Қош бол, досым!
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Адал азамат, абзал жан, талантты жазушы Мұқан Иманжанов аз жасаса да, артына ұзақ жасайтын әдеби мұрасын, талай ұрпаққа тәлім боларлық жарқын романтикаға толы рухын, айнымас адалдық, қалтқысыз әділдік, баршаға бірдей әкелік қамқорлық, жүрек жылытқан мейірбандық, әдептілік алғы шарты – кішіпейілділік сияқты өшпес өнеге
(әңгіме)
(Майданда қаза тапқан талантты
жас жазушы, жан досым
Баубек Бұлқышевтың өліміне)
Бұл өмірдің қызығы махаббатпен,
Көрге кірсең үлгілі жақсы атақпен.
Арттағыға сөзің мен ісің қалса,
Өлсең де өлмегенге боласың тең.
АБАЙ.
Ардақты дос, менің алдымда сенің армияда өткізген соңғы төрт жыл өмірің ішінде жазған хаттарың жатыр. Мен осы хаттарды бүгін қайта оқып терең ойға шомып отырмын. Мына бір топ хат бейбіт күнде жазылыпты. Мына біреуі — дәл соғыс басталар күнгі жазған хатың. Ал, соғыс күндеріндегі жолдаған хаттарын өз алдына бір буда болып ол тұр... Ос:-хаттардың әрқайсысында өзекті өмір жатыр. Әр хат — әр уақыттағы жан күйіңді алдыма жайып салып, жас адамның үлкен ойын досқа, елге деген отты махаббатын, жауына деген өшпенділігін көз алдыма елестетеді.
Міне, мен оқи - оқи келіп, дәл ұрысқа кірерден бұрын жазған бір хатыңа жеттім.
«...Достым, есінде бар ма, Корчагин соғыста жараланып, ауруханаға келіп түскенде партбилетінің арасынан «егер өле қалсам ағама білдір» деген адрес жазылған бір кішкене қағаз шығады ғой. Міне сондай қағазды жазуға бізге де кезек келді. Аты-жөнімізді жазып, өз бойымызда сақтау үшін әрқайсымызға кішкентай медальон берілді. Бұл минут өмірі естен шықпас - ау! Осы кезде «Өлім», «Өмір» деп жарыса ұшқан екі сөзді айтсаңшы! Мен айналамдағы жолдастарыма қарадым. Бәрі де үнсіз тына қалған. Бәрінің де жүзінен байсалды пішін, терең ой аңғарылады. Ия, достарым ойға кеткен. «Кімді жазу керек?» Біреудің әкесі ауылда, ағасы қалада деген сияқты, ең алдымен жаманат хабарды кімге естірту керек? Бұл, шыныңда, ойланатын минут.
Жігіттер жазуға кірісті. Біреулері туған жерінің, ата-анасының адресін, екіншілері ағасының немесе сүйген жарының адресін жазып жатыр. Қысқасы, әркім ең сүйікті, ең жақын адамын жазуда.
Әлден уақыттан кейін, мен де жазуға кірістім. (Сол қағазды әлі сақтап жүрмін, жоғалтпай саған көрсетермін - ау!) Мен кімді жазды дейсің ғой? Ең жақын, ең досым деп жазған кісім" сен білмейтін біреу болды. Егер өліп кетсем сол жазған адамыма өте ауыр тиеді - ау деп те ойладым. Дегенмен, менің өлімімді басқа біреу естігенше, әуелі сол ең жақын адамым естісін дедім. Ол адам — адал досым еді, сен едің...»
Қайран дос, қайғылы қазаң үстінде жүрегіңнің қанымен жазған осы хатыңды бір емес, бірнеше оқыған болармын. Оқыған сайын асыл хаттың әрбір сөзінен өмірдің самал желі есіп, өлмес достықты даттап тұрғандай болады.
Адам жан күйер жақынын сағынғанда, ең алдымен, оның тәтті қылықтарын, қызық мінездерін еске түсіреді. Содан кейін оның бейнесі елес береді. Мен дәл осы сәтте толқынды ойға батып толғанып отырмын. Көз жұмулы, көңіл ояу. Алдымда сен тұрсың. Балдай тәтті балалық қимас күндер, келешек туралы тәтті қиялды бөліскен жастық кездер көштей тізіліп өтіп жатты. Мен, әлденеге асыққандай, ойымды алға оздыра түсем. Ой озып, бүгінгі күнге жақындаған сайын сенің тұлғаң толысып, зорая береді... Сабақталған ой жалғаса - жалғаса келіп соғысқа жетті. Одан сенің ең ақырғы минутына тірелді. Өлер алдындағы қанды айқас көз алдымнан бұлаң берді. Жауға сұстанған бойың қабағыңнан кәр төгіп, қасқая алға ұмтылдың сен. Сенің жайдары жүзіңді ыза мен кек торлаған минутты мен, міне, тұңғыш көріп тұрмын. Күлімсіреп тұрған өткір қара көзің от шашып, жайнай түскен.
«Менің өмір. сүргім келеді. Бірақ, жаумен бірге өмір сүре алмаймын. Жау бар дүние тар мен үшін... Бір жердің үстінде дұшпанмен бірге жасай алмаймын мен. Сондықтан да, өлтіруім керек дұшпанды... Мен шығыс адамымын. Батысқа кетіп барамын. Менің елім: «Шығысұлы, жолын болсын! Шығысқа жеңіспен қайт! Мен сені Алатаудың аясында қарсы алармын» деп тұр дегендей боласың.
Осы үн төбеңде ту болып желбіреп, алға бастап бара жатқандай. Жолдастарын да сенен қалыспай, фрицтердің басына заманақыр орнатуда. Сендер дұшпанның бір бекінісін алып, екінші бекінісіне төндіңдер. Олардың бората жаудырған оғы сендерді бөгей алған жоқ... Амал нешік, дәл осы минутта қаңғырған бір ажал оқ дәл сенің жүрегіңнің тұсынан қадалды Сен тәлтіректеп барып кеудеңді басып отыра кеттің. Ақтық сағатың соқты. Аузыңнан «қош» деген бір ғана сөз ұшты. Дәл осы сәтте осы бір ғана сөзге сыйды бар ойың!
Оқиға желісі мен шешім
Жоқ, бұл әшейін елес қой. Мүмкін, ауыр жаралансаң да, жас жүрегің соғуын көпке дейін тоқтатқысы келмеген болар. Өмірді сүйген жан едің, өліммен қанша алыстың екен, жас азамат! Көкіректен аққан қан көзіңді мұнартып, талықсытса да, елімге дес бермей біраз жаттың - ау, бауырым! Осы азғана минутта, жарылған бомба, атылған оқ астында анаңдай сүйініп Арқаңды жүйрік қиялыңмен неше шолып шықтың екен! Еліңнің сұлу Жаннасы, сүйікті құрбы-құрдасың, тел елің жүрегіңді жүз бұрап, жаныңды қандай толғандырды екен! Есіл ер, егілдің - ау сонда сен! Ақырғы күшіңді жиып, қан шапшыған жаралы кеудеңді бір қолыңмен демеп, батысқа қарай тағы да бір-екі қадам басып жығылдың ба әлде? Не тес қалтаңдағы комсомол билетін мен Жанңанның суретін қолына алып, жау алдында асқан тәкаппарлықпен кеудеңді көкке көтерген бойың:
— Риза бол, ел-жұртым, риза бол, жаным Жанна, ақтық минутына дейін азаматтық арыма кір шалдырмай, қайтпас сапарға кетіп барамын!—дедің бе екен көз жанарына ұлан байтақ Отаныңды сыйғызып.
Иә, елер алдында сен осыны айттың! Осы сөзбен көз жұмдың сен. Сенің отты жүрегің маған осылай деп тұр.
Қапаланбай, алаңсыз аттан дүниеден, бауырым. Ел алдында азаматтық борышыңды ақтадым деп біл. Сен ерлерше күресіп, нағыз ерлерше қаза таптың. Азамат ақынша ойлап, кейінге ойыңнан мұра қалдырдың. Рас, сен енді жоқсың. Сенің аттай тулаған асау жүрегін соғуын мәңгі тоқтатты. Бірақ сен ойлаған ой, сендегі өзекті махаббат өлген жоқ. Есіңде ме, «Ерлердің өлімінде де өмір бар» деген жоқ па едің өзің? Сондай ердің бірісің сен!
Өмірде өлмейтін адам жоқ. Адамның алып анасы — қара жер перзентің құшағына бір алады. Адам, көп дегенде жүз жасап сол анасының құшағына енеді. Адамға көп жасау ғана мұрат емес, оның үстіне, көп білу, кейінгіге көп еңбек қалдыру мұрат. Адам бір ғасыр да өмір сүрмей дүниеден аттанады. Ал, оның ақыл-ой еңбегінің тарихы мәңгі жасайды. Адам болып дүниеге келіп, адам болып дүниеден кету үшін ол, міне, осыны өз алдына мақсат етіп қояды.
Сен нағыз адамша дүниеден қайтқан жансың. Шағын өміріңде дүниеге «Заман біздікі» деп тұнық ойыңның бетін қасиетті, мағыналы сөзбен аштың да, өз жүрегіңнің бүгінгі жастар жүрегінің төрешісі бола білдің. Сол үшін құрбыларың сенің аз еңбегіңді көптей көріп, қолдарынан тастамай оқиды.
Оқыған сайын олар атыңды құрметпен ауызға алып, біздің заманымыздың жастықтың жаршысы деп сені мақтаныш етеді. «Біз күресте тудық, сол күреспен өлеміз де. Осының бәрі сендер үшін, кейінгі ұрпақ!» деген сөзін құрбыларыңның, іні - қарындастарыңның жүрегінде. Олар бұл сөзіңді ешқашан да ұмытпақшы емес! Ұмытылмайсың сен!
Естисің бе, Шығысұлы, сен олармен бірге өмір сүрудесің. Ендеше, қыршынымнан қиылдым деп егіле көрме!
Біз кеше Жаннаға сенің қазанды естірттік. Ауыр қаза жас аруға қатты батты. Ол алғашқыда көз жасына булығып, есі кеткен адамдай сазарып отырып қалды. Бірақ, ол ақылды еді ғой, сол ақылдылығын істеді. Көзден аққан жасын кенет сүртіп тастап, орнынан ұшып тұрды да:
— Жоқ, досқа деген махаббатты көз жасымен жуу — бишаралық. Біздің заман бос егілудің заманы емес, күрес заманы. Адал досым арман еткен жеңіске, келешекке арналады бар ой, бар күш-қуатым. Ауыр қазаға жауабым осы болар менің! — деді де өзі жұмыс істейтін заводқа жөнелді. Естимісің, Шығысұлы, жаның сүйген Жаннан осылай деді! Өзіңше ойлап, өзіңше ерлік іс етті.
Дәстүр, ізгі дәстүр есіме түседі менің! Халық үшін, Советтік Отан үшін қызмет ету — осы ғой біздің дәстүр. Осындай ұлы қасиетке баулып, білім беріп өсірген совет мектебі қандай ыстық саған! Дәстүр! Халқымыздың көне заманнан келе жатқан шынайы дәстүрі совет елі тұсында жаңа арнаға құйылып, жаңа арнамен шалқып аққан еді. Осы арнадан өзіне өзекті ой, өрен күш алып өскен едің сен. Абайдан ақыл мен ақындықты, Шоқаннан білім мен сүйіспеншілікті, Махамбеттен батырлық пен қайсарлықты үйрендің сен. Пушкин мен Толстой, Чехов пен Горький ше! Олардың тартқан сыйын қайдан ұмытарсың!
Ұлы ойдан ұлы арман, ұлы арманнан ұлы іс туған заманда жасаған ұрпаққа кәрі тарих көз тастап, жыты қарағанда сен де атаусыз қалмайсың. Осыған қуан, бауырым!
Міне, сендегі ой, сендегі қасиеттерді Жаннан алды. Бұл сенің де ұрпақ үшін қызмет еткеніңді көрсетеді. Абай мен Пушкинді, Белинский мен Шоқанды, Некрасов пен Махамбетті, Горький мен Маяковскийді сүйген халық солардың ұшқыны сияқты жарқ етіп, өше қалған сен сияқты асылын да ұмытпайды.
Сен азат жерді, өзіңнің Сарыарқаңды, бүкіл совет жерін қорғап жүріп мерт болдың, Саған топырақ туысқан Украина жерінен бұйырды. Бұл жерде сен сияқты талай өндір бауырларын қаза тапты. Қазір сол жер, сендер қорғаған, жаудан көп азап шеккен, қасіретті жер гүл-гүл жайнап, қайта кектеді.
Өзің сүйіп жыр еткен Украина аруының апа - сіңлілері сенің жас қабіріне сүйіспеншіліктің белгісі — қызыл гүл екті. Бұл саған, сенің жолдастарына деген халық махаббаты. Сен украин қызын жеке бастың сүйіспеншілігін ауыр күнде Отанға деген ұлы махаббатқа ұштастыра білдің деп мадақтап ең, бүгін сенің құрбыларын сені де Жаннаға деген махаббатың өмірдің асқар шыңына көтеріп, ел махаббатына ұштастырды деп мадақтайды.
Ұлы арманның иесі, артына із қалдыруға ұмтылған, ерте жанып, мезгілсіз сөнген, сүйікті Шығысұлы, топырағын торқа болсын. Қош, бауырым!
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру