ха-ха-ха!

Байлық пен дәреженің қандай айлалы, сұрқия жолдармен келетінін білетін еді азып туған мырза. Отыз жасына дейін игерген ақиқаттарының бірі өрі ең үлкені осы болды.

- Күл, күл, төре. Төренің көңілі жай болса, бізге де жақсы... - деді Нұрислам. Оның жүзінде өкпе де, айла да, кінә да жоқ еді. Тек ықылас. "Офицер мырза" мұны көрген соң біржола жұмсарды.

- Әлгі немене, Баклашау ма еді?

- Маклашау.

- Иә, Маклашау жолы қайда?

- Сонау орман шетіндегі жалғыз шегіршінді көрдің бе?

- Көрдім.

- Соның қасына жеткен соң жолдың бір айрығы оңға тартады, солай қарай бұрылыңдар. Ұдайы төбелерді жағалап кете береді. Алты шақырым жер. Ә дегенше барып жетесіңдер.

- Әлгілердің аттары қандай еді?

- Қатты мақтайтындай болмаса да, жүрісі жедел Бір айғыры тіпті жақсы көрінді.

Тапал етігінің шыңғасымен биесінің сауырын түртіп қалды. Бие ытқып кетті. Салт аттылар сау етіп, құйғыта жөнелді. Кәшфолланың ажалы осылай кері кетіп, жолдан адасты. Тек мұрты салбыраған біреуі атын сәл шегіндіре келіп, Нұрисламның жауырынына қамшысымен тартып жіберді. Сөгінбеді, айқайламады. Керісінше, мәз болып, рақаттанып қалды. Тапал мұны байқады. "Жарайды, жазасы осымен бітсе, ризамын" деп қуанды Алдар. Біраз жүрген соң "Ала қарға" бұрылып қарады, тап осы кезде Нұрислам басынан қалпағын алды. "Құлдық мұжықтың қанына сіңген, міне артымыздан қалпағын шешіп, бас иіп қалды. Жалбақай! Большевиктердің бостандық туралы сандырағын қайтсін..." деп ұйғарды данышпан. Ал Нұрислам қалпағын тақыр басы терлеп, қышытып бара жатқан соң шешіп еді. Жалтырын желдетуге...

Ақтардың қарасы көрінбей кетуден Нұрислам орман шетіне барып, атын доғарды. Тырмасын, қамытын, қайыс бауларын қалың бұта арасына жасырды, делбесін жинап, иығына салды, аңызда қалған нан түйіншегі мен бос шыныны жүгіріп барып алып келді.Үйге қайтып, хабар беруге мұрша жоқ. Әлгілер дереу қайтып келуі ықтимал Келсе, ұстасын Нұрисламның құйрығын! Ол ақсақ азбанына шапшаң қарғып мінді де, Кәшфоллалар кеткен жаққа тартты. Азбанның салпиған құлақтары тікірейіп кетті, ішінен бір құйттай жігер ұшқыны тұтанды, аяғы жеңілдеді. Бәлкім, құла айғырдың ізін басқанын сезген шығар. Ара - тұра желіп те кетеді. Бұған тіпті өзі де таңырқайды, қартайғанда кәрібоз тарлан шықты дегендей. Қақпалы аузындағы батпаққа жеткен соң Нұрислам атынан түсті. Біраз бұтақ төселген. Батпақта тұяқ ізі көрінбейді. Аттар да бірінің соңынан бірі тізілісіп өткен болар. Соз байласқанындай, Нұрислам бір рет үкі болып өкірді. "Қасқыр апанынан" жауап келмеді. Келмейтін де шығар. Күндіз қандай үкі өкірсін. Батпақтан өткен соң іңір түскенін күтуге тура келді. Көз байлана үкі тағы да үн берді, оған бір құс ысқырып жауап қайтарды. Қуыс үйеңкі қасындағы үндесу қайта жаңғырды...

OН ЕКІНШІ ТАРАУ

ШӘЙМИДІҢ ДІНІН ЖАҢҒЫРТУЫ

Ақтар бұл жаққа қайта оралмады. Орал жақта қиратылыпты деп есіттік. Екі тәуліктен соң екі жолдасымен Кәшфолла әлгі жетегіндегі атқа мініп, жөніне кетті. Нұрислам қара азбанын мініп, құла айғырын жетектеп өз үйінің қақпасына келді. Көшеде кездескендер өз көздеріне өздері сенбеді. Құла айғыр көктен түсті ме? Екі тәулік жоғалып кеткен ұлының алдынан шыққан Қоян Шәйми қақпа алдына жеткенше: "Ақымақ! Ақылсыз! Меңіреу! Шешеңді зар жылатып, мені қорқытып..." деп қақсады. Бұдан соң құла айғырды танып, жым-жырт болды, бір ағарды, бір қызарды, біресе атына ұмтылып, біресе артқа шегінді, үстіңгі еріндері жыбырлап, өкіріп жылай жаздап, әрең төзді. Түтікші Шәймидің нені бастан кешіргенін бір сөзбен айтып жеткізу қиын. Оның аты қуаныш та, өкініш те алып келді. Кейде ол есіне түскен сайын: "Ай, қожайыным - ай, досты осылай тастап кете ме екен?" деп ойлайды ғой.

- Енді түс атыңнан, - деді ол тілге келіп, - қинама.

Атты қинамау керек пе, әлде өзін қинамау керек пе, ашып айтпады.

Ана жылы, шахтада кеп жұмыс істеп, аяғына қара құрым етік, үстіне қисық жағалы қызыл сәтен көйлек, басына көк қалпақ киіп, қолтығына сырнай құшақтап қайтқан Шәкіржанның Ғисметін көруге бүкіл ауыл жиналған-ды. Сол сияқты бүгін де ақтардың жау ішінде бір атын теуіп өлтірген, екіншісін мөңкіп құлатқан, ер үстіндегі офицердің қабырғасын қиратып, жерге сілкіп тастаған қайратты ақбоз атты тамашалауға халық ағылды. Шәймидің әйелі іске шорқақ болса да, тілге жомарт. Күйеуінің сол түнгі айтқандарын ол ертеңіне-ақ төкпей-шашпай елге таратқан-ды. Үй иесінің өзі бүл күні жұрт арасына шығып, керіне бермеді, кісіден емес, атынан ұялды. Бірақ келген кісіге қорасының есігін жаппады.

Қоян Шәйми осы арада талай ойға батты. Құла айғырды баяғыдан жоғалып кеткен Кәшфолла (қазір байғұстың сүйегі де шіріп кеткен шығар) алып қайтты деген хабарға ол мүлдем сенбеді. Баласының дұрыс айтқанын ол ұдайы бұрысқа жорып, тек жалғанына ғана сенетін. Бір бүл емес, басқалар да сөйтетін. Бәрін де құдайдың құдіретіне жорыды діннің "д" әрібін де санасына сіңірмеген түтікші Шәймұхаммед. Жануар ізгі аруақтардың жол көрсетуімен, періштелердің қанатына мініп келген деген ойға бекінді. Апта өтпей жатып семіз теке сойып, әйеліне қазан астырды, ауылдың маңдайалды болмаса да, көзге түсер үлкендерін, яғни өзімен құрбылас деген кісілерді бата алуға шақырды. Қонақтар сәкіге әрең жайғасты. Алғаш Мұса молданы шақыруды ойлаған еді, бүл ойынан дереу қайтты, теңі емес. Құттыяр азаншыдан әрі аспауды ұйғарды. Тамақтан соң құран оқитын кезде қақ төрде отырған Құттыяр азаншы жайды толық анықтап алғысы келіп:

- Бұл дұғаны о баста жоғалып кетіп, тәңірі жарылқап, періштелер көрсеткен жолмен иесіне қайтқан мал, яғни құла айғырға бағыштайтын шығармыз? - деді.

- Хайуанға бағыштап дұға оқу парыз емес, - деді ертеректе Бұқар жақта медресе сағалап, базар жағалап қайтқан Жасыл сәлделі Фәсхетдин - отыз жылдан аса енді осы жасыл сәлдесін байлап алып, әр дастарқан басындағы жұрттың сөзіне қыстырыла беретіндіктен мәслихатқа сирек шақырылатын.

- Хайуанның иесі болса, парыз! - деп кесіп айтты жуас Құттыяр.

- Оның сауабы бәрібір иесіне тиеді.

Азаншы құраннан бір сүрені аңыратып жіберді. Сүреден соң садақа таратылды. Құттыярға екі күміс теңге, қалғандарға бір теңгеден тиді. Асықпай тұрып, тағы дұға оқылды.

Қонақтары сәкіден түсіп, кетуге ыңғайлана бергенде Шәйми шалбарының қалтасынан әбден ысталып, қарайып кеткен сасық түтігін шығарып, басына көтерді:

- Жамағат! - деді. "Жамағат" түтікке қарап, аңқиып қалды. - Жамағат, сендердің көз алдыңда мына албастының емшегін, көңілді азғырғыш күнә ойыншығын отқа жағамын. Құла айғырым қайтқан соң құдай алдында арамнан арылғым келеді.

Ол түтікті қазан астында лапылдап жатқан ошаққа лақтырды. Едәуір мызғымай тұрғанымен, ысталған "албасты емшегі" лап етіп жанып кетті.

- Жарайсың! Құрметті Шәймұхаммед! Бір күнәдан құтылдың, мінеки... - деді Құттыяр азаншы жұрттан бұрын.

- Баяғыда жасауың керек еді мұны, - деп түзету енгізді Жасыл сәлделі, - бүкіл ауылды сасытқанша...

- Тәубе ету пенденің иманын жаңғыртады, - деп қосты азаншы,

- Бәрекелді!

Бұдан соң Қоян Шәйми бір-екі жұма мешітке барды. Ынтасы одан әріге жетпеді. Бірақ құла айғыр алдындағы айыбы бәрібір келе-келе оның жанын қинады. Тек хайуан ішінен де, сыртынан да өкпе айтпады, кеңілі ақырын орнына түсті. Дүние әдеттегі жөнімен дөңгелене берді.Әйтсе де жеңіл арбаға, әлде шанаға мініп, қайыс делбені екі қолдап тартып ұстағанда бұрынғыша ат желігінен көтеріліп, жүрегі аптықпайтын болды оның.

ОН ҮШІНШІ ТАРАУ

"ЕТ, МАЙ! ЕТ, МАЙ!"

Кәшфолламен мәңгілік қоштасқанда Нұрислам тағы да: "Жауыздар үстіңе кір шашқанда түк жұқпады..." деген еді. Алдар әсірелеп, әдемілеп айтты. Кір неге жұқпасын? Тәнде қалмаса, жанда қалады ғой. Кәшфоллаға кір жағу ғана емес, оны батпаққа батыруға тырысушылар да болды. Көп болмаса да, табылды.

Азамат соғысынан кейін Орынбордағы былғары зауытында тәп-тәуір жұмыс істеп жүрген кезінде Кәшфолла ауылын қатты сағынды. Сонау Қаранжылғада өткен баяғы балалық шақта солай болған-ды. Апта шыдады, ай шыдады, жыл шыдады. Ақыры төзімі таусылды.Зауытпен есеп айырысып, еліне қайтты. Артық ет бітпесе де, қабырғасы қатып, иықтары кеңейе түскен. Баяғы қызыл әскер киімін шешіп, үстіне қара бостон костюм -шалбар, басына кең жиекті қара шәпкі киді, шәпкісінің маңдайына қызыл жұлдыз қадады. Басқа дүниесі жоқ. Ең қадірлі бір дүниесі - костюмінің ішкі тес қалтасындағы партбилеті. Қайтып келуден бір жыл ішінде өгей шешесінің шаруасын дөңгелетіп әкетіп, ауылдастарының алдында беделі көтерілді, ел қызметіне қатысып абырой алған соң оны жұрт ауылдық кеңес төрағалығына сайлады. Жиында халық ілтипат көрсетті, тек бір ақсақал ғана сәл күмәнданды. Қарсы болмады, тек күдігін айтып:

- Біз бойдақ бастықтарға сене бермейміз. Бойдақ кісі некелілерге қалай ақыл айтады, бала-шаға жайын қайдан біледі? - деді.

- Абыржыма, ата, ертеңнен бастап бұған қыз айттырамыз! - деп айқайлады біреу.

- Одан әрісін өзі біледі! - деп қуланды екіншісі, - шама - шарқынша...

- Сені көмекке шақыра қоймас енді, - деп кекетті үшіншісі, - жұтына берме.

Реті келгенде құлыштықтар осылай қалжыңдасып та қояды. Мұны ешкім оғаш көрмейді.

Жиыннан соң Кәшфолла ойланып қалды. Ақсақал дұрыс айтады - ау. Сұр бойдақты біздің жақта қаңғырған теке дейді. Қалтадағы мөрмен халықты аузына қарата қоймас, еркек сабырлы болуы керек. Бойдақ сабыр сақтай ала ма?

Келесі көшенің торабында Гүлғайша деген бойжеткен қыз бар. Әкесі герман соғысында қаза тапқан. Сол Гүлғайшаға біраздан Кәшфолланың көзі түсіп, аңсары ауып жүрген-ді. Күні бұрын жаушы жібермей, хабар бермей, осы кеште жақын көршілеріне салып - ұрып әзі келді. Гүлғайша кесте тігіп, шешесі жіп иіріп отыр екен. Күзге салым түн ұзарды. Қол енерімен айналысуға болады. "Төрлет, көрші!" деп жігітті жылы шырайлы қарсы алды үй-іші. Қонақ жайғасудан қыз шешесі самаурынға жабысты.

- Абыржыма, жеңгей, ұзақ отырмаймын.

- Қайнай берсін. Самауырдың қайнап тұрғаны жақсы.

Гүлғайша сәкі шетінде отыра берді. Жүзінен әлі балалық кескіні кетпеген. Тек түсі ғана сондай. Бірақ жасы жеткен - он жетіге толған. Көшеде кездескенде бойшаңдау, толығырақ көрініп еді. Әлдеқалай бүрсиіп, кішірейіп қалған тәрізді. Жүзі албырап, кезінде үрей бар. Жүрегі лүпіл қағады. Өмірде есік ашпаған жігіт үйіңе кірсе, толқымай қайтесің... Кесте инесі бір рет саусағына кіріп кетті.

Біраз отырған соң Кәшфолла әр сезін салмақтай сөйлеп, келу мақсатын айтты:

- Ғайния жеңгей, Гүлғайша, сіздерге өте үлкен шаруамен келдім.

Ол сөз таппай, біраз үнсіз отырды. Үй иелері де не дерін білмей, сасып қалды.

- Біздің қолымыздан келетін шаруа болса, несі бар... - деген ана жүрегі шымыр етті.

Әлгі байсалды үнмен Кәшфолла сезін сабақтады:

- Ең әуелі сұрайын дегенім: Гүлғайшаның уағдаласқан адамы бар ма?

- Гүлғайша жас қой өлі.

- Оны білем. Мен сұрағыма жауап алсам, бұйымымды айтар едім.

- Жоқ секілді. Мына еркін заманда жастардың ойын біле бермейсің. Гүлғайша өзі жауап берсін.

Жауап орнына қыз басын шайқады.

- Ендеше, Гүлғайша, маған күйеуге шығуға сенің ризалығыңды, Ғайния жеңгей, сенің батаңды сұраймын.

Шешесі де, қызы да қатты састы. Қандай батыл жаушы десең - ші... Тура тартты. Әрине, айтқанымыздай, ана жүрегі де, қыз көңілі де Кәшфолла кіріп келгенде толқып кеткен-ді, бірақ осынша шапшаң болар деп ойламаған.

Шаруасын байыпты жасайтын, сабырлы әйел еді Ғайния. Есін тез жинады.

- Мына оттай ыстық лебізің, Кәшфолла, бізге тым тосын жай, - деді ол қажет болмаса да самаурынға көмір салып, - Ә дегеннен не айтарымды білмей, абыржып отырмын, аңғармай сөйлеген ауырмай өледі дейді ғой. Ойласу керек. Қабырғамызбен кеңесейік. Соз болған соң айта кетейін, жасауымыз да жартусыздау. Биыл жаушы күтпегенбіз.

Гүлғайша бұрынғыдан бетер бүрене түсіп, домалақтай жиырылып қалды. Іші - бауырын жалын күйдірді ме, салқын тоңдырды ма, аңғара алатын түрі жоқ. Сәкі шетінде қырын отырған Кәшфолла оған тура қарамай, тек ара-тұра мойын бұрып, көз тастап қояды. Қыз оған қараған сайын жақындай түскендей.

- Мен, Ғайния жеңгей, жасау сұрағалы келгенім жоқ. Көңіліне ұнасам, Гүлғайшаны өзіме келіншек етіп алуға айттырамын, - деп мақсатын тағы да ашып айтты.

Есімін есіткенде қыз толқып кетті.

Ғайния замана сырын сезетін, түсінетін кісі. Сондықтан: "Астапыралла! Өзіне-өзі қыз айттыру салты қайдан шыққан? Төңіректе жаушы құрығаны ма? Бұрын - соңды болмаған жай..." деп таңырқамады. Бұл заманда бәріне көне бересің, таңғалатын ештеңе жоқ. Ниеті дұрыс болса, соған да шүкір.

- Жасау беру керек, ел ішінің жол-жорасы ғой... - деп ыңғайсызданды әйел, - ел алдында ұялатын жайымыз жоқ, иншалла!

- Гүлғайшаның сөзін есіткім келіп отыр.

- Сөзін ол саған айтпайды, өзіме айтады. Ертең айтармын.

Жаушы - күйеу сәл жымиып қойды. Ол толқығанын сездірмеді, күн сайын атқарылып жатқан қырық шаруаның бірін орындап отырғандай, сабаз! Солайы солай. Кәшфолланың ішіндегісі тысқа шықпайды.

- Өгей шешеңнің батасын алдың ба?

- Күні бұрын сұрамағам. Міне енді аламын.

- Нәсіп болса, ертең. Жарайды, уағда осы болсын, енді шай ішейік.

Кәшфолла мен Гүлғайша осы кезге дейін кездескенде апақ - шапақ, мәре-сәре болмаса да, аздап сөйлесіп қоятын. Қыз жігітке ағай деп, жігіт оған бой жетіп келе жатқан көрші қыз деп қарайтын. Гүлғайша бүгін мүлдем тартынып қалды. Тіпті дастарқан басына да отырмады. Кәшфолла шайдан бас тартқысы келмеді. Сөзді қоздырмай, бірер шыныаяқ шай ішті.

Ертеңіне бұл оқиға елге жайылып кетті. Күн шығудан келесі көше торабынан келісім алынды, содан соң өгей шеше ризалығын берді. Түнде хабарласып, келісу бойынша әкесінен сұрап алған тарантасқа өзінің жирен қасқасын жегіп, жасыл доғасына сыңар қоңырау тағып, атының құлақтарына неше түрлі қол орамалдар байлап, жалына қызыл таспалар өріп, Нұрислам келіп жетті. Аппақ киіз қалпақты, көк жейделі, қара камзолды көшірдің өзі бір сурет еді. Белін буған ақ – қызыл - жасыл сүлгісі оның жай көшір емес, күйеу жолдасы екенін аңғартады. Алтақтада қонжиып отыруының өзі тамаша - заманында лау айдаған жігіт қой. Тарантастағы көмпиген қызыл көпшік үстіне ернекті кілем жайылған, кілемнің бір шеті қорап сыртынан салбырап түр. Пай-пай, күліп тұрған күнді айтсаңшы! Күн! Күзгі шуақтың ең шұғылалы шағы. Жер - алтын жүзік, көк оның зүбәржат қасы. Мейрам рухын сезген Нұрисламның аты тұрған жерінде билегенде жез қоңырау сыңғырлайды. Қоңырау сыңғырын есіткен балалар кешеге жиналып, маңайдағы көшенің екі жағындағы шарбақ, шетен, қора үстінен адамдардың бастары қылқияды. Кәшфолла ұялып тұр. Аттың безенуіне, доғадағы қоңырауға, досының беліндегі сүлгіге, жайнап тұрған кілемге, көмпиген көпшікке "ескіше болды" деп ыңғайсызданып еді, күйеу жолдасы табандап қарсы шықты:

- Ескіше емес, өзімізше. Ата-бабалардың салтынан аттауға болмайды. Той өмірде бір-ақ рет өтеді. Шалқитын жерде шалқы, сағына еске аласың әлі.

Олар Ғайнияның қақпасының алдына келіп тоқтады. Жігіт үйге кіріп, қызды ертіп шықты. Шешесі үйінде жылап тұрып ұзатып салды. Қалындық пен күйеуді көмпиген мамық жастыққа мінгізіп, Нұрислам көшір Ақжақыпқа тартты. Онда жаңаша "алдым - бердім" жасалып, бұрынғы бес тиындық бақырдай ғана мөр басылған неке куәлігін алып қайтты. Кешке қарай қызыл бұрышта қызыл той жасады, ән салды, биледі, күлдіргі ойындар ойнады жұрт - керемет көңілді болды.

Байсалды, сабырлы Кәшфолла мен пысық, тілі өткір Гүлғайша бір-біріне сайма-сай келді. Тату-тәтті ғұмыр кешіп, қосағымен қоса ағарды. Үш бала өсірді. Екеуі ұл, үшіншісі -Аққу... Аққу туралы орайы келгенде айтармыз әлі. Гүлғайша қартынан бір жыл бұрын жөнеп кетті о дүниеге. Кәшфолланың өміріндегі ең ұзақ жыл осы болды.

Тұрмыстары бірден жақсы басталған-ды. Кәшфолла алғаш сүрініп - қабынғанымен, келе-келе жұмысқа төселіп алды. Ақылы, тәжірибесі жетпеген жерде сабырлылығы құтқарды, қатаңдығы жетпеген жерде әділдігі жеңді. Ауылдың қамы өзінің қамына, өкімет қызметі өз қызметіне айналды. Осы ірі денелі, ауыр мінезді кісінің бетінен қайтпай, шамданып қалатыны бар еді. Тап сол тереңде жатқан шамшылдық бірде өзін пәлеге ұшырата жаздады.

Біраз жұмыс істеген кезі еді. Бір күні тұрмысы жақсы бола тұра салық төлемей, созып жүрген Мұқтасымды ауылдық кеңеске шақырды. Ондайлар туралы "жыланның аяғын кескен адам" дейді. Тілі тәтті, ойы зәрлі пенде ол. Жасайтыны қарау. Сыртынан жұрт "Түлкі Мұқтай" дейді. Шақырушыға ол: "Бүгін бара алмаймын. Алыстан келген қонағым бар, қонақ сыйлап отырмын" депті. Шақырғанда жұрттың бәрі тұра жүгірмесе де, келмей қалатын кісі жоқ еді. "Қонақ сыйлап отырмын..." деуін қарашы. Ендеше қонағыңды көрейік. Талма түсте талтайып отырған..." деп төраға өзі кетті. Бұған дейін жұмыс жағдайында үйден - үйге кезбеген. Қайыр сұрап жүрген бишара емес қой... Өкілетті кісі, өкімет адамы. Әрине, басыма қайғы-қасірет түскен, жанжал шыққан, өлім - жітімге ұшыраған, әлде қуанышқа кенелген үйге ол бірінші болып баратын. Адамдарды өкімет мекемесіне шақырып жұбату, құттықтау, татуластыру біртүрлі ыңғайсыз. Мұндай іс әр үйдің жанып тұрған ошағының алдында орындалғаны абзал. Кейде ыдыс-аяғы сылдыраған үйлерге ретін тауып, күні бұрын: "Жеңгей (немесе келін) мынадай уақытқа самаурын қайнап тұрсын, кіріп шығатын шаруам бар еді" деп хабар беретін. Кәшфолла бұл ақылды кітаптан үйренген жоқ, көңілімен сезетін.

Бұл жолы төрағаны түлен түртіп, жолдан тайдырмақ болды. Тоңмұржа көшесінің өр жақ басындағы жасыл қаңылтыр шатырлы, көк терезелі еңселі үйдің көтермесіне шықты. Аулада ешкім жоқ еді. Шарбақ бойында жатқан сары маңтөбет қысқа мойынын бұрып, марғау көз тастады. Үн шығармады. Мұқтайдың иті күндіз үрмейтін еді.

Кәшфолла ақ үйдің есігінен кіруден Мұқтасым көптен зарығып күткен қонағын қарсы алғандай, есен-саулық сұрасуға да ерік бермей, төрағаның алдынан құшақ жайып шықты:

- Төрлет! Төрлет, марқамат, Кәшфолла бауырым! Дастарқан үстіне келдің, мақтап жүреді екенсің. Дастарқанда тамағым, төрімде қонағым.

Үй иесінің тілі бұлдырлау, кептен бері ішіп отыр-ау, сірә. Үстелдің арғы басында орындықтың арқалығына сүйенген биік қара тақиялы, шұбар жейделі, жирен мұртының ұшы қайқайған, жасы қырықтың шамасындағы бейтаныс кісі селт етпеді.

- Ғайфолла бажа, бұл біздің ауылымыздың ең үлкен бастығы. Тұз-дәм айдап, өзі келіп тұр.

Ғайфолла дегені сәл басын изегендей болды.

- Төренің орыны төрде, қане, қонақтың қасына шық.

- Мен шаруамен келген едім, қолың тимей жатқан соң, - деді ол "қолың тимей жатқан соңды" баса айтып.

- Шаруа таусылмайды, бауырым. Біз де жұмыссыздықтан ерігіп отырған жоқпыз, ежелгі салтымыз бар ғой. Үйдегі қонақ сырттағы патшадан артық.

- Қонақ алдында айтқаныма айыптама, Мұқтасым ағай, салығыңды қашан төлейсің? Келген бұйымым осы. Өте көп кешіктірдің ғой.

- Айтқанның айыбы жоқ. Қонақтың алдында болсын, басқа жерде болсын - дұрыстың аты дұрыс қой. Қаражат тапшылығынан тарыққанбыз. Таяуда, иншалла, өкіметпен есеп айырысамыз.

- Ендеше, уағдамыз осы болсын. Енді сөз бітті.

- Уағда - иман.

Кәшфолла шығуға ыңғайлана бергенде үй иесі алдына тұрып алып:

- Жо-жоқ, Кәшфолла бауырым! Бүл қонақты сыйламағандық болады! Ата-бабадан қалған қастерлі салтымыз бар: қонақты сыйлау міндет. Салтымыздың күші заңмен бірдей, - деп дәлел айтты Мұқтай.

- Мен салтқа қарсы емеспін, - деді Кәшфолла сәл босаңсып.

- Салт халықтікі. Кеңес өкіметі неге халыққа қарсы шықсын, - деп үй иесі төрағаның сөзін мақұлдады. - Отыр мына қонақ бажамның қасына. Ғайфолла, бұл біздің ауылдық кеңесіміздің бастығы. Кіммен дастарқандас болғаныңды біліп қой.

Ғайфолла елең етпеді. Мас па, әлде ұйқтап отыр ма, кім білсін.

Кәшфолла сәл тартынып тұрды да: "Неге тартынамын мен осы. Қайта олар менен қорықсын. Аюдың үңгірінде тұрғаным жоқ..." Аюдың үңгірі болмағанымен, түлкінің іні еді бұл.

- Мен арақ ішпеймін ғой, - деді әлі түрегеп тұрған төраға.

- Ішпесең, ішпе, тамақ же, дастарқанымыз көркейсін.

Осынша жылмаң қонақшылдықты Кәшфолла жақтырмаса да, үйден шығып кете алмады. Ғайфолла қасындағы бос орындыққа жым-жырт барып отырды. Үстел толы тамақ: ысталған қазы, тегеште үйілген қой еті, баптап пісірілген тауық, бір табақша піскен жұмыртқа, домалақ - домалақ құрт, тоң май, бір тостаған сары май, подноста тау-тау боп үйілген бауырсақ, үлкен ақ сауытта қызыл ірімшік және басқа да тағамдар. Мұндай мол дастарқанды Кәшфолла бұрын көрмеген. Екі кісіге бола неге осынша тамақ әзірлеген.? Ұзақ сапарға аттанғалы отырған шығар бұлар. Тамақ әлі мұрты шағылмастан тұр. "Қаражат тапшылығынан тарыққаны осы ма? Біреулер бір тістем нанға мұқтаж..." деп ойлады төраға.

- Тамақ ал, Кәшфолла, тамақ ал, - деп қыстады үй иесі, - арақ құяйын ба?

- Рахмет. Құйма. Жеймін ғой. Алдымда тұр. Абыржыма.

- Иә, қонақ алдына ас қойдым, екі қолын бос қойдым дегендей, - Мұқтай дастарқан үстіндегі араб әріптерімен "Таһил шарабы", яғни бидай арағы деп жазылған орталанып қалған күбі шыныға ұмтылды. Көтермей, мойнынан тартып, қисайтты да, екі шыны аяққа арақ құйды, біреуін қонақ алдына қойды. - Біз мұны тәтті болғандықтан ішпейміз, жанымыз жай тапсын деп ішеміз. Демек, сенің жаның тыныш, сондықтан ішпейсің.

- Ішпеймін. Жаным қиналса да ішпеймін.

- Иә, сен ұдайы сүйкімді, қанағатшыл, тәртіпті, ақылды көріну үшін ішпейсің. Ішіп алған соң басыңды қорғау қиын ғой. Енді сен ішіп, мас болған соң ақылды, қанағатшыл болып көрші.

- Неге өйтемін?

- Солай. Сен ішуден дереу жындыға, шошқаға айналып кетесің. Содан құтың қашып, қорқасың, - деп алдындағы шыныаяқты көтеріп, аузына төңкере салды да, бір тілім қазы асады. Азырақ тілі де күрмеле бастады. Әлі үндемеген Ғайфоллаға қарады. - Ойыңды бөлсем, бажа, қателессем, шоқынып кетейін. Бір шыныаяқ ішсе, есі кетеді мұның, - деп сұқ саусағын төрағаға шошайтты.

Кәшфолла орнынан тұрғысы келіп қозғала бергенімен, тұра қоймады, бірдеңе жібермеді. "Құтың қашып қорқасың..." дейді.

Осы кезде ербиген жирен мұрттың астындағы майлы ерін қыбыр етті. Тек үн шықпады. Мұрт иесі дереу ұшып түрегеліп екі қолын үстелге таянды.

- Қорқақ! - деп айқайлап жіберді ол, - Арақ ішуге де жүрексінесің! Бишара! Ел басшысы болғаныңа... Кімнен қорқасың сен? Дүниедегі ең жек көретінім қорқақтар!

Кәшфолланың да ең жек көретіні қорқақтық еді. Тізесінің үстінде жатқан сол қолының жұдырығын бір жұмып, бір ашты. Көзі алақанындағы ырсиған тыртыққа түсті. Сонау он сегізінші жылы аттылар атакасында ақ казакпен бетпе-бет шайқасқанда қолында қылышының сабы ғана қалған. Қарусыз қызыл әскердің төбесінде қазақ қылышы жарқылдады. Қолы ұзын атты әскер ә дегенше қылышты сол қолымен ұстай алды. Білегін қып-қызыл қан жуып кетті, бірақ ол қаруды жібермей, жұлып алды. Төраға тыртық алақанын тағы да жұмып, ашты. "Қорқақ қол ма бұл?" Кенет ұялып кетті, сол ұяты көңілінің түкпіріндегі шамына тиді. Көңілін түлен түртті.

- Терің жұқа сенің, тесіліп кетер деп қорқасың, - деп ақырын қайталады Ғайфолла.

- Бастыққа қатты тиіспе, бажа. Мен одан күн көріп отырмын.

- Тиісем! Олар қатты тиіскенде біз шыдаймыз ғой. Қорқақтардың бетіне түкіремін мен! Міне, былай, - ол балаларша тіс арасынан шырт еткізіп түкіріп жіберді.

Кәшфолла кетпекші болып, тағы қозғалды, бірақ өжеттігі жібермей, тоқтатты.

- Құтың қашпасын, аузыңа зорлап құймаймыз, - деп қолын сермеді қызып алған қонақ орындыққа қайтадан шалқайып.

Кімнен сөз есітіп отыр бұл? Өзін үстем санап, қомпиып отырған кім мынау? Қызыл әскердің ерлігі қайда?!

- Құй! - деді Кәшфолла. - Толтырып құй!

Түлкі Мұқтасым бұған таңданбай-ақ шыны аяқты толтырып арақ құйды. Асыққаннан қолы дірілдеп кетті:

- Тілегімізді қош көріп, ниетімізді құптасаң, мінеки, - деп оның алдына қой еті салынған тегешті ысырып қойды.

Кәшфолла шыныаяқты көтеріп, тыныс алмастан түбіне дейін тартып жіберді. Етке ұмтылмады. Ішімдіктің ашуын тамақпен басуды білмейтін еді ол. Алғаш өңеші өртенгендей, дем шығара алмай, булығып қалды, кейін іші қатты бұрып ауырды. Біраздан соң қан тамырларын қуалаған жылы ағысқа қосыла тәтті күй жүгірді. Сол күй құлағында еркелеп, жүрегін елжіретіп, рақатқа батырды. Көңілі ашылып, ашуы тарап кетті.Үй іші жарқырап, терезе қасегіне ілінген сүлгілерге жан бітіп, қимылдай бастады.

- Бір түйір дәннен көже де болмайды, ботқа да болмайды. Жұп болсын, - деп үй иесі шыныаяқты тағы толтырды. Өзіне де құйды. Қонақтың шөлмегін әбден меймілдетіп жіберді, - Келіңдер, мынаны бірге көтерейік.

- Жоқ, бір өзім көтеремін.

- Еркің өзіңде. Сен - бастықсың ғой.

Екінші шыныаяқтан соң дүние қақ жарылды. Бір жағы жарық, екінші жағын бұлдыр тұман басқандай. Перденің өрнектері секіріп, еденге құйылып, үстелдегі күбі шыны жоғары ұшып, түбі үйдің төбесіне жабысты, оның төңірегінде шыныаяқтар айналып жүр. Сыңар аяқ толтырылған тауық тұрып кеткісі келеді, кетер еді - ау, табақшалардағы жұмыртқаларды жарып шыққан шөжелер оған ерік бермейді, қарнына қонады. Ғайфолланың ербиген мұртының ұшына екі торғай оралып қалған. Біраз осылай болып тұрды да бәрі оз орнына қайтты. Бірақ басты мең-зең есеңгіретіп қайтты.

Қызық. Кәшфолла кенет бала кездегі санамақты есіне алды:

- Бір, екі, үш, үштен әрі күш! - деді шыныны түртіп көрсетіп.

Үшінші шыныаяқ төрағаны бұл дүниеден мүлдем қол үздірді.

Дүние енді ашық та емес, бұлдыр да емес, ол жоқ қазір. Кәшфолла отырған жерінен құлап кетіп, еденге сылқ ете түсті.

Түлкі Мұқтай алғаш жұртты шақырып, бұл масқараны елге өзі паш етіп: "Мінеки, көріңіздер бастықтарыңызды! Танисыздар ма?

- Танысаңыздар, алып кетіңіздер. Маған қажеті жоқ" демекші еді. Бұл ойынан қайтты. Осындай хәлге жеткізгені үшін халық та оған алғыс айта қоймас. Кімнің үйінде - мұның үйінде. Мұқтай бұдан да мекер ойға келді.

Қамыт-доға, темір-терсек, керосин, сабын сатып, пайда тауып отырған Мұқтасымның қолында қайын жұрты жағынан алыс жекжат боп келетін бір қызметшісі бар еді. Жалшы емес, әшейін, жекжат. Ақылға кенделеу бұл құбыжықты Есті дейтін жұрт. Оның толық атын - Естуған ба, Естемір ме, Естамыр ма - ешкім білмейді. Бұл ауылдың молдасы ат қоймаған оған.Қора сыртында көң жинап тұрған Естінің қасына Мұқтасым өзі келді. Есті қожайынына кездескен сайын қалтырап кететін әдеті.

- Қорықпа, Есті, мен бүгін қатты келмеймін.

- О не дегенің, сен мүлдем қатал емессің ғой, жездей, - деп қожайынының көзіне жарамсақтана, бақырая қарады.

- Алдама, Есті, мен қаталмын, талай таяқ жегенсің.

- Бұйырған таяқты жедік қой, жезде...

Мұқтасымның көңілі көтеріңкі еді. Ол тіпті құбыжықтың арқасынан қағып қойды.

- Бар, дереу шабаташы Хәбетдиннің қол арбасын сұрап әкел.

- Бермесе?

- Береді. "Жездем айтты" десең.

Мұқтасымның өтінішін орындамайтын адам бүл ауылда сирек. Шабаташының екі доңғалақты қол арбасын Есті демнің арасында зырғытып алып келді. Мұқта мен Есті Кәшфолланың былқ-сылқ еткен буынсыз денесін екеулеп көтеріп, қол арбаға шалқасынан жатқызды. Жұлдызды қара шәпкісін көкірегінің үстіне қойды. Жөке қабығын таситын арба ұзын еді. Дененің аяқтары ғана тізеден темен қарай салбырап қалды.

- Ет сатушылар көшеде қалай айқайлайды?

- Ет сатушылар ма? Қайдам, жездей.

- Ойланшы азырақ.

- Ә - ә, таптым: "Ет, май! Ішек-қарын! Ет, май! Ішек-қарын! Жаңа ғана сойған мал!" - деп өзінің зеректігіне қуанған отыз жасар сәбидің көзі жайнап кетті. - Осы ма, жезде?

- Осы. Бүгін сен қасап боласың.

- Қалайша?

- Тыңда. - Ол қол арбада үнсіз жатқан төрағаны ымдады. Кәшфолла ұйқыдағы бала секілді, қабағы түюлі, еріндері дүрдиіп түр. Өңі қашқан жүзіне ірі-ірі тер тамшылары үйірілген, жалбыраған сарғылт шашы дымқыл маңдайына жабысқан, көзі жұмық.

- Құлағың түрік болсын! - деп қайталады қожайын. - Қазір мына арбаны тартып, алдымен ақырын ғана Тоңмұржадан төмен түсесің, Түбек тығырығынан Үшәтешке шық, одан Базар көшесіне көтеріл Кеңсені білесің бе?

- Кәшфолланың кеңсесін бе? Білем.

- Жүгіңді сол жерге аудар да, арбаңды Хәбетдинге тапсыр. Түсіндің бе?

- Түсіндім, жезде.

Неге бұлай жасау керек екенін Есті түсінбеді, әрине. Сұрағысы келді. Бата алмады. "Неге?", "Не үшін?" деп сұрауға оған тыйым салынған. Сұрай қалса, басына, не жағына жұдырық сарт етеді. Жуан Мқтайдың бойы қысқа. Балдызының басына жұдырық сілтегенде өкшесін көтеруге тура келеді. "Осынша ұмтылып, аптыққанша, арқадан - ақ соқпай ма?" деп таң қалатын Есті.

- Қазір ең керегін айтам, - деп ескертті Мұқтай, - өзіміздің қақпадан шыққан соң бір-екі үйден өткенше үндеме. Асықпа. Содан соң біраз жүр де, тоқтап, айқайла, тағы жүріңкіреп барып, тоқта да, айқайла.

- Не деп айқайлайын, жездей?

Мұқтайдың ашуы алқымына тығылды. Тастай жұдырығын бірден түйді. Естен танғанша сабағысы келгенімен, тоқтады. Ұрсаң, бүл хайуан ақыл-есінен әбден танады. Ол тіпті дауысын жұмсарта түсті.

- Жаңа өзің айтқанды айқайла. Ұмыттың ба? Иә, есіңе түсір...

- Есіме түсті, жезде! "Ет, май! Ет, май!"

Мұқтай қақпаның кішкене есігін ашты. Есті жүгін тартып, шығып кетті. Күн шыжғырған ыстық. Жан-жануарлардың бәрі, бүкіл өсімдік әлсіреп қалған. Қора сыртындағы картоп сабағы мүлдем солып жатыр. Көшеде ит түгіл, бала-шаға да жоқ. Бәрі де қуысқа, көлеңкеге тығылған. Үлкендер егін басында, қара бидай орағында. Күн тас төбеде. Алпамса Естінің көлеңкесі аяғының ұшында ербеңдейді. Ол жалпақ шабатасымен шаңды бұрқыратып, балпаң басып барады. Бір үйден өтті, екінші... қақпа алдында тұрған Мұқтай абыржи бастады. Ақылсыз неме ұмытып қалған жоқ па? Жоқ, ұмытпапты. Үшінші үйдің тұсына жеткенде аялдады да, бүкіл көшені жаңғыртып, айқай салды:

- Ет, май! Ішек-қарын! Ет, май! Жаңа ғана сойылған мал! - Алғашқы үрейі басылған Есті асықпай жүріп кетті. Қожайыны алаңсыз ұйқтап отырған қонағының қасына келді, бір шыныаяқты толтыра арақ ішті де, рақаттана тамағын қырнап қойды.

Бірінші айқайлағанда назар аударып, көшеге ешкім шықпады. Есті өз ісін жақсы орындауға тырысып бақты. Екі-үш үйден өте бере:

- Ет, май! Ішек-қарын! - деп айқайлай берді.

Біраздан соң жұрт үйлерінен шығып, алдан кездескендер тоқтай қалып, көз көрмеген, құлақ есітпеген көрініске қайран қалды. Арбаның соңынан дабырласып бала-шаға ерді, көлеңкеде тілдері салаңдап, ырқылдап жатқан иттер шыға келді.

- Астапыралла! - деп шыр ете түсті бір кемпір. - Мынау біздің Кәшфолла ғой. Қандай күйге түсірген. Ұрған ба?

- Мас ол, - деді Есті. - Кеңсесіне алып келе жатырмын. Ет, май! Ет, май!

- Айқайлама, тамағыңа тас тығылғыр! - деп жекірді сексен жастағы балықшы Нәсір. -Мүмкін емес! Кәшфолла ішпейтін кісі...

