Бабалар сөзі 63 том
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Бабалар сөзі» сериясының 62-томына XVIII—XIX ғасырлардың тарихи оқиғаларын бейнелейтін «Ағыбай батыр», «Байсейіт батыр», «Мырзаш батыр» және «Айдос батыр» тарихи жырлары мен олардың нұсқалары еніп отыр.
«МӘДЕНИ МҰРА»
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН
ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚҰРАМЫ
Әшімбаев М.С., кеңес төрағасы
Асқаров Ә.А., жауапты хатшы
Абдрахманов С.
Атабаев Қ.М.
Аяған Б. Ғ.
Әбусейітова М.Қ.
Әжіғали С.Е.
Әлімбай Н.
Әуезов М.М.
Байпақов К.М.
Балықбаев Т.О.
Дүйсембаев Е.С.
Есім Ғ.
Жақып Б.Ө.
Жұмағалиев А.Қ.
Қозыбаев І.М.
Қасқабасов С.А.
Қойгелдиев М.Қ.
Құл-Мұхаммед М.А.
Құрманбайұлы Ш.
Мәжитов С.Ф.
Мұхамедиұлы А.
Мыңбай Д.Қ.
Нысанбаев Ә.Н.
Өскенбаев Қ.А.
Салғара Қ.
Самашев З.
Сариева Р.Х.
Сұлтанов Қ.С.
Тұяқбаев Қ.Қ.
Түймебаев Ж.Қ.
УДК 398
ББК 82.3 (5 Қаз)
Б 12
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының
Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері:
Қасқабасов С.A. (төраға), Қорабай С.C. (төрағаның орынбасары),
Жұмасейітова Г.Т. (жауапты хатшы), Еркебай А. С., Әзібаева Б.У.,
Күзембаева С.A., Қосан С.Қ., Мамыраев Б.Б.
Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
Ғылыми кеңесі ұсынған
Томның редакция алқасы:
Алпысбаева Қ., Қасқабасов С., Қосан С. (жауапты редактор)
Томды құрастырып, баспаға дайындағандар:
Қ. Алпысбаева (жауапты шығарушы), Т. Әкімова,
Г. Рахымбаева, Ж. Салтақова
Б 12 Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: Фолиант, 2010.
Т. 63: Тарихи жырлар.—456 бет.
ІSBN 978-601-292-014-7
«Бабалар сөзі» сериясының 62-томына XVІІІ—XІX ғасырлардың
тарихи оқиғаларын бейнелейтін «Ағыбай батыр», «Байсейіт батыр»,
«Мырзаш батыр» және «Айдос батыр» тарихи жырлары мен олардың
нұсқалары еніп отыр.
УДК 398 Б ББК 82.3 (5 Қаз)
ІSBN 978-601-292-014-7 (т. 63)
© Әдебиет және өнер институты, 2010
ІSBN 9965-619-60-3
© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2010
00(05)—09
Құрастырушылардан
М.О.Әуезов
атындағы
Әдебиет
және
өнер
институты
Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияла
нып отырған «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми
басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастыруда.
Серияның бұған дейін жарияланған алпыс екі томы ұлттық
фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып са
налатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда,
бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни
дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың он бір томы,
тарихи жырлардың он томы, батырлар жырының жиырма
томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп,
баспа бетін көрді. Бұлардың он томы Қытайдағы қазақ фольк
лорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы
—фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген
жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы
алды. Қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен
шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған 63-том тарихи
жырларға арналды. Бұл томға қазақ арасына ертеден таныс
«Ағыбай батыр» жырының сюжеті мен поэтикалық эволюция
деңгейі әртүрлі алты нұсқасы кірді Олар: «Ағыбай батыр» (ха
лық жыры), С.Қармысовтың орындауындағы «Ағыбай батыр»
(бұрын жарияланбаған), қарағандылық Т.Айнатасов жинаған
«Ағыбай батыр», Қ.Қаңтарбаев жинаған «Ер Ағыбай» (бұрын
жарияланбаған), жыршысы белгісіз «Ағыбай батыр» жырының
екі варианты (бұрын жарияланбаған), Х.Жаманұлы жырлаған
«Ағыбай батырдың үш өкініші», С.Керімбеков жырлаған
«Байсейіт батыр», Т.Байбағышовтың орындауынан жазы
лып алынған «Байсейіт батырдың тарихы», «Мырзаш батыр»
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
жырының үш варианты—«Мырзаш батыр қиссасы (А.Ержа
нов нұсқасы), «Мырзаш батыр жыры» (Н.Қыдырмоллаұлы
нұсқасы) және «Мырзаш батыр» (С.Нұралин нұсқасы), «Ай
дос батыр» (Ж.Айдарбеков нұсқасы) атты тарихи жырлар енді.
Аталған жырлардың көпшілігі бұрын-соңды жарық көрмеген
және зерттелмеген.
Тарихи шығармалардың негізгі сюжеті ХVІІІ-ХІХ ға
сырлардағы қазақ халқының сырт жауларға қарсы азаттық
күресінің оқиғаларына құрылған.
Том соңында берілген ғылыми қосымшаларда жинаққа
енген тарихи жырлардың мәтіндеріне жазылған түсініктеме
лер, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар туралы түсінік
тер, жер-су атауларына сипаттамалар, шығармаларды жинау
шылар мен жырлаушылар туралы мәліметтер, пайдаланылған
әдебиеттер тізімі, басылым туралы орыс және ағылшын
тілдеріндегі қысқаша түйін қамтылған.
Томға енген мәтіндер М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институтының және Орталық ғылыми кітапхананың си
рек қорында сақталған түпнұсқа негізінде дайындалды.
Томның көлемі—28,5 б.т.
Атақты ер Ағыбай шұбыртпалы,
Белгілі сарбаздарын шұбыртқаны.
Ағыбай, Қошқарбай мен ер Бұқарбай—
Бұларды соңына ерткен Кене ханы.
Мал үшін бұлар ерлік құрған емес,
Салғаны жанды ортаға елдің қамы.
Солардың біреуінен сөз бастаймын,
Әлеумет құлақ салса бұған тағы.
Жау шабу мирас қалған Абылайдан,
Бұл әдет Кенесары, Наурызбайдан.
Кененің жауға шапқан бас батыры
Бастайын аз әңгіме Ағыбайдан.
Батыры Кенекенің өңшең саңлақ,
Әр елден жүйрік атты алған таңдап.
Арқаның алпыс тарау бойын өрлеп,
Жақсы атпен жігіттері жүрді алшаңдап.
Дұшпанға анталаған ұстатпады,
Кенекең талай шапты, бір талмады.
Әруақты Кенесары, Наурызбайға
Жортқанда, қарсы келіп жан батпады.
Ағыбай аға батыр, үлкен жасы,
Жөн айтар Кенекенің замандасы.
Ағыбай батыр
(Халық нұсқасы)
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
«Қай жерде жақсы ат болса, жи,—деп еді,—
Барады бастан асып жау айласы».
Жігітін жаман атқа мінгізбеген,
Кенекең алты алаштан ат іздеген.
Аттанып бір жорыққа Ағыбайы,
Ат іздеп жасақ үшін, күн-түн кезген.
«Сұйық жал, қамыс мойын, күміс құйрық,
Кең танау, омыраулы, тіп-тік иық.
Бір ел бар деп естіді күншығыста,
Жылқысы аса сұлу, мінсіз жүйрік».
Бір адам Ағыбайға мақтайды кеп:
—Жорғасы судай желіп, шаппайды,—деп,
Біреу емес, мақтады бірқатар жан:
«Биесі жабы тұқым таппайды» деп.
Ағыбай ыңғайланды: «Барайын, деп,
Сол елді болса да алыс, табайын деп.
Аттанып, сәурік пенен байтал әкеп,
Жүйріктен өсім-тұқым алайын»,—деп.
Ағыбай бұл сапарға ыңғайланды,
Қасына жеті жігіт жолдас алды.
«Жүйріктен өсім тұқым алайын» деп,
Бет қойып күншығысқа кете барды.
Сол кезде ер ортасы келген жасқа,
Жан-жаққа сапар жүрген бұдан басқа.
Аз жүрді, көп жүрді ме, белгісі жоқ,
Келіпті Қызылқайнар, Тектұрмасқа.
Тектұрмас самал салқын бұлағы бар,
Атарлық арқар, бөкен, құланы бар.
Жолаушы, жолшы керуен қонатұғын
Түбінде Қызылқайнар бұлағы бар.
ағыбай батыр
Жігіттер, тындасаңыз, мінеки, кеп,
Келетін бұл бұлаққа жолшы да көп.
Келіп-кетер адамы көп болған соң,
Қойыпты «Қызылқайнар, Тектұрмас» деп.
Келеді ер Ағыбай өрге салып,
Қорықсын адамзаттан бұлар не қып.
Ұмтыла түн ішінде жүрді бұлар,
«Қарауылды аламыз,—деп,—ерте барып».
Астында бусандырып мінген атын,
Тастамай батырлықтың салтанатын.
Ат қаңтарып, суытып жата кетті,
Келіп Қызылқайнарға таңға жақын.
Оянды таң атқан соң, көзін ашып,
Жатсын ба жамандарша ұйқы басып.
Басына қарауылдың Таңбай шықты,
Өзгесі ыстық қылды, бақыр асып.
Жолдастар ыстық қылды, асып бақыр,
Отырды от басында өзге батыр.
Ер Таңбай қарауылға қарап тұрса,
Елсізден бір атты адам келе жатыр.
Аттыны келе жатқан Таңбай көрді,
Таңырқап: «Не қылған жан мынау?»—деді.
«Елсізден бір атты адам келеді»,—деп,
Ойдағы Ағыбайға хабар берді.
Батыр айтты: «Келе ме бері таман,
Кетті ме жын көрініп әлде саған?!
Елсізде жапа-жалғыз келе жатқан,
Япырай, оның өзі неткен адам?!
Осы жер ел жоқ, күн жоқ жапан дала,
Тектұрмас сан біздейге болған пана.
Бет бұрмай, осы араға келе ме екен?
Шық тағы қарауылға, қайыра қара.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ер Таңбай қарауылға қайта барды,
Жалғызға келе жатқан көзін салды.
Келді де Ағыбайға хабар айтты:
—Осы жерге тұп-тура келіп қалды.
Келді,—деп,—осы жерге,—хабар айтты,
Бұларды «Не еткен жан?» деп таңырқатты.
Қолында ырғай шоқпар, сойылы бар
Кезеңнен шыға келді ақ сұр атты.
Айтқанша, ақ сұр атпен шыға келді,
Өрімдей жап-жас жігіт бұлар көрді.
Жіңішке, ұзын бойлы, тіп-тік, сида,
Отырған батырларға сәлем берді.
Иіліп сәлем берді бұларға кеп,
Тұлғасын Ағыбай да ұнатты бек.
Қасына келіп, танығандай амандасты:
—Есенсіз бе, ер Ағыбай, ағаеке?—деп.
Сөйлесе сөйлер сөзге сондай епті,
Айтқан жоқ мұнан басқа бір сөз тіпті.
Түсіп, атын басына іле тастап,
Жеңін жастық қылды да, жата кетті.
Етегін төсек қылып, қалды ұйықтап,
Именіп, бұлар қорқып, қалды тоқтап.
Қорқады бір кісіден сегіз батыр,
Ерлігін елден арнап шыққан баптап.
Ағыбай ойлап отыр әрбір ойды,
Жіңішке бала жігіт, сида бойлы.
Өздері асқан етін жеді дағы,
Тағы да оған дәмді істеп қойды.
Ұйқысы түрегелді әбден қанып,
Бұлақтан дәрет алды түзге барып.
Бір ауыз жөн сұраған жауабы жоқ,
Алдына асқан дәмін берді салып.
ағыбай батыр
Отырып дәмін ішті асып-саспай,
Бұрылып басқа жаққа қадам баспай.
Бұларға қарамады мойнын бұрып,
Батырлар бір сөз айтпай қалды отырып.
Бір ауыз, тым болмаса, қош деместен,
Әлгі келген жағына кетті жүріп.
Ағыбай айтты: «Мынау не қылған жан
Мен мұның мінезіне қаламын таң.
Мынаның жайын білмей, үйге барсам,
Өлімнен артық маған үлкен арман».
Атына бұ да мінді: «Барайын, деп,
Мұндайдың көріп едім талайын, деп.
Мынаның жайын білмей бос қалғанша,
Қасына еріп өліп қалайын»,—деп.
Атына мінді Ағыбай қайрат етіп,
Қарамай әлгі жігіт қалды кетіп.
Аяңдап кетіп бара жатыр екен,
Артынан қуа шауып келді жетіп.
Бұларға жалғыз жігіт болады кез,
Жан емес жолдас болған сыр мінездес.
«Жарайды, Ағыбай аға, қош келіпсіз»,—
Деді де, жүріп кетті, айтпай бір сөз.
Келеді екі батыр, жан батпайды,
Қарысып, бірін-бірі ұнатпайды.
Елсізде жолдас болған екі батыр
Екеуі бір-біріне тіл қатпайды.
Астында қинайды мінген атын,
Тастамас батырлықтың салтанатын.
Алдынан екеуінің жусап тұрған
Бір құлан тура қашты кешке жақын.
Құланды екі батыр қуып кетті,
Атына қамшы басып екпіндетті.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ағыбай тозаңына ере алмады,
Ұзатпай жас батырың барып жетті.
Құланға құрық салды ағындатып,
Секіргенде, қайыра қалды тартып.
Ауыз омыртқа үзіліп салмағымен,
Жығылып қара жерде қалды жатып.
Бала айтты: «Ағыбайым, тез түсе қал,
Арам өліп кетпесін, бауыздай сал.
Айнала қабырғадан іре дағы,
Өзге етін керек қылмай, қазысын ал.
Қазысын алды дағы, жүре берді,
Кеш батып, бір бұлаққа бұлар келді.
Атынан түсті дағы әлгі бала,
Даладан етегімен тезек терді.
Ағыбай о да қарап тұрсын не қып?
Қам қылды, дәм істерлік түрін танып.
Реттеп бағанағы тамақтарын,
О дағы бақыр асты, шақпақ шағып.
Ыстығын істеп ішті күн батқанша,
Ат суып, демін алды ел жатқанша.
Аттарын мықтап тұсап қоя беріп,
Екеуі қалады ұйықтап таң атқанша.
Таң атып, тағы жүрді екі батыр,
Еш нәрсе ойламады болып қапыл.
Қамысы шытырмандай жөнсіз қалың
Жағалап бір өзенді келе жатыр.
Барар жер мағлұм емес, бұларға алыс,
Толқиды сумен бірге қалың қамыс.
Жағалап сол өзенді келе жатса,
Ақырып түрегелді бір жолбарыс.
ағыбай батыр
Ағыбай сескенеді, шошып қалып,
Айнымай әлгі бала тұра қалып.
Ышқынып, қарсы келіп шапшығанда,
Шоқпармен сыңар қолдап қалды салып.
Шоқпармен жолбарысты бір-ақ қақты,
Бір ұрғанда-ақ өлген иттей домалатты.
Екі көз екпінімен шығып кетіп,
Жығылып шекесімен жерді қапты.
Сескенді ер Ағыбай мұны көріп,
Бұлар атынан түскенше, қалған өліп.
—Айнала қабырғадан іре дағы,
Ал,—деді,—бауыр жүнін екі бөліп.
Ағыбай айтқанының қылды бәрін,
Білмейді онан басқа не қыларын.
Баланың қайратына жан пар келмес,
Батырдың, қорқып, көңіл болды жарым.
Үкімі бұл баланың сондай қатты,
Жолдас боп он шақты күн дәмін татты.
Екеуі кешке шейін жүрді дағы,
Кеш батып, бір бұлаққа тағы жатты.
Ағыбай ұнатпайды бала түрін,
Шыбықтай бала жігіт көзге көрім.
Бұл күні күндегідей көп жатқан жоқ,
Ертерек жүріп кетті таңнан бұрын.
Әңгіме, бұларда жоқ ойын-күлкі,
Бұл түнде ұйықтаған жоқ тиышты ұйқы.
Жағалап бір өзенді келе жатса,
Кездесті қарсы алдынан қалың жылқы.
Жолдасы қасындағы жері де жат,
Жас бала жаннан асқан асыл болат.
Жылқының бір ретті ортасында
Жайылған жүзден артық шабдар қасқа ат.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бала айтады: «Немене көрген күнім?
Болмаған сабаз едім ешбір мінім.
Жануар, өңшең бірдей шалқасқалар,
Менікі болатұғын бар ма күнің?».
Ағыбай келе жатыр. Не біледі,
Атына қамшы басып тебінеді.
Ақты боз елең-алаң болған шақта
Алдынан бір қалың ел көрінеді.
Ағыбай: «Түстім,—дейді,—қандай жолға?
Тәңірім-ай, сапарымды өзің онда?!».
Арасы екеуінің бір шақырымдай,
Көрінді елден оқшау екі орда.
Ертерек елді көрді батыр,
Уайым ойламайды болып қапыл.
Күрсініп ақ сұр атқа қамшы басып,
Бет қойып төменгі үйге келе жатыр.
Ағыбай келе жатыр қасын жанап,
Ергені бала жігіт жаңа талап.
Ішінен ақ орданың шықты дағы,
Бір әйел тура жүрді қарсы қарап.
Алдынан әйел келді жылап-еңіреп:
—Бейшара-ау, жалғыздықтан тарттың бейнет.
«Көзіме енді көрінсе, өлтірем» деп,
Қайрайды қатты тісін әлгі жендет.
Бейшара, мұнда келіп, не көресің?
Жеткені ажалыңның, енді өлесің!
Жалғызым, ақіретте табысалық,
Жалғаннан сапар шегіп жөнелесің!
Бұл қатын бүй деп зарлап қалды тұрып,
Бала оған қарамайды мойнын бұрып.
Қатынның айтқан сөзін есіне алмай,
Жоғарғы ақ ордаға кетті жүріп.
ағыбай батыр
Атынан түсе қалды анадай кеп,
Кернеп тұр байқағанға ашуы кеп.
Батырға осы арада бір сөз айтты:
—Бар болса, бер, Ағыбай, қанжарың,—деп.
Осы жерде тілектес боп сіз тұрыңыз,
Кешікпей, аман болсам, шығармын тез.
Егерде үйден шықпай өліп кетсем,
Бас сақтар ақ сұр атпен қам қылыңыз.
Соны айтып әлгі бала қалды кетіп,
Ойлайды: «Қалады екен,—деп,—әлде не етіп?»
Үйге бала кіргенде, қатты қорқып,
Тер ақты Ағыбайдан дір-дір етіп.
Сөйтті де, ол да ойлайды болып қашпақ,
Шошыған соң жүректі қайтіп баспақ.
Сыйынып тәуекелге тұрды дағы,
«Баланы кетемін,—деп,—қайтіп тастап!»
Тұрғаны жанды қиып осы жолға,
«Ең әрісі өлермін,—деп,—түссем қолға».
Бала үйге кірген соң, көп кешікпей,
Шықырлап бір айналды әлгі ақ орда.
Ағыбай әр сапарда болған жолы,
Тұрғаны сабырлық қып—қайрат молы.
Аздан соң үйден бала шыға келді,
Қан болып қанжары мен екі қолы.
Бала айтты: «Отырмысың, Ағыбайым?
Менің көп айтылмаған сізге жайым.
Жанға қас дұшпанымнан құтқарды Алла,
Отырмай, атыңа мін, «Ақжолтайым».
Атқа мініп төменгі үйге келді,
Алдынан қатын шығып зар еңірейді.
Бейшара зар еңіреп жылап тұрып:
—Залымның халі қалай?—дейді.
2-279*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
—Сұм залым жұртты жеңген баяғыда,
Шіріткен жан біткенді таяғына.
Ақжолтай Ағыбаймен жолдас болып,
Түсірдім ішек-қарнын аяғына.
Бұл бала мұны айтады гүл-гүл жайнап,
Жұрт жылап, қуанып жүр «я, Құдайлап».
—Төсек сал жолы құтты батырыма,
Астын жұмсақ, жастығын жақсы жайлап.
Қуанып байғұс қатын төсек салды,
Біреуден біреу естіп хабар алды.
Жұрт шулап, абыр-сабыр қуанып жүр,
Төсекте ер Ағыбай ұйықтап қалды.
Ұйқы ұйықтап тұрды батыр кешке таман,
Қуанған, көрсе, халық жақсы-жаман.
Алла шүкірлік қып, қуанып жүр,
Дұшпаннан құтылған соң есен-аман.
Бұл елге рақым етті бір Құдайым,
Көп айтып қуанышын не қылайын?
Ас ішіп, әңгімеге айналған соң,
Сұрады енді Ағыбай бала жайын.
Бала айтты: «Ей, батырым, қара маған,
Жаман көп еш нәрсеге жарамаған.
Жөн айтпай, дәл он бес күн жолдас болдым,
Айтайын мен жөнімді енді саған.
Тыңдасаң, менің жайым бір үлкен кеп,
Кебімді мен отырмын қозғайын деп.
Бай екен менің әкем, өзі жалғыз,
Дәулеті көп мейлінше, перзенті жоқ.
Әкемнің жалғыз болған ғазиз басы,
Ағады, бала десе, көзден жасы.
Өзінде бала да жоқ, бауыр да жоқ,
Бар екен бір туысқан қарындасы.
ағыбай батыр
Бұл адам дәулеті мол, болған мықты,
Көрмеген туып қорлық жаннан тіпті.
Жаралған жат жұрттыққа қарындасын
Бір елге, жасы жетіп, ұзатыпты.
Әкеме жалғыздықтың сызы батты,
Қайғыртып бас кемдігі жабырқатты.
Әкемнің әлгі ұзатқан қарындасы
Жүкті боп барған жерден, бір ұл тапты.
Әкемнің дәулеті мол, көңлі сынық,
Қайғырған бас кемдіктен болып мұңлық.
«Балада қыздан туған қиық жоқ» деп,
Жиенін алды асырап бала қылып.
Әкемнің жиен жүрді баласы боп,
Алып жүрек, арыстандай қуатты бек.
Жүкті боп өз шешем де, мені тапты,
Жиеннің жолы құтты, ақжолтай боп.
Ешкімге тигізбейді жиен өзін,
Малы көп жасырғандай жердің жүзін.
Көп малдан сыймай жатқан айдап беріп,
Жиенге әперіпті бір бай қызын.
Көп қылып енші берді және тағы,
Қондырып бөлек ауыл қойған шағы.
Бар шығар, ең кем болса, екі мыңдай—
Көп жылқы соныкі еді бағанағы.
Бұл жиен мықты болды арыстан,
Жері жоқ кейін қалған еш жарыстан.
Қызы сұлу, орны онан да артық
Маған да қыз әперді бір алыстан.
Әкеміз сонан кейін дүние салды,
Қисапсыз мал, артында екі ұл қалды.
Қанша мал садақа қып, ат шаптырып,
Қондырдық құтты орнына байғұс шалды.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Адамға не істетпейді дәулет молдық?
Ойым жоқ көрем деген жаннан зорлық.
Мен кенже, жиен үлкен ағам болып,
Сонымен біразырақ дәурен сүрдік.
Жиеннің діні қатты қара тастан,
Адамға қайыры жоқ бала жастан.
Бетіне ешбір адам қарамайтын,
Мейлінше батыр болды жаннан асқан.
Бұл жиен батыр болды қайраты артып,
Екпіні соққан желдей көкті шарпып.
Қанағат өз малына бір де қылмай,
Менің кеп бар малымды алды тартып.
Жиеннен мен осындай көрдім қорлық,
Қайратын жаратар ма Тәңірім мол ғып!
Қолымды өз малыма бір батырмай,
Есіктегі иттен жаман көрдім қорлық.
Осындай күйге түстім, сорым қалың,
Болмады бір басымда ықтиярым.
Еш адам «Бұл теріс» деп сөз айтпайды.
Себебі жеңіп алған жанның бәрін.
Қараңыз сұм жиеннің ақылына,
Қайырымсыз қатал іске батылына.
Қоймайды, малды алғанмен, қара басқыр,
Қызықты менің тағы қатыныма.
Сөйтті де, қатыныма қолын салды,
Көнбесе, аласұрып, ашуланды.
Қойнымнан жатқан жерде сүйретіп ап,
Еріксіз үйіне апарып жатып алды.
Мен түстім осындайлық үлкен кепке,
Жазылмас душарластым қайғы-дертке.
«Байына көңлі алаңдай береді» деп,
Мені де ниет қыпты өлтірмекке.
ағыбай батыр
Қатыным бұл ойынан хабар берген,
Пітінә, ит қайраты мол, жұртты жеңген.
Шыбын жан мал мен жардан тәтті болып,
Бір түнде ақ сұр атпен қаштым елден.
Бір түнде ақ сұр атпен кеттім қашып,
«Қолға түссем, өлем» деп жаман сасып.
Жол жүріп бірнеше күн тыным алмай,
Жапанда жата кеттім ұйқы басып.
Жапанға жата кеттім, қашып барып,
Алладан медет сұрап, жылап-налып.
Тыным алмай, аз ұйықтап кеткен екем,
Түсімде жетіп келді әкем ғаріп.
Түсімде жетіп келді әкем фақыр:
—Ей, балам, бұл жерде ұйықтап, болма қапыл.
Жанында жеті жігіт жолдасы бар
Ағыбай Тектұрмасқа келіп жатыр.
Жүр, балам, осы араның жолыменен,
Олар да жүріп келді түніменен.
Ақжолтай жолы құтты батыр еді,
Жолдас бол, тез бар, балам, оныменен.
Ағыбай душарласса, болып несіп,
Екеуің жолдас болсаң, желдей есіп,
Қанжарын екі жүзді қару қылсаң,
Аласың дұшпаныңның басын кесіп.
Қуанып сол түсімнен түрегелдім,
«Шын көрсет пазылыңды, Тәңірім», дедім.
Әкемнің түсімдегі сөзін сынап,
«Ертерек жетейін» деп атқа міндім.
Әкемнің түсімдегі сөзін сынап,
Ертерек жетейін деп атқа міндім.
Әкемнің түсімдегі сөзі шын боп,
Отырған бұлақтағы сізді көрдім.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қуанып: «Құдай тілек берер дедім,
Айтқаны әкем пақыр келер дедім.
Сырымды бұған айтып ұқтырмайын,
Артымнан, батыр болса, ерер» дедім.
Мен сізден қанжарды алдым, жаннан кешіп,
Барсам, жатыр ұйықтап, көңлі өсіп.
Қанжарды қақ жүректен салдым дағы,
Сілтедім төмен қарай қарнына есіп.
Қарнын қақ бөлді де, қанжар жарды,
Шошынып ұйқысынан сонда оянды.
Шошынып, қару іздеп, қарбаң қағып,
Менің кеп білегімнен ұстай алды.
Ұстап ап лақтыруға ыңғайланды,
Ұстадым керегеден қорғап жанды.
Қолымнан жұлқылай келіп тартқан шақта,
Теңселіп ақ орда үй шыр айналды.
Орнынан тұрайын деп ұмтылғанда,
Ішек-қарны аяғына түсе қалды.
Ұстаған білегімнен қолы босап,
Сылқ түсіп, өлімші боп кете барды.
Ей, батырым, осындай менің жайым,
Құтқарды сұм залымнан бір Құдайым.
Алдыңнан толысынша мал айдап кет,
Бұл малды сенен аяп не қылайын?!
Кәпірден жаман қорлық көргенім бек,
Зарынан жұрт қорыққан уайым жеп.
Көп жылқы бағанағы сол иттікі,
Бір жақта менің жылқым онан да көп.
Ақжолтай Ағыбайым—сенің атың,
Жайылған жер жүзіне салтанатың.
Ақ ордадан шығып келіп зар еңіреген,
Көргенің бағанағы біздің қатын».
ағыбай батыр
Сыр айтты бала бұған жайлап,
Ағыбай көп отырды артын ойлап.
Топтан тоғыз тұлпарды таңдап алды,
Жылқының не қылмақшы бәрін айдап.
Біреуі сол тоғыздың—«Ақауыз» ат,
Порымы жануардың жылқыдан жат.
«Сауға!» деп ер Наурызбай сұрап алды,
Жүрісі сүйегі мен—бәрі де ұнап.
Сол кезде бұл тұлпардың төрт-бес жасы,
Дәл бір кез қырым ет жоқ кесер басы.
Қақпан бел, қамыс құлақ, белдемелі,
Ағаштың бөлігіндей қабырғасы.
Төрт елі қабырғасы, ені жалпақ,
Шіреген шақпақ етті, бұты талтақ.
Үстіне кісі мінсе, қоразданып,
Қарайды жан-жағына жалтақ-жалтақ.
Шапқанда, қанды көбік алдын жауып,
Қояды басын тартсаң, шайқап-шайқап.
Сартылдап, шын қызғанда, құйысқаны,
Лоқымас, жар, су келсе, онан тайқап.
Шапқанда құс секілді көрінеді,
Алдынан оның қарап тұрсаң байқап.
Өзге аттан жүріп кетсе, адымы алыс,
Қанаты қабырғада кере қарыс.
Екпіні, пысқырғанда, үй жыққандай,
Танауын десең болар бейне талыс.
Кез келген иесіне Ақауыз ат,
Арқада ер Наурызбай жүрді алшақтап.
Ежелгі ата-баба кегі үшін
Жортатын «Абылайлап» ұранын сап.
Жортқанда Ақауызды аңқылдатып,
Қолында ақ семсерін жарқылдатып.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Зәресін алған талай сұм дұшпанның,
Асықтай өшіккенді аспанға атып.
Ақауыз Наурызбайдың серігі еді,
Сауға қып ер Ағыбай беріп еді.
Астында Ақауыз жүрген шақта
Ер Науан жеңілмейтін берік еді.
Ақауыз жау оғынан мерт болыпты,
Жанына ер Науанның шер толыпты.
Қапыда жаман атпен қолға түсіп,
Қырғыз ұстап, ер Науан сонда өліпті.
Бұл сөзді оқып ем жазған хаттан,
Тексерттім өзгерістеп табиғаттан.
Өтірік ертек сөзді өлең қылып,
Ақын көп бет алдына еткен мақтан.
Әлеумет, бұл сөз анық, ертегі емес,
Таралған үлкендерден осы кеңес.
Кездескен шежіреде ердің сөзін,
Құлағың, естігенде, қағады елес.
Тарқаттым Ағыбайдың мына тойын,
Шу қылған қызықпенен Шудың бойын.
Аманат жан ұяда тыныш тұрса,
Аудармақ баспа сөзге ендігі ойым.
Ағыбай сен ажалдан кеткен аман,
Ат қойған «Ақжолтай» деп барлық ғалам.
Жамиғат, айтушыны айып етпе,
Осымен сөз аяғы бітті тамам.
Атақты ер Ағыбай шұбыртпалы,
Екеу ме сол күндегі ердің жаны.
Басынан солардың да өтіп кеткен
Опасыз баяны жоқ шіркін пәни.
Бұрынғы батырлардың бәрі тағы,
Бәрі де көрмесек те, бұтақтаңды.
Ағыбай, ер Бұқарбай, ер Қошқарбай
Атақты батыры еді Кене ханның.
Мал үшін олар ерлік қылған емес,
Салғаны жанын отқа елдің қамы.
Солардың біреуінен сөз сөйлейін,
Әлеумет, құлағың сал бұған тағы.
Мал алмақ мирас болған Абылайдан,
Таралған басқа жылға осы айдан.
Аузыма «а» дегенде тола түскен,
Азырақ сөз сөйлейін Ағыбайдан.
Сұйық жал, күміс құйрық, қамыс құлақ,
Кең кеуде, омыраулы иығы тік.
Бір ел бар деп естіпті күншығыста
Жылқысы аса тәуір, өзі жүйрік.
Жорғасы судай жылжып шаппайды екен,
Көрген жан тай-құнанын мақтайды екен.
Ағыбай батыр
(Сансызбай Қармысов нұсқасы)
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бір адам кеп айтады Ағыбайға:
«Биесі шыбын тоғыз жаппайды екен».
Ойлайды ер Ағыбай «барайын» деп,
«Сол елді іздеп, алыста болса, табайын деп.
Аттанып байтал менен сәйгүлік әкеп,
Жүйріктен өсім-тұқым алайын» деп.
Ағыбай сапарына ыңғайланды,
Қасына жеті кісі жолдас алды.
Жүйріктен өсім-тұқым алмақ үшін,
Бет алып күншығысқа кете барды.
Сол күнде ер ортасы келген жасқа,
Жан жоқ па сапар жүрген мұнан басқа.
Аз жүрді, көп-ау жүрді енді бұлар,
Келеді Қызылқайнар, Тектұрмасқа.
Тектұрмас самал салқын құрағы бар,
Атарлық арқар, бөкен, құланы бар.
Жолаушы, жолшы керуен түсетұғын
Бойында Қызылқайнар бұлағы бар.
Келеді ер Ағыбай өрге тартып,
Қорқады адамзаттан бұлар нағып.
Ұмтыла түн ішінде жүрді бұлар,
Жетеді қарауылға ерте барып.
Батырлар мінген атын бусандырды,
Тастамай батырлықтың салтанатын.
Таң асып, ат суытып жата кетті,
Келді де Қызылқайнарға таңға жақын.
Таң атып, оянады көзін ашып,
Жата ма жамандарша ұйқы басып.
Басына Тектұрмастың біреу кетті,
Басқасы ыстық қылды, бақыр асып.
ағыбай батыр
Басқасы ыстық қылды, асып бақыр,
Отырды от басында өңшең батыр.
Әлгі адам қарауылда қарап тұрса,
Елсізде бір атты адам келе жатыр.
«Келед» деп Ағыбайға хабар айтты,
«Бұл адам неткен жан» деп таңырқасты.
Қолында ырғай шоқпар, сойылы бар
Кезеңнен шыға келді асып атты.
Айтқанша, ақ сұр атты шыға келді,
Өрімдей жап-жас жігіт бұлар көрді.
Келбеті ұзын бойлы, тіп-тік сида,
Отырған батырларға сәлем берді.
Иіліп сәлем берді бұларға кеп,
Тұлғасы Ағыбайға ұнап кетті.
Адамша бұларменен амандасты:
—Ағыбай, амансыз ба, ағеке?—деп.
Сөйлесе аузы сондай сөзге епті,
Айтқан жоқ онан басқа ешбір кепті.
Жүгенін ат басына қаңтарды да,
Жеңін жастық қылды да, жата кетті.
Етегін төсек етіп жатты ұйықтап,
Именіп бұлар дағы қалды тоқтап.
Қорыққан бір кісіден сегіз батыр—
Бәрі де елден шыққан өңкей саңлақ.
Ағыбай ойлап отыр әрбір ойды,
Жас жігіт ұзын ғана сида бойлы.
Өздері асып етін жеп болғаннан соң,
Бұлар да қалған етін асып қойды.
Бұрылып етін жеді аспай-саспай,
Отырды бір-бірімен жөн сұраспай.
Етін жеп, атына мініп кетіп қалды,
Бір ауыз бұларменен ақыл қоспай.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Батыр айтар «мынау неғылған жан,
Мен мұның қылығына боламын таң.
Егерде жөн-жосығын білместен үйге барсам,
Онан да өлім артық болар маған».—
Деп айтып сөз сөйледі жауап етіп,
Айланбай бала жігіт қалды жетіп.
Анандай кетіп бара жатқанында,
Артынан қуып келді, шауып жетіп.
Міне бір Ағыбаймен жолықты кез,
Ежелден жолдас емес сыры мінез.
«Қош келдің, ағеке, қазірмін» деп,
Айтпады онан басқа бір ауыз сөз.
Келеді екі батыр, жан батпайды,
Сөйлесіп бір-бірімен тіл қатпайды.
Бурадай қаңтардағы иіндесіп,
Біреуі-біреуіне жөн айтпайды.
Ағыбай бусандырмас мінген атын,
«Құдай-ау, оңғар,—дейді,—істің артын».
Бір құлан жусап тұрған тұра қашты
Алдынан екеуінің кешке жақын.
Құланды екі батыр қуып кетті,
Атына қамшы басып екпіндетті.
Ағыбай тозаңына ере алмады,
Жібермей әлгі бала қуып жетті.
Құланға құрық салды ағындатып,
Қайтадан секіргенде қалды тартып.
Жығылып пәрменінше жерге құлап,
Үзіліп ауыз омыртқасы, қалды жатып.
Айтады Ағыбайға: «Тез түсе қал,
Арам өліп кетпесін, бауыздай сал.
Іре де жотасынан төмен қарай,
Оймалап қазысы мен терісін ал.
ағыбай батыр
Басқа етін таста»,—дейді, жүре берді,
Жағалап бір өзенге бұлар келді.
Атынан түсе қалып әлгі бала,
Маңайлап маңайынан тезек терді.
Ағыбай неге тұрсын о да қарап,
О дағы ет асарға қылды талап.
Қазыны қабырғадан бөліп алып,
Ағыбай бақыр асты, тезек қалап.
Тамағын ішіп алды күн батқанша,
Азғана демін алды ел жатқанша.
Аттарын тұсады да, қоя берді,
Өздері ұйықтап жатыр таң атқанша.
Ертерек оянады екі батыр,
Уайым ойламады болып қапыл.
Қамысы қалың сансыз шатырлаған
Жағалап бір өзенді келе жатыр.
Барар жер мағлұм емес, бұларға алыс,
Толқиды сүмбедей боп қалың қамыс.
Жағалап әлгі өзенді келе жатса,
Бақырып шыға келді бір жолбарыс.
Ағыбай қорқып, аттың басын қалды тартып,
Қайратты бала қылды жетіп барып.
Мысықша шоршып келіп қарғығанда,
Шоқпармен сыңар қолдап қалды салып.
Шоқпармен сыңар қолдап бірақ қақты,
Оны да өлген иттей домалантты.
Ұрғанда екі көзі шығып кетіп,
Тыпырлап төрт аяғы жата кетті.
Ағыбай мұны көріп қалды қорқып,
Атынан ол түскенше, қалды өліп.
—Іре де бауырынан өрге қарай,
Ал,—деді,—бауыр терісін екі бөліп.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ағыбай не қыл десе, қылды бәрін,
Батырдың көбіне болды көңлі жарым.
Сол күні бірге жатып бір далада,
Таңертең тұрып кетті таңнан бұрын.
Тыныштық бұларда жоқ, ойын-күлкі,
Жатса да, таба алмады тыным ұйқы.
Жағалап әлгі өзенді келе жатса,
Жолықты екеуіне қалың жылқы.
Жылқының ортасына келіп тұрса,
Жайылған сегіз бірдей шабдар қасқа.
Бала айтты: «Мұндай болды менің күнім,
Болмаған сабаз едім ешбір мінім.
Жануар өңкей бірдей жамбыл қасқа,
Менікі болар ма екен сенің күнің».
Келеді ер Ағыбай. Не біледі,
Атына қамшы басып тебінеді.
Таң дағы елең-алаң болып еді,
Қалың ел екеуіне көрінеді.
Ағыбай: «Түстім— дейді—қандай жолға,
Құдай-ау, сапарымды өзің онда?!»
Ертерек елге келді екі батыр,
Уайым ойламады болып қапыл.
Арасы шақырымнан жақынырақ,
Тігілген екі ақ ордаға келе жатыр.
Жолдасы қасындағы жаңа талап,
Ағыбай келе жатыр қасын жанап.
Төменгі ақ ордадан шықты дағы,
Бір қатын қарсы жүрді бұған қарап.
Келеді зар-зар жылап қатын ғаріп:
Жалғызым, жалғыздықтан көрдім бейнет.
«Көзіме көп көрінсең, өлтірем» деп,
Қайрайды-ау үйде отырсам әлгі жендет.
ағыбай батыр
Жалғызым, бұл араға сен келесің,
Алладан қаза жетіп енді өлесің.
Жалғызым, ақіретте сабыр салып,
Жалғаннан сапар шегіп жөнелесің!
Осылай қатын жылап қалды тұрып,
Бала оған қарамады мойын бұрып.
Қатынның жауабына құлақ салмай,
Төменгі ақ ордаға кетті жүріп.
Атынан түсе қалды анадай кеп,
Байқаса келген екен ашуы бек.
Батырға сол арада бір сөз айтты:
—Ағеке, қанжарыңды маған бер,—деп.
Тышқарда тілеулес боп сіз тұрарсыз,
Есен болсақ, кешікпей біз шығармыз.
Агарда мен кешігіп қалар болсам,
Мініп ап ақ сұр атпен жаның сақтарсыз.
Деп айтып сөз сөйледі жауап етіп,
Айланбай бала жүріп қалды кетіп.
Ішіне бала кірген әлгі ақ орда,
Тер шықты Ағыбайдан дір-дір етіп.
Атына мініп алып болды қашпақ,
Алқынған су жүректі немен баспақ.
Бел байлай тәуекелге тәуба қылды,
«Баланы кетем,—деп,—қайтып қиып тастап!».
Бурадай есінеді күшін жиып,
Өртеді іші-бауры оттай күйіп.
«Баладан менің жаным артық па?» деп,
Келген соң кете алмады іші қиып.
«Шыдайын не де болса осы жолға,
Енді қалдым, енді өлемін, түсем қолға».
Ішіне бала кірген әлгі ақ орда
Шиқылдап алты айналды оң мен солға.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Әрқашан ер Ағыбай болған жолы,
Қылғаны мұның сабыр—күштің молы.
Сыпсыңдап үйден бала шыға келді,
Қан болып қанжарменен екі қолы.
—Жолдасым, отырмысың, Ағыбайым,
Саған көп айтпаған менің жайым.
Жанымды сұм зәлімнен сақтады Алла,
Отырмай, атыңа мін, «Ақжолтайым».
Атына мініп төменгі үйге келді,
Тағы да сорлы қатын зар еңіреді.
Қатынға «қамықпа» деп тоқтау айтты,
«Зәлімнің шам-шырағы сондай» дейді.
Зәлім ғой жұртты жеген баяғыдан,
Шіріген талай дұшпан таяғынан.
«Жолы құтты батырмен жолдас болып,
Түсірдім іші-қарны аяғынан».
Жас бала соны айтады гүл-гүл жайнап,
Естіген ел қуанды «Ағыбайлап».
«Жолы құтты төсек сал батырыма,
Астын жұмсақ, жастығын жақсы жайлап».
Қуанып қатын байғұс қатар салды,
Ел естіп бір-бірінен хабарланды.
Төсегін жақсы жайлап салғаннан соң,
Батыры төсегінде ұйықтап қалды.
Елі естіп қуаныпты мұның жайын.
Таң атып, ұйқысы қанғаннан соң,
Баланың батыр сұрар енді жайын.
Батырға бала айтады: «Қара маған,
Жамандар еш нәрсеге жарамаған,
Неше күн жолдас болып жөн сұраспай,
Сұрасаң, менің жайым бір үлкен кеп.
Кебімді мен отырмын қозғайын деп.
ағыбай батыр
Кісі екен өзі жалғыз менің әкем,
Мейлінше бай болыпты дәулеті көп.
Әкемнің жалғыз екен ғазиз басы,
Бала десе көзінен ағар жасы.
Өзінде аға да жоқ, іні де жоқ,
Бар екен бір туысқан қарындасы.
Әкемнің дәулеті мол, болды мықты,
Жанына ұл көрмеген туын тікті.
Жат жұрттық қып жаратқан Құдай оны,
Бір елге алыстағы ұзатыпты.
Әкемнің жиен жұрты баласы боп,
Арыстан, ал жүрегі қайраты көп.
Өз қатыны буаз боп, мені тапты,
Жиеннің жолы тағы ақжолтай боп.
Малы көп, жасырады жердің жүзін,
Жиенге көрсетпеді жиен жүзін.
Көп малды симай жатқан айдап беріп,
Жиенге алып берді бір бай қызын.
Өзіне енші бөліп берген тағы,
Бөлек ауыл қондырып қойған аны.
Бар шығар, ең кем болса, бес мың жарым,
Көп жылқы соныкі еді бағанағы.
Сұм жиен өзі мықты болды арыстан,
Қайтпаған төңіректе сан жарыстан.
Қызы сұлу, орыны одан артық
Маған бір қыз әперді тіпті алыстан.
Жиеннің діні қатты қара тастан,
Адамға икемі жоқ бала жастан.
Бетіне ешбір адам қарамайтын
Сұм жиен батыр болды жұрттан асқан.
3-279*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Сұм жиен батыр болды жұрттан асып,
Мысалы Алакөлдей тұрды шалқып.
Өзінің қисабы жоқ, әрі, малы бар,
Менің де бар малымды алды тартып.
Қарашы сұм жиеннің ақылына,
Қас қылды өз інісі жақынына.
Қоймады, мал алғанмен, әлгі антұрған,
Қызықты менің алған қатыныма.
Бір күні қатыныма қолын салды,
Алмап еді, ол қатты ашуланды.
Еріксіз өз үйіне алып кетті,
«Кім келсе, көрсетем,—деп,—қызыл қанды».
Осындай мен жолықтым таза кепке,
Дауасыз ұшырадым бұл бейнетке.
«Қатыны байына алаң болады» деп,
Ниет қылды өзімді өлтірмекке.
Қатыным сол себептен хабар берген,
Бек махаббат қайырлы күшіне енген.
Шыбыным мал мен бастан артық болып,
Бір күн ақ сұр атпен шықтым елден.
Бір түн жан сауғалап кеттім қашып,
Өлтірер, ұстай алса, дараға асып.
Неше күн жол бейнетті тартып жүріп,
Бір жерге жата кеттім шаршап барып.
Бір жерге жата кеттім шаршап барып,
Аллаға жалбарындым өліп, налып.
Ұйықтап сол арада жатқанымда
Түсіме кірді менің әкем ғаріп.
Түсімде былай деді әкем пақыр:
—Әй, балам, қарап жүріп болма қапыл.
Қасында жеті кісі жолдасы бар
Ағыбай Тектұрмасқа келе жатыр.
ағыбай батыр
Жүр, балам, осы жолдың жөніменен,
Келеді олар жүріп түніменен.
Ақжолтай жолы құтты батыр еді,
Жолдас бол, барып, балам, соныменен.
Ағыбай жолдас болсаң ұшырасып,
Қосылсаң, екеуіңе болар нәсіп.
Наркескен екі жүзді қолындағы,
Аларсың дұшпаныңның басын кесіп.
Оларды адам дейді жақсы жайдың,
Көрерсің азы қарын бар Құдайдың.
Наркескен екі жүзді қолындағы
Тегінде қаруы еді Абылайдың.
Орнымнан ертерек тұра келдім,
«Ей, Алла, нәзіріңнен көрсет» дедім.
«Ертерек батырларды табайын» деп,
Сонымен Тектұрмасқа жетіп келдім.
«Бұларға мен айтпаймын жол жайымды,
Соңымнан Құдай бастап ерер дедім.
Әйтеуір түс көргенім қуаныш боп,
Айтқаны әкем пақыр келер» дедім.
Ақжолтай Ағыбай ма сенің атың?
Жайылды мұсылманға салтанатың.
Ақ үйден зар илеп, зар жылаған
Көргенің бағанағы мына қатын.
Зәлімнен қорлық-зорлық көргенім көп,
Жұрт қорқады зарланып уайым жеп.
Көп жылқы бағанағы соныкі еді,
Төменгі менің жылқым онан да көп.
Мен сізден қанжар алдым ардан кешіп,
Мен барсам, ұйықтап жатыр көңлі өсіп.
Жүректің оймасынан қанжар тығып,
Жібердім төмен қарай бірақ есіп.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ұйқысынан шошынып тұра келді,
Білегімнен ұстап ап қимыл қылды.
Білегімнен ұстап сіліккенде,
Керегеден ұстадым қорғап жанды.
Ұмтылғанда, ішек-қарны жерге түсіп,
Сұм зәлім осыменен дүние салды.
Түбінде арам ойлы оңбайды екен,
Ақ жүрген жау жапасы болмайды екен.
Өзімді арамдықпен өлтірмекші,
Осындай арамдықты ойлайды екен».
Көтерді бір аяғына Ағыбайын,
Білгенін бала батыр айтты жайын.
—Алдыңа алғаныңша жылқы айдап қайт,
Құланды сізден аяп не қылайын.
Ағыбай тосып отыр артын ойлап,
Білгенін бала батыр айтты:
—Тобынан он бір атты ұста да бер,
Қайтемін көп жылқыны бекер айдап.
Біреуі он бір аттың Ақауыз ат,
Порымы жануардың жылқыдан жат.
«Сауға» деп ер Наурызбай сұрай алған,
Бітпеген арғымаққа мұндай тұлға ат.
Сол кезде Қызылауыз бесті ат екен,
Қанатты, қабырғалы, есті ат екен.
Майысқан балдырғандай бір жануар,
Басқасы жасқа толған ескі ат екен.
Сол кезде Қызыл ауыз төрт-бес жаста,
Кез жарым, қырып ет жоқ кесер басы.
Алаштың иіп қойған түйініндей
Шіркіннің омыртқа мен қабырғасы.
Басқа аттан, жүріп кетсе, адымы алыс,
Қанаты қабырғадан кере қарыс.
ағыбай батыр
Пысқырған дыбысымен үй жыққандай,
Танауы десе болар бейне талыс.
Аяғын осыменен тоқтатайын,
Шама жоқ көп айтарға мұнан алыс.
Баламен жолдас болған ер Ағыбай
Қайтуға өз еліне қылды намыс.
Олжасыз жеті жігіт о да келді,
Ағыбай келгеннен соң, олжа берді.
Қимылда, қызыл тілім, келсе шамаң,
Тегінде ерлік қылған ата-бабаң.
Отырған тыңдаушылар, айып етпе,
Аяғын осылайша еттім тамам.
Хан болған ол бір кезде Кенесары,
Біледі Кене ханды жұрттың бәрі.
Хан Шыңғыстан туады хан Абылай,
Айтуға біле алмадым одан әрі.
Қасым хан туатұғын Абылайдан,
Талай хан өтті бұрын адырайған.
«Хан» дегенге қайқайып, масаттанып,
Қараңғылық жоймайды қодырайған.
Әкесі Кене ханның Қасым еді,
«Төре» деп атақ алған нәсілдері.
Қазаққа хандық жасап Қасым дағы,
Қалмақтың қанын судай шашып еді.
Кенесары, Құдайменді, Ержан, Саржан
Құса боп іште кеткен, солар да арман.
Қырғыздан қаза тауып ақырында,
Бас жойды қараңғылық салдарынан.
Бұлармен бірге туған Наурызбай да,
Немере, былай айтсақ, Абылайға.
Басшы соқыр болса, халық адасар,
Бұл жерін, жалпы еңбекшіл, мұны ойла.
Қыршын жаста қиылды ер Наурызбай,
Жаңа келе жатқанда жетіп бойға.
Ағыбай батыр
(Тәужи Айнатасов нұсқасы)
ағыбай батыр
Бір соғыста астынан бес ат өліп,
Қалмаған жау қолында, тауып айла.
Кенесары бір күні шақырып ап,
Былай деп айтады сөз Ағыбайға:
Ағыбай, сөз айтайын, бері келші,
Қасыңа қырық кісі алып, атқа мінші.
Наурызбайға мінетұғын бізде ат жоқ,
Бір тұлпар түрікпеннен әкеп берші.
Бойыма ішкен асым тарамай тұр,
Мінген аты Науанның жарамай тұр.
Бір күн жау қолында жаяу қалар,
Ұрысқа мінген аты шыдамай тұр.
Ағыбай, жолдасыңды ал, ірікте де,
Сендерді жау алмайды біріккенде.
Текеужәміт елінен тұлпар әкел,
Ағыбай, жолыңды тарт түрікпенге.
Ағыбай: «Бұл сөзің мақұл,—деді,
Айтыңыз тағы басқа ақыл,—деді.
Астынан бір соғыста бес ат өліп,
Наурызбай жаяу жүр ғой батыр»,—деді.
Ағыбай алды бата Кене ханнан,
Бата алып, жол жүрмекке қадам салған.
Қару-жарақ, азығын түгел алып,
Іріктеп қырық жігітті таңдап алған.
Жолдасқа қырық жігітті іріктеген,
Адамға үлкен пайда біріккеннен.
Ағыбай қырық жігітпен жолға түсті,
Тұлпар әкеп бермек боп түрікпеннен.
Ағыбай қырық жігітпен сапар жүрді,
Келеді гуілдетіп асып қырды.
Шуға келіп бір күні қонып жатса,
Естиді қамыс ішінде бір сыбдырды.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жолдасының бәрі де ұйықтап қалған,
Сыбдырға келе жатқан құлақ салған.
Қараса, бір жолбарыс келе жатыр
Екі көзі түн ішінде оттай жанған.
Садағын сонда Ағыбай қолына алды,
Атуға жолбарысты ыңғайланды.
«Дәл жүректің тұсы ғой дәп осы» деп,
Шіреніп садақпенен тартып қалған.
Ағыбай бар күшімен садақ тартты,
Жолбарыс тыпыр ете алмай, омақатты.
Жолдасының бәрін де оятып ап,
Терісін жолбарыстың сойып апты.
Тағы да атқан соң жүріп кетті,
Ән салып, өлең айтып, гуілдетті.
Бар екен ар жағында бір биік тау,
Талма түстің уағында соған кепті.
Сол таудың бұлағы бар жатқан ағып,
Сол бұлақ ағар тынбай, сылдыр қағып.
Қос тігіп, көлеңкелеп сол бұлаққа,
Жатады асып етті рақаттанып.
Жапырақ жағасында гүлденіп тұр,
Құлпырып, жүз құбылып, түрленіп тұр.
Ағаштың жапырағы сылдыр қағып,
Мысалы: бір-біріне сыр беріп тұр.
Түрлі құс—байғыз, көкек ән салып тұр,
Ән салса, тау жаңғырып, тартқандай күй.
Ағаштың, жапырақтың көлеңкесі
Шыбынсыз, желсіз, сая тіккендей үй.
Күміс-ті аққан бұлақ сылдыр қағып,
Естіген жан тояр мейірі қанып.
Көк ала үйрек ұшады шалшығында,
Садақпен тұр мергендер атып алып.
ағыбай батыр
Үйректі садақпенен атып алды,
Бақыр асты, саяда рақаттанды.
Біреу бақыр асқан ояу болды,
Ағыбай мен басқалары ұйықтап қалды.
Бақыр асқан бір қараны көзі көрді,
Сол қара адам екен, жақын келді.
Әлгі бұлақ аяғына ат суарып,
Кершолақ мінген аты сондай еді.
Кершолақ мінген аты қатып қалған,
Ақ найза шашағы бар қолына алған.
Басында дулыға бар, белде сапы,
Айбаты мысалданар жерді жарған.
Аяңдаған уағында Кершолақ ат,
Аяңына шыдамай, ойнақ салған.
Кім болса да, бес метрдей бойы биік,
Қанжығада терісі бар құлан-киік.
Аяғы ат үстінде салақтайды,
Шалғынға, жүргенінде, келер тиіп.
Сары бурыл сақалы бар ағармаған,
Бет ажары мысалы ақшыл қардан.
Саусағы жас баланың білегіндей,
Бой-сымбаты көрсе елі, құмарланған.
Ақ күмістей жалтырап отыз тісі,
Батырларға ұқсаған бар тұрмысы.
Бір-екі жүз кісі оны алар емес,
Көрмесе де, көргендей қайрат-күші.
Кершолақ ат астында мінген аты,
Текежәуміт тұлпардай қияпаты.
Майда жал, ойдық желке, кең қабырға,
Бура сан, қақпақ сауыр кейінгі арты.
Жүргенде, жайтаң қағып жарғақтайды,
Құйрығы екі жаққа бұлғақтайды.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жорғасына шыдамай жайтаңдаған,
Атқылап секіреді, ойнақтайды.
Жақындаған уағында, есі шығып,
Ет асқан бақыршысы құлап қалды.
Бақырдың қасына кеп әлгі адам,
Найзамен барлық етін түйреп алған.
Бақыршы есі ауса да, көріп жатыр,
Әлгі адам кейін қарай кетіп қалған.
Бақыршы есін жиып, тұра салып,
Ағыбайды оятты қосқа барып.
Анау кісі келді де, бақырдағы
Найзаменен әкетті бар етті алып.
Ағыбай бас көтеріп түрегелді,
Жылдам Көкбесті атты әкел,—деді.
Ерттетіп Көкбесті атты мініп алып:
Бірің барма, әкелем өзім,—деді.
Шапқылап, найза қолда, келді жетіп,
Алмаққа алабұртып көңлі кетіп.
Көз салып Ағыбайға қарамайды,
Кер атты жорғалатып барар кетіп.
Кер аттың жер жарылар жорғасынан,
Текежәуміт сияқты пормасынан.
Біреуіне бірі сай ат пен ердің,
Ағыбай шошып келед тұлғасынан.
Адамға Ағыбайдай салмас көзін,
Ет әкеткен алмастай бұдан кегін.
Ерегессе егер де, шабатындай,
Ойран етіп кеткендей бір тайпа елің.
Жасымнан өстім жырды жаным сүйіп,
Мазмұнын мағыналы ішке түйіп.
Сусыным қанша естісем қанбаушы еді,
Алардай бір басыма бәрін жиып.
Қарт жырау қолына алып домбырасын,
Бастайтын «әлқисса» деп сөздің басын.
Тізілтіп көз алдыңа сан тарихты,
Өткеннің баяндайтын уақиғасын.
Арудың ерте солған қызыл гүлі,
Айналып жоқтау-зарға бұлбұл үні.
Қапыда қолға түскен қыран жігіт
Бармағын тістеуменен өткен күні.
Болған ел «Ақтабанда шұбырынды»,
Сыңсиды Қаратаудан зары мұңды.
Тоз-тоз боп дала кезіп, жуа теріп,
Айдыны Саумалкөлдің жасқа тұнды.
Туғанда қасіретті қарбалас күн,
Ел қылып басын құрап бар алаштың.
Атақты Абылайдай ханы болған,
Жүзіндей өткірлігі ақ алмастың.
Жау жүрек соңына ерген батырлары,
Шетінен мың сан қолға татыр бәрі.
Ағыбай батырдың
үш өкініші
(Ел аузынан)
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Найза ұшы, садақ оғы, қол күшімен
Қорғалған қазақ жері атырабы.
Сырт жаудан елін, жерін қалған сақтап,
Ел сенген үміті мен сертін ақтап.
Қарт жырау күйін шертіп отыратын,
Дәріптеп кейінгіге жыр ғып мақтап.
Әуезді әлдилесе домбыра үні,
Тұнғандай көңіліңде елдің мұңы.
Желпінтіп жеңіспенен жігерлентсе,
Тарқайтын тыңдаушының ішкі шері.
Аңыз боп ел аузында сақталатын,
Жыр болып көкейінде жатталатын.
Батырдың ел қорғаған ерліктерін
Жеткізген ұрпағына қаптал ақын.
Қобызбен, домбырамен, жырмен алау
Тарихын, шежіресін ақын-жырау
Халықтың зердесіне құйып кеткен,
Бұл күнде шырқалып жүр көкте мынау.
Соның бір үзіндісі баяндарым,
Жетсе егер ақындық пен оған дарын.
Солардың әруағына басымды иіп,
Қоятын ескерткішім—қолда барым.
Ышқынып қарашаның желі суық,
Тұрғандай зікір салып кереге, уық.
Көкте бұлт шудаланып жөңкіледі,
Біреуін сатырлатып бірі қуып.
Қар түсіп қарашада қылауланған,
Жан бағу жәндікке де болған арман.
Шыдатпай қара суық жан біткенді,
Тоз-тоз болған табынды тобыр арлан.
ағыбай батырдың үш өкініші
Тайатқан басы мүлгіп, мұнартады,
Көңілсіз табиғатқа мұң артады.
Өрекпіген өзен де жылап ағып,
Қыстың да тақалғанын аңғартады.
Селеудің ұшып басы, сояу қалған,
Жусанның иісі де жоқ мұрын жарған.
Жайлаудың жазғы қызық айлы түні
Қыз бен бозбалаға болған арман.
Тайатқан мен Шұнақтың ығын ала,
Отырған қараша үйлер қара-құра.
Ортада үлкен орда ақ боз үй тұр,
Іргесін көмкеріпті шым айнала.
Оң жақта мамық төсек төрге таяу,
Үстінде ауру адам ұйқылы-ояу.
Айнала отырған жұрт іштен тынып,
Дыбысын шығармайды, сөйлеп баяу.
Таяқтай бір кездегі саусақтары,
Сіңірге ілініп тұр қаусап бәрі.
Зор дене, түкті қабақ, шүңірек көз,
Қан-сөлсіз әжімделген беттің әрі.
Шыққандай қарауылға ақырғы рет,
Дөң мұрын томардайын шалғандай өрт.
Дем тартып тіршілігін сездіреді,
Тұрғанмен үстем болып меңдеген дерт.
Жағалай үйдің іші қалы кілем,
Ілінген аң терісі қымбат кілең.
Жолбарыс төр алдында бөстек болып,
Айшықты адал бақан әсемделген.
Беріп тұр ордаға о да өзгеше ірең,
Алтындап сырлы бояу неше түрмен.
Сырмаққа қошқар мүйіз ою салып,
Желбауын шымжібектен шебер өрген.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қыранның тұғыры тұр босағада,
Ескерткіш белгісіндей осы араға.
Төрдегі Абылайдың ала туы
Бас иіп, түсе алмастан арашаға.
Батырдың тұсында тұр наркескені—
Тайсалмай талай жаумен белдескені.
Сұрапыл қиян-кескі айқастарда
Ел үшін қан майданды бір кешкені.
Дүниенің жетпегенмен есебіне,
Кетпеген ешбір жауға меселі де.
Жатқаны енді мынау, дәрмені жоқ,
Сексеннің келген шақта үшеуіне.
Бұл күнде ауру меңдеп, қайрат кеміп,
Тек қана ел тілегін жатыр еміп.
Кешегі алпамсадай батыр тұлға
Табиғат бара жатыр заңы жеңіп.
Қам көңіл мұңға толы айналасы,
Кілкіген жанарына келіп жасы.
Ағайын, туған-туыс іштен тынып,
Дәрменсіз салбырайды түсіп басы.
Көтеріп жастығынан басын биік,
Алғандай бар қайратын қайта жиып.
Тыныстап ауыр деммен бір күрсініп,
Шығарды өкінішін жүрген түйіп:
Білемін, қимайсыңдар мені өлімге,
Бірге өтті өздеріңмен өмірім де.
Алашқа атым шыққан ер болсам да,
Үш түрлі өкініш бар көңілімде.
Қорғауға ел намысын, кегін елдің,
Найза ұстап он жетімде атқа міндім.
Атақты қол бастаған батырлардың
Бірі боп хан Кененің соңына ердім.
ағыбай батырдың үш өкініші
Ұрысты қиян-кескі талай көрдім,
Жарты кез пұшпағы үшін туған жердің.
Тайсақтап қайтқан емес бетім жаудан,
Мүлт кетіп дұшпанға атқан жебелерім.
Көрсетіп сан ұрыста қайрат-айбын,
Отындай жарқырадым нажағайдың.
Әрқашан әруақ қолдап, жолым болып,
Дейтін ел: «Әруақты Ақжолтайым».
Келсе де жасым міне сексен үшке,
Ұқсайды кешкен ғұмыр көрген түске.
Осынша жасарымды білген болсам,
Қалмас ем бармақ тістеп өкініште.
Өлімнің құтылмастай қармағынан,
Қалың жау қоршағандай жан-жағымнан.
Науанның «Ақкелеген» зарлы даусы
Кетпейді әлі күнге құлағымнан.
Әркімнің болады ғой жаны басқа,
Мақсат бір болғанымен әуел баста.
Науанға қайта айналып барар едім,
Білгенде келерімді осы жасқа.
Осы еді айтпақшы бір өкінішім,
Кетпеген, сірә, есімнен ғапыл ісім.
Ағыбай атағыма үйлеспейтін
Айтайын, тыңдасаңдар, екіншісін.
Жайылды атақ-даңқым тамам елге,
Әруағым жебеу болып көргендерге.
Тұтынған затым егер қолға түссе,
Ырым ғып қасиеттеп ілер төрге.
Ел сыйлап, пір таныған қайран басым,
Тағдырдың жазымышы сол болғасын.
Сүйегім үлкен үйден шығарылмай,
Жастанды кіші әйелдің босағасын.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Талшыбық, ақ бәйбіше—сүйген жарым,
Аманжол, Аманбайдай балаларым.
Жер шалғай, жете алмадым, ауру меңдеп,
Осы ғой көңілдегі бір арманым.
Шәкежан бәйек болып бағып жатыр,
Балалар одан туған балдай татыр.
Тек қана лайықсыз атағыма
Деген сөз «Тоқалынан шықты батыр».
Не дейді ертеңгі күн тосын адам,
Жасқанып жаудан бетім жасымаған.
Тоқалды қанша жақсы көрсем дағы,
Атыма лайық па осы маған?!
Ең зоры өкініштің жанды жеген,
Ойымнан бір шықпайды, шошып денем.
Қапыда қан уыстап, азар кештім,
Бұ дағы бір әңгіме сыры терең.
Кетейін әлім барда айтып соны,
Тарқасын ішкі шерім зарға толы.
Мерт қылдым бір аруды білместікпен,
Сол болды өкініштің ең бір зоры.
Бір жылы жылқы алуға шықтық беттеп,
Жаз шыққан мезгіл еді дала көктеп.
Келеміз қырық жігіт, басшысы—мен,
Соқтырып сал желіспен самал өкпек.
Бақ қонып, қыдыр дарып әуел бастан,
Байлығы, атақ-даңқы жұрттан асқан.
Жылқысы кілең тұлпар жайық жақта
Бай бар деп естігенбіз аты—Бостан.
Жеткізген бізге айтушы оның жайын,
Қонаққа дастарқаны тұрар дайын.
Шетінен тұлпар туған жылқысының
Басқа елге шығармайды жетім тайын.
ағыбай батырдың үш өкініші
Бағусыз көп жылқысы салып ойын,
Жатады жазда жайлап Жайық бойын.
Шетінен ұстап әкеп қосады екен,
Өткізер болса біреу айт пен тойын.
Кем болмай шыққан тегі аталықты,
Қыдырдан шаңқай түсте бата алыпты.
Бәйгеге қосқан аты тізбек келіп,
Еліне «Және Бостан» аталыпты.
Сонымен, қырық жігіт кеттік жүріп,
Шамалап жер бағдарын оймен біліп.
Тақымға шоқпар басып, қолда найза,
Сары садақ, сұр жебені мойынға іліп.
Жеткенде межелі жер қарасына,
Ел жатып қалар мезгіл шамасында,
Тіредік аттың басын дамылдауға
Жайықтың жыныс тоғай ағашына.
Суытып атымыздың ерін алдық,
Тың тыңдап, айналаға құлақ салдық.
Шәугімге шай қайнатып, тамақтанып,
Ер жастап, тоқым төсеп, жатып қалдық.
Тым қысқа бұл мезгілде жаздың түні,
Дегенше өте шығар әні-міні.
Тербеліп самал желге жапырақтар,
Жағымды жыршы құстың шығады үні.
Жағасы Ақ Жайықтың жасыл құрақ,
Талайға ата қоныс болған тұрақ.
Қасқалдақ айдынында бір қылт етіп,
Қаз-үйрек асыр салған су сабалап.
Түрілді түн етегі көтеріліп,
Қияға бұлт желегін кетер іліп.
Жер жүзін алтын арай нұрға малып,
Сұлу күн сылаң етіп шықты күліп.
4-279*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Адамы секілденіп алыс жердің
Үстіме қара барқын киім кидім.
Ауылын Бостан байдың бағдарлауға
Елеусіз жүргінші боп атқа міндім.
Келемін жіті көзбен шолып маңды,
Көк майса ат тұяғы қақпас шаңды.
«Жолшы ма, жоқ іздеген жай адам ба?»
Сияғым дегізгендей жолыққанды.
Күн дағы көтерілді маңдайды ала,
Бір жан жоқ қыбырлаған, мидай дала.
Ұшқан құс, жүгірген аң кезікпейді,
Көлбеңдер көз ұшында сағым ғана.
Даланың майда қоңыр самалы ескен,
Шаңқиып ашық аспан төнеді үстен.
Көрінді ақ боз үйлі, жылқылы ауыл,
Асқанда құм-шағылды бір белестен.
Ауылға жақындадым жүріп жайлап,
Жөн сұрап, жай білуге сөз ыңғайлап.
Қаперсіз еш нәрседен бейбіт ауыл
Желіге жылқы иіріп, құлын байлап.
Таянып сәлем бердім ата жолмен,
Жолаушы келген жандай көлденеңнен.
Бір жігіт он жетілер шамасында
Көзіме түсті ерекше өзгелерден.
Көргенде сол жігітті, әлденеден
Жүрегім шымыр етті, шошып денем.
Шыңғыртып жас құлынды береді ұстап,
Айрылмай екі қолы тиген жерден.
Басында сеңсең тымақ, үсте шекпен,
Саптама етік, байпағын әдіптеткен.
Талдырмаш бой тұлғасы, өткір көзді,
Секілді көргеннен-ақ қимылы өктем.
ағыбай батырдың үш өкініші
Шақырып оқшау тұрған бір жігітті,
«Мейманды үйге апар» деп әмір етті.
«Кетпесін мен барғанша» деген сөзі
Естілді маған сұсты, құдіретті.
Екеуміз аяңдадық үйге қарай,
Алайда білдірмедім бөтен сыңай.
Көрмеде қыл жирен ат байлаулы тұр,
Алды-артын шолып өттім көзбен орай.
Ақ үйге кіріп келдім сәлем беріп,
Ақсақал елең етті мені көріп.
Біреуге қонақасы қам жасатты,
Жөн-жосық, амандықты сұрап біліп.
Сияқты жас мөлшері жетпіс асқан,
Боз қырау сақал-шашы араласқан.
Жылқысын алуға біз іздеп шыққан
Осы екен әйгілі бай Және Бостан.
Сусындап, көп бөгелмей, жүріп кеттім,
Балаға кездеспеуді ниет еттім.
Із тастап білдірмеуге келген бетті,
Айналып жігіттерге келіп жеттім.
Жігіттер, атыңа қон, қамданыңдар,
Найза емес, ақ сойылды қолға алыңдар.
Ауылы Бостан байдың мына бетте,
Ат қойып «Абылайлап» ел шабыңдар.
Уақыт аз бәрін айтып түсіндірер,
Ауылда бала-шаға, кісі бірер.
Кермеде байлаулы тұр қыл жирен ат,
Алдымен соны қолға түсіріңдер.
Адам жоқ ауылында қарсы шабар,
Айырып бізден жылқы алып қалар.
Бір бала он жетілер шамасында,
Бір қайрат көрсететін осы болар.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Көрсетсе, бір көрсетер осы қайрат,
Түсінде батырға тән бардай айбат.
Тәуекел, не істеуші еді жалғыз бала,
Тиіңдер ен жылқыға «Абылайлап!»
Лап қойды қырық жігіт кідірместен,
Шаң басты ауыл үстін астан-кестен.
Қарулы қалың қолға шыдасын ба,
Жылқыны айдап шықтық елдей көшкен.
Ес шығып даңғазаға, айқай-шуға,
Құлын-тай аяқ асты қақтығуда.
Шыққанда қозы көш жер елден аулақ,
Шаң шықты артымыздан бір шоқ шуда.
Сол шаңға қарайладық көзді тігіп,
Алуға атын қоса етіп үміт.
Сүйткенше құйындатып келіп қалды
Қыл жирен үстіндегі бала жігіт.
Тигенде ен жылқыға «Абылайлап»,
Қыл жирен жер тарпыған көзі жайнап.
Жігіттер сұғынып кеп ала алмаған,
Кісен сап, шынжыр керме қойған байлап.
Суылдап құйрық-жалы ескен желге,
Түйдек шаң артта қалып дестелене.
Жылқыға араласып кетті кіріп,
Алданып мойын бұрмай ештеңеге.
Кәнігі ұрылардай сірі тақым,
Орғытып ойпаң жерден мінген атын.
Жігерін құмдай қылды батырлардың,
Келтірмей сойыл сілтер жерге жақын.
Ұстатпай, қаша ұрыс сап, алдын орай,
Жеріне қауіптенер маңайламай.
Атынан үш-төрт жігіт түсірді де,
Қайтарды жылқы бетін кейін қарай.
ағыбай батырдың үш өкініші
Сойылын сілтей алмай, ыза кернеп,
Кей батыр қапаланып, қалды меңдеп.
Тұспа-тұс кеп қалғанда қапталыма,
Мені де салып өтті көлденеңдеп.
Қасына тиген шоқпар қайың ердің,
Быт-шыт қып сындырғанын көзбен көрдім.
Бұл ыза қайратымды сыртқа теуіп,
Шақырып әруағымды, күңірендім.
Жалма-жан көк найзаны алып қолға,
Лақтырдым мұрша келмей ойланарға.
Қыл жирен шекесінен құлап түсті,
Ат жалын құша лықсып жігіт алға.
Етпеттеп жігіт жатыр жерді қауып,
Артынша батырлар да келді шауып.
Көргенде қыз екенін түйген шаштан,
Құлап қала жаздадым есім ауып.
Кетіпті болат найза жерге кіріп,
Қара қан дірдектейді құмға сіңіп.
Қайғырдық сол арада қапа болып,
Батырдың қыз екенін сонда біліп.
Әр адам қасіретін көзден ұқты,
Болғанмен жан шыдамас қанша мықты.
Найзаны зорға тартып алғанымда,
Ышқынып қыздың жаны бірге шықты.
Хабарлап Бостан байға алып жүрдік,
Бұл кезде шығып қаппыз жолға күндік.
Қаралы қайтқан көштей ұбап-шұбап,
Ауылға бесін ауа келіп кірдік.
Бостан бай жас сорғалап сақалынан,
Қан жұтып қайғыменен қапаланған.
Мән-жайын білгеннен соң жортуылдың,
Қос қолын теріс жайып бата қылған:
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
—Ел сыйлап, қадірлеген, ханым Кене,
Осы ма бергендігің елге өнеге!
Бүлік сап тыныш жатқан ауылыма,
Бар еді қанды кегің қандай менде?!
Жазықсыз жан болды ма белдескенің,
Жау болып шыққаны ма ел дескенім?!
Жіберсең сәлем айтып «ат керек» деп,
Шетінен көзін тізіп бермес пе едім.
Қазақтың жетпеді ме ен даласы,
Бар еді қандай құның менде аласы?
Келгенде жетпіс төртке қу бас шалдың
Жазылар енді қайтіп жан жарасы?!
Өсірген ұл орнына жалғыз қызым,
Шынымен таусылды ма дәм мен тұзың?!
Мал жиған зияным жоқ бір шал едім,
Сұм тағдыр, мені қайдан көрді көзің?!
Айтқам жоқ төрде отырып елге билік,
Ел-жұртым сыйлаушы еді жетпіс үйлік.
Жазығым—бір Құдай мен Кене ханға
Жылқымның болғаны ма бәрі жүйрік?!
Түн болды енді, міне, көрген күнім,
Қапамен қайғы жұтып, шықпайды үнім.
Тал қармап тұңғиыққа тастағандай,
Бар еді қандай жазық, қандай мінім?!
Қол жетпес шынар едім өскен биік,
Ішіме жалын-шоқты салды күйік.
Бұл малдың енді маған керегі не?!
Алып бар Кене ханға бәрін жиып.
Қалыппыз жер шұқылап төмен қарап,
Айтқандай бізге қарғыс барлық алап.
Білмедім не айтарымды Бостан байға
Өсірген жалғыз қызын ұлға балап.
ағыбай батырдың үш өкініші
Өкіндім бармақ тістеп, қапаландым,
Қанішер қарақшыдай атанғаным.
Ағаттық бір іс өтті, шара бар ма?!
Бостанның қанға малдым ақ сақалын.
Сол қызды көргеннен-ақ, сұм жүрегім,
Сезгендей бір сұмдық дірілдедің.
Сескеніп ешбір жаудан қайтпаған бет,
Тайсақтап кездесуден неге имендің.
Жасырып сеңсең тымақ түйген шашын,
Шекпені көлегейлеп бой-тұлғасын.
Қызға тән нәзіктігін байқамаппын,
Болған соң қайраты өктем, сұсты басым.
Сол қызды айттырғанда Наурызбайға,
Болар ед теңелгендей жұлдыз айға.
Адамның арыстаны туар еді-ау,
Халыққа тигізетін нағыз пайда.
Не керек, бұл әшейін өкінішім,
Қан жылап, әлі күнге қайнайды ішім.
Құдайдың берген маған зауалы ғой,
Өмірден бармақ тістеп өту үшін.
Сонымен, жылқы алмастан қайттық елге,
Шомылтып атымызды арам терге.
Арқалап Бостан байдың қайғы-зарын,
Түскендей өзіміз де сергелдеңге.
Жорықтың әрқашан да жолы қатты,
Дегенмен, осы оқиға жаман батты.
«Болар іс болды, еліңе бос қайтпа» деп,
Бостан бай жетектетті бір-бір атты.
Осы еді өкінішім өмірдегі,
Түйткіл боп кетпей жүрген көңілдегі.
Күрсініп ауыр демін ішке тартып,
Ақ туға көзін салды төріндегі.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Онан соң ешбір дыбыс білінбеді,
Бетінен нұр сәулесі көрінбеді,
Еріні болар-болмас дірілдеді.
Жан-жаққа қоштасқандай қарады да,
Жұлдызы ағып түсті көгіндегі.
Ертеде болған екен ер Ағыбай,
Ол кезде ер болмапты Ағыбайдай.
Кешегі Кенесары заманында
Ерлігін көрсетіпті елге талай.
Білмеген Ағыбайды ел болмаған,
Теңеліп қарсыластар ер болмаған.
Ағыбай ешбір жанға бас ұрмаған,
Басынан дұшпан ісін асырмаған.
Жалғызы Ағыбайды бөгеген жоқ,
Қандай жан есіл ерге тор құрмаған.
Батырда бес жүз кісі нөкер болған,
Соғысқа шеттерінен шебер болған.
Жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр тазы—
Теп-тегіс бәрі оларда қыс пен жазы.
Айт пен той, ойын-сауық үзілмейтін,
Және көп неше түрлі өнер болған.
Жүрмеген қару алмай жігіттері,
Шорлатқан алтын-күміс белдіктері.
Садақ пен сапы қанжар айбалта екен
Жауына көрсететін ерліктері.
Байлаулы тағы белде қорамсақтар,
Жайы бар жауға тиіп жарамсақтар.
Ер Ағыбай
(Қажыбек Қаңтарбаев нұсқасы)
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бәрі әзір, жандарында күндіз-түні,
Қарумен ел ерлері елін сақтар.
Сол кезде жаугершілік заман екен,
Халықтың әдеттері жаман екен.
Кездесіп дұшпандары бір-біріне,
Тоналып тырдай болып қалады екен.
Кездесіп бір жорықта кәпір қалмақ,
Ағыбай соны есіне алады екен.
Бір күні қалың қалмақ қамап алып,
Жорықта жатқан жерін біліп алып.
Ағыбай қараңғыда ерін көрмей,
Бір батыр қолда қалған жараланып.
Жолдасы еді Ағыбайдың ер Көлебе,
Келгенде екіұдайда жеме-жемге.
Жекпе-жек Ағыбайдан кем соқпаған,
Сүйінген халқы талай ерлігіне.
Тұрысы сұлу еді сұңқар қабақ,
Айдыны Ағыбайдан да артығырақ.
Жерінде нойандары байқаушы еді,
Өрт мінез, алғырт еді батыр бірақ.
Атақты Алтай атты таудан арман
Бар екен қалың қалмақ қоныс ауған.
Батыры кәпірлердің Қолаба атты,
Сол еді Көлебені ұстап алған.
Өзі хан, өзі батыр—ол Қолаба,
Қалмақ жоқ одан мықты ол арада.
Найзагер, садақ тартқыш сырттан екен,
Талайдың жанын пәниден қылған жұда.
Денесі еңгезердей, түсі суық,
Келмейтін ашуланса ешкім жуық.
Соғыста жалғыз өзі жүз кісілік,
Сұм қалмақ жұрттан асқан үздік туып.
ер ағыбай
Бар екен Қолабаның жалғыз қызы,
Жолындай құмырсқаның басқан ізі.
Онан сұлу аспанның астында жоқ,
Жаудырар қарақаттай екі көзі.
Елінде талай қалмақ болған ғашық,
Жалғызы бата алмаған аяқ басып.
«Қаракөз қайсымызға тиеді» деп,
Қоятын талай бекер сыр сырласып.
Ағыбайдың Көлебені іздеп шыққаны
Бір күні жұртын жиды ер Ағыбай,
Келіпті нояндары бірі қалмай.
Іріктеп сексен жігіт нөкер алып
Аттанды Қолабаға содан былай.
Күреңше жер тебініп астындағы,
Оқ бойы алдында отыр ер Ағыбай.
Көк найза көлденеңдеп, белде садақ,
Сауыты үстіндегі күміс жарғақ.
Өзгелердің бәрінде қос-қос аттан,
Ішінде дара мінген Ағыбай-ақ.
Осы тұрған Баянның басын құлай,
Кезіпті Сарыарқаны ер Ағыбай.
Шырылдаған бозторғайға үнін қосып,
Ән салған сексен жігіт дала шулай.
Не жұмбақ, ертедегі ерлер жұмбақ,
Өмірінде керуен боп өткен талай.
Шашағы найзалардың желп-желп етіп,
Жарқылдап қару-сайман жарық-жұрық етіп.
Бір түнеп, Қызылтаудан арман өтіп,
Шығыстан бара жатыр көктей өтіп.
Хантауы мен Қарауылдан өткен кезде,
Сыртында бұл қалды бұлт күзетіп.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Батырлар сол бетімен он төрт қонып,
Қара Ертіс өлкесіне келді жетіп.
Осы жерде екі-үш күн тынықтырып,
Қарауылда қалмақты тұрды күтіп.
Қалмақтың Көлебені өз еліне алып барғаны
Қолаба Көлебені байлап алған,
Мақтанып өзі еліне алып барған.
Бекітіп қол-аяғын кәпір қалмақ,
Шұқырлап терең қазып, жерге салған.
Көлебе неше күндей сонда жатты,
Өткенде екі-үш күн бір нәр татты.
«Тұтқында Көлебедей батыр бар» деп,
Қаракөз бір күн түнде іздеп тапты.
Бұрыннан естиді екен Көлебені,
Жас сұлу ғашық екен бір көргелі.
Үңгірден Көлебені шығарып ап,
Отырды төмен қарап сөйлегелі.
—Рас, сіз Ағыбайдың жолдасы ма,
Атақты ер Көлебе қолбасы ма?
Мен сізді босатуға ант берейін,
Төгілген қарайсыз ба көз жасыма?
Қиямын сіз үшін мен ел-жұртымды,
Ойлама өтірік деп бұл сертімді.
Қайтсем де босатамын, көңілім ақ,
Жалғыз-ақ білдір маған өз дертіңді.
Көлебе жауап берді Қаракөзге,
Бар сөзін айтып сұлу болған кезде:
—Сіз сүйсең, менде сүйдім, көңілім ақ,
Атам Абылайдың әруағы айғақ осы сөзге.
Көлебе құшақтайды Қаракөзді,
«Ендеше мен сенікі» деген кезде
ер ағыбай
Күміс ай көкте тұрып бата берді,
Жұлдыздар жымыңдайды көріп бізді.
Үндемей түн тұншықты жым-жырт болып,
Сүйісіп жан тұншықты көңілі тынып.
Құмармен Көлебені құшқан шақта,
Балдағы Қаракөздің кетті үзіліп.
Екеуі кетпек болды осы түнде,
Қалмақтан құтылғалы сәтті күнде.
Қаракөз екі тұлпар алып келді,
Қалдырмай қаруы мен киімін де.
Шаңқайтып екі бозды ерттегенде,
Үміті екі жастың жүрегінде.
Алтайдың Ақтау алқап асуынан
Тоқтамай тағы да өтті ертең түнде.
Қалмақтың қызын іздеп қуғаны
Қолаба ертеңінде бүлік салды,
Кеткенін Қаракөзбен біліп қалды.
«Кетті,—деп,—дұшпаныммен дұшпан болып»,
Қууға қасына бес жүз кісі ертіп алды.
Көпіріп аузы-басы, көбік болып,
Жеке өзі нөкеріне қарамады.
Қос жирен, қос алғаның қос береді,
Ішінен Аршакөкті таңдап алды.
Жарысты ұшқан құспен арам қатқыр,
Жетпеген Көлебеге несі қалды.
Жаңылтпаш жартастардан кетсе қарғып,
Тау кезіп жалғыз қалмақ асыр салды.
Мінгені өзгелердің ылғи жүйрік,
Сонда да түгел ері ере алмады.
Бұлдырап сағым қуып Қолаба ұшты,
Соңынан қарасын жұрт көре алмады.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ағыбайдың Көлебені іздеп келе жатқаны
Ағыбай үш күн жатып демін алды,
Жан-жақты қарауылдап көзін салды.
Басына Кендірлінің шығып тұрып,
Таңбайдың бір қараны көзі шалды.
«Аттан» деп нөкерлерін үлгіргенше,
Жақындап екі құйын келіп қалды.
Жырынды Таңбай тушы тағы қарап,
«Дәл осы Көлебе» деп айтып салды.
Көтерді Абылайдың ала туын,
Биікте қолында еді ер Таңбайдың.
Көлебе қарсы жүрді ер Таңбайға,
Көрген соң Ағыбайдың қарауылын.
Батырлар аман көріп, көңілі тынды,
Қаракөз аттан түсіп, сәлем қылды.
Ағыбай разы болып келініне:
«Жарқыным, көп жаса!» деп бата қылды.
Таңекең тағы шалып айналаны,
Көреді келіп қалған Қолабаны.
«Аттан» деп нөкерлерге хабар беріп,
Майдан қып күтіп тұрды бір даланы.
Қолаба тұра қалды жақын келіп,
Сайдағы Ағыбайдың қолын көріп.
«Ең мықты, жекпе-жекке тез шығыңдар,
Ішейін қандарыңды ұрттап тұрып».
Ағыбай Күреңшеге өзі мінді,
Шақырып ескі әруақ кәрі жынды.
Көлебе: «Мен шығамын, кегім бар» деп,
Өтініп, ағасына жол бермеді.
Қаракөз жетіп келіп Ағыбайға:
—Сауыты жоқ ініңіздің, түспепті ойға,
ер ағыбай
Әкемнің ашуланған түрі жаман,
Қоймайды ініңізді енді жайға.
Айтқанша осы сөзді, бітті жұмыс,
Сілкініп батырлар да бастады ұрыс.
Қолаба Көлебені салып өтті,
Тегінде сұм қалмақтың беті дұрыс.
Көлебе тигізбеді, қағып қалды,
Қолаба айналып кеп найза салды.
Дәлдетті алып қолдың ырғауымен,
Өкпеге сағасынан найза барды.
Көлебе аттан түсті жер баурлап,
Қолаба кегін алды, қанын ішті.
Ес кетті Ағыбайдың нөкерінен,
Қаракөз Көлебені барып құшты.
Қан ақты Көлебеден дір-дір етіп,
Қара жер жұта берді есі кетіп.
Қаракөз жансыз тәнді қалды құшып,
Жетпеген сорлы жасын мөлтілдетіп.
Көп сорлы бұл секілді қалған талай,
Күн жоқта жетім болған алдымен ай.
Күнәсіз жас сорлыны отқа салған,
Рақымсыз, жазымыш пейіл бұ да қалай?!
Ұмытылды Қаракөзге тағы Қолаба,
Қанды бас, көк найзаны алып қолға.
Ағыбай одан бұрын қағып қалды,
Тұр еді қылыш даяр сол қолында.
Ағыбай Қолабаға өзі барды,
Кәпірге өзіндей қып найза салды.
Жығылып аттан қалмақ құлағанда,
Қаракөз ақ семсермен басын алды.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Басынан Қолабаның дәурен өтті,
Кешікпей көп нөкері о да жетті.
Қаракөзді Таңбай тушы кейін сақтап,
Өзгелері соғысқа түгел кіріп кетті.