- Улаған шығар, байғұсты!

- Жаман иіс шығады өзінен, - деді Кәшфолланың ашық ерінінде құжынаған шыбынды қағуға келген әйел.

Арбаның айналасында әзірше кәрі - құртаң мен бала-шаға жиналған соң Есті тоқтамады. Ол айқайлай - айқайлай Тоңмұржаның төменгі ұшына жетті. Мұны көргендер аң-таң болып қарап тұрды, екіншілер соңына еріп, ұзатып салды. Таңырқаған ашық - ауыздар көбейе түсті. "Қасап" бұрынғысынша: "Ет, май!" деп айқайлай берді. Көшелерде тұрған кемпірлер: "Я, раббы, өзің сақта..." деп күбірлесе берді. Кімді сақтау керек - төрағаны ма, әлде өздерін бе, ашып айтпады.

Түбек тығырығына бұрылар алдынан бұған әлгі балықшы Нәсірдің өткір тілді немересі Ділмұхаммед кездесті. Ол бір қап жаңа қара бидай тарттырып, диірменнен қайтып келеді екен. Қол арбада ес-түссіз жатқан Кәшфолланы көріп, жүк үстінен секіріп түсті:

- Тұра тұршы, жігіт! Бұған не болды! Ұрды ма?

- Жоқ-ә. Удай мас, - деді Есті. - Сенбесең, әнеки, иіскеп көр... Ет, май! Ішек-қарын!

- Көрсетейін мен саған ішек-қарынды! Ақымақ! - Ділмұхаммед керіле беріп, шылбырмен Естінің арқасынан тартып қалғанда анау екі қолымен басын қорғады, қол арба кейінге сырғып кетті. Кәшфолланың денесі сусып түсіп, басы жерге соғылды. - Имансыздар! Құтырған иттер! - деп әлдекімді сөгіп тастады. Төрағаны қастандықпен масқаралағанын нәзік көңілді Ділми бірден түсінді. - Дастарқан басында аузына арақ алмаған кісіні қандай хәлге түсірген, залымдар!

- Немене, мен дейсің бе? Жездем тапсырды ғой.

Есітті ме, іші сезді ме, әлдеқайдан Құрбанғали шыға келді. Құрдасының өліктей сұлық жатқанын көргенде тілі байланып, көз алды қарауытып кетті, бақырайды да қалды. Денесіне сай келмейтін ұзын қолдары салбырап қалды: "Өлтірген ғой" деп ойлады.

- Heгe мелшиіп қалдың, Құрбанғали? Кел, менің арбама көтеріп салайық.

Олар денесі қамырдай былқ-сылқ еткен Кәшфолланы екеулеп көтеріп, қаптың қасына жатқызды. Біреулер болысқысы келіп еді, Ділми: "Қой, өзіміз - ақ..." деп жолатпады.

Жұлдызды қара шәпкіні Құрбанғали қолына ұстады.

- Айтып бар жездеңе, Есті, мына қылығы үшін қан құсады әлі... - деп ескертті Ділмұхаммед.

- Айтпаймын. Мықты болсаң, өзің айт.

Күйеуінің мына жағдайын көргенде Гүлғайша шошып кетер деп Кәшфолланы өз үйіне алып бармады, Үшәтештегі Құрбанғалидікіне тартты. Өйткені әйелі бүгін-ертең босанады деп жүрген – аузы - мұрнынан шығып отыр. Құрбанғалидің шешесі аурушаң болған соң неше түрлі шөптің шипасын білетін еді.Запыран құсып біткен Кәшфолланы кекіренің сөлін ішкізіп, айықтырып алды. Кешке қарай ауру басын көтерген соң Құрбанғалиға тауық сойдырып, қазан асты, ас пісер алдынан баласын жұмсап, Гүлғайшаны шақыртты. Төртеуі дастарқан басында көңілсіздеу отырды.

Елде бұрын-соңды болмаған оқиғаны біреулер көзімен көрсе, екіншілер естіп білді. Осы кеште бүкіл Құлыш гуілдеп кетті. Аяушы да, айыптаушы да, ақтаушы да болмады дерлік. Бүкіл ауылдың шығыршығы шығып кетіп, бар таянышынан айырылып қалғандай болды. Қысқасы, жұрт қайран қалып, естен танды.

ОН ТӨРТІНШІ ТAPAУ

ЖАЗА КҮШ

Ежелгі Римдегі Капитолий төбесіндегі сарайда мәртебелі мәжілістер, яғни сенат отырыстары, халық жиналыстарымен қоса соғыс және бейбітшілік туралы айтыс-тартыстар, ел алдында айыпты болған қылмыскерлерге үкім шығару, ел мерейін көтерген батырларды мадақтау осы жерде өткізілген. Бұлар қазір заманалар түкпіріне, зерде түнегіне батып кеткені белгілі ғой.

Ал Құлышта қазір осындай бір атақты орын бар. Ауылдың тап ортасында, өрт мұнарасы сорайған дөңіс алаңда тақта шатырлы жиын үйі қоқырайып түр. Ол сонау төңкеріске дейін көптің күшімен екі бөрене ұзындығындай ағаштан салынған. Діни уағыздар мешіттерде айтылса, қоғам өмірі туралы тартыстар, күнделікті тіршілік қамының өзекті мәселелері осы жерде көтеріледі. Қазір оны клуб дейді. Тығызырақ толтырса, жүзден астам кісі жайғасады. Күтуші жалдаудан бастап ауыл ағасын сайлауға дейінгі ең маңызды мәселенің бәрі осында шешілген. Әлі солай.

Күн батудан клуб маңына жұрт ағыла бастады, осы кезге дейін үйінен шықпаған әйел -қыздар да, кәрі - құртаң да көрінеді, бала – шаға жемге жиналған шабақтай үймелеп жүр. Оларды әлсін-әлсін қуып жібергенмен, қайта соғып, жабырлап кетеді. Шам жағылудан осында жиналыс басталмақ. Төраға Кәшфолла басын иіп, халық алдына келіп тұрады. Күндіз салт атты екі бала: "Кеш түсуден клубқа келіңіздер! Кеш түсуден клубтағы жиналысқа келіңіздер!" деп бүкіл ауылды айналып шықты.

Тәулік ішінде Кәшфолла оқиғасы туралы хабар Ақжақыпқа да барып жетті. Төгілмей -шашылмай жете қоя ма, қосып - шатып жеткізілді. Ол тал түсте удай мас күйінде ауылды басына көтеріп, айқай салыпты, кездескен әйелдерге жабысыпты, бұл аз болса, аяғы ауыр әйелін сабапты. Аудан басшылары қатты ренжіді. Қыңырлығы бұрыннан да күйдіріп жүрген-ді. "Тап бүгін қуыңдар!" деп әмір берді үлкен бастықтың сәл төменірегі. Бұл іске көреген емес, қатал кісі керек болғандықтан Құлышқа біртоға қатыгез кісіні жіберді. "Ән салмақ түгіл, алдымда билеп тұрады!" деп ойлады жол бойы тарантаста қырындап жатқан өкіл Тұзы мен бұрышы басым ыстық тамақты ұнататын еді ол! Бал мен май жайына тұрсын!

Клуб есігі ашылудан жұрт ішке лап қойды. Сахна сияқты сәкіде қызыл мата жабылған үстел түр.Үстел үстінде жетілік шам жағулы. Клубтың түкпірлеріне ілінген ондық шамдар жарық беріп түр. Халық ығы-жығы. Оны тиып, тыныштандырып жатқан ешкім жоқ. Бұрын Кәшфолла күркіреген дауысымен: "Тыныш! Тәртіп сақтайық, жолдастар!" дер еді. Ұзын қонышты, биік өкшелі сары құрым етік, галифе шалбар, өңіріне көп ақ түйме тізілген, қайырма жағалы қара жейде киген бойшаң кісі үстел басына келіп отырды. Жүзі ақ құба, мүләйім, шашы қап-қара. Көзінің түсін білу қиын, құбылып тұрады. Қарағаны қызық, бұлдыр, қарап тұрған нәрсесін көрмейтін тәрізді. Ол біраз үнсіз тұрды. Құлыштықтар бірдеңе айтып тоқтатпасаң, шуласа береді екен. Сондай жүгенсіз халық... Әлгі кісі оң қолын алға созды. Жұрт көрмеді ме, әлде түсінбеді ме, шуласа берді.

Бірінші қатардағы ұзын орындықта отырған Кәшфолла шыдамады, түрегеліп, артқа бұрылды:

- Тәртіп сақтайық, жолдастар! - деді жайлап қана.

Халық тынып қалды. Сонда да әлгі бейтаныс кісі сөз бастауға асықпады. Ол бойын билеп, күш жинады. Бір сәт көкірегінен күркіреп шыққан дауыс клубты дүр сілкіндірді:

- Бұл, жолдастар, әдеттегі жиналыс емес. Төраға да, хатшы да сайламаймыз. Мен өкімет өкілімін. Екеуі де өзім. Ныспым Қылышбаев. Ескертіп қояйын: ныспым мінезіме сай. Күн тәртібі біреу-ақ - төрағаны орнынан түсіру, - деп ол жарыла жаздап, айқайлап жіберді. Алдыңғы жақта отырғандар селк ете қалды. - Ұят! Қорлық! Не деген сұмдық?! Бүкіл ауыл белшеден боққа баттыңыздар! Төрағаларың кім болып шықты! Дәлду, маскүнем, бұзық, ойнасқор, қияңқы болып шықты! Масқара! Тап бүгін жұмыстан қуып жіберу керек! Партиялық жағын... - деп ол сұқ саусағын жоғары шошайтты, - ана жақта, жоғары жақта қараймыз! В конце концов! - деген дауысы да, айтқан сөздері де жиналғандарды басып тастады. Соны сезген өкіл сәл кідірді. Кездеген мақсатына жетті ғой. Әйтсе де жиналыста отырғандардың бірі дереу есін жинады:

- Тұра тұр сен, кім... өкіл Қылышбаев! - деп орнынан атып тұрды жиналыс сайын сөзге араласатын партизан Шарғия. Партизан болғаны үшін емес, шайпау қылықтарына қарай ел оны солай атайтын. Мектептің пешін жағып, еденін сыпырып жүретін жесір әйелдің тілі ащы. - Өкіл Қылышбаев, қылышыңды жалаңдатпай тұра тұр! Кімді айтып тұрсың сен? Бізде ондай тораға жоқ.

- Тағы қандайы бар еді? - деп жекірді өкіл, - Сіздсрде екеу ме? Біздің білетініміз - біреу. Мына менің алдымда отырған. Түр, Зұлқарнаев, мына жаққа шық. Ауылдастарыңның алдына келіп тұр. Көрсін! Ұялмасаң, көздеріне қарап отыр. Мына жерге, - деп ол екі орындықтың бірін көрсетті.

Кәшфолла сәл тартыныңқырап отырды да, батылданып, орнынан түрегелді, кесек дснесіне ыңғайсызданғандай, иіліп қалды. Дұшпан алдында ешқашан бас имеген кісі өз адамдарының алдында еңсесі түсті.

- Шапшаңырақ! - деп қыстады оны өкіл

Сахнаға шығып отырған соң Кәшфолланың көңілі басылды. Көз алдында бірге өмір сүріп, еңбек еткен ауылдастары. Жат жоқ. Біле тұрып, олардың бірін де ренжітпеді. Қызмет бабында, әрине, түрліше жағдай болған шығар. Бірақ оған ешкім кінәласып жатпайды. Клубтың іші қараңғы, адамдардың беті анық көрінбейді.

Олар дауылдан жығылған қара бидай секілді, жапырылып қалған. Қылышбаев көтерген дауыл солай жапырды. Осы кісілер бір сәт басын көтеріп, теңселіп кетіп, оны оттан алып, суға салар ма екен? Жаңа Шарғия жұрттан бұрын көтерілді ғой. Жұрт оның сөзін кері бұрып, есепке алмауға үйренген.

Партизан Шарғия бүгілмеді де, иілмеді де, өкілге:

- Сен, Қылышбаев, әлгі сөзіңді қайтып ал! Бүкіл ел алдында біздің төрағаны масқара қылдың. Бізді қорладың! Қайтарып ал сөзіңді! - деп айқай салды.

- Мен бе? Сөзімді ме? Сен кімсің? Сен - шатақсың! Даукес!

- Мен даукес болсам, сен өсекшісің! - деп ол жуан бөксесін орындыққа салп еткізді. Әйел шектен шығып кеткендіктен клубтағылар ыңғайсызданып, орындарынан қозғалақтап қойды.

- Ендеше, әр бұзықтығына жеке-жеке тоқталайық,- өкілдің дауысы бәсеңдей түсті. -Маскүнем бе?' Маскүнем!

- Маскүнем емес ол! Ішсе, бір-екі шыныаяқ ішкен шығар сонда, - деп түзетті артқы қатардан бір байсалды дауыс.

- Ендеше, бұған дейін жасырып ішкен. Бірінші рет ішкен кісі бір стақаннан артық іше алмайды, шашалып қалады, құсып тастайды. Оны білеміз. Маскүнем! Бұл - бір. Көшеде әйелдерді шырқыратып қуып жүрген бе? Жүрген. Бұл - екі ме? Екі.

- Астапыралла! Шылғи өтірікті соғып түр мынау. Кәшфолла әйелдерді қуып жүр дейді-ау.Оған енді қалғаны сол еді! Өліп барам, оллаһи! - деп таңырқады бір ауызды келіншек.

- Қайдан білесің, қасында жүрдің бе? Бәлкім, шырқыратқан шығар... Бұл дауыс артқы оң бұрыштан шықты.

- Шырқыратқан Кәшфолла емес! - деп өжеттеді әлгі әйел.

Ара - тұра күліп жібергендер де болды. Жұрт жасқануды қойды.

Бірақ Қылышбев айтқанынан қайтпады. Айқайлап, қорқытып - үркітуге әбден төселген. Қатар-қатар отырған адамдарды тұнжыр көзімен ұзақ байқап алды. Тағы да жым-жырт тыныштық орнады. Қылышбаевтың даусы зеңбіректен атқандай күркіреп шықты:

- Әйелі ше? Жүкті әйелін кім сабаған? Мен барып сабағанмын ба сонда? - Галифе қалтасынан ол бір парақ қағаз шығарды. - Міне, мынада бәрі жазылған. Құжат!

"Құжат" дегенге жұрт тағы да елең етті. Құлыштықтар жазба бұйрықтан, жазба шақырудан, жазба айыптаудан өлердей қорқады. Осы "құжат" дегені Кәшфолла туралы бұлардың өзінен де көбірек білетін.сияқты көрінді. Ойнайтын нәрсе емес — "құжат".

Тап осы тұста Құрбанғалидың даусы шықты:

- Сен, өкіл, білмейтініңді айтпа, Зұлқарнаев жолдасты біз... - деп заңдастырып жіберді Адвокат. - Зұлқарнаев жолдасты біз туғаннан бері білеміз. Қызыл әскерде қанын төкті. Онысы да елге мәлім. Ішіміздегі ең саналы, ең әділ, қайырымды болғаны үшін біз оны осы орынға сайлағанбыз. Сен бұл жерге араласпа, жақсы ма?

- Демократический централизмнің не екенін білесің бе, надан?

- Білмеймін. Білмегесін, айтпаймын. Сен де білмейтініңді айтпа.

- Мен жоғарғы өкімет өкілімін. Араласуға қақым бар!

- Өкімет жоғары болғанымен, өзіңнің өрең қысқа. - Құрбанғалидың біреудің бойына сын таққанына әлдекімдер мырс ете қалды. - Иә, өрең жетпейді. Оны қойған сен емес, сен түсіре алмайсың. Жазығы үшін жазасын өзіміз береміз... Қол соғыңыздар, жамағат!

Екі-үш жерден қол соғылды.

Ең алдыңғы орындықта екі қолымен таяғын таянып, басын иіп отырған балықшы Нәсір қарт - ауылдың ақсақалы, бұрынғы әдетінше төрағаға:

- Кәшфолла! Мен де бір ауыз сөз айтайыншы! - деп өтінді.

Кәшфолла ыңғайсызданып қалды. Қылышбаев үндемеді: "Бұл халықтың қараңғылығы қайран қаларлық, ақ - қараны айырмайды. Жоқ төрағаның көлеңкесімен сөйлеседі" деп ойлады.

- Сенен сұрап тұрмын ғой, Кәшфолла!

- Айта бер, ата, айт! - деп дауыстады жұрт.

- Ақсақалды тыңдайық! - деп шуласты көпшілік.

Нәсір ақсақал орнынан ширақ түрегеліп, сахнаға сыртын беріп, жүзі жиналысқа қарап тұрды:

- Ұландарым, бауырларым, жамағат! Біз манадан бері хақ пен нахақты шатастырып алып, тартысып отырған жоқпыз ба? Қайсысы хақ? Кәшфолланың ішіп жүргені хақ па? Өз көзіммен көрдім - хақ.

- Айт, ата, айта бер, - деп қуаттады өкіл.

- Мықтаған екен, өмірінде бір ішіпті! Мына пәни дүниеде кім ішпейді, кім құспайды! Тіпті торғай да ішеді! - деп айқайлады Ақжақып базарында құман-шөмішін сәтімен сатса, жылына бір рет бес тиындық ішіп, елу тиындық шығынданатын қаңылтыршы Ғылметдин. - Ішпесең, жемесең, несі өмір?

- Ойлағаның қарныңның қамы, қу тірілік қой.

- Тұспалдама.

Алайда қаңылтыршының тұспалы жұрттың көңілінен шықты. Ол кімнен кем?

- Ақсақалдың сөзін бөлді - ау, дәйексіз!

Нәсір қарт асықпады. Жұрт тыныштала түсті.

- Кәшфолланың ішіп, мас болғаны хақ! - деп қайталады ол - Сен, Кәшфолла, өзіңе де, бізге де, кеңеске де ұят жасадың, ақ атыңа дақ түсірдің. Осы рас па?

- Рас! - деп жауап қайтарды жиналыстағылар.

- Қалғандарының бәрі жалған! - деп кесіп айтты ақсақал. - Бұған иманым кәміл Пенде қателеседі. Қатты қателесті төрағамыз. Сол үшін кейіс есітер. Ар-ожданы да жазасыз қалдырмас өзін. Алайда, бұл жолдан тайған кісі емес.

- Қалайша кейіспен тынамыз? Падумаешь, ождан азабы! Сіздер оны, біз оны орнынан алып тастауымыз керек. Осындай нұсқау бар жоғарыдан! - деп өкіл сұқ саусағын тағы да жоғары қарай шошайтты.

- Сен, кім... Қанжарбаев...

Қарт таяғын тықылдатып қойды.

- Қылышбаев! - деп түзетті жұрт.

- Иә, Қылышбаев, алып тастайтын ол саған кеспектің тығыны емес! Кеспектің тығынын алмастырғанда алдымен жаңасын, жақсырағын жону керек. Шүкір, біз төрағамыздан, төрағамыз бізден безген жеріміз жоқ. Айтар сөзім осы еді.

Бұрынғы заман болса, ақсақалдан соң сөз бітер еді. Қазір заман өзгерді, жұрттың жақсыға да, жаманға да тілі мықтап ашылды. Тартыс бәсеңдегенімен, тына қоймады.

- Сен, ата, кері бұрып тұрған жоқсың ба? Бір жағынан қарағанда, жоғарыға құлақ аспауға біздің шарамыз бар ма екен? Екінші жағынан қарағанда, әлгі құжатты ескермесек, заңға томпақ келмей ме?

Бұл сұрақты қойған ұдайы мешітте жүретін қарт, ел ішінде Екі жүзді қанжар атанған Ескендір.

Оның сөздеріне ешкім құлақ аспады. Манағы Шарғия тағы атып тұрды:

- Ер-азаматтар! Біз неге Кәшфолланы ғана талқылай береміз осы? Оны естен танғанша мас қылған кім? Сол жауап берсін! Ана бұрышта бұғып отыр өзі!

Сезгір Мұқтасым жиналыста өзі туралы сөз болатынын алдын ала білді. Сондықтан өзіне сөз келетіндей бірдеңе бола қалса, бетін қайтарып, түсінік беруге келді. Түлкі деген аты тегін емес қой.

- Қандай мақсатпен оны бүкіл ауылға көрсете масқаралаған? Соны да айтсын! - деп талап етті Құрбанғали. Оның қасында отырған Нұрислам әзірше тартысқа араласпады. Ол сөзін шешуші шайқасқа сақтады. "Бұл әлі бастапқы самалы ғой, дауылы алда болар" деп күтті.

- Бұл жерде біз бір кісіні ғана талқылап отырмыз! Мәселені бұрмаламаңыз! - деп өкіл қарсы шықты. - Немене, ол алды-артын аңғармайтын төрт аяқты хайуан ба? Хайуан да улы шөпті жемейді.

Қылышбаевтың өз ойынша бұл дәлел мықты еді, бірақ жұрттың көзін жеткізе алмады. Бірнеше жерден жұрт шу ете түсті:

- Мұқтай да жауап берсін!

- Сиқырлаған ғой!

- У қосып ішкізген!

- Бұл қалай өзі? Біреуге тамақ беріп, тауан тартады. Душа - мера! Қонағын тиюға ол не имеет право! - деп өжеттеді қаңылтыршы Ғылметдин.

- Сүймегенге сүйкенбейді, кәнишнә. Каждый істе солай! - деп айқайлады Мұрын Нәжіп, әрі өзінің баяғы әурешілігін ақтамақшы болып. - Бұйырған ризықтан кім бас тартсын!

Жиналыстарда ләм-мим үндемей отыратын ағаш аяқ Хәлфетдин осы жолы тілге келді, көптен көкейін күйдірген ашуы оянды:

- Бұл іске сен тұмсығыңды тықпа. Қысылып қалып, үзіліп кетер, - деп ескертті ол.

Айтқыштар мұны жан-жақтан іліп әкетті:

- Көпті көрген мұрын.Үзіле қоймас!

- Құлыштың көркі ғой ол!

- Құлыш қана емес-ау, талай елге танылған мұрын! Сүйіп алғандай сүйкімді. Пай – пай -пай!

- Қайдағыны соқпаңдар.

- Мұқтай айтсын!

- Мұқтай жауап берсін!

Мұқтасым түрегелді, тек бұрышынан шықпады.

- Жауап беремін. Неге жауап бермейін. Ауылға әшкерелеуге менің қатысым жоқ, жамағат. Кәшфолла солай мас болып қалғасын, мен оны ат жегіп, жайлап үйіне жеткізуді тапсырғанмын. Менің әлгі бала секілді ақылсыз балдызым Есті, әлдеқайдан қол арба тауып, әлгі қасаптарға ұқсап ойнаған болыпты. Мұнысы үшін мен оны қатты зекідім, -деген Түлкінің дауысынан қатты өкініш сезіліп тұрды. - Бұл солай болды. Мастығы жөнінде... Мен оны қыстағаным жоқ. Қонағыммен дастарқан басында отырғанда сұрап алып, бір өзі ішті.

- Солай болды ма? - Қылышбаев бұған сеніңкіремей Зұлқарнаевқа бұрылды. Ол әлдеқандай бір шешімге келіп, жым - жырт отыр еді. - Өзің сұрап іштің бе?

- Солай болды. Өзім сұрап іштім.

- Өкілдің суына бастаған ішіне қайта жылу кірді. Күркіреген дауысы қайта күшіне енді:

- Міне, қазір сөзді өзіңе береміз, Кәшфолла Ғарифұлы Зұлқарнаев, - деді жорта қолпаштап. - Не деп ақталасың? Қалай тәубеге келесің? Тыңдап көрейік, қане.

Ол әлдеқалай бір адым шегініп қойды. Сахна алдына қазір басқа кісі шығады дегені болар, сірә...

Кәшфолла сол үстел басынан жайымен түрегелді, шетке шықпады.

- Ақталмаймын да, тәубе етпеймін, - деді әдетінше әр сөзін анық айтып. - Бұдан былай мен сіздердің жүздеріңізге қалай қараймын, кеңес өкіметінің мынау мөрін қалай ұстаймын? -деп ол аппақ шүберекке оралған дөңгелек мөр мен төрт бұрышты штемпельді кенеп пәпкісінен алып, үстелге қойды, асықпай шүберекті ашты, пәпкісін үстел астына тықты. -Мінеки, екеуі де, мөр де, штемпель де бүтін. Қабылдаңыздар. Мен бұл қызметтен кетем.

- Бұл сознательно! - деп құптады Қылышбаев. Әйтеуір, мөр мен штемпельді орап алып, қалтасына салуға асықпады.

Үшінші қатарда отырған Нұрислам сол сәт екі-ақ аттап сахнаға шықты. Алдымен мөр мен штемпельді қағып алып, шалбарының қалтасына салды. Жұрт "ау" деп те үлгірмеді.

- Қандай бейбастақтық бүл? Нендей тәкаппарлық?! Мөрмен "алдым-бердім" ойнауға Зұлқарнаевқа кім құқық берген? Қандай қақың бар, панимаешь?! - Оның көнтек ерінінен түкірік шашырады. "Панимаешьты" ол тіл безеу үшін қосты. – Ар - намысың, афтаритің қайда сенің? Маса шаққанға неге ойбай саласың? Қаныңды төккен қызыл әскерсің бе сен, әлде... ар жағын айтпай-ақ қояйын... Әлде өкпелеген шығарсың, өкпешіл? Қандай ұлы мәтебелі барин болған бұл? Қаласа келеді, қаламаса кетеді. Біздің басымыздан аттағың келді ме? Оныңнан түк шықпайды! Сен бұл орынға өз еркіңмен отырған жоқсың, бұртаң етіп, өз бетіңше кете алмассың. Жоқ, Зұлқарнаев жолдас, сенен басқа біз бармыз мұнда. Біз! - деп ол екі қолымен халықты қамтып көрсетті. Қылышбаев оның сөзін бөлуге тырысып бақты. Алдар айтқанынан қайтпады. - Біз бармыз ба, жамағат!

- Бармыз! Бармыз! - деп шу етті жұрт.

- Ендеше, өкіл жолдас, мәселені сен де, ренжіген Кәшфолла да шеше алмайды, оны біз шешуге әбәзни... Бұған дейін төрағамыз кәдемізге жарады ма?

- Жарады ғой!

- Жақсы еді!

- Олай болса, қаққылап - соққылап, орнына отырғызайық. Ризасыздар ма?

- Ризамыз! Ризамыз!

- Орнында қалсын!

Нұрислам тіпті қатты кетті:

- Өкіл Қылышбаев, саған мынаны айтпақпын. Ауданмен де, өкіметпен де қорқытпа сен бізді. Өкімет өзіміздікі! Ауданға баратын жолды да білеміз, талай таптағанбыз. Төре-қарасын да танимыз. Тек сені ғана алғаш көріп отырмыз.

- Тұра тұрыңыздар, жолдастар! - деп Қылышбаев қолын жоғары көтерді. - Жиналыс емес бұл. Черт знает - бұл не?

- Өзің о баста "бұл жиналыс - жиналыс емес" дегенсің, - деп өкілдің есіне салды Нұрислам.

Қылышбаев қанша мақтаншақ болғанымен, айтарлықтай ақылсыз емес-ті. Тай тауды теуіп құлата алмайды. Екі-үш күдікшілден басқа ауылдастар табандап тұр. Жиналыс жүгенсіз, шылбырсыз етіп жатыр. Ескертерлік бір жай: осы кезде жиналыстарда сөйлейтін шешендерді дайындап, ұсыныс енгізушілерді, дауысқа түсетіндерді, кім не айтатынын алдын ала белгілеу әлі дәстүрге енбеген еді. Жұрттың ішіндегісі сыртында. Сондықтан жұрт бір кісінің әміріне бағынбады. Қылышбаев ауданға қайтқан соң есеп беруге бірдеңе істеуі керек еді. Ол: "Келе салып, әшкерелеймін де, алып тастаймын. Бес мүйнөтте шаруасын шалқайтамын..." деп ойлаған-ды. Алайда шаруа басқаша болып шықты. Ең заңды жолы - дауысқа салу. Оның нәтижесіне аудан басшылары да қарсы тұра алмайды.

- Айтқанынды түсіндік. Бар, орныңа отыр, - деді ол Нұрисламға, - Зұлқарнаев, сен де отыр.

- Ау, мөр ше?

- Орнына қой, ешкім тимейді.

Нұрислам қалтасындағы мөр мен штемпельді алып ақ шүберек үстіне қойды.Сахнадан түскен соң ол орындыққа отырмады, пешке сүйеніп тұрды. Шайқастың біткені, бітпегені әлі белгісіз, дайын болу керек.

- Сөйлесу бір басқа, жолдастар, құжат бір басқа, маған құжат керек, - деп қорытуды ұйғарды өкіл.

"Құжат" деген сөз бұл жолы бұрынғыдай үрейлі есітілмеді. Осы кезде құлыштықтар батылдана түскен еді.

- Қайдан аламыз оны біз саған? - деді біреу.

- Алмайсыздар, - деп Қылышбаев даусын бәсеңдетті. - Осында айтылған сөздерді дауысқа салып, заңдастырамыз. Ең алдымен Зұлқарнаевты жұмысынан босату керек деген ұсыныс жасалды. Соны дауысқа саламын.

Клубтағылар тағы айқайлай бастады:

- Ондай ұсыныс болған жоқ!

- Естімедік!

Кім айтты оны?

- Мен, - деді өкіл

- Сен біздің елдікі емессің.

- Оны сен сайлаған жоқсың!

- Жамағат, Қылышбаев жолдас, бір жағынан біздің ауданның адамы, екінші жақтан өкіл болып келген үлкен бастық. Сөзін аяқ асты қылмайық, - деп жағынды мешіт қарты Ескендір, - ұсынысын қабылдайық.

- Жарайды, айтқаны болсын.

- Қол көтерт!

- Бірінші ұсынысты дауысқа саламын, - деп Қылышбаев сахна алдына келіп тұрды, тұнжыр көздерімен жиналысты екі рет шолып шықты, бұл жолы кейінгі қатарда отырғандарды да назардан тыс қалдырмады. - Кәшфолла Зұлқарнаев төрағалықтан түсірілсін дегендер қол көтерсін. Батылырақ, жолдастар, батылырақ!

"Батылырақ" үш - төрт қол көтерілді.

Кошфолла Зұлқарнаев орнында қалдырылсын дегендер қазір қолдарын көтереді.

Қолдар бірден көтерілді.

- Енді сасып қалғандар қол көтерсін, - деді "қалыс қалғандар" деу деудің орнына. - Сасып қалғандар бар ма?

Ешкім қол көтермеді, тек әлдеқайдан бір дауыс шықты:

- Мен сасып қалдым. Көктемгі қысқа түннің ұйқысынан қалып, біз неге осында қайдағыны соғып отырмыз?

- Мәссаған! Жұрттың бәрі іскер болып кеткен.

- Көріп отырғанымыздай, жолдастар, көпшілік Зұлқарнаевты жақтап қалды. Солай деп хаттама жазамыз. Абайлаңыздар, бүл қылықтарың өкінішке соқтырмасын, - деп кекесін қорытынды жасады өкіл - Жиналыс жабық! Тараңыздар!

Халық әдеттегідей шуылдаспай, орындарынан жайымен тұрды. Өз сөздерін өткізгенімен, жұрттың көңілінде әлдеқандай ауыр мұң қалды.

- Ал мөріңді, - деді Қылышбаев Кәшфоллаға қарамай-ақ, - Бұдан былай маңыма жолама, кезіксең - жай құтыла алмайсың...

... Бұдан былай оған кезікпеді. Қылышбаев шаруаны жолға салып, дүниені түзетуге басқа жаққа жіберілді. Сондықтан Зұлқарнаевтың партиялық мәселесі де сонау, "жоғарыда" қаралмады. Ауылда бұл оқиғаның шуы өз жайымен басылды. Бара-бара біржола естен шықты. Құлыштықтар жамандықты есінде көп сақтамайды. Жақсы нәрсе баста қалса, жарайды. Тіпті ең ауызды шайпау әйелдер де сөздің орайы келіп тұрғанымен төрағаға бір сөз айтпады. Бірақ Кәшфолланың өмір бойы жанын жеп, өзегін өртеді бұл ұят. Әсіресе жасы ұлғайған кезде түн ортасында есіне түсіп, жүрегі шанышатын. "Ет, май! Ішек -қарын!" Қол арбада есеңгіреп жатқанда есітті мұны. Тек мағынасын аңғара алмады. Аңғарса да ештеңе өзгере қоймас еді.

Ұйқысыз ұзақ түндерде Кәшфолла Қылышбаевтың қылығы, жоғарыдан берілген бұйрық туралы қайта-қайта ойлады, ой ұшына шыға алмай, өкінді: "Мен жауыздық ниетпен қылмыс жасамадым, өзімнің аңқаулығым, дұшпанның мекерлігі арқылы пәлеге кезіктім. Қылышбаев пен біз бір тап өкілдеріміз, бір партия мүшелеріміз, жай айтқанда, бір сенімнің адамдарымыз. Қатерден, қорлықтан құтқару үшін ол маған алдымен көмек беріп, тексеріп, анық - қанығына көз жеткізіп, дұрыс пен бұрысты айыруы керек еді. Ол бір сілтегенде ұрып жығып, езіп тастауға келген. Ал мына Мұса молда діни серігі Құттыяр азаншы қателік жасап, осындай қасірет шексе, ел алдына шығарып, жазалар ма еді? Жазаламас еді. Өйткені ол Құттыярдың адал қызметін, жадау тұрмысын - күнкөрісін біледі, бағалайды. Құттыяр, мешітке де, молданың әзіне де керек. Ал мен керек емеспін бе? Ойлап-ойлап, жоғарыдан кілең кекесін есітіп, жаза күтіп өмір сүрген соң шытырман ойларынан баз кешті. "Бәлкім, замана осыны талап еткен шығар: жатты жарылқама, өзіңді де, қорғама" деп ақтауға тырысты ол Қылышбаевты және оның үстінен әмірін жүргізген кісілерді. "Олай деуге, замана деген не өзі? Заман - адамдар. Замана - біз. Біздің жүзіміз -замана жүзі. Керісінше емес". Кәшфолла көңілінің түкпірінде міне осы ойлар жатты.

Жаза күні, анығырақ айтқанда, жаза түні жасалған жақсылықтары үшін халық алдына шығып, алғыс айтпады, тартынды. Өйткені ол жақсылық алғысқа сыярлық емес еді. Ол үшін күн сайың, ай сайын, жыл сайын - өмір-бақи ақы төлеу керек еді. Кәшфолла осылай ұйғарды да. Сол сертінен таймады. Тура, әділ қызмет етті. Жұрттың абайсызда жасаған қателерін де, ұсақ кінәраттарын да бүгіп қалмады, лайықты үкімін шығарды, бірақ олардың жанын қинап, тағдырларын тәлкек етпеді.

ОН БЕСІНШІ ТАРАУ

КІМНІҢ ДҰШПАНЫ?

Зұлқарнаев Кәшфолланың басына бұдан соң да - он екі, он үш жыл өткенде - тағы бір пәле тап болды. Тіпті, пәле болғанда, адамның зәре - құтын қашыратын айып таңылды. Жеті жыл бұрын Ақжақыпта болыс жабылып, Бұлақ ауданы құрылған-ды. Шілденің ортасында төрағаны осы Бұлаққа шақыртты. Шақыртты да, қайтармады. Бір күн жоқ бұл, екі күн жоқ ...

Әңгімемізді одан әрі сабақтау алдынан кейінге сәл көз тастайықшы.

Құлыштықтар о бастан арыз жазуға әуес емес. Біреудің үстінен әлдеқайда, әлдекімге домалақ арыз жазуды білмейді дерлік. "Дерлік" деуімнің бір сыры бар. Құлыштықтар өткен ғасырдың аяғына таман отыз алты қол қойып, сексен тоғыз таңба басып бояр Колесаровтың үстінен патша ағзамға шағым жазған-ды. Тойымсыз Колесаров Дим тоғайындағы бұрын тартып алған иеліктеріне қанағаттанбай, губерниядан жер өлшеушілерді шақырып, баяғы хан заманында Құлыштың ақсақалдары менің атама сатқан жерлер деген желеумен ең шұрайлы шабындықтарды кестіріп алған еді. Сатылғаны, сатып алынғаны туралы мөр басылған қағаз табылған екен. Бірақ бұл қағаз құлыштықтарға көрсетілмеді. Патша ағзамның адал көмекшілерінен жауап та келді. Сол жауапта: "Егер қайтадан пәле шығара қалса, пәлебасыларын жинап, елу дүре соғылсын" делінген. Отыз алты қол, сексен тоғыз таңба бірден тым - тырыс тынып қалды. Бұдан соң ауылдан шағым айтылған қағаз шықпады.

Бірақ Колесаровпен айтыс біржола тына қоймады. Жылдан астам уақыт өткен соң ауылдың ақсақалдары ақылдаса келіп, патша ағзамның өзіне өтілші жіберуді ұйғарды. Елден жолға жиналған ақшаны қолына ұстатып, патшаға сәлемдемеге дайындалған бір кеспек балды арқалатып, келбеті келіскен, сөзге шебер, ойы зирек Сырлыбай деген елші жігітті - әлгі Нұрисламның атасын, жаңа салынған шойын жолмен астанаға шығарып салды. Шапшаң Сырлыбайдың қасына Әбділман деген жайбасарды қосты. Сол Әбділман Тоқылдақ деген кішкентай бекетте пойыз сәл тоқтаған кезде дәрет сындырғалы қалың шілік арасына кірген. Минөт ете пойыз жүріп кетті. Әбділман бір бастаған ісін аяқтамай қоймайтын әдеті. Омалып отырып қалды. Сапардың қалған жағын өтілші Сырлыбай бір өзі атқарды. Бір ай өтпей-ақ саяхатшы Құлышқа қайтып оралды. Келген соң ел алдында егжей-тегжейлі есеп берді. Ауыздан ауызға көшіп, біздің дәуірімізге келіп жеткен осы есепті сөзбе-сөз келтірейін.

Ол былай деді.:

... Алтын сарайдың есігін ашып қарасам, патша ағзам өзі тақ үстінде отыр екен, жан-жағында саққа жүгінген күйі әмір күткен уәзірлері. Жүз шақты шығар. Әмірші бірден есікке көз тастады Патшаның аты патшадағы. Сезгір.

- Қайдан келдің? Кімсің? - деді алдияр тақсыр.

- Башқұрт жерінен, Дим бойынан. Есімім Сырлыбай болады.

- Кел, Сырлыбай, төрге шық, - деді халифіміз жылы шыраймен, уәзірлеріне асықпай назар тастады. - Барыңыздар, тараңыздар. Бұйрықты ертең берермін. Көріп тұрсыздар ғой, қонақ келді.

Нөкерлері жерге батқандай, жоғалды. Патша тәжін шешті. Шашы қара бұйра екен. Екеуміз оңаша қалған соң тойымсыз Кәлисәрдің жасаған жауыздықтары жайындағы өтінішімізді айтуға аузымды аша бергенім, патша ағзам:

- Жоқ, адал құлым Сырлыбай, дәм татып, қонақ құрметін көрместен бұрын шаруа жайында үн шығарма, - деп шорт кесті.

Патшадан асып, қайда барасың, көндім.

- Құдіретің шексіз, ханым - сұлтаным, не қылсаң да еркің бар.

- Еркім бары рас, - деді де патша мені тұп-тура ақ үйге алып кетті.Үйінің жиһазын айтып тауыса алмайсың. Еденіне өрнекті кең кілем төселген, үлкен сәкіге сүттен ақ киіз жайылған, кіші сәкісіне тау-тау төсек үйілген, сөресіне гүл өрнекті көрпелер жиналған, терезе қәсектеріне шашақты сүлгілер жайылған, пеш түбінде күміс леген мен күміс құман тұр.

Патшайым, яғни патшаның заңды зайыбы, алғаш бірден аңқылдай қоймады. Күйеуі сияқты ақ көңіл емес екен. Паңдау болып шықты. Бірақ бір кеспек балды алдына қойғанымда, көзі жайнап кетті. Сұқ саусағын дереу балға сұғып жіберіп, жалап алды:

- Ой, батюшки! - деп айқайлап жіберді. - Тәтті екен, шіркін! Саусағыңды жалай бергің келеді.

- Жала, - дедім мен, - тойғанша жала, патшайым, тағы әкелемін.

Бала-шағасы көрінбеді, қонақты мазалағысы келмеді - ау деймін, әдепті болғаны ғой. Уыздай жас қызметші қыз лыпылдап тұр. Етігімді шешуден шұлғауымды қағып әкетіп, кептіріп қойды. Шұлығыммен қалдым. Күзгі лайсаңның кезі, аяқ ылғалданған. Әне - міне дегенше, әлгі қызметші қыз киіз үстіне жайылған ақ дастарқанды толтыра көмештерді тіліп тастады, ірі шақпақ қантты үйіп қойды (шағылған майдалары да бар), сары майға қуырылған үйме табақ картоп әкелді, табасы быжылдап тұр.. Алуасы, бауырсағы, бірәндігі, мейіз, өрігі, әйтеуір,- қалаған жемісіңнің бәрі бар. Тек ет қана көрінбейді. Патша ет жемейді, тәтті тағамдармен ғана қоректенеді деген рас екен. Дереу буы бұрқыраған самаурын келіп қалды.

Патшайым кеспекті көтеріп, қара үйге шығып кетті. Дастарқан басында екеуміз ғана қалдық. Патша тәжін киіп, сәкінің төріне келіп отырды. Мен малдас құрып, сәл төменірек жайғастым.

Алдияр тақсыр маған тіктеле қарап:

- Шыны алдырайын десем... жақтыра ма, жақтырмай ма деп ойладым. Нағыз мұсылман болсаң, қош көрмеуің мүмкін,. - деді.

- Рас айтасың, алдияр тақсыр. Шын мұсылманмын Ішімдік бізге арам. Құдай қарсы.

- О, бәрекелді! - деп мақтады алдияр тақсыр. - Аллаға да, патшаға да осылай адал болу керек.

- Иншалла! Тұла бойымыз толы адалдық.

- Жақсы екен, - деп патша ризалығын білдіріп, сақалын сипады. - Уәзірлерімнің айтуынша, бүл заманда мұсылмандар да азып, ішімдікке салына бастаған көрінеді. Ауру бастан адалдық күтпе.

- Рас айтасың, алдияр тақсыр...

Соңғы шыныаяқты төңкеріп қойған соң патша ағзамға Колисар баярдың жауыздықтарын айтып, зарымызды жеткіздім. Зарымызды тыңдап бола бергенде әміршіміздің екі көзінен жас аралас ұшқын шашырады.

- Аһ, қарақшы Колисар! - деп жекірді төзімі таусылған сабырлы патшамыз, - Мен сол төбеттің құйрығын бұраймын, кез келгенді "көкешім" деп өкшесін жалайды. Уәзірлеріме ертең-ақ әмір беремін - олар жерлеріңді қайтарып, Құлыш тұрғындарын риза етеді. Колисар итке қатты жаза қолданамын.

Таңертеңгі шайдан соң жолға жинала бастағанымда патшамыз сәл ыңғайсыздана тұрып, өтінішін айтты:

- Өзім ұдайы мемлекет ісімен айналысамын, балаларым әлі жасырақ, малайларымнан қайран жоқ. Анау қораның ар жағына аударылған отынды кесіп, реттеп үйіп берсең, жаңбыр жауғанша кеуіп қалар еді. Бірер малайым көмектесер. Мен өзім де отын жаруға құмармын. Бірақ мемлекет қызметінен кейін жөнді ештеңе бітіре алмайсың. Күн де қысқарды. Көріп тұрсың, сарай үлкен, отын көп керек. Сен қонақсың. Бұйырып айтпаймын.

- Сен ел атасысың. Бұйыруға да қақың бар, - дедім. - Орындаймын.

Бұған жауап ретінде патша манағы уәдесін тағы қайталады:

- Сол имансыз Колесардың сазайын тарттырамын. Қиямпұрыс!

Төрт күн дегенде он-он бес арба отынды кесіп, жарып, қораның артқы жағына тіреп, екі қатардан үйіп қойдым. Бір мимырт малайы көмектесті.

Мен қайтар алдынан патша ағзам мұңая тұрып қоштасты:

- Иә, қош бол, адал құлым, қызметіңе қандай баға берсем де аз болар. Жанымды жарып берер едім, жансыз өмір сүруге болмайды, өзіме қажет. Мінеки, саған үйде киіп, киіз үстінде ғана жүретін байпағымды беремін. Күтіп кисең, жүз жылға жетер. - деп ол маған жаңа ғана табаны тігілген бір жұп сары байпақ ұсынды. Мінеки, мынау. Қуанғанымнан ауыз толтырып алғыс айта да алмадым.

Патша ағзам қақпа түбіне дейін шығарып салды. Кетіп бара жатқанымда соңымнан оның:

- Құлыштықтарға менен дұғай сәлем айт! Патша кез келгенге сәлем айта бермейді! - деген дауысы жетті.

Сөйтіп, бір ай шамасы еткенде Петербургқа жеткен бе, әлде одан да әрі кеткен бе, Сырлыбай иығындағы қабына қызыл жолақты сары байпақ салып, ауылға оралды. Байпағы тозғанымен, ұлтаны мен өкшелеріндегі жамаулары жап-жаңа екен.

Қар түсіп үлгірмесе де патша сыйлығын киген ол ел алдында егжей-тегжейлі есеп берді.

Шықпаған жарлықты патша түсірілгенше күтті халық. Қарапайым құлыштықтар шыдамды еді. Патша құлаған соң олар: "Бізді алдағаны үшін патша алланың кәріне ұшырады" деп ұйғарды. Әміршіден бұрынырақ дүние салған Сырлыбайға тіпті ешкім шек келтірмеді.Өйткені ол озінің патша ағзамға барған оқиғасын уақыт өткен сайын әсірелеңкіреп, көркейтіңкіреп айтатын, жұрт оған уақыт өткен сайын қаттырақ сенетін. Сенімді болған соң сенеді - дағы. Кейін анықталғанындай, патша Сырлыбайды көшірлікке алуға үгіттеп керген екен, тек өтілші елімді сағынамын, шыдай алмаймын деп қайтып кеткен. Әйтпесе жиені Нұрислам Петербурғта дүниеге келіп, Петербургта лау айдайды екен. Бала кішкентай кезінде атасын бүл туралы қайта - қайта сөйлетіп, бәрін көңіліне түйді. Сырлыбай сөз сөйлегенде жай сөйлемей, сәздерін жіпке тізіп, тәспідей тартатын еді. Кейбір қулар оған "Патша көшірі" деген ат таққысы келіп әуреленді. Ат тағылмады. Шын асылға шаң жұға ма? Жұқпайды, әрине.

Жадыңыз жақсы болса, ұмытпаған шығарсыз: қырық жыл бойы Құлыштан жазба шағым шықпады.

Былтырғы қыс басында Хәсенше деген бір кезенді сыртта қаңғырып жүріп, талай қулықты үйреніп қайтты. Сол мұңдар: "Біреудің үстінен жазылған домалақ арыздың жүз сөзінен бес сөзі расқа шықса, жетіп жатыр" депті. Құлыштан шыққан бір қол қойылған башқұртшаны орысшаға араластырып жазған екінші домалақ арызды сол кезенді жолдады. Ол Кәшфолланың үстінен жазылған еді. Оған өз уақтында да, кейін де қамшы соғу түгіл, саусағын тигізген жан болмады. Қалған тоқсан бес пайызда ешкімнің шаруасы жоқ еді.

Кәшфолла ауылдан шығып кеткен соң үш тәулік өткенде Құрбанғали таңертең жұмысқа бара жатып Нұрисламның үйіне соққан Бұл күндері Нұрисламның бөсірі асқынып, қиналып жатыр еді. Бала кезінде әкесімен лау тартқанда шамасы жете бермейтін ауыр қаптарды көтеріп, бөсірге шалдыққан-ды. Кеше Қақпалы шабындығында соңғы күдені үйіп жатқанда қызып кетіп, үлкен бір дестені айырмен қағып алып, жоғарыға, күденің үстінде тұрған күде үюдің шебері Құрбанғалиға атып жібергенде, ішін ұстап бүгілді де қалды. Қазір содан ыңқылдап жатыр.

- Кәшфолла жоғалып кетті ғой. Не істейміз? - деді Құрбанғали сәкіде сырқаттанып жатқан құрдасына. Нұрисламның көзі кіртиіп, еріні көгеріп, домалақ беті ісіп кетіпті. Қатты қиналған көрінеді.

- Қарап жатқанмен ештеңе бітпес, - деп түрегеп отырды ол - Кеттік.

- Қайда?

- Бұлаққа.Аласат заман ғой, неше түрлі қауесет тарап жатыр.

- Қауесетсіз заман жоқ қой, Нұрислам.

- Бастықтардың екеуінің бірін қамап жатқан көрінеді. Ұжымшардың төрағасы жаңа келген кісі, Кәшфоллаға құрық түсіп жүрмесін.

- Жүр, ендеше.

Балдыбанат та, үлкен балалары да тоғайда еді. Кіші балалары үйінде.Жол азығын өздері әзірледі. Қапшыққа екі көмеш нан салды, Балдыбанаттың шай - қант алуға сатқалы үш-төрт күннен бері жинаған жиырма шақты жұмыртқасын қазанға пісіріп, құйттай шүберекке түз түйді. Нұрислам барынша жақсы киініп алды: сабантойларда ғана киілетін қара бостон шалбар мен былғары ботинка сандықтан шықты, Кәшфоллаңың шәпкісіне ұқсаған кең жиекті көк шәпкі шегеден түсті, алмастыратын жейде табылмады. Құрбанғали сол шабаталы, киіз қалпақты қалпында, ақ жолақ қызыл шалбарымен кете берді, Күмісбикеге ежіктеп есеп беріп тұрғысы келмеді. Ол бүгін бейсенбі деп жұмысқа бармады, күйеуінің жұмыстан қайтуына монша жағып, ботқа пісіріп қойғысы келді. Көшеге шыққан соң Нұрислам көрші кемпірге:

- Шеше! Құрбанғали екеуміз өте тығыз шаруамен Бұлаққа кетіп барамыз. Осыны Балдыбанатқа тапсыршы. Ол Күмісбикеге жеткізер, - деп өтініш айтты.

- Айтайын, айтайын. Екеуіне де өзім жеткіземін, - деп сендірді елгезек кемпір.

- Қауырт жұмыс үстінде ұжымшардан ат сұрағылары келмеді. Бір күн жүре ме, апта жүре ме... Кім білсін. Жиырма екі шақырым жер - мына тұрған жер ғой.Жаяу тартты. Аяқтары нық олардың. Тек мына Нұрисламның бөсірі қинады.Әлдеқалай бара-бара ол да басылды, жолдың жартысын өткен соң біржола тынды. Қасірет пен жан ауруы алдында тән ауруы құйрығын қысты. Бұл туралы Нұрислам: "Қарашы, Құрбанғали, - деді ол қалың ерінін сылпылдатып, - әлгі бөсірді айтам, құйрығын қысты ғой" деген.

Күн ыстық болғанымен, қоңыр салқын самал есіп тұр. Тынысты тарылтпайды. Нұрисламның бөсірі басылғанша жай жүрді бұлар. Қалқан ауылынан өткен соң асыға бастады. Жалтыр басын желдеткісі келген Нұрислам шәпкісін шешіп, қолына ұстады. Ол өте жақын кісілердің алдында ғана бас киімін шешетін. Алдар іші ауырғандықтан аяғын ауырырақ, сақтана басады, сабантойларда әсемдікке киетін ботинкасы да аяғын қысатын сияқты. Шабаталы Құрбанғалидың жүрісі шалт. Баяғы ұшқалақ қаратамақ сияқты.

Қалқан демекші, күлкілі, әрі ыңғайсыз бір оқиға еске түсті. Бұған себепші болған Құрбанғалидың шабатасы. Бұлар жаңа өсіп келе жатқан жеткіншектер еді. Сабантой жыл сайын Қалқанда басталады. Мүнда халық жомарт, қонақшыл, солай бола тұра өте намысшыл. Бұл жолы да ертемен аты барлар ат мініп, аты жоқ қызық құмарлар өз аяғына мініп, Құлыштан Қалқанға қарай ағылды. Екі дос та көптен қалғысы келмейтін, тек жағдайлары келмей тұр. Нұрисламның құла айғыры қорада, тарантасы да аулада, әкесі де үйде жоқ, ақсақ азбанын жегіп, қала жаққа кеткен. Бар пәле, Құрбанғалидың шабатасынан басқа аяғына киер ештеңесі жоқтығында. Басқа ауылдағы сабантойға шабата киіп баратын жастан өткен, жігіт қатарына енген.

Екі жігіт Қоян Шаймидің шарбағы түбіндегі бөрене үстінде Қалқан жаққа қарап мұңайып отыр. Алдардың үйде су жаңа қара етігі бар. Қанша айтқанмен, лау айдап, ақша тапқан кісі ғой.

- Сен, Нұрислам, өзің бара ғой, бала. Шоқтай жайнаған киімің бар, маған бола мейрамнан қалып қойма, - деді Құрбанғали шын көңілден.

- Сенің де сырт киімің өзгелерден кем емес. Келісіңкіремей тұрған тек шабатаң сияқты...

- Бара бер, Нұрис, қайтқан соң көрген қызықтарыңды маған айтарсың.

Алдар біраз үнсіз қалды. Осы арада оның түбі көрініп тұрған мөлдір көзі от шашып, көнтек ылғал еріні сылп ете түсті:

- Пай-пай, жігітім, бас бар ғой менде! - деп мақтанды мақтанып көрмеген Нұрислам. - Бір амалын таптым! Міне, былай - жасаймыз...

- Қалай?

- Құла айғырды жегеміз. Солай ма? Тарантасқа мана шауып қайтқан көп шөпті саламыз. Менің жаңа етігімнің сол жақтағысын сен киесің, оңын - өзім. Қалған аяқтарға сенің шабаталарыңды байлаймыз, шабаталы аяқтарды пішенге тығып отырамыз, етікті аяқтарды сыртқа салбыратып қоямыз. Тарантастан түспей, сабантойды бір-екі рет айналып, көріп қайтамыз. Қатырдым ба?

- Қатырғанда қандай, тіпті керемет.

Құрбанғалидің өзі кішкентай болғанымен, аяқ-қолы үлкен еді. Етік пен шабата екеуіне де шақ келді.

Нұрисламның айтқанындай, тарантастың арқалығына шірене шалқайып, жаңа етік киген аяқтарын ағлоптен салбыратып қойып, құла айғырды ойнақтатып, сабантой алаңына шыға келді. Алаңды бір айналды, екі айналды... Сабантойға сырттан келген кісілер аттарын, әбзелдерін және өздерін көрсетуге осылай атой салып, алаңды айналып шығатын. Алғаш Қалқанның жігіттері бұлардың атына назар аударды, кейін өздерін де аңғарды. Үшінші рет айналғанда айғырдың алдынан үш ірі жігіт шықты. Дудар басының төбесіне ғана тақия киген біреуі жымия күліп келіп аттың жүгенінен ұстай алды:

- Ей, жігіт! - деді Нұрисламға қарай. - Атың да, өзің де ұнап қалдың бізге. Кел, қымыз іш. Ініңді де қалдырма. Біздің дастарқанымыз анау шатырда.

- Айғырыңызға қарағанда, сіздер Құлыштан келген шығарсыздар. Келіңіздер, келіңіздер, көршілер.

- Рақмет, жігіттер! - деді Нұрислам.

- Рақметті ішіп-жеген соң айтарсыздар...

- Бізді басқа жерде күтіп отыр еді. Кеше кешкісін уәде бергенбіз.

- Уәде қайда қашар дейсің. Ол жаққа да барып үлгірерсіздер, - деп қоймады дудар бас.

- Уәдені орындау керек. Жіберіңдер, жігіттер! Әйтпесе атқа қамшы басамын, - деп қайтпады Нұрислам.

- Ә-ә, солай ма? - деп шамданды екіншісі. - Біздің дастарқанымызды сыйламайсыздар ма?! Неге мұрындарыңызды шүйіресіздер? Мұрын Нәжіптің зәузаты! - Құлыштың әйгілі "мұрынын" тұспалдағаны. - Ірілік көрсеткендерің бе? Ірілік көрсетсеңдер, майдалап тастаймыз!

- Тиіспеңіздер, көршілер, тату қоштасайық, - деді Құрбанғали. Оның жуан дауысын есіткенде әлгілер "қайдан шықты мына дауыс" деп сескеніп қалды, Құрбанғалидікі екенін білгесін, қайта өшіге түсті. Әлгінде айтқанымыздай, өте намысшыл бүл қалқандықтар.

- Тарантастан ездеріңіз түсіңіздер, әйтпесе тартып түсіреміз!

- Қатипа тақиялы дудар бас осылай деуден үшеуі бірден жабыса түсті. Тіпті Нұрис екеш Нұристің өзі сасып қалып, делбесін тартып, айғырына белгі беруге де үлгіре алмады. Бір аяғына етік, бір аяғына шабата киген екі жігіт бүкіл сабантой алдына шықты. Бұлар жұлқынып, тарантасқа ұмтылса, әлгілер ерік бермей, тартып түсіреді. Аю билеткен, кез байлап, құмыра қиратқан, балуандар күш сынасқан, Келдияр балуан тайды иығына көтеріп жүгірген жерді тастап, халық осылай қарай лап қойды. Бүкіл алаңдағылардың ішек - сілесі қатты, оларға қосылған Қалқанның үш жігіті іштерін тырнап, ерге кезек-кезек аунады. Үшеуі әлгілерден айырылып қалмау үшін осылай жасады. Құлыштан келгендер алғаш таңырқап тұрды да: "Біздің Алдар босқа қулық жасамайды" деп басқалардан да қаттырақ қарқылдап күлді.

Бірінші болып олардың ішіндегі ең әзілкеші дудар бас есін жиды:

- Балалар! Бауырлар! Біздің сабантойымызды мазақтауға келген ғой бұлар! Қалқанды масқаралауға! Бізді ақымаққа шығаруға! Давай, төмпештеп алайық! Өзім бастаймын! - деп білегін сыбана бастады.

- Тоқтаңдар! - деп айқайлады Нұрислам, - нағыз ақымақ болсаңдар бізді сабаңдар, бастарыңда ақыл болса, іштерің жарылғанша күліңдер. Бір аяққа көн кебіс, бір аяққа жүн кебіс киіп, сендерге күлуге емес, күлдіргіштер сияқты күлдіруге, көңілдеріңді көтеруге келгенбіз. Күліңдер! Күліңдер, ақыл кірер.

Халық қыран-топан күлісіп, дуылдасып кетті. Кісі арасында кім ақымақ көрінгісі келсін, кім ақылды болғысы келмейді.

Қалқандықтар кек сақтамайтын халық. Кінәмшіл емес. Әлгі үш жігіт қонақтар алдында қайтадан жуасып қалды. Қадаларға керген үлкен шатырларына шақырып, сүбелі етке тойғызып, тойғанша қымыз ішкізіп, ақыры жылардай болып қоштасып қалды: "Атың да, өздерің де бізге қатты ұнадыңдар" деді қоштасарда.

Алдар Нұрисламның шет жерде өткен бірінші сынағы еді бұл.

Жиырма жылдан астам өмір өткен шығар содан бері. Міне, қазір қырықтың қырқасына шыққан сол екі жігіт, шыжғырған шілдеде шаңдақ жолдың бойымен тартып келеді. Ботинка жайсыздау басқанымен, шабата шалт, билеп бара жатқандай.

Нұрислам Қалқан жаққа қарап, күлімсіреп қойды:

- Қалқандағы сабантой есіңде ме?

- Ұмытуға бола ма? Майырып тастар деп зәрем қалмаған еді.

- Шынымды айтайын, алғаш мен де қорықтым.

- Тілің тіліп түседі. Осы тілің бізді құтқарып қалды ғой.

Жол-жөнекей талай әңгіме айтылды, тек Бұлаққа жеткенше Кәшфолланы ауызға алмады. Әзірше қандай шаруамен келе жатқандарын ұмытты. Димнің көпірінен өткенде жағада отырып, бірер тілім нан, екі жұмыртқамен жүрек жалғады. Құрбанғалидың қалпағымен су алып ішті. Нұрислам шәпкісін суға салмады. Күнқағар ішіндегі қатырғыға су тисе, ісініп, сәні кетеді. Тер сіңіп, шайырланып қатқан қалпаққа су жұқпайды. Түбінен тіпті тамшы да тамбайды. Керек десең, отқа қой да, шай қайнат.

Жиырма екі шақырым жол бойында не бәрі бір салт атты, бір жаяу кездесті. Ел астық алқабында. Бостан-босқа жүрген ешкім жоқ.(Қазіргі заманда халықтың біреуі жұмыста болса, бесеуі көшеде немесе жолда.Күні бойы соншама адамның босқа жүргеніне есің кетеді. "Жұмысты кім істейді?" деп ойлап, қайран қаласың).

Теректерден өткенде төбенің басынан Бұлақтың элеваторы шыға келді, содан соң стансадағы қыш кірпіштен салынған екі үлкен дөңгелек мұнара көрінді. Бұл мұнаралардың іші суға толып түр, дейді. Солай болуы мүмкін. Кәдеге жарамаса, оларды жасамас еді. Сонау Нұрислам ұжымшар кеңсесінде көшір болып жүрген заманда жазда да, қыста да Бұлаққа көп баратын. Танымайтын адамы, ашпаған есігі жоқ оның мұнда. Құрбанғалиға осыны түсіндірді.

Шынында да Алдар білгір болып шықты. Алғаш жолдасын бір кеңсеге түп - тура алып келді, одан екіншісіне, одан үшіншісіне... Барлық жерде олардың сұрағына "Жоқ.Білмеймін" деп жауап берді жұрт. Сонда да: "Құлыштың Ауылкеңесі Зұлқарнаев Кәшфолланы білмейсің бе? Үш күннен бері Бұлаққа кеткеннен қайтпады. Бәлкім, бірдеңе естілген болар..." деп сұрай берді. Төртінші кеңседе егде әйелге кездесті. Нұрислам бұл жолы турасын айтты:

- Біздің Ауылкеңес Кәшфолла Бұлақтан қайтып оралмады. Қамалып қалмады ма екен деп қорқып келдік. Елде дүрбелең болып жатыр деп есіттік.

Сырттай тыныш көрінген әйел кенет қуарып, төменгі еріндері қалтырап кетті. Кеше аман-есен жұмыс істеп жүрген бастығы бүгін жұмысқа келмеді. Телефон шалған біреу: "Күтпеңіздер" деп хабарлады. Әйел екі саусағымен ернін басты. Бұл ишараны Нұрислам түсінді: "Үн шығарма" деген сөз ол "Біз, біз, біз едік, біз он екі қыз едік..." деген ойынды ойнағанда үндемеу үшін ерінді солай басады.

- Анау үйге кіріп көріңіздер, - деп сыбырлады әйел көшенің арғы жағындағы биік қақпалы, ашық кек терезелі ықшам ғана үйді ымдап.

Жолаушылардың алды жөн екен. Көк терезелі үйде НКВД өкілі отыратын. Күн екіндіге ауғанда ботинка мен шабата сары бояумен сырланған биік есік басқышына көтерілді. Тура кіруге батылы жетпей, есік алдында сәл кідірді. Бірақ осы жерде тоқтап қалса, Нұрислам Нұрислам болмас еді.

- Өзіміздің кеңес елінде неге қорқамыз? Жүр, Құрбанғали, кірейік! - Олар есікті шалқайта ашып, алдыңғы бос бөлмеге кірді, одан соң тағы бір есікті сақтана ашып, ішке енді.

Үстел басында бірдеңе жазып отырған кісі басын көтерді де, бейтаныс екі кісіге үнсіз қарады. Ісіңкілеу қабағының астындағы шаршаған кезіне алғаш таңырқау, одан соң абыржу, кейін әлдеқандай мейірімділік жылт етті. Бұл екеуінің кескіні оның ашуын келтіргеннен гөрі қызық көрінді. Ірі денелі, домалақ жүзді, сүр френчтен қысылып шыққан жуан мойынды, кең маңдайлы бүл кісінің ныспы Орманов еді. Оның көзге түсетін екі белгісі бар: бірі - бетінің сол жағынан бастап кішкентай сұлу құлағына тұтасқан, шеті жырылған ескі тыртық, екіншісі - қара шашында тап маңдайының ортасынан тас төбесіне дейін созылған жалпақтығы қос саусақтай ақ жолақ. Ат болса, оны жұрт қасқа дер еді.

- Иә, не шаруа? - деді бөлме иесі, оң қолының етті сұқ саусағын бүгіп, көзін сүртіп қойып, дауысында қызықсыну әсері де жоқ емес.

- Біз Зұлқарнаев Кәшфолланы іздеп жүрміз, - деді Нұрислам сәл алға ұмсынып.

- Іздесеңдер... іздей беріңдер.

- Құлыш ауылдық кеңесінің төрағасы ол Біздің құрдасымыз. Үш күн бұрын Бұлаққа кетіп еді, үшты-күйлі жоғалды.

- Жоғалса, іздеңдер. Бұлақ үлкен ғой.

- Іздедік. Басқа жерде жоқ. Бәлкім, ағай, сен білетін шығарсың. - деп сөзге араласты Құрбанғали. Құйттай адамның көкірегінен күркіреп шыққан жуан дауысқа әлгі таңырқаңқырап қалды. Тек оны сездірмеді.

- Білмеймін! Мен Зұлқарнаев дегенді мүлдем білмеймін! - деп Орманов дауысын көтере түсті. - Сөз осымен бітті.Уәссалам!

- Жақсы басталған әңгімені бірден үзбеңіз, бастық жолдас, - деді Нұрислам іздегені осында екенін аңғарып. - Біз алыстан келіп отырмыз ғой.

- Келсеңдер, кетерсіңдер! Сандалып жүрмеңдер мұнда! - деп ол басын иіп, қағаздарына төнді.

Жігіттер біраз қозғалмай тұрды да шығуға беттеді. Есік түбіне жеткен соң Нұрислам артына бұрылып, тілек айтты:

- Сау болып тұр! Хош бол! Басың ауырып, балтырың сыздамасын...

Орманов үндемеді, тек оның аяқ - буыны шанышып кетті. Ол көптен бері буын ауруымен сырқаттанатын еді. Бетінің ісіңкілігі де содан. "Басың ауырып, балтырың сыздамасын..." Сырттай қарағанда бір шайқы сияқты. Көзінде айла жоқ, бірақ олардың бір сиқыры бар. Мен оны қуып шығарсам, маған жақсы тілек айтып тұр..."

Ертеректе казак қамшысы арқасын тілген, кейін Колчак зеңбірегінің жарықшағы оң жағын омырып алған, аяғында баспашылардың оғы жүрген бұл кісі әсерге беріліп, жұмсара қоятындардан емес - ті. Жалпы, ол жігер беретін мықты сезімдерді ғана мойындайтын, көңілшектікке салынып, аңқылдай бермейтін. Ондай аңғалдықты басқалардан көрсе, зығырданы қайнайды. Жаратылысынан қатал емес, тек ол қатал рухты, қатал заманның перзенті. Осы қатал рухты заман перзенті түн ортасында жұмыстан қайтып, таң алдында басын жастыққа қойғанда Нұрисламның қулықсыз қой көздерін, "Басың ауырып, балтырың сыздамасын..." деген қарапайым тілегін есіне алып, көп мазасызданды, шынында да аяғы бүгін азырақ сыздады, жарық түсе бастағанда біржола басылып, бір сәт тәтті ұйқыға шомды.

Нұрислам мен Құрбанғали бұл түні Бұлақ стансасының бір бұрышында еденде жатып шықты. Түн ішінде қолына жермай шам көтерген біреу бұларды жұлқылап оятып:

- Тұрыңдар! Пойыздарың келе жатыр! - деді.

- Қайдағы пойыз?

- Бүгілмеңікі.

- Жоқ, біз онда бармаймыз. Басқа жаққа барамыз, - деді Нұрислам, дереу екінші қапталына аунап түсіп, ұйқтап кетті.

Күн шығып келе жатқанда олар ашық көк терезелі шағын үйдің биік есік көтермесінде отыр еді. Біраз уақыт өткен соң Құрбанғали:

- Сырқаттанып қалған шығар. Сау адам осы кезге дейін ұйқтап жатпас, - деп мұңайды.

- Кеңседе отырғандарды қайдан білесің. Ұйқтауға да еркі бар. Бас та өзі, төс те өзі.

Марғау мөңіресіп, баяу шаңғытып, мал кетіп бара жатты. Малдарын айдап шыққан әйелдер үйлеріне тарады. Көше босап қалды. Екі сағаттай уақыт өткен шығар. Сонда ғана бір-екі адам көріне бастады. Биік көтерменің екі шетінде аяқтарын салбыратып отырған екеуге жұрт таңдана, күдіктене өтіп жатыр. Жай үйдің көтермесі болса, жөні басқа. Тым асқақтап кеткен бұлар.

- Түрі ауру сияқты көрінеді. Титықтап қалған тәрізді, байғұс, - деді Нұрислам. - Бетіндегі тыртықты да Кәшфолла сияқты соғыста алған - ау, шамасы.

- Тұлғасы менің Күмісбикемнен аласалау болса да, қалыса қоймас, - деді Құрбанғали әйелі есіне түсіп, көңілі елжіреп кетті.

- Ірі кісіні ауру бірден алып ұрады. Менің Күмісбикем іші ауырса да аунап жатады.

- Семіз ат бөгелектен де үркеді, арық ат сонаға да селт етпейді. Семіздердің терісі жұқа.

- Мен Күмісбикені жамандағалы тұрғаным жоқ, құрдас, жай, сағынған соң...

Сәске түске таяу қарсы жақтағы тығырықтан Ормановтың ірі денесі керінді. Ұзын қонышты етік, көмпиген галифе, биік шәпкі оны одан сайын биігірек етіп көрсетеді. Басқыштағыларды ол алыстан байқады, тек назар аудармады, басқышқа шыққан кезде әлгілерді ескермей өтіп кетпекші еді. Кете алмады. Орманов көрінгенде олар екеуі лып етіп ұшып тұрды, ол таяп келгенде иілмей - бүгілмей сәлем берді.

- Ауырып қалмағай деп қауіптеніп едік. Шүкір, есен-сау екенсің... - деп қуанды Нұрислам. Оның екі көзі жайнап тұрған ізгілік еді.

- Тағы келдіңдер ме?

- Иә, тағы келдік...

- Сендерге не керек? - Ормановтың ісік қабағы көтеріліп кетті, бірақ көзінен ашу көрінбеді.

- Сол кешегі шаруамен келдік. Зұлқарнаев Кәшфолланы іздеп жүрміз. Ұмытқан болсаң, Құлыштанбыз біз...

- Есімде.

Бұрын айтқанымыздай, көпті көрген, тік мінез чекист әлдеқалай жұмсара қойды.Алланың мына екі пендесіне ақырып, қорқытып, қуып жіберу орнына ойланып қалды. Олардың "алланың бендесі" болуы Ормановты қас қағымда сәтсіз қадам жасаудан құтқарды.

- Ұмытпағаның өте жақсы болған...

- Келіңдер! - Орманов алдымен кірді. Бөлмеде оның өз орындығынан басқа тағы бір орындық бар екен. Өзі отырып алған соң Орманов сол жалғыз орындықты көрсетті:

- Аяғы ауыратын біреуің отыр.

- Әзірше шаршамадық. Түрегеп тұрсақ та жетеді.

- Өздерің біліңдер.

Чекист басын көтеріп, Нұрисламға тіктеле қарады.

- Иә...

- Ағай дейік пе, жолдас дейік пе?

- Бәрібір.

- Біз қатты қапалымыз, ағай.

Кенет Ормановтың түсі қарауытып кетті, тек әзірше дауысында өзгеріс сезілмеді:

- Зұлқарнаев Кәшфолла халық жауы...

"Халық жауы" - бүл екі сөздің төркінін Нұрислам мен Құрбанғали біледі. Ол жайында газеттер жазады, радиодан айтылады, ел арасында да қауесет көп. Екі құрдастың жүрегі бірден су ете түсті. Достың жоғалуы тегін емес екен ғой. Кеше ойға келген нәрсе бүгін алдан шықты.

Орманов құрыштан құйылған болса, бұлар да балшықтан жасалмаған. Түсінбегендіктен емес, сенбегендіктен қайта сұрады Нұрислам:

- Кімнің жауы дейсің?

- Халықтың.

- Қайсы халықтың?

- Халық қандай болушы еді? Халық – халық - тағы.

- Оның халқы, ағай, біз - құлыштықтар. Қалайша ол біздің жауымыз болады? Жоқ! Барып сұра, бүкіл ауыл растайды.

- Ол бүкіл кеңес халқының жауы.

- Бір өзі ме? - деп Құрбанғали тіпті тізе бүкті. - Бүкіл халықтың? Жо-жоқ! Біз оның ішін де, тысын да білеміз, жауыздық жасайтын адам емес ол Әлдекімдер сіздің басыңызды айналдырған, жолдас.

Сіздіңше, Құлыш тұрғындарының досы кеңес халқының жауы болып шыға ма сонда? Бір өзі? Қой! Адам сенбейді бұған.

Орманов қозғалақтап қойды да, қайта тынышталды, бұлардың дәлелдерін тыңдап, біраз қорқытып қойғалы тықсырғысы келді:

- Сендер, шалағай адвокаттар, халық жауын қорғап, өздерің қылмыс жасап отырсыңдар. Түсінесіңдер ме соны?

- Қылмыс? Біз қылмыс жасадық па? Қарашы, Нұрислам, мына ағай не дейді? - Ол күдікті көк көзін жолдасына емес, Ормановқа қадады.

- Заң бойынша қылмыскерсіңдер! - деп шорт кесті ол. - Сендерді қамауға қақым бар менің.

- Бізді қамауға болмайды, ағай. - деді Нұрислам аспай-саспай. - Бізді қамасаң, жұмыс қалады. Бір аптадан кейін орақ басталады. Мен өзім орғышта жұмыс істеймін, мына жолдас - егін шапқышта. Менің балаларым ат айдайды. Биыл егін ырғын өсті, ысырап етпей жинап алу керек.

- О жақта да жұмыс табылар. - Орманов иегімен әлдеқайда ишара жасады.

- Ондағылар өз шаруасымен айналыссын, бүл жақта біз өз ісімізбен айналысамыз, жолдас.

Бұлардың аңқаулығына қайран қалды Орманов. Табан тіреп сөйлескен болады. Табан тірейтін заман ба? Надан мен есер ғана мұны аңғармас. Бұлар мүлдем айласыз да емес, әйтсе де аңқау екені көрініп түр. Әйтпесе өз еркімен оның алдына келмес еді. Айыпкерді емес, тіпті күдікке іліккендерді қорғауға батылы жеткен кісілер Ормановтың есінде жоқ. Әзірше ондайлар кездеспеді. Ал мына екі аңғырт алды-артына қарамайды, айтқанынан қайтпайды. Қысқасы, есер. Турашыл есерлерге ол мейірбандықпен қарайды, ал тәтті тілді жылпостарды суқаны сүймейді.

- Сен біз туралы айтамын деп қымбат уақытыңды босқа шығындама, - деп кеңес берді Нұрислам. - Бізге мөрі мен төрағамызды қайтарып берсін.

- Ол халық жауы.Статьяға ілінеді.

- Жау, жау! Тапқан екенсің жауды. Ол неге ақтарға қарсы соғысып, қанын төккен? Неге кеңес жолында қанша жылдан бері жанын салып, жұмыс істеп жүр? - деп Нұрислам қызып кетіп, кенет шәпкісін алды. - Жарлыларға сүйеніш, зарлыларға жұбаныш, жақсыларға сүйкімді, жауыздарға қатал ол! Жаудың кім екенін біз де білеміз. Ел талаған, адам ренжіткен кісі жау болады. Анау Түлкі Мұқтай! Кезінде оның айдалғаны дұрыс болды. Ал Мұратша ұры ше?! Түрмеге кірмей жатып, қайта шығады. Heгe шығарады сол сұмырайды? Міне, жау осылар!

Орманов қынжылмады, ашуланбады. Сабыр сақтады. Бойы әлдеқалай жеңілдегенін сезеді іштей, соған өзі таңырқайды. Бір сәт кенет түсінді: буындары сыздамайды екен. Нұрисламның сирек - сирек шашының арасынан теңбіл-теңбіл қызарған дымқыл төбесін көргенде Ормановтың көңілінде аяныш сезімі оянды. Екі күн бойы осында айналақтап жүр. Пайда іздеп жүрген жоқ, өздерінше әділет, ақиқат жолында, өздерінің ақиқатын іздеп жүр бұлар. Қандай әлсіз сол ақиқат замана алдында.Маған шындықты сипаттау міндеті тапсырылмаған, қылмысты ашу міндеті жүктелген. Ал мына екеуі мені қорғайды... Чекистің басына осындай үзік-үзік ойлар келді. Ол ез қызметіндегі қағидаларды бұза отырып, бұларға Зұлқарнаевтың неге айыпталғанын ашқысы келді. Иә, әлдеқалай осыны ниет етті. Жаратылысы, революциялық тәрбиесі жағынан Орманов ар-ожданы таза, турашыл кісі. Бірақ ширек ғасыр бойы ұдайы тап жауларымен шайқасып, аяусыз соққы жеп, қан төгіп, қасірет шегіп, кеңілі қабарған. Таптық сергектік сезімі кейде - кейде таптық шүбәға айналды. "Бұл дос па?" деген сұрақтың орынын жиірек: "Бұл жау емес пе?" деген күмән басты. Бұлаққа ол жақында Мәскеу жақтан келді. Бұл жақтың өзін де, тұрғындарын да білмейді. Бәлкім, бейтаныс кісі керек болған соң жіберген шығар. Зұлқарнаевтың азамат соғысында қан төккенін ол ерекше ескерді.Тап жауларының қолынан жараланған кісілерге айрықша қарайтын. "Қанын төккен жанын сатпас" дейтін. Кейінірек күдіктене бастады: "Жаман жолға түскен опасыздар, табын сатқан тұрлаусыздар аз ба? Оларға екі есе, жоқ, үш есе аяусыз болу керек" деп ойлады.

Орманов: "Бұл жерде айтылған сөз осы жерде қалуға тиіс, сыртқа шығару - қылмыс" деп ескертуді жөн көрмей, бірден іске көшті.

- Зұлқарнаев Кәшфолла таптық санасын жоғалтып, саяси қылмыс жолына түскен.

Ол ұзақ үнсіз отырды.

- Өмірінде бір-ақ рет ішіп, таптық санасын емес, өз ақылын жоғалтқан еді ол, - деп күрсінді Құрбанғали.

- Дәл солай. Бәрі бірге жоғалады. - Орманов үстел тартпасынан бір бет қағаз алды да біраз қарап тұрды, содан соң Нұрисламға төне қарады. - Сен жаңа: "Жарлыларға сүйеніш, зарлыларға жұбаныш, жақсыларға сүйкімді, жауыздарға қатал ол" деп құбайыр айтып бердің. Ал мен сендерге бүкіл жырды жырлап берейін. Мұқтасым деген саудагермен ертеден құшақтасып, ішіп жүрген бе? Жүрген. Сондықтан әлгіні кулак жасап, жер аударуға жанын сала қарсы шыққан. Бұл бір. Дін қызметкері... - Ол қағазына тағы көз тастады. - Дін қызметкері Құттыяр азаншыны және үш кулакты қамқорлыққа алып, қорғап қалған. Тап шайқасының ең қауырт кезінде коммунист басымен партияның саясатына қарсы шығып, жаудың сойылын соққан. Сатқын жан ол. Бұл екі. Партия мен халық мұндай адамдармен есеп айырысып жатыр қазір. Түсінікті ме?

- Жоқ. Түсініксіз, - деп Нұрислам шәпкісін милығына баса киді. - Сіз өзіңіз бе, әлде анау қағазыңыз ба, айтып отырғаныңыз мүлдем бос сөз. Мына Құрбанғали айтсын, мен өзім де алдай аламын, әйгілі суайттарды да білем, тек мынадай қисынсыз жаланы, шылғи өтірікті есіткенім де, көргенім де жоқ әлі!

- Мүлдем қайран қалдық, - деп мақұлдады Құрбанғали.

Орманов сабыр сақтады. Мына екі қызық адам оның назарын аударып, баурап әкетті: олар айтқан шырқыраған шындық тыңдауға мәжбүр етті.

- Білгендеріңді асырмай айтыңдар. Әйтсе де отсыз түтін шықпайды деді чекист.

- Түтінге қарап үкім шығара берсең, ағай, өзің тұншығып қаларсың, түтіннің бықсығы жаман... - деп іліп әкетті Нұрислам.

Құрбанғали реті келгенде оның сөзін мақұлдап тұрды.

Бір кезде түтін шыға жаздағаны рас. Мұқтайдың үйінде ішіп, мас болғаннан бергі жағдайды жұрт ұмытқанымен, әлдекімдердің есінде қалған екен. Бұл қара түтіннің құрымы біреулерге жұғып қалса керек. Орманов міне осыны тұспалдап отыр. Екінші рет шыққан түтін мүлдем нахақ еді. Ұжымдасудан үш жыл бұрын ауыл жиыны дүкенші Мұқтайды кулак деп жер аударуға қаулы шығарды. Төраға Кәшфолла сол кезде кекшіл кісі болғысы келмей, өз ойын ашық айтты:

- Жамағат, - деді ол халық алдына шығып,- Мүқтасым бай таптық жағынан бізге жат кісі, бәріңіз де білесіздер, ол менің хас дүшпаным. Мен оның хас дүшпанымын. Мүқтасымды ауылдан жер аудару менің қастандығыммен болған екен деп ойлау... ойлап

' Қубайыр - башқүрт ауыз әдсбиетіндегі ән жанры: қаһармандық жыр.

қалу мүмкін, - деп әлдеқайда жоғарыға ишара жасады. - Сондықтан дауыс бергенде мен бейтарап қаламын.

Кәшфолланың бүл қылығын оның өзінен басқа ешкім аңғармады. Төраға жаңсақтық жасады. Оған ерген үш-төрт кісі жан-жағына жалтақтап, адасып қалды. Біреу тіпті:

- Төрағаның өзі күдіктенетін болса, бізге не жорық?! - деп айқайлап жіберді.

Мекер, тойымсыз Мүқтасын өмір бойы жүрттың титығына тиіп, мезі қылған еді. Сондықтан халық оны аямады, қуды.

Екінші түтін осы еді.

Түтіннің үшіншісі де шықты.

Ауыл кулактарына шабуыл басталғанша асқан бай Халимулла өліп қүтылды, екі үлы дүниелерін төгіп-шашып, қалғандарын тиеп алып, қалаға көшті. Жүсіппен қашқан ару Зүбайда хабар-ошарсыз кетті. Дүниенің бағытын, замана ағымын алдан болжай білген көреген Мүса молда сонау 1925 жылы-ақ шарбақ-қорасын өз қолымен ауылдық кеңеске тапсырып, малый, дүние-мүлкін сатып, отын арбасына бір үлкен сандық, көрпе-төсек, аздаған ыдыс-аяқ, апталық азық алып, балалары Қүлыштан безіп кеткеннен бері бас ауруна шалдыққан кемпірін мінгізіп, тал түсте ауылдан шығып, қазақ даласына қарай жол тартты. Үш үлы мен бір қызы төңкеріске дейін сыртта оқып, соңғы жылдары қайтып келмеді. Жүрттың айтуынша, олардың тортеуі де: "Біз молданың балалары емеспіз, төңкеріс перзенттеріміз" деп әкеден бас тартқан корінеді. Молдадан ескерткіш болып үй мүржасының басындағы жел ьщғайына бүрылып түратын қаңылтыр әтеш қана қалды. Қүлыштың үшінші байы, оздеріңіз білетін Түлкі Мүқтай еді. Оны жүрт өз жолына шығарып салып, әділдік жасады. Бүлардан басқа бай дейтіндей бай жоқ еді. Тыным таппай, тырбанып, аянбай дүние жиып, тәп-тәуір күн корген кісілер кеп-ақ. Төңкерістен соң Қүлышта, 1921 жылғы қатты қытшылықты айтпағанда, аштықтан қиналған үйлер сирек шығар. Намысшыл халық. Бірінен-бірі қалмай, тырбанып жатыр. Қазір жер-су әділ бөлінген. Жетім- жесірге ғана қиынырақ. Бүған қоса ауылдың бес-алты керенау- кердеңі, тентегі бар. Олардың "аты жоқ аранда, уайымы жоқ боранда". Солардың бірін жүрт Ашық Ғимран дейді. Оған дүние кең, аузы ашық. Есер емес, керенау, дәйексіз. Бес баласы бар. Күні бойы үйінде. Қысы-жазы түске дейін үйықтап жатады. Азда- ған тары, бақшасына картоп егеді. Үйінің шарбағы жоқ. Баяғыда отқа жағылған. Қақпасының екі бағанасы ғана сорайып түр. Сол бағаналардың түбіне де балта шабылған, тек өтпеген соң кесе алмаған. "Ғимран, неге шарбағыңды жаңғыртпайсың? Біз де көмектесер едік" дейді оган екі қапталдағы көршілері. "Мұрша жоқ, қол тимейді" деп жауап береді ол, орыешалап: "Недосуг, туысқан" деп қосады.

Үжымға бірігу кезеңі басталганда Кәшфолла Бұлақтан тап күресінің күннен күнге күшейіп келе жатқанын дәлелдеу үшін жедел түрде бес бай тауып, солардан кулак жасау керек, бүл істі кешіктіру - аяқтан шалу болып есептеледі деген бүйрық ала келді. Торағаны: "Басқалардан көп артта қалдыңыз. Асыра орындау- шылар да коп. Байқаңыздар!" деп қорқытты. Кәшфолла кесіп уәде бермеді. "Қайтқан соң елмен кеңесу керек болар" деді. Оны дереу қайырып тастады: "Ел дейді! Қайдагы ел?! Ел саған әмір беріп отыр. Сен орында. Бесеу! Біреуі де кем болмасын! Ауданның абыройын ойла. Күресте аяу жоқ!"

Қайтып оралған соң төраға ауылдық кеңес белсенділерін - өзінің кеңесшілерін жинады. Қысқы үзақ таң атқанша отырды. Үлкенді- кішілі жеті көшенің бір басынан екінші басына дейінгі үйлерді біріндеп санап, үш-төрт мәрте айналып шықты. Әр үйдегі малды, үй-шарбақты, арба-шананы, сабан-тырманы, тіпті қүсты қалдыр- май санап, есебін алды. Кім қашан асар салган, кім кімге қолғабыс берген, кімде неше рет күндікші болған, күндікшіге қандай жүмыс істеткен, ақысын қалай төлеген - бәрінің есебі алынды. Адам күшін пайдаланып, арам дүние тауып, өзгелерді зар жылатып байыган ешкімді атап айта алмады. Екінші мәхәлләнің молдасы таяуда дүние салды, тойымсыз азаншысы үйін тастап, әлдеқайда тайып кеткен. Мешіт қүлыпсыз түр.

- Ендігі қалғаны Қүттыяр азаншы гой. Қалай дсссц де, дін қызметшісі, қаны басқа, -дсді бслсспділсрдіц бірі әбден таусылып.

- Қүттыяр да езуші - эксплуататор болғаны ма? - деп қарсы шықты торағаның өзі.

Біреулер қалжыңға басқысы келді:

- Қоян Шайми былайша да жарты өмірін шетте өткізеді, соны жер айдалған деп жазып жіберейік.

- Тапқан екенсің! Шаймидің жалгыз дамбалынан басқа несі бар? - деді Қүрбанғали досының әкесін айтқанға ренжіп. Бүл кезде Нұрислам белсенділер санатына енбеген еді.

- Сасқанымнан айтқаным гой. Кулак керек деген соң.

- Давай, Мүратша үрыны көрсетейік. Елді бүлдіріп бітті гой тегі!

- Тағы да тура келмейді, - деді Кәшфолла, - екі аты, бір шок- пары бар. Үры екенін үстінен шығып, қолынан үстап алып, дәлелдеу керек қой.

Күйлі түратын төрт-бес кісі табуға болатын еді. Кеңес заманы жер бөліп, аяқ-қолға қуат берген соң сол еңбеккер адамдардың адал күшімен тапқан азын-аулақ дүниесін тартып алып, өздерін қалайша сергелдеңге саласың? Бәрінің түрмысы көз алдында, жасырын ештеңе жоқ. Егер осыларды қүртсақ, кімді еңбеккер дейміз? Кімге сүйеніп үжымшарда жүртты жүмысқа жүмылдыра аламын? Ашық Ғимран мен қаңылтыршы Ғилметдинге сүйенемін бе? Кім сенеді маған? Торағаның басына міне осындай ойлар келді. Тіпті ой емес-ау, ішкі түсініксіз сезімдер.

Біраз үнсіздіктен соң Кәшфолла бар мәселені былай түйіндеді:

- Әділетті алға тартайық, бауырлар. Айыпсызды айыптап, досты дүшпанға шығарып, адамдардың үясын бүзбайық, жанып түрған ошақтарды сөндірмейік. - Бүл сөздерді ол түрегеп түрып айтты, оның зор денесінен түскен көлеңке бүкіл қабырғаны жауып кетті. -¥жымшарды бастау үшін күшімізді топтап, сеніммен біріктіру керек... Ертең тағы Бүлаққа баруға тура келеді. Осы ортақ шеші- мімізді басшыларға айтып беру керек болады.

Бүлақта Зүлқарнаевқа қатты зекіп, қатты қорқытты, оңға жалтардыц* деп айыптады. Бірақ осы жылдар ішінде Көшфолла өзінің нағыз іскер, турашыл, әділ кісі екенін танытқан-ды. Сондық- тан одан түп-тура күдіктенбесе де, "оңға жалтардың" деген үрейлі таңба басты. "Бар, қайт, бәрін қайтадан баста. Бір қадам артқа шегіну жоқ!" деді. Қайтып келген соң ол қайта бастамады.Апта өтпей жатып, аудандық атқару комитеті төрағасының өзі келді. Екі күн бойы түрды. Көп кісі шақырып, хәл-жағдай сүрады, көңіл күйін білді, мүқтаждарын тексерді, ешкімді қыстамады. Кәшфолланы ертіп, бүкіл ауылды жаяу айналып шықты, ақсақал- дармен көрісті. Әдекімнің "бес кулак табу керек" деген бүйрығы туралы бір ауыз сөз қозғамады. Кетер алдынан белсенділерді жинады: "Адамдарды үжымшарға зорлықпен тартсаңыздар, дау- жанжалға қаласыздар, жүртты көз жеткізе сендірсеңіздер, тату тұрасыздар... - деді. - Бірақ қырағылық сақтаңыздар. Елде кескілескен таптық шайқас жүріп жатыр". Басқа да көп кеңестер берді.

Ол жүндес сүр азбан жегілген шанасына мініп, кешкі жаяу боран соғып тұрғанда қайтып кетті. Кәшфолланың тынысы кеңейіп, көңілі жай тапты. Демек, жоғарыда қорқытушылар ғана емес, кеңесшілер де бар екен. Құлышта ұжымдасу ылғи тып-тыныш өтті деуге болмайды, дау-дамай да, айқай-шу да шықты, тек айтарлықтай жаман оқиғалар бола қоймады.

Нұрислам мен Құрбанғали міне осы жайларды өздерінше қызық түсіндіріп берді.

- Білгіңіз келсе, Кәшфолла Құлышты сол кезеңде Сталин жолдас әшкерелеген прегибтен құтқарып қалды. - Алдар ыңғайы келгенде езінің саясатта қара жаяу емес екенін де аңғартып қойды, тек "перегибтің" алғашқы жуан дыбысын түсіріп алды.

- Перегиб! - деп түзетті Орманов.

- Сол прегиб! Асыра сілтеу... Егер Сталин жолдас мұны есітсе, тап менің ойлағанымдай жасады деп Зұлқарнаевқа алғыс айтып, шен тағар еді.

- Жә, жә! Тілінді тарт! Сталин жолдастың кімге не айтып, не беретінінің саған қатысы жоқ.

- Оның айтқан сөзінің бәрімізге қатысы бар! - деп шын көңілден өжеттей түсті Алдар. - Біз ауылда осылай ойлаймыз.

- Дұрыс ойлайсыздар, - деп құптады Орманов. Екі тізесі бірдей шым ете қалды. Кенет қабағын шытты.

- Кәшфолланы қайтарыңыз, ағай. Мөрі де өте қажет. Мөрсіз күн көру қиын қазір халыққа. Біреуге анықтама, біреуге рұқсат қағазы керек. Менің қайын атам шабаташы Хәбетдин қартқа да базарда шабатасын сатуға мөр басылған қағаз талап етеді.

Құрбанғали шабатасының тесік тұмсығына қарап қойды.

- Мен ештеңе айта алмаймын.Сөз осымен бітсін. Уәссәләм!

Ол өзі ұнатқан "уәссәләмін" қоспай қоя алмады.

- Сөйтіп, құр қол кетеміз бе енді?.. Осынша үміт күткен әңгімеден соң... Отсыз түтінге шашалып, босқа сандалғанымыз ба енді?

- Түрлеріңе қарап тұрсам... - деп Орманов сәл жымиғандай болды, сірә, тізесінің шаншуы басылса керек, - сендер шашала қоятындардан емессіңдер. Хош!

- Хош, ендеше, - деді Нұрислам, тек кетуге асықпады, - Айтпақшы, буындарың сырқырайды ғой. Менің әкем де ертеректе көктем мен күзде осы аурудан азап шегетін. Жастау кезінде қысқы қатты суықта лау айдап үсітіп алған. Көктем шыға бір қап құмырсқаны илеуімен қоса алып келіп, қазанға қайнатып, соның сорпасын сүзбестен үлкен шелекке құйып, бір кеште аяқтарын, екінші кеште қолдарын малып отырды. Ай бойы, күн сайын осылай жасады да, құлантаза жазылып кетті. Қазір қарап тұра алмайды, зыр жүгіріп, билеп кетеді. - Нұрисламның ұзын сөзін Орманов тыңдамаған сияқты, бірақ бөлмеді. Азырақтан соң:

- Майда қара құмырсқа ма, әлде сарысы ма?

- Ең үлкен сарысы. Тек екі-үш күннен жаңғыртып отыру керек. Әйтпесе ыстығы басылып, шипасы кемиді.

- һім - м... - деп Орманов ерінін қымқырды, ісіңкі қабақ астындағы мұңды көздері тағы да қағазға Төнді. – һім - м...

- Ендеше біз жүре берейік пе?

Чекист бас шұлғыды. Әлгілер есік алдына жеткенде тоқтатып, аты - жөнін сұрады. Жазып алмады. Сұрады да қойды. Құрбанғалидың аты оған айрықша сүйкімді көрінді. Ақ жолақ қызыл шалбардың балағын ақ үйыққа тығып, шабата бауын шебер ілмектеп байлаған, ақ кенеп жейдесінің етегін шалбарланбай, бос қойған, терең киіз қалпағы милығына түсіп тұрған, көк көз, жүдеу жүзді, пісте мұрын, көселеу бүл тапалдың есімі басқаша болуы мүмкін емес тәрізді еді. Құрбанғали десе, Құрбанғали. Тек күркіреген жуан дауысы нағыз алыптың үні.

Қайтар жол өте ұзақ сияқты көрінді. Әйтсе де олар асықпады да. Асығатын алдында қуаныш күтіп тұрған жоқ қой. Димнің жағасында отырып тамақ жеп, төменге түсіп, су ішті. Өгіз дөңінен өткен соң орман шетіне қайырылып, емен көлеңкесінде көз шырымын алғысы келіп еді. Ұйқы келмеді. Жол үстінде ауыздарына сөз түспеді. Сәтсіз сапар осылай күйзелтті оларды. Дүниенің сәні қашты. Ауылға жеткенде Нұрислам бөсірінің қайта шыққанын жолдасына білдірмеді. Былай да, байғұс тәуліктер бойы жүдеп, түнеріп қалды.

- Сөйтіп, Қасқа бас ештеңені кесіп айтпады ғой, Нұрислам, құмырсқа туралы да қайта сұрады, әлі де үміт үзбесек деймін?

- Үміт үзуге болмайды, Құрбанғали. Екі-үш күннен тағы баруымыз керек болар. Жолын білеміз енді. Қағазға жұрттың қолын қойдырып алуымыз керек. Бұрынғылар таңба жинаған осылай.

- Бармауға болмайды, барамыз!

Жақсы сөз аз да болса көңілге медеу болды. Қадамдары шапшаңдай түсті.

Кешкі шапақ сөне бастағанда ауылға қайтып келді.

"Әрекетке - берекет" деп тегін айтылмаған. Іздеу салу босқа кетпеді. Нұрислам мен Құрбанғалидың келуі Ормановты, аз да болса, ойға қалдырды. Зұлқарнаевты ол егжей-тегжейлі тергеді, оның берген жауаптары "адвокаттардың" айтқандарына дөп келді.

Асырмады да, жасырмады да. Айыптаушы айыпталушыға басқашарақ, Құлыш адамдарынша қарауға тырысты. Кейін чекист көп ойланды, ұзақ ойланды, сөйтіп, шешімге келді... Өйткені Кәшфолла тағдырын ол жалпы тасқынға тастап үлгірмегенді.

Екі күннен кейін төраға мөрі және штемпелімен қайтып келді. "Шындық бар екен..." деген ойға келді ол.

Шындық бар екені бар ғой, тек соған жұрттың бәрінің қолы жете бермейді.

Кәшфолла қайтып келген күннің ертеңіне Құрбанғали орманға барып, ең үлкен сары құмырсқаның илеуін қапқа салып, Бұлаққа жалғыз өзі тартты. Бөсірі асқынған Нұрислам орнынан қозғала алмай жатқан-ды.Кешке таман қайтып жеткен Құрбанғали бірден Нұрисламға келді. Әлі шам жағылмағанды, алакеуімде Адвокаттың алабұртқан жүзі кісі шошырлық еді.

- Пәле болды, құрдас, Ормановтың өзін қамап тастапты, - деді ол.

Ұзақ үнсіз тұрды.

- Сонда ол да біреудің жауы болып шыққаны ғой, - деді Нұрислам.

Сиырын сауып болған Балдыбанат келіп, шам жақты. Достар Құрбанғалидың үлкен қолында жүгіріп бара жатқан адасқан жалғыз құмырсқаға қарап тұрды.

- Илеуді орманға қайта алып барып, бұрынғы орнына қойдым, - деді Адвокат.

Сөйтіп, Кәшфолла сол Ормановтың қамалғанын, Алдар мен Адвокаттың Бұлаққа барғанын ешқашан білген жоқ.

ОН АЛТЫНШЫ ТАРАУ

КӘШФОЛЛАНЫҢ ЖЫЛАҒАНЫ

Жаназа үстінде сәл асырыңқырап айтылатын да сөз болады. Нұрислам да: "Қайғыға кезіккенде бізбен бірге жыладың" деп Кәшфолла туралы тым әсірелеңкіреп жіберді. Ел басына күн туып, жұрт қыруар қасірет тартты. Мұндайда Кәшфолла қайғырғанын жасырмады, тек көз жасын көрсетпеді. Нұрисламның өзі де көрдім дей алмас. Ал Құрбанғали төрағаның өкіріп жылағанының куәсі болды. Тек бүл жайында ол жан баласына тіс жарып, ештеңе айтпады. Екеуінің ғана арасында сыр болып қалды.

1943 жылдың көктемі еді. Ауылда еркек кіндік мүлдем сиреп қалды. Тіпті Нұрисламның қатары да майданға түгел аттанған.

Қарттар еңбек армиясына алынды. Қойтапал Құрбанғали мен фин соғысында тірсегінің сіңірін жұлдырып қайтқан Кәшфолладан басқалардың бәрі салқа кәрі - құртаң, кілең мүгедек. Зұлқарнаевты фин соғысына жасы қырыққа жетсе де, бірінші кезектегі запас болғандықтан алды. Өзі де сұранса керек. Қызыл атты әскер ғой. Қазір сол аяғын сәл сылтып басады. Денесі ірі болған соң аяғының мүкісі көзге түсе береді. Ірі дегенмен денесі саудыраған сүйек. Тұла бойында бір жапырақ ет жоқ. Жағы суалып, көзі адырайып қалды.

Әлі қар ерімей жатып үйлердің көбі аштыққа кезікті. Жұрт жаппай қырыла қоймағанымен, ашыққандар көбейіп кетті. "Қара жерге табанымыз тисе, топырақ жаласақ та ажалдан құтылар едік - ау" деген жұрт жердің ашылғанын зарығып күтті. "Жерден түңілме, жер өлтірмес" деген үміт жұртқа мол төзім, зор қуат берді. Қар кетіп, қара жерге табан тигенімен, ашаршылық өрши түсті. Қара топырақ перзенттеріне бірден ризық бере алмады. Ауылкеңестің қысы-жазы тақымынан түспейтін жирен азбанын біресе арбаға жегіп, біресе ерттеп мініп, талай жерге далақтап шапты Кәшфолла. Орайы келгенде айта кетейін. Жирен азбанды күтіп-бағатын Құрбанғали. Бұған қоса осындағы жүмысшы да, атсейіс те, қарауыл да, пеш жағушы да, кеңсе сыпырушы да, ауылдағы хат тасушы да бір өзі. Төраға жоқта сырттан келген өкілдерді де қабылдап, қанты болмаған соң сәбіз салып қайнатқан шай береді. Қонақтарға арнап картопты күлге пісіріп қояды. Тораға босқа жүрген жоқ. Сәуірдің басында ол күнбағыстан май айыратын зауыт директорына қылқылдап жүріп, сәл шіри бастағанымен, әлі кәдеге жарайтын он қап күнбағыс тұқымын сатып алды. Ашыққан коп балалы әйелдерге арнайы тізіммен бала басына үш тостағаннан күнбағыс үлестірді. Бұл жұмыс ауылдағы ең әділетті кісі Құрбанғалиға тапсырылды. Қолтығына кенеп қап, дастарқан қысқан отыз алты әйел ауыл кеңес алдына жиналып, кезекке тұрған кезде ісіне кіріскен өлшеуші сөзін былай бастады:

- Ардақты аналар, қарындастар! Таласпаңыздар! Бәріңізге тиісінше тегіс бөлінеді. Балаларыңызды түгел есептеп шықтық, Кәшфолла оз қолымен тізім жасады. - Ол қойын қалтасынан бір парақ қағаз шығарып, қолтығына қыстырған тостағанын қолына алды. -Мінеки, бала басына үш тостағаннан тиеді. Төпелеме сала алмаймын, бетінен ғана толтырамын. Есебіміз солай.

Кезекте тұрған әйелдер қыбыр етпей, сабыр сақтады. Жерден бұрқырай көтерілген бу оларды манауратып, мас қылғандай, сәуірдің тас төбеден шақырайған ыстығы әлсіз денелерін күйдіріп барады. Әйтсе де тәтті түс көргендей рақат сезім құшағында бәрі де. Өйткені, балаларына, немерелеріне аз да болса, тамақ берілгелі түр. Тек мына Құрбанғали неге күйбектей береді? Ол тағы сөз бастады:

- Қалай бөлгенімді бақылап тұратын кісілер керек. Сонда әділ болады. Жұмабике апай, Зәһида келін, Балдыбанат жеңгей, мына жаққа келіңіздер.

Нұрислам өзінен бұрынырақ некеге тіркелгендіктен ол Балдыбанатты "жеңгей" дейтін. Есімдері аталған әйелдер оның қасына келді.

- Қазір, қазір, тағы бір сөз айтам, - деп бәйек болды Құрбанғали. - Күнбағысты үйге қайтудан тез қуырыңыздар. Ашып кетпесін. Балаларыңызға мұны уыстап үлестірмеңіздер. Сәкінің үстіне тері жайып, күн сайын соған жүн арасына аздап себіңіздер. Балаларыңыз соны теріп алып, біраз алданады. Баяғы он бірінші жылғы аштықта әкеміз бізді осылай құтқарып қалған.

Тамаққа талшық таппаған үйлерде аштықты біраз осылай алдап, амалдап күн көрді жұрт. Бір аптадан соң ұжымшар төрағасы Мағрипа кендір күнжарасын тауып қайтты. Бүл да кәдеге жарады.

Мамыр айының басында Зұлқарнаев Бұлақтан қайтты. Мінген аты ақ көбік. Біресе қуанып, біресе қиналып келе жатыр. Қуанатыны: элеватор директоры, бұрынғы милиционер, имек мұрын Құдайзатов ұраның түбінен сыпырған топырақ аралас қара бидай беруге уағда етіпті. Тезірек екі арба жіберіп, сол бидайды алдыру керек. Құдайзатов сөзінде тұратын кісі. Бірақ ел қатты ашығып жатқанда аяқ астынан бірдеңе шыға келмесіне кім кепіл Қиналған себебі: ауданға жаман қауесет тараған. Аштықтан тарыққандар бидайдың аңызда қалған былтырғы масағын теріп жеп, үй - іштерімен қан құсып, ауырып қалған көрінеді. Өліп жатқандар да көп дейді. Осыны есіткенде Кәшфолланың зәре - құты қалмады. Мырза алқабы дейтін ең алыс егістікте былтыр жаңбыр жауып кеткен соң кеп масақ терілмей қалған. Бала-шаға күзде жинай алмады. Сол қазір естеріне түсіп, сонда кетіп қалса ше? Шапқан сайын төрағаның үрейі ұшты. Қалқан дөңіне шыққанда аты ырқылдап, аяқтары қисаңдап, басы кекшеңдей берді. Жүрегі жарылып құласа, біткені. Әйтеуір жығылмады жануар, шыдап бақты жирен азбан. Талай қатты қыстан шыққан көнбіс жылқының тұқымы емес пе? Зорықса да аман келеді. Ауылға келіп, өрт мұнарасы мен клуб тұрған жерге жеткенде Зұлқарнаев Мырза алқабына баратын жолда бір шақырымдай жерде бір топ адамды байқады. Бар ойы сол жақта болғандықтан көзі тез аңғарды.

Кәшфолланың көзі былайша да көргіш болатын. Қартайғанымен, алыстан да, жақыннан да жақсы көретін.

Атынан қарғып түсті де, тізгін ұшын ердің басына іле салып, төраға кеңсеге қойып кетті. Құрбанғали Бұлақтан келген мосқал өкілге сәбіз шай құйып отыр екен. Қонақ картопқа тимепті, алдында домалап жатыр.

Түсі қашқан Кәшфолла есендесуді де ұмытып:

- Мырза жаққа бара жатқан не дүрмек? - деді.

- Қайдам. Бейсәубет ешкім көрінбеген сияқты.

- Біреулер кетіп бара жатыр!

- Ә-ә... Сабақтан қайтқан майда балалар мана солай қарай кеткен.

- Жүр, кеттік! - деген төраға өкілді жаңа байқады. - Есенсіз бе! Біз қазір қайтамыз, күте тұрыңыз.

"Қайдан келген? Кім?" деп жөн сұрамады. Алдында картоп, сәбіз шай ішіп отыр, кім екені белгілі ғой.

Кеңсенің "көз - құлағы" ештеңе сұрап жатпастан есікке қарай беттеді:

- Кеттік!

Кәшфолла атына мініп, желе жөнелді, Құрбанғали қапталдаса жүгірді. Биыл қатты жүдеп, денесі жеңілдеп, қолы ұзарып кетіп еді оның. Селдір мұртының ұшынан сәл тартып қалсаң, ұшып түсердей. Баяғы Нұрисламды мазақтаған қаратамақ торғайдың тап өзі дерсің. Әйтсе де сыр бермеді. Жирен азбаннан қалыспады. Кәшфолла біраз жерге барғанда ғана жөнін айтты. Бұдан соң Құрбанғалидің аяғының сіңірі құрыш серіппеге, қолдары қауырсынды қанатқа айналды. Адам күшінің де, ат қуатының да шегі жоқ екен. Әйтпесе сонша шақырым жерге толассыз шапқан ат өкпесі өшіп өлер еді, талай күн ерден түспей, азап шеккен салт атты естен танып, жаны мұрнынның ұшында тұрған "жүгіргіш" омақаса құлар еді. Үшеуі бір тән, бір жанға айналды. Сондықтан құламады. Бір шақырымдай жер қалғанда суға түскелі келе жатқан үйректердей тізіліскен жеті-сегіз бала ап-анық керінді. Ақырын ілбіп барады. Екеуі отыз-қырық қадамдай артта қалған. Байғұстар. Аш баланың адымы өне ме? Әйтсе де Мырза алқабына таяп қалыпты. Қуғыншылар жете ала ма, жоқ па?.. Қанша ұмтылғанмен бастапқы қарқын қалмаған. Құрбанғалидің құрыш сіңірі, қауырсын қанаты тала бастады.

- Үзенгіге жабыс! - деді Кәшфолла жолдасының хәлін көріп. О л басын шайқады.

- Атың ауырлап қалар. Шыдаймын.

Кеше сабақтан соң Нұрисламның Штурвал деген пысық баласы өзінің екі жолдасының оллаһи - білләһи айтпаймыз деген антын алып, бір сыр ашты, олар сертке әбден берік болу үшін тағы да екі құрбысына "Арифметика" кітабын сүйгізіп тұрып осы құпияны сеніп тапсырды. Сөйтіп, жеті бала топ құрды. Нұрислам комбайншы болуды армандап жүргенде дүниеге келген бүл бала. Осы есімді әкесі дала кемесінің бір бөлшегі әдемі есітілетіндіктен емес, мағынасын терең түсінетіндіктен қойды. Штурвал! Баласы ер жеткен соң мықты қызмет атқарар, үлкен істерді тұтқасын ұстап, ел басқарар деп ойлады. Штурвал! Құлаққа жағымды, көңілге қонымды. Құлыш ауылы баланың аты әдемі шықса бітті, басқасына бас қатырып жатпай, қалағанын қоя салатын. Осында Ангиналар, Флюстер, Антенналар қаптап кеткені содан.

Таяуда он бір жасар штурвал әкесінің: "Анау Мырза алқабында қара бидайдың қыруар масаты күзде балшыққа батып, ысырап болды. Қазір соның бір түйір дәні ажалдан құтқарып қалатын дәрі ғой, шіркін!.." деп өкінгенін есіткен. Алғыр бала осы ойды қағып түсті. Оның көз алдында топырақта шіріген масақтар емес, аңызда жалтырап жатқан ұзын қылшықты алтын масақтар жарқ етті. Дәні баданадай, үш масақты үгіп қалсаң, алақаның толады. Жаңа шыққан күн арайына малынып, алтындай жарқыраған алқап үстіне жаңбырша жауған масақ баланың түсіне кірді. Ол сол масақты жерге түсірмей, қағып алып, кітап салатын дорбасын толтырып жүргендей. Жинап - жинап, кезін ашса, дорбасы боп-бос. Әуеде ұшып келе жатқан масақ емес, өрмекшінің ауы болып шығады. Оянып кеткенде түстің аяғын ұмытыпты ол. Тек самалмен жайқалған масақтар ғана есінде қалыпты. Түсінде көргендері бала қиялында неше түрлі ойлар оятты. Сол ойлар ертеңіне алты баланы да қатты толқытты. Нұрисламның баласы Штурвалдың қиялы ұшқыр еді.

Бірінен-бірі жүдеу, үсті-басы бірінен-бірі жұпыны киінген жеті бала қолын созса, ауызға түскелі тұрғандай көрінген ризығын іздеп, ыстық топырақты борпылдата басып, томпаңдап барады. Кейінгі екеуі де бұлардан қалысар емес.Үміт айдап, өмір ынтықтырады. Арқаларында - бос шүберек дорба. Олар қазір толады. Сонда... о, байғұстар - ай! Өздерін ажал, басқаларды қара қайғы күтіп тұрғанын қайдан білсін. Шіркін, адамның өмір - ай! Ұдайы қыл үстінде, қылыш жүзіндесің - ау сен...

- Көрерсің әлі, бір-екі уыс дән теріп, шайнаған соң, бойымызға қуат бітеді! - деп серіктерін сендіріп келеді Штурвал - Тек бірден кеп жемеңдер, аш өзектеріңе түсіп кетеді...

- Бас салып, қата қалатындай қомағай емеспіз ғой, - деді аяғын басқан сайын екі балағындағы екі жыртықтан сирағы жылтылдап келе жатқан бала.

- Қайтқан соң табаға қуырып, күтірлетіп жерміз. Тәтті ғой, шіркін, қуырмаш! - деп жұтынды бір бала аузының суы құрып.

- Әй, балпаңдаған немелер! - деп айқайлады Штурвал кейін қалғандарға. - Тезірек жүрсеңдерші!

Әлгілер бес-алты қадам қаттырақ ұмтылып барып, баяғы қалпына түсті.

- Қайтарда жарыса жүгіреміз әлі.

- Қуырмаш жеген соң өзекке шомылармыз.

- Онда су жылыған қазір.

- Тойып алсақ, судың салқыны да түкке тұрмайды.

Шіркін, бала көңілі - ай!

Мырза алқабына екі жүз метрдей қалғанда балалар желе жортқан салт атты мен қасында жүгірген жаяуды бірден таныды - Ауылкеңес Кәшфолла мен Адвокат Құрбанғали. Шамасы, өкіметтің масағын теруге тыйым салуға келе жатса керек. Құрбанғали ұзын таяқ сүйретіп алған. Әлдірек бес бала аңызға қарай алқына жүгірді. Шіріп, көгеріп бара жатқан масақтарды әр жерден апыл - ғұпыл теріп, дорбаларына сала бастады. Дәнін үгіп, жеп тұруға мұрша жоқ, тезірек теріп алу керек. Бір масақ, екеу, үшеу. Ілгері ерлеген сайын масақ көбейе түсті. Үлгеріп қалу керек. Тезірек... тезірек. Сабағын да, балшығын да, масағында қоса жұла берді. Жіп-жіңішке саусақтар қолға ілінген масақты түбірімен жұлып, дорбаларына басты. Талғап, таңдап тұруға мұрша жоқ. Тезірек... тезірек...

Әлгі кісілер де аңызға келіп жеті.

- У! Уланасыңдар! Ауыздарыңа салмаңдар! У!

- Ауылға қайтыңдар, балалар! Ауылға! Нан береміз! Қайтудан нан береміз!

Әлгі шаршаған екі бала "нан береміз" дегенді есіткенде жалп етіп отыра кетті. Басқалары масақты жанталаса тере берді.

- Ойбай, жей көрмеңцер! Өлесіңдер! Табанда өліп кетесіңдер! Үйге қайтудан нан береміз! Нан береміз! Нан! - Құрбанғалидың қарлыққан даусын бәрі есіткенімен, сене қоймады. Қайдағы нан? Кейінге жалтақтаған бесеуі бес жаққа қашты. Салт атты мен жаяу екеуі балаларды екі жақтан қаумалап, айқайлап келеді;

- Жемеңдер! Өлесіңдер! Өлесіңдер!

- У! Балалар! Уланасыңдар!

- Ауылға! Ауылға қайтыңдар! Нан үлестіреміз! Тезірек қайтыңдар!

Кәшфолланың өкпесі өшіп, тамағы қарлығып қалды.

Балалар бәрін есіткенімен, айтқанға құлақ аспады. Кәшфолла шығынып кеткен Штурвалды қуып жетті:

- Штурвал деймін! Саған айтам! Неге тыңдамайсың, жүгірмек?

- Алдайсың. Бидайда у болмайды!

- Алдаймын ба? Алдайтын мен бе? - деп ашу қысқан төраға сілтеген қамшының ұшы баланың арқасын осып кетті. Ол ыршып түсті. Бірақ үн шығармады. - Таста дорбаңды! Жүгір ауылға! Әйтпесе өлтіремін қазір! - деді шыр - пыры шығып.

- Өлтірсең, өлтір. Бәрібір аштан өлеміз...

- Жоғал дереу, өжет неме! - Кәшфолла тағы қамшы үйірді, тек ұрмады. Бұдан соң ғана бала дорбасын лақтырып жіберді де, ауылға қарай кете берді.

- Мә, тамағыңа тығылсын! - деді ол Салт атты дорбаны бір қолымен әуеден қақшып алды.

Төраға кері қашқан екінші баланы қуып жетіп, ат үстінен төніп келді де, көйлегінен тартып, алдына көтеріп алды. Баланың жағасы дыр етіп айырылып кетті. Үшінші бала дорбасын өзі тастап, ауылға қарай қашты. Құрбанғали осы кезде тауып алған ұзын таяғын оңды - солды сілтеп, қалған екі баланы қой қайтарғандай қуалап жүр еді. Біреуін ұстаса, екіншісі қашады. Ұруға қолы батпайды. Әйтеуір қалжырап қалған балаларды ұстап, дорбаларын тастатты. Балалардың бірі айтқанға тез көнді, екіншісі - манағы жұтынып, аузының суын жұтқан бала - бір сәтте бес-алты масақты теріп, уыстап алыпты. Соны аузына сала бергенде Құрбанғали баланың білегіне шап беріп, сыға қысты, ызаланған бала оның қолын тістеп алды. Бірақ қан шықпады. Баланың денесінде шыға қоятын қаны, екіншісінің қан шығарарлық қауқары жоқ еді. Баланың ақырын жаздырған жіңішке саусақтарының арасынан шіріген бір уыс дән қара жерге домалап-домалап түсті. Балалардың көздері ызаға толды.

- Ақылсыз неме, - деді Құрбанғали айыпты кісідей ақырын сөйлеп, - мен сені ажал аузынан арашалап қалсам, қолымды тістеп алдың. Әлгі дәнді жұтқанда өлетін едің, маубас.

- Өлетін болса, анау қара қарғалар қырылып қалар еді,- деді бала өжеттеніп.

- Олар ақылды.Улы дәнді термейді, құрттарды шоқиды. Шынында да құс дән теретін болса, аңызда соншама масақ қалар ма еді?

Он бір – он екі жасар бес баламен екі ағай қатты арпалысты. Сөзбен түсіндіруге мұрша келмеді. Үлкендер кішілерді аямады.

Жеңілгендерге ең ауыр тигені - аяқтардағы аңыздың шөбі тырнаған, арқадағы қамшы осқан жарақат та емес, жыртылған көйлектің жағасы да емес, үзілген үміт, орындалмаған арман болды. Осы сәт аштық та естен шықты. Бірақ қандай қиын болғанымен, ешкім даурықпады, шырқырап жыламады. Соғыстың үшінші жылында Құлыш ауылының балалары жылауды білмейтін, білетіндері ұмытқан еді.

Басы әрең қосылған алты бала жол шетіне келіп отырды. Бір өзі қайтып бара жатқан Штурвалды Құрбанғали айқайлап тоқтатты. Бала әуелі сәл кібіртіктеп, жан-жағына жалтақтай берді. Қайта шақыртпай, кері қайтты. Сөзді тыңдады, әрі өзі ертіп келген құрбыларын тастап кете алмады.

Кәшфолла балаларға кейімеді, үгіттемеді, жұбатпады да.

- Осындай бидайды жеп, мына жақта көп халық қырылған. У ғой ол, балалар. Аңызда қалған дән шіріп, уға айналады. Адам өлтіретін зәһәр. Сондықтан оны құс та жемейді. Ауылға қайтқан соң жұртқа осыны айтыңдар. Түсіндіңдер ме? - деді ол

- Түсіндік, - деді манағы кейінде келе жатқандардың бірі.

- Ауылға барған соң кім бізге нан үлестіреді? - деп сұрады Штурвал осы жорыққа жауапты болған соң.

- Нан пісіріп үлгірмесек, үн береміз, шешелерің күлше пісіреді.

- Күлше бөлкеден де тәттірек, - деді Құрбанғалидің қолын тістеген бала. Иә, бұл сөзге шебер Ділмидің егізінің сыңары! Әкесі де қаршадайынан осындай "қорытынды шығаруға" әуес болатын.

Кәшфолла барлық дорбалардағы масақты жол бойындағы шұңқырға төгіп, топырақпен көмді де, етігімен басқылап, таптап тастады. Бір уысын қалтасына салды. Тек әлгі баланың өзі тастап кеткен дорбасы аңызда қалып қойды. Құрбанғали барып, іздеп көріп еді, таба алмады. Қайтар алдында тораға аттың ерін алып, оған ең әлсіз үш баланы міңгестірді, ерді өзі қолтығына қысты. Атқа міңгескен үшеу, алты жаяу адуын айқастан соң толық келісімге келіп, шайқас алаңын тастап кетті. Жол-жөнекей балалар атқа кезектесіп мінді. Жирен азбан жай ілбіп келе жатты.

Ауылға өлген соң Кәшфолла балаларға берген уәдесін қайта жаңғыртып:

- Кешке таман үн береміз. Мына Құрбанғали ағаларың хабарлайды, - деді.

Бұлар қайтып оралғанда ауыл кеңесте манағы өкіл жоқ еді, ұжымшар кеңсесіне кетіпті. Ол кісі елге масақ термеуді ескертуге келген: оны тергендер жұқпалы баспа ауруынан қырылып жатқан көрінеді. Бүгін кеште жұртты клубқа жинап, соны түсіндіру керек.

Құрбанғали титықтаған атты бірден суармады, суынсын деп қораның көлеңкесіне алып барып, алдына пішен салды. Баспалдақтан ақырын басып, үйге Кәшфолла өзі келді. Босағадан өтіп, үстел қасындағы орындыққа жеткенше есінен тана жаздап, теңселіп -теңселіп кетті. Әрең дегенде бойын билеп, орындыққа барып отырды да, қалтасындағы масақтарды алып үстелге шашты, соларды біріндеп көзден өткізгендей қадала қарады, бұдан соң еңсесі түсіп, екі қолымен басын ұстай алды. Сол қалпы ұзақ отырды. Ішінен, жан дүниесінің сонау терең түкпірінен шыққан бір өксік алқымына тығылып, тамағында тұрып алды да, кенет көкірегі қарс айырылды. Тамақтан шығатын өксік тап сол жарықтан бұрқ ете түсті. Өмір бойы өзек өртеген ащы жас көзін удай ашыт - ты. Мұнтаздай ағаш үстелге алғашқы мөлдір тамшы ыршып түсті, одан соң екіншісі, тағы... тағы... Сол тамшылар төрағаның алдында шашылып жатқан бидайдың улы масақтарына төгілді. Бір тамшысы сорайған қылшық ұшына ілініп, біразға дейін дірілдеп тұрды. Кәшфолла алғаш рет көкірегі осылай қарс айырылғанда ғана жылап жіберді. Үнсіз булығып, өксіді. Ұзақ жылады. Құрбанғали кіріп, босағаға сүйеніп тұрды, кіруге де, шығуға да бата алмады. Төраға оны бірден байқағанымен, көзінен ерік кетті. Көз жасы пора-пора боп ақты... Кәшфолла сәл көңілін басып, оң қолымен шашылған масақтарды бір жерге жинады. Масақтар жатқан жерде ылғал қалды. Ол басын көтеріп, құрдасын алғаш рет көргендей, көзін сүзе қарады:

- Иә, Құрбанғали, енді қайтеміз?

- Алдымен әбден жылап ал Содан соң ақылдасармыз. 3

- Жылап болдым.

- Асықпа. Жыла, жыла. Өкінштен, тәубеге келгеннен жылап отырған жоқсың. Қайырымды Қыдыр Ілиястың жақсылықтан жылауы бүл Пайғамбардың жылауы. Қазір жыламасақ, ертең қабір үстінде жылар едік, - деп Құрбанғали өзі де өксіп жіберді.

- Қайтеміз, Құрбанғали? - деп қайталады төраға. - Күлшені неден пісіреміз?

Құрбанғали қабырға жақтағы орындыққа барып отырды. Шешіп алған қалпағымен көзін сүртті.

- Ойласайық, - деді.

- Ойдың да шегі болады ғой.

- Біздің жәшіктің түбінде он қадақтай қара бидай ұны қалған еді... Күмісбике күндердің күнінде кәдемізге жарар деп сақтап жүрген. Элеватордан қара бидай әкелген соң қайтып беремін деп сендірсең, бере тұрар.

- Сендіргенде қандай... Гүлғайшада ептеп бір-екі келі табар. Бұдан басқа ештеңенің жөні жоқ сияқты. Ұжымшар да жұтап отыр.

- Тұра тұршы, - Құрбанғали атып тұрды. - Мен Хәлфетдин көршіге кіріп шығайын. Тарықса да таусыла бермейтін еді. Бірдеңесі бар шығар.

Балташы ақсақ Хәлфетдин әрқашан көршісінен күйлірек тұратын. Күйеуінің тапқанын әйелі Сағида ұқсата біледі. Ал Құрбанғали оны - мұны сұрап, көршілерінің мазасын ала бермейтін. Көршінің жақсысы қарыз беріп тұрады. Ал қарыз сұрамайтын көрші одан да жақсы. Осы салтты жасынан есінде сақтаған Құрбанғали жұрттың мазасын ала бермейтін.

...Біреудің көршісі ұсақ-түйек сұрап, қайта-қайта келе берген көрінеді. Бір күні сол сұраншақ арқан сұрап келгенде:

- Берер едім-ау, арқаны түскір бос емес, бауырым, ішіне бидай салып қойғанмын, - депті көршісі.

- Ay, қап жоқ па еді? - депті сұраншақ.

- Қап бар ғой, оған балсыра ашытып қойғанмын, кімді алып үрсам екен деп ақырып түр.

- Сонда қалай, ағай, кеспегің жоқ па еді?

- Кеспек бар, өзің сияқты біреу жер тырмалауға сұрап әкеткен.

- Өй, есуас. Жерді тырмамен тырмаламай ма екен? - деп қайран қалыпты арқан есе білмейтін сұраншақ...

Хәлфетдин Құрбанғалидың өтінішін шын ықыласпен қарсы алды:

- Көрші ақысы - тәңір ақысы, Құрбанғали. Сенің сөзіңді жыққанша, сүрініп жығылғаным жақсы. Бір қап ұным бар, ширегін беремін. Жартысын да аямас едім, құйттай немерелерім бар. Солардың тамағына талшық етіп отырмыз.

- Бұл үлкен өтінішті, Хәлфетдин ағай, өзім үшін емес, ауылкеңес үшін айтып отырмын. Аса мұқтажбыз. Үш күннен кейін қайтарып береміз.

Мұның неге қажет екенін ашып айтпады.

- Ауылкеңеске бересің бе, өзің аласың ба, ол жағы менің шаруам емес. Өзіңе берем. Тез қайтара алсаң - рақмет, қайтара алмасаң - жаңа астыққа жеткенде берерсің. Менде азырақ тары да бар.

Сөйтіп, үш қапты қағып-сілкігенде бір жарым пұт ұн жиналды. Кәшфолла тамақтанып, сәл көз шырымын алды да, түнге қарай екі арбамен элеваторға тартты. Қалың қараңғы түсіп, адам аяғы басылған соң Құрбанғали күндіз уәде берген жеті баланың әр көшеде тұратын үйлеріне таратып шықты. Әр үйде балалар ұйқылы-ояу күтіп отыр екен. Бұлар шынында да аштықтан әбден тарыққан үйлер еді. Әрине, мұндай игі істі жасырын жасау Құрбанғали мен төрағаға қиынға соқты. Өзгелердің аузынан нанын жырып алғандай көрінді. Енді қайтесің? Басқа шара жоқ. Аш сәбидің телмірген көздеріне қарап тұрып, берген уәдені орындамау ар алдында ұят қой. Түнде біреу сыртқа шығып қараса, көктемгі түн ортасында ауылдың әр жеріндегі жеті мұржаның жеті түтіні айлы аспанға будақтай көтерілгенін көріп, жым-жырт әуеге бұрқырай тараған қара бидай күлшесінің таңсық иісін сезер еді.

Келесі күні Кәшфолла екі арбаға қара бидай тиеп қайтты. Ел орманда атқұлақ, балдырған, рауғаш, тауда - сарана, жуа жетілгенше осы қара бидайды үнемдей тұрды. Сөйтіп, жаңа астыққа да жетті.

Өмірінің ақырына дейін Кәшфолланың көз алдынан екі нәрсе кетпей қойды. Бірі -Нұрисламның баласы Штурвалдың арқасын қамшының ұшы осып кеткенде, оның үнсіз ыршып түсіп, ызалана қараған назары. Сол есіне түскен сайын жүрегі шаншып, тұла бойы шымырлап кететін. Екіншісі - үстел үстінде жатқан масақтың қылшығына түскен көз жасы. Ең соңғы көз жасы. Соғыстың соңғы айында үлкен ұлының Дунай бойында қаза тапқаны жайында хабар келгенде де көзінен жас шықпады. Еңсесі түсіп, бүгілді де қалды. Жоқ, ұмыта жаздаған екенмін. Біраз жыл өткен соң кірпігінің ұшына тағы бір рет жас үйірілді. Бірақ оның себебі мүлдем басқа еді. Тіпті оны жылау деуге де болмайтын.

... Кәшфолланы жер қойнына тапсырғанда егіле жылағандардың бірі - енді өзі де мұрт қойып, әке болған Штурвал Әрі Аққу...

ОН ЖЕТІНШІ ТАРАУ

АҚҚУ

Зұлқарнаевтың өміріндс ұйқы мен қуаныш аз болды. Ұйқысын қайғы-қасірет пен уайым қашырды, қуаныш өзі жолай бермеді. Бар қуанышын болашақтан күтті. Тіпті орайы келгенде де төраға қуанышын ашып айта алмады. Ішінде сақтады. Бірақ бір қуаныш ұдайы жанын жылытып, кейде сыртқа да шығып тұратын. Бұл Аққу еді.

Соғыстан соң талайлардың тағдыры, тұрмыс-тіршілігі қайта екшеліп, електен өтіп, сан сарапқа түсті. Соғыс жылдарының мінез - құлық өлшемдері мен бейбіт кезең өлшемдері қақтығысты. Бұрын біреудің кез келген теріс қылығын ақтау үшін: "Соғыс бітсін, содан соң көрерміз..." дейтін жұрт. Енді соны саралайтын кез келді.

Әредік болса да, әйелінің зарығып күткен күйеуінен көңілі суынды, сағынып қайтқан күйеуі әйелінен безді. Лау айдап жүріп тірі қалған қыли Әғлиолла, екі балалы әйелін тастап, төртінші әйелге үйленді. Оғаш көріп, тыжырынғандарға: "Біз қан төктік, қақымыз бар!" деді. Ақыры, мас күйінде сасық сүрлем шұңқырына түсіп кетіп, тұншығып өлді. Ару Ділбәра ішкілікке салынып, азғындап қайтқан күйеуінің әдепсіз қылықтарына шыдай алмай, зым-зия жоғалып кетті. Елге есен қайтқан кейбір бойдақтар дарақылықтың шегіне шықты. Оларға үйлену түкке тұрмай қалды. Некесіз туған бала көбейді. Сүйген жігіттерін күте - күте үміт үзген қыздар жай нәрсенің үстінде ерсі мінез көрсетіп қалатынды шығарды. Құлышта олардың аузынан: "Ей, құрбым, күйеуге шығып қайтуым керек еді..." деген сөздерді есітуге тура келді. Әзіл ме бүл, әлде күйік пе? Әлде екеуі де аралас па?

Бүл аласат ұзаққа созылмады. Лай су да ақыры тұнады ғой. Құмы түбіне шөгеді. Өкпе, ашу-ыза, зар басылды. Тағдырына көнген әркім өзінше күн көріп кетті. Азғындық азайды. Тап осы тұста Кәшфолла өзі аңсаған қуанышқа кенелді.

1947 жылғы шілде ортасы еді. Төраға кәдуілгі әдетінше күн шыға жұлдызды қара шәпкісін киіп, кенеп пәпкісін ұстап, жұмысқа келді. Алыстан есік басқышының үстіндегі шұбар түйіншекті көріп келе жатыр еді, таяна бергенде ыңырсыған дауыс есітті. Сол аяғын сылти басып, ұмтыла түсті. Басқыш тақтайында шұбар жөргекке құндақталған жас бала жатыр екен. Басына байлаған ақ орамал көзін жауып кетіпті. Ол іңгәлағанын қойып, емшек емген секілді ерінін сылпылдатып, тамсана бастады. Төраға құйттай бөбекті пәпкі ұстаған сол білегіне көтеріп алды. Жөргекті шырмаған қызыл шүберек баудың астына сары қағаз қыстырылған. Кәшфолла қағазды ашып, қисық-қисық жазылған: "Өлтірмеуіңізді өтінемін. Тиісті жеріне тапсырыңыз. Аты жоқ" деген сөздерді оқыды.

Төраға нәрестені құшақтап, үйіне қарай тұра жүгірді.

- Тез қайттың. Бірдеңе ұмытқан шығарсың, - деп қарсы алды қазан жақта жүрген әйелі.

- Ұмытқан жоқпын. Саған аққудың көгілдірін алып келдім. Мә!

Күйеуінің қолындағы баланы көргенде Гүлғайша шошып кетті:

- Астапыралла! Бала ғой мынау! Тірі ме?

- Тірі, тірі! Ауыл кеңестің басқышына тастап кетіпті.

- Енді мұны қайтеміз? Әлі қызыл шақа. Шамасы, бір апталық шығар.

Сол білегіне бөбекті көтерген Кәшфолла бөлме ортасында тұрып қалды.

- Егер, Гүлғайша, сен риза болсаң, мен ойлаған едім енді...

- Ойың ізгі - ау... - деді күйеуінің әр тынысын алдан сезетін әйел бірден түсініп. -Қырықтан асқанда маған бала көтеріп жүру келісе қояр ма екен?

- Нағыз келісетін кезі ғой. Піскен жидек секілді уылжып тұрсың.

- Өмірімде алғаш рет мақтағаныңды естідім, - деп күлімсіреді әйел.

- Жарайды, ағасына қарындас болсын. Неге мелшиіп тұрсың? Бер өзіме!

Шақалақты кереуетке қойып, екеуі құндақты шешті, басындағы орамалды алды. Үйге емшек баласында ғана болатын ерекше қош иіс тарады. Ол есік басқышында көп жатпаған болар, сірә. Жөргегі бүлінбеген. Бүл тастанды аяқ-қолы бүтін, қасы-көзі қиылған, шашы зығырдың гүліндей аппақ қыз бала болып шықты. Кенет бөбек қабағын түйіп, көзін жұмып, шырқырап жылап жіберді.

Көрші үйде жеті жасар кенже ұлы ІІІәрбәтті емшектен шығара алмай қиналып жүрген Меңзада деген келіншек бар еді. Бөбек жылап жібергенде Гүлғайшаның есіне сол түсті. Баланы тез таза шүберекке орап алды да, көршіге жүгірді.

- Қане, Меңзадаға емізіп қайтайын. Шәрбәті әлі оянбаған шығар. Қалған жағын көре жатармыз, - деді күйеуіне.

Аңқылдаған ақ көңіл Меңзада жадырай қарсы алды:

- Еміземін, емізбегенде ше! Жетімді емізіп, сауабын алайын, - деді елгезек әйел, егжей-тегжейін сұрамады да. Көп жылдар өткен соң ол орайы келгенде: "Сүтім жақты, әйтеуір..." деп еске алатын.

Сәби емшек емген қалпында маужырап ұйықтап кетті. Қайтқан соң оны Гүлғайша шомылдырды. Меңзада есіткен хабар ауылға тез тарады. Кәшфолла жұмысқа кеткен соң салт бойынша көрші - қолаң, туыс - жекжаттардың әйелдері мен қыздары келіп, құттықтап шықты. Кешке таман Құрбанғалиды ертіп, күміс алқаларын тағып, жез білезіктерін киіп, жақұт моншағын мойнына екі рет орап, Күмісбике де жетті.

- Ойпыр-ай, - деп күбірлей кірді ол, - Ел білгенді біз білмейміз. Меңзада дүкен алдында айтпағанда, есітпес едік.

- Келіңдер, төрлетіңдер! - деп Кәшфолла оларды қуана қарсы алды. - Мақтап жүреді екенсіңдер. Тамақ үстіне келдіңдер.

- Қонақжайлылығыңа рақмет, құрдас, - деді Құрбанғали жайғасып алған соң. - Күмісбике екеуміздің сендерге бір бұйымтайымыз бар.

Оның дауысы да, жүзі де байсалды еді.

Ауылкеңеске де, төрағаның үйіне де бұрын-соңды жұмысы түсіп көрмеген Құрбанғали неден тарықты екен? Үй иесі таң қалды.

- Бұйымтайыңды айт, Құрбанғали.

Құрбанғали түрегеліп, кереуетте көлденең жатқан бөбектің бетін ашып қарады, оның қасына Күмісбике келіп тұрды. Ол кең көкірегі қарс айырылғандай:

- Беу, Гүлғайша, құрбым, жөргек жумай, бала сүймей өтті ғой бар өмірім. Кім жұбаныш болады қартайғанда? - деп күрсініп қойды.

- Анығырақ айт, қатын.

- Анығы сол Мына тастанды баланы бізге беріңдер.

- Енді бұл, келін, тастанды емес, құтпан. Үй иесі, шаңырақтың шаттығы, - деді Кәшфолла кереует жаққа жалт қарап.

- Үлкен үмітпен, зор сеніммен келгенбіз, Кәшфолла, Гүлғайша жеңгей, меселімізді қайтарар ма екенсіздер?

- Осы баланың салмағындай алтыным болса, ойланбастан бере салар едім. Айып етпе, құрдас, сөзің сынады.

- Бізге алтынның қажеті жоқ...

- Алтынды қайтемін? Қойыныма тығып жатамын ба? - деп құптады Күмісбике алтынның қажетсіздігі туралы пікірді.

Кәшфолланың бір-ақ айтатыны белгілі. Қайта-қайта айтудың мәні жоқ. Құрбанғали сонда да:

- Үмітімізді үздің, ендеше, - деп қынжылды.

- Қолыма тиді де, жаныма кірді, Құрбанғали. Жанымды жарып бере алмаймын...

- Осы үйдің бір иесісің ғой, Гүлғайша. Сен не дейсің? - деп Күмісбике соңғы өтінішін айтты.

- Не айтайын енді, Күмісбике? Тағдырдың маңдайыма жазғаны, бұйырғаны шығар бұл.

Мұны бірден құптаған Құрбанғали:

- Бәсе, бұйырғаны шығар. Бауы берік болсын, бағы жансын. Қажет жерінде біз де көз -құлақ болармыз, - деді.

- Иек қақсаң болды, құрбым, жүгіріп келемін, - деді жүгіруді баяғыда ұмытқан Күмісбике.

Бұлар Гүлғайша дайындаған дастарқан басында тамақтанып, асықпай шай ішті. Әдептіліктің, күнәнің, ар - ұяттың, жазаның не екенін жақсы білетін қарапайым шаруалар әлдекімдерді табалап, айыптап, қарғамады, сәбидің тегін тексеріп, қайдағы - жайдағыны шөпке тізіп әуреленбеді. Дүниеге жаңа адам келген екен, оны зарламай, сөкпей, құрметпен қарсы алу керек. Құлыштағы әр үйдің жай-жапсарын жақсы білетін Кәшфолла ғана баланың басқа жақтан, басқа елден екенін о баста бірден түсінген-ді.Сондықтан оны қолына алудан "аққудың көгілдірі" деп атады. Зығыр гүліндей аппақ шашы мен зеңгір көк көзін көргенде осы оны расқа шықты. Әйтеуір, қазір өткен-кеткен коп, қайсы бірін біле бересің...

- Ат таптыңдар ма? - деді Күмісбике ат қоюға көмектескісі келіп.

- Әлі ойласқанымыз жоқ. Мына қағазда "есімі жоқ" деген. - Кәшфолла кителінің тос қалтасынан манаты бір жапырақ қағазды шығарды.

- Кәшфолла, сен үйге келуден "міне, саған аққудың көгілдірін алып келдім" деп ұсындың ғой. Аққу - өте әдемі есім. Ауылда Сандуғаш деген қыз бар, Аққу да болсын.

- Иә, шашы да зығыр түстес, беті де аппақ, - деп қуанды Күмісбике. Шынында да оған жұрттың есіміне ұқсамайтын есімдер қатты ұнайтын еді. Айталық, Алма, Құрма, Жұлдыз, Қарлығаш, Шапақ. Өзінің Күмісбике деген есімінің "Күмісін" көбірек ұнататын. Гүлғайшаны да еркелетіп "Күлтай" деп қоятын.

- Еркектер неге үндемейді?

- Кемі жоқ, әйбәт. Айта-айта құлағымыз үйренер, - деп келісті Құрбанғали.

- Мен ризамын. Әйелдердің сезін тыңдайық, құрдас, - деп есімді Кәшфолла да құптады.

- Есімі керемет жарасып түр. Өзің де, Күлтай, баяғы Бибі Мариям секілді ғайыптан бөпелі болдың, - деп әзілдеді Күмісбике. Құрбанғали әйелінің әзілін жақтырмады. Күмісбике айтар сөзін абайламай қалатыны бар ғой. Тап өзі баланы топырлатып туып жатқандай.

- Туған ана емес, асыраған ана. Жеңгей бүгін керемет құлпырып кеткен.

Өзінен бұрын үйленгендіктен ол Гүлғайшаны да, Балдыбанатты да "жеңгей" дейтін.

Осы күннен бастап ауыр мінезді, тұйық Кәшфолла жұрттың кез алдында өзгеріп, ашылып сала берді, жұмысы аяқталудан үйге қайтуға асықты, өз балаларының бесігін тербетіп көрмеген кісі түн ортасында оянып, жылаған бөбекті жұбатты, нәрестенің мойыны беки бастаудан қолына алды, еңбектей бергеннен тізесіне отырғызды. Алғаш рет тәй басқанда да қызы әкесінің жуан, сұқ саусағынан ұстады. Бөбектің көзі алғаш ашық зеңгір көк еді, бара-бара қою кекке айналды. Бір жаққа кетіп, осы көздерді көрмей тұрса, Кәшфолланың жүрегі елжірейді. Гүлғайша қызына кейінірек көндікті. Бірден емірене алмады біртүрлі. Турасын айтқанда, көңілі шаппады. Көңіл шаппаса, жан азап тартады. Бірақ бір күні таң алдында бесіктегі бөбектің іңгәлап жылап жіберген даусы әйелдің жан жүйесін босатты. Бұған дейінгі сәбиге аянышы сол сәт сүйіспеншілікке айналды. Зұлқарнаевтардың биыл Қалқанда оныншы сыныпты бітіргелі жүрген кенже баласы - тірі қалған жалғыз ұлы -қарындасты болғанына қатты қуанды:

- Міне, керемет! Дауысы қандай тамаша! Көшенің арғы басында келе жатып есіттім. Шыным, апа!

Аққу өскен сайын ата-анасын қуанышқа бөлей берді.Ағасы сыртқа оқуға кеткенде үйде алданыш, көңіл жұбанышы болып қалды. Бала өзі де сүйкімді, ерке болып өсті. Ақша беті албыраған, шашы зығыр гүліндей аппақ бүл қызды көрші Меңзада дүкендегі қуыршаққа ұқсатты. Ол қалада осындай қуыршақ көріп қайтыпты.

Аққу бір күні ата-анасын ауыр қасіретке ұшырата жаздады. Қасірет болғанда да... Қыз үш жасқа толған жазда Зұлқарнаевтар Шытырлы алқабының қиыр шетінен орман шаруашылығы бөліп берген шабындығынан шөп шабуға келді. Жолда бұйығып ұйықтап кеткен Аққуды алқап шетіндегі арба көлеңкесіне қойып, өздері төңіректі жаңғырта шалғыларын қайрап, бірі ілгері, бірі кейін тұрып алып, шоп шабуға кірісті. Шалғы ұстауға Кәшфолла шебер емес, бірақ жұптасып пішен шабу жылына бір келетін мереке. Алғаш күйеуі алға ұмтылып, біраз жер барған соң, әйелі әзілдей бастады:

- Өкшеңді шауып алармын, аю, артқа шық.

Олар орын алмасты. Әлі сыны бұзылмаған, қимылы ширақ қырықтан жаңа ғана өтіп бара жатқан әйел шалғысын әсем, жеп - жеңіл сілтегенде ауыр жұмыс істеген адам сияқты емес, бейнебір құлаштап жүзіп бара жатқандай. Кәшфолла әйелін алғаш көргендей, қызыққан сайын қызыға түсті. Әйелі күйеуінің осы қарағанын арқасымен, желке тамырларымен сезіп, одан сайын шапшаңырақ сілтейді шалғыны. Әлгі бөбек өздерінен тумаса да ерлі-зайыпты екеуін жасартып жіберді ғой. Гүлғайшаның шалғысы сілтеген сайын шөпті шың – шың - шың етіп шапқанда Кәшфолланың құлағына: "Сүйем сені, сүйем сені, сүйем сені..." деп сыңғыр қақты. Жарының жүрегі осылай соқса керек, сірә. Шалғының сыңғырынан осындай ыстық лебіз аңғаруына қарағанда, елуді еңсерген күйеуі әлі суына қоймағаны ғой... Ал әйелі ше? Асқан ару, құлпырып тұрған сүйкімді екен ғой оның әйелі!

Балаға құлақ сала жүріп, шөпті шаба берді бұлар. Бөтен - бөгде үн есітпеді. Кенет екеуі бірдеңеден секем алғандай, әлдеқалай күдіктене қалды да, шалғыларын тастай салып, сөз байласып қойғандай, арба жаққа тұра жүгірді. Бала орнында жоқ. Алдымен: "Аққу!Аққу!" деп шақырып, алқапты аралап, орман ішіне кіріп, екеуі екі жаққа жүгірді. "Аққу! Аққу!" Қыздың үні шықпады. Кәшфолла алқаптан екі жүз қадамдай жердегі қалың бұта арасындағы қасқыр апанының үстінен түсті. Апанның маңында құйттай бес бөлтірік асыр салып ойнап жүр. Енелері оларды кеш туған. Сондықтан әлі жетіле қоймаған. Құйттай жыртқыштардың арасында Аққұс томпаңдап жүр. Біреуінің құйрығынан тартады, екіншісінің арқасынан сипайды. Кәшфолла жан ұшыра қызына қарай тұра жүгірді. Алғаш құйрықтарын қысып, тым-тырақай қашқан бөлтіріктер кейін біртіндеп апанға тығылды. Үлкен қасқырлар бүл кезде шұғыл шаруамен, анығырақ айтқанда, түнгі жорыққа әзірлік қамында жортуылда жүрген. Баласын қолына алғанда өңі қуарып кеткен әкесі, қатты сасып: "Гүлғайша!!!" деп айқайлап жіберді. Әйелі жақын жерден жауап қайтарды. "Таптым! Арбаның қасына бар!" деп шақырды Кәшфолла. Кездескен кезде не болғанын айтып беруге күйеуінің ауызы бармады, әйелін аяды. "Алқаптан тауып алдым!" дей салды.

Гүлғайша жылап жіберді:

- Ойпыр-ай, балақайым, зәре - құтымды алдың ғой! О жақта не істедің?

- Иттермен ойнадым. Біреуі менің мұрынымды жалады.

- Ау, қайдағы иттер?

Кәшфолла сонда ғана қызының басына төнген қауіпті айтып берді.

Әйел бөбегін бауырына басып: "Аққуым! Адасып қалған Аққуым!!" деп ұзақ егіле жылады.

- Бәсе, бағана келгенімізде ат осқырып, одырая қалып еді-ау. Әлі де құлақтарын тікірейтіп тұр.

Зирек хайуан сезімтал келеді, бейқам кісі ақылына сеніп, ұтылып қалады. Әсіресе жылқы аса сергек түлік.

Осы кезде әлгі апан жақтан қасқыр ызалана ұлып жіберді. Баласына адам қолы тисе, бұл жыртқыш құтырып кете жаздайды. Осындайда жөнсіз еркінсіп, шектен шыққан күшіктері де сазайын тартады.

Мұндай жағдайдан соң шаруа оңа ма? Пішеншілер аттарын жегіп, күн аумай жатып қайтып кетті. Ертеңіне Кәшфолла мен Құрбанғали екеуі екі мылтық алып, бұқпантайлап қасқырдың апанына келді. Қу жыртқыштар адам аяғы тиген мекенін тастап, таң ата тұс -тұсқа қашып кеткен-ді. Бұдан соң шөп шапқанда да, жинағанда да қасқырлар көзге түспеді, ал күйеуі мен әйел көңілінде қалған сол қорқыныш өмір бойы естен кетпеді.

Аққу үйдің көркі болып өсті. Оқта-текте есіткен түрлі сыпсың отбасының жарқын өміріне көлеңке түсіре алмады. Жаман ниетпен айтылмаса да, сыпсың сөз шықпай тұра ма, шығады ғой. Ауыл балалы үй сияқты, сыр сақтамайды. Бір күні жеті жасар Аққу сырттан жүгіріп келіп анасына:

- Зүбәржат неге тауып алған қызсың дейді маған? - ден сұрады.

Гүлғайша қатты састы. Қызының алғашқы сұрағы еді. Әйел дереу есін жинады:

- Ана бөпе табады. Сондықтан баланың бәрі ана тапқан деп айтылады.

- Мен оған сені де анаң тапқан дедім.

- Дұрыс айтқансың.

Әлі түсінбейтін балаға "түсіндіру" қиын емес. Ал түсіне бастағанда қалай болады? Қасіретке ұрынбаса жарар еді. Бірақ ата-ананың қаупі бекер болып шықты. Қызының жасы он төрттен өткенде Гүлғайша үйде екеуі оңаша қалған бір сәтте бар сырды егжей-тегжейлі ашып бергісі келді.

- Жұрттан есіткенше, балам, өзімнен есіт. Мен саған емшегімді емізбедім. Сені біз... сені бізге тағдыр өзі берді... Қалай айтып түсіндірсем екен, құдайым - ай...

- Анашым! - деп бой жетіп қалған сұлу қыз Гүлғайшаны құшақтай алды. - Айтпа! Мен бәрін де білемін! Бәрін де түсінемін! Сондықтан сені де, көкемді де жанымдай сүйемін.

Түсінісу осымен бітті. Тілі ұзын Меңзадаға рақмет. Ол ең алдымен қыздың көзін ашты. Көзін ашам деп біржола соқыр етуі де кәдік еді. Әйтеуір, бәрі жақсы аяқталды. Тілі шипалы екен.

Аққу оқуға алғыр болды. Ән-биге де бейімдігін танытты. Қалқанға барып, оныншы сыныпты бітіруден Үфідегі педагогика институтына оқуға түсті. Осы арада оның әсем дауысын байқағандар әншілік өнерін үйренуге Мәскеуге жібермекші болып еді. Бірден қарсы шықты. "Ағам алыста жүр, әкем мен шешем үйде екеуі ғана қалды. Оқуымды бітіремін де, ауылға қайтамын" деп кесіп айтты. Сол айтқанында тұрды.Өзі сегіз жыл оқыған мектебіне ана тілі оқытушысы болып қайтты. Ана тілімен де, туған елінің ән-күйімен де мұқият айналысты.Ауылдың мәдениет сарайында бірде-бір мереке, бірде-бір салтанат онсыз өтпейтін болды. Аққу етегі аяғының ұшына төгілген ақ көйлегін киіп, сахнаға шықса, бүкіл ауыл тынысын ішіне тарта тыңдайды. Бірінші қатарда ұдайы Кәшфолла мен Гүлғайша, Нұрислам мен Балдыбанат, Құрбанғали мен Күмісбике қылқиып отырады. Көрші Меңзада да бұлардан қалмайды. "Оның таңдайы о баста менің сүтімді татқан. Шәрбәтімнің аузынан жырып бергенмін. Орыным төрде болуы керек..." дейтін. Қарсылық жоқ, мейлі, төрде болсын. Өйткені қызға осындай әсем дауысты өзінің сүті бергеніне Меңзада қатты сенеді. Қарсылық жоқ, сенсін.

Сөйтіп, Кәшфолланың Гүлғайшаға: "Саған аққудың көгілдірін алып келдім. Мә!" дегеніне жиырма жылдан асып кетті. Бүгін ақпанның сықырлаған сары аязында Құлыш жастары "Африка күні" деген мейрам өткізгелі жатыр. Сахна мен зал қағаздан, картоннан, мақтадан, сымнан жасалған құрмалар, банан ағаштары, зәйтүн гүлдері, тоты құстар, сары сандуғаштар, маймыл балалары, арыстандар, пілдер, қолтырауындармен безендірілген. Үфіден бір зеңгі жігіті де қонақ болып келген. Нұрислам ертіп әкелген дейді. Шын зеңгі ме, әлде бет-аузын бояп қойған біреу ме, кім білсін. Қалқиған құлақтары марқұм Қоян Шәйми тұқымына тартпаса, шүбәланбас та едік, сірә. Алдар өзі алып келген соң шын шығар. Алғаш зеңгі сахна алдына шығып бірдеңелер айтты. Өзінше, африкаша, бір-екі сөз айтты да: "Спасибо, здраствуй, пожалыста" деп басын иді. Сөйлеп болған соң құйттай сопақша барабанын өзі қағып, өзі билеп алды. Жұрт ду қол шапалақтады. Хор ән салып, жеке би аяқталған соң зеңгі тағы да сахнаға шықты. Бұл жолы оны басына жалпақ жиекті қалпақ, аяғына ұзын қонышты сары ботинка киген, ақ шалбарының балақтарын тізесіне дейін, көк жейдесінің жеңін шынтағына дейін түрген жуан алпауыт тал шыбықпен шықпырта сабап, сахнаға қуып шықты. Аузындағы кеспектің тығынын, яғни шылымын алмастан буржуй тілінде бірдеңелерді шүлдірледі. Ұрған сайын зеңгі ыршып түседі. Езуші одан сайын өшігіп, шыбықпен сабап қоймай, табаны қалың үлкен ботинкасымен тебеді.

Мұны көрген Құрбанғали шыдай алмай, орнынан түрегеліп, залға бұрылды:

- Бұларың не, бауырлар? Африка мейрамында көз алдымызда зеңгіні сабатамыз! Келіңдер, зеңгіні қорғайық! - деп ол сахнаға жүгірді.

- Ойын ғой бұл, Құрбанғали ағай! - деп айқайлады біреу.

- Ойнап та сабайды, шындап та сабайды. Бұған кім шыдайды? Әміриктер былайша да ит құрлы көрмейді, байғұстарды, - деп оның көңілі босап кетті.

Сахнада ойын тоқтады.

- Бұл жай көңіл көтеру ғой. Театр ғана, - деп құрдасына басу айтпақ болды Кәшфолла.

- Мен театрға қарсы емеспін. Неге алпаутты қара жалшыға сабатпайсыңдар? Сабатыңдар! - деп айтқанынан қайтпады Адвокат. - Африка күнінде ойындарың саяси тұрғыдан қате, әрине. Сен төраға басыңмен не қарап отырсың? Кәшфолла, саған айтам!

Ол әзер дегенде орнына барып отырды.

Залдағылар қарқылдап күліп, дуылдаса қол соқты. Ойын қайта жалғасты.

Аққуды ұдайы ең соңына қалдырады. Бұл жолы да солай жасады. Алдыңғы қатардағы сары дермантин қапталған күрсілерде шынтақтарын таяныштарға сүйеп, әлгі үш жұп, бір тақ отыр. Бүгін олар қатты толқу үстінде. Таңертең қызы анасына: "Бүгін жаңа ән саламын.Толқып тұрмын" деп сырын айтқан еді. Гүлғайша сырды ішінде сақтай алмады. Бірдеңені басқалардан бұрын білу қандай әйелдің көңілін қытықтамайды? "Бүл жолы біз бұрын есітпеген әнімізді есітеміз" деп сыбырлады ол қасындағы Күмісбикеге. Хабар Күмісбикеден Меңзадаға, Меңзададан Алдарға жетті ...

Таяуда Қазанда шыққан "Аққулар" әні бүл жаққа да келіп жеткен еді. Радионың аузында сөз тұра ма, көкейінде ән сақталып қала ма? Ішіндегісі тысында оның. Әнді Аққұс радиоқабылдағыштан бірден қағып алды.

Концертті жүргізуші қап-қара қияқ мұртты жігіт алға шығып, Бұлақтан келіп тұратын әртіске ұқсап, әр сөзді жеке-жеке дауыстап:

- Аққу Зұлқарнаева! - деп жариялады.

Жұрт тағы да ду қол шапалақтады. Етегі ақ туфлиінің басына төгілген ақ көйлегін киіп, анасының күміс шолпысын таққан, зығыр түсті қалың бұрымын иығынан темен қарай тастаған Аққу, байсалды, паң қалпында сахна ортасына сылаң қаға сызылып шықты.Есімінің өзі осылай жүруге үйретті ме, қыз қаршадайынан - ақ секең-секең секірмей, ақырын жүріп, анық басуды үйренді. Шынында да, секеңдеп секіретін сауысқан емес қой. Сауысқан болып жаралған жан қанша талпынса да секеңінен құтыла алмайды.

Қол соғу кенет тынды. Қияқ мұрт жігіт жым-жырт залға көз жүгіртіп шықты да:

- Жаңа ән! "Аққулар"! - деп дауыстады.

Әнші сырнайшыға сәл ым қақты. Ол тілдерді баяу ғана басты. Қыз көкірегінен алғаш сәл қысыла, жасқана сыңсып, баяу ғана сыңғыр қаққан әуен мамырлай толықсып барып, аңыраған ағынға ұласты да, нөпір тасқын арасынан өзендер күркіреп, сарқырамалар сарнап, шыған шыңыраудың тылсым түкпірінен қуатты, қатерлі, сырлы сұрапыл соқты, біресе айдын бетіндегі күн шапағына шомылған майда толқындар секіріп ойнап, біресе күллі әлем маужырап, ағыл-тегіл сағыныш мұнарына батып, көңілді көкке көтере асқақтай шалқып, жүректерді жандыра өксіп жылады бұл ән. Сәлден соң өзек өртей жалынып, жалбарынып қоя берді.

Осында ұяларың, айдынды көк көлдер,

Кетпеңдер,аққулар,кетпеңдер.

Сағыныш сарғайтар алысқа кетсеңдер,

Кетпеңдер, аққулар, кетпеңдер!

Әнге арбалып қалған жұрт осы арада қанша минөт өткенін, қанша өмір өткенін сезбеді. Тек екі кісі ғана есін жоғалтпады. Гүлғайшаның көз алдына Шытыр алқабы тұра қалды. Құлағында таяу тұстан өкіре ұлыған қасқырдың ызалы үні қайталанды. "Өмірлік азаптан құтқарды ғой тағдыр..." деп тебіреніп қойды ол.

Кәшфолла сонау жаздағы таңертеңгі оқиғаны еске алды. Егер шұбар құндақтағы бөбекті өткен-кеткендердің бірі тауып алып, төрағаға әкелсе, оны қабылдап алар ма еді? Қолдан-қолға өткен соң, бәлкім, қабылдамауы да мүмкін. Бөбек Кәшфолланың өзін, тап өзін күтіп жатқан болып шықты. Тумыстан тұйық мінез Зұлқарнаев кез келген нанымға илана бермейтін. Бірақ Аққудың өзіне бұйырғанына имандай сенетін. Кенет бойын: "Егер Аққу болмаса, мен қалай өмір сүрер едім? Неге қуанып, көңілім неден жай табар еді? Егер Аққу мүлдем, мүлдем дүниеге келмесе, мынау ән қайдан шығар еді?" деген үрей биледі. Кәшфолла қатты толқыды. Гүлғайша бүгін кигізген ақ жейдесінің өңіріне ыстық жас тамшылары ыршып түсті. Мұны ешкім көрмеді, ешкім байқамады.

Залдағы жым-жырт тыныштықтан төрағаның ойы бөлінді. Аққу сахна алдында тұр, әнге арбалған жұрт селт етпей, тынып қалған. Алғаш біреу есін жиып, алақан соқты, оған басқалар қосылды. Жұрттың дауыл тұрғандай дуылдасқан шуынан тіпті есік ашылып кетті.

Аққуды жұрт қайта-қайта шақырып, ән салдырды. Біраздан соң қыз қарсы бола бастады. Бір сәт қолын сілкіп, осы да жетер, енді айтпаймын деп ишара жасады. Шу сәл басылған кезде Кәшфолла:

- Шырқай бер, қызым! Жұрттың мейірі қанғанша шырқа! - деп етінді.

Тағы, тағы шырқады Аққу. Бірақ жұрттың мейірі қанбады...

OН СЕГІЗІНШІ ТAPAУ

АЛДАР ӨЗІ АЛДАНДЫ

Кәшфолла ішімдік атаулыны аузына алмаса да қонаққа барғанда, той үстінде, мереке күндерінде жиындарға қатысып, қызулы кісілермен мәжілістің басынан аяғына дейін отыратын. Сөзге көп араласа бермейтін, әзіл-қалжыңға ренжімейтін. Гүлғайша да төрағаның әйелімін деп қоқырайып қалмайтын, ән бастап, биге түсетін. Бүл қылығы өзіне жарасып тұратын. Жасы ұлғайса да сынын бұзбады. Қартайған кезде тіпті оны жұрт "ару ана" деп атайтын болды. Әйелді қартайтатын үш нәрсе екеніне көзі жетті. Міне олар: маскүнем күйеу, жылауық бала, ылғал отын. Гүлғайша осылардың бірін де көрмеді. Күйеуі ішпейді, балалары жайдары, отыны құрғақ. Анығырақ айтқанда, отынды өмір бойы өзі әзірледі. Ақ көңіл әйел мен мінезі тұйықтау күйеуі қатарынан қалмай, қонақ шақыратын. Тамақ пісіруге шебер Гүлғайшаның дастарқаны ұдайы таңсық тағамға толы. Қара бұрыш дейсің бе, сана жапырағы дейсің бе, қош иісті мойыл ұнтағы дейсің бе -бабын тауып, бұрқыратып қойғанда, астың дәмі одан сайын арта түсетін...

Түңғыш жиені туғанда Кәшфолла мен Гүлғайша той жасады. Ащы балсыра қан тамырларын қытықтай бастағанда жұрт Құрбанғалиды осы тойда соңғы рет бесікке салып тербетті. Нұрисламның өлгі ескірмейтін, әрі естен кетпейтін жалғыз әнін шырқатты. Құрбанғали пәлденбей, қарсыласпай бесікке барып жата қойды. Алдар алғаш қитығып, ұзақ тартысты, біраздан кейін шарт қойып, әнін салуға келісті.

- Үлкендерді сыйламасаң, бөбекті сыйла. Бүгін одан үлкен кісі жоқ, - деп қайрады әйелі Балдыбанат. - Осындай жақсы үйде, жақсы адамдарды жалындырма.

- Болмайды. Даусым жетпейді, кемпір.

- Мәссаған! Мұнда бөтен кісі жоқ қой...

- Ұялам.

Нұрисламның кіршіксіз көзінде шындық нұры жайнап тұрды.

- Ұялар жеріңді тапқан екенсің!

- Ұялшақ бола қалуын қарашы. Қапылып қалған екен! - деп шымшып қойды Күмісбике.

- Ұялатыным рас...

- Кімнен ұяласың?

- Сапа нұсқаушысы Құрбанғали мен Ауылкеңес Кәшфолладан ұяламын. Солар екеуі анау күміс басты кереует астына кірсе, ән саламын.

Бұған дағдарып қалған дастарқан басындағылар сәлден соң шу ете түсті:

- Кірсін! Кірсін!

- Нұрис ән салсын!

- Қане, бол, Алдар!

- Бәлкім, шоланға шығып тұрармыз? - деп көрді Кәшфолла.

- Жоқ! Келіспеймін - деп тұрып алды әнші. - Ән тыңдағыларың келсе, бұлар кірсін кереует астына.

Қонақтар да оны құптады.

- Қане, кіріп, жатсаңдаршы!

- Моншақтарың төгіле қоймас!

- Өтінеміз!

- Мәңгі есте қалсын да!

- Жалындырмаңыздар енді. Құрбанғали бесіктен секіріп түсті:

- Кел құрдас! Көңіл көтерсін.

Ол жылдам еңбектеп кереует астына кіріп кетті. Шоң, ауыр денелі Кәшфолла иіліп-бүгілгенше біраз уақыт өтті. Әйтсе де, қапталдай жылжып, жолдасының қасына тығылды. Оның сыртқа шығып қалған аяқтарын көріп, Нұрислам бұйрық берді:

- Аяғыңды тарт!

Анау бұйрықты бірден орындады.

Әнші асықпай-саспай тамағын қырнап қойды да, баяғы барқыраған сарынына басты. Әйтсе де әлдеқандай әнге ұқсас бірдеңе.

Қызарып күн шыққанда

Бал тамады алмадан.

Сендей жарым болса деп,

Көп сұрадым алладан,

Балдыбанатым...

Бұл әнін аяқтай салып, бірден екінші әуенді жалғап әкетті:

Кереуеттің үстінде, а - ай, аппақ жастығы, Кереуеттің астында, а - ай, ауыл бастығы. Ән сала алмайтын, а - ай, сорлылық Тағдырдың адамға қастығы...

Қайырмасы былай болып шықты:

Құрбанғали, Кәшфолла - ай,

Шығындар енді, аш қалмай!

Кәшфоллада ән салатындай дауыс жоқ. Құрбанғали ән салғанымен, даусының жуандығынан ұялып, өлең айта бермейтін.

Қонақтар рақаттана күліп алды. Айта кетейін, Алдардың жаңа шығарған әні өмірлі болмады, сол жерде - ақ ұмытылды. Қазір қатырғы стақандарға су құйып ішеді де, лақтырып тастайды ғой. Әлгі ән де солай болды.

Төраға астан ұлы, мәжілістен үстем болмады, жоғарыда айтқанымыздай, қатар -құрбыларымен талай дастарқанда бас қосты, бірақ екі-үш адам жиналып алып еріккеннен арақ ішіп, ләйліп отырғанын суқаны сүймейтін. Сондықтан оның көзі тірісінде Құрбанғали мен Нұрислам оқта-текте жасырып бір шыныны еңкейтсе, ұялғаннан апталар бойы оның көзіне түспеуге тырысатын. Төрағаның ауыр, қатты назары күнәні алыстан шалатын сияқты еді. Кәшфола дүние салған соң да мұндай жағдай жиілемеді, тек еркінірек, жалтақтамай жасалатын болды. Балдыбанат пен Күмісбике күңкілдегенімен, тамаққа басытқы беріп, шай әзірледі. "Өй, осыларды қойшы, қартайғанша түзелмеді. Кәшфолла болмаған соң әбден бұзылып барады бұлар" дейтін болды екі әйел (қазіргі кемпірлер). Алайда табан тіреп қарсы тұрмады, тіпті іштей риза болуы да мүмкін. Әйтеуір, жанжал шығарып, азып-тозып кетпеді, зарлап, шағымданып жатқан жоқ, ел алдында беделді. Ұлы Отан соғысынан Даңқ орденін тағып қайтқан Нұрисламды ардагер деп ардақтап, жиналыстарда төрге отырғызады, мектеп балалары оның айтқандарын ақ қағазға жазып алады. Балдыбанатқа бұдан асқан қандай күйеу керек? Күмісбике де өмір өткен сайын дүниеде алтынның күмістен азырақ болатынына сенді. Көңілі шалқып жүрген кезінде көз алдына біресе Мұрын Нәжіп ым қақса, біресе Шоқпарлы Сейфетдин елес беретін, ақыл тоқтатқан сайын Құрбанғалиға алаңсыз бауыр басты. "Құрбанғали екеуміз жүзікке қас қондырғандаймыз. Күйеуге жарыдым, білләһи" деп ағынан жарылды. Қарты дүние салған соң әлгі Мұрын Нәжіп пен Шоқпарлы Сейфетдинге көзі түсіп, көңілі ауғанына өкініп қойды. Өкінсең де, өкінбесең де мәні жоқ енді. Нәжіп баяғыда асыл тұқымды егіз сүзгеннен майырылып, қайтып басын көтере алмай, дүниеден өтті, ердің сойы Сейфетдин соғыстан қайтып оралмады...

Кәшфолла өмірден озғалы толық жарты жыл толған-ды. Жапалақтап қар жауып тұрған іңірде Нұрисламның үйіне Құрбанғали келді. Құлағы ауырлап, көзі бұлдырай түскен Алдар құрдасының есіктен кіргенін алғаш аңғарыңқырамай қалды. Кәріліктің осындай бейнеттері туралы жастарға тағылымды хикая шертуді ұнатады. Әрине, езін төспалдап айтады.

...Бір шалдың алдына өз шаруасымен Ажал келіп:

- Жүр, кеттік! - депті.

- Сен кімсің?

- Сенің ажалыңмын. Кеттік...

- Бірден кете береміз бе? Бұрынырақ ескерту керек еді, - дейді сасып қалған шал.

- Неге ескертпейін, ескерттім. Үш рет ескерттім.

- Қашан?

- Алдымен тісіңді жұлдым. Солай ма?

- Солай.

- Содан соң құлағыңды бітедім. Солай ма?

- Солай.

- Жақында ғана кезіңе ақ түсірдім. Солай ма?

- Солай. Түсіндім...

"Мен де үш ескерту, тіпті шақыру алдым, - деп түсіндіреді Нұрислам, - Ал менен бір жас үлкен Кәшфолла ескертусіз жөнеп кетті. Кенеттен кетті..."

Құрбанғали хәл - жағдай сұраса келе төрге шығып отырды.

- Ішім жанып барады, - деді қонақ, - жаңа ауыл кеңес жанынан өткенмін... Жетімсіреп, мұңайып тұр, жарықтық...

Төраға туралы олар коп сөйлемейтін. Оның өзі де сөйлегіштерді ұнатпайтын еді.

- Тоныңды шеш, құрдас, - деді Нұрислам. - Балдыбанат, әнеки, қазан асып жатыр.

- Хал жақсы ма, қайным? - деп алжапқышына қолын сүртіп, шымылдық ішінен Балдыбанат та шықты. - Құрбым есен бе?

- Аман-есен, бүп-бүтін, бір мысқалы да кемімеді.

- Бәрекелді, бүтін болсын, кемімесін.

Ілгергі жылдарда екеуінің сөйлесер сөзі көп болатын. Қазір Кәшфолла оларға көп сөйлеспеуді өсиет етіп кеткендей. Былтырғы жаздан бері сөз азайды.

- Бірдеңе алдыратын ойың болса, Нұрислам, именбе. Іңір түсіп келеді, дүкен жабылып қалуы мүмкін, - деді Құрбанғали турасына көшіп.

- Бәлкім, Балдыбанат, сен самалдап қайтарсың?

- Қой, шал, арақ тасу кемпірлердің шаруасы емес... Өзің бар. Әнеугі бос шыныны да апарып тапсыр. Шоланда, терезе түбінде жатқан болар.

Бос шыныны қалтасына салып, Нұрислам дүкенге келді. Сатушы қыз шыныны алмады, аузы кетік екен. "Кетік екен ғой, қараң қалғыр!" деп кемпіріне ренжіп, күңкілдеп қойды қарт. Әйтсе де тастап кетпеді. Адал ақшасы төленген толы шыныны бір қалтасына, бос шыныны екінші қалтасына тығып, үйінде жұтынып отырған қонағына асықты. Қайтарда ол үлкен көшеден жүрмеді. Қызыл жар деген сай бойындағы соқпақпен тура тартты. Сайдың ең терең түбіне жеткенде Нұрислам тоқтай қалды. Әлдеқалай еркектік намысы ұстап, ызаланып кетті. "Қатынның сөзін тыңдап, аузы кетік бос шыны таситын еркекпін бе мен?" деп өзіне-өзі терең мағыналы сұрақ қойды. Бұл сұраққа былай жауап берді - бос шыныны қалтасынан алып, қалың қарға бар пәрменімен керіле сілтеп, лақтырып жіберді. Бұдан соң бір пәледен құтылғандай, тынысы кеңейіп, бойы жеңілдеп кетті.

Күйеуі қайтқанша Балдыбанат таза дастарқан жайылған үстел үстіне нан тіліп, пияз турап, түз әкеліп қойған-ды. (Құрбанғали арақтың ашуын тұзға малған ащы пиязбен басатын). Бір шетте екі қырлы шөлмек жылтырап түр. Шөлмек дегені стақанның інісі, әдеттегі шөлмектің ағасы еді. Нұрислам алдымен тонын шешіп, шегеге ілді, содан соң арақты мойнынан ұстап, тартып шығарды. Шығарды да сілейіп, қатып қалды. Біраз тұрған соң ғана есін жиды:

- Құрыдық, құрдас! Сорладық! Ай, кемпірі түскір, сені... Бос шыны деп анау Қызыл жар сайындағы қалың қарға толы шыныны лақтырыппын. Пай-пай жытырдым - ау. Фашистердің оқабына граната тастағандай, жанымды сала лақтырғанмын, мәлғұнды.

Мұны есіткенде Құрбанғали біресе орнынан ұшып тұрды, біресе қайта отырып, мұрнын тартты:

- Қап! - деді. - Қарға кіріп кеткен ғой. Енді тек көктемде табылатын шығар.

- Көктемге дейін кім бар, кім жоқ, өзіміз кетіп қалмасақ.

Бір ғажабы, сол шыныны алып қайту біреуінің де басына келмеді.Демек бұйырмаған нәрсе екен, көну керек.

Балдыбанат кенет санын соға күліп жіберді:

- Міне, тамаша! Қызық деп осыны айт! Құдай өзі сендерге бұйыртпаған, қолдарыңнан қағып түсірген: "Жетер сендерге, шалдар!" деген. Мұны мен де құптаймын: ішкенді қойыңдар енді!.

Нұрисламның көңіліне құдай қона қоймаған. Дегенмен Алдар ойланып қалды. Бәлкім, Кәшфолланың аруағы атқан шығар? Нұрислам құрдасының нені құптайтынын, нені жақтырмайтынын сезіп жүретін еді.

- Әйтеуір, бұйырмады. Мұнысы тіпті жақсы болған шығар, - деп өзін жұбатқан Құрбанғали сирек сақалының ұшын саусақтарымен сипап қойды.

- Шөлмектеріңді жинап ал, Балдыбанат! Көзімнің тірісінде бұдан былай мүлдем шығарма. Қаласаң, мұрағат етіп қой, әйтеуір, шығарма. Дастарқан басында шыныаяқтарың ғана тізілісіп тұрсын!

- Сөйтіп, мүлдем қоямыз ба? Ойланбай жасап, бүлдіріп алма, дегенім ғой, құрдас. Өмірде не болмайды... Албырттық жасама.

- Ойландым. Жаңа өмір басталды.

- Қызығы болар ма екен сол "жаңа өмірдің"? - деді Құрбанғали.

- Бұрынғы заманда ата-бабамыз арақ ішпей-ақ қызығын тапқан ғой.

- Бұрынғы заманда жаңа тұрмыс болмаған ғой, - деп өжеттенді Құрбанғали.

- Сен, Құрбанғали өз білгеніңді істе, аузыңа қақпақ болмаймын: Кәшфолланың аруағын ардақтап, көрге барғанша арақ ішпеуге бекіндім! Ар жағын көре жатармыз... Сайдан өткенде жаным жадырап, көңілім ашылып кеткен-ді, сірә, соған көрінсе керек.

- Мен ше... Мен ... Сенен асып қайда барамын? Әйтсе де, жабырқайтын кездер бар дегендей. Өмірде не болмайды, тәйірі...

- Біздің жабырқайтын шағымыз баяғыда өткен, құрдас. Бір аяғымыз көрдің шетін басып тұрғанда қарқылдап күлгеніміз жараспайды.

- Өй, қойшы! Сен тіпті мүлдем... Тірілердің жаназасын шығара бастадың, - деп Балдыбанат сөз қыстырды.

Бір сәтте Нұрислам көкірегіндегі күллі қасірет - қайғысын біржола сыпырып тастады. Жаны таза, жарқын жанға айналды.

- Кел, құрдас, төрге отыр. Балдыбанат! - деп қазан жаққа кеткен әйелін шақырды. -Самаурын қой! Бар сыйыңды дастарқан басына әкел тезірек! Жоқ сыйың - жарқын шырайың болсын. Тамағымыз тапшы кезінде тіліміз жомарт болды біздің!

Сыңсып тұрған самаурын үстел басына көшті, буы бұрқыраған бір табақ ет келді, бәйбішенің кебежесінен балбыраған бауырсақ, сары ірімшік, балды бірәндік шықты. Дастарқанда орын қалмады.

Ең төрде Құрбанғалн, оның қасына Нұрислам отырды, бәйбіше самаурынды жанай жайғасты. Күмісбикесін ойлаған Адвокаттың есі кетті. Осында отырса, ол дастарқан басына ерекше көрік берер еді-ау...

- Тамақ алыңдар, - деп өтінді Балдыбанат.

- Азырақ сабыр етіңдер, - деп үй иесі орнынан түрегелді, көкірегін сипап қойды. - Тамақ алдынан бұрынғылардың әдетінше бір ән салып берейін.

- Мәс – са - ған! - деп қайра» қалда. кемпірі.. — Бала болып кеткеннен саумысың? Қарап отырып ән салғанның жөні қайсы?

- Балалығым емес, жастық жігерім оянды,. кешір.. Ән саламын!

Сөйтіп, ол шырқап жіберді. Оның дауысы тумысынан сазды да, мұңды да емес-ті.. Бұлтақсыз, бұралаңсыз тура тартатын айқай еді. Не болды бұл жолы Нұрисламға? Оның. көкірегінен жай ән емес, елден ерек сағыныш пен қасірет ақтарылды. Жұртқа ермек үшін баяғыда езі шығарған әзіл сөздерді мұңға орап, нұрға бөлеп шырқады. Пай-пай,. Алдар!: Шын жыласаң соқыр көзден жас шығады деген рас екен-ау. Елжірей, етіле жылаған. соң сөзі де мүлдем өзгеше құлпырып кетті.

Қызарып күн шыққанда,.

Бал тамады алмадан..

Сендей жарым болса деп
Көп сұрадым алладан,
Балдыбанатым,
Алтын қанатым

- Алла тілегімді берді, жар таптым,. енді "әлгі пәледен" қашып құтылар ма еді, шіркін -деп Нұрислам. орнына отырды.

- Жүрім болса, бұйырғанын көре жатармыз, — деді Балдыбанат қартың қуаттап.

Бұлар тамаққа асықпады. Ән кенет қарттарды. мұңайтып тастады. Құрбанғалидің нәзік жаны елжіреп кетті, енді ол: өзін емес, өзі жөнеп кеткенде артында қалатын мына үрейлі, тынымсыз дүниені аяды.. Әзірше ол көзі тірісінде дүниенің тірегі бар, ал кейін не болады...

- Тамақ суып барады, - деп ескертті бәйбіше.

- Асты қаратып қоюға болмайды, кел, Қүрбанғали:..

Нұрислам табақтың сүбелі еті көбірек жағын; қонақтың алдына қарай ысырып қойды.

Құрбанғали еттің кішілеу кесегін таңдады.. Жас кезінде де, жасы ұлғайғанда да ол еттің үлкенірегіне ұмтылмайтын. Құдайға шүкір, сонда да аш қалмайтын.

"Әлгі пәледен" ұзақ қашып құтыла алмады Нұрислам, Әйтеуір, наурыз борандарын шығарып салды, көктемде Құрбанғалимен екеуі Қыздар тауына шығып, Дим тасқынын қызықтады,. қайтар жолда екі мойыл ағашын түбірімен қазып алып Кәшфолланың ауласына екті. Бір ағаш қурап қалды, екіншісінен көктен, сол көктемде гүл атты.

Қар еріп, жылғалар аға бастаған кезде бір қызық оқиға болды. Бір күні ұдайы ләйліп жүретін диірменші Ерғали ащыны артығырақ тартып жіберін, әлгі Қызыл жарға жеткенін аңғармапты. Тәлтіректеді ме, .әлде көзі қарауыта ма, төмен қарай құлдырап кетеді. Құлап жатып, тал түсте ұйықтап қалады. Көзін ашса, бір шыны арақты құшақтап жатыр екен: кәдімгі бүп-бүтін, аузы мықтап жабылған шыны. Қуанып, қайран қалады, дереу есін жинап, ақылы кірген кезде, сірә, бұл шайтанның шатағы шығар деп шошып кетеді. Шыныны бар пәрменімен лақтырып жіберіп, еңбектеп жар басына шығады. Айыққан кезде үрейден құтылып, бойын жеңілдету үшін жұртқа осындай қызық жайды бастан кешкенін айтады. Әрине, оған ешкім сенбейді. Диірменші: "Қызыл жардан бір сандық алтын - күміс тауып алдым" десе, құлыштықтар қуанып, қайран қалар еді. Ал сайда бір шыны арақ жатыр дегенге сене қоятын аңқау жоқ бізде. Бірақ Ерғали жарты айдан кейін дүкеннің қасынан өтіп бара жатып қанша іздесе де сол қарғыс атқыр шыныны таба алмай, әуре болды.

Жаз жайлы келді. Нұрислам бүкіл Башқұртстанға тарап кеткен балаларына барып қайтты. Балаларының аман-есен жақсы тұратынын көріп дуанды. Немерелерінің ана тілін, халықтың салт - санасын білмейтініне қатты қынжылды. Бұрын кездескенде: "Жарайды, ержеткен соң түсінер, бәрі сабасына түсер" деп ойлаған еді. Енді солардың қалай түсінетінін, қалай өскенін көре алмайтынын есіне алғанда тебіреніп кетті. Егер, түсінетін болса, әрине. Немерелерінің біразы ";ата" деген жалғыз сөзден басқа ештеңе білмейді ғой. Бірақ ұлдары мен қыздарына кейіген жоқ, тек: "Адамның санасына ар-ождан ана тілімен кіреді" деді.

Қоңыр күз келді, Нұрисламды жұрт көтеріп әкеліп, құрдасының қасына қойды. Әне, Кәшфолламен көрші жатыр. Ал бүгін оның қасына Құрбанғали жайғасты. Адвокатты жер қойнына тапсырарда қыруар адам жиналды. Жерлеп болған соң жұрттың көбісі тарқай қоймады. Олар Кәшфолла мен Нұрисламның қабірлерін де зираттады. Тарамай тұра берді түге. Сондықтан мен оларға:

- Үйлеріңізге қайтыңыздар. Қайтқан соң бірден қарбалас тіршілік қамына кірісер алдында, отырып, ойланыңыздар... Өмір туралы да, өлім туралы да ойлаңыздар... Содан соң ғана қызметтеріңізді одан әрі жалғастырыңыздар: жер жыртып, дән себіңіздер, махаббаттан туған балаларыңызды өсіріңіздер, әдеп сақтаңыздар, - дедім.

БІРІНШІ ТАРАУ

ҚҰРБАНҒАЛИ ЖӨНЕП КЕТТІ

Кісі өле қоятын кез емес еді бұл. Аспан ашық, жер беті жадырай жайнап тұр. Көктей бастаған қазоты арасында жұмыртқаны жаңа жарып шыққан тауық шөжелері шүйкілдесіп жүр. Шарбақ басында шақырып тұрған жирен әтеш безек қағып, лашық төбесіне ұшып қонды да, ұзын мойынын сорайта созып, екі көзін бақырайтып, барын сала қышқырды. Қос жұдырықтай ала күшік мойыл бұтағына қонып отырған шолақ құйрық кәрі торғайға өшігіп, қайта - қайта шәуілдейді. Торғай оны тыңдамайды, өзінше шиқылдай береді. Тіршілік атаулының бәрі, тіпті шеп жапырағы, тіпті кең шыбыны: "Әу – уу - у! Мен тудым, мен ояндым. Хабарсыз қалмаңыздар!" деп дүниеге жар салады.

Тап осы кезде Адвокат Құрбанғали Нәсіров үзілді. Шаңқай түсте құс төсекке шалқайып, аяғын көсіле берді де, саусағының ұшымен екі көзінің қабағын жауып, о дүниеге жөнеп кетті. Жамағаты Күмісбике осы кезде Жапалақ көшесіндегі құрбысы Балдыбанатпен шүйіркелесе сыр шертісіп, терлеп-тепшіп шай ішіп отыр еді. Сәлден соң зар қағып, қатты өкірді, дейді. Ішпеген шай ма еді, адыра қалғыр? Кісі өмірінде бір-ақ рет дүние салады. Елу жылдан астам отасып, қол ұстаса жүріп, тұрмыстың ащы - тұщысын татып, тату-тәтті өмір сүрген жан жолдасыңмен қоштасып қалғанға не жетсін.

Өмірде не болмады дейсің. Орынды-орынсыз, мезгілді - мезгілсіз болса да еске ала кетейікші. Бойына қол жетпейтін, құшақтасаң, құшаққа сыймайтын зор денелі Күмісбике бір кезде сол нәрсеге шамданып, құйттай, тапал Құрбанғалидың мойынын қолтығына қысып тұрып, құйрығына шапалақпен тартып - тартып жібергені бар. Қатты ауырмаса да, қомсынғаны көңіліне тиді. Құрбанғали дықшыл емес-ті. Әйтеуір, бұл көрші-қолаңнан аулақта болған жай. Бірақ Құрбанғали бір жазда Қояндыбөлік алқабында астық орып жатқанда әйелімен сөзге келіп, жан-жаққа естірліктей етіп Күмісбикеге: "Ей, қатын! Қатын, деймін! Қанымды қыздырма! Қызып кетсем, быт - шытыңды шығарармын!" деп қатты килікті. Әдейі еркектігін танытқаны. Мұның күлкілі екені әмбеге аян. Әйтсе де Құрбанғалидың ішінен ышқына шыққан ащы айқайына көршілер қобалжып қалды. Әйелі де айбынып, тіл қатпады. Әйтеуір, бұдан соң күйеуін төмпештеп, күш көрсетпейтін болды. Ежелден жанын қинамайтын. Түн ұйқысын төрт бөліп, бала емізбеді, таңнан тұрып, емпеңдеп сиыр саумады. Баланы оларға құдай бермеді, сиырға қолы жеткенде оны әуелі қайын енесі, кейін күйеуі сауды. Келіншек кезінен-ақ Күмісбике қыдырымпаз болды. "Әйелдер азаттық алды, біз еркінбіз!" дейтін ол Ақ көңіл қайын енесі де ыңғайына көніп: "Мейлі, жұртпен аралассын" деп еркіне жіберді. Сөйтіп, ұдайы "күйеуі шықты есіктен, қатыны шықты тесіктен" дегендей, ежелден еркін өскен қалпына түсті. Тіпті баяғыда өзін айттыруға құдалар келгенде де әлдеқайда кетіп қалған еді. Міне тағы да... Әйтеуір, өлім өкінішсіз болмайды. Күмісбикенің өкінетін күнәлары да, өкінбейтін жайлары да көп бола қоймас. Бар да шығар, бәлкім. Көңіл күнәсі болмаса, көз күнәсі болады дегендей... Жарайды, бәрін есіне алып, жеке-жеке тәубе қылар әлі.

Өзінің айтуына қарағанда, Күмісбикеге Балдыбанаттың үйінен ішкен асы ас болмапты, ішкен шайы шай болмапты, бір сәт жүрегі үш рет лүп – лүп - лүп етіп, шаншып кетіпті, тамағына кермек кекіре тығылғандай, көңілі сұмдықты сезіпті, тек тор алдында бүгіліп, ұйып қалған аяқтары қайтарда не болғанын аңғара қоймай, айтқанына көнбепті. Бір рет болса да аяқпен емес, баспен ойлау керек болған ғой Күмісбикеге. Алдырған ақылдан адасады деген рас екен. Қартына жайың жаннаттың төрінде болсын деп бақұлдасып та қала алмады. Сірә, өкіндірмеген өлім жоқ шығар.

Адвокат Құрбанғали бұ дүниедегі барлық шаруасын түске дейін тындырып кетті. Марқұм досы Ауылкеңес Кәшфолланың жеті жасар кенже жиені Ілиясқа арнайы басқан әп-әдемі аппақ киіз қалпақты алып барып, сәбиді қуантты. Киіз қалпақ басу Құрбанғали шебердің басты өнері еді. Соғыстың алдыңғы жылдары ауылға кепкі, шәпкі, картуз келген соң киіз қалпақтың беделі түсіп, кәсіптен шығып қалды. Бірақ бұл өнерін ұста біржола тастамады. Өтініш айтқандардың сөзін сындырмай, баса берді. Жүзі дөп - дөңгелек, көзі қап-қара, қасы қап-қара Ілиясқа, бәлкім, ақ қалпақ жарасар деп ойлады. Айтқаны айдай келді. Басына кигенде құйып қойғандай жарасып, бала о баста тап осы қалпағымен туғандай көрінді. Қарт сүйсініп, ұзын селдір сақалын сипап қойды. Қайтарда зират қақпасының алдында жанталаса жұлысып, қиқылдасып жатқан екі ата қазға тап болды. Ене қаздар мына шайқастан тұс - тұсқа қашқан балапандарын ұмытып, екі ата қазды одан сайын өшіктіріп, қасарыса қаңқылдасып түр. Таласатын жерді тапқанын - ай! Құрбанғали таяғын сілтеп, екі ұя қазды екі жаққа қуып жіберді. Көзін алартып, артына қарай айбат шеге ысылдаған ата қазға: "Шамасы, шатақ шығарған сенсің ғой. Маубас! Абайла, бұдан былай..." деді саусағын шошайтып.

"Бұдан былайы" түсінікті. Кенет қарттың сірескен буындары босап, аяғы жеңілдеп, көңілі шайдай ашылып кетті. Шүйкедей шал аяқ басқан сайын ұлғайып, ұзарып, тұлғалана түскендей, аяғы жерге тимей, жас кезіндегідей жеп-жеңіл томпаң қағып барады. Жоқ, адымдап келе жатқан жоқ ол қазір, майда толқындарды жарған жабайы үйректей жүзіп келеді. Үйрек дейтін үйрек емес - үйректің дәуі. Егер марқұм Алдар Нұрислам тірі болса, осы кезде құрдасын ғажайып алып тұлғалы Алпамыстың өзіне теңер еді. Бұл туралы басқаларға айтса, ешкім сенбей: "Нұрис тағы да бөсіп тұр. Құрбанғали қайдан баһадүр болсын! Күмісбикемен шатастырып жүрген шығар" дер еді. Нұрислам ештеңені шатастырмайтын. Осы кезде ол досының бойынан баһадүр рухын көрер еді..

Құрбанғалидың шын баһадүр болып түскен суреті де бар. Бетін шынымен жапқан жақтауда айна үстінде ілулі түр. Басында шошақ елтірі бөрік, иығында - кең жүндес кебенек, кебенек астында белі қынамалы, төсіне ақ оққалта тізілген шеркес бешпенті, аяғында - шыңғалы етік, белінде - қылыш, белбеуінде - ұзын қанжар. Осы кескінінде ол ойнақшыған ақбоз ат үстінде отыр. 1931 жылы Алдар Нұрисламмен бірге Үфіге* сұлы сатуға барғанда пішен базарында екі қадаға керілген шүберектің тесігіне басын сұғып түскен. Құрбанғалидың басын тесікке туралау үшін фотограф жәшік үстіне жәшік қойған. Сонда ғана оның бойы жетіпті. Суреті тамаша шыққан. Нұрислам бүл жолы: "Мен екеніме бәрібір ешкім сенбейді, көз бояған деп есептейді" деп суретке түспеді.

Құрбанғали ала биесін байлап, үйге кіруден Күмісбикені қайран қалдырып, қызыққа батырмақ болып, суретті әйеліне ұсынды. Әйелі біресе шошып, біресе таңырқап, суретке ұзақ қарап тұрды, баһадүрдің танауы астындағы сирек мұртты таныған соң ащы дауысы шаңқ ете шаптықты:

- Ой, алла - ай! Құдайдың шермендесі, адамның қоры! "Менің күйеуім неге осындай мықты емес" деп мені өкіндіруге, күйдіруге алып келдің бе мұны? Қортық! Адыра қал! Шабата қалыбындай шелтиген неме!

- О не дегенің, бәйбіше, біз үйленгенде осы қалпым еді ғой, - деп ақталғысы келді суреттегі баһадүрдің түпнұсқасы.

- Бойың өсер деп үміттенгенмін, - деп дереу жұмсарып, күрсініп қойды әйел.

- Ойбай - ау, Күмісбике, сол кезде екеуміз де жиырма төртте едік. Ол жаста бой өсе ме? -деп ыңғайы келгенде әйелінің екі жасын әдейі бүгіп қалды.

Бұл былай болған. Шабаташы қыли Хәбетдиннің үлкен қызы сырықтай сорайған Күмісбикені жиырма алты жасына дейін айттыратын адам шықпады. Сіңлілері салтқа қарамай, тұрмысқа шығып кетті де, әпкесі үйде отырып қалды. Өзінің бойынан ұялатын Құрбанғали да қыз айттыруға батылы жетпей, қайғырып жүретін. Бір күні Алдар Нұрислам Күмісбикенің аузынан шыққан: "Анау Құрбанғали мені алса, қолыма көтеріп жүрер едім. Өзін-өзі кемсітпесін, алтын үлкен болмайды ғой" деген сөзін Құрбанғалиға жеткізді. Нұрислам айтқан сөзді ешкім түптеп тексермейді. Өйткені тексеруге жатпайды. Осыған ұқсас хабарды ол Күмісбикенің де құлағына жеткізді. "Егер Күмісбикенің аңсары маған ауып, яғни ұнатып, маған тисе, өмір бақи алақаныма салып жүрер едім" деген көрінеді Құрбанғали. Жігіт пен қыздың тұрағы алыс емес: бірі - Үшәтеш, екіншісі -Тоңмұржа көшесінде. Арасында сылдырай ағып жатқан жіңішке жүлге бар. Ниеттеніп, жолға шыққан Нұрисламға жүлге түгіл, дарияң да түкке тұрмайды. Күмісбикенің әлгі сөздерін рас деуге болмайды, өйткені оны қыздың сыртынан демші өзі ойлап тауып, өзі айтты. Жігіттің қызға айтқан сырының да шындығы шамалы еді. Әйтеуір, мұны екі жақ та теріс көрмеді, мұрын шүйірмеді. Күмісбике, ұялғанынан басын шетке бұрып, сыңғыр үнімен сылқ - сылқ күлген болды, көңілінде сандуғаштар сайрап, көкектер шақырды. "Оқасы жоқ, сүйіскенде еңкейіп, тізе бүгерсің" деп қызды алдарқата сендірді бас құда. Мұнысына өзі риза болып, қалың ернін рақаттана жалап қойды. Жігіттің аузы аңқиып, мұңлы көк көзін жыпылықтатып, Нұристің көзіне қадала қарады. Нұрисламның өзі алдаса да көзі алдамайтын.

Отырып қалған кәрі қызды Құрбанғали бұрын да аяйтын еді. "Менен басқа оны кім алсын, - деп ішінен ойлайтын қазір, - шүкір, өзім бармын..."

Қайқы бас көн етігінің сыртына қызыл ала шалбарының оң балағын шығара салып, Нұрислам тұп - тура Хәбетдинге тартты. Атасы тегін қызыл сөздің ең нәзік, ең асқақ түрін аямады:

- Ел ағасы Хәбетдин абзый, біздің жас, қайсар қабыланымыз сіздің сымбатты, ару құралайыңызға құмар болыпты. Мұны қайтеміз? - деп қойып қалды.

Мұрынын қайта-қайта тартып, инемен шабата тоқып отырған қарабайыр, қыңыр "ел ағасы" қатты әсірені жақтырмай:

- Қайдағы құралай! Түйе десең қайтеді? Қабылан дегенің қотыр мысық шығар, - деді.

Нұрислам мұндайдан тайсала қоятын кісі емес.

- Түйе де, мысық та құдай жаратқан жануарлар ғой. Мәселе олардың тегінде емес, аға, қажеттігінде.

- Бұл рас.

Осы кезде Күмісбике жаны да, тәні де үйге сыймай жүрген еді. Нұрисламның орынды ұсынысын шабата шебері өзінше дұрыс бағалады. Құрбанғали күйлілерден болмаса да, әдепті, жақсылардың жұрағаты еді.

- Қызымды асыра мақтамайын. Құдай бергеннің бәрі бойында. Айтқанды тыңдайды.

Айтқанды тыңдаған дос болады, қосылған соң қос болады, - деп қостады оны демші.

Қайтып келмейтін болсын, қабылдамаймын! - деп ескертті өжет Хобетдин.

Әскер жинап келсең де кері қайтармаймын! - деп кесіп айтты Нұрислам.

Өз балаңды өзің кемсітпесеңші, көкесі, басы артық баламыз жоқ, Нұрислам құда, - деп сөзге араласты Хәбетдиннің әйелі. Күйеуі оның сөзін елемеді. "Құралайдың" өзі бұл кезде үйінде жоқ еді.

Демші мен қыз әкесі тез келісті. Ертеңіне бір қазан ас пісіріп, Құттыяр азаншыны шақырды. Мұса молданың өзін шақыруға беделі де, жағдайы да жетпеді. Құрбанғалидың ауырып қалған шешесі той дастарқанына келе алмады. Жігіт жағынан қос қонақ - жаушы Нұрислам мен әйелі Балдыбанат, қыз жағынан - үй иесінің екі қызы мен екі күйеуі болды. Азаншы неке қиды. "Алдым - бердім" жасалды. Іңір түсе әлгі сылдырап аққан жүлгеден секіріп өтіп, күйеу келіншегін Тоңмұржадан Үшәтешке - өз үйіне алып қайтты.

Ертеңіне: "Ойпыр - ай, Құрбанғалидың қолына мол күміс түсті. Жұртқа мысқалы да жетпей жатқанда, бұған пұт - пұтымен жауды..." деп әлдекімдер әзілдеп, әлде қызғанып айтса керек. Сөйтіп, Күмісбике нағыз күміске айналды. Бұдан былай Құрманғали көңілі түскен сәттерде "Күміс", "Күмісім" дейтін болды.

Ой - хой, дүние-ай! Қанша өмір өтті десеңші содан бері! Мына жерде соңғы рет көрген екі тентекті - екі ата қазды айырып, Құрбанғали үйіне қайтты. Қайтудан тауықтарына жем салды, ала күшікке қатық ішкізді, мысықтың тостағанына сүт құйды. Қысқасы - тірілерге тамақ берді. Сол сәт төсегіне барып жатты да, барша тіршілікті тәрк етті, яғни саусақтарының ұшымен екі көзінің қабағын жауып, қайтыс болды.

ЕКІНШІ ТАРАУ

ҮЙІ ҚАЛДЫ

Құрбанғалидың көкке сорая созылған кішкентай үйі, сол үй ішінде, бұдан бұрын айтқанымыздай, құдай мол - молақай жаратқан кемпірі мұрагер болып тұрып қалды. Кемпір жайлы айттық. Үй туралы айтпай кету ыңғайсыз. Соғыстан кейінгі қытшылық артта қалып, елде молшылық келген кезде көтерді оны. Құрбанғали алдымен: "Үй шағын, мықты болсын" деді. Күмісбике: "Биік болсын! Биік болсын!" деді қайта-қайта. Екеуі де айтқанынан қайтпады. Сөйтіп, шағын ғана биік үй салынды. Көшеге екі, аулаға бір терезе қарайды. Көтермесі жоғары, басқыштары тік. Мұның өзі ыңғайлы шықты, күзет мұнарасы дерсің. Ұжымшардағы сапа жөніндегі нұсқаушы Құрбанғалиға жан-жақты шола қарауға кеңістік ұлғайды, өткен-кеткенді бақылап тұруға Күмісбикеге де жақсы.

Құлышта жұрт терезе кәсегін не аққа, не зеңгір көкке, не жасылға, не сарыға, не күреңге бояйды. Жалғыз Құрбанғалидың көсегі нарт қызыл. Үйді бітіріп, кірген соң терезе сырын алуға ол Үфіге кетті. Сыр дүкеніндегі сатушы жас жігітке орысшаны судыратып қоя берді:

- Давай, парень, самый хороший красный, - деп үш саусағын көрсстті. - Три укушка!

Жігіт үш терезеге шамалап, үлкен қүты сыр берді. Үйге келген соң ашып қарағанда қайран қалды. Әлгі сатушы мұның "краска" орнына "красный" деп жібергенін байқамай, оған нарт қызыл сыр беріп жіберіпті. Құрбанғали бұған бас қатырмады. Үш терезенің қақпақтарын, жақтауларын, кәсектерін сонымен сырлады да қойды. Алғаш өткен-кеткен аузын қисайтқанымен, бара-бара көндікті. Неге көнбейді дейсің адам баласы! Ал сырттан келгендер Үшәтсштің арғы шетіне барып та жетпейді. Жеткенде не істейді? Терезелердің ашық түсіне Күмісбике қатты қуанды. "Ерініне қызыл далап жаққан қала аруына ұқсайды біздің үй" деп мақтанды. Мақтанарлық үйің болса, мақтанасың да. Үй иесі үш-төрт жылда сырды жаңғыртып тұрды, бірақ түсін өзгертпеді. Егер өзгертсе, бәлкім, жұрттың көңілі жұтаң тартып, құлазып, ауылдың бір өрнегі кеміп қалар еді. Терезелеріңнің алыстан айқайлап, көздің жауын ала жарқырап тұрған ашық сырын қайдағы бір солғын, бұлдыр түске қалай өзгертерсің! Үш ұйықтасаң, ойға кірмес еді мұндай талғамсыздық, мұндай бейбастақтық.

Марқұмның зират зембіліне салынған мүрдесін жұрт аялай көтеріп, басқыштан түсірді де, көше бойлап ақырғы мекеніне алып кетті. Биік қақпа алдына шыққан Күмісбике көз жасына малшынған бет орамалын бұлғап: "Хош бол, жан жарым Құрбанғали. Мені күт!" деп қоштасып қалды. Біздің елде ежелден сақталып келе жатқан салт бар - жесір қалған әйелдер күйеулерін қабірге шығарым салмамды, сабырлылық көрсетіп, әдеп сақтайды. Күмісбике сабырлы болып шықты. Егер Құрбанғали өзінің соңғы күнге дейін мөлдіреп тұрған зеңгір көзін ашып, қарай алса, үш терезесі де қанды жасқа толы ұзын мұржалы биік үйін және сол үйдің биік көтермесінде өмірінде алғаш рет шын көңілден жылап тұрған кемпірін көрер еді. "Үйімді от пен көзден, жамағатымды жаман сөзден сақтай гөр, тәңірі" деп тілер еді.

ҮШІНШІ ТАРАУ

ДОСТАРЫНЫҢ ҚАСЫНА АЛЫП КЕЛДІ

Құлыш тұрғындары шақырған тойға, шақырмаған базарға ықыласпен келеді, ал жаназаларға таңдап барады. Жаназа - қоғамның адамға беретін ақырғы бағасы. Егер зиратқа келсең, қаласаң да, қаламасаң да, марқұмға ішіңнен жақсы баға беріп: "Жақсы кісі еді бүл Топырағы торқа болсын" деуің керек. Кейбір қабірдің басына он-он бес адам ғана жиналады. О дүниеге кеткен жаман адамды өтірік мақтап, жалған куәлік беруге кім келсін? Өзің сонда барған соң, куә болып, жауап беруге тура келсе, не дейсің? Ұялғаннан қайта өлесің бе? Бұ дүниеде ғана біреулердің жөнсіз ісін жөндіге, жаман қылығын жақсыға шығарып, мақтап - мақтап куәлік жазып береді. Өйткені бұған жауап алушы жоқ.

Құрбанғалиды жерлеуге дүйім жұрт жиналды. Қалың ел қаптап кетті. Еңіреп жылағандар болмаса да, көзі жасқа толып, күрсінгендер көп. Жұрт салтты сақтап, міндеттен құтылуға емес, қайғы - қасіретін бөлісіп, бірін-бірі үнсіз жұбату үшін келген мұнда. Қандай қызметі, адамдарға қандай қайыры тигені үшін жасалып жатыр бүл құрмет? Бар ондай қызметі, қайыры да тиді. Әңгіменің реті келгенде айтармыз әлі ол туралы.

Соңғы үш - төрт жыл ішіндегі бүкіл ауылды аяғына тік тұрғызған атақты жаназалардың үшіншісі еді бұл. Алғаш ел Ауылкеңес Кәшфолламен осылай бақұлдасқан. Инфаркт деген қала ауруынан жүрегі жарылып өлді ол Кенеп понкісін ұстап, жұлдызды қара шәпкісін киген қалпында құлап түсті. Жаназасына жиналған жұрт есепсіз. Аудан басшылары болды. Үфіден тіпті Министрлер Кеңесінің торағасы жуан Байназаров пен Мұртай Кәрәм деген атақты жазушы да келді. Денесін қабірге түсіргенде бес мылтықтан дүркін-дүркін оқ атылды. Мұның алдында шешендер сөз сөйлеген. Алдар Нұрисламның мына сөзі жұрттың көзінен еріксіз жас шығарды: "Жарайды, Кәшфолла құрдас, - деді ол ақырын, -қоштасайық. Осы ауылда бізбен бірге жетпіс бес жыл өмір сүрдің. Бұл үшін рақмет саған! Ауылымызға түскен ауыртпалықтарға, ауылдастарымыздың басына түскен әділетсіздіктерге, қайғы - қасіреттерге қарсы сен елу жыл бойы - сол аяғыңның сіңірін үздіргенше фин соғысында жүрген бір қысыңды да мен осыған қосам - иә, елу жыл бойы, Кеңес өкіметінің қасиетті мөрін ұстап, мызғымас жартастай қасқая қарсы тұрдың. Қайғыға кезіккенде, бізбен бірге жыладың. Қуансақ, бірге қуандың. Жуас емес, әділ болдың, турашыл болдың, тек рақымсыз болмадың.Көңілің ақ, өкімің хақ, ешкімге саусағыңды шошайтпадың. Бар байлығың анау аяғыңның ұшында жатқан кенеп пәпкі мен мына бас ұшыңда жатқан жұлдызды шәпкің болды. Жауыздар үстіңе кір шашқанда түк жұқпады. Бұрынғылар айтқандай, саф алтын бұзылмайды. Сен тірі кезде біз де жақсы адам болуға, жамандық жасамауға, ұятқа ұрынбауға, бұзықтыққа салынбауға тырыстық. Бұл үшін мың рақмет саған! Тірі кезіңде қадіріңді біле алмадық. Өзіміздің тоң мойындығымыз, санасыздығымыз, көргенсіздігімізбен елу жыл ішінде сені көп – ой - хой! - өте көп қинадық. Бұған өкінеміз қазір.

Сен ренжімедің, ренжісең де сездірмедің. Кінә тақпадың. Бұған да рақмет саған! Құлпытасыңа біз жасыңды, атыңды көрсетпей: "Ауылкеңее Кәшфолла" деген тек екі сөз жазамыз. Санасы бар сені еске алар, намысы бар сені құрметтер. Кеңес өкіметі аман болса, сен туған ауылында мәңгі жасайсың.Саған келген ажалды алдап, бір рет жолынан адастырғанмын, Кәшфолла. Сен оны өзің білмейтін шығарсың. Бұл жолы сол кәпір көрінбей, сап ете түсті, байқамай қалдым. Ренжіп кетпе енді, жарайма, Кәшфолла – а - а!" деп сөзін аяқтады. Ол үнсіз қалды. Есалаң Әнуар қолын шапалақтап: "Жасасын Ауылкеңес Кәшфолла!" дсп айқайлап жіберді.Оған ешкім кейімеді. Әр жерде әйелдер мен қыздар жылап, мықты деген еркектердің өзі көз жасын тыя алмады.

Кәшфолланы қызметте жақсы, білікті жігіт алмастырды. Осы ауылдың өз адамы. Түп кітапқа оның туғаны туралы мәліметті кезінде Кәшфолла өз қолымен тіркегенді.Төрағаның қолы жеңіл еді. Игілікті болды.

Міне, Кәшфолланың қабірі үстіне көк майса шөп шықты. Аяқ жағында мойыл гүл атты. Бас жағында шаршы сұр тас тұр.Жазуы Алдар Нұрислам айтқандай болмады, оған аудан төрелері келіспеді, қате деп тапты. Аты-жөні толық: "Зұлқарнаев Кәшфолла.1899- 1974" деп ойып жазылды да, әріптердің үсті алтын сырмен апталды. Тек алтыны жарты қысқа да шыдамай, түсіп қалды. Бұған ешкім назар аудара қоймады. Кәшфолла сынды салиқалы, инабатты кісіге мұндай жылтырақ түкке тұрмайтын еді. Оның қасында Нұрислам жатыр. Ол әлі жасыл желең жамыла қоймаған. Былтыр күзгі сарша тамызда келді мұнда. Жаназа емес, бір мереке сияқты болды оны жерлеген күн. Ауылдың кәрі-жасы, қатын-қалашы, бала - шағасы, өткен-кеткен, жақын - жекжат бүкіл зиратты қаптап кетті. Тақтай шарбақтың сыртына сыбай ауылдардан келген неше түрлі машиналар, ерттеулі аттар, үш доңғалақты мотоциклдер тізілді. Екі трактор гүрілдеп тұрды. Осынша алқалы топ арасында неше түрлі адам болды. Біреулер елжірей қоштасуға келсе, екіншілер: "Шынымен өлді ме екен? Бұл бізді жорта мазақтап жатқан шығар?" деп көз жеткізуге асықты. Үшіншілер қатардан қалмау үшін көпке ерді. Мұндай атақты, сыйлы суайттар жылда туа бермейді, күнде өле бермейді ғой. Көріп қалу керек. Нұрисламның жаназасы басқалардікіндей көңілсіз болмас, бәлкім, бір қызығы бар шығар деп күтті. Кенет ол Қожа Нәсіреддин сияқты табытынан тұрып: "Жамағат! Мен күліп өмір сүрдім, ұзатарда жыламаңыздар!" дер, әлде өзінің көңілі көтерілгенде айтатын әнін шырқап жіберер. Өмір бойы айтқан осы әні ескірмеді де, тозбады да.

Қызарып күн шыққанда

Бал тамады алмадан.

Сендей жарым болса деп

Көп сұрадым алладан,

Балдыбанатым...

Жоқ, үндемеді, ән де салмады Нұрислам. Адам өмірде ойнап - күлгенімен, ойнап өлмейді. Ол жерленген соң жұрт қатты мұңайды. "Апыр-ай, Алдар Нұрисламсыз енді қалай өмір сүреміз? Дүние құлазып қалды. Бұдан былай бізді кім алдайды, кім жұбатады? Өмір сүрерміз, әрине, тек сүреңсіз, тұзсыз, жұтаң өмір сүрерміз" деп қайғырды. Нұрисламға дейін де, оның тұсында да Құлышта өтірікшілер болды, онан соң да оларға қырғын тимес. Бірақ басқалары бас пайдасын көздеп алдайды, ал Нұрислам өзгенің пайдасын көздейтін. Оның түбі көрініп тұрған қулықсыз қой көздеріне қараған кісі айтқан сөзінің растығына сенбей қоймас еді. Ана жылы Үфіден келген бір журналшы: "Сіздің Нұрисламыңыз -художественная литература, - деді орысшалап. - ол ойына келгенді соға береді, сен соған сеніп рақаттанасың". 1953 жылғы наурыздың басында ол Мәскеу жаққа майдандас досына қонаққа кетті. Кәшфолла мен Құрбанғали оны ауыл кеңес атымен стансаға дейін шығарып салып, вагонға мінгізіп жіберді. "Жолың түсіп, сонау Мәскеуге барған соң, құрдас, Сталинді де көріп қайт енді. Қайтқан соң айта жүрерсің" деді Құрбанғали. Нұрислам кесіп уәде бермей: "Сәті түссе..." деді де қойды. Артық айтуға ол қатал Кәшфолладан тартынды. Бәлкім, едәуір айбынған да болар.

Ол оншақты күннен кейін қайтып келді. Осы тұста ел қатты қайғы үстінде еді. Сталин қайтыс болған. Нұрислам қатты жүдеп, қызыл өңі қуарып, көнтек еріні кеберіп, жарылған, көзін мұң басқан. Командирінің өліміне солдат қатты қиналған болар. Көсемнің денесін көріп, қоштаса алды ма екен, жоқ па, онысы бізге белгісіз, тек қайтып келген кеште ол бригада үйіне келіп, егжей-тегжейлі айтып берді: "Тап менің қолымда көз жұмды, - деді,-мына сенімен мендей жерде сөйлесіп отырғанда, кенет есі ауып, еңкейіп кетті де, мына білегіме басын қойды. "Бақұл бол, адал солдатым" деп бір-ақ ауыз соз айтты. Алғаш аңқиып қалыппын. Дереу есімді жиып, анау Кәшфолланың үстеліндегі мүйіз қоңырау сияқты бір қоңырауды қойып қалдым. Қоңырауы біздің ауылкеңестікінен он есе үлкен шығар. Дабыл қаққандай күмбір ете түсті. Үш есіктен үш батыр атып шықты. Бірақ іс біткен еді... Қалғандарын радиодан тыңдап, газеттен оқып білерсіңдер. Қара жаяу емессіңдер ғой". Нұрисламның бұл әңгімесі жұрттың қайғысын баса алмаса да марқұмның соңғы сәтте өз адамымыздың сенімді қолына басын сүйеуі оларға әжептәуір жұбаныш еді.

Кәшфолланы жақсы адам алмастырғанына жұрт дән риза болды. Ал Нұрисламды алмастыратын кісі Құлыш түгіл, басқа жақта да көрінбейді. Бәлкім, болмайтын да шығар. Әлгі айтқанымыздай, алдаушылар бар, тек өтірікті қара басының қамын ойлап айтады, өздері әділ жазадан құтылуға тырысып, басқаларға бәле салады. Ондай өтірік - ұрлықпен бірдей. Ал Нұрисламның алдауы сыйлық таратқандай, сыбаға үлестіргендей. Алдап жүріп, біреуді бәледен құтқарып қалатын.

...Әйтсе де жастау кезінде оны бірде шайтан азғыра жаздап, азғыра жаздап қалды. Масқара болудан құдайдың өзі, әрі Нұрисламның ақ көңіл тазалығы құтқарды. Бір орайы келгенде бұл туралы жазып кетсем деймін. Жазбаса, ұмытылуы мүмкін.

ТӨРТІНШІ ТАРАУ

АЛДАУ - АРДЫҢ ІСІ

1929 жылдың көктемі болса керек. Қар суының тасқыны жаңа ғана қайтқан кез. Осы тұста кооператив дүкенінен бір қап мейіз жоғалды. Ұрының ізі табылғанымен, өзін ұстап, мойнына қоюдың сәті түспеді.

Мұратша ұры Лекаревка жақта өткен қыста таяқ жеп, майырылып қайтқан соң қыс бойы емделіп жатып, кәсібін қатты аңсаған еді. Төзімі таусылып, ұйқысы қашты. Былайша да ұйқысы шала. Көктем шыққан соң көңілі қобалжып, тыпырши берді. Өз дүниесін өзі ұрлайтын хәлге жетті. Тап осы кезде кооператив дүкеніне үш қап мейіз келіп түсті. Оны әлдеқалай шоланға қоймай, есіксіз лашыққа қойған. Бұл хабар мылжыңдар арқылы дереу Мұратшаға жетті. Сол сәттен бастап құлқыны құрыды. Ынтығып өле жаздады. Түн түскенше әрең шыдады. Айлар бойы "жұмыссыз" жатқан соң шамасын байқап, бағын сынағысы келді. Қаз тойғанына емес, қиғанына семіреді дегендей, оған бәрінен де бірдеңені қымқырған қызық. Ол осыған дейін өкімет мүлкіне тиіп көрмеген. Бұл жолы ұзап шығар шамасы болмаған соң шарасыздан, құмар қандырғысы келді.

Шоланды көзі ақшам зағип ауруына шалдыққан Ахметкерей деген кісі күзететін. Көктем келуден мұны сол ауру айналдырып, таң алдында ұйқы басады. Жазғытұрымғы таң атар алдынан Мұратша өзінің аласа, жалы ұзын, жүндес қара күрең жабысын жетектеп, Мұса молда тығырығына келді. Кооператив молданың ауласындағы ескі құрылыстардың қалдықтарына орналасқан еді. Шолан қасындағы томардың үстінде отырған күзетші қорылдап ұйқтап кеткен екен. Ұрлық тәсілі, тіл жетпес тылсым түйсігі Мұратшада жеткілікті. Қас қағымда бір қапшық мейіз қара күреңнің арқасынан бір-ақ шықты. Ұрының белі сықыр еткенімен, сына қоймады. Мейізді Мұратша көршісінің маясына әкеп, былтырғы сабан арасына тықты. Тек үйіне қайтып келгенше көңілінен күдік кетпеді. Біреу әлдеқалай астыртын ысқырып, ізіне түсіп келе жатқандай көрінді. Сөйтсе, ысқырған өз мұрынының шуылы екен. Әйтсе де әлгі күдіктен арыла алмады. Молданың ауласына ұзын жалды қара күреңнің кіргенін біреулердің көзі шалып қалған көрінеді. Күзетші Ахметкерей де тұяқ тықырын естіпті.

Ақжақыптан келген байғыз мұрын арық милиционер Құдайзатов сол күні - ақ Мұратшаны кооператив кеңсесіне шақыртып, тықсырды:

- Құлышта сенен басқа ұры жоқ. Бұлтармай, шыныңды айт! - деді жұдырықтай жұтқыншағы жоғары-төмен бұлтылдап.

- Ау, айналада менен басқа ұры құрып қалғаны ма? Анау Қалқандағылар ше...

- Құрымаған шығар... Бірақ мынау сенің қолың. Жөні түзу ұры сырттан келіп, бір қап мейіз үшін дүкенге кіріп, қолын былғамайды.

- Қолына жүзім түссе, қаша қоймас... - деді ұры өнеріне тіл тигізгенді жақтырмай.

- Сен мені білесің, Мұратша, аузыңды ашсаң, өкпе-бауырыңның бәрін көремін. Созбайға салма. Мейізді қайтып бер. Қайтып берсең, қағазды бүлдірмей, қоя саламын. Черт с тобой!

Мұны нәпсіге алданып жасаған жоқ, жаны жабыққаннан жасағаны рас. Дүниеге қызықпады. Әр кәсіптің өз сыры, өз беделі бар. Ұрыға ұрлаудың өзі бір ерлік болса, ізін білдірмей, жасыра білу ерен ерлік. Мұратша жемге алданатын бұзау емес, тегін қолға түсе қоймас.Үстінен шығып, сабаса, әлде ұстап алып, үкім шығарса, бір басқа.

- Ау, неге мелшиіп қалдың?

- Мелшигенім жоқ. Жай тұрмын.

- Мен сенің ізіңе түстім, оңбаған. Бұдан басқа да иттігің жетерлік. Лекаревкадағы сойқаныңды білмейді дейсің бе? Олар сені өлді деп қорқып, үнсіз қалды ғой.

- Ішкіліктің әсерімен таныстармен керісіп едік. Қайта келістік.

- "Келістік" дейсің. Өтірікті соқпа! Шабаталы сиырды да білеміз.

- Шабаталы сиыр дейсің бе? Оны естіген емеспін! - деп Мұратша қарқылдап күлген болды.

- Жап аузыңды! Өткен түні қайда болдың?

- Балыққа бардым! - деп абайламай жазым басты ұры. "Үйде болдым" десе қайтеді.

- Куәң бар ма?

- Куә... Куә бар.

- Кім? Алып келші.

- Қашан?

- Тап қазір!

- Үйінде болса жарар еді. Уақыт тым тығыз ғой.

- Қайтқанын күт.

- Тап қазір барайын ба?

- Бар.

- Болмашы нәрсеге шаруаңнан қалып, бекер әуреге түсіп жүрсің, Құдайзатов жолдас, -деді Мұратша есік алдында қайырыла қарап.

- Бар жөніңе! - деді милиционер оған қарамай..

Ұры шығып кетті. Құдайзатов темекі орап, тұтандырды. "Жылпың лақа...Құйрығыңнан ұстай алмасам, алқымыңа, желбезегіңе жабысармын, найсап...Мен де қара жаяу балықшы емеспін" деп ойлады заң сақшысы.

Бұрын-соңды Нұрисламның табалдырығынан аттап, өмірінде үйінен бір ұрттам су ішіп көрмеген Мұратша оның қақпасына кірді. Әкесінен басқа шығып, оз алдына шаруа күтіп жатқан жас отау иесі қандыағаштан жаңа қаланған кілет алдында шалғы сабын жонып отыр еді. Жастар тез аяққа тұрды. Балдыбанат шаруаға мығым, ширақ болып шықты. Алты жыл ішінде үйден аулаға екі ұл, бір қыз еңбектеп шықты. Анау әкесіне еліктеп, бірдеңе жонып отырған үлкен ұлы.

- Ассалаумаәликүм, құда! - деп алыстан сәлем берді Мұратша.

Басын көтерген Нұрислам таңырқай қарады:

- Уағаләйкүмүссалам... Мұратша ағай. Ал, төрге шық! - деп кілет сәкісінен орын ұсынды, өзі шалғы сабын бұрышқа сүйеп, түрегеп тұрды.

- Иә, құда, қандай ойға келдің? Ең алдымен туыстығымызды ойла.

- Келісемін. Балық ауладық дейін. Құлаш жетпес бір жайын, білектей екі шортан, күректей үш тыран, шынтақ бойы төрт тісті ұстадық, солай ма? Майдаларын топырлатып тастадық.

- Тым қатты сілтеп жібермейміз бе? Сенбеуі мүмкін милиция.

- Сенбегенінде шаруам қанша? Ұсақ-түйекті айтып, беделімді түсіре алмаймын, ағай. Алдар деген атым бар.

- Апыр-ай, аздап кемітпейсің бе?

- Кемітпеймін. Кәміл сендіремін мен оны. Осы кезге дейін маған сенбеген адам жоқ.

- Жарайды, рақмет, тәуекел етейік ендеше.

- Тәуекел, тәуекел.

Мұратша қақпадан шыққанша құдасының уәдесін пысықтап, әрі оны емексітіп қойғысы келіп:

- Босқа әурелемеймін, құда, дүние болар, ақша болар дегендей...

- Немене?

- Саған. Тіл көмегін көрсеткенің ескеріледі деймін... Жоралғысыз қалдырмаймын.

Алдар Нұрислам мелшиіп қатып қалды. Оның кіршіксіз мөлдір көзінде қара сәуле жалт етті, тіпті қара ұшқын шашырады:

- Ақша? Дүние? Жоралғы?!

Ұры мұны өзінше қуану деп түсінді:

- Саудаласпаймын, құда, майдаламаймын. Мен қолы ашық жігітпін

Алдардың көнтек ерінінен түкірік шашырады:

- Немене, сен мені жолдан тайдырғың келіп тұр ма, ұры? Осы кезге дейін тегін алдап жүрген кісіні ақша беріп, төлеу төлеп, масқара етпексің бе?

- Ендеше тегін алда, зорламаймын.

- Жоқ, енді, ағай, көңіліме тидің.

- Бұлайша шоқпармен сілейте соқпа, құда.

Шектен шыға бермейтін Нұрисламның көңілі бір қабарса, басыла қоймайтын:

- Соғамын! Мен емес, сенің құдаң анау Алабай! - деп шарбақ қасында сүйек кеміріп жатқан сабалақ итін көрсетті. Біраз басылған соң өзіне-өзі: - Қане, бір алдап, бүл жауыздың да көңілін аулайын дегенмін. Бұл менің өтірігімді сатып алмақшы екен, найсап. Тіфу!

- Шамаңды біл, тақыр таз Нұрислам, су жұқпас суайт! Біз де қарап қалмаспыз. Шоқпар ұстай аламыз, - деп жұдырығын түйіп көрсетті.

- Жолама маңыма! Жөніңе бар.

Мұратша балпаң басып шығып кетті. Нұрислам бақша шарбағына сүйеулі сыпырғыны алып, "құдасы" басқан жерді сыпырып тастады.

- Ізің қалмасын, малғұн!

Ашуы әбден басылған соң өзіне ме, әлде басқа біреуге ме, Алдар: "Алдау деген, білгің келсе, менің ар-ожданымның ісі..." деп күбірледі.

Осы кезде терезеден басын сұғып Балдыбанат дауыстады:

- Азғана сабыр етіңіздер! Самаурын қазір қайнайды!

Нұрислам үндемеді. Осыған дейін үлкендердің дауына құлақ аспай, бірдеңе жасап отырған бала "самаурынды" есіткенде елең етіп қараса да, ісімен айналыса берді.

Мейіз оқиғасы тәп-тәуір аяқталды. Мұратша кеткен соң байғыз мұрын Құдайзатов кооператив сатушысын шақыртып, құтын қашырды, ашық ауызсың, халық мүлкін сақтай алмадың, түрмеге қаматамын деп қорқытты. Байғұстың зәресі ұшты. Ол қорқақ болғанымен, айлакер еді. Тез есін жинады. Милиционердің ашуы басыла бергенде ол өте айыпты, бишара адамның дауысымен жалына бастады:

- Ғафу етіңіз, Құдайзатов ағай, менің аңғалдығым арқылы осы жаман қате шықты ғой. Ұят болды!

- Қандай қате?

- Мейіз үш қап емес, екі қап екен. Қайта тексердім. Екеуі де бүп-бүтін.

- Өй, қауақ бас! Шалағай неме!

- Айтқаныңыздың бәрі дұрыс, Құдайзатов...

- Жетті! Көп сайрама. Ендеше, арызыңды қайтып аласың ғой?

- Қайтып аламын, қайтып аламын...

- Өй, тауық миын жеген неме. Маубас! Әлгі ұрың Мұратшаға айт: өзінің де, куәсінің де керегі жоқ енді. Мынаны қоса айт, мені ұдайы күтіп жүрсін.

- Айтамын, тапсырамын, орындаймын....

Әкелінген тауарды салыстырып тексеру Құдайзатовтың ойына кірмеді. Әрең қара танитын заң сақшысы қағазбен емес, адамдармен жұмыс істейтін еді.

Жасырған мейіз қапшығына Мұратша қайтып бармады. Ол сонда қала берді. Көп ұзамай оны тышқандар тауып алды. Алғаш жатырқап, тәлімсігенімен, дәмін татып алған соң... Ет - майың адыра қалсын. Мейіз берсең болды бұларға. Қапшық босаған соң не істейтініне ақыл жетпейді..

БЕСІНШІ ТАРАУ

ЖЕРГЕ ТАПСЫРДЫ

Ауылкеңес Кәшфолла көзі тірісінде тас шарбақтың сыртындағы жусанды нұралықтан тың жер бөліп, оны зиратқа қосып, қоршатты. Мұнда келетіндер таусылмайды, орын тарылып барады. Қазір жұрт өлген соң туған жерінде жатуға құштар. Кептеген адамдар өмір бойы жат елдерде арқа еті аршадай, борбай еті боршадай боп жүреді де жан тапсырарда: "Мені туған топырағыма, Құлыштың тас зиратына жеткізіңіздер" деп өсиет қалдырады. Өсиет қастерлі. Жеткізеді. Әркімге көр керек, ал мансапты кісілерге көрнекті жер керек. Мәртебесі биік.

Жаңа шарбақ қоршалып біткен соң бұрынғы ұры, қазір "құрметті демалыста" жүрген Мұратша дүкен алдынан өтіп бара жатып зәрін шашып кетті:

- Байқадыңыздар ма, бауырлар, - деді ол аршылған ұзын бөрене үстінде тізілісіп отырған қарттарға, - біздің ауылкеңесіміз, қаладағы бастықтарға жетпек болып, өзіне далада саяжай салып алмақшы, қық – қық - қық, - деп мұзға тайған жас бұзау секілді екі аяғы екі жаққа шатқаяқтап, бөксесін әрең сүйреп бара жатты. Әнеугі оны Лекаревка ауылының сиырын жаңа жауған үрпек қарда ізін жоғалту үшін шабата кигізіп ұрлап қайтқанда, соңына қуып жетіп, арба білігімен беліне түйіп жіберген еді. Қыс бойы пештің басында қан түкіріп, ыңқылдап жатты. Өз сідігін ішіп жазылды дейді. Жас еді. Енді қазір кәрілік келгенде баяғы білік темірдің сарығы қайта шықты.

Нұрислам оның сөзін есітпеген болып, сөз бастады:

- Жанталаса жүгіруіңе жол болсын, әлде Лекарь жаққа тағы да беліңді сындырғалы бара жатсың ба, Мұратша? Тоқтайтын түрің жоқ.

- Таз! - деп ол тұра жөнелді.

Ұрының бұлай кемсітуінің бір қисыны бар. Бала кезінде Алдар расында да таз еді. Осында айдауда жүрген поляк дәрігер оның шашын іскекпен біртіндеп жұлып, тазына сасық мәлһам жаққан. Басы содан жазылған. Сирегірек болса да жаңа шаш шыққан. Қазір мұны жауыз Мұратшадан басқа еске алатын адам жоқ шығар.

- Тіфу! Мұнымен әлі бір зиратта жатуымызға тура келеді-ау, - деп тыжырынды Уәлинұр деген күңкілдек шал - Қабірің жақын болса, топырағыңды тасып алар.

- Жатпағанда қайда барасың? - деп келісті Нұрислам. - Жер асты түгіл, жер үстінде шыдап жүрміз ғой әлі мұндайларға.

- Алайда, жамағат, жер үстінде өмір кешесің, жер астына мәңгілікке кетесің, - деп айтқанынан қайтпады Уәлинұр. - Мен Мұратшамен бірге жатуға риза емеспін! Оған басқа жерден орын тапқан жон. Осындай қаулы шығару керек.

- Заңда қаралмаған, - деп егесті тоқтатты Нұрислам. Неге қаралмағанын түсіндіріп жатпады. Өзінің қолынан келмейтінді заңға сілтейтін әдеті бар оның.

Тыңдағы жаңа шарбаққа да талай кісі көшіп келді. Олар шетірек жайғасты. Ортарақ жерде - Ауылкеңес Кошфолла, оған жанаса Алдар Нұрислам, Нұрисламның қасында Адвокат Құрбанғалиға мекен дайындалған.Үш қызыл терезелі кішкентай биік үйінен жұрт оны терезесіз, тар, терең үйіне көтеріп әкелді. Диірменші Меңдияр оның арық, жеңіл денесін, қалғып кеткен бөбекті бесікке көтеріп салған сияқты, аялап ұстап лақатқа қойды. Кісі қолының мейірімін ол ақырғы рет сезді - мәйіт қайдан сезсін енді - сезбеді, көрді. Жоқ, көрмеді, оған ақырғы құрмет көрсетілді. Тірі кезінде де Адвокатты қолына көтеріп, бесікке бөлегендер болды.

Күмісбике сылбыр әйел дегенмен, күйеуінің үйіне құтты болды. Құрбанғалидың ауру шешесі тез арада төсектен тұрды. Осы көктемде екі ешкісі бес лақ туды, үш жылдан соң сиырлы болды (бұл сиырды алдымен қайын енесі, кейін күйеуі сауғаны белгілі ғой). Ала бие де жыл сайын құлындап тұрды. Сәл алға түсіп, айта кетейін, ұжымшарға Құрбанғали еңсесін жоғары көтеріп, бір ат, бір тай жетектеп келіп кірді. Үйге құт қонды.Үйленген ердің беделі көтерілді, күйеуі бар әйелдің бағасы артты. Өздерінің қатар - құрбысымен араласып, дастарқан жайып, үсті-басын бүтіндеп, жұрт қатарына қосылды. "Ашқа есік ашық, жалаңашқа жабық" деп тегін айтылмаған ғой. Қысқы қонақ көбейетін кезде қатарынан кем болмады, шама-шарқынша сый - құрмет көрсетіп, үй толы қонақ шақырды, өздері де жұрттан сый керді. Жасыратыны жоқ, Күмісбике тамақ пісіруге шорқақтау еді. "Қамырдың қаны жоқ, жармақтың жалы жоқ" деп өзін - өзі жұбататын. Қонақтары да тамақ талғай бермей, дастарқанға келгенін соғып алатын. Ауылдың үлкенді-кішілі жеті көшесінің жетеуі де дуылдаса келіп, осы қысқы қонақ ойыны үстінде Алдар Нұрисламның үйінде бір қызық әзіл басталды. Алдардың қалжыңбас, сауықшыл, аса қайратты бажасы болатын. Ақжақыптың атақты бөрі соғар мықтысы Шоқпарлы Сейфетдин. Күшті балсыра басына шауып, думан қыза түскен кезде сол Шоқпарлы Сейфетдин қайраты тасып, бойын кернегенде орындық шетінде отырған Құрбанғалиды көтеріп алды да, қайың тозынан тоқылған бос өткеншекке әкеліп салды. Кеудесі шап-шақ, тек аяқ-қолы толық сыймайды. Алғаш жұрт жанжал шығып кете ме деп қорқып, сасып қалды. Қалжыңбас бажа дереу: "Әлди – әлди – әлди - ау!" деп әткеншекті тербете бастады. Құрбанғали да ойынды мыңқ етпей қабылдады, жуан дауысын жіңішкертпей-ақ: "Маған - маған..." деп қолын созып, балсыра құйылған тостақты корсетті. "Мә, бөпешім, мә!" деп Сейфетдин оған тостақты ұстатты: "Ішіп ал да, ұйықтай ғой, тұрып ал да, ойнай ғой. Тек жөргегіңді бүлдіріп қойма". Еркектер қарқылдап, әйелдер сұңқылдап күлді. Аузына жұдырықтай ет салған бір қорқау қонақ жұртқа қосыла күлем деп түйіліп өле жаздады.

- Апыр - ай, ұялмайды - ау, тіпті! Өлетін болдым, білләһи!- деп күңкілдеді Күмісбике.

- Тапқан екенсің, құрдас, неге ұяласың! Мұндай құрмет басқа кімге көрсетіледі дейсің?! -деді үй иесінің зайыбы, яғни Нұрисламның жамағаты Балдыбанат жұрттың бәріне есіттіріп.

- Адыра қалсын...

Соңғы кездері денесіне едәуір қоң бітіп, жуандай бастаған Күмісбике жорта ұялған болды. Әрі бері соғушыға қарап көңілі толқып кетті.Жай ғана...

Осы қыстан бастап қонақтар бас қосқан сайын Құрбанғалиды бесікке бөлеп, тербетіп, көңіл көтеретін болды. Бәрінен бұрын Адвокат өзі рақаттанды. Бара-бара бесік жырлары да шықты. Соның бірі мынау:

Құрбанғали, әлди - ау! Тақиясы оқалы... Былдырлайды бесікте Ағарғанша сақалы...

Күмісбике де бұған көнді. Көнбек түгіл, балсырасы күштірек үйлерде күйеуін бесікке езі бөлеп, өзі тербетті. Шынында да, бұл ойын Құрбанғалидың сақалы ағарғанша жалғасты. Уақыт өткен соң өзінен - өзі қалып қойды.

Құрбанғалиды бесікке бөлеу күлкі үшін жасалатын. Ал Күмісбике оны тек күлкі үшін ғана емес, керек кезінде де қолына көтеріп жүруіне тура келді. Жаушы Нұрисламның қыздың сыртынан айтқан баяғы: "өзін көтеріп-ақ жүрер едім" деген сөзі шындыққа жақын болып шықты. Екеуі қосылған алғашқы жылы шөп шауып жатқанда көршілер мына бір көрініске қызыға қарады. (Сол заманда әр шаруашылық үлесіне тиген шабындықты өзі шауып, өзі жинайтын). Ерлі-зайыпты екі жас Емендікөл тоғайында шұғыл шөп күделеп жатты. Алғашқы шөмелелерді екеулеп жинап, екеулеп үйіп алды да, келіншегі күденің үстіне шығып, шөпті басқылап, таптады. Тағы үйді. Күйеуі едәуір көтерілген күденің басына шыққысы келді. Шыға алмады. Тіп-тік. Биік. Күмісбике айырдың сабына өрмелей ұмтылған күйеуін бір қолымен дүмінен демеп, ытқытып жіберді. Ол күденің үстіне дік ете түсті. Шепті нығыздап таптады, жан-жағын тырмасымен соғып, тегістеді, шашау шыққан олпы - солпысын күзеп, айналасын қайта-қайта түзеп, әспеттегенде күдесі мұнтаздай боп шыға келді. Күде біраз үйілген соң ол төбеден мұзойнақтан сырғанаған баладай, сырғып түсті. Осынша шөпті жоғарыға ату Күмісбикенің жалғыз өзіне ауыр. Екеулеп үю керек. "Әйелім үлкен болғанымен, ат емес қой" деп ойлады. Бір ұмтылса, жұмысты жапырып тастайды. Тек ұмтылуы қиын. Бүгін қайраты тасып, құлшынып тұр. Ғаламат! Сонау Итмұрын алқабының ар жағында шөп жинап жүрген аты шулы жылпос Мұрын Нәжіп бұл жаққа көз тастап қоятын секілді. Ол найсаптан пәленің бәрін күтуге болады...

Құрбанғали тағы да едәуір көтерілген күденің басына шыққысы келді. Шығу қайда?! Өресі жетпейді. Осы жолы Күмісбике ұзын сапты айырын күдеге сүйей салып, Құрбанғалиды екі қолымен құшақтай көтеріп, лып еткізіп, жоғарыға лақтырып жіберді. Күйеуі ыңғайлы жерге доп қонды. Күде үйіліп біткенше төбеден түспеді. Әйелінің айырымен зулата атқан шөбін күйеуі шалқайта ұстаған тырмасына іліп ала берді. Күде биіктеген сайын сары көйлекті, ақ қалпақты Құрбанғали бір сәт Мұса молданың мұржасындағы қаңылтыр әтешке ұқсап кетті. Күдеге бастырық басылып, жұмыс біткен соң Күмісбике оған ұзын арқанның бір ұшын лақтырды, екінші ұшы өзімде қалды. Құрбанғали осы арқанды саумалай тартып, күденің төбесінен жерге түсті.

Көршілер осы көріністі қызықтап, күлімсірей қарап тұрды, бірақ мазақтап, кемсіткісі келмеді. Әдеп сақтады. Кілең қалжыңбас, қу тілді кісілер еді. Көргенді кісілер барлық нәрсені шамалай біледі. Бұдан кейінгі жылдарда да алпамса әйел өзінің құйттай, елгезек күйеуін талай мәрте үйдің төбесіне де, пішен тиелген арба үстіне де, автомашина қорабына да көтеріп мінгізді. Күлгендер күле берсін, ішінен күйе берсін.

Қазір жалғыз өзі ащы көз жасына малынған бет орамалын ұстап, зәулім үйінің биік көтермесінде шошайып қалды. Құрбанғалиын аспанға атар еді ғой, тағдыр сағаты соқты, оны ажал өзі әлдеқайда атты. Иә, осы кезде марқұмды қабірге салып, үстіне топырақ тастап жатты жұрт. Жиегі жасыл шыммен қоршалған қара төмпешік үйіліп біткен соң қалайықтың біраз тобы тез тарады. Ал көбісі кетуге асықпады. Жерлеу қарбаласы басылған соң әркім оңаша қалып, оз ойын ойлады, өзінше тәубе етті, оз алғысын айтты. Мұнда Адвокат қорғаған, яғни ол қасіреттен құтқарғандар ғана емес, оның арқасында жауыздық жасаудан, тіпті қылмыс жасаудан құтылып, аман қалғандар да бар. Солардың жұрағаттары да тұр. Олар ойларын ойлап, өкініштерін еске алып, алғысын айтып осында тұра тұрсын. Біз сөзімізді одан әрі сабақтайық. Қажет болса, мұнда қайта соғармыз. Қажет болмаса, бейнеттеніп қайтеміз...

Міне үш құрдас тағы да бірге - Ауылкеңес Кәшфолла, Алдар Нұрислам, Адвокат Құрбанғали. Үшеуі де бір жерде туып өсті. Туған жылдары да бірдей дерлік, жасаған жастары да шамалас. Әйтсе де соңғы санақта ең кішісі Құрбанғали үлкен болып шықты, ең үлкені Кәшфолла кіші болып қалды. Ал енді олардың үшеуі де бірдей. Сөйлесе алса, сөйлесіп мейірі қанбас, еске алатын жайлары таусылмас еді. Анығырақ айтқанда, Алдар сөйлеп, Құрбанғали кейде әңгіме арасында соз қыстырып қойып, Кәшфолла тыңдар еді...

АЛТЫНШЫ ТАРАУ

ҰРМА ОНЫ!

Құрбанғалиды шегіртке секілді секірген ұшқалақ бала, Нұрисламды өз өтірігіне өзі сенетін қу бала деп көз алдына елестетуге болады. Ал мына ірі денелі, сабырлы да салмақты Кәшфолланың балалық шағын елестету қиын. Бірде досы бөбек тойына кешіккенде жалыққан Нұрислам жиналған қонақтарға: "Кәшфолла бала кезінде де жүгіре алмайтын, адымдап қана жүре алатын" дей салған. Алдар бұл жолы артығырақ сілтеді. Бала кезінде үшеуі жүгірді де, секірді де, жығылды да. Сол күндер енді сонау Қазаиғұл тауының ар жағында қалған сияқты...

Бірінші герман соғысынан екі жыл бұрын ауылда жаңаша оқу басталды. Әлдеқайдан ұзын қара шашы желкесіне түскен, өңі қуарған, қоңыр шұға кәзекейлі, сүр қаракөл бөрікті Махмұт деген оқытушы келді. Отыз жасқа келіп қалса да әлі бойдақ еді. Осыған дейін үйленуге мұршасы да, жағдайы да болмапты. Мұса молданың бұрынғы медресесі молданың өз ризалығымен мектепке айналды. Онда ана тілінде оқу ғана емес, жазуға, тіпті есеп шығаруға үйрете бастады. Үш құрдас бұған дейін қыс бойы медреседе "Иман шартын" ежіктеп жаттаумен жүретін. Кәшфолланы әкесі мектепке бермеді, Қаранжылғадағы Мунәсіп қари медресесіне әкеліп тапсырды, жылдық ақысына астық төледі. Ғариф қара танымаса да исламға шын берілген кісі еді, кенже ұлын осы жолға түсіруді ұйғарды. Бүкіл ауылға мүскін бөрік тігіп кигізгісі келген қаба сақал Кобир қартпен жылда сыртта талап іздеп жүретін ауылдың жалғыз түтікшісі Қоян Шәйми (қорқақтығы үшін емес, ұзын жіңішке құлақтары ұдайы қалқиып тұратындықтан "қоян" атанған) балаларына ғылым жолын таңдамады, өмірді босқа өткізіп, шабата тоздырып, көшеде қу тезек теуіп жүрмесе, жетеді... Сөйтіп, мүскін бөрікті Құрбанғали мен Түтікші Нұрислам жер қатқан соң үлкенді-кішілі басқа балалармен бірге "мектепке" кетті. Бұл олардың о бастағы қосалқы аттары еді. Бірақ қол ұзамай олар өздеріне дербес қосымша ат алды.

Балалардың бір қайран қалғаны: қыс ортасы жеткенше өздері кітаптан оқығанды өздері түсіне бастады, сұрақтарға жауап қайтара алатын болды. Арасында кещелері де бар, әрине. Анау Базар көшесінің Мүтаһарынан оқытушы: "Үшті үшке қосса, көп бола ма?" деп сұрағанда: "Көп болады" деді. Оқытушы Махмұт қатал, қызба, кейде құлақ бұрайды, қара тақтадағы сөздерді түртіп көрсететін таяқшасын тәртіпсіз сотқарлардың басына төндіріп алады. Өзі күрк-күрк жөтеледі, кейде тыныс ала алмай, тұншығып қалады. Тынысы ашылған кезде өңі қуарып барып, сарғаяды. Ал сөйлегенде еріксіз аузына қаратады, сабақты түсіндіріп қоймай, миыңа құяды. Оның бір әдеті бар: сабақты еске сақтай алмайтын мәңгүрттерге ренжімейді, зейінді керенауларға, ақылды құнтсыздарға реті келгенде: "Мен сендерге ақыл да, білім де бере алмаймын. Ақыл жинауға, білім топтауға үйреткім келеді сендердей өжеттерді!" деп қынжылатын. Балалар оның бұл сөздерін жете түсінбесе де, сымбатты ағайларының ыстық ықыласын сезетін.

Төрт терезелі бөлмедегі ұзын аласа орындықтарда тоғыз бен он үш жас арасындағы жиырма шақты бала отырады, әрқайсысының етегінде жонылған ұзынша тақтайша. Сабақ кезінде ол арнаулы үстел қызметін атқарады, сабақ аяқталған соң оған отырып алып, мұзойнақтан рақаттана сырғанауға болады. Махмұт жаңа ғана Тоқайдың "Ғали мен ешкі" деген елеңін дауыстап оқыды.

Біздің Ғали өте тату ешкіменен, Мынау ешкі қарап тұрған терезеден Ғали оған шөбін беріп, елпеңдейді, Ешкі алғыс айтып, сақалы селтеңдейді.

Дөп - дөңгелек көздерін оқытушысынан айырмай, қызыға тыңдап отырған Мұтаһар Махмұттың көңілінде әлдеқандай үміт оятты:

- Иә, Мұтаһар, айтып берші, неге ешкінің сақалы селтеңдейді?

Он үш жасар сұңғақ бойлы жеткіншек түрегелді. Өлеңді ол алғашқы күндерде - ақ жаттап алған. Бірақ кітаптағы ешкіні көз алдына келтіре алмады. Сондықтан қайталап сұрады:

- Қандай ешкі, ағай?

- Ғалидың досы, - деп сабырмен түсіндірді оқытушы.

- Қайсы Ғали, ағай? Байғыз көшесіндегі Ғали ма?

Мұндай жағдайды босқа жібермейтін Нұрислам:

- Мүйізді Ғали. Қос мүйізді, - деп сұқ саусақтарын екі шекесіне тіреп, қос мүйіз жасап көрсетті.

Бәрі ду күліп жіберді. Тіпті Махмұттың көгерген еріндерінде көмескі күлкі байқалды. Тапқыр сөзді бағалай білетін еді ол. Сондықтан ашуланбады.

- Отыр, Мұтаһар,- деді оқытушы. - Қиын болса, бұдан былай мектепке келмей-ақ қой, үйде әкеңе көмектес.

Бала отыруға асықпады.

- Қиын. Келмесем, әкем сабайды.

Махмұт кенет қатты жөтеліп қалды.Үстел үстіндегі жез қоңырауға қолын созып, қағып қойды. Оқушылар мұны шуды басуға жасады деп ойлап, жым-жырт болды.

- Балалар, үйлеріңе қайтыңдар, - деді тынысы ашылған соң, - Бүгінгі сабақ аяқталды, - деп аузына бет орамалын жапты. Оның тамағынан алғаш рет қан келген еді.

Қыстың жартысы өтуден Мүнәсіп қаридың медресесінен Кәшфолла қашып кетті. Бұл жер көңіліне жақпады, әрі ауылды сағынды. Әкесі үгіттеп те, ұрысып та көрді, бірақ он үш жасар қайсар баланы көндіре алмады. Бала қабағын қатты түйіп, "бармаймын" деп табандап тұрып алды. Діншіл Ғариф балаларына қолын көтермейтін. Ренжітіп, обалына қалудан қорқатын. Қарысқанға не шара? Аяқ-қолын байлап, шанаға салып, алып баруға болмайды ғой. Қойдың қозысы емес, адамның баласы.

Қайтып келген күннің ертеңіне Кәшфолла жолдастарына қосылып, мектепке барды. Сабырлы, жуас, әр сөзін өлшеп, байқап айтатын бала оқытушыға бірден ұнады. Күйгелек, жеңілтек, шырт мінез Махмұт тиянақты, сабырлы кісілерге қатты сүйсінетін. Бойыңды билегенге не жетсін. Жаңа оқушыға ең арттағы орындықтан орын табылды. Сырттай қарағанда мінезі ауырлау көрінгенімен, зейіні алғыр екен. Апта өтпей жатып ол тапқырлығымен көзге түсе бастады. Сұрақтарға жауапты қысқа, жинақы қайтарады. Сұрамағанға қыстырыла бермейді. Денесі ірі болса да, бойын басқалардан биік ұстамайды, ерекшеленбейді.

Бір күні Махмұт "Біз қайда тұрамыз?" деген сұрақ қойып, өте қызық сабақ өткізді. Алыс жақтар, жақын жерлер, ормандар, таулар, өзендер, бұлақтар, тіпті әлдеқайдағы теңіздер туралы айтты. Бақсақ, мұның бәрі қызық екен. Біз Құлыш ауылында ғана емес, Ақжақып болысында, Үфі губерниясында, Ресей патшалығында тұрады екенбіз. Патша тағы Петербург деген қалада екен. Тақ мешіттегі мінберге ұқсап тұратын көрінеді. Оқытушы бұларды түсіндіру үшін тақтаға ақ бормен кішкене ғана шеңбер сызды. "Бұл - Құлыш жері" деді. Оны айналдыра үлкенірек шеңбер сызып: "Мынау болыс жерлері, бұған өте көп ауылдар қарайды" деп түсіндірді. Екі шеңбер үстінен тағы да үлкенірек шеңбер сызды: "Мынау губерния қарамағындағы жерлер. Оның ішіне көптеген болыстар кіреді". Енді бітті дегенде, әлгі шеңберлердің бәрін үлкен, қалың қоршау ішіне алды. "Мынау -біздің Отанымыз - Ресей, оның жер-суы, ауылдары, қалалары, адамдары қисапсыз" деді. Осы түсіндірмеден соң балаларға дүниенің сырлары одан сайын арта түсті. Сонда қалай, сен бір мезгілде Құлышта да, Ақжақыпта да, Үфіде де, Петербургта да тұратын болып шығасың ба? Әйтсе де сәбилердің көңіліне жеріміздің кеңдігі, еліміздің үлкендігі туралы ой ұрығы түсіп, арман ұшқыны жалт етті.

Махмұт ең алда отырған оқушыға үн қатты:

- Құрбанғали!

Бала ұшып түрегелді.

- Былайша айтқанда, сені, Құрбанғали, құйын көтеріп, Ресейден шетке, әлдеқайда теңіздің ар жағына тастап кетті дейік. Қайтар жолыңды қалай табасың?

Балалардың ең кішкентайы, ең арығы, үрлесең ұшып кетерлік Құрбанғали кенет қатты састы, жүрегі тоқтап қалғандай, әлде көкірегінен ыршып түскендей, ашық зеңгір көздерінен бір сәуле лып етіп сөнді, басы айналды. Міне, оны дауыл тұрған жерінен қағып алып, әуеге, биікке көтеріп барады. Ешкім оны құтқара алмайды. Кімнің жүрегі шыдайды, кімнің бойы жетеді. Ол есін жоғалта жаздап, есік - терезеге қарады. Әйтеуір, солар жабық екен. Бала өрең есін жиды.

- Иә, Құрбанғали, қалай жол сұрайсың?

- Қайдам... - деп міңгірледі ол.

- Ау, сонда теңіздің алжағында біздіңше білмей ме? - деді ұдайы сұрақ қойғанның өзіне сұрақ беріп отыратын сақау Ғабділмәжит.

- Ол жақта, теңіздің алжағында сақауша білмейді, - деп кекетті терезе алдында отырған тентек Жағыпар.

- Сенен сұрағанымыз жоқ, - деді оқытушы шамданып, екі беті қызарып кетті.

Жан-жақтан неше түрлі жауап жауды:

- Алдымен тілін үйрену керек.

- Үйрену дейсің! Онда саған кім тіл үйретсін?

- Күнге қарайсың да, қайтар жаққа тұп-тура тарта бересің.

- Олай жүрсең, шабатаң тозар...

Жыртық қысқа жең ішінен жартылай шыққан қол көтерілді:

- Өзім айтып көрсем қайтеді? - деді Нұрислам. Көнтек ернін жалап алды. Алдау алдынан сөз жеңілірек шықсын дегендей, ернін осылай майлап жібереді.

- Бәсе, өзің айтып көр.

Махмұттың дауысы бірден жұмсарып, жылынып сала берді.

- Мен болсам, ағай, былай етер едім...

- Иә.

- Ең әуелі мен Ресейді сұрар едім. Тілді білмегендер елді білер. "Ресей" деген бір-ақ сөз айтсам, маған жол көрсетеді. Тартып кетемін де, тұп - тура Ресейден шығамын. Ресейге келген соң Үфіні сұраймын, Үфіден Ақжақыпқа соқпай-ақ қайтуға болады - Еменді орманы арқылы тап ауылдың үстінен түсесің.

Сүргіндегі поляк дәрігері Нұрисламның шашын жұлып, тазын қырып тастағанда ақылын қырмаған екен. Басы дыңылдап тұрғанын қарашы.

- Дұрыс. Сен жер бетінде адаспайсың. Жарайсың! - деп мақтады оны Махмұт. - Енді білгенімізді пысықтайық. Ал Кәшфолла, сен айт, біз қайда тұрамыз?

Бала әр сөзін салмақтап, мөр басқандай, сенімді, анық айтты:

- Біз Құлыш ауылында, Ақжақып болысында, Үфі губерниясында, Ресей патшалығында өмір сүреміз.

Тақты да ол ұмытпады, тек сұрақтың ішінде болмаған соң айтпады. Толық жауапқа Махмұт дән риза болды. Мана қатты кетпегеніне ішінен қуанып қойды. Бұл сабақта ол тіпті жөтелмеді де.

Оқытушы алғаш рет балаларға үйге тапсырма беріп жіберді. Жұмадан соң, яғни бүрсігүні, ауыл ауқымындағы кемінде үш өзеннің, бес көлдің, бес бұлақтың, бес тоғайдың, бес орманның, бес жолдың атын атау керек. Хат танитындар жазып келеді, әлі жазуды үйреніп үлгірмегендер жатқа айтады. Өзің білмегенді үлкендерден сұраған жақсы.

Сенбі күнгі сабақ қызу басталды. Арт жақта іші пысып, ұдайы қиқарлық жасап отыратын тентек Жағыпар бірінші болып қол көтерді. Ол сол қолының саусақтарын кезек-кезек бүгіп, өзі білетін өзендер атын санап кетті. Бұл қолының сұқ саусағын ол былтыр шар қуатын таяқ жасап отырғанда балтамен шауып алған.

- Дим біреу, Бәрнуән біреу, Назияз біреу, Тәмәнәй біреу...

Саусақтары бүгіліп біткенде өзендер де таусылды.

- Бәрі нешеу?

Бала жұмылған қолын алға созды:

- Бәрі, ағай, осында. - деп ол жұдырығын айналдырып бір қарап алды. - Төртеу.

Көлдер балықшы Нәсір қарттың жиені Ділмиге тиді. Оның толық аты Ділмұхаммед. Ол бұған суда жүзген балықтай рақаттанды:

- Ең алдымен Ақманай, одан соң Былау, одан соң Құлыш, одан соң Ешбай, сонсоң Мырзы, сонсоң Емендікөл, сонсоң Жөкелікөл, сонан соң Барлыбай, сонсоң Қақпалы... Атам айтады, - деп бала өлеңге көшті:

Ақманайда ақ балық,
Былауында уақ балық,
Құлышында шортан бар,
Ешбайында тортаң бар,

Мырзысында сазан көп,
Емендіде табан көп,
Жөкеліде құрман бар,

Құрманға ay құрған бар.

Барлыбайда - әупілдек

Балықты жүр тартып жеп.

Балықтары Қақпалы

Қармағыма қаппады.

Балалар өздері өмір сүретін мекендегі көл аттарын бірінші рет есіткендей, жым-жырт тыңдады. Оқытушының өзі де бір ғылымның сырын ұққандай бұған қызығып отырды. Зирек оқушының әр сөзіне басын изеп, жүзі жарқырай жайнап кетті.

Ділми қызық бала. Мешіт көшесінің төменгі ұшынан жоғарғы ұшына дейінгі тұрғындардың бәріне ат қойып шықты бір кезде: "Бісмілла Құрбан молда, екіншісі Шырай боқыр қора, үшіншісі Камал маса, төртіншісі Бажа Сәми, бесіншісі борсық Қали, Бектаһир - күзгі әтеш, Жолмырза - көктемгі әтеш, Нығмай - қуыс құлақ, Құлый - жайсыз қонақ, Ғимран ұзын, Әбді қысқа, Қалимолла бүкір - осылардың бәрі де байып, шіріп біткір!" Сөз тапқырлығына бола Ділмиді Жағыпар жақсы көреді, оған өзі де қол тигізбейді, басқаларды да жолатпайды. Әйтпесе мұндай ділмар жігіт тілінен жазбай жүре ала ма?

Жол аттары Нұрисламның сыбағасына тиді. Ол біразын өз жанынан қосып, жол есебін шамадан тыс асырып жіберді:

- Ең үлкені - қала жолы, одан соң Ар жолы, қалғандары Саран жолы, Қаран жолы, Тоғай жолы, Саз жолы, Диірмен жолы, Қазанғұл жолы, Құсауар жолы, Ақманай жолы, Мүкүш жолы, Станса жолы.... Мен жаяулар жүретін соқпақтарды айтып тұрғаным жоқ, олар жүз, әлде мың болар.

- Жақсы. Жетер,- деді оқытушы.

- Мен де біреуін білемін, - деп Мұтаһар қолын көтерді.

- Білсең, айта ғой.

- Қыли Жұмағұл жолы.

- Дұрыс, - деп құптады Махмұт.

Осылай көңілді жүріп келе жатқан сабақ бірден бұзылды. Оқытушының назары манадан бері шашы тап-тақыр қырылған жұмыр басын төмен салып, қылт етпей отырған Кәшфоллаға ауды.

- Иә, Кәшфолла, енді сен айт, өңіріңдегі қандай мекендерді білесің?

Махмұттың дауысы жұмсарып, жылынып кетті.

Бала тапжылмады.

- Немене, құлағың бітеліп қалған ба?

Ол жауап қайтармады. Оқытушының беті қызарып, көгерген еріні сәл дір етті.

- Тұр, маубас!

"Маубас" басын көтермей, бүрсие түрегелді.

- Бұл не бүлігің? Не мазағың? - деп оқытушы жұдырығымен үстелді дүңк еткізіп қойып қалды. - Кімге айтып тұрмын?!

- Ағай! Ағай! - деп Құрбанғали алға ұмтылды.

- Шүйкілдеме, күзгі шөже! Сұрақты күт!

Иілген тақыр бас ақырын көтерілді. Суық, ызалы назары оқытушыға қадалды. Осы қарағаны Махмұттың зығырданын қайнатып, естен тандырып, шектен шығарды. Әдетте ұстамсыз, шамшыл кісі ауыр науқастан титықтап, әбден жүйкесі жұқарған еді. Кәшфолланың таяуда ғана қайран қалдырған сабырлылығы, табандылығы енді өшіктіріп, ызаландырды. Баланың төзімділігіне төтеп бере алмады. Көкірегінен енді-енді қан ытқып шығатындай.

- Сөйле! Сөйле, малғұн! Тілің бар ма? Мұрт неме! Оңбаған! Мен сенің тіліңді ашамын әлі!

Бала домалақ тақыр басын қырын бұрды.

- Ендеше менен мейірім күтпе!

Махмұт тақтадағы жазуды түртіп көрсететін ұзын таяқты алып, сілтей бергенде, Құрбанғали ышқына шыңғырып жіберді:

- Ұрма оны! Ұрма! Ұрма!

Таяқ көтерген қол ақырын ғана темен түсті.

- Кеше олардың жалғыз сиыры өлген, - деді ақ шүберектей өңі қашқан бала. - Үй іші соған қапалы. Әкесі: "Кәшфолла медреседен қашқан соң құдайдың кәріне ұшырадық" депті.

Нұрислам әдетінше қосымша түсінік берді:

- Бұзаулағанда өлген. Бұзауы екі басты, үш аяқты болып туған. Қос басын көтере алмай жатыр сабан арасында. Өз көзіммен көрдім.

Таңғажайып хабар қаншама қызық, тосын болғанымен, балалар таңырқап үлгірмеді. Бөлмеде ешкім қылт етпеді. Кәшфолла тұрған жерінде қалшиып қатып қалды. Оқытушы орындыққа отыра салып, екі алақанымен маңдайын жапты. Біраз отырған соң жайымен:

- Адвокаты да табылды, Алдары да шыға келді, - деді.

Жай айтты, бірақ бәрі есітті. Ал екі басты, үш аяқты бұзау рас еді. Бүл жолы рас айтып, өтірікші болып шықты Нұрислам.

Махмұт қолымен ишара жасап, үзіліс екенін аңғартты. Балалар бөлмеден әдеп сақтап, тәртіппен шықты, бірақ сыртта азан-қазан шу көтеріліп, қарбалас туды. Алдымен олар Құрбанғалиды қаумалай қоршап, түрткілеп, тартқылай бастады. Мағынасын түсінбесе де "Адвокат" деген сөз оларға өте жарасымды, салмақты, ыңғайлы көрінді. Әрқайсысы айқайлап, өзінше қайталады:

- Адбакат!

- Ақманат!

- Адбанат!

Әлгі жылпос Жағыпар баланың жіңішке ғана ұзын мұрнынан тартты:

- Адвокат Құрбанғали!

- Адбакат!

Аңқылдаған ақ көңіл, турашыл, арық Құрбанғалиға жаңа аты ә дегеннен сап етіп жабыса түсті. Бұдан соң "мүскін бөрікті" ешкім есіне алмады.

"Адбакатпен" шаруаны тындырған соң балалар Нұрисламды тықсырды:

- Неше басты бұзау көрдің, Нұрислам?

- Алты басты, жеті құйрықты ма?

- Алты басты дию болады!

- Нұрислам дию көріпті, балалар!

- Дию көргенде құтың қашты ма?

- Құтым бұтыма қашты, дамбалыма жіберіп қойдым.

- Алдар!

- Өтірікші! Суқит!

- Сендер он екісіңдер, біз екеуміз! - деді Нұрислам қатты айқайлап, - Сендерді сөзбен жеңе алмаймыз. Ендеше, сенбей-ақ қойыңдар! Анау Кәшфолла өзі айтсын... - деп ол жалтақ-жалтақ қарады. Бүл кезде Кәшфолла Жармұхаммед тығырығына жетіп қалған еді.

Сабақтан соң балалар таңғажайып кереметті өздері барып тамашалады. Ғариф ағай біраз күңкілдегенімен, рұқсат етті. "Жарайды, күнәсіз сәбилер ғой" деп ойлады. "Несіне таңырқайсыңдар, аю билетіп жатқанымыз жоқ" деп егделердің бірде-біреуін маңайына жолатпаған - ды. Кешкісін бұзау өліп қалды.

Сөйтіп, Нұрисламның сөзі рас болса да, өзі өтірікші, Алдар атанып кетті. Алдар аты оған өмірлікке тағылды, кейде бұл аты өз есімінен де көбірек аталды. Жұрт әрқашан рақаттана ауыз толтырып: Алдар дейтін болды.

Оқу сайлардағы жылғалардан көктемгі қар суы жүгіргенше жүрді. Оқытушы Махмұттың ауруы асқынды. Ол қан қақырып, төсекке жатып қалды. Екі-үш тәулік жатқан соң оны Нұрисламның әкесі Қоян Шәйми отын шанасына төселген құс төсекке жатқызып, үстіне қызыл гүлді көрпе жауып, Өршәктің өр жағындағы туған ауылына алып кетті. Көпті көрген жүк аты көк айғыр төскейлерде шашасынан шалшық кешіп, өзендерде бауырынан су кешіп бара берді. Ақ көбікке батты, қара терге малшынды, шаршағанын сездірмеді. Біресе арба, біресе шана жолымен екі күн бойы сарылу Махмұтқа да ауыр тиді. Әйтсе де екінші күні оның көңілі ашылып, көзі жайнап кетті. Шалқалап жатқан қалпында ол бар күшін жинап көкке қарады, бір кереметпен терең тыныс алды. Көкірегіне ашық, зеңгір көк ағып кіргендей болды. Өйткені ол туған топырағына қайтып келе жатыр еді. Махмұтты мешітте мүтауәллі болып жүретін ағасы, бірге туған жалғыз бауыры қуана қарсы алып, бәйек болды. Шәймидің үміті үзілмеген еді. Бірақ біздің жаққа ол қайтып оралмады, хабар-ошары да келмеді.

Келесі қыста мектеп мұржасынан түтін шықпады. Адвокат әкесінен мүскін бөрік тігу өнерін үйреніп, үйге пайда тигізе бастады, кейін өз бетінше киіз қалпақ басуды игерді. Алдар әкесіне көмекші болып, лау аттарын айдады, қалаға кетіп, көлік тасымалымен айналысты, тез арада бойы өсіп, денесі ширақ тартты. Кәшфола бір жылдай тауық тәрізді қора маңында түртінектеп жүрді де, шүберек боқжамасына бір көмеш нан, бір жұп жаңа шабата, бір жейде-дамбал салып, елден кетіп қалды. Әкесі қатты қарсы шықпады, өгей шешесі өзеуремеді, дүние қуған ағаларының оз бейнеттері өздеріне жететін. Олар да: "Ініміз сыртқа шықса, жоқшылық тауқыметін тартып, ақыл жинап, бәлкім, жұрт қатарына қосылар" деген ойда болды. Тым өжеттеп, өз айтқанымен кетпеді ол, Орал жақта алтын ба, мыс па, бірдеңе қазып жүрген құдасына ерді. "Балаңызды шіркеу күмбезіндей алтынға малып қайтарамын" деді жомарт құда қоштасарда. Сонша алтынға өзі неге жарымағанын сұрау ешкімнің ойына келмепті.

Сол жылы қауырт егін орағы үстінде Герман соғыс ашты.

ЖЕТІНШІ ТАРАУ

ДІН ДҰШПАНЫ ЖАРЫМ БОЛДЫ

Кәшфолла сол кеткеннен мол кетті. Алтынға малынған күмбез түгіл, мыс жалатқан шайнек болып та қайтпады. Жомарт құда да ізін жоғалтты. Соғыс талайдың тағдырын тайдырып, талайды жолдан адастырды ғой. Ғариф ағай: "Дүрбелең дәуірде, бәлкім, туған елге қайтар" деп баласын түндер бойы көз ілмей күтті. Сүт кенжесін канаты қатпай жатып ұясынан ертерек ұшырғанына өзегі өртене өкінді.Тіпті баланы ойлаған егей шешесі де елжірей мұңайып, ара-тұра: "Кәшфолладан хабар жоқ па, көкесі? Ап-анық түсіме енді" дейтін болды. Ғариф әйеліне сенеді. Өйткені ол ешқашан алдамайды. Соған жүзі жылып, қуанып қалады. Алайда айлар, жылдар өткен сайын көңіл шіркін бәріне де көндігіп, көз үйрене береді. Анығын айтқанда, Кәшфолла елде жүргенде балаларды бастап, шулы ойын-сауық қыздырған емес. Құрбылары дабырласа дауласып, егесіп жатқан жерлерде де ол көріне бермейтін, ал зым-зия жоғалып кетуден Кәшфолла барлық жерге қажет болып шықты. Ат жаюға тоғайда қонып жүргенде, Ақманайдан балық аулағанда, сайдың ар жағында сабантой жасағанда - балаларға біреу жетпейтіндей, бір орын ойсырап тұрғандай көрінетін Құрбанғали мен Нұрислам кеп зарықты. Бірақ уақыт шаңдағы талай ізді көміп тастамай ма?

Алғаш Германмен соғыс, одан кейінгі ел ішіндегі дау-дамай ұзақ жылдарға созылды. Балалар жігіт қатарына қосылды, қыздар өсіп, бой жетті. Адвокат пен Алдар реті келген сайын өздерінің қосымша аттарын ақтай берді. Сирек те болса, елге аяқсыз, қолсыз, көзсіз мүгедектер оралып жатты. Ауылда соғыс туралы бәйіттер, жоқтаулар, әдепті - әдепсіз тақпақтар, әзіл-оспақ хикаяттар тарады. Әлгі балықшы Нәсірдің жиені Ділми қарап жатпаған болар. Шүкір, одан басқа да жазатындар жеткілікті.

Патша тағынан түсірілген қыста жұртты елең еткізіп, қайран қалдырған бір оқиға болды. (Алыстағы патшаның құлағанына халық айтарлықтай таңырқаған жоқ. Бұл белгілі жай. Біреуі тақтан түссе, екіншісі мінеді). Ал мынаны әлі көз көріп, кулак есітпеген. Аймақтан аймаққа, ауылдан ауылға шапқан салт аттылар мына хабарды таратты:

- Уа, жамағат! Ағалар, інілер! Жақын - жекжат бауырлар! Есен - сау, ауру-сырқаулар! Бәріңіз, баршаңыз! Қапы қалмаңыздар! - деп айқай салды хабаршылар,- Атақты саудагер Халимолланың ардақты ару қызы Зұбайда рәсуа болды! Анығын ел аузынан естисіздер!

- Зұбайда масқара болды!

- Яһудимен қашып кетті!

- Абыройы төгілді...

Зұбайда... Қайда барып жетпеді, талайдың жүрегінде кек, аяныш, үрей, ашу-ыза туғызбады бұл есім?

Оқиға былай болды. Арулығы, ақылы, байсалдылығымен аты шыққан Зұбайда, Халимолла байдың арда өскен ерке қызы Зұбайда, бүкіл ауыл жігіттерінің жан жүрегін баураған, тәкаппар.

Зұбайда екі-үш жыл бұрын Шегіртке көшесінде қызыл мата сататын Жақып деген яһудидің баласы бұйра бас Жүсіппен қашып кетті. Түн түнегін жамылып қашты. Қыздың ата-анасы, үлкен ағасы мен жеңгесі Бүгілме қаласындағы бір саудагер достарына тойға кеткен-ді. Кіші ағасы құрбылас жігіттерін жинап, түні бойы моншада карта ойнап шықты. Қашқындардың соңынан тіпті ит те үрмеді. Ақыл жетпейтін, көз қарауытып, жүрек жарылатын жағдай ғой бұл! Әйтсе де құлыштықтар таң атып, жарық түсуден дереу есін жинады. Бұрын айтқанымыздай, төрт тарапқа хабар тарататын төрт жаршы шапты, кілең сайлы жігіттер, ылғи жүйрік сәйгүліктерді ұстап жегіп, даңғыл жолдардың бойымен тізілісіп, шыға келді.Тіпті біреуі шанаға отыра бере әуеге тарс еткізіп мылтық атып жіберді. Осы арада ақ - қараны ажырата алмаған жұрт Жақыптың дүкенін қоршап алды. Оның дүкені екіге бөлінген. Ішкі жақта жалғыз ұлы мен қожайынның өзі тұрады, сыртқысында текше - текше мата үйіліп тұр. Екі арада жұқа ғана тақтай есік. Біреулер аласа бойлы, шулан сақалды, кішкентай көзілдірікті Жақыпты көк бешпентінің жеңінен дедектете жетектеп, есік көтермесіне алып шықты. Ол тұла бойы қалтырап, тұмсығы үйтілген сүр байпағының қонышынан шығып тұрған шалбарының балақтары дірілдейді. Жақып қарттың момақан, жөні түзу, әділ кісі екенін жұрт біледі. оның атын да мұсылманша "Жақып" дейді. Сондықтан жұрт қанша желіккенімен, оны бассалуға бата алмады. Ең адырлар да сөзбен тиісуден артық кетпеді:

- Өй, дін дұшпаны, кәпір!

- Зинақорларыңды қайда жасырдың, малғұн!

- Мұсылмандарды басынғаны үшін үйін өртеу керек!

- Күшігің қайда, ит?

Жақыптың көз алды қарауытып кетті. Ол көзілдірігін алды. Түнектен түк көрмеді.Қалтыраған қолдарын әрең билеп, көзілдірігін қайта киді. Бәрібір жөнді ештеңе көрмеді.

- Неге сымбал тастай серейіп қалдың?

- Жауап бер, сұмырай!

Жақып үндемеді.

- Бұған бір шара қолдану керек енді, жамағат, - деді біреу абыржып. Осындай бас қосудың бәрінде дауласып, жанжал шығаратын қызыл өңеш Лұқман жекіріп жіберді:

- Мыжи беретін несі бар? Үйін өртейік те, өзін отқа тастайық! Уәссәләм! Түп - тура яһуди ұжмағына кетеді.

Кір басқан мүскін бөркі милығына түскен (өзіне жаңа бөрік тігіп алуға қолы тимейді) Кәбир қарт Жақыптың қасына келіп тұрды.

Шошақ иегінің ұшындағы бозарған ұзын сақалын сол қолымен түбінен қыса ұстап алды. Таянышы қалмай, шарасы таусылғанда сақалына жабысатын әдеті.

- Жамағат, - деді ол ақырын, - ойласайықшы. Ол басқа дінге сенетін кісі ғой. Біздің дініміздің өкімі оған әділ бола ма? Қазіреттен кеңес сұрау керек.

- Қазіреттен неге сұраймыз? Қыздың анау тұрған ағасы айтсын!

- Мен білмеймін, - деді қыздың ағасы ұйқысыздықтан қалжыраған бетін шетке бұрып.

Кәбир қарттың сөзінен соң топтың ашуы басыла түсті. Көп ұзамай шұбар ала ат жегілген жеңіл шанаға мініп, шақырылған Мұса молда келді. Ол кәмшат жағалы жасыл тонының шалғайын көтеріп, шанадан түсті. Ештеңе болмағандай, әдеттегі ашық дауысымен сәлем берді:

- Әссәләмәғәләйкүм, мұсылмандар. Баршаңызға... - деп ол мойнын ақырын бұрып, жұртты барлағандай, көз жүгіртіп шықты, Жақыпқа тоқтап, сәл басын изеді.

Халық жаппай сәлем қайтарды:

- Уәғәләйкүмүссәләм, қазірет...

- Хәл - жағдайдан хабардармын, жамағат, - деді молда.

Жұрт толық тынышталған соң о л қайтадан сөз бастады:

- Бұл күнәға біле тұра жол қойдың ба, Жақып?

- Білуін білсем де, жол қоймадым, қазірет.

- Анығырақ айт! - деп айқайлады манағы Лұқман.

- Өткен күзде-ақ ұлым мұсылман қызбен некелесуге рұқсат сұрады. Рұқсат бермедім. Тыпыршып тулады, жалынып жылады. Айтқанымда тұрдым. Ол сонымен тынды, мен де үндемедім.

- Айтқаның хақ па, Жақып?

- Құдай ақына, қазірет.

- Ендеше, жамағат, біздің қайғымыз, масқараға ұшырауымыз бүл кісімен бірдей болып шықты. Оның тартқан азабы біздікінен кем емес. Әрі бүл яһуди, біз оған өзімізше өкім шығарсақ, обал жасаймыз. Сен, Жақып, өз дініңнің құтханасына барып, бәрін егжей-тегжейлі айтып бер. Айыпты деп тапса, саған сонда өкім шығарар, жазаға тартар.Табылса, ұлыңды да ерте кет.

Жақып екі қолын созып, бір адым аттағанда, жазатайым басқыштан омақаса құлады. Құлақсыз шұға бөркі бір шетке дөңгелеп кетті. Қасындағылар сасқалақтап, артқа шегінді.

- Мен зағиппын ғой, қазірет. Мені елден қудырма енді.

Мұны есітпеңдер тебіреніп кетті. Тіпті селт етуге амалы қалмады.

- Айтқаның болсын, - деді Мұса молда әлгі ашық үнмен, - сені ешкім ренжітпейді...

Шұбар ала жорға жегілген жеңіл шанаға мініп, ол кетіп қалды. Халық тарай бастады. Қар үстінде жатқан қара бөрікті ешкім кермеген сияқты. Жоқ, біреу көрді. Алдар Нұрислам бөрікті алып, қарын қақты да, Жақыпқа ұсынды. Ол қарманып, қолына алғанымен, басына кимеді. Сол қалпында тұра берді. Оның қалың ақ сақалына екі-үш тамшы көз жасы домалап түсті.

Қашқындарды іздемеген жер қалмады, Үфі ғана емес, Орынбор мен Шіләбіге дейін барып жетті. Хабары да жоқ, із-түзі де жоқ. Зым-зия жоғалды. Әйтсе де дүние көз - құлақсыз емес екен. Ертең жолға шыққалы тұрған атына әтеш екінші шақырғанда сұлы салуға шыққан Нұрислам олардың үйімен сыбай түкпірдегі тығырықта шанасына жегілген аттың қасында бір еркек тұрғанын көрді, сәлден соң оның қолтығына үлкен түйіншек қысып, тығырықтың арғы басынан былай қарай жүгіріп өткенін аңғарды. Екеуінің бір шанаға мініп, алдымен жайлап жылжып барып, қатты жүріп кеткенін де есепке алды. Кім екенін де таныды. Алдымен олар туралы ауылға тараған "өйткен екен - бүйткен екен" деген қаңқу сөздерді де еске алды. Әйтеуір, сонда соз тез тынған еді. Халимолла байдың қызы туралы қауесет таратуға кімнің батылы жетсін. Міне бүл бас кетерлік қатерлі іс. Көшеге шығып, "қарауыл" деп айқайласаң, бүкіл ауыл секіріп тұрады. Көшеге де шықпады, "қарауыл" деп айқаламады Нұрислам. Жоқ, "екі ғашық өз бетінше өмір сүрсін, өз күндерін өздер көрсін" деген игі тілектен туған ой емес-ті бүл Ондай ой ойлайтын жаста емес әлі. Қан төгуден, өлімнен қорықты. Егер жігіт пен қызды қуып, ұстап алса, балта - пышақсыз құтылу жоқ еді. Әрі Жүсіптің оқтаулы алты атары бар дейді.

Маялардан асқан соң қашқындар аулаққа, орман жолына бұрылып, түн ішіне сүңгіп кетті....

Төңкерістен соң коп жылдардан кейін Халимолла байдың өзі қайтыс болып, ұлдары жан-жаққа тарап кеткен кезде қарауыл үйінде Нұрислам көптен сақтап жүрген сырын, еріндерін жалай тұрып: "Сонда Жүсіп пен Зұбайдаға бата беріп, бағын ашқан мен едім. Өзім жақсы ат жектім, өзіміздің тығырықта жастарды өзім кездестіріп, өзім шанаға мінгіздім, езім сенімді жол сілтедім. Сондықтан ешкім олардың ізіне түсе алмады. Жүсіп үлкен комиссар болған көрінеді. Бүкіл яһудидің бәрі комиссар болып алған ғой. Бәлкім, мені іздеп келетін шығар әлі" деп жариялады. Алдар күнін, сағатын, минөтін түгел келтірді сөзінде. Жұрт қайран қалып, сеніп тыңдады. Жүсіп езінің жол көрсетіп, бағын ашқан адамын әлдеқалай іздеп келмеді. Ал соқыр Жақыптың өзін сол көктемде - ақ, су тасқыны қайтқан кезде бір туыс әйел келіп, алып кетті.

Зұбайда туралы сол кезде ұзақ бәйіттер, дөрекі тақпақтар, неше түрлі күлдіргі, мысқыл әндер ауылға бұрқырай тарап жатты. Дөрекі тақпақтар тез жоғалды, мысқыл әндер де кепке шыдамады, ал ғибратты бәйіттер көпке дейін естен кетпеді. Кейбіреулерін жыламай тыңдауға болмайтын. Әсіресе, Зұбайданың өз аузынан шыққан сөздері нәзік көңілдерді қатты жаралады.

Дін дұшпаны яһуди болды менің жарым,

Хақ жазғаны осы шығар, бауырларым.

Ол өлердей ғашық еді, естен танып,

Айтшы, тәңірім, ғашықтықтың несі айып?

Жүзіне бір қарадым да ойран болдым,

Жүсіп деген есіміне қайран болдым.

Неге оған пайғамбардың атын бердің?

Атын беріп, неге яһуд затын бердің?

Исім кетті әуел бастан әуременен,

Жаһаннамнан құтылмаспын тәубеменен.

Менен безді бауырларым, әкем қарғап,

Көкірегі шерге толды шешем зарлап.

Неге, тәңірім, қанат бердің, қайырған соң?

Екеумізді неге қостың айырған соң?

Кейде - кейде кемпірлердің аузынан осындай жолдарды әлі есітуге болады.

СЕГІЗІНШІ ТАРАУ

МҰРЫН НӘЖІП

Кейде құйттай ғана, тіпті күлкілі жай үлкен оқиғаларға көлеңкесін түсіріп, назар аударады. Домалаған жұдырықтай кірпі орман алаңынан шауып келе жатқан бұғының жолын бөгеуі мүмкін бе? Мүмкін. Үлкен, кіші оқиғалар да осындай.

Зұбайда оқиғасы басылмай жатып, Үшәтеште бір қызық жай болды. Пәлендей сөз ете қоятын нәрсе емес, аяғьы қатты кетпегенде...

Құрбанғалидың үйінің оң жағында күйеуі әскерге кеткен, қолында төрт жасар ұлы бар Сағида деген келіншек көрші тұрады. Аңқылдаған ақ көңіл, мінезі қызық. Сырттай қарағанда, түрі - түсі, тұлғасы ешкімнен артық емес. Бірақ көзге түсе бермейтін, көңілге қона қоймайтын әлдеқандай бір тылсым сиқыры бар оның. Ақ көңіл, қызық қылықтылар көп, ал мұндайлар сирек. Тұсынан тыныш өтіп кеткен еркек жоқ шығар, бәлкім. Үйленген жылдың алғашқы көктемінде Қақпалы қойнауында шөп жинап жатқанда Хәлфетдині кешке дейін шыдай алмай, келіншегін шаңқай түсте қалың бұта арасына тартып көрген-ді. Сағида сабыр сақтап, әзілдеп күлді, әйтеуір, күйеуінің соңынан жөнсіз жүгірмеді. Күйеуі майданға кеткелі екі жылдан асса да, келіншек, шүкір, осы кезге дейін өсек - аяңға ілікпеді.

Ертеректе жеңіл жүрісімен аты шыққан Нәжіп соғыс тұсында күйеулері әскерде жүрген көзге түсер, жеңілтектеу келіншектерге аяқ сала бастады. Жасы отыздың үстіндегі қыл мойынынан жұтқыншағы шодырайып тұратын бұл жігіт оқта-текте кездескенде Сағидаға да тиісетінді шығарды.

- Күннен күнге берекең тасып, ажарың асып барады, құдаша, сонша бейнет шегіп, мұны кімге сақтап жүрсің? - деді ол бір күпі.

- Иесіне.

- Бісмілла десең, арта түседі... иесіне де жетер.

- Бұл ақылыңды үйіңдегі қатыныңа айтып бар. Басқаларға құмартқанды қоярсың.

Бұл көшеден өтіп бара жатқандағы әңгіме. Бір күні Нәжіп қызыңқырап алған соң құрдастарына: "Сағидаға мықтап қармақ салдым. Алтын қармақ. Егер оны соған қаптырып, құшағыма қыспасам, мына талпақ танауымнан асып қойыңдар. Мыңқ етпеймін" деді. Отыз тістен шыққан сөз отыз кісіден етіп, Сағидаға жетті. Келіншек ашуланбады, намыстанбады, жымия күліп қойды. "Сертіңді қабыл алдық, қатынқұмар" деп ойлады ол ішінен.

Бір жұма өтер - өтпестен Сағида жар астындағы бұ лақтан су алуға барғанда ат суаруды сылтауратқан Нәжіп келе қалды. Аты астаудағы суға қарамады.

- Иә, қандай түс көресің, ару құдаша? Шатаспайсың ба?

- Түс көру біздің еркімізде емес қой, Нәжіп құда. Талай түс көріп жатырмыз, - деп жаулығының ұшымен аузының бір шетін жауып, ұялған болды.

- Солай де.

- Солай.

- Әнеугүні, Сағида, саған дөрекі сөз айтыппын. Қатты өкініп жүрмін.

- Несіне өкінесің? Құдай берген берекені еркектің көрмеуіне бола ма? - деп бұлғаң етті келіншек.

- Пай-пай, құдаша - ай, құдаша – ай!.. Періштенің қауырсынынан жаралғансың ба?

- Ойпыр - ай, мақтадың - ау! Ендеше, еркектің көзі от болсын, айтқан сөзі құт болсын!

- Шының ба?

- Шыным, менде жан жоқ па?

- Таяуда тәтті түс көргенсің ғой, шамасы?

- Көргенім рас... Ұзақ тұрып қалдық. Жұрт көзіне шалынармыз...

- Турасын айт: қашан, қайда кездесеміз?

- Бүгін болмайды. Ертең әтеш алғаш шақырғанда қалың мойыл өсіп тұрған тереземнің тұсына кел. Бір қапталын ашып қойып, күтемін.

- Уәдеміз осы болсын...

- Жарайды. Бара бер. Артыңа айналып қарама, - деді әйел Анау тыңдамады, айналып қарады. Сол сәт Сағиданың ширақ, тығыз денесі, дөңгелек жүзі, күлкі үйірілген дүрдек еріні, тылсымды нұр шашып тұрған сиқырлы көздері жігітті тағы да естен тандырды.

Мойыл жаңа шешек атқан кез еді. Түн салқындау. Күндіз дүниеге бұрқырата жұпар шашқан аппақ бүрлер жұмылып, қош иісін ішке жасырған. Олар ұйқтап, дем алып жатыр, содан да аңқымайды. Кәбир қарттың шектен тыс құмарпаздықтан жүдеп қалған қара әтеші шақырып жібергенде түнгі қонақ екі қолымен мойыл бұтағын қайырып, шарбақ жақтағы жартылай ашық терезе түбіне келіп жетті.

Алдымен түсіндіре кетейік. Бұл үйді Хәлфетдин соғыс басталар алдында ғана өз қолымен салған. Бәрін ойдағыдай мұқият жасады. Есік - терезе жақтауларын суға ағызып әкелген сал ағаштан соқты, терезе кәсектерін еменнен жасап, олардың бұрыштарын темірмен ұштастырды, ысырмалы мықты ілмектер, сенімді жез тұтқалар қақты. Сегіз қырлы, бір сырлы ұста еді. Терезе қақпақтарына сұлу суреттер, әсем өрнектер салды. Біреулер бұған таңырқаса, екіншілер: "Осынша уақыт шығындап, әуреге түсіп..." деп кекетті.

Қонақ қараңғы жақтан тамағын қырынды. Іштен: "Бері... Бері..." деген сыбыр шықты. Жігіт қыл мойнын қылқита созып, сұлу домалақ басын сәл қисайтып, жартылай ашық терезеден сұқты. Бәйгеде шапқан аттай танауы пысылдай ентігіп, жүрегі дүрс-дүрс соқты. Соқпағанда ше! Міне, міне, бір ұмтылса, уыздай келіншектің құшағына еніп, шөп еткізіп сүйіп алғалы тұр, міне, мінеки... Ау, бұл не? Неге есеңгіреп кетті?.. Былай болды: Сағида бір қолымен лып еткізіп терезені жапты да, жақтаудың ашық жағын қатты басып қалды. Жақтаудың қыры әлгіні тап кеңірдегінен қысты. Айқайлауға қорықты, басын тартып алуға шама жоқ. Сағира дереу "күйеудің" мұрынын екінші қолымен ұстай алды да оңға, солға, жоғары, темен тартқылай берді: "Азғын! Бұзық! Мұрнынан дарға асқанды көрсетейін мен саған! Былай асады! Еркектің азғыны! Балқытайын құшағымда! Судай ерітейін! Балық сасыған неме! - деп ол оның мұрынынан одан сайын өршелене тартқылады, - Ендігәрі әйелдерді әурелемейтін етіп, тұқымыңды құртамын, сасық теке! Ал сертіңе жет енді, пасық неме!" Нәжіп алғаш жұлқынғанымен, бірден беті қайтты. Сәлден соң қырылдай бастады. Келіншек қолын босатты. Жігіт мойыл бұтақтарын жапыра жерге сылқ ете түсті. Сағиданың зәресі ұшты. Бірақ қорқынышы кепке бармады, Нәжіп тез есін жиып, түрегеліп, басын шайқап тұрды да, аяғын тәлтіректей басып, кеше жаққа бет алды. Екеуі бір-біріне тіл қатпады, бәрі айтпай-ақ түсінікті еді...

Ертеңіне орнынан тұрғанда Нәжіптің мұрыны тоқпақтай боп ісіп кеткен-ді. Үш күн бойы кешеге шыға алмады ол.

- Ой, алла - ай! Тағыда мұрның бұзылыпты, өзің де сойқансың, сорлы ... - деп қынжылды әйелі. - Адам қарайтын түрің қалмапты...

- Балпылдамашы.

- Ауыра ма?

- Сыздайды.

Әйел тез жер қоймаға түсіп, бір тегеш қар алып шықты:

- Мә, мұрныңды осыған басып отыр. Сыздағаны басылар, - деді.

Нәжіп тегешке бетін басты. Біраздан соң сыздағаны басылғандай болғанымен, мұрынның аумағы, түсі көңіл жұбатарлық еместей керінді кезіне. Қызыл күрең мұрын орнына қып -қызыл құбыжық салбырап тұр.

Хәл сұрай келген жолдастары: "Мұндай да мұрын болады екен - ау" деп қайран қалды. Мұрын иесі ашық айтпаған соң хәл сұраушылар болған оқиғаның жай-жапсарын індетіп сұрамады. Оның езі: "Осылай болды енді" деп қоя салды. Төртінші күні "тоқпақтың" ісігі біраз қайтқан соң ол сыртқа шығып, жұртқа керінді. Ісіктің сол қалдығының өзі оған "Мұрын Нәжіп" деген қосалқы ат тағуға толық жетіп жатыр еді. Осы оқиғадан кейін атақты Мұрын төрт - бес жыл бойы өз әйелінен өзге әйелдің маңына жоламай кетті.

Түнгі кездесудің тыңшысы да, куәсі де болмаған сияқты еді. Сыртқа адам есітерлік дауыс та шықпады. Қонақ бақанда мүлгіп отырған тауықтар көрмесе, монша басына қонған байғыз есітпесе, кім есітеді? Балшық құмырадан бұрқыраған жермай секілді жаман хабар өзіне жол табады. Нәжіптің мұрыны қалпына түскенше (тек ол бұрынғы қалпына қайта алмады, бір танауы жапырылып, ұшы үстіне қарай қайырылып қалды). "Мұрын" деген тақпақ шықты.

Аңқаулықпен аңғармай,

Ашып алдым сырымды.

Сағиданы сүйем деп

Құртып алдым мұрынды!

Бар базарға, бар, Нәжіп,
Жаңа мұрын сатып ал,
Жаңа мұрын сатып ал да

Сағидаға қармақ сал!

Онда баспа, мұнда бас,

Ұзын мойын, жөке бас.

Ғашық болып жандың ба?

Мұрныңды ұстап қалдың ба?

Бұл тақпақтар да ұзаққа бармады. Еркектердің жеңіл. жүрісі туралы әндер, күлдіргілердің қызығы тез ұмытылады. Ал. әйелдерге бір жабысса, өмір бойы түспейді. Иә, тақпақ тынғанымен, оның жаңғырығы бір сәт қайта шықты.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