Батырлар қылыштарын қанға былғап,
Топылдап аттан түсті талай қалмақ.
Аттанып уыттанған ер Ағыбай,
Тобына жалғыз кірді көзі жайнап.
Сай-салса сансыз өлік дертке толды,
Жарқылдап найза қылыш оңды-солды.
Қалғаны қалмақтардың қашып кетіп,
Қашпаған мықтыларын қырып болды.
Найзаның, қылышымен қанын сүртпей,
Ағыбай Қаракөзге қайта келді.
«Өле-өлгенше құныңды жоқтармын» деп,
Құшақтап Көлебені еңіреді.
Сүйегін елге қарай алып жүрді,
Тоқтаусыз Таңбай тушы жылай берді.
Соғыста ту ұстаған соңын бағар,
Таңбайдың ұмтылмауы содан еді.
Еліне сүйтіп қайтып келді Ағыбай,
Көп қайғы бұл жолында көрді Ағыбай.
Тетелес Көлебенің өз ағасы
Таңбайға Қаракөзді берді Ағыбай.
Жас қойшы тыңдап отыр қасымдағы,
Тымағын қолына ұстап басындағы.
Шынтақтап жатқан тыныш кәрі қойшы
Сөйледі ертегісін жасындағы.
Ертеде болған екен ер Ағыбай,
Ол кезде ер болмапты Ағыбайдай.
Баяғы Абылай хан заманында
Ерлігін көрсетіпті елге талай.
Білмеген Ағыбайды ел болмаған,
Тең көріп қарсыласар ер болмаған.
Үш жүзге Ағыбайдың даңқы кетіп,
Ол кезіп, ол бармаған жер қалмаған.
Ағыбай ешбір жанға бас ұрмаған,
Басынан дұшпан ісін асырмаған.
Жалғыз жан Ағыбайды бөгеген жоқ,
Қандай жау есіл ерге тор құрмаған.
Батырда бес жүз кісі нөкер болған,
Соғысқа шеттерінен шебер болған.
Шықпайтын нөкерлері айтқанынан,
Ағыбай не қыл десе, соны қылған.
Жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр тазы,
Теп-тегіс оларда көп қыс пен жазы.
Айт пен той, ойын-сауық үзілмейтін,
Және көп не секілді өнерпазы.
Ағыбай батыр
(Ел аузынан)
5-279*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жүрмеген қару аспай жігіттері,
Шорлатқан алтын-күміс белдіктері.
Садақ пен сары қанжар айбалтасы
Жауына көрсететін ерліктері.
Байлаулы тағы белде қорамсақтар,
Жәйі жоқ жауға тисе жарамсақтар.
Бәрі әзір, жандарында күні-түні,
Қарумен ер-ерімен елін сақтар.
Ол кезде жаугершілік заман екен,
Халқының әдеттері жаман екен.
Батыры күшті елдердің одақтасып,
Өштескен елін шауып алады екен.
Қапылыс дұшпанына кездескендер
Тоналып жұрдай болып қалады екен.
Кездесіп бір жорықта қалың дұшпан,
Ағыбай сол ісіне назалы екен.
Бір топта қалың қалмақ қамап алып,
Жорықта жатқан жерін біліп қалып.
Ағыбай қараңғыда көзі көрмей,
Бір батыр қолда қалған жараланып.
Жолдасы еді Ағыбайдың ер Көлебе,
Келгенде екіұдайға жемге-жемге.
Жекпе-жек Ағыбайдан кем соқпаған,
Сүйсінген халқы талай ерлігіне.
Тұрысы сұлу еді, сұңқар қабақ,
Айбыны Ағыбайдан артығырақ.
Жырынды нояндары байқаушы еді,
Ұрт мінез, аңғырт еді батыр бірақ.
Атақты Алтай атты таудан арман,
Бар еді қалың қалмақ қоныс алған.
Батыры қалмақтардың Қолаба атты,
Сол еді Көлебені ұстап алған.
ағыбай батыр
Өзі хан, өзі батыр—ол Қолаба,
Қалмақ жоқ онан мықты ол арада.
Найзагер садақ тартқыш сырттан екен,
Талайды жан-тәнінен қылған жұда.
Денесі еңгезердей, түсі суық,
Келмейтін, ашуланса, ешкім жуық.
Соғыста жалғыз өзі жүз кісілік,
Ерлік пен жұрттан асқан үздік туып.
Бар еді Қолабаның жалғыз қызы,
Жолындай құмырсқаның басқан ізі.
Аспанның онан сұлу астында жоқ,
Жаудырар қарақаттай екі көзі.
Елінде талай жігіт болған ғашық,
Жалғызы бата алмаған аяқ басып.
«Қаракөз қайсымызға тиеді» деп,
Қоятын талайлары сыр сырласып.
Бір күні жұрт жияды ер Ағыбай,
Келіпті нояндары бірі қалмай.
Ұнатып, ақылдасып жиылған жұрт:
«Батырға ерсін,—деді,—ноян Таңбай».
Іріктеп сексен кісі нөкер алды,
Аттанды Қолабаға содан былай.
Күрең ат жер тебініп астындағы,
Оқ бойы алдында отыр ер Ағыбай.
Көлденең көк найзасы, белде садақ,
Сауыты үстіндегі күміс жарғақ.
Бәрінде өзгелердің қос-қос аттан,
Ішінде дара мінген Ағыбай-ақ.
Бір қонып Қызылтаудан арман кетіп,
Шыңғыстан бара жатыр көктей өтіп.
Хантау мен Қаратаудан өткен кезде,
Сыртында Шыңғыс қалды бұлт күзетіп.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Батырлар сол бетімен он төрт қонып,
Қара ертіс өлкесіне барды жетіп.
Аттарын бір-екі-үш күн шынықтырып,
Қалмақты қарауылда тұрды күтіп.
Қолаба Көлебені байлап алған,
Мақтанып өз еліне алып барған.
Бекітіп қол-аяғын Көлебенің,
Шұқырлап терең қазып, жерге салған.
Көлебе бірнеше күн сонда жатты,
Өткенде екі үш күн бір дәм татты.
«Үңгірде Көлебе атты батыр бар» деп,
Қаракөз Көлебені іздеп тапты.
Бұрыннан естиді екен Көлебені,
Жас сұлу асық екен бір көргелі.
Үңгірден шығарып ап Көлебені,
Отырды төмен қарап сөйлегелі.
—Рас, сіз Ағыбайдың жолдасы ма,
Атақты ер Көлебе қолбасы ма?
Мен сізді іздеп келдім бір себеппен,
Төгілген қарайсыз ба көз жасыма?
Ағаңа алып бердім шын ниетімді,
Ойлама «өтірік» деп бұл сертімді.
Қайтсе де босатамын, көңілім ақ,
Жалғыз-ақ білдір маған өз бетіңді.
Көлебе жауап берді Қаракөзге,
Бар сөзін айтып сұлу болған кезде:
—Сен сүйсең, мен де сізді қабыл алдым,
Ай менен аспан айғақ осы сөзге.
Көлебе құшақтады Қаракөзді,
«Ендеше мен сенікі» деген кезде
Күміс ай көкте тұрып бата береді,
Жұлдыздар жымыңдады көрген бізді.
ағыбай батыр
Үндемей түн тұншықты жым-жырт болып,
Сүйісіп жас тұншықты көңілі толып.
Құшырмен Көлебені құшқан шақта,
Балдағы Қаракөздің кетті сынып.
Екеуі кетпек болды осы түнде,
Қалмақтан құтылғалы сәтті күнде.
Қаракөз екі тұлпар алып келді,
Қалдырмай қаруы мен киімін де.
Екеуі мініп екі ақбоз атқа,
Білдірмей кетті жүріп көп қалмаққа.
Алтайдың күнбатысын бетіне алып,
Көлебе бастады еркін Арқа жаққа.
Шаңқайтып егіз бозды ертеңінде,
Отты үміт екі жастың жүрегінде.
Алтайдың Ақтау алқап асуынан
Тоқтамай тағы да өтті ертеңінде.
Қолаба еліне ертең бүлік салды,
Кеткенін Қаракөздің біліп қалды.
«Кетті,—деп,—дұшпаныммен дұшпан болып»,
Қасына бес жүз кісі нөкер алды.
Көпіріп аузы-басы, көбік болып,
Жеке өзі нөкеріне қарамады.
Қос жирен қосалқаның бедеуі
Ішінен Аршакөкті таңдап алды.
Жарысты ұшқан құспен арам қатқыр,
Жетпеген Көлебеге несі қалды.
Жасыл тас, жар тастардан қарғып түсіп,
Тау жарып жалғыз қалмақ асыр салды.
Мінгені олардың да ылғи жүйрік,
Сонда да нөкелері ере алмады.
Бұлаңдап сағым қуып Қолаба ұшты,
Соңынан қарасын жұрт көре алмады.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ағыбай үш күн жатып демін алды,
Жан-жақты қарауылдап көзін салды.
Басына Кендірліктің шығып тұрып,
Таңбайдың бір қараны көзі шалды.
Әскерді аттандырып үлгергенше,
Жақындап екі құйын келіп қалды.
Жырынды Таңбай тушы тағы қарап,
«Дәл өзі Көлебе» деп айтып салды.
Көтерді ала туын Абылайдың,
Биікте қолында еді ер Таңбайдың.
Көлебе ер Таңбайға қарсы жүрді,
Көрген соң ала туын Абылайдың.
Батырлар аман көріп, көңілі толды,
Қаракөз аттан түсіп, сәлем қылды.
Ағыбай риза болып келініне:
«Жарқыным, көп жаса!» деп бата берді.
Таңекең тағы шолып айналаны,
Көреді келіп қалған Қолабаны.
«Аттанды» деп батырларға хабар беріп,
Майдан қып күтіп тұрды бір даланы.
Қолаба тұра қалды жақын келіп,
Сайдағы Ағыбайдың қолын көріп.
«Ең мықтың, жекпе-жекке тез шығыңдар,
Ішейін қандарыңды ұрттап төгіп».
Ағыбай Күрең атқа өзі мінді,
Шақырып ескі әруақ кәрі жынды.
Көлебе: «Мен шығамын, кегім бар» деп,
Өтініп ағасына жол бермеді.
Қаракөз жетіп келді Ағыбайға:
—Сауыты жоқ ініңіздің, түспепті ойға.
Әкемнің ашуланған түрі жаман,
Қоймайды ініңізді енді жайға.
ағыбай батыр
Айтқанша осы сөзді, бітті жұмыс,
Сілкініп батырлар да бастады ұрыс.
Қолаба қылышымен салып өтті,
Тегінде Қолабаның беті дұрыс.
Көлебе тигізбеді, қағып қалды,
Қолаба айналып кеп найза салды.
Дәлдетті алып қолдың ырғауымен,
Өкпеге сағасынан найза барды.
Көлебе жер бауырлап аттан түсті,
Қолаба кегін алды, қанын ішті.
Ес кетті Ағыбайдың нөкерінен,
Қаракөз Көлебені барып құшты.
Қан ақты Көлебеден дір-дір етіп,
Қара жер жұта берді есі кетіп.
Қаракөз жансыз тәнді қалды құшып,
Жетпеген сорлы жасын мөлдіретіп.
Көп сорлы бұл секілді қалған талай,
Күн жоқта адасқандай аспанда ай.
Кінәсіз жас сорлыны отқа салған,
Рақымсыз қара пейіл сұмдар қалай.
Ұмтылды Қаракөзге сұм Қолаба,
Қанды бас, көк найзаны алып қолға.
Ағыбай қағып қалды онан бұрын,
Тұр еді қылыш даяр сол қолында.
Ағыбай Қолабаға өзі барды,
Оған да өзіндей қып найза салды.
Жығылып аттан қалмақ құлағанда,
Қаракөз ақ семсермен басын алды.
Кешікпей көп нөкері тағы жетті,
Басынан Қолабаның дәурен өтті.
Қаракөзді Таңбай сақтап кейін тұрды,
Соғысқа өзгелері кіріп кетті.
Ойласам, оқа-зер тұтқан
Көңілдің тұнық көзінен
Айқын болған әңгіме.
Аспанның ашық көгінен
Есімде жүрген ер ісі.
Елдің ертек сөзінен
Қарасам, соны көремін.
Өмірдің көне өңінен
Ызалы жалын ұшқандай
Әркімнің шерлі көңілінен.
Атысып ру шабысқан
Хан, төренің гебінен.
Өлім өртеп, өрт жұтып,
Тас атысқан жеңінен.
Жауласып өткен жастары
Тентек туып тегінен.
Ел бейбіт болмапты
Ел арқасы кеңіген.
Кенесары кеткенде,
Сол дәуірдің дөңінде
Бауланып өскен Байсейіт
Наурызбайдың өзінен.
Құрап алып қол жинап
Жетісудің жерінен,
Салтанат құрды батыр боп
Ұлы жүздің елінен.
Алатаудан арқалы
Байсейіт батыр
(Саяділ Керімбеков нұсқасы)
байсейіт батыр
Шеңбелене шебімен,
Қарағайын буынған
Қарсақ жортпас белінен.
Денесін тауға баласам,
Шынар шыбық бойы бар.
Қайнардың тұнық көзіндей
Атқыған ақыл ойы бар.
Ердің есіл-дертіне
Елдің мұңы жолығар.
Аяғын алға бастырмас
Ағайын елдің торы бар.
Наурызбай, Кенесарының
Соғысының соңы бар.
Жүрегінде ерімей
Елдің жүрген тоңы бар.
Елші түсіп екі елге,
Жасанып тұрған қолы бар.
Ебіне келсе, елдеспек
Ерлердің құрған тобы бар.
Қамқорлардың халыққа
Қазған қара жолы бар.
Істің сәті боларда
Оралғының оңы бар.
Келе-келе батырлар,
Кең өлкеден жиналып,
Мұрындық елге мұз белдер
Ойға терең миланып,
Ел бітімін ерекше
Есіне сақтап тұр халық.
Не дуалы ауыздың
Жұртқа сөзі тыңдалып,
Қорытпаған қоқым бар.
Қорғасынды ұрланып,
Түлкі құйрық төрелер
Сөйлемей отыр бұлданып.
Мырзалар да кекесін
Мысқылдана қуланып,
Қариялардың сөзіне
Кезек бермей шыршалып.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Көтеріңкі көңілмен
Хан құтырына жынданып,
Бұлттай өңі қоюлап,
Түнергенде сұрланып.
Тек батырлар бас шайқап,
Күрсінеді ыңыранып.
Ел басына сол күннің
Аспандай бәрі ауды.
Шешендердің топ жарған
Қалмағандай қажыры.
Көтерілді көп тілден
Жуан сөздің тамыры.
Елін селге ағызбақ
Екі жақтың арыны.
Ел ісінде тұтқынға
Түсіп кеткен бауыры.
Босатып оны қырғыз,
Оңай ма жұрттың алуы.
Соның үшін жұмсалмақ
Бойындағы қаруы.
Шыға келді ортаға
Ақ сауыт киген тау ұлы.
—Айбалтамды,—дегендей,—
Атысқан жауға шабамын,
Бояймын қанға,—дегендей,—
Көк сүңгімнің сағағын.
Не болмаса мен қаза
Жау қолынан табамын.
Сабырлы оймен салмақты
Сүйеп жерге садағын,
Дулығаның астынан
Түрді көпке қабағын.
Шашақты найза қолдағы
Қояр жанға тірелді.
«Маған, жұртым сөз бер» деп,
Көптен кезек тіленді.
—Сөйленбеген сөз бар ма
байсейіт батыр
Үндеріңде үнемді?
Ел болудан үздіңдер
Үміт пенен күдерді.
Қан түленіп қабағын,
Халқым неге түнерді?
Жұртқа пайда бар ма екен,
Түнергенде біз енді?!
Азат қылсақ болмай ма,
Кесіп тұтқын шідерді.
Торқа орамал кепкенше,
Топтың сыны түзелді.
Тірілтуге дәрмен жоқ,
Өлтірдің қапы бір ерді.
Сол батырдың нақақтап,
Сұрап отыр жұрт құнын.
Соға бермек сол үшін
Байқасам сөздің ұшқынын.
Ойламайды Орман хан
Осындайда жұрт мұңын.
Босатуға көнбейді
Қазақтың неге тұтқынын.
Орман ханның ойында
Өреңді қысқа етпекші.
Береке-бітім іздетпей,
Түбімізге жетпекші.
Ел мақсатын көздетпей,
Өзі хан боп өтпекші.
Кінәласып ұрысқан
Ел аумағы беттесті.
Жұрттың бетін Байсейіт
Өткір сөзбен игеріп:
—Елге жеңіс бермесек,
Ерлік қайда үлгеріп.
Төрт түлік баққан ел едік,
Өскен егіз күн көріп.
Егін қалды салусыз,
Елден безіп дүниелік.
Түбіміз бірге туысқан,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жаудың кебін кимелік.
Өткен іске өкпелеп,
Жіпке пәле тізбелік.
Мұнан былай біріміз
Бірімізге тимелік.
Үстінде соның балалық,
Екі елден шықса бір желік.
Сол терінің пұшпағын
Көп талқымен илелік.
Ел қорғаудың емін тап,
Жұрт басшысы ізденіп,
Күнін сатып жер-суға,
Патшадан жендет жүр келіп.
Мейірі қайқы, пейілі жат,
Сөйлесе алмай, тіл беріп.
Алар болсақ, алдырдық,
Найзаға мойын түйреліп.
Патшаның қолы жағадан
Ұстап езсе алқымды,
Иті талап ырылдап,
Тартып жейді балтырды.
Қалай соған беремін
Қырғыз, қазақ халқымды.
Билеп-төстеп, мыс қылмақ
Хан қазына-алтынын.
Аяғына жүн қылмақ,
Жерге төсеп нарқымды.
Нарқымды жауға бермесем,
Сарып болмай сарқынды.
Арқалатса ел жүгін,
Ел мойнына артылды.
Тайкең асық жаудікі,
«Бер,—деп,—бүтін алшыңды»
Үйірген сонда қой сақа
Алшысынан шаншылды.
Жол боларда осындай
Жораға сөз айтылды.
байсейіт батыр
Әр жерден сөйлеп әр адам,
Көтеріп дауыс қарқынды,
Бірімен-бірі дос болып,
Табысуға талпынды.
Ер-тоқымы Кененің
Ұлына Сыздық тартылды.
Ел-елдегі тұтқындар
Өз жеріне қайтылды.
Еш кінә жоқ ел-елден,
Еміренген төсінде.
Қырғыздың Келе батыры,
Төрекелді ішінде.
Бір топ батыр қол қойды
Ел жасаған бітімге.
Ердің қапы болған жоқ
Ел қорғаған ісінде.
Біріктірді бүкіл жұрт
Бірлігі мен күшін де.
Сыпатай батыр, Сұраншы
Алтын найза шашақты
Ұлы жүзден екеуі
Еңкейіп келіп атақты
Төрекелді төсіне
Төстерін қойып тақапты.
Сүйіскенде батырлар,
Көздерінен жас ақты.
Татуласты батырлар,
Араз болмай аралық.
Жамағандай жүрекке
Жаңадан бір жаңалық.
Батырдың сөзін ем көріп,
Екі рулы халайық
«Аттанса жауға майданға,—
Деді,—түгел барайық».
Сая болып сарбазға
Бір ыңғайлы соққандай
Сонша көптің толқыны.
Батырлары бар елдің
Басынан жоқ қорқуы.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Елін қорғап жат жаудан
Жер сілкінткен жортуы.
Қараағаштай қалың қол
Мінді түгел ертті атқа.
Төре, сұлтан мінген жоқ,
Кейін бағып керітартпа.
Бөлді сонда Байсейіт
Қолдың бетін төрт жаққа,
Қашаннан бері қауіпті
Төңіректегі өрт жаққа.
Төрекелді аттанды
Он мың қолмен Ташкенге.
Бағыныпты сол шаһар
Патшадан келген әскерге.
—Енді бізге жауламақ,
Ісіне қабыл сәт берме.
Ел намысын, ер болсаң,
Өлгеніңше қастерле.
Сұраншы батыр аттансын
Өз қолымен Шымкентке.
Өзі жаулық қылмаса,
Ішегін елдің кірлетпе.
Етегіңе ел жисаң,
Ерінбей теріп, тірнекте.
Ел жарасын жазуды
Ер мойныңа міндетте.
Сонан қалың қол жинап,
Қосылсақ келіп дүрмекке.
Сонан соңғы жұмысты
Қояр едім бір бетке.
Сыпатай, Сыздық аттансын
Жолдың ұзақ керіне,
Оралдағы кіші жүз
Исатай ердің еліне.
Бағынбасын бар жұрты
Патшаның қулық ебіне.
Сарыарқаның сапары
Керек қылды мені де.
байсейіт батыр
Алдым кеше Арқадан
Ағыбайдың жауабын.
Жіберіпті сол маған
Бір сенімді адамын.
«Бағындырды патшалық
Арқаның,—депті—қазағын.
Алатауға айдаһар
Ашпақ тағы аранын.
Байсейітке сәлем де,
Күзетіп енді жаранын,
Атсын,—депті,—алдынан
Жай оғындай садағын».
Ағыбайдың түсірмей
Сөзінің жерге табанын.
Жерге жауды жеткізбей,
Бөгеуге жедел барамын.
Төрт бөлінді он мыңнан
Төңірекке қырық мың қол.
«Өзді-өзіңе әрқайсың,
Азаматым, әзір бол»
Деген сөзбен қоштасып,
Еңкеңдесіп тартты жол.
Бәріне бұйрық тапсырып,
Байсейіттей батыр ұл
Ұзағанша көзінен,
Қарлықтырды дауысын,
«Бермегін,—деп,—қазақтың
Қауырт жауға намысын».
Қардай жауған қалың оқ
Жеңбеген ер бағытын.
Тоғыз қабат торлатып
Үстіндегі сауытын,
Талай жаудың шығарған
Көріне көміп табытын.
Денесі құрыш болаттай,
Төртбақ батыр дембелше
Асығатын әр жауға
Ажал тауып бергенше.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Әуелден бергі әдеті—
Жауға қарсы келгенше,
Дамыл көрмей жортатын
Мұқатып оны жеңгенше.
Саулатып ерлер жөнелді
Түн жүрегін тілгіндей.
Нажағайын аспанның
Иығына ілгендей.
Айсыз түнде тұлпары
Жаудың иісін білгендей.
Аққан тасып Іледен
Өтуге қарсы именбей.
Қой алдында серкедей
Батыр бастап көп елді,
Төгіліп аққан теңізді
Төте кесіп жөнелді.
Батырға сонда ере алмай,
Қалың нөкер бөгелді.
Тобыңды жазбай, еркіндеп,
Өтінді жұртқа «тез енді».
Тоқтаусыз ерлер тоғыды,
Тобын суға жаздырмай.
Көптің күші апатқа
Аман кетпек шалдырмай.
Бүлдіргесін ар жаққа,
Алып өтіп қалдырмай,
Шолынша алға жіберіп,
Жалғызданды андыздай.
Қанаттасып қалың қол,
Бірнеше күн өткенде,
Не орын тауып оқ өтер
Жүні қалың шекпенге.
Жаудың бойын бақылап
Көкөзекке жеткенде,
Алдынан қардай оқ жауды
Көп төбеден өткенде.
байсейіт батыр
Сонда қолын Байсейіт
Елге сілтеп кейінгі,
Мылтық оғы тілсіз жау
Жазым болмай шегінді.
Ыдыраған қол ыңғайлы
Жыраларға бөлінді.
Жау көзіне аз ғана
Некен-саяқ көрінді.
Қызылданып көкжиек,
Күн ұяға көмілді.
Тыпыршыған тұлпарлар
Ауыздығын кемірді.
Апақ-сапақ аралас
Атын ерлер тебінді.
Тұлпардың қалың тұяғы
Жер тозаңын шаңдатты.
Шаңға көміп отыз мың,
Ортаға қамап салдатты,
Адырнадан садағын
Атқыш ерлер аңыратты.
Жарым түннен ауғанда,
Даланың бетін қан жапты.
Ерлігіне батырдың
Ел разы сондағы.
Жау төсіне кіршілдеп
Көк сүңгі найза қолдағы,
Аш бөрідей жұтынып,
Қанға тояр болмады.
Жиілетті үстіне
Соғыстың пісіп толғағы.
Қалыңдығы салдаттың
Қаптағандай қара сел.
Ақтық күшін айдады
Әскербасы офицер.
«Ат мылтықты батырға,
Ал ортаға ел жібер».
Ортаға қамап алмағы
Байсейіттей батыр ер.
6-279*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Шабуылдап ақ көбік,
Атының үсті қара тер.
Садағынан сан рет
Төңкерілді төбе бел.
Бытырлаған бағана
Мылтық даусы басылды.
Араласып қолма-қол,
Әркімнің еті ашынды.
Жараланып талай тән,
Судай қаны шашылды.
Тұт келтірмей Байсейіт,
Жауды жоннан асырды.
Тоз-тоз болып қашты жау
Айнабұлақ жонынан.
Қараталдан өткізіп,
Қуды батыр соңынан.
Бақанасты бастырып,
Үш төбенің құмынан.
Қолға түсті әр салдат,
Адасып ара тобынан.
Аякөзге тықсырып,
Жауды қуып барды да,
Құлазы құмға кіргенде
Байсейіт жетті алдына.
Сары ала шекпен офицер
Енді қапы қалды ма?
Сығалап қара мылтығын,
Баспақ болды қам қыла.
Онан бұрын тартылған
Сары ала садақ зу етті,
Іліп садақ жөнелді.
Құзғын зұлым иекті
Теректей жерге құлатты.
Арам дене сүйекті
Астындағы қан жиреп,
Жүгірісін үдетті.
Түбінен түріп сыпырып,
Қайтадан орап түнекті,
байсейіт батыр
Аттық мойнын кейінгі
Қалған қолға түзетті.
Тарта шауып келеді,
Тізгін іркіп жай ғана.
Қансыраған тән өлген,
Майдан болып айдала.
Алыстан көріп аңсады
Жұрт батырдың жетуін.
Есеп қылса майданды,
Табан бопты жеті күн.
Салдатты санап кім тұрсын,
Шығыны қазақ екі мың.
Сөйлегенде тетігін,
Оқтың жалғыз орны бар.
Үстіне ала төсінің
Атпаған салдат болмаған.
Сауыттың мезгеп тесігін,
Жұрттың сонда дәрмені
Шаңқай түске ту тікті.
Төбеге қарай аңдыздап,
Бәрі де аттан түсіпті.
Неше күндей қатынған
Аттың белін босатты.
Ерттеп оның орнына
Жетелеп жүрген қос атты.
Ет пісіріп жеуіне,
Қостар қазып ошақты,
Қарауылға көздетті
Қауіпті деген шоқатты.
Шолысып біріге Байсейіт
Ар жақтағы бағытты,
Жуық жерде еш нәрсе
Жоқ сияқты қауіпті.
Ыстық күнге пысынап,
Ауырсынып сауытын,
Баулығын шешіп ағытты.
Сауытын саспай бөктеріп,
Мініп ұшқыр атына,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Әңгімелі бір досын
Ертіп жүрді қасына.
Жуық тұрған төбенің
Шықты серуен басына.
Отыр мынаған дегендей
Орын берді тасы да.
Жүрді біраз досымен,
Төсін төсеп самалға.
Тұрған тура сығалап,
Бекінген жау қамалда.
Ту сыртынан дәл мезгеп,
Атып қалып табанда,
Екі салдат көрінбей,
Жетті қашып адамға.
Сонда батыр шақырды:
«Оқ тиді,—деп,—арқамнан.
Неге шештім сауытты,
Деп өкінді,—қамқамнан».
Ұмтылды ерлер сол жауға,
Атына мініп қаңтарған.
Жер күңіренді «жібермей,
ұста» деген айқайдан.
Даланы сарын үн басып,
Батырға жұрт күңіренді.
Құйындап қашқан салдатқа
Қуғыншы жетіп үлгерді.
Қуды жедел, ұстады,
Жау найзаға түйрелді.
Кескілеп оны қанжармен,
Істеді жұрт білгенді.
Қолға түсіп, қор болып,
Әлек болып атқандар,
Жайғап келді батырға
Жауды қуып шапқандар.
«Маған мынау оқ тиген,
Абыржып енді саспаңдар.
Кездікпен тіліп етімді,
Оқты сойып тастаңдар».
байсейіт батыр
Жабысқан сырттан жасыл оқ
Жанды қинап тым қатты,
Батқан сайын батырдың
Денесіне шым батты.
Батырдың етін кесе алмай,
Сонша батыр зыр қақты.
Тәбеті көптің тартпайтын
Халқына батыр қымбатты.
Қоныс қылды қорғасын
Жауырынның арасын.
Батқан сайын сүйекке,
Бұзды батыр мазасын.
Оқты сойып алудың
Жұрт таба алмай дауасын,
Белбеулермен бес құлаш
Шанды таңып жарасын.
Оқтың батқан орнынан
Қан дедектеп саулады.
Бір құмалақ қорғасын
Таудан ауыр салмағы.
Еліне алып қайтуға
Көптің көңілі ауады.
Мінгізді ерді атына,
Жиналып жаран қаумағы.
Жұрт батырын қаумалап,
Сонан былай жай жүрді.
Аспан, жердің арасы
Арыстан ерге қайғырды.
Жау қапыда табанын
Аңдаусыз жерде тайдырды.
Елге сосын жете алмай,
Ара қонып, ай жүрді.
Айда жетті аулына
Жатпай-тұрмай аялдап.
Шықты жұрты алдынан,
Атты біреу жаяулап.
Үйіне жетті сабырлы,
Саспай жүріп аяңдап.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бастан-аяқ болған-ды
Батыр көпке баяндап.
Арқасын оттай оқ кеулеп,
Семіргенін қанына
Сездірмеймін десе де,
Сезді сұлу жары да.
Төрт жаста ұлы Бексейіт
... ... ...1
Шүкірленді ішінен,
Мейірі қанып тағы да.
Күннен-күнге меңдеген
Батты жара жанына.
Төңірекке кеткен төрт батыр
Онан келген дерек жоқ.
Төрт батырсыз жараға
Жаннан келер себеп жоқ.
Жеңіліп жаудан қайтқан қол
«Көрдім, білдім» деген жоқ.
Өксіп батыр ерлерін,
Ішінен тынды шемен боп.
Сенделіп үйде жүреді,
Сездірмей дертін кісіге.
«Ерлердің бір көлденең
Болды ғой,—деп,—ісіне».
Сүйегін тесіп алты айда,
Қорғасын кірді ішіне.
Ыңыранбапты ер сонда,
Тісін басып тісіне.
Өкпе-бауырын аралап,
Оқ жеткенде күшіне,
Өлім жапты пердесін
Батырдың тұлға түсіне.
Сергек өлім дүниеден
Секіргенде сақ қайтты.
Баласынан қазақтың
Батыры өліп, бақ қайтты.
1 Қолжазбада бір өлең жолы өшіп қалған.
байсейіт батыр
Ерді көміп молаға,
Бауырым салған ат қайтты.
Сонда көпке Сүйінбай
Өлеңімен көңілін нақты айтты:
—Уа, халайық, халайық,
Енді бізге жырғау жоқ.
Енді батыр туғанша
Көздің жасы құрғау жоқ.
Жауға тақыл қылатын
Ешбір шара ылғау жоқ.
Бөгеп тұрған алдында
Бөген болып шырмау жоқ.
Арыстан едің, Байсейіт,
Атыңнан қапы жығылдың.
Жау алдынан жай тартқан
Енді жауға тығын кім?
Басына тумақ бар елдің
Ыңыршақ атты ығыр күн.
Түтіндей бықсып көңілсіз
Шер қайнар ығыр күн.
Ер Сыпаттай ерекше
Жолбарыс едің жортарман.
Сыздық жетім ер жетіп,
Өсіп едің ортамнан.
Оқ үстіне оқ тиіп,
Өтті менің қолқамнан.
Жыларсың, жұртым, жыларсың,
Маңдайынан сар тамған.
Ұмтылғанда Сұраншы
Бүркіттей жауға қомданған.
Айбыным едің алысқа
Ақ найзаңды толғанған.
Келер күнде келмедің,
Асып кетті болжалдан.
Аман емес, әйтпесе,
Аяғың сенің торланған.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Төр дегенім, төр емес,
Жолың сенің орланған.
Ор дегенім, ор емес,
Құның бөлек қорғалған.
Адамзаттың сырттаны ең,
Ерегіскен дұспанның
Қанын судай ұрттап ең.
Келмедің сен де, кешіктің,
Жағасын жаудың жыртпақ ең.
Жыға алмадың, жығылдың,
Тіріде жауды құртпақ ең.
Тасты жерде тау болар,
Таса жерде жау болар.
Батырлы елде мал болар,
Ағашты жерде тал болар,
Су аққан өзен жар болар.
Мүмкін елден тағы да
Батыр туып, бар болар.
Батырларың болғанша,
Уа, жамағат, жараңдар!
Топтанып тұрма топ жазып,
Шаруаңа тараңдар.
Ортамызда осындай
Сөзді баққан адам бар.
Патшасына жағынып,
Бара сала жамандар.
Байсейіттің он бір жастағы кезінде, Арқадан Кене хан ауып
келгенде, Кене хан Тойшыбек батырдың қасына келіп қонған
екен. Кене хан Наурызбай, Ержан, Құдайменді, Наурызбай
бір қатыннан. Жалқы үшеуі бір қатыннан екен. Арқадан бері
шыққанда: «Ұлы жүз бен қырғызды қаратып алармыз, Науан
батыр. Бірақ алдымызда үш бел бар, сол үшеуінен өте алсақ,
батыр»,—деді.
Кене ханның сөзі:
—Үш бел бар алдымызда, аса алмаймыз,
Аса алмасаң, қадамды баса алмаймыз.
Үшеуінің перісі бізден басым,
Ер Науан асырмаса, нашарлаймыз.
Арғы атам—хан Абылай, атам—Қасым,
Науанжан, ұзақ болсын өмір жасың.
Менің қаупім, шырағым, сол үшеуі,
Үшеуінің дауы зор өте басым.
Еш нәрседен қылмайды олар қауіп,
Барған жағын талқандар көңілі ауып.
Біреуі жас, екеуі толған адам,
Қырғызды ап тұрады, барса, шауып.
Ер Науан, берік боп жүр өзіңе-өзің,
Соларды білдіргелі айтқан сөзім.
Барған соң, үшеуінің түр-сипатын
Шырағым, Науан батыр, көрер көзің.
Бізді екі дәу жолбарыс жүрген бағып,
Дұшпанды аждаһадай жүрген шағып.
Байсейіт батырдың тарихы
(Тәжібай Байбағышов нұсқасы)
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қолдайтын, Науан батыр, сізбен бізді,
Жүретін сол екеуі атақ тағып.
Ұраны Абылай хан батыр байдың,
Нәсілі және осылай біздің жайдың.
Қырғыз басқа,үш жүздің баласына
Баласы бәрі төре Абылайдың.
Бәрі де тұлпар мініп ту ұстап жүр,
Алтынды, күмісімен уыстап жүр.
Үш батыр соларға да бойұсынбайды,
Барған жағын быт-шыт қып қуыстап жүр.
Кене хан ағаң төре, князің бар,
Қайтпайтын ерлікпенен сабазың бар.
Жас баласың, ер Науан, түбін ойла,
Ашуланшақ, жеңілтек мінезің бар.
Барамыз қырғыз бенен қазаққа да,
Төзерміз қайғы-қасірет, азапқа да.
Қайнаған су, жанған от жүрген жерің,
Түсінде еш көрерміз тозаққа да.
Соны айтып неше күнде келді көшіп,
Отын-су, дәм-тұз айдап келді нәсіп.
Ордасын Тойшыбекпен қатар тігіп,
Отырды батырлармен есендесіп.
—Тойшыбек, қастарыңа көшіп келдік,
Қырғызға көрсеткелі біраз ерлік.
Енді жақсы батырға хабарлап қой,
Абылай хан, Қасымұлы мен Арқа жерлік.
Болайық, амандасып, елге таныс,
Арқадан ауып келдім, жерім алыс.
Жолда әркімнен сұрап ем: «Кім батыр?» деп.
Жақсы адам,—деп айтты,—сізді қалыс.
Сонан соң тура келдім қасыңызға,
Қызығып батыр деген басыңызға.
Күнде сөз, күнде сөйлеп танысармыз,
Бір Алла жәрдем берсе басымызға.
Кене хан қанша қарашалармен ақ ордаларын тігіп жатты.
Ешкім батып бара алмайды. Әгерде барам деген адам болса,
атты түйе алып барып, ордаға түсіп, сәлем-аманға келеді екен.
Төренің Абылай ханнан бергі жолы солай екен. Бір күні төре
байсейіт батырдың тарихы
елді жиып, жақсы кісілерінің басын қосып айтты: «Біздің
келгеніміз ұлы жүзбен бас қосып, танысып, батырларымен
ақылдасып, мақұл көрсеңіздер, сіздерге жау болған адамдар
болса, күш қосып қаратып алсақ. Бұған не дейсіздер?»—деді.
«Мақұл сөз»,—деп төреге уәде берді, баталасып отырды. Ал
тағы сөзім бар: «Ел ішінде тентектер бар, ұры бар оған тыйы
латын шара қолданалық»,—деді. «Қайтіп тыямыз?»—деді
отырған жұрт.Сонда төре сөйледі: «Тыю былай болсын: Менің
ұрым сендердің қолыңа түссе, өзіме әкеліп бер. Өзім қандай
жаза болса қылайын. Сіздердің ұрыңыз біздің қолымызға
түссе, өздеріңізге берейін. Сіздер де өздеріңіз жазалаңыздар»,
—деді. «Мақұл, әділ сөз» деп бәрі баталасып, «Аллаху акбар»
деп тарқады. Сонымен жұрт тыныш жата берді.
Ал енді Байсейіт батыр сол күндері он бір жаста еді. Бір
күні атасына: «Анау ақ орда кім, ата?»—деді. Тойшыбек
әкесі: «Ол Кене хан деген төренің ордасы, балам, оған бар
ма. Егер барған адам болса ат, түйемен барады. Бекер барған
кісінің басын кесіп тастайды. Барма, балам»,—деп қорқытып
қояйын деп айтты. Бір күні бала, бір бәсіре тайы бар еді. Бие
байлап жатқанда, мініп шауып барып көрейінші деп ордаға
түсе қалып, тайын белдеуіне байлап, сәлем беріп кіріп барды.
«Әлейкумассалам, балам, жоғары шық»,—деп орнынан ұшып
түрегелді. Бала жоғары отырды. Жан-жағына қараса, дүние-
сайман, жабдық жайнап тұр. «Ата, мынау не?»—деп сапыға
қарады, тура ұмтылды. Төре:
—Отыр, балам, отыр. Балаға суырылмайды,—деді. Бала от
ырды. Төре:
—Кімнің баласы едің?—деді. Сонда бала айтты:
—Тойшыбек деген қарашаңыздың баласымын,—деді.
—Өзің батырдың баласы екенсің, біздің үйге келген адам
құр келмейтін,—деді. Бала:
—Құр келгенім жоқ, бәсіре тайым бар еді, соны белдеуіңізге
байлай келдім,—деді.
—Жарайсың, балам,—деп үстіне өзіне лайық киім кигізіп
шығарды. Бала тайын белдеуге байлап, жүгенін алып жүріп
кетті. Әкесі баласын іздеп жүрсе, төренің ордасынан шығып
келеді екен.
—Балам, қайда бардың?—деді.
—Ана төреге бардым.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
—Төреге құр бармайды дегенім қане, балам.
—Ата, құр барғаным жоқ. Шұбар тайымды белдеуіне
байлап кеттім,—деді. Сонда Тойшыбек батыр ішінен ойлай
ды. «Ай, балам-ай, өмірің қалай болар екен» деп көзіне жас
алып, үйіне жүре берді. Байсейіт үйіне кеткен соң, Наурызбай
Кенесарыға айтады: «Бір кішкене бала келіп еді. Оның қылған
ісі көңілімізге тура келмейді деп Наурызбайдың сөзі айтқан
Кене ханға:
—Кішкене бала келді үйге кіріп,
Жоғары шық, балам, дедің ұшып тұрып.
Онан үлкен зорсынған адам келсе,
Зер салып қарамаушы ең мойның бұрып.
Баланы көре салып мойның бұрғаның,
Тұра алмаушы ең, орныңнан ыршып тұрдың.
Сескендің не себептен, батыр төре?
Ал енді мәнісін айт бізге сырдың.
Айтып ең төрге шық деп, төрге шықты,
Төмендеп отырмады өрге шықты.
Сіз ылқың деп тұрған соң, енді ме деп,
Мысалы барымызды жерге тығады.
Отырып жан-жағына қарап тұрды,
Бір өзін қанша жанға балап тұрды.
«Ата, мына тұрғандар не нәрсе?» деп,
Сапыны суырмаққа талап қылды.
Төре боп апшың мұндай қуырылмас,
Жасадың бүйткенің жоқ бірталай жас.
Үш айттың, бала орнынан тұрып еді,
Отыр, балам, отыр деп сорылмас.
Сізден артық адам жоқ ақсүйектен,
Төресіз елден артық бақ, сый еткен.
Әкесі келсе, жатып қол бересіз,
Туған бала екен ғой Тойшыбектен.
Әкесінен туа ма баласы асып,
Ордаңа кім бар демей, кірді басып.
Біз де байқап отырдық түріңізді,
Дегбір қылмай қалдыңыз отасасып.
Бала үйден шыққанша, тақсыр төре,
Не себептен отырдың өңің қашып?
байсейіт батырдың тарихы
Сонда Кене ханның інілеріне жауабы:
—Бала келді есіктен сәлем беріп,
Сескеніп қалдым, Науан, көңлім еріп.
Екі иінінде бар екен екі арыслан,
Жолбарысым тығылды соны көріп.
Бұл бала жас та болса, батыр еді,
Бір өзі мың кісіге татыр еді.
Көре салып көтіме кіріп кетті,
Екеуі үстімде ойнап жатыр еді.
Жолбарысым көтіме кіріп кетті,
Кірген соң көңлім ойнап еріп кетті.
Бала емес сыйладым арысланды,
Сол үшін төре орнынан тұрып кетті.
Сол үшін құрметтеді төрең тұрып,
Сыйламасам, жолбарыс қалар құрып.
Арыслан жолбарысты шайнап кетсе,
Бізде хандық бола ма Құдай ұрып.
Сол үшін құрметледім шық деп төрге,
Отырды бала барып жоғары өрге.
Бұ не деп бала тұрды орнынан,
Аузым бармай отырды тек тұр дерге.
Екі иінінде мініп тұр оның досы,
Төренің боп тұрған жоқ көңіл қосы.
Суырса, бірімізді шаптырады,
Суырылмайды дегенім менің осы.
Әркімді Құдай жолға бастайтұғын,
Бір ойы ердің осы саспайтұғын.
Үш бел бар деп өзіңе айтып шықтым,
Сол белдің біреуі осы аспайтұғын.
Науан хан, ойламағын өзінің жасын,
Біледі жас та болса дос пен қасын.
Жас бала тұлымсыз деп ойламаңыз,
Күші артық сізбен бізден, дауы басым.
Дұшпанын бұрын көріп қызып қойған,
Тамаша өскен бала қызық тоймен.
«Өзің өлмей дүниеде, құл болма» деп,
Жаратқан маңдайына жазып қойған.
Жаратқан жері артық Тойшыбекте,
Әруағын жер жүзіне жайшы депті.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қазасы жеткен күні оқтан өлер,
Бет алған дұшпанынан алар кекті.
Жаралған әуел бастан бала дұрыс,
Қазақ атты ұранға болады ерсі.
Мылтық өтпес, найза өтпес, қылыш кеспес
Бұл баланың денесі о да құрыш.
Баланың мен байқадым барын сынап,
Көрдің ғой, неше түрмен тұр ғой ұнап.
Үйсін дегін «батырмын» дегендерден
Бәрінен артық екен о да тым-ақ.
Шырағым, осылайша, Науан батыр,
Сенің де әр ерлігіңе шығар татыр.
Келген-кеткен адамды осы ордаға
Кене хан бекер емес, сынап жатыр.
Бала екен о да басым, түсі суық,
Дұшпанды қор қылғандай, алдын буып.
Екі көзін көрдің ғой, тостағандай,
Мұндай ер көргенім жоқ өзім туып.
Бір күні төре сонымен жатыр еді, Төренің бір ұрысы Тойшы
бек батырдың қолына түсіпті. Төреге апар деп беріп жіберді.
Төреге ұрысын апарып берді. Төре ертең ел жиылсын деп ха
бар берді. Баталасқан ел тегіс жиылып келді. Сонда төре екі
асау бие алдырып, ұрының екі бұтынан байлап қоя берді. Бие
лер тепкілеп, екі бұтын екі жаққа жыртып, мылжалап кетті.
Елдің денесі тітіреп шошып кетті. «Мына төре қалай? Басқа
жазамен жазаласа болмай ма? Ешкімге жаны ашымайтын төре
екен-ау» деп жұрт тарқап кете барды. Сонан кейін бір күндері
Тойшыбектің ұрысы төренің қолына түсті. Тойшыбекке апар деп
беріп жіберді. Тойшыбек ұрысын көріп жаман састы. Біреудің
жалғыз баласы екен. Тойшыбек аяңдап төреге келді. «Төре, біз
сіздей төре емеспіз. Бізге үш күн рұқсат беріңіз. Сонан кейін
болсын»,—дейді. Төре «мақұл» деді. Тойшыбек батыр үйіне
келіп Бір жігітін: «Шапшаң барып Сыпатай батырды алып кел,
жайын айтып,—дейді.—Жан қалса, сол кісіден қалар,—деді.
Жіберген адам барып Сыпатай батырды алып келді. Үш күн
бітті. Ұрысын әкелсін деп төре кісі жіберді. Ұрыны алып бар
ды, жұрт жиылды. Бір уақытта Кене хан төре келді. Жұрт алқа-
қотан отырды. Ұрыны ортаға қойды. Сонда төре:
байсейіт батырдың тарихы
—Ей, Тойшыбек, жазалы адамды жазала,—деді. Жұрт
көрсін.
Сонда Сыпатай батыр:
—Ей, төре мен сенімен баталасқаным жоқ. Төре сені
көргенім жоқ. Төре келді деп естіп едім. Сен жолды, майлы
төре екен деп ем, жалғызы мен жарлыны құртайын деген төре
екенсің, мен сенің батаңда жоқпын. Жалғызымды өлтіртіп
мен отыра алмаймын. Төремісің, мұның жарамайды. Келе са
лып дұшпаннан шығаратын қанды өзіңнен шығарғаның бола
ма, мұның төрелікке лайық емес. Басқа жазамен жазаласаң
болмай ма, өлтірмей. Төре саған өкпеледім,—деп, баланы ат-
тонымен ертіп жүріп кетті. Кене хан жауапсыз отырып қала
берді. Сонда Науан батыр: «Ұрсам,—деді.—Не деген қорлық!—
деп еді, Кене хан: «Қой, шырағым, Науан, мені Құдай жеңбесе,
адам жеңбейді. Менің жауап қылмағаным үйден келгенде екі
жолбарысым қасыма ілеспеді. Соның үшін үндемедім, жауап
бермедім. Есірмейтін бір бел үшін деп Науанды тоқтатып үйге
кіріп, Сыпатайдың жайын есірмейтін үш білгіш бар деді. Сонда
төренің Науанға берген жауабы:
—Ей, Науанжан, шырағым,
Астыңда тұлпар пырағың.
Бұрын саған айтып ем
Естіген, көрген құлағыңа.
Күнінде неше сыйынып
Бір Құдайға жылағың.
Қор қылма деп Алладан
Ақырғы тобын сұрағын.
Сыпатайдың дауына
Талайды қазып салды ол.
Науанжан, соны байқарсың,
Үш батыр бар бізден зор.
Жаратқан Жапар жаная,
Дұшпанға қылма бізді құл.
Сыпатай деген дау ауыс
Бурадай болып жараған.
Тіреу болып дулатқа,
Осыдан ақыл тараған,
Жұрт аузына қараған.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Осыған келіп тоқтайды
Ақылына бар адам.
Құдай артық жаратқан,
Хан боп шыққан қарадан.
Келген соң соны сыйлайық,
Киіп кетпей арадан.
Кене хан болып туғалы
Кім қарап еді бетіме,
Түспеген жара етіме.
Ақылменен алмасақ,
Көнбейді бұлар үкімге.
Қараған кісі бұл өзі
Жетім менен жесірге.
Осындайда танып ал,
Есірме, Науан, есірме!
Тәкаппар болсақ, ер Науан,
Жолығармыз кесірге.
Бізді айдап Құдай бұл жаққа,
Бола бер сондай, сондай ерге таныс,
Үшеуінің ерлігі о да желіс.
Төрелік салтанатпен отырайын,
Қабыл алып осы жұрт, қылса қалып.
Төрені құрметтеді баршасы шын,
Бір жапырақ төреден таппады мін.
«Пәлен күні қырғызға аттанам» деп,
Төре хабар қылыпты бірнеше күн.
Төре қырғызға аттанды бір күн жолға,
Шартарап хабар беріп оң мен солға.
Кекіліктің тауынан асқан күні
Жұрт ала боп, қайран ер түсті қолға.
Қырғызға қайран ерлер қолға түсті,
Көрмеген төре болып мұндай істі.
Арқадан ажал айдап келген екен,
Құдайдың құдіреті қандай күшті!
Бастайын бісмілла деп әуел басын,
Сөзімді ықыласпен жұрт тыңдасын.
Сапардың сәті түсіп оңға басса,
Сөйлейін бұрынғының бір қиссасын.
Бастайын бір-екі істі, келсе шамам,
Баянсыз сұм дүнияға болмай алаң.
Құдайым өзі оңдаса сапарымды,
Ұзартып алға қарай создым қалам.
Ұлы әжемнің аузынан тердім мұны,
Аңыз-ертек емес бұл, сөздің шыны.
Тастаңдар керексізін, жаққанды алып,
Оқушым, сөкпеңіздер болса міні.
Біреу артық мұндайға, біреулер кем,
Әркімнің әртүрлі ғой қызыл тілі.
Сөйлейін сөз асылын, сөздің шынын,
Жұрт та сынар қатасын, сөздің мінін.
Тайпалған төрт аяғым жорға емеспін,
Ескіден қалған сөзді тізбек шыным.
Оқиға болған істен сөз қозғайын,
Қалпынан асып сөйлеп тым азбайын.
Кезінде ел қорғаған Мырзаш батыр,
Оқушым, сөз етейін соның жайын.
Мырзаш батыр
(Ниязбек Қыдырмоллаұлы нұсқасы)
7-279*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Сөз етсем сөз шындығын түптен әрі,
Шындықпен көрінеді сөздің нәрі.
Бір шешімін таппаған кәрі дүние,
Арбаспен келеді жаралғалы.
Сөйлесем өткен күндер хикаясын,
Тарихтан кейбір сөзді жұрт тыңдасын.
Еске алсам ескі дүние белгілерін,
Жазықсыз нақақ аққан көздің жасын.
Өтіпті зар замандар қан қақсатқан,
Сұм заман алды жұлды қарғыс атқан.
Әлсізін әлді талап жем қылыпты,
Соқтығып тыныш елге бейғам жатқан.
Дүние ойлағанға бәрі ғапыл,
Еске алмаса, белгі жоқ әуел ақыр.
Талайды жер соқтырған жазым дүние,
Білінбей шыр айналып өтіп жатыр.
Дүниеден батыр да өтті, бағлан да өтті,
Біреу жырғап, біреуді тентіретті.
Атадан ұл, анадан қыз айрылып,
Зар заман зар жылаған күндер өтті.
Сөйлейін сол күндердің арман зарын,
Азырақ мен тізейін қолда барын.
Ерлігін батыр Мырзаш сөз етейін,
Сырт жаудан қорғап қалған халық арын.
Өздігінен тиіспеген бөтен елге,
Соқтыққанды ол тыққан қара жерге.
Жайратқан өзі ізденген жауыздарды,
Келтірген сырт дұшманды тура жөнге.
Жау десе жалақтатқан алмас қылыш,
Өзі барда жасаған елі тыныш.
Жаудан елге кек алған елдің ерін,
Кім айтыпты бейпіл сөз жылқы қуғыш.
мырзаш батыр
Айласына ақылы, күші ылайық,
Батылдық зерек шапшаң ісі ылайық.
Төрт құбыла теп-тегіс бәрі өзінде,
Бос сөз қосып араға не қылайық.
Жазуға бұл дастанды ынтам соқты,
Бүгінгі жарық өмір ертең жоқ-ты.
Бір күні жерге бірге түсері қақ,
Сондықтан қолға алмасқа шарам жоқ-ты.
Енді бұл жерде бұл әңгімені аз тоқтатып, Мырзаштың бала
кезінде ұйқыда көрген бір түстен мағлұмат бере кетейін, мұны
да сол әжеміз Мырзаш қызы Шәкежан өз аузынан айтып оты
рушы еді.
Сөз етсем ел ерлерін болмас қата,
Ер емес өз елінен алған бата.
Мырзаш ер кереметті жан болыпты,
Үш рет аян берген Қызыр ата.
Мырзаштың әрбір ісін айтсам теріп,
Әр сөздің өз жөніне кезек беріп.
Түсінде үш рет кеп Қызыр бабам,
Өңіндей жолығыпты аян беріп.
Бір түні түс көреді бала Мырзаш,
Төсегінде жатады ол жалаңаш.
«Тұр, ұлым, киім кигіз, көзіңді аш»,
Дейді бір ақсақал қарт түрі оғаш.
Төсекте жатқан екен ұйқылы-ояу,
Әлгі адам таяп келді жақын, таяу.
Бастан-аяқ денесі түгел аппақ,
Іздесең, таба алмассың титтеу қаяу.
—Ей, ұлым, бата берем қолыңды жай,
Жұртқа жолың болат, болмайсың жәй.
Батырлық, ел қорғайтын жүрек берем,
Басқа дәулет саған жоқ, болмайсың бай.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Және де мынаны ұқ тағы, балам,
Баяны жоқ дәулетке болма алаң.
Қорғасаң елді жаудан, мәңгі өлмейсің,
Есіңе қатты сақта, болсын санаң.
Ей, балам, сені таныр оң менен сол,
Саған төтеп бере алмас жасанды қол.
Үш рет дұшманыңнан кек аласың,
Тағдырдың соңғысына разы бол.
Осыны айтып әлгі адам ғайып болды,
Баланың да бұл түске көңілі толды.
Не де болса айтайын атама деп,
Жүгіріп Алдиярға жетіп келді.
Жүгіріп атасына келді сонда,
Сәлемін тағзым етіп берді сонда.
—Ей, ата, таңғажайып бір түс көрдім,
Жоруын сіз айтыңыз,—деді сонда.
Мырзаш айтты: «Ей, ата, мұны тыңда,
Таң болдым, бұл қалай түс, құдауанда.
Төсекте ұйқылы-ояу жатыр едім,
Біреу келді көрмеген бұл жиһанда.
Ықыласпен, ей, ата, тыңда мұны,
Өтірік сөзімде жоқ анық шыны».
Бастан-аяқ көргенін айтып берді,
Ақтарылып ақ ниет бала сыры.
Тыңдады ер Алдияр мына сөзді,
Баланың болатынын іштей сезді.
«Өзімнің мұрамды осы ұстады-ау»,—деп,
Сипады қос алақан кесек жүзді.
«Әумин!» деп қол жайып жүзін сипап,
Бір қуаныш белгісі жүзінде ойнап.
Аз ойланып қарады жалғыз ұлға,
Қарады да жекелеп айтты сарап.
мырзаш батыр
Сонда Алдияр былай деді:
—Түсіндім бұл түсіңді тамам,—деді,
Жетілер ақыл қайрат, санаң,—деді.
Елге істеген сапарың оңға басып,
Ылайық жолың болар, балам,—деді.
Еліңе қорған болар ер боларсың,
Дұшманыңа айдынды шер боларсың.
Ел басына күн туса екіталай,
Мен бар деп қару-жарақ қолға аларсың.
Атағың кетер өрлеп оң мен солға,
Жабай бабаң туы болар берік қолда.
Елің үшін істеген еңбегінен,
Абырой, атақ аларсың әрбір жолда.
Беріпті саған аян Қызыр бабам,
Енді оңғарар ісіңді Хақ тағалам.
Атың өлмей мәңгіге қалады екен,
Жоруы бұл түсіңнің осы, балам.
Тағы да бастайтұғын түлкің болар,
Бай болмайсың, тек қару мүлкің болар.
Саған қарсы дұшманның сағы сынып,
Мәртабаң жоғарылап, көңлің толар.
Қызықпа дүнияға, балам,—деді,
Қолдар сені ер Жабай бабаң,—деді.
Шешуші бұл түсіңнің түйіні осы,
Мен де берем ақ бата саған,—деді.
«Әумин!»—деп Алдияр жайды қолын,—
Жалғыздың оңғара көр Алла жолын.
Нақақ тиіскен дұшманға мұқтаж қылма,
Ел үшін өмірінің қидым соңын».
Атасы да осылай бата берді,
Көзбен шолды келешек болар ерді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
«Ниетімді Жаратқан қабыл айла,
Бісмілла, Аллаһу акбар»,—деді.
Енді Мырзаштың өмірбаянынан қысқаша аз түсінік
Ер Мырзаш өз еліне болған пана,
Болғанда талап, қайрат, ақыл, сана.
Мырзаштың өмірбаян ақуалын,
Түсіндіре кетейін қысқа ғана.
Алтайдың Сауыр таумен арасында,
Оқушым, сөзге құлақ саласың ба.
Баласы Алдиярдан Мырзаш батыр
Өсіпті осы өңірдің даласында.
Ұлы тау екі жағы бөктер мұқыр,
Таулардан орта, дала төмен шұңқыр.
Қара Ертіс кендірлікпен жайсаң күні,
Сондықтан аталыпты қазан шұңқыр.
Әкесі Алдияр да батыр болған,
Өмірде ауыспаған осы жолдан.
Үйретіп жалғыз ұлға садақ, найза,
Жасында жетпіс сегіз дүния салған.
Үйреткен Мырзашына садақ, найза,
Ертіп жүріп жол шеккен кең маңайға.
Баулыған ер жүректік, батырлыққа,
Оралып ел-жұртына жылдар айда.
Болыпты Мырзаш жершіл әрі батыр,
Ел қорғап, өмірі өткен әуел ақыр.
Айсызда жол табады жаза баспай,
Бәрібір орман-тауы, дала тақыр.
Көп өмір жаһан кез боп тағы да өткен,
Атағы да көптеген елге жеткен.
Қытай, Монғол, Түркия, Тибет елін
Саяхаттап аралап өткен екен.
мырзаш батыр
Сабырлы, тиянақты, терең ойлы,
Ақкөңіл, адал ниет, мінез жайлы.
Ат жақты, өткір көзді, ұя сақал,
Ұзын мұрт, кең иықты, орта бойлы.
Мырзаштың өз дәулетін еске алғанда,
Болыпты кедей тұрмыс ауыр халда.
Көп олжа кезіксе де көз тоярлық,
Өмірде қызықпаған дүние-малға.
Орта жүз, руы—найман арғы заты,
Аз мөлшер сауын сиыр, мінер аты.
Жалғыз қызы әжеміз Шәкежанмен,
Қара лашық Шәмшігүл жамиғаты.
Найманнан қалған ұрпақ Төлегетай,
Жомарт бопты қайырымды, дәулетті, бай.
Төрт ұлы Төлегетайдың бірақ найман,
Төрт тулы, Қаракерей, Сауыр, Матай.
Төрт тулы Мырзаш батыр шыққан тегі,
Рудың Есмұхамед сұлтан бегі.
Әкесі Алдиярдан жастау қалған
Батырдың өмірбаян осы тегі.
Бастайын енді Мырзаш ерлік ісін,
Көрсеткен дұшманына қайрат, күшін.
Үш үлкен шайқас өткен өз басынан,
Бастайын соның, жұртым, біріншісін.
Алтайдың оңтүстігі жазық дала,
Қара бүйрек бұзып тұр мұны ғана.
Әсем таудан бозбала алтын қазып,
Арулар сары алтыннан таққан тана.
Әсем тау, асқар шыңдар көк тіреген,
Айдынды асау өзендер күркіреген.
Жабайы аңдар мекендеп ұлы Алтайды,
Арқар, бұғы, құлжа, елік дүркіреген.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Сылдырап тас бастаулар аққан бұлақ,
Көк майса, мәуелі ағаш, жасыл құрақ.
Орманда тиін, сусар, суда құндыз,
Ұйық, лашын, сұңқар қылған тұрақ.
Сұм заман айғай-шулы кешегі өткен,
Нашар тапта ерік жоқ, хандар өктем.
Оңтүстігі Алтайдың найман елі,
Солтүстігін ұранқай қылған мекен.
Ұранқайлар шағын ел, заты қалмақ,
Әңгіменің арқауы осы болмақ.
Талай ғасыр белгілі шайқасумен,
Бітісе алмай келгені қазақ, қалмақ.
Ханы бар ұранқайдың Уәли Сайқын,
Зорекер, залым болған жұртқа айқын.
Қолда барды қанағат тұтпайтұғын,
Қара жүрек сұм екен осы Сайқын.
Бір күні бек сұлтаным алды жиып,
Басына тәж, үстіне тонын киіп.
Жиналған бектеріне қарап қойды,
Жүрекке залымдығын алған түйіп.
Бас қосты диу-пері, шайтан-жындар,
Ішінде біреуі жоқ әсем сындар.
Қара бүйір, қысық көз, жалпақ танау,
Өзін-өзі хан сайлап Сайқын мұндар.
Атылар сұр жыландай екі көзі,
Өзінше маңғазданып сәнденді өзі.
Бір шалып көпке тегіс қарады да,
Мінеки, сұм Сайқынның айтқан сөзі:
Ей, жарандар, жарандар,
Құлақ салып сөзіме,
Маған бері қараңдар.
Құмарландым бір іске,
мырзаш батыр
Мұнан былай тағатсыз
Шыдай алмас шамам бар.
Көптен бері ойланған,
Ойланбасқа болмаған
Жүректе шер, жарам бар.
Жатсам тұрсам соны ойлап,
Көңілім қатты алаңдар.
Еш адам қарсы келмесін
Менің айтқан сөзіме.
Осындай мұқтаж үстінде,
Жиналған бек-сұлтандар,
Көрініңдер көзіме.
Мынауың теріс екен деп,
Сөз қоспаңдар араға.
Бектер менен батырлар
Сөзімді қабыл алмаса,
Жұмсаған жерге бармаса,
Күнәһарды тартамын
Құрулы тұрған дараға.
Бүгін түнде түс көрдім,
Бір тамаша іс көрдім.
Түсіме «Бұрқан» еніпті,
Қасыма таяп келіпті.
Ап-айқын келіп тілдесіп,
Өңімдей аян беріпті.
Қазақтан қатын алуға
Рұқсат маған беріпті.
Қасыма таяп ол Бұрқан:
«Құлағыңды сал,—деді.
Қарсылықсыз қабыл ал,
Сөзіме таппа жал,—деді.
Бұрынғы үш қатынның
Үстіне тағы төртінші
Қазақтан қыз ал,—деді.
Одан туат ер бала,
Өзі батыр шер бала.
Есейіп үлкен болғанда,
Ақылы кемел толғанда,
Ерегіскен жауыңа
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Аямай соны сал,—деді.
Негізі батыр қазақтың,
Мұны ұғып ал»,—деді.
Біліп, естіп отырмын,
Қазақта сұлу бір қыз бар,
Дәл соны Бұрқан ал деді,
Төсекке жайлап сал деді.
Сұлулардың сұлуы
Күннен ыстық жылуы.
Ләззат алып сен қыздан,
Қызыққа батып қал деді.
Осыны айтты Бұрқан,—деп,
Тағы да Сайқын сөйледі,—
Қазақтың ел мен жерінің
Жайын түгел айтайын,
Мырзалар мен бектерім,
Соған құлақ сал,—деді.
Алтайдың арғы бетінде,
Сәнді көлдің шетінде
Қазақтың найман елі бар.
Ашуы басым долданған
Ертісі, Жайсаң көлі бар.
Асуы қиын асқар шың
Асқар-асқар белі бар.
Шексіз дала жазира
Ұлан-байтақ жері бар.
Сақтанатын тек қана
Бір жас бала қатпаған
Мырзаш деген ері бар.
Сұлу қыздың әкесін
Есмұхамбет дер екен.
Осы ханның көктемі
Қара Ертіс деген жер екен.
Өзі сұлтан, өзі бай,
Төрт түлігі түгел сай,
Қазақтан асқан сері екен.
Жалғыз қызы сұлтанның,
Жіберген тыңшым айтуы—
Әлемнің асқан сұлуы.
мырзаш батыр
Көктің шолпан жұлдызы,
Тұнық судың құндызы
Гүлқатира дер екен.
Керегі маған осы қыз,
Адамнан бөлек пері екен.
Он сегізде жасы бар,
Жез қалақтай басы бар,
Сол басына жарасқан
Қызыл алтын шашы бар.
Ақ мәрмәр тісі келіскен,
Туған айдай қасы бар.
Оймақтай ауыз, күлім көз,
Сұлулығын қылма сөз,
Осыған болдым ынтызар.
Мен тұрғанда ол қызды
Ала алмайды сенсеңдер.
Өңкей жансық місбет жер
Бұйыртты маған Бұрқаным.
Мен алатын келді кез,
Ғашық болдым осыған.
Осы қызды аламын,
Еш нәрседен қорықпа, жұрт,
Ақылын өзім табамын.
Кім барат соған, қанеки,
Әкеліп маған беріңдер.
Құмарланып сол қызға,
Сарғайып солып барамын.
Отырған осы бектерім,
Бұл сөзге құлақ саласың,
Көп кешікпей айтыңдар,
Қай-қайсысың барасың?
Кім әкелсе сол қызды,
Қазынадан есепсіз
Алтын-күміс аласың.
Бес жүз қара, бір мың қой,
Жанды мал тағы аласың.
Керегіңше қол алып,
Айлық азық мал алып,
Қай батыр соған барасың?
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қалмаққа қазақ еркімен
Қыз бермейді, нанасың.
Елін түгел ойрандап,
Қызыл қырғын шабасың.
Көз жасына қарамай,
Кемпір-шалын аямай,
Шаңырағын шағасың.
Қырасың шеттен найзалап
Қатын мен бала-шағасын.
Кезіккенін келтіріп,
Іздесе ажал өлтіріп,
Күшпен тартып аласың.
Ата жауымды ойрандап,
Көңілімді өстіп табасың.
Көпірме дауыс еліріп,
Жиын топты жарады.
Екінеліп сөйлеп кеп,
Екпіндей келіп тоқталып,
Кім шығар екен дегендей
Төңірегіне қарады.
Сонда жиналған көптен ортаға біреу шықты:
Ортаға біреу шықты алақ қағып,
Сүйеніп тіл мен жаққа жалақ қағып.
Атаса осынша мал көп қазына,
Батыр болса, олжадан қалар нағып.
Көпті көрген сұрқия залым екен,
Жүр екен ежелден-ақ бұған жағып.
Сайқын сұм осыны ойлап отыр екен,
Өзі айтсын дегендей қып артын бағып.
Ортаға шықты бір қалмақ
Адымдай басып секіріп,
Даусы да зор неме екен,
Өгіздейін өкіріп.
Айтса айтқандай кәпірдің
Бір дәу диу пері екен.
Бетке ұстаған елінің
мырзаш батыр
Алдыңғы қатар ері екен.
Басым екен қайраты,
Белгілі жұртқа айбаты,
Жан шыдамас жекеге,
Елінің ең күштісі
Жарғыл батыр дер екен.
Еңгезердей бойы бар,
Арам пиғыл ойы бар,
Түсі суық кәпірдің
Адам қарар нұры жоқ,
Жақсы нышан бірі жоқ,
Бір жауыз екен пейілі тар.
Алдына кеп Сайқынның
Тұра қалды қасқиып.
Көрсетіп ізет биіне
Бір еңкейді бас иіп.
—Құп алыңыз, ей, тақсыр,
Мен барамын қазаққа.
Мен барған соң, ей, тақсыр,
Қалмайсыз, сірә, мазаққа.
Қазақты шауып қиратып,
Күлін көкке ұшырып,
Салармын әуре азапқа.
Күшімді байқап көріңіз,
Сөзіме, тақсыр, сеніңіз.
Өзім басшы боламын
Артық қол маған керек жоқ,
Бір мың шерік беріңіз.
Еш қам-қайғы жемеңіз,
Алдыңызда тұрғанда
Мен сияқты еріңіз.
Күш сынасып Мырзашпен
Қайратын байқап көрейін.
Батырсынған баланың
Сыбағасын берейін.
Ажалым жетсе қазақтан,
Өз обалым өзімде,
Бұрқанға жанды берейін.
Ішіп ем қанын талайдың,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Алыс-жуық маңайдың,
Егескен тағы бұл жолы
Бағымды сынап көрейін.
Қарсы келсе Мырзаштың
Қызымен қосып, ей, тақсыр,
Көк желкеден бір шауып,
Кәлласын әкеп берейін.
Қазақтан алып бір сұлу
Үстем болсын мерейің.
Шығыны болса шеріктің,
Мал-мүлкімен қазақтың
Жүз есе қылып төлейін.
Туын жығып құлатып,
Келгенін қарсы сұлатып,
Кемпір мен шалын жылатып,
Тұқымы жау қазақтың
Жас баласын қызықтап,
Найзаға шаншып ілейін.
Қуғыншысын құл қылып,
Аруларын күң қылып,
Жарық күнін қазақтың
Қараңғы айсыз түн қылып.
Шамшырағын сөндіріп,
Айтқаныма көндіріп,
Ата дұшман қазаққа
Салайын сөйтіп бір бүлік.
Бұл сөзге Сайқын разы болды сонда,
Күткені де осы еді негізгі ойда.
Жарғылдың айтқанының бәрін беріп,
Тез қамдап қалың қолды салды жолға.
Жиналған арам ниет қалың сұмнан,
Бір Құдай қазақ елін өзің оңда.
Ел шетіне жақындап бұлар келді,
Қолдан келсе, аяу жоқ қалың елді.
Құтырынып келеді ат ойнатып,
Шұбырынды шаң қылып артқы жолды.
мырзаш батыр
Жолдағы бейғам еді қазақ елі,
Шашыранды қонысы шалғай жері.
Аямай жолдағы елді көп кәпірлер,
Ертіске жеткенінше шаба келді.
Қамсыз жатқан елге кеп бүлік салды,
Бас-аяғын жия алмай қазақ қалды.
Жасанған қалың жауға қарсы тұрып,
Әзірше бұған төтеп бере алмады.
Ертіске бұлар келіп тіреді бас,
Сұм иттер ата дұшман қазаққа қас.
Бүлдіріп тыныш елдің шырқын бұзып,
Талай нақақ көздерден ағызды жас.
Жағасы қара Ертістің қалың тоғай,
Ну орман тынысы кең соған орай.
Қарт Ертіс еліне құт, дұшманға жұт,
Басынан көп тарихтар өткен талай.
Бұлар келіп тоғайға кіре енді,
Өтсе Ертістен, ордаға кіреді енді.
Есмұхамбет ордасы күндік жерде,
Кейбір жайға құлақты түреді енді.
Орданың мекен-жайы көк иірім,
Сұлтанда баршылық қой асыл бұйым.
Әуелі орданы кеп талқандаса,
Соңғысы бұл иттерге болмас қиын.
Ойлары Есмұхамбет әуел шаппақ,
Қызды алып, алтын-күміс олжа таппақ.
Сондықтан қара Ертістен өту керек,
Өңмендеп келе жатқан мақсат сол-ақ.
Күн иірім Ертістің арғы беті,
Тортуыл руының Ертіс шеті.
Қайткенде де Жарғылға жету керек,
Әуелде көңілге алған көкейкесті.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Көк тасқын жүріп жатыр маусым айы,
Белгісіз терең таяз жары, сайы.
Шуылдан алас ұрған жайқын толқын,
Ертістің жан шошырлық мына жайы.
Шуылдап асау Ертіс таудай толқын,
Аз көбік көкке шашып оқтын-оқтын.
Ер болсаң батыр Жарғыл, түс дегендей,
Айдынын көрсетіп тұр күшін жойқын.
Жағада үш-төрт күндер бұлар жатты,
Үсті-үстіне үдеді толқын қатты.
«Суы мынау, қазақтың өзі қандай»,—
Деп Жарғыл ойға түсіп таңдай қақты.
Қамалды айла таппай қалың қалмақ,
Шатылып ақыл таппай түсті салмақ.
Күнде түсіп Ертістің дүлей күшін,
Жата ма әлде қайта ма, қайда бармақ.
Шаппақшы ед қараниет қалың жұртты,
Абыройын әуелі Ертіс жыртты.
Бір айсыз басылмайтын долы толқын,
Ақылын мына иттердің әбден құртты.
Әуелі судан қайтты батыр маңдай,
Белгісіз алда не бар әлі талай.
Кейбіреуі қобалжып қайтпақ болды,
Қаңғырып жер сағынған жабайы аңдай.
Қарт Ертіс қаһар шашып тулап жатыр,
Біл Жарғыл немен тынар ісің ақыр.
Дегендей сақ-сақ күлед долы толқын,
Жекпе-жек шығасың ба, Жарғыл батыр.
Жарғылдың сасқалақтап шықты жаны,
Ертіске мазақ болып кетті сәні.
Біле алмады сандалып не қыларын,
Біткендей біржолата шама-шарқы.
мырзаш батыр
Бати Жарғыл көп ойлап сандалады,
Сандырақтап бір пәле істі ол табады.
Бір мың қолдың басшысы, өзі батыр,
Жарлығынан бұл сұмның кім қалады.
Тұнжырап аз ойланды басын шайқап,
Бір шолып шеріктерін қойды абайлап.
—Айтамын бір кесімді іс,—деді сонда,—
Жарлықты құптаңдар,—деді жайлап.
Тыңдаңдар, шеріктерім, құлағың сал,
Қазақтан алып берем өте көп мал.
Өлімнен қорықсақ, мұнда неге келдік,
Сондықтан табу керек бұған амал.
Өтпесек бұл дариядан болмас,—дейді,
Көңілге босқа ақыл қонбас,—дейді.
Сұлтаным түгел қырып бас алады,
Қаһарынан шыбын жан қалмас,—дейді.
Бос барсақ, тіршілік жоқ бәрімізге,
Өлеміз жасымыз бен кәріміз де.
Онда барып өлгенше мұнда өліп,
Қалайық қазақтардың кәрізінде.
Дариядан әуел өтсін жүз елу адам,
Ерлікпен «иә, Бұрқан» деп бассын қадам.
Кімде-кім қорқақ болса, олжа алмайды,
Бұйрығым осыменен бітет тамам.
Жүз елу дайындалды суға тамам,
Өтпесе дариядан, қалмас аман.
Ат жалынан мықты ұстау амалы сол,
Сүйретіле малтайды алға таман.
Аттарын қамшылап кеп суға түсті,
Бати салды бұларға ажалды істі.
Хансымағы тапсырып берген бұған,
Бати Жарғыл сондықтан болды күшті.
8-279*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Елірген есуастар ойсыз батыр,
Бір көрініп, бір жоқ боп бара жатыр.
Долы толқын бір жүзіп жұта салып,
Арпалыспен елуі шықты-ау ақыр.
Сайман да жоқ, салт бастар сабау қамшы,
Тек ер тоқым аттардың қалған басы.
Нақақ елді ойрандап шуылдатқан,
Жібермеді мазлұлым көздің жасы.
Жүгінсең болған іске, бәрі де анық,
Дегенмен дәлелсіз сөз болар танық.
Ертістің Жайсаң көлге құяр деңін,
«Қалмақ кеткен» атап жүр қазір халық.
Сандалып ар жақ бер жақ шуылдасты,
Бати Жарғыл ақылдан мүлде адасты.
Көзбе-көз айырылып жүз адамнан,
Төгіліп абыройы қара басты.
Не шықсын құр шуылдап пайдасы жоқ,
Мұнан басқа қолданар айласы жоқ.
Бөлініп тілсіз қалып әр екі жақ,
Құдайдың өстіп тиді қарғысы оқ.
Түсуге қалғандары бата алмады,
Ажалға көпе көрінеу баса алмады.
Ашулы Ертіс қан жылап үдей түсті,
Әуелгі ой мақсатқа жете алмады.
Сөйлесем мен Ниязбек сөзім дайын,
Сөз қосып көлденеңнен, не қылайын.
Ертістен кейінгі елге Бати қайтсын,
Баяндайын елудің ақуал жайын.
Жағада үш-төрт күндеп бұлар жатты,
Аштықтың ауыр азап зарын тартты.
Аш-жалаңаш, қор болып бос өлгенше,
Деді де қазақ ауылы елге тартты.
мырзаш батыр
Аш аламан бұл елу жүдеу-жадау,
Кейі атты, кейбірі тағы жаяу.
Ауылға келе жатыр елу батыр,
Қабақтары салбырап, үні баяу.
Шұбырған атты жаяу бөлек-бөлек,
Бай ауыл алқақотан дөп-дөңгелек.
Құдайдан қарғыс тиіп қара басып,
Өзі кеп қолға түсті көп сүмелек.
Бұл хабар тез тарады рулы елге,
Кендірлік қара Ертіс пен Жайсаң көлге.
Қалмақ келіп ел шетін шапты деген,
Суық хабар тарады елден елге.
Мекені Мырзаш батыр ши төбеде,
Батырсыз іс біте ме мұндай күйде.
Енді барып Мырзашқа хабарлаудан,
Басқа ылаж қылатын жоқ қой мүлде.
Мырзашқа ат терлетіп шабар жетті,
Аямай бір бәйгенің терін төкті.
«Тез келсін деп шақырды сұлтаның» деп,
Жұмысын өте асығыс баян етті.
Естіді жат хабарды Мырзаш батыр,
Қалай тынар бұл істің аяғы ақыр.
Сиынып Алдиярдың әруағына,
Бетке алып қара Ертіс келе жатыр.
Сауыт киіп бес қару түгел алды,
Сұр жебе қорамсаққа оғын салды.
Төтелеп құмкөшуі кесе басып,
Ордаға да тез жүріп келіп қалды.
Үйіне Есмұхамбет келіп түсті,
Есекең баяндады барлық істі.
—Ел қысылса, ер едің елге медеу,
Шеш, қарағым, мынадай ауыр істі.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Тыңдасам, мына иттердің сөзі жаман,
Еліңе салмақ екен ақыр заман.
Байқасам сөз төркінін мен абайлап,
Оң сөз жоқ, бәрі теріс түгел тамам.
Ел шауып тегін олжа таппақ екен,
Ұлды құл, қызды күң қып сатпақ екен.
Дәмесі бұл сұмдардың тым-ақ әрі,
Қызымды алып, орданы шаппақ екен.
Ертістен өте алмаған бері қарай,
Өтем деп суға кеткен жүзі талай.
Байлаулы мынау елу мұнда келген,
Аштықтың азабына шыдай алмай.
Жауыздар мұнда келген әлде қайдан,
Ашығып айрылыпты ақыл-ойдан.
Әйтеуір әзір аштан өлмесін деп,
Су қосып беріп тұрмыз шалап, айран.
Қысқаша істің жайы осы, батыр,
Айта берсем, мұндай іс толып жатыр.
Басшысы Жарғыл дей ме әлде бір сұм,
Еліңді ар жақтағы шауып жатыр.
Бір Құдай өзі оңдасын іс ақырын,
Әзірше оңай емес іс, жарқыным.
Оңдасын бір Құдайым сапарыңды,
Жау тілесе, жасылды бер, батырым.
Естіді мына сөзді Мырзаш сонда,
Деді: «Сұмдық іс екен құдауанда.
Ана бар ғой, елге түгел жар салыңыз,
Жұрт жиылып тезірек келсін мұнда.
Сұлтаным, еліңізге тез хабар бер,
Қалмасын ел ішінде елеулі ер.
Ақылдасып кеңесіп біз алайық,
Елден бұрын тез келсін Садырбай ер».
мырзаш батыр
Жекелеп кісі кетті Садырбайға,
Ер еді елге керек осындайда.
Сондықтан бұрын келсін дегені сол,
Мырзашты шақыр маған бекер жайға.
Тұс-тұсқа шабар кетті күн-түн қатып,
Ел сабылды дүрлігіп алас атып.
Бел буып, ел себіліп ыңғайланды,
Дұшманға құл бола ма қарап жатып.
Ел жиылып кеңесті басын қосып,
Алдыңғылар артқысын алды тосып.
Бір жағадан бас шығып, бір жеңнен қол,
Бірлікте жауға аттанбақ жастар жосып.
Келісті берекеге барлық жиын,
Дұшманға соққы беру бірақ түйін.
Сырт жауға берекесі күшті халқым,
Ел бірлессе жау жеңу несі қиын.
Мырзаш та елі үшін құрған кеңес,
Ел үшін өлтіреді ері егес.
«Ерді намыс, қоянды қамыс» деген,
Текті сөзі бабалар бекер емес.
Кеңесті екі батыр алдағы істі:
—Осал емес, байқасақ, Жарғыл күшті,—
Деді Мырзаш,—Садырбай, ойлай білсең,
Ел үшін екеумізге салмақ түсті.
Ақтайық бұл сенімін елдің,—деді,
Қорғайық қасиетін жердің,—деді.
Сертіміз, уағдамыз осы болсын,
Ел үшін жаны құрбан ердің,—деді.
Мырзаштың дер кезіне келген жасы,
Ер Садырбай өзінің дос-құрдасы.
Абылқасым, Ертісбай, Шорғабайлар
Бұлардың айырылмас жан жолдасы.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Сайланды бұл адамдар қолбасыға,
Үш жүзден адам болды ер басына.
Әр рудан лек-лек боп келді жастар
Есмұхамбет сұлтанның ордасына.
Екшеліп мың екі жүз жиналды қол,
Өзі жомарт Есекең дәулеті мол.
Сойылып ақсарбаспен көк қасқа тай,
Тілеу тілеп аттанды жиналған қол.
Сәрсенбі сәтті күні жолға шықты,
Сарбаздарда осал жоқ, тегіс мықты.
Балалар қол жайысып бата беріп,
«Сәт сапар» деп Алдияр туын тікті.
Ертісті өрлей жүрді қалың сарбаз,
Күн ыстық жалындаған шілде айы жаз.
Атаушы ед «Тасөткел» деп Аққұм төрін,
Жайылма боп келеді түбі таяз.
Қалың қол Тасөткелге келе жатыр,
Бір қонып қара Ертіске тікпек шатыр.
Өз еліне қара Ертіс өткел беріп,
Ар жаққа өтіп, жағаға тікті шатыр.
Мырзаш ер сарбаздарға кеңес берді,
Бес саусақтай біледі барлық жерді.
Батпағы, құмы, шөлі, орман, суы,
Алтайдан арғы-бергі барлық жерді.
—Ана бар ғой, сарбаздар, сөзді ұғып ал,
Ертең түсте саламыз жаумен жаңжаң.
Соғысты өзім ғана басқарамын,
Шарт бұзатын болмасын батыр аңғал.
Алтайдың бір жолы бар «кек» дейтұғын,
Тік тартып Ұлытауға беттейтұғын.
Жау шегінсе, басатын жолы сол-ақ,
Бұл жолды, сірә, баспай кетпейтұғын.
мырзаш батыр
Ана бар ғой, сөз тыңда жиналған көп,
Мұндайда ақыл-айла керек қой еп.
Ойлаймын елден шапқан мал-мүлікті,
Қалмақтар бұрынырақ жіберер деп.
Айтайын өз ойымды көпке ылайық,
Теріс болса алмаңдар көп халайық.
«Сақтықта қорлық болмас» деген бар ғой,
Біз дағы алдын ала сақтанайық.
Сондықтан бөлінейік екі топқа,
Ел намысы білінбес аусар соққа.
Садырбай алты жүзге басшы болып,
Жедел жүріп тез барсын сол шет жаққа.
Жау түсіп сонда жатсын Садыр қолы,
Ну орман қасқа жолдың оң мен солы.
Аңдаусызда тосылса тар кезеңнен,
Сірә да, жауыздардың болмас жолы.
Ендігі жартылай қол маған ерсін,
Алты жүз қол білікті маған берсін.
Жақсылық, жамандықтың мен ішінде,
Салғанын бір Тәңірдің бөле көрсін.
Кәрім шешен, ер Шорға мұнда қалсын,
Садырға Ертісбай мен Қасым барсын.
Берекемен осылай бөлінейік,
Кұп десе көп сарбаздар, құлақ салсын.
Соны айтып батыр Мырзаш ақылдасты,
Ақылмен разы етті кәрі-жасты.
Табылған ісі екен деп мұның өзі,
Берекеге келісіп мақұлдасты.
Қоштасып Садырбайдың қолы кетті,
Күн-түн жүріп Жиделіге барып жетті.
«Кек» жолдың тау алқымы тік шығатын,
Жиделі деген жерді мекен етті.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ал енді ұранқайлар Ертістен өте алмаған соң, Ертістің
Жайсаң көліне құятын деңгейінде, Қызылқұм деген жерден
кейін қайтып, Алтайдың оңтүстік жағынан қара Ертіске дейін
гі алты рулы елді қан қақсатып шаба бастады.
Қалмақтар кейін қайтты Қызылқұмнан,
Бір жүзін қара Ертіске қылып құрбан.
Осылай Мырзаш қолы келе берсін,
Біраз сөз тыңдаңыздар Жарғыл сұмнан.
Ертістен өте алмасқа көзі жеткен,
Бақ па, сор ма Жарғылды тентіреткен.
Сайқынға берген серті өзіне аян,
Құр қол қалай қайтады алған беттен.
Ертістің оң мен солы қазақ елі,
Оңына өте алмады жын мен пері.
Алтайдан Ертіске шейін қалың ел бар,
Кең дала ұшы-қиырсыз қазақ жері.
Кенере, Қаба, Қалбыр, Қара бүйрек,
Қара шеңгел, Жалаңаш, Жиделі ирек.
Мың шұңқыр қара Ертіс бойлай барып,
Қосылады бас жағы Сауырға имек.
Күнеш, Жанай, Өтелі, Сары Жомарт,
Алты сары ақ найман боп аталат.
Сонау Алтай тауынан бері қарай,
Қожамбет алты рулы ел жатқан жайрап.
Жері бай, алты рудың елі де бай,
Аямай мол дәулетті берген Құдай.
Жайлаулы асқар Алтай, ойы балық,
Төрт түлік не керектің бәрі де сай.
Жарғыл ит осы елдерге ойран салды,
Алтын-күміс аяулы бұйымды алды.
Бес жүз жылқы іріктеп жорға, жүйрік,
Алдын ала жіберуге ыңғайланды.
мырзаш батыр
Қарсы келген жандарды қан қақсатты,
Сойыл тиген кемпір-шал құлап жатты.
Қарамай қазақ елдің көз жасына,
Батиды біржолата қарғыс атты.
Қарсыласқан қан бөкті қазаланып,
Кейбіреу қолға түсті жазаланып.
Қатын-бала шулады зар еңіреп,
Қарт ата-ана қайғырды назаланып.
Осылай алты руға түсті салмақ,
Әзірше өктем боп тұр кәпір қалмақ.
Қапылыста қайран ел басын қосып,
Бірлікке келе алмады ар жақ, бер жақ.
Тойғандай болып қалды қарақшылар,
Жиын ашып сөйледі Жарғыл мұндар.
Қалатыны қайтатын жол қамы үшін,
Тағы қандай арттағы жұмысы бар.
Жарғыл айтты: «Жинаңдар жүз құнан қой,
Он ту бие қостағы түгелін сой.
Маған шығар қазақтың жоқ екенін,
Жиын қауым түсініп мұны ұғып қой.
Бетке ұстар ұранқайдың өзім батыр,
Жорығыма тігемін жібек шатыр.
Менен асып еш қазақ туған емес,
Бұрын-соң болса дағы қандай батыр.
Ерімін өз елімнің жалғыз көсем,
Мен тұрғанда қазаққа кетпес есең.
Әзір қолға түскенді елге апарып,
Қайта оралып Мырзаштың басын кесем.
Тез оралып Ертістен көктей өтем,
Қазақты екінші рет үрейлетем.
Қызын алып, Мырзаштың кәлласымен,
Екеуін сұлтаныма тарту етем.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қашқанмен құтылмайды Мырзаш менен,
Жан сауғалап ол жүр ғой әлі көрем.
Арыстанмен айқаспақ болса егер,
Сыбағасын баланың сонда берем.
Тағы аламын сұлтанға қазына-мал,
Шеріктерім, бұл сөзге құлағың сал.
Қазақтан не керегің табылады,
Қам жемеңдер, беремін дүние-мал.
Қай қазақ қарсы келсе, талқан етем,
Буамын уағдама белді бекем.
Бас көтертпей қазақты екі шауып,
Негізгі жақсы атыма сөйтіп жетем.
Көпірді надан шіркін асып-тасып,
Сөз қылды жоқты-барды бұтып, шатып.
Әлемдегі ең күшті өзіндей-ақ,
Желікті сұм аузынан көбік шашып.
Төрт жүз шерік бүгін түн жылқы айдасын,
Сұлтаным көре берсін мал пайдасын.
Қуа алмайды қазақтар менен қорқып,
Егер қуса, қыламын жермен-жексен.
Төрт жүз елу шерігім мұнда қалсын,
Қуанышты сөзіме құлақ салсын.
Үш күннен соң аттанып бұл орыннан,
Қазақтың мал-мүлкінен бұлар алсын.
Зар жылатып байлатты тағы екі қыз,
Көз жасқа қарамады мына арсыз.
Іс ақырын ойлайтын Жарғыл емес,
Жөн сілтеп жүр еркіндеп ешбір қамсыз.
Салмады жалынышқа құлақтарын,
Түйгендер белбауына беттің әрін.
Шырылдатып байлатты қол-аяғын,
Біреудің шыны сүйген ғашық жарын.
мырзаш батыр
Айдатты түн қашырып бес жүз жылқы,
Сәйгүлік өңкей саңылақ асыл ұрқы.
Бастыра он бес түйе жиһаз артты,
Бірыңғай асыл заттар елдің мүлкі.
Төрт жүз елу адаммен өзі қалды,
Алдын ала айдатты дүние малды.
Дәмесі тағы да бар мал-мүліктен,
Жүйрік ат, кей аруға көзін салды.
Асудан асам деген осы бойдан,
Біржолата айрылған қауіпті ойдан.
Жәдігөй бати Жарғыл қайдан білсін,
Алдын ала тосқауыл Мырзаш қойған.
Сарбаздар Жиделіде түсіп жатқан,
Тілесіп іс ақырын жалғыз хақтан.
Шапқанын алдын ала жіберер деп,
Ақылын батыр Мырзаш өстіп тапқан.
О, Тәңірім, жар бола көр ісі оңға,
Арамды қара ниет түсір торға.
Зарлатқан бейғам елді өңкей тобыр,
Бетке алып Жиделіні шықты жолға.
Құдай салса, не көрмес пәнде басы,
Дәулет қонса, домалар алға тасы.
Ертістен Жиделіге жеткенінше,
Аттыға үш күндік жол екі арасы.
Орны ажалдының қара жерден,
Өлмейтінді жан бар ма көзі көрген.
Бұл жауыздар жол шегіп бара берсін,
Сөйлейін сөз кезегін Мырзаш ерден.
Дегеміз Ертіс өтіп шатыр тіккен,
Түн өтіп ертеңгісін жауды күткен.
Меңіреу түн ойға кетіп Мырзаш жатыр,
Таң сызып келе жатыр Мәшрүптен.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бөдене бытпылдықтап үн қатқанда,
Бозторғай шырыл қағып шықты аспанға.
Мақұлдап ну ағаштар басын иді,
Біріне-бірі сыбдыр үн қосқанда.
Тау құдірет тақылдап қақты таңдай,
Сары әупілдек әуп-әуп деп жүк басқандай.
Тоқылдақ құс қашауын салды ағашқа,
Бейне бір сарбаздарды оятқандай.
Жазғы таң белгі беріп жақын қалды,
Қарсы алды жан-жануар атар таңды.
Шағала, қасқалдақ құс сұлу кагар,
Сабалап Ертіс бетін ойын салды.
Ару шолпан Алтайға иек артты,
Жасыл торғын, көк шапан сыйға тартты.
Ерке қыз нұр сәулесін еркін шашып,
Сері Алтайға сом алтын алқа тақты.
Ерке тоқы бұлбұлға үнін қатты,
Тыңдатты алуан-түрлі даусын тәтті.
Сайраған мың бұралтып әсем әуен,
Жүрек тербеп құлаққа келіп жатты.
Әсем үн біреуіне бірі ұласты,
Қарсы алып таң самалын асып-тасты.
Ұйықтатқан ұрпақтарын баурына алып,
Бой иіп Жер-ана да қойнын ашты.
Оянды сақара құс қанат жаза,
Жазғы таң жұпар иісті самал таза.
Нақақ елдің залымнан күйзелгені,
Берер емес Мырзашқа тіпті маза.
Дөңбекшіп көз ілген жоқ түні бойы,
Ел қамы үшін он саққа бөлінді ойы.
Алуан түрлі ой келді бір басына,
Тереңге жетпегендей бойлап бойы.
мырзаш батыр
Толғанып әлде қалай ойға кетті,
Қауіпке бастан келет қалың көпті.
Садырды өзі жұмсап қоя берді,
Сұм жаудан өзі жазым болса нетті.
Сиынып бір Құдайға бойын жиды,
Қорлауы мына жаудың жанға тиді.
Тәуекел не болса да іс Құдайдан,
Деп ақылға салды да ойын түйді.
Сонда Мырзаштың Тәңірге жалбарынғаны:
Бір жаратқан Тәңір [ім],
Бір құлың едім мен ғаріп,
Жалынайын өзіңе
Таңсәрідей жалбарып.
Бір жаратқан Құдайым,
Бермеші маған уайым.
Бір өзіңе белгілі
Адал ниет бар жайым.
Арам ниет дұшманның
Қорлығы өтіп барады,
Бұған неғып шыдайын.
Өзің медет бере көр,
Бітіріп ісін тынайын.
Қуат бер Алла Жаратқан,
Өз күшімді сынайын.
Әуелгі айқас дұшманым,
Күші басым жау еді,
Жаралған алып дәу еді,
Айқасқанда жекелеп,
Өзің сәтін сала көр,
Айналайын Құдайым.
Елімнің сенген ері едім,
Биігі асқар белі едім.
Шөлдегенде халқымның
Суаты болған көлі едім.
Баулыған атам Алдияр
Жасымнан-ақ пері едім.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бір күштімен жолықсам,
Күшіне қанып малықсам,
Кей кездерде соны ойлап,
Жекеге түссем дер едім.
Күпірлік қылма Жаратқан,
Енді келді кезегім.
Атама берген сертім бар,
Бола көр, Алла, өзің жар.
Қанымды қиям халқыма,
Қиянат қылман антыма,
Жолымды Құдай оңдай көр.
Әруағы атамның,
Жалғызыңды қолдай көр.
Қолдай көр мені төрт тулы
Арғы текті бабалар.
Дұшманға қарсы шықпасам,
Дос күліп, дұшман табалар.
Аяған жанды халқыңнан
Бәрібір Құдай өзі алар.
Халқыңа еңбек етпесең,
Мақсатыңа жетпесең,
Өткелден қауіпті өтпесең,
Еске сені кім алар.
Сондықтан Алла Құдайым,
Тілек бер деп жылайын.
Дұшманымнан өлем деп,
Жанымды қылман уайым.
Көңлімде жалғыз ... бар,
Соған ғана болам зар.
Артымда менің ұлым жоқ,
Бір белгі қалса артымда,
Болар еді көңілім тоқ.
Осыны біраз ойласам,
Жүрекке түсер қызыл шоқ.
Жазбаса Құдай лауқылда,
Оған да қылар ылаж жоқ.
Шүкірлік Алла Құдайым,
Халқым барда көңілім тоқ.
Енді аямай халқымнан
мырзаш батыр
Бір шыбындай жанымды.
Қарыз қылман еліме,
Төгілсе, адал қанымды.
Қалай қайтып шыдайын,
Кетіріп барат ит дұшман
Сабыр, тағат, арымды.
Дандайсыған бұл иттер
Кете берсе еркіне,
Бұл күні келіп қолқалар
Құдай қосқан жарымды.
Иә, Жаратқан, тілек бер,
Сарбаздарға жүрек бер.
Батырсынған Жарғылдың
Кең дүниясын тар қылып,
Дүнияға жарық зар қылып,
Кешікпей енді барайын,
Басына ойран салайын.
Алдын апан жар қылып,
Екі көзін жас қылып,
Денесін итке ас қылып
Тарттырайын сазайын.
Алдияр атам қолдай көр,
Бермеспін жауыз Жарғылға
Адалдан жиған малымды.
Елімнің көркі—мал мен сән,
Кетірмеспін сәнімді.
Денемде жаным тұрғанда
Қалармын сақтап арымды.
Таптатпаспын иттерге
Қасиетті жерімді.
Ылайлата қоймаспын
Мөлдір тұнық көлімді.
Қызыр бабам, қолдай көр,
Енді жолға шығармай
Орнынан бүгін басайын.
Ізденіп келген жауыздың
Арам қанын шашайын.
Аптыққан жаудың көңілін
Су сепкендей басайын.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Әділетсіз сұмырайдың
Терісін сойып жазайын.
Өз көзіне көрсетіп
Тірідей көрін қазайын.
Енді Мырзаш жауға белін бекем буды, баяғы бала кезінде
атасы түсін жорып: «Халқың үшін жан қисаң, мәңгі өлмейсің»,
—деп еді-ау. Атасының сөзі есінде. Енді Бати жарғылға тез же
туге бекінді.
Осылай мінәжат қып батыр Мырзаш,
Елін ойлап сабыр мен тағат таппас.
Енді сабыр қылуға тағаты жоқ,
Тәңірі салса, не көрмес бұл ғазиз бас.
Оқыды таң намазын дәрет алып,
Анадай шеткерірек жерге барып.
Қосқандай тілегіне тағы тілек,
Шулады сахара құс таңдай жарып.
«Иә, Алла»,—деп орнынан тұрды батыр,
Шығыстан күн де шығып келе жатыр.
Екі жақ та ұмытты бұл егестен,
Белгісіз кімге түсер заман ақыр.
Аяңдап шатырына қайтып келді,
Сүйсініп таңғы самал ескен желді.
Аялдап асықпаудың ылажы жоқ,
Шулатып Жарғыл жатыр нақақ елді.
Оятты сарбаздарын жайлап басып,
Көрген емес мырзаекең асып сасып.
—Ана бар ғой, тұрыңдар, сарбаздарым,
Дайындыққа кіріңдер, ұйқыны ашып.
Тамақтанып алыңдар біраз жайлап,
Ат ерттеп, қару-жарақ түгел сайлап.
Кімде-кім өз ісіне бекем болсын,
Жебейік найза, садақ ұшын қайрап.
мырзаш батыр
Шатыр жығып, Ертістен аттанды енді,
Сарбаздар да буынды бекем белді.
Бетке алып Қара бүйректі құлдай жүрді,
Жолшыбай қалың ауыл мекенді елді.
Жарғылдан ел дүрлігіп сасқан қорқып,
Кей ауылдар алыстап кеткен үркіп.
Қалың ел Мырзаш қолын таныған соң,
Босады көңілдері көз жас іркіп.
Елден батыр туылса еліне құт,
Бұл сөздің, көп оқушым, аяғын күт.
Жолшыбай қарт аналар тілеу тілеп,
Мырзашқа шашу шашты ірімшік-құрт.
—Жарылқа, Тәңірім, өзің ақтан,—деді,
Куә бол көк періште аспан,—деді.
Жаратқан Құдай өзің тілекті бер,
Асқанға енді бұлар тосқан,—деді.
Алға бастап келеді Мырзаш қолын,
Қырағы көз шолады оң мен солын.
Ауылда жастар сирек, қарттар қалған,
«О, Тәңірім,—дейді қарттар,—оңғар жолын».
Жүріп келет шайқалтып ақ боз атын,
Құдай артық жаратқан Мырзаш затын.
Мына жүріс таңғалтар кімде-кімді,
Құдай өзі оңдағай істің артын.
Кім болмасын әуесқой ескі сөзге,
Не керек, сөз табылса, онан өзге.
Қалың қол, қалқан-сауыт, қару-жарақ,
Бірден сән, бірден сұсты көрер көзге.
Ал енді сол кезде Мырзаш көз ұшында батыс Қара бүйрек
жақтан бір адамның асығыс шауып келе жатқанын көрді. Ілезде
бұл адам келіп те қалды.
9-279*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Мырзашқа жедел шауып біреу келді,
Ат екпіні аңғартар соққан желді.
Қараса, бір жас жігіт тым асығыс,
Таяп келіп Мырзашқа сәлем берді.
Әлгі айтты: «Қашып келем жан сауғалап,
Жарғыл ит аяқ-қолды қойды байлап.
Мырзашқа бастап бар деп әлек салды,
Жан дәрмен түнде қаштым, а құдайлап.
Бар еді жан жолдасым өзі есті,
Жасырынып жібімді әлгі шешті.
«Арғы елге хабар салып Мырзашқа бар»,
Деді дағы қорлыққа өзі түсті.
Ойрандап Жарғыл жатыр кең даланы,
Жылатып кемпір-шал мен жас баланы.
Зұлымдық кесепаттың бәрін істеп,
Азаптап байлап, матап хан-қараны.
Төрт жүз елу адаммен өзі қалды,
Жөнелтті таңдамалы дүние малды.
Қайталап қалған елді шауып жатыр,
Қанағат қылар емес алған малды.
Осылай бір залымға болдық күлкі,
Қор болды қайран елдің жиған мүлкі.
Бастыра он бес түйе жиһаз артып,
Айдатты кеше түнде бес жүз жылқы.
Ақмырзаның екі қызын тағы да алды,
Қоржын-қоржын алтынды бөлек салды.
Қарар емес жас-кәрі көз жасына,
Сенсеңіз, міне, осындай ойран салды».
Мырзаш айтты: «Ей, жігіт, саспа,—деді,
Арамдық жамандыққа баспа,—деді.
Маған мағлұм сырлары ол дұшманның,
Өзің өлмей еліңнен қашпа»,—деді.
мырзаш батыр
Сарбаздар ат жүрісін жеделдетті,
Төтелеп Шүмектіні кесіп өтті.
Ұлы бесін болғанда Мырзаш қолы,
Жарғылдың ту сыртына келіп жетті.
Көрінер ел сасқанда ердің ісі,
Құтқарар елді жаудан ердің күші.
—Ана бар ғой,—деді де Мырзаш батыр,
Жарғылға жібермекші елші кісі.
Кәрім деген бар еді бір қарт кісі,
Орма тіл, өткір сөзді батыл ісі.
Елшіге осы Кәрім бармақ болды,
Пәндаға не салса да Құдай ісі.
Қалмақша тіл біледі тағы да өзі,
Байсалды, кең тынысты, ашық сөзді.
О бастан әтей Мырзаш ертіп келген,
Кәрім шешен аталған осы кісі.
—Ей, Кәке, былай деп айт Жарғыл сұмға,
Сен іздеген Мырзашың келді мұнда.
Алыстан ат терлетіп іздемесін,
Бар сөзіңді батыл айт шайтан жынға.
Нақақтан ел шаппасын, қайтарсын мал,
Айтпасын әділ сөзге шиқандай жал.
Өзіне олжа ат көлік жалғыз жаны,
Түсірмесін басына зор мүшкіл хал.
Қайтарып малды беріп келсін жөнге,
Жазықсыз соқтықпасын нақақ елге.
Біз барып соқтықпадық еліне оның,
Қай себеппен жауықты біздің елге.
Батыр болса жатпасын төсек төрде,
Қазақ болмас әсте де оған перде.
Мал қайтарып кетпесе тез жөніне,
Біржолата қалады жатқан жерде.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Көнбесе, шықсын деп айт кең далаға,
Қазақ үйі бола ма оған пана.
Көрсетпесін ауылда күшін батыр,
Кемпір-шал мен қыз-қатын, жас балаға.
Жарғылға енді Кәрім болды жүрмек,
Қандай жауап берерін болды білмек.
Теріс жауап берер ме әлде оң ба,
Соны естіп тездете қайтып келмек.
Оң жауап берер деген Мырзашта жоқ,
Қалай шатып шалқиды соны көрмек.
Түбінде жекпе-жекте керек болар,
Айтқан сөзі аузынан соны білмек.
Ақ сәлде орап, ақ шапан киді Кәрім,
Ақ ту ұстап атына мінді Кәрім.
Теңселтіп кер құласын жүріп кетті,
Кешікпей іс ақыры болар мәлім.
Шешілер іс түйіні осы жолда,
Елшіге өлім болмайды бұрын-соңда.
Ауылдан анадайда ауашалау,
Сәнденіп шатыр тігіп жатты сонда.
Сұм дүния баяны жоқ жалған екен,
Алдап жолға талайды салған екен.
Аш басшы күтушіні қазақтан ап,
Жарғыл да аз күн сайран салған екен.
Кәрім сонда шатырға таяп келді,
Көреді шатыр маңы қалың елді.
Елшімін деп бір адам келіп тұр деп,
Біреу барып Жарғылға хабар берді.
—Келсін бермен жұмысы менде болса,
Тыңдайын егер сөзі жөнді болса.
Өзім сұрап салайын жөнге оны,
Ақылынан айрылған пенде болса.
мырзаш батыр
Шатырға енді кіріп келді Кәрім,
«Әмір сайқыр» өз тілі деді Кәрім.
—Мырзаш батыр жіберді мені саған,—
Деп бастап Мырзаш сөзін терді бәрін.
Салмасын жөнсіз бүлік елге дейді,
Қарақшылық жараспас ерге дейді.
Алған мал, асыл жиһаз кері қайтсын,
Білімді адам тез келер жөнге дейді.
Қайтарсын малды түгел келсін жөнге,
Жазықсыз соқтықпасын нақақ елге.
Нақақ шапқан қазақтың малы оған,
Мал болмайды түспесін арам терге.
Іздеп қазақ қалмаққа барғаны жоқ,
Малын шауып, ойранды салғаны жоқ.
Жазықсыз нақақ елді жылатпасын,
Өзі тілеп баспасын жалынды шоқ.
Мал қайтарып Сеймет елден кетсін,
Таптамай қасиетті жерден кетсін.
Ат-көлігі, адамы сау тұрғанда,
Менен сәлем ханына барып жетсін.
Аптықпай әуел сөзді ұқсын дейді,
Ақылға кеп көңілін жықсын дейді.
Егер де тура сөзді жөн көрмесе,
Өзі білсін жекеге шықсын дейді.
Тайсалған жоқ Кәрім де сөзді жұтып,
Сөйледі тағы өктем сөзбен ұтып.
Мырзаштың айт дегенін тамам айтып,
Кәрім тұрды Жарғылдан жауап күтіп.
Ал енді Жарғылдың Кәрімге берген жауабын келтірейік
Естіді Жарғыл сонда мына сөзді,
Ойнақшытып төңкерді екі көзді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жауапсыз қасарысып біраз жатып,
Толғанып ойланғандай айтар сөзді.
Сұрланып, сұп-сұр болды қаны қашып,
Жастыққа жатыр екен төсін ашып.
Кәрімге бір сұстанып қыр көрсетті,
Тоқтатпай тұрғандай-ақ қайрат қысып.
Бұжыр бет қыртыстанды қатпар-қатпар,
Байқағанға жауыздың бейілі тар.
Бұрын да найза қылыш тиген бе әлде,
Бет-аузы ұңқыр-шұңқыр, жарадақ бар.
Мұрны да жұдырықтай үңгір танау,
Аз мұрт сақал бетте селдір санау.
Кескен терек секілді бойы иттің,
Бір-бір сабау секілді саусақ анау.
Келтіріп сұм бейнесін айтсақ шынды,
Қоспасақ артық ауыс ұсақ мінді.
Ертегіде айтылар диу пері,
Ат көтеріп жүргісіз мына сұмды.
Салық қарын, апай төс, шүйде желке,
Былтиған мойыны бар тұтам келте.
Айдары сәндеп өрген жерге түсет,
Былайша қарағанға Мырза ерге.
Даусы да күрілдеген диу пері,
Шығып тұр бұжыр беттен шып-шып тері.
Өткізген ал кеудемен орта жасты,
Батырдың әлде осы ма өлер жері.
Таяды кімдер қалып, кімдер өлет,
Тілекті әділ Құдай кімге берет.
Бұл иттер ақылынан адасты ма,
Жат елге үрген қанды ауыз көп байтөбет.
мырзаш батыр
Ішкі сырын бұл сұмның адам таппас,
Қара жүрек бір залым көңілі тас.
Әділ сөзге ақ жауап қайдан берсін,
Ата жау ежелден-ақ қазаққа қас.
Жастықтан басын Жарғыл жұлып алды,
Кәрімге ажырая қарау қалды.
Ұшып тұрып орнынан екі-үш аттап,
Керегеге ілулі қылышты алды.
Қынынан бір суырды жарқ еткізіп,
Қынапқа қайта салды сарт еткізіп.
—Қазағым, бұл қандай сыр білемісің,
Осыны айт Мырзашыңа сен жеткізіп.
Көрдің бе болат найза анау тұрған,
Елшімін деп келіпсің Бұрқан ұрған.
Мырзаштың басын алмай кете алмаймын,
Сертім бар сұлтаныма кеңес құрған.
Күмілжіп көрсетпеді айып мінді,
Алмады мойынына анық шынды.
—Қазаққа мал керек пе, жан керек пе?—
Деп залым аузын ашып қарқ-қарқ күлді.
Ол өзі маған теңдес қандай батыр?
Көп қазағың байлауда, міне, жатыр.
Мал, жиһаз керек болса, басын берсін,
Бар дағы мен айтты деп мұнда шақыр.
Елші болсаң аман-сау жолға салам,
Сен қазақ мал берер деп болма алаң.
Осы бүгін Мырзаштың басын алып,
Сауық-сайран өткізіп елге барам.
Менімен қарсыласқан қалмас аман,
Түсіргемін талайға ақырзаман.
Көпсініп тұрса қазақ бұл ісімді,
Елге барып қайтып кеп тағы шабам.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Келе алмас маған теңдес ешбір батыр,
Ондай ер болған емес әуел ақыр.
Қазір жиһаз, мал, қызбен өз елімде
Сұлтаным елін жиып тойлап жатыр.
Сөз ұқсаң енді сыйға бас барады,
Сұлтаным ерлігіме шаттанады.
Тез барып қазағыңа осыны айт,
Кешіксе, ажалынан құр қалады.
Қазылды Мырзаштың бүгін көрі,
Орным болат сұлтаным маңдай түрі.
Өлерінде өз жерін бір болжасын,
Анау биік төбеге келсін бері.
—Қорлады мына дұшман ел мен ерді,
Аузына не түссе де, үре берді.
Мына итке қайран сөзім қор болған,—деп,
Кәрім де қайта айланып жүре берді.
Сонда Кәрімнің Мырзашқа келіп айтқаны
Кәрім енді Жарғылдан
Көңілі суып қайтады.
Айтқанын бірін қалдырмай
Мырзашқа түгел айтады:
—Сен кішісің, мен үлкен,
Сонда дағы, қарағым,
Сөзіңді сыйлап барып ем.
Сөз ұқпайтын бір итке
Келіпті кезім қапыда.
Ақылсыз итті мен мұндай
Осы өмірде көрмедім.
Осынша жастың ішінде
Талай адам көріп ем.
Далаға сөйлеп тантыды,
Қырып жойып, шалқыды.
Ендігісін өзің біл,
Көңілім содан қалыпты.
мырзаш батыр
Және тағы айтайын,
Түйген сырдың бар жайын.
Жауыз иттің тұлғасы
Көзіме бөлек көрінді.
Құс мамықта шалқалап,
Қымызға тойып алқалап,
Емін-еркін алыпты.
Қасиетті түріңді
Көпке шейін баңданып
Беруден жауап ерінді.
Түріне лайық кәпірдің
Өзіне-өзі сенімді.
Орталап келген жасы бар,
Қазандай қара басы бар.
Мейірімсіз бір жауап
Жүрегінің тасы бар.
Дауылдай ескен желпілдеп,
Аптыққан албырт сөзі бар.
Дүния малға тоймайтын
Жалмауыздай көзі бар.
Қарасам бағып, жауыздың
Түсі де суық бөлек-ті.
Ен дәулетке семіріп,
Қазақтан алған қоректі.
Аз айт, көп айт, не керек?
Барлық ісі бұл иттің
Түгел тентек демек-ті.
Сонда Мырзаш Кәрімнің Жарғылдың денесі жөнінде ой сала
айтқан сөзіне біраз ренжіп былай деді:
—Ей, Кәреке ағамыз,
Мен едім сіздің балаңыз.
Жасыңыз үлкен болған соң
Сізге ақыл саламыз.
Маған дұрыс болмай тұр
Мынау айтқан сөзіңіз.
Денесінен Жарғылдың
Үрейленіп шошынып,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Келгенсіз бе өзіңіз?
Кім жеңіліп, кім жеңер,
Жетіп тұр ма көзіңіз?
Арам дене әркімде
Бола берер, Кәреке.
Денесі маған не керек?
Ол құлаған қу терек,
Нақаққа берсін береке.
Пішілген өгіз азбанда
Өкіреді күл шашып.
Негізі тағы хайуан,
Түйеде де дене бар,
Олар да жүр ғой жер басып.
Сондай бір хайуан ол дағы
Денелі деп шошынып,
Қала алман одан мен сасып.
Айтасың несін, Кәреке,
Жарғылдан қорқып қашалман.
Елді беріп дұшманға
Арамға аяқ басалман.
Артымда елім, жұртым бар,
Алдымда сіздей аға бар.
Жасқанып қалсам дұшманнан,
Досым жылап бақырып,
Дұшманым күліп табалар.
Жаудан қашан қорқып ед
Бұрынғы өткен бабалар.
Мен солардың ұрпағы,
Жасқанып неден қалайын.
Абырой берсе Құдайым,
Өзі ізденген дұшманды
Табанға мықтап салайын.
Бер батаңды, Кәреке,
Жауыма тез барайын.
Қиялай соғып қырғидай,
Жауды жеңіп жайраңдап,
Алдыңа келіп, Кәке аға,
Жай оғындай жанайып.
Кешіріп мені, Кәке аға,
мырзаш батыр
Құлақ салшы сөзіме,
Ақылшым болып жапанда.
Көрінді өзің көзіме
Елім үшін жан қисам,
Өлмегенім болмай ма!
Жаудан қорқып жасқансам,
Тегі бір ажал маған бар,
Сонда өлім арам болмай ма!
Өзім өліп, ел қалса,
Кегімді халқым алмай ма!
Құрбан болсам ел үшін,
Шыбын жанда арман жоқ.
Артымдағы ұрпаққа,
Мәңгі өлсем, атым қалмай ма!
Жауыма бармай қалмайын,
Кешіріңіз, ағажан,
Байқа деген тіліңді
Сірә, тіпті алмаймын.
Ерді намыс өлтірер,
Жаудан қорқып тығылып,
Көріспей жаудан жығылып,
Тірімін деп қалмаймын.
Жекеге жалғыз барамын,
Жолдасты ертіп алмаймын.
Қанды болмақ дұшманның
Тарылтпасам тынысын,
Табаныма салмасам,
Келтіре кек алмасам,
Алдиярдан тумайын,
Ата жолын қумайын,
Мырзаш атым құрысын!
Енді біраз әңгіме. Сонда Мырзаш көпшілік үлкен-кіші
сарбаздарға мына бір сөздерін айтты:
—Ана бар ғой, жарандар,
Маған біраз қараңдар,
Ет жүректі пендемін,
Көңілімде аз алаң бар.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қауіпті жауға барамын,
Ажалым болса Алладан,
Құтылар не шарам бар.
Басқа түсер күш болса,
Жазатайым іс болса,
Ойлаған бір санам бар.
Артымда қалған панам жоқ,
Мені жоқтап жылайтын
Ата менен анам жоқ.
Әуелде Құдай бермеген
Іні-бауыр, ағам жоқ.
Жас та болса шырылдап,
Жылап қалған артымда
Еркек кіндік балам жоқ.
Уа, дариға, дүние-ай,
Бір тұяқ қалса артымда
Болар еді-ау көңілім тоқ.
Жазым болсам жауыздан,
Жүрекке түсер сонда шоқ.
Айтайын несін термелеп,
Бұл пәниде опа жоқ.
Шәмшігүл еді әйелім,
Шәкежан жалғыз қызым бар.
Көрмесін тарлық екеуі,
Көз қырын соған салыңдар.
Болмасын жетім жалғыз қыз,
Менен қазір жалғыз із,
Қарны ашып, киім жыртылып,
Ішіп-жеуден іркіліп,
Қоржын салып мойнына
Болмасын мекен жапан түз.
Осы тұрған бәрің бар,
Көбің жас, аз кәрің бар.
Тапсырамын ел саған,—
Болмасын жетім жылап зар.
Жетім қыз, жесір әйел дер,
Атандырма, жарандар,
Ерден қалған тұяқ дер.
Жесірдің жетім қамын жеп,
мырзаш батыр
Аялы қолға алыңдар.
Дұшманға енді барайын,
Оңғарсын Алла жолымды,
Туғызсын жұлдыз оңымды.
Өзі тегіс ізденсе,
Өзі қазған көріне
Өзін мықтап салайын.
Ана бар ғой, сарбаздар,
Мынаны қатты тапсырам—
Бәріңнің де арың бар,
Қатты ұғып алыңдар,
Дұшманнан келер күш болса,
Әлдеқалай ісі болса,
Бас сауғалап қашпаңдар.
Тиянақ бекем ар болсын,
Дұшманнан қорқып саспаңдар.
Бабаларша өткен шайқасын,
Жазасын беріп дұшманның
Ананың сүтін ақтаңдар.
Зарлатпаңдар елімді,
Күңіренбеңдер көрімді,
Таптатпаңдар сырт жауға
Қасиетті жерімді.
Сарбаздар, әкел атымды,
Сыйламасын жатымды.
Қашан болсын қай күнде,
Естеріңнен шығарма
Осы өсиет хатымды.
Осыны айтып ал сонда,
Аққұс атқа ер салды,
Бес қаруды қолға алды,
Ақ иық құстай қамданды.
Енді атына мінеді,
Алладан пәрман тіледі.
Кәрім сонда Мырзаштың
Таяп келді қасына,
Кетерін енді біледі.
—Қарағым, аман-сау қайт,—деп,
Аялап бетін сүйеді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жас сорғалап сақалдан
Денесі балқып иеді.
—Асыл туған ерім,—деп,
Қайтпайтын жаудан перім,—деп,
Кемсеңдеген кәрі иек
Біріне-бірі тиеді.—
Кетер болсаң, қарағым,
Қолыңды жай, берейін
Ақ ниетпен батамды.
«Баталы құл арымас,
Батасыз құл жарымас»,
Деуші еді өткен бабалар.
Еске алайық сол сөзде
Тағы да өткен атаңды.
Жолыңды Алла оңдасын,
Қызыр болсын жолдасың,
Бұрынғы өткен бабалар—
Қабанбай, Барақ, Бөгенбай,
Ер Қосай, Қамбар, Жәнібек,
Тағы да көп талайлар
Әруақтары жебеп оңдасын.
Аққа Құдай жақ болып,
Әулиелер мен әнбия
Пірлер болсын жолдасың.
Дақ түспесін үстіңде
Атаңнан қалған ақ сауыт
Өтпесін оғы дұшманның.
Одан, сірә, жол тауып
Саған деген дұшманның
Қаруы тасқа шабылсын.
Сағы сынып жауыңның
Көз жасы көл боп ағылсын.
Бетіңді Құдай оңғарып,
Алдың күре жол болсын.
Саған деген дұшманның
Екі көзі көр болсын!
Күшіңе күш қосылып,
Жігерің қайрат артылып,
Еселі намыс мол болсын!
мырзаш батыр
Аптыққан көңілі дұшманның
Қара жермен тең болсын!
Жазықсыз елді жылатқан,
Сәбидің көңілін құлатқан,
Арам ниет дұшманның
Алды көр, арты жар болсын!
Әмсе тілек бар болсын,
Аллаһу акбар қарағым,
Алдияр атаң жар болсын!
Батасын алып Кәрімнің
Жорғаға қамшы басады.
Денені керіп күш-қуат,
Қайраты судай тасады.
Жарғылға тура бет алды,
Жол қиығын туралап,
Қашықты кесіп төте алды.
Мырзаш пен Жарғыл арасы
Дөңес бұйрат бел еді.
Оқ жетер жерге келгенде
Бір дөңестің басынан
Жарғылды Мырзаш көреді.
Екпіні дауыл аққұс ат
Солай тартып келеді.
Жарғыл тұр төбе басында,
Жеке тұр, жан жоқ қасында,
Жекпе-жек деп сұм кәпір
Диудайын өкірді.
Айбарын шашып сыртына,
Қанын жиып ұртына,
Мінген атын шапшытып
Ойқастата секірді.
Олай да шауып, бұлай да,
Дәл жын соққан секілді
«Тая, қазақ, тая» деп
Ышқына айғай салады.
Екі көзі қанталап,
Борбайлап атын сабады,
Тағы да біраз таяды.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Кезек бер, кезек ал демей,
Қалмассың деп осыдан
Арам ойға саяды.
Сонадай жерде Мырзашқа
Шалқая тұрып шіреніп,
Жебесін тартып қалады.
Зулаған жебе безілдеп
Мырзашқа жетіп келеді.
Шірене тартқан жебенің
Екпіні дауыл жел еді.
Тоғыз қабат сауыттың
Төртеуінен өтеді,
Бес қабатқа жетеді.
Денеге зақым қылалмай
Жетесінен кетеді.
Енді келді Мырзаштың
Еселі атыс кезегі.
Құдай өзі сәтін сап
Өртенсін жаудың өзегі.
«Ана бар ғой» дейтұғын
Батыр Мырзаш сөзі еді.
Бабалардың жолы деп,
Алдияр атам қолы деп,
Маған болар оңы деп,
Саған болар солы деп,
Мырзаш сонда жебесін
Шірене келіп, тартады,
Атасының Алдияр
Әруағы артады.
Найзағайдың оғындай,
Сексеуілдің шоғындай
Қаһарлы жебе кетеді.
Қас-қағым мезгіл болмай-ақ
Кәпір сұмға жетеді.
Қабаты мол сауыттың
Нешеуінен өтеді.
Аз да болса бұл жебе
Денені зақым етеді.
Күтпеп еді мұндайды,
мырзаш батыр
Арт жағы бір бөлек етеді.
Мырзаштың мына жебесі
Қатқыл тиді Жарғылға.
Аңғартып артын байқатты
Жеңілмейтін батырға.
Ойланып Жарғыл қорынды:
«Жас болса да бір кәп бар,
Әлдеқалай бұл қазақ
Қайната ма сорымды?
Жалғыз өзі Мырзаштың
Он Мырзаш болып көрінді.
Бір ақылын табайын,
Амалдап байқап қарайын.
Үрейін алып қорқытып,
Қасына таяп барайын.
Қорқытып сөзбен сойғылап,
Заман ақыр салайын.
Мені де «Бұрқан» жаратты,
Сөзіме айтқан көнбесе,
Күшімді мен де салайын».
Осыны ойлап ит кәпір
Мырзашқа таяп келеді.
Түр-тұлғасын Мырзаштың
Жарғыл байқап көреді.
Жарғылдың тұрған сол кезде
Дөңес биік жотасын
Қазірге ше халқымыз
Қара бүйрек дер еді.
Сол дөңесте Жарғыл тұр,
Өңі бейне жылан сұр.
Бірдемені айтуға
Сұқтана қарап Мырзашқа
Көз айырмай қарап тұр.
Мырзашқа төніп зілдене
Деді:—Ей, қазақ, мойын бұр.
Атым шулы әйгілі
Жарғыл батыр мен,—деді.
Диу, пері екпінім
Дауыл боп соққан жел,—деді.
10-279*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Мен аспанмын, сен жерсің,
Ойланып көр қазағым,
Дәл осымен тең,—деді.
Жас екенсің әлі де,
Аман-есен еліңе
Қайтқаның, бала, жөн,—деді.
Қоржынға салсам деп едім,
Ора шауып басыңды.
Әлдерін қимай ойландым
Жетпеген қыршын жасыңды.
Мен арыстан, сен бөрі,
Жолықпай жүрсің теңіңе.
Қасарыспай, қазағым,
Жеңілдім деп мойындап,
Құрметте мені сый беріп,
Шығарып сал еліме.
Жөніңе солай келмесең,
Айтқан сөзге көнбесең,
Өз обалың өзіңе,
Тірідей тығам көріңе».
Мына сөзі Жарғылдың
Мырзашқа жаман батады.
Кәпірден шыққан суық сөз
Құрсаққа мұз боп қатады.
Ашу қысып Мырзашты
Төзе алмады сөзіне.
Алпамсадай сұм жауыз
Баладай-ақ көрінді
Мырзаштың сонда көзіне.
—Жарғыл батыр, аптықпа,
Тіл тигізбе қазаққа,
Сабыр қыл, батыр, асықпа.
Асықпасаң, батырым,
Бүгіннен қалмай жайрайсың,
Ерің тисе өзіңе,
Тойым жоқ жылан көзіңе,
Екі қыз емес, қазақтан
Он қызды матап байлайсың.
мырзаш батыр
Жоқ, батырым, біздің ел
Мұныңа сенің көнбейді.
Нақақ халық сендейге
Лағын да бермейді.
Сондықтан, Жарғыл, ойлашы,
Тыныш жатқан елімнің
Ойран салып шетінен
Мал жанын неге айдадың?
Аясаң қазақ жастарын,
Қол-аяғын кісендеп
Азаптап неге байладың?
Айдады сені ажалың,
Әуелі бар көретін
Жаның шықпай азабың.
Не іздеп келдің қазаққа?
Ата-бабам көнбеген
Сендер салған азапқа.
Ұрпағымыз бабамның
Мен де көнбен мазаққа.
Есіркеп мені аяма
Күшіңді көрсет, батырым,
Жоқтан өзге сөз қылып
Сөз еместі шатыдың.
Іздесең ажал, батырым,
Сыбағаңды берейін.
Жаһанда күшті сен болсаң,
Күшіңді байқап көрейін.
Атадан адал туғанмын,
Сен сияқты сұм болмай
Аққа белді буғанмын.
Асықпай, батыр, сөз тыңда,
Халқыма берген сертім бар.
Елім үшін лаулаған
Ішімде жалын өртім бар.
Мына сөзге құлақ сал,
Құлақ сал да ұғып ал.
Аузыңды қан қылмасам,
Бітіріп сені тынбасам,
Көзіңді қанмен жумасам,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қылышыңды қынаптан
Шорт сындырып қимасам,
Отыма жағып найзаңды,
Құртпасам жауыз айлаңды,
Сертімнен айтқан шықпасам,
Туыңды өртеп жықпасам,
Орныңа тұрған тықпасам,
Сен қарақшы ел шапқан
Әулетсіз өрісің.
Айтқанымнан шықпасам,
Мырзаш атым құрысын.
Енді Бати Жарғылдың амалы құрып, күш көрсетуден басқа
ешбір лажы қалмады.
Бати тұрып долданды,
Қаруды тамам қолға алды.
Айбат шегіп ақырды,
Қаңтарда жарау бурадай,
Кәрі жынын шақырды.
Екі иығы селкілдеп,
Сұп-сұр беті бүлкілдеп,
Арам іште зар күлкі:
—Солай де, Мырзаш,—деді де,
Бір күліп алды кеңкілдеп,—
Олай болса, қазағым,—
Деді дағы Жарғылдың
Бет-бейнесі мүлде бұзылды.
Аузын жапқан қалың түк
Жел түрткендей желкілдеп,
Дүрдиген жалпақ еріні
Жыбыр қақты бүлкілдеп,
Қанды көзі аларып,
Дулығасын бір шешіп,
Айдарын бір таранып,
Дайындығын барлығын
Тамам жасап алды да,
Таяй түсіп Мырзашқа
Сұқтана қалды қаранып.
мырзаш батыр
—Жасым үлкен, ей, қазақ,
Әуелгі кезек менікі,
Соңғы кезек сенікі,—
Деді дағы ит қалмақ
Найзасын алды қолына.
Маңғазданып қарады
Тағы да оң мен солына.
Сонда Жарғыл сөйледі,
Мырзашқа қарап бүй деді:
—Қой деген тілді алмадың,
Сөзіме құлақ салмадың.
Көр қайратты, жас бала,
Жеткен шығар ажалың.
Шырқыратып жаныңды,
Кетірейін сәніңді.
Айдаған шығар қалың сор,
Енді, қазақ, шыдап көр.
Осыны айтып сұм Жарғыл
Ат тізгінін бұрып ап,
Анадай жерге барады.
Қайта бұрып ат басын
Тебініп кеп қалады.
Ағызып кеп ақырып,
Жын ұрғандай бақырып,
Бар денесін алға ұстап
Мырзашқа найза салады.
Тез әдістеп Мырзаш та
Өзіне төнген ажалды
Денеге көп дарытпай,
Кері қағып қалады.
Әуелі кезек найзадан
Аман-есен қалады.
Мырзашқа енді келді кез,
Жасады қимыл бұ да тез.
Кезегін Мырзаш алады,
Жай оғындай жанады.
Әдіс пенен айланың
Алуан түрін табады.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
О да әудем жер барады,
Қайта бұрып ат басын
«Қабанбайлап» ұран салады.
Қаһарын жиып бойына
Жарғылға қарсы шабады.
Ағызып келіп аққұсын
Бабалар өткен жолы деп,
Қолқа жүрек тұсы деп,
Жарғылға найза салады.
Кәр кесте жауыз сұм тақсыр
Туралап келген найзаны
Бұ да қағып қалады.
Кіргізе алмай найзасын
Мырзаш сонда ойланып,
Аңтарылып қалады.
Енді кезек қалысты,
Кезексіз найза салысты.
Екі найза шарт та шұрт,
Тез жанталас екі жақ.
Денеге найза дарытпай,
Қағып-қағып қалысты.
Кез келген жерден шаншысып,
Жан ұшыра қамтысып,
Жібермей жүр екі жақ
Төтелеп келген намысты.
Көз айырмай екі жақ,
Бұларға қарап қалысты.
Алпарыс шаншу, шабысу
Әзір жоқ белгі бұларда,
Қай жақ алад табысты?
Текедейін тіресті,
Шыбын жан үшін сіресті.
Аю менен арыстан
Секілді бейне күресті.
Дәмеленіп екі жақ,
Қайта-қайта шабысты.
Ат тізесі бүгілді,
Қару сынып үгілді.
Тозаң, топырақ, шаң болып,
мырзаш батыр
Көк шалғын шөптер жығылды.
Алпарысып, алысып,
Алмады бұлар тынымды.
Жеңу, жеңіліс болмады,
Бұдан да бұлар түңілді.
Шуласып тілеп екі жақ,
Бұларға көп көз тігілді.
Ет асымдай алысып,
Қолдары қалды қарысып.
Аударысты жалаң қол,
Тақымдар қалды жабысып.
Дем алуға келісті,
Екі жақ тіл табысып.
Екі жақтан хал бітіп,
Түтігіп шаршап әл бітіп,
Аз жерге барып отырды,
Алқынған демін алысып.
Әзірше тең күштер шақ,
Дем алып отыр екі жақ.
Жарғыл отыр «Бұрқан» деп,
Мырзаш отыр «Құдай» деп,
Бұрқан ба әлде Құдай ма?
Жеңері біреу болды хақ.
Сонда Мырзаш Құдайға жалынып былай дейді:
—Жалынайын өзіңе,
Жаратқан жалғыз Құдайым.
Жарылқау, қарғау өзіңнен
Ел үшін өлсем, мен дайын.
Ел тілегін бер Құдай,
Үстем қылып Жарғылды,
Халқыма берме уайым.
Жүрегім—ақ, ісім—хақ,
Тілекті бер ылайым.
О, Тәңірім, жаратқан,
Сәтін сал өзің келер шақ.
Алдияр атам айтушы еді:
«Ісі аққа Құдай жақ».
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ата сөзін еске алдым,
Қолға тисе келер бақ,
Енді бұған барайын.
Отырғызбай бұл итті,
Жан алқымға алайын.
Жеке күштен пайда жоқ,
Айлаға әдіс салайын.
Батыр бабам үйреткен
Көріп ем әдіс талайын.
Дем алдырмай жауызға,
Кезексіз шоқпар төмпештеп,
Ақылын солай табайын.
Біраз демін алған соң,
Жалыныш пірге болған соң,
Осылай ойлап ақылды,
Анадай жерде отырған
Жарғылды Мырзаш шақырды.
—Кел бері, көп отырма,
Шаршадың ба, батырым?
Шоқпарға кезек біз беріп,
Күтейік істің ақырын.
Сен—арыстан, мен—бөрі,
Жеңілмейтін ісің бар,
Өзіңе берген сертің бар.
Ойлану енді кеш қалды,
Кең дүние болар тар.
Жолың әсте болмас-ты,
Бейбіт елді бүлдірдің,
Қараниет, пейілің тар.
Қайда тұрсың сен, залым,
Төңірекке қарашы.
Мынау басып сен тұрған
Қазақтың кең даласы.
Бастырған емес дұшманға
Өзінің құтты панасы.
Сен сияқты бұл жерге
Талай дұшман келген-ді,
Сондай жаудың сен бірі,
мырзаш батыр
Қалмайсың, батыр, сен тірі!
Жауына қарсы бабамыз
Ту ұстап, тұлпар мінген-ді.
Жеңілмеген жаулардан,
Тарих талай анықтап,
Әлем мұны көрген-ді.
Күшті болсаң, батырым,
Мін атыңа, шық бері.
Бұрқаныңмен бір қосып,
Жіберейін мен кері.
Осыны айтып Ер Мырзаш,
Атына қамшы басады.
Атасының Алдияр
Әруағы тасады.
Жарғыл да атқа мінеді,
Жауар күндей түнерді.
Шоқпарын алып қолына,
Оңтайланып жетіп кеп
Тұра қалды оңына.
Келді таяп тебініп,
Ернін тістеп емініп.
Көтерді ауыр шоқпарын,
Көзінен шашып оттарын.
Оқ жыландай атылды,
Сойыл салым арасы,
Келді сондай жақынды.
Қаһарын бойға жиып ап,
Арамын ішке түйіп ап,
Қос қолдап кеп ит Жарғыл
Ұрды Мырзаш батырды.
Әдіске салып тағы да,
Қағып қалып шоқпарын,
Көп дарытпай басына.
Сонда да ақырын тиген жоқ,
Басындағы қалқанның
Сынығы түсті қасына.
Жанына серік боп қалды
Ер Мырзаштың айласы.
Бұдан да аман-сау қалды,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Әдісімен ақылдың
Жанына тиіп пайдасы.
Енді Мырзаш Жарғылдың
Жанаса келді қасына:
—Күші артық батырым,
Қайда кетті ақылың?
Қонғандай шыбын болмады
Сенің ұрған шоқпарың
Менің тіпті басыма.
Әтей айтты ер Мырзаш,
Жарғыл иттің шоқпары
Тисе де ауыр басына.
Сонда Мырзаш сөйлейді:
—Жасыма, батыр, жасыма,
Ашуың тарқап болды ма?
Енді кел жақын қасыма.
Көпті көрген батырсың,
Қасқай енді тасыма.
Осыны айтып Мырзаекең,
Он батпандық бос мойын
Көтеріп қолға алады.
«Алдияр атам қолда, деп,
Сиындым осы жолда, деп,
Өлер жерің осы, деп,
Қарақұстың тұсы, деп,
Осылайша болушы ед
Бабалардың ісі, деп,
Менің күшім емес-ті,
Қабанбай бабам күші, деп,
Иә, Алла»,—деп ер Мырзаш
Қос қолдап ұрып қалады.
Батырдың сонда қалқаны
Быт-шыт боп жерге құлады.
Енді Мырзаш Жарғылды
Кезек бермей ұрады.
Ойлаған діттен шығады,
Өз күшіне сүйсініп,
Көңілі біраз тынады.
А, құдайлап сарбаздар
мырзаш батыр
Тілеу тілеп тұрады.
Қапелімде жан бермей,
Жан ұшырып қорбаңдап,
Жарғыл да қайрат қылады.
Дамылсыз ұрған шоқпардан
Жарғылдың есі шығады.
Ақылсыз, айла-әдіссіз,
Сағы қатты сынады.
Әлі де жүр айқасып,
Ақыры немен тынады.
Әйтсе де бұрынғы арын жоқ,
Жан сауғалап бұғады.
Бір уақыттар болғанда,
Мырзашқа бақыт қонғанда,
Ердің күші артады.
Бұрынғы өткен бабалар,
Ерлігі артық даналар,
Бөгенбай, Барақ, Жәнібек,
Жолын бер деп солардың,
Айғайлап ұран тартады.
Диумен жеке алысқан,
Зейтүндей бейне жабысқан,
Етек-жеңді түреді.
Жындарды басқан диудай,
Жарғылды енді бүреді.
Әдіс-айла сақтықпен
Тез қимылға басады.
Қарсыласқан сұм жаудың
Алдын орай тосады.
Енді Мырзаш көңілі
Тасыған судай ағады.
Ойқастатып тұлпарын
Қондырды қайта қолына.
Уақтылы ұшқан сұңқарын,
Олай өтіп соғады,
Бұлай өтіп соғады.
Өлтіргендей жыланды,
Төпелей соққан шоқпардан
Жарғыл қайтып оңады.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Мырзашқа қарап тоқта деп,
Басқа кезек жоқ па деп,
Титықтап әбден болады.
Шоқпар, найза, семсерді
Үсті-үстіне қондырды.
Жөнге келмес батырды
Туралап жөнге көндірді.
Кешегі жылан көздерін
Көр қылып бүгін сөндірді.
Асқынған жауыз, сұм иттің
Басына қауіп төндірді.
Іздегенің осы деп,
Жын-шайтанның досы деп,
Ниеті қара дұшманды
Қан мен терге шомдырды.
Әлін құртып састырды,
Мұрса бермей төпеді
Қара албасты басқырды.
Осы кезде кәпірдің
Екі көзі алақтап,
Кезерген ернін жалақтап,
Бойдан қуат, әл кетіп,
Қалжырады хал кетіп.
Шығуға жаны айланды,
Аузынан қара қан кетіп.
Енді бір сәтті орайда
Батыр Мырзаш найзасын
Ақылын тауып айласын,
Қолтықтан шаншып тіреді.
Жәй тіреп тағы қойған жоқ,
Күш сала қатты шіреді.
Қуат берген Мырзашқа
Қысылғанда пірі еді.
Жеңілмейтін ит дұшман
Шіріген түбі теректей
Өкіріп аттан құлады.
Кешегі күлген күлкісін
Бүгін көмір қылады.
Абырой мен атағын
мырзаш батыр
Жермен-жексен қылады.
Айтқанын қылып ер Мырзаш,
Құп тамаша қылады.
Сұлатып салып дұшманды,
Мырзаштың көңілі тынады.
Өгіздейін өкіріп,
Маядай даусы бақырып,
Бұрқаным деп жылады.
Жайланып көңілі Мырзаштың,
Келтіріп тәубе пірлерге
Шүкір аза қылады.
Төгілген асып сұм иттің
Ақылын өстіп табады.
Құр шыбыны бойында,
Құлағаны ойында,
Еңбектей келіп жығылып,
Үні шықпай тығылып,
Қансоқта боп иленген
Топырақты қабады.
Киізше теуіп аунатты,
Қан жоса қыпты аумақты.
Әуелгі жазаң осы деп,
Түбінен кесіп тастады
Оң қолы үш саусақты.
Жығылғанын Жарғылдың
Шеріктері көреді.
Аңдып тұрған сарбаздар
Шетінен қыра береді.
Қарсыласуға пайда жоқ,
Ерік беріп көп қолға,
Несіне болса көнеді.
Құлшынып тұрған көп сарбаз
Алдын тосып бөгеді.
Шаншып ұрып түсіріп,
Жазаларын береді.
Соры қайнаған иттердің
Қырылып көбі өледі.
Әумесер, даңғой иттерге
Осы емес пе керегі?
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ұрысқа шығар алдында,
Сарбаздарға Мырзаштың
Ақыл сөзі көп еді.
«Қолға түскен жауларды
Ұрып-соғып азапта,
Бәрін қырып бірақ та
Өлтірмеңдер»,—деп еді.
Өлімнен қалған қалмақтар
Қол көтеріп шулады.
Жалынып, шулап шұрқырап,
Көздердің жасын тыймады.
Қорыққанынан бұл сұмдар
Далаға шексіз симады.
Ашуы қатты кей сарбаз
Қалмақтарға төнеді.
Ізденіп келген дұшманға
Төнгені де жөн еді.
Күнәларын мойындап,
Мұның қалай демеді.
«Қалмақтар, мұнан өлмейсің»,—
Деп сарбаздар ақырып,
Көсілте дойыр переді.
Қалғанын тірі айдады,
Қол-аяқтарын байлады.
Сиынған пірі қор болып,
Таппады бұлар айланы.
Өз қылғанын өзіне,
Көрсетті сөйтіп көзіне.
Қарамады сарбаздар
Шулап-жылап жалынған
Шүлдірлеген сөзіне.
Қойша иіріп қайырып
Айдады Мырзаш қасына.
Ақырзаман түсіпті
Бұлардың енді басына.
Кәрім келіп Мырзашқа,
Атынан түсе құлады.
Қуанғаннан кемсеңдеп,
Жас алып көзге жылады.
мырзаш батыр
Жүрегін адал игізіп,
Сүйіп-құшып аймалап,
Бетіне-бетін тигізді.
—Құтты болсын жеңісің,
Айналайын қарағым.
Заманың қалай болар деп,
Сарғая күтіп қарадым.
Екі көзім төрт болды,
Жүрегім жалын өрт болды.
Бөлініп ойым он саққа,
Сау денем қажып дерт болды.
Бабамнан қалған бір тұяқ,
Қорғадың елді, батырым.
Тәуба қылдым, Жаратқан,
Қайырлы қолдың ақырын.
Алып жаудың, қарағым,
Алқымынан алыпсың,
Ылдидан төмен еңкейтіп,
Сұлата жығып салыпсың.
Баянды болсын, батырым,
Ел қорғаған намысың.
Әмсе жолың болғай-ды,
Дара туған арысым.
Өрт шалғандай болып ет,
Іргелі қопа қамысым,
Орнығып көңілім марқайды,
Біткендей болып бар ісім.
Сонда екеуі құлап жатқан Жарғылға келіп, Жарғылға Мыр
заш бірер ауыз тіл қатты.
Кәрім мен Мырзаш Бәтиге,
Таяп келіп тіл қатты.
Көз жасы бетін жауыпты,
Болған екен жан тәтті.
—Ана бар ғой, батырым,
Қозғалмай қапсың, батырым,
Атыңнан құлап жер құшып,
Босады неге тақымың?
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Шатпақтап сөйлеп сандалдың,
Істің күтпей ақырын.
Мырзаштың басын төрт кесіп,
Қоржыныма салам деп,
Ұлын құл, қызын күң қылып,
Сұлтанымды қуантып,
Апарып сыйға берем деп,
Сөзіңнен мүлде таныпсың.
Арыстан едің айдынды,
Жемтік боп түзде қалыпсың.
Қаруың қапты шашылып,
Абырой қапты ашылып,
Тым болмаса өлерде,
Жаппапсың сорлы жасырып.
Өлеріңнің алдында,
Датың болса, айт,—деді.
Мына жарық дүниеден
Тозағыңа қайт,—деді.
Бас шабу кезек менікі,
Жоғалар кезек сенікі.
Басыңды қазір аламын,
Сен салмайсың қоржынға,
Қоржынға мен саламын.
Ақымақ басты ел көрсін,
Қалдырам арам денеңді.
Денеңді алмас біздің жер,
Қалсын ит-құс жеп енді.
Бати Жарғыл мұны естіп,
Зар еңіреп жылады,
Көз жасы көл боп өкіріп:
—Күнәмді кеш,—деп сұрады.
Қиыңдар қасық қанымды,
Қалдыршы шыбын жанымды,
Обалым Сайқын залымда,
Кетірді сол арымды.
Қорқытты мені сұм Сайқын,
Аламын деп жаныңды.
Егер тілді алмасаң,
мырзаш батыр
Жұмсаған жерге бармасаң,
Дараға асып өлтіріп,
Шашамын деді қаныңды.
Онан қорқып келіп ем,
Теріс іске көніп ем,
Саған теңдес батыр жоқ,
Мырзаш әлі жас бала,
Өсекке деген сеніп ем,
Осы еді сырым тамамды.
Өсекке еріп ақымақ боп,
Көрдім мұндай заманды.
Қайырымды қалың ел,
Аяшы мендей сорлыны.
Жесір қатын, қу кедей,
Арттағы бір топ баламды.
Баланы аузына алған соң,
Кәрімнің көңілі босады.
Шындық сөзге сенгендей,
Мырзашқа ақыл қосады.
Тағы Кәрім бір сөзді,
Мырзаштың салды есіне:
—Мұрасы еді бабаңның,
Салдың ба таңба төсіне?
Мырзаш айтты Кәрімге:
—Ақылды аға сен едің,
Сіз де Алдияр ұрпағы,
Балаңыз Мырзаш мен едім,
Қысылғанда пірім деп,
Асқарға сізді теңедім.
Сақтықпенен сұрайсыз,
Мұны теріс демедім.
Сіз айтқан осы сақтықты
Мен де әуелден ойладым.
Қисынды істі дер кезде
Ойламай, сірә, қоймадым.
Мүшесі мұның сау емес,
Он екі мүше сау тұрса,
Қайта шаппас жау емес.
Сондықтан да, Кәке аға,
11-279*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жығыла сала бұл иттің
Оң қолынан үш саусақ
Кесіп алғам түбінен.
Ұстауға қару-жарақсыз
Болады деп сеніп ем.
Өзіңіз қарап көріңіз,
Дұрыс па әлде бұрыс па?
Төрелігін беріңіз.
Кәрім байқап көрді енді,
Жарғылға таяп келді енді,
Айтқанындай үш саусақ
Кесіліп жатыр жерде енді.
—Жарайсың, ерім, дұрыс,—деп,
Бағасын Кәрім берді енді,—
Олай болса, батырым,
Әзірше мұны өлтірме,
Тастайық істің ақырын.
Сабырлы едің, сабазым,
Саған берген ақылым:
Мұнда бар әлі талай сыр,
Мүмкін болар арты жыр.
Біткен екен оң қолы,
Енді өлтірмей қоя тұр.
Екеуара бұл кеңес
Ақылға болсын ылайық.
Елге жауап берсін бұл,
Сұлтанға алып барайық.
Тағы да көрсін тірідей
Ондағы көп халайық.
Алқа-қотан бас қосып,
Сарапқа ісін салайық.
Есекең алсын жауапты,
Жақсыларға алып барайық,
Өлетін үкім шығарса,
Көріне мықтап салайық.
Келелі сөзге Мырзаш та
Разы болып көнеді.
Осылай тоқтам болған соң,
мырзаш батыр
Жарғылға жақын келеді.
Сұмды орнынан тұрғызды,
Қан-сөлдерін жуғызды.
Қалғандарын түгендеп,
Бас-аяғын жиғызды.
Ер Шорғабай ақырып,
Тықсырып әкеп тарының
Қауызына сиғызды.
Шеріктерін шұлғытып,
Басын жерге тигізді.
Сүйрелеп әкеп Жарғылды,
Жарасына қарамай,
Сабап атқа мінгізді.
Шорғабай өзі бастық боп,
Барлық сарбаз, қалың топ,
Есмұхамбет сұлтанның
Ордасына жүргізді.
Ал енді сарбаздар қалмақтарды айдап ордаға жүріп кетті.
Мырзаш жарасын ауырлап, Кәрім екеуі сол маңдағы бір жалғыз
үйге бармақшы болып солай қарай бет алды.
Жарасы ауыр Мырзаштың,
Аққұсқа әрең мінеді.
«О, Тәңірім сақта»,—деп,
Кәрім де тілек тіледі.
Енді қарап тұрмады,
Ерге басты тақымды.
Азырақ жерде бір үй тұр,
Алыс емес жақын-ды.
Шатырдай аппақ ақ орда,
Көрнекті көзге үй екен.
Бұл орданың иесі—
Сарыжомарт деген рудың
Досбол деген биі екен.
Жарғылдан қорқып адамы
Ығысып кетіп аулаққа,
Тігулі қалған күйі екен.
Бет алысып екеуі
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Осы үйге таман жүреді.
Енді бұлар аз жүріп,
Үйге де келіп кіреді.
Жарасы ауыр Мырзашты
Кәрім аттан сүйеді,
Шешіп алып киімін,
Ілгішке әкеп іледі.
Там-тұм қалған тамақ бар,
Иесіз тұрған үй еді.
Кәрім сонда Мырзаштың
Шешіндіріп киімін,
Жараларын байлады.
Жуып-шайып тазартып,
Төсекке әкеп жайлады.
Айлана жүріп қымтап сап,
Күтуде өзі жалғыз қап,
Алладан тілеп тілегін,
Туралап Хаққа жүрегін,
Дұғасын оқып күбірлеп,
Мырзаштың ұстап білегін.
Көкжиектен қызарып,
Батты арайлап кешкі күн.
Бір жылдай боп көрінді
Кәрімге мынау жалғыз түн.
Жата алмады аунақшып
Қараңғы түн, күзгі үйде.
Жүрегі кейде қобалжып,
Дұшман салған бұл күйге.
Таң самалы білініп,
Бозторғай шықты аспанға.
Сахара құстар оянып,
Әуенге-әуен қосқанда,
Аспан-көкте әр жерде,
Санама жұлдыз қалғанда.
Бәйшешек түсті түрлі гүл
Иісі мұрын жарғанда.
Алласына сиынып,
Төсектен Кәрім тұрады.
Әр саққа кеткен ойы бар,
мырзаш батыр
Жан-жаққа мойын бұрады.
Дәретін алып, намазын
Оқып енді тынады.
Мырзаштың халін бір біліп,
Төңірекке қарады.
Шапқылап суыт жүріскен,
Хабары жоқ еді бұл істен.
Шоғы бір топ адамды
Көзі шалып қалады.
Әңгіме тыңда, жарандар,
Бұлақ салып қараңдар,
Оқиға болса бұл өткен,
Жазбасқа не шарам бар.
Шоғырланған бұл топтар
Аз уақыт өтпей-ақ
Кәрімге келіп қалады,
Абайлап Кәрім қарады.
Бәрі де көзге таныс-ты,
Кәрімге сәлем берісіп,
Аттан түсе қалысты.
Төсекте жатқан Мырзашты
Кезек сүйіп аймалап,
Төске төстер жабысты.
Ел қорғаған ерім деп,
Айқара құшақ жайысты.
Жарасына Мырзаштың
Алласы болсын енді жар.
Осы келген жандарда,
Атақты бір дәрігер бар.
Мұның атын білсеңіз,
Әбу Сейітбекұлы
Сағдолла дәрігер Алла акбар.
Ем тапқан ауыр науқасқа,
Араша түскен көз жасқа
Дуана бақсы бұл емес,
Мұның жолы бір басқа.
Озып туған анадан,
Өзі құрбы баладан
Кенжелеп кейін қалмапты,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ақылмен талап санадан.
Стамбул деген қаладан
Дәрігерлік білім алыпты.
Алуан-түрлі саладан
Дауасын тауып емдеген.
Ауру, жара, сынықты
Бермеген өлімге әсте де.
Құлғана, мерез, былықты
Қосады екен қатарға.
Тілсіз қалған сұлықты
Адамды жарып емдеген,
Қатерлі дертке бермеген.
Болмапты дерттің дауасы
Қолынан мұның келмеген.
Әр жақтан науқас келіпті,
Жоқ сөзім мұны өңдеген.
Қос-қос атпен шаптырып,
Ақылын Сұлтан таптырып,
Тіріде қарап жарасын,
Өлсе, көрсет қарасын,
Жіберген солай тапсырып.
Әкбар келді Мырзаштың
Төсегінің басына.
Айнала қарап тоқтады
Жастықта жатқан басына:
—Үш жерден баста жара бар,
Біреуі тым дара бар.
Алла сәтін салмаса,
Қылатын не шара бар?
Шешіп алып киімін,
Денесін түгел қарады.
Жеңіліне мән бермей,
Ауырын өте санады.
Төрт-бес жерде бар екен
Денесінде жарасы.
Қауіптірек көрінді
Екі жара арасы.
Біреуі бүйрек деңгейі,
Бірі өкпе шамасы.
мырзаш батыр
Сәтін салса Құдайым,
Адамның болмас таласы.
Киім шешіп, қол жуып,
Жараға Әкібар кірісті.
Білгір жан мұндай болмаса,
Кім тындырар бұл істі.
Жуып-шайып жараны,
Мұқият байқап қарады.
Керексізі сылынып,
Керектісін өсіріп,
Біріне-бірін жамады.
Жараны байлап ақ бозбен,
Қарады Әкбар оң көзбен.
Мың да бір ем болатын,
Ажалы жоққа қонатын
Бағасы артық ем дәрі,
Шипасын тауып жағады,
Бір жеті тамам бағады.
Бір жеті болды ол жерде,
Қасиет құты мол жерде,
Ертеңгі азан болғанда,
Тап салып жара жазылып,
Шаттыққа көңіл толғанда,
Қара Ертісті бетке алып,
Аттарын жолға салады.
Күн-түн жүріп тоқтамай,
Ертеңгі сәске болғанда,
Бесін намаз ауғанда
Ордасына сұлтанның
Таяп жетіп қалады.
Сұлтан да тез қамданып,
Тұлпарына мінеді.
Ел жақсысын ертіп ап,
Мырзашқа қарсы жүреді.
Ақсарбас айтып Құдайға,
Ағынан тілек тіледі.
Адал көңіл, ақ ниет
Жүрегі сондай иеді.
Мырзашты келе құшақтап,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Елжіреп қатты сүйеді.
Аман қосқан бұларды
Әділ Құдай ісі еді.
Есмұхамбет сұлтаның
Мастанбаған дәулетке
Кедейшіл, әділ кісі еді.
Енді сұлтан Мырзашты
Ордасына кіргізді.
Үстіне қамқа тон жауып,
Жезжирен деген бәйге атты
Сыйға тартып мінгізді.
Қуанысып жылаған
Шал-кемпірге сүйгізді.
Қуантып қыз, келіннің
Төбесін көкке тигізді.
Жастарды тегіс жинап ап:
«Үлгі алыңдар батырдан»,—
Деп асыл сөз түйгізді.
Қайырымды Есекең
Шаттана көпке қарады.
Сан-саққа кеткен көп ойдың
Түйіні енді тарады.
Дұшманнан есе ап берген,
Мырзашты мыңға балады.
Оқушым, сөзге нанасың,
Шындықты естіп қанасың.
Үштөбе деген жердегі,
Үкібай шағын елдегі
Алдырды Мырзаш батырдың
Әйелі мен баласын.
Жедел барып тез қайтып,
Бұлар да келіп қалады.
Үш жаста екен Шәкежан,
Қолына Мырзаш алады.
Жалғызым деп аймалап,
Сүйіп құшып қалады.
Ауырған жара жазылып,
Жүрегі оттай жанады.
Көңілі орнығып жадырап,
мырзаш батыр
Жай тауып жаны қалады.
Құс мамықта жатса да,
Шаттыққа көңілі батса да,
Ендігі арман ер Садыр.
Садырды ойлап Мырзаштың
Жүрегі оттай жанады.
Садыр сынды батыры
Өртеді ердің өзегін.
Тоқтай тұрсын келер сөз,
Берейін енді Садырға
Біраз сөздің кезегін.
Берейік сөз кезегін Садыр ерге,
Мұның да даңқы шыққан рулы елге.
Балуан күрес, ерлікте бас бәйге алып,
Жолы боп домалаған тасы да өрге.
Жау десе, ер Садырдың жаны құмар,
Айқасқа бұ да түскен жарым сыңар.
Бұл жолы жеке күшін сынамаққа,
Тіленіп Мырзаш ерден қылған іңкәр.
Міне, енді күш сынайтын кезек келді,
Ер еді жаны сүйген туған елді.
Бес тәулік болып қапты жау тосқалы,
Сарғайып мекенденіп құба белді.
Алтайдың оңтүстігі жазық дала,
Кенге бай бұл ұлы тау сай мен сала.
Халқына сары алтынын сыйға тартып,
Кенелген мол дәулетке қыры, қала.
Жері бай, елі де бай ұлы Алтайдың,
Біз айтсақ сөз шындығын болған жайдың.
Сарытау қос батырдай төсін керіп,
Шыңынан бір кем емес Гималайдың.
Ертіске он екі өзен құлай аққан,
Қызыл алтын жақұттай шолпы таққан.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бастысы Қаба, Қалжыр асау өзен,
Қасиеттен құр емес және атақтан.
Қара Ертіске құяды асау Қалжыр,
Басы сонау Сарытау бауры ауыр.
Қасқа жол Қалжырменен жарыстаса,
Бүйрек тауға жеткенше дала тақыр.
Алуан сәнмен жаралған қазақ жері,
Құз жартас Сарытаудың ылди өрі.
Торайғыр Сарытауда жалғыз асу,
Құтылар бұл асудан ердің ері.
Ну орман қасқа жолдың екі жағы,
Сыналатын кез келді ердің бағы.
Жиделі өрлеп жанаса жол шығады,
Биік құз ершімі тар екі жағы.
Тігілген осы жерге Садыр қосы,
Сарбаздар қасындағы ердің досы.
Жиделі, Сартеректі басып өтіп,
Ұранқайлар қайтатын жолы осы.
Нақақ елді жылатқан қалың кәпір,
Енді түсер біреуге заманақыр.
Қалмақтар бес жүз жылқы, екі қыз ап,
Осы асуды бетке алып келе жатыр.
Тағы да он бес түйе жиһаз артқан,
Құтылам деп ойлады Тәңір атқан.
Қам-қайғысыз итше ұлып, өлең айтып,
Торыайғыр асуына тура тартқан.
Даладағы не білсін үйдегіден,
Көп ойланып не қылам жан жегіден.
Артық сөзді тоқтатып біразырақ,
Тездеп хабар берейін Жиделіден.
мырзаш батыр
«Мырзаш ер не болды екен, Бати қайда?
Кімге залал болды екен, кімге пайда?—
Садырдың ойны онға бөлінеді,
Жолға шықса қалмақтар енді қайда?»
Ойлады Қарауылға шығайын деп,
Жеке өзі емес достарға уайым жеп.
Жүйрік қиял-ой қырды кетті шарлап,
Шың-құзға әрең шықты сандалып кеп.
Кең дала ирелеңдейт бұлдыр сағым,
Секілді түпсіз терең тылсым ағын.
Шетсіз-шексіз қыбырлап жатыр дала,
Болжап, байқап болмастай арғы жағын.
Көз жіберіп қарады кең далаға,
Көз салды шоғырланған нұр қараға.
Маңдайын оң қолымен көлегейлеп,
Анықтап көз жүгіртті әлгі маңға.
Алыстан тіке ұшқан шаң көрінді,
Көптеген жүз қаралы жан көрінді.
Тауға үріккен даланың тағылары,
Елік, бөкен, жабайы аң көрінді.
Бөктер тау бірі биік, бірі тегіс,
Бірі өр ойлы-шұңқыр, бірі еңіс.
Бір көрініп жоғалып, бірде шығып,
Жақындап келе жатыр түгел тегіс.
Байқады жау екенін сонда Садыр,
Еңістен дөңге шықты құлан-тақыр.
Жылқы айдап, жиһаз артқан көп қалмақтар,
Асуға тура тартып келе жатыр.
Артқан түйе аттылар жылқы айдаған,
Дәл өздері иттердің жын жайлаған.
Садырбай анық қарап әбден көрді,
Шошаңдаған найзалар ыңғайланған.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ер Садыр қарауылдан қайта келді,
Жаудың жақын екенін айта келді.
—Дайындал, сарбаздарым, қамданыңдар,
Жау тосып жатуымыз жетер енді.
Көреді қалың шаңды Садыр қолы,
Енді түсер бұйырса істің оңы.
Жиделі Сарытауға шыға беріс,
Ну орман қалың ағаш оң мен солы.
Қалың қол екі топқа бөлінеді,
Бұл кезде жау да жақын келіп еді.
Болды дайын сарбаздар сақадай сай,
Бір мақсат жау жазасын беріп еді.
Төрт жүз елу ұранқай жылқы айдаған,
Құр аттар таңдап мінген шыр айланған.
Сәйгүлік бәрі тегіс қазақ аты,
Төл атын қоса салған құрт жайлаған.
Ер Садыр сарбаздарын жиып алды,
Тез кеңесіп азырақ ақыл салды.
Соны айтқан Мырзаш тағы Садырбайға:
«Жылқының алдын тоспай жібер малды».
—Біріңнен-бірің шалғай кетпе бөлек,
Тізе қосып ұрысу бізге керек.
Ұран сала бірлесе ұмтылыңдар,
Келе алмас бізге қарсы көп сүмелек.
Тапсырып осыны айтты Садыр сонда,
Сарбаздар атқа қонды, қару қолда.
Біріне он қалмақтың күші бітіп,
Арыстандай атылмақ болды сонда.
Ақыл-сабыр, терең ой жанға пайда,
Күшке серік керек-ақ тағы да айла.
Жылқының алды келді Жиделіге,
Кісінеп шуылдасып құлын-тай да.
мырзаш батыр
Шұрқырап қалың жылқы өтіп жатыр,
Кіре беріс алды орман, арты тақыр.
Саябырлап жылқы өтіп болғаннан соң,
Артқы жаулар таянып келді-ау ақыр.
Енді аянып тұра ма Садыр батыр,
Атойлап алға шығып бара жатыр.
Ұрандап жекпе-жек деп айғай салды,
Шықсын деп дәмелісі болса батыр.
Бұлардан дара шықты бір ұранқай,
Қарсыласпай бұл иттер қала ма жай.
Жарғылдың ең сенімді жолдасы екен,
Батыр деп алға ұстаған көп ұранқай.
Бұл да айғайлап жекелеп келе жатыр,
Тау бұзардай екпіні таппай сабыр.
Айласы аздау алкеуде көрінеді,
Жұлынып келіп қалды әлгі батыр.
Астында судай жорға қара аты бар,
Киімі де сәнді екен көзді тартар,
Садырға таяп келіп тұра қалды,
Түнерген қабағынан жауардай қар.
—Қай қазақсың, жөніңді айт, келдің қайдан,
Кім едің сен айрылған ақыл-ойдан?
Жолды тосып қиратпақ ойың бар ма?
Тездеп жауап бергейсің осы жайдан.
—Айтайын жөн сұрасаң, қарғыс атқан,
Өзің кімсің ел шауып келе жатқан?
Қазақтың батыр ұлы Садырбаймын,
Аптығын сендей иттің талай басқан.
—Ақымақ, не қыласың жөнді сұрап,
Қыламын жермен-жексен көрші шыдап.
Ажал айдап еліме өзің келдің,
Аумасар шын адасқан сен найынсап.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ер Садыр енді шыдап тұра алмады,
Тантыққа енді мойын бұра алмады.
Қайраты бойын кернеп, ашу қысып,
Көтеріп зіл қараны қолына алды.
Кезексіз бұ да соқты, о да соқты,
Екі шоқпар шығарды қызыл шоқты.
Шарт та шұрт қызыл айқас басталды енді,
Тұруға кезек күтіп лажы жоқ-ты.
Шоқпармен бұған лажы қыла алмады,
Мұнымен іс ақыры тына алмады.
Көкі деген атақты бір сұм екен,
Ойлаған ойдан Садыр шыға алмады.
Шоқпардың Садыр салды көп айласын,
Сонда да көре алмады еш пайдасын.
Ашуланып шоқпарды лақтырып,
Тез ұстады қолына ол найзасын.
Шапшаңдықпен жүректен салды найза,
Жасады жан бермеске Көкі де айла.
Ер Садыр найза үшін босатпады,
Мұндайда ақыл-әдіс жанға пайда.
Садырдың күші асып құлатты аттан,
Қапелімде ер Садыр ақыл тапқан.
Ауытқып, әлі бітіп, аттан құлап,
Өкіріп жер жастанды Тәңір атқан.
Жекеге тағы біреу шыға салды,
Бір қазақтың болам деп ойына алды.
Қайдан білсін қазақтың кім екенін,
Ертісбай мұны барып қаға салды.
Жекеге енді қалмақ шыға алмады,
Жекенің не екенін де ұға алмады.
Батырсымақ екеуден айрылған соң,
Қалғаны өзін-өзі біле алмады.
мырзаш батыр
Сонымен ең әуелі Көкі кетті,
Екіншіге кешікпей ажал жетті.
Қорқырап арам қандар шапши ағып,
Шырылдап жаһаннамға жаны кетті.
Ер Садыр қаптаңдар деп ұран салды,
Абылқас, Ертісбайлар алдын алды.
Бұйрық күтіп тұр екен қалың сарбаз,
Лап қойып ұранқайды ортаға алды.
Осы күнгі Қалмақсай Жиделінің,
Қалмақ қырған аталып содан қалды.
Дұшмандарын бастырмай туған жерге,
Мұндай жолды ер жүрек бабам салды.
Қалың сарбаз қаптады екі жақтан,
Сытылып тайсалмады ешкім саптан.
Қалмақты шауып, шаншып құлатып жүр,
Жерді құша құлады талайы аттан.
Бетпе-бет қызу айқас болды сонда,
Сарбаздар қару сілтеп оң мен солға.
Әсіресе Абылқас, Ертісбайлар
Қатты ерлік көрсетті осы жолда.
Топырлады жауыздар аттан құлап,
Талайы өзі шошып жатыр сұлап.
Кейбіреуі бақырып ойбай салды,
Шала тиген қанжарға төзбей шыдап.
Ер Садыр бір-бір түйреп лақтырады,
Көрмеді бір адамды тымақ құрлы.
Ойсыратып, ойрандап, бұзып-жарып,
Қабанбайлап ұран сап ширақ кірді.
Жеңіліп көп иттерді Құдай ұрды,
Шуылдап, қорқып, сасып жерге кірді.
Кейбіреуі қазақша «ағатайлап»,
Мұны естіген сарбаздар мәз боп күлді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қалғаны қол көтеріп аттан түсті,
Құлдық ұрып жыласып құрақ ұшты.
Тілесіп бір шыбындай жанын тәтті,
Қия көр деп еңіреп жалынысты.
Екі қыз жүгіріп кеп Садырбайға,
Қорқыныш, қуаныш боп оралды ойға.
Егіліп көз жастарын тыя алмады,
Ағаға іні мұң шақса, ұнамай ма?
—Жылама,—деді Садыр,—қарақтарым,
Елімнің көз шырайы жанаттарым.
Қайырлы іс ақыры болды, міне,
Ендігі жылауды мен жаратпадым.
Жау жайрап Жиделіде болды тойы,
Жауынгер ел қазаққа жетпей бойы.
Көрмепті қорлық-зорлық қыздар жаудан,
Арын сақтап Сайқынға бермек ойы.
Тұтқындарды жинады бірақ жерге,
Әлі шошып кіргендей тірі жерге.
Неге бұлай жиды деп күдіктенед,
Домалап бас қойысып Садыр ерге.
Қаруларын сыпырды бірін қоймай,
Ендігі істер, бұйырса, бәрі де оңай.
Сырт киімін тағы да шешіндірді,
Терісін жалаңаштап сойған қойдай.
Сарбаздар асып-саспай түгел жайлап,
Қолдарын арттарына тегіс байлап.
Әуелгі жазаларың болсын деп бұл,
Барлығын қарсы күнге келді айдап.
Жазасын тарттырады күнге қақтап,
Шыжғырды батырларды ыстық аптап.
—Сусын, тамақ бермеңдер бірер тәулік,—
Деді Садыр,—оңаша жеке тастап.
мырзаш батыр
Сарбаздар киім шешіп демін алды,
Құдайға айтып жылқыдан құрбан шалды.
—Қалмаққа да жем болып кете жазды,—
Деп қазанға ту бие етін салды.
Барлығы тамақ жесіп тояды енді,
Күдікті көңілдегі жояды енді.
Ерлерін алып түгел төл аттардың,
Шалғынға Жиделінің қояды енді.
Сұм дүния сұлу ару сылаңдайсың,
Сен неге бір қалыпта тұра алмайсың.
Бір күн жырғап қуантсаң, бір күн жылау,
Ауыр түсіп бұлаңдап неге алдайсың.
Жалт берсең, сенен сынар ердің сағы,
Бері қарасаң, жанбайды кімнің бағы.
Кеше ғана толқыған көңіл шіркін,
Бүгін бақыт тапты ғой сенен тағы.
Ер Садыр сарбаздарын жиып алды,
Жиып алып бір кеңес ақыл салды:
—Жиһаз артқан түйелер, барлық жылқы,
Жиып ап түгендеңдер барлық малды.
Жылқыны беттетіңдер елге қарай,
Айтатын кеңесім бар әлі талай.
Зорлық пен қуғын көрген жануарлар,
Өзі-ақ кетер мекенге бірі қалмай.
Жылқыны жиыстырып жолға салды,
Қазына артқан түйелер мұнда қалды.
Бірі қалмай жөнелді Қара Ертіске,
Дейміз бе ақылы жоқ хайуан малды.
Дүркіреп көп сәйгүлік жөнеледі,
Қою шаң артта қалып дөңгеледі.
Өз еркінен айрылған жануарлар,
Еркіне енді келіп кенеледі.
12-279*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Садыр айтты: «Түнейміз бүгін мұнда,
Азанда аттанамыз, ертең таңда.
Кім білсін ұры, бөрі, қарақшылар
Торуылдап жүрмесін иен далада.
Қарауыл неше жерде қойғызыңдар,
Қашпасын ұранқайлар пейілі тар.
Таспен атқан дұшманды аспен атып,
Беріңдер енді тамақ тойғызыңдар».
Сарбаздар бұл жұмысқа кіріседі,
Жорықтың бұл міндетті бір ісі еді.
Қарулы елу сарбаз күзет қылып,
Қалғандар тәтті ұйқыға кіріседі.
Алтайдан жұпар иіс самал есті,
Сырғытты салқын самал ыстық кешті.
Күміс ай көк аспанда еркін самғап,
Жарық нұрмен қамтыды күңгірт кешті.
Ай құттықтап, жұлдыздар күлімдеді,
Қарт Қалжыр үдей түсіп күрілдеді.
Асау ағын тамырын қозғағандай,
Теңселіп ну ормандар дірілдеді.
Ерке бұлбұл орманда ән шырқады,
Естіген алуан күйін жан жырғады.
Жасыл, сары, көк түсті түрлі шымшық,
Әсем үнмен тербелтті бар ғаламды.
Үн тербетті сарбазды ұйқылы-ояу,
Кейі алыс, кей жақын әсем баяу.
Жұлдыздардың патшасы сәнді шолпан,
Алтайдан көтерілді о да таяу.
Таң атты, күн шашырап алтын арай,
Тау шыңдарын аймалап құшты жанай.
Алтыннан шашу шашып жер жиһанға,
Жылыстап келе жатыр жерге таяй.
мырзаш батыр
Күн шапағы шалғанда сары белді,
Сарбаздар орны-орнынан түрегелді.
Қалжырдан бет жуысып, киім киіп,
Сергіді бет өптіріп ескен желді.
Тамақтанып жайланды түгел бәрі,
Тіршілікте тамақ қой адам нәрі.
Ат әкеліп, ер салып жол қамына,
Кірісіп дайындалды енді бәрі.
Жиылып біраз ғана отырысты,
Азды-кем сөз қылысты мынау істі.
Екі жігіт ордаға жіберейік,
Сүйіншілей сұлтанға барсын десті.
Сөз бастап Садыр айтты мұндай ойды,
Сарбаздар да бұл сөзді құптап қойды.
—«Артық дәулет бас жармас» деген бар ғой,—
Деп Садырбай жымиып күліп қойды.
Асқар менен ордаға Салман кетті,
Жараған бедеулермен екпіндетті.
Бетке алып көк иірім, Құмкөшуді,
Күнді қосып салқынға түнделетті.
Ерттеді Садыр өзі Құлагерді,
Уқалап үстіндегі қатқан терді.
Қом-қомдап түйелердің жүгін қойып,
Жүруге енді бұлар әзірленді.
Қамданып, әзірленіп түсті жолға,
Ер Садыр өзі басшы қалың қолға.
Атта тұрып қол жайып дұға оқысты,
Қауіпті сапарлары басып оңға.
Қыздарға кілең жорға мінгізеді,
Алтын тон, дырап, қамқа кигізеді.
Ән салып жас жігіттер екі-екіден,
Жеңістің салтанатын білгізеді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қалмақтарды екіден бірлестірді,
Екеуара бір атқа мінгестірді.
Аттарға ер салдырмай Садыр батыр,
Арттарын жайдақ атқа тым тестірді.
Көнбеске лажы жоқ болды бақыр,
Еліріп ел тонаған кілең батыр.
Сарбаздар екі-екіден ән салып,
Шат көңіл қуанышпен келе жатыр.
Салман мен Асқар келді ордасына,
Жүйрік ат қамшы басқан жорғасына.
Пысық, ширақ екеуі жігіт еді,
Ақылдары жеткендей бір басына.
Кермеге ат байлады бұлар келіп,
Жүрістері байсалды жоқ ед желік.
Жайдары шат-көңілмен сәлем берді,
Төрде отырған сұлтанды бұлар көріп.
—Ассалаумағалайкүм, сұлтанымыз,
Қуанышты хабарды сіз тыңдаңыз.
Сапары оңға басып Садыр келед,
Сүйіншімен жүректі сіз жарыңыз.
Өлгені өліп, ұраңқай қолға түсті,
Көрсеттік дұшмандарға қиын істі.
Сарбаздар тегіс аман, аз жорға бар,
Аққа жақ боп болысты құдірет күшті.
Көз салды келгендерге сұлтан жайлап,
Қарады жүздеріне сонда абайлап.
Хабарсыз он бір тәулік кеткендерді,
Жатыр екен тап баспай, әртүрлі ойлап.
—Уағалайкүм ассалам, балаларым,
Елге жаудан күн туса, паналарым.
Елі үшін жандарын пида қылған,
Батыр Мырзаш, ер Садыр дараларым.
мырзаш батыр
Әумин қайырлы іске қол жаяйын,
Ел қорғаған ерлерге бәрі дайын.
Бөлінген онға ойымды қуантсаңдар,
Қарақтарым, сендерден немді аяйын!
Бастарыңа ақ отау тіккізейін,
Қамқа тон үстеріңе кигізейін.
Шын қуаныш хабарды әкепсіңдер,
Қос жорға астарыңа мінгізейін.
Қарақтарым, тездете Мырзашқа бар,
Көмек берді оған да Алласы жар.
Күндіз-түні ойлаумен Садыр ерді,
Оның да кең дүниясы болып тұр тар.
Екеуі Мырзашқа кеп сәлем берді,
Мырзаш әуел сұрады Садыр ерді.
Шартарапқа бөлініп ақыл-ойы,
Қанағат қыла алмаған мамық төрді.
Ауызға ала сөйлейін бір Құдайды,
Бекер айтсақ, артық сөз кімге ұнайды.
Сабырмен сөзді нақтап бұл екеуі,
Мырзашқа тегіс айтты болған жайды.
Еліне сұлтан тұрып берді кеңес,
Келелі әділ жолдан тайған емес.
Халқы да сөзін сыйлап тік тұрады,
Ешбірі қарсы келіп қылмай егес.
Сұлтанның домалады тасы өрге,
Әділ боп даңқы шыққан талай елге.
Ел қорғаған ерлерін сыйлады бұл,
Қарсы алып топ жібермек Садыр ерге.
—Тез қамданып Садырды қарсы алыңдар,
Әр руға сүйінші жар салыңдар.
Мал сойып, түйелерге қымыз артып,
Жедел жүріп Садырға тез барыңдар.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Керуен шықты ордадан Садыр ерге,
Хабар да тез тарады рулы елге.
Бұлар да жол ортаға келіп қалған,
Жасылбастау, Мыңшұңқыр деген жерге.
Ер Садыр топтан озып қарсы келді,
Керуен басы Жанаққа сәлем берді.
Әуелі Мырзаш батыр халін сұрап,
Аттан түсіп қол алып Жанай берді.
—Ел аман ба, Жанеке, Мырзаш қайда?
Өлі ме, тірі ме өзі қандай халда?
Жүзің жарқын жайдарлы көрінеді,
Бар шығар жақсы хабар осы орайда.
Жанақ айтты:
—Сөйлейін хош хабарды, Садыр, саған,
Бер сүйінші құлақ сап енді маған.
Халы жақсы Мырзаштың, дені де сау,
Сұлтанның ордасында жатыр аман.
Садыр ер, құлағың сал бұл хабарға,
Жау жеңіліп, ел ісі басты оңға.
Бати Жарғыл байлаулы азап тартып,
Сүмелек шеріктері түгел қолда.
Айтайын, Садыр ерім, анық шынды,
Ел орнығып қуанып, көңілі тынды.
Мырзаштың ақыл-айла күші артып,
Ерегіскен дұшмандар құлдық ұрды.
Естіді ер Садырбай хош хабарды,
Беріпті Жанаққа да жүрек жарды.
Атойлап сарбаздарын қуантады,
Бәріне тегіс айтып бұл хабарды.
Жасылбастау саялы ағашы мол,
Бұл жерге дамылдамақ болады қол.
мырзаш батыр
Үлкен бесін кезі екен бұл жолығу,
Бетке алмақ салқын кешті ойлары сол.
Барлығы аттарынан түсті сонда,
Береке тілеуде бір мұндай жолда.
Саялы көк шалғынға шатыр тігіп,
Шара-шара сары қымыз алды қолға.
Тамақ жесіп, сусындап дем алысты,
Сөз қылып ойын-күлкі қуанышты.
Масайрап көңіл жазып, ой орнығып,
Әзіл-қалжың сауықпен тіл табысты.
Бел көтертіп аттарын отқа қойды,
Жадырап өздері де жазды бойды.
Түн салқынын бетке алып жүрмек болып,
Аз кеңесіп осыған түйді ойды.
Нәр алды қалмақтар да сусын тамақ,
Салбырап иіндері түскен қабақ.
Шыбын жан аман қалса деп тілейді,
Қазіргі көңілдегі ойы сол-ақ.
Екінті көкжиекке күн жақындап,
Серпілді самал тұрып күндізгі аптап.
Ат ерттеп, қымыз ішіп бір қайтара,
Атқа қонды қалың қол елге қарап.
Жарық ай, жазық дала самалы мол,
Бәрі шат қуанышты қайырлы жол.
Табысу ел мен жұртқа бала-шаға,
Ендігі әр адамның ойында сол.
Бозалаңдап көрінді Сауыр төрі,
Көрінді Сауыр, Сайқан ылди-өрі.
Бір түн жүріп бұлардың келген жері,
Қалжырдың қара Ертіске құйған жері.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Шай ішіп Шеңгелдіге аялдады,
Ордаға бірер түстік жерде қалды.
Азды-кем ат шалдырып атқа қонып,
Қара Ертістен өтіп ап аяңдады.
Баяулап жүріп келед ордасына,
Ер Садыр кеңес берді жолдасына.
Оза жүріп сұлтанға сәлем бермек,
Ел жақсысы билері, молдасына.
Кермеге атын байлап Садыр түсті,
Сұлтанға баяндамақ болған істі.
Орнынан тездеп тұрып сұлтан сонда,
Сәлем алып Садырды сүйіп құшты.
—Қарағым, айналайын, келдің бе аман,
Мың алтын берем, жетпес сенің бағаң.
Алланың мұнысына мың шүкірлік,
Өнерің үстем болсын, жаным балам.
Жеңімпаз бабалардың жолын қуып,
Жеңіпсің дұшманыңның бәрін тамам.
Ел сасқанда Мырзаш пен сенсің панам,
Әмсе тілек берсін хақ Тағалам.
Бабаңның жолын қуып ел қорғай бер,
Ақ батам саған берген осы, балам!
Жүгіріп Мырзашқа кеп амандасты,
Құшақтасып екеуі хал сұрасты.
Бастан кешкен істерін тамам теріп,
Айтысып оқиғаны бір жырғасты.
Тағы да ел жиналды бала-шаға,
Ел ерін қарсы алмаса жараса ма.
Топ-топ бала томпаңдап секірісіп,
Олар да қызығып жүр тамашаға.
Жарандар, құлақ салсаң тамашаға,
Өтірік сөз шындыққа жанаса ма.
мырзаш батыр
Батырлар келгеніне қуанып жүр,
Сұлу ару сыңғырлап ауашада.
Арулар сыбырласты ай қаламқас,
Айтпаса мұны ашып тағы болмас.
Күбірлесіп өзді-өзі сыр шертісед,
Қайсысына жеткендей Садыр, Мырзаш.
Қосылды аман-есен бәрі сонда,
Құдайым ел ерлерін өзің оңда.
Ел басы Есмұхамбет жар салды енді,
Бір үлкен той жасамақ болды сонда.
Әр руға Есекең жар салады,
Бұл істі ел жақсысы қолға алады.
Бірнеше тәулік бойы бие байлап,
Союға мал дайындап жүз қаралы.
Тігілді сансыз ақ үй, сойылды мал,
Жиналды ақын-сері, әншілер, сал.
Жүйрік ат, балуан жігіт түгел келді,
Қуаныш іс ақыры болған соң хал.
Төрт тулы,2 Шахниязбен екі рулы ел,
Ағылды әрбір тұстан бір тасқын сол.
Маңырақ, Алтай, Сауыр аралығы,
Басы Аққолқа, аяғы нұр Жайсаң көл.
Шақырған соң жиналды жұрттың бәрі,
Батыры, бағланы, жас пен кәрі.
Жиылды екі рудың ел ағасы,
Бұл думан қыза түсті одан ары.
Батыры Санияздың Сары келді,
Шотан, Солтан, ер Барақ бәрі келді.
Садақшы Бөкей мырза, Мыржық балуан,
Жанғары Жұмекемен кәрі келді.
2 Қазіргі Төртуыл, Санияз елдері.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қайсыбірін айтайын санап теріп,
Қамбардың алты ұлының бәрі келді.
Жиналды бұл думанға төре, қара,
Шешіліп жүректегі ескі жара.
Бірікті бір батаға екі рулы ел,
Ақ көңіл, адал ниет екі ел ара.
Жұрт жиылып болған соң басталды той,
Естіген жан қалған жоқ қыр менен ой.
Сары қымыз саба-саба селдей ағып,
Ту бие, қысыр тайлар, сойылды қой.
Балуан, бәйге, ат жарыс, айтылды ән,
Қобыз, керней, домбыра әуені сән.
Боздады жан тебірентіп қоңыр күйлер,
Ақын, жырау, күйшілер тебірентіп жан .
Жиын-той, сауық-сайран жүріп жатыр,
Төрт-бестеген күндерге созылды ақыр.
Алыстан сағымданып көз тартады,
Ақ үйлер әсем тіккен аппақ шатыр.
Ойынның неше алуан түрлері өтті,
Көрген жан риза болып әмин депті.
Әйтсе де көп қызығың бір көрген түс,
Ақырына пәнидің кімдер жетті.
Көп тамаша қызықтың бәрі болды,
Көрген жан дос-дұшманның көңілі толды.
Тек қана жәрдем сұрап Бұрқанынан,
Жарғылдың зағпырандай жүзі солды.
Жарғылды көрмек болды тамам батыр,
Жиылып кеп көреді бастап Садыр.
Былшиған арам дене, қара жүзлі,
Дүңкиіп бір үйді алып өзі жатыр.
мырзаш батыр
Өзіне жеке берген бір үй еді,
Әйтсе де, қайғы-қасірет бір күйеді.
Тіке қарау бет қайда батырларға,
Келгендерге бас иіп мөлиеді.
Саналы, саңлақ халқым қайырымды,
Табалап не қылады білмес жынды.
Кезінде кегін алып сырт дұшманнан,
Артынша кешірім еткен талай мінді.
Бұл тойға батыр ерлер көп жиылды,
Есмұхамбет сұлтанға жұрт сүйінді.
Батырларға жүйрік ат, алмас қылыш,
Сауыт, қалқан сыйлады тон, киімді.
Мүсәпір, жетім-жесірді ойына алды,
Жиғызып кедей-кепшік, кембағалды.
Осындай келгендерді құр қалдырмай,
Үлестіріп беріпті талай малды.
Ақпейіл, жомарт екен таза жүрек,
Қайырымды жан екен дара бөлек.
Аяған кемтар, кедей, мүгедекті,
Саналы жан деп осыны айтсақ керек.
Төрт-бес күн өткеннен соң тарады ел,
Ел тарады тұрғандай оңынан жел.
Батырлар, шешен, билер аялдады,
Ендігі сөз қалмақтар шешімі сол.
Ел басшысы бірігіп кеңес ашты,
Білімді, ақылгөйлер қосты басты.
Тұтқын қалмақ үкімі не болады,
Ақылдасып шешпекші дұшман қасты.
Бас қосып сұлтан, билер құр кеңесті,
Тұтқындарды енді ұстау болар кешті.
Бар еді бір әділ би Шомат деген,
Бұл істі Шомекеңе бердік десті.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бір асыл қазына ғой адам деген,
Адам емес әділдік жолдан безген.
Ақ найман алтысары руынан,
Шығыпты осы әділ би Шомат деген.
Қол артқан бір Шоматқа алты сары,
Шынға өтірік қосылса, болмас нәрі.
Айтайын қысқа ғана бидің жайын,
Әділ деп сыйлайды екен жұрттың бәрі.
Сөйлесе әділ Шомат, көсілуші ед,
Сөз нәрі жібек самал есілуші ед.
Кезінде түйедей дау түймедей боп,
Алдынан осы бидің шешілуші ед.
Кірпікті, ұзын сақал, сұңғақ бойлы,
Жазық маңдай, дөң тұмсық, терең ойлы.
Апай төс, алып тұлға, жалпақ жауырын,
Кең иық, майда сөзді, лебіз жайлы.
Сыпайы, жылы мінез, сөзі көркем,
Көрген жан сүйсінерлік өзі көркем.
Күнбе-күн шешіліпті қиын түйін,
Тосылып қалған емес күнге ертең.
Мұңлының шер көкірек зарын ұққан,
Бұл әділ бір жан екен даңқы шыққан.
Алдына келген жанның түрін танып,
Адал, арам екенін іштей ұққан.
Бір мүсін жаралғандай ақыл-ойдан,
Армандылар келуші ед қыр мен ойдан.
Сол кезде сексен бесте бидің жасы,
Сонда да мүдірмеген ақыл-ойдан.
Ал енді бидің сөзін бағалайық,
Тындайық би лебізін көп халайық.
Бір кекеніп Шомекең сөйлеп кетті,
Артық қосып көп сөзді не қылайық.
мырзаш батыр
Қомданды ақиықтай жұртқа қарап,
Сақалын саусағымен бірер тарап.
Ойлы басын еңкейтіп аз ойланып,
Жүгініп жұртқа қарап айтты сарап:
—Уа, жұртым, билік берсең, сөзім дайын,
Бар сөзді аяп сендерден не қылайын.
Әділ өткен бабалар жолын қуып,
Ақылмен бітірейін істің жайын.
Дүнияда еш қымбат жоқ ар намыстан,
Талап, ақыл құтқарар болат тордан.
«Бірлік болмай тірлік жоқ» деген нақыл,
Бабалардан мирас боп бізге қалған.
Бірлесіп іс істесек жарасады,
Тұңғиықтан береке жол ашады.
Бір жағадан бас шықса, бір жеңнен қол,
Сонда, жұртым, ақылға жанасады.
Барамыз ата жолын қумай қайда,
Жақсы сөз жарым ырыс, жанға пайда.
Қызбаланған қызу қан мұрат емес,
Сабырмен іс қылайық ақыл-айла.
Пішкен тон кеңеспенен келте болмас,
Билікті теріс айтсам, көңілің толмас.
Көңілімізде болмасын ешбір қаяу,
Арамдықпен адамға бақыт қонбас.
Ел қорғаған ерлердің жанып бағы,
Ақыры жеңіп шықты ғой істің ағы.
Жығылғанға жұдырық тағы берсек,
Келісімсіз болмас па арғы жағы.
Уа, жұртым, дана едің ғой пейілі кең,
Пейілденсең, шың едің асқармен тең.
Адасқанның айыбы жоқ деп біліп,
Талайлардың күнәсін кешірмеп пе ең.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Нақыл сөз айтылмаған бекер жайдан,
Суырғандай қылшықты сары майдан.
Білімсіздің бір жолын кешірмесең,
Білерлік, халқым, саған келер қайдан.
Әділетсіз іс қылсақ, алмағайып,
Әділеттен кетеміз жолдан тайып.
Дау қуам деп пәлеге жолыққанша,
Жол қуып қазынаға жолығайық.
Мен бір қарт ел сыйлаған ағаларың,
Ақ батам жыртылмасын жағаларың!
«Кең болсаң, кем болмайсың» деуші еді ғой,
Кешегі дана өткен бабаларың.
Өлмесін, тірі кетсін қалған қалмақ,
Аз да емес қой иттерге түскен салмақ.
Атын алып, асудан жаяу жібер,
Бұларға енді жаза осы болмақ.
Ел заңы бар үлкенді, кәріні аяу,
Бұл туралы болмасын бізде қаяу.
Жарғыл сұмның еті ауыр, өзі кәрі,
Жібермей-ақ қойыңдар оны жаяу.
Босатыңдар қалмақты, қарақтарым,
Жиналған бұл кеңеске манаптарым.
Билігім осы менің, қалың жұртым,
Әумин, анда болсын талаптарың!
Деп Шомат қолын жайып бата берді,
Ел сыйлап, разы болды дана ерді.
Қосылып берекеге шашау шықпай,
Қарт бидің сөзін бұзбай сыйлайды енді.
Шақыртты кеңес үйге Батиды енді,
Сұм жүрек қуанғаннан аттай желді.
«Шыбын жан қалдың ба» деп іштей ойлап,
Қазақшалап бектерге сәлем берді.
мырзаш батыр
Әуелгі Бати Жарғыл солай келді,
Бектер мен батырларға жанай келді.
Бас қойып аяғына батырлардың,
Өткен-кеткен күнәсін сұрайды енді.
—Ей, Жарғыл,—деді Шомат,—қара бері,
Кешірім берді саған елдің бәрі.
Елімнің разы болып ерлігіне,
Байқарсың мұнан былай келер жерді.
Сезінді Жарғыл сонда бидің сөзін,
Бұл сөздің айырғандай алтын, жезін.
Жантайды би жастыққа осыны айтып,
Келте ғана қайырып Шомат сөзін.
Ал енді бати Жарғылды тірі қалған үш жүз елу шеріктері
мен қосып, асуға дейін атпен, онан ары аттарын сыпырып алып
жаяу айдап жібермек болып, бұларды айдауға Ертісбай батыр
басшы болып, қасына қаруланған елу сарбаз алды. Сөйтіп,
кеңес үй маңынан аттанып бұлар жолға түсті.
Аттанды бұлар ордадан
Алтай тауын бетке алып.
Топырақ шашып артынан,
Оқыды қарғыс көп халық.
Бетімен бұлар жер басты,
Аттанған жоқ қой жырғалып.
Қарай алмай жан-жаққа,
Бір қуарды, бір жанып.
Қарғыс тиген хайуандар,
Кеше түгел батыр ед.
Айдауға бүгін көнеді,
Бойында жан болғанмен
Тірідей жерге енеді.
Қамшылап айдап тықсырды,
Мұның қалай демеді.
Таба жолы тар деген,
Айтылар сөзге көп еді.
Елдеріне не бетпен
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бұлар қайтып қарайды?!
Қатын, бала-шағасы,
Іні, бауыр, ағасы,
Әкесі мен шешесі
Бұларды кім деп санайды.
Бойда жан бар құр сүлдер,
Өлмеген соң келеді.
Құрып қалсын бұл тірлік,
Онан да өлген жөн еді.
Кеше елінен шыққанда,
Біреуі бір-бір пері еді,
Қырып-жоймақ қазақты
Сайыпқыран ер еді.
Болжамай алдын бұл иттер,
Өздерін пірге теңеді.
Батыры мынау Жарғылы,
Иіні түсіп салбырап,
Дүңкиіп бүлк-бүлк желеді.
Басқасын былай қойғанда,
Өздеріне-өздері
Қара жүзлі секілді.
Жай оғындай жайнаған,
Жасыл оқтай ойнаған,
Батыр қазақ еліне
Мұнан былай қайталап
Енді қайтып баспауға
Іштерінен бекінді.
Ертісбай батыр қалмақты
Алдында бастап келеді.
Айдаған сарбаз қалмақтар
Соңынан еріп келеді.
Алтайдың оң мен солы бар,
Жан баспаған жолы бар,
Заңғары тік құз шатқал,
Айдынды тік өрі бар.
Осының бәрін Ертісбай
Он саусақтай біледі,
Түгел жүрген жері еді.
Оңтүстігі Алтайдың
мырзаш батыр
Ұлытауға жеткенше
Бұйрат-бұйрат бел еді.
Алтысары, ақ найман,
Көнші, жанай, жалманбет,
Бәйкеш, сары, қожанбет—
Алты рулы қалың ел
Мекен қылған жер еді.
Осы елді мекенді
Айдаудағы қалмақтар
Басып өткен жолы еді.
Күре жолдың оң-солы
Сығылысқан ел еді.
Екі жаққа көз тастап,
Айдаудағы мырзалар
Елді байқап көреді.
Ең әуелі малғұндар
Дәл осы елге кеп еді.
Осы елге әуел келгенде,
Екпіні дауыл жел еді.
Енді көріп бұл елді,
Тәубасына келеді.
Шыдай алмай қарауға,
Көздерін сыртқа тебеді.
Ел қарттары тәуба қып,
Батырларға қол жайып,
Хақтан тілек тіледі.
«Батырларды қара» деп,
Келіншек, қыздар күледі.
«Іздегенің осы,—деп,
Жын, шайтанның досы»,—деп,
Орма тілді кейбіреу
Сыбаға сөзден береді.
Ауылдан-ауыл өтеді,
Онан да ары кетеді.
Екі тәулік жол жүріп,
Сәнді шалқар, күміс көл,
Айнала қонған қалың ел,
Ортасынан Алтайдың
Ойып орын алған тел.
13-279*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Айналасы Ұлытау,
Жағасы шалғын биебау,
Марқакөлге жетеді.
Марқакөлді айнала
Тағы да қалың ел еді.
Әр үйде ақ ту тігулі,
Көк шашақ найза ілулі,
Байқап Бати көреді.
Көреді де ойлайды.
Мынадай сәулет көрініс,
Ойлатпай сұмды қоймайды,
«Сор бастап келді бұл елге»,—
Деп бармағын шайнайды.
Таң сарғайып атқанда,
Шашырап жұлдыз батқанда,
Ертісбай ер айғайлап,
Атқа тегіс мінгізді.
Киімдерін кигізіп,
Шұбата айдап жүргізді.
Тағы екі күн жүреді,
Жолшыбай төрт күн түнеді.
Жолы қиын Алтайдың
Өр, ылдиы көп еді.
Атақты жолшы Ертісбай
Бұрма жолды шет тастап,
Тура бастап келеді.
Сары тауға таяды,
Шыңына көз сап көреді.
Мұнарланған алыстан,
Аспанмен тіл табысқан,
Алтайдың бір зор шыңы
Сарытауға келеді.
Бір күн түнеп әр шатқа,
Бес тәулік түгел өтеді.
Таяды енді асуға,
Қалған жол енді төте еді.
Ертеңгі сәске болғанда,
Сарытаудың оң жағы,
мырзаш батыр
Аюлы шаттың сол жағы,
Асуына Торайғыр
Бұлар да келіп жетеді.
Асуға келіп Ертісбай,
Қалмақтардың барлығын
Аттан тегіс түсірді.
Білмеген қалмақ бұл сырды,
Зәресін тағы ұшырды.
Сарбаздарға әмір қып,
Аттарын түгел сыпырды.
Жарғыл тек атпен қалады,
Басқа атты түгел алады.
Өңкей жаяу қалмақты
Арырақ айдап салады.
Қалмақтарға Ертісбай:
—Қош болыңдар, батырлар,
Қазақтан аз сый осы жайт,
Өкпелемей қайтыңдар,
Еліңе бізден сәлем айт.
Осымен жаяу қалмақтар еліне беттеп жүре береді де, Ертісбай
басқарған қазақ сарбаздары бос аттарды айдап елге қайтып
оралды.
Кезеңнен бұлар солай айрылысты,
Бермеді сырт дұшманға ер намысты.
Аз сөзбен қорыта келіп ескертейін,
Сайқынмен Жарғыл ара болған істі.
Жаяу-жалпы қалмақтар барып жеткен,
Тағдыр салып тәлкекке тентіреткен.
Бетіменен жер басып тірі өліктер,
Ұялып жерге кірген дүйім көптен.
Алдына Сайқын сұмның Жарғыл барған,
Айрылып бет қара боп ұят ардан.
Бас ұрып зар жылаған аяғына,
Басқа сөз таппаған соң мұң мен зардан.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
—Айырылдым, тақсыр,—деген,—оң қолымнан
Найза да оңай тиген жоқ оң-солымнан.
Тек шыбын жан шықпаған бойымда бар,
Түңілдім,—деген,—сәтсіз бұл жолымнан.
Жолдасым Көкіні де Бұрқан алды,
Талай шерік қырылып сонда қалды.
Берекешіл, ұйымшыл шеттерінен,
Мен көрмедім қазақтай арлы жанды.
Деп Жарғыл сұм Сайқынға зар еңіреген,—
Кешір, тақсыр, алдыңа келдім,—деген.
Кеңшілік мен пақырға өзіңізден,
Қаһар қылсаң, міне, бас өлдім,—деген.
Сайқын сұм мұны естіп бір түнерген,
Тоқтай алмай орнына күңіренген.
Не шара қолдан келер одан басқа,
Іштей ойлап бұл іске көндім деген.
Ақырған Жарғылына айбат шегіп,
Қоқайланған қырлана қаһар төгіп.
Қап-қара жалпақ беттің қаны қашып,
Былай деген Жарғылды қатты сөгіп.
—Кім барад дегенде мен барам дедің,
Қазақты түгел қырып салам дедің.
Мырзаштың басын кесіп, қызын алып,
Қойныңа қазақ қызын салам дедің.
Енді не шатып тұрсың маған келіп,
Барып едің қазаққа кімге сеніп?!
Не бетіңмен алдыма келіп тұрсың,
Біржолата жоқ болмай сонда өліп!
Анық итсің шын өлмей тірі өлген,
Көріп тұрмын жазаңды қазақ берген.
Кесілсін қалған қолың, тағы бітсін,
Кет, көзіме көрінбе, жоғал,—деген.
мырзаш батыр
Сайқын сонда аз ойлап, артын болжап,
Еш ақыл таба алмаған ойлап-ойлап.
«Ең ақылы тыныш жату,—деген Сайқын,
Ақылын екшей келе соған байлап.—
Бірлессе қазақ, күшті тағымды алар,
Аз ғана маңдайдағы бағымды алар.
Қазақ көп ел, мен азбын арт қысайын,
Көп ел келіп, аз елге лаң салар.
Егессем, айырылармын осы күйден,
Бұрқаннан қарғыс шығар маған тиген.
Құрып қалсын қазақтан қыз алғаным»,—
Деп Сайқын өз ақылын солай түйген.
Өзімнен бірер сөз.
Сұм дүния бұраңың көп байқағанға,
Тағдыр да тұр кесімді тірі жанға.
Біреу жылап, біреулер қуанып жүр,
Шама келмес бұл заңды тоқтатарға.
Жарлының күштілерде кегі кеткен,
Әлсізді әлді жалмап тентіреткен.
Талай нақақ қор болып, өмірі өксіп,
Хан бөлеген заманда күні де өткен.
Өкінішті көп өмір өткен талай,
Сөз еттім кейбіреуін, шынды талай.
Сөз болған бұл оқиға болған шындық,
Демеңдер, көп оқушым, әлде қалай.
Еске алып ел ерлерін, жазған хатым,
Қалса егер ұрпақтарға аманатым.
Бойымнан ада қылсам деп ойладым,
Шәкежан ұлы әжемнің аманатын.
Шәкежан ұлы әжеміз Мырзаш қызы,
Шындықпен сыртқа шықсын жүрек ізі.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жаздым мұны сондықтан көп ойланып,
Ананың ақталсын деп сүт пен тұзы.
Әңгіме сол әжемнен маған қалған,
Ұғады сөз қадірін зейін салған.
Мың тоғыз отыз жеті жылдарында,
Жетпіс тоғыз жасында дүние салған.
Оқыған үлкен-кіші, аға-іні,
Сынап көр жұрт көп шығар сөздің міні.
Бір тамшы үлес болсын деп мұра сөзге,
Ниязбек Қыдырмоллаұлы жаздым мұны.
Ескі сөзді еске алып кеңес құрдым,
Термелеп әңгімемді аз жыл жүрдім.
Көміліп бара жатқан бұл мұраны,
Жарыққа шығарсам деп көңіл бөлдім.
Ұрпағы едім әжемнің жалғыз қалған,
Бүгін бар да, ертең жоқ пәни жалған.
Орындасам деуші едім ана сөзін,
Мен дағы құтылдым-ау бір арманнан.
Жазармын енді екеуін, келсе шамам,
Өмірге сенім де жоқ, ұлғайса адам.
Уақиға біріншісін тыңдаған жұрт,
Оқталып осымен бітті тамам.
Жазайын бір әңгіме тағы бастап,
Кезекті игі ісімді кетпей тастап.
Дастанның екіншісін қолға алайын,
Қалмасын орта жолда сөзім ақсап.
Сөз емес бір қиял жазбақ сөзім,
Жалған сөзге шыдамас тағы төзім.
Кешегі аты әйгілі елдің ерін
Ұрпаққа баяндауға келді кезім.
Еске алсам ел ерлерін кешегі өткен,
Шықпаспын артық сөйлеп, сірә, шектен.
Кеше өткен айғай-шулы сұм заманда
Ерлер де бар елі үшін қапы кеткен.
Кенжелеп кешегі артта қалдым,
Арасында жүріппін кең мен тардың.
Әлде дағы түңілмей өмір заңнан,
Жасымды ұлғайтып ап қалам алдым.
Мен—Ниязбек, әкеміз Қыдырмолла,
Бір игі істі ойлап түстім жолға.
Ұлы әкем ақын Сәбек жолын беріп,
Бұл жолда, Қызыр ата, мені қолда.
Жазбасам асыл мұра қалар сөніп,
Қақым жоқ қалдыруға бірге көшіп.
Мырзаш батыр
(ІІ бөлім)
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қазына жерден қазып алынады,
Бірге кетсе, алынбас көрден теріп.
Мен көрдім дүниенің бірталайын,
Назымды көпке шағып неғылайын.
Әйтсе де кезі келді бір оқыстың,
Қызыл тіл, сені безеп есе алайын.
Адамға пайда бермес сары уайым,
Ойласаң арт артынан тағы дайын.
Көлденең сөз араға көп қоспай-ақ,
Әуелгі басқа сөзді қолға алайын.
Тәуекел деп қолыма қалам алдым,
Бір көнетоз қайықты суға салдым.
У суынан дүниенің түгілмей-ақ,
Шықсам деп бір ойымнан құнарландым.
«Тәуекел түбі қайық» деген сөз бар,
Ойымды уайымнан аулақ салдым.
Жолым ғой бабаларға сыйынатын,
Солардан жаралмап па ед арғы затым.
Бір істі игілікті бастарында
Айтатын көп қауымға әуел дәтін.
Солардың тамашасы мен—Ниязбек
Сыпайы сөз қалыптан артылмас тек.
Ұмыт боп бара жатқан бұл мұраны
Жарыққа шығара алсам, қойылмас шек.
Өз тұсында Мырзаштың ерлігі асты,
Атағы кең жайылып елге ұласты.
Бейуаз тыныш жатқан бейғам елге
Тосыннан бір сұмдық кеп араласты.
Сойқаны ұранқайдың бұрын біткен,
Жеңіліп оны Құдай тентіреткен.
Ендігі сөз оңтүстік қара қалмақ,
Қазаққа тағы тиісті қиыр шеттен.
мырзаш батыр
Әңгіме етіп бұл істі қолға алайын,
Асықпай аз ойланып толғанайын.
Қалдырсам ұрпақтарға ата даңқын,
Уақиғадан қалайша қорғалайын.
Бабалардың мұрасы болмас ермек,
Еңбексіз жақсылық жоқ қолға келмек.
Сыр шертсем ерлігін бабалардың
Көз жетіп кейін ұрпақ сонда сенбек.
Әйтсе де әңгімеге дәлел керек,
Шындық іске құмар ғой әділ жүрек.
Бір негізсіз лағып құр далаға
Ойға орамсыз артық сөз неге керек.
Жазбағым кешегі өткен Мырзаш батыр,
Жауға қарсы ту ұстап, тіккен шатыр.
Дұшпаннан елін қорғап өткен екен
Кешегі сұм заманда әлем тапыр.
Ұрпаққа батыр Мырзаш қалдырған жол,
Елге қылған ерліктің қайыры мол.
«Елімді сырт жаулардан қорғасам» деп,
Күндіз-түні бел шешпей қам жеген ол.
Жау десе жанын қиған халық үшін,
Халқынан аямаған барлық ісін.
Еліне қайырымды, жауға қатал,
Көрсеткен дұшпандарға қайрат, күшін.
Қалмақтың қазаққа қас болуы анық,
Ежелгі қас дұшманы бәрі қанық.
Үңілсек өткен тарих шежіреге,
Күңгіртсіз ашық, айқын тұр ғой анық.
Итжығыс қазақ, қалмақ талай түскен,
Екі жақ көп соғысты бастан кешкен.
Соңғы кезде қалмақты қазақ жеңіп,
Қалмақтар оңтүстікке баса көшкен.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Көмескі істің көрмеген бәрі жалған,
Көзкөрген іс тарихтан бізге қалған.
Тазартып бабаларым қазақ жерін,
Қалмақты оңтүстікке айдап салған.
Негізі әңгіменің осы қалмақ,
Аяғы әңгіменің көпке бармақ.
Тағы да қанды шайқас басталмақшы,
Бір жаққа түсері қақ ауыр салмақ.
Тағы да қалмақ түсті арам ойға,
Арамдығы ежелден сіңген бойға.
Кеңесті басын қосып басшылары,
Баяндап мен сөйлейін осы жайда.
Қалмаққа басшы болған Батыбайыр,
Жері дейді сол кезде Майлыжайыр.
Өздерін «он сұм» қалмақ деп атаған,
Тырп еткізбей билеген осы Байыр.
Он сұмның Батыбайыр бастаушысы,
Батып тұрған адамның қостаушысы.
Батыр да, бай да, сұлтан да өзі,
Қатты тиген кедейге басым күші.
Жыл сайын елден мың бас мал жинайды,
Әсіресе кедейді тым қинайды.
Өзінде тоғыз ұл бар, төрт қатыны,
Сонда да қу ләпісін бір тыймайды.
Елінде кедей-кепшік зар жылаған,
Байыр залым безіпті ұят-ардан.
Алманнан бас тартқанның басын алып,
Құлағы жарықпаған зар мен шудан.
Жүйрік ат, сұлу қатын бәрі өзінде,
Бұл арсыз пайдаланад дер кезінде.
Бір найсап қаныпезер, қара жүрек,
Бақ-дәулет көрінбеген сұм көзіне.
мырзаш батыр
Ұлдары тоғызының тоғыз ауыл,
Өзі жалғыз, туыс жоқ аға-бауыр.
Жиналған малдан беред ұлдарына,
Салмағы елге түскен тым-ақ ауыр.
Ұлдары алаңғасар батырсымақ,
Әкесі анау ақылды ұл қайдан тумақ.
Бәрі мырза, жын қуған көп әумесер,
Ойда жоқ бір игілік жолды қумақ.
Байырдың ақылшысы Марқалдай,
Арам ойдың ең алды қасқа маңдай.
Жағынып Батыбайыр төресіне,
Зымиян, сөзге жүйрік, бір қу таңдай.
Бұ дағы бір қатігез, ардан безген,
Арамдардың арамын іштей сезген.
Арам ойға алдына жан салмапты,
Адалдықтан жан екен мүлде безген.
Қалдайдың залымдықпен аты шықты,
Ел-жұрт түгел біледі бұл пасықты.
Көзін ашып келеді арамдықпен,
Қайдағы бұзық ойға болған мықты.
Қайдағы бұзық ойға болған зерек,
Қайырылыққа салғанда ісі бөлек.
Бұ дағы он сұм елге бір жексұрын,
Ылайым қулық сатқан залым демек.
«Шақыр» деп Батыбайыр әмір берді,
Даярлатты үйіне кілем төрді.
Ұлығы шақырған соң неғып тұрсын,
Сумаң қағып кіріп кеп сәлем берді:
—Әмір сайқын,—деді ол кіре сала,
Байыр да отыр екен жалғыз ғана.
—Иә, тақсыр, шақырған соң келдім,—деді,—
Хабар сөз құлағыма тие сала.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қосылам, тақсыр, сіздің ақылыңа,
Несі айып, көмектессем жақыныма.
Қандай іс тапсырсаңыз, мен дайынмын,
Тапсырған істің шығам ақырына.
Жағымпаз жаны шығып аласұрды,
Байыр да тым қарсы алды Қалдай сұмды.
Алдындағы көкірден бірер алып,
Ақтара сөз сөйледі барлық шынды.
—Айтайын мен сырымды, Қалдай, саған,
Ақыл қосса Қалдайым, келсең маған.
Тереңірек бір іс бар ойланатын,
Қандай кеңес бересің, мырзам, соған.
Ал енді, зейін қойып сөзді тыңда,
Әдейілеп шақырған соң келсең мұнда.
Бір ойлаған ойым бар ақылдасар,
Қатты ойланып, толғанып мұны тыңда.
Туысым немерелес жақыным сен,
Сондықтан мұндай іске сенемін мен.
Ауаша бір ақылға келісейік,
Екеуара алалық болмаған жөн.
Не көп қазір, бұл елде кедейлер көп,
Тентіреп жүр бірінің-бірі етін жеп.
Қайсысын тойындырып қарқ қыламыз,
Жүз емес, мың да емес қисапсыз көп.
Кім білсін бір-ақ күнде тап бермесін,
Біріне-бірі сеніп ант бермесін.
Аштық пен жалаңаштық батқан иттер
Бір күні теріс қарап жалт бермесін.
Бірлессе қалың кедей күші артық,
Ақылдасып бас қосса, ісі де артық.
Лап қойса қалың кедей бір-ақ күнде,
Дәулетті қолымыздан алар тартып.
мырзаш батыр
Тоқтамас аш-жалаңаш базынаға,
Кедейдің бізге шері жазыла ма.
Тұмсығы қанға тиген шиебөрі
Малменен ауыз салар қазынаға.
Ойланбасақ түсерміз темір торға,
Қалың кедей шыдап жүр әрең зорға.
Екеумізді жоғалтып біржолата,
Өз билігін өздері алар қолға.
Сонда біздің күшіміз қараң болар,
Ерте ойланбай көңіліміз алаң болар.
Ақылдасып шешпесек алдын ала,
Түбінде іс ақыры жаман болар.
Табасың қандай ақыл, Марқалдайым,
Айтайын деген ісім, осы жайым.
Шеше алмай бұл түйінді әуре болып,
Көп ойланып таппадым бұл ыңғайын.
Алдын ала ойланған опық жемес,
Бұл жұртта басқа адам жоқ өзің теңдес.
Тауып ең қысылғанда талай ақыл,
Әдейілеп шақырғаным осы кеңес.
Сонда Марқалдай залым аз ойланып: «Тақсыр, бұл айт
қаның әбден дұрыс екен. Жасыратын несі бар талай кедейдің
алман жөнінде басы да кетті. Ашынған кедейлер бір күні мұны
істемейді деуге бола ма? Сондықтан мұның ақылы оңай»,—деп
мынаны айтты:
Өңіңде жайдарылық Марқал сұмның,
Жүзіне күлкі оралды шайтан жынның.
«Жә» деп қойды еңсесін бір көтеріп:
—Ей, тақсыр, ақылы оңай бұл ісіңнің.
Марқалдай сөйлеп кетті сылдыр қу жақ:
—Айтайын маған салсаң ақылын тап.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қайдағы жаман сөзді неғыласыз,
Білсеңіз, болу керек ол сөзден сақ.
Кедейлерден қылмаңыз әсте қауіп,
Құтыласыз өзіне-өзі жау қып.
Ақылы кедейлердің сол болады,
Қырғынға ұшыратса ақыл тауып.
Мен айтсам, қырылатын бір сәті бар,
Қорқып, сасып ойлауға болмайды тар.
Қарусыз, аш-жалаңаш жауға айдасаң,
Қырылып көп кедейің жолда қалар.
Ежелгі жау қазақ бар арғы бетте,
Кедейді жібереміз солай шетке.
Тегін мал бар қазақта деп жұмсаймыз,
Сонда кедей қырылып қалар текке.
Жинайсыз елден түгел тақыр кедей,
Әуелі шақырамыз еш сыр бермей.
Жиылып кедей әбден болғаннан соң,
Алдында сөз сөйлесіз соған демей.
Оңай мал десе, кедей бой ұрады,
Бізге деген көңіл кір жойылады.
Бір жағынан, қазақты шағасыз да,
Бір жағынан, кедейің тойынады.
Екі жұмыс бітеді бір-ақ сонда,
Құп алып бұл сөзімді, тақсыр, тыңда.
Қазақтан шапқан малды өздері алсын,
Бірер жан өлмегені келер мұнда.
Үлкен олжа табасыз осы орайдан,
Бұл ақылды демеңіз таптың қайдан.
Бізде қару барда да қазақ жеңген,
Қарусызды қазақтар қойсын қайдан.
мырзаш батыр
Әуелі жіберіңіз екі жансыз,
Олар барып қазақты білсін қамсыз.
Жоқ қараған боп барсын қазақтарға,
Сыр бермеуге тырыссын барар жансыз.
Жылқы алуға бір бөлек адам барсын,
Ат мініп, олар түгел қару алсын.
Кедейлерді қазаққа жаба салып,
Сол сәтте олар барып жылқы айдасын.
Тыңдады Батыбайыр мына сөзді,
Кедейден құтыларын енді сезді.
«Өзім де осы ақылды ойлап ем» деп,
Шаттанып қарқ-қарқ күлді қаражүзді.
—Жарайсың,—деді Байыр,—Марқалдайым,
Болайын алдағы іске енді дайын.
Бейғам жатқан қазақты ойсырата
Шабуға тағы түсті шортты орайым.
Қазаққа екі жансыз жібереді,
Жай жүріп бұлар көрді қалың елді.
Ол кезде қазақ-қалмақ араласып,
Еркінше жүре беру салт еді.
Шекара жоқ екі елдің арасында,
Таңдаған жұрт бұл сөзге нанасың да.
Екі жаққа тыныштық орнаған кез,
Ұрыс-қағыс тоқталып арасында.
Жансыздар аралады төрт-бес күндей,
Жүрісі жай салт атты екі бірдей.
«Жоқ қараған бір-екі қалмақ жүр» деп,
Сұмдықты қала берді халық білмей.
Жылқыға да Өр жайлау барып қайтты,
«Жылқы жоқ,—деп,—бір үйір» оларға айтты.
Арамын ішке бүккен арамзалар
Еліне енді жансыз тездеп қайтты.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бар сырды ішке түйді екі қалмақ,
Сылтауы сол болыпты жоқ қарамақ.
Келді де Байыр сұмға мағлұм етті:
—Еш қамсыз кең жайлауда жатыр қазақ.
Елінде осы қазақ батыры жоқ,
Ен дәулет, шалқыған мал, көңілі тоқ.
Шашылып малы жатыр сай-салада,
Жау, жардан, ұры бәрі қапері жоқ.
Жылқысы Өр жайлауда жатыр бөлек,
Төрт мыңдай шамасы бар дөп-дөңгелек.
Жылқышы он бір адам қосын тігіп,
Бәрі де елден шалғай жатыр бөлек.
Түп-түгел араладық бәрін қоймай,
Қазақтың барлық жігін жүрді ойлай.
Атайды екен санияз төртуыл деп,
Екі рудың арасы жатыр шалғай.
Берілді мына хабар Байыр сұмға,
Әңгімені, оқушы, мені тыңда.
Кезіге ме қауіпке бейғам қазақ,
Ақырын өзі оңдасын қапты қала.
Жансыздың болды разы мұнысына,
Байырдың кеңдік кіріп тынысына.
Мән-жайды тегіс ұғып екі ұрыдан,
Енді шұғыл кірісті жұмысына.
Елінің басшыларын шақырды алып:
—Зеңгілер, сөз тыңдаңдар құлақ салып.
Бірін қоймай жинаңдар елден кедей,
Алдыма әкеліңдер хабар салып.
Жиналсын әсіресе тақыр кедей,
Жарлығымды тыңдаңдар қарсы келмей.
Түгел жиып алдыма келтіріңдер,
Сұрай қалса бұл қалай, жауап бермей.
мырзаш батыр
Кедей жиып тұс-тұсқа шабар кетті,
Бұл сұмдыққа бірталай заман да өтті.
Әйтсе де халық іші мол қазына,
Ақыры бұл сұмдық деп бізге жетті.
Тізімдеп өңкей тақыр қу кедейді,
«Сұлтанға барасың» деп әмір етті.
Жинады көп шабарлар елден кедей,
Ашық сөз жоқ, белгілі сыр білдірмей.
Кедейлерді шұбыртты орда жаққа,
Аял, дәт, сабыр, тағат, тілге келмей.
Жиналды тақыр кедей бірнеше күн,
Алыстағы жол жүрді күні мен түн.
Ағылып тұс-тұс жақтан келіп жатыр,
Алдағы білінбейді белгісіз күн.
Әр сұмнан көп жиылып келді кедей,
Құбылды сай-саладан аққан селдей.
Кейбірі дәмеленді «мал беред» деп,
Шуылдасып өз сөзін өзі білмей.
Он сұмнан жиналыпты сонда он мың жан,
Бәрі де тақыр кедей осындай сан.
Жұрт жиылып болған соң Байыр, Қалдай,
Тағы да бір өрескел шығарды заң.
—Жиналсын он мың мата тез арада,
Көнтері, шоқай керек бір пар дара.
Тағы он мың ноқта, жүрген, арқанменен
Бір-бірден сойыл керек аттанарда.
Жиналсын осылардың тездеп бәрі,
Бөлінбей түгел кетсін жас пен кәрі.
Әркімге жүрерінде бір таба нан,
Мұнан артық кетпесін азық нәрі.
Айтқанымның барлығын тез жинаңдар,
Аялдауға мұршам жоқ, бұйрығым тар.
14-279*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Он зеңгі, жүз шабарлар атқа қонып,
Бұйрықты орындауға аттаныңдар.
Жиналды айтқанының сонда бәрі,
Жоқ екен мына иттің бетінде ары.
Матаны қызыл түске бояттырды,
Қолбасшыға беретін туы сары.
Оратты балтырларға қызыл мата,
Жарандар, сөзімде жоқ ешбір қата.
Аш-жалаңаш, тамақ, не киім жоқ,
Кедейлер де зарықты жата-жата.
Матаны балтырға орау бұ да сұмдық,
Ойға оғаш болған шындық.
«Жол жүруге балтырлар шыдасын» деп,
Өздерінше жасаған сондай қулық.
Уақиға бұл ақиқат емес жалған,
Қазаққа қалмақ солар ылаң салған.
«Қызыл аяқ қазақты шапқан екен»
Деген сөз ел ауызында содан қалған.
Жүз адам атты шерік тағы жиды,
Мұнысы кәдімгідей киім киді.
Барды-жоқты ұстады қаруларын,
Жеке дара бір-бірден найза тиді.
Тоғыз ұлдың төртеуі басшы болды,
Байыр қосты басқар деп барар алды.
Шаш ал десе, бас алған өңкей даңғой
Іс болсын ақымақта қандай оңды.
Осылай дайындалды теріс жолға,
Бейімдеп бұрмалады оңды солға.
Тыныш жатқан бейуаз елді шапса,
Қалай қайтып санаймыз бұл істі оңға.
мырзаш батыр
Халықтың ортасына келді Байыр,
—Әмір сайқын, көп халқым,—деді Байыр.
Қап-қара сұр жалпақ бет, қайқы маңдай
Айдары шұбатылып жерде жатыр.
Арамза ортаға кеп сөз сөйледі:
—Уа, моңғолдар, бауырлар,—деп сөйледі.
Кәрі сайқал залымның қуы ішінде
Әтей «бауырластар» деп сөйледі.
—Бауырластар, сөз тыңда, жиналған көп,
Сендер үшін мен жүрмін уайым жеп.
Жіберіп шабарларды жидым мұнда,
Бір байлыққа кенеліп тойынсын деп.
Алыс емес жақында қазақ елі,
Екі енені емізген малы телі.
Шашылып малы жатыр сай-салада,
Байлаған биелері желі-желі.
Ту бие, атан түйе, құнан қойлар,
Аппақ май, асау бие, қысыр тайлар.
Бағып-қақпай иенге қоя берген,
Мал деп керек қылмаған мұны байлар.
Сендерді қорғайтұғын батырлар бар,
Қазақтың кең дүниесін қылатын тар.
Әркімнің алған малы өзінікі,
Кенеліп мол олжаға қаласыңдар.
Өзімнің төрт ұлымды қылам бастық,
Қазақтан келтірмейді әсте қастық.
Өздерің білесіңдер ұлдарымды,
Сендерге үлкен көмек тағы достық.
Елі де иен жатыр, батыры жоқ,
Алаңсыз бұ да жақсы, көңілге тоқ.
Мырзаш дей ме бір қазақ дала кезіп,
Жүр дейді осы қазақ елінде жоқ.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Тамамдап сөзін айтып болды Байыр,
Көзбен шолып көреді Байыр.
Жиып ап көп кедейді ажалға айдап,
Ішінен бала түссін деді Байыр.
Байырдан қалмай, Қалдай бірге жүрді,
Бұ дағы кедейлерді байқап көрді.
«Ашығып дер кезіне келген екен»,—
Деп Қалдай сұм Байырға сенім берді.
Байырдың негізі ойы ежелгі егес,
Екі залым әуелден құрған кеңес.
Жүрерде балаларын шақырып ап,
Арамдықтың үйретті бәрін тегіс.
Арам пиғыл алтауы кеңес құрды,
Арамдыққа біржола мойын бұрды.
Тапсырды ұлдарына Байыр, Қалдай,
Деп: «кедейлер білмесін мына сырды».
Батыбайыр, Марқалдай екі залым
Арамдықтың үйретті түгел бәрін.
—Кедейлерді қазаққа жаба салып,
Сендер тұра шабасың жылқы малын.
Жылқыны түп қотара түгел айда,
Қарсы келген қазақты құртып жайла.
Еш рақым болмасын аяушылық,
Арттарың сенімді ғой, оны да ойла.
Болмасын аяушылық кедейлерге,
Қарамаңдар аштық пен аққан терге.
Құртыңдар, жүре алмаса, жолда қырып,
Қайткенде оралмасын қайтып елге.
Жол-жөней тоғаймасын ашқан қарын,
Жылаған тыңдамаңдар мұң мен зарын.
Қазақтың қыруына оңайлатып,
Неғұрлым азайтыңдар жолда бәрін.
мырзаш батыр
Тапсырып осыны айтты ұлдарына,
Әумесер ақылы жоқ сұмдарына.
Теп-тегіс арам ойын айтып болып,
Салмақ болды шығарып жолдарына.
Осымен тамамдады бұл жұмысты,
Жарлығы Байыр иттің болды күшті.
Бетке алып қазақ елін қалың қалмақ,
Алдын-артын жиып алып жолға түсті.
Аттанды жер қайысқан қалың қалмақ,
Құтырып бейбіт елге ойран салмақ,
Он мың бір жүз төрт қалмақ барлық саны,
Бейғам белге бұл өзі ауыр салмақ.
Шілде айы күн күйіп тұр, аспан аптап,
Жөнелді қалың қалмақ селдей қаптап.
Байыр мен Қалдай сұмның көңілі өсті,
Ойлады: «кез келгенді кетер таптап».
Шұбырып келе жатыр күн-түн жүріп,
Аш-жалаңаш, шаршаған, буын құрып.
Өлместей ауқат алып тәулігіне,
Келе жатыр жартылай өмір сүріп.
Мырзалар да тақымдап айдап келеді,
Жолшыбай қалып жатыр көп қырылып.
Аш қайсы, ауру қайсы, шаршағаны,
Білер емес біреуді біреу біліп.
Найзамен екі сұғып тастап жатыр,
Ол жыласа, мырзалар қарқ-қарқ күліп.
Осылай жол азабын кедей көрді,
Құдай-а, өзің сақта қазақ елді.
Жол жүріп тоғыз тәулік қызыл аяқ,
Жақындап ел шетіне таяп келді.
Азайды әуелгі сан болса да көп,
Қырылды ажал бойында орғандай шөп.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қарық болды қарға, құзғын, қасқыр, түлкі
Есепсіз көп қырылған адамды жеп.
Тыныш ел, малын баққан бейғам қазақ,
Болмаған дұшманына болды мазақ.
Әйтсе де сақтанбаған бейғам елге
Мына иттер салар ма екен ауыр азап.
Түнделетіп Желдіден асады енді,
Керегетас, Көртөбені басады енді.
Үшбұлақ, Қарағайлы деген жерге
Келіп алып бастарын қосады енді.
Бекінді түнде келіп қарағайға,
Күндіз жатып демалды сол маңайға.
Осы түнде бетке алып елге кірмек,
Иттерге елге кіру келді ыңғайға.
Тағы да бірер сөздің келді кезі,
Екіге атты, жаяу бөлінді енді.
«Сендер енді қазақты шабасыңдар»,—
Деді де жүз төрт қалмақ жүре берді.
Жаяуды, атты тастап жүре берді,
Кеткенін мырзалардың бұлар көрді.
«Әуелгі сөз бұл емес еді ғой» деп,
Қызыл аяқ қалмақтар қала берді.
Тыңдаған жұрт бұл сөзге мойын бұрсын,
Көп қалмақ қызыл аяқ қала тұрсын.
Әуелі аттыларға сөз берейік,
Бұл сөзге естіген жан құлақ түрсін.
Аттылары жылқыға тура тартты,
Қалдырып көп жаяуды қарғыс атты.
Бастаушысы бұрынғы екі жансыз
Алдын бастап келеді бұйрық қатты.
мырзаш батыр
Кең жайлау, сауыр сайқан, өрісі кең,
Шөбі шүйгін, мөлдір су, күреңсе дөң.
Төртуыл санияз деп аталатын
Екі рулы ел жайлайды өзара тең.
Жылқысы екі рулы ел бір-ақ жерде,
Бұғылы, Көктекшемен жатыр төрде.
Үш мың бес жүз жылқымен қосын тігіп,
Жылқышы жатыр он бір осы жерде.
Өткен заман ойға елес қызыл түлкі,
Ар-намыс жоқ ер жігіт жұртқа күлкі.
Санияз ру басы Шотан төре
Бес бірі бұл малдың Шотандікі.
Шұрқырап кең жайлауда жатыр жылқы,
Қазақтың ойлағаны малдың ырқы.
Жылқышылар тай сойып, бие байлап,
Жарасқан әзіл-қалжың, ойын-күлкі.
Жайлауы көп жылқының Берікқара,
Айлана тау ортасы жазық дала.
Атақтысы осы бір жылқышының
Ішінде Қали деген жеке дара.
Бас жылқышы Шотанға Қали деген,
Көп жыл бағып жылқының қамын жеген.
Кәрі шал мен кемпірді ренжітпей,
Мұқтажын жомарт Шотан түгел берген.
Әзімбай деген шалдың жалғыз ұлы,
Түсіндіре кеткенінің болмас міні.
Төреге де бұл Қали әбден жағып,
Көп өмір осылай өткен жылы.
Қалидың қара мылтық жан жолдасы,
Ержүрек отыздарда мұның жасы.
Бес кісілік ат үсті батыр болған
Мығым дене, балуан, зор тұлғасы.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Көңілге бәрі күдік көрмесе көз,
Айтылатын бірер сөз келіп тұр кез.
Жылқыға қалмақ таяп келе жатсын
Қосылсын осы жерге бір ауыз сөз.
Бұрайын бір аз ғана сөз ыңғайын,
Ажал күткен қалмаққа көр де дайын.
Мағұлымдап кеткенім артық болмас
Қалидың қолындағы мылтық жайын.
Мылтық жоқ ол кездегі қазақтарда,
Бұл мылтық бола қалды қалай дайын.
Қазақтан Мамай деген ұста шықты,
Қолдан келмес өнері болмас тіпті.
«Темірдің Құдайы» деп атапты жұрт,
Өзі ойлап жасатты бір мылтықты.
Ақжол деген бір заттан дәрі жасап,
Тағы осыдан қорғасын оқ құйыпты.
Кәдімгідей мылтыққа оқ салады,
Дер кезінде от бергіш от алады.
Таза мыстан қаруыл орнатыпты,
Қойған жерге мүлт кетпей оқ барады.
Мылтық жасап Мамайдың көңілі толған,
Қалтарыс қата басып, ауман шыннан.
Сол кезде ру басы Шотан төре[ге]
Төре Мамай әкеп тарту қылған.
Мылтықтың атын қойған күлдір Мамай,
Бір дастан айта берсек көп сөз талай.
Күлдір деген мылтықтың даусы болса,
Жасаған ұстасының аты—Мамай.
Орны бар адамзаттың қара жерден,
Мылтықты көнекөздер сөзбен терген.
«Малға абай, жаныңа серік болсын»,—
Деп Қалиға мылтықты Шотан берген.
мырзаш батыр
Құдайым, өзің сақта бейлі тардан,
Дүниеде не қымбат бар ұят-ардан.
Қайта жалғап сөйлейін әңгімені
Қарақшы әлгі үш-төрт қалмақтардан.
Мырзалар жедел жүріп сауыр асты,
Тепсеңге берік қара жақындасты.
Төрт мырза бастығы бар бір жүз қалмақ,
Жылқының оң шетіне кеп айқасты.
Самал жел тербеп тұрды жасыл белді,
Көрсеткендей көзге емес толқын көлді.
Гүлдері жұпар иіс жанға шипа,
Көркіне шұрай беріп, өңдеп жерді.
Жылқышылар мекені осы жер-ді,
Жылқы жатыр қапталдап ылди-өрді.
Салт атты жүрісті оқшау көп адамды
Әуелі бір тұрғыдан Қали көрді.
Әуелде байқамаған сұмдық сырды,
Қали ер жау екенін енді білді.
Айқайлап аттан-аттан ұран салып,
Он бірі қалың жауға тұра ұмтылды.
Қазақ қашан дұшманнан қашып көрген,
Мылтығына оқ салды сонда мерген.
Екі жақ қоян қолтық енді келді
Қаншасына кім білсін ажал төнген.
Жау көп деп тайсалмады батыр қазақ,
Қарсыласпай қала ма болып мазақ.
«Мал ашуы емес пе жан ашуы»,
Шын айқасқа кірісті әр екі жақ.
Айқастап бір төрт атты жеке шықты,
Бағанағы төрт мырза бұлар мықты.
Жылқы қуған өзгесін қорғамақшы,
Болды да атой беріп шетке шықты.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Күлдір Мамай кезегі енді келді,
Көріңіз енді байқап қалың елді.
Көздеп ед бір мырзаны қаруылға ап,
Өкіріп құшақтады қара жерді.
Омар да садақ тартты дуылдатып,
Кетіп жатыр жебесі тимей қаңғып.
Көздеп атып тигізер біреуі жоқ,
Әйтеуір бір нобай бар даланы атып.
Тез қамдап екінші оқты Қали салды,
«Екінші мырза үшін» деп айғай салды.
Бір дәу жауыз көрінеді еңгезердей,
Тіл тартпай аттан құлап о да қапты.
Жеделдете бірнеше оғын атты,
Қатардан талай қармақ шығып жатты.
Оқ таусылып сол бір кез қайран қару
Айдынынан айырылып үні қатты.
Құлатқанын тоғызды Қали көрді,
Жеңімен бір сыпырды маңдай терді.
Қолында қайың безі қара шоқпар,
Қоян-қолтық айқасқа кіреді енді.
Кірісті шоқпарменен қалың жауға,
Қайратты қол сілтеп жүр оң мен солға.
Сұлатып бірнешеуін тағы жығып,
Қайран ер әлі құрып түсті қолға.
Қалмақтар жабырласып түсе қалды,
Бұл не деген қазақ деп қайран қалды.
Қали ер жау қолынан қаза тауып,
Мәңгі өшпес артында аты қалды.
Жолдастары болдырды қары талып,
Бұлар дағы шайқасты жанын салып.
Жастығын бұлар дағы ала жатты,
Онынан аман әзер төртеу қалып.
мырзаш батыр
Жау жағы басым болып жылқыны алды,
Жылқышы он бірінен төртеу қалды.
Қалмақтың жиырма үші жер жастанып,
Жылқы ұрысы осымен аяқталды.
Қалған қалмақ жылқы айдап жолға түсті,
Осылай баяндайық болған істі.
Төрт адам көпке топырақ шаша ала ма,
Шегініп лажсыздан бұл ығысты.
Екі мың бес жүз жылқы қалмақ алды,
Іріктеліп аз жылқы мұнда қалды.
Екі ру ел біржола жерге қарап,
Қанатынан қайырылып жер сабады.
Ел кейіп назаланып сынды сағы,
Бұл жолы үстем болды қалмақ жағы.
Ақ иіліп сынбайды деген бар ғой,
Түбі жеңіп шыға ма істің ағы.
Жылқышы қалмақ алып бара тұрсын,
Тағы да бұл кейінге қала тұрсын.
Қызылаяқ қалмақтан қайта бастап,
Азырақ қандырайын құлақ құршын.
Сөйлесем мен Ниязбек сөзім дайын,
Артық сөйлеп, кем шығып неғылайын.
Әуелі қызылаяқ қалмақтардың
Бұрын шапқан руын баяндайын.
Ер жігіт намысың болса, халқыңды сүй,
Өз әлін өзі білген о да үлкен сый.
Саты мен сайболат деп аталатын
Баласы Әзібай деген мың жарым үй.
Саты мен сайболаттар дөңгелек бай,
Түгел айтып тамамдау болмас оңай.
Қызылаяқ ілінді осы елдерге,
Төртуыл, саниязбен жатыр шалғай.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жаманның күнде сынар жігер, сағы,
Талаптының жанады әркез бағы.
Екі мың үй бір болыс жаз жайлауы,
Үшбұлақ дабан сала ақ жабағы.
Сол түні Үшбұлаққа қалмақ жетіп,
Келер кешті бетке салды түнделетіп.
Күндіз жатып дем алды қызылаяқ,
Жүрісті түнделеткен амал етіп.
Өздерінше бір бастық сайлап алды,
Сараңжақ бастық болсын деп ұйғарды.
Бұ да бір қаныпкезер, залым екен,
Талаушылар міндетін қолына алды.
Қалмақтар бұл орнынан шықты түнде,
Ел бейғам, қапері жоқ мұнан мүлде.
Сауырдың ақ жауыны төге түсіп,
Кенеттен бұзылып тұр бүгін күн де.
Түніменен қалмақтар жедел жүрді,
Қалың ұры білгізбей елге сырды.
Аш-жалаңаш, құр сүлдер алды келіп,
Таяғанда жазғы таң елге кірді.
Кеп жетті Үшбұлаққа қызылаяқ,
Бір-бір ноқта қолына арқан, таяқ.
Өлгендерін жеп келсе тірілері,
Елді бұлар ойласақ кімді аямақ.
Ұйқыда жатқан елді қалды басып,
Шошынып ел оянды асып-сасып.
Тосыннан түнде тиген құбыжықтан
Көп адам бас сауғалап кетті қашып.
Кеп кеспірі жоқ жалаңаш қызылаяқ,
Қорықпасқа не лажың бар, келсе таяп.
Тыр жалаңаш арбиған албастыны
Көруі қазақтардың некен-саяқ.
мырзаш батыр
Қолдарына не түссе алып жатыр,
Жалмап-жайлап барады ақыр-тақыр.
Өлтіргенге қарайтын көрінбейді,
Былайша қарасаңыз, бәрі батыр.
Қазақ мұны қонаққа шақырғандай,
Ен тамаққа қалмақтар тойып жатыр.
Қаптады аш пен арық,
Бала-шаға, кемпір-шал қылды зарлық.
Шибөрі тыңдар емес айғай-зарды,
Киім киіп, ас ішіп, болды қарқ.
Неғылсын өліп барады ұят-арды,
Қанағат қылар емес алғандарды.
Ауыл маңы тұсаулы арқанда аттар,
Бір жарлап қалмақтарға кете барды.
Бірнешеуі ат мініп шыға келді,
Тоқтамай аралап жүр елден-елді.
Бағанағы Сараңжақ бастық болған,
Жаяуға бағыт сілтеп ел мен жерді.
Күн шығып аймалады белес белді,
Аяғандай нұр шашып нақақ елді.
Біреуді-біреу танып, бой үйреніп,
Екі жақ шын айқасқа енді келді.
Бетпе-бет екі жақтан басталды айқас,
У да-шу жанталасқан қанды шайқас.
Қазақтар қалмақтардың көбін қырды,
Болмады аялдаумен жеке айқас.
Қырылып қызыл аяқ өліп жатыр,
Өлмегендей артынан келіп жатыр.
Шоқпар, сойыл ұстаған атты азамат
Қырғынды сыбағасын беріп жатыр.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қырылып қалмақтарға ажал төнді,
Аштықтан өлгенше деп бұлар көнді.
Әуелден Батыбайыр, Қалдай сұмның
Ойлаған ой-пікірі енді келді.
Сонда да шегінбеді қызылаяқ,
Қырылып тисе дағы шоқпар таяқ.
Қолына не түскенін алып жатыр,
Бұлардың орнында жоқ жан аямақ.
Шамасыздық белгісі көрініп тұр,
Шал-кемпір де айқастан қалмады құр.
Құтырған ит өлтірген адамдардай,
Бақанменен төмпештеп жамсатып жүр.
Талайының қайнады қалың соры,
Жер құшып талай жүздің қазылды оры.
Жанталасып сонда да қарманып жүр
Тұмсығы қанға тиген көп аш бөрі.
Ел ырысы бүлініп шайқалды көл,
Астан-кестен бүлінді бейуаз ел.
Үшбұлақ, Ақжабағы, Дабан сала
Қамтыды үш жайлаудың бәрін түгел.
Әңгіменің қызығы алда жатыр,
Елдің шырқын кетірді мына кәпір.
Олжаны тойғанынша алғандары
Артын тоспай алдыңғы қайтып жатыр.
Намыссыз қорқақтардың жаны тәтті,
Ер азамат жауларын қырды қатты.
Қаншасы өлді анығын біле алмады,
Үш-төрт жеті болғандай елден қайтты.
Осындай ауыр шайқас болды күшті,
Бейғам ел бастан кешті мынау істі.
Қанша алды, құр қалғаны болмас, сірә,
Бір айда артқы босқын елден қайтты.
мырзаш батыр
Қазақтан беті қайтты көңілі суып,
Төбе-төбе өліктер қалды үйіліп.
«Қалғаның ел-жұртыңа сәлем айт» деп,
Соңғы жауды тастады қазақ қуып.
Осылай қызылаяқ елді шапты,
Шабылып ел күйзелген жаман қатты.
«Қазақты қызылаяқ шапқан екен»
Деген сөз ел аузында сонан қапты.
Арылып үш жайлаудан қалмақ кетті,
Желді деген асу бар асар шеткі.
Қырылғаннан қалғаны қалмақтардың
Аманы сол асуға барып жетті.
Жазасын озбырлардың қазақ берді,
Олар да өз кәсібін елден терді.
Шауып-шаншып барады әлі дағы
Жолындағы бір жарым оқшау елді.
Жекеленген анау бір он бес атты,
Жолдағы елге көрсетті ғаламатты.
Әзібай болыс інісі Қали ауылы
Қызылаяқ жолына кез боп қапты.
Желдінің кезеңінде екі ауыл,
Азайды кісілер аға-бауыр.
Екеуі де бай адам толықсыған,
Сайысқан бір орынға көңіл тәуір.
Бір рудың байлары қасқа маңдай,
Бұйым, жиһаз, төрт түлік дәулетке бай.
Қызылаяқ келеді дегенді естіп,
Малын айдап ер адам кеткен шалғай.
Кездейсоқ қараңызшы тамашаға,
Өтірік сөз шындыққа жанаса ма.
Ауыл мүлде еркектен тазаланып,
Қалған қатын, кемпір-шал, бала-шаға.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қаптады осы ауылды қызылаяқ,
Талады жасау, бұйым аямай-ақ.
Аяулы асыл бұйым түгел алып,
Жарамсызды қалдырды некен-саяқ.
Емін-еркін ауылды шапты тағы,
Жасау, бұйым, олжаға батты тағы.
Басшы болған соңғыға сұм Сараңжақ
Бір қулық арам ойға батты тағы.
Қалидың екі қызы күн мен айдай,
Піскен алма секілді шекер балдай.
Талайды аңтарылтқан екі сұлу
Қолы жетпей көп жігіт қаққан таңдай.
Алтын кездік екі қыз күміс қыннан
Жаралған деп айтарсыз тұтас нұрдан.
Тарыдай тал бойында бір міні жоқ,
Қол жетпейтін бір биік басы шыңнан.
Апалы-сіңілі екен Гүлсім, Қайша,
Ата-ана еркелеткен асау тайша.
Етегін жел ашпаған бұл қос ару
Иттерге бұйырады бұл қалайша!
Алма мойын, анар төс, қырғи қабақ,
Ботагөз, қолаң шашты, аппақ тамақ.
Сұңғақ бой, тік иықты, құмырсқа бел,
Қарасаң дене пішін түгел шап-шақ.
Мінездері ал жібек, ақылға бай,
Күлкісі мерует, маржан тас бұлақтай.
Жастары да толықсып пісіп жеткен,
Бір сағым қолға түспес, уа, дариға-ай!
Даланың көркі болған тоты, бұлбұл,
Аққуы айдын көлдің, бал, шекер тіл.
Ақылы да қыздардың ұшан-теңіз
Жас жігіттер, ойланып оны да біл.
мырзаш батыр
Келтірсем өз орнына сөз ыңғайын,
Әр сөздің өз орны тұр ғой дайын.
Жастарымның көңіліне алаң салып,
Қыздарды аса мақтап неғылайын.
Басшы дедік соңғыға Сараңжақты,
Бұл итке бір арам ой келе қапты.
Қаражүрек, қанпезер, бұл антұрған,
Тосыннан бір қулықты тағы тапты.
Сараңжақ аруларға тікті көзді,
Бұл жауыз ар-ұяттан тағы безді.
Біржолата құлады арам ойға,
Аз ғана сабақтайын осы сөзді.
«Әкетсем осы екі қызды, үлкен пайда,
Қолға түскен сом [алтын] осындайда.
Апарып сұлтаныма тарту қылсам,
Менен бай кісі болмас сол маңайда».
Бекінді осы ойға мына кәпір,
Енді түсті қыздарға заманақыр.
Бас салып екі қызды ойбайлатып,
Байлады қол-аяғын Тәңір атқыр.
Бетін жыртқан анасын байлай салды,
«Өлтірем» деп ақырып қоқайланды.
Арты таяз, сенімсіз қарақшылар
Тез қамданып аттарын жолға салды.
Ойбайлап қыздар кетті жылай-жылай,
Нақақ деп аямады мұны Құдай.
«Аққа Құдай жақ болад» деген қайда,
Бола ма бір қайыры әлдеқалай.
Кезеңнен қарақшылар асып түсті,
Аққаптал дайын суды басып түсті.
Ұзынбұлақ, Қайыңды деген жерге
Жеткенде күн де батып келіп түсті.
15-279*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жолда алған олжаларын тең бөлісті,
Жайғасып қарақшылар тамақ ішті.
Құтылдық деп қазақтан мәз болысты,
Шатыды әңгіме қып болған істі.
Ну орман, айсыз аспан, қараңғы түн,
Ісінде құдіреттің болмайды мін.
Гүлсім ойлап бір істі мақұл тапты,
Деп ойлап «басқа түскен қараңғы күн».
Шақырып Сараңжақты қасына алды,
—Тілегім бар,—деп,—сізге,—қолқа салды.
—Қандай тілек айтқын,—деп,—арызыңды,—
Сараңжақ сөз тыңдауға ыңғайланды.
Гүлсім айтты: «Бір-екі тілегім бар,
Бере ме деп мен болдым сізге ынтызар.
Қалмақ-қазақ заңы бір ойласаңыз,
Тұтқындап қыз байлайтын қай заңда бар.
Қыз байлайтын заңда жоқ тыңдаңыз дат,
Мұныңыз естілетін құлаққа жат.
Ер емес, батырды емес, затым—әйел,
Екі лақты байлаған сізге ұят.
Бірінші тілегім сол—қолымды шеш,
Байларда қарсыласқан күнәмді кеш.
Ұялам жол-жөнекей үйімізден,
Адамша бос жүрейік, қалсын егес.
Екінші тілегім сол—тағы сізден,
Қылмаңыз ешбір қауіп енді бізден.
Жол білмейтін екі қыз қайда барсын,
Біз, сірә, айырылмаспыз енді сізден.
Байлауда қолыңызда біз бір ғаріп,
Беріңіз сұлтаныңызға бізді апарып.
Кәдімгідей қазақша неке оқытып,
Қосыңыз ұлы жиын той жасатып.
мырзаш батыр
Кез қылды бағымызға сіздей ерді,
Айтайын жеке сізге барлық жерді.
Өзім де бір «сұлтанға қосылсам» деп
Ойлаушы едім, тілекті Құдай берді.
Мына сіңілім Қайшаны мырзаға бер,
Мұның дағы тарқасын көңілінен шер.
Бұ дағы мырзаға барсам деуші еді,
Бұл байғұс та қуансын, тілегін бер.
Жүрейік шат көңілмен болмай мұңлық,
Болмасын арымызға арам сұмдық.
Адал күтіп сұлтанға апарыңыз,
Тілегім соңғы сөзім ашық шындық.
Тілегім осы»,—деді Гүлсім сонда,
Бар Құдай пақырларды өзің оңда.
Мұқтаж қылмай залымға нақақтарды,
Бар болсаң, тілегін бер осы жолда.
Сараңжақ қыз сөзіне әбден сенді,
Келістіріп айтқан соң әрбір жөнді.
Іс ақырын әумесер қайдан білсін,
Аяқ-қолын қыздардың шешеді енді.
Аяқ-қолын қыздардың енді шешті,
Қапыда ақыл тапқан Гүлсім есті.
Еш қауіп жоқ көңілінде Сараңжақтың,
Өзін-өзі көтеріп көңілі өсті.
Кәдімгі төсек салып қыздар жатты,
Дұшман көз ғып ұйқыны ыңғайлапты.
Бір-екі қалмақ қойды қыз қорқад деп,
Басқалары ұйықтауға түгел жатты.
Дала жым-жырт, ел тегіс жатты сонда,
Енді Құдай қыздардың ісін оңда.
Қыз қасында қалмақтар өз еркінше
Қорылдап шырт ұйқыға батты сонда.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Іс оңдалса, енді ақыл табылады,
Екі ару түн түнегін шабынады.
Ержүрек, зерек, есті, батыр қыздар
Қорқуды енді жаудан неғылады.
Айнала қалың ағаш, жыныс орман,
Қоршап тұр айналаны бейне қорған.
Орманға бір ілінсе, Гүлсім ойы,
Аман-есен құтылмақ мына төрден.
Қайшаға Гүлсім айтты: «Қамдан—деді,
Бір жақсылық күтейік жаннан,—деді.
Тәуекел, не болса да біз кетейік,
Біздерге Алла берсін жәрдем»,—деді.
Орнынан ақырындап бұлар тұрды,
Орманға қарауытқан мойын бұрды.
Тез басып, аяқтарын жан ұшырып,
Жүгіріп кеп орманға бұлар кірді.
Бермес Тәңірім адамға сары уайым,
Бір тағдырың кесімді тұр ғой дайын.
Әзірше қалмақ ұйықтап жата берсін,
Алға апарып тастайын қыздар жайын.
Келіп кірді орманға «а, Құдайлап»,
Ентіккен демін алды біраз жайлап.
«Келген жағым, бұйырса, осы шығар»
Деген оймен жөнелді сайды құлдап.
Азапты бейтаныс жол жанға батты,
Шыбын жан емес бұрын қандай тәтті.
Күндіз келген сүрлеуге ақыр түсті,
Тағдыр басқа салған соң қиын істі.
Мәзүлім адал жандар күнәсі жоқ,
Түсірді мұндай күйге құдірет күшті.
Жүгірді алға қарай тездей басып,
Неғылсын енді аял көп тұрысты.
мырзаш батыр
Қараңғы түн қауіпті қалың орман,
Мұнда бар жыртқыш аңдар, аю, қабылан.
Бір қорқып, бір қуанып, бірде жылап,
Батыр қыздар келеді әзір аман.
Байғұс қыздар келеді әзір аман,
Белгі жоқ әлдеқалай алғы заман.
Қасқыр ұлып, арыстан ақырады,
Не ылаж құтыларға бар ма шараң.
Сақтаймыз қайткенде де жанымызды,
Мына ит қалмақ кетірді-ау сәнімізді.
Азат бас ит қалмаққа күң болғанша,
Жыртқыштар аң мейлі жесін тәнімізді»
Деген ойға кірісті Гүлсім ару,
Мұндайда оңай бола ма ақыл табу.
Аңдармен бір айқасып өлетұғын
Ең болмаса қолда жоқ тұтам қару.
Біледі бет алысы шығыс жақта,
Қыздар ойы бөлінді екі жаққа.
Бірі қалмақ, біреуі жыртқыш аңдар,
Бір Құдай пәк жандарды өзің сақта.
Шығыстан таң білініп келе жатыр,
Тура жол жаппаған соң жылайды ақыр.
Гүлсім айтты: «Сүрлеуден біз шығайық,
Боламыз қалмақ қуса тағы тақыр».
Тоғайға тағы кірді екі киік,
Бұл түннен аман қалды Құдай иіп.
Жеміс-жидек теріп жеп, ауқат алып,
Отырысты аз ғана есін жиып.
Жол тауып жүру қиын мына қаудан,
Бітеу ағаш, шытырман орман, баудан.
Болар іс болған шығар не қиын,
Әлі де қауіптенді артқы жаудан.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Әрең жүріп аз ғана жерге келді,
Неғұрлым ну орманға кіре берді.
Күндіз жатып бекініп бұл орманға,
Бет алып кеште ашыққа шықпақ енді.
Күн шығып, сәске түстің кезі болды,
Салқын самал есті оңды-солды.
Көңілдері жайланып біраз ғана,
Дұшманнан құтылғандай енді сезді.
Кеш түсіп екіндіге еңкейді күн,
Бір жылдай көрініп тұр келер бір түн.
Осы түннен арулар аман қалса,
Ертең бұлар еліне жетуі шын.
Қайшаға айтты Гүлсім: «Қыз, жүрелік біз,
Жаратқаннан жаралып тіленіппіз.
Алдымызда бір биік тау көрінеді,
Соған шығып бет алып түзеліппіз.
Жарықта біз шығалық сол бір тауға,
Тірлікте кемшілік жоқ дені сауға.
Ел жақтан әлденелер көрінбес пе,
Кезіге біз қоймаймыз енді жауға».
Екеуі тауға шықты қарауылдап,
Бүргеннен бой асырмай жер бауырлап.
Желді асу көз ұшында көрініп тұр,
Асуға да таяпты Құдай оңдап.
Күн бата екі қыз жүрді тағы,
Ақыры жеңері хақ істің ағы.
Орманнан ауашалап бұлар кетті
Жайлау шеті Күреңсе, Ақжабағы.
Жайлауы бұл қыздардың Ақжабағы,
Енді ашылды жабырқау қыз қабағы.
Қасиетті туған жер қандай ыстық
Бұлар енді көңілді бәз баяғы.
мырзаш батыр
Тынық түн, жадыраңқы мөлдір аспан,
Сансыз жұлдыз көк жүзі жымыңдасқан.
Самал жел тербетіп алуан гүлді,
Секілді көп ғашықтар қойындасқан.
Көксінген көз жеткісіз кербез дала,
Үн қатқан тек өзендер сай мен сала.
Көк көде, бетегені сипай басып,
Екі ару жүріп келед баяу ғана.
Күміс бұлақ сықылдап қаққан таңдай,
Иісті гүл қыздарға нұр шашқандай.
Таң сызып, Шолпан ару құттықтады,
Әріптес қос құрбысын қарсы алғандай.
Жүріп келіп таң ата демалысты.
Қарын да ашып, шаршады жол алыс-ты.
Қарады күн шыққан соң төңірекке,
Енді білді тау, өзен, көзтанысты.
Қуанды қыз байғұстар енді абайлап,
Тағы шықты тұрғуға жер баяулап.
Дәу де болса бір белгі көрінбес пе,
Деп көз салды маңайға енді жайлап.
Көз ұшы бір қашықта мал көрінді,
Мал соңында бір атты жан көрінді.
Сол аттыға көрінген тура тартып,
Сұрайық десті енді ауыл жөнді.
Таудан түсіп жүрді солай [қарай],
Оңдады іс ақырын Патша Құдай.
Бұлар келіп жолықса әлгі адамға,
Әкесінің қойшысы шал Тоқымтай.
Шал байғұс аттан түсе-ақ құрақ ұшты,
«Қарақтарым, қызым» деп сүйіп-құшты.
Атаға қыз байғұстар мұңын шағып,
Сөйледі бастан-аяқ болған істі.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
—Бәрекелді, жарайсың қарақтарым,
Қайырлы құтты болсын талаптарың.
«Талаптыға нұр жауады» деген осы,
Бір күнгідей болмады азаптарың.
Қарақтарым, келдің бе есен-аман,
Бастарыңа түсіпті ақырзаман.
Жылаудан көз ашпай әке-шешең,
Әйтсе де жүріп жатыр есен-аман.
Тілеуім дұрыс екен Жаратқанға,
Әуелі кезіктірді Құдай маған.
Қойшысы Қали байдың Тоқымтай шал,
Дәулеті көп Қалидың төрт түлік мал.
Бір қара құнан қойды ерте өргізіп,
Өріске жеткен екен басқа сәл.
Гүлсім айтты: «Әй, ата, құлағың сал,
Айтайын бір пайдалы іс мұны ұғып ал.
Әкемізден сүйінші сіз сұраңыз,
Аласыз Құдай берсе көптеген мал.
Бақ қайтса патшаның қалар тағы,
Құдай берсе қиысар ердің бағы.
Қарызыңыз көп еді шықпай жүрген,
Несібенің сіз үшін келді шағы.
Әкем жомарт береді сізге көп мал,
Жомарт адам айтпайды сізге әсте жал.
Разы бола қойма аз нәрсеге,
Неғұрлы ауызыңызды арырақ сал.
Бағайық сіз келгенше малыңызды,
Сақтады Құдай аман жанымды.
Тездетіп көп кешікпей барыңыз сіз,
Осы орнынан күтеміз тағы сізді».
Жарлыға ақылды қыз ақыл тапты,
Шал байғұсқа мына сөз майдай жақты.
мырзаш батыр
Енді Тоқаң тездете атқа қонып,
Құйынперен ауылға шабу шапты.
Көктен іздеп жүргенін жерден тауып,
Шал байғұс оңай малды енді тапты.
«Сүйінші, сүйінші» деп айғай салып,
Шалекең бай үйіне түсе қапты.
—Қуантып, бай-бәйбіше, келдім саған,
Перзентің Гүлсім, Қайша келді аман.
Қанағат қыла алмаймын аз нәрсеңді,
Бересің мол сүйінші енді маған.
Сүліктей байға шалың қадалады,
Ойына Гүлсім айтқан сөзді алады.
Молырақ мал байекең атай қалса,
Мұнан оңай мал қайтып шал табады.
Қалиға жылы тиді малдың сөзі,
Бай-бәйбіше қуанар келді кезі.
Әуелде сенер-сенбес болса дағы,
Бөктірді бұлар жасқа екі көзді.
Қуанды бай-бәйбіше мына сөзге,
Бұларда ер бала жоқ қыздан өзге.
Медеуі, таянағы осы екі қыз,
Қуаныш ойға оралар көрер көзге.
Бай айтты: «Боталарым келсе аман,
Әкеп тұрсың қуаныш, Тоқа, маған.
Екі гүлім, көз нұры немді аяйын,
Елу қой, он бес қара бердім саған».
Қосар атпен қыздарға бұлар шапты,
Төтелей тура жолды шал босатты.
Екі аралық көп онша алыс емес,
Аз жүріп қыздарға да келіп қапты.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бұларды даяр атқа мінгізді енді,
Тездете ауылына жүргізді енді.
Бір күн жыртқан киімін шешіп тастап,
Торғын, торқа киімдер кигізді енді.
Осылай ауылына қыздар келді,
Қуантты алыс-жақын барлық елді.
Айырылып үміт үзген қыздарынан,
Көрісіп ата-анасы жылайды екен.
Ұмытты бастан кешкен көп бейнетті,
Ақыры мақсатына бұлар жетті.
Көркіне ақылы сай Гүлсім ару
Осылай аман-есен елге жетті.
Атасын анасымен қуандырды,
Әке-шеше қуанып, көңілі тынды.
Ақылынан ақымақты алдағанын
Ақтарып түгел айтты барлық сырды.
Ағайынды екі бай қылды тойды,
Қайғыны көңілдегі түгел жойды.
Бата беріп, қол жайып ақсақалдар,
Қуаныш деп жайлауға бір ат қойды.
Екі бай елін жиып, бата алыпты,
Көнекөз қариядан сөз қалыпты.
Бұрын жайлау Мыңбұлақ атанса да,
Бұл күнде Қуаныш деп аталыпты.
Шалға да мал түсіпті тосын ғайып,
Шал байғұс та лезде қалды байып.
Құдай да берер малы жоқ өз жанынан
Біреудікін біреуге берді аударып.
Сұм дүние бірде алай, бірде бұлай,
Әртүрлі жан жаратқан Патша Құдай.
Аталған Гүлсім, Қайша қыз жөнінде,
Тыңдаушым, әңгіменің жайы осылай.
мырзаш батыр
Жарамас артық сөйлеп көп сөз сатқан,
Аспағаным жөн болар мөлшер шақтан.
Ар-намыс, ұят-арын таза сақтап,
Екі ару құтылыпты көп қалмақтан.
Енді екі қызға екі азамат күзетші қойған,
Сараңжақ қалмақтан сөз тыңдаңыздар.
Шығады, сөз болмаса, өлең қайдан,
Қарасөзде табылмас тым оңайдан.
Тағы да бір азырақ сөз қозғайын,
Төсегін сап жатқызған қыздар жайдан.
Орнынан ерте оянды сұм Сараңжақ,
Жатуға еркін ұйықтап шыдамай дат.
Көңілі бір сұмдықты сезгендей-ақ,
Түнімен ой ойланып көңілге жат.
Қыздар жоқ, төсегінде орны жатыр,
Күзетті екі қалмақ ұйықтап жатыр.
Екеуін екі теуіп оятып ап,
Терісіне сыймай тұр мына кәпір.
Тықыршып тоқтай алмай бетін тілді,
Күйіп-пісіп сандалды бейне жынды.
Бақырып, тепкілеп жүр әлгі екеуін,
Құдайдың шын атқанын енді білді.
—Иттер-ау, қасыңдағы қыздар қайда,
Алтынымнан айырылдым...3
Масқара мені қылған сен екеуің,
Құртайын сені иттерді салып найза.
Өртеніп, қара басып, күйіп-пісті,
Далада жеке батыр болды күшті.
Қолынан онан басқа не келеді,
Болғаны сол булықты ашу қысты.
3 Қолжазбада бір сөз түсіп қалған.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қаражүрек екеуге найза салды,
Өлтіріп, шаншып, шауып, өшін алды.
Күшті жаудан кек салған қас батырдай
Анадай жерге барып демін алды.
Қалмақтар енді түгел атқа мінді,
Ұялмай-ақ іздеді келген жерді.
Есекдәме бет алды қара дүрсін,
Қарап жүр дәмеленіп оңды-солды.
Жарандар, енді иттерге қыздар қайда,
Арам ойдан тапты ма бұлар пайда.
Қыздар жоқ жасырынбақ ойнап жүрген,
Тауып ал деп жататын сол маңдайда.
Осылай жер соқтырған есті Гүлсім,
Бұл ақылсыздың ісі емес қара дүрсін.
Ақылды қыз ақымақты алдап соғып,
Тойын тойлап болғанын қайдан білсін.
Ант ұрған Сараңжақты қара басты,
Ақ пен қара майданға араласты.
Арамзаның құйрығы тұтам болып,
Ақ жеңіп адалдыққа есік ашты.
Қаңғыртты қара ниет арам терді,
Жазасын Сараңжақтың қыздар берді.
Қыздар қолға түспесін қалмақ біліп,
Еліне енді тартып жүре берді.
Байырға көп жылқы алған қалмақ келді,
Бәрі жылап, шуласып пірін көрді.
Айрылып екі бірдей мырзамыздан
Басымызға іс түсті қиын деді.
Жалбарынып бас ұрып жылап келді,
Көл-көсір көз жастарын бұлап келді.
Кім білсін, әлде өтірік, әлде шын ба,
Құлдық ұра бас қойып құлап келді.
мырзаш батыр
—Тыңда, тақсыр, айталық сөзімізді,
Сеніңіз жаспен жудық көзімізді.
Екі мырза қалды әйтеуір бұрқан сақтап,
Он бір қазақ жайратты көбімізді.
Ішінде біреуі бар ерен күшті,
Басымызға қиындық сонан түсті.
Қос мырзамен адам қалды,
Айталық, тақсыр, сізге болған істі.
Даусы зор бір нәрсесі тағы да бар,
Осыдан екі мырза тапты ажал.
Өмірде бұл пәлені біз көрмедік,
Тіл тартқызбай өлтіреді әлгі тажал.
Ей, тақсырым, не екенін біз білмедік,
Өмірде бұл пәлені біз көрмедік.
Сол тажалдан мырзалар кегін алып,
Күл талқан қып ұсатып тепкіледік.
—Тұрыңдар,—деді Байыр,—көтер басты,
Бекер жалған жылайсың көп албасты.
Шындықты сезіп-ақ тұр сұрқия сұм,
Тездетіп келер сөзге араласты.
Ақырып ұрысқан болды құлдарына,
Әйтейі құлақ салмады шындарына.
Әкелген көп жылқыны көзбен шалып,
Пәлендей қайғырған жоқ ұлдарына.
—Өтірік, Қайран менің ұлым,—деді,
Сөз тыңдаңдар, жиналған құлым,—деді.
Жылқыны түгел айдап жылқыма қос,
Қазақтан ұлдарға салған құным,—деді.
Беріңдер бір жүз жылқы Марқалдайға,
Ақылшым, ол туысым осындайда.
Алатын жүз жылқыны жөн мұныкі,
Қосып жүр ақыл, кеңес көп орайда.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Көп құлдар, бұйырамын сөзімді тос,
Басқа малды бұлжытпай жылқыма қос.
Басың аман қалғаны сендерге олжа,
Мал берер деп әуре болмаңдар бос.
Соңғы он үште түкті жасты,
Батыбайыр оған да араласты.
Қолдағы тұтқын қыздан айырып,
Байырға кетпестей қып таңба басты.
Бұларға осыны айтып жала жапты,
Бір пәлені он үшке тағы тапты.
Әуелден-ақ ойлаған ойы бөлек,
Сондықтан аямады діні қатты.
Өлтіріпті бұл он үшті дарға асты,
Жендеттері кескілеп қанын шашты.
Ішінде Сараңжоқ та бірге кетті,
Жазықсыз жолдасына қылған қасты.
Тындырып барлық ісін болды Байыр,
Мол дүнияға молықты ұлан-ғайыр.
Қатыгез, қаныпезер мына залым,
Қылмады кедейлерге титтей қайыр.
Қазына, малға Байырдың көңілі тоқ,
Жауыздың ойлағаны дүние боқ.
Қаншасы өліп, қаншасы аман келді,
Деп те батыр еш жаннан сұраған жоқ.
Жазықсыз көп кедейді орға жықты,
Болыпты заманында Байыр мықты.
Ары-бері жолда өлген, соғыста өлген,
Кедейлердің жартысы қырылыпты.
Сөйлесем мен Ниязбек сөзім даяр,
Ұрпағым артқа қалған жұртқа жаяр.
Келтірді әуелі ой есебіне,
Батыбайыр, Марқалдай екі ғаяр.
мырзаш батыр
Іске асқандай көрінді сұрқия сыр,
Шындықтан шалғай кеткен сөз емес бұл.
Аман келгенге дейді енді байқап,
Ақылы табылды деп күлісіп жүр.
Сейілтті көңілдегі күдік кірді,
Кедейден қауіп жоғын енді білді.
Той жасап, екі үйлі жан кең сарайға
Өлең айтып, шуылдап, итше үрді.
Бір күнгіде күндігін үре тұрсын,
Бірер жыл екі залым өмір сүрсін.
Ер мырза басын кесіп қанжыға,
Байлайтынын бұл иттер қайдан білсін.
Тәңірім, өзің медет бұл тіл мен жаққа,
Әңгіме тағы кетер көп ұзаққа.
Бұлар шат боп көңілі жата берсін,
Енді әңгіме ойыссын қазақ жаққа.
Тыңдаңдар, сөз кезегін қазақ жақтан,
Бекер-ді бұл сөз емес артық мақтан.
Ежелден қазақ елі сырт дұшманға
Ауытқып айнымаған бірлік саптан.
Қазағым ержүректі батыр халқым,
Бірлесу жауға деген сенің салтың.
Қиын-қыстау басыңа іс түскенде,
Сабырмен талай тостың істің артын.
Жайлаудан ел етекке келіп түсті,
Кешіріп бастарынан мынау істі.
Көңілсіздеу оралды ел етекке,
Беймаза ала көңіл болды екі ұшты.
Қанатынан айырылып күйзелді ел,
Қол-аяғы кесіліп сынағандай бел.
Шайқалды бір мезгілде ел ырысы,
Кенеттен жайпап кетті бір жойқын сел.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Төгілді бейғам жатқан ел ырысы,
Тарылғандай боп қалды ел тынысы.
Кейі толық болса да, кейі жарлы,
Бола қалды бір мезгіл елдің іші.
Ел келді мекеніне сондай халде,
Жайғасты қонысына жарлы бай да.
Біреуі егін жинаса, біреуі шөбін,
Тарасты шаруа қуып әрбір жайға.
Кімде-кім тіршілігін істеп кетті,
Бас қосу қиын болды бұл орайда.
Жақсы ат та жоқ мініске бұрынғыдай,
Мырзаш та сапарынан жүр оралмай.
Түре барып кек қайтару
Әзірше бола алмай тұр халыққа оңай.
Күз де биыл суытып ерте түсті,
Қазанның қара дауылы неден қысты.
Түгелдей ел жиылып бас қоса алмай,
Кейінге қалдырды істі, бұл жұмысты.
Маңырақ сауыр жауын қылау шалды,
Күтін деп белгі беріп қыс таянды.
Жан-жақты ел жұмысын қамти алмай,
Қалмаққа кек қайтару жазға қалды.
Ел күзеуден қыстауға жүгін салды,
Қыстау жұртқа жұрт түгел ыңғайланды.
Жыл маусым жылдағыдан өзгеше боп,
Қара жол бір үзілмей мазаны алды.
Ел жайғасты қыстауға түгел тамам,
Қыс қамына кірісті әрбір адам.
Қарашада қар биыл басып салды,
Басынын-ақ биыл қыс түрі жаман.
Ай сайын арта түсті аязды ызғар,
Боран соғып, мезгілсіз жауды кеп қар.
мырзаш батыр
Үскірік жел батыстан бетті қарып,
Бір ашық күн болмады көңілге алар.
Басталды арық-тұрақ малдан шығын,
Қырсық шалып болмады шөпте жұғым.
Қаңтар мен үштің айы бет қаратпай,
Күн-күн сайын асырды зәрлі ызғарын.
Берекесі қалмады таудың тағы,
Тым болмаса шөп бермей күнгей жағы.
«Көтерем,—деп,—күн сайын, көтерем деп»,
Иесінің зықысы кетті тағы.
Көмілді қалың қар мен жылға, сайлар,
Айдады шөп бар жерге малын байлар.
Ортаға қосын тігіп көп малшылар,
Бір жылдай боп көрінді бірер айлар.
Қар қазып, көде жұлды кейбір кедей,
Аз малын жұртқа берді ішпей-жемей.
Қасқыр да маңырақты қаптап кетті,
Малды қырып адамды жүр елемей.
Қар теуіп жей алмайтын сиыр малы,
Ең әуелі азайды мұның саны.
Бұта, бүрген, қараған басын шалып,
Тебін мал да әзер жүр шықпай жаны.
Ел күйзеліп, жұрт жүрді аш-аламан,
Мал қырылып ақсүйек болды жаман.
Қызылаяқ, қатты қыс, қалың қасқыр,
Арт-артынан кез болды бәрі тамам.
Көкек те мамырменен қыс болып тұр,
Маңырақтан күн қызу сөнгендей нұр.
Бұл құт тау Маңырақ болып жаралғалы,
Ешқандай бұрын-соңды болмаған сыр.
16-279*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Сөз қалдырған бабалар әрбір сырдан,
Әр тұрмыстан алынып болған шыннан.
«Баяғыда-ақ тышқан жұты бопты»
Деп артқыға осы сөз содан қалған.
Мал қырылып ақ сүйек жұтаған жұт,
Айырылған ел ырыстан жартылай құт.
Байды басып, кедейді жаншып кетті,
Көлденеңнен бір апат келіп суыт.
Баяулап келді маусым әсем көктем,
Аңсаған жайдары жаз елді күткен.
Жадырап жомарт көктем келді шуақ,
Жоғалып қырсықты қыс әлек еткен.
Әсем жаз жадырады шуақ жеңіп,
Маужырап жер көгеріп, аспан төніп.
Әсем жаз ел аңсаған келді оралап,
Күн санап сала берді дала кеңіп.
Түрленіп жердің беті көрсетті наз,
Жан-жануар қыбырлап болды енді мәз.
Серпілді естен кетпес зұлмат көшіп,
Орнына қайта оралды ырысты жаз.
Сайрандап сауық құрып жыл құстары,
Тыраулап тырналары, үйрек пен қаз.
Жаймашуақ жадырап, жұрт масайрап,
Теңелгендей боп қалды көп пенен аз.
Ел тойынды, аң шығып, пейілі кеңіп,
Азабын ауыр қыстың енді жеңіп.
Ел келді тағы ежелгі берекеге,
Барлары жоқтарына сауын беріп.
Көктем шығып, артынан шілде жетті,
Жайлау қамы ойлатты қалың көпті.
Шаруалар қойма қойып дайындалып,
Ел жайлауға шығатын мезгіл жетті.
мырзаш батыр
Ел шықты жайлауына бұрынғыдай,
Жеке қоныс әр ру мекенге орай.
Кең жайлау, гүл, балауса, мөлдір бұлақ,
Жаңа жұрт шалғыны тұр жапырылмай.
Қасиетті туған жер кіндік кескен,
Іңгәлап кеп шаранам сенде кеткен.
Тұра бер аз сәніңмен мәңгі осылай,
Кіндік қаным төгілген атамекен.
Рулар қонысына тарап қонды,
Жайғасып кең жайлауға көңіл толды.
Төртуыл, саниязбен екі рулы ел,
Қонысып мекен-жұртқа түгел болды.
Басшысы санияздың Шотан төре,
Өзі сұлтан тағы да дара төбе.
Екі руға бір кеңес ашпақ болды
Былтырғы қалмақ алған көп мал жөнде.
Хабар салды елбасы, батыр, ерге,
Төртуыл, санияз бен қалың елге.
Сойысқа мал дайындап, үй тігілді,
Қазіргі Кеңестекше деген жерге.
Қаз-қатар аппақ үйлер сап түзеді,
Айдындалып көп үйлер көз сүзеді.
Кілем, кілше жайылып көрпе-жастық,
Даярлап түзетіпті кілең төрді.
Кеңеске шақырылды сұлтан, бектер,
Батыр, бағлан, ақылгөй, асыл тектер.
Жиылып түгел келді ел жақсысы,
Ісімен елге адал көрінгендер.
Ел жиылып болған соң Шотан төре,
Сөз сабақтап сөйледі көпке бере:
—Көп ақылы көл деген,—деді,—жұртым,
Қиын түйін шешілер көппен бірге.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Айтатын сөзім, жұртым, көпке лайық,
Кеңесіп көп ойланып, зер салайық.
Тыныш жатқан бұл елді қалмақ шапты,
Бір шешімін айтыңдар, көп халайық.
Қан төгіп, малды айдап, елді шапты,
Ел күйзеліп, дұшманнан қасірет тартты.
Жазығы жоқ еді ғой нақақ жұрттың,
Жау келіп нақақ елді неге шапты?
Уа, жұртым, әділеттен танамыз ба,
Дұшман салған отына жанамыз ба?
Бұл елді олжалатып сырт дұшманға,
Тып-тыныш жатып мүлде қаламыз ба?!
Кеңесіп бір ақылға келеміз бе,
Тәңір салған бір іс деп көнеміз бе?
Адам қанын малменен мүлде кешіп,
Кетсін деп дұшманға ерік береміз бе?!
Қандай кеңес бересің бұған, халық,
Сөзім теріс болса егер қызынбалық.
Ел жақсысы, бір жауап айтыңыздар,
Жөндесек келелі іске зейін салып.
Тәлкекке қашан көнген қазақ елі,
Көз жіберсе өткенге сонау бері.
Ел намысын қорғайтын, батырларым,
Не жауап айтасыңдар, елдің ері?
Батыр Мырзаш, ел ері, асқар белім,
Ел намысын қорғайтын сенің жөнің.
Еліңді жау кеп шауып қырғындатты,
Батырым, осы ма еді сенің теңің?
Сен едің алға ұстаған асқар белім,
Қандай ақыл бересің, сабаз ерім?
Нақақ қан ел жинаған адал малға,
Көп жандар төкпеп пе еді маңдай терін?
мырзаш батыр
Сөз бітіп Шотан төре демін алды,
Жағалай көп халыққа көзін салды.
Анадай жерден тұрып жайлап басып,
Шотанның қарсы алдына Мырзаш барды.
—Ана бар ғой, алдияр төрем,—деді,
Сабырмен іс ақырын көрем,—деді.
Өзі келіп соқтыққан ит дұшманның,
Асықпаса жазасын берем,—деді.
Осылай әуел Мырзаш жауап берді,
Бекер деп кім айта алсын Мырзаш ерді.
—Іс болса басқа тағы өздерің біл,
Есмұқамбет сұлтанмын, төрем,—деді.
Мырзаш сөзін Садырбай, Сары қостап,
Ер ерлерін жетелеп кетті бастап.
Біреулердің артынан біреу шығып,
Ел кегі деген дауыс кетті қаптап.
Екі күнге созылды осы кеңес,
Қарсы келген болмады ешбір егес.
Екі рулы бас қосқан осы жиын,
Бекерге келіскені түгел тегіс.
Екі сұлтан бірлесіп, ел кеңесті,
Кеңесіп бұл күрделі істі шешті.
Барар қолға ер Мырзаш басшы болып,
Жеті жүз сарбаз бұған барсын десті.
Жұрт разы бұған да келіседі,
Берекесі қазақтың төл ісі еді.
«Ақтаймыз ел намысын,—деп,—батырлар»,
Жиналған жұртқа уағда беріседі.
Садырбай, Сарылар да болды жүрмек,
Мырзашпен алдағы істі бірге көрмек.
Бұлар дағы сайланды қолбасыға,
Мырзаштың ұйғаруы емес дүрмек.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ел тарасып, сұлтан мен билер қалды,
Жалпақ елге түгелдей хабар салды.
Бейсенбі алтыншы күн алғы сәтке,
Жүрмек болып қалмаққа дайындалды.
Қазақтағы ой бөлсек ескі заңға,
Қалдырар берекесі бізді таңға.
Ақ ту бие жылқыдан әкеп сойып,
Қолдарын малысыпты қызыл қанға.
Қалмасын айтылатын сөз кезегі,
Бұ да бір сөз айтатын келген кезі.
Не болса да ақыры мына жолдың,
Шықпаймыз берекеден деген сөзі.
Шотанның ордасына қол жиылды,
Ағылып әр жайлаудан кеп құйылды.
Жақсы ат, бес қарумен жарақтанған,
Сарбаздарға көрген көз ел сүйінді.
Бес күнде сарбаз келіп тамам болды,
Кеңестекше толықсып елге толды.
Кемпір-шал, аға-бауыр, қыз-келіншек
Қош айтысып, шығарып салмақ болды.
Ордаға бір күн сарбаз қонақ болмақ,
Тілеу тілеп, бата алып аялдамақ.
Ертең ерте бейсенбі кіші жұма
Азан айтып, шығарып жолға салмақ.
Осылай сарбаз бүгін қонақ болды,
Ен дәулет самал жайлау көңіл толды.
Кемпір-шал, қыз-келіншек сарбаздарға
Қош айтысып, сүйісті оңды-солды.
Шығыстан қылаң беріп таң да атты,
Шотан тұрып төсектен дәрет те алды.
Сарбаздардың сапарға шығу шарты—
Айғайлап жеті мәрте азан тартты.
мырзаш батыр
Енді сарбаздар ел-жұрт, ата-ана, құрбы-құрдас, аға-бауыр
тағы сол сияқты кейбір сарбаздар сүйікті жарларына қош ай
тысып, енді оң сапар тілеп, қалың қол оңтүстікті бетке алып
жолға түсті.
Аттанып ерлер елінен,
Енді жолға түседі.
Сарыарқаның саңлағы
Жеті жүз үш кісі еді.
Алдияр ұлы ер Мырзаш
Терең ойлы, сабырлы,
Зерек тағы жершіл де,
Тиянақты кісі еді.
Аспай-саспай көп қолдың
Сәт сапар тілеп бұл жолдың,
Садырбай, Сары ерлер боп,
Алдына қолдың түседі.
Деңгейлес жасы батырлар
Үшеуі де ер еді.
Сәті түссе бұл сапар,
Жазасын қалмақтың береді.
«Он сұм қалмақ қайда деп,
Қолға ұстар кезі найза» деп,
Жөнеп кетіп барады.
Будақ-будақ шаң қалды,
Көлденең қалыс жан қалды
Туып өткен ел қалды,
Кіндік кескен жер қалды,
Асқар тау, айдын көл қалды,
Қарай-қарай артында.
Көз талдырып ел қалды,
Жігіті кетіп қыз қалды.
Ой соқты көңіл сызданды,
Айрылысып лажсыз,
Кей жүрек суып мұзданды.
Біреудің аға-інісі,
Біреудің апа-сіңілісі,
Біреудің әке-шешесі,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Біреудің құрдас тетесі,
Тоқтата алмай көңілін,
Қарт ата мен аналар
Артынан тілеп зарланды.
Тыныш жатқан елді бүлдіріп,
Ел шауып, кісі өлтіріп,
Дүрліктіріп ел-жұртты,
Ит қалмақ салды бұл заңды.
«Ізденген итке сұраған»,—
Деп қазақ мұны қолға алды.
Есе алуға дұшманнан,
Бірлесіп қазақ қозғалды.
Жайлаудан түсті қалың қол,
Беталыс енді түзелді.
Құдайым берсе егер жол,
Тамыздың ыстық аптабы
Аңызақ ыстық бет шалды.
Жан-жануар шыдамай,
Күндіз жатып демалып,
Түнгі жүріс басталды.
Асусыз асқар таулармен,
Қалың орман баулармен,
Ағынды өзен көлдермен,
Сар дала шексіз шөлдермен
Көптен күндер жол жүрді,
Қиын жол артта көп қалды.
Сарыеміл деген өзенге
Бұлар келіп жайғасып,
Екі күн жатып дем алып,
Ілгері қол жүреді.
Қараңғы айсыз түндерде,
Бұлтты жаңбыр күндерде
Қия баспай бағыттан,
Мырзаш бастап келеді.
Алдында тұр биік тау,
Таудың аты—Орқышар,
Бұған да жетіп келеді.
Қараңғы түнде жол тауып,
мырзаш батыр
Бұдан да өтіп төнеді.
Асуы қиын бұл таудың
Ор-ылдиы көп еді.
Жершіл сабаз ер Мырзаш
Қиынды қиын демеді.
Қандай қиын жол болса,
Саусақтай санап біледі.
Бұл таудан өтіп, жол шегіп,
Манас деген өзенге
Қос тігіп бір күн түнеді.
Атқа қонып ертелеп,
Бұлар тағы жүреді.
Талай күн, талай түн жүріп,
Ашық та жабық күн жүріп,
Қиын қыстау жол жүріп,
Аз емес тағы мол жүріп,
Он сұм қалмақ елінің
Шетіне келіп кіреді.
Ордасына Байырдың
Енді күндік жер қалды.
Сарбаздарға ақыл сап,
Сабырлы батыр ер Мырзаш
Келешек іске зер салды.
—Ана бар ғой, батырлар,
Аз ғана кеңес ақыл бар.
Іс қылайық кең ойлап,
Дос-жаран, туыс-жақындар.
Ел шеті жаудың бұл беті,
Бізге болсын Алла жар.
Кеңесейік аз ғана,
Әркім де қандай ақыл бар?
Мынау бір істі ойласып,
Келді кез енді мақұлдар.
Сөзіме зейін қойыңдар,
Батырлар, сарбаз, халайық,
Біз қарақшы ұры емес,
Әділет біздің ісіміз,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бұған да бір ой салайық.
Сондықтан да, батырлар,
Бітім сұрап Байырдан,
Қарызынан құтылып,
Жіберіп елші алайық.
Қандай жауап береді,
Аңлысын аңлап қарайық.
Әділетке келмесе,
Бітімге тура көнбесе,
Нақақ шапқан көп малды
Ықтиярша бермесе,
Ойранды сонда салайық.
Мақұл болса бұл сөзіме,
Әуелі жөнге келейік.
Бітімге қалмақ келе алмас,
Дұрысқа Байыр көне алмас.
Қалмасын қапы қалмақтар,
Үш күн мұрша берейік.
Түлкі жүнінен жеткізіп,
Дегеніне келтіріп,
Жазасын сонан берейік.
Осы сөзге баршасы
Мақұлдасып көнеді.
Бірлесе түсіп тағы да,
Мұның теріс демеді.
Ер Садыр бастық он сарбаз
Дайын болып сол жерде,
Батырға тартып төнеді.
Батыбайыр ордасы
Жайыртаудың бөктері,
Балдыркөл деген жер еді.
Бірер күн жүріп ер Садыр,
Ордасына Байырдың
Сонда жетіп келеді.
Ордаға кірді ер Садыр
Қару-жарақ асынып.
Тайсалмады Байырдан
мырзаш батыр
Мүлгіп-шұлғып бас ұрып.
Батыл тұрып сөйледі
Алдына тіке қалт тұрып.
Сонда Садырбай батырдың қалмақтың ханы Батыбайырға
айтқан сөзі дейді:
—Он сұм қалмақ сұлтаны сіз бе,—дейді,
Әзірше бізден күдер үзбе,—дейді.
Затым қазақ болады, атым—Садыр,
Бітім сұрай біз келдік сізге,—дейді.
Жіберді Мырзаш батыр мені мұнда,
Сұлтан болсаң, әділет сөзді тыңда.
Бітім жасап, ісіміз мал қайтару,
Қан төгуге келмедік тағы мұнда.
Деді Мырзаш: «Тыныш бітім жөнге келсін,
Қазақтан нақақ шапқан малды берсін.
Егер теріс айналса бұл оң сөзге,
Бітімсіз іс кез болады, оған сенсін.
Келмесе бұл бітімге дайындалсын,
Үш күн мұрса береміз есін алсын.
Біз қарақшы емеспіз ел шабатын,
Нақақ шауып сіздердей мал табатын.
Мұны, мырза, ұғып қой қазақ халқы,
Арманына жеткізіп іс қылатын.
Жалпақ елді қырғындап мал алмаймыз,
Әйтсе де күнәліні аямаймыз.
Өз малымызды аламыз өзің шапқан,
Бейуаз нақақ елді таламаймыз».
Естіді Батыбайыр мына сөзді,
Бір сұмдықтың боларын іші сезді.
Әйтсе де сыр бермеді бір сазарып,
Амалсыз іштей күтті келер кезді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
—Сен, қазақ, баса көктеп кепсің мұнда,
Айтайын мен сөзімді жақсы тыңда.
Мен емес сені шапқан қалың кедей,
Нені іздеп кеп тұрсың маған мұнда?!
Қазағым, дұрыс тыңдап құлағың сал,
Бітім керек болса егер, кедейден ал.
Малдарыңды жиямын көп кедейден,
Дәл өзімнен бермеймін бірде-бір мал.
Тойтармақ болды осылай Садыр ерді,
Садыр да сөз төркінен байқап көрді.
—Айтысуға сенімен келгенім жоқ,—
Деп Садыр қайта айналып тұра берді.
Мырзашқа Садыр сонда қайтып келді,
Байырдың бар жауабын айтып келді.
—Өзіне Байыр сұмның шаң жуытпай,
Бар пәлені кедейге төкті,—деді.
Үш күннен соң орнынан қозғалды қол,
Уағдалы күн бітіп кесімді жол.
Бет түзеп Батыбайыр Балдыркөлге,
Келе жатыр қалың қол айдыны мол.
Қалмақтар да үш күнде дайын болды,
Бай, манап, мырзалардан алған қолды.
Ішбір кедей ықтияр емес бұған,
Жиылу кедейден қол қиын болды.
Осылай дайындалып қолын жиды,
Кедей жағы шықпауға шын түйінді.
Он сұмның ең алдыңғы ауқаттысы
Болды көрмек не болса мына күйді.
Құралды бұлар дағы талай санға,
Байыр да хабар сапты түгел маңға.
Қолбасы, батырлары бәрінде бар
Ат құйрығы туларын алды қолға.
мырзаш батыр
Екі қол бір-біріне қарсы жүрді,
Өзі байқап жұрт көрер болса мінді.
Бес қаруын қамданып қолына алған,
Батырлары таңдаулы алға жүрді.
Арасы екі қолдың жақындады,
Жекеге шығатындар мақұлданды.
Ажал жетіп кім өледі, кімдер қалып,
Бір қайғы, бір қуаныш жақындады.
Түйіспей екі жағы таяу келіп,
Ажалдыға сұм тағдыр келді төніп.
Тоқтады екі жақта сәл кідіріп,
Жекпе-жек дауыс жетер жерге келіп.
Қалмақтың қолбасшысы Марқалдай,
Байыр да туын ұстап тұр анадай.
Ең батыр деген ұлы өз қасында
Көкжан деген сұм екен қасқа маңдай.
Сәті түссе, болады жігіт жолы,
Жекеге дайындалды Мырзаш қолы.
Іс түйіні келді енді шешілетін,
Жұлдыздың туар мезгіл оң мен солы.
Қазақтан жекпе-жекке Садыр шықты,
Ер еді көп сын алған дара мықты.
Айғайлап «жекпе-жек» деп ортаға кеп,
Қалмақтарға зер сала көзін тікті.
Ағындатып бір қалмақ келді шауып,
Сәндеген көк жорға атын кілем жауып.
Бір мырза солқылдаған сері селтек,
Менменсіп қылар емес ешбір қауіп.
Келе сала Садырға найза салды,
Кезек беріп алмады кезек тағы.
Бір шаншумен жоқ қылам деген шығар,
Садыр да қалқан тұтып тұра қалды.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Садыр салды қолына алмас қылыш,
Ашуланды мына итке қайнады күш.
—Ей, жауыз, кезек қайда, жеке қайда,—
Деді,—ақымақ, тым жолсыз бұл қандай іс?
Қайқы қара аспанға көтерілді,
Көк желкеден балуан қол келтіре ұрды.
Бас домалап денеден жерге түсіп,
Арам дене жалп етіп аттан ұшты.
Көк жорға бір кісінеп, кейін қайтты,
Иесіне ақырғы қошын айтты.
«Жекпе-жек» тағы Садыр айғай салып,
Келсін деп дәмелілер ұран тартты.
Бір қалмақ тағы шықты топтан дара,
Садырға тұра тартты көпті жара.
Қасына Садырдың кеп тоқтай қалды,
Қомпылдап бір нәрсе деп жүзіқара.
—Өлтірдің бауырымды, қазақ,—деді,
Орнатайын басыңа тозақ,—деді.
Кезекпенен әуелі батыр болсаң,
Ажалды көрсетейін кәззап,— деді.
Ер Садыр күш беріп қарап тұрды,
Сұм кәпір шоқпарменен Садырды ұрды.
Десе де қолы қатты залым екен,
Ұлы дене аман қап, қалқан сынды.
Ер Садыр сәл ойланып есін жиды,
Шоқпары да мына иттің қатты тиді.
—Ей, залым, енді кезек менікі,—деп,
Қаһарлана бойына қайрат жиды.
Найзаға сондай шебер Садыр батыр,
Әдісі алуан түрлі толып жатыр.
Астынан сол қолтықтың тіктей салып,
Жіберді жаһаннамға жанын ақыр.
мырзаш батыр
Қорқырап аттан құлап түсті қалмақ,
Жүректен найза тисе, қайда бармақ.
Табанда жан тапсырды бұл ит тағы
Қан жоса болып дене тармақ-тармақ.
—Кері қайт,—деді Мырзаш Садыр ерді,
Ту көтеріп айғайлап белгі берді.
Сұңғыла Мырзаш батыр алыстан-ақ
Ауыр жара денесін байқап көрді.
Сары батыр Мырзашқа келді таяп,
Байыппен сөзін айтты жақын жанап.
—Рұқсат бер, жекеге мен барайын,
Намыс үшін қала алман жанымды аяп.
Жаным болсын арымның садақасы,
Ер үшін құрбан болар ердің басы.
Өлемін деп бармаймын ит дұшманға,
Кек алу дұшманынан ер санасы.
Деді Мырзаш: «Батырым, жолың болсын,
Бұрынғы бабалардың жолын берсін!
Сақ бол, дұшманға таба болма,
Батырлық, ерлігіңді дұшман көрсін!»
Жөнелді Сары батыр жеке жаққа,
Бар Құдай, ел ерлерін өзің сақта.
Ортаға кеп «жекпе-жек» айғай салды:
—Кім барсың, тез шыққын,—деп,—жеке сапқа.
Ат ойнатып, орғытты Сары батыр,
Талайға бұ да салған заманақыр.
Топ ішінен сытылып жеке дара,
Бір қалмақ мол денелі келе жатыр.
Сарының қасына кеп тұра қалды,
Көтеріп бос мойнын қолына алды.
Бұ дағы кезек беріп, кезек алмай,
Өзінше бір тездікпен ұрып қалды.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Сары да оңтайланып тұра қалды,
Шоқпарын найзаменен қағып қалды.
—Өлер жерің осы,—деп,—жауыз малғұн,—
Жалаңаш өндіршектен найза салды.
Жығылды омақаса жерді құшып,
Қолынан қару-жарақ кетті түсіп.
Денеге тиген найза түйрей өтіп,
Тіл тартпастан құлады аттан ұшып.
Бір қалмақ іле-шала тағы келді,
—Кенже ұлымын Байырдың, білгін,—деді.
Мен өлсем, кегімді алады ағаларым,
Үш ағамнан қала алмас жаның,—деді.
—Көп сөйлемей, малғұн, кезегіңді ал,
Неге сөйлеп қыласың бекер жанжал.
Бұрқаныңа жөнейсің қазір менен,
Өлеріңде қазақты бір есіңе ал.
Көтеріп айбалтасын қалмақ алды,
«Бұрқан» деп бар дауысымен айғай салды.
Айбалта айбат шегіп өзінше күшін жиып,
Балтасын пәрменінше сілтеп қалды.
Ер Сары әрі батыр, әрі айлашыл,
Талай жауға түсірген жаумай жасын.
Найзамен айбалтаны аспанға атты,
Сарыға тең келе ме мұндай масыл.
Найзамен көтеріп ап аспанға атты,
Ағыны болат найза жайдан қатты.
Қан жауып үсті-басын, омақаса,
Сарының қарсы алдында сұлап жатты.
Бір қалмақ дәмеленіп тағы келді,
Сарыдан көресіні о да көрді.
Жекпе-жек арт-артынан келгендерден
Қалмақтан ажал қуып үшеу өлді.
мырзаш батыр
Белгімен Сары батыр кері қайтты,
Мырзашқа баяндады болған жайтты.
Қосқа кеп демін алып, сусын ішіп,
Денеде жараларын ол байлатты.
—Жекеге мен барам,—деп Сәлмен келді,
Тіленіп келген ерді Мырзаш көрді.
—Елім үшін жан қисам, арманым жоқ,
Барайын, мені жібер жауға,—деді.
Ортаға Сәлмен солға шыға салды,
Сауыт киіп, қаруын қолына алды.
Өлем деп жаудан қорыққан қазақта жоқ,
Ат ойнатып ортаға тұра қалды.
Дүниеден тағдыр жетсе кім қалады,
Еркімен ажал сұмға кім барады.
Белгісіз асау тағдыр қапылыста,
Кенеттен бұғалығын кеп салады.
Бір қалмақ келе жатыр таудай болып,
Өртенген желді күнгі қаудай болып.
Найзағайлы күндей-ақ күркірейді,
Ашу қысқан кеудесі жерге талып.
Байырдың үлкен ұлы Көкжан батыр,
Батыр деп елге шыққан бұрын даңқы.
Кедейді қойдай қырып, құл ұстаған,
Халыққа кең тараған жаман аты.
Басында дулығасы, қалқан, сауыт,
Үйіндісі тас мола бір алпауыт.
Тұла бойы түп-түгел қару-жарақ,
Ойында жоқ жеңілем деген қауіп.
Астында қара қасқа ат судай жорға,
Алыпты көтергендей әрең зорға.
Сары алтын ер тұрманы аппақ күміс
Ер Сәлмен кезігіпті мұндай зорға.
17-279*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Сәлменнің дәл қасына келіп тұрды,
Мысқылдап ер Сәлменге мойын бұрды.
—Бала қазақ, не іздеп келдің мұнда,
Үлкендерің жоқ па еді білер сырды?
Көкжан батыр мен болам даңқым шыққан,
Сендейлердің талайын жерге тыққан.
Ала ғой кезегіңді, бала батыр,
Әуел қам қып қарманып сенен бұқпан.
Сәлмен де сөзге шыдап тұра алмады,
Кез қылды бір Құдайым бейлі тарды.
Қарудың бәрін тегіс жұмсасады,
Көкжанға ешбір лаж қыла алмады.
Сұм жауыз ер Сәлменге шоқпар ұрды,
Ер үшін жан пида деп Сәлмен тұрды.
Айла күші бұл иттің артық болып,
Сәлмен ер жау қолынан жанын ұрды.
Ағасы ер Сәлменнің Назар деген,
Бұ да ер болды халықтың қамын жеген.
Інісінің өлімі шыдатпады,
Тәуекел іс ақырын көрдім деген.
Қасына Көкжан сұмның тездеп барды,
Сұрланған айдаһарға көзін салды.
Тұрмады кезек күтіп енді Назар,
Қос қолдап Көкжан итке найза салды.
Дариға-ай, қарағай найза сабы сынды,
Кез қылды ма бір тағдыр мұндай мінді.
Найзасы дендей тиіп өтпесе де,
Бір аздап жаралады кәпір сұмды.
Сауыты жеті қабат мына залым,
Күші басым бұл иттің сыры мәлім.
Қанша қайрат қылса да дарыта алмай,
Назардың енді болды көңлі жарым.
мырзаш батыр
Енді сайқал шоқпармен Назарды ұрды,
Назар ер міз бақпастан қарап тұрды.
Не керек айтып айтпай қайран сабаз,
Шейіт боп Назар Хаққа мойын бұрды.
Ерлер көп ерлігімен алған жүлде,
Ел үшін құрбан қылған жанын мүлде.
Өзі өлгенмен аты өлмей мәңгі қалып,
Ел құрметпен атап жүр бұл күндерде.
Көкжан ит көтеріліп сала берді,
Ойқастап шаң көтеріп қара жерді.
Мына сайқал мекерді жайғап салып,
Менменсіп өр кеудесін көтерді енді.
Ақырып айбат шегіп тұрып алды,
—Қай қазақ келесің?—деп айғай салды.
Қан жалаған найзасын шошаңдатып,
Екіленіп еліріп сан қырланды.
Мырзаш айтты:
—Ана бар ғой, Садырбай, тыңда—деді,
Өлуге келгеніміз жоқ мұнда,—деді.
Мына итті дандайсытпай мен барайын,
Сұмның үнін өшіріп мүлде,—деді.
Жау десе ынжықтардың жаны тәтті,
Намыссыз сұмырайға жау айбатты.
Ел намысын ойлаған ердің ісі
Мына екі ердің өлімі жанға батты.
Алайын ердің кегін ит дұшманнан,
Білемін мұның сырын әлдеқашан.
Жөні шөңкі жау емес мұның өзі,
Аты он сұм қалмаққа даңқы шыққан.
Сондықтан бұл жауызға мен барайын,
Жеңімпаз бабам туын қолға алайын.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Аптыққан көңілін басып, жерге жастап,
Жауыздан ердің кегін мен алайын.
Соны айтып ақ құс атқа Мырзаш қонды,
Тілесті көп сарбаздар сәтті жолды.
Безбеннің екі басы ауытқып тұр,
Айыру әзір қиын оң мен солды.
Қалқан ұстап, үстіне сауыт киді,
Алмас қылыш, айбалта қарына ілді.
Ақ шашақ болат найза кесе ұстап,
Осылай қарсы алмақшы анау жынды.
Қамданды енді олай батыр Мырзаш,
Ер ойласа ер қамын тағат қылмас.
Ақ пейіл, ақ жарқын жүз сұрланды енді,
Досына мейірімді, дұшманға қас.
Ал енді Мырзаш батыр Садырбай, Сары батыр және барлық
сарбаздарына мына сөзді тапсырды: «Бұл ұрыс кешіксе
қорқып-саспаңдар. Құдай қаласа, бұл жауды мен құртам және
шарт мынадай болсын: мұның артында тағы да жау жоқ дей
алмаймын. Сендер мені шаршады деп абдырамаңдар. Менің
өзімнен белгі болып, ту көтергенше, бір орыннан қозғалмаңдар.
Жау жеңілгенде, олжаға қызықпаңдар. Менің олжа алмай
тынымды өздерің білесіңдер. Менің олжам сол—осы сияқты
иттердің басын шауып, бөлектеп, айдарын кесіп, қоржынға
сала беріп, жалғыз қызым Шәкежанды ұзатқанда күміспен
қосып, естіріп, жасауына берем,—деді,—менің бұл елден ала
тын олжам да, қызыма беретін жасауым да сол болады,—деп
бұрынғы әдетінше жымиып бір күлді.
Мырзаш осыны айтып Аққұс атын тебініп қап, жауға жөнеп
берді.
Алдиярдың ақсауыт
Енді үстіне киеді.
Жан жолдасы бес қару
Қарына түгел іледі.
«Жан едім,—деп,—мен нақақ»,
мырзаш батыр
Пірлерден тілек тіледі.
Есекең мінген ақ тұлпар
Ер салып жайлап мінеді.
Терісі түсіп ойына,
Төбесі көкті тіреді.
Түлкісі түсіп алдына,
Жауына қарсы жүреді.
Аққа Құдай жақ деген,
Көңілін Хаққа тіреді.
Айдаһар сынды дұшманнан
Қайтпады Мырзаш жүрегі.
Ақ тұлпарын қарғытып,
Ойнақтатып орғытып,
Уысына ұстап найзасын,
Асырып жаудан айласын,
Көкжан батыр дұшманның,
Жетіп барды қасына
Деді Мырзаш жауызға:
—Тасыма, мырза, тасыма,
Тасыған жетер басыңа.
Аямай қамдан күшіңді,
Келіп тұрмын қасыңа.
Өнеріңді бір көрсет,
Екен деп Мырзаш жасыма.
Елім құрмет тұтатын
Батыр Мырзаш мен,—дейді.
Айлап, жылдап шет жүрсем
Аңсап елім шөлдейді.
Жау басынса мен жоқта,
Оған да елім көнбейді.
«Аман тұрса Мырзашым,—
Дейді,—елім жауға бермейді».
Мазағына дұшманның
Ежелден қазақ көнбейді.
Тегіңді сенің мен айтсам,
Өзіңді-өзің хан қылған,
Қарғыс алған еліңнен
Қараниет, қанішер,
Жексұрын Көкжан, сен,—дейді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Нақақ елді шабатын,
Қарғыспен малды табатын,
Қасқыр тектес хайуан,
Қарақшы Көкжан сен, дейді.
Сен бір залым, мен нақақ,
Шық жекеге кел, дейді.
Екі ерді жеңіп қапыда,
Желікпе, мырза, сен, дейді.
Желігіңді басайын,
Қызығымды көр, дейді.
Бердім кезек әуелі,
Кезегіңді ал, дейді.
Аямай жұмсап күшіңді,
Армансыз болып қал, дейді.
Екінші кезек менікі,
Жазаңды сонда ал, дейді.
Өзің жаққан отыңа
Өзің түсіп жан,—дейді.
Жауыз Көкжан ал енді
Ыңғайланып алады.
Шыдамай Мырзаш сөзіне,
Күйіп-жанып барады.
Қос қолдап ұстап найзасын,
Олай-бұлай орғытып,
Бұрқандап ұран салады,
Найза салар жерге кеп,
Мырзашқа жанай қалады.
Айбат шегіп ақырып,
Жын соққандай бақырып,
Ұмтыла кеп екпіндеп,
Мырзашқа найза салады.
Төніп келген найзаны
Мырзаш та қағып қалады.
Қаһарын қанша төксе де,
Дарыта алмай найзасын,
Елірген көңілі басылып,
Не болды маған дегендей,
Ақтарыла қалады.
мырзаш батыр
Шоқпарын алып қолына,
Ақырып тағы айғайлап,
Жұмсады шоқпар оңды-сол.
Қапаланып жынданды,
Сәті түспей қанды қол.
Қырсық шалып қисайды,
Бұрынғы болмай сәтті жол.
Аянбай малғұн жұмсады,
Қалдырмай қару түгел мол.
Төңірекке қарақтап,
Екі көзі алақтап,
Көбік атып аузынан,
Түйедей еріні салақтап,
Екі беті бүлкілдеп,
Екі ұрты кезек жалақтап,
Арсалаң қағып аптығып,
Олай-бұлай қарақтап,
Енді Көкжан Мырзаштың
Әдісін байқап түңілді.
Найзасын шаншып жерді ұрып,
Ұрысқандай жермен білінді.
Қайсар белі бүрілді,
Айласы, күші таусылып,
Жігері құм боп үгілді.
Көнбеске дұшман көнеді,
Енді Көкжан ылажсыз
Мырзашқа кезек береді.
Жауар бұлттай түйіліп,
Ақиық құстай шүйіліп,
Дұшманға Мырзаш төнеді.
Әдісшіл, шапшаң, қағылез,
Дұшманға деген Мырзаштың
Қимылы жедел әрі тез.
Қоян-қолтық жанаса,
Іштей кіріп енеді.
Алпамсадай дұшманды
Адамбысың демеді.
Әзір сәті түспей тұр
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қарсыласқан мына иттің
Жазасын беру жөн еді.
Бес қару түгел жұмсалды,
Қаһарын төгіп ер Мырзаш
Қайратын жиып құрсанды.
Енді кезек қойылып,
Алпарыс шайқас басталды.
Екі шердің біреуі
Ғұмыры кімнің аз қалды.
Шартта-шұрт тиіп қарулар
Қып-қызыл ұшқын шашады.
Сақылдап күліп кәрі ажал,
Тойымсыз аузын ашады.
Өзі біліп аларын
Иықтан зілдей басады.
«Жарығың көрер сөнді» деп,
Алдын орғып тосады.
Бір уақыттар болғанда
Көкжан сынды мырзаның
Ұнжырғасы босады.
Опыр-топыр тұяқтан
Қара жер шаң боп үгілді.
Тірескен шайқас арпалыс,
Аттардың белі бүгілді.
Екі жақты көрген көз
Қараудан да түңілді.
Аянбай ұрыс салысып,
Қолдары қалды қарысып.
Тор көз сауыт тесіліп,
Етке тиген жылы қан
Денеге қалды жабысып.
Бір уақыттар болғанда,
Күн төбеден ауғанда
Ерлігі Мырзаш асады.
Бұлтты күндей түнеріп,
Ағынды судай тасады.
«Алдияр бабам, қолда» деп,
Күшіне күш қосады.
мырзаш батыр
Сұмырай Көкжан жауыздың
Еркіндей алдын тосады.
Үздіксіз тиген шоқпардан
Ұсқыны жаудың қашады.
Қарбалас кезде осындай,
Ойлады Мырзаш бір істі.
«Сәтін бер,—деп,—Құдайым»,
Ойлаған ойға кірісті.
Көкжан Мырзаш мырзаның
Ерінің қасын алдыңғы
Шоқпармен ұрып сындырды.
Сөкпеңдер, көп оқушым,
Кетейін айтып бір мінді.
Әдіске салып ер Мырзаш,
Мұнан соң көп кешікпей,
Істі тездеп тындырды.
Жұқа шаптың арасы,
Ұятты жердің шамасы,
Сәтін салса Құдайым,
Кімнің бар бұған таласы.
Салды найза жан жерден
Алдияр бабам баласы.
Түйрей шаншып көтеріп,
Атынан енді құлатты.
Қызыл ала қан қылып,
Тасыған көңілін жер қылып,
Көз алдын қазған көр қылып,
Көзінің жасын көл қылып,
«Ойбай, Бұрқан» дегізіп,
Айтқанына келгізіп,
Осылай аттан құлатты.
Іргесі тозған дуалдай,
Ылдидан төмен сұлатты.
Сұлатып қана қойған жоқ,
Басын кесіп бөлектеп,
Желкеден басып аяқпен,
Айдарын кесіп түбінен,
Мырзаны солай ұнатты.
Жайратып болып жауызды,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Дем алып біраз тынады.
Алыпты жығып айбарлы,
Құдайға шүкір қылады.
Аз-кем мезгіл өткен соң,
Мұратына жеткен соң,
Атына тағы мінеді,
Бүркіттей тірнек түледі.
—Келгін, қалмақ, келгін,—деп,
Іздесең ажал, өлгін,—деп,
Ұран сала айғайлап,
Аққұс атын орғытып,
Олай-бұлай жүреді.
Енді қалмақтар біраз ұйлығып тұрып қалды. Екі жақ өз ор
нына жайласты. Мырзаш жеңіл жараларын байлатып, толық
дем алып, азанда тұрып, батырлар мен сарбаздарға: «Ана бар
ғой достар, жекеге тағы өзім барам. Енді жекеге Батыбайырдың
өзі шықса керек. Соны құртсақ, арты бізге онша қиын болма
са керек. Сіздер кешегі уағда бойынша тұрыңыздар»,—деп
сауытын киіп, қару-жарағын алып, дайындалады. Ал Баты
байыр қалмақтарға былай деді: «Бұл қазаққа мен барайын.
Тұқымымды құртты. Ұлдарымның кегін алып, қазақтың ба
сын кесіп, алдарыңа салайын»,—деді. Тұрған бай, манап,
зеңгі, сұлтандар Байырмен қоштасып, «бұрқан-бұрқан» десіп,
жолға шығарып салды. Ендігі сөзді Мырзаш пен Байырдан
естисіздер.
Оқушым, тағы тыңдап көр,
Батырлардың кезегін.
Хан Байырға бұрайын,
Шығарып жеке Мырзашпен
Аз ғана кеңес құрайын.
Іркілейін несіне
Сөйлеуге болса сөз дайын.
Ақ көңіл, адал ниетті
Көрмесін пенде уайым.
Тіл мен жаққа қуат бер,
Жаратқан өзің Құдайым.
Залым, сайқал, сұм Байыр
мырзаш батыр
Мырзашқа қарай шабады.
Қап-қара болып долданып,
Ашуы қысып, булығып,
Алғандай өшін атынан
Үсті-үстіне сабады.
Ағындап келіп тоқтады
Ер Мырзаштың қасына.
Қаруларын оңтайлап,
Қалқанын ұстап басына,
Деді Байыр Мырзашқа:
—Хан Байыр батыр мен болам,
Түсірем қайғы басыңа.
Тұқымымды сен құртып,
Дәмеленіп тағы да
Келіпсің менің қасыма.
Кезегімді бересің,
Қайратымды көресің,
Құдайыңа иман айт,
Тіл тартпай қазір өлесің.
Сонда Мырзаш Байырға
Ашулы көзбен қарады.
Айдаһардай жалмауыз,
Сөзі де өтіп барады.
—Айтысуға келгем жоқ,
Ісім әділ, көңілім тоқ.
Малдың құлы сен малғұн,
Жүрегіңе қап-қара
Мен басайын қызыл шоқ.
Ордалы жылан басшысы,
Сұм айдаһар жалмауыз,
Жақсы келдің қасыма.
Өлетін жерің сен иттің
Балдырлыкөлдің жағасы.
Бұрынғыдай бұл көлдің
Саған жетпес панасы.
Көрнеу келген ажалың
Батыр Мырзаш мен болам
Алдиярдың баласы.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қазақты қашан жеңіп ең,
Өткеніңе көз салып,
Алды-артыңа қарашы.
Сөзіңді тоқтат, жалмауыз,
Кезегіңді алып, кезек бер,
Сені қысқан арам тер.
Сал күшіңді қимылда,
Кезегім менің келгенде,
Батырым, сонда шыдап көр!
Сонда Байыр қамданып,
Көтеріп әуел найзасын,
Ышқына келіп ұмтылды.
Найзасын қадап Мырзашқа,
Қайраттана бұлқынды.
Шау тартқан дене қайткенмен
Икемге келмей іркілді.
Көрмеді қару пайдасын,
Қанша ұрып шапса да,
Дарыта алмай Мырзашқа,
Тауысты ақыл-айласын.
Кезекке енді көнеді,
Мырзашқа кезек береді.
Әзірейілдей жан алғыш
Байырға Мырзаш төнеді.
Талғамды батыр сабырлы,
Ақылы жаудың табылды.
Асырды Мырзаш айланы,
Көтеріп қолын қалғанда
Тездікпенен ер Мырзаш
Тақыр қолтық астынан
Күштеп салды найзаны.
«Өлер жерің осы деп,
Қолқа жүрек тұсы» деп,
Итере түсті найзаны.
Іле түйреп найзамен,
Көтеріп аттан алады.
Үсті-басын қан жауып,
Есеңгіреп есі ауып,
мырзаш батыр
Басына түсіп зор қауіп,
Ойбайын салып бақырып,
«Не болдым» деп аһ ұрып,
Жаны шығып барады.
Табанда мұны өлтірмей,
Сұлатып жерге салады.
«Тіріде көрсін жауыз» деп,
Тағы да басып желкеден,
Айдарын кесіп алады.
Арқан жіпше шумақтап,
Қоржынға жайлап салады.
Жерге жастап жайлады,
Домалатып оңды-сол.
Өлтірмей тірі байлады,
Күнәсін алып мойнына.
Көп алдында тік тұрып,
Берсін деп жауап ойлады.
Қол-аяғын байлатып,
Бір сарбазға айдатып,
«Табыс қыл,—деп,—көп қолға»,
Бітіріп ісін жайлады.
Жеке-жеке қалмақтар,
Шықпады енді Мырзашқа.
Сүйеніш болған хан, сұлтан,
Пірлерінен айырылып,
Көздері толды қан жасқа.
Үкіртай, зеңгі, мырзалар,
Байырға мәңгі қош айтты
Жемтіктес, жауыз, сырласқа.
Енді Мырзаш еріңіз
Ақ ту алды қолына.
Көтеріп туды жоғары,
Шайқады оң мен солына.
Кейінгі батыр сарбазға
Осылай белгі береді.
Уағда еткен белгіні
Бұлар да байқап көреді.
Көре сала белгіні,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Садырбай, Сары батырлар
Әуелі шапты Мырзашқа:
—Сауға, батыр, сауға,—деп,
Құдайға шүкір, тәуба,—деп,
Аман қалып дұшманнан,
Кетпеді есең жауға деп.
Қуанысып батырлар
Құшақтасып сүйісті.
Шет елде жүріп ел үшін,
Батырлар солай қиысты.
Ат қойды сарбаз барлығы
Жеңіліп қашқан қалмаққа.
Қайыра соғып алды-артын,
Садақ оғын боратып,
Ұран сала айғайлап,
Талайын аттан құлатып,
Аямады жандарын
Ел кегін жаудан алмаққа.
Тіресу енді қиын-ды
Беті қайтқан бұл жауға.
Шыдамады қалмақтар
Ұрандай тиген салмаққа.
Қоян-қолтық шайқаста
Өрттей тиіп үш батыр,
Төбе-төбе өліктер
Қалмақтан көптеп қалыпты.
Бірір жар шейіт сарбаздан
Жәннатқа тура барыпты.
Қаптаған қалың айқастан
Жапан, түз тозаң, шаң болды.
Алыстан көрген жандарға
Қайран қалар таң болды.
Өлгені өліп, тірісі
Жан сауғалау заң болды.
Тыңдағын, жұртым, осылай,
Ақиқат түбі оңалды.
Шыдамай ақыр көп қалмақ,
мырзаш батыр
Быт-шыт болып тозғындап,
Тау-тасқа кіріп жоғалды.
Енді Мырзаш батыр сарбаздармен бас қосып, біраз кеңес
құрды: «Енді бізге қарсы шығатын жау құрыды. Екі-үш түрлі
міндетіміз бар. Мұны естеріңе салайын. Әуелі мына ел үшін
шейіт болған үш сарбазды бір қабырға жерлеп, кейін бұларға
арнап басына күмбез орнатамыз. Екінші, мына байлаудағы
Батыбайырдың дәл өзіне қараған қанша мал және қанша алтын-
күміс қазынасы бар. Соның шынын айтқызып, бұл жауыздың
басын шабамыз. Үшінші, халықтың мал-мүлік, дүниесіне ешбір
қиянат жасамаймыз. Қашып кеткен Марқалдайды қайткен
күнде тауып, жазасын беріп құртамыз. Ордалы жыланнан
жалғыз сол ғана қалды. Сонымен, мұнда үш күн демалып, со
нан соң Байырдың ордасына жол тартып, елге қайтқанша сол
бір орында боламыз,—деп Мырзаш сөзін бітірді.
Ал енді аз сөз кезегін,
Байырға тағы берейік.
Арамнан жиған дәулетін,
Бұрынғы байлық сәулетін
Біраз сөйлеп берейік.
Жалықпа, достар, аз ғана,
Әңгіме болсын бұ дағы
Бір өзінің басында.
Төрт түлік малдың есебін
Жекелеп теріп көрейік.
Қайырымсыз бопты кедейге,
Кедейлер малға зар екен.
Жамандықтан қашпаған,
Жақсылыққа баспаған,
Арамдықпен көз ашқан
Бейілі сұмның тар екен.
Сүліктей сорып жарлыны,
Зарлықпен жиған мал екен.
Дүниеқоңыз, бақ құмар,
Азғындаған жан екен.
Қой, сиыр, түйе жетерлік,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Сізге өтірік, маған шын.
Құлан, киік, сәйгүлік,
Тек жылқының өзінен
Он бес мың жылқы бар екен.
Жүздеп сандап ұстаған
Құлдары да болыпты.
Алтын-күміс есепсіз
Пұлдары да болыпты.
Сарайын әсем салдырып,
Кегін жұрттан алдырып,
Ен дәулетке молықты.
Аранын ашқан айдаһар
Қанағат қылмай осыны,
Тыныш жатқан бейуаз
Салыпты жорық қазаққа
Қанды балақ жорықты.
Асқанға тосқан дегендей,
Асып барып төгіліп,
Мынадай күйге жолықты.
Байлауда жатқан Байырдың
Көңілі қара жер болды.
Үмітін үзіп жанынан,
Көзінің жасы көл болды.
Ендігі сөз Байырдан
Жауап алу жөн болды.
Әлсіреп жатқан Байырдың
Келді Мырзаш қасына.
—Сөйле,—деді Байырға,—
Ажал төнді басыңа.
Қоштаса алмай кеттің сен
Марқалдай сынды досыңа.
Тізе қосып екеуің,
Нақақ шауып елімді,
Талай нақақ қан іштің.
Қарғысына жолықтың
Бейуаз, нақақ, ақ істің.
Айтып бер түгел барлығын:
Қазына қайда, мал қайда?
Айтпасаң шынды біліп қой,
мырзаш батыр
Рақым жоқ мұндайда.
Шындыққа енді келгейсің,
Маңызы зор бұл істің
Ақыры осымен бітеді,
Сен жасаған қылмыстың.
Осылайша Мырзаекең,
Барлық сырды Байырға
Айтқызып түгел алады.
Қапыда кеткен ерлерін
Мырзаш ойлап жанады.
Тікесінен тұрғызып,
Мойнын солға бұрғызып,
Бір сарбазға бұйырып,
Батыбайыр мырзаның
Басын шауып алады.
Құрт-қоңызға жем болып,
Далада дене қалады.
Осыменен сұм Байыр
Бұрқанына қош айтып,
Орындалып болады.
Жайратып салып Байырды,
Батырлар, сарбаз бас қосып,
Жайланып көңіл тынады.
Жоғарғы жауды жеңген соң,
Кемелге батыр келген соң,
Шүкірін жасап Құдайға,
Байырдан қырып мал сойып,
Ойын-сауық құрады.
Өлең, қалжың, әзіл сөз,
Әңгіме-дүкен құрады.
Балдырлыкөлдің жағасын
Үш-төрт күн мекен қылады.
Ендігі сөз ордаға
Жүруге мойын бұрады.
Осы бір мезгіл ішінде
Түс таныс емес бөгдеден
Түсі жылы бір адам
Мырзаштан сауға сұрады.
18-279*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қайырлы болсын көп айтып,
Аз әңгіме құрады.
Егделеу тартқан адамның
Мырзаш та атын сұрады.
Аз отырып дәм татып,
Аман-саулық сұрасып,
Разы-қош айтысып,
Еліне мойын бұрады.
Әңгіменің жалғасын
Ниязбек тағы бастасын.
Арамдықтан аулақ боп,
Адалдықты қостасын.
Кезекті сөз тұрғанда,
Сөз алып шеттен қоспасын.
Қата да болар көп сөзде
Оқып көрген, халайық,
Артығын алып тастасын.
Алға аттап тағы көрейік,
Кезекті сөзді терейік.
Адасқанша жекелеп,
Көп соңынан ерейік.
Қызыл тілде сүйек жоқ,
Дұшманның тілі қызыл шоқ.
Әділеттен тойғызып,
Алдаған бізді дүние боқ.
Болған істі сөйлесем,
Кім айта алар кездейсоқ.
Жалықпай тыңда, халайық,
Соңына сөздің барайық.
Сөз келсе еркін көмейге,
Сөйлемей неге қалайық.
Елден елге тараған
Уақиға болса бұл сөзім,
Қорынып неден қалайық.
Барарына бардырып,
Құлақтың құршын қандырып,
Аяқтап істі тындырып,
мырзаш батыр
Қуантып досты күлдіріп,
Дұшманның көңілін сындырып,
Көне сөзді көмілген
Асықпай ойлап табайық.
Шама келсе, ескіні
Ұрпағы үшін жарыққа
Бір шығарып ойлайық.
Ата-баба ерлігін
Артта қалған ұрпақтың
Құлағына салайық.
Халықтан теріп ескі сөз,
Ақиқатты жақтай кеп,
Маржандай тізіп санайық.
Керексіз сөзді қалдырып,
Керектісін алайық.
Арындай шауып асқақтап,
Төгіліп асып таспайық.
Ал енді сонда ауыр қол
Ордаға қарай жол жүрді.
Бас-аяғы құралып,
Аз ғана емес мол жүрді.
Байырдан мол алмаққа
Кедей-кепшік қосылып,
Жол-жөнекей ел жүрді.
Жалаңаш, кедей, ғаріппен,
Аш-арықпен кем жүрді.
Қорлық көрген Байырдан
Құл-құтан, малай, кем жүрді.
Мүсәпір, міскін, кем-кетік
Кет десе де кетпеді.
Төтелей жүріп жол түзеп,
Жәйір тауын шеттеді.
Жақын болды алыс жол,
Екпіндей жүріп келеді,
Аяңдамай желеді.
Көңілді ерлер екпіні
Ебіден соққан жел еді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қайдасың деп көпшілік
Қалың қол жөнеп келеді.
Ұлытаудың бөктері
Белес бұйрат белі бар,
Өзен, су, дария, көлі бар.
Байыр сарай салдырған
Көкшілік деген жері бар.
Жол бастайтын төтелей
Сарбаздың Мырзаш ері бар.
Жау десе ақыл табатын,
Жай тасындай жанатын,
Көңілге медеу асқар тау,
Қайыспайтын белі бар.
Енді бұлар төтелеп,
Көкшілікті кесе өтіп,
Қарабура таудан өтеді.
Бастаушы болса ер Мырзаш,
Жолы да кіріс төте еді.
Көрінді сарай қарасы,
Бәрі де түгел көңілді,
Ішінде жоқ аласы.
Бағы ашылса пенденің,
Адамның болмас таласы.
Күн еңкейген мезгіл ед,
Кіші бесін шамасы.
Көкшіліктің дариясы
Көлденең түсе кетіпті.
Суы таяз дариядан
Бұлар тегіс өтіпті.
Бір күн, бір түн жол жүріп,
Ордасына Байырдың
Бұлар сонда жетіпті.
Еңкейіп күн батады,
Сарғайып таң атады.
Қоршап алып сарайды
Күзет қылып маңайды,
Ауқаттанып ас ішіп,
Көңілді толық дем алып,
мырзаш батыр Көңілдері орнығып, Бір жеті бұлар жатады. Мерзім уақыт болған соң Мырзаш Садырбай, Сары батыр лармен ақылдасып былай деді: «Ана бар ғой, ерлерім, анада біз соғыс майданы болған Жиделікөлдің жағасында жатқанда, орта жастағы бір адам келіп қайырлы сапар тілеп, «қазақты шабудан бас тарттың деп Марқалдай жалғыз ұл туысқан інімді бауыздап өлтірді» деп жылап, мұңын айтып еді ғой. Ұмытпасам аты Ба дынжап болар. Жүрегі таза, көңілі ақ адам еді. Біз енді сол кісіні тауып, жол басшыға алып, қашқан Марқалдайды құртсақ, со нымен ордалы жылан, айдаһардың ұрқы құриды,—деді. Бұлар енді елден сұрастырып, сол Бадынжапты тауып алды. Бұл кісі бұл істі қуана қарсы алды. Сонымен Бадынжапқа жол бастатып, Мырзаш пен Сары батыр Бадынжап үшеуі қашқынды іздеп, жолға шықты. Артқы қолда Садырбай батыр қалды. Жол тартты сонда үш адам Қараүңгір тауын бетке алып. Алда келед Бадынжап Ақ ниет, адал бір қалып. Тауға келіп кіреді, Аңысын аңлап біледі. Басшы болған Бадынжап Осы таудың пірі еді. Өзі ізшіл, зерек жан, Қара жерден із кескен Тау сырын жетік біледі. Көрініп тұр биік тау, Тым алыс емес, ол таяу. Биікті осы бетке ала, Алға қарай жүреді. Аз ойланып Бадынжап, Бір ақылды табады. Туып-өскен өз жері Үңқұр-шұңқыр, бүкпесін Бес саусақтай санады. Сонда тұрып Бадекең
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Батырлармен кеңесті.
«Кезбейік тек көп тауды»,
Тиісті жерін іздесті.
Тағы да тұрып Бадынжап
Ерлерге ақыл салады:
—Биікке анау біз шықсақ,
Сыры ашылып Қараүңгір,
Табан асты қалады.
Көрінген осы биік құз
Сайқын деген шың екен.
Ақылы кемел Бадынжап
Жүріске де тың екен.
Зор денелі бұл адам
Он екі мүше түгел сау.
—Табылып қалар сол маңнан
Біз іздеген жалмауыз,
Кәрі айдаһар, залым жау.
Мейірімсіз, қан құмар
Қалмаққа бүтін ата жау,—
Деді осылай Бадынжап,
Жаралы жүрек, шерлі жан
Үні шығып тым баяу.
Бұлар енді тік өрлеп,
Әлгі тауға барады.
Көтеріліп шың-құзға,
Бекінед деген жерлерін
Ақылға салып байыппен,
Көз жіберіп жан-жаққа,
Сай-салаға қарады.
Шыңға бұлар шыққанда,
Басқа таулар төмендеп,
Аласарып қалады.
Сонау жыныс шатқалдан
Баяулап шыққан түтінді
Көздері сонда шолады.
Бадынжап айтты ерлерге:
—Осы түтін әсте де
мырзаш батыр
Бекер болмас, көр, деді.
Өйткені бұл иен тау—
Жабайы аңдар мекені.
Қашқан-пысқан болмаса,
Жан баспайтын жер, деді.
Ендігі жолдың бағытын
Батырлар, маған бер, деді.
Оғынан садақ сақ болып,
Соңымнан менің ер, деді.
Күлкі үйіріп жүзіне,
Қызығымды көр, деді.
Сол түтіннің деңгейін
«Аюлышат» дер сол жағын.
Басы тұйық бұл шаттың
Аузында бар жалғыз жол, деді.
Қашатын болса ол залым,
Жалғыз-ақ жолы сол, деді.
Тұрғыға сонау барайық,
Жалғыз жолды алайық.
Ойланайық, батырлар,
Ақылға салып қарайық.
Айласын тауып әккінің,
Басына қайғы салайық,—
Деп Бадынжап зерек жан
Ілгері тағы жүреді.
Тұрғыдан түсіп ойланып,
Тұсына таяп келеді.
Бір тұрғыдан бақылап,
Онан да гөрі жақындап,
Шатырын сұм Қалдайдың
Анықтап бұлар көреді.
«Қанішер сені таптым» деп,
Көңілденіп Бадынжап,
Бір мырс етіп күледі.
Ақылы ердің досы екен,
Аспабы түздің мосы екен.
Жан сауғалап сұм Қалдай
Бекінген жері осы екен.
Түсе беріс ылдиды,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Шығатын кезең ор еді.
Болмағанда Бадынжап,
Табуы қиын жер еді.
Тік түсіп құз-қиядан
Келіп қалған бұларды
Қалдай да байқап көреді.
Айбат шегіп бұл ит те,
Садақтан тебе жаудырып,
Біраз байқап көреді.
Анадайдан Мырзаш ер:
—Қаруыңды таста, деп,
Лажың жоқ басқа,—деп,
Айғайлап хабар береді.
Айғайға-айғай қосып,
Тауда қостап ереді.
Шыдамай дәті Қалдайдың,
Үміт қылып жанынан,
Атына міне қашады.
Басатын жолы біреу-ақ,
Бұлар бұрын жолды алған
Алдын орай тосады.
Қайтерін енді біле алмай,
Жан шыға қорқып сасады.
Мырзаш батыр орғытып,
Алдын кесе тосады.
Аққұс атын қарғытып,
Атына қамшы басады.
Әудем жерге жібермей,
Албастыдай басады.
Жанасалап жанай кеп,
«Сен итке қару осы» деп.
Қапсыра ұстап желкеден,
Жұлып алып атынан,
Анадай жерге тастады.
—Ойбай, Бұрқан, өлдім, деп,
Жанымды саған бердім,—деп,
Өкіре жылап сұм Қалдай,
Айқайға зарлы басады.
Жылағанға қоймады,
мырзаш батыр
Жалынғанға болмады.
Тілерсектен іліп ап,
Жоғары қарай асады.
Жолбарыс соққан еліктей
Далалатып ойнады.
Ақырғы жауды жайратып,
Еңбегі ердің жанады.
Қызылға түскен бүркіттей
Көңілі өсіп батырың,
Жан-жағына қарады.
Алдында жатқан Қалдайдың
Тұла бойын қан жауып,
Жаны да шығып барады.
«Тірідей көрсін көзі» деп,
Желкеден баса тізерлеп,
Айдарын кесіп алады.
«Сенімен болсын жетеу» деп,
Езу тартып жымиып,
Қоржынға жайлап салады.
Ашу қысып кектенсе,
Ерлердің ісі қиын-ды.
Көңілі өсіп Мырзаекең,
Пірлеріне сыйынды.
Қасында тұрған Сарыға:
—Шап басын,—деп бұйырды.
Сонда мұндай абыройдың иесі болған Бадынжап: «Батыр
лар, дат сауға,—деді.—Бұл айдаһарды жаны шықпай тұрғанда
енді маған беріңіздер. Аз да болса балам мен інімнің кегін алып,
тірідей етінен ет кесіп, азаптап өлтірейін»,—деді. Батырлар
Бадынжаптың тілегін орындады.
Бадынжап батырларға кепті, дейді,
Байыппен сөз сөйледі епті дейді.
—Маған бер, батырларым, мына жауды,
Ақырын мен көрейін,—депті дейді.
Сауғалап, батырларым, сұрағаным,
Он сұмға бұл жауыздың сыры мәлім.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Мұны жақтар бір жан жоқ бүтін елді,
Талай нақақ қан ішкен осы залым.
Бұл жауыз талай қанды төгіп еді,
Талайға у заһарын егіп еді.
Көзінің тірісінде бір көрініп,
Алайын бір азырақ кегімді енді.
Қалдайды Бадынжапқа береді енді,
Батырлар разы боп көнеді енді.
Жас толған екі көзге мәзүлім жан
Қалдайдың дәл қасына келеді енді.
—Ей, залым, қалың қалай жатырмысың,
Ойыңа түсті ме енді өткен ісің.
Кешегі кедейлерді қойша қырған,
Батырым, бүгін қайда өткем ісің?
Айдаһар, жатырмысың қаныңды ішіп,
Өртеген өз отыңа өзің түсіп.
Қанішер, қаражүрек, мейірімсіз,
Енді кім қалар саған ара түсіп.
Ойладың ба, қанқұмар, өлеріңді,
Мұндай істі алдыңда көреріңді.
Жалғыз ұл мен бауырымды сен бауыздап,
Қанқұмарлық көрсеттің өнеріңді.
Қалайша, қайтіп төктің нақақ қанды,
Екеуі емес сен қырдың көптеп жанды.
Қандыауыз, қаражүрек, сұм айдаһар,
Қызыл қанмен бүркедің атар таңды.
Қайтып қиып өлтірдің жалғыз ұлды,
Неге нақақ зарлаттың мендей мұңды.
Нақақ қан жібермеді ақыр сені
Қан бүркеп келіп ең әділ шынды.
мырзаш батыр
Арамсың қалың елге, Қалдай залым,
Ежелден жалпақ жұртқа ісің мәлім.
Батыбайыр екеуің тізе қосып,
Қамкөңіл қып кетірдің елдің сәнін.
Қалдырдың ерді өлтіріп жесір тұлды,
Сен нақақ бауыздадың талай құлды.
Тойымсыз қу нәпсіңді еркіндетіп,
Жесірлерді қатын ғып көңілің тынды.
Туадан жамандықпен көзіңді аштың,
Жамандыққа еркіңше араластың.
Арамдықтың белгісі бұл емес пе,
Бір баспана таба алмай елден қаштың.
Қарғыс айтты жасырмай жер де саған,
Жем қылсын деп денеңді құзғын таған.
Тірлігіңде күнәңді тартқызсын деп,
Қолыма жер де берді сені маған.
Қасына сұм Қалдайдың таяп келді,
Кек кернеп тұла бойын келіп төнді.
Жалғыз ұлын ойлаған бұл шерлі жан
Көз жасын тоқта алмай жылай берді.
Қолына қылыш алып келді таяу,
Кек қысты көңілінде жоқ мұны енді аяу.
Ойына түсе берді бала бауыр
Жүрек жанып, іш өрт боп, көңіл қаяу.
—Жалмауыз, саған деген жазам дайын,
Сен итті құп тамаша мен қылайын.
Тіріде бір тоймаған екі көзді,
Ойып ап шанағына құм құяйын,—
Деді де екі көзін ойып алды,
Етін кесіп, терісін сойып алды.
Тірі қорлық азаптың бәрін жасап,
Сұққылап әлденеше қанжар салды.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Боялды қызыл қанға Қалдай сонда,
Бақырған дауысы кетті оң мен солға.
Тірі қорлық, азаптың бәрін көріп,
Сұм жауыз ұзақ сапар түсті жолға.
Бадынжап ит Қалдайдан алды кегін,
Жазықсыз соқтыққан жоқ бекер тегін.
Аз болса да көңілі бір ортайып,
Төрт-бес қадам жер жүріп алды демін.
Қалдайдың басын Сары шапты бөлек,
Болған істің анығын айтсақ керек.
Қалған дене оңалып тұрғаны жоқ,
Бадаекең оны қылған бөлек-бөлек.
Тіліме медет бергін, Хақ Тағалам,
Сөйлеген сөз жалғасын келсе шамам.
Айдаһардың тұқымы, тыңдаған жұрт,
Қалдаймен біржолата бітті тамам.
Енді бұлар қалың орман ішінде тұрған Қалдайдың шатыры
на қарай аяңдады.
Бұлар сонда шатырға келеді енді,
Үрейленген төрт жанды көреді енді.
Екі жас қыз, тағы да бір бойжеткен,
Бірі ханым Қалдайдың Меңке еді.
Ойыстырсам жаңалап сөз ыңғайын,
Сөз тізбегі жалғасып болар дайын.
Екі жас қыз, бір қатын тұра тұрсын,
Бойжеткеннен азырақ сөз қозғайын.
Дәдима бойжеткен қыз аты дейді,
Періштедей жаралған заты дейді.
Қыпша бел, бұлаң бөксе, кең жауырын,
Үш жаңа туған айдай қасы дейді.
мырзаш батыр
Анардай албыраған ақша беті,
Бір қараған жігіттің болған дерті.
Алма мойын, ақ тамақ, бір бота көз
Адамды таң қалдырар нұр келбеті.
Оймақ ауыз, маржандай аппақ тісі,
Жарасқан сұлулыққа әрбір ісі.
Дариға-ай, көрер көзге бір міні жоқ,
Арманы жоқ мұны алған ер жынысы.
Ақ саусақтар салалы, жұмыр білек,
Арайлы ұзын кірпік, сәби иек.
Сыйып тұр бар сұлулық осы қызға,
Жөні кеп айтарлықтай тілге тиек.
Қос анар төсіндегі көркін ашқан,
Әсем жүзі гауһардай сәуле шашқан.
Бір қарасаң, жүрегің жаралы боп,
Бір дертке тап боларсың өзің тапқан.
Келтіріп әсерлесем сөз ыңғайын,
Сөз етсем сұлулықтың барлық жайын.
Таба алсам сұлулықтың алуан түрін
Сыйып тұр осы қызға түгел дайын.
Тағы бір сұлулықтың ашқан түрін,
Қап-қара жерде жатыр екі бұрым.
Қарақат екі көзі жаутаң қағып,
Адамның ұрлағандай ішкі сырын.
Бұл қызға арнай берсем көп сөз дайын,
Аударайын әуелгі сөз ыңғайын.
Күрсіндіріп, жастардың көңілін бұзып,
Көп мақтап Дәдиманы неғылайын.
Түздегі енді бітті мына жұмыс,
Батырлар да алыпты біраз тыныс.
Килікті сөзіміздің арасына
Ойда-жоқта көлденең мына бір іс.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қызға кеп қырындады батыр Сары,
Шыдам, сабыр қалмады одан ары.
«Батыр аңғал» деген сөз әлде рас па,
Өңмеңдеп құрып барад ынтазары.
Телміріп қызға қарап көзін сүзді,
Айырылып ар-ұяттан көңіл бұзды.
Қасына Мырзаш егер болмағанда,
Бас салғысы келіп тұр Сары қызды.
Сарының тым-ақ қызға көңілі түсті,
Құдайға тапсырғандай алдағы істі.
Арқасынан сипалап, қолын ұстап,
Ғашықтықтың белгісі арта түсті.
Сонда Мырзаш Сарыға былай деді:
—Мұныңа разы болсын Құдай,—деді.
Не көрінді өзіңе осыншалық,
Тәртіпсіздік іс қылма бұлай,—деді.
Жаным-ау, мынауың не, Сары батыр,
Далада кезіп жүрміз құлан тақыр.
Құдайдан тілегің бар, басың да жас,
Мына ісің салтымыздан ары жатыр.
Сары батыр, билікті берсең маған,
Айтайын ақыл сөзді, жаным, саған.
Қамкөңіл қасіретте тұрған қызды,
Иектеп не көрінді, Сары, саған?
Ойласаң қыздың көңілі қазір баяу,
Түсірме қыз көңіліне титтей қаяу.
Қылмысты бұл қыз емес, әкесі ғой,
Салтымызда тағы бар аруды аяу.
Сондықтан қолыңды тарт тұтқын қыздан,
Қайырымды бабалар салтын бұзбан.
Өзің қазір қайдасың білемісің,
Батырым, ұят болар мынау жұрттан.
мырзаш батыр
Келін бар өз үйіңде, о да бір қыз,
Дәмі бірдей ауызға татылған тұз.
«Өлімнен ұят күшті» деген бар ғой,
Ләжі үшін ұятқа қалмайық біз,—
Деп Сарыға Мырзаекең осыны айтты,
Ақыл қып алды-арттағы болар жайды.
Айыбын Сары батыр мойнына алып,
Бұ дағы райынан тездеп қайтты.
Сөйлейін келер сөздің мәні-жайын,
Ұзартып артық сөзді неғылайын.
Керектісін ішінен тере жазып,
Бұларды енді ордаға қайтарайын.
Бұлар енді ордаға кейін қайтты,
Баяндайын алдағы келер жайтты.
Біреуге біреу сор боп тиген
Қараүңгір дұғай сәлем елге айтты.
Адал еңбек ел көркі алғы талап,
Ер еңбегін ел білер мыңға балап.
Көз алдында Қалдайды итке тастап,
Қатын-қыздар келеді о да жылап.
Бұлар енді ордаға келді жетіп,
Сапарына қайырлы шүкір етіп.
Қарсы алды ер Садырбай сарбаздармен
Асығыспен отырған бұлар күтіп.
Мәре-сәре қарқ болды бұлар сонда,
Бар Құдай, ел ерлерін өзің оңда.
Бас-аяғы құралып бір бүтін боп,
Көңілдері шат болды тағы сонда.
Осылай басын қосты түгел жиып,
Бірлік болса келелі іс несі қиын?
Батыбайыр, Марқалдай мал мен мүлкі,
Кедейлердің үлесі алтын бұйым.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Тағы бар жаңа сұлтан сайлау ісі,
Әділ адам, кең пейіл ел ырысы.
Жемкер, жегіш, қанішер бәрі бітті,
Кеңігендей бір болды ел тынысы.
Ел жиылып, кеңесіп, қосты басты,
Қамтыды үлкен жиын кәрі-жасты.
Көп ұйғарып Бадынжап сұлтан болып,
Тапсырып жұрт беріпті тәжі тасты.
Бадынжап сұлтан болып алды қолды,
Шабарлар хабарлады оң мен солды.
Батыбайыр, Қалдайдың мал мен мүлікін,
Үлестіріп кедейге бермек болды.
Күн шығып, сахараның атты таңы,
Қыбырлап елге толды орда таңы.
Біреулерді жылатып, біреулерді
Жырғатып шаттандырған өмір заңы.
Ашынған аш-аламан қалың кедей,
Тұс-тұстан лек-легімен түсті үдей.
Шер көкірек, кектенген кемтар, нашар,
Жосылды орда жаққа көшкен елдей.
Бұрайын бір азырақ сөздің ырқын,
Адамды алдап-арбаған дүние, шіркін.
Әңгіменің алдағы келер сөзін,
Біраз жырлар айтайын тыңда, жұртым.
Өзгеріс өңі айналған сөзімде жоқ,
Дерексіз жоқ сөз құрау өзімде жоқ.
Бабалардан ұрпаққа сөз қалдырсам,
Басқа даңқ, абырой керегі жоқ.
Өлеңнен жырға аударып,
Жырлағым келсе, жыр дайын.
Артық кетіп орынсыз,
Сөз кестесін бұзбайын.
мырзаш батыр
Кезекті сөз кеп қалса,
Жырламай тағы тұрмайын.
Батыбайыр, Қалдайдың
Елден шапқан мал-мүлкі
Немен тынды ақыры,
Тыңдасаңдар, жарандар,
Соны аз ғана жырлайын.
Ел ерінен кешегі
Бұл уақиға жазғаным.
Көнеден артқа қалған сөз
Жоқты бар ғып жазбадым.
Жүндей сабап жел сөзді,
Қалыптан асып озбадым.
Шыға алмай қалған жарыққа
Бабалар даңқын қозғадым.
Арамдық пен адалдық,
Алшақ жатыр арасы.
Сырты бірдей адамның
Бәрін адам деу қиын,
Адамның бар ғой данасы.
Данасы емен адамның,
Мен де бір адам баласы.
Елін қорғап өтіпті
Мырзаш батыр еріңіз,
Алдиярдың баласы.
Әділетті шеше алмас,
Адамға біткен мол дәулет—
Мал мен мүлік бағасы.
Бадынжап сұлтан болғаны
Түгел разы болыпты,
Он сұм қалмақ баласы.
Пендеге Құдай бақ берсе,
Адамның болмас таласы.
Тарқады енді жазылып,
Қалың кедей, нашардың
Кек қысқан жүрек жарасы.
Жиылып халық келіпті,
Сұлтанын жаңа көріпті.
Қызылмен ұры сұлтанын
19-279*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ордадан орын беріпті.
Мөрлерін басып зеңгілер,
Мейзамға жаңа көніпті.
Жоқ-жітікті тізімдеп,
Арызға құлақ салады.
Түпшін Байыр, Қалқамен,
Шедінжап, Маңғыт төрт адам
Ақылшы сайлап алады.
Осындай игі жолдармен
Орнығып мейзам қалады.
Көпті көрген көне адам
Ақылды солай табады.
Енді Мырзаш бастатқан
Садырбай, Сары батырлар
Құтты болсын айтысып,
Сарайда түгел бас қосып,
Құшақтасып, сертесіп,
Достасып бұлар қалады.
Ақылдасып, келісіп,
Алдағы істің мән-жайын
Қолдарына алады.
Тақыр кедей тізімін
Алып қолға санады.
«Жиылсын,—деп,—ордаға»,
Тағы да хабар салады.
Алдау емес бұрынғы,
Шындыққа кедей қанады.
Жедел жүріп көп шабар,
Тұс-тұс жаққа шабады.
Көңілге алған күдікті
Бұлар тамам жайыпты.
Үкірдай, зеңгі, билер бар,
Батырлар, тағы сарбаздар,
Бадынжап сұлтан той жасап,
Шақырып түгел жиыпты.
Осылай жасап үлкен той,
Аямай малды сойыпты.
мырзаш батыр
Ойын-сауық, думанмен,
Қымыз бенен көкірді
Аралас ішіп тойыпты.
Қаңғырып жүрген көп иттер
Қарсы шығып мастанып,
Ет жеуді де қойыпты.
Күшіген топты қарақұс,
Құзғын, қарға ала түс.
Қорек алып тойғанша,
Аспандай ұшып кетіпті.
Байыр мен Қалдай дәулеті
Адамды былай қойғанда,
Төрт аяқты хайуан,
Қос қанатты құстар мен
Бәріне түгел жетіпті.
Еңбексіз жиған дәулеттің
Осылай, жұртым, шашылып,
Берекесі кетіпті.
Тыңдасаң сөзді, халайық,
Осындай заман өтіпті.
Анығырақ сөйлесек,
Ен дәулеттің қызығын
Бадынжап та көріпті.
Өз жанынан Құдайдың
Берер малы жоқ деген.
Залымның малын момынға
Аударып солай беріпті.
Бәрін айт та бірін айт,
Көп сөздің түйін нәрін айт.
Кедей түгел жиылып,
Ордаға түгел келіпті.
Орданың маңын шаң басып,
Дауылдай толқын ойнады.
Ентелеген қалың жұрт
Құмырсқадай қайнады.
Біреуге біреу қосылды,
Ой мен қыры жайдағы.
Тұрмысы өте нашарлап,
Тізімге түгел алынды.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Береке бұзбай көп кедей,
Тәртіпке түгел бағынды.
Қазына кілті шағылды,
Шағылмасқа неғылды?
Кедейлер енді алмас па,
Алтын-күміс ағылды.
Алтын, күміс, гауһар тас,
Алуан бұйым, көп жиһаз.
Көп жылғы кедей маңдай тер,
Қалайша қазына болсын аз.
Кездеме, бұйым үйілді,
Дүрия, торғын, шағи бәз.
Қарғыспен жиған дүниенің
Ақыры болды, кәне, мәз.
Көздері тоймай боқтыққа,
Аңдардан тері жиыпты.
Дүниеқоңыз пасықтың
Осынша дүние жиналу
Көкірегіне сыйыпты.
Екібеткей кей байлар
Әкеп те мұны сыйлапты.
Кейбіреуін тағы да
Кедейден зорлап алыпты.
Қарсы келген кедейді
Дүреге жығып салыпты.
Әлсіз, кедей, нашарлар
Зарлап жылап қалыпты.
Сізге өтірік, маған шын—
Терісінен тек аңның
Мынадай заттар қалыпты:
Жабайы түздің серісі,
Жолбарыс, аю терісі.
Қара түлкі, ор түлкі,
Айтылса да бұл күлкі.
Камшәт құнды сусарлар,
Тағы-тағы тағылар.
Сілеусін, қасқыр, бөрісі,
Баққұмар, сұм Байырдың
мырзаш батыр
Ұзармады өрісі.
Осы бәрін ер Мырзаш
Көзі көріп, қолы ұстап,
Үлестіріп кедейге
Өз қолымен беріпті,
Дүниеден олар көшіпті.
Сонан бері ойласақ,
Ғасырлар жылжып өтіпті.
Сонда дағы бұл мұра
Ауыздан қалып аңызға
Бүгінгі бізге жетіпті.
Шұбырған кемтар, нашарлар
Тегістеліп келіпті.
Мол дүние, жиһазды
Ренжітпей барлығын,
Әділдікпен бөліпті.
Әлді кедей аз алды,
Әлсіздеуі көп алды.
Бадынжап сұлтан, батырлар,
Әділдікке зер салды.
Былтырғы жылғы жорықта
Қырылып қалған көп кедей
Қандары солай ақталды.
Бадынжап сұлтан бастатқан
Мырзаш, Сары, Садырбай
Қолға алып мұндай ұлы істі,
Тамамдап түгел бітірді
Үлесу деген жұмысты.
Алдарына мал салып,
Астарына ат мініп,
Үстеріне тон киіп,
Көңілдері шат болып,
Бұрқан Құдай тақ болып,
Жоғарғы батыр ерлерге
Алғыс рахмет айтады.
Енді орда маңы жым-жылас,
Әндерін салып әуендеп,
Елді-еліне қайтады.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Таба жолы тар деген,
Табалау да қиын-ды.
Әйтсе де ашық бұл сөзді
Айтуды жүрек бұйырды.
Қазаққа деп қазған ор,
Байырға, Қалдай бұйырды.
Аш-арық, кедей, пақырлар,
Аз ба екен, әлде көп күн бе
Онысын анық біле алман.
Бір күнгі де күн деген,
Бүйірі шығып тойынды.
Күндердің бір күнінде Мырзаш батыр батырлары мен сар
баздарын жиып, алып былай деді: «Енді Құдай қаласа, ісіміз
ойдағыдай орындалды. Енді туған елге қайтатын мезгіл де
жетті. Бірақ алдымызда мынадай бір ұлы ісіміз тұр. Ол—осы
соғыста шейіт болған достарымыз. Бұлар ел үшін құрбан бол
ды, сондықтан олардың басына жақсылап күмбез орнатамыз,
—деді.—Біздің бұл ісімізге Бадынжап сұлтан толық көмекте
седі. Және достар, біз ұры-қарақшы емеспіз. Сондықтан жай
халықтың бірде-бір сабақ жібіне дейін соқтықпаймыз, ол
жаға қызықпаймыз. Ата-бабамыздың абыройлы салтын сақ
таймыз,—деді.—Тек Батыбайырдың елімізден нақақ шапқан
өз малымызды Байырдың жылқысынан аламыз. Бірақ ол артық
та, кем де болмайды. Тағы сол мырзалардың өздері салған жолы
бойынша Батыбайыр, Марқалдайдың екеуінен үш бойжет
кен аламыз. Бұл сыр әзір шашылмасын»,—деп Мырзаш сөзін
бітірді.
Тағы біраз тыңда, жарандар,
Мезгіл де жетіп келеді
Әңгімені тамамдар.
Жалғасын сөздің бастайын,
Мойынға бір алған соң,
Асығыс айтып саспайын.
Жалқауланып жалтақтап,
Кезекті сөзден қашпайын.
Бүгін бар өмір ертең жоқ,
Жан кеудеде тұрғанда,
мырзаш батыр
Аталар даңқын ақтайын.
Ұрпағыңды қолдай гөр,
Ақын Сәбек бабамыз.
Ескіні еске алмасақ,
Жаңаны қайдан табамыз.
Ескісіз жаңа болмайды,
Деген өткен бабамыз.
Ұмытам қалай бабаны,
Көкіректе болса санамыз.
Ел қорғап, ер боп өтіпті,
Көз салсақ бабамыз.
Ерлікпен елге танылған
Ел ішінде дарамыз.
Жауынан қорқып саспаған
Кешегі өткен бабамыз.
Мен Ниязбек жырлайын,
Бабалар даңқы ақталсын.
О да жақын ажал тұр,
Ұрпақтарға сөз қалсын.
Аманат ұлға қалдырған
Бабалар сөзі ақталсын.
Алдияр ұлы Мырзаштың
Елге істеген ерлігін
Кейіні ұрпақ еске алсын.
Заманы тұрмас бірқалып,
Досыңмен тағы қас барсың.
Еліңді қорға, ұрпақтар,
Артыңда өлмес ат қалсын.
Тар кезең таяу келсе егер,
Жаныңды қи ел үшін,
Анаңның сүті ақталсын.
Аз ғибрат сөз жаздым,
Ұрпақтарға жад қалсын.
Атадан ұлға парыз боп,
Құлақтарға сақталсын.
Енді Мырзаш еліне қайтпақ болды,
Берді Құдай сәт-сапар оңды жолды.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Елі үшін істеген еңбегіне
Алыс-жуық, дос-жарлар көңілі толды.
Арманды ой, алғы тілек кімдерде жоқ,
Жандыға тағдырда тұр бір кездейсоқ.
Дүниенің у мен суы бар-жоғына
Тойдым деген бір жанды естігем жоқ.
Біраз күн дауыл боран бастан өтті,
Міне, енді алтын арай жаз да жетті.
Бірқалыпты өмір жоқ бір пенде,
Дариға-ай, өкінішпен өмір де өтті.
Қайтпақ боп елге Мырзаш жиын ашты,
Жиылып тағы біраз қосты басты.
—Ана бар ғой,—деп алып сөзін бастап,
Ер сабаз алды сөзді кең құлашты.
—Батырлар, құлақ қойып сөзді тыңда,
Біз тындырдық ұлы істі келіп мұнда.
Елге қайтар алдында парызымыз—
Ісіміз қолға алатын осы таңда.
Батырлар, айтар сөзім әділ сапар,
Істейік бұл ұлы істі жаппай қарап.
Бір үлкен, биік күмбез орнатайық,
Соғыста шейіт болған ерлерге арнап.
Шығамыз бір жетіде қамдап жолға,
Күмбез ісін аламыз ертең қолға.
Бадынжап сұлтан бұған көмек беред,
Қосылар әділ адам мұндай оңға.
Жата алмаймыз бұл елде қарап тіпті,
Малға-мал алатұғын мезгіл жетті.
Кемде-кем тағы алмаймыз артық малды,
Бабам салған әділ жол мұны күтті.
мырзаш батыр
Алмаймыз ешбір нәрсе елден тартып,
Әділеттен мұндай іс болады артық.
Ұры-қары біз емес ел тонайтын,
Сондықтан бізде болсын үлкен тәртіп.
Сыналар, түзде жүрсе, ердің бағы,
Аламыз елге олжа үш қыз тағы.
Бұл үш қыздың орны бар жеке дара,
Өзім аян бұлардың алғы шағы.
Ер Мырзаш осыны айтты көпке қарап,
Сөз тосып көп досынан әділ сарап.
Қарсы сөз айтар батыр, сарбаздар жоқ,
Қосылды мына сөзді бәрі жанап.
Күмбезді берекемен қолға алысты,
Қолға берер береке мол табысты.
Бадынжап сұлтан елге хабар салып,
Тигізді үлкен көмек қолғабысты.
Өзі де бірге жүріп, бірге тұрды,
Біткенше бұл мұраға көңіл бұрды.
Тас қойып, қыш қалайтын шеберлерін,
Шаптырып шабарларын елден жиды.
Көңілге өткен күннің бәрі күңгірт,
Өтті күндер ай құрап, ғасыр жылжып.
Қайран ерлер кешегі ел қорғаған,
Бұл күнді тасаланып барады ұмыт.
Күмбез де бір жетіде тамам болды,
Көп жауыпты Бадынжап жұмыс қолды.
Ен дәулет шебер қолдың арқасында
Бұл күмбез көрер көзге сәнді болды.
Зират бетін жетіде өтеді енді,
Молалар Құран қатым етеді енді.
Қоштасып достарымен батыр сарбаз,
Күмбезден бұлар жылжып кетеді енді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Аумақты нар қара боп күмбез қалды,
Бауырына басып алып нақақ жанды.
Бір жерде, бір төбеде, бір қабірде
Мәңгі өлмейтін үш батыр арыс қалды.
Күмбез емес, мәңгіге намыс қалды,
Айырған ақ-қараны қарс қалды.
Көздеріне жас алып қарай-қарай,
Батырлар, сарбаздармен алыстады.
Жаңартып жазғанменен көне сөзді,
Ғасырлар, жылдар, айлар, заман озды.
Күмбез жөнінде бірер тағы айтарым,
Енді айталық кезекті келер сөзді.
Адамның бір мерейі жан жайлану,
Іс деген істің сәті оңға айлану.
Батыбайыр малынан есеп алып,
Ендігі сөз, батырлар, елге оралу.
Үш батыр Бадынжаппен ақылдасты,
Төртеуі бір орында қосып басты.
Жылқысынан Байыр мен Қалдай сұмның
Есепті мал алуды мақұлдасты.
Мырзаекең Бадынжапқа ақыл салған,
Әділдік, адалдығын ойына алған.
Кедей мен кембағалдың алғанынан
Екеуінен үш мыңдай жылқы қалған.
Екі мың бес жүз жылқы санап алды,
Бірде-бір бас алмады артық малды.
Өмірде мал жимаған Мырзаш батыр
Керек қылып көрмеген байлық, сәнді.
Ер Мырзаш әуелгі ойын дұрыстады,
Ақылына сыятын бір іс барды.
Бұл елден үш қыз алмақ елге олжаға,
Бітірмек енді осы жұмыстарды.
мырзаш батыр
Бір арман болар шығар әрбір жанды,
Ескіге құмар болған мен бір пенде.
«Кешегі көмескі істі көрсетсем» деп,
Менің де ой-арманым мақсатым да.
Байырдың Балжыт, Паш екі қызы,
Телмірген талай мырза көптің көзі.
Солардың бірінде бұйырмастан,
Мырзаш алар олжаға келді кезі.
Жоғарыда Дадима қыз айтқан сұлу,
Нұрын теңеп айтып ек күндей жылу.
Үшеуін әкеп қосты бір отауға,
Жас жігітке парыз ғой мұны білу.
Дадима, Балжыт, Паш үш қыз аты,
Жас жігіттер шыдамас көрсе дәті.
Қырдың қызыл гүлдері ерке өскен,
Бір нұрдан жаралғандай арғы заты.
Мақтауға бұл қыздарды көп сөз дайын,
Не керек бола алмай тұр көңіл жайым.
Ешбір мін табылмайды бұл үш қыздан,
Артық мақтап әсерлеп неғылайын.
Кешір, халқым, сөзімде болса бұрыс,
Еңбексіз бақ қонбайды жігітке ырыс.
Бір елден екінші елге батыр Мырзаш
Жаман қыздар алмауы әбден дұрыс.
Бір күн тоқтап батырлар аялдады,
Жабдықтап жолдың қамын даярлады.
Бадынжапты шақырып батыр Мырзаш,
Ертең шығар сапарын баяндады.
—Сәтті болсын сапарың,—деді сұлтан,
Көптен көп еліңізге сәлем айтам.
Бұйырса келер жылы амандасып,
Сұлтаныңыз Шотанға барып қайтам.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бадынжап осыны айтып қоштасады,
Мырзаш батыр қол алып достасады.
Мұнан былай екі елдің берекесі
Тыныштық, татулыққа ұштасады.
Азанда қол аттанып жолға түсті,
Қайырлы атқарысып көп жұмысты.
Елге қайту сапардың сәтін тілеп,
Мен де біраз жырлайын алдағы істі.
Ертемен азан болғанда,
Тау басын күн шалғанда,
Қол жөнеп елге бет алды.
«Қайдасың,—деп,—туған ел»,
Маңырақ, Сауыр тауларын
Бетті түзеп төте алды.
Жөнелді қол жөнелді,
Сағынған ел ерлердің
Шаттыққа көңіл бөленді.
Отау тігіп, қыз алып,
Өзі бір көшкен ел енді.
Орындалды зор мақсат,
Қуанбасқа неге енді.
Қыздарға жорға мінгізді,
Торғын, торқа кигізді.
Күтуші, қосшы беріліп,
Отауға бөлек кіргізді.
Сусынын беріп қымыздан,
Алуан тағам жегізді.
Көрген жанға жолдағы
«Пәлі, рахмет» дегізді.
Даяшы қойып қасына,
Бал-шәрбәт беріп асына,
Жібек көрпе төселіп,
Жастығын қойып басына,
Көңілдерін шат қылып,
Төбесін көкке тигізді.
Аруын олай сыйлайтын
Ел екенін білгізді.
мырзаш батыр
Қан алқалы жерлерде,
Қоналқалы жерлерде,
Ертелі-кеш сауықпен
Қарақат, жидек тергізді.
Ақ ботадай мәпелеп,
Тоты құстай түрлентіп,
Аққа көңіл сенгізді.
Көтеріп қыздар көңілін,
Домбыра тартып, ән шырқап,
Ойын-сауық құрыпты.
Тәртіпсіз іске жол бермей,
Сақтапты әдет-ғұрыпты.
Ұзатқан қыздай бұл үш қыз
Ел-жұртын мүлде ұмытты.
Салтанатты, сәнді қол,
Сапарлары ұзақ жол.
Шүкір Құдай дейтіндей
Қызы бар, малы тағы мол.
Жол бастаған батырлар,
Соңында келед ауыр қол.
Жылқы айдаған бір бөлек
Әндерін шырқап келеді,
Оңғарылып сапар жол.
Қыздардың өзі бір бөлек,
Жігіттер әнші қасында.
Жорғалар мініп теңселтіп,
Құндыздан бөрік басында.
Алтын-күміс ер тоқым
Көрер көзге міні жоқ.
Жақұт, гауһар тасы да
Жолдағы қалың ел-жұртқа
Салтанатын көргізді.
Қалың жатқан көп елдің
Ешбіріне соқтықпай,
Қайтыпты Мырзаш дегізді.
Түнгі аптап ыстықта,
Самал жел соғып сырғытып,
Үшінші таң самалын
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жырғады жұрт бір жұтып.
Кең даладан аңқыған
Жұпар иіс тарады.
Көлденең түскен көк таулар,
Асау долы өзендер,
Асуы қиын кезеңдер,
Шөміт бұйрат белеңдер
Көз таса болып бәрі де,
Артта қалып барады.
Қолдан озып батырлар,
Адамға, малға ыңғайлап,
Жақсы қоныс шалады.
Батыр Мырзаш ер сарбаз
Күніне жұрттың қарады.
Керуен жолы шөл екен,
Тамыздың ыстық лебізі
Күйгізіп, өртеп барады.
Жаралаған зерек ер Мырзаш
Көгалды, сулы жер шолып,
Адам мен малдың күй-жайын
Саусағындай санады.
Орманды-нулы жер іздеп,
Алдын ала табады.
Атақты Манас өзені
Тасып жатыр долданып.
Қап-қара бұйра тау толқын
Арнасы түгел қозғалып
Батырлар мұнан сақтанды.
Жас сарбаздар шешініп,
Әуелі байқап ат салды.
Аман-есен өткен соң,
Ұмыт боп бұ да арт қалды.
Бірер түнеп бұл жерге,
Сәскені салқын бетке алды.
Ауқат алып көп халық,
Тағы да жүріс басталды.
Еміл деген өзеннің
мырзаш батыр
Жағасына жайланып,
Бірер күн тоқтап дем алды.
Ат беліне жаралған
Ежелден қазақ баласы.
Бірлессе жауға, жазылады
Жүректе жүрген жарасы.
Жауға соққы берерде
Өзара болмас аласы.
Көңіліне бейім жаралған,
Шетсіз-шексіз даласы.
Байлыққа толы ен дала
Сарыарқаның саласы.
Осылай ұдай жол жүрді,
Бірнеше тәулік мол жүрді.
Көз ұшында мұнартып
Көрінді Сауыр кезеңі.
Батыс жағы бұл таудың
Жалпақ жазық кең дала,
Шілікті деген сахара.
Туып-өскен қазақтың
Атамекен өз жері.
Бірер күн жүріп тағы да,
Асты бұлар кезеңді.
Терісайрық деген жерге кеп,
Шатыр тігіп, дем алып,
Мекендеп бір күн өзенді,
Қалың жылқы шұқырап,
Суатқа да ілінді.
«Аман-есен жеттік деп,
Кезеңнен талай өттік» деп,
Кішігірім той жасап,
Жұрт пірлерге сыйынды.
Бас-аяғы бір бүтін
Мекенге келіп жиылды.
Ту бие, тайлар сойылып,
Жұрт болды түгел көңілді.
Қасиетті туған жер
Көтерген ауыр-жеңілді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Енді бетті желпіді
Қасиетті Арқа самалы.
Осылай болып өткен-ді
Кешегі өткен бабалар,
Батырлардың заманы.
Ерегескен дұшманның
Қираған талай қамалы.
Бармағын тістеп сандалып,
Құрыған жаудың амалы.
Бұлар осы орынға екі күн жатып, толық дем алып, ертеңгі
азанда Шіліктің жазығын көктей өтіп, Маңырақ тауының арғы
бетіндегі Шотан сұлтанның ордасын бағыттап жол тартты.
Ілгері тағы жол жүреді,
Кең жазира Шілікті
Жазыққа келіп кіреді.
Сахара, жазық кең дала
Кигіз үй, қалың ел еді.
«Мырзаш батыр қолы деп,
Түскен ғой істің оңы» деп,
Ел қуанып, шат болып,
Бұлар да байқап көреді.
Аман-саулық сұрасып,
Талай топ қарсы жүреді.
Ақсақал ұлы, қарт ана
«Бергеніңе шүкір» деп,
Құдайдан тілек тіледі.
Маңырақтың асуы
Жанделіге жетіп ап,
Ашылы деген жерге кеп,
Бірер күн мұнда түнеді.
Ер Мырзаш ерте оянып,
Батырлар мен сарбазды
Шақырып алып аз ғана,
Мына бір жайды сөйледі:
—Ана бар ғой, көп қауым,
Айтатын бірер сөзім бар,
Ақылдасып көр, дейді.
мырзаш батыр
Дұрыс болса бұл сөзім,
Шашау шықпай, көн, дейді.
Теріс емес оң сөзге
Көнгенде болар жөн, дейді.
Сұлтанға сәлем берейік
Оза барып біз, дейді.
Садырбай, Сары батырлар
Тағы бізбен бір жүрсін,
Мынау екі-үш қыз, дейді.
Жайлап айдап жылқыны,
Сарбаздарым, асықпай
Соңымыздан кел, дейді.
Халықтың малы болмасын,
Ит пен құсқа жем, дейді.
Осылай озып біз барып,
Төреге сәлем береміз.
Өткен-кеткен жайларды,
Ойға алған кейбір істерді
Алдын ала тереміз.
Мырзаш батыр осылай
Достарға кеңес салады.
Батырлар мен сарбаздар
Бұл сөзді қабыл алады.
Үш қыз бен үш батыр,
Жанделі сайын тік құлап,
Тура тартып Шотанға,
Келе жатып Мырзаекең
Садырбай, Сары батырға
Тағы бір ақыл салады.
Келе жатқан үш қыздың
Әзірше болар жай-күйін
Кеңесіп қолға алады.
Ренжітпей, жылатпай,
Көңіл күйін құлатпай,
Іс ақыры болғанша,
Болатын күйін таныды.
Осылай Мырзаш сөйлейді:
—Ренжісе нақақ жан,
20-279*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Көрмеймін мұны жөн, дейді.
Әзірше бұл үш қызды
Жанғазы мырза үйіне
Қоя тұрсақ оң, дейді.
Ойнап-күліп тұруға
Осы мырза үйінде
Қыз-келіншек мол,—дейді.
Мырзаш батыр кеңесін
Достары қабыл алады.
Осы ақылға келіп ап,
Жүріске тағы салады.
Ертемен жүрген батырлар
Кіші бесін шамасы
Ордасына сұлтанның
Бұлар да жетіп қалады.
Қыздарды тастап отауға,
Аттарын байлап кермеге
Өз үйіне Шотанның
Батырлар кіріп барады.
Үш батыр Шотан сұлтанға келіп, сәлем бергені дейді.
Үшеуі осылайша сәлем берді,
Шотан да қарсы алады келген ерді.
Төсекте жатыр екен науқастанып,
Құшақтап бет сүйісіп, изет берді.
—Алдияр, сәлем бердік басты иіп,
Болған соң дәрежеңіз жұрттан биік.
Жау шапқан өткен жылғы малыңызды
Бірін қоймай әкелдік түгел жиып.
Елден тартып еш нәрсе алғанымыз жоқ,
Қорқытып елге бүлік салғанымыз жоқ.
Батыбайыр, Қалдайды мүлде құрттым,
Әуелгі алған сертімнен тайғаным жоқ.
мырзаш батыр
Айтайық бәрін сізге, ей, алдияр,
Екі-үш деп сарбаздардан шығын да бар.
Арыстанның орнына екі-үш құндыз
Әкелдім бола ма деп бұл ізбасар.
Сенерсіз, тақсыр, біздің сөзімізге,
Болыңыз сіз разы енді бізге.
Жаңа сұлтан сайланды он сұм елге,
Келер жыл амандаспақ өзіңізге.
Ей, тақсыр, құзырыңнан күдер үзбен,
Бір тілегім бар еді өзіңізден.
Дарияның қасынан құдық қазбан,
Кеңдік, тарлық қылсаңыз өзіңізден.
Ғапу ет, алдияр, енді бізге,
Ел кегі үшін екі-үш ай жүрдік түзде.
Берсеңіз қыз билігін маған деп ең.
Атағы да жетіп тұр, тақсыр, сізге.
Сөз айтқан жоқ ер Мырзаш жаннан қосып,
Шындық сөз бабамыздан қалған жосық.
Тамамдап барлық сөзін аз кідірді,
Сұлтанның енді айтатын сөзін тосып.
Сонда Шотан сұлтан:
—Келдің бе аман-есен, Мырзаш балам,
Садырбай, Сарылармен тегіс аман.
Ел үшін еңбегіңді өзі ақтасын
Ғаламды жаратушы Хақ Тағалам.
Ел басына күн туса екіталай,
Сендерсің ел қорғайтын басқа панам.
Елге істеген бұл еңбек ұмытылмай,
Ұрпақтан ұрпақтарға қалар, балам.
Айналдым, қарақтарым, батырларым,
Сендерге теңеу сөзді қайдан табам.
Бүгін тыныш, ертең жау біздің заман,
Әлде де ел бүтінін еске салам.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Әмісе жолың болсын, Мырзаш балам,
Науқастанып кетіп тұр қазір бағам.
Садырбай, Сары да оған қарсы болмас,
Қыз билігін, Мырзашым, бердім саған.
[Ал енді] халыққа жар салыңдар,
Жұмысты кешіктірмей қолға алыңдар.
Есмұқанбет сұлтанды шақыртып ап,
Берекемен бөлісіп малды алыңдар.
Тұруға келе алмай тұр менім халім,
Көп сөйлеуге келмейді тағы да әлім.
Орныма Бөкей4∗ ерді сайлай тұрып,
Сонымен бітіріңдер бітім жайын.
Кім білсін бұл тіршілік көп пе, аз ба,
Тағдыр келсе, тоқтатпас аял-назға.
Бұл дерттен жаным аман қалар болса,
Үлкен той жасаймын келер жазда.
Оң сапарға болысты Құдайым жар,
Жақсы істі қанағат қылсақ жарар.
Ел үшін жанын қиып құрбан болған
Анау шейіт үш жанға қарасыңдар.
Тағы да бірер сөз бар, ей, Мырзаш ер,
Тапсырам жеке өзіңе мұны ойлап көр.
Маған тарап жылқыны қалмақ шапқан
Әділ бөліп шейіт пен кедейге бер.
Ақ пейіл, таза жүрек елде жоқ па,
Сараңдар бар қайырымсыз оған тоқта.
Әділ жомарт атанған Шотан төре
Тағы да бір қайырым етті жұртқа.
Шотан сұлтан Мырзашқа осыны айтты,
Алдағы істелетін барлық жайды.
4 Бөкей Шотанның інісі
мырзаш батыр
Дүниеге қызықпайтын Мырзаш ерді
Әділ деп тапсырды ма әлде қайтті?
Әркім кеп қалмақ шапқан малын алды,
Іркіліп Шотан малы артта қалды.
Бөкей мен Есмұқанбет билік айтып,
Алыпты берекемен келген малды.
Бөлісті осылайша келген малды,
Бөліске енді түскен қыздар қалды.
Ренжітіп, кейітіп, өкпелетпеу
Билігін бұл қыздардың Мырзаш алды.
Тағы да билігін бұл қыздардың Мырзаш алды,
Ақиқат, әділдікке зейін салды.
Теңін тауып, ықтияр қосу жағын,
Әсіресе, толғанып есіне алды.
Опасыздар айырар сүйген жарды,
Ақылды адам біледі намыс-арды.
Соғыста өлген ер Сәлмен інісіне
Дадима қалауынша соған барды.
Бұйырып Дадиманы Асқар алды,
Өзі сүйіп ұнатты ғашық жарды.
Өзі мерген, садақшы бұл жас жігіт
Қосылып Дадиманың бағы жанды.
Балжыт айтты Мырзашқа: «Батыр ағам,
Кеңесіп өзіңізбен ақыл салам.
Шейіт болған ерлердің аға-бауыры
Бар болса өз еркіммен соған барам».
Қарамапты бұларға өмір қырын,
Әлде сөз байласқан бұлар бұрын.
Саятшы бұ да аңшы бір жас жігіт
Қыздан сұлу мінезді көрсең жүзін.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қосылса екі ғашық тамаша екен,
Болашақ белді буған бұлар бекем.
Бұл жігіт шейіт болған Назар ердің
Кенже інісі туысқан Кәрім деген.
Паш қыз да сол жолмен кете барды,
Ақылды қыз ойлады намыс-арды.
Басым сыйлы болар деп бұ да ойлады,
Қуантсам қамкөңілді кемпір-шалды,—
Деп Паш Мұхтар деген ерге тиді,
Мұны да қалауымен өзі сүйді.
Мұхтар да бір өнерден құр қалмаған,
Бәйге алып балуандықпен елі сүйді.
Осылай үш қыз дағы бақыт тапты,
Алдағы кім болжаған келер шақты.
Тірепті бақан болып осы үш қыз
Үш бірдей дауыл жыққан шаңырақты.
Менің де ақын бопты арғы тегім,
Тарттым ба әлде жоқ па мен білмедім.
Бір өнерден бәрі де құр қылмапты
Қыздарыма қосылған жігіттерім.
Еңбексізге бақ қону болмас оңай,
Тер төкпей оңай дәулет келсін қалай.
Қосылды үш қыз солай теңін тауып,
Әуелде Мырзаш батыр ойлағандай.
Тағдырдың салғанына қыздар көнді,
Дәм ауысып шет елден мұнда келді.
Қондырып қыздарымды құтты орнына,
Менің дағы көңілім жайланды енді.
Бөлініп мал да бітті, қыз да бітті,
Жасалған қыздар үшін пайда бітті.
Жарыққа көмескіні шығарсам да,
Сонан бері көптеген заман өтті.
мырзаш батыр
Көптеген сонан бері заман өтті,
Ел аузынан бүгінгі бізге жетті.
Жазуы да дастанның оңай болмай,
Сөз терумен көптеген күндер өтті.
Ұрпақтарым, бұл сөзге құлақ салса,
Бабалардың ерлігін есіне алса.
Ренжімен ел үшін еңбегіме,
Ел ерлері ұрпаққа артта қалса.
Ұрпақтарға ерлік жол бабам салған,
Өшпес мұра батылдық содан қалған.
Баласы Алдиярдың батыр Мырзаш
Елдің кегін дұшманнан солай алған.
Сол бір қыс Шотан төре дүние салды,
Дәм таусылып, Құдайым жанын алды.
Қайтыс боп Есмұқанбет жалғыз ұлы,
Үлкен той жаз болатын болмай қалды.
Разы бол, оқушым, осы шамам,
Азырақ ел ері үшін тарттым қалам.
Дастаны батыр Мырзаш бұл екінші
Аяқтап осыменен бітсін тамам.
Іңгәлап кіндік кесіп туған жерім,
Медеуім, тиянағым, қалың елім.
Қазағым бісмілләм сен ауызға алар,
Жау десе, түрулі ғой етек-жеңің.
Орта жүз, руым—найман арғы затым,
Қыдырмолла ұлы Ниязбек болады атым.
Ел үшін жанын қиған бабаларды
Жырласам теріс болмас жазған хатым.
Қалай теріс болады жазған хатым,
Сөз еттім ел ерлерін ата даңқын.
Кегін алмай дұшманнан тынған емес
Ержүрек, сайыпқыран, батыр халқым.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жазғаным ертегі емес ойдан құрап,
Алғам да жоқ ешкімнен сөзді сұрап.
Болып өткен уақиға жазғандарым—
Көзін аршып ағызған көне бұлақ.
Жарандар, біраз ойлап мұны қара,
Пендеде бір өлім бар жеке-дара.
Ол өлім ел қорғаған ерлерге тән,
Бұл жанды өнді деуге болмас, сірә.
Ескірсе де, көптің жүр санасында,
Бір сөз бар көп халықтың арасында.
Баяғы күмбез орны бар деп айтады
Балдырлыкөл оңтүстік жағасында.
Негізі әңгіменің сөздің шыны,
Жоқ демейін бар шығар сөздің міні.
Батырдың зираты деп атайды екен,
Сол маңдағы қазақтар осы күні.
Олжадан шейіттерді қалмай жырақ,
Баса көңіл бөлінген оған бірақ.
Әрқайсысы елуден жылқы алысқан
Қаралы ортадағы үш шаңырақ.
Үш қызға да болмапты дүние тар,
Мұнан басқа дәулет те қолында бар.
Ескіріп талай заман өтсе дағы,
Сол үш қыздан шөбере ұрпақтар бар.
Жаралдым ескі сөзге жаным құмар,
Сөз терсем бұрынғыдан, көңілім тынар.
Көмескіні көрнеуге тек шығарсам,
Көңілімде жоқ мақтан мен баққа құмар.
Өмірдің доңғалағы зырлап өтті,
Көзден ғайып болды да бәрі кетті.
Алды жанып, арты өшкен сайқал дүние
Талайды алдап-арбап тентіретті.
мырзаш батыр
Ежелден емес Мырзаш дүниеге зар,
Байлығы сауыт-сайман, екі аты бар.
Ер сабаз өз үйіне ауа қайтқан,
Тоғыз айдар, алты ақық5 атасы бар.
Аталық ұрпақтарға қалдырар сөз,
О да азайып барады кей көнекөз.
Ескеріп ел ерлерін кешегі өткен
Жазғаным көп көместен бірер жар сөз.
Көбейту көне сөзді ойымда бар,
Өмір болып берсе оған уақыт жар.
Көмілген көне сөзді көрсетуге
Дариға-ай, соған болам мен ынтазар.
Қабыл ал, қарақтарым, жас ұрпағым,
Көз жетпейді белгісіз келер шағым.
Естеріңде жүрер деп үміттендім,
Бірер сөз қалдыруға барда қақым.
Сөзімнің жақсысын ал аракідік,
Ертегі бос қиял деп қылма күдік.
Ер өткен бабаларым кешегі ісі,
Елге еткен еңбегі болған шындық.
Сұраман бір еңбексіз несібемді,
Көптен дара кете алман өсіп енді.
Не артық, не кем шығар жазғандарым,
Халқыма сенімім зор кешірер-ді.
Сөз емес жазғандарым қарапайым,
Жалған сөзге төзе алмас менің жайым.
Жарандар, разы бол енді маған,
Әзірше сөз аяғын тоқтатайын.
5 Ақық—көлемді гауһар тана. Мырзаштың қызына алған олжасы тек осы
көрінеді.
Мырзаш деп үшінші рет алдым қалам,
Ел қорғаған ер үшін ой мен санам.
Ең соңғы ерлігіңді жырға қосып,
Айналдым әруағыңнан ұлы бабам.
Қазақтың орта жүзі—керей, найман,
Тыңда, жұртым, сөз емес бекер, жалған.
Қазылған бабалардан жол қалмаса,
Қарапайым шығады дастан қайдан.
Сөйлейін өткен күндер бір саласын,
Бұйырса ұрпақтарға сөзім қалсын.
Бір арманның ашылар жолы түсіп,
Тәуекел деп бастасам әуел басын.
Еске алсақ белгі көп қой ескі күннен,
Ескермесек жабылып қалар мүлдем.
Жазайын ел ерлерін еске салып,
Кешегі ел аузынан қалған үннен.
Көп заман бізден бұрын өткен талай,
Біреу күліп, өтіпті біреу жылай.
Термелеп тым арыны не қылайын,
Таяуды ұмытудың жөні қалай!
Сабақтап аз жырлайын елдің ерін,
Аты өшпей бұл дәуірге келгендерін.
Мырзаш батыр
(ІІІ бөлім)
мырзаш батыр
Қалтқысыз атын сыйлап бұл заманға,
Жеткізген көне көздер Мырзаш ерін.
Ел үшін еңбек еткен Мырзаш батыр,
Сондықтан ел сыйлаған әуел-ақыр.
Бабам мінген Ақтұлпар тұяғының
Жосылып бұл өңірде ізі жатыр.
Кім келіп, кім кетпеді бұл ғаламға,
Ойдан құрап негізсіз сөз табам ба.
Елдер ерсіз өтпеген көз жіберсек,
Сонау бір жарығы өшкен сұм заманда.
Ер Мырзаш сол ерлердің бірі болған,
Сырт жаудан туған елге болған қорған.
Кеше ғана уақиға болып өтсе,
Дей аламыз бұл сөзді қайтіп жалған.
Жырлайын сол Мырзаштың ерлік ісін,
Көрсеткен дұшманына қайрат-күшін.
Аралап көп елдерді көңіл баяу,
Кеңейтсем деп игі жол, кең өрісін.
Көп елді Мырзаш батыр аралаған,
Ұранқай, Дүрбіт6, Таншаң7 түгел барған.
Кедей ел тыныш өмір сүретұғын,
Бар болса сондай жерді көңілге алған.
Сонша алысты аралап бос жүрмеген,
Батыр білген ел сырын ел білмеген.
Зорекер болыс-биден құтқарсам деп,
Ер Мырзаш кедей елдің қамын жеген.
Көз көрмесе, күдік көп мен не дейін,
Бірақ бұл уақиға ғой көпке бейім.
6 Дүрбіт деп сол заманда Тибетті айтса керек.
7 Таншаң—оңтүстік қара қытай.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ерлігін батыр Мырзаш аз тоқталып,
Бұл жерге бір ұлы сөз кіргізейін.
Сөзімді ықыласпен тыңда, халық,
Көңіл бөлсең тарихта тұр ғой анық.
Мың сегіз жүз жетпістің шамасында,
Пржевальский Зайсанға келгені анық.
Әйгілі саяхатшы Пржевальский,
Ел қамы үшін шарлаған әрбір тұсты.
Келелі кең сапардың бір кезінде,
Тибетке де барудың жолы түсті.
Таныс емес Тибеттің жолы қиын,
Керек болды бір басшысы алғыр, зейін.
Қазақтың шығысымен таныса кеп,
Мырзашты естіп білді әуел бұрын.
Әуелден естиді екен Мырзаш ерді,
Аралапты деп естіп талай жерді.
Өр Тибет солтүстікте ұранқайды,
Оңтүстік орта Тян-Шань мекенді елді.
Мақсаты меніменен бір болар деп,
Сөйлесуге Мырзашпен құмартты енді.
Пржевальский Мырзашқа көңіл бөлді,
Тиянақты бекітті әуелгі ойды.
Мырзашпен ақыл қоссам бұл туралы,
Деп қорытты саяхатшы негізгі ойды.
Деп ақырғы қорытынды ойға келді,
Мырзаш білсе, аралап сонша жерді.
Сапарымның оң сәті түсер-ау деп,
Мырзашқа арнау адам жібереді.
Хат жазды деп құрметпен Мырзаш ерге:
«Бір жұмыспен хат жаздым деді сізге.
Ылаж болса, қайтыңыз мұнда келіп,
Бір ақыл қоспақшымыз өзіңізге».
мырзаш батыр
Мырзашқа екі кісі келді сонда,
Қол алысып сәлемін берді сонда.
«Пржевальский шақыртып еді сізді,
Сондықтан келіп едік әтей мұнда».
Сөздерін қазақша айтты хатты беріп,
Бұлар тұр мығым дене жанды көріп.
Хатқа жазған сөздерді қазақшаға
Аударып тұр біреуі анық теріп.
Баруға келісіпті Мырзаш сонда,
Қамданып үшеу болып түсті жолға.
Басалай8 деген орыс қазақшаға,
Мырзаш байқап қараса, судай жорға.
Зайсанға осылайша Мырзаш келді,
Пржевальский Мырзашқа қолын берді.
Арадағы Мырзашпен әңгімені
Қазақша ол Басалай айтып берді.
Сонда Мырзаш Пржевальскийге былай депті:
Ана бар ғой, ұғындым сөздің бәрін,
Сіз—орыс, мен—қазақпын жұртқа мәлім.
Тағы бір сөз сіз—байсыз , мен—кедеймін,
Екеуі бірлесед деп ойламаймын.
Көп жерді сізден бұрын араладым,
Оңтүстік, солтүстікпен түгел бәрін.
Жол білмеймін демеймін білем бірақ,
Байға қызмет қылуға жетпейді арым.
Мұны естіп Пржевальский мәз боп күлді,
Мырзаштың негізгі ойын жете білді.
—Сонша жерді сіз не үшін араласаң,
Менің-дағы ниетім дәл сіздікі.
8 Васимей.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бай деген келіспеймін құр атаққа,
Негізгі ойым кедей мен соңғы ұрпақта.
Бай болсам Петрбургте жатпас па едім,
Сіз ойлаған бір ниет саяхатта.
Мырзашқа ақиқат сөз шын жарасты,
Кіршіксіз ақ ниетке кеп ұласты.
Жүрегіне қонады соңғы әділ сөз,
Ойдағы шындық істің бетін ашты.
Ойшыл Мырзаш бұл сөзге көңілденді,
Жүректегі кірбіңді шындық жеңді.
Орыс-қазақ достасып қол алысты,
Жол бастауға ер Мырзаш келісті енді.
Қиын жолды бастауға келіседі,
Достасып бір-біріне сеніседі.
Бір көңілден шығысып орыс-қазақ,
Терең уағда, зор сенім беріседі.
Пржевальскийді Мырзаш бастап Тибет барған,
Қауіпті ұзақ жолды төтеге алған.
Бұл сапар қайырлы боп бастан-аяқ,
Осы күнгі Зайсанға қайта оралған.
Тибеттен бұлар қайтып Зайсан келген,
Демалып бірнеше күн еткен серуен.
Келелі көп әңгіме сыр шертісіп,
Келер сәтте достыққа көңіл бөлген.
Пржевальский Мырзашқа кеңес берген,
Үлкен үміт күтіпті Мырзаш ерден.
Ақ ниет, әділетшіл Пржевальский,
Мырзашқа, жан-жақтылы көңіл бөлген.
—Келер жыл достарыңмен Петрбургке кел,
Тағы көп ақыл-кеңес берем, деген.
Кедейліктен құтылар мезгіл таяу,
Мырзашым, оған қайғы жеме, деген.
мырзаш батыр
Ұлы орыс халқымен бұл өңірде
Достасуды бастаған Мырзаш екен.
Пржевальский Мырзашпен құшақтасты,
Қол соғып көп достары үнге ұласты.
Екі елге достасудың жолын сызып,
Ақ ниеттер осылай бауырласты.
Пржевальский Зайсаннан елге қайтты,
Көп-көп рахмет Мырзашқа алғыс айтты.
Қызыл шу, Шарға дейін шығарып сап,
Ер Мырзаш қош айтысып кері қайтты.
Ер Мырзаш кері қайтып елге жеткен,
Арада айлар, жылдар тағы да өткен.
Аз әңгіме осымен аяқталып,
Келер сөзге бел будық енді бекем.
Әуелгі әңгімені қайта жалғап,
Беремін біраз сөйлеп аспай шектен.
Мырзаштың үшінші рет ел қорғаған
Ерліктерін сыр шертіп баян етем.
Енді ылажсыз жырлайын қызыл қанды,
Тағы да елге төнген мұң мен зарды.
Сөздің соңы көңілсіз болды ғой деп,
Сөкпе, жұртым, жырлайын намыс-арды.
Алдамаған сұм жалған кімді арбап,
Ер өтті ел намысын қанмен қорғап.
Мырзаш батыр солардың бірі болған,
Өткен екен кеше елді жаудан қорғап.
Елді қорғап өтіпті Мырзаш батыр,
Сұм заманда сойқанды іс толып жатыр.
Өле-өлгенше көздері малға тоймай,
Елге орнатқан би-болыс заман ақыр.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Елді қорлап нашардан тоят алған,
Жоқ сылтауды көбейтіп түгел жалған.
Жеке бастың қамы үшін құлқын қуып,
Бір өзінен басқаны қылмас арман.
Осындайдың біреуі Далай түпшін,
Қай қазақ мұндай сұмнан үміт күткен.
Түпшін келіп сонда алып ойға оралды,
Бас байлығын арттыру қамы үшін.
Далай түпшін дүрбіттің өзі ханы,
Әрі кеген онбасы, әрі байы.
Бар мансапты игерген бір өзіне,
Аузынан шыққан сөзі жұртқа дәрі.
Таққа отырып билепті дүрбіт елін,
Айналдырған бұлаққа елдің көлін.
Өзінің ен байлығын місе тұтпай,
Жалмауыз сыртқа тіккен екі көзін.
Үкірдай, зеңгілерін түгел жиды,
Еліне түпшін жауыз жаудай тиді.
Батырын, бексұлтанын түгел жиып,
Бір сұмдық арам ойға мықтап кірді.
«Жиылсын ел батыры бірі қалмай,
Келсін мұнда бұйырдым емес оңай.
Бас тартса бұл бұйрықтан кімде-кімі,
Қырамын дарға асып бірін қоймай».
Елінің басшыларын түгел жиды,
Түпшін ит арам ойын ішке түйді.
Ел үшін деп көкіді бет алысып,
Байбалам сап ақырып, жанып-күйді.
Жиылып бек-сұлтандар енді болды,
Екі көзі түпшіннің қанға толды.
Көкірегін көтеріп, байсалданып,
Жала жалған сөздерін бастады енді.
мырзаш батыр
Жиып ап көп құзғынды бастады сөз,
Шалқақтап аю-пілге жүгіртті көз.
Жемтіктес көп қарақшы, өңшең жыртқыш
Шындыққа кенелгендей тыңдады сөз.
Далай залым: «Уа, жұртым,—деді сонда,
Ел үшін бұйрығымды сендер тыңда.
Айтайын деген сөзім халық үшін»,
Деп сиқыршы мүләйім болды сонда.
—Қазақтан елімізге қауіп төнді,
Айтайын сырын ашып сол бір жөнді.
Енді болмас қамданып шықпасаңдар,
Қарсы тұрмай қала алмас жаның,—деді.
Батыста сонау шалғай қазақ жатыр,
Бір қазақ Мырзаш деген дейді батыр.
Осы елге әлденеше кепті өзі,
Жүрісінде сұмдық бар әуел-ақыр.
Өткен жылы тағы да ол келіпті,
Қайта-қайта ол неге кеп килікті.
Көп адам соңында жүр деп естідім,
Кешікпей шығарады ол бүлікті.
Саятшымыз дейді екен жапан кезген,
Ол қандай саятшылар үйден безген.
Мен білемін Мырзаштың арам ойын,
Сырын бүгіп әуелі әтей келген.
Кешікпей Мырзаш келіп елді шабад,
Тыныш жатсаң оп-оңай олжа табад.
Мал-мүлік, қазынаға Мырзаш тойып,
Ата жау деп дәл маған ауыз салад.
Онан да бұрын барып біз шабайық,
Ақылын ол қазақтың біз табайық.
Мұнан былай кешіксең, жұрт қырылад,
Сөзге құлақ салыңдар, көп халайық!
21-279*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Сондықтан ол қазақты тез құртайын,
Қанша Мырзаш болса да күшім дайын.
Күш-айласы бұрыннан артық дейді,
Кіші бұрқын жіберсем табар жайын.
Бұл елдің жас батыры Сайқын барсын,
Бұрқынға ат мінгізіп қасына алсын.
Адамын жаппай қырып, малын алып,
Күлін көкке ұшырып ойран салсын.
Сайқын мырза Мырзаштың басын алсын,
Қарсылықсыз бұл мырза құлақ салсын.
Бай болса да тағы алсын менен қазына,
Мырзаштың басын әкеп қолға салсын.
Сайқын батыр тағы да мынаны ұқсын,
Қарсы келген қазақты жаппай қырсын.
Қазақтан шауып алған мал мен мүлік
Шашау шықпай өзіме тапсырылсын.
Көкіді Далай түпшін бұтып-шатып,
Құлқыны үшін болымсыз арын сатып.
Сайқынды өз алдына тік тұрғызып,
«Жә»9 дегізді уағда сертін алып.
Қалмақтарды түпшін сұм жолға салды,
Деді де Долан бұрқын болсын жары.
Кіші қола құдайды атқа орнатып,
Сайқын батыр жорғаны қосарға алды.
Осылай сұм қалмақтар жолға түсті,
Сайқын бастап келеді бұл жүрісті.
Қашқан да, қуған дағы құдай дейді,
Кім болжайды алдағы келер істі.
Жақындап ел шетіне қалмақ жетті,
Әлден-ақ қырып-жойды шеттегі елді.
9 10 мен шрифт жазу ең жоғары серт
мырзаш батыр
Ел шегініп артына екі-үш қонып,
Тағы бір қайғылы күн келіп жетті.
Жау келіп қалың елге араласты,
Қарсыласқан қырып жүр кәрі, жасты.
Қазақтан да мол жасақ құраса да,
Мына иттер тұтқиылдан келіп басты.
Қызыл қырғын екі жақ басталды ұрыс,
Күтінген жау бермеді, сірә, тыныс.
Ел құралып бүтінге айналғанша,
Қырсыққа мүлде айналды мына жұмыс.
Бейғам ел қанға осылай араласты,
Зарлатты Сайқын мұндар кәрі-жасты.
Бетпе-бет келгендерді шыдатпайды
Бір дию күші басым қара албасты.
Кетірді елдің сәнін ойран салып,
Ентелеп кіре берді ішке барып.
Кез келген асыл қазына бұйымдарды,
Сыпырып ешбір қамсыз жатыр алып.
Жылқыны іріктеді бөлек-бөлек,
Сәйгүлік бір мың тұяқ дөп-дөңгелек.
Жүз жорғаны таңбалап тағы қосты,
Түпшіннің тапсыруы болса керек.
Жылқыны айдатуға дайындалды,
Азық -түлік жолға деп тағы да алды.
Кім болжапты келешек, алдағы істі,
Әзірше қарық олжаға бата қалды.
Енді Сайқын жылқыны жолға салды,
Алды-артын жиып-теріп тез қамданды.
Жолға салып жылқыны айдатты да,
Алпыс қалмақ Сайқынмен артта қалды.
Жөнелтіп Сайқын залым дүния, малды,
Жұмысты бітірдім деп ойына алды.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жайланып қарауылын қойды дағы,
Бүркітшың деген жерде демін алды.
Бүркітшыңда Сайқын ит демін алды,
Шатыр тігіп жатуға ыңғайланды.
Біледі Мырзаш ердің келетінін,
Жолы осы деп бұл шыңды межеге алды.
Жайылды мына хабар елден-елге,
Алтай, Сауыр, Маңырақ, Зайсан көлге.
Шатыр тігіп Сайқын сұм жата тұрсын,
Берейік сөз кезегін Мырзаш ерге.
Бір күні жатыр еді Мырзаш үйде,
Ат дүбірі естілді бақса дүзде.
Сәлем беріп екі адам кіріп келді,
Сұрғылт тартып бұзылған түсі мүлде.
—Мырзеке, жатырсыз ба есен-аман,
Денсаулық сізге берсін Хақ тағалам.
Ел сасқанда ер едің елге пана,
Бір сұмдықты айтпасқа жоқ қой шарам.
Мырзаш айтты: «Ертісбай, түсің жаман,
Жақсылықпен келмедің, сірә, маған.
Айсыз түнде қараңғы неғып жүрсің,
Болды ма бір нәрсеге көңілің алаң?
Ертісбай, Шорғабаймен Мырзаш досы,
Көп шайқаста бір болған батыр қосы.
Суық хабар екеуі естіген соң,
Түн жамыла Мырзашқа келгені осы.
Ертісбай сабақтады сөзді бастап,
Толғанып, ойға келіп, сабыр сақтап.
Қалың дүрбіт килігіп бейғам елге,
Шауыпты өр Алтайды мүлде таптап.
мырзаш батыр
Қызыл қырғын қылыпты жұрттың бәрін,
Ішінде бірге кеткен жас пен кәрің.
Нақақ елдің көз жасын көл қылыпты,
Аяққа таптап дүрбіт намыс-арын.
Бар дейді Сайқын деген батыр қалмақ,
Қазаққа түсіріпті ауыр салмақ.
Жалғанның жартысындай бір дәу дейді,
Ешбір жан бұл жауызға келмепті шақ.
Қанша жылқы, мал-мүлік айдатыпты,
Қарсыға қан жұтқызып байлатыпты.
Кенеттен елге тиген айдаһарға
Сасқан ел таба алмапты айла тіпті.
Дүрбіттің маңдай алды батыр дейді,
Тіккені қызыл жібек шатыр дейді.
Бүліктің артын тосып тосқауылдап,
Бүркітшың деген жерде жатыр дейді.
Қан майданда сыналар ердің бағы,
Жеңеді деуші едің ғой істің ағы.
Хабарлап айтамыз ба би-болысқа,
Өзіңе ақыл тауып келдік тағы.
Сонда Мырзаш мына хабарды естіп, қабағын шытынып, төмен
қарап ауыр ойланып қалды: «Бұл қалай? Мынау бұрынғы Мыр
заш емес, бұрын жау дегенде жайраңдап шыға келуші еді ғой? Ол
мінез қазір мүлде жоқ. Демалғызып, мына иттер маза бермеді-
ау деді ме? Немесе жасы ұлғайып алып, жаумен айқасқысы
келмеді ме? Жоқ, жоқ, мұның бәрі де емес. Пржевальскиймен
құшақтасып, достасып, қалың кедей жөніндегі Петрбурға бара
тын уағдалы игі сапарын ойлап, тұйыққа тіреліп отыр. Соңғы
кезде бұрынғыдай емес, би-болыстардан мүлде аулақтап, өзінің
қалың кедей Үкібай деген руын көбірек аралап кетіп еді. Міне,
кенеттен ендігі жағдай мынау болды. Сондықтан енді Мырзаш
лажсыз көніп отыр. Бұл мінезін байқаған Ертісбайға да жары
тып жауап бермей, іс ақырын көреміз дей салды. Енді Мырзаш
Ертісбай мен Шорғабайға мынаны айтты:
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
—Ана бар ғой, достарым,
Оған уайым жемеңдер.
Хабарларың жақсы емес,
Есітіп мұндай сұмдықты.
Құлақ салып тыңдаңдар,
Берейін енді мен кеңес.
Бұл жолғы көңіл-күйімді
Отырсыңдар сезініп.
Бұрынғымен тең емес
Бірге өсіп, бір жүрген.
Жақсы менен жаманды
Ойнай-күле бір көрген.
Бақыр сорпа бір ішкен,
Бір жерде туып, бірге өскен.
Өздерің жақсы білесің,
Алдияр ұлы Мырзаштың
Дұшмандармен айқасы
Жеке ғана бұл емес.
Әйтсе де қалай, екі дос,
Бармай қалай шыдайын!
Адалдан жиған ел малын,
Арам, пасық иттерге,
Жегізіп қою жөн емес.
Болыс пенен билерге
Барудың жоқ керегі,
Не көмек олар береді.
Өздері аман болса егер,
Өз асығы өзінде.
Нашарға қашан болушы ед,
Болысып билер көмегі.
Жалынбай-ақ оларға,
Өз жанымды қармайын.
Көп қол тағы керек жоқ,
Ауыр қол сондай алмаймын.
Үкібайдан қырық жігіт,
Кедейден таңдап алармын.
Екеуің бірге боласың,
Сонымен-ақ Ертісбай,
Тасыған жаудың басына,
мырзаш батыр
Мен-ақ ойран салайын.
Сайқын итті бұрыннан,
Жақсы білем мен,—деді.
Қауіпсіз бұл достарым,
Жаудан қорыққан Мырзашқа
Әйтсе де болмас жөн деді.
Ойлансаңдар достарым,
Алдына Мырзаш кім келіп,
Тағы да кім кетпеді.
Алкеуделер, ақылсыз,
Қай-қайсысын байқасаң,
Мұратқа түбі жетпеді.
Талай алып кезіккен
Оңтүстікте Марқалдай,
Батый Байыр ол қандай?!
Солтүстікте ұранқай
Жарғыл батыр түйедей,
Сайқыннан несі кем еді?
Солардың бәрі жоқ болып,
Мырзаштан тауып ажалын,
Жаһаннамға жөнеді.
Екпіні күшті бір құс бар,
Жұдырықтай бидайық,
Мекені оның Ақжайық.
Шабытына келгенде,
Он есе үлкен өзінен,
Бір-ақ теуіп тырнаны,
Түсіреді аспаннан.
Міне, осы достарым,
Мысалға алып қарайық.
Батырсынған Сайқынға
Онан да, достар, кешікпей,
Енді тездеп барайық.
Ойды бөлмей жан-жаққа,
Тәуекелге салайық.
Берсін тәңірім оң сапар,
Дандайсыған сұмырайдың
Басын кесіп бөлектеп,
Қанжығалап алайық.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Көп ұзатпай ел малын
Айырып жаудан қалайық.
Ендігі кезек біздікі,
Ойранды біз де салайық.
Жақындатып алысты,
Дұшманға бермей намысты,
Ақылын тауып әдістеп,
Алайық қолға намысты.
Мырзаш тағы сөйлейді:
—Айтқаным мұны жөн,—дейді.
Әзірше қысқа айтайын,
Таяп достар кел,—дейді.
Мұндай бір жақсы игі істі,
Аз да болса әзірше,
Еске салған жөн,—дейді.
Петербордан осында,
Өздерің естіп білгендей,
Пржевальский келген-ді.
Меніменен достасып,
Әңгіме ұзақ сырласып,
Кедейге көңіл бөлген-ді.
Қайтарында сол кісі,
Петрбург деген қалаға,
Мырзашым, келгін деген-ді.
Игілікті еді сол сапар,
Тосыннан келіп мына иттер,
Сапарымды бөлді енді.
Қайырлы болсын ақыры,
Салғанына Құдайдың,
Жұмыс басты пендесі,
Лажсыздан көнді енді.
Бұл сапардан оралып,
Елге қайтып келген соң,
Ақылдасып игі істі,
Келерміз сол бір жөнге енді,
Деп Мырзекең бұл сөзді
Қысқаша ғана қайырды.
Осыны айтып ер Мырзаш,
Жол қамына кірісті.
мырзаш батыр
Тездетіп Мырзаш әуелі,
Бітірмек болды көлденең
Мына бір сапар жұмысты.
Ақылдасып үшеуі,
Әуелгідей ер Мырзаш
Сәтке салды жүрісті.
Ертеңгі күн бейсенбі,
Сапардың сәті сәрсенбі.
Сәрсенбі күні таңертең
Шығайық сапар жолға деп,
Бір ауыздан келісті.
Сенбі күні таңертең,
Қырық үш адам жол тартып,
Бүркітшыңға беттеді.
Төте тартпай бұл шыңға,
Айыркезең, Майшаттың
Шығысын ала шеттеді.
Күндер жатып, түн жүріп,
Бірнешелеп күн жүріп,
Мырзекең саспай келеді.
Қараңғы айсыз түндерде,
Құз шатқал, ну орманды,
Қауіпті, қатер жолдарды,
Асуы қиын тауларды,
Қарағай, қайың бауларды
Алдияр ұлы ер Мырзаш
Саусақтай санап біледі.
Жынысты жерді баспады,
Бұраң-бұраң бұрма жол,
Қиынды шетке тастады.
Асуы қиын белдерді,
Сусыз шөлейт жерлерді
Мырзаш әсте баспады.
Ақылды, зерек ер сабаз,
Алысты жақын қылады.
Қонатын жерге қонады,
Түсетін жерге түседі.
Бірнеше күн жол жүрді,
Сары дала, жапан дүз,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қалың орман, биік құз,
Қиын жол артта қалады.
Тоқтаусыз жүріп келеді,
Кейде бүлкек, кейбірде
Аяңмен тағы желеді.
Жалпы бетті жобалап,
Артқылар еріп келеді.
Бір жеті бұлар жол жүрді,
Аз да емес, мол жүрді.
Түн демей жүріп бұлар да,
Таң сарғайып атқанда,
Бозторғай қанат қаққанда,
Аумағы үлкен көк жайсаң,
Айналасы ну орман
Майбұлақ деген жер екен.
Ат басын келіп тіреді,
Бірер күн бұлар дем алды.
Ат белін аз көтеріп,
Тамақтанып, сусындап,
Бел шешіп дене сергітіп,
Мырзаш батыр аз ғана,
Достарына ой салды:
—Ана бар ғой, туған елден бірге келе жатқан достарым,
осы қарсыдағы Қарасеңгір деген тау. Сайқын бізді тосып,
қарауылдап жатқан—Бүркітшың. Екі күндік жол артта қалды.
Ол бізді әлде де тосып шатырда жата тұрсын. Біз енді бірер күн
жүрсек, жылқы ұрлаған дүрбіттердің алдын ораймыз. Жау
дан малды айырып, олардың түгелін жоғалтып, малды мына
қырық жігіттің алдына салып елге беттетіп, мені сарыла тосқан
Сайқынды енді көп сағындырмай, Ертісбай екеуіміз қайта ора
лып, Сайқын батырға сәлем береміз,—деп, Мырзаш әдетінше
жымиып бір күлді. Енді бұлар кеш батқан соң атқа қонды.
Кеш те батты түн болып,
Атқа да бұлар қонады.
Қараңғы түн Мырзашқа
Айнадай бейне болады.
Аяңды тастап желеді,
мырзаш батыр
Ат тізгінін жіберіп,
Ентелей жүріп тездете,
Екпіндетіп келеді.
Ойшыл, зерек ер Мырзаш
Айдаған қалың жылқы мен
Аралығын салт аттың,
Ат тұяғын есептеп,
Сонша анық біледі.
Таң алдында жылқыға
Жетеміз деді Мырзаш ер.
Өзі есептеп келеді,
Көз алдында айнадай,
Мырзашқа аян барлық жер.
Екіге бөлді жау күшін
Айлалы, тапқыр, білгіш ер.
Өкінішті сұм жалған,
Талайды алды-ау, қара жер.
Сайқын жатыр далада,
Қарауыл қойып маңайға.
Құтылып жылқы кетті деп,
Күрделі жұмыс бітті деп.
Енді Мырзаш әуелі
Жолығады маған деп,
Санасыз, ойсыз, арам тер.
Бір жерге Мырзаш тоқтай қалып, достарына былай деді:
«Жылқы айдаған дүрбіттер таяуда кетіп барады. Сендер мені
осы орында тосыңдар, мен жалғыз барып, жауды жайлап тас
тап, жылқыны осылай беттетіп келем»,—деп, Мырзаш жорта
жөнелді.
Жөнелді Мырзаш, жөнелді,
Кемелге келді теңелді.
Аққұсқа қамшы басады,
Ағынды судай тасады.
Алысты бүктеп астына,
Ақ тұлпар орғи басады.
Ауыздықпен алысып,
Сағымменен жарысып,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Шаңды аспанға шашады.
Белес-белес таулардың
Біріне-бірін қосады.
Дүбірінен тұлпардың,
Ұйқысынан оянып,
Жабайы аңдар қашады.
Бұл не деген сұмдық деп,
Жан ұшыра сасады.
Сауытын киіп ер Мырзаш,
Бес қаруын асады.
«Алдияр атам қолда!» деп,
Көңілі қатты тасады.
Еңкейе шауып екпіндеп,
Алысты жақын қосады.
Сахара құс оянып,
Таң бозалаң бергенде,
Емінген ердің қайраты,
Қайраты бойға толғанда,
Жылқы айдаған көп жаудың,
Ойланбаған жерден кеп,
Алдын келіп тосады.
Тосып қана тұрмады,
Басқаға мойын бұрмады.
Бір қараңғы, бір жарық,
Араласты көп жауға.
«Алдиярлап!» ұран сап,
Айғайға Мырзаш басады.
Ажал боп Мырзаш келді деп,
Сендерге ажал төнді деп,
Үрейін алды әуелі.
Сендер сенген Сайқының,
Бүркітшыңда ит жем боп,
Кешегі күні өлді деп.
Ендігі кезек сендерге,
Көрінеу ажал Мырзаштың,
Көз алдыңа келді деп,
Қойға тиген қасқырдай,
Араласты ішіне.
Осы жолғы Мырзаштың
мырзаш батыр
Жан шақ келмес күшіне.
Ашуы қатты келеді,
Арыстандай ақырып,
Айғайлап ұран шақырып,
Жауына қатты төнеді.
Нақақ елді зарлатқан,
Құдай атып, ар сатқан,
Жабайы жауыз иттерге
Төнгені Мырзаш жөн еді.
Шыдатар емес ер Мырзаш,
Ақ тұлпарын орғытып,
Аспанға тік қарғытып,
О жерге де құлатты,
Бұ жерге де құлатты.
Қызыл қырғын жусатып,
Жайратып бәрін сұлатты.
Ердің көңілі тыныпты,
Дұшманның сағы сыныпты.
Сізге өтірік, маған шын,
Жылқы қуған қалмақтар,
Отыз бес екен барлығы,
Қалдырмай бірін қырыпты.
Түгелін қырып жайғады,
Қайта айналып ер Мырзаш,
Достарына келіпті.
Жылқыларың бос қалды,
Деп жайраңдап ер Мырзаш,
Хабарын жаудың беріпті.
Шорғабай бастық қырық жігіт
Жылқыны айдап келіпті.
Қуанысып достары,
Ерлігіне Мырзаштың
Көңілдері тойыпты.
Көңілдегі күдіктің
Бір жартысын сол жерде
Бұлар сонда жойыпты.
Мырзаш айтып, жылқыдан
Ту биелер сойыпты.
Бірнеше күн тамақты,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Тарта жеген жігіттер,
Қазы-қарта, жал-жая,
Мейлінше жеп тойыпты.
Мырзаш бастап жылқыны,
Сайқын жатқан Бүркітшың
Жолына тура салады.
Көрсін деп көзі Сайқынның,
Мырзаш ақыл табады.
Арада екі-үш қонақтап,
Шыңға да таяп қалады.
Шың мен бұлар арасы
Екі-үштеген бел еді.
Ертегі сөз бұл емес,
Кешегі болған уақиға,
Шын сөзге жұртым сенеді.
Не жазса да сұм тағдыр,
Лажсыз пәндә көнеді.
Талапсыз өмір өткен жоқ,
Арпалыс қансыз біткен жоқ.
Құбылыс мұндай өзгеріс,
Көнеден бері келеді.
Күзетшісі Сайқынның,
Мырзашқа қойған қарауыл,
Шың басынан аңғарып,
Жылқыны қалың көреді.
Міне, қызық, тамаша,
«Ойда жоқ сұмдық, бұл қалай?!»
Деп қарауыл қалмақтар,
Сайқынға хабар береді.
Мұны естіген Сайқын сұм
Орнынан ұшып тұрыпты.
Аңғара алмай ес-түсін,
Амалы мүлде құрыпты.
Асқанын Мырзаш айласы
Енді ғана біліпті.
Өз көзіне Сайқын ит
Өзі сенбей сандалып,
Анықтап тағы көріпті.
Жылқы айдаған көп адам
мырзаш батыр
Өз адамы емес-ті.
Қола құдай қасында,
Төбесінен қос қолдап
Ұрғанын енді біліпті.
Мырзаш енді Ертісбайға былай деді: «Жау әбден ашынды,
оңай да жау емес, мен бұған әртүрлі әдіс-айла қолданып, кезек
алып, кезек беріп те тұрмай, не де болса, шапшаң қимылға ба
сам. Шорғабай бастаған қырық жігіт жылқыны тоқтатпай, елге
беттетіп айдай берсін, сен анау кезеңде мені тосып тұра бер»,—
деп, сауыт, қалқан, қаруларын ыңғайлап, Аққұсының қасына
келіп, атының басын иығына артып тұрып былай деді:
—Айналайын, Аққұсым,
Бүгін саған түсті ісім.
Жапанда жалғыз мен едім,
Талай шайқас кезеңде
Жан жолдасым сен едің.
Аға да, менде іні жоқ,
Қысылшаң талай кезеңде
Жар болып, өзің демедің.
Аққұсым, бүгін өзіңе
Ісім менің түсіп тұр.
Бір кезек келді өзіңе,
Болсаң да хайуан жануар,
Салшы құлақ сөзіме,
Сағымдай ағып зымырап,
Жылдамдықтың әр түрін
Көрсетші бүгін көзіме.
Осыны айтып ер Мырзаш,
Қайратқа шын кіреді.
«Енді жауға барайын,
Бармай неғып қалайын.
Алпамсадай алыпты,
Алдияр атам қолдаса,
Табанға таптап салайын».
Қорбаң қағып Сайқын ит,
О да сауыт киінді.
Кімнің бағы, кімге сор,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Екі кердің бірі енді,
Ендігі жұмыс қиын-ды.
Ашынған жау ақымақ боп,
Әуелі Мырзаш келед деп,
Ақымақ боп алданып,
Қолындағы дәулеттен
Сандырақтап айрылып
Қалғанына күйінді.
Естісе Топшын бұл істі,
Тұрғызып қойып тірідей
Сыпырмай ма терісін.
Екі көзін ойып ап,
Тарылтпай ма өрісін.
Осыны ойлап бұл залым,
Барлық күшке келмекші.
Келсін шама, келмесін,
Онан-дағы Сайқын ит,
Мырзаштан бүгін өлмекші.
Өлем деп те тұрған жоқ,
Шын қайратқа кірісіп,
Мырзашқа соққы бермекші.
Енді Мырзаш ақырып,
Таудай боп тұрған Сайқынның
Қасына келді таянып.
Өлім мен өмір айқасты,
Несіне тұрсын аянып.
Сайқын ит сонда күрілдеп,
Айғай салды бақырып.
Мырзашқа таяп өңмеңдеп,
Оңтайланды найзасын,
Олай-бұлай шайқады,
Әдісін Мырзаш байқады.
Айлалы шебер ер Мырзаш
Найзаны қағып тездікпен,
Тигізбеді денеге,
Келтірмеді межеге.
Сайқын сұққан найзадан
Ер Мырзаш пайда көрмеді.
Әдіске салып әртүрлі,
мырзаш батыр
Қайраты Мырзаш өрледі.
Мұнан былай Сайқынға
Мұрсаны Мырзаш бермеді.
Сайқынды көзі көрмеді,
Адам екен демеді.
Жақындап тағы бұл итке
Әзірше Мырзаш келмеді.
Аққұс аттың шабысын
Шапшаңдатып көрді енді.
Ағызып келіп, Сайқынды
Шоқпармен Мырзаш ұрды енді.
О да қарап тұрған жоқ,
Басына төнген қауіпті
Әккі залым білді енді.
Ағыны сағым Аққұсқа
Мырзаш қамшы басады.
Айлалы, батыр, ер Мырзаш,
Үйреншікті әдістің
Алуан түрін қосады.
Бір рет Сайқын ұрғанша,
Мырзаш батыр екі ұрып,
Анадай алдын тосады.
Жасырып-жабар несі бар,
Екі жақтан бірдей-ақ
Қызыл қан судай жосады.
Түкіріктер қан болды,
Апыр-топыр айқастан,
Жанталасқан шайқастан
Ат тұяғы қазбалап,
Жер қыртысы ойылып,
Құйындай дала шаң болды.
Әлі де болса Сайқын ит
Алдырмай жүр Мырзашқа.
Бұрын-соңды Мырзашқа
Кезікпеген мұндай іс,
Бұл не деген заң болды.
Ертісбай қарап тұрғыдан,
Тілегін тілеп құдайдан,
Жақсылық күтіп зар болды.
22-279*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қабырғалар қайысты,
Құрал-сайман майысты.
Шарт та шұрт тиген қарудан,
Ұшқын, жалын от шығып,
Өлім мен өмір жарысты.
Қиын-ды, Сайқын қиын-ды,
Пірлерге Мырзаш сиынды.
Мынау шайқас кезінде,
Тау жаңғырып, тас құлап
Тұрғандай-ақ білінді.
Кезек-кезек Мырзаш ер
Бес қару түгел кезенді.
Барған сайын қимылы
Тағы да болды тез енді.
Тағы да шоқпар қамдады,
Әртүрлі әдіс таңдады.
Шегіне ұрсып айлалап,
Сайқынды тағы арбады.
Ағындатып Аққұсты,
Қос қолдай ұрып шоқпарды,
Олай өтіп бір соғып,
Айнала қайтып бір соғып,
Сайқынға дәт бермеді.
Ер Мырзаштың қайраты
Тасқындап тағы өрледі.
Бірде шауып, бір шаншып,
Тездете жедел қимылдап,
Перісі түсіп бойына,
Кең құлашқа сермеді.
Шынтуайтқа келгенде,
Алдияр медет бергенде,
Еміне жауға төнгенде
Қарағайдай Сайқынды
Тал шыбықтай көрмеді.
Елі сүйген ер Мырзаш
Намысты қолдан бермеді.
Енді Мырзаш Сайқынды
Есеңгіреп болдың деп,
Тағдырыңа көндің деп,
мырзаш батыр
Енді Мырзаш Сайқынды
Қос өкпеден түйреді .
Найзаның ұшын босатпай,
Ырғай түсіп табандап,
Саз балшықтай иледі.
Төңкерілген төбедей,
Құлады Сайқын атынан,
Қазақты қырып шабам деп,
Басын кесіп Мырзаштың,
Алдыңа әкеп салам деп,
Мәңгі Сайқын айрылды
Топшынға берген антынан.
Өкіре барып құлады,
Жерді сүзе маңдайы.
Өзімен бірге жоқ болды
Қазаққа деген айбары.
Жатса-тұрса қазақ деп,
Өндіршегі үзілген.
Қанымен мүлде жабылды
Тақылдаған таңдайы.
Енді Ертісбай тездете,
Мырзашқа шауып келеді.
Қуанғаннан Ертісбай
Кемсеңдеп жылай береді.
Дөңкиіп жатқан Сайқынды
Анықтап енді көреді.
Құладың ба, малғұн деп,
Басқа тебе береді.
Жаны шықпай жатқанда
Тепкені де жөн еді.
Сонда тұрып ер Мырзаш,
Ертісбайға сөйлейді:
«Қасында бол мына иттің,
Қыбыр етсе, найза сал.
Қалғандарын жайратып,
Келейін қайтып мен»,—деді.
Енді Мырзаш тездете
Аққұсқа қамшы басады.
Құлаған сәтте сұм Сайқын
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Тым-тырақай жөнелген
Сүмелек алпыс қалмақтың
Алдын орай тосады.
Мырзашты көріп қалмақтар,
Зәресі ұша қашады.
Араласып ер Мырзаш,
Кез келгенін басады.
Арыстандай ақырып,
Біріне-бірін қосады.
Түгел қырып жусатып,
Қандарын судай шашады.
Біраз қалмақ құтылып,
Көк сеңгір таудан асады.
Бастан-аяқ жауларын
Түгел қырып болған соң,
Батырдың көңілі тасады.
Қайта айналып Сайқынға,
Ертісбай досын көрген соң,
Аттан түсіп демалып,
Ашуын енді басады.
Енді Мырзаш Ертісбайға былай деді: «Мына ит менің оң
жақ санымды жаралады. Соны таңып қой да, жаны шықпай
жатқанда иттің басын кесіп, айдарынан менің қанжығама бай
ла. Бұл менің басымды құдайы Топшынға апарып бермекші еді.
Мен мұның басын балаларға ойыншық доп қылып берейін. Ал
сен мына қола құдайды алып үйге апар, ел көрсін»,—деді. Енді
Мырзаш демалып, Сайқынның қасына келеді.
Сайқынға таяп келеді,
Шала жансар батырдың
Халын байқап көреді.
—Тойдың ба,—деді,—қаныңа,
Сен де қарап қалмадың,
Найза сұқтың саныма.
Бұрын-соңды, ақымақ,
Санға найза сұға ма!
Сен иттен болған аз жара
Келтірмес залал жаныма.
мырзаш батыр
Енді көрші сұққанды,
Обалсыз, залым, ит жауыз,
Қазаққа тісін қайраған,
Ежелгі дұшман қанды ауыз,
Төрт тағанын бөлектеп,
Тағы да жақын келді енді.
Қола мүсін құдайы
Сайқынына болысып,
Көмегін жақсы берді енді.
Қош айтысып бұрқынмен,
Жаны барып Сайқынның
Жаһаннамға кірді енді.
Енді қарап тұрсын ба,
Қайырлы сәтті сапар деп.
Екі дос енді қамданып,
Кешегі кеткен жылқыға,
Өздерін жолға салды енді.
Жаудан түскен олжаны
Мұнда тегіс алды енді.
Елге беттеп ер Мырзаш,
Енді жолға түседі.
Ел жауын жеңіп жайрату
Ер жігіттің ісі еді.
Дұшмандардан ел қорғау,
Мойнындағы парызын,
Алдияр ұлы ер Мырзаш,
Міне, осылай өтеді.
Кешегі кеткен жылқыға,
Түн қата жүріп бұлар да,
Сәске түсте жетеді.
Шорғабай бастық, қырық жігіт
Бұларды енді көреді.
Дүдамал көңіл орнығып,
Жаудан аман қайтқанын
Енді ғана біледі.
Қырық үш адам қосылып,
Көңілдері жайланып,
Төбесі көкті тіреді.
Жамырасып, мәз болып,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қуанышқа кенелді.
Бәрі бітіп жұмыстың,
Төрт құбыласы теңелді.
Алдияр ұлы Мырзекең
Достарының көңілін
Осылайша жебеді.
Бас қосқан жері бұлардың
Қобдадан құлай ағатын
Майшат деген жер дейді.
Айдаған малға қолайсыз,
Асуы қиын өр дейді.
Білетін жердің бар сырын
Батыр Мырзаш ер дейді.
Оты мол, жазық жерлерді
Тағы да Мырзаш меңзейді:
—Ана бар ғой, жігіттер,
Малды бұрып оң жаққа,
Бір күндік жол жүрсең,
Алдымыздан кезігед,
Қызылсай деген бір жер бар.
Жазық жер содан басталад,
Аумағы сайдың емес тар.
Малды жайлап ақырын,
Сол алаңға тартыңдар.
Сайқыннан бастап дөрбіттің
Батыры түгел жойылды.
Іс артынан қауіп жоқ,
Оны да еске алыңдар.
Қызылсайға жеткен соң,
Жалғыз-ақ тік кезең бар.
Сонан ғана асамыз,
Бір ай жүрген Сайқынның
Машақат шатпақ жолдарын
Бірақ жеті басамыз.
Осылайша ер Мырзаш
Келер жолдың жобасын
Тасқа басқан таңбадай,
Анықтап сөйлеп берді енді.
мырзаш батыр
Бұл жерде бір күн дем алып,
Қызылсайды бетке алып,
Бұлар сонда қозғалды.
Қалыменен Мырзаш санасып,
Қалыптан тағы озбады.
Бұраң жолы өмірдің,
Келері қалай бұрса да,
Пенденің болмас таласы.
Әйтсе де онша жақсы емес
Ел батыры Мырзаштың
Оң жақ қара санының
Найзадан болған жарасы.
Достарына сезгізбей,
Аққұсын қатты жүргізбей,
Қайратқа салып келеді
Алдияр бабам баласы.
Бірнеше күн жол жүріп,
Қызылсайға жетеді.
Күрілдеген айдынды
Қызыл судан өтеді.
Жақындатып алысты,
Дұшманға бермей намысты,
Тағы да неше күн жүріп,
Ел шетіне жетеді.
Көп сөздің енді дұрысы
Уақиға еді бұл болған.
Мырзаш ердің дүрбіттен
Өмірінің соңында,
Үшінші болған ұрысы.
Ақырғы рет еліне
Әперген намыс бұл іс-ті.
Ер Мырзаштың көзіне
Бұрынғыдай жайнамай,
Самарқау келіп ілінді
Ата мекен, туған жер,
Сауыр таудың оң жағы.
Сарыарқаның шығысы,
Сауырға бұлар келіпті.
Қалың елдің ортасы,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ұмыт болып михнат,
Рахатын енді көріпті.
Жаралы деген сөзді естіп,
Алдын ала қалың ел
Жамырасып, Мырзаштың
Халын сұрап біліпті.
Жауға түскен мал-мүлік,
Ренжітпей халықты,
Мырзаш өзі бас болып,
Иесіне қайтарып,
Түгел бөліп беріпті.
Қырық жігітке ер Мырзаш
Қалмақтан түскен олжа атпен
Қоса есептеп барлығын,
Әр адамға он жылқы,
Бірдей етіп бөліпті.
Енді Мырзаш батырдың
Жарасының мән-жайын
Біраз сөйлеп өтейін.
Дұшманға бермей намысты,
Ел үшін қиған бір жанын
Ел қорғаған ерлердің
Аруағынан айналып,
Садағасы кетейін.
Мінуге атқа ер Мырзаш
Ауырлады жарасын.
Ертегі бұл сөз емес,
Шындыққа, жұртым, нанасың.
Тағдырдан келсе мүшкіл хал,
Құтылып қайда барасың.
Кешегі Мырзаш бұл емес
Жердің жүзін шарлаған.
Қарға адым жер мұң болып,
Көрсетпей тұр қарасын.
Алғыр ойлы сабаздың
Кемітті дерт санасын.
Атқа мініп жүруге
Бермеді кезең жарасы.
Ертісбай тұр жағалап,
мырзаш батыр
Қайталай байлап жараны,
Онан басқа қолынан
Неге келеді шамасы.
Жаны кейіп ұшып жүр,
Әділ жүрек, ақ көңіл,
Жасынан бергі шын досы,
Көңілінде жоқ аласы.
Оңтүстік Сауыр сілемі,
Мырзаш жатқан осы жер,
Шағылтас деген жер екен.
Осы жерден салт атқа
Мырзаш туған Шитөбе
Бір-ақ күндік жер екен.
Отызын елге жіберіп,
Он жігітпен Ертісбай
Қасында Мырзаш қалады.
Басқадай лаж-айла жоқ,
Жүрісіне Мырзаштың
Енді бұлар қам жасап,
Жақсы, жайлы жүрістің,
Ақылын ойлап табады.
Астын толық жұмсақтап,
Шаңыраққа салады.
Ағаш байлап шаңыраққа,
Екі-екіден төрт жігіт
Ерді ортаға алады.
Бірер күн түнеп араға,
Үйіне алып барады.
Ел-жұрты болып жиылып,
Басына жастық қойғызып,
Аузына сусын бергізіп,
Қара лашық киіз үй
Төсегіне салады.
Бұл жарадан ер Мырзаш
Бір ай жатып төсекте,
Біржолата жазылып,
Сауығып әбден болады.
Мұнан кейін кешікпей,
Қызба деген күшең дерт
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Мырзашқа кез болады.
Емдемек болған балгерден
Мырзаш батыр біржола
Аулаққа өзін салады.
Ана бар ғой, балгерлер,
Маған енді ем қонбас-ты.
Шәйіт болар келді кез,
Тағдырға шара болмас-ты.
Алдияр атам жетелеп,
Түсімде келіп жармасты.
Енді жаным қала алмас,
Емдеуге мұнан былай да.
Мырзаш енді көне алмас,
Менен аулақ жүріңдер,
Мырзаш жөнге келе алмас.
Осыны айтып ер Мырзаш,
Теріс ауып түсті де,
Өмірде мұндай болмаған,
Көзіне алды біраз жас.
—Ау, Шәкежан, жалғызым,
Зерек едің әуелден.
Анаң менен Ертісбай,
Үшеуің жақын келіңдер.
Ренжімей тағдырға,
Разы болып көніңдер,
Қолдарыңды беріңдер.
Мына бір сөзге құлақ сап,
Зиын қоя сеніңдер.
Елге істеген еңбекті,
Дұшманға қылған қайратты,
Өсиет қылып халыққа,
Алып-қоспай анығын
Баяндап айтып беріңдер.
Дүниядан басқа арман жоқ,
Ең асыл арман көңілімде,
Көрге бірге кеткендей.
Осы жазда сапармен
Петрбурға бармақшы ем.
мырзаш батыр
Пржебалскимен кеңесіп,
Көп кедейдің қамы үшін,
Ақыл-кеңес алмақшы ем.
Достығымды ұлы орыс
Халқыменен ұзартып,
Елдегі қалың кедейді
Бақытты жолға салмақшы ем.
Пржебалски Жайсаңнан
Қайтарында қоштасып,
Шығарып салып қайтып ем.
Көңілде жүрген арманның
Бәрін тегіс айтып ем.
«Азат болар күн жақын,
Асықпа, Мырзаш», деп еді.
Сұм тағдыр мұрша бермеді,
Игілікті ел үшін,
Тағы айтарым көп еді.
Тағы айналса сол досым,
Менен сәлем айтыңдар.
«Әлі де талай, Мырзашым,
Кезігерміз», деп еді.
Осыны айтып қайран ер,
Жуырқанын10 жамылған
Бетіне тарта жабады.
Ағайын-туған елі боп,
Мырзаштың сапар мәңгілік
Жабдығын қолға алады.
Мырзаш жоқ енді халқына,
Ақырғы демі таусылып,
Елу тоғыз жасында,
Ел-жұртының қасында,
Жер күңіренткен қайран ер,
Мырзаш дүния салады.
Кешегі сұмырай заманда
Ел қорғаған қамқор ер
Шитөбедегі Ақбейіт
10 көрпе
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Деген жерге жерленіп,
Астаудай топырақ жамылып,
Бір белгісіз қалады.
Осылай батыр Мырзаш көзін жұмды,
Қалдырып аласапыран дүния сұмды.
Көлденең сұрағанға алып қоспай,
Оқушым, баяндадым болған шынды.
Мырзаштың соңғы ерлігін еттім баян,
Уақиға бұл әңгіме көпке де аян.
Ер Мырзаш арманына жетпей кетті,
Сұм дүния еткен еді кімге баян.
Не айтат деп келешекте көптің сыны,
Мұны тердім көнеден айлар, жылы.
Көп сөз кеп бір арнаға түскеннен соң,
Келтірдім өлең жырға сонда мұны.
Кедей қамын ер ойлап көзін жұмды,
Ойлаған ақ ниетке жетпей тынды.
Болмаса хан мен сұлтан сойқанды ісі,
Қаралы көрмес еді мұндай күнді.
Сұм тағдыр кеп кенеттен үміт бітті,
Жетсем деп жарық күнге үміт күтті.
Ойлаған алғы мақсат, арман тілек
Қапыда қайран ермен бірге кетті.
Жер шарлап батыр Мырзаш сапар шеккен,
Құтқарсам деп кедейді хан мен бектен.
Пржевальскиймен достасқан зор үміті,
Кейінгі ұрпағына келіп жеткен.
Елге әйгілі ер Мырзаш оң менен сол,
Ел қорғаған Мырзаштың еңбегі мол.
Ел қадірлеп еңбегін соның үшін,
Ел аузында жатталып қалғаны сол.
мырзаш батыр
Мырзаш деп үшінші рет алдым қалам,
Ел қорғаған ер үшін барлық санам.
Үшінші ерлігіңді аз жырладым,
Қасиетіңнен айналдым, ұлы бабам!
Сіз үшін қолдан келген осы барым,
Басқадай қолдан келер жоқ қой шарам.
Қоштасып аруағыңмен ең соңғы рет,
Бітірдім ерлігіңді енді тәмам.
Мырзаш батыр данасы,
Алдияр батыр атасы.
Руы найман төртуыл,
Тұзақшы еді бабасы.
Мырзаш батыр түс көргіш,
Қызыр берген батасы.
Қызырдан түсте бата алған,
Сәуегөй батыр атанған.
Жайшылық ұнар және бар,
Жайшын тас алған данышпан.
Жаушылық сонан көп болған
Қазақ, қалмақ жонынан.
Жері жоқ қазақ сиыспай,
Қан төкті қалмақ елінде
Алдияр батыр әкесі
Қалмаққа соғыс салыпты.
Қалмақты қуып, қан төгіп,
Босатып жерін алыпты.
«Ел үшін жер алам» деп,
Қамалды талай бұзыпты.
Қазақтан қалмақ жеңіліп,
Алтайдан асып ауыпты.
Алдияр батыр соғыста
Жау қолында өліпті.
Мырзаш пен Дәуіт екі ұлы
Жас екен, жетім қалыпты.
Бай ағайын қараспай,
Жетім-жесір болыпты.
Төртуылда батыр Баймұрат
Алдияр батыр құрбысы.
Барақ батыр Көкжарлы
Мырзаш батырдың қиссасы
(Ержан Ахметов нұсқасы)
мырзаш батырдың қиссасы
Осылардың тұрғысы.
Алдияр өліп, Баймұрат
Барақпен даңқы шығыпты.
Баймұрат, Барақ атанып,
Тәрбие қосып қойыпты.
Жиырмаға Мырзаш келген соң,
Ат жалын тартып мініпті.
Алауыр топ қызынып,
Барсам деп жауға жүріпті.
Ұйқыда жатып түс көріп,
Енді жауға кір депті.
Жиырма жасқа толғанда,
Садақты қолға алғанда,
Түсінде аян беріпті.
«Қайтпайды бетің барғанда,
Әкемнің қанын алсам, деп,
Дүрбітке соғыс салсам, деп,
Әкемнен жаным артық па,
Жау қолында қалсам», деп,
Шығыпты жауға ерленіп,
Жасасты дүрбіт Ертісте.
Қалмақтың ханы Қалдан еді.
Он көрпенің үстінде
Дүрбіт қалың, қазақ аз,
Жасасқан жау екірейсе,
Дүрбітте батыр Бадыған
Жекелеп шықты белсене.
Ұйлығып қазақ қорқып тұр,
Бадыған батыр «кел» десе.
Қазақтан шапты бір бала
Қолында найза сол жерде.
«Алдияр» деп ұран салыпты,
Дауысы әрең естіле.
Бала шауып барғанда,
Бадыған батыр тұрғанда,
Менсінбеді Бадыған
Баланы жең деп ұрғанда.
—Жасың үлкен батырсың,
Кезек сенікі, кел мұнда.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Мырзашқа Бадыған сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
—Қорықпай шапқан сен, бала,
Жөнінді айтшы кім?—дейді.
—Жөнімді айтсам, мен—қазақ,
Найманнан шыққан баламын.
Жиырмада жасым, мен—Мырзаш,
Алдияр әкем дананың.
Жас екен деп аяма,
Әкемнің қанын аламын.
Бадыған сонда ойлады:
«Тұқым жау екен бұл» деді.
Тор шұбар тұлпар астында,
Садақты тартып қалады.
Дарымай оғы кетеді,
Қолтығынан өтеді.
Оқтан аман қалған соң,
Мырзаш шауып жетеді.
Жүректен найза салады,
Бұлғап-бұлғап қалады.
Бадыған батыр таудай боп,
Ат үстінен құлады.
Батыр аттан ұшқан соң,
Жасанған қалмақ қашады.
Ұйлығып тұрған аз қазақ
Жау қашқан соң шабады.
Қашқан жауды қиратып,
Талайдың қанын шашады.
Батыры өліп, жау қашып,
Олжаны қазақ басады.
«Бадыған батырды өлтірген
Қай бала?» деп сұрасты.
Жау қашқан соң қазақ боп,
Жиылып басын құрасты.
—Алдияр батыр баласы,
Мырзаш атым мен,—дейді.
Соғысуға қалмаққа
Жиылып жатыр ел,—дейді.
Әкемнің қанын алсам деп,
мырзаш батырдың қиссасы
Келіп едім,—деп сөйлейді.
Бадығанды өлтірдім,
Әкемнің қаны төленді.
—Әкеңнің қанын алдың сен,
Мырзаш атты жас бала,
Жауға қарсы шапқанда
Қорықпадың жасқана.
Бадыған сені өлтірсе,
Боламыз деп екімасқара.
Баймұрат батыр, Алдияр
Тізе қосып шауып еді.
Дүрбітті қуып көшіріп,
Төртуылға олжа салып еді.
Алтайдан қуып айырып,
Алтай мен Ертісті алып еді.
Солар өліп төртуыл,
Батыр жоқ боп қалып еді.
Ақболаттан Садырбай
Саған жолдас болатын.
Тізе қосып шабыңдар,
Жаудан кекті алатын.
Жауды жеңіп, кек алдың
Ел сусыны қанатын.
Ерлігіңе ел сүйсінді,
Елге басшы боласың.
Ел иесі екі би—
Назар менен Секербай
Бата берді Мырзашқа:
—Қарсы тұр жауға жасқанбай,
Жомықтың Қамбар төресі,
Қамбарды берген Абылай,
Қамбардың Санияз әкесі,
Жәнібек батыр тұс дейді-ай.
Мырзаш батыр олардан
Кейін шықты тартып-ай.
Қалмаққа барса, жайлатып,
Жылқы айдайды соғыспай.
Олжаны елге көп салды,
Мыңнан кем жылқы айдамай.
23-279*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бес пен төрт жүз айдаса,
Аз дейді оны қомсынбай.
Тізе қосып шабады
Жан жолдасы Садырбай.
Ақболат пен Тұзақшы
Бір төртуыл баласы-ай.
Ел шетін жауға бермеді,
Тізе қосып аянбай.
Мырзаш батыр түс көред,
«Ертең сондай болад» деп,
Айтқан сөзі дәл болад.
Жау жеңіліп өлед деп,
Қатерлі күнде шықпайды,
«Жау жеңеді болмайд» деп.
Бұл батыр түс көреді бір күн түнде,
Мал жатыр отар салған иен жерде.
«Қан төкпей, соғыс салмай, мал аласың»
Деген соң жүрді Мырзаш салқын күзде.
Екі ай жүріп мал жиды жау бетінен,
Түс көріп, жаулық қылмай ретінше.
Айдаған екі ай жүріп мыңдай қара,
Жете алмай қаңтар ай аязға ене.
Қаңтардың қалшылдаған сары аязы,
Қалмақтың иенге айдап салған малы.
Сар барақ асу аузы қалың түйе,
Іңгенді иіріп жүр сол бурасы.
Атағы ол бураның жерді жарған,
Жараса жан адам жоқ оған барған.
Ұраңқай бурасына сенген үшін
Асудың тақ аузына айдап салған.
Асуға батыр малды айдап келді,
Жиғаны мыңдай қара, екі ай жүрді.
Алтайдың қары қалың, жолы дара,
Бураға бұрылар жоқ кері келді.
мырзаш батырдың қиссасы
Бурадан жолда жатқан ел қорықты,
Мырзаш батыр «мен барайын оған» депті.
—Жігіттер, ырғай сапты қамшың болса,
Жолдастар, маған әкеп көрсет,—депті.
Қамшысын ырғай сапты біреу берді,
Ол сапты үш тұтам қып киіп апты.
Үшкіртіп екі басын қолына алып,
Бураға барайын деп жалғыз кетті.
—Тұрыңдар қарауылдап салып көзің,
Көрініп атой берсем, болар жолым.
Айдаңдар сонда малды қауіп қылмай,
Бура өлгенін білерсің, осы сөзім.
Бураға таудан түсіп жалғыз барды,
Көрген соң құстай ұшып бура келді.
Қасына кеп жата қап аунап-аунап,
Күркіреп айдаһардай ауыз салды.
Белсенген жалаңаш қол қолында істік,
Екі жағын екі тұтам алды үшкіріп.
Аузын ашып ашумен қапқанында,
Аузына жұдырығын қалды тығып.
Сонан соң бура тұрды аузын ашып,
Қаптым деп жұдырығын қалған басып.
Қолымен бірге қапқан істік ырғай
Аузының асты-үстінен шықты тесіп.
Сонан соң атой берді жолдасына,
Жолдастары малды айдап бармасын ба.
Кекжиіп кісі алатын қарт бура тұр,
Кеп көрсе, ырғай кіргеш аузына.
Не қылып жүрек жылымай тұрған шыдап,
Осындай сан ерлігі кеткен ұнап.
Малды айдап, Алтайды асып, аман келген,
Осындай сан ерлігі бар айтсам санап.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Мырзаш батыр ойлаған ел намысын,
Жау болған қазақ-қалмақ жер таласын.
Кісі өлген, қан төгіскен соғыс болсын,
Қайран ер Мырзаш батыр есе алатын.
Жолдас болған Пржевальский орыспенен,
Орыс кеп жаңа түскен қоныспенен.
Ояз келіп қаратып, қала салып,
Сайлаған старшын, би, болыспенен.
Қойған жоқ жаушылықты қалмақтар да,
Жылқы алды қазақтан кеп ұраңқай да.
Көпен, Қалит болыстың тұсы екен,
Жылқы алды ұраңқай кеп сар жайлауда.
Қуғыншы қазақ болып атқа мінді,
Баласы төртуылдың түгел қуды.
Көп кісі жете алмады күн кеш болып,
Жарамды он бір кісі қуып кетті.
Басшысы он бірінің Сайжан батыр,
Қос-қос ат жетеміз деп келе жатыр.
Басынан Буыршынның асып кетіп,
Жете алмай ат болдырып, қайтады ақыр.
Төртуыл кеңес қылды бір болыс ел,
Жылқының көбі Көпен болыстан дер.
Ел Ертіске келген соң кеңес қылып,
«Малға мал біз де айдатып аламыз» дер.
Мырзаш батыр жоқ еді дәл сол тұста,
Кетіпті ел көшіріп Жетісуға.
Барған елін көшіріп аман кепті,
Алғызбай не тосқыншы нелер жауға.
Келген соң ел адамға батыр барды:
—Әй, батыр, сен жоқ болдың, жылқыны алды.
Малға мал ұраңқайдан біз де алайық,
Не болса да көрерміз ақыр,—дейді.
мырзаш батырдың қиссасы
Қалит болыс, қанделет Көпен еді,
Қалитті Көпен басып сөйлеуші еді.
—Мырзеке, осы жолға аттаныңыз,
Мал дағы, намыс тағы өзіңдікі.
—Ұсынған сөздерің жөн, болыс, биім,
Жауға қарсы тұруға өз міндетім.
Бұл жолға барсам егер келе алмаймын,
Қауіп-қатер жол болып тұр көрген түсім.
Көпен айтты: «Мал кетті жұбанатын,
Ыстық түссе, батпақ көл суалатын.
Түс көріп түн ұйқыда қорыққан жан,
Бұрынғы айтқан өңінде қуанатын».
—Пржевальский инженермен жолдас болдым,
Дүние кезіп бір жылдай бірге жүрдім.
Жер, суды, тау мен тасты түспен көріп,
Дәл болып айтқанымдай ертіп жүрдім.
Түсімде жауға шықтым жолдас ертіп,
Мал алдым, мен соғыспай еркін жүріп.
Ауырып жолдасымнан жолда қаппын,
Бір қары ит, отыр едім, кетті қауып.
Түсімде жолдасым жоқ жалғыз қаппын,
Жолдасым бәрі тастап кетіп қапты.
Көзі отты, түсі суық, қары ит қауып,
Сол жерде бір қапқанда өліп қаппын.
Бұл түсім қауіп түс деп ойыма алдым,
Шошынып жолға шықпай жатып алдым.
Қалит болыс, қанделет Көпен еді,
Ел болып шақырған соң тағы бардым.
—Мырзеке, Ұраңқай кеп жылқы айдады,
Қуғыншы Сайжан батыр жете алмады.
Әкетті қырық жылқы бәрі рас,
«Тәуекел барыңыз» деп салмақ салды.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Пржевальский инженермен бір жыл жүрдік,
Алты ай Сауыр сай-саласын түгел білдік.
Бармасаңыз, осы мал кетті жауға,
Барыңыз, аман-есен болар жолың.
Ел болып ұйғарған соң жүрмек болдым,
Өзімнің көк шұбарым ұстап міндім.
«Түсімді айтсам, шошынар қатын-бала,
Тәуекел жүрейін» деп сыр бермедім.
Жылқыайдар қасыма ерді, Сайжан батыр,
Аттандық алты кісі мұңғылға ақыр.
Бір жолдасым Елесбай қорқақ еді,
Қорықса, салушы еді заманақыр.
Біз бардық сегіз қонып Ұраңқайға,
Мың-мыңнан жылқы жатыр әрбір сайда.
Іріктеп қырық жылқыны біз дағы алдық,
Барған соң малды қуып барымтаға.
Айдадық алты кісі тыным таппай,
Қуғыншы неге жатсын малын қумай.
Жайлаттым арт жағымды жауындатып,
Қуғыншы адассын деп жол табалмай.
Басынан Алтыбайдың кеп астық аман,
Ауырдым, жүре алмадым, бар ма шамам.
Жиып ап жолдастармен ақылдастым,
Айтыңдар ақылыңды сендер маған.
Сөйледі Сайжан батыр: «Әй, Мырзеке,
Жан тәтті кімде-кімге дүниеде.
Басынан Буыршынның аман ассақ,
Жетерміз тәуекел ғой ел шетіне».
Сол күні тағы жүрдік амал бар ма,
Жетелеп алып жүрді әрең зорға.
Күн санап ауырладым мен жүре алмай,
Қай жерде жем қылар деп құзғын-қарға.
мырзаш батырдың қиссасы
—Мен үшін айналмаңдар, жолдастарым,
Жүруге болар емес бітті мәнім.
Қасыма біреуің қал жолдас болып,
Қалмасын жау қолында алған малың.
Сайжан айтты: «Қасыңда мен қалайын,
Елесбай, жылқыны айда, тоқтамасын.
Қар қалың, адасам ғой жол таба алмай,
Мен анық білмеуші едім жердің жайын.
—Қанжарым түсіп қапты менің жолда,
Білмеймін қашан түсті қай арада.
Бұл маған жаман ырым, жолдастарым,
Сәлем айт барғандарың ел мен жұртқа.
Сайжан, сен жылқыны айда өзің бастап,
Елесбай, қасымда бол, атымды ұстап.
Қанжарым бауы үзіліп түсіп қапты,
Қалғаным осы, міне, көзім жайнап.
Елесбай бір жолдаспен бірге қалды,
Үш жолдаспен Сайжан жылап кетіп қалды.
Басында Буыршынның су айырық
Жайлатып тоқтататын қанжар қалды.
Елесбай бір жолдаспен қарауылда,
Шылбыры көк шұбардың өз қолымда.
Қуғыншы ізіменен келе жатыр
Деген соң, тағы мінді көк шұбарға.
Елесбай жауды көріп қашып келді:
—Мырзеке, о қайтеміз,—деп сасып келді.
—Тұрыңдар қарауылдап хал кеткенше,
Қайрат қып ұраңқайға соғыс салды.
Түсірді топырлатып найзаменен,
Ұраңқай қайта қашты ізіменен.
Қуғыншы он кісі екен, біреуі өлді,
Өлігін тастамады алып кеткен.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ауру әлі кетіп аттан түсті,
Елесбай қасқа келмей қашып кетті.
Отырды шылбырды ұстап көк шұбардың,
Біреуі ұраңқайдың жалғыз келді.
Атына мінейін деп міне алмады,
Орнынан үш ұмтылып тұра алмады.
Ұраңқай әл кеткенін білгеннен соң,
Төбеге шоқпарменен бір-ақ салды.
Қайран ер қаза болды бір ұрғаннан,
Ұраңқай көк шұбарды алды қолға.
Онына, отызына болмайтұғын
Қайран ер қаза жетіп қалды, солды.
Ұраңқай атын алып жүре берді,
Елесбай жау кеткен соң сонда келді.
Көтеріп бір үңгірге алып келіп,
Бетін түзеп аманат қойып кетті.
Басы еді Буыршынның су айырық,
Сау болса, көк шұбарға бір-ақ күндік.
Қазаға келіп қалған амал бар ма,
Өлтірді бір ұраңқай бір-ақ салып.
Қалың қар жөнеледі енді Елесбай,
Кейде бар, кейде жоқ боп жол таба алмай.
Басынан су айырық аман асып,
Осындай қаза болды деп хабар қыпты-ай.
Қанжары түсіп қапты қалың қарға,
Кез қылды Құдай айдап кең мен тарға.
Тимейтін атса мылтық ер Мырзекем,
Тұрған соң тағдыр жетіп амал бар ма?!
Елесбай жан ашымас жолдас еді,
Жасында қырық кісіге болмас еді.
Қасында жан ашитын жолдас болса,
Далада ер сүйегі қалмас еді.
мырзаш батырдың қиссасы
Қазақтың қайран батыр арыстаны,
Өзімен дұшпан беттеп алыспады.
Жасынан қаһармандай қайрат еткен,
Найманның өз тұсында данышпаны.
Белгілі аты-жөні бұл найманға,
Бұл дүние кімнен өтпес шыр айналма.
Бұйрығы есіл ердің түзде бітті,
Ылаж жоқ істің бәрі Құдайдан да.
Ел болып естіген соң ақыл қылды,
Баласы төртуылдың жиылды енді.
Садырбай, Сайжан менен екі батыр
Бас болып беремін деп екі ат алды.
Он кісі, екі батыр бас боп жүрді,
Елесбай жолды бастап қасына ерді.
Аманат қойған жерде жатыр екен,
Сүйегін қайран ердің алып келді.
Бәрі жас, балалары жетім болды,
Сүйегін тауып әкеп аман қойды.
Тұрғамбай бір түтіннен ең үлкені,
Екіншіден Әбдірахман алғы еді.
Інісі Мырзекемнің Дәуіт еді,
Дәуіттің Жортақбай ед жалғыз ұлы.
Інісі бар жетімді Дәуіт бағып,
Ағайын, алыс-жақын қарамады.
Қайран ер қаза болды ұраңқайдан,
Пржевал инженермен жолдас болған.
Алтай, Сауыр бәрін де аралатып,
Зайсанға қала салып орнаттырған.
Сауырдың ең басына барып шыққан,
Пржевальский Мырзашқа мынаны айтқан:
—Бұл Сауыр басқа таудың ең биігі,
Көретін бәрін түгел айнасы екен.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Аралап Алтай, Сауыр бәрін көріп,
Құбаның құмы толған құлан, киік.
Соған бастап барғанында разы боп,
Пржевал киік атқан оғын құйып.
Ол әңгіме мағлұм Руссияға,
Айрылған алты ай жүріп суық қыста.
Мырзаш батыр өлді деп есіткен соң,
Көп жәрдем берген екен балаларға.
Олжа алған, жауға салған қарамады,
Жетім боп қалды өңшең балапаны.
Талайға олжа салып, есе әперген,
Болған жоқ бір күнгідей бітті мәні.
Би-болыс қараған жоқ өлгеннен соң,
Қайран ер қапы кетті көңілшектен.
«Бұл жолға барсам, тірі келмеймін» деп,
Қош айтып ел-жұртына сөйтіп кеткен.
Жайлататын шұбар тас қанжарменен,
Байлаулы жүреді екен сабыменен.
Екеуі қалың қарға түсіп қалып,
Жайықша жау келмес ед ізіменен.
«Бір оқтық батыр» деген келді басқа,
Олжа сап асыраған қарындасқа.
Аюдың достығындай болды, міне,
Өзі өліп, күн туған соң ғаріп басқа.
Мінеки, Мырзаш батыр өлгендігі,
Көп шығар дүниенің еркіндігі.
Бұрынғы жолдастары не достары,
Ұмыт болды талайға олжа бергендігі.
Шығарған атым Ержан Ахметов,
Көргем жоқ жолдас болып бірге жүріп.
Бұрынғы көргендерден естіп жаздым,
Мәшһүр ғып шығарар деп үміт етіп.
Ой салар өткен іске көңіл бұру,
Өмірге көз жіберсең бір қыдыру.
Ер өткен, ел жаңарған, жол өзгерген,
Жаңда жоқ жаратылыс мәңгі тұру.
Ақыл сөз ойға қуат, бойға жылу,
Ұясы екеуінің паһым қылу.
Өмірдің құрбаны боп кеткен екен
Не шешен, басым батыр, көркем сұлу.
Өмірдің өшпес жолы өліп сыну,
Қозғалыс, қуат сөніп, бітіп тыну.
Тіріде елге паш қып айтпаған соң,
Пайдасыз ескі сөзін естіп білу.
Адамға әбден қажет өмір сүру,
Адам боп, адамшылық жолын құру.
Атақты Алтай тауын мекендеген
Найманда төрт төртуыл деген ру.
Бір табы төртуылдың ел тұзақты,
Ержетер елден қуып нелер жақсы.
Осы елден шыққан екен батыр Мырзаш,
Жан екен ерге серік, елге басшы.
Әкесі Мырзаш ердің Алдияр-ды,
Жан екен жалбыр тонды, малға жарлы.
Баласы жарлы шалдың батыр туып,
Ерлігі елге мәлім, есте қалды.
Мырзаш батыр
(Сағидолла Нұралин нұсқасы)
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Келген соң батыр Мырзаш он бесіне,
Орнаған жігер, намыс зердесіне.
Ұшырып бай, шонжардың үрейлерін,
Қоймаған қалағанын бермесіне.
Асынып қылыш-найза, шоқпар, мылтық,
Ығынан ел жуаны жүрген үркіп.
Аз сөзді, алғыр жүзді адам екен,
Сияқты сырт ажары қыран бүркіт.
Көп жерді осы Мырзаш аралапты,
Тап берген талайларды жаралапты.
Жауынан кегін алып, елге олжа сап,
Тамақ боп, киіндірген жалаңашты.
Болыпты кедей қарық олжасына,
Ер екен жанын қияр жолдасына.
Жүз сан мал, қалың қазына әкелсе де,
Тартпапты тамағы үшін өз басына.
Болыпты қара құрым туырлығы,
Міндеті—ел асырау, ауыр жүгі.
Өмірде мал дегендей болмайды екен,
Бір сиыр, жалғыз аттан басқа түгі.
Мал үшін өмірінде қайғырмаған,
Елінен, кедейінен асырылмаған.
Қуып жеп бай-шонжардың малдарынан,
Ер екен есе бермей айдындаған.
Шығыпты ұзақ жолға осы Мырзаш,
Ешкімге ақылдасып, кеңес қылмас.
Жоғалып үш жыл бойы кеткен екен,
Сияқты көшпелі алтын қолда тұрмас.
Жөнелген сырын айтпай жалғыз басы,
Жас бала, үйде қалған жар жолдасы.
Ел жылап, есіл ерін сағыныпты,
Көл болып, қамырығып көздің жасы.
мырзаш батыр
Тұзақшы сол мезгілде түгел кедей,
Ері үшін енді қайтсін қайғы жемей.
Басынып, ұрып-соғып, малын талап,
Кетіпті бай-шонжарлар адам демей.
Болғанда төртінші жыл атқан таңда,
Білгізбей, елге кепті ешбір жанға.
Ел тұрып жан-жағына көз жіберсе,
Қаптаған қалың жылқы жатыр маңда.
Жылқыға ел адамы барды шауып,
Батырын ұйқтап жатқан алды тауып.
Еріңіз ер жастанып жатыр екен,
Жарғағын жамылшығып бетке жауып.
Қуанып, құттықтады, ел ұрандап,
Батыры баяғыдай тұр бұлаңдап.
Әкелген жүз жылқыны елге беріп,
Алыпты мінуіне бір ат таңдап.
Тұзақшы топыр қылып той жасады,
Бар елге батыр сонда сыр ашады.
—Жер кездім үш жыл ұдай тыным таппай,
Ажалдан тура келген кім қашады.
Осыдан Алтай өрлеп жүріп кеттім,
Буыршын Қаба өзенін кесіп өттім.
Қара Ертісті қыран басып Көктоғаймен,
Шіңгілдің көк үйіне барып жеттім.
Медет қып жүре бердім деннің сауын,
Тұрады бұл жерлерде керей қауым.
Адамның зияны жоқ жай жолаушы,
Мен емес деп айтамын сенің жауың.
Жолаушы жөнімді айтып базыналық,
Ат күтіп, жүрген жерден анық алып.
Кезгенім, кедей елім, сенің қамың,
Келгем жоқ қауап қылып, қажы барып.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Мен бардым Орымжының боғдасына,
Құмылда Сарт Уаңның ордасына.
Қотаңды Қашқар тұрған араладым,
Ылаж жоқ жүрген жерге қонбасыма.
Сарт деген бұл жерлерде ел бар екен,
Күні ыстық, күйіп тұрған жер бар екен.
Көрінді көпшілігі қол есепті
Билеуші қожа, молда, дегдар екен.
Тоқтамай жүре бердім одан әрі,
Жер екен біраз тәуір Қарашары.
Мұңғұлдың уаңына есебі жоқ,
Халқының қарғыс айтып, айтқан зары.
Тебетке барып жеттім одан шығып,
Еш адам жөн білмеді тілімді ұғып.
Шашам ба көпке топырақ амалым жоқ,
Қараңғы бір қуысқа қойды тығып.
Бастығы түсі суық, бұжыр дүзді,
Батырың жаннан сонда үміт үзді.
Әйтеуір бір ай толған мезгілінде
Сөйлесті тауып әкеп бір қырғызды.
—Адаммын,—дедім,—сонда жиһан кезген,
Басшым бар, мейірімсіз елімді езген.
Әкелмек елді бастап ниетім бар,
Жайлы жер, жақсы жұртты көрсем көзбен.
Көп жерді содан бері араладым,
Көңілімде табылмады қалағаным.
Көмілмек өз жеріме ендігі арман,
Ажалсыз елге жетсе шала жаным.
Ат, киім, азық беріп қоя берді,
Көрмедім өзім мұндай аңқау ерді.
Лама келең кешіл жемі болған,
Халық екен қамаудағы қайғы, шерлі.
мырзаш батыр
Ел екен мал өсірген Тебет деген,
Құл болып қожасына жүрекпенен.
Дейтұғын Далайлама Құдайына
Мал, бала сұрап барар тілекпенен.
Бәрі бір көрген күні мұндағы елдің,
Көрмедім отырғанын жырғап елдің.
Базарын Манас Сауан баса жүріп,
Қыс түсе Қобы деген құмға келдім.
Отырған керей қыстап Қобы құмын,
Көп көрдім уыс-уыс аңның жымын.
Керейдің байға ілескен кедейлері
Аң аулап жан сақтайды көріп күнін.
Көп екен керейдің де азулысы,
Кедейге кесел апат жазым күші.
Жарлығын би-төренің екі қылмай,
Құдайдың деп біледі жазулы ісі.
Тынығып біраз жаттым еру елде,
Аң аулап шықтым бір күн серуенге.
Қобының қазан шұңқыр бір құмында
Жолықтым бір топ орыс керуенге.
Ішінде бір адам бар ерге лайық,
Басшысы осы ғой деп білдім сайып.
Көргенде өздеріңді, бауырларым,
Көрістім аттан түсе құшақ жайып.
Біреуі қазақ тілін біледі екен,
Бұлар да дүние кезіп жүреді екен.
Бастығы Приживал11 деген адам,
Өзімнің Отанымның түлегі екен.
Айтыстық әбден ашып жөн мен жайды,
Іштегі сырды шертіп бір талайғы.
11 Приживал—Пржевальский.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бұлар да шығыс жақты түгел кезіп,
Өткізбек осы құмда бірер айды.
Бастығы Приживал ғалым екен,
Атағы Россияға мәлім екен.
Анықтап ел мен жердің жаратылысын
Бермегі жас ұрпаққа тәлім екен.
Мен де айттым жүрген жүріс жөн-жайымды,
Отырды барлай қарап ыңғайымды.
—Мен жалғыз жер кезуші,—дедім,—төре,
Елімнен толық үш жыл дәм айырды.
—Дүниені,—деді маған,—неге кездің,
Жасырмай жөнін ұқтыр бұл мінездің?
Жабайы жай қазақтың бірі екенсің,
Жер кезіп, жеке жүріп нені сездің?
Бөгелдім бұл сұраққа біраз тоқтап,
Тұрғандай тиді сөзі мылтық оқтап.
Жасқандым шенді шенел киімінен,
Дегенге ел намысын жүрмін жоқтап.
Әйтсе де бел байладым тәуекелге,
—Бермексіз сіз де білім кейінгі елге.
Елінің еркіндігін іздемей ме,
Анадан адам болып туған бенде.
Рас, біз надан елміз қазақ деген,
Қазақта көп емес пе азап деген.
Елімнің билеушісі бай мен болыс,
Барады күн көрсетпей мазақпенен.
Өзімнің туысым бар біраз ауыл,
Басында күнде боран, зарлап дауыл.
Жер тапсам, жайлы мекен көшпек едім,
Жөн көріп тілімді алса аға-бауыр.
Аралап талай жерді көріп келдім,
Жақтырмай бәріне сын беріп келдім.
мырзаш батыр
Көз көрмей, көңіл сенбей болар ма еді,
Алпаты көше қашсам желіңбенен.
Амал жоқ жайлы мекен таба алмадым,
Алысқа атпен құлаш жаза алмадым.
Иә, тақсыр, көңілдегі шыным осы,
Қойсаң да құлы қылып қазарманың.
Аударды орыс тілмаш бірін қоймай,
Қояр деп ойлағам жоқ мені соймай.
Бетіме барлай қарап көп отырды,
Жыбырлап қалың мұрты терең ойлай.
Орнынан түрекелді күлімсіреп,
Білінді бейнесінен адал жүрек.
Арқама алақанмен екі қағып,
Айқасты мойныма алып білек.
—Батырсың, барып тұрған Алдияров,
Көп жерді аралапсың,—деді,—барып.
Жетпейді бұл арманға сенің өмірің,
Кейіме, келешектің алды жарық.
Өмірдің осы күнгі бәрі алдамшы,
Алысқан алдамшымен сен арманшы.
Әзірше асығудың қажеті жоқ,
Кім мақұл кейін мәлім, кім жалғаншы.
Басынан су аяғы ылайланар,
Кеткен соң мидан сезім тіл байланар.
Езілген жалғыз сенің ауылың емес,
Не нәрсе бастан төмен шыр айланар.
Ұқтың ба, Алдияров, сөз мәнісін,
Болды ма жалғыз ауыл бар танысың.
Талабың таудай екен, ойың қысқа,
Демеймін бұған сені кінәлісің.
24-279*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
«Ұқтым» деп тұра келдім қол қусырып,
Кеткенін сезбей қалдым қатты үн шығып.
—Адаммын мен де өзіңдей деді төре,
Ылайық, жандарымға бұл құлшылық.
Күттірді төре мені қатты сыйлап,
Батыр деп таныстырды бәрін жинап.
Қараңғы оқымаған, надан қазақ,
Қалай жүр деп таң қалды жанын қинап.
—Иә, батыр, бізді тастап кетпе,—деді,
Бір елден шығып қаппыз шетке,—деді.
Осы жол сапарымның ішіне алып,
Етермін сені таныс көпке,—деді.
Қағазға тартып алды сөретімді,
Өзімнің осы бейне ретімді.
Жүруге бірге ілесіп уәде бердім,
Жөн көрмей төременен тіресуді.
Сонымен бірге жүрдім дәл тоғыз ай,
Тамақ тоқ, киім бүтін, ат-көлік сай.
Әліммен ана бар ғой жолдас болдым,
Жүргем жоқ, бекер қаңғып мен дағы жай.
Ілесіп орыстармен Құлжа бардым,
Ондағы халықтардың сырын алдым.
Салыпты ел басына темір ноқта,
Әкімі Жамбылдағы қытайлардың.
Құлжада мұңғыл-қазақ, қытайлар бар,
Ел екен еңіреген заңдары тар.
Шәуешек, Еміл, Жайық бәрін көрдім,
Келмейді өз жеріме бірде-бір пар.
Адамның туған жері алтын бесік,
Отаным, өз мекенім ашық есік.
Ажалым өз жерімде келсе, арман жоқ,
Өтсем де мың жыл жасап, өмір кешіп.
мырзаш батыр
Шыдаңдар шонжарлардың зорлығына,
Күн туар тоқтау болар қорлығына.
Бұл сөзді Приживал досым айтқан,
Мен сендім онда ақыл молдығына.
Тоқтады батыр көпке барлай қарап,
Тыңдады үн шығармай бүтін алап.
Мырзаштың батырлығы, батылдығы
Тоқталмай әр тарапқа жатты қарап.
—Елі мен жер еске түсті, бала, қатын,
Сағындым елімнің ер-азаматын.
Емілдің өзенінде елге қайтпақ
Алдым мен ғалым достың рұқсатын.
Ат берді, ақша берді, ақыл берді,
Көргем жоқ, өзім туып мұндай ерді.
Барам деп Жайсаңға да айтып еді,
Аралап шығыстағы біраз жерді.
Қоштасып, қолды алысып, тура тарттым,
Нанын жеп, шайын ішіп, дүңген сарттың.
Жорғасын Қарашардың мініп алып,
Бір атқа ыңыршақтап олжамды арттым.
Мен жеттім Шабан оба асуына,
Аспанда ай таяды батуына.
Алдымда жылтылдаған от көрінді,
Жөн емес одан қорқып қашуыма.
Қарасам қалың жылқы жатыр сайда,
Үн шықты ұрып таста қайда, қайда?
Айқасып абың-күбің шоқпарласты,
Біреуі қайратты екен бірталай да.
Үш кісі меніменен айналысқан,
Алдырмай көп қинады әлгі дұшпан.
Алғашқы «ана бар ғой» арпалыста,
Екеуін екі салып ұрып жыққам.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жүгімен қоя бергем қосарымды,
Шұңқырлап үркіп жылқы қотарылды.
Тізеден бір айналып ұрғанымда,
Әлгі жау «ана бар ғой» қопарылды.
Бөксеге қайта айналып кеттім салып,
Атынан арпаң қағып түсті талып.
Тоқтатып топ жылқыны аттан түсіп,
Қарасам қара шонжар жатыр алып.
Жинадым үшеуінің басын қосып,
Қасында демді алып жаттым тосып.
Маңдайым жараланып менің дағы,
Ағып тұр абайласам қаны жосып.
Басымды таңып алдым орамалмен,
Үш кісі қарауымда қора малмен.
Ат-тұрман, киімінің үлгісінен
Таныдым керейлігін жорамалмен.
Болғанда қылаң беріп таңға таяу,
Көтерді әлгі батыр басын баяу.
Атымды шылбырынан мықтап ұстап,
Қасында отыр едім мен де жаяу.
Көзін ашып мені көрді қасындағы,
Көрінед тең тұрғылас жасымдағы.
Қатені кешіңіз деп сәлем берді,
Ер екен, жеңілгенін жасырмады.
Бір-бірлеп есін жиды екеуі де,
Кетіпті екеуінің кетеуі де.
Ұрып ем қан шығармай үшеуінде,
Дұрыс қой ерлікке ерлік өтеуіне.
Әуелі қол алысып амандастық,
Қағысып, қалжың айтып замандастық.
Іргелес ел екеміз қатар жатқан,
Басында байқаусыздан жамандастық.
мырзаш батыр
Мен де айттым, о дағы айтты аты-жөнін,
Орыстың кешірістік артық-кемін.
—Мекенім—Қарашұқы, атам—Бұқай,
Бұқым деп түсіндірді атым менің.
Бұқыны жүруші едім бұрын естіп,
Дүздесіп көрмеп едік, бет егес қып.
Керейдің кегін қуған ер Бұқысы
Тар жерде «ана бар ғой» кезікті үстіп.
Жылқыны алған жері Шыған тоғай,
Тау беті бейбіт елден олжаны оңай.
«Бәрібір найман малы менікі» деп,
Бұқыдан бұл жылқыны алдым солай.
Жөнелді Бұқы батыр өз жайына,
Келмеді тартып алар ыңғайына.
Іздесе мал иесі, менен алсын,
Көп малды елден тығып ұрлайын ба!
Бұқының кегі кетті жүрегінде,
Кек күшті көрінеді мінезінде.
Етіңдер азық-ауқат, мінер көлік,
Бұл малдың бар сұрағы бір өзімде.
Осылай ұғындырды жөнін айтып,
Еліне үш жыл жүріп келген қайтып.
Найманда батыр Мырзаш төртуылмен
Ту болған тұзақшыға алтынды айшық.
Сонымен бір талай жыл өмір кешті,
Өткізді өршіл батыр сан егесті.
Би Шөкен, болыс Бекбай, Қалиттармен
Ер жетті, ел ерленді Бұғы теңесті.
Бірталай алыс-жұлыс заман өтті,
Батырдың алпыс төртке жасы жетті.
Атасы Атан тайлақ Сәкенбайдан
Ұранқай тоқсан жылқы алып кетті.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Мекені Ұранқайдың Қабақанас,
Тегі жау баяғыдан атасы алаш.
Ежелгі қазақ, қалмақ жаулығынан
Мұра боп келе жатқан осы талас.
Алтайда аң қараған бір Ұранқай
Жоғалып көптен бері бұзды шырай.
Дәл соның төртуылда жаласы бар,
Іліксіз бұл жылқыны алған жоқ жай.
Жиналды басын қосты, ел жуаны,
Бірікті уезд Зайсан бір дуаны
Кек алып Ұранқайдың малын қумақ,
Осыған ұйғарылды жұрт пыланы.
Намысқа барсын десті кәрі батыр,
Қайраты қажыған жоқ әлі батыр.
Алтайдың жолы таныс өзі барсын,
Басшыға басқа адам жөн болмайды ақыр.
Батырға бар төртуыл салды салмақ,
Бар мұңын айтып жатыр бай да зарлап.
Саба артып, қойын үйтіп бәйбіше кеп,
Ат тартты ақ қояндай батырға арнап.
Би келді, старшин мен болыс келді,
Дуаннан уезд жұмсап орыс келді.
«Қайратты қартайғанда бір көрсет» деп,
Бәрі де жалғыз ауыз болып кетті.
Қысылды батыр көптің назарынан,
Байқалды қысылғандық ажарынан.
Түнеріп, басын шайқап былай депті,
Алғандай анық хабар ажалынан.
—О, жұртым, мен келіп ем алпыс төртке,
Ел үшін талай қыспақ түстім өртке.
Деуші едім, жерімде өлсем, арманым жоқ,
Жете алмай қалар ма екем айтқан сертке.
мырзаш батыр
Бар еді тәжірибем болжайтұғын,
Қазірде көрмей жүрмін ондай түгін.
Қалады-ау қатын-балам қасіретте,
Орныма мәңгі бақи талмайтұғын.
Қайтесің мені қинап қартайғанда,
Денеден күш азайып жалпайғанда.
Мен барсам, көрмейсіңдер сүйегімді,
Бұлданып, жорымаңдар шалқайғанға.
Көп айттым, уайым қылма, жоқ немені,
Адамнан, ажал келсе, от сөнеді.
Егер де ажал келсе-ақ бұйрықты,
Табармыз, тастамаппыз бір денені.
Қынжылды қиналғандай батыр сонда,
Сапарды жалғыз Тәңір өзің оңда.
Айтып ед бұрынғылар әділ мақал,
Қалад деп төртуылдың басы жолда.
Ажалға әдейі айдап жұмсадыңдар,
Шақырған мені өлімге бір сағым бар.
Тіріде туысқанның қадірі жоқ,
Өлген соң сүйегімді бір табыңдар.
Ақырғы барлығыңа айтар қошым,
Аман бол, аз төртуыл, бауыр досым.
Әкеміз Алдиярдың шаңырағы
Іргеңнен шықпады-ау қара қосым.
Ел-жұртым татарым ба тұз-дәміңді,
Ортаңа аман әкеп бір жанымды.
Алдың деп Құдайға арман етпес едім,
Сезсем мен жаназамда тұрғаныңды.
Барайын бәрің айтып болмадың ғой,
Қабылда қартайғанда зорладың ғой.
Байың да, би мен болыс, орысың да
Шырғарлап шебер тілмен торладың ғой.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Алайын атшы қылып жалғыз жолдас,
Топ жиып, ту алғанның жөні болмас.
Егерде зауды ғалам іс боп қалса,
Күйдірер көп шығынның орны толмас.
Ертіп бер атқосшыға жалғыз бала,
Жалғызға деуші еді жұрт «Құдай пана».
Мен өліп, қасымдағы аман келсе,
Күйдіріп ол сорлыға жаппа жала.
Беріңдер екеумізге бірден қосар,
Тауысқан жануардың белі босар.
Қысылса ел табарлық жайы болсын,
Ертпеңдер ез мінезді жігітті осал.
Осы сөз байлау болды нағыз тоқтам,
Баратын болды Мырзаш ойда жоқтан.
Қар жауып жон Алтайға жол бекіген
Кез еді қыстың басы боран соққан.
Жүруге Мырзаш батыр дайындалды,
Жаратып төрт сайгүлік жайындарды.
Аққұлақ деген жігіт ермек болды,
Білмеуші еді о да жаудан тайынғанды.
Аққұлақ Секенбайдың өз баласы,
Оның да батырлыққа бар таласы.
Өр көңіл, сергек жанды жігіт екен,
Тағы бар жүрегінде мол жарасы.
Тарады осы әңгіме елге паш боп,
«Барад,—деп,—Ұранқайға Мырзаш бас боп».
Естіді төре Шотан бұл хабарды,
Жүрегі төртуылға жүрген тас боп.
Ести сап зұлым төре бұл хабарды,
Шақырып төлеңгітін қасына алды.
Батырға Бұқай Бұқы тез жет деді,
Еліне қайтармасын Мырзаш шалды.
мырзаш батыр
Бұл істі Ұранқайға хабарласын,
Әйтеуір қайтармауды амалдасын.
Бар еді ата кегім төртуылда
Сүйегін батырыңнан таба алмасын.
Мінеки, бара жатыр күн де батып,
Қос атпен Бұқыға жетті тез түн қатып.
Аржағы Ұранқайға кісі шапсын,
О дағы кегін алсын қалмай жатып.
Асығып атқа мінді бір төлеңгіт,
Басқа адам бұл жұмыстан біледі түк.
Қаба мен Қарақойын арасына
Түн қатып, жолсыз жермен тартыпты тік.
Бұқыға келді хабар ертең түсте,
Бұқының жатушы еді ызасы іште.
Мырзашты қазір байлап алғандай боп,
Булықты Бұқы батыр қара күшке.
Асығыс аттандырды бұл да адамын,
Жігітті жолын білер екі араның.
Сенденжап, Шотан, Бұқы астарласып,
Іріңі бірігіпті үш жараның.
Бастығы Ұраңқайдың Сенденжап гүк,
Баяғы Қапын ұрқы болғаны шын.
«Айда,—деп,—бар жылқыны бір дараға!»
Еліне берді бұйрық асығып тым.
Бұйрығы Сенденжаптың орындалды,
Үйгізді дар аузына қорымдарды.
Әр жерге қару беріп, қарауыл сап,
Мырзаштың келер деген жолын да алды.
Сақтығы Ұранқайдың болды дайын,
Қораға тастамады жалғыз тайын.
Ер басы мінген аттан басқа жылқы
Жатыпты жасыл көлдің өрлеп сайын.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жау жағы осылайша мығым жатты,
Ерттеді жол жүруге Мырзаш атты.
Жөнелді қосар атпен азық теңдеп,
Қасына ертіп жалғыз Аққұлақты.
Ел қалды тілек айтып шуылдасып,
«Жорытқанда жол болсын» деп дуылдасып.
Алтайдың күнгейімен Ертісті өрлеп,
Алқа мен Білезіктің суын басып.
Қарасай, Желқарағай, Шыбаршылық,
Теректі, Мұздыбұлақ аққан жылжып.
Жыдалы Ақбұлақты кесіп өтті,
Көрген жер батыр Мырзаш бәрін біліп.
Ақ мамық Алтай тауы қар жамылған,
Әне тұр қаба басы жал қабырғаң.
Бөктерлеп Сарқамырдың теріскейін,
Мұңғылдар атқы көрді аңға құрған.
Көрінді, міне, алдында Қанас көлі,
Әне тұр емегейті аппақ көлі.
Қыстайды сай-саласын осы таудың
Ұранқай атанатын мұңғыл елі.
Қанасқа жетті бұлар жеті күнде,
Үн-түнсіз ойға келген батыр мүлде.
Қалайша қабақ түйіп қайғыланды,
Еліне қайран батыр салған жүлде.
Аз тоқтап батыр сонда аттан түсті,
«Аһ» деп жалын атты өте күшті.
Кім білсін, түс көрді ме, күш келді ме
Сезгендей сезіктенер алдағы істі.
—Сөз тыңда, Аққұлақ балам,—деді,
Көңліңе қоштасу сөз салам,—деді.
Дәл келсе тәжірибе жорамалым,
Мен мұнда елге қайтпай қалам,—деді.
мырзаш батыр
Жүруім, жорамалым жаман,—деді,
Болады әлдеқандай заман,—деді.
Егерде «ана бар ғой» жазым болсам,
Әй, балам, болма маған алаң,—деді.
Елге жет келер болса шамаң,—деді,
Қуансын атаң менен анаң,—деді.
Ақборық ажалымнан қабар тапсын
Менің де қатын менен балам,—деді.
Өтіп еді алпыс төртте аталарым,
Білмеймін одан артық жасағанын.
Түсімде әкем келіп ана бір күн,
«Өлтіред» деп айтып еді қас адамың.
Сәлем айт төрт төртуыл туысыма,
Бір күнде сыйып еді уысыма.
Арман жоқ, елім үшін құрбандықпын,
Бір тастың кірсе денем қуысына.
Сәлем айт туған аулым Тұзақшыға,
Көмдім де бауырыңды күн астына.
Көп жылдар көне өмірді бірге өткізген
Ел қалды-ау кәрі қызын ұзатты да.
Сәлем айт туған жерім Шитөбеге,
Егін сап берсін елім көпке өнеге.
Ежелден өмір өтпек, ұрпақ жетпек,
Қайғырып жыламасын біз көнеге.
Қара Ертіс қалың елдің мекені еді,
Қожамбет, үш байжігіт жеке ел еді.
Білерлік еңбегімді адам туса,
Бір кезде әруағымды күтер еді.
Айтамын арнап сәлем Приживалға,
Ойынан орын берсін жолдас шалға.
Амал жоқ, көрмей өлсем, үлкен арман,
Қызық күн кейінірек деп еді алда.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Сәлем айт ұлы байтақ мекеніме,
Кез келген жауыздардың кеселіне.
Ал, балам, атқа мініп аяңдайық,
Көз жетпес өмір қанша екеніне.
Екеуі атқа мініп біраз жүрді,
Самырсын қарағайлы сайға кірді.
Таң атып, жарық түскен мезгіл еді,
Ауылдың жау келділеп иттері үрді.
—Ал, балам, аялдалық осы жерге,
Екеуміз пар келмеспіз қалың елге.
Түн туа жылқыларын бақылайық,
Күн батып, жер бетіне түссін перде.
Шығайық қарауылға түстен кейін,
Алайық аз тынығып оған дейін.
Жау қамап, жазым болар іс кездессе,
Қорғай біл өз басыңды, мен не дейін!
Бар екен бүрі қалың бір самырсын,
Жан-жағы жалама тас бастары ішік.
Бет алған сай ішіне құзар тасқа
Сияқты шұбырынды жатыр бір жым.
Түбінде сол ағаштың демін алды,
Аттар да біраз оттап тебін алды.
Бас жақтан қар сықырлап, тас саудырап,
Қатерлі, қауіпті ажал келіп қалды.
Батыр да абың-күбің ыңғайланды,
Өрмелеп тауға қарай тасты айланды.
Аққұлақ ат даярлап өте асығыс,
Қарсы алды екі-ақ адам бұл майданды.
Атылды мылтық даусы гүрс-гүрс,
Талтүсте ашық аспан басталды ұрыс.
Сай іші жоғарыдан оқ боп кетті,
Жер емес шоқпарласар, сермеп қылыш.
мырзаш батыр
Батыр да, Аққұлақ та атып жатыр,
Жау басым, жері тұйық болмады ақыр.
Аққұлақ ат жетектеп жеткенінде,
Кіндіктен жаралы екен Мырзаш батыр.
—Тоқталма енді, балам, жөнел,—деді,
Тағдырдың не жазғанын көрем,—деді.
Шама жоқ қозғаларлық орнынан,
Ақбұйрық ажал келсе, өлем,—деді.
Аққұлақ иек қағып тұра қашты,
Жан-жақтан ұраңқайлар мылтық басты.
Шалдырмай құла жүйрік атқан оққа
Сай басы шаған оба белден асты.
Аққұлақ сол кеткеннен кете берді,
Үңгірде батыр Мырзаш жалғыз қалды.
Дүние күңгірт тартып төңкеріліп,
Қарсы алды сол арада сұм ажалды.
Үстіне болып аспан құлағандай,
Ел-жұрты естілді елес жылағандай.
Жан-жары көз алдынан көлбең етіп,
Сезілді баласы ақыл сұрағандай.
Көз жұмды, көкіректің оты сөнді,
Шығарды иек қағып ақыр дәмді.
Жау жері жапқан ұлға ақ көрпесін,
Бейіт қайда, белгі қайда батырға енді!
Жыл екен мың сегіз жүз сексен сегіз,
Адамдар сол жылы туған бұған негіз.
Әр нәрсе пар-парымен жаратылған,
Өмірге, ойлап көрсең, өлім де егіз.
Таяды содан бері бір ғасырға,
Көрмедің Мырзаш тұр ғой құрдасында.
Бейіт белгі көзге түсер дәнеңе жоқ,
Қанастың қалды батыр қырқасында.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Сүйегін іздеп барып таба алмаған,
Төртуыл мұңғылдан кек ала алмаған.
Кетіпті алалықтың құрбаны боп,
Амал не әділетсіз жаман заман.
Көмілмей қалды батыр мекеніне,
Ұшырап жауыздардың кеселіне.
Ажалға айдап барып жатып қалды,
Қалыпты Бекбай да, Шөкені де.
Ұры емес, батыр Мырзаш ел қамқоры,
Жан екен жауырында қараторы.
Таныссаң зерттеушінің кітабымен,
Анықтап ұғынарсың біліп оны.
Ертегі ел аузында жүрген Мырзаш,
Қалған жоқ қазір адам ол тұрғылас.
Ертектен құрастырып өлең қылдым,
Есіл ер қалмасын деп жым-жылас.
Шотан қас ошағының бөлігінен,
Бұқы қас ұрлап жеген жілігімен.
Сенденжап серік болған сұмдар екен
Бірінің істегенін бірі білген.
Аяқтап бұл сөзімді бітіремін,
Мырзаш та ел тамыр деп түсінемін.
Сенденжап, ұры Бұқы, Шотандардың
Бейітіне қарғыс айтып түкіремін.
Жүрегіміз бірде күліп, бірде жылап,
Сөз естіп тыңдайтұғын екі құлақ.
Баланың ата-анасы пірі болса,
Болады бірі асқар тау, бірі бұлақ.
Айдостың ерлік сөзін мен жазамын,
Жолдастар, құлағың сал, жақсы тыңдап.
Сөйлеуші қариядан білдім сұрап,
Бұл сөзім миға қонса, көңілге ұнап.
Қатесін жазуымның түзетіңіз,
Өлеңді оқыңыз да көріп-сынап.
Айдостың, білуімше, нәсілі—қазақ,
Екенін қайсы қазақ біле алмаймын.
Ойланса, ақыл кірер саналыға,
Тексерсе, сөз тоқтайды адалына.
Қазақ, қырғыз, қалмақ пен қазақ, орыс
Жауласқан қазақ отар заманында.
Бір шетке қазақ малы отар барған,
Бұл сөзден қазақ, орыс хабарланған.
Елінде қазақ қапыл жатқанында,
Аттанып, есіз жатқан жылқыны алған.
Бірнеше бұл отарда күндер өткен,
«Жылқыны кәуір келіп алды» деген
Қазақтың ерлеріне хабар жеткен.
Айдос батыр
(Жұмаділ Айдарбеков нұсқасы)
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Көп елге кейін жатқан хабар барған,
«Кәуірге қапыл жатып алдырдың» деп.
Азамат талабы бар қылады арман,
... ... ... ...12
Жолдастар, жалқау болма денің сауда,
Кегі бар мұсылманның кәуір жауда.
Ханы бар Барын деген, басшы болып,
«Жиыл,—деп,—елге бәрің!» бұйырады.
Ерлерге ілгері өткен сыйынады,
Бір жерді орталықтан белгі етіп,
Қалың қол бірнеше күн жиылады.
Халқына Барын ханы бұйырады,
Шапқыншы жасауылдар хабар берді.
Жарлығы Барын ханның осылайша,
Кәрі-жас найза ұстайтын бәрі келді.
Жатады бірнеше күн ойын қылып,
Бәрі де олжа алуға қылады үміт.
Ішінде жиырманың жасы жеткен
Бар екен Айдос атты жалғыз жігіт.
Ол жігіт өзі батыр, өзі палуан,
Бір істі қылмай қоймас көңілге алған.
Қырық жігіт жолдастарын үгіттейді:
«Бұл жанды қайтеміз,—деп,—бұдан қалған?»
Ұрыста қол бастайтын маңғаз екен,
Біреудің батыр Айдос жалғызы екен.
Әйелі Тоты деген өліп қалып,
Қарашаш соңғы айттырған балдызы екен.
Қарашаш бір күн жатып түс көріпті,
Тамаша әрбір түрлі іс көріпті.
«Бұл жолға батыр өзі бармасын» деп,
Бір адам ер Айдосқа жіберіпті.
12 Қолжазбада бір жол өшіп қалған.
айдос батыр
Қарашаш бұл түсінен қорқып еді,
Ішінен жамандыққа жорып еді.
Жүр екен қырық жігітпен ойын ойнап,
Хабаршы далада кеп жолығады.
Хабаршы ер Айдосқа келді жетіп,
Асығыс сөз сөйледі есі кетіп.
Жүр екен әрбір түрлі ойын ойнап,
Құралы үстіндегі жарқ-жұрқ етіп.
Сөйлейді батыр Айдос: «Жол болсын!»—деп,
Тұрады қайынағасы: «Мол болсын!»—деп,
Жіберді мені сізге Қарашашың
«Бұл жолға, батыр, сізге жүрмесін» деп.
Қарашаш бір күн түнде бір түс көрген,
Екенін түстің жаман өзі білген.
«Не қылса да, осы жолға барма» дейді,
Асығыс жұмысым сол сізге келген.
Қазылық, Қарқаралы—жердің мүлкі,
Көңілінде кәуір алған қалың жылқы.
«Әйелі, ұлы, өзі батыр жақсы екен» деп,
Қырық жігіт қасындағы қылады күлкі.
Жылқының әдемісі—қара сұр ат,
Болады, жар құласа, жойқын суат.
Бірі іліп, бірі қағып өңшең жастар,
Батырды сөзге сынық қылады мат.
Бозбала сөзге сынық мазақ қылды,
Бойына ер Айдостың ашу кірді.
«Ауызша өзіменен сөйлесем» деп,
Ілесіп қайынағамен бірге жүрді.
«Ауылға жақсы болар қонсақ жете.
Бастыршы кертті белді жеке-жеке.
Дәл бүгін тамашалы той боп жатыр,
Баралық шапшаңырақ, жүр, жездеке».
25-279*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ер Айдос осы тойға келді жетіп,
Күлкіге ыза болып ашу етіп.
Қарашаш тойды бастап отыр екен,
Дауысы бала құстай шаңқ-шұңқ етіп.
Тұсына Қарашаштың келді жетіп,
Атына қамшы басып екпіндетіп.
Тұра қап ат үстінде, назар салса,
Екі адам отыр екен өлеңдетіп.
Айдос:
—Мінгенім астымдағы ойнақы кер,
Тоқыдым мақпал тоқым, күмісті ер.
Азырақ шайтан мойнын сындыралы,
Түрегеп, екі жолдас, орныңды бер.
Жігіттер:
Тәуекел дариясына салдым кеме,
Жақсылар, жесір-жетім ақын жеме.
Айтысып Қарашашпен отырғанда,
Әдепсіз сөзді бұзған қандай неме?
Айдос:
—Мінгенім астымдағы Кердең жирен,
Жігіттер, ер Айдостан өлең үйрен.
Құшақтап керегені айрылмайсың,
Басыңа тәуір болмас қамшы тиген.
Жігіттер:
—Патшасы бұрынғының Омар,—дейді,
Бұл жерден тұрып кетсе, обал,—дейді.
Сөйлесіп Қарашашпен отырғанда,
Кім өзі сөзді бұзған? Жоғал!—дейді.
Қасына батыр Айдос барды дейді,
Сөзіне ашуланып қалды дейді.
«Әдепсіз, қандай сөзді сөйледің?!» деп,
Қамшыға сол екеуін алды дейді.
айдос батыр
Қарашаш мұны көріп, тасып кетті,
Көпшілік тамашалап, басып кетті.
Білген соң ер Айдосты екі жігіт,
Жуымады, бұл қызықтан қашып кетті.
Қарашаш:
—Тай керім, құнан керім, дөнен керім,
Айдостың білмеуші ме ең өнерлерін.
Құшақтап керегені, айрылмайды,
Қарашы, қос жаманның өлерменін.
Айдос:
—Ішінде жиырманың менің жасым,
Құдайым осы жолда жарылқасын.
Көп айлар, көрмегелі көп күн болды,
Жүрмісіз жақсы болып, Қарашашым?!
Қарашаш:
—Ішінде жиырманың, батыр, жасың,
Сақтаушы осы жолда жарылқасын.
Найзасын ат үстінен таянғанда,
Тұсынан алғанының орындалсын.
Айдос:
—Қарашаш, келдім саған түнейін деп,
Мәнісін, түнеп жатып, білейін деп.
«Әйелі өзі батыр, жақсы екен» деп,
Біздерге бозбалалар күледі көп.
Қарашаш:
—Дегендер бізді түскер бәле тапсын,
Үйіне талдан найза жалау ассын.
Уақтында түзге шықса әкесі үйден,
Үйінде шешелері бебеу қақсын.
Айдос:
—Кертөбел Нарын бидің керіледі,
Жалқаулар олжа алуға ерінеді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бал ашып, бақсы болып, түс көріпсің,
Көзіңе қандай сәуле көрінеді?
Қарашаш:
—Суынан Нарын деген су ап жүрмін,
Көл қылып көзім жасым бұлап жүрмін.
Бармашы, тілімді алып, осы жолға,
«Мырзам» деп бетім жыртып, жылап жүрмін.
Айдос:
—Бұл түстің, маған емес, кәуір жағы,
Малының бәрін алам, шабам дағы.
Соғыста күйеуі мен бауыры өлген
Орыстың бетін жыртқан қызы дағы.
Қарашаш:
—Қайда?—деп, сізді жоқтап, сұрап жүрмін,
Күйініп қатты қорқып жылап жүрмін.
Бармашы, тілімді алып, сорлы жалғыз,
Қызыл қан он саусағым қынап жүрмін.
Айдос:
—Кер төбел арықтаса, тай болғаны,
Қазылып, сан етінің сай болғаны.
Кәуір жылқы әкеліп, бие сойып,
Саусағың қазы кесіп май болғаны.
Қарашаш:
—Түймесі кіреукенің шешіліңкі,
Аяғың құбылаға көсіліңкі.
Бармаңыз, тілімді алып, осы жолға,
Құйрығы Кертөбелдің кесіліңкі.
Айдос:
—Жібекке ақ меруерт тізіліңкі,
Жеткенде шіреуіне, үзіліңкі.
Майданда кәуірменен соғысқанда,
Құйрығы Кертөбелдің сүзіліңкі.
айдос батыр
Қарашаш:
—Мойныңа берен мылтық асылыңқы,
Кертөбел бөтен атқа қасыныңқы.
Бармаңыз, тілімді алып, батыр, жолға,
Ақ жүзің топыраққа жасырыңқы.
Айдос:
—Жерлерде арқар деген аң болғаны,
Ұрысты көрген адам таң қалғаны.
Майданда кәуірменен соғысқанда,
Тұтығып ақша бетім шаң болғаны.
Қарашаш:
—Кертөбел Нарын бидің қос тартулы,
Жортуыл сізден өзге жырғатулы.
Бармаңыз, тілімді алып, батыр, жолға,
Құралың сауыт-сайман босқа артулы.
Айдос:
—Шабармын бұл барғанда кәуір елін,
Жылқы алсам, жетегімде Кертөбелім.
Олжа алып, көңлім толып, аман қайтып,
Шешініп, құралымды бөктергенім.
Қарашаш:
—Барып қайт, батыр Айдос, есен-аман,
Өлгенге сонда түсер ақыр заман.
Сөзімді «Барма десем» бір алмайсыз,
Көңілің, батыр Айдос, неден қалған?
Айдос:
—Қара адыр Ертіс басы болар қабан,
Айдосты шалсын қабан онан жаман.
Біреудің өлсе өледі жат баласы,
Қарашаш, үйде отырсың, басың аман.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қарашаш:
—Ер Айдос, біле алмадым ақылыңды,
Тоздырдың Кертөбелде тақымыңды.
Артыңнан жылап барып ақыл айтар
Қылыштап қырғаным жоқ жақыныңды.
Айдос:
—Білмейді ешкім менің ақылымды,
Тауып бер дедім қашан жақынымды.
Әйелдер төмен етек үйде отырар,
Жүр екен жолға бастап қатын кімді?
Осылай сөз аяғын айтты дейді,
Той тарқап, ел үйіне қайтты дейді.
Азырақ Қарашашпен сөз сөйлесіп,
Төсекке дамыл алып жатты дейді.
Бұл қолды батыр Айдос білсін деген,
Дауысы бар зеңбіректің күрсілдеген.
Төсекте батыр Айдос жатқанында,
Барыннан хабар келді «жүрсін» деген.
Талай ер бізден бұрын өтті дейді,
Тәуекел қырғын соғыс етті дейді.
«Ерді намыс, қоянды қамыс» деген,
Ат ертте ер Тілекке депті дейді.
Ер Тілек орнынан жылдам тұрды,
Ерттеп Кертөбелді даяр қылды.
«Келгенде амандықпен көрейік» деп,
Қош айтып, Қарашашпен атқа мінді.
Мінді де Кертөбелді, жүріп кетті,
Боларын бір сұмдықтың біліп кетті.
Барғанда түстік жерге батыр Айдос,
Қарашаш арт жағынан қуып жетті.
айдос батыр
Қарашаш:
—Ер Айдос, аластырмай, қуластырмай,
Жығушы ең киік атып қыр астырмай.
Біреуге өз қолыңнан тапсырып кет,
Жаманға артыңдағы таластырмай.
Айдос:
—Тәуекел, ажал жетсе, Ақтан білдім,
Мат қылып дұшпаныма, неге келдің?
«Әйелдің ақылы қысқа» дегені рас.
Жүре ме әйелі еріп мендей ердің?
Қарашаш:
—Салады елге салық қара Барын,
Өсірсін сіздей қылып балаларын.
Жарықтық молда жазған дәтке қуат,
Мойныңа бойтұмарың сала барғын.
Айдос:
—Қалың қол, мен бармасам, бүгіледі,
Қарашаш бордай болып егіледі.
Дем бітіп, дәм таусылып, ажал келсе,
Қолынан бұл қағаздың не келеді?
Қарашаш:
—Кем сөзге апармаңыз, батыр, мұны,
Аман болсақ, қосылармыз мақшар күні.
Құраннан молда жазып берген еді,
Болады Құран сөзі Құдай тілі.
Қолына бойтұмарын алды дейді,
Мойнына «бісміллә» деп салды дейді.
Хош айтып Айдос батыр жүріп кетті,
Қарашаш зар-зар жылап қалды дейді.
Қалың әскер жүреді,
Уәделі жерге келеді.
Батырларды санақтап,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Есептеп бәрін көреді.
Ер Айдосты жоқтайды,
Атақты, айқын ер еді.
Осы жерге тоқтайды,
Мылтықтарын оқтайды,
Найзаларын шоқтайды.
Санақшылар есептеп,
Ер Айдосты жоқтайды.
Біреу айтады:
«Талай хан сізден бұрын өтті дейді,
Халқына о да жарлық етті дейді.
Әйелі шошыңқырап түс көріпті,
Батыр жүр кейінірек депті» дейді.
Тәуекел, кім болжайды Ақтың ісін,
Батыр жүр Қарашаштың байқап түсін.
«Тілімді ал, бұл жорыққа барма» дейді.
«Жүр, білем, кейінірек соның үшін».
Бозбала мұны естіген қатты күлді,
Қарашаш түс көргенін бәрі білді.
Барынның жарлығымен асығыстап,
Шақыра ер Айдосты біреу жүрді.
Бұл Айдос жас күнінен болды мықты,
Дұшпаны қарсы жүрмей, қойдай ықты.
Келгенде орта жолға батыр Айдос,
Алдынан шақырушы қарсы шықты.
Ер Айдос қалың қолға келді жетіп,
Атына қамшы басып екпіндетіп.
Ақырып батыр сонда сөз сөйлейді,
Барын мен әскерлерге ашу етіп.
—Талай хан сізден бұрын өтті,—дейді,
Бәрі де сендей жарлық етті,—дейді.
Қабаққа көлеңкелі бармайтын сарт,
«Жау қайда сені алатын?» депті дейді.
айдос батыр
Жау қайда келе берер, Барын, саған?
Сабырсыз асығыста басшы жаман.
Қоянша көлеңкеңнен үркетін сарт,
Жауыңды сені алатын көрсет маған.
Барын хан ер Айдосқа үндемеді,
Келгенін ашуының ол да білді.
Тоқтатып осыменен сөз аяғын,
Бет алып кәуір жаққа әскер жүрді.
Қалың қол тоқтамастан жүріп кетті,
Ерлері, қорқақ жылап, күліп кетті.
Жол жүріп бірнеше күн ауыр әскер,
Кепеге қазған ошақ келіп жетті.
Кертөбел Нарын бидің керіледі,
Жамандар олжа алуға ерінеді.
Қараса көзін ашып қарауылшы,
Қалың қол кәуір жақтан көрінеді.
Ереуіл қарсы келген қолды көрді,
Қазылған арба жүрген жолды көрді.
«Қашқан қатын, қашпаған ер болсын» деп,
Барын хан әскеріне бата берді.
Сонда Барын сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Азаматтар, жарандар,
Мен бір жауап сөйлейін,
Құлақ салып қараңдар!
Сапардан тірі қайтпасын
Жүрегі қара адамдар.
Осы жерге түсіңіз,
Ас—суыңды ішіңіз.
«Кәуір» деп қорқып, батырлар,
Бұзылмасын түсіңіз.
Шақпақ отын шағыңыз,
Тезек отын жағыңыз.
Құйысқанды қысқартып,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Айылды мықтап тартыңыз.
Атқа мініп, қамданып,
Дабылды енді қағыңыз.
Айнымас жүрек батырлар,
Жауға қарсы шабыңыз,
Ашылсын енді бағыңыз.
Тағы да Барын сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Азаматтар, жолдастар,
Бір жылы туған құрдастар,
Бірге өскен сырластар,
Қара мойын серкедей
Алшаңдап ерлер қол бастар.
Қорқар емес кәуірден,
Қайратына оң бастар.
Қаратаудың кезеңі,
Келді орыстың кезегі.
Олжа қып, ерлер, алыңыз,
Кәуір баққан көп жылқы
Мына жатқан тезегі.
Таудан кәуір төгіліп,
Ат қолтығы сөгіліп,
Сарт-сұрт етіп тебініп,
Астына мінген тұлпарлар
Ауыздығын кеміріп.
Қарағай найза қолға алып,
Жауға қарсы шабыңыз.
Жалмауыздай емініп,
Көзге түсіп көрініп,
Бәйгі атындай желігіп,
Сегіз қырлы ақ берен
Атылар майдан ішінде.
Қарағай найза болат ұш
Шаншылар майдан ішінде.
Алмас қылыш тағы да
Шабылар майдан ішінде.
Балдағынан қызыл қан
Малынар майдан ішінде.
айдос батыр
Қабырғасы жігіттің
Сөгілер майдан ішінде.
Қара қаны аузынан
Төгілер майдан ішінде.
Кім өлсе, қорқақ өлсін,
Қашқанды кәуір сүйреп көмсін.
Жаулан, жігіттер, жаулан!
Барын хан осылай деп бата берді,
Кәуірді қарсы келген ерлер көрді.
Жауланып жауды көріп әруақтанып,
Естіңіз не қылғанын Айдос ердің.
Әруақты туған ер Айдос,
Кертөбелдей тұлпарды
Перенменен белдіктеп,
Шұғаменен желдіктеп,
Мақпалменен терліктеп,
Ердің үстіне салады,
«Қорқар болсақ кәуірден,
Мұнда не қып келдік?» деп.
Жау қашырсақ, әбүйір,
Ажал жетсе, өлдік деп.
Тағдырда жазған Алланың
Жазуын, ерлер, көрдік» деп.
Мұны айтып ер Айдос,
Құйысқанын қысқартты,
Тізгінін түйіп, теңгеріп,
Екі айылын бек тартты.
Қанын алып ішіне,
Түсі көк боп, сұр тартты.
Батырлардың бәрі де
Аттарына мінеді,
Пірілерінен мәдет тіледі.
Қызыл туды қолға алып,
Кәуірге қарсы жүреді.
Мойынға салып мылтықты,
Желекті найза қолға алып,
Білекке қылыш іледі.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қорқақтары дірілдеп,
Батырлары күледі.
Жақындап қалды қалың қол,
Енді шыдап тұрмады.
Қашпалап ерлер кіреді,
Алдындағы кәуірді
Батырлардың бәрі де
Бет-бетімен түреді.
Әруақты туған ер Айдос
Кертөбелдің үстіне
Енді мініп алады,
Кәуір жаққа қарады.
Жел тимейтін бауырға
Орай қамшы салады,
Айғай-сүрен салады.
Айғайлаған дауысы
Әлдеқайда барады.
Күркіреген дауысы
Күншілік жерді шалады.
Қалың кәуір ат қойып,
Алды-артын ердің қамады.
Балдағы алтын ақ семсер
Қолға батыр алады,
Қызыл қанға малады.
Қарсыласқан кәуірді
Екі жарып салады.
Қос желекті ақ сүңгі,
Мұны да қолға алады.
Толып келген кәуірді
Толғап батыр салады.
Мойынға салған ақ берен,
Мұны да қолға алады.
Оғыменен аралас
Уыстап дәрі салады.
Селдіреп қашқан кәуірді
Түтінін қосып түтінге,
Бытырлатып барады.
Қабағына қар тұрып,
айдос батыр
Кірпігіне мұз тоңып,
Көзі оттай жанады.
Назар салса майданға,
Әуелгідей көп емес,
Азайып кәуір барады.
Құмарланған соғысқа
Мейірі әбден қанады.
Таудан кәуір төгіліп,
Шабуыл болып неше күн,
Ат қолтығы сөгіліп,
Астындағы Кертөбел
Ауыздығын кеміріп,
Басын тартса, тұрмайды,
Ілгері-кейін шегініп,
Тұрмайды тұлпар желігіп.
Үстіне мінген ер Айдос
Жалмауыздай емініп,
Тақымынан тау көрініп,
Сарт-сұрт етіп тебініп,
Шыдамады батырға,
Бет-бетімен қашады.
Үріккен қойдай бөлініп,
Қырғын тауып кәуірлер
Жеңілді майдан серігіп.
Сонда Айдос сөйлейді:
—Кертөбелді байладым
Арпа менен бидайға.
Айналса болар Құдайға
Жануарым—Кертөбел,
Шықса айқай, шыдай ма?
Болдырмас еді жануар,
Тоқтамай шапса бір айға.
Сол мезгілде күн батты,
Қас қарайып, түн батты.
Түн батпақ түгіл, ел жатты.
Айналайын қырық арыстан
Кәуірді қырып қиратты.
Көп қирата бермеңдер,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ұлығынан ұят-ты.
Омыртқада он жара,
Қабыртқада қырық жара,
Талай ерден қан қайтты.
Кәуірге батыр Айдос қырғын салды,
Судай қып ағызады қызыл қанды.
Ұрысып неше күн-түн қырық жігітпен,
Аз ғана жүздей ғана кәуір қалды.
Қашуға енді ұрыспай бетін алды,
Көп емес, жүздей ғана кәуір қалды.
Кәуірлер жан сауғалап қашқаннан соң,
Олжа ғып барлық малды жолға салды.
Көрінген кәуірлердің бәрін қырды,
Бір сырлы Айдос жігіт, сегіз қырлы.
Қайтарып көп әскердің бетін түзеп,
Керіліп Кертөбелмен келіп тұрды.
—Мұқаттым дұшпанымды, көңілім жай,
Тұрайын дамыл алып бір кішкентай.
Қарайып екі көзім, қарным ашты,
Қайдасың, ер Түлеке? Малтаңды шай.
—Кәуірмен көп соғыстың қызып өте,
Қайырып әскеріңді, тұрсың жеке.
Ашқанын қарыныңның білгенім жоқ,
Берейін тамағыңды, батыреке.
Малтасын төрт саптыаяқ шайып ішті,
Өзі ер жігіт еді өте күшті.
Үстіне Кертөбелдің мінді дағы,
Қарауыл көк төбеге барып түсті.
Көз салып төңірекке қарады кеп,
Көрінген жақын жерде бір адам жоқ.
Киімін шешінгенде батыр Айдос,
Төгілді қардай борап тоқтаған оқ.
айдос батыр
Таңырқап оққа қарап Айдос тұрды,
Өлімнен қалғандығын батыр білді.
Көрген соң осы оқты батыр Айдос,
Күпірлік кеудесіне келіп кірді.
«Талай ер менен бұрын өтті, дейді,
Тәуекел қырғын соғыс етті, дейді.
Өлмеген осынша оқтан жалғыз жаным,
Кәуірден боқты өлермін депті, дейді.
Қата сөз Қарашаштан өтті, дейді,
Жолдастар мені мазақ етті, дейді.
Жүрмейтін құрбы ішінде мазақ болдым,
Қарашаш, қап сені ме!» депті, дейді.
Сөйлейді: «Елге қайтіп барамын,—деп,—
Бойында жігіті еді ашуы көп».
—Дұшпанға, досқа күлкі, мазақ болдым,
Сені ме, барғаннан соң, қылмасам!—деп.
Желпініп көйлегімен, атқа мінді,
Кеудеге, тәуба кетіп, күпір кірді.
Бір мерген жатыр екен жасырынып,
Мергенге ажал айдап қарсы жүрді.
Сұр мерген жасырынып жатты дейді,
Замогын мылтығының тартты дейді.
Келгенде қатарына әлгі мерген,
Батырды дәлдеп тұрып атты дейді.
Атқан оқ кеудесінен өтіп кетті,
Ежелден кәуірменен қазақ кекті.
Ақырып айбат қылып, далбас етіп,
Қасына сол мергеннің жетіп кепті.
Қасына батыр Айдос жетіп барды,
Қылышын қынабынан қолына алды.
Замокты және тартып атқанынша,
Семсерін бір-ақ сипап, басын алды.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Мінгені астындағы Күлік кер-ді,
Атының басын бұрып ірікті енді.
Аузынан қара қанын лақылдатып,
Артынан қайтқан қолдың жүріп берді.
«Бола көр, пірілер, жәрдем, қысылғанда,
Мойынды қылыш шаппас, ұсынғанда.
Табысқан тай күніңнен жолдасым ең,
Кертөбел, жеткіз мені мұсылманға.
Алыстым, тамыр болып Жүніс ханға,
Ер едім кереметті ұрысқанға.
Мұсылман бедегедей, күлдей кәпір,
Қалдырмай жеткіз мені дін ысламға».
Толысып келе жатыр Айдос батыр,
Басынан түсті жастың заман ақыр.
Қайыра Кертөбелге қамшы басып,
Артынан қайтқан қолдың келе жатыр.
Құшақтап келе жатыр аттың жалын,
Сақтарға жер таба алмай жалғыз жанын.
Аузынан қан төгіліп, есі бүтін,
Көреді қырық жігіт пенен Барын ханын.
Көңіліне жад етеді Құдіретті,
«Қолда» деп төрт шаһарияр мен Мұхаммедті.
Жығылмас қуаты бар, есі бүтін,
Артынан қайтқан қолдың қуып жетті.
—Жолдастар, ойлаңыздар ұят-арды,
Соғыста аямадым жалғыз жанды.
Артында бетке қарар жан қалған жоқ,
Жамандар, Құдай алғыр, олжаң қалды.
Олжа ғып айдадыңдар бек көп малды,
Бір мерген қапылыста атып салды.
Жаны бір, тәні басқа, қырық жігітім,
Қырық шапқан қысқа күнде Айдос қалды.
айдос батыр
Кертөбел құйрығы ұзын, жалы майда,
Бола ма енді маған ақыл-айла?
Көрмейсіз, айуан малдай, жолдасыңды,
Қамалға қарсы шапқан Айдос қайда?
Айдостың жолдастарымен, атымен арыздасқаны, қош
тасып Барын ханға айтқаны
Батыр Айдос сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Азаматтар, жолдастар,
Бір жылы туған құрдастар,
Қатар өскен сырластар!
Қара мойын серкедей
Алшаңдап Айдос қол бастар.
Қамалды бұзған Айдосың
Бұрынғыдай болмасты-ай.
Азаматтар, жолдастар!
Мен бір сөзді сөйлейін,
Бәріңіз де келіңіз.
Кеудемде жаман жарам бар,
Осы жерге түсіңіз,
Ас-суыңды ішіңіз.
Ас—адамның арқауы,
Кіреді, ерлер, күшіңіз.
Шақпақ отын шағыңыз,
Тезек отын жағыңыз.
Қалың қолды аралап,
Жоғары-төмен шабыңыз.
Жар шақырып айғайлап,
Дәрігер болса, табыңыз.
Омыртқада он жара,
Қабыртқада қырық жара,
Жүрегімде бір жара,
Сол—бір жаман сұм жара.
Назар салып бағыңыз,
Дәрі болса, жағыңыз.
Болар ма екен бір себеп,
Кертөбелді сойыңыз,
Өкпесімен қағыңыз!
26-279*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Айдос батырдың Барын ханнан Қарашашқа сәлем айтқаны
—Денемнен қуат кетіп, азайды хал,
Ішінде бір жиырманың келді-ау ажал.
Барын хан, берірек кеп, құлағың сал,
Өзіңе айтатұғын арызым бар.
Алып кел дәрет су мен құманыңды,
Үйірші жылдам, тақсыр, иманымды.
Шаптырдың, алдадың да, кәпір насқа,
Құдай-ай, білмедім ғой ұрғаныңды.
Атандым ер Айдос боп он бес жаста,
Дулыға, белде қылыш, кидім басқа.
Барын хан, сөзім тыңдап, құлағың сал,
Айта бар менен сәлем Қарашашқа.
«Жапанда жалғыз қалды деп айтарсыз,
Оқ тиіп ер Айдосқа қапылыста».
Ішінде жиырманың менің жасым,
Досым жылап, дұшпаным, күлді -ау қасым.
Айта бар менен сәлем Қарашашқа,
Тием деп бір жаманға, қор болмасын.
Мылтықтың қайырушы ем шаптырмасын,
Арқаның көп атып ем қаз-тырнасын.
Айтыңыз бізден сәлем Қарашашқа,
Төсегін бір жаманға бастырмасын.
Табылар, сөйлей берсе, сөзден айып,
—Ер ме еді батыр Айдос осы лайық.
Айта бар бізден сәлем Қарашашқа,
Күнінде ақіреттің қосылайық!
Айдостың жолдастарына қоштасқаны.
—Жолдастар, о дариға, қош-аман бол,
Айдосқа жиырмада ілінді тор!
Оқ тиіп қапылыста, жас өлгенім,
Болмаса, ата-анадан қалған бұл жол.
айдос батыр
Өлмесе ата-анамыз, қайда кеткен?
Қайтады ертелі-кеш ажал жеткен.
Адамнан төмен қарай бәрі де өлер,
Мұхаммед, төрт шаһарияр, Ғали да өткен.
Ағайын бірге өлмейді, бала, қатын,
Қалады киген киім, мінген атың.
Әрбір іс артық-кемді болған шығар,
Кеше көр, қырық жігітім, жолдас ақын.
Дариға, енді менің өлгенім бе?!
Қараңғы көр ішіне енгенім бе?!
Бірге өсіп, бірге жүрген жолдастарым,
Жүріңдер Құран оқып көргеніңде.
Жүріңдер келіп-қайтып анда-санда,
Алдыңа айдап олжа салмасам да.
Үстіне Кертөбелдің мініп тұрып,
Хош айтып, қол ұстасып қалмасам да.
Хош-аман бол, жолдасым,
Ажал болып жабысты
Қой боғындай қорғасын.
Оқытшы әкеп иманды
Барын ханның молдасын.
Құс ұшпас құла жапанда
Құмырсқаға жем болып,
Қалғаның ба сүр басым?!
Кәуірді шауып, мінуші ем
Жүйрігі мен жорғасын.
Ерегіскен бұзып ем
Әрбір ханның ордасын.
Қарғаған екен сол дұшпан:
«Жігітіңде жиді» деп,
Деген екен «оңбасын».
Бұрынғыдай қол бастап,
Кертөбелі алшақтап,
Жолдастар, біліп тұрсыз ғой
Айдос тірі тұрмасын.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Әлім кетіп барады,
Қол ұстасып, хош айтам,
Құрбы менен құрдасым!
Сөйлейді арман қылып әрбір істі,
Жазу сол тағдырдағы әмір күшті.
Жатқанда есіріктеп батыр Айдос,
Кертөбел қаңтарулы көзі түсті.
—Ой, дүние! Көзім жетті жалғаныңа,
Жеткіздің кімді, Құдай, арманына.
Табысқан тай күніңнен жолдасым ең,
Кертөбел, жануарым, қалғаның ба?!
Тай күніңде жолықтың,
Жасымнан Айдос болыппын.
Саған мініп жол жүрсем,
Үш күндік жерге бір күнде
Еркін жетіп қоныппын.
Бір асқанға , бір тосқан,
Солғын болды толқының,
Хош-аман бол, жолдасым,
Саған мінер әлім жоқ,
Жанымнан енді торықтым.
Тай күніңде мініп ем,
Желекті найза қолға алып.
Беліме қылыш іліп ем,
Жан жолдасым, жануар,
Дұшпанымның үстіне
Қызыл судай жүріп ем.
Қарсыласқан дұшпанның
Шылбырлап жонын тіліп ем.
Мың қол болса алдымда,
Сен астымда жүргенде,
Іркілмей жалғыз кіріп ем.
Желекті найза қолға алып,
Қыран құстай қомданып,
Бет-бетімен тұрып ем.
Жекелеп шыққан ерлердің
айдос батыр
Алмадай басын жұлып ем.
Кертөбелім, жануар,
Қайсыбірін айтайын,
Талай қызық қылып ем.
Талайларға жылаған
Мазақ етіп күліп ем.
Хош-аман бол, жануар,
Сендей тұлпар ат қайда
Жібектей майда жалы бар!
Шын қазанат ақ етті,
Төрт аяқта әлі бар.
Жолбарыс кеуде, қаз мойын,
Бауыры жазық, тар мықын,
Тығыз құшақ саны бар,
Теке мұрын, салпы ерін,
Шүңке тұяқ, бота көз,
Тұлпарға бітер пішіннің
Бір өзіңде бәрі бар.
Хош-аман бол, жолдасым,
Айрылатын күн болды,
Айдостың мұндай жайы бар.
Құлақ сал мына сөзге, қара, Барын,
Бар шығар мендей, тақсыр, балаларың.
Табысқан тай күнінен жолдасымды
Мінгізбей әлдекімге, ала барғын.
Жолымен Қазғаношақ төтелей кет,
Жалпостап жемін беріп мәпелей кет.
Қырық шапқан қысқа күнде, жануар,
Мінгізбей бір жаманға, жетелей кет.
Мінгізбей бір жаманға, бостап алғын,
Арттағы құралымды қостап алғын.
«Аманат, ер Айдостың жолдасы» деп,
Өзіне Қарашаштың алып барғын.
Айтқан соң осы сөзді, демі бітті,
Дариға! Қайран жасқа ажал жетті.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ат мініп Кертөбелдей, кәуір жаулап,
Уақытында күні біткен о да кетті.
Кәнеки Айдос ердің өлмегені,
Түсінің Қарашаштың келмегені.
Үйдей ғып алты қанат лақыттарын,
Жиылып қалың қолдың кеулегені.
Жігітті алшаңдатар аты барлық,
Адамға жарамайды пейіл тарлық.
«Айдосты Қарашашқа естірткен жан
Алсын» деп Барын әділет қылды жарлық.
Талай ер осы қолда бар-ды дейді,
Тірілмей, Айдос өліп қалды дейді.
«Ол қызға мен естіртіп алайын» деп,
Талапкер біраз оза салды дейді.
Қарашаш қайғыда жүр, болып пақыр,
Жақсының айтқан сөзі балдай татыр.
«Естіртіп, Қарашашты аламын» деп,
Астында қос аты бар, келе жатыр.
Қарашаш түс көргеннен торығады,
Астына мінген аты зорығады.
Жүр екен жолын тосып қайтқан қолдың,
Озғаны кеп Қарашашқа жолығады.
Қарашаш:
—Бүрленіп бау қарағай бітер тауға,
Аттандың, өңкей батыр, кәуір жауға.
Жортуыл былтыр кеткен, биыл қайттың,
Аман ба, азаматтар, бізге сауға?
Жігіт:
—Бүрленіп бау қарағай бітер тауға,
Аттандық өңкей батыр кәуір жауға.
Жортуыл былтыр кетіп, биыл келіп,
Алдырдық Айдос ерді кәуір жауға.
айдос батыр
Қарашаш:
—Мінгенің астыңдағы жорға сынды,
Ажалы, Айдос өлсе, қорғасынды.
Неге өлсін кәуірлерден батыр Айдос,
Әншейін қалжың еткен құрдасың-ды!
Жігіт:
—Айтамын, тыңдасаңыз, молда жеңге,
Жүрсіз ғой тілеу тілеп жолда, жеңге.
Мінеки бой тұмары, нанбасаңыз,
Айдостың өлгеніне ол да, жеңге.
Қарашаш:
—Астыңа мініп келген бестің жоқ па,
Сойғанға Құдай үшін ешкің жоқ па?
Жол біліп, жоба айтатын ер құрып па,
Еліңде сенен басқа естің жоқ па?
Жігіт:
—Жортуыл кәуір жаулап былтыр бардық,
Бар малын, қырып-жойып, шауып алдық.
«Өзіңе кім естіртсе, сол алсын» деп,
Патшамыз Барын әділет қылды жарлық.
Қарашаш:
—Жағалай Сырдың бойы сыдырым тал,
Айғырға, ұя төгіп, бітеді жал.
Қан толғыр аузыңа, надан шіркін,
Өзіңе кәде етемін, естіп қал.
Жігіт:
—Майданда істеді ғой талай ерлік,
Жазасын ерлерінің біз де бердік.
Оқ тиді қапылыста ер Айдосқа,
Текпілеп, терең қазып, қолдан көмдік.
Қарашаш:
—Атанған ер Айдос болып он бес жаста-ай,
Алар ма ең Қарашаштай қиғаш қасты-ай.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бойында дәреті жоқ надан шіркін,
Ұстамай бой тұмарын, бермен таста.
Жігіт:
—Суынан Нарын деген суламады,
Көл қылып көзінің жасын бұламады.
Қырық шапқан қысқа күнде қайран Айдос!
Қарашаш бетін жыртып жыламады.
Қарашаш:
—Суынан Нарын деген суламан-ды,
Көл қылып көзім жасын бұламан-ды.
Айтарма ең, досым болсаң, осы сөзді,
Көзінше дұшпанымның жыламан-ды!
Айтты да осы сөзді, қайта басты,
Сұлудың құсалықпен түсі қашты.
Үйіне кіріп келіп сол Қарашаш,
Жасауын төрге жиған тысқа шашты.
Әкесі:
—Ей, балам, не себептен түсің қашты?
Асығып тыстан келіп, төрге бастың.
Тырнақтап жас күніңнен жиғаныңды,
Сұм балам, не себептен тысқа шаштың?
Қарашаш:
—Қараңғы күннің көзін алды бұлт,
Қылады бұл сорлы қыз неден үміт?
Қайтеміз иесіз қалған құр мүлікті,
Өліпті Айдос атты жалғыз жігіт?!
Әкесі:
—Мүлкіңді тысқа шашпай тоқта, балам,
Қолға алып найзаларын шоқта, балам!
Өлгені ер Айдостың рас болса,
Өзіне лайық қып жоқта, балам!
Қарашаш жоқтайды:
—Жоқта десең жоқтайын,
айдос батыр
Қарағай найза шоқтайын.
Басшы боп барған Барын сарт
Ата тегін боқтайын.
Айдос шапқан намысқа,
Қаптағанда көп кәуір,
Барын сынды қорқақ сарт
Кіре қашқан қамысқа.
Қайран да менің хан мырзам,
Арыздаспай, қоштаспай,
Ажалың жетті алыстан.
Орама мылтық күнде атқан,
Қасалақ оғын зымыратқан.
Бас бармақтай бөдене
Басын байлап, көзге атқан.
Ерге лайық ат болып,
Кертөбелдей тұлпарды
Шылбырын үзіп ширатқан,
Майданда мініп ойнатқан,
Ауыздығын шайнатқан,
Көзін оттай жайнатқан.
Майданға кірсе ақырып,
Шапқан шөптей қиратқан.
Қайранда менің хан мырзам,
Көп әскер жиып барушы ең,
Қалмақты шауып алушы ең,
Қарсыласқан ерлерін
Қойдай қырып салушы ең.
Құл менен күңді әкеліп,
Әр атаның баласы
Олжаға батып қалушы ең.
Қайранда, менің хан мырзам,
Алқалы кетпен мойнында,
Екі-үш наны қойнында,
Шаршы шапан кең қолтық,
Дорба сақал, қайқы бас
Мынар деген қатты жау
Қайырмада татты жау,
Мұны да шапқан хан мырзам!
Қарақалпақ қатты жау,
Қайырмада татты жау.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Арбасын атқа сүйреткен,
Найзасын тасқа түйреткен,
Ойынын ойнап билеткен.
Телі менен тентегін
Дүре соғып үйреткен.
Айдостан сорлы бар ма екен
Үйде туып, түзде өлген!
Жал-құйрық жоқ, қанатсыз,
Бала да жоқ ер жеткен,
Онында шапқан, хан мырзам!
Он жаста Ғали атанған,
Пайғамбардан бата алған.
Он бес жыл жүріп қайтатын
Қазатқа барған сапардан,
Қырғын салып олжа алған.
Жамшит, Қаһмас қатардан
Омар, Оспан, ол Сыдық,
Қасен менен Құсайын.
Баяны жоқ дүние-ай!
Бұған да опа қылмадың.
Наушаруан патша Шаһарбан-
Адамзаттың алыбы,
Бұған да опа қылмадың.
Рүстем-Дастан қаһарман
Тірі көрінді.
Ер Айдос осы сапардан
Арманда өткен хан мырзам!
Айдос өлді, мен де өлейін,
Жолдастық қызығына кенелейін.
Қаралы жесір болып атанғанша,
Аман бол, елім, қош-қош, енді өлейін!
Айдостың Қарашашпен болған жері,
Қауындай қазандағы солған жері.
Айдос батыр өлгенде, сұлу да өлген,
Сондай болсын әркімнің алған жары.
Томға енген мәтіндерге түсініктеме
Ағыбай батыр туралы жырлар
Ағыбай батыр—қазақ халқының ХІХ ғасырдағы ұлт-
азаттық күресінің қаһарманы, Кенесары Қасымұлының Ре
сей отаршылдығына қарсы көтеріліс басшыларының бірі,
қолбасшы. Жорықта жолы болғыштығы үшін «Ақжолтай
Ағыбай батыр» атанған. Сарбаздары Абылай есімімен қатар,
Ағыбайды да ұранға айналдырған. Қазір ҚР Білім және ғылым
министрлігі М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институ
ты мен Орталық ғылыми кітапхананың Қолжазбалар қорла
рында Ағыбай батыр жөнінде ел есінде сақталған, айтушылар
дан әр кезде жазылып алынған аңыз-әңгіме, жырлардың біраз
нұсқалары сақталған.
Ағыбай батырдың өмір жолы бірқатар қазақ тарихшылары
мен қаламгерлерінің еңбектеріне арқау болған. 1914 жылы
Есім төренің көмегімен Ә.Бөкейханов Қазан қаласынан «Қы
зыл қайнар, Тектұрмас» деген кітабын шығарды13. М.Әуезов,
І.Есенберлин, М.Ж.Көпеев, И.Байзақов, С.Мәуленов т.б. жазу
шылар мен ақындар Ағыбай батыр жайында көркем шығарма
лар жазды. Соонымен қатар Ағыбай батыр жайында көптеген
мақалалар мен зерттеу еңбектерде жазылды. Е.Бекмаханов,
Қ.Жұмалиев,
Е.Ысмайлов,
Ә.Қоңыратбаев,
С.Қирабаев,
З.Ахметов, Р.Бердібай, Ж.Дәдебаев, С.Күзембаева, С.Қорабай,
А.Ісімақова, М.Әбсемет, А.Әлтай т.б. ғалымдар Ағыбай жөнінде
құнды пікірлер айтты.
1992 жылы Жезқазған қаласында Ағыбай батырдың
190 жылдығына орай дайындалған «Ақжолтай Ағыбай» атты
13 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 1 т.—Алматы, 1998.—85-б.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
жинақ шықты14. Ал жырдың көркем үлгілері 2002 жылы Ал
матыда Ағыбай Қоңырбайұлының 200 жылдық мерейтойына
арналған «Ақжолтай Ағыбай батыр» жинағына енді15. Жинақ
үш бөлімнен құралған. Бірінші бөліміне Ағыбай туралы жыр,
аңыздардың таңдаулы нұсқалары енсе, екінші бөліміне ғылы
ми зерттеулер мен мұрағат құжаттары топтастырылған.
«Ағыбай батыр» (халық нұсқасы)—жыршысы мен жи наушысы белгісіз нұсқа. Жырдың қолжазбасы ҚР БҒМ ОҒК қолжазбалар қорында (Ш.1269, 4-дәп.) сақтаулы. Мәтін латын әрпімен жазылған. Көлемі—492 жол. Осы нұсқа 2002 жылы «Ақжолтай Ағыбай батыр» атты жинақта жарияланды16. Жырдың композициясы: Ағыбайдың жүйрік ат іздеп жолға шығуы; жас батырмен жолығуы; екі батыр қосылып жиен ба тырды өлтіруі; Ақауыз атты таңдап алуы, оны Наурызбайға сыйлауы сияқты әңгімелерден құрылған. Шығармада Ағыбайдың, жас батырдың, Ақауыз аттың даралық сипаты өте шебер суреттелген. Аталған жырда Ағыбайдың ерлік күрестері, небір ерекше қайрат көрсететін тұстары айтылмайды. Бірақ оның әруағының басым, алашқа даңқы тараған ардақты батыр екендігі баяндалады. «Ағыбай батыр» жырының сюжеттік құрылымында әлем халықтарының фольклорлық туындыларында жиі ұшыра сатын: батырдың өзіне лайық тұлпар іздеп табуы, түс көру, аян беру сияқты мотивтері көрініс тапқан. Мысалы, жырда жас батырға түсінде өлген әкесі: «Осылай қарай Ақжолтай Ағыбай батыр келе жатыр. Соны іздеп тауып, жолдас етіп алып, жауыңды мұқат»,—деп аян береді. Жас бала көрген түсін жүзеге асыру үшін әрекет жасайды. Ол Ағыбаймен табысып, көптеген қиындықтарды жеңіп, мақсатына жетеді. Бұл орайда түс көру мотиві оқиғаны одан әрі дамыту қызметін атқарып тұрғандығы аңғарылады. Жыр толық он бір буынды қара өлең үлгісімен жазылған. Шығарма оқиға желісі, құрылымы, суреттеу тәсілі жағынан 14 Ақжолтай Ағыбай батыр // Құрастырған—М.Әбсемет.—Жезқазған, 1992. 15 Ақжолтай Ағыбай батыр // Құрастырып, ғылыми түсініктемелерін жазғандар: А.Ісімақова, С.Сәкенов.—Алматы, 2002. 16 Ақжолтай Ағыбай батыр. // Құрастырып, ғылыми түсініктемелерін жазғандар: А.Ісімақова, С.Сәкенов.—Алматы, 2002.
ғылыми қосымшалар
қызықты болып келеді. Мәтінде аздаған араб, парсы, татар т.б
тілдерден енген сөздер кездеседі.
Ал жырдың 2002 жылы басылған мәтінін ҚР БҒМ ОҒК
Қолжазбалар
қорында
(Ш.1296)
сақтаулы
қолжазбамен
салыстырғанда, елеулі айырмашылықтар кездескен жоқ.
Томға ұсынылып отырған «Ағыбай батыр» жырының мәтіні
ОҒК-ның Қолжазбалар қорында (Ш. 1296, 4-дәп.) сақтаулы
түпнұсқадан еш өзгертусіз дайындалды.
Қ. Алпысбаева
«Ағыбай батыр» (С.Қармысов нұсқасы)—бұрын еш жерде
жарияланбаған нұсқа. Жырдың мәтіні ӘӨИ-дің Қолжазбалар
қорында (Ш. 643, 16-дәп.) сақтаулы. Осы жырдың мәтінін
жинап алып келген М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институтының 1964 жылғы Семей экспедициясының
мүшелері: Телмұхамед Қанағатов және Талиға Бекхожина.
Жырды суырыпсалма ақын Қармысов Сансызбайдың орын
дауында үнтаспаға жазып алған. Мәтінді үнтаспадан қағазға
түсірген—Т.Бекхожина. Жыр мәтіні кеңсе қағазына қара сия
мен кирилл әрпінде жазылған. Көлемі—348 жол.
Ағыбай батыр туралы жырдың 2002 жылғы басылымы
мен Қармысов Сансызбай нұсқасының мәтіндерін салыс
тырып қарағанымызда, олардың екеуінің мазмұны ұқсас
екенін көреміз. Аталған нұсқалардың екеуінде де «Ағыбай ба
тыр» жырының сюжеттік желісі түгел сақталған. Жырдағы
кейіпкерлерге берілген мінездемелер де, жер-су атаулары да
бірдей. Кейбір өлең шумақтары да қайталанып келетін тұстары
бар. Екі мәтін қаншалықты ұқсас болғанымен, С.Қармысов
орындаған нұсқаның төмендегідей айырмашылықтары да бар:
1. 2002 жылғы басылымның көлемі—492 жол болса,
С.Қармысов нұсқасының көлемі—348 жолды құрайды.
2002 жылғы басылымда:
Атақты ер Ағыбай шұбыртпалы,
Белгілі сарбаздарын шұбыртқаны.
Ағыбай, Қошқарбай мен ер Бұқарбай—
Бұларды соңына ерткен Кене ханы…
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
десе, С.Қармысов орындаған нұсқада былай жырланады:
Атақты ер Ағыбай шұбыртпалы,
Екеу ме сол күндегі ердің жаны.
Басынан солардың да өтіп кеткен
Опасыз баяны жоқ, шіркін, пәни...
Осы екі үзіндіде айта қаларлықтай айырмашылық жоқ
болғанымен, жыршының стилінде, сөз қолданысында өзгеше
лік көрінеді.
3. 2002 жылғы басылымда Наурызбай Ақауыз атты мінген
нен кейінгі батырлығының асқақтай түскенін суреттейтін тұсы,
Ақауыздың жау оғынан мерт болып, Науанның жау қолына
түсетін көріністері С.Қармысов нұсқасында кездеспейді. Жыр
Ақауызды Наурызбайға сыйға тартумен аяқталады.
Осы екі нұсқаны салыстыра зерттеу нәтижесінде ақын
С.Қармысов «Ағыбай батыр» жырын жетік білген. Сол нұсқа
ны қысқартып, өз сөзімен құбылта жырлаған деп ойлаймыз. Ол
айтып берген «Ағыбай батыр» жырының оқиғасы қызық, тілі
көркем. Басқа тілден кірген сөздер жоқтың қасы.
Томға ұсынылып отырған «Ағыбай батыр» жырының мәтіні
ӘӨИ-дің Қолжазбалар қорында (Ш.643, 16-дәп.) сақтаулы
қолжазбадан еш өзгертусіз дайындалды.
Қ. Алпысбаева
«Ағыбай батыр» (Тәужи Айнатасов нұсқасы) Бұл нұсқада
Кенесарының өтінішімен бір тұлпар әкеліп беру үшін Ағыбай
батырдың түркімен еліне аттануы, сапар кезіндегі ерліктері
суреттеледі. Нұсқа толық емес. Он бір буынды қара өлеңмен
жазылған.
Жырдың
қолжазбасы
ОҒК-ның
Қолжазбалар
қорында (Ш.1296, 6-дәп.) сақтаулы. Мәтін ақ қағазға көк сия
мен кирилл әрпінде жазылған.
Аталған нұсқа 2002 жылы Алматыда шыққан «Ақжолтай
Ағыбай батыр» атты жинақта жарияланған.
«Ағыбай батыр» жырының Тәужи Айнатасов тапсырған
нұсқасын жоғарыда аталған (Ш. 1296. ОҒК), (Ш. 643. ӘӨИ)
мәтіндермен салыстырып қарағанымызда, олардың мазмұны
ғылыми қосымшалар
ұқсас болып келгенімен, жырдың көлемінде, басталуында, сөз
қолданысында айырмашылықтар бар екені анықталды. Олар
төмендегі айырмашылықтар:
1. Т.Айнатасов жинаған нұсқада:
Хан болған ол бір кезде Кенесары,
Біледі Кене ханды жұрттың бәрі.
Хан Шыңғыстан туады хан Абылай,
Айтуға біле алмадым одан әрі.
Қасым хан туатұғұн Абылайдан,
Талай хан өтті бұрын адырайған—
деп, Кене ханның ата-тегін баяндаудан басталады.
2. Жоғарғы екі нұсқада Ағыбай батыр тұлпар іздеп барар
сапарына жеті жігіт ертіп шықса, Т.Айнатасов нұсқасында
қырық жігіт ертіп шығады.
3. Жоғарғы екі нұсқада жолбарысты жас батыр атып өлтірсе,
Т.Айнатасов жырында Ағыбай батыр өлтіреді. Бұл тұста Ағы
бай батырдың батырлығын әсірелеп көрсету үшін жыршы оны
жолбарыспен кездестірген.
Т.Айнатасов тапсырған «Ағыбай батыр» жыры жоғары
деңгейлі көркем тілмен өрілген туынды. Мәтінде басқа тілдер
ден енген сөздер кездеспейді.
2002 жылы басылған «Ағыбай батыр» жырының мәтінін
ОҒК-ның Қолжазбалар қорында (Ш 1296, 6-дәп.) сақтаулы
қолжазбамен салыстырып, текстологиялық жұмыс жүргізу
барысында мәтіннің түпнұсқадан ауытқымай дайындалғаны
анықталды.
Томға ұсынылып отырған «Ағыбай батыр» жырының мәтіні
ОҒК-ның Қолжазбалар қорында (Ш. 1296, 6-дәп.) сақтаулы
қолжазба негізінде дайындалды.
Қ. Алпысбаева
«Ағыбай батырдың үш өкініші» (Х. Жаманұлы нұсқасы).
Бұл жыр мәтінін алғаш рет «Қазақ әдебиеті» (10-шілде, 1992)
газетіне жариялаған—әдебиет зерттеуші ғалым Марат Әбсемет.
27-279*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР Осы мәтін 1992, 1993, 2002 жылдары ешбір өзгеріссіз тағы да басылып шықты17. Жыр көлемі—408 жол. Жыршы халық ау зында айтылып жүрген «Ағыбай батыр» туралы аңыз-әңгіме, жыр-дастандардың негізінде эпосты жаңғырта жырлаған. Осы тұрғыдан алып қарағанда, Хамит Жаманұлы жырлауындағы «Ағыбай батырдың үш өкініші» атты жырдың сюжеті басқа нұсқалардағы тұрақты эпизодтарды өзгеріссіз қайталау емес, дербес вариант екенін көреміз. Шығарманы Ағыбайдың дүниеден өтер алдындағы өкінішін айтып, қоштасуы деуге болады. Ағыбай батырдың көз жұмар алдындағы үш өкініші мынау: Ол өзіне ең жақын адамдары: Кенесары мен Наурыз байдан айрылып қалып, сағынышпен еске алуы; Бостан де ген байдың жылқысын алуға барғанда, байқамай ару қызды өлтіріп алуы; батырдың «сүйегінің үлкен үйден шықпай, кіші үйден шығатын болды» деп өкінуі. Жыршы кейіпкердің қайғысын, ішкі налысын монолог арқылы шебер суреттеген. —Осы еді өкінішім өмірдегі, Түйткіл боп кетпей жүрген көңілдегі. деп үш өкінішін айтады да, батыр мәңгілікке көз жұмады. Шығарманың тілі көркем, басқа тілдерден енген сөздер кездеспейді. Томға ұсынылып отырған «Ағыбай батырдың үш өкініші» деп аталатын жырдың мәтіні 1993 Алматы қаласындағы «Жа лын» баспасынан шыққан «Алмас қылыш» атты жинақтан (192-204 б. б.) алынды. «Ер Ағыбай» (Қ.Қажыбеков нұсқасы)—бұрын еш жерде жарияланбаған. Жырдың қолжазбасы 1938 жылы Қазақстан зерттеу қоғамына түскен. Одан кейін қолжазбаны ОҒКның Қолжазбалар қорына тапсырған18. Жыршысы белгісіз. 17 Ағыбай батырдың үш өкініші // Ақжолтай Ағыбай батыр / Құрастырып, түсініктемелерін жазған: М.Әбсемет.—Жезқазған, 1992; Ағыбай батырдың үш өкініші // Алмас қылыш / Құрастырып, түсініктемелерін жазған: С.Дәуітов. —Алматы, 1993; Ағыбай батырдың үш өкініші // Ақжолтай Ағыбай батыр / Құрастырып, ғылыми түсініктемелерін жазғандар: А.Ісімақова, С.Сәкенов. —Алматы, 2002. 18 Ер Ағыбай // Ш.1296. ОҒК.
ғылыми қосымшалар Жинаушысы—Қаңтарбаев Қажыбек. Жыр мәтіні оқушы дәптеріне көк сиямен араб әрпінде жазылған. Көлемі—228 жол. Аталған жырда Ағыбайдың қалмақпен соғысып ерлік көрсетуі, даңқы бүкіл елге жайылған қолбасшы атануы баян далады. Ал жырда Ағыбайдың қалмақтармен соғысуы тарихи шындыққа сәйкес келмейді. Ағыбайдың нақтылы өмірде Ре сей отаршыларына қарсы күрес жүргізгені белгілі. Бұл орай да жыршы тарихи шындықтан гөрі, Ағыбайдың батырлы ғын дәріптеу үшін жыр мазмұнына «ежелгі жау» қалмақ оқиғаларын қосқан деп ойлаймыз. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қол жазбалар қорында «Ер Ағыбай» жырының Нұрғали Бейсенов тен жазылып алынған бір нұсқасы (Ш. 310) сақтаулы. Қытайдағы Алтай аймағының тұрғыны Қайса Қауданұлы жинаған «Ағыбай батыр» жырының бір нұсқасы «Бабалар сөзі» ғылыми сериясы бойынша әзірленген жүзтомдық жинақтың 29-томында19 және Иса Байзақов жырлаған «Қойшының ерте гісі» атты поэмасы «Ақжолтай Ағыбай батыр»20 атты жинақ тарда жарияланды. Осы төрт нұсқаны салыстыратын болсақ, барлық нұсқаның оқиғасы бірдей екенін көреміз. Алайда аталған шығармалар дың сюжеті ұқсас болғанымен, өзара өзгешеліктері бар еке нін байқауға болады. Атап айтсақ: жыр экспозициясындағы айырмашылық; сөз бен сөздің орын ауыстырылуы; өлең шумақтарының ауыстырылуы; кейбір өлең шумақтарының бір-бірінде кездеспеуі т.б. Бұл салыстыруға қарағанда, әр жыршы Ағыбай батыр тура лы жырдың негізгі нұсқасын сәл өзгертіп, сөз, өлең шумақта рын түрлендіре, құбылта жаңаша жырлауға талпыныс жаса ғанын аңғаруға болады. «Ер Ағыбай» жырының оқиғасы қызықты, тілі көркем, өзге тілден кірген қоспалар жоқтың қасы. 19 Ағыбай батыр // Бабалар сөзі. 29-т. / Құрастырып, ғылыми түсініктемелерін жазғандар: С.Қосан, О.Егеубаев, Қ.Тастанов.—Астана: Фолиант, 2006. 20 Қойшының ертегісі // Ақжолтай Ағыбай батыр.—Алматы, 2002.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Томға ұсынылып отырған «Ер Ағыбай» жырының мәтіні
ОҒК-ның қолжазбалар қорында (Ш.1296. ОҒК) сақтаулы
түпнұсқа бойынша дайындалды.
Қ. Алпысбаева
«Ағыбай батыр» (Белгісіз нұсқа). Жырдың қолжазбасы
ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (Ш. 145, 1-дәп.) сақтаулы. Жи
наушысы—белгілі фольклортанушы ғалым Бекмұрат Уахатов.
Шығарма торкөз дәптерге көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
Көлемі—216 жол.
«Ағыбай батыр» жырының аталған нұсқасын Ағыбай
жайындағы жоғарыда аталған нұсқалармен салыстырып
қарағанымызда, мәтіннің мазмұны Қаңтарбаев Қажыбек
жинаған «Ер Ағыбай» жырына көбірек ұқсас келетінін
байқадық. Аталған нұсқалардың екеуінде де «Ағыбай ба
тыр» жырының сюжеттік желісі түгел сақталған. Жырдағы
кейіпкерлер бейнесі, жер-су атаулары бірдей болып келеді.
Көптеген өлең шумақтары қайталанып келетін тұстары да
бар. Сөзіміз дәлелдірек болу үшін екі нұсқадағы жау қолына
тұтқынға түскен Көлебе батырды қалмақ қызы Қаракөздің
іздеп табатын тұсын алайық. Қаңтарбаев Қажыбек нұсқасында
(Ш. 1296):
Көлебе неше күндей сонда жатты,
Өткенде екі-үш күн бір нәр татты.
«Тұтқында Көлебедей батыр бар» деп,
Қаракөз бір түнде іздеп тапты.
Белгісіз нұсқа:
Көлебе бірнеше күн сонда жатты,
Өткенде екі-үш бір дәм татты.
«Үңгірде Көлебе атты батыр бар» деп,
Қаракөз Көлебені іздеп тапты.
Екі мәтін қаншалықты ұқсас болғанымен белгісіз нұсқада
төмендегідей айырмашылықтар бар:
ғылыми қосымшалар 1. Шығарманың көлемі әртүрлі болып келеді. 2. Экспозицияда елеулі айырмашылық бар. 3. Қ.Қаңтарбаев нұсқасында жыр Ағыбайдың Қаракөзді Көлебенің тетелес ағасы Таңбайға қосуымен аяқталса, белгісіз нұсқада Қаракөздің қалмақ батыры Қолабаны өлтірумен ғана аяқталады. «Ағыбай батыр» жырының тілі көркем, оқиғасы қызықты. Мәтінде басқа тілден кірген аз ғана сөздер кездеседі. Томға ұсынылып отырған «Ағыбай батыр» жырының мәтіні ӘӨИ-дің Қолжазбалар қорында (Ш.145, 1-дәп.) сақтаулы қол жазбадан еш өзгертусіз дайындалды. Қ. Алпысбаева «Байсейіт батыр». Жыршысы—халық ақыны Саяділ Керімбеков. Саяділ Байсейіт батыр туралы ел арасында таралған аңызды өлеңге айналдырған. Аталған жыр бұрын еш жерде жарияланбаған. Жырдың қолжазбасы ОҒК-ның Қолжазбалар қорында (Ш.725, 2-дәп.) сақтаулы. Шығарма 1941 жылы Алма ты облысы, Қаскелең ауданында жазылып алынған. Мәтін бір сызықты ақ қағазға қарындашпен араб әрпінде жазылған. Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан. Көлемі—615 жол. Жырдың негізгі сюжетіне—қазақ пен қырғыз арасындағы жанжалды тоқтатып, бітімге келтіру үшін ержүрек батыр Байсейіттің жасаған ерліктері арқау болған. Жыршы екі халықты татуластырудағы бас қаһарманның ерліктерін, Байсейіттің қапылыста қаза болуын, қазақтың Сұраншы, Ағыбай, Сыздық, Сыпатай сынды батырларының қол жинап, жауға қарсы күш біріктіруін өте әсерлі де шебер суреттеген. Жырда тарихи шындық бұрмаланғаны аңғарылады. Әрине, бұл туынды дәлме-дәл көшірмесі емес, ол халық даналығының көркем шығармасы, сондықтан оның кейбір детальдары өзге ріске ұшырауы, ақын, жыршы тарапынан тың сарындар қосы луы заңды. «Байсейіт батыр» жырының тілі көркем, оқиғасы қызықты. Мәтінде басқа тілдерден енген сөздер жоқтың қасы. Томға ұсынылып отырған жыр мәтіні түпнұсқа бойынша (Ш.725, 2-дәп.) дайындалды.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
«Байсейіт батырдың тарихы» жырының бұл нұсқасын
Байбағышов Тәжібай деген қарт жырлаған. Аталған мәтін бұ
рын еш жерде жарияланбаған. Жырдың түпнұсқасы ОҒК-ның
Қолжазбалар қорында (Ш. 408) сақтаулы. Мәтін ақ қағазға араб
әрпінде жазылған. Көлемі—192 жол.
Аталған жырда Байсейіттің балалық шағының бір көрінісі
ғана баяндалады.
Тәжібай Байбағышев жырлаған нұсқа шағын болғанымен
сюжеті шымыр. Мәтінде басқа тілден енген сөздер кездеспейді.
Томға ұсынылып отырған «Байсейіт батыр» жырының мә
тіні ОҒК-ның Қолжазбалар қорында сақтаулы (Ш. 408) қол
жазба бойынша берілді.
Қ. Алпысбаева
Мырзаш батыр туралы жырлар
Қазақ-қалмақ
арасындағы
шапқыншылық
кезеңді
(ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұраңқайлармен ұрыс)
бейнелейтін
туындының
бірі—«Мырзаш
батыр»
жыры.
Жырдың үш нұсқасы белгілі. Бірі—Ержан Ахметовтің «Әл-
қисса Мырзаш батырдың қиссасы», екіншісі—Сағидолла
Нұралиннің «Мырзаш батыр Алдиярұлы», үшіншісі—Ниязбек
Қыдырмоллаұлының үш бөлімді «Мырзаш батыр» атты жыры.
Осы томға жырдың үш нұсқасы да ұсынылып отыр.
Соның ішінде ақын С.Нұралин «Мырзаш батыр» жы
рын екі қайтара жырлаған. Алғашқы нұсқасы М.Әуезов
атындағы Әдебиет және өнер институтына 1963 жылы, қайыра
жырлағаны 1967 жылы тапсырылған. Бұл туралы: «Мен,
Нұралин Сағидолла, «Мырзаш батыр» жөніндегі өлең-әңгімені
осымен екінші рет жырлап отырмын. Екінші жырлауым одан
гөрі толығырақ жазылды, бірақ негізгі түйіні бір сарында» деп,
ақынның өзі де ескертіп өтеді.
Осылардың ішінде Н.Қыдырмоллаұлының «Мырзаш ба
тыр» туындысы—жырдың ең көлемді нұсқасы. Мырзаштың өз
өміріндегі үш үлкен ерлігі жырдың үш бөліміне арқау болған.
«Мырзаш батыр» жырын алғаш рет ғалым З.Сейітжан
ұлы зерттеп, оны Шығыс Түркістан өлкесіне де кең тараған
ғылыми қосымшалар
жырлардың бірі дей отырып, тарихи-типологиялық салыс
тырулар жүргізді. Автор: «Әртүрлі тарихи оқиғаларға байла
нысты жаңа эпикалық жырлар («Арқалық батыр»), («Қабанбай
батыр»), («Мырзаш батыр» т.б.) туа бастады. Басқаша айт
қанда, нақты тарихи эпос қалыптасты. Тарихи жырлар та
рихилық сипатын көп жоғалтпай, дәстүрлі эпос түрінде да
мыды. Ал нақты тарихи эпос—сол тарихи жырлардың даму
жолындағы белгілі бір кезеңі, сатысы»,—деген пікір айтады.
Яғни З.Сейітжанұлы «Мырзаш батыр» жырын нақты тарихи
эпостың қатарына жатқызып, оның жанрлық-сюжеттік сипа
тына, образдар жүйесіне, поэтикалық ерекшеліктеріне талдау
жасайды.
«Тарихи деректерге және жыршылардың таныстыруына
қарағанда, Мырзаш бұрынғы Зайсан уезіне қарасты дөртуыл
ішінде тұзақшы руынан. 1824-1888-жылдар арасында өмір
сүрген»,—дейді З.Сейітжанов. Яғни:
Алтайдың Сауыр таумен арасында,
Оқушым сөзге құлақ саласың ба?
Баласы Алдиярдың Мырзаш батыр
Өсіпті осы өңірдің даласында,—
деп, жыр жолдарында көрсетілгендей, Мырзаш аталмыш өңір
де өмір сүріп, елін-жерін сырт жаулардан қорғап өткен батыр
адам. Ал:
Орта жүз, руы—найман арғы заты,
Аз мөлшер сауын сиыр, мінер аты.
Жалғыз қызы—әжеміз Шәкежан мен
Қара лашық, Шәмшигүл жамиғаты.
Найманнан қалған ұрпақ Төлегетай,
Жомарт бопты қайырымды, дәулеті бай.
Төрт ұлы Төлегетайдың бір-ақ найман,
Төрт тулы Қаракерей, Садыр, Матай.
Дөртуыл Мырзаш батыр шыққан тегі,—
деген жолдар Мырзаштың ата-тегін айқын көрсетсе керек. Сол
сияқты:
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Мырзаштың өз дәулетін еске алғанда,
Болыпты кедей тұрмыс, ауыр халда.
Көп олжа кезіксе де көз тоярлық,
Өмірде қызықпаған дүние-малға,—
деген үзінділерден Мырзаштың астында мінер аты, қолында
сауын сиырынан басқа түгі жоқ сіңірі шыққан кедей, бірақ ке
дей болса дағы өзіне кезіккен мыңғырған мал, аста-төк дүние-
мүлікке мойын бұрмаған жан болғандығын аңғарамыз.
Мырзаштың өмірде расымен болған адам екенін ақын (Нияз
бек Қыдырмоллаұлы) жырдың барысында қарасөзбен де, жыр
жолдарымен де ауық-ауық еске түсіріп отырады. Сондай кезекті
ескертпеге құлақ түрсек:
«Менің мойнымдағы парызым—Мырзаш батырдың келтелеу
өміріндегі елді сырт жаудан қорғаудағы үш ерлігін жинақтап,
қағаз бетіне түсіру, алайда жоқты бар ғып түсіру емес, неғұрлым
ақиқат, адалдыққа баса назар аудара отырып, болған оқиғаның
өңін айналдырып бұзбай немесе әңгіменің түпкі негізіне
бағынып, сол негіз бойынша түсіру болып табылады. Олай бол
са, Мырзаштың бұл үшінші бөлімінде сөзге арқау, негіз болып
отырған екі дәлелдің бірі—Мырзаш қызы Шәкежан. Ол әкесі
Мырзаштан үйреніп, Шәкежан өзінің ұлы Қыдырмоллаға (менің
әкем) жеткізіп, Қыдырмолладан маған жетіп отырғандықтан.
Ал, екіншісі—ұрпақтан-ұрпаққа, ауыздан-ауызға қала бер
ген халық ішіндегі көнекөз адамдардың Мырзаштың бұл
ерлік істерін ауыз әдебиеті мен қазіргі біздің заманымызға
жеткізуінен. Міне, осы екі дерек бір арнаға түскенде ғана мен
Мырзаштың үш ерлік жинақтарын қағаз бетіне түсірдім. Қай-
қайсысының түпнұсқасын осы жоғарғы екі негізге тіредім.
Мырзаштың жаудан елдің намысын қорғаудағы екінші қызыл
аяқ шапқыншылығындағы ерлігін, шектен асқан атақты поме
щик Баты-байыр мырза елге әкелген үш қыздың бірі Дадима
дан туған Ақпалуан, Тауалпаннан күні бүгін ұрпақтар бар деп
алдыңғы жинақтарға жазғам. Сол сияқты осы үшінші бөлімде
Мырзашпен бірге жүріп, бірге тұрған, осы соңғы айқаста да бірге
болған Ертісбайдан да қазір ұрпақтар бар. Ертісбай Мырзашпен
бұндай жағдайларда бірге болған адам екен. Осы Ертісбайдың
ұлы Уалхан жетпістің ішінде қайтыс болған. Осы Уалхан әкесі
Ертісбайдың Мырзашпен бірге болғандағы ерліктерін баласы
ғылыми қосымшалар
Уалханға жеткізіп еді. Мырзаштың ерлік істерін халық арасы
на бұлжытпай көп таратқан осы тахуа Уалхан екеніне күмән
жоқ»,—деп, жыр арасында қара сөз түрінде дерек көздерін
нақты көрсетеді.
Жырдың барлық нұсқаларында Мырзаштың орыс саяхат
шысы Н.М.Пржевальскиймен достығы арнайы сөз етіледі.
Өйткені батырдың саяхатшыны Құлжадан Гучинге дейін
ертіп, жол бастап жүргені—тарихи шындық. Ал тарихта
болған оқиғадан жыршылардың аттап өте алмайтыны белгілі.
Мырзаштың саяхатшы ғалыммен бірге жүрген сәттері—оның
өмірінің бір бөлігін құрайды. Бұл оқиға жырда көрініс таппаған
күнде Мырзаш өмірінің бір қыры, яғни елді-мекенді көп
аралаған саяхатшы екендігі және жер жағдайын жетік білген
зеректік қасиеті ашылмай қалғандай болар еді.
Мырзаштың саяхат барысында көп көмегі тигендігі туралы
Н.М.Пржевальский өз еңбегінде арнайы атап көрсетеді: «Про
водником на первое время взят был нами киргиз (қазақ – Г.Р.)
Зайсанского пристава Мирзаш Аллиаров, тот самый, который
осенью 1877 года водил нас из Кульджи в Гучен. Мирзаш от
лично знал прилежащую к нашей границе западную часть
Чжунгарии, где много лет занимался барантою, т. е. воровством
лошадей. Как известно, подобный промысел нисколько не пре
зирается у киргизов, наоборот, искусный барантач считает
ся удальцом, заслуживающим удивления и похвалы. Мирзаш
своими подвигами снискал себе даже почетное прозвище батыр,
т. е. богатырь. Этот богатырь сам сознавался нам, что в продол
жение своей жизни (ему тогда было 53 года) украл более тыся
чи лошадей; неоднократно бывал в самом трудном положении,
но обыкновенно выпутывался из беды. Впрочем, большой шрам
на лбу, нанесенный топором хозяина украденной лошади, ясно
свидетельствовал, что не всегда благополучно проходили наше
му герою его воровские похождения. Как проводник, Мирзаш
был очень полезен; только необходимо было его держать, как
говорится, в ежовых рукавицах». Алайда Мырзаш Н.М. Прже
вальский айтқандай ел шауып, мал айдаған барымташы немесе
біреудің малын ұрлаған ұры емес.
Жау десе, жалақтаған алмас қылыш,
Өзі барда жасаған елі тыныш.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жаудан елге кек алған елдің ерін
Кім айтыпты бейпіл сөз жылқы қуғыш,—
деп жырланғандай, Мырзаш тек өзі келіп соқтыққан жаудан
ел кегін қайтарушы. Ол ел намысын қолға ұстатып қоя беретін
жан емес. Сондықтан да халықтың жоғын жоқтап, намысын
қорғауда алға шыққан ержүрек ұлдарының бірінен саналады.
Н.М.Пржевальский біржақты баға берген.
«Мырзаш батыр» жырының Н. Қыдырмоллаұлы нұсқа
сының бірінші тарауының өзі 3480 жолдан (ал барлығы—
10258 жол) тұрады, яғни өте көлемді; екіншіден, тілі де аса
шұрайлы, сұлу; үшіншіден, әрбір оқиға, әр құбылыс кеңінен
суреттеліп, сан қырынан ашылады. Жырдың өте көлемді,
әрі қою сюжетті болуының, Мырзаштың әрбір қасиетінің
терең ашылуының бірден-бір себебі—бұл нұсқаны тікелей
батыр ұрпағының жырлағандығымен байланыстыруға бола
ды. Сол себепті, жырда Мырзаштың батырлығымен қатар,
халқының қамқоршысы, әрі адал азамат және халқының сал
тын қадірлеген ұлағатты ұлы болғандығы мақтанышпен, зор
құрметпен жырланады. Жинақтай айтқанда, Мырзаштың
жалпы адамдық болмысы түгел қамтылады.
Жырда Мырзаш өмірінің көп қыры қамтылған, оқиғалар
бірінен-бірі туындап, сан қырынан өрбіп отырады. Және де
оның барлығы нанымды, шындыққа жанасымды етіп, өмірдегі
қалпында суреттеледі. Әрі жырдың көркемдік деңгейі де
жоғары. Әр оқиғаның зор шабытпен жырланғаны соншалық—
«ары қарай не болар екен, оқиға қалайша жалғасын табады?»
деген зор қызығушылықпен оқылады, яғни жыр оқырманын
жалықтырмайды, керісінше, өзіне баурап, елітіп әкетеді.
Сондықтан жырдың осындай ерекшеліктерін ескере отырып,
оны негізгі нұсқа ретінде қабылдауға болады.
Ал, жалпы, Мырзаш туралы жырлардың үш нұсқасының
оқиғалар желісін салыстырып қарағанда, үшеуіне де ортақ боп
келетін бірнеше сюжет—мотивтерді аңғарамыз. Олар:
—Мырзаштың өз өмірінде үш ірі соғысқа қатысып, елін
жаудан қорғауы;
—Әулиелік қасиетінің болуы;
—Н.М.Пржевальскийге жол көрсетіп, елді мекендерді көп
аралаған саяхатшы болғандығы;
ғылыми қосымшалар
—Мырзаштың кедей отбасынан шыққандығы;
—Соңғы жорыққа барғысы келмегендігі, оған еркінен тыс
аттанғандығы;
—Қолды болған дүние-мүлік, олжаларды қара басының
қамына жаратпай, кедей - кепшікке таратып бергендігі;
—Мырзаштың ақкөңіл, адал, әділ адам болғандығы.
Міне, осы сюжет-сарындар жырдың әр нұсқасында негізгі
оқиғаларды баяндауға тірек болып, әрқайсысында өзінше
өрнектеледі.
Томға ұсынылып отырған мәтін ӘӨИ-дің қолжазбалар
қорында сақталған түпнұсқасынан (ӘӨИ. ҚҚ: Ш.874) дайын
далды.
Г. Рахымбаева
Ержан Ахметов нұсқасы. Е.Ахметов нұсқасының көлемі—
448 жол. Жырда алдымен Мырзаштың әкесі Алдиярдың
батырлығы, оның Алтайдағы ұранқайлардың қолынан қаза
тапқаны айтылады. Оның баласы Мырзаш батыр ұранқайларға
бірнеше рет аттанып, ел намысын қорғайды. Әкесінің кегін ала
ды. Бір жолы Мырзаш батырдың жолы болмайды. Қанжары
жоғалады, қасындағы жолдасы мұны тастап қашып кетеді.
Батыр жалғыз өзі жаумен шайқасады. Атынан түскенде ол
өзінің қатты ауырғанын біледі. Оны сезген қуғыншылар ба
тырды сойылға жығады, батыр жапанда жалғыз қалып қаза
табады. Мырзашты ел-жұрт болып іздейді. Садырбай, Салжан
сияқты батырлар бастаған бір топ жігіттер Мырзаштың сүйегін
тауып алып қайтады. Батырдың зираты Алтай аймағындағы
Қаба деген жерде. Шығарманың соңында жыршы Мырзаш
батыр өміріне байланысты түсінік берген. Шығарма бұрын
жарияланбаған, тарауға бөлінбеген, 7-8 буынды жыр үлгісінде
жазылған.
Жыр мәтіні араб әрпінде жазылған түпнұсқадан (ӘӨИ:
Ш.194, 2-дәп.) еш өзгеріссіз дайындалды.
Сағидолла Нұралин нұсқасы. С.Нұралин нұсқасының
көлемі—620 жол. 1963 жылғы Шығыс Қазақстан, Семей
экспедициясының мүшелері Т. Қанағатов, Т. Бекқожина жи
наған. Жырда Мырзаш батырдың жорықтары, орыс ғалымы
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Н.М. Пржевальскиймен кездесуі баяндалады. Оқиға XІX ға
сырдың екінші жартысында болған. Сағидолла Нұралин «Мыр
заш батыр» жырын ел аузындағы аңыз-әңгімелерге сүйеніп
шығарған. Мырзаш батыр жиһан кезіп, Құлжа, Үрімжі, Гучін,
Хами, Қашқар, Хотан, Тибетке барады. Одан Зайсанға бет алған
сапарында орыс саяхатшысы Н.М.Пржевальскиймен кездесіп,
оған жол көрсетуші қызметін атқарған. 1877 жылғы Гучін, 1879-
1880 жылдарғы Тибет экспедициясына қатысады. 1888 жылы
ел намысы үшін Алтайдағы ұраңқайларға аттанады. Ру басшы
лары Шотан төре, Қоқы батырлар ұраңқай гүңі (төресі) Санды
жаппен ауыз жаласып, батырды қапылыста қазаға душар етеді.
Жыр он бір буынды қара өлең үлгісімен жазылған.
Сағидолла
нұсқасында
Мырзаштың
жиһанкездігі,
Н.М. Пржевальскиймен достығы басымырақ жырланған.
Шығарманың басында автор тарапынан берілген түсінік
сөзінде: «Мен осы Мырзаш Алдияр туралы ел аузындағы
әңгімелерді әрбір адамдардан бытыраңқы түрде көп уақыт
тардан бері естіп келген едім. Әр адам әртүрлі жорамалдармен
әңгіме етеді. Кейбіреулер Мырзашты әулие, шарафатты адам
болған, оның бастаушы қызыл түлкісі бар. Сол түлкі қайда
бастаса, Мырзаш сонда барады. Және күн жайлататын қасиеті
болған. Жауымен шайқасқанда екі арасына қалың тұман
қараңғылық салып қоятын болған деп те айтады. Атақты
ғалым Пржевальскиймен кездесіп жолдас болуы анықталады.
Мырзаш алпыс жасынан асқан кезінде ел тілегімен ел есесін
алу үшін Қытайға қарасты Қанас деген жердегі мұңғыл тай
гасы Ораңқайға барып, сонда қаза тауып, сүйегі алынбай тас
қуысында қалған адам екен. Мырзаштың өлімі 1888 жыл екен.
Мұны сол жылы туған Шәкір Бекбаев деген ақсақал растайды.
Мырзаш шешен тілді адам болмаған, сөзінің көбінде «ана бар
ғой» деп сөйлейтін сөзге шорқақ адам болыпты. Ел намысы
на, ел есесіне жанын құрбан ететін. Елді қанаушыларға қарсы
қайрат істейтін. Мал ұрыларын аңдып, олардың ұрлап әкелген
малдарын тартып алатын. Оны иесіне немесе ел кедейлеріне
үлестіріп беретін адам болыпты. Мырзаш көп жерді аралап,
жиһан кезген. Шығыстағы Қашқар Қонан, Қарашар, Құлжа,
Орбы, тіпті сонау Тебеттің бергі шетіне дейін барып қайтқан
адам екен. Бірақ осы сапарынан белгілі мәлімет жоқ. Мырзаш
оқымаған қараңғы адам болған. Пржевальскиймен кездесуі
ғылыми қосымшалар
осы сапарында болса керек»,—дей келе жырда кемшіліктердің
болуын жоққа шығармайды.
Жырдың
түпнұсқасы
ӘӨИ-дің
Қолжазбалар
қорында
(Ш.330, 9-дәп.) сақтаулы тұр.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған материалдар бойын
ша еш өзгеріссіз әзірленді.
Т. Әкімова
«Айдос батыр» жырының кейбір үзінділері 1883 жылы
Ташкент қаласында басылып шыққан Я. Лютштің «Кир
гизская хрестоматиясында, 1964 жылы Алматыда шыққан
«Батырлар жырының» үшінші томында жарияланды. Толық
нұсқасы әлі еш жерде жарияланған жоқ. Осы томға еніп
отырған «Айдос батыр» жырының қолжазбасы ОҒК-ның
Қолжазбалар қорында (Ш. 765. 3-дәп.) сақтаулы. Қолжазба
мәтіні дәптерге көк сиямен араб әрпінде жазылған. Көлемі—
889 жол. Жыршысы—Айдарбеков Жұмаділ. Жыр мәтіні
1937 жылы жазылып алынған. ОҒК-ның Қолжазбалар қо
рына 1946 жылы түскен. Жыршы халық аузында айтылып
жүрген «Айдос батыр» туралы ертегі, аңыздарды өлеңге ай
налдырып жырлаған. Жырдың оқиғасы қызықты, тартымды
болып келеді. Жыршы Айдостың шайқас кезіндегі ерлігін
сипаттауға ерекше мән берген. Батырдың соғыс кезіндегі
күш-қайраты, ерлігі айрықша мадақталып суреттеледі. Мы
салы, жауды көрген кездегі Айдостың сыртқы тұлға бітімі
былай:
«Қабағына қар тұрып,
Кірпігіне мұз тоңып.
Көзі оттай жанады»,—
деп суреттеледі. Сол сияқты «Айдос батыр» жырының сюжеттік
құрылымында әлем халықтарының фольклорлық шығар
маларында жиі ұшырасатын түс көру, түс жору, бал ашу, жал
барыну, бата беру, қоштасу, атымен арыздасу, жоқтау сияқты
тұрақты мотивтер ұшырасады.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жырдың бір ерекшелігі—жыршы кейіпкерлердің ішкі се
зімдерін монолог, диалог арқылы шебер сипаттайды. Шығарма
дәстүрлі эпикалық стильде жырланған. Басқа тілден кірген
сөздер жоқтың қасы.
Мұнан басқа «Айдос батырдың» Ақтөбе облысының тұрғы
ны Қабай Бекназаров халық аузынан жазып алып тапсырған
(Ш. 1281, ОҒК) және ӘӨИ-дің Қолжазбалар қорында (Ш. 242,
ӘӨИ) сақтаулы үзінділері бар. Олардың арасында сюжеттік
айырмашылықтар аз. Бәрі де Айдарбеков Жұмаділ жырлаған
нұсқадан алшақ кетпейді.
Томға ұсынылып отырған «Айдос батыр» жырының мәтіні
ОҒК-нің Қолжазбалар қорында (Ш.765, 3-дәп.) сақтаулы түп
нұсқа бойынша әзірленді.
Қ. Алпысбаева
Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни
есімдер
Алла (Аллаһ)—ислам дінінде бүкіл ғарышты, тіршілік
дүниесін және қиямет қайымды жаратушы, баршаға бірдей,
жалғыз және құдіреті күшті Құдай есімі.
Құран Кәрімде айтылғандай: «Ол Алла біреу-ақ, Алла
мұңсыз (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі
Оған ешкім тең емес»21.
Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс
те емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған
берілгендікті білдіруге болады. Ал табынудың басты орны—
Меккедегі Қағба, онда аспаннан Алла жіберді деп есептелетін
қасиетті қара тас бар.
Абылай хан (1711-1781)—қазақ ханы, мемлекет қайратке
рі, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі Жошы хан, бергі ба
балары Қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, кейін
ер Есім хан, Жәңгір хан. Абылай—Жәңгір ханның бесінші
ұрпағы. Жәңгірдің екі әйелі болған: біріншісі—қазақ әйелінен
Уәлибақы, қалмақ әйелінен—Тәуке хан туады. Уәлибақыдан—
Абылай. Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін
батыр болған. Тұтқындарды аямай жазалағандықтан «қанішер
Абылай» атанған. Абылайдан—Көркем Уәли, одан—Абылай
(Әбілмансұр) туады. Ол «Ақтабан шұбырынды» жылдарын
да жетім қалып, үйсін Төле бидің қолында тәрбиеленеді. Аш-
жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап
Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады.
Жаугершілік заманның талабы Абылайдың ел өміріне ерте
араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың
21 Құран Кәрім. 112—«Ихлас» сүресі
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
мәліметтеріне қарағанда, Абылай хан жиырма жасында қан
майданда ерлігімен көзге түскен. Қалмақтың батыры Шарыш
ты жекпе-жекте өлтіруі абыройының өсуіне себепші болады.
«Абылайлап» жауға қарсы шыққан Әбілмансұрды жеңіс
тен кейін Әбілмәмбет хан шақыртып алып танысады. Таны
са келе туысқан адам болып шығады да, кейінірек хандық
тағын Абылайға (Әбілмансұр) береді. Оның «Ақ толқын»,
«Алабайрақ», «Шаңды жорық» т.б. күйлері сақталған. Жетпіс
жасында жорықтан келе жатып, Арыс өзенінің жағасында
қайтыс болған. Сүйегі Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесе
несінде жерленген.
Арғын—қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежіре
бойынша Орта жүз құрамына енеді. Ежелгі қонысы—Ертіс,
Нұра, Есіл, Торғай өзендерінің бойлары мен Балқаш көлінің
солтүстігіндегі шөлейт өлке.
Көне түрік тілінде «аргун» сөзі «көп», «қалың» мағынасын
білдірген.
Әли—Оспаннан кейін билік басына келген төртінші әді
летті халифа. Хазірет Әли—Мұхаммед пайғамбардың «төрт
шаһариар» аты берілген сенімді серіктерінің бірі, немере інісі,
әрі оның Фатима атты қызын алған күйеу баласы. Мұсылман
елдерінің ауыз әдебиетінде Әли—орасан алып күш иесі. Жау
лары Әлидің айғайынан-ақ өліп, талып қалатын болған-мыс.
Фольклорлық туындыларда оның зұлпықар, қамқам, самсам
деген үш қылышы болғаны айтылады. Әлидің есімі көптеген
шығыс шығармаларында, оның ішінде діни дастандарда
жиі ұшырасады. Әдетте, хазірет Әли сол дастандардың ба
сты кейіпкері, жеңілмейтін батыр, халықтың қамқоршысы,
мұсылмандардың қорғаны, бетке ұстар қаһарманы ретінде
көрінеді. Дастандарда Әли өткен замандарда атақты Рүстемнің
өзі жеңе алмаған жауларды жеңген деп дәріптелген.
Кенесары (1802-1847)—мемлекет қайраткері, әскери қол
басшы, қазақ халқының 1837-1847 жылдар арасындағы ұлт-
азаттық қозғалысының басшысы. Қазақ халқы тарихындағы
соңғы хандардың бірі. Кенесары Шыңғыс ханның жиырма
жетінші ұрпағы, Абылай ханның немересі. Кенесарының саяси
көзқарасының қалыптасуы Ресей империясында І Петр билігі
кезеңінен басталған Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы
қатынастар сипатымен тығыз байланысты болды. Ресей им
ғылыми қосымшалар
периясы өзіне шекаралас жатқан байтақ өлкені, күллі Азия
елдеріне бастар «қақпа» деп есептегендіктен, қазақ жерін күштеп
қоса бастады. Патша үкіметі 1822 жылы «Сібір қазақтары ту
ралы Жарғысы» арқылы қалыптасқан хандық құрылымды,
дәстүрлі билік үлгілерін жойып, қазақ елін жалпыресейлік
басқару жүйесіне сіңістіріп жіберуді көздеді.
Кенесары 1841 жылы хан болып сайланады. Халықты
ұйымдастырып,
Ресей
отаршыларына
қарсы
соғысады.
1847 жылы өзімен бірлесіп соғысудан бас тартқан қырғыздар
ға да қарсы шабуыл жасаған еді. Өйткені қырғыздардың
Сібір әкімшілігімен астыртын байланыстары болады. Өз
жақтастарының опасыздық жасағандары себепті, Кенесары
інісі Наурызбаймен бірге дұшпандарының қолына түседі.
Қырғыздар Кенесарыны айуандықпен өлтіріп, басын кесіп
алып, Омбыдағы орыс үкіметінің өкілі генерал М. Горчаковқа
табыс етеді.
Колпаковский Г.А. (1819-1896)—XІX ғасырдың алпысын
шы жылдарындағы Жетісу облысының әскери губернаторы
және казачествоның атаманы, қазақ-қырғыздарды қарудың
күшімен жаулаған Ресей монархиясының зорлықшыл гене
ралы.
Қазыбек Келдібекұлы (шамамен 1667-1764 жж.)—қазақ
халқының XVІІ-XVІІІ ғасырларда жасаған үш ұлы биінің
бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Қаз дауысты
Қазыбек Келдібекұлы туралы ел аузындағы әңгіме, аңыздар
мен биден қалған шешендік сөздер оның өз заманында білімді
де жетелі, ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, ата жолы заңдарын
мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, ба
тыл да батыр адам болғандығын аңғартады. Әділдігі мен
алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбек биді орта жүздің бас биі
етіп тағайындаған.
Қасым хан (1445-1518)—қазақ хандығының негізін са
лушылардың бірі Жәнібек ханның баласы. Анасы Жаған
бегім—Мұхаммед Шайбани ханның інісі Махмұд сұлтанның
шешесінің туған сіңлісі. Қасым ханның ішкі және сыртқы
саясаты, ел басқару әдістері жөнінде мәліметтер өте аз. Ол
жайында М.Х.Дулатидың «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде
біраз дерек бар. Қасым хан билеген кезеңде қазақтар мен Шай
бани әулеті арасында Сырдария маңындағы қалалар үшін
28-279*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
соғыстар жалғаса береді. Қасым хан өз заманында еліне сай
заңдар қабылдайды. Осы заңды қазақ елі «Қасым ханның
қасқа жолы» деп атаған. Бұл заң әдет-ғұрыптық және билік
ережесінің жиынтығы болғандықтан ел басқару ісінде кеңінен
қолданылған.
Құсайын (Хұсайын)—Мұхаммедтің қызы Фатимадан ту
ған Әли ибн Әбу Тәлибтің кіші баласы, шииттердің үшінші
имамы. Діни әңгімелерде Хұсайынның есімі Хасенмен бірге
аталады. 669 жылы Хасен өлгеннен кейін Әли ұрпақтарына
басшылық етеді.
Алайда 680 жылы халифа Мағауия қайтыс болғаннан
соң, Иракта үмийалықтарға қарсылық күшейеді. Осы кезде
куфалық халифа Йазидтың белсенділігі де арта түсті. Оның
адамдары Хұсайынның немере інісі Мүслімді дарға асып
өлтіреді. Куфаға келе жатқан Хұсайын қайғылы хабарды
естісе де, сапарын жалғастыра береді. Оның Кербала шөлінде
ат суытқанын білген Йазид Хұсайынға қарсы төрт мың әскерін
қарсы аттандырады. 680 жылдың 10 қазанында күші басым
жаумен ерлікпен айқасқан Хұсайын жолдастарымен бірге
ұрыс даласында шейіт болады.
Имам Хұсайын қайтыс болғаннан кейін Кербала шииттер та
бынатын қасиетті орынға айналады. Ал оның өлген күнін бар
ша шиит қауымы аза тұтып, құрметпен еске алады.
Мұхаммед (Мұхаммед ибн Абдулла Әбу-л Қасым)—ислам
дінінің және болашақ араб халифатының негізін салушы, та
рихи тұлға. Мұсылмандардың сенімі бойынша, ол—Алла
Тағаланың адамдарды тура жолға салу үшін жіберген Елшісі,
ең соңғы пайғамбар.
570 жылы Мекке қаласында дүниеге келген. Пайғамбар
дың әкесі Абдулла Мұхаммед өмірге келместен екі ай бұрын
қайтыс болған. Ал анасы Әмина Расул Алла алты жасқа
толғанда дүниеден өтеді. Мұхаммед Мұстафа (с.ә.с.) алғашында
сүт анасы Халиманың, онан соң атасы Ғабдулмүтәліптің, ол
қайтыс болған соң ағасы Әбутәліптің тәрбиесінде болған.
Алла Тағаланың алғашқы жарлықтары (уаһи) рамазан
айында хазірет Мұхаммедке Меккеден үш шақырым жердегі
Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні таң алдында түскен.
Мұхаммед (с.ә.с) Алланы, яғни бір Құдайға табынатын дін—
исламды 610 жылы 40 жасында уағыздай бастайды.
ғылыми қосымшалар
Мұхаммед (с.ә.с.) ислам дінін жария еткенде арабтардың
басым көпшілігі пұтқа табынатын. Олар ислам дініне қарсы
лық білдіріп, түрлі қастандық жасады. Сондықтан б.д.
622 жылы Мұхаммед (с.ә.с.) өзінің жақтастарымен бірге
Меккеден Мәдине қаласына қоныс аударады. Бұл жыл ислам
жыл санауының басы деп есептеледі. Оның арабша атауы—
«хижра», яғни «қоныс аудару» деген сөз.
Мұхаммед Мұстафа (с.ә.с.) бин Абдулла 633 жылы Мәдине
қаласында қайтыс болды.
Мырзаш Алдиярұлы (1826-ө.ж.б.)—жолбасшы, саяхат
шы. Қытайдың, әсіресе көрші Жоңғария жерінің геогра
фиясын өте жетік білген. Мырзаш 1877ж. Орталық Азияны
зерттеуге шыққан орыс саяхатшысы Н.М. Пржевальский
2-экспедициясының жолбасшысы болып, оны Құлжадан Га
ченге дейін, ал 1879ж. оның 3-экспедициясын Зайсаннан
Орталық Азиядағы Гашун-Нор көліне дейін бастап апарды.
Осы экспедицияларды Азияның асқар таулары мен құлазыған
шөлдерінен, орыс саяхатшыларына наразылық көрсетіп
отырған жергілікті халықтың арасынан аман өткізіп, көп
көмегін тигізді.
Николай ІІ (Николай Александрович Романов) (1868-1918)
— Ресейдің соңғы императоры. Александр ІІІ-нің үлкен ұлы.
Наушаруан—Иран шаһы Хосроу І Анушаруан VІІ ғ.
Омар—Әбубәкір өлгеннен кейін (634 ж.) мұсылман
қауымына басшылық жасаған екінші әділетті халифа,
исламның алғашқы кезеңіндегі ірі дін қайраткерлерінің
бірі. Омар хазірет Мұхаммед пен Әбубәкір Сыдықтан соң
мұсылмандықты одан әрі насихаттап, оны араб елдерінен
тысқары өлкелерде таратуға көп күш жұмсады. Омар хазірет
басшы болған он жыл ішінде ислам діні Ирак, Сирия, Египет
және Ливия жерлеріне орнықты.
«Куббат ас-сахара» деп аталатын күмбез тұрғызды.
Оспан—араб-мұсылман
тарихындағы
үшінші
әділетті
халифа. Ол—Мұхаммед пайғамбардың жолын ұстаған ал
ғашқы сахаба-серіктерінің бірі, Расул Аллаға шын берілген
үмийа әулетінен шыққан бай саудагер. Хазірет Оспан әуелі
Пайғамбардың қызы Ұрқияға, ол қайтыс болған соң Расулдың
екінші қызы Үммігүлсімге үйленді. Сол себепті мұсылмандар
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Оспанға Зун Нурайн (екі шамшырақтың иесі) деген құрметті
атақ берген.
Өтеген батыр (1699-1773)—жоңғар шапқыншылығына
қарсы азаттық көтерілісті басқарған қазақ батыры. Ұлы
жүздің дулат тайпасынан шыққан. Райымбек сынды батыр
лармен бірлесіп жоңғарларға қарсы шығып, әскер басқарған.
1756 жылы Абылайдың Қытаймен бейбіт болу саясатына
қарсы шығып, Жиделібайсында 17 жыл жүріп қайтыпты де
ген халық арасында аңыз бар.
Пржевальский
Николай
Михайлович
(1839-1888)—
Орталық Азияны зерттеуші орыс саяхатшысы. 1870-1885 жж.
Орыс география қоғамының Орталық Азияға ұйымдастыр
ған төрт экспедициясын басқарды. Пржевальский бұрын ғы
лымға беймәлім Гоби, Ордос, Алашань, Такла-Макан, Цайдам
шөлдеріне сипаттама жазды. Пржевальский Орталық Азияға
жасаған бесінші саяхаты кезінде Ыстықкөлдің жағасында
қайтыс болды.
Рүстем-Дастан—ежелгі Иран аңыздарының әйгілі баты
ры, «Шаһнама» эпосының бас қаһарманы. Ол шығыс халықта
рында қаһармандық үлгісі ретінде дәріптеледі.
Саржан, Есенкелді, Наурызбай, Кенесары—Қасым ханның
ұлдары.
Сыздық—Кенесарының баласы, орыс әдебиетінде Садық,
Сыдық деп аталады. Ол Ресейдің отарлау саясатына және
жергілікті хандарға, Қытай империясына қарсы халықтың
азаттық күресін басқарған (1860-1977) көрнекті батыр. Сыздық
Жамбылмен 1880 жылдары кездескен.
Таңбай, Көлебе—ағайынды батырлар. Ағыбай батырдың
достары.
Хасен—Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатимадан туған,
Әли ибн Әбу Тәлибтің баласы, шииттердің екінші имамы. Әли
661 жылы қаза тапқаннан кейін Хасен Иракта халиф болып
жарияланды. Әкесімен бірге, басқа бауырлары секілді, ол да
ислам болашағының беріктігі үшін күрескен тарихи тұлға.
Шұбыртпалы Ағыбай батыр (1802—1885)—Кенесары
Қасымовтың Ресей отаршылдығына қарсы көтеріліс басшы
ларының бірі, қолбасшы. Жорықта жолы болғыштығы үшін
«Ақжолтай батыр» атанған. Сарбаздары, Абылай есімімен
қатар Ағыбай батырды да ұранға айналдырған. Он үш жа
ғылыми қосымшалар
сынан бастап қолына қару алып, 1824 жылы Қарқаралы
аймағында Ресей империясының отаршылдық саясатына
қарсы көтеріліске белсене араласты. Ағыбай батыр бастаған
қол 1826-1849 жылдар аралығында Ресей әскерлерімен
бетпе-бет шайқасып, бірнеше рет күйрете соққы берген. Ре
сей империясының Қазақстандағы тірек-орталықтары—Қар
қаралы, Ақтау, Ақмола, Екатеринин бекіністеріне шабуыл
жасап, патша әскерлерін Ырғыз, Тобыл өзендері бойындағы
ұрыстарда, Қызылжар, Көкшетау шайқастарында тас-талқан
етіп жеңген. 1847 жылы Кенесары ханның Кекілік тауын
дағы қырғыздармен айқасында Наурызбай батырмен бірге
қарсыластар шебін бұзып өткен.
Кенесары өлгеннен кейін де Ресей өктемдігіне қарсылы
ғын тоқтатпай, Сыздық төре қолы құрамында соғыс жүр
гізген. 1849 жылға дейін Ресей өкіметінің қамалдарына
өз бетінше шабуыл жасаған. Өмірінің соңғы жылдарын
да егіншілікпен, балық аулаумен айналысқан. Дүниеден
қайтқан соң, Ресей үкіметі оның мәйітін Түркістандағы Қожа
Ахмет Иасауи кешеніне жерлеуге рұқсат етпей, Сарыарқа
мен Бетпақдаланың шектескен Тайатқан-Шұнақ қонысына
жерленген. Кенесарының бас батыры Ағыбайдың өмір жолы
бірқатар қазақ тарихшылары мен қаламгерлерінің шығар
маларына арқау болған.
Сөздік
Аны—оны
Апшысын қуыру—есін шығару, құтын қашыру
Арсалан—арса-арсасы шығып еті қашу
Атқы /моңғ./—ағаштан жасалған құрал
Ауаша—оңаша
Әгарда—егерде
Әлім—ғалым
Әмірсайқын /қалм./—амандасу
Барқын—қоңырқай жасыл
Берен—ұнғысы ұзын шиті мылтық
Бұрқан /қалм./—Құдай, Жаратушы
Ғаяр /а/—қу, айлакер
Дуан—қала базары
Ебі: ебі желі—Жоңғар Алатауының шығысында болатын
дауылды, еспе қатты жел
Жабы—қазақ жылқысының нашар, қарабайыр тұқымы
Жайсаң—зайсан
Жамбыл—қорған, мекеме
Жырынды—көпті көрген, қу айлакер
Замок /о/—құлып
Зауды ғалам—кездейсоқ
Зәнталақ—арамза, қара ниет
Кәззап—оңбаған, жексұрын, сұрқия, алаяқ
Кәнігі—әбден төселген, машықтанған
Көкір /қалм./—арақ
Қазанат—ұзақ жолға шыдамды, мықты ат; қазақ жылқы
сының байырғы бір тұқымы
Қозы көш жер—жақын жер
ғылыми қосымшалар
Құлазы—иесіз
Лама, келең, кешіл—будда дініндегі діни дәрежелер
Мақшар—қиын-қыстау кез
Малта—сүзбеден сығып, домалақтап дайындаған уақ құрт
Наркескен—болаттан соғылған екі жүзді алмас қылыш
Паһым /а/—ойлану
План /о/—жоспар
Пітінә—аласа, қортық, мәстек
Саңлақ—ұшқыр, жүйрік
Сапы—кішкене өткір қылыш, семсер
Сарт Уаң—сарт—уәзір, уаң—оның басшысы
Сәурік—үйірге түсе қоймаған жас айғыр
Сеңсең—марқайған қозының қырқылмаған өскелең жүн
терісі
Солдат—салдат
Табын—сиыр малының, аңның (киік, бұғы) үйірлі тобы.
Талыс—жылқының бас терісінен жасалған, оны-мұны са
лып қоятын ыдыс
Тәуап /а/—құлшылық ету
Тұт—ұстап қалу
Ұрт—бір бет, нойыс
Үпте—түк қалдырмай ұрлап кету, тонау
Шабдар—жал-құйрығы сарғыш келген құла жирен жылқы
Шаша—жылқының сирағы мен бақайшағы түйіскен жер
дегі бір шоқ ұзын қыл
Шоқат—төбешік, қырат, қырқалар
Шілік—сулы жерде өсетін жіңішке солқұлдақ бұта
Жер-су атаулары
Алакөл—Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының
аумағында орналасқан тұйық көл. Ол Орта ғасырларда Гурге—
нор (монғ. Көпір—көл), кейін Алактагал, Алатеңіз, Алакта деп
те аталған. Батыстан шығысқа қарай созылып жатыр. Алакөл
ге 15-тен астам үлкенді-кішілі өзендер құяды.
Алатау—Орта Азия мен Қазақстан аумағындағы тау
жотасының жалпы атауы. Оларға Күнгей Алатауы, Жоңғар
Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Іле Алатаулары
жатады.
Алтай—Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке.
Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 шақырымға со
зылып жатыр. Алтай Солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа
қарай Батыс Сібір ойпатынан Гоби жазығына дейін жан-жаққа
таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені
мен Зайсан көлі, ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы
арқылы бөлінеді. Солтүстік шығыста Шығыс Алтайдың Шап
шалы жотасы Батыс Саянмен жалғасады.
Алтынемел—Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы
ауыл, ауылдық, әкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығы
Сарыөзек кентінің оңтүстік шығысында 30 шақырым жерде, Ал
тынемел жотасының солтүстік батыс беткейінде орналасқан.
Ақбейіт—Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданындағы
елді мекен атауы.
Арқа—Қазақстанның Жайық пен Ертіс өзендері аралығын
да созылып жатқан ұлан-ғайыр шөлді, қыратты, таулы, сулы
да нулы өңірлер, яғни еліміздің терістік өлкесі «Арқа», немесе
«Сарыарқа» деп аталады.
Балқаш—Қазақстанның
оңтүстік-шығысындағы
тұйық
көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үш
орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде,
ғылыми қосымшалар
Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 метр биіктікте
жатыр.
Гималай—Жер бетіндегі аса биік тау жүйесі. Тибет тау
лы қыраты (солт.) мен Үнді-Ганг жазығы (оңт.) аралығында.
Үндістан, Қытай, Непал, Пакистан және Бутан мемлекеттері
аумағында орналасқан.
Еділ (Волга)—Еуропадағы ең үлкен өзен. Ұзындығы—3530
шақырым. Еділ бастауын Валдай қыратынан алып, Каспий
теңізіне құяды. Еділге 200-ден астам сала құяды. Еділ өзенінің
ұлттық сана мен рухани дүниеміздегі орны ерекше. Оны бар
ша түркі халықтарының ақын-жыраулары құрметпен атап, өз
шығармаларына арқау еткен.
Ертіс—Солтүстік Мұзды мұхит алабында жатқан өзен,
Обь өзенінің солтүстік саласы. Қазақстан жерінде Шығыс
Қазақстан, Павлодар облыстары арқылы ағады. Бастауын Ал
тай сілемдерінен алады. Зайсан көліне дейінгі бөлігі—Қара
Ертіс, көлден төменгісі Ақ Ертіс деп аталады.
Жайық—Каспий алабындағы өзен. Оңтүстік Орал тауы,
Каспий ойпаты, Башқұртстан, Челябі, Орынбор, Батыс Қазақ
стан, Атырау облыстарының жерлерінен ағып, Атырау қала
сының маңында Каспий теңізіне құяды.
Жалаңаш—елді мекен. Тарбағатай ауданы жерінің өсімдік,
ағашы жұтаң, әрі жел өтіндегі жалаң, жайдақтығына байла
нысты аталған. Осы атпас жер атаулары Алматы, Қызылорда
облыстарында да ұшырайды.
Зайсан—көл, қала атауы. Зайсан көліне Қара Ертіс өзені
құяды да, Ертіс өзені ағып шығады. Ғалымдар Зайсан атауының
этимологиясын түрліше түсіндіреді. Т.Жанұзақов қазақтың
«Жайсаң» сөзімен байланыстырады. Көлдің қазақша аты Бей
не теңіз болған. Кейін Жоңғар хандығы тұсында Зайсанг нор
«Мырза көл» атандырып жіберген. Алғашқы карталарға да со
лай түсіп кеткен. Көлдің аты әр кезде әртүрлі айтылады. Бейне
теңіз (қазақша), Хонхотты нор—«Қоңыраулы көл» (монғолша),
Зайсан нор (жоңғарша).
Кергентас—жер аты. Тарбағатай ауданының Шілікті
жазығындағы бірнеше шақырымға созылып жатқан адам
қолымен тізіп тастағандай қой тастар тізбесі осылай аталады.
Ол туралы халық аузында мынадай аңыз да бар: Жаугершілік
заманда қазақ батырының бірі (Дәулетбай батыр) оны қатты
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
жаралайды. Ол жараланған күйі арғы бетке асып кеткен болып
шаба берген (өлген жері Шағаноба деп аталады). Ал қалмақтар
өз батырының жол бойы тамған қанын қазақтарға бастырмай
мыз деп бір түнде сол қанның әр тамшысын таспен бастырып,
жауып кетіпті-мыс.
Көгедай—асу, кезең, елді мекен, Зайсан ауданы. Бұл атаудың
шығу төркінінде мынадай оқиға жатыр: «Абақ керейдің бір
төресінің келіні түс көріпті. Түсінде көктен ай келіп, қойнына
кірген екен. Түсті жорытқанда «бойыңа ақылына көркі сай,
елін әділ басқарып, билік жүргізетін бала біткен екен» депті.
Кейіннен дүниеге келген бұл балаға «Көктегі ай» деген есім
қойыпты. Сол найман, керейге сұлтан болып, арғы атасы
Әбілпейіз сұлтаннан тараған Көгедай төрелік еткен ауыл әлі
күнге дейін Көгедай ауылы аталып келеді. Көгедайдың баласы
Әжі төре де осы маңды басқарған.
Кіндіктөбе—Орта
ғасырдағы
қоныс
орны.
Оңтүстік
Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Кіндіктөбе ауданынан
солтүстікке қарай бір шақырым жерде Арыс өзенінің оң
жағалауында орналасқан.
Қапал—Алматы облысының Ақсу ауданындағы елді мекен.
Кезінде осы аттас ауданның орталығы болған. Таулы, шипалы
емдік судың мол қоры жинақталған.
Қаба—өзен, елді мекен. Көне түркі тіліндегі қобықоба «су
ағар», моңғолша—«хабоо»—«науа», «астау» мағыналарын
береді. Сонда Қобо гидронимі қазақша «науа» дегенге сая
ды. Күршім ауданы Қаба өзенінің салалары Өр Алтайды терең
шатқалға бөліп ағатындықтан, шынында да, науаға ұқсайды.
Қалба—Ертіс өзенінің сол жағындағы тау және тау қыраттары.
Қарақастек, Қарақыстақ—Алматы облысының Жам
был ауданындағы ауыл, ауылдық әкімшілік округі, аудан
орталығы. Аудан орталығы Ұзынағаш ауылынан оңтүстік-
батысқа қарай он тоғыз шақырым жерде, Қарақыстақ өзенінің
аңғарында, жусан аралас боз, бетеге, сұлыбас, көде өскен тау
етегінің бозғылт қоңыр, қоңыр топырақты жонды-белесті кел
ген құрғақ даласында орналасқан.
Қараүңгір—Аягөз ауданындағы таулы қырат.
Қаратау—Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік-батысын
дағы тау жотасы. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызыл
орда облыстары аумағында орналасқан.
ғылыми қосымшалар
Қаскелең—Қарасай ауданның орталығы (1922 жылда
ры округ орталығы, облыс орталығы болған) Талдықорған
қаласынан батысқа қарай 300 шақырым, Алматы қаласынан
батысқа қарай 24 шақырым жерде Қаскелең өзенінің бойында
орналасқан.
Қалжыр—бұрынғы Марқакөл, қазіргі Күршім ауданындағы
өзен және елді мекен атаулары.
Құсмұрын—Қостанай облысы, Әулиекөл ауданындағы
кент, кенттік округ орталығы. Аудан орталығы Әулиекөл ау
данынан солтүстік шығысқа қарай 40 шақырым, Құсмұрын
көліне құятын Обаған өзенінің жағалауында орналасқан.
Қызылқайнар—Жамбыл облысы, Жамбыл ауданындағы
ауыл, өзімен аттас ауылдық округ орталығы. Аудан орталығы
Аса аулынан оңтүстік- шығысқа қарай 41 шақырым, Талас
өзенінің жағалауында орналасқан.
Қытай — Шығыс және Орталық Азиядағы мемлекет. Же
рінің аумағы 9,6 млн. шаршы шақырым.
Майтөбе—Жамбыл облысы, Талас ауданындағы ауыл.
Берікқайнар ауылдық округінің орталығы. Аудан орталығы
Ақкөл ауылының оңтүстігінде 55 шақырым, Қаратау етегін
де, Тараз бен Қаратау қалаларының аралығындағы жолдың
бойында орналасқан.
Маңырақ—Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданын
дағы елді мекен, тау атауы.
Марқакөл—Шығыс Қазақстан облысындағы көл. Халық
аузындағы бір аңыз көл орнындағы бір аңғарға қап-қара марқа
қозы түсіп кетіп, соны шығарып алғаннан кейін орнында
аяқ астынан үлкен көл пайда болыпты деседі. Сондай-ақ көл
атының осылай аталуын жалайыр тайпасының марқа руымен
байланыстыру да бар. Тарихи деректерде ХІІІ-ХV ғасырларда
Алтай тауының Күршім ауданында жалайырлардың тұруы
бұған дәлел. Ғылыми этимология бойынша, Алтай тауында қар
суынан жиналатын көптеген көлдердің «үлкені, марқасы» де
ген мағына береді. Марқакөл—«үлкен көл» деген атау.
Моңғолия—Орталық Азиядағы мемлекет. Ресеймен және
Қытаймен шектеседі. Астанасы—Улан-Батор.
Обаған—Қостанай
облысы,
Алтынсарин
ауданындағы
ауыл, аудан орталығы. Облыс орталығы Қостанай қаласынан
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
шығысқа қарай 67 шақырым жерде, қоңыржай құрғақ дала
белдемінде орналасқан.
Орал—қала, Батыс Қазақстан облысының орталығы. Қала
Жайық өзенінің жағасында, Шағанның Жайыққа құяр тұсын
да орналасқан.
Өр Алтай—тау жотасы, аймақ. Түркілердің атамекені
болған Алтай қазір орыс Алтайы, Монғол Алтайы, Қазақ Алтайы
деп бөлініп кеткен. Алтайдың үштен бірі ғана Қазақстанның
үлесінде. Қазақ Алтайы өз ішінде Өр Алтай, Кенді Алтай бо
лып Ертіс өзені арқылы екіге бөлінеді. Оларды Қалба жотасы
жалғасытырып тұр. Алтай тауы батыстан шығысқа қарай, яғни
ең биік нүктесі Мұзтауға қарай биіктей береді. Алтайдың осы
аймағын қазақтар Өр Алтай деп Катонқарағай мен Марқакөлдің
арасындағы тау жотасын белгілеп жүр. Қазақ тілінде ол тау
лар Тарбағатай, Алтай жайлаулары делінеді. Өр Алтай атауы
«өрдегі, жоғарыдағы Алтай» мағынасын беретіні белгілі.
Сайқан—Зайсан ауданы мен Қытай Халық Республикасы
ның шекаралық аумағында орналасқан тау жотасы.
Сарытау—Күршім ауданындағы тау. «Қар аз түскен
жылдың көп айларында сарғайып жататын тау» деген
мағынаны береді. Картада бұл тау жотасы Күршім тау жотасы
деп белгіленіп жүр.
Саумалкөл—Есіл алабындағы ағынсыз көл. Солтүстік
Қазақстан облысы, Айыртау ауданының жерінде өзімен аттас
ауылдың шығысын бойлай орналасқан.
Сауыр—Зайсан көлінің шығысында жатқан тау жотасы.
Сауыр сөзінің топонимдік мағынасы: «таудың аяқталар жата
ған тұсы».
Семей—Ертіс өзенінің жағасында орналасқан қала. Ірге
сі ХVІ ғасырда қаланған қаланың алғашқы атауы—Доржын
кент.
Талғар—Алматы облысындағы қала. Талғар ауданының
орталығы. Алматы қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан.
Тектұрмас—ерте орта ғасырдағы қала орны. Жамбыл об
лысы, Талас ауданы, Көшек батыр аулының солтүстік-баты
сына қарай 5 шақырым жерде орналасқан. Алғаш 1898 жылы
В.А. Каллаур ашқан.
Тибет—ҚХР құрамындағы автономиялы аудан. Солтүс
тігінде Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданымен, солтүстік-
ғылыми қосымшалар
шығысында Сычуань провинциясымен, оңтүстік-батысында
Непалмен, оңтүстігінде Бирмамен шектеседі.
Түрген—Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы
ауыл, округ орталығы. Аудан орталығының Есік қаласынан
шығысқа қарай 12 шақырым жерде, Түрген өзенінің жаға
лауында, Іле Алатауының солтүстік баурайында орналасқан.
Ұзынағаш—Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы ауыл.
Ұзынбұлақ—жер атауы. Тарбағатай ауданы.
Хантау—Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы
кент, кенттік округ орталығы. Аудан орталығы Мойынқұм
ауылынан шығысқа қарай 90 шақырым жерде, Хантау тауы
ның оңтүстік шығысында орналасқан.
Шамалған—Алматы облысы, Қарасай ауданындағы ауыл,
ауылдық округ орталығы. Аудан орталығы Қаскелен қаласы
нан оңтүстік-батысқа қарай 8 шақырым жерде, Үшқоңыр тауы
ның етегінде, Шамалған өзенінің бойында орналасқан.
Шеңгелді—Шығыс Қазақстан облысы, Күршім, Тарбағатай
аудандарындағы елді мекен атауы.
Шу—Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен. Теріскей
Алатау мен Қырғыз Алатауынан бастау алатын Жуанарық
және Қошқар өзендерінің қосылған жерінен бастап Шу ата
лады. Ірілі-ұсақты 80 саласы бар, ірілері: (Қазақстанда):
Қорағаты, Мерке, Қарабалта, Ақсу т.б. Теріскей Алатау мен
Қырғыз жотасын кесіп өте бере, Шу Жоғарғы Ортотоқой
және Төменгі Ортотоқой шатқалдарын қалыптастырған. Соң
ғысының тұсына Ортотоқой бөгені салынған. Төменде Шу
Ыстықкөл қазаншұңқырына шығады.
Шыңғыстау—Сарыарқаның Шығыс бөлігіндегі тау жота
сы. Солтүстік-батысынан оңтүстік-шығысқа қарай созылған.
Шығыс Қазақстан облысының Абай, Аягөз аудандары аума
ғында. Шыңғыстау солтүстік-шығыста Алтайдан Шар өзені
аңғарымен бөлінеді, оңтүстік-шығыста Тарбағатайға ұласады.
Шығысында тауаралық Зайсан қазаншұңқыры, оңтүстігінде
Солтүстік Балқаш төбелері жатыр.
Шілікті—Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданындағы
елді мекен атауы.
Іле—Қазақстан (Алматы облысы) мен Қытай жеріндегі
өзен. Шығыс Тянь-Шаньнан басталып, Балқаш көліне құяды.
Томға енген дастандарды жырлаушы,
айтушы һәм жинаушылар туралы
мәлімет
Айнатасов Тәужи (1891-1962)—халық мұраларын жинау
шы, ақын. Қарағанды облысы, Нұра ауданында дүниеге келіп,
бүкіл саналы өмірін ауыл өмірін, еңбек адамдарын жырлауға
арнады. Шығармалары баспасөз беттерінде, ұжымдық жинақ
тарда жарияланды. Ел арасынан ауыз әдебиетінің ұсақ үлгі
лерін жинап, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инсти
тутының қолжазба қорына тапсырып отырған.
Ахметов Ержан (1879-1967)—ауыз әдебиеті мұраларын
жинаушы, халық ақыны Ержанның әкесі Ахмет те, өзі де жа
сынан өлең айтып, айтысқа түскен. Ержан халық әндерімен
қатар, Зайсан, Тарбағатай маңына мол тарап, жатталып жүрген
Әміржан мен Сеңсең ақындардың әндерін жақсы орындаған, өзі
де ән шығарған.
Ержан Барша Алтайқызымен Зылиқа қызбен, Зейнеппен,
Қамыш Сеңсеңұлымен, Хұсайын Мөйткеұлымен айтысқан. Әсет
Найманбаевпен кездесіп, тәлім алған. Белгілі жырау, жыршы
Көтбайдың қасына еріп жүріп, ел аралаған. Бірқатар жырды
осы Көтбай ақыннан үйренген. Солардың ішіндегі ең көркемі
де, көлемдісі де «Арқалық батыр», «Бақтияр», «Қөйеке Көмеш
батыр», «Бозжігіт», «Қабанбай батыр» жырлары.
Әбсеметов Марат—әдебиеттанушы ғалым, филология ғы
лымдарының кандидаты. Ғылыми еңбектері қазақ әдебиетінің
теориялық мәселеріне арналған. «Ақжолтай Ағыбай батыр»
(А Жезқазған, 1992) атты жинақты құрастырушы.
Бекқожина Талиға (1919-1995)—музыкатанушы, қазақ
фольклорының, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаушы, әнші.
Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерватория
сын тамамдап, ол ұзақ жылдар бойы М.О. Әуезов атындағы
ғылыми қосымшалар
Әдебиет және өнер институтында қызмет атқарды. Ол ауыз
әдебиеті үлгілерінің ноталық жазбаларын жасау арқылы қазақ
жырлары мен өлеңдері үлгілерін айтушылардың әуендеріне
мәңгі өмір сыйлады. Бекқожина «Қазақтың 200 әні» (1972),
«Қазына» (1979), «Шәкәрім» (1989), «Даланың назды саздары»
(1996) атты жинақтарды құрастырып шығарды.
Керімбеков
Саяділ
(1895-1954)—халық
ақыны,
ауыз
әдебиеті мұраларын жинаушы. Алматы облысы, Қаскелең ау
данында туып өскен.
Оның «Өшкен жанды», «Бес мылтық», «Көк сағым»,
«Дәркембай» сияқты дастандары мен өлеңдер жинағы баспа
бетінде жарияланған. Саяділ Ұлы Отан соғысы жылдарын
да көрсеткен ерлігі үшін бірнеше рет ордендер, медальдармен
марапатталған.
Қанағатов Телмұхамед (1919-1981)—ҚазССР ҒА М.О.Әуе
зов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми
қызметкері болып істеген (1960-1980).
Нұралин Сағидолла—ауыз әдебиет мұраларын жинаушы,
халық ақыны 1909 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан
ауданы, «Сұңқар» ауылында дүниеге келген. Алғашқыда ауыз
әдебиетінің мұраларын, халық ақындарының шығармаларын
жаттайды, кейіннен өзі де өлең шығаруға машықтанады. Халық
арасында тараған өлең-жыр, аңыз, дастандарды жинайды. Ел
аузындағы әңгіме, тарихи оқиғалардың желісімен «Түкібай—
Шолпан», «Арқалық батыр», «Мырзаш батыр», «Көгедей
төренің өлімі», «Ошаған бүлігі» т.б. дастандарын шығарды.
Сәкенов Сейілбек—фольклортанушы ғалым, филология
ғылымдарының кандидаты. Ғылыми еңбектері қазақ фольк
лорының өзекті мәселелеріне арналған. «Ақжолтай Ағыбай ба
тыр» (Алматы, 2002) атты жинақты құрастырушы.
Уахатов
Бекмұрат
(1932-1984)—әдебиет
зерттеушісі,
филология ғылымдарының докторы 1957-1958 жж. «Қазақ
әдебиеті» газетінде тілші, 1958-1984 жж. ҚазССР ҒА М.О.Әуезов
атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қыз
меткер, қолжазба және текстология бөлімінің меңгерушісі бо
лып қызмет істеді. Ғылыми еңбектері қазақ фольклорының
өзекті мәселелеріне арналған.
Ісімақова Айгүл—әдебиет зерттеуші, филология ғылым
дарының докторы, ҚР БҒМ М.О.Әуезов атындағы Әдебиет
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
және өнер институты әдебиет теориясы бөлімінің меңгерушісі.
«Ақжолтай Ағыбай батыр» (Алматы, 2002) атты жинақты
құрастырушы.
Шартты қысқартулар
ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
ҚҚ—Қолжазба қоры
Ш—шифр
дәп.—дәптер
/а/—араб
/о/—орыс
/қалм./—қалмақ
/моңғ./—моңғол
Пайдаланылған әдебиеттер
Қолжазбалар мен Қазан төңкерісіне дейін шыққан
кітаптар
1. Ағыбай батыр. ОҒК. Ш. 1269. 2. Ағыбай батыр. ӘӨИ. Ш. 643. 3. Ағыбай батыр. ӘӨИ. Ш. 142. 4. Байсейіт батыр. ОҒК. 725. 5. Айдос батыр. ОҒК. Ш. 765. 6. Мырзаш батыр. ӘӨИ. Ш. 874.
Зерттеулер мен энциклопедиялар, фольклорлық
жинақтар, сөздіктер
1. Ақжолтай Ағыбай батыр.—Алматы, 2002. 2. Алмас қылыш.—Алматы, 1993. 3. Әлібек Т., Алпысбаева Қ., Әуесбаева П. Қазақ фольклоры
текстологиясының кейбір мәселелері.—Алматы, 2004. 4. Батырлар жыры. 3 том.—Алматы, 1964. 5. Валиханов Ч.Ч. Соб. соч. Т. 1.—Алма-Ата, 1961. 6. История казахской литературы. Т. 1.—Алма-Ата, 1968. 7. Қазақ тарихи жырларының мәселелері.—Алматы, 1979. 8. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы.—Алматы, 1998. 9. Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы.—Алма
ты, 1981. 10. Пржевальский Н.М. Из Зайсана через Хами в Тибет и на
верховья Желтой реки.—Москва: Гос.изд.геогр.лит., 1948. 11. Сейітжанұлы З. Тарихи эпос.—Алматы: Ғылым, 1994.
29-279*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
12. Арабско-русский словарь. Составитель Х. К. Баранов.
—М., 1968.
13. Древнетюркский словарь.—Л.: Наука, 1969. 14. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Құрастырушы
лар: Р. Сыздық, Н. Уәлиұлы, Қ. Жаманбаева, Қ. Күдеринова.—
Алматы: Дайк-Пресс, 2001.
15. Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999. 16. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Құрастырған
І.К. Кеңесбаев.—Алматы, 1977. 17. Персидско-русский словарь / Под ред. Ю. А. Рубинчика.
І-ІІ т. —М., 1970. 18. Татарско-русский словарь.—М.: Советская энциклопе
дия, 1966. 19. Турецко-русский словарь.—М.: Русский язык медиа,
2005. 20. Шығыс Қазақстанның географиялық атаулары. —Өске
мен: Қазақстан Жазушылар Одағының ШҚО бөлімшесі, «Ба
зальт» баспаханасы, 2003.
РЕЗЮМЕ
Институт литературы и искусства им. М.О. Ауэзова про
должает работу по подготовке и изданию очередных томов Свода
казахского фольклора «Бабалар сөзі», выполняемого в рамках
Государственной программы «Мәдени мұра» («Культурное на
следие»).
В настоящее время подготовлены и изданы 62 тома, по
священные самой замечательной и объемной отрасли нацио
нального фольклора—эпосам. Вышли в свет тринадцать томов
новеллистических дастанов, семь томов дастанов религиозно-
нравственного содержания, одиннадцать томов дастанов рома
нического (любовного) содержания, десять томов исторических
поэм, двадцать томов героического эпоса, а также один том ге
неалогических дастанов. Десять томов включают публикации
казахского фольклора в Китае. Новое издание, оформленное на
высоком уровне, посвященное сокровенному богатству казах
ского народа — фольклорным сборникам, читатели приняли с
большой радостью. В дальнейшем публикация лучших образ
цов казахского эпоса будет продолжаться.
Очередной 63-й том серии посвящается историческим поэ
мам.
В этот том включены шесть вариантов широко распростра
ненной среди народа исторической поэмы «Ағыбай батыр»,
имеющие своеобразные особенности поэтической эволюции
и сюжета—«Ағыбай батыр» (народная поэма), «Ағыбай ба
тыр» в исполнении С.Кармысова (ранее не публиковавшийся),
«Ағыбай батыр», собранный карагандинцем Т.Айнасовым,
«Ер Ағыбай», собранный К.Кантарбаевым (ранее не публико
вавшийся), два варианта поэмы «Ағыбай батыр» (исполнители
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
неизвестны, ранее не публиковавшиеся), «Ағыбай батырдың
үш өкініші» (исполнитель—Х.Жаманулы), эпос «Байсейіт ба
тыр», исполненный С.Керимбековым, «Байсейіт батырдың
тарихы», записанный в исполнении Т.Байбагышова, три ва
рианта поэмы «Мырзаш батыр»—«Мырзаш батыр қиссасы»
(вариант А.Ержанова), «Мырзаш батыр жыры» (вариант
Н.Кыдырмоллаулы), «Мырзаш батыр» (вариант С.Нуралина),
«Айдос батыр» (вариант Ж.Айдарбекова). Большинство этих
поэм ранее не были опубликованы и исследованы.
Очередной том серии «Бабалар сөзі» в соответствии с основ
ными принципами этого многотомника снабжен научными
приложениями. Научные приложения включают в себя сведе
ния о текстах исторических поэм; сведения об исторических
личностях; словарь географических названий; сведения о ска
зителях и собирателях; список использованной литературы;
резюме на русском и английском языках.
Тексты, вошедшие в том, были подготовлены на основе
оригиналов, хранящихся в Фонде рукописей Института ли
тературы и искусства имени М.О.Ауэзова и Центральной науч
ной библиотеке.
Объем тома—28,5 п.л.
Summary The staff of the M.O. Auezov Іnstіtute of Lіterature and Arts іs contіnuіng actіvіtіes on preparatіon and publіshіng of the regular volumes of the Collectіon of Kazakh folklore «Babalar sozy» іn the frame of the State Program «Madenі Mura» («Cultural herіtage»). At present 62 volumes have been prepared and publіshed whіch are devoted to the most remarkable and bulk sector of natіonal folklore - the epіc. Thіrteen volumes of novelіstіc dastans, seven volumes of dastans wіth relіgіousmoral content, eleven volumes of dastans wіth romantіc (love) content, ten volumes of hіstorіcal poems, twenty volumes of heroіc epіc and one volume of genealogіcal dastans have been publіshed. Ten volumes іnclude the publіcatіons of Kazakh folklore іn Chіna. Wіth great pleasure the readers have accepted the new edіtіon whіch has been arranged at a hіgh level and іs dedіcated to the wealth of Kazakh people — folklore collectіons. Further publіcatіon of the best examples of the Kazakh epіc wіll contіnue. Volume 63 of the serіes іs devoted to hіstorіcal poems. Thіs volume іncludes sіx varіants of the hіstorіcal poem «Agy baі batyr» whіch іs wіdely spread among people and have peculіar features of poetіc evolutіon and the plot — «Agybaі batyr» (folk poem), «Agybaі batyr» performed by S. Karmysov (prevіously unpublіshed), « Agybaі batyr» collected by the resіdent of Kara ganda cіty T. Aіnasov, «Er Agybaі» collected by K. Kantarbayev (prevіously unpublіshed), two versіons of the poem «Agybaі batyr» (unknown performers, prevіously was not publіshed), «Agybaі batyrdіn ush okіnіshі» (sіnger — H. Zhamanuly), the epіc «Baіseіt batyr» recorded іn performance of S. Kerіmbekov, «Baіseіt batyr dіn tarіchі» recorded іn the performance of T. Baіbagyshov, three
ТАРИХИ ЖЫРЛАР varіants of the poem «Myrzash batyr» — «Myrzash batyr kіssasі» (varіant of A.Erzhanov), «Myrzash batyr zhyry» (varіant of N. Kydyrmollauly), «Myrzash batyr» (varіant of S. Nuralіn), «Aіdos batyr» (varіant of J. Aydarbekov). Most of these poems have not been prevіously publіshed and studіed. Accordіng to the basіc prіncіples of thіs multі-volume edіtіon thіs volume іn the serіes «Babalar sozі» іncludes scіentіfіc annexes. Scіentіfіc annexes іnclude іnformatіon on the texts of hіstorіcal poems; іnformatіon on hіstorіcal personalіtіes; vocabulary of geographіc names; іnformatіon on narrators and collectors; lіst of used lіterature; summary іn Englіsh and Russіan. The texts іncluded іn the volume have been prepared based on the orіgіnals whіch are stored іn Fund of manuscrіpts at the M.Auezov Іnstіtute of Lіterature and Art and Central Scіentіfіc Lіbrary. Volume sіze—28,5 pp.
Мазмұны Құрастырушылардан ............................................................ 5 Мәтіндер Ағыбай батыр (Халық нұсқасы) .......................................... 9 Ағыбай батыр (Сансызбай Қармысов нұсқасы) ................... 25 Ағыбай батыр (Тәужи Айнатасов нұсқасы) ........................ 38 Ағыбай батырдың үш өкініші (Ел аузынан) ....................... 43 Ер Ағыбай (Қажыбек Қаңтарбаев нұсқасы) ....................... 57 Ағыбай батыр (Ел аузынан) .............................................. 65 Байсейіт батыр (Саяділ Керімбеков нұсқасы) ...................... 72 Байсейіт батырдың тарихы (Тәжібай Байбағышов нұсқасы) ......................................... 89 Мырзаш батыр (Ниязбек Қыдырмоллаұлы нұсқасы) ........... 97 Мырзаш батыр (ІІ бөлім) .................................................199 Мырзаш батыр (ІІІ бөлім) ................................................314 Мырзаш батырдың қиссасы (Ержан Ахметов нұсқасы) .....350 Мырзаш батыр (Сағидолла Нұралин нұсқасы) ...................363 Айдос батыр (Жұмаділ Айдарбеков нұсқасы) .....................383 Ғылыми қосымшалар Томға енген мәтіндерге түсініктеме .....................................413 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер ...................431 Сөздік ..............................................................................438 Жер-су атаулары ...............................................................440 Томға енген дастандарды жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәлімет .......................................446 Шартты қысқартулар ........................................................448 Пайдаланылған әдебиеттер .................................................449 Резюме ............................................................................451 Summary ..........................................................................453
Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 63 том ИСТОРИЧЕСКИЕ ЭПОСЫ (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М.О. Ауэзова Министерства образования и науки Республики Казахстан Шығаруға жауапты: Р.Қ. Тұрлынова Редакторы: Ұ.С. Тілегенова Техникалық редакторы: Г. Бектібаева Компьютерге терген: М. М. Меңлібаева Компьютерде беттеген: М.О. Ноғайбаева Дизайнын әзірлеген «Бауыр» баспасы ИБ № 2481 Теруге 14.04.10 жіберілді. Басуға 28.04.10 қол қойылды. Пішіні 60х901/16. Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 28,5. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс №279*. «Фолиант» баспасы 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13 «Фолиант» баспаханасында басылды 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру