Кетебай Қиынов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Әбілқайыр Спан — «Кетебай Қиынов». ҮНІҢ КЕТПЕС ҚҰЛАҚТАН
/uploads/32b2d11f-d02d-5c32-a0c8-f052bd395fa7/cover.png
ҮНІҢ КЕТПЕС ҚҰЛАҚТАН
Ой, Алла-ай, зымыраған уақыт деген осы. Менің сыныптастарымның да аудандағы академия атанған Шахта орта мектебін бітіргеніне биыл, 2006 жылы елу жыл толыпты. Данышпан қазақ, қалай тауып айтқан "елу жылда - ел жаңа" деп, қарап отырсаң, сол жарты ғасырда мектепте сабақ берген мұғалімдерімнің бірі қалмапты, соңғы "могикан" Ысекең де (Ы. Шәкіратов) тоқсаннан асып бұл фәниден жақында өтті. Ал сыныптастарымның бірқатары ертелі-кеш о дүниелік болып кетті. Көпшілігі таяқ ұстап талтаңдап шал-кемпір болып немерелерін бағып жүр, тіпті жатып қалғандары да бар. Өзім секілді бірен-сараны ғана, Алланың берген қуатымен, әлі өмірге өз үлестерін қосып жүр.
Осы сәтте Әбілқайыр інімді Шахта орта мектебінде өзіме талай жыл дәріс берген қадірмені ұстазым, ардақты ағам Кетебай Қиынов туралы кітабы жарық көргелі жатыр екен. Алла меш оның шәкірттерімен бойға қуат, ойға сана, көмейге сөз салып қалдырып жүр екен Кетекем туралы кітапқа беташар жазып берейін деп қолыма қалам алдым...
Аталардың, "көңіл — қартаймайды" дейтіні бар ғой, бүгінде жетпіске жақындап қалсақ та жетідегі сол бір кез еріксіз ойға оралады. Бірінші сыныпқа келген балаларды шарадай басын айнадай етіп тықырлатып алғызған еңгезердей, мұрты бар, сақалы жоқ мейірімді жүзді "шал" (ол кезде елуде екен) Төрәлі Самалықов қарсы алып, сыныбымызға алып келіп отырғызды, сабақ бастады. Алғашқы үзілістен кейін басқа сынып бөлмемізге алып келді. Міне, осылайша Шахта орта мектебінде өтетін онжылдық білім сапарына алғашқы адым жасадым. Біріншіден басталған сынып сатысы өсе берді, әліппеден басталған білім баспалдағы түрлене түсті), Төкеңнен кейін дәріс берген мұғалімдер саны сан жетпеске айналды.
Мектепте шәкірт қанша мұғалімнің алдынан өтсе де айырықша есте қалары — математика пән мұғалімі. Мұның, мәні менімше, физмат деп аталатын — физика, геометрия, алгебра, тригонометрия сынды сабақтардың қиындығынан болар. Өйткені адамның қиындық көрген жайлары есте қалғыш болады ғой, ал оңай нәрсе ойын-күлкімен өте шығады. Бір қарағанда сонау Архимед, ибн Сина заманынан бері қарай сан ғұлама шығарған физмат теориялары, заңдары, т.б. Қатып қалған өзгермейтін білім, күнделікті тірлікке қатысы жоқ сияқты жайт болғанмен оқушы санасына сіңуі қиын. Ал заманның ғаламат прогресі сол өмір бойы өзгермей келе жатқан физмат заңдарынан шығып жатады. Математик мұғалімдер де сол мызғымайтын мәңгіліктен жеткен шырақшылар секілді.
Елуінші жылдар аудандағы жалғыз орта мектеп - Шахтада математик мұғалімдер шоғыры топтасқан жұлдызды шағы болды. Әлемнің ұлы ғұламалары ашқан физмат заңдары, теоремалары өзгеріссіз келе жатқанмен оны әр математик мұғалім өзіндік әдіс-тәсілдермен шәкірттердің санасына сіңдіре біледі. Ысқақ Шәкіратов жігерлі жүріп, тез, шапшаң түсіндіргенмен оқушыларға "жастығын қойып айт" деумен болатын. Ал "сызды, сұрлау Торғай Шоңқалов жеріне жете түсіндіріп оқушыдан да сондай түсінік болуын талап ететін. Қанша сабырлы болғанмен сабақ білмей әбден титығына жеткен оқушыға: "қасқау, өз айтқаныңды өзің естіп тұрсың ба", - деп күйіп кететін.
Кетебай Қиынов байсалды қалпы, барқыт даусымен сабағын түсіндіріп тұратын. Мен мектепте оқып жүргенде сыныптағы балалардың бойы ең, қысқасы болдым. Мұғалім столының бірінші партада отырдым. Торғай ағай сынып журналының сол пән жазылған бетіне қолын салып келіп, журналды ашып тастап, оқушыларға үнсіз қарап біраз отыратын, бәрін бажайлап шығатын, ал Кетекеңнің столға отырғаны есімде қалмапты. Бойшаң, ашаңдау денесімен, кеудесін кере ұстап, бір иығын төмендеу салып, саусағымен қоңқақ мұрынын сипап қойып, қоңыр үнмен аспай-саспай балаға артық сөз тигізбей сабақ түсіндіріп есімде сақталып қалыпты. Оның сабақ кезінде қатты ашу шақырғаны, кейбір ұстаздардай, білмеген баланы таяқшамен түртіп, бормен нұқығаны жадымда жоқ. Кетекең қалпында асқан сабырлылық, бекзаттық бар еді.
Кетекең үйімен аядай Таушық ауылында үйлеріміз жақын тұрдық. Отбасындағы тәртіп, тәрбие де сол мектептегідей сарабдал қалпында. Сол кезде бес-алты шамасындағы тұңғышы Ләззат кейде біз оқып отырған сыныпқа кіріп кетсе:
— Терекбай, мына ініңді шығарып жібер,— деп ашу шақырмай әншейіндегі қоңыр үнмен айтады да қояды. Ол кезде ағайынсырап айтты деп ойлаймын. Үй арасы жақын, мен ел сыйлаған "молда" Жаңбыршының баласы болғасын, әрі мектептен алдыңғы қатарлы оқушы болғасын айтатын шығар. Ағамыздың зайыбы қазақ тілі мен әдебиетінің білімдар ұстазы Қанзия Жалғасбаева апай да асып саспайтын, күлімдеп, жүзінен нұр тамып тұратын жан. Бүгінде ойлап отырсам Ләззаттың үнемі күлімдеп тұратыны жеңгейге, ал басқа тұр сипаты Кетекеңе тартқан секілді.
Сол елуінші жылдары Шахта орта мектебінде жұмыс жасаған білгір математик мұғалімдердің бірі - Хисмет Рахимов, түбі атыраулық беріш. Хисмет ағай сабақты ойнақы, әзілкеш қалпымен-ақ оқушыларды баурап алып, сабағын ұғындырып, талабын да тастамай жүретін, шәкірттерімен тіл табысқыш, олардың дос, жолдасындай болған ұстаз еді. Содан да болар үздік оқушыларының бірі, жоқ-жітіктеу Нұн Жұбайұлы Алматыға оқуға аттанарда жаңа ғана сатып алған костюм шалбарын Нәкеңе кигізіп жіберген. Елуінші жылдары жаңа костюм үлкен дүние, мұндай жомарттықты тек үлкен жүректі ұстаз ғана жасай алар еді, мұғалімінің де байлығы белгілі ғой.
Жалпы, бірқатар елдер тарихында ұлы таланттардың — жазушы, сазгер, суретші, т. б. үркердей болып шоғырланып бір дәуірде өмір суретші бар ғой. Сол секілді Шахта орта мектебінде елуінші жылдары білімпаз математик мұғалімдердің жоғарыда айтқанымдай шоғыры болды. Біздің кейде саналы, кейде абайсыз таланттардың бірін биіктетеміз деп бірін аласартып алатын жайымыз бар ғой.
Мен жоғарыда айтқан төрт математик ағайлардың бәрінен де дәріс алдым, олардың қай-қайсысын да өз пәнін меңгеруі, шәкірттеріне жеткізу, бір-бірінен кем емес дер едім. Олардың оқытқан шәкірттері ұстаздарының, атын елге шығарған ғалым, математик -мұғалім болды. Олар ұстаздық еткен кезде мен мектеп бітіріп кетіп қалдым, олардан дәріс алғаным жоқ, алдын көрмегесін долбармен бәлен-түген деп айтқанның реті жоқ шығар.
Кетебай Қиынов тек математик ұстаз ғана емес, өмірінің ұзақ жылдарын ұстаздардың ұстазы - мектеп басшысы болған адам. Отыз екі жыл Шахта орта мектебінде қызмет жасаған жылдарының жиырма бес жылы осы мектептің директоры болып өтті. Ол: "Жекеленген мұғалімдер жақсы атақ пен абыройға тек өз күшіммен ғана жеттім деп ойласа, қатты қателескені. Жақсы ұжымсыз — жақсы мұғалімнің болуы мүмкін емес" — деп отыратын қызметтестеріне. Сөйтіп директор К. Қиынов құрыштай берік педагогикалық ұжым қалыптастырып, мектепке білім мен тәрбие сапасын биікке көтере де білген басшы. Маңғыстау ауданының орталығы 1966 жылы темір жол бойындағы Шетпе кентіне көшіп кеткеннен кейін, ел ауып. "иесіз қалған жерде" аудан академиясы — Шахта орта мектебінің бұрынғы абыройын түсірмей ұстаған да К. Қиынов ұстаз, директор еді Кетекеңнің бұл еңбегі осы мектепте оқыған шәкірттерінің, ел басшыларының есінен шықпақ емес.
Шахта орта мектебінің 1999 жылы алпыс жылдығы, оны алғаш бітірушілердің елу жылдығы аталып өтті. Осы мерей тойды атап өту жөніндегі облыстық комиссияның мүшесі болдым. Сонда атап көрсетілгендей елу жыл ішінде мектепте 1660 оқушы бітірсе, оның ішінен 72 дәрігер, 289 мұғалім, 98 инженер, 83 экономист, 13 заңгер, т.б. мамандар шыққан екен. Мектеп тарихында тұңғыш рет Қиынов Шолпан 1979 жылы оныншы сыныпты "Алтын медальмен" бітіріпті.
Кетебай аға мен Қанзия жеңгейдің өз ұрпақтары да білімде де тәртіпте де ұлағатты ата-аналарын ұятқа қалдырған жоқ. Аға, жеңге өсірген алты ұл, үш қыздың бәрі де жоғары білім, түгелге дерлік инженер, дәрігер т.б. математик ағаның бағытын ұстанды. Ал тұңғышы Ләззат болса, техника ғылымдарының докторы. Ол адай әулетінен шығып, Маңғыстау облысын басқарған, бір емес екі рет келіп басқарған тұңғыш азамат. Басқарғанда сенім білдірген жоғары жақ алдындағы қарызым деп емес, елім алдындағы парызым деп қызмет еткен басшы. Маңғыстауда мұнай, газ ашылғаннан бергі қырық жыл халыққа армандай болған газды алғаш туған ауылына жеткізген де Ләззат! Онда да жоғары жақпен айтыса-тартыса жүріп. Сол кезде Шетпенің "шалдары" бас қосып облыс басшылығын қолдауға Ашық хат жазды, оны дайындауды маған тапсырды. Ауданның алпыс ақсақалы қол қойған сол Ашық хат облыстық газетте жарияланды. Жетібай - Шетпе газ құбыры, Шетпе ішіне таралуы миллиард теңгеге тусті. Өндірісі жоқ он екі мың адамдық ауылға мұндай шығынға газ құбырын тарттыру елім деп туған нағыз ердің қолынан келетін іс болды. Ләззат облыс басшылығынан ауып "ҚазМұнайГазға" бастық болып барған соң тағы 20 миллион теңге бөлдіріп, Шетпеден әр отбасына газды үйіне тегін кіргізіп берді.
Маңғыстаудың марғасқа перзенті Ләззат Кетебайұлының ұлы ісінен бастау алған газ құбырын тарту тұтас түбектің барлық елді мекеніне қан тамырыңдай жылу, жан енгізіп бойлап барады. Алла қаласа, енді екі үш жылда түбектегі барша елді мекен көгілдір отынның рахатын көреді Мұның бастауында Ләззат Кетебайұлының тұрғанын бүгінгі ұрпақ та, болашақ ұрпақ; та ұмытпауы керек. Бұл кәрі Маңғыстаудың тарихына алтын әріппен'жазылатын жай!
Кетебай ағамен Алматыдан университет бітіріп келіп Таушықта жұмыс істеген жылдарымда да, аудан орталығы Шетпеге көшіп кеткен соң әр түрлі басқосуларда кездесе қалғанда сәлемімді ерекше ықыласпен алып: "Терекбайжан, қалай абыройлы жүріп жатырсың ба?" деп баяғы қоңыр үнмен, ақжарқын күлкі мейіріммен қарап тұратын.
Бұл көк аспан, қара жердің арасында мәңгілік не бар? Ұлағатты ұстазым, ардақты ағам Кетекең де 2002 жылдың қоңыр күзінде фәниден өтті. Жеңгеме, іні-қарындастарыма барып көңіл айттым, топырақ салдым, батасына қатыстым, қарасына жиналған халықта, шәкірттері мен таныстарда шек болған жоқ. Алланың жаратқан барлық тіршілік иесі секілді тәні — топыраққа, жаны — мәңгілікке сіңіп кете барды.
Абзал ағаның туғанына сексен жыл толғанына байланысты қарымды қаламгер інім Әбілқайыр Спан Кетекен туралы толғанысқа толы кітап жазды. Бұл туындымен Адай тарихының кенішін тынбай қазып шыныққан "шахтер" тағы бір сом тұлғаны шынайы қалпында, боямасыз бедерлей біліпті. Өйтпегенде ше, өзі де Жармыш топырағында туып өскен, ата-бабаның аңыз әңгімелерін зейін қоя тыңдап зердесіне құйып өскен Әбілқайыр бұлай жазбағанда қалай жазсын. Автор Кетебай Қиынұлын жеке-дара алаламай арысы Адай, берісі жеменей ұрпақтарынан шыққан жақсылармен берік байланыста өрбіткен. Осы реттен алғанда кітап "Адайнамаға" қосылған айрықша үлес. Елінің, ерінің, жерінің тарихын түсінем, тағылым алам деген көзі қарықты, көкірегі ояу әр азамат Әбілқайырдың бұл еңбегі арқылы рухани байи түсетіні сөзсіз, ал кітаптың маңғыстаулық әр отбасының кітап сөресінен орын аларына күмән жоқ.
Адамның тәнінде ата-анасының қаны қалса, ал жанында ұстазының рухы сақталатын секілді. Мен де өзімде ұлағатты ұстазымның рухы бар деп санаймын. Олай дейтінім өзім екі жоғары оқу орынын да қызыл дипломдармен бітірдім, бес балам да инженер, біреуі техника ғылымдарының докторы.
"Маңғыстау тасың - алтын, суың - сусын" дегендей мен үшін осы қаталдау өлкедей жер жаннаты жоқ секілді. Оның ішінде әркімнің туған жері — Мекке. Кіндік қаным тамған, балаларымның бірқатары дүниеге келген Таушық - менің Меккем. Өмірімнің ұзақ жылдары басшылық жұмыста болып келе жатқан мен жұмыс бағытымен де, демалыс кездерінде де бұрынғы кең көлемді Кеңес империясының Қырым, Кавказ, Қырғыз, Мәскеу, Петроград, т.б. өлкелерін, тіпті сонау алыс Индия, Цейлон жерлерін араладым. Қанша жер жаннатын көрсем де соның бірде бірі Таушығымның сортаң топырағы мен тапал төбелеріне жетпейді Төбелер дегеннен шығады, Таушық маңындағы төбелердің биігі - Дәніспан тауының етегі жайыла келе Шахта орта мектебінің үйіне жетіп жалғасып жатыр. Шетпе — Ақтау асфальт жолыменен сан-сапат жүрген сайын Отпан тауынан өткен соң; Дәніспанға жеткенде, оған көз тоқтатпай, ойға түспей өте алмаймын. Аяулы ағам, ұлағатты ұстазым Кетекеңнің тәні табақтағы тарыдай Таушықтың құбыла бетіндегі биік басындағы "үй толы" әулиеде жатса да, жаны, рухы осы әулие Дәніспанның басында жүргендей.
Ол маған қарап:
— Терекбай, тақтаға шық, — деп тұрғандай құлақтан кетпес қоңыр үнімен.
Терекбай Жаңбыршыұлы Икембай
БОЛЫП БІР ӨТКЕН БАБАЛАР, ТУЫП БІР КЕТКЕН АТАЛАР
Шүкір, қазақ қазақ болғалы аталары түгендеусіз қалған жоқ. Санға кіріп, санатқа енбейтін әлдебір жетесіздер болмаса, түсі қазақтың кез келгені жеті атасын біледі. Мына егеменді ел болған соң жеті атадан да әрі кетіп, түп-тұқиянымызға дейін қазбалау қамындамыз. Құптарлық-ақ жағдай, қуанатын үрдіс. Солай қазып көрсек бір-біріне әйтеуір бір бұтағынан байланыспайтын, туыс, ағайын, жекжат-жұрағат, құдандалы бола кетпейтін қазақ баласы жоқтың қасы. Солай әр ру, ата-тектің шежіресі хатталып, алды кітап болып шығып, арты көзі қарақты қазақтың әр үйінің төріне барып та қалды.
Солай нобайы бір ізге түсіп, арты түзетіліп түзіліп жатқан шежіре Кедей атаңдікі.
Адайдан Құдайке, Келімберді, Келімбердінің алты баласының үлкені Бұзау, Бұзау атаңның тұңғышы Жеменей, Жеменейдің үш перзентінің алды Нұрмағанбет деп төгеді исі Адайдың шежіресі. Сонда Нұрмағанбет Адай шалдың бесінші ұрпағы болып шыға келеді.
Нұрмағанбеттің желісі қысқа, көгенінің бұршағы кем кедейлеу болғандықтан Кедей атанып, содан ол ру атына сіңіп қалған деп кетеді шежіренің түсіндірмесі Кедейдің тұңғышы түсі қаралығы себепті бұған да лақап аты жамалған, Тілеу. Тілеуден Көбегей. Көбегейдің төрт ұлының ноқтағасы Азынабай шал да басқа жарып Ермекбай, Естек, Шуаш, Байжігіт атты төрт баласы болған.
Жадта тоғысып, одан хатқа түскен шежіре осылай өріле береді Мұндай шежірелер қазақтың үш жүзінде, барлық тайпасында, ру, ұлысында бар. Бәрі зерттелді, талданды. Әр түрлі жолдармен түгенделді, түстелді.
Шежірелерге шәк келтіріп, ғылыми айналымға енуін қаламайтындар да, керісінше оны ұлт тарихының құрамдас бөлігі деп қарайтындар да жетіп артылады. Екі жақтың арасындағы дау-дамайдың тіпті таусылып бітпейтініне де көндігіп қалдық. Олар солай екен деп "бас қатырып" жатқан шежіре тағы жоқ. Өз көші өзінде, өз ауылы өз жұртына еру бұл да өмір көшімен тартып келеді. Сонау арыдағы Әбілғазы баһадүрден бастап, алдыңғы екі ғасыр тоғысындағы Шәкәрім шежіресі болып түзілген, бергіде "кәдімгі Сәбит Мұқановты" да иіріміне бір батырып алған шежірелер шеруі тіпті тоқтамақ емес.
Біз дауласушы екі жаққа да бұратын ара ағайынбыз. (Төрелік айтуға шама қайда). Ара ағайын болғанда іштей екі жақтың да дұрысы мен бұрысын болжауға келгенде, тек көкейкөзіне, ішкі түйсігіне жүгінетіндер аулынанбыз. Бұл тұрғыдан келгенде біз шежіре дерегінің нақтылығын тек жазба мәліметтер арқылы шығармай, өзге атрибуттарды да негізге алу арқылы тарихымыздың негізгі бір бөлігі деп тану жағындамыз. Ал бұл тақырып аясындағы келіспеушіліктерді ұлт болып қалыптасу алдындағы барлық халықта болған, болуға тиіс заңды "балалық аурудың" шалығы деп қабылдауға бейілміз.
Осылай дей отырып, айтарымыздың өрмегін осы орайда құрамыз. Даланың көшпелі елі үрдісінде өткен тарихын жазба деректер арқылы ғана түгендеу бір жақсылыққа апарып соқтыратын жол. Біз хатқа түспеген тарихымызды керісінше жер бетіне атаулар ретінде, тарихи ескерткіштер түрінде, жадта аңыз әңгіме, өле, жыр ретінде өшпестей етіп жазып қалдырғанбыз. Мысалы, қытайдағы Жеменей, Жем өзендері, Жеменей деп аталатын жерлердің бәрінің түбірі бір. Жер атынан адам есіміне, немесе керісінше ауысқан бір атау. Жайық та солай.
Сібірдегі көп өзен аты қазақтың Кіші Жүзінің рулары. Адай атаң аты тіпті бағы Ақсақ Темірмен ұрысатын Тоқтамыс қолына ілесіп, одан жеңімпаз Темір әскерінің құрамына еніп, Қап тауына да барып қалыпты.
Сондағы бір шоқы аты Адай, өзен мен аңғар арнасының аты Шегем.
Мұңалжардың бергі сілемінде Жаңай атты кішкене өзен бар. Тобыштың Жаңай шалының кіндігі осында кесілген екен дейді шежіре. Жаңайдың моласы Жем, Сағыз бойында. Ол біздің әңгіме еткелі отырған Кедей — Нұрмағанбетпен тұстас өмір сүрген адам. Ал Нұрмағанбет моласы Құлсары маңында. Жалпы біздің ол тұстағы, кейін аттарын ру, ата атына берген белгілі шалдарымыздың көбі сол бетте қалған. Кейіннен қоныс өзгерген соң дәл қайда жатқанын ұмытқанбыз.Мысалы Кедеймен, Жаңаймен тұстас Ордектің, оның Шу бойында қалмақ қолынан қаза болды делінетін Есеннен өзге балаларының орындары да белгісіз. Тек шаңырақ иесі Кенженің Есенге қолқанат бола қалған қонайы ғана Сисем атада. Қонай Жақайұлы Қажаназармен тұстас. Кедей (Нұрмағанбет) немересі Естек те Сисем атада. Бәйімбеттен Жаманғара — ол да сонда. Соған қарағанда Адай елінің бергі Үстіртке келу тұсын қазір руға етеқабыл атала кететін ата мен оның бала, немерелерінің астасқан тұсы деп болжасақ қателеспейміз. Соның нақты айғағы Сисем атадағы зираттардан табылады.
Енді сөзіміздің дәйегін фольклорлық қазынамыздың тұнығы өлең-жырлардан шолалық. Шопықұлы Қалнияз батырдың "Ер Қармыс" жырында төмендегідей жолдар бар. Қуғыншының ішінде.
Әнеттің ұлы Төлеп бар
Белгілі елден Бегей бар
Жүйрік атты Кедей бар
Бек сауытты Жанақ бар
Қойсары мен Қонай бар
Он бес жасар Шабай бар
Шабай түгіл Талай бар
Олжашыдан Сары бар
Балықшыдан Балуанияз батыр бар...
Бұлардың бәрі кезінде Адайдың аты шыққан батырлары. Бәлкім, дәл сол Қармыс өлетін жаугершілікке Төлеппен бірге аталғандарды бәрі бірдей қатыспауы. Бірақ жоқ болса да белгілі батырлардың, тіпті бұрынырақта өтіп кеткен ерлердің атын атап кету бұрыннан келе жатқан дәстүр. Ол үрдіс тіпті сонау Ноғайлы заманындағы жырлардан бері жалғасып келеді.
Міне, осындағы Кедей басқа емес Нұрмағанбет, соның лақап аты. Олжашыдан Сары делініп отырған менің атам. Зираты Үстірттің Төлеп бекетінің жанында. Ертеде басында күмбез тамы болған. Қазір құлап қалған. Қасында өзі қаздырған Сары деп аталатын шыңырау бар.
Нұрмағанбет басында Кедей болғанмен беріде байыған. Оның бір дәлелі Адай Маңғыстау ойына келіп құлап, қоныс бөліскенде бұл атаға Қаратүйе. Манатаның етегінен Күштің қапысына дейін Ақтаудың теріс беті түгел тиген. Ұзыны 120, ені 30 шақырымдай аралық. Жер, әрине, шаңырақ пен мал санына қарай бөлінеді ғой. Ұзыны 25 шақырым Тамды мен Жармыш арасына Ескелді мен Төлеп бөле жара, Ағашты, Ондыны Тоқабай мен Жанайдың, Мырзайыр мен Қарашажыны Қырымқұл мен қараш балаларының қоныс етуіне қарағанда Кедейге тиген жер тіпті көп. Ел бері үдере көшкенде Кедейдің бір аулы Жем бойында қала барды деген, келуін келгенмен малдарының жайы болмай кері көшіп кетті деген де әңгіме бар. Әйтеуір Жемнің орта тұсында бері келгенше Кедейдің бір атасының отырғаны ақиқат. Жазба деректе 1830 жылдары Адай мен Әлімнің жаугершілігінде сол жерде жылқысы барымтаға түскен Адайдың үш байының бірі— Кедей Шәукенбай. Мұның 2000, Шоқай Өтенің 1500, Жаңайдың Шонтысының 2000 жылқысы барымталанған. Шәукенбай Кедейдің Жақсыбай атасынан. Ұрпақтары баршылық. Тек Маңғыстаудың ойында бірнеше шаңырақ. Шәукенбай өте кісілікті, шешен, өткір адам болған. Соның арқасында Әлімге барымталанған малын түгендеп қайтарып алады.
Атақты Ерменбет би ауырып жатыр деген хабарды естіп сонау Жем бойынан ат арытып келіп, көңілін сұрап бақұлдасып кетті деседі. Сонда оның өзі де қарттықты әбден мойындаған шағы екен. Ерменбет асына балалары айғыр үйір жылқы әкеліп аза салады. Ерменбет би Шәукенбайдың қадірлестігі жөнінде ел арасында төмендегідей бір әңгіме айтылады.
Кедейдің сол уақыттағы басшысы Тілес. Сол қасына 3-4 белгілі адамдарымен сырқат Ерменбетке көрісіп әрі сәлемдесуге келеді. Ерекең бұларға пәлендей оң қабақ танытпаса керек. Аттанар сәтте бидің көңіліндегі сол құлтасының себебі сұралады. Сонда Ерменбет сендер маған Шәукенбай, Таушанбай болып келіп отырсыңдар ма? — деулі. Тілес сол бойда Жем бойындағы Шәукенбайға хабаршы жібереді. Шәукенбайдың Ерменбет аулына шұғыл келіп, тірісінде жүз көрісіп қалуына бидің сөзі себеп болыпты. Таушанбай Шәукенбайдың туысы. Ол да Кедейдің атақты адамы.
Тілестің тұяғы Әбіл. Әбілдің баласы Тілесов Қосымбай Қиын шаңырағымен көп жыл аралас-құралас отырған. Бұл әңгімені бізге жеткізген марқұм Ысқақ Шәкіратұлы ағамыз. Ысекең Кетекең үйінде Қосымбаймен ұшырасып қалып, осы жайды айтқан екен. Сонда жадында тұтып қап, бүгін маған айтушы Жолдыбай Кетебайұлы інім. Кедей батырдың баласы Естек те өзіне тартқан батыр болады. Маңғыстауға алғаш келген 60 кісінің ішінде ол да бар екен.
Алдында Бердалы елшілерінің шәйіт кеткені бар, сол 60 қанша жүрек жұтқан дегенмен бірден салып ұрып жетіп келмей әуелі топ-топқа бөлініп Үстірт ернегінен үңіліп барлау жасайды. Қарасы аз шолғыншының үлкен көш жолымен жүрмейтіні анық. Бір топ Қаратүйе мен Маната арасындағы биік басына келіп, аттан түседі. Иек астында бусанып Қара ой жатыр. Бір шетін теңіз шайған.
— Мынау толтыра алсаң ырысың боламын деп жатқан жер ұйық қой,— деп тамсанып қалады топ басшысы.
— Құмдағы түйе жетелеген шарықты жаяу адамның ізін көрген екінші топ басшысы: Не байқадыңдар, мынау тақасыз, өкшесіз аяқ киімді адам. Егер найза білесек қаша беретін реті бар-ау,— деген болжамын айтып тастайды. Бұлар құмдағы із көруіне қарағанда Жаңасуға ат басын тіреп тұрғандай. Көңілдеріне қарап бірден қашпаса да, елшісі Бердасының өлімі үшін келгендердің бұл елге өкпесі қара қазандай еді.
Ел аузындағы естелік әңгіме қазақтардың онан арғы қимылына әлгі алпыстың ішінде айтылып қалған осы екі ауыз сөз бағдар бола кетті деседі.
— Келер жазда Адайлардың көп ауылдары нөпірлеп келіп тау бойларындағы жаңа қонысқа орныға бастайды. Бұл жердің бұрынғы тұрғындарының дені Хиуа хандығының қол астына, біразы Түпқарағанға көшеді.
Естек жаңа жерге келген соң көп өмір сүрмесе керек. Өзінің өсиеті бойынша Сисем ата жорық жолдастарының қасына жерленеді Зираты бертінде табылады. Тамы жаңартылып, құран қатым бағышталады. Естектен Қайып пен Өтеу. Бұлар келген бетте Ауызбас ойын мекендейді. Қайып шаруа, Өтеу өнерпаз адам болған екен. А. Затаевичтің «Қазақтың 1000 әні» жинағында "Өтеудің әні" деген нотасы бар. Жаздырушы Адай уезінің белгілі өнерпазы Тәжіман Басығарин. Бұл Өтеу-осы Естекұлы Өтеу. Өкінішке орай қазақша білмейтін А. Затаевич ән сөзін жазып ала алмаған. Ал айтушысы Т. Басығарин 1931 жылы Адай көтерілісіне қатысты деген дерегіміз бар. Содан соңғы тағдыры белгісіз. Сірә ұсталып сотталып кеткен болар деп болжам жасауға болар. Сөйтіп ән сөзі белгісіз болып қалды. Әуенін нотасынан шығартып көргенімізде әсем, нағыз Адайдың мәтөк әндеріне келеді. Өтеудің зираты Ауызбас ойына құлай берістегі Ақжолдың астындағы жүрекшенің басындағы көп қауымда. Өтеуден Тілеуберді мен Жетеген. Жетегенге қонысқа Құрқапы сайы беріліпті. Сай аяғындағы құдық, атын Жарық дейтін. Су жарған жерден қазылған соң солай аталса керек. Иесі осы Жетеген. Бұл дәулетті адам болған. Әсіресе жылқысы барырақ, болған сыңайлы. Қазір орны жоқ құдықтың батыс бетіндегі төбе басында кереге мола тұр. Аты Рабай. Ол осы Жетегеннің Аманбай деген баласының ұлы. Боранда жылқы қайырып жүріп жазым болған, қар басқан таудан ұшып өлген өлігі жазда табылған. Құрқапының батыс бетінде Бесшоқы деп аталатын тау сілемі тұр. Биік, бір-біріне тіркесіп біткен бес шақыдан тұратын кебір. Шығыс бетіндегі сай бойы қара жұрт—Жетегеннің бір қыстауы осы. Кебірдің үстіңгі бетінде бұлақ болған. Қазір көзі бітеліп қалыпты. Біз көргенде алғаулы суы жасымшылап ағып жататын. - Бұрынырақта тұщы, су өте мол болыпты. Жетегеннің жылқысы жабылғанда бір ортаймайды екен, — деп отыратын қариялар. Сол төңіректегі Ақмаңдай, Айшаның, ағы деп аталатын қара жұрттар бар. Бұлар осы ауылдың бәйбішелерінің аттары. Жетегеннің екінші баласы Иманбай. Ақтылы мың жарым жылқы біткен Жетегеннің тұңғышы Айтжан, кенжесі Қиын. (Әуелгіде азан шақырып қойған аты Қиынбай еді деп те айтылады).
Өтеу сазгер, әнші адам болған дедік қой. Қара жерге қақ тұрмайтыны сияқты өнер де оны ұстанған, қадірін білген ортада өркендейді. Өтекеннің ол өнерін ұстанған шөбересі Айтжанұлы Қылышбай екен. Бармақ біткеннің домбырашысы атанған. 1913 жылы туған. 1931 жылы байдың баласы деген аттан қорқып бас сауғалап Түркменстан асып Красноводскіге барған. Красноводскіде, Бекдашыда сульфат өндірілетін кәсіпшілік құрылып, алғашқы қазақ театры ашылғанын білеміз. Соның белді қызметкерлері Хамит, Мұрат Өскенбаевтар болған. Красноводск дербес облыс орталығы. Қылышбай Айтжанов сол облыстың мәдениет бөлімінің бастығы болады. Соғысқа алынып Сталинград түбіндегі ұрысқа офицер болып қатысады. Оның ұрыста ерлік көрсетіп қалай қаза болғанын бертінде Кушка түбінен бір түркімен жігіті арнап келіп үйіне айтулы. "Қара қағаз" келсе де баласынан үмітін үзбей жүрген анасы Әдеп, Аралбай Көрпе Тайғараның қызы, сол хабардан соң жылай-жылай екі көзі су қараңғы болып қалулы.
Бұл атада өнер қонған, соны ұстанып өткен Боздақ Рзаханұлы. Жетеген құдығының қасындағы төбе Боздақ. Соның басында туған соң атын Боздақ деп қойған. Боздекең Маңғыстаудан алғаш консерваторияға түскен жас. А. Жұбановтың сүйікті шәкірті болған. Консерваторияда үздік оқып, стипендиат атанған. Оны бітірген соң Гурьев музыкалық училищесінде оқытушы, оқу ісінің меңгерушісі, тағы басқа басшылық жұмыстарда болды. Қазіргі Маңғыстау өнерінің жұлдызды шоғыры Роза Айдарбаева, Рухия Батыршиева, Аманбек Сұлтанов, Айтберген Жаңбыршиндер осы Боздекеңнің шәкірттері. Боздекеңнің орындауындағы қазақтың көп күйлері кезінде жазылып алынып, қазақ радиосының алтын қорына алынған. Оның 70,75 жылдық мерейтойлары Атырауда, Маңғыстауда үлкен өнер мерекесі болып аталып өтті. Жыл сайын Б. Рзахановтың атындағы күйшілер сайысын өткізу дәстүрге еніп келеді.
Өнер мен әдебиет егіз. Кедей аулынан ақын, жыршылар да шыққан. Соның көрнекті өкілі Құрекеш. Өкінішке орай, оның көп өлеңдері сақталмаған. Өйтуіне Құрекеңнің ақындығынан бұрын емсектік қырының алға түсіп кеткені себеп болуы. Содан соң оның маңайындағы сөз білер кісінің бәрі сталиндік репрессия құрбаны болып кеткенін де қаперге береміз. Әдебиетте Құрекештің ақындығына қатысты бір оқиға ғана мәлім. Онда да ол "Аралбайдың Құрекешке айтқаны" деген атымен мәлім. Бірақ кезінде ғалым Қабиболла Сыдиықов біздің әжеміз қибаттан жазып алған, мен шешем Кінәштан, түп нағашым Аралбайдың інісі Баланбай Көбейсінұлынан алған ол өлеңінің нұсқаларының қай-қайсысын да Құрекеш атына айтылған не даттау, не мақтау жоқ. Бұдан екі ақынның бір-біріне деген құрметі аңғарылатындай. Ал өлеңнің шығу тарихы былай:
Айрақтыда Дүзкен, дұрыс аты Дүзжан есімді Қажы болған. Біздің бір аталарымыз. Маңғыстаулық хажылар тізімінде менің бабам Бөлебай Қаржауұлы мен Дүзжан Сегізбайұлының аттары қатар тұр. Екеуі Меккеге бірге барған. Дүзекеңнің немересі Мақсым 5-6 жыл тұрғысында Теңге кентінде қайтыс болды. Дүзекең Айрақтыда мешіт салдырады.
Аралбай өлеңіндегі
Айрақты, Татан екі тау
Қияқты, Сасық екі су
делінетін жер аттары осы. Қияқтыда Бөлебай мешіт салған. Сасық басына Дүзекеңнің салдыруы шамамен 1909 жыл. Салушы шебер жақын туысы, сол су басында туғандығы себепті аты ұқсастырылып қойылған Сасықбай шебер. (ұрпақтары Ақтауда, Жаңаөзенде тұрады.) Тау тасынан қиылып салынған әсем құрылыс. Ол Айрақтыда әлі сақталған. Мешіттің бітуіне арналған үлкен той болады. Сонда той асабасы аяғынан алдырып, тойбастар айту жолың қоңсы отырған, әрі құдандалы (Бөлебай қажының бауырына басқан немересі Спанға қарындасы Кінәшті беріп отыр.) Жары Аралбайға емес, тойға жолы түсіп келе қалған Жеменей ағайыны Кедей Құрекешке береді. Соған апшыған Аралбай табан аузында осы өлеңді шығарып, той иелері - менің аталарымды жерден алып, жерге салған. Жасыратыны жоқ, жай осылай болған да қойған. Айтылған сөз - атылған оқ, сөйтіп Аралбайдың сол өлеңі аталарымның мешіт салған жақсылығын тәрк еткен де жіберген.
Аталы сөзге тоқтамақ ләзім. Бозашы болысының имамы Бөлебай хажы сол. Асабаға ат, шапан айып тартқызып Аралбайдың алдына жыққан. Ол айыпты Мансұр бай төлеп, Аралбай ақынға өз атынан тағы бір ат—мінгізген. Тойбастар айтқан ақысына аталған атты Құрекеш алмай, оны да Аралбайға жетектеткен. Сөйтіп, ата жолынан жаңылған бір әнтектік Аралбай ақынның әрі атын шығарып, әрі шала байытқан.
Құрекеш өзен ойынның солтүстік шетінде. Немересі Кемел Тұманбайұлы Шетпеде тұрады. Бұл да "Маңғыстауда кімнің бар" дегенде аты ауызға алдымен түсетін ағамыздың бірі. Кедей аулының ендігі тірі шежіресі осы деп дәріптеп жататынымыз да бар оны.
Баршаға белгілі Ақбөбек — Қайып оқиғасы Кедей аулына тікелей қатысты. Себебі, Ақбөбек бұл ауылдың айттырулы келіні. Теңелбайдың Есберген дейтін баласының қалыңдығы.
Құйрық бауыр жесіп баталасып құда болысқан соң, Алланың мөрі деп қол алысқан соң ол бұзылмауы тиіс. Айттырулы, қалың малы төлеулі қызды алып қашуды шариғатқа қайшы, қылмыс деп білген бұрынғы қазақ. Жесір дауының көп қабындайтын бастауы осы. Қайып сол заңға, ғұрыпқа қайшы келді Ақбөбек бата бұзды. Кешегі кеңес кезінде бұлардың онысы ақталып, дәріптеліп келгенмен, қазақи дәстүр бұрысқа санайды. Дала заңы жесірін тартып алған Кедей жағында. Жазушы Сайын Назарбеков "Ақбөбек" драмасында бұл жайды әділ, шыншыл бағытта көрсетіп, дұрыс шешім жасаған. Ақбөбектің көңілі Қайыпқа ауып ауаланғаны болмаса Есберген осал жігіт болмаған. Көрікті, ақылды, өзіне жететін дәулеті бар. Айдың күні аманында жесірін қолдан беруді намыс қылған Кедейлер қазақ ғұрпымен бітісуге көнбей Ақбөбекті қалай да босағасынан еңкейтіп кіргізудің қамына кіріскен ғой.
Біз бұл жерде жұртқа белгілі жайды қазбаламай оқиғаның күңгірттеу тұсына тоқталуды жөн көрдік. Қайып Ақбөбекті күзде алып қашады. Мекені Үстірттің Жарқұдығы. Ерте көктемде Кедейлер ойдан аттанып барып, жесірлерін тартып алады. Айыпқа алған мал барымтасы тағы болса керек. Бегей Тобыш жағы уезд бастығына шағымданады. Уезд бастығы оны билер сотының қарауына береді Қайып өлеңінде:
Адайдан таңдап сүйген Бөбек едің
Ит Кедей алып кетті - ау параменен —
деген жолдар бар ғой. Жаны бар сөз. Қазіргідей ол кезде де пара бар. Билердің араны тіпті құрдым болған сияқты және. Кедейдің намысын жыртқан иесі Жеменей жабылып пара жинағаны өтірік емес.
Бұл жалғаншының жүзінде шындық өміршең. Олай болатыны ол құдайдан басқаның меншігіне айналмайды. Өтіріктің де жаны сірі. Себебі. ол әркімнің аузында жүреді біз бұл жерде сол құдай меншігі шындықтан ауытқымалық. Арада пара жүргені рас. Және көп мөлшерде. Басқаны айтпағанда сол уақытта Олжашы аулының старшинасы менің бабам Ербай Бөлебайұлы Олжашы, Бөкеннен жиналған пара ¬ бір қалта сөлкебай алтын ақшаны Кетікке алып барған. Бөгейлер жағы да қарап қалмаған. Исі Тобышқа сауын айтылып ақша жиналған. Бірақ жеме-жемге келгенде Жеменейдің парасы көп болып таразы басын басып кетіпті. Сонда Кедей жағына жеңісті қолдан берген қисын сәл-ақ нәрсе. Ақбөбек Бөгейге келіп болып түскенде некесін Қазжан деген молда қиюлы. Билер сотына сол куәлікке келуі тиіс болған. Бірақ ол әлдебір себеппен келе ал май орнына басқа бір молда Қазжан атын жамылып келеді. Қырсыққанда Кедейді бір молдасы Қазжанды таниды екен. Медреседе бірге оқыпты. Сол жалған Қазжанның өтірігін шығарады. Сөйтіп билер соты Ақбөбек пен Қайыптың некесін жоққа шығарады. Олар некеден тысқары тұрған деп табылады. Егер сонда Қазжанның өзі келіп куә болғанда ұжымның Бөгейлер пайдасына шығуы мүмкін екен.
Қайыптың ағайындарына өкпелеуі, шетке кету себебінің бірі де осы жай болыпты.
Қайып Ақбөбекті артынан іздеп келіп артынан алып қашқанда артынан қуып Мырзайыр ойынан жетіп айырып қалатын 6 кісі Кедейдің ішінде біз білгеннен Теңелбайдың екі баласы Өтеш пен Нәукен, Дәмелінің екі баласы Естұр мен Бектұр.
Қайып енді бір ұсталып қалғанда
— Өзің бір осы қардың қара құйқасынан өзге ештеңе көрмей өлейін деген өлермен, маңдайы қара ит екенсің—деп сөгіп, Қайыпты кісендеп қоятын Нәукен. Бұл оқиға болған жер Бозашыдағы қоғамның алдындағы Қара ой. Арашаға Ерменбет би аулында қонақ болып жатқан Құлшар күйші түсіп, оны Ерменбет қостап сөз салып, Қайыпты су жолымен қашырып жібереді. Бұл оқиғаның соңғы куәгері Кедей Бапан қария. — Сонда мен 9 жастағы бала едім, — деп отыратын. Қайып содан елге оралмастан Тәжікстан асып кеткен.
Ақбөбек Есберген күйеуімен бірге 1930 жылдан соң Иран еліне өткен. Баласы Әбілше сонда ес білген бала. Дұрысы Әбілше немере. Есберген баласы Күзембайдың тұңғышы. Кейіннен елге оралып, Жармышта жерленді. Ұрпақтары Ақтауда, Бейнеуде. Есберген мен Ақбөбек Иранға барған соң көп ұзамай әлдебір індеттен өлген. Есберген Ақбөбекті жерлеген соң бір жұмадан соң көз жұмыпты.
Ақбөбектің қылығына ызалы Кедейлер оны енді тоқалдыққа алмақ болып тартып әкелер алдында Есбергенді үйлендірген екен деген әңгіменің де жосағы шаң береді Оның анық-қанығына бойлай алмадық.
Қазақ саятшылықты өнер деп білген. Және ол кез келгеннің пешенесіне жазыла бермеген өнер. Олай болатыны түздің жүгірген аңы мен құсының құпиясына қанығу оңай емес. Ол құлпын оңайлықпен ашпайды.
Кедей аулынан сондай саятшы, аңшылар да көп шыққан. Біз арғыдан естігендегі аңшы Естектің шөбересі Қашқынбек. Бір қызықта астында ат көлігі бола тұрса да, ол аңды жаяу қағуға бейілді болыпты. Жылдам, қатты жүреді. Өте-мөте қайратты. Аулаған түлкілерін уақыт алады деп соймай беліне байлап артынып жүре береді-міс. Тымағының құлағы байланбайды. Беліндегі кісесінде шақпағы, қуы, селебе пышағы, бақыры, құралы құрттай қол күрек. Аңшылық құралы қақпан, тұзақ. Тағы бір әрідегі аңшы Жабай. Оны; аңшылығынан бұрын аты жүйріктігімен шыққан.
Маңғыстауда ертеде құлан көп болған. Олар далада үйір-үйірімен жүреді екен. Ел оны атпен қуып аранға жығып, атып аулаған. Қақпанмен аулау мүмкін емес. Құлан қандай мықты қақпанды да бір тарпығанынан қалдырмай сындырып тастай береді. Бірде Жабай кетіп бара жатқан құланның айғырын Боздақтан қуып Манатының Аққоңырданына барған жерінде жаяу қуып жетіп алған. Құланның айғыры оңайлықпен алдырмайды. Адамның өзіне шауып, тарпып не шайнап өлтіреді. Жошы ханның баласының ажалы құланнан болды деген аңыздың түбінде шындық бар. Сондай құланның айғырын құр қолмен қуып жетіп алған, және оны 20 шақырымдай жерден ауылға арқалап келген Жабайдың сірә тегін адам болмағаны. Ол уақытта жаяу жарыс жоқ. Қарақалпақ, түркімен арасында жаяу бәйгі бар дегенді құлағы шалған Жабай соған қатыса алмадым деп арманда өтулі. Атадан бала ширек кем туады дегеннің көбі қырсыққанда Кедейге келіп, Қашқынбай мен Жабайдың ұрпақтары оларға тартпай борпы аяқ болып туыпты. Егер атаның ол қасиеті тартқанда бұл Кедейлер әлемдік олимпиадада адам атаулының барлық жүйрігін шаң қаптырып, Қазақстанның мәртебесін бір үстейтін болар еді - ау, шіркін!
Жарықтық Тастықара аңшыны көре қалдық. Оның аңшылық қырлары, көп әңгімелері баласы Мұқан арқылы жетті кейінге. Ол туралы "Аңшы нұр" кітабында жаздық та. Соған енбеген кезінде Мұқан айтқан бір әңгіме. Мұқан марқұм көстеңдеп көп сөйлеуге жоқ, істің адамы еді. Мұны ол 1962 жылы ағам Ергеннің бұл да аңшы, - Мұқа, сіз осы қасқырды осы жерлік шеттен келген деп айырады дейді. Соны қалай білеміз? - деген сауалына жауап ретінде айтқан.
— Жалғанда киесіз, иесіз ештеңе болмайды ғой дейін тегі. Жандыда киелі сірә адам. Содан түз тағысы бері де құр емес. Адамның бауыр басқан жері бар. Одан ауғанда келген жеріне ие болғысы келетін қасиеті тағы қалмайды. Міне, біз Арқадан ауып келіп осы жердің ендігі иесіміз деп жүрген жоқпыз ба? қасқыр да солай. Қасқырдың сарығы деген бар. Бірі ұйығар алдындағы сарығы. Жұп іздеген қасқыр сарық қасынан жерді тырнап белгі салады. Тырнақ ұшы қадаған жақ ендігі жүріс бағыты. Ұйығар алдында қасқыр сарығынан ұзамайды. Іздеген жұбымен солай тез табысады. Екінші сарық жылдың қалған үш мезгілінде. Мұнда шеттен ауып келген қасқыр егер осы маңайды мекен етпек болса әр жерге сарығын қалдырып шекарасын белгілейді. Егер ол жердің бұрыннан ие қасқыры болса онымен иіскесіп табыса ма, жоқ, кетісе ме — ол жағы маған беймағлұм.
Білетіндер Мұқан білінген ит-құсты әрісі бір жұмада алып тынады деп аңыз қылатын. Сонда аңшы қасқырдың әлгі сырларына қанық екен ғой.
Қазір Үстірттің қызылсайының Сары ой аяғында, 9-шы жол айрығынан жоғарыда күнгей шығысқа қараған беткейдегі бұлақ басында ескі тас үй қабырғасы тұр. Бұл Тастықара аңшының 1920-1935 жылдардағы қыстауы.
Иірдің ойының аяғындағы Күштің қапысында кеуек, алдында - жер үй - орны жатыр. Бұл Мұқанның 1955-1956 жылдың қысында: жекеменшік малымен қыстап, шаруасын күйттеп,. бір жағынан аңын аулаған құт мекені.
Мұқан атамзамандағы кеуекке мал қыстатқан шаруаның соңы. Қасқырды ізінен індетіп түсіп жүріп қақпанмен соққан Маңғыстаудағы аңшының да соңы.
Кедейде бүркіт, ұстаған аңшылар да болған. Бірі Мұқанның әкесі Тастықара - болғанда тағы бірі Бекежанұлы Матай. Матекең Тазы да жүгірткен. Ең соңғы ұстаған көк тазысы 1955 жылы соңғы рет күшіктеп, алты күшік туып, өлді. Сол көк тазымен бірге жасы келген Матекең ата кәсібінен бір жола тиылды. Сонда алты күшікті сұрағандардың көңілін жықпай таратып беріп, "өзіңе неге қалдырмадың" дегендерге "енді ит жүгіртіп, қақпан салатын аңшының қадірі де қалмас" деген екен. Айтқаны келді. Маңғыстауда қазір тазы тұқымы мүлдем құрып бітті дерлік. Қақпан мұражайдың экспонатына айналды. Аңды мылтықпен жаяу жүріп қызықтап аулайтын Кедей Бәжбенұлы Бисемағанбет аңшының да күні өтті. Оның кезінде Нұр аңшы сыйлаған қырлы мылтығын баласы Аманғалидың ана бір жылы үңгірге тығып кеткен кезі де болды.
Мұқанның Жармышта тұратын шаңырақ иесі баласы Жұмажан қасқыр мен қарсақтың ізін айыра алмайды.
Жетегеннен тараған Әулет жылқылы бай болды дедік қой. Бұл ауылға қыл құйрықтың бітуінің өзі бір қызық хикая болғандықтан ол туралы Кетебай Қиынұлының арқаулы повесть жазып, бірақ басылмай, басылмағаны былай тұрсын жоғалып кетуі де бар. Сол себепті оны бөлек әңгімелеуді шештік. Әзірге бастаған сүрлеуімізден аумай тарта берелік. Жетегеннен Аманбай, Барақ болғанда, Аманбайдан Нұрмаханбет, Иманбайдан Айтжан, Сұлтан, Шақан, Шиғұл, Қиын ғой. Бұлар енші алыспаған. Алысса да малдары бірге жайылып, қоныстары бір болған. Соған қарап Жетеген өлген соң да ақтылы жылқы Жетеген атанып жүре берген деседі. Дәл санын ешкім қазір шамалап айта алмайды әйтеуір көп болыпты. - Көптігі ғой, бір тебіндегенде Тоқбастың дөңінің үсті ту талақай етіп кететін. Сарытұрақтың тақырына толып түскен су жазда екі суарғаннан артыққа жетпей қалатын, - деп аңыз қылады ел. 1910 жылдың жұт қоянынан Иманбайдың жылқысы Сарыойды тебіндеп, Қара кешу, Қайдақ шығанақтарының жағасындағы қалың қамысты талғажау етіп аман шығады. 1916 жылы патша қазақтан тыл жұмысына адам алды ғой. Өзге де салық бар. Кавказдағы түріктермен соғысып жатқан армияның киіз, арқан, жіп, былғарыға қатысты ауыртпалығы Адай еліне түседі. Адай оған қазақтың өзге жерлеріндей емес, ерікті түрде көмектеседі. Тіпті тыл жұмысына да еркімен жалданып барады. Мұны елдің 1910 жылғы жұттан соң патша үкіметі көрсеткен көмегіне қайтарымы деп отыратын үлкендер. Сонда әскерге көп қыл керек болып, Жетегеннің жылқысын Ауыздыбастың ойына күзеуге айдап келгенде, ой толды деседі. Соншама жылқыны тіпті оңай күзепті. Ойдың құбыла бетіндегі аңғар сайдың батыс жиегінде су ағар жүлгені бойлап шығатын, бір жылқы ғана өтетін жол бар. Содан біртіндеп айдап шығарып тұрып бірнеше адам күзеп берген. Сонда күзелген қыл бірнеше түйеге жүк болыпты. Содан "Жетегеннің желі жолы" атанып, бері келгенде ол аты "Ат жол" болып өзгерген ол жол сарабы әлі бар. Жыңғылдыдағы Ақтамның төменгі жағындағы Жетеген баласы Барақтың қаздырған қара құдығының да о бастағы аты "Барақтың қара құдығы" аты ол да бар. Бері келгенше әуелде тобылғы жыңғылмен ерген шегені де сол қалпы тұратын. Ана бір жылы жауынды жазда кеуіп қалды деп жүретін сол құдық суы аузынан шығып ағып жатты деген хабар естілді..
Сол жылқы қырынан келген заманы мен бірге құдайының қоса жіберген зауалы 1927-нің жұт қоянында жұтап, Жетеген балаларын, Иманбайда тәркіленіп, жер аударылудан құтқарады. Мыңдаған жылқының артында қалған көк бие Бозашыда иесі қиынмен бірге жасыл түсіп, ажалы жетті. Қарап отырсаң қызық, Жетегеннің 1950 жылдар аяғына дейін құрық ұстаған шөбересі, Иманбай немересі Боқанның да 60-жылдары қыл құйрықтыдан жалғыз көк биесі болып, ол Кедей Оспан Сейітмағанбетұлы баққан жылқы отарында жүретін.
— Жануар басы көбеймейді Жылына еркек құлын туады. Оны отардан ұрғашы қылып берейін десем Боқан ағам "құдайдың өзі солай құрап қойған. Жетеген тұқымына ондай жақпайды" деп азар да безер болып жолатпайды —деп күлетін Осекең марқұм.1965 жылдың жазында Ауыздыбас ойында үйіне түскен жай оғынан опат болды Оспан аға. Шүкір, арты жақсы. Ұрпақтары бір ауыл.
"Жүйрік атты Кедей батыр" атанған әр кезеңінде бай да, батыр да, саясатшы, өнерпаз да, сахи жомарт та шыққан Нұрмағанбет тұқымынан кешегі Ұлы Отан Соғысында жауынгер де шықты. Соның бірі және бірегейі марқұм Қалмағанбет Қалақауов.
Бұл атаның заманында болған, толған бір ақсақалы Адыр. Одан Көпжан, Селбай,.Нұрбай, Сахи. Көпжаннан бес бала Құрман, Думан, Иман, Қалақау, Кенған. Қалманбет Қалақаудың үлкені (Мен Кенғанның екі қызының үлкені Зібірханнан туған жиенімін) 1931 жылы Қалақау босқан елмен бірге Түркіменстанның Ашхабад қаласына барған. Барған соң балаларын мектепке береді 1923 жылы туған Қалекең соғыс басталғанда Ашхабадтағы ауыл шаруашылық, институтының механика факультетінің бірінші курсын бітіріп жатады. Әскер қатарына алынып Бакудегі қысқа мерзімді әскери-теңіз училищесін бітіреді. Лейтенант шенінде Ленинград майданында Балтық теңізінде катер командирі болып соғысқа кіреді. Жеңістен соң кадр офицері ретінде әскер қатарында қалдырылып, Ленинград соғыс теңіз академиясына жіберіледі. Оны үздік бітіреді. Сөйтіп, ол аталған оқу орнын қазақтан бітірген тұңғыш теңізші инженер. Қара теңіз флотына келіп Батумиде кеме инженері болады. 1948 жылғы Ашхабадта жер сілкінген кезде сонда болады. Қалыңдығы Шархат, Адай, Қосай, Тінейдің қызы бәрі университетті орыс тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп жатады. Қалекең әйелі екеуі сол Ашхабад зілзаласының куәгерлері. Сонда қасындағы курстас үш дос қызы құлаған үй астында қалып қаза болған. Шархат шешеміздің сонда жүрегі қозғалған. Қалекең Батумиден соң Севастопольде көп жыл тұрды. Бірінші рангалы капитан дәрежесінде флоттың техникалық жарақтандыру жағының жауапты қызметінде Мурманскіден контр адмирал дәрежесінде отставкаға шықты. 1993 жылы қаза болды. Отбасы Севастопольде орталықтағы генерал Остряков көшесінде тұрады. Екі қызы бар. Үлкені Дина Москваның консерваториясын бітірген. Мамасымен бірге. Кіші қызы Жібек Москваның кітапхана институтын бітірген. Алматыда, балалар кітапханасында жұмыс жасайды. Қалекең отбасымен түгел 1957 жылдың жазында Кенған зайыбы Балзия шешеміздің қазасына келді Мен сонда оны алғаш рет көрдім. Екінші рет 1962 жылдың қаңтарында шешесі Шүрек өлгенде, бұл жалғыз өзі келіп, Жармышта он күндей болды. 60-шы жылдар аяғында Каспий теңізіне іссапарымен келген бетінде Жармышқа бір рет соғулы. Сөйтіп, ол 1931 жылдан соң туған жеріне не бәрі үш-ақ рет ат ізін сала алған. Таушыққа келген бет ішінде Кетекеңдікіне тоқтайтын болған. Жастары құралыптас әрі бала күнінде бірге ойнаған ағайын достар сағына көріседі екен. Зеріп әрі шешесі, әрі әйелінің апасы ретінде жақын. Бұл үйден Қалекең үйіне барып Көшекең қонақ болған. Рзаханов Киікбай барған бір сапарында. Мұнайшы Көшербай Әлібаев соғыста өліп, Қырымда жерленген ағасы Шортанбайдың басына барған бетте ойда жоқта қонақүй алдынан Қалекеңді ұшырастырып танысып, үйінде бірнеше рет болулы. Қалекең өте білімді, қазақ, орыс, түрікмен, неміс, ағылшын тілдерін жақсы білген офицер болған. Әйелі де, өзі де музыканы өте жақсы көрген. Халық әндерін, Абайдың әндерін тыңдай беруді ұнатқан. Пианинода жақсы ойнайды.
Ұлы Отан соғысына біздің ауылдан 156 адам қатысып, соның 93-і ұрыс даласынан оралмай қалды. Шәйіт болғандар, оралғандардың ішінде Кедей аулының азаматтары көп.
Бейбіт еңбекте басшылық қызмет атқарып Адайда аудан, қаланың бірінші басшысы болған Киікбай Рзаханов.
Киекеңнің мамандығы құрылысшы. Әуелі техникум бітіріп келіп аудандағы құрылыс мекемесінің басшылығында болған. Институтты сырттай оқып бітірді. Маңғыстау мұнай-газ барлау тресінде құрылыс монтаж басқармасын басқарып барлаушылықтың ауыртпалығын бір кісідей көтерді.
Форт-Шевченко қаласына бірінші хатшы болып Киекең барғанда қала баяғы Шевченко айтқандай нағыз құдай қарғаған жер болып тұрған. Қаладағы негізгі өндіріс балық кәсіпшілігі Астраханға қарайды. Ұлутас карьері цех дәрежесіне түсіп қалған. Ең азы электр жарығы да жоқ. Баяғы А. И. Микоян министр болып тұрғанда салдыратын ашылуына өзі келіп қатысатын құтыға балық түретін завод өртеніп жағаға шығарып тасталған кеменің бу қазанымен жылытылады. Кешелер қоқысқа толы.
Киекең жұмысын электрден бастайды. Әуелі Ераливтегі бұрынғы барлаушылардан мұраға қалған, тұрақты энергия желісі келген соң консервацияда тұрған дизельді электр станциясын трест басшысы X. Өзбекқалиевтен тікелей өзінің беделі арқасында алып, сол трест техникасымен көшіріп әкеліп, өзі бас құрылысшысы болып станция ғимаратын тұрғызып, дәл жаңа жыл қарсаңында қалаға электр жарығын береді Көшелерді тазартады. Жаңадан тұрғын үйлер салғызады. Қаланы тасқын су басып кету қаупін алдын алып, бөгеттен теңізге дейін канал қазғызады. Онысы өте ақыл болған екен. Келесі жазда адам көрмеген нөсер жауын болып, қала бір қауіптен аман қалады. Орталық комитетке дейін хат жазып Ақтаудан асфальт жол, тұрақты электр желісін тарттырады. Ең басты жеңіс Форттағы балық кәсіпшілігіне қатысты кәсіпорындарды Астраханнан алып, соның негізінде үлкен басқарма құрылады. Халық айна, халық сыншы. Форт халқы осы күнге дейін басшыларының іскерлігін Киікбай Рзахановпен салыстыра отырып бағасын береді. Аштықта жеген құйқаның дәміндей болып сол бір қиын жылдардағы қала халқына Рзахан баласы жасаған шапағат әлі ұмытылар емес. Қиекеңнен кейін бірінші басшы болған Бақыт Бозжігітов ондай беделге ие бола алған жоқ. Аттылыға ере алмайтын жаяу болды да шықты. Содан демократия желі есіп, сайлау жүйесі келгенде ол сайланбай қалып, ығысып кетуіне тура келді.
Киекең зейнетке шықса да іс басында. Және өте ұлағатты іс. Мұнайшылардың қайырымдылық қорының Ақтаудағы басшысы. Мұнда да біраз игі істің ұйытқысы бола қалған жайы бар. Кедейдің көшелі ақсақалы болған марқұм Бердібай Сарбалаевтың мамандығы мұғалім. Еңбек жолының біраз жылы Кетекең ағасының жанында өтті.Кетекең бұл ретте бірінші тәлімгері. Содан соң аудандық атқару комитетіне қызметке ауысты. Бейнеу ауданындағы аудандық кеңес атқару комитетінің төрағасы болды. Бердекең марқұмның табиғатының өзі ұстазға тән еді. Жалпы біз білген жерде ақырып-бақырып, колхоздың баяғы қырсау қоспақ атаныңдай жынын құсып нағыз ұстаз болған ешкім жоқ. Рас, табақтай дипломы бар, ұстаз атын жамылып қараға ергендер болды. Бірақ олар қадау-қадау. Қазіргі мансабымен, отырған орын тағымен бірге қараң қалатын маңдайы қаралар.
Ал Бердекең ешқашан салиқалы сабырын жоғалтпайтын. Қазақтың көркіне ақылы сай нағыз түс азаматы болумен өтті.
Кедейге шүкіршілік тән болушы еді, сізге біткені сабыр. Және жомарт құдай онысын молынан берген екен. - Бұл Бердекеңе жиендігімді бұлдап, соныма орай қалжыңмен тұздап менің бір айтқан сөзім. Олай дегенде мен шынымды шын көңілмен және ризашылық сезіммен айтқанмын.
Әзірбай балалары Әбді мен Тілеген. Бұлар Кетекең үйінің ағайын ішіндегі ежелгі көршілері. Әбді, Тілеген Ағылмен апамыз Зеріп шешелері сауған Жүндіқұлақ інгеннің сүті таңдайларына татып ержеткендер. Ауыздыбастағы мектепке қатар барған. Әбекең біраз жыл Таушықта бұл үймен тағы көрші болды. Одан Тасбастағы мұнай барлайтын экспедицияда, 1956 жылдан кейін Ақтауда бірер жыл болды. Туған топырақты сағынған бұл шаңырақ 1959 жылы Жармышқа оралып, колхозшы болып мал бақты. Тілеген түйеші болып, 1980 жылы Таушыққа көшті. Осы жерден зейнетке шықты. Ағылен 1961 жылы Таушықтағы Сарықұлға тұрмысқа шыққан. Зеріп шешесін қолынан аттандырған. Сөйтіп ағайынды қоңыр қаздар Таушықта қайта табысты. Тілекең Кетебай ағасын артына қалдырып бақилық болды. Қазір ағалы-інілі екеуі бір молада тыныстап жатыр. Аралары таяқ тастам жер.
Осы бірер жылдықта бір садақа үстінде Ираннан келген бір оралман ағайын "нағашым Кедей" деп қалды. Елең ете түстім.
— Қай Кедей?
— Қара Кедей. Әзірбай деген кісі екен. Мен соның туған қарындасының баласымын. Маңғыстауға келген соң іздеп сұрау салып едім ешкім білмейді.
— Ендеше сұрауың нашар болып жүр екен. Бозашыдағы Жарының ауыл қыдырып жүріп былтыр жоғалған түйесінің хабарын қаузайтындай болды оның, бөле. Іздеген Әзірбайың жоғалған жоқ. Бар.
— Қайда? - деп елең ете түсті нағашысын іздеген жиен.
— Жүзден асқан Әзірбай қайда болушы еді. Молада дағы. Ақтамда жатыр. Біз ол үйдегі әжемізді көре қалған кісіміз. Ал ұрпақтарын сұрасаң - олар бар.
Сол жерде бөлеме нағашыларының толық хабарын бердім. Ертесіне апарып табыстырдым. Бәріміз болып жатыр.
Көріп отырсыздар, іргесі бір сөгілген елдің қайта бүтінделуі, жүз көрісіп, қауышуы оңайға түспейді екен.
Енді жер бетіне жазылып қалған тарихтың бір таңбасы, көне жәдігерлердің бірегейі, ата-бабалардың ата мекенде түсіп қалған соңғы із бедері тарихи ескерткіштер не дейді екен. Бір сәт соларға үңіліп көрелік.
Жыңғылды сай бойындағы Қапаш Қинақұлы салған әсем мешіттің салдырушысы Қосбайға топырақ ауған жерінен бұйырды сірә. Одан қалған Ережеп те жат жерде қалды. Ерекеңнің Пайғамбар жасынан асқандағы бақыты елге келіп, туған топырағын басып, ата-бабалар басына дұға оқып қайтқаны. Мешіттің солтүстік бетінде бері келгенше шағын кереге там тұратын, қазір құлап қалыпты. Ол Дабыс, Ықылас шалдардың аталары.
Бұл ауылдың ең үлкен қауымы Ақтам. Биік жарқабақ төбе басы қаптаған күмбез, сағана тамдар, құлпытастар. Бәрі сол маңайдың берік ұлутасынан қиылып салынған. Тегі ескерткіш салғанда тасының жақындығы себеп болса керек. Кедейлердің Маңғыстауға келген шамасынан кейінгі лектері түгелге дерлік ақыреттік мекенінде осы жерге тоғысыпты. Өкінішке орай Ақтам қорымы есепте, мемлекет қорғауында делінгенмен Сейсем ата сияқты эпитафиялық зерттеуден әлі сыртқары қалып жатыр. Ол олқыны келешекте толтырамыз деп отырмыз. Сарынияз құдығының басындағы кереге тамдар да кімдердікі екені белгісіз. Кедейде біз білген Сары есімді үш адам болған. Соңы Ыбыраев Сары тірі. Осылар сол Сарнияз құдығының маңында туып Сары атанғандар.
Аманқызылит те Кедейдің ата қонысы. Ақтаудың терістік бетінде қызыл иттер екеу. Бірі Сарнияздың Солтүстік батысында Кедей мен Мырзагелді Жеменейдің қоныстарының шекарасында. Екінші осы. Құбыладан терістікке сұлап иттің жоны құсап жатқан топырағы қызғылт төрткүл. Соның құбыла бетіңдей кең ой аты Аманқызылит. Жердің оты сұйылды дегенмен біздің бала кезімізде ой іші жайқалып тұратын. Біз туғанда мұрты тебіндеген ағаларымыздың бала шағында ой тіпті тоғай болған дейтін. Ой ішінде төрт-бес құдық суы алғаулы. Ойдың шығыс құбыла бетіндегі төбесі жайпақ биік төрткүл басында бірнеше мола. Маңайдағы ел оны Сырым дейтін. Ол есімнің қалай қойылғанын білмейміз. Молалар түгел Кедейдікі. Беріректе Нұрғазыұлы Шадау басына барғанда жазуларын молдаға оқытып хатқа түсіруі бойынша бір кереге там ішінде Өтеген жұбайымен жатыр. Қосағы Өскенбай күйшінің қосағы, Мұрат Өскенбаевтың қызы. Өтегеннен Сары, Сарыдан Орынбай, Өтегенмен бірге туысқан Жолдыбай, Жолдыбайдың жұбайы Керменің аты бір қима тамнан оқылды. Қасына. Қатпа деген кемпір қоса жерленіпті. Жолдыбайдан Досыбай, Есібай. Қатпа кемпір Есібайдың жұбайы. Есібайдан беріде қайтыс болған Нұрет қария, "халық жауы" болып ұсталып кететін жер өлшеуші Тайман, Ақназ. Тайманның сірә қайда қалғаны белгісіз. Нұрет қария осында. Досыбай жұбайы Ақментаймен, тұңғыш немересі Ағуанмен бір қима там ішінде. Досыбайдан Нұрғазы, Жайық, Нұрлыбек. Жазуды оқытып құнттап жүрген Шадау (шын аты Әмірен) Нұрғазының тұяғы.
Солайша Сырым төрткүлі басындағы молалардан Кедей атаның жетінші ұрпағынан бастап аттары шаң берді. Бәлкім жетіншіден бұрынғы буындар да осы жерде болуы. Ол құпия анау жазуы өшіп кеткен молалар астында жатуы.
Тоқбастың дөңінің шығыс шетінде Төселбайдың күмбез тамы. Ақшоймақтың ойындағы әдемі күмбез там аты — қошқар Кедейлердің ата-тек шежіресінде ондай есім жоқ. Сондықтан оның кім кімдікі екендігі беймағлұм. Білетіндер жол үстінде өлген Беріш деседі.
Қамыстың аяғындағы молалар да Кедейдікі.
Кедейдің алтыншы ұрпағының аты Боздақ. Құрқапы аяғындағы төбе соның атында. Рабайдың моласы, Боздақтың моласы деп қабаттаса аталып жүрген қойымдықта Жетеген балалары ғой. Ең соңғы күмбез там Шиғұл Иманбайұлына салынған.
Жер атауы да тарихтың бір бедері болатынының айғағы дейтін тап осы жерде. Боздақтың түстігінде төбесі ат шаптырым тегіс биік бар. Торқаның төрткілі дейді оны ел. Өте бір көркем жер. Торқа Ақбота Қозыбай байдың алты ұлынан соң көрген жалғыз қызы. Соған Мұрат (Кеще) аулы құда түседі. Мыңғырған бай қозыбай қалың малға қызықпайды. Екі шарты бар. Бірі - сол ауылда кірме болып көз түрткі көріп жүрген Серімді киімді бала қылып береді. Екіншісі Торқа беті жан аяғы баспаған жерде ашылып, тойы сол жерде етуі керек. Серімді беруге қиналмаған бұл жақ екінші шартқа келгенде қатты қысылады. Маңғыстаудың ойы мен қырынан жан аяғы тимеген, мал аузы оттамаған маңай таба алмай табандарынан таусылып мәңгіреді. Жеті жұрт кетіп, жеті жұрт келген қоныс ол жағынан ұятты болып шығыпты. Ең азы Манатаның аузындағы Суық төрткүл екеш Суық төрткіл басында да бірер обақана мола қылтияды. Бұл жері қуырылғыр түрікмендер оған да мола салып, ен тағып еншілеген екен о баста.
Солай тығырыққа тірелген Кещелердің көзі ақыры осы төрткілге түседі. Ол уақытта Құрқапы суды қапы. Жылғалап аққан өзегі теңізге құйып жатса керек. Өне бойы сыңсыған тоғай. Жер иесі Кедей. Ошарылып осы ауылдың ақсақалдарына келеді Төрткілдің майын бер, оған келіспесең жалға бер дейді. Мұның мәнісі осы күнгінің тілімен айтқанда аренда ғой. Кедей жағы әуелі нағашылы-жиедігін бұлдап, Кещелерді біраз қылжақ қылып алып, төрткілді тегін береді Қарындастарын келін болып күткелі отырған құтты жерді жалдап не көрініпті...
Жер аты содан соң "Торқаның төрткілі" атанып кетулі Кещенің әрлі - бері кешкен ауылдары бері келгенше — жарықтық Торқа шешеміз түскен қасиетті топырақ - деп Боздақ төбе басына еру болып өтеді екен.
Солай қастерленетін Торқаның төрткілінің басына адам жерленбеген, ешкім мал жаймайды. Баяғыда Ақбөбекті қалай да Бөгейден тартып алу жайы талқыланған пәтуа осы төрткіл басында жасалыпты. Кедейлердің мұндағы ең соңғы басқосуы 1930 жылдың қоңыр күзінде. Онда төніп келе жатқан апат - большевик саясатынан қалай бас сауғалау жайы талқыланады.
Боздақ аяғында көп адамның қызылдар оғынан қырылып сайдың қырғын сай атануы, 10 мыңнан астам қой мен ақтылы жылқының талауға түсетіні соның келесі жылының сәуірі.
Кедейден екі бала—Ақшакедей, Қаракедей атанып кеткен Тілеу мен Ақша дедік қой. Ақша ата ұрпақтарының қоныстары басқалау болған. Олар көбіне Оңтүстік Маңғыстауда, Түпқараған жағында көшіп-қонып жүріпті бөлек-бөлек. Тап бір жерде бөлек ауыл болып отырды деген дерегіміз жоқ. 1930 жылдардың аласапыранында Ақша кедейлердің дені көрші республикаларға қоныс аударып кетті де байланыс мүлдем дерлік үзілді. 1949 жылы Менің нағашы әжем Балзия Аманқызылиттен түйемен Ашхабадқа барып, сондағы қайнағасы Қалақаудың жесірі Шүрек абысыны мен екі баласы Қали, Дауылбайды алып келген сапарында ол жақта толып отырған ағайын, әсіресе Кедейлер екен деген хабарымен елді таң қалдырулы. Маңғыстаудан Хорезм ойы мен Түркіменстандағы ағайындарына 1950 жылдардың орта шенінде арнап барып келген Шадау Нұрғазин. Ол да бір оңынан орала кеткен іс. Шадекең Гурьевте бір мекеменің бас есепшісі. Жылдық есеп тапсыруға Алматыға барғанда барлық облыстан тек Шадаудың есебі дұрыс болып қабылданған. Министр қатты риза болады. Таныса келе Шадекеңнің жетім екенін біліп тағы мейірімі түседі. — Не өтінішің бар? Орындаймын. — дейді. Сонда Гурьевте нашар үйде тұратын Шадау, тұрмысы нашар, түрі жадау Шадау — баяғыда көз жазып қалған бауырларын іздеп тауып қауышқысы келетінін айтады. Жоқтығы түскір қол байлап сол уақытта Шадекең баяғы бала кезінде кеткеннен туған аулына да жолын түсіре алмаған екен ғой. Министр сол жерде Орта Азия республикаларына Ш. Нұрғазинді іс сапарға жіберуге бұйрық шығарып, 1 миллион сом ақша бергізеді жолына. Солай шеттеп барып "түгендеп" қайтқан Шадекең шеттегі Кедейлердің алды ата мекенге 60-шы жылдардан соң оралды. Зеріп шешеміз садақасынан соң Таушықтың адамдарының— Кедей тек Жармышта деп жүрсек шартарапта толы екен ғой,— таңғалатыны. Сонда аяқ жетер жердегі Кедей атаңның баласының біразының басы құралыпты. Сырттан естіп біліп марқаямыз, бұл ата балалары шетте жүргенде де келеден қалмаған. Іс басында, шаруашылық қызметінде, ақсақалдықта атын шығарған, кісілігімен танылған Кедейлер көп болған. Соның көш басшысы топырағы торқа болғыр Қанатбай ата. Маңғыстаудан Шағадамға барып сонда тұрақтап қалған. Соғысқа қатысқан. Ол аңызға айналған адам. Осы жұрт көре қалған тірі әулиенің ақыры деп жатсақ күпірлік болмас. Сынықшы, тәуіп, емсек қысқасы Жомарт Алланың жеті мүшесіне жетпіс жеті ізгі қасиет дарытып жаратқан перзенті. Оған ділгер болып маңайы түгілі бұрынғы одақтың әр жерінен адамдар ағылып келіп жатады екен. Бірде сонау Украинадан бір мосқал адам келеді Құзыры тамағында. Бармаған, қаралмаған жері жоқ. Шипасы табылмаған. Әлгі аты жаман ауру емес, бірақ одан былай да емес. Айтушылар сонда Қанетекең қатты қиналды деседі. Әрі қарап, бері қарап сырқат ұшығын шығара алмайды. Ақыры түнде екеумізге төсекті қатар сал деулі. Түнімен қасында жатып аурудың ұйықтаған, оянған кезінде мұқият зерттейді. Ертесінде қунақ тұрады. Мейманына — жеті күн боласың. Жабысқан пәле тамақ безі мен қолқада. Бір ем жасаймын, құдай қаласа жазыларсың,—дейді. Айтқанындай жеті күннен соң құлан таза жазылды. Артынша Москваның әлдебір ғылыми зерттеу институтының бір ғалымы келіп тұр. Қанекең қолы шипа болған сырқат соның алдынан өткен екен. Ол осы ғылыми мекеменің ұшығына жете алмай Қойған құзыры болса керек. Ғалымның айтқанынан Қанекеңнің түсінгені әуелі қолқаға түскен зиянды микроп асқына келе тамақ безіп қабындырады. Содан адамның тыныс алуы тарылып, сөйлеуі, жұтынуы қиындайды. Отап тастауға көнбейді. Басқаша емі табылмаған. Қанекең алдынан құлан таза жазылған сырқат барып көрініп бәрін таң қалдырса керек.
Әлгі ғалым Қанекеңнің қасында бірнеше күн болып ем-домының құпиясына қанығып, қатты риза болып қаға-қаға таңдайын жауыртып кетсе керек. Мұндай мысалдар жетіп артылады.
Марқұм Қабең - Қабиболла Сыдиықов аға да Қанекеңе келіп емделіп, қунап қайтқан. Ол соңғы жылдары барғанда қанекең ағасы жапқан қызғылт желең шапанын үй ішінде үстінен тастамайтын.
Жарықтық Қанекең ағамның көзі үстіме жеңіл, жайлы жамылсам бір түрлі сергіп қаламын, - деп отырар еді.
Әттең, шеттен келген Ақшакедей атаң балалары туралы көп көсіле алмайтыным өкініш. Себебі, оларды аз білемін. Мен тіпті Қанекеңді де көре алғаным жоқ Ол жақтағы ағайын туралы азды-мұзды білетінім әріптесім Ақшакедей Темір Мыңжасовтан естігендерімнің төңірегінде. Темірдің әкесі түпқарағандық. Содан бұл Ақтау беттегі Кедей жайынан мақұрым. Енді ғана танысып, араласып жүрген жайы бар. Темір журналистігінің үстіне тым—тәуір, ақын да. Бірнеше кітаптары шыққан. Өлеңдерінде жанға бір түрлі жылы тиетін леп бар. Кей-кейде іңкәр сағыныш сазы да аңғарылады. Мұның сырын автор—алыста, жат жерде ата күлдікті сағынған кезден көңілде сартап болып қалған сыр ұшқыны ғой,— деп түсіндіреді. Темірді ақын еткен де, бәлкім, сол сыр болар. Сөз өнері тегіннен тегін қонбайды ғой. Ол ауыра білетін жанын дөп басатын дерт.
Айтпақшы, Темірдің қасында қағаз шимайлап күнелтісін айырып, Кедеймін деп жүрген тағы біреу бар еді. Аз көріп білгенде құлындағы тісеуін шығарып, өнбейтін әлдебір даудың балағына жабысып өндіршектеп жүретін, алқымына қақырық қатқан ескі кернейдің үніндей әжептарқы дауысы дау-дамайда шығыңқырап естілетін еді. Аты-жөні есімде қалмапты. Әйтеуір математика тілімен айтқанда аты затына кері, фамилиясына тура пропорционал жаратылған бірдеңе сияқты болатын. Ондай кедейсымаққа тоқпын. Қаузап жатуға уақытым шығын.
Темір ініме келешекте Түрікменстан бетте озған жақсы мен жайсаңдарымызды басын қанатекең әкесі қылып қағазға түсір деген базынамды алға салып жүрген жай бар. Ол тек менің өтінішім емес жалпақ ағайындікі. Мен айта. алмаған көп әңгіме соған салауат. Орыста "жолдасыңның кім екенін айт, сенің кім екеніңді айтайын" деген қанатты сөз бар. Қазақ оны жігітті жолдасына қарап таны дейді. Орыстан аударып алып айтылған емес. Өзалдан өз сөзі. Жігіті танудың қазақи тағы бір өлшемі аталары. Аталары жақсыны "мықтының сойынан" дейді қазақ бір сөзбен. Солай дегенде бәрі түсінікті бола кетеді Бұл кейіпкеріміз Кетебай Қиынұлының кімдердің, қандай аталардың сойы екенін аңғарту үшін жасаған қысқаша барлау шолуымыз.
ЖЕТЕГЕН БАБА ЖАЙЛЫ БІР ХИКАЯ
Тіл байлығы мол, қалам қабілетінен де кенде емес Кетекең біз ендігі жебегелі отырған хикаяның повесть етіп жазып әуелі "Жұлдызға " артынан "Жалынға" жібергенмен ауылдағы белгісіз мұғалім түгілі мүйізі қарағайдай жазушылардың жазғанын оңайлықпен жариялай бермейтін ол журналдардан сірә хабар болмаған. Бір көшірмесі өзінде сақтаулы екен, ол үй өртенгенде бірге кеткен. Балаларына қолжазбаны оқытпағын. Бірақ повестің мазмұны — арғы аталары Жетеген басынан өткен оқиғаны айтып берген. Маған ол сол балалардың айтуымен жетіп отыр. Мен өз кезегімде соны сіздерге жеткізуді жөн деп таптым оқушы.
Хорезм ойын қазақтар Бесқала дейді Ойдағы бесқаланың бірі Қоңырат. Ол жақ әуелде қазақтар қонысы. Хорезм билігін алған өзбектер Хиуа маңынан ұзай алмаған, әбден отырықшыланып алған қарақалпақтардың дария жағасын сағалап, Ойдың Қоңырат жағының қазақ еншісіндегі кезі. Жетегеннің нағашы жұрты да сонда. Жиеннің жыл сайын күзге салым егін жиналған соң астыққа баратын керуенге ілесіп нағашысына барып көрісетін әдеті Барыс сапары "Апама да барайын, тайыма да бас білдірейінге" де ұқсап кетеді. Бұл кедей, нағашысы бай. Қалашыға ілесіп жаяу барса астына ат мінгізеді, жетегін де бос қайтармайды, керуенге астық артылған бір түйені тағы қосады. — Тағы кел, күздегі қалашыға байланып қалған нең бар? Маңғыстаудан керуен күнде шұбырып жатқан жоқ па? — деп пысықтап және қалды.
Бұрынғы ретпен Жетеген тағы жолға шығып, нағашысының аулында аунап - қунап біраз жатты. Керуен қайтар кезі болса да кідіріп жатыр. Уәделі күннен бір жұма өткен соң хабары жетті: — Қоңырат базарын аяқтап болып әрі Үргенішке кетіпті. Сол жақтың нарқы арзан деген соң әрі ел, жер көрейін деп тартып кетсе керек.
Үргеніш біраз жер. Бұл бетімен олар әлі кемі жиырма күнсіз оралмайды. Жолаушымызға тықыр енді. Өйтпегенде ше. Алды қыс. Жарлы дегенмен бұл үйдің қой, ешкісі аралас аз жандығы, тартып отырған түйесі бар. Өтеу әкелері көбіне сал-сері болып түзде жүреді. Дәу де болса қазір ауылда жоқ, шығар. Бозашыда бір бай күзеуге қонған соң келін түсіреді деп жатысқан. Оған жалғас Ақбота ағайынның да тойы болады деп күпсініп жатқан. Сонда жүр әкелері. Тілеуберді ағасы кісіге болмайтыны жоқ момындау, қол қайырымы көп жан. Өткенде бұл бері беттегенде Ақтамда бір ағайынның тамын салысып жатқан. Салысқанда да тек әйтеуір балшық илеп, тас көтеріп қол ұшын беру емес тамның тасын кесетін ауыртпалықты мойнына алыпты. Қызыл қорғанның құбыла бетіндегі ат жол аузында таудың жар қабағын сүймендеп қашап құлатқан үй тастарды арамен шаршылап кесіп, қасындағы бір топ жігітімен ала жаздай жан тері шықты. Там ендігі бітті. Қайыр ағалары "биыл Тасқоңырдың желкесіндегі көңге қыстаймын. Суы қасында, іргесінің қара шөбі қалың. Жамандық болса ықтысыны мол" деп аузының суы құрып отыр еді. Оның ол айтқаны ісіне емеуріні. Тілекең ендігі сол Қайекең көздеген көңде шөппен, топырақпен соқталап тығырық қора салып жатқан болар. Қай ісінде де тиянақты ол онымен де тынбай ағасының қыстай жағатын жыңғылын да түсіріп беріп қайтады енді ауылға. Осылар есіне түскенде Жетегеннің жаны ызғып кетті. Жиен сыры нағашыға мәлім. Бір көтерілсе тоқтатуы қиын. Мейманды жолға қамдады. Астана ат, жетегіне семіз ту бие. Астық артқан нар керуенмен артынан барады.
— Сен ертең жоқ арғы күні түнделетіп жететін жер ұры жатағы. Сақ бол. Суыт жүріп, қонбай өтіп кет, — деп ескертті. Жетеген денелі, бетпе-бет келгенде шамасы екі-үш адамға алдырмайтын қайраты, соған сай жүрегі бар бозбала еді Жол тосқан жаман ұрының қарасы екі-үштен кем болмайды ғой, сірә. Оман бұл болмайды. Нағашысының қаупі мұның ұйқысы қатты. Жауына алдырса ұйқыда алдырады.
Нағашысының ескерткенін күле тыңдап, тағы да қимай қоштасқан жиен жүріп кетті. Таң асырылған ат ауыздығын шірей тартып келді Бірақ жетектегі семіз бие барлығып қалмасын деген жолаушы ит бүлкілдеп әріге барған жоқ.
Қара жол елсіз. Жылда үздік — создық, ұзынды — қысқалы керуендер ұшырасатын. Олардың келтелеуі сірә ендігі Үстірт үстіне аяқ іліктіріп, алды ендеп кеткен болды да, шұбалған, арттағы керуендер мұныкі құсап Үргеніш асып ірметіліп жүрген болды. Нобайы жолаушының жері түбі Ұлы қызға дейін осылай жалғыз жортар түрі бар. Түн ортасы өтті. Ай батты.
Енді бір ет пісірімнен соң таң атпақ. Егде адамның өзін шала шарпы мәңгіртетін таңғы ұйқысы түскір қызуы бойындағы жас баланы талықтырады екен. Қауіпті жерден өткен болармын деп шамалаған, одан да бұрын ұйқы буынына түскен Жетеген үй орнындай ала тағанақ жерге келіп атынан түсті. Екі жалқыны қалмақша матап тұсап, шылбыр ұшын қолына ұстап қор ете түсті.
Шошып оянды. Таң саз беріп қалыпты. Қол аяғы матаулы жатыр. Бас жағында тұрған еңгезердей біреу шақшасы қолында күйек сақалымен көк тіреп кекшие қалыпты. Түшкіргелі тұр. Мұны оятқан оның осының алдындағы түшкірігі екен. Түрі жойдасыз неменің түшкірігі тіпті жосын екен. Көрік өкпені шіреп көрген демін кеңсірігінен қыстыға шығарып түшкірген үні таңғы тымық маңайды жаңғырықтырып, құлақтың құрыппын тесіп жіберердей болды. Кеудесін кере жұтқан демнің жартысын ана мес қарнына да толтырып жібергендей неменің түшкірігімен қоса артқы саңлаудан да жел шығып кетті. Жай шыққан жоқ, түшкіріктен қалып мені не қара басыпты дегендей тым қатты тарқ етті ол жақ та. Тоғайрағы майланған тоқшылықтың болған, толғанын әйгі дейтін тарқ ету. Жайшылық болса Жетегеннің көзінен жас аға мәз болатын— ақ жері. Бірақ бұл жолғы күлкі адыра қалып, орнын өкініш аралас ызаға беріп еді. Шүкіршілігі, қорқыныш жоқ. Арты "қап, бәлемге" ұласатын кекті, тіс басуы қатты ыза.
Ұры талай тәсіл алған жырынды неме болса керек. Мұны қаңбақтай көтеріп апарып ер үстіне әуелі шөкелетіп, отырғызып қойып, аяғын шешіп үзенгіге кісендеді. Қолын матаулы күйде қалдырды. Сосын олжа екі жылқыны екі жағын алып қасқыр шоқыраққа салып тартып кетті. Дүние қолын қайырылып байлаулы күйде жорытқан ат үстінде отырудың шын тозақ екенін жолаушы сонда тұңғыш рет білді. "Осында бір алдыңа келтірмесем әкем Өтеу, атам Естектен тумағаным" деп іштей кіжінгенде тістенген жағы қарысып қала жаздады. Күн қыза оқшаулау отырған ауылға жетті. Тұтқынды үйге кіргізіп әуелі аяғына кісен салып, оның шынжырын керегеден өткізіп қызыққа бекітті. Қолға салған кісенін сол жақ басын керегеге сыртынан іргеге қаққан қызықтың тығырық арасынан өткізіп мұның басында кілттеді. Содан соң барып сусын әкелді Сау болсын онысы зерен толы шұбат болып шықты. Шөлдеген жігіт басына бір-ақ көтерді. Аш өзегіне түсті ме, жоқ, жол соқты болып шаршағандікі ме қатып ұйықтап кетіпті. Ұйқы арсыз деген осы.
Ертесіне тұтқынның кім екені, қай елден, қай жерден екендігі сұралды.
Бұл не де болса ақырын күтулі Сарыжамбас болып кісендеулі жата берді Білгіні ұры басқа жарымаған пенде екен. Құдай да пейілге қарайды ғой. Бәйбішесі мен жалғыз қызы бар. Қыздың бет бейнесіне ұрыға ұқсас ештеңе көре алмаған бозбала оны асырап алуға, не бәйбішеге еріп келдіге жорыды. Сірә соңғысы болар, бәйбішеге тым ұқсас. Өте сұлу деуге келмегенмен бәденді, тартымды.
Тұтқын жатқан күркеге сырттан қатысатын екі адам. Бірі көрші үйдің қозы қайырған кішкентай баласы да, енді бірі әлгі қыз. Қыз міндеті ас су әкелу. Ұры аулада көп тұрақтамайды. Ол жоқта мұның жағдайы сәл түзелгендей болады. Атала көже мен собалық, ақырап кеткен су шалап орнын жылы жұмсақ басады.
Солай ай жарым өтті Ұры тағы суыт жүріп бір жаққа аттанып кетіп ертелеп. Түске тырмыса қыз келді. Көтере кірген шәугімнен шыққан балбырап піскен марқаның сүріп таныған бозбаланың сілекейі шұбырып сала берді. Қыз ұмсынған құманнан бос сол қолын шала шарпы шайып шәугімге жақындатты. Сосын шығып кетіп қайта кірді. Бұл жолы сорпасын әкеліпті. Ол оралып келгенше тұтқын шәугімдегі етті еңсеріп те тастаған екен.
— Жарқыным, жанашырың жоқ не қылған жан едің. іздеуші келер емес қой. Тұтқын қауырттады-ау дегенде барып қыз сөз бастаған беті. Жігітім деген жоқ, жарқыным дейді Үш-төрт жас үлкендігін білдіріп жатқаны ғой.
Жетеген жағдайын жасырған жоқ. Маңғыстаудағы елге бейсеубет керуенмен хабар жеткенше, одан кең етек ағайын қамданып болғанша не заман. Қамдануы не аттанып келіп мұны ұрыспен босатып алу не жылу жинап құнын төлеп алу. Ел сыры мәлім. Қыс алдында шаруасы бастан асып кететін қызықта қол тез жинала қоймайды. Құн төлеуге ағайын мал аямағанмен жиналуы мен мұнда жеткізілуінің қаншаға созыларын кім білген. Нағашысына хабар беруге олар біріншіден ары Ташауыздың қысы жылы құмына ұзап кетті. Оны қалың нарын құмның қай жықпылынан табады. Және олар Хиуа ханына жақын отырған, соның; қарауындағы және әміршінің оң көзі болып отырған ел. Хан қаһарынан қорыққан бұлар оған бәрібір хабар бермейді. Аулына аман бардыға жорыған нағашы сірә мұны жыл етпей іздемейді.
— Жағдайың; мүшкіл болды. Сені екі ай әрісі үш ай осылай ұстайды. Оған кейін алушың келмесе өлтіреді, — деп қыз күрсініп жібереді.
Халін онсыз да іштей шамалаулы Жетеген үнсіз қалды.
— Жас жан екенсің. Обал болар. Жанды қолдан бергенді құдай да қолдамайды дейтін. Бір қам жасалық. Байқайым, қолың ұсынақты сияқты. Мен пышақ пен емен ағаштың сынығын әкеліп берейін. Сонымен кілт жасап кесенің құлпын ашып көр. Ара берсем даусы естіліп білініп қалар. Кісенді ашқан күні маған білдір. Қайта-қайта ашып әбден жаттық та қайта кілттеп, кілтіңді тығып ұста.
Емен қанша қатты ағаш болғанмен жонып кілт жасауға қиынға түскен жоқ. – Сұңғыла қыз дұрыс аңғарған - Жетеген шебер де еді Тек әзірге жастық желікпен онысын құнттамай жүрген. Кісен оңай ашылды. Қыз бір келгенінде соған әбден көз жеткізді.
Шырағым, бұл қапастан шығуын шығасың. Бірақ қалай құтылып кете алар екенсің. Бұл ауылда ұшқан құс болмаса басқасына жеткізбейтін екі - ақ қыл құйрықты бар. Бірі әкемнің ақ боз айғыры. Өзің де көрген боларсың. Әкем оны көзінен таса етпейді. Екіншісі содан туған көк байтал, "Тумаған соң ғой, әзір тынысы тар. Бір туғызып алып бәйгіге қосса одан озатын жылқы болмайды" деп сейістер аузының суы құрып жүр. Байтал үйірде, әрі бас білмейді. Енді не де болса Ақбоз айғырдың қапысын аңду керек, — деді қыз. Солай деп алып – Нар тәуекел, шырағым, "қыз жау деген осы екен" деп қала көрме. Сырты түк, ішкі боқ бір жылқы азамат жанынан артық болмас, — дегенді жігерлі үнмен үстеп қойды.
"Алдырар күні жаздырардың" көбі содан екі күн өткен соң келді. Биенің сәскелік еді. Ұры түнде бір жақтан айдап әкелген жеңіл айғыр үйір жылқыны құдыққа қарай қайырмалап кеткен. Ақбоз кермеде алдындағы бір бау жоңышқаға ауыз салып тұрған. Ері қасындағы өреше үстінде. Бәрін бағып көріп жатқан Жетеген ұры қауғасын алып, суға еңкейе бере, бер жағындағы астау басына үймелескен жылқы оны көзден далдалай бере сыртқа атылды. Соны күтіп тұрғандай есік жапсарынан қыздың ақ білеп жарық етті. Қыз табалдырық алдында қойып үлгерген дорбаны көз ілеспес шапшаңдықпен іле кетті бұл.
Енді бір сәтте Жетеген Ақбоз үстінде құйғытып бара жатты.
Жануар айтқандай - ақ екен. Танауы пырылдап құстай ағып келеді. Түркіменнің арғымағы мен қазақы жылқының буданы. Бойында арабы жылқының да қаны бар екен. Иесі тек қандыбалақ ұры емес ат жайын білетін неме де екен. Бұл жақтың жері құмдауыт, жылқы тұяғы жалпақ, жұқа болып келетін. Мынаның тұяғы жұп-жұмыр. Құлын күнінде тастақ жерге жайып бағып шындаған екен. Тек бір нәрсе ескерілмепті - кеңсірік аузы тар. Қатты шабыста пырылдайтыны содан Құлын күнінде тіліп кеңейтіп жіберу керек еді. Ер -тұрманы да бір қаралық екен; Енді Құдай сәтін салып артын қайыр қылса кек қайтты деген осы. Ұры дәу де болса боғын пышақтап жатқан болар. Әлгінде бұл ауылдан қара үзіңкіреп, бұрылып артына қарағанда аяғы салақтап баран атымен салып келе жатыр еді. Қайтсін, көз құрты мал күйігі қойсын ба? Қапелімде Ақбоздың жеткізбесін ұмытқан ғой.
Аңылжыған Үстіртті қыста ешкім қыстамайды. Қазір күзек. Ел бір қабат құм ішінде. Жолаушы бағытын солай туралады. Аш екені сонда есіне түсті. Дорба аузын ашып еді, қыз байғұс үйдегі барды салған екен. Соның шетінен ат үстінде келе жатып жүрек жалғады. Асын да ат үстінде қайырды. "Бір қайырға - мың мінажат" деген бар еді, сенің осы жақсылығыңды қалай қайтарар екенмін, бейтаныс қыз деп бір ойлады.
...Ауыл Ауыздыбастың шығыс жағындағы шыңнан құлайтын жол аузында отыр екен. Сағынтқан әрі жақын - жуықтың кеңіне уәйім қонақтатып, үргелек халге кетіріп күткен жолаушылары кешкі бейуақта есіктен енгенде төрде отырған құмалақшы тартқан құмалағын:
— Бүгін не ертең келеді. Қоржыны тоқ, құйысқаны майлы - деп жорып жатыр еді...
Арада жылдар өтті. Жатакен бозбала сақал, шашын бозқырау шалған шал Жетекең атанды. Сол Жетекеңнің пайғамбар жасынан асыңқыраған кезде айтып кеткені бір сөзі:
Құдайға өкпем жоқ. Төрт құбыланы тең етті. Әттең екі арманым кетті. Бірі ажал аузынан шыққан Ақбозды өзім мініп қызықтай алмадым. Аты өшкір жоқтықтан төрт аяғын төрт құлынды биеге саттым. Екіншісі өзімді құтқарған қыздың атын да сұрамастан кетіппін. Қай рудан, Қай жерге айттырулы екенін сірә білмеймін. Артынан іздеп барып жүз көрістіре алмадым. Осы соңғы кінәмді өзіме тіпті де кешпеймін.
Елге аман келген соң Жетеген айттырулы қалыңдығын түсірген. Шымылдық ішіндегі алғашқы түннің таңғы толықсыған көз шырымында сол қыздың түсіне кіргені бар. Үй алдында бұл кеткен жаққа үздіге қарап тұр екен. Көзінде мұң бар. Жай мұң емес жүректің басына құйылған қорғасындай ауыр мұң. Бұл түсі туралы Жетеген жақ ашпай кетті дегенмен көңілдің бір сәтінде шыдай алмай ұшығын шығарған ғой.
Жануар Ақбоздың төрт аяғына келген төрт құлынды биеден бастап бұл әулетке жылқы бітіп жүре берген.
Сатып алған ауыл да Ақбоздың қайырын көрудей - ақ көріп. Ол талай жыл бәйгі алдын бермеуші. Жануардың бір қасиеті тұқымынан өзіндей жүйрік өте сирек шығады және ол ұрғашы болады. Иесі Адайдың атын шығарған сәйгүлік Барахаттың көк байталы сол Ақбоздың тұқымы екен деседі сейістер.
Жетеген бабасын тартқан Кетекең де малжанды қазақ бірақ малсақ емес. Сондықтан Ақбоз жайын көп қаузамаған. Оның орнына бабасын өлімнен құтқарған қыз ойында қалыңқырапты. Бірақ бағзы баяғыда дерлік өтіп кеткен оның дерегін кім біледі Құнттап көретін заман, жағдай да болды ма.
— Қарыздың ең үлкені ықылас қарызы. Өзге қарыз өтеледі, өтелмесе борыш болып ұмытылады. Мәрт қазақ әрі беріден соң тіпті оны түгендеп те жатпайды. Ал ықылас қарыздың жөні бөлек, жүгі ауыр.
Кетекең марқұм арыдан жеткен осы әңгімені отбасында жебей келіп артын осылай түйіндейді екен.
Бабасының сол ықылас қарызын өтеуге жасалған қадамы — осы оқиғаны повесть етіп жазғаны екен. Ол шығармасының онан кейінгі тағдырына әрине жазушысы жауапты емес. Таңда, тәңір алдында ол қарыздың парызы жоқ, осымен өтелді. Бұл да бір ғибрат.
ЖЕРҰЙЫҚ
Адай елінің алды Маңғыстаудың Қара ойына құлаған соң әр ру, әр атаның қонысы белгіленген. Жаттан жеткен дерек бұл үлкен ағайынгершілік мәмлемен шешілген іс болды дейді. Өйткені жер дауы қазақтың ең бір осал жері. Соңыра әлдебір құдық, қозы өрісіндей тепсең үшін ағайын арасына сызат түсіп жатса бүлін ұланды елдің ауызбірлігіне нұқсан келмек. Соны күнілгері ескерген ақсақалдар бұл мәселені екі шұқып бір қарапты-мыс. Алдымен Маңғыстауға келерде қай рудың қай батырының қандай қайрат көрсеткені, қасына қанша қарулы серік ерткені емес алдымен шаруа жайы есепке алынса керек. Ол ретпен өзге түліктен гөрі түйесі, қой-ешкісі барырақ Кедей атаң балаларына тигені Ақтаудың теріс беті. Таудың орта шеніне дейінгі бөлігі. Мен осы еңбекті жазар алдында сәті түсіп, Москвадағы әскери—тарихи архивте сақталған бір құнды құжат — әскери топограф Петр Вагапович Алексеевтің 1833 жылы жазып қалдырған "Бозашы түбегінің топографиялық сипаттамасы" атты еңбегінің қолжазбасын қолға алдым. Аты Бозашы болғанмен онда біз әңгіме қылғалы отырған өңір молынан қамтылыпты. Жер бедері, су көздері, шөбі, ең азы тарихи ескерткіштеріне дейін бәр-бәрі бар. Өңірді ерсілі-қарсылы кесіп етіп жатқан көш, керуен жолдары да назардан тыс қалмапты. Жалпы не айтқанда да айғақпен, құжатқа сүйеніп, деректі басшылыққа алып сөйлегенге не жетсін. Ақтаудың теріс беті менің де туған жерім. Оның әр тасы, әр шоқысы менің де көкірегімде сайрап тұр. Соны сөз ете отырып, айтқанымды Алексеев жазбасымен дәйектеп, шегендеп өтуді дұрыс санадым. Ондағы ойым - оқырманға өлкенің өткенінен де хабар бере кету. Ең бастысы бұл тараудың мақсаты басты кейіпкеріміз Кетебай Қиынұлының, оның аулының ата жұртын толығымен таныстыру. Ер елімен бірге жерінің де перзенті. Оны жерінен бөліп алуға, бөліп қарауға да болмайды. Өйтсек барлық халыққа әлмисақтан ортақ үйлесімді бұзғанымыз. Қаттырақ айтсақ, аруақ аттағанымыз. Ақтаудың аталған өңірінде ішінде Кетекең де бар сансыз ұрпақтарының тілегін тілеп жатқан аталар рухына сабақты ине сәтімен деп осындайда осылай тағзым етіп өтуді перзенттік борыш санаймыз.
Сонымен Кедей атаңның өрісінің шеті Сарынияз дедік. Бұл Күштің қапысының аяғындағы құдық аты. Ауылдағы саркідір жеңгелеріміз оны Шикілнияз дейтін бері келгенше. Олай тергейтін себебі, Кедейде Сары есімді екі адам болды. Бірі ертеректе бақилық болды. Біз көргеннің өзінде шал болатын. Екінші Сары бар. Алексеев жазбаларында Сарынияз құдығы жоқ. Соған қарағанда ол бертінде қазылған. Ертеректе құдық саны көп еді Қазір үшеу-ақ қалыпты. Аяқ жетер маңайдағы мол су көзі болып саналады. Ежелгі керуен жолының бойы. Күш қапысының күнгейге қараған аузы Иірдің ойынан басталады. Қапы бойы сұғым-сұғым сайлар, басы тұйық аңғарлар. Қара шөбі қалың өседі. Бозашыға қараған беті кең өріс. Нағыз түйенің жері. Сарынияздан кейін екінші су көзі Кеңсай. Басы тұйық терең аңғар. Аяққа жақын жерде жалғыз құдық. Қасында басы келтелеу қайырылатын тағы бір аңғар. Оның аты құр Кеңсай. Ертеде екі Кеңсай бойында ит мұрны өтпестей қалың ши өсетін. Ши киіз үйдің нағыз қажетті басты жасауы. Әр түрлі жүннен өрнектеліп кілем тәрізді етіп тоқылған ши киіз үйдің кереге сыртынан ұсталады. Шымыраулы ши дейді оны. Ал ешқандай өрнексіз тоқылған ақ; ши киіз сыртынан ұсталады. Күзде күш қойға ықтырмада ши ұсталып құрылады. Қысқа шиден тоқылғанды шыпта дейді. Ол ірімшік, құрт, ет жаятын өреше, т. б. жабдық, орнына жүреді Күзде шидің күлте басы түскен соң түбі жіпситін шық шылаулы күндері Кеңсай мен аяғындағы Бүргемді ойдан ши тарту науқаны басталатын. Бозашы, Үстірт бетінде ши өспейді. Ши тарту, оны қабығынан арылтып тоқу мехнаты көп жұмыс болса да қол қайырымы көп Кедейлер былайғы ағайындарын шимен қамтамасыз етумен келіпті. Әрине, тегін. Ши саудасы ел дәстүріне өнбеген. Кеңсай туралы да Алексеев жазбаларында жоқ Кеңсай шығысында Жетікүп әуелі тұйықталып бітіп, үсті жазыққа айналып барып Ақтау сілемінің оңтүстігінде шағын ангар аузында жет шұңғыл күбі бар. Жауында жылы суы арылмайды. Маңайдағы бірден бір тұщы су кезі осы. Үсті Жаныл қолтық алды Жапырақтының үсті кен жайылыс. Жетікүп аяғы да кең. Шөбі бұйырғын, күйреуік, жусаны аралас еседі. Сай-сайында қалың ұйысып есетін қараған қыстық отын. Шауып алып бұтарлап жағады оны.
1833 жылы Алексеев экспедициясы Жыңғылды маңында біраз күн еру болыпты. Қапы аузынан алты шақырым төменнен басталған сай бойында жиырма тұщы сулы құдық болғанын жазады ол. Экспедицияның сойыстығы үшін өздерімен бірге алып жүрген сиырлары да болған екен. Соларды осы жерде жайып семіртіп алса керек. Жердің жайылымының жылқыға да жақсы, шөбі жұғымды болғанын баяндайды автор. Мұнда аял жасағанда отрядтағы Сексен адамның бірде бірі ауырмапты. Қысқасы, бұлар осында мықтап тынығыпты. Бір қызықта Алексеев Бозашы, Үстірт туралы жазғандарында тек ей жерді Әжем бойы мен осы Жыңғылдыны ғана Жерұйық, Жиделібайсынға теңеп мақтайды.
Алексеев тума басына теңеп отырған сай бойындағы суат аты Ақтам. Олай аталуы тұсындағы өрнек үсті мола. Кедей аулының басты ата қауымы осы. Небір жайсаң мен жақсы шалдары осында жатыр. Бұл ел бері келгенше алыс жақында өлгендерін Ақтамға әкеліп жерлейтін. Мола көрсе суретін салып ала қоятын Алексеев Ақтам зираты туралы ештеңе демейді. Демек мұндағы молалар одан кейін орнаған.
Қапыдағы кеуектер кедейлердің қыстауы. Әрқайсысының аты бар. Алдына топырақ үйіліп тас қаланып қамсау жасалған кеуектер ішіне қар түспейді, жылы. Сыйымдылығы әр қилы. 500-ден 1000-ға дейін уақ жандық еркін сыяды. Кеуек жанына тіккен киіз үйдің іргесін белуарға дейін көңмен көміп алатын ел жер үй, тас үй салуды қажет санамаған. Отын жеткілікті бір кеуектің қиы бірнеше үйге жетеді. Ол аз болса сай бойларында жыңғыл томарлары үйіліп жатыр. Кеуектер бері келгенше шаруашылық қажетін өтеп келді. 1954-тің 1955-ке қараған қысында біздің үй мешіттің төменгі жағындағы Жосалы кеуекті қыстап шықты. Кеуекті ежелгі катакомба мәдениетінің бізге жеткен сілемі деп дөп қарасақ мені соның, сол катакомбаның социализм заманында игілігін көрген соңғы өкіл деп тани беруге болады.
Бойында, бас жағында су жиналар аумағы кең Жыңғылды аспанға алақандай бұлт үйірілсе суға толып тасиды. Оның тасуы ырыс, байлық. Бейнетқор Кедей аулы тек малбегі емес дихан да. Сонда көбіне көп егетін дақылы тары. Ол қырық күнде піседі. Оны сол уақытта екі рет суарса жетіп жатыр. Су түскен тепсең тобарсып кебе бере шашылған дән бой сала бергенде қанып бір су ішсе бас салады. Солай егін егіп өнім алған орындар, бөгет сілемдері Жыңғылды бойында осы күнге дейін көрініп жатыр.
Қар мол түскен қыстың көктемінде сай аяғы Ауыздыбас ойына кел түседі Жауын суымен толыққан оның суы арылмай жататын жаздары да кездеседі. Көл табанына қалың мортық шығады. Мұндай жаздарда маңайдағы ел жайлауға шығуды қажет деп таппайды. Төңіректеп Тас қоңырдаңды, Бестастың қоңырдаңын суы балдай тұщы Нысаптың құдығын сағалап отыра береді.
Ақтам Кедей аулының меккесі дерлік. Басына ел түнейді. Өткен жазда басына Бапан әулеті бас болып түнеухана салды.
Ақтаудың ендігі бір қапы аңғары қамысты. Оның шығысында Бесшоқы — қолтырауынның жалына ұқсап жатқан биік-биік шоқылар сілемі. Биігінде ағып жатқан бұлағын үлкендер бері келгенше тұщы болды, ағыс аяғы төмендеп сайға құйып жататын деп отыратын. Алексеев жазбасында бұл су көзі жоқ. Ол не кермеген, не ол уақытта жоқ Жаманеспе сияқты жауынды жылдары ғана ағып, былайынша тартылып қалатын бұлақ болды бұл. Бесшоқының шығысындағы сай бойы да ежелгі қыстаулар орны. Содан қозы еркіндей жерде Құрқапы. Аты айтып тұрғандай сусыз ангар. Аяғында Боздақ атты құдық болған бері келгенше. Кейіннен ағыс алып кетті. Күдер су болатын Алексеев жазбасында таяу жердегі Қарағандының таңқы құдығы екеуі осы маңайдағы бірден бір су көзі ретінде айтылады. Жер аты бір сөзбен құр қапы делінеді. Соған Қарағанда Боздақ атын беріде иеленген жер. Маңғыстаудан шыққан тұңғыш кәсіби музыкант, консерватория түлегі Кедей Боздақ Рзаханов осы жерде туған. Боздекең туралы әңгіме ілгеріде.
О баста Кедей аулы ойға құлағанда Қиынның аталарына осы қоныс тиіпті. Етек беттегі Сарыойда түркімендер отырған. Олар мал мен қоса теңізден балық аулауды да кәсіп қылса керек. Екі ауыл арасында жақсы сыйластық, достық орнаған. Бұл түрікмендер кейіннен қазақпен туыс болып, Тоқтамыс Жүнісбектің аталарына екінші күйеу болып бергіге дейін араласып тұрған. Жүнібеков Аманқос ана бір жылы Түрікменстанда тұратын Сары түрікменнің ұрпақтарына барып "төркіндеп, қайыншылап" қайтты. Ой аты Сары атануы содан. (Ой Ыбыраев Сарының атында екен деп ойлағандар қателеседі.)
Алексеев сол тұстағы Қаракешуді ол уақытта дербес шығанақ болды депті . Оған жалғас Қайдақ шығанағы. Қайдақ сөзін 1819 жылы Хиуаға барған мәмлегер Н. Муравьев кене түрік тіліндей бір құс аты дейді. Жоғарыдағы Шілікті қапысы. Шілік те біз ойлағандай ағаш емес еті адал құстың аты екен. Соған қарағанда тап осы өңірді жерсінген қазақтар ата кәсібі малға қоса аңшылықты, балықшылықты да кәсіп етіп, күн көрістінің бір тінін содан айырып жаман тұрмаған болса керек. Керім жердей Борқайдың аралынан шелек -шелек құс жұмыртқасын теретін едік деп отыратын қарттар. Тап сол Борқай аралында ұйысқан Сексеуіл тоғайы бар-тын. Ана жылы біздің Жармыштың елі тоғай орнындағы сексеуілдің қу томарларын машина-машинамен тасып алып отынға бір молықты.
Өлкетанушы Есбол Өмірбаев деректеріне қарағанда төбе басындағы моланың Ақмола деген де аты бар екен. Оның суретін кезінде Т. Г. Шевченко салып алса керек.
Бұл әулет мұнда ат ізін құрғатпай келіп тұрады. Көп аталары осында жатыр. Бір мойындап қоятын даусыз ақиқат мола да өмір сүреді, ол да өледі. Өмір сүретіні басына сол молада жатқан марқұмның ұрпағы келіп, еске алып зиярат етіп тұрғаны. Ал өлгені, олай ат басын тіреп келетін ешкімнің жоқтығы. Маңғыстау мен Үстіртте қанша мола солай "өліп" жатыр. Өлу себебі кешегі нәубет, қиын кезде ондағылардың ұрпақтары өлді, жітті, басқа жаққа қоныс аударып кетіп оралмады. Ата күлдіктегі моланың жаппай өлуі, ел басына келген улы нәубет, катаклизм. Моланың заманалар көшіне ере алмай ілесіп отыруы елдің шадымандығының айғағы, белгісі..
Ата-бабаның молалары аман болсын!
Жанашыры, іздеп келушісі бар Боздақтағы ата зират бақытты мола! Маната асуына жақын жердегі он қапталдағы Күйек жол. Олай аталу себебі қоңыр күзде ойға құлаған Кедей аулы осы жерде сай-сайдың тұйығын ықтасын етіп отырып күйек алатын болған "ықтырмамен күзеуде отырар бай" деп Абай айтқандай, осы қоныста жерге әбден алғашқы қар түскенше отырады. Наурыз өте қыстаудан кейінгі мал қарасы барырақ шаруа Үстірт өрнегіне көтеріледі. Осы жерде алынған төлін аяқтандырады. Бұл өңірдің барлық әдемілігін, тылсым құдіретін сезініп түсіну үшін алдымен қазақ содан соң сол жерің перзенті болу керек. Жер сол тылсым құдірет қасиетін адамының бойына дарытқан.
Соның ең болмаса бірі түгілі мыңнан бірін айтып жеткізе алудың өзі арман. Біздің осы еңбекті қолға алғандағы мақсат сол бағыттағы талпыныс.
Маңғыстауда сынға ілінер ұлтарақтай да жер жоқ. Бәрі жақсы, бәрі Жерұйық. Жарықтық Ақтаудың Үстіртке қараған түстік беті сол Жерұйықтың алтын босағасы іспетті.
ӘКЕЛЕР МЕН АҒАЛАР
1928 жылдың жазы. Бұл Маңғыстаулықтар өміріндегі ең бір қиын-қысталаң шақ болып қалды жадта. Соның алдындағы қыс қатты болып қырдағы,ойдағы ел қатты жұтады. Талай мыңды айдаған байлар тиерге тұяқсыз қалды. Ел көбесі сөгіліп алды Бесқала ойына, Түрікменстанға көше бастады. Жұт жеті ағайынды деп заман ызғары да көңілге жағымды емес. Малды, жанды—бәрін ортақтастырады-мыс деген қауесет қаулап тұр. Ұрлық-қарлық өршіп тұр. Бұл ел бұрын барымтаны білетін. Оның пәлендей айып-шамы жоқ-ты. Ауыл, ру арасының сен қылдыңға мен қылдым әрекеті деп қабылдайтын. Ал мал ұрлығы деген шанда-шанда болып, ол буыл бір әулетке руға түскен таңба деп қабылданып, ұры қатты жазаланатын. Енді ұры қағусыз кетті. Оларды кешегі күнде тезге салатын ақсақалдар, билер бүгінде өз бастарымен қайғы. Биік жаңа үкімет өкілінің қолында. Ал олардың ел арасында беделі де салмағы да жоқ.
Қыс қанша қатты болды дегенмен бұл қыстан Кедей аулы аман дерлік шықты. Түліктің қай-қайсысынан да шығын бар, бірақ жұтап қалған ешкім жоқ. Қыс аяғы ұзаққа созылып, онсыз да қысқа бұл жердің көктемнің арты ыстыққа ұласып, жауын жаумай, елі шөп бас көтермей шаруа күш шайқалар болған соң бұл ел үйреншікті жайлауы Бозашының Ауызорпа, Жаңай қазған, Мәстек бетіне келіп қонған. Соның бірі ортадан жоғары күйі бар Қиын үйі. Сол жылы ол 27 жаста. Төрт баланың әкесі болған. Алдыңғылары тұңғышы Кетебай үште, кішісі Көшер жастан енді шыққалы отыр. Емшекте.
Жана жұртқа қонып, етек-жеңін жинаған Қиын Сеңгірбай аулындағы апасына көрісіп келмек болды. Шаруаның сан сапат тірлігі түскірі қабаттасып былтырғы күземнен бері керген жоқ-ты. Ұзын хабардан естіді — апа, жездесі аман. Қыстан қысылса да аман шығыпты. Уақ жандықтан шығын болғанмен, жылқы мен түйесі аман. Теңіз жағасының ну қамысының басын қағып жеп жан сақтап көсемге аяқ тіресе керек. Көрбілей байдың қатарына бірде қосылып, бірде қалып қойып жүретін дөңгелек шаруасы бар жездесі сөйтіп биыл көп қоңсыдан ілгері, ағайынға сауын, мініс беретін жағдайда деп естіп қуанып қалған.
Бұл ауылдағы шаруа басында жүретін Иманбай, Аманбай ағалар. Мал суарғанда шығырдың алдын алғаны болмаса, Қиынға тіреліп тұрған ештеңе жоқ. Сондықтан көбіне ат үстінде жүреді. Сонысына бағып бет алған жағына тез аттанып кетті. Астында бауырынан жараған көк бедеу. Көк жоналы ер салған. Аяқта көк сауыр етік. Үстінде ақ маң дала шапан. Баста ақ киізден жұқа етіп басып, жібекпен астарлаған қалпақ Аздап салдыққа да кет әрі емес бұл жігітіміз жақсы киініп жүргенді қалайтын. Әнші, сал болған Өтеу атасынан жұққан бір қасиет осы.
Жолаушы аттанып кетті. Әрісі бір жұмада келмек еді. Ол мерзім өтті Жайлаудағы елде той-томалақ көп, айналсоқтап жүрген шығар деп басында көп мән бермеген. Тағы бір жума өтті. Хабар жоқ. Көңілге алан кірді. Апа аулына хабар салған. Сөйтсе, Қиын апа-жездесінің аулында екі-үш күн болған соң кері аттанып кетіпті. Және тікелей ауылға баратынын айтқан. Алдағы ай басында апа-жездесін қонаққа шақырған реті және бар. Жоқ, жолаушы аман болмады деп қауіп ойлаған ауылдың бас көтерерлері атқа қонды. Тек бір Кедей емес көрші, қоңсы ауылдардан да іздеуші шықты. Жол сорабы белгілі. Аралары қозы еркіндей жерде құдық бәрінің басында ел. Сұрау сала келгенде сол ауылдың біріне қонып, біріне түстенгені анықталды. Жанұзақ маңынан өте аз үзілген. Содан соңғы дерегі үшті-күйлі жоқ.
Табанынан таусылған із кесушілер бір ауылға келіп аялдаған. Меймандарының сапар мәнісін естіген сол үйдің төсекте жатқан шалы басын кетерді:
— Шырақтарым, жолаушыларың боз атты, боз киімді дедіңдер-ау осы.
— Иә, ақсақал.
— Ендеше сол өздерің айтып өткен шамада ана ауыл алдындағы қыратпен сондай бір салт атты асқан. Мен көлеңкеде отырып көзім шалғандай болды.
Бәрі шалға қарай еңсерілді.
— Соның артынша ше аспанға алақандай бұлт үйіріліп, күркіреп жалт ойнады. Мен осы жасым ішінде күннің олай күркірегенін естіген жоқпын. Шошып кеттім. Найзағайының да түрі жаман. Әлгі қыраң басына жай түскендей болған. Жауын басылған соң сол маңайдан түтін шыққандай болды. Мына балаларға барып қарап келіңдерші деп едім, ешқайсысы ыңғай бермеді. Өзімнің көліктен қалғаныма сірә көп болды.
Басында марқұмды осы жанбасы тиген тебе басындағы жерге табыстау туралы сөз болған. Бірақ Иманбай бастаған туыстар оған ыңғай бермей ата қауымы Боздаққа апарып жерледі. Бозтөбенің басы тағы бір қабірге көбейді. Боздала тағы бір боздағын қойнына алды. Тағы бір шаңырақ қара жамылды.
Сол қайырсыз 1928 жылдың жазға салымы осылай бұл әулетің тұралатып кетті.
Алдағы қыс та қатты болды. Оның арты барды барымталаған тәркілеуге ұласты. Елдің Тобанияз бастаған жақсылары түрмеге тоғытылды. үріккен елдің көбі Үстірттегі жайлаудан бері оралмады. Әрі асты. Бұл ұлы босқынның боса кешудің басы болды. Енді бір жыл өткенде ел ереуіл атына мінді. Оны басуға жасанған жазалаушы әскер шықты. Қан талақ Балапан басына, тұрымтай тұсына дейтін күн туды. Қызыл қырғыннан жан сауғалаған ел бас ауған жағына боса қашты. Ана бір жылы армия қатарында Ауғанстанда болып оралған бір жігіт тебірене отырып бір әңгіме айтты.
Ауғанстанда бір қазақ шалын кездестірсе керек. Шал сол 1931 жылы Маңғыстаудан 12-13 жасында кетіпті.
— Бұл екеуі дау иесінікі, — дейді сеніммен. — Көріп тұрсыңдар ғой, оның кеуіп екі күн бұрын қиы аударылған. Бір қабат көңін қалдырмай топырағына жеткізе аударыпты әбден. Олары болмаған. Мал қыста сыз етіп астынан азады ғой. Мына екеуінің бауырында сол топырақ қатып қалыпты. Жаңылмасам бұл отар ана пәленшенің отарынан ерген қозы еді ғой. Егер бұл айтқаныма шәктерің болса жүріп, енелеріне содан тауып көрсетейін.
— Жеңістік бермей тұрған малшы ұялыс тауып қалып сол жерде сөзге келмей бір семіз қойын пышаққа жығып жұртты қонақ етті. Емештің сұңғылалығына солай куә болдым, — деп таң қалады Инекең.
Бір қызықта мал, шаруаға келгенде жады сондай берік Емекең сауатсыз. Алхам, құлқуалланы да білмейді. Ас артынан қолын жайып:
-А, құдай, жаздай бер,
Жаздай берсең, жазбай бер.
Күздей бер,
Күздей берсең, үзбей бер.
Қыстай бер,
Қыстай берсең, қыспай бер.
Көктемде кеміп бер,
Есепсіз қылып төгіп бер.
Төлім егіз болсын
Енесі семіз болсын, -
деп бата жасап, —қалғанын сен айт, - деп кемпірі Талмашқа қарайды. Кемпірді дұға қайырады. Мұны Сарықасқа Әбу сияқты жиен болып кеткен кәрі күйеулер, Есен Басшы сияқты жиендері:
— Бұл Емеш қудың қуы. Құдайдан қажетін көл-көсір қып сұрауын сұрайды. Енді оның қарымтасын қайтаруға келгенде жақ ашпай, жаманатқа кемпірін итере салады. Нағыз кедейский политика, - деп қалжыңдарына азық қылады.
Сол тарымшылық уақыттың бір әділдігі егіз туған төлден малшыға қосымша ақы беріледі. Ен жануар егіз туғын. Күзде тел айырғанда Емекең кегеш толы қозы-лақ алады екен. Қол қайырымы мол шал соның шетінен Кетебай мен Кешерге ен салады. Оны бағып, қыстан шығарып, келесі көктемге төлдей қоятыны және бар. Екі жақсы тауып қосылған демекші, Талмаш шешеміз де болмаған жақсы кісі. Абысын-ажынға елдігі мол.
— Таушықта отырғанда атамыз үйге бірнеше рет келді, — деп еске алады Қанзия апа, —құр келмейді, соғымның жігіті бар, үйткен қойы болады, әйтеуір артынып-тартынып келеді. өзімізде де бар ғой. Сол пейілінің өзіне риза болып қаламыз. Қарияның тамақсаулау екенін білем, асты молынан саламын. Кетебай ол келгенде үнемі жұмыста болады. Ерте кетіп, кеш келеді. Сол кезде түн қатып карта ойнау үрдіске енген. Кейде түн ортасы ауа келетіні де бар. Сыр мінез болған мен үй иесіне қарамай мейманды шайлап, тамағын беріп, төсегін салып қоямын. Сонда таң қалатыным ата жастыққа басын салмастан үстінде қалғып, қалғып кетіп оқыс оянып отырады.
— Жата беріңіз, ата. Балаңыз қонақтап қалған болды. Түн ортасынан беріде келе алмас, - деймін сондайда.
— Оқа емес, келіп. Ұйқысы түскір қанар-ау. Үй иесі інісі келгенде шалдың шалжиып ұйқыны соғып жатқаны келіспес. Әрі көп болды ғой көрмегеніме Кетежанды. Сағынып жүрмін,— дейді ол. Сөйтіп қашан Кетебай келгенше жатпай отырады.
Ертесіне келген шаруасын сұраймыз. Оны-мұны қызметі болса Кетебай ар бітіріп жіберуге бейім. Жоқ, қайнағамыздың көлік қинар шаруасы болмай шығады, аудан орталығында. кісінің шаңырағына керіліп, сәлем беріп кетуге келгін.
— Бірер күн еру болып, аунап-қунап жатып кетеміз, — дейміз біз риза көңілімізді білдіріп бәйек болып. Ата қарамайды. Асығыс болып шығады. Ауылда сан-сапат шаруаның бәрі өзіне тіреліп тұр екен. Шіркін, нағыз көненің көзі сол қайнағалар ғой.
Емекең тамақсау дегеннен шығады. Ол тұрасында бір әңгіме елде әлі айтылады. 1945 жылы женіл тойын бір ауылдық кеңеске қарайтын екі колхоз бітіртіп еткізсін деген қаулы алады аудан. Сөйтіп Тиген мен біздің ауыл бірге тойлайтын болады. Рзахан Өтешов Тигендегі колхоз төрағасы.
— Той ғой, осы Емешті бір сынап керсек қайтеді? Жұрттың мешкей деп жүргендері не әңгіме екен? - дейді біреу. Қарсылық болмайды. Төрт жасар еркек қойды сойып астырып, қызыққұмар жұрт қаумалап Емекеңнің алдына тартады. Емекен жалап-жұқтап береді. Маңдайы жіпсіп отырып ет артынан сорпаны да біраз құлатса керек.
— Тойдың ба? — дегенге шалыңның берген жауабы:
— Мамам өлгелі бір тойғаным осы.
— Мына тамағыңмен сені мамаң байғұс қалай тойғызып жүр сонда?
— Ешкілі бай атанған ғой әкеміз Төселбай. етіміз үзілмейтін. Мамам қазан толтырып асар еді. Жатарда сорпаның үстіне қайнаған бір шәйнек су құйып, сорпа майсыздау болса бір кесе сұйық май қатып, жарты табақ бидай ұнның кебегінен тұзын ащылау етіп кеже жасап беретін. Соны таусып ішіп жатқанда жүрегім сыздамайтын.
Кетекең солай ата күлдігіне, ағайын-тумаға, іңкәр көңіліне көлеңке түсірмей өткен кісі.
Өлең ортасының бой салып өскен бәйтерек дарағы ол.
Әттең, не керек, ағамыздың көкірегінде нұрлы шуағымен қалған талай әке, ағалардың көбін біз біле алмай, көре алмай, көргендеріміздің өздерінің қадіріне жете алмай қалдық. Бұл орайда келте қайрылып, ауылдың біраз мақараларының аты қалыс қалып жатқандығын сол арқылы түсіндіреміз. Ақталғанымыз емес. Айып шамының жоқтығын өзіміздің де ауылдан жырақ жүріп, саяқ тірлік кешкеніміз арқылы түсіндіреміз.
ШИҒҰЛ АҒА
Ол туралы кеңірек тоқтаудың кезегі енді келді.
Иманбай екі некелі болған. Бәйбішесі Мұрат (Кеще) аулының қызы ол өліп, екінші некесінен Шиғұл мен Сұлу деген қыз туған. Сұлу Жеймек Баламбайға тұрмысқа шыққанын, Баламбайдың менің үлкен шешем туған ағасы екенін айттым ғой. Баламбай нағашым беріле бақилық болды, кемпірінің алдында кетті. Сұлу шешеміз артынан қайтты. Олардан туған Ақбілек апамыз қазір өзенде. Баламбайдың ағасы Ыбырайдан алып бауырына басқан баласы Құлыш бақилық. Балалары Жетібайда. Бай — байға, сай - сайға құяды демекші Баламбайдың әкесі Көбейсін де атақты бай болған.
Иманбай бәйбішесінің тамының балшығын бие сүтіне илетіпті Тасқандықтан емес, маңайда су болмағандықтан.
Иманбай мың жарым жылқы білген бай болғанмен аты емсек, сынықшы, атын шығарыңқыраған. Мұндай қасиет бұл әулетте Барақта да болған. Ол да бай, бірақ бұл да атын сол қасиетімен шығарған.
Бала әкенің ізін қамдайды, жиған мал-мүлкі иманын саламат қылады. Әкесінің асына Ондаған шығарған өлеңді сол күш беруді дұрыс санадық.
Тербеген сен тіршілігін тін бесігін,
Бәрімізге мақтан еді есімің
Бала күннен өнегеңді үйреттің,
Өзің айттың қай істің де кесімін.
Көктем шықты кеше еккен шыбығың.
Бүгін тұлпар аялаған құлынын,
Өзің мәңгі бақилыққа кетсең де,
Келешекке жалғасуда бүгінің
Елу екіңде мен келіппін өмірге.
Қуаныштан гүл егіпсің көңілге.
"Оңдаған" деп есімімді қойыпсың.
Үкі қылып үмітіңді сенімге.
Сен барыңды аямадың бақ тілеп,
Жан баурады жылуы мол жатты леп.
Анам бүгін 75-те, әлі тың.
Әрбір күні - мол мейірім, ақ тілек.
Ақ дастархан, сол баяғы дәм дайын,
Пайымыңдай заманының мән-жайын
Абзал анам шаттық кешіп шырайлы,
Арамызда жүре берсін әрдайым!
Асыл әке — үлгі-өнеге балаға
Мейлі малшы, мейлі басшы, дана ма?
Бұл дүниеден сен кеткелі әкежан
Жиырма жылдай уақыт бопты арада.
Еске аламыз өзің өткен іздерді,
Содан бері қанша көктем, күз келді
Жата бергін жаннаттың қақ төрінде,
Рухыңмен жебеп-желеп біздерді.
Ұлың Оңдаған.
Жақсы ағаның асына аяқ жетер жердегі ағайын, туыс, құда, жекжат түгел келді. Бұл әулеттің ендігі ақсақалы Көшер аға қысқаша сөз сөйледі. Боқанұлы Таған Шиекеннің ұлағатты өмір жолы туралы қысқаша баяндама жасады.
"Ауылда қартың болса жазулы тұрған хатпен тең" деген ғой. Көне көздер Әзірбайұлы Әбді, Емешұлы Төлеген, Тәжібайұлы Елубайлардың тушымды естеліктері бір-бір мөлтек тарих деуге келеді.
Ұлы Отан соғысына Жармыштан 156 жауынгер қатысып, соның 93-1 майдан даласында қалған. Қазір сол ардагерлердің қалғандары бес-алты. Қысқасы, Шиекеңнің бір әскери белімде соғысқан қарулас серіктері жоқ Сол себепті өмірбаянның бұл тұстарының кеп айтылмай қалғаны. Оның олқысын оның бейбіт кездегі еңбегі туралы естеліктер толтырғандай болды. .
Шиғұл Иманбайұлы түйе баққан әлденеше жылда жоспар орындамаған бір де бір жылы болмапты. Ол және бір де бір түйе борыштанбапты. Сол жылдар ішінде және ол басшылар тарапынан бір қабақ шыттырмай етіпті.
Ал бұған тәнті болмай көр.
Аста ата балаларына ақсақал шапан жабу, келіндерге, немерелерге аталарының жасын берсін деп тәбәрік үлестіру сияқты жол-жоралғылар да орнымен ажарын үстеп сақталды.
Тап сол күні жарықтық бітеу, Жетеген бабалар орындарында бір аунап тұрған болар.
Жақсы болу пешенесіне жазылған адам шыр етіп дүниеге келгенде соңыра жамбасы тиер жердің топырағы бүлк етіп бір қопсып қалып жатады екен дейді ғой. Сондай, солай кие дарыған жер Боздақтың боз төбесі болған екен.
"ЖІГІТ ЖАҚСЫ БОЛМАҒЫ НАҒАШЫДАН"
— Дейтін қазақ "Алып анадан туады" деп ене жұрттың орынын тіпті жоғарылатып әкетеді. Өткеннің көп мысалы, соның ақиқат аксиома екендігі дәлелдейді. Баяғы бабаларымыздың "аталы жерден қыз айттырам" деп екі етек болатыны тегіннен тегін емес екен.
Кетекеңнің бойындағы көп жақсы қасиеттері осы нағашы жұртынан жұғысты дейміз генетикалық ғылымның сол заңдылығын мойындай отырып. Иманбай шаңырақ иесі болып қалатын кенжесі Қиынға (Қиынбай) болған атадан болып алшы түскен, толған енеден туып еңсе тіктеген жерден қалыңдық іздейді. Сонда таңдауының түскен жері атақты Шенен би. Қосай ата аулының сол уақыттағы ақсақалы. Шежіре жігімен алғанда Қосай — Тіней, Таңат — Қоныс - Нәдірбай - Әділ - Есенбай - Бапа - Сатыбалды - Шенен болып келеді Шененнен төрт бала — Бақытжан, Қазақ, Ораз,.
Нұрғали. Би кенжесі Нұрғалидың Зеріп атты қызын ете жақсы көріп, бауырына басқан екен. Зеріптің жұрт Нұрғалидың емес Шененнің қызы дейін екен. Нұрғалидың қызы екенін айтса ерке, ер мінез қыз бұлқан-талқан болатын көрінеді. Оны айтушыға бидің өзі де қабақ шытатын болған. Иманбай да бір таудың қошқары, бидің қадыр тұтатын адамы. Құдалық қабыл алынады. Шенен де осал жердің сойы емес. Құнарлы топыраққа тамыр жайып, дара біткен дарақ. Атақты Мецке бидің жиені. Біраз уақыт Ойыл бетте болыс та болған.
Адай жоғарғы, төменгі деп аталатын дистанцияға бөлініп, одан уезд Тифлиске, артынан Красноводск уезімен қосылып Ашхабад, Түркістанға қарағанда ел көбесі сөгілген ғой. Біраз ауылдар Орынбор губерниясында қалып қойған. Ол ел табаны Қасай атам балалары негізінен. Тінейлер де ей бөлінген. Біразы Маңғыстау ойында Бозашының теңіз жағалауы бетін қыстап, Үстірт үстін жайлап жүргенде енді бір едәуір бөліп Жем, Сағыз бойын көбірек қоныстанған. Шенен қонысы көбіне сол жақта бола беріпті. Атақты жылқышы бай Жұбан ол да Тіней. Солармен қанаттас жүрген. Бірақ ойдағы ел мен қырдағы елдің аралас-құраластығы жойылмаған. С. Мұқановтың "Өмір мектебінің" "Менің туу тарихымнан" деген тарауында қонысы екі бөлек Сыйбандардың көктемде шұрқырасып көріс өте әсерлі суреттелетін еді ғой. Адайда да сондай жағдай. Арқа бетте қоныс болмаған ретте Тінейлер ата-мекен Маңғыстауына қарай көшіп келе берген. Соның бір дәлелі солтүстік Үстірттен Дүпірлек шыңырауын Жұбан бай қаздырған. Қаратүйе — Манатаның солтүстігінде Қызылсайдың батыс жиегінде Байқадам атты шыңырау бар. Бірнеше терең құдық. Соны қаздырған Шененнің бабасы Есенбайдың інісі Байқадам бай. Сисем ата төңірегінде бірнеше күмбез тамдар тұр. Әр жерге бөлек орналасқан. Осылар Тінейлердікі, оның ішінде Таңат балаларының бақилық мекендері. Шенен бір жазда осы маңайды жайлаулы. Иманбаймен құда болып, баталасқан жері Байқадам суының басы екен.
Шененің өз әкесі Сатыбалды да батыр болған. Бірақ жастай кетіп, аты кеп шықпай қалыпты.
Адай мен Табын арасында араздық артынан Табынның Қосанды ұстап беруі, Шабайдың өлімі, Шабай кейін құтан балалары Бердеулет пен Жоламанның Әлкені өлтіруі жатқан бір ұзын сонар тарих.
Кіші жүздің Каспий мен Арал арасын мекендеген руларына
Ол сынықшы, емсек те болыпты. Ол қасиет, сірә ата жағынан жұғысты болса керек.
Шенен биге бастас, сыйлас замандастарының бірі бірде: — Шенеке, аздың асқарлы атыңызға сай, қадір-қасиетіңізді түзейтін ұрпағыңыз болмай қалмас деп үмітіміз. Сол қай перзентіңізден өрбір екен. Қиядағыны шалатын көкей көзіңіз мұны да шамалаған болар, — деп жайлап сыр тартса керек.
Сонда Шенек: Иншалла, аузыңа май. Егер ата-бабаның берген аяны, аты, көрген түсім қате болмаса ер баладан емес, қыз ұрпағымнан жетінші ұрпақта болар бір ұл марқасқасы, — деген екен...
Иншалла, ол күнді көруге жазсын деп тілейік. Бидің қазір Зеріп қызынан есептегенде жетінші ұрпағына да алыс қалмаппыз.
АНА. АЛЫСТА ҚАЛҒАН БАЛАЛЫҚ
Әкесіз бала жартылай жетім. Әкесіз, шешесіз бала тұл жетім. Кетебай мен Көшер балалар соның алдыңғысы. Сол бір қысталаң кезде әкенің орны біліңкірегені белгілі. Тепсе темір үзетін ер азаматтың өзі тарығып, бала-шағасын аш құрсақ етіп алып жүргенде жалғыз басты жесірге екі баланы асырап ер жеткізу оңай болып па?! Зеріп шешеміздің бұла қайратының сынға түскен жері де, кезі де осы екен.
Бұл өңірде ұйымдасқан колхоз Чапаев атында дедік. Ата жұрттың, орнында қалған Кедейдің санаулы шаңырағы колхоз құруға аздық еткен соң ойдағы, қырдағы Есенді жинап көшіріп әкеледі. Есеннің ішінде Өтебай атасы басымдау. Ол да аздық еткен соң, арғы Үстіртте, Айрақты, Қызылтаста отырған біздің ауылдарды зорлап көшіреді Сөйтіп, туды бітті Маңғыстаудың қара ойына құлап көрмеген бір топ ауыл Ақтаудың теріс бетінен келіп бір шыққан. Ілкіде орталық Ауыздыбас ойы болыпты. Әр ауыл ру жігімен бөлек-бөлек жер үй қазып алып отыра кеткен. Аумағы ат шаптырым терең шұңғыл ойдың әр тұсында қазынды жер орны берірек келгенше көрініп жататын. Солар сондағы "колхоз ауылдардың" орны болып шықты. Зеріп көп колхозшының бірі. Бұлардың үйінің орны Ауыздыбастың шығыс шетіндегі иек артпа Қыранда.
Кеңес үкіметінің бір тәуір қадамы оқу, ағарту мәселесі бірінші кезекте жолға қойды ғой. Ойдың құбыла бетінен құлайтын көш жолының аузына жақын қолқаттан мектеп үйі салынды. Қабырғалық құрылыс материалы шым кірпіш. Таудың тасы көп. Бертінде тау бойындағы ел құрылысқа тек соны пайдаланды. Сірә, ол уақытта жұрт тас қалау шеберлігін онша меңгермесе керек. Ауыздыбастағы, кейінгі орталық Аманқызылиттегі құрылыстардың бәрі шым кірпіштен. Бір жағынан басшылар тегін жұмысшы күші әйелдерді аямай қалауы оңай кірпішке пейіл танытқан да сыңайлы. Сол мектеп үйінің балшығын қолмен илеп басқан көп құрылысшы әйелдің бірі Зеріп болыпты. Ол айтуға оңай. Ауыздыбас шөл өңір. Ойдың етегіндегі құдық таңқы әрі суы алғаулы. Оған кірпіш басылмайды. Жақын тұщы су көзі Оңай күп, үкі күп, Тесік күп деген күптер. Оның ішінде етектен қуалап барар жолы оңай Оңайкүп. Суды содан түйеге артқан метеймен тасиды. Бұл жұмыстың жеңілі. Оған бала-шаға жұмсалады. Жауын жауып, тақырға су түсуі үлкен олжа. Ондайда ауылдың тайлы-таяғына дейін асар жариялап балшық басады. Ақыры ол уақыт өлшемінде кең сарай ғимарат дерлік мектеп салынып бітті.
Тегі колхоз орталығының белгілі бір жоба жоспары болмаған болуы керек. Құрылыс шашыраңқы. Ойдың бір шетінде Қызылсай деп аталатын аңғар бар еді. Соның төменгі жағынан тұрғын үйлер салынды. Оның да қабырғасы кірпіштен қаланды. Әуелгі біткен үйге колхоз бастығы Таңатар, ауылдық кеңес төрағасы Сейтмағанбет кірді. Сай басы ескілікті қара жұрт, көң. Сол жерден бірнеше жертөле салынды колхозшылар үшін. Үй төбесінің жабынды материалы бөрене түйе жеккен арбамен ай жүріп жеткізіледі. Есік-терезе да солай. Бөрене үстіне жыңғыл салынады. Ол қозы өрісіндей жердегі Жыңғылды сай бойынан түйемен тасылады. Қыстаулар да жанадан салынып жатыр барлық жерде. Қыстау дегенде шөппен топырақ аралас жентектеліп үйілген тығырық қора. Қыземшек, Сарынияз, Зәуре, Құдайберген, Нақпай, Оңайкүп... мал санының өсуіне байланысты олар жыл санап көбейе берді Сол қоралардың көбінде Зеріп шешеміздің маңдай тері жатыр. Ферма басшысы Торша Игіш деген Кедейдің жесірі, жақын абысындары. Уақ мал қоралардың жұмысы басында сол жүреді Оның да Қылышбай, Ізбұрған дейтін, екі баласы бар. Екеуі де оқу жасында. Жылқы фермасының бастығы Асай Бекежанов. Ол да Кедей. Қайнаға. Нағыз шаруа, байыпты, байсалды кісі. Асықпайды. Қарамағындағыларға тыныш.
— Қайын інімнің отын өшірмей отыр деп қадірлеп Зерішті алабөтен қояды. Қазір Аманқызылит ойының оңтүстік батыс шетінде Асай шолтақ дейтін бөлек төрткүл бар. Асекең бір жылы қыста осы төрткүлді жағалай мал қыстатқан. Іргеден Жаманеспе ол кезде ағып жатқан тұщы бұлақ екен. Тұсы кілең аңғар сай ақысын. Шаруа жайына жетік Асекең солардың бәрін ескерген ғой. Сайдың төменгі етегінен Жыңғыл қалың өскен шағыл төбе ығынан жылқыға қора салғызған да Асекең Асекең соғыстан соң шаруашылықты өрге бастырғаны үшін Ленин ордерімен марапатталды. Ол уақыттары да малға қыстық азық дайындалады. Жемі жоқ. Шөп шабылады. Шөп шабатын бірден бір құрал шот. Себебі шалғыға түсетін шалғын біздің жерде еспейді. Ауыздыбасқа мортық шықса ол қол орақпен орылады. Шөпшілер—әйелдер. Бірі Зеріп. Жазда көшіп жүріп қыстауға жақын жерлерден шабады. Елдің жеке меншігінде мал, оның ішінде ірі қара аз. Бірақ Зеріпте 2—3 түйенің басы болған. Малды ортақ қылғанда жетім-жесір деп қарасқан ағайын басшылар Қиыннан қалған малдың жұқанасына тимеген. Бұл "аша тұяқ қалмасын" ұраны бел алып тұрған ол уақытта үлкен кісілік, көмек, тіпті ерлік еді. Бірақ ауыл ағалары өзгерте алмайтын, бұза алмайтын бір заң бар. Ол жеке меншіктегі ірі қараның оның ішінде түйенің күш көлігі ретінде колхоз жұмысына тартылу міндеттілігі. Зекең жұмысқа өз түйелерімен қатысқан. Алма—кезек туатын түйелер балаларды ағарғансыз қалдырмаулы. Еңбекқор ауыл бұрынғылардан жығысты дихан кәсібінен де қол үзбей сай-сайдың аяғына егін еккен. Егін болғанда тез пісетін тары, бидай, жүгері сияқты дәнді дақыл. Көкөніс, қияр, қызанақ тағы басқа оны-мұны сияқты бақша дақылдарын біздің ауыл білмейді Білмеген соң сірә екпейді. Қажет десе оларыңды тағам деп есептемейді. Осы жолдарды жазып отырған мына біз сәбіз, қияр, қызанақ дегендеріңізді алғаш рет мектепке барар жылы 1956 жылдың жазында көріп су татып тұрған қиярды жемей, суы шығып іркілдеп тұрған қызанақты ауыз тимек түгіл қолмен ұстауға жиіркенген, сол дағдысынан 5-сыныпқа барғанша жаңылмай қойған. Орыстар екінші нан деп дәріптелетін картоптан колхоз сол жазда мол өнім алып, оны елге өткізе алмай, зорлап бергені, қоймадағы картоптың арғы қыста үсіп кеткені есімізде. Жыңғылды аяғы Құмтоғай, Ауыздыбас ойының табанына еккен егін бітік шығып, біздің ауыл астық жағынан тарықпаған. Сонда бидайды тартатын құрал қол диірмен. Оны тартатын сабақтан бос кезде балалар. Кетекең шаруаға солай қозы-лақ қайырып, қол ұшын бергеннен соң солай диірмен тартып араласқан. Ол да бір мехнаты көп жұмыс. Диірмен тасы ауыр. Қарың талады. Ет пісірімдей мықшаңдап тартқанда алатыны бір табалық қана ұн. Қуырған бидай мен тары келіге түйіліп талқан жасалады. Оның да бейнеті жетіп артылады. Бірақ диірмен тартқаннан жеңілдеу. Сондықтан келі түю міндеті Көшерде. Жүгері көбіне қуырылады. Ақ жүгері майға қуырылса бөртіп жарылады. Майсыз қуырылса бұрынғы қалпында қалады. Мұны түйіп талқан қылады. Қуыратын май жоқ Майға қуырылған жүгері жеңсік ас. Майға піскен бидай ұнның бауырсағы ол енді деп басып айтқанда қазіргінің қара уылдырығындай қат. Етке етпен бірге салып асатын жүгері, ондай еттің сорпасы, ой, дүние-ай, аузыңа анда-санда бір тиетін соның дәмі таңдайға біразға дейін татып жүруші еді-ау. Қақпанға түскен қарақұйрықтың Тастығара әкелері жарты етін беріп жіберген күні маңдай тершіп ішетін қара сорпа, сенің де қадірің бөлек еді-ау. Дегенмен Зеріп шешелерінің қара қайраты арқасында екі бала аш құрсақ болған жоқ. Тоқ жарау жүрді. Иін жағы онша емес. Онша болмағанда өзгелермен бірдей. Баста лақ терісінен тіккен құлақшын. Түйе жүн шекпен. Көк сәтенмен тыстаған жадағай кию қайда. Ол ауылдық кеңес төрағасының ерке немересі Мұратбайда ғана бар. Патефон деген құлағын бұраса ән салатын қара жәшік те сол үйде дейді. Ауданнан үлкен дөкей мініп келген машина да сол ауылға барып тоқтапты. Төңіректің адамдары біраз қызықтап, біразға дейін ауыздарының суы құрып айтып жүрді соңынан.
Шалбар байтабадан тігілген. Аяқта жүнін ішіне қаратып тіккен шоқай. Кедей Ыбырай тігіп берген. Ол кісі Тастемір екеуі атақты етікші. Тастемір тіпті айтулы шебер. Оның қолы үлкендердің сұранысын өтеуден ауыспайды. Шоқайды тігетін Ыбекең. Ұлтандық былғарының көзі аз. Сосын табанды түйенің көңінен салады. Тарамыс жоқ. Оны жасап жату қиын. Таспамен көктейді. Қарда, қара қатқақта байтаба шұлғаумен киген шоқай жылы, жеңіл, таптырмайтын аяқ киім. Бірақ шық-шылауда, лайсанда көрген күнің құрысын. Әншейінде аяқ қысатын тар шоқай ұрты ісініп, былжырап кетеді Тобықтан мықтап байлап алмасаң аяғыңнан сыпырылып қалады. Қар кетіп, күн жылынып жер дегдіп-ақ шоқайды атып ұрады балалар. Содан алғаш қар түскенше жалаңаяқ.
Балалық шағы Ауыздыбаста өткен Кетекеңнің жеделдес інісінің бірі Ыбыраев Сары. Сол Ауыздыбастағы мектепке барған. Жалғасбаев Тұрар мектептің алғашқы мұғалімі. Түрекеңнің қарындасы Қанзия апамен Сәкең сыныптас болып бірге оқыған.
Түрекеңнің әйелі Нұрпаш (Тіней) қосайдың қызы Зеріп те солай. Қосайдың Өрезек дейтін аулының қызы. Өрезек қосай атаңның өскен бұтағы. Бірақ көбі Атырау бетінде. Маңғыстауда аз үй бар. Солардың өзі әр жерде шашырап жүр. Қарға тамырлы қазақ қой, содан екі үй жақын болып араласып кеткен. Кейін туыс болып кеткен арты ұзағынан сүйіндірген екі шаңырақтың қайырлы араластығы сөйтіп алғаш Ауыздыбаста басталыпты. Мектеп жеті жылдық. Орталау мектеп деп аталады ол кезде. Еңсесі әлі тіктелмей жатқан елдің мектебінің жайы сірі белгілі. Ол туралы талай жазылды. Сол себепті мұны сөз етіп уақыт оздырмалық. Жоқшылыққа қарамастан балаға беретін білім сапасы жақсы. Мұғалім беделі аспандап тұр. Оның үстінде Түрекеңнің білікті мұғалімі, кісілігі зор жігіт деген аты жайылған.
Көктем туа ел інінен жер үйлерінен шығады. Малшы ауылдарына барып төл тәрбиесіне, сауыншылыққа жұмылады. Шаруа ыңғайымен мал орталыққа жақын жерге әкеліп төлдетіледі. Бір жазда көктемде екі үй бірге отырып, содан Сәкең, Көшекең. Кетекең мектепке бірге қатынаған екен. Сәкең мен Көшекең әлі ойын жасындағы бала. Кетекең де пәлендей ересектілігі шамалы. Бірақ ол бала болып ойнамайды, Үй шаруасына қол тигізуге мығым. Қолы сәл босаса ұстайтыны кітап, газет. Кітап, газет дегендердің де көзі аз. Бірақ қайдан табатынын, әйтеуір оның қолынан үзілмейді.
Айына екі рет қатынайтын почтаның алдын екі көзі төрт болып тосатын да Кетебай. Ауылға келген, журнал атаулы әуелі соның қолынан етеді. Сабаққа алғыр.
1937 жылы жазда ішінде Зеріп те бар бір топ қайратты әйелдері, ауыл азаматтары жол құрылысына жегіледі. Ойға құлап шығатын шаппа жол аты Ақжол. Терең шатқал өрнегімен жағалап келіп шағын жүрекшеден ойға түседі Қыста аузын қар басып қалады. Бораннан кейін күртік қарды бұздырып өтпесе асу қиын. Мұзғалақта тіпті қиын. Соны жөндеу керек деген пәрмен түсіпті ауданнан. Көп ұзамай әр ауыл машиналы болады-мыс?. Түйе көлікті алмастырады-мыс. Ауылға келген алғашқы машина Манатадан құлай алмай, қарайған адам алдынан барып қолмен көтеріп, демеп иттің азабын көрсе керек. Содан аузы күйген жоғары әлгіндей әмір берген.
Құрал сүймен мен күрек. Мыңбай ұста сүйменнің басын жалпайтып жүзін шығарып шапқы жасап берді. Сонымен қарайған адам таудың ақ, бор тасын қашап ойып, жол салып жан—тері шықты. Қолдан қол қалмады. Қолғап киюді бұл ел білмейді. Білген күнде брезент қолғапты кім береді Сөйтіп жол бір жобаға келгендей болды. Жалпы жұмысқа басшылық еткен Кедей Тайман. Ескіше сауаты бар, есеп-қисапқа да бейім ол колхоздастыру басталған соң жер өлшеуші болған. Бір ұшының басы қолға айналдырып ұстауға ыңғайлы етіп жасалған аша таяқ әкеліп, жерді сонымен өлшеу жаңалығын ауылға алғаш әкелген сол. Бұрын қадам, құлаш, көш жер деген өлшем бірлігін білетін ел құлағы метр, километр деген өлшем бірлігінің де барлығын сол Есібайұлы Тайман арқылы біледі.
Зеріп шешелеріміздің алақанын сүйел етіп салған Ақжолы әлі бар. Ел игілігін осы уақытқа дейін көріп келеді. Абайлап қараған кісі күрт бұрылыстардың жақтар тастарын қашаған іздер осы уақытқа дейін көрінеді Тіпті кей жерлерді екі адамдық қол арамен кесіпті. Қандай жанкештілік.
"Әкең өлсе де әкеңді көрген өлмесін" дейтін үлкен шүкіршілік иесі қазаққа әкенің көзін көрген, қадірін білгендердің амандығы да үлкен медеу, сүйеу еді ғой. Қу жазмыш соларды да көрген екен. 1936 жылы Иманбай қайтыс болды. Оның жылы өте ауылға зобалаң келді. Зобалаң деу аз, бұл ел ұлтанды ел атанғалы болып көрмеген қасиет. Заманның жіберген, зар заманының залым адамының қолмен жасаған кесапаты.
Жазда колхоз Боздақтың ойына тары еккен. Ол өте бітік шықты. Дихандықты қосалқы кәсіп қылатын ел оны қапелімде орып, бастырып ала алмады. Торғай жеп, қалғанының дәні желге ұшып рәсуа болды. Соны әлдебір қызыл көз әдемі жасалған жаулық деп жеткізеді жоғарыға. Сол-ақ екен сталиндік жазалау диірменнің тегершігі айналып жүре берген. Алдымен колхоз басқармасының төрағасы Тілеуқұлов Таңатар ұсталады. Ізінше ауылдық кеңес төрағасы Сейітмағамбет кетеді. Сол зұлматтың тірі куәларының бірі Сары ағаның естелігі.
— Бір күні полуторка машинасымен Құлшық Тұтанбаев деген органның қызметкері келеді. Сейітмағанбеттің күйеу баласы деп жатыр білетіндер. Бұрын-соңды машина көрмеген біз балаларға машина таңсық. Соны қызықтап жинала қалғанбыз. Органның сірескен киімді адамы бұл ауылға күйеу екенмін деген жоқ,, жұрттың бәрінің аяғын бір етікке тықты. Ақырды, жекірді, сықпыртып боқтап та жатыр. Үйдің есігін теуіп кіріп тінтті. Бір топ адамды машина қорабына отырғызып алды да кетті. Қалған әйелдер дауыс салуға да қорқып үн шығармады. Ешнәрсенің байыбына бармаған балалар таңбыз.
Қанзия апаның естелігі:
Машина толы адамымен Ақ жолдың аузында отырған біздің үйге сырттап келіп тоқтады. Әскерше киінген адамдары үйге кірді. Үстіндегі ауыл адамдарын түсірген жоқ. Іргені түргізіп қойып шай үстінде көз жазбай қарап отырды. Шай орталай бере машинада отырғандардың әйелдері, балалары, туған-туысқандары да жетті ұбап-шұбап. Киімділердің үлкені сыртқа шығып оларды боқтап, балағаттап әрі қуып тастайды. Тегі шыдай алмады ғой деймін Зеріп апам, үйі бізбен көрші болатын, топ ішінен омыраулап барып қорап үстінде ерні кезеріп отырған мұңлықтарға шелекпен апарып шалап берді.
Сонда біздің ауылдан үкімет қолды қылып жазықсыз жалалы жасаған құрбандықтардың ұзын саны 54. Сталин өлген соң барып солардан екеуі оралды. Қалғандарынан дерек жоқ.. Көпшілігі Кедейлер. Ал енді олар "халық жауы" болатындай қай Қаратауды қайырып, қай Ақтауды айырып жүргендер енді соған келелік.
Ұсталып атылғанның бірі кедей Тастемір. Сіңірі шыққан жарлы. Оң-солын тани Мәстекте кеще Шолан байдың әуелі қозысын, артынан қойын баққан. Сонда тоғыз жыл баққанда бір тоқты шығып бермеген еңбегіне риза болған бай қалың беріп, үйлендіріп отаулап шығарса керек. Шаруалығының үстіне ісмер. Етікші. Соның алдында қаладан тапқан-таянғандарына былғары алдырып бүкіл ауылды етікші қылса керек. Сол Тасекең айдауылдың алдына түсіп кетіп бара жатыр:
— Кемпір, балаларым, аман болыңдар. Көрген түсім рас болса мен бұл сапардан оралмаспын. Сіздерге борыш болатындай ешкімге бере жағым жоқ. 9 әйелге етік тігіп бергенім үшін бір-бір тоқтыдан ала жағым бар еді Оны кештім. Айтарсыздар,— деулі. Тоғыздың бірі Зеріп шешеміз екен.
Шешеміздің сол бере жағын соғыстан соңғы жылдардың бірінде өз қолы өз аузына жеткен соң Кетекең ақшалай артығымен марқұмның әйеліне әкеліп берулі. Енді бір етікті болған әйел менің қибат әжем. (1986 жылы 86 жасында бақилық болды) із тұрған ағай "мамам ол бере жағын егіз лақты ешкі етіп өтеді. Шешеміз алмаймын деп азар да безер болған екен. Мамам зорлап алғызған" дейді Біздің ауылда кісі хақын жеу деген болмайды. Ол күнәнің ең ауыры болып есептеледі. Үлкендерден жұғысты тәрбиенің бір тіні осы.
Орны бар оңалып Тасекеңнің артында қалған Шалабай, Шақпақ дейтін балалары азамат болып жетісті Қазір Бейнеу ауданында. Немересінің бірі Ақтауда. Атом электр станциясында энергетик инженер.
Тағы бір "халық жауы" Қинақұлы Қапаш. Форттағы Киров атындағы мектептің кеңес кезіндегі жаңа ғимаратын салушы шебер. Туған жердегі қолтаңбасы Жыңғылды бойындағы мешіт. Жақын туыстары Қосбай (төңкерістен соң Ауғанстанға кетіп сонда өлген) бай салдырды деседі. Дұрысында Қосбай бас болып, жарнаның біразын қосқанмен бүкіл Кедейлер орталарынан мал, қаражат жинап салдырған игілік ол. Маңғыстауда одан өткен әсем мешіт құрылысы жоқ. Таңқаларлығы соны салған қапекең әліпті таяқ деп білмейтін сауатсыз адам. Бар көрген білген мектебі Кетіктегі мектеп құрылысын салар алдында Астраханға барып, сондағы үй құрылыстарымен танысқаны. Ол ағаштан түйін түйген шебер де болған екен. Жасаған бір ері Алматыда мемлекеттік өнер музейінде тұр. Соған ұқсас тағы бір ерін ана жылы Бейнеу ауданынан біреудің әкеліп көрмеге қойған жерінен көрдім. Қапекеңнің қолтаңбасы екенін жазбай таныдым.
Қапаштың артында да Кемелхан, Әділ дейтін екі жас баласы қалған. Олар бүгінде екі рулы ел. Әділ колхоз, совхоз шаруашылығының басында болды. Мектепте Кетекеңмен қатар оқып, бірге жүргендігі, жеделдес інісі себепті Зеріп шешесінің бұл да бір баласы. Әдекеңнің мамасы Қанбөпе менің кәкеммен түйдей құрдас, 1890 жылы туған болатын. Содан Әдекең кәкемнің әрі інісі әрі баласы болып саналады. Менің сірә ауылға барғанда ат басын бір тірейтін нағашым.
Әкесінің "халық жауы" деген жалалы жаманаты шіркеу болып Әдекеңнің партия қатарына алмай біраз әуреге салды. Өрелеулі аттай ұзап кете алмады. Әйтпесе ол ұзаққа баратын, аламан бәйгіде бағын сынайтын жүйрік, берен қайрат-жігер иесі Кемелхан ағамыз сексеннің сеңгіріне шығып жақында қайтыс болды. Өмірі қой соңында өтіп. Қапекеңнің бір немересі Сұлтан Жармыш орта мектебінің директоры. Құрметті ұстаз.
Өтешұлы Рзахан Қиынның ағайын ішіндегі жандай құрдасы деп едік қой. Оның үлкен ұлы Биқас та жастайынан мұғалім болды. Соғысқа қатысып, танкист сержант болып, көп ерлік көрсетіп, бірнеше орден, медальдармен марапатталған. Әйелі қанзибаш Мұрат аулының қызы. Солай Кетебай құрдасымен әрі әріптес әрі бажа болып табысқан Биекеңнің қызмет жолы 1946 жылы Ұштаған құмында тоғысты. Қазіргі Ұштаған ол уақытта да Ақтөбе ауылдық кеңесі. Жаңа қорған, Қызыл қорған атты екі колхоздың ізі. Биқас біріндегі, Кетекең екіншісіндегі мектептің директоры. Кедей аулының бүгінгі ақсақалы Киікбай ағасының үйінде жатып Кетекең директор болып тұрған мектепке қатынап оқиды. Екі аралық он километр.
Қысқа салым қатынас қиындады. Содан Кетекең мен Қанзия жеңгем қоярда қоймай үйлеріне жатқызды.Өз үйімнен кем болған жоқ Екеуі жақында қосылған. Жас отау. Қол қысқа уақыт. Солай бола тұрса да жеңешемнің қолы берекетті. Тамағы дәмді. Менің үлгірімімді қадағалайтын өзі. Кетекеңнің мектептен тыс уақыты бола бермейді. Түннің бір уағына дейін жазып, оқып отырады. Басылымның бәрін дерлік алдырады. Кітаптары әсіресе әдеби кітаптар өте көп. Соларды маған оқытып артынан пысықтап отырады. Зеріп менің құдды екінші шешем іспетті болды мен көбіне қиту нағашымның тәрбиесінде болдым ғой. Ол менің екінші әкем. Қитекеңнің жолдасы апам маған шеше орнында болған кісі. Солайынша Зерекеңмен қоса мен үш ананың тәрбиесін көріп өскен баламын,- дейді Қиекең.
Киікбай 1960 жылы құрылыс техникумын бітірген соң Таушыққа аудандық құрылыс мекемесіне бас инженер болып келеді. Соның алдында үйленген бойы. Жас отау. Таушық басында, сөйтіп, Зеріп шешесімен қайта қауышады. Зекең бұлардың алдынан шашу шашып қарсы алады. Жастарға алдымен есік көрсеткен осы шаңырақ. Сосын қатты араласқан Сарин Орынбай. Кедей ағайыннан аудан орталығында осы үш-ақ үй екен сонда.
Зекең 1963 жылға қараған қыста ауырып, августқа салым үзіледі. Жалма-жан Жармышқа хабар жіберіледі. Қол қысқалау уақыт. Көлік тапшы. Киікбайдың мекемесінің жеңіл "Москвич" машинасы бар. Зекең мендей бере Қиекең машинамен Сарытасқа аттанады. Ержан қазірет пен Қарақұл молда сонда тұрады. Зекеңнің аманаты — жаназасын өзі аса қатты құрметтейтін осы екі кісілердің шығаруы. Сосынғы өсиеті балалардың барып тұруына жақын әрі мұсылманда әулие аттамайды деген бар еді деп Таушық алдындағы Итолы әулиенің қасына жерлеу. Қиекең екі молданы алып жетеді Ержекең марқұм көшелі келіннің көрнекті өкілдерінің бірі, парасатты бәйбіше деп Зекеңді қатты қадірлеп өткен кісі Діни жол жоралғыларының бәрін атқарып, қарағұл молда екеуі марқұмның жеті мүшесіне жеті құран бағыштайды. Артынан Кетекең анасының басын қарайтады. Ол бір қызыл көз белсенділердің қайта бел алған, қолайсыздау уақыт екені есімізде. Соның келесі жылы ғой, аудандағы барлық молдалардың жауапталып, менің кәкем Спан молданың тәркіленіп, жинақ кассасындағы барлық жиған-тергені алынатыны. Заман солай екен — деп айылын жия қойған Кетекең болмапты. Анасының дінге қатысты рәсімдерін түгел орындайды. Сәті түскенде ел ішінен "білдей мектеп директоры Кетебай Қиынов коммунист басымен сөйтті" деп қыртып арыз жазатындар да шықпаған. Бір жағына бұған Кетекеңнің аудандағы беделі, аудан басшылары алдындағы салмағы да себеп болғаны сөз жоқ. "Киімі жаманға ит өш" деп ондай иттер алдымен киімі жаманның балағына жармасады ғой.
Зеріп шешеміздің қала берді исі Кедей аулының кісілігін, елдігін атадан балаға жеткізіп айтып келе жатқан бір мысалы бар біздің Жармышта. Оны әңгімелей кетпесек әруаққа шетін.
1930 жылдардың аласапыранында Чапаев атындағы колхозға ағалы-інілі Жетібаев Сүйеубай, Жолдыбай деген екі жігіт келіп орнығады. Рулары Өрезек. Кең қолтық ауыл оларды шеттетпейді. Орталарына алып, жоқ барды бірдей көріседі. Жігіттер де үйірімді бауырмал болып шығып елге тез сіңіп кетеді. Енді естерін жия бергенде Сүйеубай өліп артында үш қызымен әйелі қалады. Жолдыбай соғысқа алынады. Мұның артында үймелі сүйелмелі Әуелбай, Төребай деген екі баласы қалды. Жолдыбай, сірә оралмасын сезсе керек, кетерінде.
— Ағайын, мына екі қарашығым баршаңызға аманат. Бұл дүниеде қолдарыңа қалдырып барамын. О дүниеде табыс етерсіңдер. Колхоздың қойының ішінде төлімен бірге еміп жүре берсін. Қайырман - деулі көзіне жас алып. Екеуінің шешелері алдында өлген екен. Қырсық бір айналдырғанда шыр айналдырады деген тегі рас әңгіме болар. Жеңгелері қиын уақытта өзінің бауырынан өнген үш қызын баға алса да күш. Сонымен екі жетімді Зекен төркінім, өз сүйегім деп қамқорлығына алады өзінің Кетебайы мен Көшерінің аузынан жырып оларды да аш қалдырмауға тырысады. Әрине, Әуелбай мен Төребайдың әкелерін көре қалған Жолдыбайдың аманаты құлағындағы өзге ағайындар да қарап қалмайды ғой.
Кетебай басқа мектепке мұғалім болып ауысып, кеткенде Зеріп жылап жұртта қалып бара жатқан екі жетімді ағайындарына екінші қайтара аманаттайды. Сонда ағайын ішінен көбірек мейірімі түскен Кедей Бапан болса керек. Бапан да өте бауырмал жан болған. Бертінде баяғы Ақбөбек шешелерінің немересі Есбергеннен қалған жалғыз тұяқ Әбілше Иран шекарасынан жасырын етіп, жолшыбай Түркіменстанның да біраз жыл жасырын тексеру үстінде дәмін татып, арып-ашып елге оралғанда алдымен қарсы алып, қайыр шапағатын салған осы иманы саламат болғыр Бапекең. Екі баланы қолқанат етіп қасына алып, Әуелбай жігіт болған соң жары Өтеулінің Зәбен дейтін қызына үйлендіріп, екі керегені қоспасымен қалқитып отаулап шығарды. Әуелбай марқұмды біз көре қалдық. Қойшы болды. Қоңсы отырдық. Жақсы біле қалғаным соншалық 1953 жылдың жазында қорасында үрген иттің атына дейін ұмытқаным жоқ. Түлкі алар болатын. Қалжың араластыра сөйлеуді ұнататын Әукең:
Біздің Түлкіалар қу, әншейінде бас көтермей жатуды біледі де тап жатар кезде қораны айналып сыңқып үргіш. Ол ас құюды ұмытпасын деген құлаққағысы,- деп күліп, күлдіріп отыратыны есімде қалыпты.
Зәбен апамыз бір қолының басы бала күнінде отқа күйіп қалған болатын. Бірақ сонысына қарамай шаруа, пысық, алғыр. Жалғыз қолмен шыңыраудан су тартқанын көрсең. Сау оң қолмен серпе тартқан арқанды шолақ қолының білегімен шапшаң бүккен Тізесі үстіне қысып қалып, екінші қолмен төмен ұмсынып ұстап жіберіп қайта тартып-ақ Зәкең астауды толтыра береді. Шүйке де түтеді Жіп те еседі. Мал да сауады.
Әукең екеуі Жаңабай, Тәсебай атты екі ұлды болады. Жаңабай менен бірер жас кіші. Қазір Жармышта. Ауылдың мен деген механизаторы. Болмайдысы жоқ, ғұмырында бір кісінің бетіне сен деп келмеген қыз мінез Жакең бүкіл ауылдың қадірлісі. Тәсебай ана жылы бақилық болды. Жұрт дәл әкесінің жасында кетті—ау марқұм деп қатты күйзелді. Бұл қаза Төребай ағасына қатты батты бәрінен бұрын. Қан қысымы көтеріліп ауырып қалды.
Осы жолдарды жазып отырған мен Әукең марқұмға қатты борыштымын. Оны ұмытуға тиіс емеспін. Әукең мені ажалдан алып қалған кісі.1953 жылдың жазында Мәстекте мен абайсыз аузы ашық құдыққа түсіп кеттім. Соны қауғаның алдын алып тұрған Әукең көріп қап, жалма-жан қауғадан ұстай-мұстай әлгі құдыққа менің артымнан қойып кетулі Сөйткенде ол өзі жүзе білмейді. Соқыр тәуекел ғой. Құдығы түскір алдында жауын жауып, жауынның суына толып жатыр екен. Құдай сәті салғанда мен бірден шым батып кетпей бір қалқып шыққанда шапшаң Әукең қақшып алып қалған. Есімді жинасам, кәкем байғұс жүрелеп ағыл-тегіл жылап отыр. Жұрт дабырласып шалды жұбата алмай әлек.
Егер сонда мың болғыр Әукең болмаса мына шатпағын оқып отырған жаман жазарманыңыз көктей солып, Мәстектің құбыла бетіндегі молада жермен жексен бір төмпешік болып жатар еді, қадірлі оқырман.
Әукең Аманқызылит ойындағы Сырым қауымында. Жолым түсіп, тұсынан өткен сайын тоқтап дұға бағыштап өтемін. Есіл азаматты қыршынынан қиған 1952-нің қатты қысында жабысқан оқыс кесел. Олар сол жылы Зәурені Көкен екеуі, біз көрші Құдайбергенді қыстағанбыз. Әукең боранда малмен ығып кетіп өкпесіне салқын тиген. Қазіргідей дәрігер, дәрі жоқ. Өкпе кеселі қырда жазылмас дерт. Ажал хабаршысы. 1956 жылдың қысқа салымында бақилық болып кете барды.
Төребай әмеңгерлік жолмен жеңгесіне үйленді. Екеуі 3—4 перзент көрді Ол балалар оқыған, тоқыған. Үлкен шаңырақ Жармышта. Бір отау қырда, өгіз - өреулі маңында шаруада. Теке қазір Жармыштағы ең бір тұрмысты үй санатында.
Біздің ауылдың аманатқа адалдығының Төкеңе қатысты бір мысалы. 1962 жылдың қорытындысымен біздің колхозға Москваға, СССР Халық шаруашылық көрмесіне бір жолдама келді. Озат малшыға берілсін деп пысықтаған жоғары. Әйтпесе қолы ұзын бір қудың қолды қылып кететінін бұл уақытта ол жақ бек біліп алған ғой. Озат малшы көп. Ел көзі ашылған. Тегін жолдамамен барып Москваға барып қайтуға ешкім де кет әрі емес. Текең де маңдай алды шопан. Бірақ көрсеткіші көптен төмен. Соған қарамастан ортақ ұйғарым "Жетібаев Төребайға берілсін жолдама" болған.
— Байғұс тесік өкпе жетім, бір көңіл көтеріп, серпіліп қайтсін,- деулі ауыл ағалары. 1956 жылдың қысқы салымында әскери комиссариатқа барғанда Кетіктен басқа туды бітті қала, қала Зеріп апасына көрісе барғанда Таушықтан басқа үлкен елді мекен көрмеген Текеңе, сөйтіп ойда-жоқта астанаға Москваға жол түсе кеткен.
Жолшыбай аудан орталығындағы Зеріп апасына, Балзия қарындасына соғады ғой, әрине. Олар, сірә қуанып жатыр. Мал соңындағы Төкеңнің иіні де жұқалау болса керек. Кетекең бір жаңа костюмін кигізіп, пальто жауып дегендей жұғынтып шығарған нағашысын. Текең жалғыз емес. Ауданнан өзге малшылар да бар. Облыста бәрінің басы қосылып, орталарында ауыл шаруашылық басқармасының жауапты бір маманы бар делегация болып барған бәрі. Содан Төкең мәз болып, араға ай салып оралды ауылға. Ол уақытта қырда қалпақ мода. Басында көк мауыт қалпағы бар. Соны қоқырайтып әбден бояуы оңғанша тастамай киіп жүрді "Москвич Төребай" атанып жүрді біраз уақыт ел аузында. Бәрінен бұрын әңгімесінің аздап тұздығы бар Төкеңнің:
— Қызыл алаңда Хрушевті көрдім. Газеттен оқып, суретімді көрген екен. Бірден таныды мені. Қасындағы тілмашы арқылы хал сұрап жалпылдап жатыр. Шалың жарайды. Бәрін айнадағыдай біліп отыр. Колхоздарың былтырғы үш шоңқалда шапқан шебін түгел тасып ала алды ма? Өртенген мектептеріңді тез жөндеп алғандарың жөн болған екен дегенде жағамды ұстадым—деп айтқан әңгімесі талайды мәз етті. Талайлар соған сеніп аузын ашып, таңдайын қағып жүрді.
Соғыстан оралмаған Жолдыбайдың бір қызы Балзия. 1961 жылдың көктемінде Таушықта тұратын Мүсір деген киномеханик жігітке ұзатылды. Тұлымшағы желбіреген күйде көрген сіңлісінің бой жетіп тұрмысқа шыққаны Зеріп апасына үлкен қуаныш. Таушықтағы ағайын тағы бір үйге көбейді сөйтіп. Балзия апа қазір Шетпеде тұрады. 1962 жылдың жазында Ақтамда отырған біздің үйге атпен келіп көрісіп кеткені есімде.
— Жаңа мына Құршаның қапысынан шыға бергенде айналайын туған жер көзіме оттай басылып, қатты босадым,- деп отырды сонда апамыз.
Кетекең 1940 жылы Ауыздыбастағы жеті жылдық мектепті үздік бітіреді. Бұл ол уақытта үлкен білім. Жеті сыныпты бітіргендер колхоздың есепшісі бола береді Ауыл ондай кадрға сусап отыр. Менің ағам Ізтұрған мысалы жетіншіден соң ауылда есепші болып еңбек жолын бастап, артынан техникум, институт бітіріп, өмір бойы мал шаруашылығы саласының білгір экономигі болып өтті. Арасында совхоз директоры да болғаны бар. Қазіргі зейнет жасындағы көп ағалардың еңбек жолы солай түзілген. Кетекең олай еткен жоқ. Оқуын әрі қарай жалғастырды. Бұған алдымен оқымаса да зердесі анық, ендігі болашақ білімде екенін сезген анасының ықпалы болыңқыраған. Оған шәкіртінің білімге құштарлығын аңғарған, білген Тұрар Жалғасбаев ұстазының да ақылы қосылған. Кетекең солай келесі оқу жылында Форт - Шевченко қаласындағы орта мектептің сегізінші сыныбында оқуға келеді. Бұл сол уақыттағы бүкіл Маңғыстаудағы бірден бір орта мектеп. Алғашқы түлектері 1939 жылы бітірген. Сол 1939 жылға дейінгі бүкіл түбектегі бір ауданның орталығы Форт. Сол жылы оның құрамынан Маңғыстау ауданы бөлініп шығады. Жаңа аудан көмір өндірісімен, бірыңғай мал шаруашылығымен айналысады деп шешіледі Шевченко ауданы негізінен балық шаруашылығымен болады. Оған қоса мал шаруашылығы. Сол кезде жоғарыда ақылды бастар көп болған ғой. Бұл жаңа құрылым түбек экономикасын дамытудағы оң, шешуші қадам болып қалды тарихта. Амал не, тұтқиылдан бастала кеткен сор соғыс бәрін тәрк етіп, даму жолын мүлдем басқа арнаға бұрып жіберді.
Кетекеңнің әу баста қандай мамандықты армандағаны бүгінгі бізге беймағлұм. Одан хабар берер, сыр ұшығын ашар ол жоқ арамызда. Белгілісі әйтеуір қанаты талғанша алысқа самғамақ болғаны. Орыста "Человек думает, Бог располагает" деген аталы сөз бар. Қазақшасын "Пенде ойлайды, құдай ойластырып орнына қояды" десек жобаға жақындар. Кетекеңе келгенде айна-қатесіз соның көбі келгендей. Әйтпесе талабы алдындағы, болашақ көкжиегіне енді-енді ғана өкшесін көтеріп ынтыға көз сала берген жас өспірім сегізінші сыныптан соң ауыл мектебіне барып мұғалім болам, бұл менің өмірлік кәсібім болып қалады деп ойламағандай. Бірақ нәрсе анық.- Ол Кетебай баланың дәл қажет кезде қажет орнынан табыла кеткендігі. Кетік жерге бір кірпіш болып қалана қалғандығы.
Соғыс мектептердің да қабырғасын қаусатып кетті. Ер азамат мұғалімдердің бәрі дерлік майданға кетті. Бұл елде Төрәлі Самалықовтан басқа әскер жасынан асқан қарт мұғалім жоқ-ты. Бәрі жас, кеңес кезеңнен соң білім алғандар болатын. Алғашқылардың бірі болып Ауызбастағы мектептің оқу ісінің меңгерушісі Құлмырза Ыбыраев кетті. Қыста мерзімді офицерлік курста оқып, кіші командир болған лейтенант Құлмырза Ыбыраев Калининград түбінде қаза тапты. Бүгінде көзі тірі академик Салық Зиманов, Марқұм Қапеней Карпеков, Маңғыстауға белгілі ұстаз Үбіния Қазақбаев — қысқасы түбектен майданға аттанған ұстаздар легі жетіп артылады. Кетекең сияқты шәкірттерінің маңдайына енді сол ұстаздарының орнын басу жазылыпты. Білімі көп ілгері Кетебай түгілі жетіні сол жылы ғана бітірген Сары іңірлері де мектепке тартылды.
Ауыздыбастағы орталық соның алдында Мәстекке көшкен. Әуелгі жерде әр жерге пышырап шашырап қоныстанған ел мұнда келген соң тәртіпке түсіп, көше-көше қылып үй салған. Қабырға шым кірпіштен. Зеріп мұның да балшығын езіп, кірпішін құйды. Түйені жаяу жетелеп Таушықтан белағаш сүйретіп әкелді. Халықтың бұла күшіне таң қалмай көр, Мәстек кейін адыра қалып, орталық. Аманқызылитке көшкен соң да үлкен елді мекен қалпын сақтап тұрды. Бүтін тұрған үйлеріне, мен көргенде 1957 жылдың жазында Ленинградтың бүкілодақтық мұнай геологиялық ғылыми іздестіру экспедициясының барлаушылары кіріп отырды. Шеттегі клуб үйін ферма бастығы Әмірхан Төселбаев (Емеш шалдың баласы) 1963 жылға дейін қырқым пункті, қойма ретінде пайдаланып келді Сірә орталық көшкенде үйлердің төбесін бұзып, ағаштарын алуға күші болмаған сияқты. Ауылдың құдық жақ шетіндегі еңселілеу үй мектеп болған екен. Зеріп шешеміз екінші көшенің ортаңғы жеріндегі ортасын пешпен бөлген шағын үйде отырыпты. Көшер сол мектепте оқыған. Мектеп директоры Сақиева Балсұлу деген әйел. Негізі Ақшұқыр жағынікі. Күйеуі сотталып кеткен соң осылай ығыстырылып жіберілген. Сары мектепке хатшы болып орналасып, артынан бастауыш мектепке мұғалім болады. Тағы бір мұғалім қазір де көзі тірі Ергенғұл Төлегенов. Ерекең алдында ғана "халық жауы деген жаламен 2 жылдан астам түрмеде отырып келген. Туған ағасы Бергенғұл атылып кеткен. Артында қоңырауы бар, сенімсіз. Сол себепті соғысқа алынбаған. Кім біледі, ертең жау жағына жалт беріп, Гитлердің нөкерінің бір бола кетпесіне кепілдік жоқ деп ойлаған қырағы чекистер. Солайша Мәстек жеті жылдық мектебі қалт-құлт етіп жанбағыстап қалды да, көрші Тигендегі бастауыш мектепке 1942 жылы жабылу қаупі төнді. Зеріп үйі Мәстектегі мектепке көшті. Балалар тоңып қалмасын деп ешкім міндеттемесе де қыста мектеп бөлмесінің пешін бір мезгіл жағып береді Содан түсірулі отын қоры жоқ. Жағатындары тезек пен шотпен шабылған шөп, ки сиректеу болады. Онда да мектепте баласы оқитын малшылардың қаппен әкеліп тастағандары.
1940 жылы Форттағы 8 сынып оқуға келген. Жалпы қарасы 60- тай бала жиналып сынып табалдырығын аттаған. Екі сыныпқа бөлініп оқып кетті. Қазан айында жоғарыдан орта мектептің жоғары екі сыныбында оқығаны үшін жылына әр бала 150 сом, институтта оқығаны үшін 450 сом төлейді деген қаулы шықты. Зеріп мамасы етегіне сүрініп жүріп, бір құнаншасын Кетікке әкеліп сойып сатып, жетпегенін қарызданып-қауғаланып әйтеуір ол қаржыны төледі. Өйткені 150 сом соғыс алдында көп ақша. Көп бала оны төлей алмай оқуды тастап кетіп бұлар 28 бала қалды бір сыныпта. Сірә үкімет тым шоқы белдеу кеткенін білген болуы керек, келесі жылы бұл қаулы күшін жойды.
8-ші сынып біткен бойда Форт-Шевченкода Гурьев педучилищесінің сессиясы басталды. Ереже бойынша оған 7-ші сынып бітіргендер қабылданады. Бұл 8-ші сынып бітіріп тұр. Сынақ алып жіберіп, соның қорытындысымен училищенің екінші курсының сессиясына қатыстырды. Сессия 16 маусымнан 20 шілдеге дейін созылды. Артынан емтихан. Кетебай Қиынов барлық пәнді өте жақсыға тапсырды. Сөйтіп, сессия қорытындысымен педучилищенің курсын бітірді деген куәлік алды. Былтыр күз басынан бері көрмеген ауылды, мамасын, Көшерді, достарын қатты сағынған еді. Оқудан босаған бойда елге тартты.
Колхоз сол жылы батыс беттегі Бір қарын дейтін суы тұщы, малға таңқылау, бірақ үш-төрт малшы ауылдың ауыз суына, ат-түйесін суаруға әбден жететін құдықтың маңына ел апармақ болып, қыстау салдырып, шөп шаптырып жатыр екен. Соған кірісіп кетті. Арагідінде атпен келіп алып кетіп, кеңсенің есеп жұмысына көмектестіреді. Ауыл мұны енді-енді бас есепші боладыға жорып та тастайды. істеген жұмысына еңбек құн құйылады. Бірақ еңбеккүнге берер колхоздың ештеңесі жоқ.
Қарағымның, қарашығының, ернін жібіткен тұңғышының азамат болып, ел қатарына қосылғанын көріп мамасы мәз. Бірде колхоз орталығынан атпен колхоздың айлық есебін шығаруға керек болып жатыр тез жетсін деп шақыртушы келгенде төбесі көкке төрт-ақ елі жетпей қалды. Қапшығының түбін қағып жеті нан пісіріп, кебеженің түбіндегі бір шиша сары майын ашып, абысын-ажынға шай берді сол күні.
Соғыс басталған соң мектепте оқудың жайы болмады. Ауылдағы мамасы мен мектепте оқитын Көшердің де жағдайы онша емес. Осы кезде іздегенге сұраған деп ауылдық кеңес төрағасы Төлеген Аманбаевтың ұшыраса кеткені. Ауылдас ағайын. Кедей. Сол жата кеп жабыссын. Оқу үйінің меңгерушісі бос тұр екен. Соған шақырады. Ауылдық кеңес хатшылығын қоса атқар деген қолқасы тағы бар. Келісті. Сөйтіп, Кетекеңді қызметке алғаш алған марқұм Төлеген аға еді. Ол артынша сұранып майданға кетіп, оралмады. Әйелі Жонас шешеміз осы бертінде қайнысы Кедей Әбді, Тілеген Әзірбаевтардың қамқорлығында бір үйі болып отырып бақилық болды.
Кетекең солайша 1942 жылдың февраль айынан сол жылдың апреліне дейін Шевченко ауылдық кеңесінде оқу үйінің меңгерушісі, қазіргі ұғымда кітапханашы әрі ауылдық кеңес хатшысы болды. Бұл кеңеске Тиген мен Мәстектегі екі колхоз құрайтын. 1953 жылы колхоздар іріленіп, аудандағы 29 колхоз орнына 12 колхоз құрылып, біздің ауыл Жармышқа қосылғанша Шевченко ауылдық кеңесі сақталып келді Менің туу туралы куәлігімде туған жерім Шевченко ауылдық кеңесі деп жазылған. Ана бір жылы Ақтауда бір қызметкер орыс әйелінің паспортымды көріп, "Шевченко қаласы болмастан бұрын да мұнда ел болды ма" деп маған бейне жунглидің тағы тайпасының соңғы өкілін көргендей болып таңырқай қарап, Кедей нағашыларымнан жұққан ит жынымды құрыстырғанын қайтейін.
Кетекеңдердің көрген көрешегі өз алдына. Оның баласымен жасты біздің көргендеріміздің өзі енді ойлап отырсам "е, біз не көрмедік" деп сартабан сала жөнелуге тұрады екен-ау.
ТЕСІК ӨКПЕ
Бұл Кетекеңнің Форт-Шевченкодан 8-ші сыныпты, оған қоса педагогикалық курсты да бітірген жылдың жазында болған оқиға.
Он үште отау иесі, оқыған, тоқығаны бар зіңгіттей жігіт деп баяғы қазақы өлшемге салып қампитқанмен бұл әлі бала. Жер аяғы қашық. Былтыр қысқа салым келіп қайтқаннан соң көрмеген мамасын, Көшер інісін, ауыл-аймақты қатты сағынулы. Оқу біткен бойда жолға шыққан. Бөгет аузында бір күн көлік күтіп босқа сарсылды. Бұрын да сирек қатынайтын көлік Маңғыстау Форттан бөлек аудан болып бөлініп кеткелі жоққа тән. Көмір кәсіпшілігінің іргесіндегі Сарытаста пристаны бар. Келген жүгін содан түсіріп алады.
Содан күн аралатып болса да қатынайтын машина сап тиылған. Аттылы жолаушы екі туып бір қалғаның болмаса Таушыққа дейін мінгестірмейді Түйелі жолаушы шанда-шанда. Жаяу тартып кетуге алыс. Содан екінші күннің қайтуында барып бір түйелі ұшырасады. Үдектегі ауылға барады екен.
— Одан әрі алыс емес қой. Бір лажы болар. Болмаса жаяулап та жетерсің,—деп мінгестіріп алды мың болғыр. Жолшыбай жөн сұрасып, баланың сегізіншісі де әрі мұғалімдікі қоса оқитынын білген жаңа таныс "өзің бір болғалы тұрған жігіт екенсің" деп іш тартып қалды. Жолшыбай Түбіжіктегі қой ауылға қонып, ертең түсте жетті үдекке. Сол күні қондырып ертесіне түйесімен Қосмоланың қабағына жеткізіп салды.
— Қалған жерге өзің лажда, айналайын. Таушық анау ғой көрініп тұрған. Қыраң ассаң жағалай көмір қазғандардың құрым күркелері. Ағаң солардың ішінде шығар. Жеткізіп тастамады деп ренжи көрме, айналайын. Артым асығыс. Мал қазір суға келеді,- деп жік-жапар болып жатыр қоштасарда. Мұның ризашылығы шексіз. Алғысын айтудай-ақ айтты.
Шіркін, ол кездің адамдары шетінен мейірбан, бауырмал еді ғой. Шиғұл ағасы соның алдында Бақтылы жеңгесіне үйленген. Шахтаға келіп көмір қазып жатыр. Шахтерлер жетіспеген соң әр ауылдан адам алынып, соның бірі болу ағасының маңдайына жазылыпты. Үйін қиналмай тапты. Көрісіп мәз-мәйрам болып бір жасап қалды.
Енді Мәстектегі ауылға жету мұң болды. Ол жердің түбі. Мінгесіп ұшқасып тарта беремін дейтін ауыл арасы емес. Солай Таушық басында екі үш күн аялдап қалды. Бір күні әйтеуір Іскендір дейтін бала келді ауылдан. Келіп түйе. Жиделіден почта таситын Жаманбай дейтін шалмен селбесіп, бұл да жолға шыққан беті екен. Таушыққа бірінші келуі. Тіпті ауылдан алғаш ұзап жолға шығуы осы. Кетебайды көріп қуанып кетті ол. Ертелі күнді кеш қылмай екеуі жолға шығып кеткен. Бақтылы жеңгесі жол азыққа бір таба нан көміп берген. Бары сол. Шахтер табысты күреп тауып күршіп отыр деген құр қауесет. Нан карточкамен беріледі. Өзге қара азық түрі жоққа тән. Көп үйлер қайта ел жақтан елбесіп-селбесіп дегендей жанбағыстаған рет. Ол таба нанды ашқұрсақ екеу қасқыр жолдың дөңінен өте-ақ қарбытып алған. Астарындағы атан да аяғын санап басқан бір жамалдатқыр екен. Жүрісі мандымай қойды тіптен. Көнтері неме қамшылағанды да білмейді. Бір тәуірі әйтеуір бақырмайды екен. Бақырар ма еді қайтер еді — аузы босамайды. Жол қапталындағы шөпті шалып оттап малжаңдап келеді Ұсақтан өте жел өті қатайып, күн сіркірей бастады. Киімдері жұқа еді. Тоңа бастады. Жаяулап қатты жүріп жылынайын десе қырсау атан тартынып аяқ баспайды. Не де болса деп қона кетуге маңайда ауыл да жоқ. Солай ит мініп, ирек қамшылап Қоршақтың төрткіліне жақындады.
Жел екпіні басылар емес. Қайта күшейіп барады. Іскендір тіпті шыдамсыз екен. Берекесі әбден кетті. Кетебай әзірге шыдап келеді. Шыдағаны бар болсын мұның да халі мүшкіл.
Сөйтіп келе жатып Кетебайдың көзі кенет бұтаның түбінде бұғып жатқан үлкен ор қоянға түсе кетіп. Сол-ақ екен түйенің басын тартты. Онсыз да марғау атан тұра қалды. Тағы оттаймын деп қоянды үркітер деп қауіптенген бұл бұйданы тежеп ұстап отыр. Екі көзі қоянда. Егер адам көз айырмай қарап кірпік қақпаса, қоян қозғалмай бір орында жата береді дейтін Иманбай атасы, сол есіне түсіп артындағы Іскендірге:
— Сен түйенің артынан сыпырылып түс те аулағырақ айналып ақырын үстінен тарпа бас сал,—деді. Аңшылық қызығы тоңғанын ұмыттырып жіберген Іскендір айтқандай ту сыртынан келіп тарпа бас салған. Қоян баж етіп тұра қашам дегенде жан дәрмен артқы екі аяқтан ұстап үлгірді Іле Кетебай да жетіп тыпырлаған қоянның құлағына шап берді. Бауыздады. Тирақ жеңге "тоңсаңдар от жағып жылынарсыңдар" деп оттық салып жіберген қалтасына. Бәкіс жанында еді. Сонымен бауыздады. Қасап болмаса да пышақ ұстаған ауыл баласы терісін сиырып қарнады. Соның өзінде тап бір тай сойғаннан кем болған жоқ шығар. Іскендір сол аралықта жалаңаш қолмен біраз шөп жинап үлгірді. Су сіңді шөбі сіңгір де бықсып жанар емес. Қоламтаға айналуын күтпей-ақ қоянды үстіне тастап жіберісті. Қақтап пісіруді екеуі білмейді. Әрі олай бап жасап жатуға ұлып кеткен аш құрсақ мұрша берер емес. Шала піскен Қоян етін қаужаңдап жеп алып жан шақырысты. Ащы шөптің үстіне салып күлді-көмеш пісірген етке тұз қажет жоқ па, әлде тұзсыз деп тұшырқанбай бәлденіп жатуға жағдай көтермеді ме, әйтеуір ол бір дәмді тағам болды.
Артынан Кетебай талай жерде талай аста тек дастарқан басында сондағы қоян етін солай жегендерін есіне алып қоятын. Бұлар құлқын қамымен жүргенде күн тым кешіріп қалған екен. Жауын енді асықпай сіркіреп жалпақ жауынға айналып жүре берді. Жаураған соң түйені шөгеріп ығына жатқан болды. Оның да қамсауы аз болған соң тұрғызып қойып, бауырына, тамағының астына ықтап жан сақтайды, Солай көрелі таңды көзімен атырды. Таң саз бере түйені жетектеп жүрейін десе Кетебайдың аяғы бастырмайды. Амалсыз түйеге мінуге тура келді. Содан жолаушылар ауылға кешке жетті өліп-талып.
Кетебай аяғында шұлғанатын шұлғау жоқ, әрі тар болған соң қоңылтаяқ киген етік еді. Үйге келген соң тартып көрсе онысы шықпайды. Шықпағанымен тұрмай тартқан құрлы жанын көзіне көрсеткенін айттағы. Шарасы таусылған мамасы тігісінен жарып зорға шешіп алса екі аяқ күп болып ісіп кетіпті. Әр жер, әр жері күлдіреген және бар. Аяқ ештеңе емес, сол түні денесі қызулап жөтеліп шықты. Әуелі әлдеқалай салқын тиген болар деген. Жоқ, жөтелі түскір кетер емес. Қайта меңдеп барады. Өзі шынжау жігіт әбден жүдеп бітті. Ауылда сірә дәрігер жоқ. Мамасы содан осындайда ем айтатыны бар Жексенбай қайнағаны әкелген. Ол тамырын ұстап қарап отырып — келіп, жылма жасап ішкіз. Бір қайтса бұл дерт содан қайтар. Әйтпесе білмедім,- деп бас шайқаулы.
Жылма жылқының шыжғырған майын, түйе сүтіне араластырып пісіріп дәрі шөппен уыттап жасалатын ем. Жоқшылық уақыт. Жылқының сұйық майы кімде болсын. Жүндіқұлақ мая сол жылы боталы. Тайлағы құнанша шықпа. Алдағы жылы соғымға соярмыз, болмаса Кетебайжанға жаратып үстін бүтіндерміз деп жүрген. Шетке шығарар малы сол болған соң біреудің семіз байталына айырбастап сойды. Жарты етін бір-бір керпеш қозыға жіліктеп таратып жарты етінің майын күйдірмей шыжғырып алды. Зеріптің неге алысы шығып, күпісі кіріп жүргенін білген сау болғыр көрші қолаңдар алған жілігінің майын әкеліп берген. Байтал бір уызына жарыған жануар екен, шыжғырылған сұйық майының өзі бір табақ болды. Соған Жүндіқұлақтың бір шелек сүтін құйып қайнатып алды. Жексенбай қайнаға әкеліп берген әлдебір шөптің тамырын тағы бір шелек сүтке салып қайнатып, сүзіп алып, май аралас сүтінің үстіне құйып енді соны тосап болғанша қайта қайнатты. Соның күніне бір шай табағын Кетебайға жалатумен болды. Көп кешікпей әуелі кіші дәретінен тас түсті. Артынан қақырықпен бірге жентек - жентек көкшіл бірдеңелер түсті Солар түсіп таусыла келе жөтел тиылды. Сырқат беті қайтты. Кетебай тәбеті ашылып тамаққа қарады. Бетіне қан, көзінен нұр жүгірді. Жексенбай келіп қарап, құдай сақтады. Балаң бір ажалдан қалды. Жылма өкпені тазартқан екен,- дегенде мамасы байғұс жылап жіберді. Сол күні егіздің сыңары бөрте лақты сойып садақа тарқатты.
Кетекең осы біз көрген, жасы ұлғайған кездің өзінде аңғарған кісіге бір жағына сәл-пәл қисайып жүретін. Енді білсек сол аурудан қалған белгі екен ғой.
Ауру мысқылдап шығады демекші, жылмамен бір беті қайтқан сырқат көпке дейін білдірумен жүрген. Қолға түскен дәрі – дәрмегін ішіп, дәрігерге көрініп дегендей өзінше емделген болды. Бірақ оған бола кетер ауру емес екен бұл. Білгір дәрігерлер арнаулы курортқа барып емделуге кеңес береді. Бірақ барайын десе қол тимейді, жұмысбастылық, етектен тартып босатпайды. "Мен солай едім - емделуім керек еді деп жоғарының, басшылардың алдында сартабай сала жөнелу сірә бұл ағаңыздың ұстанымына, болмысына атымен жат.
Сондай Кетекең солай жүріп жүріп санаторийге өмірінде тұңғыш рет 1956 жылы барыпты ғой. Әкесі Таушықтың құбыла алдындағы әуежайдан әлденеше күн самолет күтіп әупігеріммен ұшып кеткен күні Қанекең ұл тапқан. "Зеріп анамыз әкесі сапарынан жазылып аман келер ме екен деген тілекпен" баланың атын Аманкелді қойыпты.
Бұл әңгімені маған айтқан сондағы қызыл шақа шарана, бүгінде зіңгіттей жігіт ағасы азамат Аманкелді мырзаңыз. Жасында жоқшылық тауқыметін көп көрген нағыз бейнетқорды қазақ әдетте "теспе өкпе" деп жатады ғой. өте тауып айтқан. Біз көзіміз көрген қазақта нағыз тесік өкпе Кетебай Қиынұлы.
АЙТЖАН АУЫЛЫ
Иманбай шаңырағын ұстап қалған кенже ұл Шиғұл болғанда баланың үлкені, яғни Ноқтаға Айтжан. Кейінгі бауырларына қамқор әке орнын басар дерлік Ноқтаға баланың орны бөлек деп білген қазақ. Ол аға үш, аға шаңырақ болып есептелген. Иманбай Айтжанға бастасы Аралбай Көрпе Тәжіғара деген кісінің Әдеп атты қызына ертеден құда түсіп айттырып үйлендіреді. Қиын үйленген соң отаулап енші беріп шығарады. Мал баққанға бітіп, Айтжан аз уақытта жылқылы бай атанады.
Маңғыстау ойында ол уақытта жазда бай ауылдар қалмайды. Жайлауға шығып кетеді. Жайлау жердің қоныс ыңғайына қарай. Қысы жылы ойға жерге алғаш қар түскен соң ғана құлайды. Жылқы жыл он екі ай түз малы болып саналады. Отар қыста да жердің отына байланысты ауылдан жырақта болады. Бос жатқан кең өріс жоқ.. Бәрінің иесі бар. Мал көп. Сонда Айтжанның қысқы жайылымы осы күнгі Қаракешудің құбыла бетіндегі Сарыой дейтін кең ойы екен. Суаты Сартұрақ. Соның тақырынан су арылмайды.
Боздақ аяғы қайдаққа қарай терең сай болып келеді Сайдың Торқаның төрткілі тұсында ескілікті қара жұрт орны әлі сақталған. 1950-ші жылдар басында колхоз оған қора салып, бірер жыл қой қыстатқан. Осы жұрт Айтжанның бөлек отау болып шыққан алғашқы жылдардағы қыстауы екен деп отыратын көне көздер. Сол жұрттың күн батыс жағында таңы бір қара жұрт. Мұнда немере ағалары Аманбай, Айтжанның уақ малы қыстайды екен.
1927-нің 28-ге қараған қысында Айтжан онша жұтамаған. Жұтамағаны не керек артынан есіл мал тәркіленіп ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кете барған. Құлқыны құрдым Қызыл көздер малды алғанымен тұрмай өлі дүниені де тәркілеген ғой. Қазақ ақша ұстамаған. Алтын-күміс, басқа да асыл зат жинамаған. Бар асылы әйел жұртының сақина, сырға, шолпы, өңіржиек сынды сылдырмақтары. Әдеп шешеміздің де бірнеше тақталы күмістен соққан өңіржиегі бар екен. Тәркілеушілердің көзін ала беріп сонысын қозының көгеніне жұмарлақтап орап әрірек лақтырып жіберіп алып қалыпты.
Сол Боздақ аяғындағы жер аты қырғын сай. 1931 жылдың көктемінен соң солай аталған. Сол сай бойындағы қанды қасапты бұл ауыл көзімен көрген. Айтжанның қылышбайы сонда 17 жасар бозбала, Боқан жасаңдау. Қызыл үкіметтен қайыр күтуге болмайтынын түсінген Айтжан үйіне босқындар қатарын көбейтіп, ауа көшуден өзге жол қалмайды.
Дәл сол кезде қазақтың бағына қарабұғаздан сульфат кәсіпшілігі ашылды. Ол бұл кезде қазақстанға қарайды. Бұрынғы Адай уезінің шеті. Жаңа кәсіпшілікке жұмысшы күші көп керек болады да босып барған қазақтардың бәрін қабылдайды. Жұмысшыларына карточкамен азық-түлік береді. Жұмыс ауыр болғанмен аштан өлтірмейді. Көштен қалдырмайды деуге қазақ ол уақытта көш түзеуді ұмытқан. Әйтеуір аман, жер басып тірлік қылғанын олжа көруге көшкен.
1936 жылға дейін Қазақстан қарамағындағы қарабұғаз, 6-шы, қызылкүп талай қазақтың жан сағаттаған жері болып еді солай. Красноводск аты Түрікменстандікі болғанмен заты қазақта болды. Қала маңында түрікмендер азшылық. Алғаш онда барған көне көздер айында, жылында базаршылап келген түрікмендерге таң қалып қарайтын едік деп есіне алады. Себебі бұл тек мал шаруашылығымен айналысқан халық. Қара жұмысқа епсіз. Қазақтай жұғысты емес, оқшаулау, кісіге киіктеу. Содан бұл халық іргесінен келіп орнап жатқан Красноводск қаласынан іргесін аулақ салған әуелден. Сол себепті қаланың алғашқы тұрғындары орыстар, армяндар, ирандық әзірбайжандар болыпты. Соңғы жағынан Дәрментаев Бекес сияқты қазақ байлары үй салдырып, сауда жасап қоныстана бастаған. Жағадағы балықшы түрікмендер Маңғыстаудан барған, әбден қазағуарланып кеткен аз ауыл.
Патша үкіметі, одан соңғы кеңес кезінде де уездік кеңседегі жұмыстарға оқыған қазақтар тартылды. Мысалы уезд бастығының тілмашы әрі жергілікті ел мәселесі жөніндегі көмекшісі Орынбасар Дауылов (құнанорыс) болды. Советтік қызметтер тізгінін де орысша оқыған қазақтар ұстады. Содан олардың Бекдашыдағы өндіріске өзінің қандастарын тартқаны белгілі. Бар малынан айрылған, жаңа үкімет саясатынан қағажу көріп, барар жер, басар тауы қалмаған мұндағы елдің одан басқа шарасы да қалмаған еді Солай босқан көп үйдің бірі Айтжан үйі болды.
Жұт жеті ағайынды дегеннің кері келіп соның алдында ғана Айтжан қайтыс болған. Шаңырақтың ендігі бас көтерері Қылышбай. Ол оң солын танып қалған жас жігіт. Задында Қылышбай марқұм көкейкөзі алысты шалатын жан болғандай. Ол мына заманның өздеріне қиын келгенін, бүгін болмаса ертең өздерін бай баласы деп қудалайтынын бек білген сыңайлы. Жомарт құдайы қара ақылдан кенде қылмаған аналары Әдептің де кеңесі сеп болған болуы. Сөйтіп бұл үй өкше көтереді. Өлсем сүйегім ата мекенде қалсын деп Иманбай шал көшпейді.
— Заман түрінен өзім де қорқулымын. Бейтаныс орта, жат жер, көз сұғынан, бай баласы деген көз түрткіден аман боларсыңдар әйтеуір. Туған жер ешқайда қашпас, айналып табар қазықтарың ғой, - деп келіп балаларына батасын беріп, қарабұғазға көшкен ауылға ілестіреді,Имекең..
— Қолдың Кірі малдың жұтап, тәркіленіп, әкелердің келместің кемесіне мініп кеткені ештеңе емес. Бәрінен кіндік кесіп, кір жуған жерден аласталғандай болып боса көшкен қиын екен, ана Таскескеннің белінен асқанша артымызға қарап көзіміздің жасын төгумен кеттік, - деп отыратын Боқан марқұм.
Қазір ойлап отырсақ бұл өзі бұл шаңырақ үшін қайырсыз сапар болмаған. Егер сонда қалып қойса сөз жоқ Қылышбай 1937-нің нәубетінде "халық жауы" болып кете барар еді. Боқанның да аман қалуы екі талай. Сол уақытта қарақұлақ болып қалған Кетебай артына да қалжуыр байланады.
Жаңа жерге барған соң еті тірі, пысық, өнерлі Қылышбай қызметке араласады. Боқан, Лен, Қоянбай мектепке оқиды. Тұрмыс жақсарып, ес енді жинала бергенде соғыс басталады. Арқа сүйер азамат Қылышбай майданға кетеді Әттең, өкінішті жері ол үйленіп үлгіре алмаған. Орын жоқ. Тағы өкініш—ол бабасы Өтеуден жұғысты үлкен өнердің біраз қазынасын өзімен бірге алып кетті.
Үйдің ендігі естияры Боқан соғыс салдарынан оқи алмай жұмысқа кіріседі.. Ол төртпақ, қайратты, тілді жігіт болып өседі. Кісіге жұғысты. өз тұрғыластарына қарағанда сауатты да. Содан оны теңізге балықшылыққа алады.
Әлемдегі ең дауылды теңіз саналатын Каспийден балық аулау оңай кәсіп емес. Және соғыс кезінде желкенді қайықпен. Жау Кавказға келген соң Каспий, Красноводск майдан сырты. Жартылай соғыс жағдайында.әрі Красноводск үлкен стратегиялық пункт. Таганрогтан мұнай өңдеу заводы көшіріліп әкеліп, өнім беруге кіріскен. Орта Азиядан келетін темір жолдың қақпасы. Одақтастардың көмегі де Ауғанстан арқылы осында әкеліп, майданға онан әрі су жолымен жеткізіледі. Осыдан бұл бетті жаудың бомбалаушы самолеттері көп ториды. Жолшыбай балықшыларды да оқ астына алады. Боқандар өлім мен өмірдің арасында жұрт еңбек етеді Неміс әскері Еділге келіп, жан алқымға тірелгенде броны барлығына қарамастан балықшылардың жас жағын да соғысқа ала бастайды. Кезек Боқанға келгенде бригадирінен бастап үлкен басшыларына дейін жыларман күйге келгендей болып мұны алып қалады. Өйтетіні кілең сауатсыздар ішіндегі жалғыз өзі бүкіл есеп-қисапты жүргізетін. Әрі апырып-жапырып бірнеше адамның ісін тындырады. Сөйтіп, Совет Армиясына Гитлерді Айтжанов Боқансыз жеңуге тура келеді.
Соғыстан соңғы жылдар да оңай болған жоқ. Красноводскідегі елдің нобайын есеңгіретіп кеткен бір оқиға марқұм Есенғали Бекенбаевтың "Тоғыз қайық" дастанында айтылатын апат. Соншама қайықтың балықшылары дауылға ұшырап, суға тарық болып кетеді. Көбі қазақтар. Біреудің әкесі, біреудің жалғызы, біреудің жаңа қосылған қосағы — бәрі бар. Соғыстан сорлап отырған ел бір күнде қара жамылады да қалады.
Қылышбайдың "қара қағазы" келген соң Әдеп шешеміз жылай-жылай соқыр болып қалды ғой, сірә. Сол "тоғыз қайықтан" соң анаға енді Боқаны уәйім болады. Оның үстіне елді сағынуы бар. Балаларына көшу жағын айтқыштай береді. Дәтке қуаты ел хабары жақсы. Хат үзбей келіп тұр. Кетебай пәле жаладан аман, ауданға қызметке тұрған хабары келгенде жеңгесі қуанып жеті нан пісірген. Көшер ауылда, есепші деген хат келгенде де сөйтті. Бұл үй Бақтылы келіндерін сырттай тойлаған. Шиғұл соғыстан аман келгенде лақ сойып бір жарылды.
Шүкір, бұл орын да оңалды. Боқан үйленді, балалы болды. Жолдасы Жұпар Кенженің қызы. Әдекеңнің ерні жібіп немере сүйді. Тұңғыштары Райханның артынан ерген баланың атын қоюға келген сәттен бір мөлтек әңгіме:
Олай деуінде мәні бар. Түрікменстанда Боқанның төс қағысқан досы, әрі ағасы, құдайы көршілері болған.
— Бұл да бір іргелі жұрт. Жақсылығын көп көрдім. Аяқ табағымызға дейін араласып кеттік. Тұңғыштың аты түрікмен ағайындардың айтқанындай болсын,—деді Әдекең әже. Қауғабас көп қандасының ішінде жолы үлкені осы екен. Бұл ағайындар да жолды қатты ұстанады. Аты Тағанияз. Сол бұлар кері көшкелі жатқанда бір бір қойын сойып қонақасы беріп отырып бір тілегін айтқан:
— Мен де бір әулеттің көп қиындықтан соң зарығып көрген перзенті екенмін. Атымды содан ауылымның ақсақалы Тағанияз қойыпты. Тағаны—білесіздер тұғыр, Нияз әулие басына ілінетін тәбәрік. Құп алсаңдар Боқан ініміз тұңғышы нәрестенің аты солай Тағанияз болсын. Мен емес менің әулие аталарым қойды деп есептеңдер,— деген.
Қазір түрікменнің белгілі ғалымы, тарих ғылымының докторы, профессор Амантаған Ниязов деген бар. Түбі маңғыстаулық түрікмен. Маңғыстау түрікмендері мен қазақтары жайлы түрікмен тілінде жазылған тамаша кітабы өте құнды еңбек Ақтау университетінің мұғалімі, педагогика ғылымының кандидаты Жантөре Мамаева апам оны қазақшаға аударды. Бір қызықта әлгі Тағанияз осы ғалым Амантаған Ниязовтың ағасы. Түрікмен ат қою мәселесінде алыстан арбалап жатпайды. Баласына атасының, ағасының атын қоя береді. Мысалы академик Өдек Ақшаоғлы Өдековтың арғы бабалары баяғы Шыңғыс ханмен соғысып өтетін Жалаледдиннің нағашысы, Маңғыстаудың Өдек ханы.
Тағанияздың, қазақша куәлік шығартқанда бір әрпі түсіп қалыпты, Сейітжан Ниязов құрдасы. Сол Сейітжан Тәкеңнің көрген жерде жалпылдап, бәйек бола кетеді.
— Әулием, бабам, атам,—деп дәріптей жөнеледі және. Олай дейтін себебі Сейітжанның Нияз атасы, Таған арғы бабасы. —Солай біздің әулеттің екі ақсақалының атын арқалап жүрген соң бұл құрдас маған әулие болмағанда кімге әулие,— деп күледі және.
Тәкең де солай Сейітжанды көргенде төбесі жеті қат көкті көктеп өтердей болып бір қопиып қалады.
Боқан кешіп келген ретте:
— Біздің шаңыраққа қыл құйрықты жануар құт еді. Бабам Жетегенді ажал аузынан алып шыққан Ақ боз аттың артынан ақтылы жылқы ерген екен. Менің қолым тегі құрық ұстау болар. Әрі бала күнгі өрісімді сағынып келдім. Маған бір отар жылқы берің,— дейді, колхоз басшыларына. Ол етікші құн алынады. Сол уақытта Маңғыстаудағы шаруашылықтардың бір тіні Үстіртте. Осы күнгі Бейнеу ауданы аудан колхоздарының ортақ мал жайылым учаскесі. Әр колхоз ірілі-уақты малдарының біразын қысы жазы сонда бағады. Баяғы 1931 жылдан соң иесіз қалған ол бетке ел жаңа барып орнығып жатыр. Қысқасы, Үстірт Маңғыстаудың сол кездегі тыңы. Қиындық көп. Солай болған соң барушы аз. Әсіресе малшы жетіспейді. Бекең іздегенге сұраған бола кетіп. Бір отар жылқымен Самға барып қоныстанды.
— Бәрінен мал басын аман сақтау қиын болды. Қасқыр қатты. Түз түлігі жылқыны қойша қайырып, күзетіп бағып қана артына құлын ерттік, —деп отыратын сол уақытта шаруа тізгінін ұстап, жайылым меңгерушісі болған Жаманқара Жаңабергенұлы. Шаруа сондай қиын болғанда өзге жағының да оңып тұрғаны жоқ. Жазда мал шығыр арқылы шыңыраудан суарылады. Қыстағы баспана жер үй. Ортасын пешпен бөлген, шикі кірпіштен қаланған қуықтай бәкене үйлердің салынғаны беріде, Хрушев енді жиырма жылда коммунизмге жетеміз деп желпініп кеткен жылдары.
Бөкең колхоздың озат жылқышысы атанып, омырауына орден тақты. Артынша сырқаттанып, малдан қол үзіп, колхоз орталығына көшіп келді. Менің Бөкеңді, Қоянбай ағамызды көріп білгенім сол 1960 жылдың жазынан бастап. Райханмен сыныптас болдым.
Бұғанасы қатпай жатып көк теңіздің төрінде қайық үстінде қақпақылданып балық аулау, одан кейінгі Үстірттің аңылжыған даласында жылқы бағып денсаулығынан айырылған Бөкең одан соң колхоз шаруасына дендеп қол батыра алған жоқ Кейінен баласы Тағанияздың қызмет бабына байланысты Сайөтеске көшті ғой.
Осы жерде бір жайға тоқтала кетелік. Тағанияз ұлдан болған соң тел өссін деп інісі Қоянбайдың баласы Қармысты бауырына басқан. Қазақтағы бір өте жақсы, әсем үрдіс сөйтіп бұл әулетті де айналып өткен жоқ. Қармыс, фамилиясы Боқанов, Боқанның баласы болып осы үйдің тәрбиесінде өсті Маңғыстаудың тарихында, осы ауданның өсіп, өркендеуіне ізін қалдырған Қармыс туралы айта кеткен дұрыс. Мектептен соң Гурьев педагогикалық институтын бітірген соң ол біраз жыл ауданның комсомол қызметінде хатшы болды. Еңбектен қол үзбей жүріп Оралдың ауыл шаруашылық институтын тағы бітірді. "Ақшымырау" совхозында аз уақыт партком хатшысы, "Тұщықұдық" совхозында бірнеше жыл директор. Марқұм Сисен Әбдірахмановтан кейін ізінен директор болып сол ауылдан жақсы, іскер бағасын иелену оңай емес. Қармыс сол атақты жеңіп алды.
Біз білгенде басшыдан жолы болумен келген ауыл Жармыш. Арғыдағы Қозыбағаров Мыңбай ағалардың атын үлкендер әлі аңыз қылып айтады. Одан кейінгі Сағындықов Төлеубай, Салманов Өтеген, Сулейменов Құлбек, Айжанақов Өмірхан ағалардың әрқайсысының орындары бір төбе. Кейінгі ізбасар інілері Бекмұратов Дүйсен, Нұрбердиев Естекбай (марқұм) да ауылдың жақсы атын үстеді.
Совхоздың Дүйсеннен соңғы директоры Қармыс. Бұл Горбачевтың "қайта құруы" келіп жатқан бір қарбалас кез. Тентекке жел бер, екі қолына бел бер демекші, сол тұста талай тақым жауырды ғой құр босқа тепеңдеп. Ол ұранның Қармысқа қажеті жоқ еді. Өйткені ол о бастан жаңаша өлшемнің адамы болатын. Жармыш елінің табанына малдың жайын қаузай берме. Олар оны өздері - ақ біледі. Тек қорасын сайлы, үйін жайлы қып, жем-шөбін уақтылы түсіріп бер. қалғанын өздері-ақ қатырады. Қазаққа жалпы кент мәдениеті кешеуілдеп келген ғой. Соның көсір ауылдың орталықтарынан-ақ көрініп тұрады. Соның бірі Жармыш. Қармыс негізгі бір жұмысын тап осыдан бастады. О баста бұ екі таудың ортасына, жарқабақтың күнгей бауырына әуелі мешіт, қасына молданың үйі, ұстахана орнап салына кеткен қоныс екен. Жүре бара бір шеттен екінші жатақтар аулы орнапты. Содан кейінгілер әр бұлақтың қасына баспана сала берген. Осы бертінге дейін тау аралары жайылған жылқы көрінбейтін қалың щи болатын. Орталық қанат жая келе ши бульдозермен қопарылып тегістеліп тасталды. Орнына үй салынды. Енді ол көшелер ортасы балшық. Басқа балшықты жерді көп білмейміз біз Гурьевтен басқа. Жауын жауса, Жармыш сол Гурьевтің филиалы бола кетеді.
Сәті түскенде сол уақытта Шетпеден Бейнеуге асфальт жол төселіп жатқан. Дауыс естім жер Сарыкезден асып өтіп жатыр ол. Тілге жүйрік директорға жол құрылысшыларымен мәмлеге келу қиын болған жоқ. Қонақасылады. Далаға алып шықты. өзі де аңшы болған соң саятшылыққа бастады. Ақыры не керек, орталық көшелердің барлығын асфальттатып алды. Қазір Маңғыстаудағы көшесі асфальт ауыл—Жармыш.
Жаңа директордың аулына көрсеткен жеке өнегесі—өзінің үйі жанына жайнатып жеміс ағаштарын егу болды. Қалауын тапса Жармышта жемістің түрі өседі. Кезінде әдемі бауы болған. (қазір қағажу көріп қалды ғой) Жер асты суы жақын. Көп үйдің ауласында құдыңы бар. Орталық көшені бойлап су құбыры өтіп жатыр. Ендеше неге көшелер, үй маңайлары жайқалып тұрмасқа.
Бүгінде бұл ауыл ең ағашы көп ауыл. Қарабалин Жұбан деген азамат тау баурайынан жер алып, үй салып, бақ өсіріп жатыр. Қармыстың енді қолға алмақ ісі тұщы суды бірнеше артизиан құдығы далаға ағып жатқан Ауыздыбас ойының Солтүстік Шығыс алқабына жайнатып бау, жүзім плантациясын өсіру еді. Нарық қыспағы келді де, мүмкіндікті шектеп тастады.
Қ.Боқанов біраз жылдардан бері Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары болып жемісті жұмыс жасап келеді. Оның бұл қызметі келелі бір әңгіменің жүгі болғандықтан әзірге кейін шегере тұралық.
Таған да мектептен соң пединститутты үздік бітіріп, еңбек жолын Жармышта мұғалімдікпен бастады. Әуелі Шетпеден №1, кейіннен Өтестегі темір жол мектебінің директоры. Өтес— темір жол бекеті. Шағын ауыл. Мектебі де шағын. Соған қарамастан 1989 жылы Батыс Қазақстан темір жолына қарасты 33 мектеп ішінен жыл қорытындысында III- орын, келесі жылы II - орынды жеңіп алды. Ал директор Т. Боқанов Құрмет грамотасымен марапатталды. Нарық,қыспағы темір жолға да оңайға түскен жоқ әсіресе жол бойындағы елді мекендер адыра қалуға айналды. Сондай қиын жағдайда ел-жұрты сенім артып, поселкелік кеңес төрағалығына сайланды.
Бұл бір сын кезеңі болды жігіт үшін. Бұрын коммуналдық қызмет темір жол әкімшілігінің мойнында еді. Енді ол иесіз қалды. Алдымен осы шаруашылықты қаз тұрғызуға тура келді. Халықтың күнделікті тұтыну қажеті үшін базар ашылды. Поселкенің бұрынғы бас жоспары қайта жасалып, тұрғындарға жеке үй салу үшін жер бөліп беріледі.
Баяғы кеңес кезінде елдің жеке меншігіндегі мал санына қатаң шектеу қойылып, артық мал тартып алынатын. Таған керісінше елге малдарыңды көбейтіп деп заржақ болды.
— Күнде таңертең ауылдың төрт жағына қой-ешкісі аралас төрт отар уақ мал өргенде, мына Толыбай түбегі мен Сисем атаға дейінгі жер ірі қараға толғанда ханға сәлем бермейсіңдер,- деп қақсайтын. Сонда көрген бір қиындығы қасқыр. Иә, иә кәдімгі түз тағысы. Мұның көбейіп кеткені сонша, тіпті қотанға шапқан кезі де болды. Аңшы жоқ. Аңшы болса, мылтығы жоқ. Мылтығы бардың оқ-дәрісі жоқ. Содан бұл ауылдағы жеке меншігінде бензинмен жүретін көлігі барлардың басын құрап қасқыр аулап көрді. Оған да болмаған соң Жары, Ықылас сияқты шалдарға қақпан соқтырып, құрғызды. Көктемде күшік індегі кезде маңайдың жыра-жықпылын сүзіп табанынан таусылғаны тағы бар.
Әйтеуір еңбегі еш болған жоқ. Өтес қазір аудандағы тұрмысы тәуір елді мекендердің бірі..
1999 жылы Ақтау түбіндегі Өмірзақ кентіне әкім болып келді. Шамның жарығы түбіне түспейді деп Ақтаудың дәл іргесіне болса да, бағы жанбай келген жер осы. Нарықтан соң тіпті күйсізденіп, ауыз су берілуі тоқтаған, электр желісі жарамсыз, жылу жүйесі де оңып тұрған жоқ. Кент негізінен қаладағы бүкіл өндірістік мекемелердің базалары шоғырланған жері. Ал ол мекемелер болса "база түгіл бас қайғы" халде. Мектеп бастауыш, дәрігерлік пункт жабылып қалған, кітапхана жоқ. Қысқасы жаңа әкімге бәрін басынан бастауға тура келді. Әйтеуір бәрі сәтімен. Әуелі орта мектеп ашылды. Газбен жұмыс жасайтын жылу орталығы салынды. Дәрігерлік пункт қалпына келді. Тіпті спорт залды да болды бұл жер.
Т.Боқанов 2005 жылдың майынан облыстық мұғалімдер білімінің жетілдіру институтының директоры. Арада біраз жыл үзілістен соң өз мамандығымен қайта қауышты.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, Қазақстанның егемендігіне 10 жыл мерекелік медалымен марапатталған.
Бөкеңнің тұңғышы Райхан Өтесте. Медицина қызметінің ардагері. Үйлі-баранды.
Қоянбай ағамыз жасында демікпе сырқатына шалдыққан. Содан жазылуы қиын болды. Ұзап оқи алмады. Елге келгеннен кейін ауылда есепші. .Сол қызметінен зейнетке шықты. Қазір бақилық. Жұбайы Балақаш Дәулеталы аулының қызы. Маңғыстауға көшіп келген соң Сарықасқа Тайланда үйленген. Қармыс, сірә аға баласы. Одан басқа Тұрмыс, Мәдениет, Сәкен. Ата мекенде ақыры тұрақтап қалған Айтжан шаңырағы болды. Ата күлдік, қара жұртқа барып үй тігіліп, мал апарған қойекең балалары.
... Ана бір жылы Қармыс екеуміз кездесіп қалып, әдеттегінше әңгіме-дүкен құра кеттік. Мен құсаған "қаланың қаратаяғы" емес қармыс шаруаның адамы, ел жағдайына жетік басшы. Әңгіме ауаны елдің ендігі жайы қалай болмақ дегенге ауысқан соң тізгінді серігім алып кетті.
— Қазақты оқытамыз деп оқу өткізіп алыппыз,—деп күлген Қармыс әуелі — Бәріміз оқып, оқымағанымызды артымыздан ертіп ауылға адам тұрақтамайтын болып алды. Жастар өндіріске қашады. Өзгерістің өз ырғағымен болғаны жақсы. Біз соны жөпелдемдетіп жіберіппіз. Енді зардабын көрудеміз. Қырда адам күші азайды. Күш аз болған соң, бағатын адамы болмаған соң мал жоқ. Ал қазақтың малсыз күні қараң. Ана шалдардың қаңырап жатқан жұртының әрбіріне ауыл баруы керек енді. Әрине баяғы қараша күрке емес. Жаңаша ауыл. Сонда ғана бір қараға ілесеміз. Өріс малға толса, елдің тоғайрағы майланады.
Көңілге қонатын-ақ сөз. Содан былтыр "Вокруг света" журналының кезекті санынан орыс журналистерінің Моңғолияға барған қолжазба очеркін оқыдым. Кешегі Советтік кезде өзіміз мұрын шүйіріп қарайтын монғол елі өмір салты біздегідей жұрт. Әр төбенің басында ақ боз үй. іргесінде спутникті байланыс қалағы. Желіде құлын. Анадай жерде женіл машина қаңтарулы. Біздегідей мұнайы жоқ монғол сол тұрмысқа тек малы арқылы ғана жетіп отыр. Өйткені олар мал баға біледі.
Соны оқып риза болып отырып Қармыспен арадағы әңгімені еске алдым. Бір нәрсені ойға алса алдымен өзі қолдап кететін Қарекең алдымен тұсырап жатқан өңірге інілерін апарып қоныстандырады. Туыстардың ортақ міндеті енді сол жерде мал басын көбейту. Және аралас бағытта. Түйе мен қой бір өріске сиысады. Түйе жер тоздырмайды. Бұл екеуі жайылған жерді шет пұшпақтап тұз түзділігі жылқы да жерсінеді..
Айтжан әулетінің осы бастамасы үлгі болып қазір әр ауылда шаруа жайымен шалғай жерге барып маңдай тіреп қоныстанушы қожалықтар көбейді.
Айтжанның үш ұлының ортасында бұлақтан өскен жалғыз қыз Лен. 1922 жылы туған. Ауыздыбастағы мектепте сауат ашып Түркіменстанға барған соң оқуын әрі жалғастырған. Соғыс салдарынан жетінші сыныптан ары оқи алмай 1942 жылы еңбекке араласқан. Жоғарыда Красноводск жартылай соғыс жағдайында болды дедік қой. Сауатты, алғыр, орысша тілге жүйрік Лен әуелі әскери әуе қорғаныс мекемесіне қатардағы қызметкер болып орналасады. Соңынан әр түрлі қысқа мерзімді курстарда оқып бөлімнің қарауыл бастығы, бөлім меңгерушісі, отряд командирі болады.
1952 жылы "Қарабұғазсульфат" өндірістік бірлестігіне қарасты ведомостволық балалар бақшасына меңгеруші болып тағайындалып, 1986 жылы осы қызметінен зейнетке шыққан.
Красноводск аудандық кеңесінің тұрақты депутаты Түркімен ССР-і Жоғарғы кеңесінің екі шақырылуының депутаты. 1957 жылы СССР бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіне Түркіменстан делегациясын бастап барған. "Құрмет белгісі" орденнің, В. И. Лениннің 100 жылдық медалінің иегері. СССР Химия өнеркәсібі халық комиссариатының, Түрікмен ССР-ы Жоғарғы кеңесінің, министрлер кеңесінің құрмет грамоталарымен марапатталған. Жолдасы Құрғабақов Жанбол өмір бойы жүргізушілік қызметте. Лекең зейнетке шыққан соң ата мекенге көшіп келіп, Өмірзақ кентіне орналасты. 1999 жылы бақилық болып мамасы Әдептің, ағасы Боқан мен інісі Қоянбайдың жанына Ағым қауымына жерленді. Қазір қазақ қызының атын түрікмен жерінде шығарған Лен Айтжанқызының үйі Өмірзақта. Баласы Жанкелдіден көрген үш немересі өсіп келеді.
Мен Лен апаны 1958 жылдың көктемінде көрдім. Сарықора дейтін жерде отырғанда көкеме кітап аштырып, ішірткі жаздырып алып кеткен. Есімде қалыпты: ағасы Бөкеңе тартқан, бірақ өңі сары, толық денелі, есіп сөйлеп отырған кісі еді. Бөкеңнің бір қызы Сәнен, қазір Ақтауда тұрады, жеке кәсіпкер, Лен апаның қолында тәрбиеленген.
Қиянаттан аулақ, сол пейіліне орай адамнан жамандық Алладан зауал күтпеген момын елдің, жұрттың қапелімде тап бола кеткен қырсыққа бой үйрете кетуі қиын ғой. Барға бөккен, бай атанған, бармын, баймын деп аспаған, таспаған Иманбай әулетіне қызыл большевик әкелген нәубет оңай соқпапты. Бәрінен бұрын бас амандығын ойлайтын қазақ, үшін бірінен соң бірі келген Қиын мен Айтжан қазасы тағы бар. Туған жерден боса көшу қосылды оған. Артына қарайлаңқыраған Айтжан үш өзге ағайындардың арттарында қалып қойып көшсе керек. — Сонда — десіп күрсініп отыратын біздің ауылдың шалдары,—ей абысын Әдеп пен Зеріп дауыс етіп құшақтасып қоштасқанда ауылда жыламаған адам қалған жоқ. Ауыздыбас ойы күңіреніп кетті..
Екі мұңлық сол қоштасқаннан араға 25 жыл салып барып Таушықта қауышып, ол жерде де талайдың сай-сүйегін сырқыратулы ғой...
Маған кейде осы жер жарықтық тектоникалық себептерден емес осындай осындай қайғы-қасіреттерді көтере алмай сілкініп жататын секілденеді. Құдайға шүкір, бәрінің арты қайыр. Туған жеріне, шалының жанбасы тиген өлең топыраққа аман оралып, көзі көрмесе де көңілі көріп, жұпар ауасымен тыныстап барып бақилық болған Әдеп анамыздың тілегі қабыл болды. Жапырағы жайылды. Қыздар бір-бір өріс болғанда екі баласының шаңырағынан өрбіген отаулардың өзі бір қыдыру. Әжесі алдына алып сүйген немерелерінің өзі ата болып отыр. Айтжан аулы, Айт»екен балалары деп аталып дәріптеледі олар.
АУЫЛ МҰҒАЛІМІ
Осы күнгі жер ортасы жастағылардың дені — ауыл мектептерінің түлегіміз. Ауыл мұғалімдерінің алдын көрдік. Олардың бейнесі әлі күнге жадымызда жаттаулы. Бәріне дерлік ортақ бейнелері: үстерінде бір киер костюм-шалбарлары, қыста көнетоздау пальтосы болар еді: Соны шалбарына қыр салып таза киейін. Сабағын бар ынта-жігерімен түсіндіретін. Сабақ қызуымен кей-кейде қолының борын киіміне жағып, қолын сүртіп алатынын да аңғармайтын. Пәннің дербес мұғалімін бертінірек көрдік. Тиянақты мұғалімдер әр пәннен бере беретін. Біздің жармышта Тілегенов тілін де оқытты 7-8 сыныптарды оқытып жүрейін. Ауылда мектептің, онда да бәрінде емес, жаңа үйге келіп, бір ауысыммен оқытатын болғанының өзі 1960 жылдардан кейін. Біздер екі ауысыммен 1-3 сынып бір кезеңге, 2-4 сынып тағы бір кезеңге бір мұғалімнен оқығанын бастауыш мектептің партасында да отырған көрген кездерміз. Бала болсақ та көріп, сезе қалдық,, ауыл мұғалімнің дені қоңторғай күй кешетін. Жеке меншігінде көп малы бола бермейді Тек жалақыға қараған күнкөріс. 1965 оқу жылына дейін ол тіпті мардымсыз болыпты. Олардың соғымы арадікте ауылда жіктеп сойылатын ірі қараның бір-екі жілігі. 60-шы жылдардың орта шеніне дейінгі баспанасы — ортасы пешпен бөлген тәпелтек үй. Төбесінің шатыры жоқ. Жауын жауса тамшы ағады.
Мұғалімдердің дені жазы каникулда да дұрыс демала алмайды. Соғыстың салдарынан, қол қысқалықтан педагогикалық курстардан, училищеден әрі ұзап оқи алмай қалған. Енді соның олқысын толтырып институттарда сырттай оқып жүр. Жазда арып—ашып кезекті сессияларына барады. Мысалы, біздің Жармыш сегіз жылдық мектебінің директоры, майдангер Бекқожа Еділханов Орал педагогикалық институтын 1962 жылы сырттай бітірді. Сессия болмаса облысында жазда өтетін білім жетілдіру курсы тағы бар. Орталық Гурьевке жетуді өзі ақырет. Таушықтың құбыла бетіндегі әуежайда шыбын-шыбын болып, ұшақ күтіп сарсыласың. Бір жақсысы мұғалімнің әйелі колхоз мүшесі болмағандықтан қара жұмысқа тартылмайды. Онымен олар қол қусырып тағы отыра алмайды. Колхоз жұмысшы күшінің аздығы себепті мектеп төңірегінің жұмысына адам бермейді. Мектеп пен интернатты жөндеу, шаруашылық меңгерушісі т.б. жұмыстарға мұғалімдердің әйелі жұмылдырылады.
Бұл жағдай жақсарды, коммунизмге енді бір жиырма жылда ұшыртып жетіп барамыз делінген 60-шы жылдардың басындағы жағдай.
Ал одан бұрын, әсіресе соғыс кезінде Кетебайлар еңбек жолын бастаған кезде қандай болған ?!
Мұның жауабын тірі куәгер әуелі Мәстекте мұғалім, артынан қазанда мұғалім, Тигенде, Жиделіде бастауыш мектеп меңгерушісі болған Сары Ыбыраев береді:
Мұғалімнің айына алатын еңбекақысы 9 кило тары. Айлығы 35-45 сом. Бірақ ол ақшаға ештеңе ала алмайды. Аз және ақшаға сатылатын ештеңе жоқ ауылда. Бүкіл мектептің тауқыметі меңгерушісі мойнында. Көлік жоқ. Отын, су түсіріп бер деп колхоз басқармасының артынан қалмай жүргеннің. Оқушы балалар бір мезгіл жүрегін жалғасын деп көжелікке айына 10 кило тары беріледі. Мектеп сыпырушы әйел содан сұйықтау етіп атала көже қайнатады.
Күніге тостағанның орта беліне жетер-жетпес етіп содан беріледі әр балаға. Баланың алды өзіңмен құрдас. Мысалы Жиделі мектебінің төртінші сынып оқушысы Сейітов Далабай менімен аттай құрдас болды. Оңашада күресесің бе деп маза бермейін. Бір күні күресіп, абырой болғанда жығып, енді қайтып беттеместей қылып көзім ашылды.
Кетекең 1942 жылдың сәуірінде Тиген бастауыш мектебіне мұғалім болып барғанда айна-қатесіз осындай жағдайға тап болғаны сөзсіз. Оған баруының өзі хикая.
1942 жылдың көктемінде аудандық оқу бөліміне шақырған хат келді. Келіп өзін төрде отырған қатыгез бойжеткен қызға таныстырады. Ол қыз аудандық оқу бөлімінің нұсқаушысы Сүлейменова Мүгілсін екен. Бастық іс сапармен кеткен. Мұның жұмысын осыған тапсырыпты. Сөйтсе бұлар Кетебай Қиыновты өткен қоңыр күзден іздеуде. Таба алмай жүр. Оқу үйінің меңгерушісі болып жүргенін кездейсоқ біліпті. Сосын шұғыл шақырту жіберген.
— Біз мұғалім таба алмай 7ші, 8-ші бітірген балаларды жіберіп жатырмыз мектепке. Солардың өзіне зар болып қалған жағдайымыз бар. Сіз педучилищенің екінші курсын бітірген заңды мұғалімсіз. Мамансыз. Мұғалім болмай Тигендегі бастауыш мектебі екі жетіден бері жабық тұр. Қазір осыдан шығысымен ешқайда аялдамай сонда жетіңіз. Мектепті қабылдап алып, сабақты жалғастырыңыз, — деді нұсқаушы. Сол жерде бұйрықты қолына ұстатты. Сөйтіп бұл Тигенде бастауыш мектеп мұғалімі әрі меңгеруші. Алғаш сабақ беруі Оңай болған жоқ. Ауыздыбас мектебінде даусы саңқылдап тұратын Тұрар ағасының сабақ беру әдісіне қатты қызығатын. Кенжебай Дүйсенбаев, Қонысбай Жантаев ағалардың да сабақ түсіндіруі бөлек болатын. Қали қатарынша соларға ұқсағысы келетін. Форт-Шевченкодағы орта мектептегі білімді ұстаздарынан алған дәрісі және бар. Дегенмен талпынысы, еңбегі еш болған жоқ. Оқу жылын жақсы қорытындылады. Тигендегі колхоз басқармасының төрағасы Өтешов Рзахан еді. Баяғыда Иманбай ағасы қабырғасы сынған жерінен жазып алатын, әкесінің құрдасы Рзекең. Әрі бауырым, әрі балам деп ол пейілді қарсы алды. Жазда мектепті оңдауға қатты қолқабыс тигізді. Сол жылы күзде Мәстектегі Шевченко көп жылдық мектебіне мұғалім болып ауысты. Оның бір себебі мамасы әлі Мәстекте еді. Колхоз жұмысында. Келесі жылы Гурьев педучилищесінің үшінші курсын бітірді. Мұның оқуы осымен аяқталды. Арнаулы орта дәрежелі білім болып есептеледі ол.
Соның өзін бітірген адам ауданда сирек, Оқу талабы өте күшті. Сол жылы сессияға қатысқан 20 шақты адамнан 2-ақ адам Кетебай Қиынов пен Асқар Сүйеубаев қана бітіре алды III курсты. Күздегі оқу жылында Кетекең Мәстекке оқу ісінің меңгерушісі болып келді. Бір жылдан соң мектеп директоры. Сондағы қарауындағы мұғалімдерден қазірде көзі тірі Сары Ыбыраев пен Ергенгүл Төлегенов.
Сәкең артынан Гурьев педагогикалық институтының қазақ; тілі мен әдебиеті факультетін бітірді қазақ ССР оқу ісінің үздігі болды. Өз сөзімен айтқанда "ұзақ жыл жат жерде арып-ашып жүріп, 1961 жылы туған жеріне оралып, көңілін демдеген" Сәкең қазір сол Жармышында. 1959 жылы Ақшымыраудағы Калинин мектебінде мені бір тоқсан оқытқан ұстазым, Жармыш сегіз жылдық, мектебінің жанында интернаттың директоры ретінде үш жыл тәрбиешім болған. Шын айтса оны жасына жетпей қартайтып шашын ағартқан шалдуарлардың ішінде мен де бар көрінемін.
Ерекең ағаның өмір, еңбек жолдары өте күрделі түзілген. Ол әуелде молдадан ескіше сауат ашқан. "Құранды" жақсы оқитын, жаназа шығаратын білім иесі молда. Ауылда әдетте "мұндай молдаларды өзге дүмшелерден жоғары қойып", өлік адалдайтын дәрежелі деп жатады. Ерекең сондай. 1931 жылдың аласапыранында Түрікменстанға қаша, боса кешкен ол сол жақта қысқа мерзімді педагогикалық курс бітіреді. Мұғалім болады. 1936 жылы елге оралған соң да мұғалім. 1937 жылы жазда Фортқа мұғалімдердің август кеңесі сияқты жиналысына барып жүрген жерінен парктен шыға берісте ОГПУ тұтқынға алады. Содан кейін, Гурьев, Орал түрмелерінде екі жылдан астам тергеу астында отырған. Көр азабын тірісінде көрген. қандай азапқа да көніп, төзіп өзіне қойылған жалған айыпты мойындамай баққан. Мойындаса, су түбіне кететінін біледі.. Сөйтіп Ерекең Ерекеңдігімен босап ақталып шыға алған. Бостандықта дегенмен артына аңду қойылған. Ол орган құрбандығын оңайлықпен жібере салмайды. Қай күні ұстап әкетеді,—деп күші.
— Сондай шақта демеу болған Кетебай інім,—деп есіне алады Ерекең аға,—сірә, менің жайымды бек білсе керек, білмейтін реті жоқ, органның адамдары тікелей бастығым ретінде одан мен туралы тәлпіштеп сұрап, мошқағаны анық, бір күні оңашада "Аға, алаңдамай жұмысыңды жасай бер. Тек сақ бола гөр. Үй артының тыңшысы көп" деп ескертті.
Бұл ол уақытта үлкен ерлік еді. Мені есебін тауып басқа мектепке асырып жіберу директорымның қолында болатын пәлесінен аулақ деп. Кетебай інім оған барған жоқ.
Ергенғұл аға содан үзбестен ауылда мұғалім болып 59 жасында сырттай оқып, Гурьев педагогикалық институтын бітірді. Қазақ ССР оқу ісінің үздігі. болды. Қазір Жармыштың имам молдасы. Кетебай інісі бақилық болғанда құран шығарды. Ерекеңнің дағдысы жақсы көретін жандарының қаралы хабары құлағына тиген бойда жел батасын оқып, құран бағыштайды. Таңқаларлығы - көз жанары баяғысынша. Көзілдірік кимейді.
Кетекең марқұм қаламмен де жақсы жұмыс жасайтын адам болғанын мен енді біліп отырмын. Сірә, өмірінің соңында еңбек жолын қағазға түсіріп қалдыруға ниеттенсе керек. Әрине, онысы мемуар емес. Тек кейінгі, балаларға ескерткіш болып қалсын деген ой ғой. Бірақ онысын денсаулығына байланысты аяқтай алмаған. Тек 23 беттік қолжазбаны машинкаға бастырып түптеп қойған екен. Қанзия апа бір чемодан толы қағаздары мен фотосуреттерін жинап, тәртіпке келтіріп жүргенде үйлерімен бірге өртеніп кеткенін айтады. Кетекең, әншейінде шамалыға сыр бермейтін ер адам, өртенген үй мен мұқаммалдары үшін емес сол қағаздары үшін қатты қапаланса керек. Өкінішті - ақ, егер олар болса, құрметті оқырман, сіз бен біз талай сырға қанығар едік. Енді жоққа жүйрік жетпейді. Қолдағы бармен лаждап, әлгі 23 беттік қолжазбаға ғана сүйеніп жебейміз әңгіменің біразын.
Осы Мәстекке директор болып жүргенде Кетекең партия қатарына қабылданды. Артынан 1945 жылдың күзінде ауданның бірінші хатшысы аудандық партия комитеті саяси ағарту кабинетінің меңгерушілігіне шақыртты. Бірақ бұл іштей келісім бермеген. Сәл түскенде аудандық оқу бөлім мұғалім жоқтығын алға тартып бір жолға алып қалды. 1946-1947 оқу жылында Мәстектегі Т. Г. Шевченко атындағы орталау мектеп бала саны жетпегендіктен жабылады. 1937 жылы 54 ер-азаматын үкімет қойша көгендеп алып кетсе бала қарасы қайтіп көбеймек. Өңшең жесір күлге аунап туа ма. Жалпы халықтың, оның ішінде қазақтың өспей қалуының бірден бір кінәлісі кеңес үкіметінің өзі.. Соның бір мысалы осы. енді мектеп бастауыш мектеп болып қалды. Бар ауыртпалық Сары мен Ергенғұлдан ауыспайтын болды. Кетекең сияқты білімді ұстазды орнымен пайдалану қажеттігі туып, Ұштаған ауылындағы орталау мектепке директор етіп ауыстырды.
Ол уақытта білім сапасына қойылар талап өте күшті. Жалпы кеңес үкіметінің ол уақытта бұл бағыттағы қадамына қарап отырып қошың келеді. 1941 жылы көктемде Форттағы С. М. Киров мектебінде ақша төлеп оқыған 28 баланың сегізі (бірі, сірә К. Қиынов) ғана келесі сыныпқа көшкен. Ал ұштағанда 1945 - 46 оқу жылының қорытындысымен бір де бір оқушы жетінші сыныпты бітіре алмаған. Ол уақыттың тәртібі емтихандағы жазба жұмыстарының мәтінін, ауызша сынақтардың билеттерін оқу министрлігінің өзі дайындап береді. Бір де бір баласы көшпеген Ұштаған солай аудандағы ең нашар мектеп. Оны нығайту керек. Кетекеңнің директор болып келушінің себебі осы. Одан басқа мектептерден 5 мұғалім ауысып келді тағы. Соғыстан кейінгі жыл. Аш-жалаңаш балалардың дені оқуға құлықсыз. Жетіні бітіре алмаған балалар бұрынғы сыныбына қайта отыруға тіпті беттемейді. Бірақ тұтымы қатты Кетекең дес берген жоқ. Балаларды қайта оқуға тартты. Ауылға оқыған мамандар керектігін, жетінші бітірген біліммен де техникумға түсіп, ортан қолдай маман болуға болатынын түсіндіріп бақты.
Халық күш нашар. Соғыс салған жара шамалы уақытта жазылар емес. Ауылдағы аз үйдің көбі қара жамылып отыр. Қолдағы азын-аулақ жеке меншік малды бес жыл бойы сойып, сатып жаратып түгескен. Колхозда жұмыс жасайтын әр адамға тұтынушылар қоғамы арқылы айына 10 кило астық беріледі. 1946 жылдың қыркүйегінде үкіметтің колхоз мүшесі емес адамдарға колхоз мал, мүлкінен көмек бермеу туралы қаулысы болған. Мұғалімдер колхоз мүшесі емес. Оларға бұрын да қолы таршаң колхоз енді сауын, соғымның жігі сияқты көмегін бере алмайды. Аз жалақыға ештеңе алу мүмкіндігі тағы жоқ. Мектептің бұрыннан бар мұғалімдерінің отбасы мүшелері сол колхозда жергілікті адамдар. Олар әйтеуір ілініп, салынып лаждайды. Жаңадан келген 5 мұғалімнің жағдайы нашар.
1946 жылдың қараша айының бір күні ертеңгісін мектепке аудандық кеңестің төрағасы Сабыр Айбаров келді. Қасында ауылдық кеңес төрағасы Ербөлек Асарбаев бар. Әңгіме ұзара келе мұғалімдердің жай-күйіне ауысты. Оны соған соқтырған директордың өзі. Кетекең табиғатында жай, байыппен сөйлесетін адам. Айтарын солай жеткізді. Сырын білмейтіндер, оны әдеттегі нысанаға мысық табандап жақындау деп қалады. Жоқ олай емес, бұл Абай айтқан "нағыз ақырын жүріп, анық басу". Кетекең сондайлардың сойынан. Сол дағдысынан жаңылмай отырып төрағаға жағдайды түсіндірді. Айбаров,— рас па? — деп ауылдың кеңес төрағасына қарады.
— Қиынов жолдас дұрыс айтып отыр. Оларға қол ұшын беруге қыркүйек қаулысынан қорқып отырмыз.
— Мұғалім колхозшылардың балаларын оқытып отырған жоқ па? Сонда олар колхозшыдан қалай бөлектенуі тиіс ?
— Бөлектенбеуі тиіс. Осы мәселе төңірегінде колхоз бастықтарымен сөйлесіп көрсе қайтеді. Мен де көріп-біліп отырмын. Мұғалімдердің күйі нашар. Қол ұшын бергіміз-ақ келеді.Бірақ шаруаның билігі сол басшыларда болған соң, жоқтың жомарттың қолын байлап отырғаны рас.
— Ендеше колхозбен бүгін-ақ, осы қазір сөйлеселік. Бұл ертеңге қалдырмайтын қауырт шаруа.
— Екеуі сол жерден шығып колхоз кеңсеге кетті. Арада 2 сағат өткен соң Кетекеңді шақыртты. Кеңседе басқарма төрағасы орынбасарымен, Айбаров, Асарбаев төртеуі отыр екен. Колхоз басшылары да көшелі кісілер. Жағдайды түсінеді. Әңгімені көп созбаққа салған жоқ. Мектеп директорының талап, ұсынысына түсіністікпен қарап, бәріне келісті. Мұғалімдерге колхоз мүшелерімен бірдей қамқорлық көрсетілетін болды. Жағдайдың оң сипат алғаны сонша, алдыңғы күні отарда мертігіп қалған бір түйені жіктеп, мектеп мұғалімдеріне таратуға тәртіп те беріліп тастады.
Артынан партия жиналысы болды. Колхоз бен мектеп партия ұйымы бірігіп бір ұйым болып, хатшылығына бір ауыздан Кетебай Қиыновты сайлады. Кетекең енді осы ауылдың саяси басшысы, комиссары болды. Сол-ақ екен мұғалімдердің ауылдың қоғамдық мәдени, әлеуметтік өміріне қатысу белсенділігі артты. Білімді, сол уақыттың зиялысы шоғыр ықпалды күшке айналды. Басқа жерді білмеймін, Маңғыстауға ауылдағы партия ұйымының хатшысы мектеп директоры болатын Қыновтан басталған сол үрдіс 1960 жылдың орта шеніне дейін жалғасып келді. Мектеп басшысы саяси басшылық тізгінін ұстаған соң мұғалімдердің үй жағдайы да біршама жақсарды.
Ол уақытта мектеп директорына колхоз есебінен мініс келіп ат берілетін. Шартты ат делінеді ол. Колхозбен шарт жасасып алған кісінің кінәсінен өле қалса төлейтін, күтіміне толықтай жауап беретін қылып беріледі. Жалғыз мектеп директоры емес іс басындағы белсенділердің бәрі солай шартты атқа ие. Колхоз да оның басшыларының аужайына қараған жылқышылар да қу. Директордың көп жүрісі жоқ дегеннің желеу етіп көбіне арқасы жауыр, қыршаңқы тұғырды ысыра салуға бейім. Мұнда да иерархия. Жорғаны үлкен басшылар мінеді.. (Ә. Кекілбаевтың "Автомобиль" повестіндегі Шайхат басқарманың Теңілкөгін еске алыңыз ). Ферма басшылары желісті атты тақымдарына басса да риза. Шартты аты бар адам — есептегі адам. Ауылдағы дөкейдің бірі. Бүгіннің "Мерседес" мінген әкімінен бір де кем емес.
Кетекең директор болып келген соң директордың көлігіне деген көзқарас та түбірімен өзгерді Жүрісі жайлы, жүрдек, үркіп белең алудан аман, құйрық-жалы бота жеуден ада, төгілген, көрмеге әдемі ат берілді.
Ауданға жиналысқа барғанда Биқас пен Кетекеңнің аттары маған сор болды. Бағушы мен. Кешкісін екінші шахтаның сыртындағы шөбі бітік қолқатқа суарып, тұсап, ертеңгісін алып келу міндетім. Екеуі жиналыстан қолы босаса қыдырады. Мені атқосшы қылып алған. "Інісі бардың тынысы бар" деп қолпаштап қойып жұмсағыш — деп күліп есіне алады Сары Ыбырайұлы. Ұштаған мектебіне Кетекеңмен бірге келелі өзгеріп келеді. Балалардың үлгерімі жақсарады. 1947 жылы көктемде алдыңғы жылы көшпей қалған балалардың бәрі қолдарына жетінші бітірген куәліктерін алады. Мүмкіндігі барлары аудан орталығына барып, оқуын әрі қарай жалғастырады.
Осында Кетекең бір топ жақсы аға әріптестерімен танысады. Соның бірі Сәдуақасов Жолдекең. Бұл баяғы атақты Қожаназардың ұрпағы. 30-шы жылдары сол үшін бұл әулетте біраз жапа шеккен. Жолдекең, Салдыр, Егдір бұлар Сәдуақас кіндігінен үшеу. Егдір-Бекдашыға барып жұмыс жасап жүргенде, 1937 жылы "халық жауы" деген жаламен ұсталып содан оралмаған. Салдыр мен Жолдекең соғысқа қатысқан. Сәкең бейбіт еңбекте есепші болып еңбек етіп, 2005 жылы бақилық болды. Жолдекең соғыста офицер болған. Жараланған. Елге келген соң мұғалім. Майданда үйренген орысшасы әжетке жарап, орыс тілі мен әдебиетінен сабақ береді. Оқу ісінің меңгерушісі. Арнаулы оқуы бар пән мұғалімі болмаса да тоқуы мықты. Білгенін шәкірттеріне жалықпай үйретіп бағады. Өте талапкер ұстаз. Жолдекең сүйікті мектебінен зейнетке шықты. Ұштаған ауылының құрметті ақсақалы болды.
Бекжанов Жәли — осы Ұштағанның байырғы тұрғыны. 1939 жылы армия қатарына алынады. Содан енді елге қайтамыз деп тұрғанда соғыс басталып кетеді. Сөйтіп соғыстың басынан аяғына дейін қатысқан Жәкең ауылға Жеңістен соң оралған. Бастауыш сынып мұғалімі. Ерік-жігері берік, екі сөздігі жоқ, табанды ұстаз.
Саймағанбетов Дила - Ұштағанға атын бас әріппен жазып қалдырған ардагер. Соғыстан жараланып қайтқан соң Шетпеде аз уақыт мұғалім болып, Ұштағанға ауысып, осында бір жола тұрақтап қалады. Дилекеңді біз де көріп, әңгімелесе қалдық қазақтың нағыз түс шалы еді. Сәбеңше айтқанда қара әңгіменің антологиясы. Тірі шежіре. Үлкенмен де, кішімен де тез тіл таба кетеді Маңайына жайлы, балажан. Әр адамның қалыпты қарекетінен, кәсібінен тыс жаны сүйіп істейтін бір ісі болады ғой. Орысша оны хобби дейді Дилекеңнің хоббиі бағбандық. Ұштаған құм жиегіндегі тепсеңге орналасқан ауыл. Суы жақын және тұщы. Құм шетінен белуардан қазса су шығады. Дилекең ауыл шетінен бақ егуді қолға алады. Алдымен бұл іске Кетебай бастаған мектеп мұғалімдерін жұмылдырады. Шөл өңірде туып өскен, бой салып өскен өсімдік атаулыда жыңғыл мен шиден басқа ештеңе көрмеген Кетебайға бұл таңсық. Таңсық нәрсенің құмарлығы, құштарлығы ере жүретіні белгілі. Кетекең көгалдандыру, бағбандық мәселесінде Дила ағасына бірінші қолқанат болып шыға келеді. Арнайы шаруа қылып Форт — Шевченкодан көшет алдырды. Маңғыстауда жеміс ағашынан өсетіні өрік пен тұт. Тұт онда да Тұпқараған бетте. Қаратау бойында тек тұт. Жармыштың Сарықауағында атамзаманнан қалған бірер түп жиде бар. Жеміс ағаштары, егін, күтіп, баптауы жұмбақ болған соң ұштағанда әуелі еккендері кәдімгі қара тал. Ұштаған ауданда алғаш жасын желек жамылған ауыл болды. Кетекең мұғалімдерге үйлерінің жанына ағаш егіп, ауыл тұрғындарына өнеге көрсетуді міндеттеді. Қазақ жақсыға үйір ғой, бұл бастама қанатын жайып әкетті.
Бас-аяғы бірер жылда Ұштаған мектебі аудандағы алдыңғы қатарлы мектептің санатына қосылды. Оқу базасы да жақсарды.
Жалпы соғыстан соңғы жылдар ел өміріне үлкен серпіліс әкелді ғой. Зұлмат соғыста жеңіске жеткен халық соның жемісін көруге, жақсы өмір сүруге әбден құқылы еді Нұрлы болашаққа ұмтылды ел. Мал басы қаулап өсті Тұрмыс түзеле бастады. Соның бір көрінісі жер-жерде бой көтерген типті мектеп үйі. Типті болғанда П әрпі тәріздес етіп салынып есігі ортасынан шығарылған мектеп. Оқу екі ауысыммен. Біздің Жармыш, Ұштаған сияқты суды жерде, мектеп сырты қоршалып жасалған шағын тәжірибе учаскесі бар. Үлкен жетістік. Ол Ұштағанға алдымен келді. Кейіннен ауданда Шахта орта мектебіне қоса тағы екі орта мектеп ашу қажеттігі туғанда таңдаудың, әуелгі Ұштағанға түсуі бір жағынан оның осы артықшылығынан еді.
Ресми түрде Ленин орта мектебі аталған бұл мектеп аудандағы құтты оқу орны болды. Қазір республикаға белгілі талай азаматтар осы мектеп қабырғасынан түлеп ұшты. Соның бірі, бірегейі Әбіш Кекілбаев. Ол оныншыны осында оқыған. 1956 жылы фестивалға қатысып, Гурьевке барып, соның шаруасымен жүріп, бір сабақтың емтиханын Шахта орта мектебінен тапсырып, аттестат алып, сол мектепті бітірген делініп кетіп, өмірбаянында қате дерек беріп жүр Әбекеңнің.
Ұштаған ауылының көне көздері әлі күнге Кетекең атын ауыздарынан тастамайды.
К.Қиынов Ұштағанда 1949 жылдың қыркүйегіне дейін директор болды.
Бұл әңгімеміздің басын "Ауыл мұғалімі' деп бастап, кейіпкеріміздің ауылдағы мектептегі еңбек жолына шолу жасап едік қой. Сол ырғақтан жаңылмай осы жерден ілгері аттап, 1953 жылға озалық бірден. Себебі, Кетекең 1953 — 54 оқу жылында тағы ауылда болды.
Қазіргі Қаражанбас, Қаламқас атымен мәлім Бозашының Каспийге қараған жағалауы ол жылдары толы ел. Бір жағы малмен, бір жағы балықшылықпен айналысатын бірнеше колхоздар бар. Негізгі елді мекендер баяғы төңкерістен бұрынғы орыс балықшыларының кенті Долгий. Солтүстік шетінде Жандауыр. Орта Еспе елді мекені колхоз құрылысынан соң іріленген. Беріге дейін бұл маңай Шевченко ауданына қарап келді. Ауылдық кеңес аты Орта Еспе деп аталады. Жеті жылдық мектебі бар. Ауылдағы өзі сияқты көп мектептердің бірі. Кетекең сол жылы жазда Оралдағы 2 жылдық мұғалімдер институтын сырттай оқып үздік бітірген. Институт аталғанмен ол жоғары оқу орыны болып есептелмейді.
Педучилищеден айырмасы жекелеген пәнді тереңдетіп оқытып, соған мамандандырады. Аяқталмаған жоғары дәрежеде білім береді. Патша үкіметі кезіндегі мұғалімдер семинариясының ізі. Маңғыстауда бұл ол уақыттың үлкен білімі. Оны бітірген Кетекең сірә нағыз білімдар адам.
Орта Еспе су жолымен облыс орталығы Гурьевке жақын. Балықшылары облыс орталығының балықшыларымен бір жүріп ау тартады. Келімді-кетімді уәкіл көп, сыншы көз көп. Содан мектепті нығайту керек болды да К. Қиынов директор етіп жіберілді. Бір оқу жылы осында өтті. Жай өткен жоқ, мектептің оқу, тәрбие жұмысы бір белеске көтерілді. Егер осы бағытпен кете бергенде Орта Еспе орталау мектебі сөз жоқ орта мектепке айналатын еді. Қырсыққанда қымыран іридінің кері келді. Колхоздар таратылып, малы іргелес шаруашылықтарға малшысымен қоса беріліп, балық кәсібіндегілер басқа жаққа көшірілетін болды. Қараңғы ел мұның тасасында жерді түгелімен әскерлерге беріп, сынақ полигонына айналдыру саясаты жатқандығын білген жоқ ол кезде. "Басқа түссе баспақшыл" деп айдаған жаққа көшіп кете барады. Қара орман, қара жұрт, баба зираты айналасы аз айлардың ішінде адыра қала барады. Сонда Орта Еспе елінің қоныс аударып ірге тепкен жері. Қазіргі Шиліқұдық теңіз жағасында қирандылары қалған. "Путь к Коммунизм" колхозының жұрты.
Орта Еспеге зордың күшімен қимай жіберген аудан өз кадрлары К. Қиыновты Таушыққа кері алдырды. Сөйтіп, ауыл мектебінің ауыртпалығы біржола дерлік артта қалды.
Қазір саясатшыларымыз қазақтың қаймағы ауылда деп жағы сөнбейді. Өте дұрыс айтылған сөз. Қазір солай болғанда, ол уақытта тіпті солайырақ болатын. Қазақтың бүгінгі мен деген қаламгерлері, ұлт жанды қайраткерлері сондағы ауыл перзенттері. Ауылда оқып, өсіп, биік мансапқа қол жеткен азаматтардың алды кең, пейіл жұмсақ, мейірбан болып келетін болса, ол сол ауылда алған қазақи тәрбие жемісі. Ең алдымен баяғы едені сыз, пеші түтін • тартпайтын, сыры кеткен тақтаға бормен жазған жазуы әзер көрінетін, терезесі жамаулы мектеп үйінде бар білігі мен білімін шәкіртіне аямай берген көнетоз киімді ауыл мұғалімінің еңбегінің жеңісі.
Ауыл байғұстың білімді мұғалімге жарығаны да 60-шы жылдардың орта шенінен соң. "өзінде болмай өзегің жарымайды" деп әр мектепке сол ауылдың, өзінен шыққан перзент мұғалім болып көптеп келмей, бұл да күрмеуі қиын мәселе болып қала береді екен.
Соны көкейіне ерте бастан түйген сұңғыла Кетекең сол бір жылдары ауыл балаларының жоғары педагогикалық білім алуына көбірек пейілді болды. Елден оқуға аттанған бала алдымен аудан орталығына келеді, Кетекеңнің үйіне соғады. Бұл үй аялдама, бекет іспетті. Сондайда ұстаздыққа бейім қабілеті бар баланы сұңғыла ұстаз бірден аңғаратын. Жанына жақын тартып, ақыл-кеңесін айтатын.
Баяғыда 1937 жылы "халық жауы" болып ұсталып кететін Кедей жер өлшеуші Тайман бар еді ғой. Ол отырған Ауыздыбастыдағы қора осы күнге дейін Тайман қора делінеді Ізінде қалған ат ұстары Үгіт. Мектепті жақсы бітірген Үгіт алысқа шабатын қабілет иесі еді. Бірақ "халық жауының баласы" деген қалбыры бар. Есепте тұрады. Алматы асса тауы шағылуы мүмкін. Соны қауіп қылған Кетекең інісіне педагогикалық институтқа баруға кеңес берді. Үгіт құп алды. Институт бітіріп, елге мұғалім болып келді. Ағасымен екеуінің еңбек жолы Таушықта - Шахта орта мектебінде тоғысты. Кетекең басқа жұмысқа ауысқанда, ағасының орнын басып, осы мектептің директорлығынан зейнетке шықты.
Кетекеңнің білім алған жері Орал. Сондағы мұғалімдер институтын бітіргеннен кейін 12 жылдан соң 1965 жылы сондағы А. С. Пушкин атындағы педагогикалық институттың тарих факультетін үздік бітірді. Патша кезінде Орал қазақ әскерінің астанасы Орал ежелден оқу орны шоғырланған жер. Қазан бүлігінен (революция-төңкеріс; емес бүлік. Бір топ жолы оңғарыла кеткен авантюристердің мемлекет зорлықпен басып алуы) бұрын онда ерлер мен әйелдер гимназиясы, реалды училище, әскери іскерлік мектеп болған. Қазақтан шыққан тұңғыш мұнай инженері, Батыс Алашордасында интендант қызметінің бастығы болған Беронғали Атшыбаев осындағы реалды училищеде, әскери мектепте оқыған. Кейіннен Москваның Губкин атындағы институтын бітірген. Сол Орал біраз жыл облыс орталығы болып Маңғыстау соған қарады. Маңғыстауда 1920 жылы Түркіменстаннан алып Қазақстанға қосуға алдымен ат салысқан, бұл мәселеде Тобаниязды батыл қуаттаған Оралдық іс басындағы зиялылар. Мың болғыр ағайынды Әлібековтер, Сейітқали Меңдешев. Оралмен сол ағайынгер игілік байланыс бері келгенше, тіпті осы күнге дейін үзілген жоқ. Қазақстанның батысында алғашқы пединститут Оралда ашылып, оған Маңғыстаулықтар көп оқыды. Марқұм ғалым, филология ғылымының докторы Макерия Атымов осы институт түлегі. Оралдың; білімі таңдайына татыған Кетекең көп тұрғыластарының, інілерінің осындағы институтқа түсіп оқуына ықпал етті.
К. Қынұлының соғыс жылдарының талабына орай мұғалім болып қалғанын айттық қой. Әдетте мамандығына кездейсоқ келіп қалған адам кейіннен табаны сырғақтап сыр бере бастар еді. Тумысында табанды жан олай өткен жоқ. Қайта ол мектепсіз күні жоқ,, мектеп екінші шаңырағы, мұғалімдік күн көрістігін қамтамасыз ететін кәсіп емес, өзін; саналы өмірі деп біліп өтті. Оның о баста тарихшылықты таңдауы да тегіннен тегін емес. Тұрғыластарының, айтуынша Кетекең математик екен. Барлық пәнді жақсы білген. Бірақ, есепке өте жүйрік болыпты. Химия, биологияны да өгейсітпеген. Әдебиетке сірә жақсы. Соған қарамастан тарихшы болған. Себебі барлық білімнің анасы делінетін тарих творчестволық, ілім. Төңірегіне ойлы көзбен қарайтын, мәнді өмір сүруге бейім әр адам үшін саналы тірлік тарихпен біте қайнасу. Оған неғұрлым етене бола түссең, өмір ағысында болған, болып жатқан, болуға тиіс құбылыстардың бәрі саған тікелей қатысты екендігін сезінесің. Тарихта тарих өз сөзін ғана айтып қалдыруға тиіс. Өкінішке орай олай болмапты. Болмайтыны шындық бар жерде өтірік бар. Екеуі егіз. Екеуінің де жаны сірі. өмірмен бірге өршеді. Шындықтың өміршең болатыны ол құдайдан басқаның меншігіне айналмайды. Өтіріктің өміршең болатыны ол әр пенденің аузында жүр. (Оқырман, бұл көп жыл тарихпен етене болып жүріп мен келген қорытынды, өзім қисындаған тәмсіл. Келіспеулеріңізге болады.)
Тарих шындық, жағында, ал өтіріктің ту ұстаушысы адам, адам қолымен жасалған саясат. Мысалды алыстан іздемей, өзіміз білетін орыс пен кешегі кеңес тарихын алайық. Ұлы реформатор I Петрға дейін тарихы бір бөлек. I Петр өзінің қалауына байланысты оны қайта жаздырып, өзінен бұрынғы ұлы патша 3 Иванды, Иван тұрсын туған әкесі Алексей Михайловичті қоқыс салған жәшікке атып ұрды. 2 Екатерина, күйеуінің басын жұтқан патшайым өзін ақтап, мақтап тағы тарих жазғызды. Павел 1-ді өлтіріп таққа отырғандардың дербес тарихы келді дүниеге. Коммунистер бәрінен озды. Ленин, Сталин, Хрушев, Брежнев—әрқайсысының саясатына орай жазылған жеке-жеке тарихы бар. Коммунистер барды барымталап құртып еді. Сонысын ақтап тарих жасады. Кеңес одағы тарқаған соң халықтың ортақ байлығы талауға түсті. Қазір бұларды ақтау үшін тарих жазылып жатыр ТМД елдерінің көбінде. Даусыз аксиома - кезеңі келгенде шындық үстемдік құрып шыға келіп, бәрінің де қоясын ақтарады. Өмір көші осылай жалғаса бермек.
Өзін лениншіл большевик деп 6ілген, Сталин заманында қызметке араласқан, Хрушев, Брежнев, одан кейінгілер кезеңінде де ауылдағы саясат тізгінін ұстап, Кеңес үкіметінің жаназасын шығарысқан тарихшы мұғалім Кетекең де өз заманының перзенті. Көп нәрсенің куәгері.
Мен ол кісінің алдында оқып, дәрісін алған емеспін. Солайын солай болғанмен батыл айта аламын — ол тұстас нағыз тарихшы ұстаздар пәнін жоғарыдан негізделіп берілген жоба-жоспар бойынша оқыта отырып, шәкірттерінің оқығандарынан өз бетімен іштей қорытынды шығаруына ықпал етіп бағатын және оны өте шеберлікпен жүзеге асырады. Оқушының ойлау қабілетін ұштайды. Тоталитарлық режим кезінде одан әріге бару мүмкін емес-ті. Соның өзі үлкен ерлік болатын. Соның жемісі, жеңісі кеңес үкіметі бір күнде тырапай асып, одақ, олақ қатын қабыған көрпенің тігісіндей сөгіп сала бергенде аза тұтқан, көзінің жасын көл қылған ешкім жоқ. Оны осылай болуға тиіс өзгеріс ретінде жайбарақат қабылдады. Ұлтжанды зиялыларымыз бірден өз көшін көлікті қылудың қамына кірісті. Кеңес Нұрпейісов, Мәмбет Қойгелдиев, Талас Омарбеков, Көшім Есмағанбетов сияқты ғұлама тарихшыларымыз қазақтың жаңа тұрпаттағы шыншыл тарихын жасауға белсенділікпен кірісіп кетті. Бұл аталған алыптардың бәрі аспаннан салбырап түскендер емес. Жусан исі аңқыған далада, қазақтың қара шаңырағы астында туып, тезек түтінін жұтып, айран жалаған ауылдың перзенттері Кетекең сияқты ауыл мұғалімдерінің кешегі шәкірттері.
Ал осыдан соң ауыл мұғалімінің беделін аспандатпай көр!
Ауыл мұғалімінен айналмай көр!
Қазақ қазақ ауылы барда ауылдың ақ жүрек нағыз мұғалімдері жасай береді. Абыройы аласармайды!
АУДАНДАҒЫ МЕКТЕПТЕ
1948жылы кенеттен Кетекеңді аудандық партия комитеті шақыртты. Шақырту әдеттегідей аудандық оқу бөлімі, не атқару комитет арқылы емес. Және бірінші хатшының өзі. Не де болса тегін шақырыс емес екенін сезген Кетекең атқа ер салды. Ертемен жолға шықты. Ұштаған мен Таушық арасы атты кісіге алыс жол емес. Желе шоқытып отырған кісі кешке жетіп қонады.
Жай, сабырлы Кетекең көлікпен де қатты жүрмейтін. Атын аяңнан асырмайды. Астындағы атының аяңы да қасыңдағыны бүкіл шоқыраққа не жол жорғасына салдырып отыратын жүрісті жануар еді.Сонысымен қонаға жетіп, ертеңіне аудандық, партия комитетіне келді. Күтіп отырған хатшы бірден қабылдады. Комитет аппаратына қызметке шақырады. Нұсқаушылыққа. Артын көре жатармыз ғой деген емеуріні бар. Кетекең түсініп отыр—аты дардай бұл органыңыз да маман кадрларға зәру. Барлары қара тәжірибенің адамдары. Жазу сауаты кемшін. Бауыр басқан мектебін қия алмаған, ең бастысы енді ғана тұнығына бойлап, жан-тәнімен құлай берілген ұстаздық мамандығын қимады. Ұсынысқа ыңғай бермеді. Онысын хатшаға сыпайылап жеткізді.
Аудан орталығына тағы бір келісінде сол ұсыныс және айтылған еді. Бұл жолы да сытылып кетті.
1949 жылдың тамызында ауданға шұғыл шақыртты. Бірінші хатшы Әмір Бақыраев деген кісі еді.
Маңғыстауда талай бірінші хатшылар болды Кеңес кезінде. Бәрінің де ізі бар, халқынан алған жаманды-жақсысы бағасы бар. Елдің еңсесі пәс қиын кезде тізгін ұстаған марқұм Әмір ағаға дегенде бұл елдің ықыласы бөлек. Көне көздер ол кісінің әділдігін адалдығын, іскерлігін әлі күнге аузынан тастамайды. Маңғыстаудан кейін де Әмір Бақыраев Гурьев облысының бірсыпыра аудандарында басшы қызметтерде болған. Зейнетке шығып Атырауда осы бертінде бақилық болған.
Кетекең жоғарыда айтылған жазбаларында хатшының сол соңғы шақырғанда айтқан сөзін былай түсіріпті.
"Ауданда маман кадрлар жетіспейді. Қазіргі жұмыс жасап жүрген қызметкерлеріміздің барлығының дерлік жасап жүрген жұмысына сәйкес білімдері жоқ Жергілікті қызметкерлеріміз бен жастарды оқытып, ауданға керек мамандарды өзіміз даярлауымыз керек. Мұндай мамандар даярлау үшін оларға әуелі орта білім беру қажет. Ауданда орта білім беретін бір ғана Шахта орта мектебі. Ендігі жерде біздің университетіміз Шахта орта мектебі болады. Осы мектепті бітірген жастарды одақтың, Республиканың жоғары оқу орындарына оқыту арқылы ауданға керек кадр мәселесін шешеміз. Бұл үшін Шахта орта мектебінде оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын жоғары сатыға көтеру керек. Мектепті бітірген жастар жоғары оқу орындарына түсе алатын және оны бітіріп мамандық алған соң оралатын ел жанды, ұлтжанды болып қалыптасатын білім мен дағды беруді қамтамасыз етуіміз керек. Осы жұмыстарды ұйымдастыруға аудандық партия комитеті сізді шақыруды мақұлдады. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін".
Кетекеңде қарсылық болған жоқ. Хатшыдан шыққан бетінде мектепке жаңа тағайындалған орны оқу ісінің меңгерушілігіне келді.
Маңғыстаудың лицейі аталған Шахта орта мектебінің мазмұнды тарихы сөз арасында айта кетуді көтермейді. Арнайы тоқталуды қажет етеді ол. Сондықтан бұл жолы жолымыздан ауытқымалық.
Аудандағы бірден бір орта мектеп делінгенмен базасы нашар. Толық екі ауысымда жұмыс жасайды. Таушықта ол уақытта соғыстан бұрын, соғыс кезінде көмір өндірісіне келіп қалып қойған, аудандағы әр түрлі қызметке тартылған орыс отбасылары да баршылық еді. Ол уақыттың орыстары қазіргідей емес, балалы-шағалы. Бала - бақыт деп білетін баба үрдістерін жоғалтпаған. Оқу жасындағы балалар көп. Соларды ана тілдерінде оқыту үшін -VII орыс сыныптары ашылды. Осылайша Маңғыстаудағы аралас мектептің негізгі әуелі Таушықта қаланған еді Оларға орысша сабақ беретін орыс мұғалімдері де жоқтың қасы. Пелагея Генералова бастауыш сынып мұғалімі. Пән мұғалімдері жоқ Бесіншіден жоғары орыс сыныптарына қазақ мұғалімдері орысша сабақ берді. Бір жақсысы Маңғыстаудағы ол кездің орыстары қазақша біледі. Кей-кейде мұғалім орысшасы жетпей қалған жерін қазақша түсіндіре беретін. Оның айып-шамы жоқ. Басты нысана - шәкірттің оқу программасын толық меңгеруі. Қазақ тілі екінші ана тілі болып кеткен балалар қазақшаға шорқақ достарына сабақты пысықтап үйретіп, мұғаліміне көмекші бола кетеді Кейіннен орыс сыныптары жабылып, Таушықта қалып қойған орыс отбасыларының балалары қиналмастан қазақ сыныптарына ауыса қойды. Марқұм Пелагея апай туған жерімнен ешқайда кетпеймін деп көшпей қалды. Орыс тілінен сабақ берді. Баласы Виктор Черный марқұм—өзінің айтуынша.
Бектұр Қарауұлы, руы Адайдың дөнен орысы (құнанорыс Адайдан дөнен шыққан жалғыз орыс менмін деп күлдіретін мектептен соң қазақ политехникалық институтын бітіріп, Ералив ауданында, облыста басшы қызметтерде болды. Қазаққа үйленді. Ұрпақтары осында тұрады. Апасы Алевтина қазақтан келіні бар. Радист Чукалин де солай қазаққа сіңіп кетті. Бауырмал қазақ өзім деген жақсыны ұлтың өзге деп сыртқа теппеген. Ондай қасиет орысқа да тән. Орыс атын жамылып алып, бұл ұлтты жаманатқа қалдырып жүрген жат текті Жириновскийлердің жөні басқа. Оның, анау қисық қыңыр Солженициндердің от қақты әңгімесі үшін қалың орысты күйдіруге болмайды.
Сондағы жаңа оқу ісінің меңгерушісі К. Қиыновтың бір жаңа қадамы - орыс сыныптарына орысша оқуға тілек білдірген қазақ балаларын да қабылдады. Орыстармен аралас-құралас жүріп, орыстың ауызекі тілін бір сыдырғы білетін қазақ балаларын соған үгіттеді. Сондағысы балалары соңыра Одақтың бірден бір мемлекеттік тілін жақсы үйренсін, білсін дегендік. Онысы оң бастама болды.
Ауданда соғыс салдарынан, қол қысқалықтан орта білім ала алмай қалған жастар көп. Ел көп шоғырланған Таушықта да жетіп артылады олар. Солар үшін кешкі мектеп ашылды. Осылайша мектеп үш ауысыммен оқытып болды енді. Ол кезде мектеп директорының бір ғана орынбасары болады. Ол оқу ісінің меңгерушісі болып саналады. Мектеп жанында интернат бар. Онда аудан колхоздарынан келген VIII-Х сынып оқушылары жатып оқиды. Оған да бақылау жасайтын орынбасар. Сол сан-сапат шаруаның бәріне үлгіру үшін Кетекең таңертең ерте кетеді, кешке кеш келеді Түсте бір сағат үзілісі бар. Сонда ауқаттанып алуға әзер үлгереді. Қанзия да жұмысбасты. Бір жақсысы екі ұстаз ол жылдары үй-ішілік Тірлікке көп алаңдаған жоқ. Зеріп шешелері бұл шаруаны тастай қағыстыратын. Демалыс күндері тағы жұмыс. Бұл күн мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің оқу, тәрбие жұмыстарының пәндік, көркемөнер үйірмелерінің жұмыс жоспарын бекітеді. Сынып журналдарының толтырылуын, мектептің әр түрлі іс-қағаздарын. тексереді. Кетекең әу деп ән салмаған кісі. Ән салуды айтасыз, оның жігіт шағында көп тараған ән "Маржан қыздың" әуеніне құлағы қанық болғанмен сөзін айтпай өткен кісі. Бірақ баяғы Адайды әнмен қырған Өтеу бабаларынан тартқан қан қойсын ба, өнерді өте-мөте сүйіп, өнер десе ішкен асын жерге қоятын болған.
Көркемөнерпаздың үйірмесінің әр басқосуына ерінбей қатынасып, қадағалап, мереке алды дайындықтарын тезінен өткізіп отыруды дағдысына айналдырған. Қысқасы, мұғалімнің әр сағаты санаулы болса, Кетекеңде тіпті санаулырақ. Сағат дегенде еске түскен балалық кездің бір естелігі:
Біздің Жармыш мектебінің директоры, қазақ; тілі мен әдебиеті пәнінен ұстазымыз болған Бекқожа Еділханов марқұмның бір әдеті шай үстінде былғары бауы бар ескілеу "Победа" сағатын алдына дастарқан үстіне қойып отыратын. Қоңырауға 20 минут қалғанда шынаяғын төңкереді. 10 минут қалғанда үйден шығып үлгереді. Мектеп пен үй арасы жақын. Ақырын жүретін Бекеңе 5-7 минуттық жол. Сынып бөлмесіне балалардың соңын ала кіреді. Сағаты сынып журналының қасында жатады енді. Бекең марқұм осы әдетін зейнетке шыққан соң да бірер жыл қоя алмай шай үстінде сағатын алдына алып отырыпты. Ауылда Бекеңнің сонысын жұрт "Кетебайшылап" десе Таушықтың елі Кетекеңнің осыған ұқсас педанттығын "Жармыштағы Бекқожа ағасы құсап" деседі екен. Дегендер дей береді ғой, бұл уақыттың қадірін білудің, білгеннің нағыз мақтарлық үлгісі. Бұл мәселеде ұпайын жоғалтып жүретін, енді қашанғы жоғалта берері белгісіз қазақ үшін, соның ішінде Маңғыстаудың Адайы үшін нағыз қажет, өміршең өнеге.
Шахта орта мектебінің соғыстан кейінгі директорларының бірі Арон Өтеуов еді. Соғыстан жараланып келген майдангер. 1949 жылдың қазан айында облыстың оқу бөлімі оқу жасындағыларды міндетті оқуға тегіс тарта алмады деген айыппен А. Өтеуовты орнынан босатып Н. Бейсенов дегенді тағайындайды орнына. Шынында бұл жала еді, — дейді Кетекең жазбасында бұл жайға куәлік беріп — Таушық түгілі оның маңайында оқуға тартылмай қалған бір де бір бала болған жоқ. Арекең бұл мәселеде өте мұқият талапшыл еді.
Кейіннен Маңғыстау, Бейнеу аудандарында жоғары басшылық жұмыстарда болған марқұм Арон Махуұлы Өтеуов ағамыз кезінде осындай да қиянат көріпті. "Ақтың ісін ақымақ сөндірмейді" Арекең жүрген жерінде Арекең болып өткен арыс.
Жасыратын несі бар, көп жылдар бойы Гурьев Маңғыстаудағы басшы кадр мәселесінде белден басумен болды. Жергілікті жердің жағдайымен, көңіл күйімен санасып жатпайды. Маңғыстау өзімшіл, жершіл, рушыл облыс басшылары үшін кінәлі болғандарды ысырып Жіберетін, онда да басшылық жұмысқа, резервация, кейіннен жоғарылатып әкететін ағайындары үшін трамплин баспалдақ, плацдарм, ең соңында өздерің әміршіл құдіретін осы елге танытып, сол арқылы сыннан өтетін ұр томпақ; кадрлар үшін тәжірибе алаңы, полигон болды.
Аудандық, оқу бөліміне нұсқаушы болып кеткен А. Өтеуовтің орнына келген жаңа директор Н. Бейсенов бұрынғы жұмыстарында елеулі кемшілік жібергені үшін қуылған адам болып шықты. Орта мектепте директор болу үшін аяқталған жоғары білімі, белгілі бір дәрежеде педагогикалық іс-тәжірибесі болуы керек қой. Н. Бейсенов мұның бәрінен мақұрым. Тіл педагогикалық курсты да бітірмеген. Бұрынғы жерінде кинорежиссер болған. Мамандығы жоқ болғандықтан оқытатын пәні де жоқ. Өзімен сөйлесіп көргенде 'орыс тілі мен әдебиеті пәнін қолайлайды. Жоғары сыныптарда орыс әдебиетінің мұғалімі жетіспейтін. Соны алды. Қалалық жігіт, орысша біледі, орыс әдебиетінен хабары барырақ, шығар, сол білгенін балаларға үйретсе аз білім емес деп ойлаған. Бірақ ол үміт ақталмады.
Н. Бейсенов бұл жағынан нағыз санасында саңлауы жоқтың өзі екен. Солай екенмін-ау деп ең болмаса ізденіп те жарытпайтыны байқалды. Әйтеуір сыныптарға шыққанына мәз. Мектеп жұмыстарына басшылық, бақылауда да шаруасы болған жоқ,. Себебі, бұл саланы білмейді. Білмеген соң басы ауырмайды. Көп ретте директорының өзіне педагогикалық; этика, дағды, әріптестерімен, шәкірттермен қарым - қатынас, өзін өзі ұстау мәдениетін үйрету орынбасары Кетекеңнің міндетіне айналды. Маңғыстауда кең таралған бір құл айтты делінетін: "Өзім құлдығымнан құтыла алмай қасқам қайнап жүрсе Хиуаның хан базарымда бір шұнақ құлақ құл нағашекелеп етегімнен ұстап жібермейді" деген сөз бар еді. Соның кері келіп, бір қолын екі ете алмай жүрген Кетекең солай хас пәлеге қалды да барды. Сөйтіп бір оқу жылы аяқталды. Келесі жылы Н. Бейсенов кетіп орнына Дияр Төлебаев деген жаңа директор келді. Қызылорданың педагогикалық институтын бітірген тарихшы. Мектеп жұмысынан, басқару жұмысынан жеткілікті тәжірибесі бар. Адамгершілігі де жоғары. Жұмыс біршама жеңілдегендей болды. Мектептегі басқару жұмыстарының міндетін орынбасары екеуі бөлісіп алды. Оқу сапасы мен тәрбие Кетекеңнің міндетіне өтті.
— Жұмысты өзінің барып істей алмасаң, өзгелерден батыл сұрай алмайсың. Бұл К. Қиыновтың кредосы, қызмет жолында берік ұстанған қағидасы. Сонысын осы Шахта орта мектебінде қалыптастыра түсіп. Мұғалім үшін сабақ беру әйтеуір 45 минутты өткізу емес. Ондай мұғалімнің барынан жоғы. Ұстаздық қызметтің сабақ беруден бастап, шәкірттерінің азамат болуына дейінгі барлық қызметі жоспарлы, жүйелі болуға тиіс. Ол және қатып қалған догма бойынша емес, творчестволықпен дамып отыруы қажет. Осындай талап иесі Кетекең Шахта орта мектебінде көп шараларды жүзеге асырды. Сол бойынша 1 сыныпты қабылдаған мұғалім ол балаларды бесінші сыныпқа дейін оқытады, сынып жетекшісі болады. Содан кейінгі сынып жетекшілік шәкірттері кәмелеттік аттестат алғанша жететіні болады. Пән мұғалімі де солай, бесіншіден оныншыға дейін сол пәннен оқытады. Ауданда соған дейін әр түрлі себептермен мұғалімнің мектептен мектепке ауысуы жиі болатын. Ол былайғы шаруасы мектептен қолы көп босамағандықтан көбіне шатқаяқтап жататын мұғалім отбасына қосымша ауыртпалық. Жаңа ауылға сіңісуі қиын. Ағайын-тумадан жырақтайды. Ең азы бұрынғы қонысына үйренген аз-мұз ірі қарасына дейін жат ерікке байырқаламай жоғалып әлекке салады. Кетекең мұғалімді белгілі бір мектепке тұрақтауға күш салды. Оны әр түрлі жиналыстарда мәселе қылып көтерді. Тиімділігін дәлелдеді.
Аудан орталығында кәсіптік-техникалық училище бар. Бұл да атақты оқу орны. 1960 жылдардың орта шенінде онда оқушылар саны 400-ге жуықтады. Аудандағы механизатор кадрлар, жаңадан ашылып жатқан Жетібай мен Өзендегі шофер, тракторшы мәселесін шешкен осы училище. Жасыратыны жоқ, жұмыс қолына зәру колхоз сегізінші бітірген ер балаларды осында оқытуға көбірек мүдде танытатын. Сол бағытта үгіт те жүргізіп бағатын. Кетекең бастаған ел жанды, ертеңнің қамын көбірек ойлайтын мұғалімдер аудан басшылары алдында сегіз жылдық мектепті жақсы оқып бітірген балалардың, әсіресе қыздардың ары қарай орта білім алуына жағдай жасалу мәселесін батыл қойды. Ол онды нәтиже берді. Шахта орта мектебінің кейбір шәкірттерінің мектеп бітірген соң жоғары оқу орындарына барып оқуға мүмкіндігі болмай қалды. Көбі әкелерін соғысқа берген жетім. Енді бірінің әкелері мүгедек. Тағысын тағы себептер жетіп артылады. Мектеп дирекциясының араласуымен оларға аудан тарапынан көмек берілді Жетпегеніне интернатқа бөлінген қаржы есебінен ақша ауыстырылды. Бір жылдары Кетекең өзі бас болып, мектеп мұғалімдерінен ақшалай көмек жинады. Сонда мұғалімнің де шекесі шылқып жүргені шамалы. Бірақ шәкірттеріне көмегін ықыласпен беретін.
1952 жылы мектепті 32 оқушы бітірді Осыншама баланың ауданда орта білім алуы үлкен оқиға болды. Білімді кадрға сусап отырған аудан олардың түгел оқуларын әрі қарай жалғастырып, білімді азамат болып оралуына мүдделі еді Ел жағдайы әлі оңалып кете қойған жоқ. Қол қысқа. Мектеп бітірушілердің бәрі бірдей аттестатын алып ауылға барған соң үйлерінен оқуға бел шешіп шығуы екі талай. Соны ойлаған мектеп пен аудан басшылары шұғыл шешім алды. Оқушыларға көмекке қаржы босатты. Белгіленген күні орталыққа балалардың бәрін жинады. Ауылдағы алыста, қолы қысқа, жартылай жетім балаларды мектеп бітірген көштен соң ешқайда жібермей алып қалып, интернатқа жатқызды. Тек жатқызбай Кетекең бастаған мұғалімдер жоғары оқу орындарының емтиханына дайындады. Аудандағы ең жарамды жүк машинасын бірінші хатшының өзі бақылауға алып, алыс жолға дайындады. Партия комитетінен бір нұсқаушыны бөліп, ол діттеген күні балаларды алып жолға шығып, Мақатқа апарып Алматыға баратын поезға отырғызып қайтты. Сол лектің жартысы ауыл шаруашылығына қатысты жоғары оқу орындарына түсіп. Кейіннен аудандағы осы саланың білікті шоғырының негізін қалап, шаруашылық тізгінін ұстаған осы топ (Бұлар туралы кейіннен кешірек әңгіме болады).
Айта кетер бір жайт, жолшыбай бұлар Бейнеудегі Бекет ата мешітіне соғады. Соғатыны қазір, Ескі Бейнеу делінетін ол сол уақытта облыспен арадағы, жол ортасы бекет. Басында бірнеше үй, дүкен, радиоорталық т.б. бар. Кеңестік теперіш қанша тезге салып бақса да, құдайын ұмытпаған балалар мешітке соғады. Білген аяттарын оқиды. Сол кезде мешіт іші кітаптарға толы екен. Көбі жыртылған. Парақтары шашылып жатыр. Баланың бірі Әділ Нұрманов аяқ асты болып жатқан бір парақты көтеріп алып бүктеп комсомол билетінің арасына салып алады. Бүгінінде жет желкесіне мінген ардагер геолог Әдекеңде сол бір парақ жәдігер бойтұмардай болып әлі сақтаулы.
Кетекең сол Шахта орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болып жүргенде енгізген тәртіп: математика, физика, химия пәндерінің мұғалімдері сабақ кезінде талданатын тақырыптың есебін күн ілгері шығарып келуі тиіс. Ал кітапта берілген есептердің бір де бірі қалып қоймай, оқушылар тегіс шығаруға міндетті. Сабақ үстінде оқушылардан сабақ неғұрлым көп сұралуы керек. Сабақтан тыс үйірме жұмысы сол пәнді тереңдетіп оқытуға бағытталсын. Белгілі бір пәнге бейімі бар шәкірт есепке алынып, назарда ұсталып оның білімін ұстарту, ұштау пән мұғалімінің басты міндетінің бірі. Әр пән мұғалімі өзінің пәні бойынша басылымдарды тауып, жаздырып, ондағы жаңалықтарды, күрделі есептерді шәкірттеріне жеткізіп, шығартып үйретуі де бақылауда. Әр апта сайын мектепте пәндік кештер ұйымдастыру үрдіске айналды, жеке пәндер бойынша бақылау жұмыстарының кестесіне дейін жарда ілулі тұрады.
Тәрбие жұмысы да жоспарлы түрде. Апталық тәрбие жұмысының қорытындысы сыныпта сол аптаның бір күні талқыланады. Оған мектеп басшыларының бірі қатысуы үшін сабақ кестесіне арнайы "сынып сағаты" енгізілді. Сыныпта бір баланың сабақ үлгермеуі бүкіл мектепке сынықтық әкелген оқиға ретінде танылатын. Озат мұғалімдердің озық іс тәжірибесі туралы бюллетеньдер, бетшілер үзбестен шығарылып тұрды. Оның авторы көбіне Кетекеңнің өзі, өзі болмаған жағдайда кеңесші редакторы болатын. Сүйсінерлігі -ондай озаттар көп еді мектепте. С. Шакратов, Т. Шоңқалов, П. С. Генералова, С. Зейнов, Н. Оразов, X. Рахимов т.б.
Сқақ Шакратов бұрынғы алыс ауылдық мұғалімі. Түбі бозашылық. Соғыс басталған соң майданға аттанды. Жеңісті неміс жерінде қарсы алған соң елге оралып, бұрынғы мамандығымен еңбек жолын жалғастырады. Сартағандағы, Ұштағандағы мектептерде сабақ беріп Кетекең інісі сияқты ол да Маңғыстаудың біраз жерін "адақтап" шығады. Әуелі Шахта орта мектебінде бастауыш сыныптарға, кейіннен V - VII сыныптарға математикадан сабақ берді. Қою мұртын таулап қойып, соның астынан жымия күліп қойып баламен жұмыс істеуден еш жалықпайды. Көп балалы әке Сәкең балажан. Мейірімді. Талапкер. "Республика халық ағарту ісінің үздігі" атанды кейінен.
2005 жылы бақилық болған бұл ағамыздың осы ел білетін, бағалайтын тамаша қасиеті жады өте берік шежіре адам. Қара сөзден қаймақ айырады дерлік шебер әңгімені. Ал енді сол білгенін жазғанда майын тамызады. Қалам ұстап жүрген анау-мынау журналистеріңізді, жазғышбектерді жолда қалдырады. Олар Сәкеңнің алдында жиі өсе алмады. Аға қаза боларынан аз бұрын төсек тартып қалғанша қолынан қаламын түсірген жоқ. Белсенділігінен жаңылмай өтті. Үнемі көп ортасынан көрінер еді. Жай көрінбей үлкен шоғырдың көркі болып тұрар еді.
Торғай Шоңқалов қазақ педагогикалық; институтында оқып жүргенде майданға алынады. Соғыстан соң мектепке математикадан сабақ; берді, аз уақыт мектеп директоры болды. Даңққа бөленген ұстаз. Аңызға айналған адам.
Шахта орта мектебін бітірген бір абитуриент Алматыда жоғары оқу орнына түсуге математикадан емтихан тапсырып отырады. Білетін бала ауыз ләмінен-ақ белгілі. Емтихан алушы баланың аяқ алысына бірінші сұрақтан-ақ риза болып, қайдан келдің? дейді Бала Маңғыстаудан екенін айтады.
— Шоңқаловтан оқып па едің?
— Иә, ағай.
Емтихан алушы онан арғы сұрақтарға жауап сұрамастан- ақ "5" деген бағасын қоя салады.
Гурьев пединституты тіпті Шоңқаловтың шәкіртінен емтихан алып жатуды бос уақыт алу деп білген. "5"-ті сұрамай-ақ қоя беретін болған.
Ал сондай беделге ие Торғай аға сабақ үстінде оқушыларға дауыс көтеруді білмей өткен. Сынып ол табалдырықтан аттағанда тым-тырыс. Содан кейін тек мұғалімнің, жауап берген оқушының ғана даусы естіледі. Қалыптасқан тәртіп дайындықсыз келген оқушы қолын көтеріп, орнынан тұрып, дайындалмаған себебін түсіндіреді. Келесіде қайталамайтынына уәде етеді, онысын орындайды. Текең 45 минуттың көбін сабақты түсіндіруге жұмсайды. Әр минуты есепте. Оқушының білімін қадағалау есеп шығарған дәптерлерін жинап алу, оларды үйде тексеру арқылы. Нашар үлгеретіндермен дербес жұмыс жасайды. Жалықпайды. Бұл ұстаз да "Халық ағарту ісінің үздігі" атанды.
Кетекең еңбек жолының көбінде өзінің негізгі жұмысымен қатар қоғамдық қызметтен да қол үзбеген кісі. Бұлардың көбі сайланбалы негізде болатыны түсінікті. Сыралғы жұрт бірауыздан мұны сайлайды. Сол ретінен ол 1954 жылдан 1966 жылға дейін жоғары мектеп пен ғылыми мекемелер қызметшілері (ол кезде мұғалімдер кәсіподақтары осылай аталатын) кәсіподағы аудандық комитетінің қоғамдық негізіндегі төрағасы қызметін атқарды. Жауапкершілігі көп жұмыс. Олай болатыны мұғалімдердің тұрмыс жағдайы мәзді емес. Әсіресе баспана мәселесінің күрмеуі қиын. Барлық ауылдағы отбасы сияқты мұғалімдер де көп балалы. Біразының қарт әке-шешесі бар. Бәрі жер үйден сел ғана қалқыңқы бір кене үйде тұрып жатады. Соның шетін өзіміз көріп өскен баламыз. Мысалы, Ақшымыраудағы Калинин мектебінің директоры Зубайда Дүйсекешова (қазір бар) көп жылдар бойы ата-енесі, қайынсіңілісі Қалампыр, балалары — бәрі сондай үйде тұрды. Жармышқа 1957 жылы күзде мектепке директор болып келген көп балалы директор Бекқожа Еділхановқа бір бөлмелі пәтерді зорға тауып бере алды. Осы Бекеңе қатысты пәтерге байланысты кезеңде тарап кеткен әңгіме:
Шама шамадан артық; емес, біздің Жармышта да асып бара жатқан ештеңе жоқ,. Баспана мәселесіне екі ақ мұғалімде — Еренғұл Төлегенов пен Мыңтұрған Нұртазиевте ғана шешілген. Онда да олар үйді тау баурайынан өздері салып алған. Келген мұғалімге қағыстырып, соғыстырып дегендей бір қуысты әзер тауып береді. Бекен; уәдесіне семіріп келген мұғалім өз отбасы алдында өзі ыңғайсыз жағдайда қалып, Бекеңе өкпе-наз айтпай ма енді.
— Ау, пәленшежан-ау, үйің тіпті сайлы үй ғой. Терің даладай кең. Алғы бөлме де кең. Сенегіңе ат арқандаса да болатындай. Сыртында қора-қопсы. іргеңде бұлақ, - деп төкпектете жөнеледі Бекең шашасына шаң жұқтырмай. Сонда тілге тиек етіп тұрғаны ортасын пешпен бөлген бір бөлме қуықтай дәлізімен. Амалы құрыған мұғалім үнсіз к;алады. Келерін келіп қалған соң қайта көшіп кете алмайды. Обалы не керек, Бекең өзге уәдесінің бәрін болмағанмен недәуір бөлігін орындайды. 70-ші жылдарға таман мұғалімдердің пәтер мәселесін де біршама шешкендей болды.
Жармыш мектебінің бағы болған ұстаздардың бірі, Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген мұғалім Төрәлі Озғанбаев кезінде Бекеңнің әлгіндей үгітінің арқасында келіп, біржола тұрақтап қалғандардың бірі. Тұрмыс жағдайлары төмен болған соң мұғалімдер тарапынан арыз-шағымдар да көп.Басқа мәселеге қатысты арыз-шағымдар да жетіп артылады. Кетекең соның бәрін аяқтай жүріп тексереді.
Кетекеңнің осы Кәсіподақ төрағасы қызметіндегі қызметінің бір игілігінің кере қалғандардың ішінде Жармыш мектебі, сол мектептің оқушысы мына біз де бар едік.
1962 жылдың жазында ауданға бір топ оқушыларға Москва қаласына саяхаттап қайтуға жолдама келеді Бар болғаны 10 бала. Дұрысы 9 бала, оныншы балаларды бастап баратын мұғалім. Сол 9 жолдаманы Кетекең ауданның алдыңғы қатарлы мектептеріне бөледі. Сөйтіп сол жазда ішінде мен білгенде марқұм Жұмахан Әбдірахманов, Турар Жолдыбаев, Абзал Тәкеновтер бар бір топ оқушылар Таушық — Форт - Шевченко маршрутымен Еділ бойлап Москваға барып келген. Сол сапарда Абзалдың сапарлас бір қызға қырындағысы келіп, ол қыздың руы Жеменей, шетпелік болып шығып Жұмаханнан оңбай таяқ жегені осы бертінде жариялық салтанат құрған соң "ашылған құпия".
Келесі 1963 жылдың жазында келген 10 жолдаманың бәрі— бізге Жармыш мектебіне бұйырды. Дәу де болса "қарына тартпағанның қары сынсын" деп, сонда Кетекеңнің іші туған аулына бұрған ғой. Бұл жерде әрине "алтын шыққан жерді белден қазатын", бара жатқанның бақанын, келе жатқанның кетпенін алатын директорымыз Бекеңнің де еңбегі аз болмауы керек. Сөйтіп біздің жолымыз бола кетті. Мен Москваны тұңғыш рет солай 7-сынып бітірген соң жазда көрдім. Ол үшін Кетекеңе қарыздар болып қалып, соны осы жолдарды жазған еңбегім өтесе жарар еді деп көңіл күтіп отырған жай бар.
Таушық аудандағы ең ірі елді мекен. Бала саны кеп. Орны бар оңалар деп соғыстан кейінгі жылдары елімізде демографиялық есім де жақсы болды ғой. Қазіргідей бала санын жасанды жолмен шектеу деген жоқ. Әйелдер оны білмейді, білгісі де келмейді Құрсағына біткеннің амандығын құдайынан тілеп туа береді. Баланың көл-көсір бақыт деп білінетін бақуат уақыт еді ол. Қызды-қыздымен Тұщықұдық мектебінде бір жар қыздың шешелерімен социалистік жарысқа түсіп екіқабат болып қалып, мектеп директорының орнынан түскен 1963 жыл болатын. Күні ыссы, жері құмақ болғандікі ме қайдам, сол жылдары осындай естіген құлақты еліктіріп жететін әсерлі әңгімелер Тұщықұдық қызан беттен дүрс-дүрс дүңкілдеп шығып жататын. Одан Шахта мектебі қалыс қалып неге қара басуға тиіс. (Кетекең ол уақытта басқа Таушық сегіз жылдық мектебінде директор). Мұнда оқып жүрген Ақшымыраудың бір қызы бір түнде Райкомның "Волгасын" айдап жүрген бір жігітке бір күнде тып қойып қашып кетіп, мектеп директоры қайнағасын орнынан омақастырып түсірген мысалын да ұмытқанымыз жоқ. Ол қыз бүгінде сарықарын бәйбіше, әже. Баяғы директоры қайнағасын көрген жерде ізетпен ішіп сәлем ете кетеді "Көп жаса, келіп" деп батасын үйіп төгіп жатады сонда көргенің, көшелі қайнаға. Айтпақшы, осы қыздың байға тию хикаясын Шахта орта мектебінің ортан қолдай ақын оқушысы Қосжанов Төлеп жырының кезекті тақырыбы етіп, ол шығармасы дүйім елге тарап кетіп авторын мектеп дирекциясымен араз етіп, қудалау көргені бар. Төкеңнің кейіннен ақын болмай, биология пәнінің мұғалімі болып кетуіне таланты енді бір жарып келе жатқанда алған сол соққысы, содан соң қатын алып, қатын жіберіп, құшағынан құт қашқан, опасыз Дон Жуан Ақан Серінің композиторлығы болмаса өмір жолын кеңес мектебінде оқытып, оқушыларға үлгі ету қылмыс деген идеологиялық бағыттағы террорлық әрекеті үшін таяқ жеуі дейді бола алмай кеткен бұл боздақтың өмірбаянын зерттеушілер. Қисынға келеді.
Төкең Ә. Кекілбаевтың да алғашқы ұстазы болған адам. 1-сыныпта бір тоқсан оқытқан. Әбекең үйі сол уақытта Таушықтың оңтүстігінде 7-шахтага қараған тау сілемінің етегінде отырған. Сондағы үй сыртындағы құдық орны әлі бар.
Текең бастауыш сыныптарды оқытқан. Күннің қалған жартысында мектепке келіп, ертеңгі сабаққа 4-5 сағат отырып дайындалады екен. Сонда дайындығы қандай дейсіз ғой? Кейін екі құрал, схема, сурет, таблицаларды қолдан жасайды. Кейде, соларың тақтаға іліп қойып сөзінен өзі жаттығады. Тыста көз майын тауысып көркем жазу үлгісіне дейін плакатқа қолдан жасап отырғаны. Содан ғой, сыныбы түгел үлгереді. Бүкіл сыныптың жартысы озат. Жоғары сыныптың пән мұғалімдері Текеңе оқушыларын бастауыш мектепте жақсы оқытып, өздеріне жақсы дайындық,пен әкелгені үшін ризашылығын ашық білдіріп жатады. Ол өте ақкөңіл, елгезек, өз міндетіне адал адам еді. Сол еңбегіне орай Республика халық ағарту ісінің озаты атанды. Бірнеше орден, медальдарымен марапатталды. Бейнеу ауданында бір мектеп аты Төрәлі Самалықов атымен аталады. Атағы өзінен озды деген осы. Ондай адамның екі дүниеде де арманы жоқ. Текең міне солардың бірі бірегейі деуге лайық жан.
Кетекеңнің осы мектепте директор болған жылдарында екінші бір сатыдағы еңбек жолы бұрынғы шәкірттеріне екінші қайтара ұстаз болған жолы басталды. Қалай дейсіз ғой. Бұрын осында Шахта орта мектебінде оқытқан К. Әбілханова, С. Қоразов, Н. Бекжанова, Ш. Атшыбаев, Ж. Мұқанов, М. Әбділмұратова, Ә. Құдайбергенов, Т. Жұматов, К. Пак, Б. Қуатбаевтар институттан соңғы еңбек жолдарын осында бастады. Солар Кетекеңе директорымыз деп емес ұстазымыз, тәлімгеріміз деп қарап өтті.
1968 жылдың көкегінде К. Қиынов Шахта орта мектебіне директор болып тағайындалды. Бұл Таушық үшін ауыр кезең болды. 1966 жылы аудан орталығы Шетпеге кетті. Түсіністікпен қарауға болатын оңды өзгеріс. Шетпе темір жол бойында. Орталықпен қатынасу, байланыс оңай. Теңізшілерде бір бұлжымайтын заң бар, суға батып бара жатқан кеменің капитаны кемеден ең соңы болып кетеді. Бұл көшпелі қазаққа да шетін емес. Ауылдың шаруасына жауапты азаматы әдетте ел алдымен жөңки жөнелмей мал, жан ыңғайымен кешкен елдің соңын ала, тиянақтай жылжиды. "Абай жолындағы" Абайдың жауы болатын соқыр Оразбай бай бар ғой. Оразбай Аққұлұлы өмірде болған адам. Өрекеңнің қанша жамандасаң да, нағыз қазақы шаруалығына сын арта алмайды екенбіз. Сол кешкен аулының жұртын артынан ештеңе қалған жоқ па, екен деп аяқтай жүріп аралап шығады екен. Бірде "ештеңе қалған жоқ" деген малшы сөзіне қарамай жұртты тексеріп жүріп үй орнынан сабаудың сынған ұшын тауып алып, "қалмаса мынау аспаннан түсті ме" деп ұрсып әлгі сабауды алып, жаңа жұртқа қонған соң содан үш қой құрттайтын құрттауыш жонып бергенін малшысы бері келгенше Орекеңе ризашылық сөзімнің мысалы ретінде айтумен еткен екен. Бұрғышылар да ұңғы қазған жерін артынан тегістеп кетеді. Оны рекултивация дейді. Аудан орталығы Шетпеге көшкенде керісінше. Алдымен аудан басшылары алды-артына қарамай етегіне сүрініп тұра қашты. Басшы солай болған соң қосшысына не сын. Олар да алды-артына қарамастан өкше көтерді. Таушық дайын тұрған кеңшар орталығы еді. Жаңа кеңшар ұйымдастыруға ауданда мал саны да жететін. Амал не, оны ойлайтын, орайын келтіретін ешкім болған жоқ. Бір сөзбен айтқанда Таушық адыра қалды. Тағдырдың тәлкегіне тасталды. Көп құрылыс бүлінді, құрылыс материалдары босқа ысырап болды.
1973 жылдың жазында журналистік іссапарыммен Таушыққа барғанда танымай қалдым, құдды кинолардан керген баяғы немістер шетінен жерде қалған елді мекен дегендейсің. Нұрбаулы тұмсықтан етекке қарай ел қалмапты. Орнында иесіз қалған, есік-терезесі үңірейген үйлер. Бұрынғы әсем орталықтың да күш жоқ Әсем бақ ішін адыраспан басқан. Тұрғындардың дені көше алмай қалған, ата мекенді қия алмай қалған кәрі - құртаң. Есесіне жеке шаруасын күйттегендер озыпты. Күні кеше бірнеше қожалық тар өрістен кең шиыр қылып әзер сыйысып отыратын 2-ші шахтаның кең алқабы дербес бір өзіне тиісті Жаңай Сарқұл жездеміздің қағанағы қарық сағанағы сарық. Баяғы А.С.Пушкиннің "Дубровскиіндегі" Троекуров помещикке ұқсап, көзі жерге түспейді. Орталыққа тұратын, қасындағы бос қалған үйлердің бәрін мал қора қылып алған, бұл ретте алшысынан тұрғаны соншалық қырсық қыршаңқы есегінің өзіне төбесі шатырлы қора тиген ақын Медет Дүйсенов те солай. Шегір көзі шекшиіп, шекелей қарайды.
Бұрын аудан орталығындағы жалғыз орта мектеп болған кездің өзінде қысқа жібі күрмеуге келмей жататын мектеп, қамқор болатын мекемесі жоқ болған соң тиіп күйі кетті. Әсіресе жазғы жөндеуі қиын. Аудан бір шетте қалған Таушыққа онша бас ауыртқан жоқ. "Әулие — әулие болса көр азабынан құтылсын" деп Шетпенің басындағы мектептердің жайына қарағыштай береді. Ауысқанын соған апарып жамайды. Өйтпей де қайтсін-ау, қазір де жарымаған жергілікті бюджет ол уақытта да тақыл-тұқыл. Берейін дегенде де жетпейді.
Оқу жылы аяқталып соңғы қоңырау үні семді-ақ Кетекең атқа қонады. Оның сондағы халін "ала дорбасын мойнына асып" деп жатсақ асыра айтқандық емес. Сыр, ағаш, әйнек, ең азы әкке дейін жоқ. Әркімнің жүзіне жаутаңдап қол жайып жүргені. Жұмыс қолы да тапшы. Ауылдағы қолы епсекті, бұрын құрылыстан аз-маз хабары бар кісілерге бұйым саласың. Жаздағы каникул айларын мұғалім жұрты ұжмаққа теңейді. Өйтпегенде ше, тірліктен бірер ай босап, демалып, қыдырып бой жазып бір сергіп қалады бұл кезде. Кетекеңе керісінше жазғы каникул нағыз тамұқ болатын. Себебі, мектептің жөндеуі бітпей, директор демалысқа шыға алмайды. Содан Кетекең демалысын қоңыр күзде алады. Қанзия зайыбы жазда демалады. Осылайша бұл екеуі, жастары егделіске аяқ басқан екі ұстаз сол бір жылдары жазғы демалыстарын санаторий, курорттарға барып мазмұнды еткізу дегенің ұмытты. Әйтеуір Жармышқа ағайындарына, 10-теміржол бекетіне Шиғұл ағаның шаңырағына барып көрісіп, Жолшыбай Боздақ тағы ата қауымына соғуына уақыттың табылғанына шүкіршілік.
1979 жылы Таушықта совхоз ұйымдасты. Жаңадан құрылған шаруашылықтың әуелі екі жыл бойына көмей болып жарытпады. Сөйтіп, іс жүзінде мектеп 1979 жылға дейін "өз күнін өзі көрді, маңырап отықты". Осындай қиыншылыққа қарамастан мектеп ұжымы жақсы жұмыс жасады. Оқу, тәрбие жұмысы жоғары дәрежеде болды. Бірнеше жыл бойы облыстағы үлгермеушісі жоқ; санаулы мектептердің бірінен саналды. Оқушылардың 30 — 40 пайызы 4-пен 5-ке оқиды.
1980—1981 оқу жылы да тамаша қорытындыланған. Оқушылардың үштен бірі оқыған сыныптарын озат бітірді. Кетекең көңілі көтеріңкі. Жөндеу жұмысы да өндірістік мекемелер көмегімен уақытында басталды. Жылдағы дағды бойынша мектеп жазда пионер лагеріне айналады. Сол жылы да солай болды. Мұғалімдердің көбі демалысына шығып, бір тобын облыс орталығына білім жетілдіру курсына жөнел тап салған соң Кетекең де алаңсыз еңбек демалысына кеткен.
Сол 1981 жылы 9-сынып бітірген Қоңырбаева Ақкүміс деген қыз бала бар еді Міндет түрде орта білім алуы керек деген тәртіпке байланысты ғана 9-шы сыныпқа келген. Әйтпесе оқуға ынтасы жоқ. 11-сыныпқа кешпей қалып екі жыл оқыған. Дәл сол жылы кәмелетке толып отыр. Бойжеткен қыз балаға сын жоқ, өмірдің бұлжымас өз заңы бар. Сартастағы мал бағып отырған аулындағы Ақкүміс жазда ауылға тұщы су тасып жүрген шофер жігітпен көңіл жарастырып тұрмысқа шықты. Құда түсіп, тойын жасап емес қашып кетті. Қызы құрғыр бір жыл шыдаса да болатын еді. Бірақ олай етпеді. Заң көзімен қарағанда қалыпты жағдай. Кәмелетке толған қыздың тұрмыс құрғаны заңға қайшы емес, қайта қолдайды. Солай бола тұрса да Мұнайлы аудандық партия комитеті аттандап, құрыққа сырық жалғап шыға келді. Мұндайда қалыптасқан әдет бойынша мектепке әуелі комиссия жіберілді.
Ол оны-мұны ұсақ-түйек болмаса пәлендей кемшілік тапқан жоқ. Күйеуге тиген қыз мәселесі оның кәмелет жасында екендігі анықталған соң, ол да тілге тиек бола алмайтын фактінің қатарына ысыра салынды. Соған қарамастан аудандық партия комитетінің бюросы кезекті мәжілісінде Шахта орта мектебіндегі оқу-тәрбие жұмысын арнайы мәселе етіп қарады. Тәртіп бойынша алдымен мектеп директоры хабарлама жасады.
Сөйтіп өмір жолының бір сонар соқпағы шаруа баласы Кетекеңді Пайғамбар жасына жақындағанда шаруа қауымымен қайта табыстырды. Мұнда еткен бес жылдың бедері бөлек әңгіме желісі.
АУДАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОРТА МЕКТЕП
— Ол баршаға мәлім Шахта орта мектебі. Кетекеңе 40 жылы мектепте етсе, соның 32 жылы бір орында— осы Таушықта, сол 32 жылдың 18 жылы осы Шахта орта мектебінің басшылық жұмысында болған. Кетекең аталған мектептің біз көзіміз көре қалған тірі шежіресі де еді. Мамандығы тарихшы ұстаз өзіне етене ұжымының өткенін "Шахта мектебі тарихым — тағдырым" деген атпен қысқаша шолу түрінде қағазға түсіріпті де. Яғни ол осы орнының тарихын алғаш бастап, негіздеуі де екен. Сірә, автор мұны кезінде мектептің мерейтойы қарсаңында мерзімді баспасөз үшін мақала түрінде бастап кейіннен онысын кеңейтпек болып, бірақ үлгіре алмаған сыңайлы. Өкінішті-ақ. Бірақ сол жазылғанның өзі саз. Кеп жайттар қамтылған екен.
Ағамыздың жалаулы жастығы кемел шағы өткен, екінші үйіне айналған мектеп тарихына кеңінен тоқталып, Кетекең жазбаларын толықтырып, ұштап әкетпесек бұл еңбегіміз жеріне жетпей қайырылған болар еді.
Кетекеңнің өз сөзімен айтқанда, Шахта орта мектебі оның тарихы да, тағдыры да. Екеуі егіз сынды. Мектеп Кетекеңнің еңбек жолының 18 жыл бойғы сонар соқпағы, ізі болғанда Кетекең сол мектебінің сонша жылғы сыңары іспетті. Бұл екеуі солай бір-бірінсіз жалқы. Бірінен бірін бөлектеп алып әңгімелеу ақиқат жолынан ауыс қадам болар да шығар еді. Сондықтан шама-шарқымыздың келгенінше бұл жайды келелі сөз ете кетуді ұйғардық.
Келер жазда Адайлардың көп ауылдары нөпірлеп келіп тау бойларындағы жаңа қонысқа орныға бастайды. Бұл жердің бұрынғы тұрғындарының дені Хиуа хандығының қол астына, біразы Түпқарағанға көшеді.
Басын ашып айтып өтер бір нәрсе - ежелден ел табаны Таушықта төңкерістен бұрын да оқу-ағарту болғаны. Жарықтық Даныспан әулие софылық ілімнің уағызшысы, Маңғыстауға мұсылманшылықты әкелуінің алғашқы лек екпіні болған дейді ел жады. Оның материалдық дерегі әулие аттас тау басындағы мешіт. Онда бала оқыған. Ендеше ең бірінші мектеп сол. Даныспан әулие бастамасын кейінге жалғағандардың көрнекті өкілі Үйтолы әулие болғанда ол салдырған мешітте де бала оқыған ғой. Ендеше Таушық о бастан руханияттың оқу-білімнің ту тіккен жері болды.
КӨШТІҢ БАСЫ КӨШЕКЕҢ
Аңғарып отырған боларсыз, оқырман, келесі әңгіме Кетекеңнің жалғыз бауыры, туған інісі, Жетеген әулетінің енді көшбасшы ақсақалы Көшер аға туралы. Қазақ әдетте салмақты адамды "Жер қозғалмаса қозғалмайды" деп жатады ғой. Сондай түс қазағыңыз осы көл. Адамға біткен сабыр да сан қилы. Самарқау да сабырлы санатына қосылып қалып жатады. Салиқалылық сірә нағыз сабыр иесі. Көшекең осы соңғысы. Тымпиып жақ ашпайтын үндемес, інімдегіні өзің тап деп отыратын тымырсық тойған қозыдай монтаны момын, бар сырын тереңіне тыққан тақыс - құдай сақтасын, бұларыңның бәрінің беті аулақ. Көшекең керісінше аузын ашса жүрегі көрінетін ақкөңіл. Туған жерінде анау Тоқбастың кең діні бар ғой. Сол түскен көп қары астынан еріп таусылған жайлы қыстан соңғы жаймашуақ көктемде әсем бусанып, енді бас жарған жусаны мен күйреуінің түбінен елі шебі тұтаса, ұйыса бой салып беріп жатар еді. Көшекең айнымаған сол. Бүкіл болмысы соған туған жері Тоқбастың дегеніне қарап пішілген де қойған. Жазық тұлдыры жоқ жайдақ емес. Биік, асу бермейтіндей ері жоқ.
Жалғанда киесіз, иесіз ештеңе болмайды ғой дейін тегі. Жандыда киелі сірә адам. Содан түз тағысы бері де құр емес. Адамның бауыр басқан жері бар. Одан ауғанда келген жеріне ие болғысы келетін қасиеті тағы қалмайды. Міне, біз Арқадан ауып келіп осы жердің ендігі иесіміз деп жүрген жоқпыз ба? қасқыр да солай. Қасқырдың сарығы деген бар. Бірі ұйығар алдындағы сарығы. Жұп іздеген қасқыр сарық қасынан жерді тырнап белгі салады. Тырнақ ұшы қадаған жақ ендігі жүріс бағыты. Ұйығар алдында қасқыр сарығынан ұзамайды. Іздеген жұбымен солай тез табысады. Екінші сарық жылдың қалған үш мезгілінде. Мұнда шеттен ауып келген қасқыр егер осы маңайды мекен етпек болса әр жерге сарығын қалдырып шекарасын белгілейді. Егер ол жердің бұрыннан ие қасқыры болса онымен иіскесіп табыса ма, жоқ, кетісе ме — ол жағы маған беймағлұм.
Форт-Шевченко қаласына бірінші хатшы болып Қиекең барғанда қала баяғы Шевченко айтқандай нағыз құдай қарғаған жер болып тұрған. Қаладағы негізгі өндіріс балық кәсіпшілігі Астраханға қарайды. Ұлутас карьері цех дәрежесіне түсіп қалған. Ең азы электр жарығы да жоқ. Баяғы А. И. Микоян министр болып тұрғанда салдыратын ашылуына өзі келіп қатысатын құтыға балық түретін завод өртеніп жағаға шығарып тасталған кеменің бу қазанымен жылытылады. Кешелер қоқысқа толы.
— Қай Кедей?
Енді жер бетіне жазылып қалған тарихтың бір таңбасы, көне жәдігерлердің бірегейі, ата-бабалардың ата-мекенде түсіп қалған соңғы із бедері тарихи ескерткіштер не дейді екен. Бір сәт соларға үңіліп көрелік.
Аманқызылит те Кедейдің ата қонысы. Ақтаудың терістік бетінде қызылиттер екеу. Бірі Сарнияздың Солтүстік батысында Кедей мен Мырзагелді Жеменейдің қоныстарының шекарасында. Екінші осы. Құбыладан терістікке сұлап иттің жоны құсап жатқан топырағы қызғылт төрткүл. Соның құбыла бетіндей кең ой аты Аманқызылит. Жердің оты сұйылды дегенмен біздің бала кезімізде ой іші жайқалып тұратын. Біз туғанда мұрты тебіндеген ағаларымыздың бала шағында ой тіпті тоғай болған дейтін. Ой ішінде төрт-бес құдық суы алғаулы. Ойдың шығыс құбыла бетіндегі төбесі жайпақ биік төрткүл басында бірнеше мола. Маңайдағы ел оны Сырым дейтін. Ол есімнің қалай қойылғанын білмейміз. Молалар түгел Кедейдікі. Беріректе Нұрғазыұлы Шадау басына барғанда жазуларын молдаға оқытып хатқа түсіруі бойынша бір кереге там ішінде Өтеген жұбайымен жатыр. Қосағы Өскенбай күйшінің қосағы, Мұрат Өскенбаевтың қызы. Өтегеннен Сары, Сарыдан Орынбай, Өтегенмен бірге туысқан Жолдыбай, Жолдыбайдың жұбайы Керменің аты бір қима тамнан оқылды. Қасына. Қатпа деген кемпір қоса жерленіпті. Жолдыбайдан Досыбай, Есібай. Қатпа кемпір Есібайдың жұбайы. Есібайдан беріде қайтыс болған Нұрет қария, "халық жауы" болып ұсталып кететін жер өлшеуші Тайман, Ақназ. Тайманның сірә қайда қалғаны белгісіз. Нұрет қария осында. Досыбай жұбайы Ақмеңтаймен, тұңғыш немересі Ағуанмен бір қима там ішінде. Досыбайдан Нұрғазы, Жайық, Нұрлыбек. Жазуды оқытып құнттап жүрген Шадау (шын аты Әмірен) Нұрғазының тұяғы.
Қамыстың аяғындағы молалар да Кедейдікі.
Жарықтық Қанекең ағамның көзі үстіме жеңіл, жайлы жамылсам бір түрлі сергіп қаламын,- деп отырар еді.
Темір ініме келешекте Түрікменстан бетте озған жақсы мен жайсаңдарымызды басын қанат екен әкесі қылып қағазға түсір деген базынамды алға салып жүрген жай бар. Ол тек менің өтінішім емес жалпақ ағайындікі. Мен айта. алмаған көп әңгіме соған салауат. Орыста "жолдасыңның кім екенін айт, сенің кім екеніңді айтайын" деген қанатты сөз бар. Қазақ оны жігітті жолдасына қарап таны дейді. Орыстан аударып алып айтылған емес. Өзалдан өз сөзі. Жігіті танудың қазақи тағы бір өлшемі аталары. Аталары жақсыны "мықтының сойынан" дейді қазақ бір сөзбен. Солай дегенде бәрі түсінікті бола кетеді Бұл кейіпкеріміз Кетебай Қиынұлының кімдердің, қандай аталардың сойы екенін аңғарту үшін жасаған қысқаша барлау шолуымыз.
Шығыс Қаратаудың Бес шоқысы деп басқа атаның қонысына баса-көктемей-ақ қоялық, тап Ақтаудың терістік бетінің Қарағандыға қараған Бес шоқысындай бола кететін. Енді міне, солардың орнында Құрқапының батысындағы оңдау, сыңар төрткілдей болып Кешердің өзі қалыпты. өмір заңы осы. Біреуі озбағы, біреуі қала тұрмағы бар қалыпты ырғақтың бұзылмағаны дәтке қуат. Қудай қосақтап, топтап топырлатып әкеткен кесапатынан сақтай көр! Ол зауалдың беті аулақ. Баяғы кесепат көр заманды ендігі ұрпақ көрмей-ақ қойсын. Көшекеңдердің ол көргені өзімен кетсін.
... Көшекең соңғы кезде алабөтен қыдырымпаз болып алғандай. Ағайынның қуанышы, қазасы бір-біріне барғыш. Бармай қалса да өкпелемес, сын артпас еді сексеннің сеңгіріне аяқ басқан үлкенге. Бірақ Көшекең байыз таба алмай қалады. Тіпті сондайда бойында жоқ мінез танытып, Сәбила жеңгемізді де асықтырып бітеді. Ой жіберіп қарасақ, ағаның мұнысы үлкен кісілік екен. Балалардың қолы тимейді. Қызметі, жұмысы шаш-етектен дегендей. Қазақ баяғы былтырғы жоғалған түйесін қарау желеуімен қыдырудан, бүгінде арылған. Заман талабы, мына нарық былайғы жүрісі де шектеген. Сонда "атқа жеңіл құбаша" үлкендер бола кеткені ыңғайға келе береді екен. Бұл мәселенің қосалқы жаты. Түп қазық басқада. Араласпаса ағайын арасы алшая бермек. Ал оның арты жат болып кетушілік. Тірісінде сыйласпаған ағайынға айналу соның ар жағында тіреліп тұр. Бұл сайып келгенде, аға буынның көрмей өтейін деген керістен емес пе. Ендеше әзірге шама келгенше делбе ұшын мықты ұстау керек. Ағайын арасының мәмлесіне, көңіл бірлігінің жоралғы жолына жүруден қалдыра көрмесі жасаған. Қарт адам тілекшіл. Ал Көшекеңнің бірегей бір тілегі осы. Көштің басына жарасар көрікті тілек.
НОҚТАҒА
Арғы Маңғыстау да, бергі Маңғыстау да жақсы мен жайсаңға кенде болмаған. Елі мен жерінің бағына бола туған олар көзі үзілмеген. Бірінің ізін бірі басып өмір керуенінің келесін түзумен отырған. өткен екі ғасыр тоғысындағы солардың толымды өкілі Ләззат Қиынов. Кетебай аға мен Қанзия апаның еріндерін жібіткен тұңғыш перзенттері. Зеріп әженің немересінің алды. 1949 жылы туған. Өз ата-анасына қоса әженің де алақанының жылу табын керіп ескен баланың қазақ ұғымына сіңісті телқоңыр аты бар. Ләззат сондай телқоңыр. Мұның бала кезіндегі тәрбиесімен негізінен айналысқан Зеріп әже. Кетекең мен Қанекең сірә ауыл мектебінің мұғалімдері. Кетекең мектептің басшы қызметінде. Оқу екі ауысыммен. мігір жоқ. Сондай жағдайда өз өзінен үй-ішін қам-қарекеті, балаға қарау әжесінің міндетіне кешеді емес пе?! Шаруаны онсыз да қайнататын Зекең 1963 жылы бақилық болғанша осы шаңырақтың құты, берік тылы болумен кетті. Шығарға жаны бөлек немересінің қара қанат болып, ат жалын тартып мінгенін керіп аттанды. Көргісі келері әлі көп, немереге келіп түсіріп шөбере сүймек арманы еді. Амал не өлшеулі ғұмыр солай болды. Жаратқан ие жалпы да адамның арманын үнемі ілгері оздырумен келе жатады екен ғой...
Жақсы ананың аты да перзентін алысқа апара ма екен. Соған Ләззат еңбек жолын бастаған алғашқы күні-ақ көз жеткізді.
Жолдамамен Жейбайға келген көліктен түскен бей. Қасында әйелі. Чемодандары қолында. Кеңсе түскі үзіліске жабық екен. Көлеңкеге отырып ашылуын күтулі еді екеуі қастарына мосқалдау кісі бұрылып келді. Көпті көрген кісі ғой бұлардың жас маман екенін аңғарса керек. Берген сәлемді сәлеммен алған соң жөн сұрауға көшті. Ләззат қайдан, кім екенін бастап айта беруі мұң екен арғы жағын айтқызбады. Ел анасы Зекенді білмей не көрінді маған. Көшер ағаңды да жақсы білемін.
1936 жылға дейін Қазақстан қарамағындағы қарабұғаз, 6-шы, қызыл күп талай қазақтың жан сағаттаған жері болып еді солай. Красноводск аты Түрікменстандікі болғанмен заты қазақта болды. Қала маңында түрікмендер азшылық. Алғаш онда барған көне көздер айында, жылында базаршылап келген түрікмендерге таң қалып қарайтын едік деп есіне алады. Себебі бұл тек мал шаруашылығымен айналысқан халық. Қара жұмысқа епсіз. Қазақтай жұғысты емес, оқшаулау, кісіге киіктеу. Содан бұл халық іргесінен келіп орнап жатқан Красноводск қаласынан іргесін аулақ салған әуелден. Сол себепті қаланың алғашқы тұрғындары орыстар, армяндар, ирандық әзірбайжандар болыпты. Соңғы жағынан Дәрментаев Бекес сияқты қазақ байлары үй салдырып, сауда жасап қоныстана бастаған. Жағадағы балықшы түрікмендер Маңғыстаудан барған, әбден қазағуарланып кеткен аз ауыл.
Тәкең де солай Сейітжанды көргенде төбесі жеті қат көкті көктеп өтердей болып бір қоқиып қалады.
Боқан кешіп келген ретте:
ЖАЙҚАЛҒАН ЖАПЫРАҚТАР
Ләззат Кетебайұлы әжесінің арда емген баласы болуы себепті оны бөлек айттық. Бұл бір жағынан Зеріп сияқты қазақтың қазақ қасиетін үстеген қақыра жаулықты аналарының рухына тағзымымыз. Марайма мінезге бай қазақ еріні жібіп шөбере сүйген адамның орны жұмақта деп жататын. Біздің оған қосып айтарымыз немересін телқоңыр етіп тәрбиелеп ұшпаққа шығарған әжелердің орны да сонда!
Бұл немере де он жасына келгенше әжесінің тәрбиесін көрген. Әжесі аспаздық өнердің нағыз қазақи шөбересі Сонда көбірек пісіретіні собалақ пен борша.
— Аталарыңның жеңісі асы. Таңдайларыңа татып өтсін,— дейді екен. Етіп өзі баптап, өзі сүрлейтін болған.
Бірде бала Жолдыбай аулада ашық аспан астында жатып:
— Анау жұлдыздар жерге жыбырлап түсе қалса ғой, шіркін. Жинап алып мәре-сәре болып қызықтар едім,- деулі Сонда әжесі: — Айналайын, олай деме. Ол жұлдыздар түсе қалса жеріміздің күлпаршасы шығады. Тіршіліктен ештеңе қалмайды,— деп ескертеді.
Киіз үйдің бау-шуы да қоймаға қойылған жерінен өртеніп кеткен. Бұл баяғы Зеріп аналары тіккен үй, Иманбай аталары отаулап шығарып көтеріп берген қасиетті қара шаңырақ қой. Ауылдың ісмер әйелдері тез арада оның да орнын толтырады. Ыбырайдың Сарысының әйелі Қантәжік жеңгеміз өте шебер адам. Әкесі Ыбекеңнің ісмерлік, тіршілік өнерін түк бұйырмаған өмірінде балға ұстап шеге қағып көрмеген, өмір көшіне мұғалімдікпен ергенін қанағат тұтып қалған күйеуінің үй-іші тірліктегі олқысын толтыруға құдайдың өзі Жіберді дерлік ақжолтай келіні бұл Кедей аулының. Сол Қанекең, сырлы аяқтың сыры кетсе де сыны кетпейді, бүгінде шау тартып қалғанына қарамастан соңғы қайратын қағып-сілкіп үйдің негізін бір жабдығын жасап әкеліп тарту етті. Аула ішіне қара шаңырақ қайта көтеріп, киіз үй қайта тігілді.
Енді аула ішіне жеміс ағаштарына толтырып, қартайғанда жаңа бір өнер үйреніп, бағбандықпен айналыссам ба екен деп ойлап қойған Кетекең іштей. Онысын жайлап сыздықтатып сыртқа да шығарып, бұл бағыттағы әдебиеттерді де қаузай бастаған...
Ноғай Түрікменбаев бүл ауылға күйеу. Орынбай Сарин марқұмның үлкен күйеу баласы. Күйеу қартайғанда жиен болады деп жиен болып алған жайы бар. Сол Нәкең айтады:
— Ертеңгісін теңіз жағасына шығып серуендейтін әдетім бар ғой. Соныма бағып жағамен келе жатсам, алдымнан Кетекең ұшырасты. Әдеттегі қалпы жайымен қыдырып жүр. "Көшіп келген екен ғой Ақтауға." Мен неғып хабарсыз қалдым екен деп ойлап амандықтан соң сол ыңғайда сауал жағалаттым.
— Жоқ, ауыл орнында. Үйренген жерден қайда барамын. Мұнда балалардың үйінде қонақ болып, әрі оны - мұны бір шаруаммен келген бетім,. — дейді ол.
— Ендеше түсіп шайды біздікінен ішелік.
— Рахмет, асығыспын. Ауылда қарайған шаруа күтіп тұр.
— Зейнеткерге қараған не шаруа. Мал жайы болар.
— Менде мал дейтін көп мал жоқ қой. Барын жақын-жуықтарға қосып қойдым. Ана Ізтұрған, Әзірбаев Тілеген марқұмды білеміз ғой, соның балалары, тағысын тағы ағайын-жекжат баршылық қой шаруада. Шаруам ауылдың бірер шалына қатысты. Ақсақалдар кеңесінің төрағасы ретінде кешелі бері соның ыңғайымен жүргенім. Қазір түске салым қайтам. Кешке мектепте кездесуім және бар.
Сол баяғы өзім білетін Кетекең, сол қалпынан өзгермепті Іштей сезіп турмын—бастас, құрбылас қарияларына бір шапағатын салғалы келген беті ғой. Онысын әрине мошқап сұрап жатпадым. Ағамыздың әлгі қол қайырымын көрсете кетуге даяр тұратын мінезіне тәнті болып қалдым.
Сол менің Кетекеңді соңғы көруім болып шықты. Мен соңғы жылдары бірыңғай творчествоға кеткелі далаға көп шықпайтын "үйкүшік" болып алғанмын. Ауыл хабарын сырттай сұрап білетіндердің бірімін. Таушыққа көп жолым түсе бермейді Бармаған соң Кетекеңді де сирек керемін. Бірде екеуміз ойда-жоқта Ақтауда қалааралық автобекеттен кездесіп қалдық. Кетекең Таушыққа баратын автобус күтіп тұр. Оның олай автобус күтіп тұрғанына шынында айтсам таң қалдым. Тек таң қалып тарта берсем мен мен болам ба? Жиеншілікке салып бірдеңе деп қалғанға не жетсін мұндайда. — Ау, Нағашыеке, бір балаң облыстың әкімі. Бір балаң бүкіл Бозашыны қолында ұстап тұрған милиция бастығы. Жолдыбайың анау, біз пақырларды көзіне ілмейді. Өзге балаларың да бір-бір сой. Жүрмейсің бе, шет елдік машинамен келіп. Бұл не тұрыс?
— Ой, балаларды алаңдатып, жұмыстарынан қалдырып қайтем - дегенім ғой.
— Өздерінің қолы тимесе, өзгені жұмсамай ма. Иек қақса қуана құрақ ұшатындар жетіп артылады ғой маңдарында:
— Оның аты біреуге бұйым салу, құштарлық болып шығады ғой. Ол менің ұстанымыма жат. Балалар өзіме тартқан бұл мәселеде,- деп күледі Кетекең.
— Өйтіп тартқаны бар болсын. Гәп бәрінің Кедей аттарың айналмай ұстаған заттарында.
Мұным, әрине, қалжыңым. іштей Кетекеңнің кішіктігіне, қарапайымдылығына риза болып тұрмын. Әсіресе берік ұстанымына тәнтімін. Ол болса менің сөзіме дау айту орнына күліп тұр. Күлкі дегенде бұл кісі қарқылдап, әлдекімдерше тарқылдап, есеппен сыңар езулеп те күлмейтін Олай күле алмайды. Мен көріп білгенде әдемі әсем жымиысы бар. Сол күлкісі.
Екеуміз әуелгі әжік күжікті сонымен доғарып, Таушықтың көлігі келгенше қайдағы-жайдағыны айтып біраз тұрып қалдық. Бұрынғыша талай әңгіменің басын енді бір кездескенде қайыратын болып, хош айтысқанбыз.
Өкінішке орай сол менің қадірлі Кетекеңмен соңғы жүздесуім, кездесуім болып шықты.
Кетекең сырқат дегенді еститінмін. Онысы үлкендіктің үйреншікті қыңқыл сыңқылы болар деп мән бермейтінбіз. Тіпті қаперге алмаймыз да ғой. Қаперге алсақ, қазақ боламыз ба.
Гүлнар туғаннан қой ауру болған. Соны әжесі Жарылғас деген емсек шалға апарып ол тиынмен қидырып емдеуге шынжау, әлсіз деп тырнағымен сызып жазып алған. Зекең содан қой ауру баланы өзі емдеп кеткен. Зекеңнің айтуында, бір емсек кемтар қой ауруды тіпті қызық емдейді. Бір қойдың 100 құмалағын санап алады да он қолдың үш саусағымен.
Маңғыстау жұрты, Адай елінің тұғырлы осы шаңырағы, Кетекең бейне сол жақтың аспан тесіп арда тұрған зәулім бір дара бәйтерегі іспеттес.
ҚАТАРЫНЫҢ АЛДЫ ҚАНЗИЯ АПАЙ
Кетебай Қиынұлы мен Қанзия Жалғасбайқызы. Бұлар өмір көшіндегі егіз жандар. Ерлі-зайыптылар, әріптестер. Тағдыр о баста бірі үшін бірін жаратқандар. бәрлерінің мен бір-бірімен, қасындағы сынарымен үстелгендер.
Көкірегі сәулелі көп, көзі қарақты оқырман білетін жай ерлі-зайыптылардың артында қалған бірінің қосағы туралы естелік айтулы қиынның қиыны.
— Қай Кедей?
Қамыстың аяғындағы молалар да Кедейдікі.
Соның бір мысалы, алыстан (әдемі халықтық жазушы Сәбен - Сабит Мұқановтың зайыбы Мариям шешемізден алайық. Екеуі 47 жыл, үш-ақ жыл жетпейтін жарты ғасыр бірге ғұмыр кешкен. Яғни Макен Сәбеңнің саналы өмірінің творчестволық жолының бір типі..
АУЫЛ АҒАСЫ
Кетебай Қиыновтын көп жылдар аудан халық ағарту саласында қызметкерлері кәсіподағының төрағасы болғанын айтып өттік қой. Содан бұл қызмет оған таңсық емес. Мән-жайын жақсы біледі. Мұғалім болғанмен ауылмен біте қайнасып ескен ол малшының жағдайына қанық Ауыл тірлігі, әлеуметтік жағдайы белгілі. Сондықтан совхоз ұжымына кәсіподақ төрағасы қызметіне келгенде жаңа орнын тосырқаған жоқ. Бұл қызметке "өздерінің Кетекелерінің" келгеніне көпшіліктің де көңілдері бірленіп қалғаны және шындық.
Көктем туа ел ініндегі жер үйлерінен шығады. Малшы ауылдарына барып төл тәрбиесіне, сауыншылыққа жұмылады. Шаруа ыңғайымен мал орталыққа жақын жерге әкеліп төлдетіледі. Бір жазда көктемде екі үй бірге отырып, содан Сәкең, Көшекең. Кетекең мектепке бірге қатынаған екен. Сәкең мен Көшекең әлі ойын жасындағы бала. Кетекең де пәлендей ересектілігі шамалы. Бірақ ол бала болып ойнамайды, Үй шаруасына қол тигізуге мығым. Қолы сәл босаса ұстайтыны кітап, газет. Кітап, газет дегендердің де көзі аз. Бірақ қайдан табатынын, әйтеуір оның қолынан үзілмейді.
Қанзия апаның естелігі:
АУЫЗДЫ БАС
АТАМЕКЕНДЕГІ АМАНҒАЛИ
Жоғарыда Кедей атам балаларының саятшылыққа бейім екенін айтып өттік қой. Оны қазан буы жоғары ұшқан баршылық кезде өнер деп білген қазақ, таршылықта қара қазанға қатық тауып салатын кәсіп деп қараған. Бір аңшы бір ауылды асырағанын көрген көздің куәлері әлі ортамызда. Соғыс кезінде, одан кейінгі қоңылтақ кезде шөпшілер бригадасының бір мүшесі міндетті түрде аңшы болады екен. Оның міндеті - тек аң аулау. Барының қолында аңға салатын тазы, ортақ құралдары, сәрі қақпан, мылтық. Бүркіт салушылық ол уақытта біржола жойылған. Жазда солай адал аң аулайтын аңшы қыста да кәсібінен қол үзбейді. Адал аңымен қоса қасқыр, түлкі, қарсақ аулайды. Жыртқыш қасқыр үшін арнаулы сыйлық бар. Бір өңірде қасқыр көбейтіп кеткенде аңшыға алыстан ат арытып келіп қолқа салынатынын өзіміз де көре қалдық. Біздің лек керген аңшының артының бірі ауылдағы Кедей Матай шал. Оның ұрғашы көк тазысы бар болатын.
Бұл көк тазылар Кедейдің бәсіре еншісі. Тұқымы баяғы Өтеу, Жетегендерден бері жойылмай келеді. Және өзі аз еседі Қумай тектігі ғой көбей жарымайды - деп отыратын үлкендер. Шалдардың сол айтқандарының ақиқаты тазының бұл түрі сол Матай жүгірткен көк тазымен біржола бітті.
Ел көбесі сөгілген 1930 жылдан соң Ақтаудың теріс бейнеде қалған Кедейлердің күнкөріс көзінің бір түрі аңшылық бола кетеді. Сонда белсеніп шыққан кәсіби аңшылар Тастықара,.
Иманбай, Бәжбен, Матай. Тасекең көбіне шын жағалап жүрген. Матекеңнің қонысы Сарынияз жаңы. Имекец мен Бәжекең Аманқызылит, Ауыздыбасты ойларынан ұзамаған. Имекең бақилық болған соң орталықтағы ауылдың бірден бір кәсіби аңшысы Бәжекең болып қала барған.
Иманбайдың соңғы сәтінде қасында болып, топырақ салған ағайынның бірі, Кетебай мен Кешер бала ер жетіп қара қанат болғанша да, одан бұлардың үш Ұштағанға көшіп кеткенше де қол қайырын үзбеген адам осы Бәжекең болыпты.
Бәжбен 1870 жылы туған. Шаруа күні орташа. Міністік, сойыстық сауындық дәулеті бола тұрса да, аңшылықты негізгі кәсібі етіп кеткен. Туз тағысы бүркіт оңайлықпен қолға түспейді. Ұясын құзға салады. Бүркіттің өзіне қолы жете алмаған Бәжбен Жабай ұшқанның тауынан соның екі жұмыртқасын алады да кеудесінің үстіне бірнеше күн қонып өзі басып шығарыпты. Сондай бейнетпен қолына түсірген бүркітшінің шәулісін Тастықара інісіне сыйлаған.
Бәжекең бүркіт бабын білудей-ақ білген нағыз құсбегі болса керек. Сондағы ғой оның бүркіт көкжал бөріге, арқарға да түседі екен. Арқарға түсуі тіпті ерекше. Басынан түсіп, тырнағымен екі көзін шығарып жібереді екен. Саятшы оған қақпанға түсірген арқардың көзіне қант бүктіріп, бүркітін содан ауыздандырып баулыпты.
Қасқыр бүркітке оңай алдырмайтын жау. Бөлтірік болмаса, үлкен қасқыр теуіп түскен бүркіт тегеурінін жығылмай қаша береді. Сонда ызалы бүркіт көбіне жолшыбай кездескен бұтаға сыңар шеңгелін салып қалып, содан таңы айырылып өледі екен көбіне. Матай аңшының Шаңырақ құп деген жерде отырған бір өлген аңшының баласынан буаз маяға сатып алған бүркіттің қазасы солай жетіп, иесі оны адамша азалап жерлеген ғой. Бәжекең сол қауіптің алдын алып, бүркітін қасқырға тұсап салады екен. Сонда аяғы тұсаулы бүркіт шеңгелін бұтаға сала алмайды да, қасқыр әбден титықтап жығылғанша үстінен түспейді. Солай әбден қалып алған бүркіт көбіне қасқырдың мойнын бір шеңгелімен бүркіт, екінші шеңгелімен қос кездің арасынан алып түседі екен. Бірде мүлт кетіп, бір тырнағын қасқырдың аузында қалдырып, бүркіт содан маймақ атанып кетулі. Сол маймақ шеңгелмен-ақ ол маңайдағы ит-құсты қынадай қырған.
Мен саятшылыққа, құсбегілікке қатысты талай кітап оқыдым. Естігенім де кеп. "Маңғыстау мақтаныштары" сериясының тұсаукесері "Аңшы Нұр" кітабым арқылы бұл тақырыпқа қалам да тарттым. Солай бола тұра бүгінгі қасқырға тұсап салады дегеннің бірінші рет аңшыны көзі көрген немересі, атасы өлгенде 12 жаста, Аманғали аузынан естуім.
Баяғыда теңіз, бүгінде сор Қаракешудің Ауыздыбаспен шектес шеті Түлкі, Бекенбай дейтін екі төрткілге тіреледі. Бекенбай ел аузындағы түркіменнің суын құлынын қолды қылған бала, ажалы сол жерде жау қолынан болды делінеді. Төрткүлдің бірінің Түлкілі аталуы түлкінің көптігіне байланысты. Неге екенін қайдам, осы жерде түлкі өте-мөте көп, және терісі Маңғыстаудың өзге жерінің түлкісіндей сұрғылттау емес, қызылы басымырақ келеді. Ерте кездерде Кедейдің аңшылары осы жерде қостанып жатып түлкі аулайды екен. Себебі бұлғыны, сусары, кәмшаты жоқ елде түлкі терісіне сұраныс көп. Түлкі терісінен тымақ, ішік кию байлық белгісі. Маңғыстау қысы жылы. Сондықтан қасқыр ішік кеп киілмейді. Қасқыр ішік болғанда да оны тым ыстықтығы себепті еркектік қайратына (беліне) нұқсан келтіреді деп 40 жастан бергі ер адам кимейді. Алыс жердің бай, мырзалары, би-болыстары күні бұрын ақысын төлеп аңшыларға сұраныс беріп қояды екен. Осылайша жарықтық түлкіні маңы аталардың әрі саят орны әрі қысқы соғымын айыратын құт қонысы да болулы.
Жерге қар түсіп, түлкі жүні қызарған соң түлкінің Нысап жақ қойнауына Иманбай мен Бәжбен қосы бірге тігіледі. Ортақ бүркіт Маймақ. Бұлардың аңшылығы күнкөріс үшін емес, саятшылық құмары ғой, әрине. Иманбай ақтылы жылқы айдаған бай, Бәжбен де жарлы емес. Қарашаның аяғында тігілген қос кей жылдары желтоқсанның ортасына дейін жылымайтын болған.
Маймақтың тегеуріні ала бөтен. Белінен бүркіп, шалқалатып бүктеп түскенде түлкінің бар жыны алды-артынан бірдей ытқып кетіп, табанда жан тапсырады екен білекке орай бүркіттің ақыры қалай болды, оны Аманғали айта алмады.
Бәжекеңнің жүйрік ұрғашы көк тазысы болған. Ол енді бір жатқан хикая, әдемі аңыз.
Көк тазыдан запы болған қарақұйрық пен киік ол қосылған ретте тауға қарай қашады екен. Тез тасырқап қалатын тазы бірлі-жарымы болмаса көп аң ала алмайды. Тіпті әрі-беріден соң жүгірмей қояды. Содан Бәжекең тазысын түйесіне мінгізіп алып отырып ойдағы аңның тау жағынан тегіске қарай қашырып барып салады екен. Сонда жүйрігі тазы көршім жерге дейін топ қарақұйрықтың біразын түсіріп қалады. Бірде бір топ адам қызық үшін әрі сынап Бүркі талының ойында (Боздақтың төменгі жағындағы тегістік) аңға салғанда көк тазы ертеңнен қара кешке дейін 20 қарақұйрық алуды.
Сөйткен сол көк тазы күтпеген жерден қолды болып кетулі С. Мұқановтың "Өмір мектебінде" Торсан болыстың атқосшысының атақты ит ұрысы екендігі айтылған еді ғой. Ит ұрлығы біздің елге де емес екен. Көк тазы бір күні ұшты-күйлі жоғалады. Жүйрік тазы қасқырға алдырмаса керек еді. Соған қарағанда қолды болды дейді ел. Артынан белгілі болғандай көк тазының дабылы құлағына жеткен Табын әлде Кетенің бір аңшысы арнап келіп ұрлайды. Сонда ойлап тапқан амалы тазының күйлер шағында еркек тазысын ертіп келіп ауылды торыпты. Күйлеген тазымен төбеті кездеспеді. Есебін қалай тапқанын кім білсін төбетті ұйығуға жібермей жетелеп келген Ізіне салса бойын табиғи құмарлық билеген Көктазы байғұс соңдарынан қалмай ере берсе керек.
Арада жыл өтеді. Ел құлағы елу. Жем бойындағы бір көк тазының даңқы жетеді бұл елге. Соны ести сала атқа қонған Бәжбен барса — Көктазы. Анадайдан көріп алдынан арсалаңдап шығып, мойнына екі аяғын салып тұрып алса керек. Соның өзінде жаңа ие ит мені деп дес берер емес.
АҚСАҚАЛ
Әбекең - Әбіш аға Кекілбаев біздің бала күніміздегі үлкен ер-азаматтардың бәрі кілең шал-шауқан, ақсақ-тоқсақ кәрі құртаңдар сияқты болып көрінетін дейтін. Екі иығын жұлып жеген. тепсе темір үзетін ерлер қан қасапқа түсіп, қатары қақыраған соғыс кезінде себіліп, сор соғыстан соң есейген ұрпақ солай болмағанда қайтсін-ау. Әбекең өскен Онды емес қазақтың көп ауылындағы жағдай осыған ұқсас болатын. Ол тереңдеп бағамдағанда қазақ аулының ортақ қасіреті.
Ақсақал атаулыдан ада, тұл қалып, Махамбетіне айтқанда диуана болып кетуден бізді сақтаған әуелі құдіреті күшті құдайдың өзі де қала берді кешегі болып бір кеткендердің сарқытын ішіп, көзін көре қалған алды бүгінде арамызда ту түбінде тұрып жүрген Ерғали Төлесінов, Өтежан Алшынбаев, Қылыш Өтетілеуов, арты біз әңгіме қылып отырған Кетебай Қиынов, Естерек Жаманбаев, Қалмырза Жұмалиев, Жұмажан Дәуітов, Құртақбай Бисенбаев сынды топырақтары енді керсіген марқұм ағалар. Бұлар өзінше бір алыптар шоғыры. еліміздің отпаны. Ендігіміздің ұстанар үрдіс үлгісі.
Ноғай Түрікменбаев бұл ауылға күйеу. Орынбай Сарин марқұмның үлкен күйеу баласы. Күйеу қартайғанда жиен болады деп жиен болып алған жайы бар. Сол Нәкең айтады:
— Ендеше түсіп шайды біздікінен ішелік.
Сол баяғы өзім білетін Кетекең, сол қалпынан өзгермепті Іштей сезіп тұрмын бастас, құрбылас қарияларына бір шапағатын салғалы келген беті ғой. Онысын әрине мошқап сұрап жатпадым. Ағамыздың әлгі қол қайырымын көрсете кетуге даяр тұратын мінезіне тәнті болып қалдым.
Бекет Атаның 250 жылдық асы болды. Дүйім ел жиналды. Көшекеңді сонда көрдім. Кептен кездесуіміз еді. Недәуір әңгімелестік. Қасында ағасы жоқ. Мен білетін Кетекең болса мұндай дүбірден қалмаса керек еді. Әрі Таушық аулының ендігі ақсақалы, алқа төрағасы. өзі алқа бастап келетін-ақ орны еді. Көңілім әлденеге секем алып қалған. Сол алдамапты. Артынан білдік, ағамыздың денсаулығы сыр беріңкіреп жүрген уақыт екен ол.
СОҢҒЫ САПАР
Айналдырған ауру алмай қоймайды деп жатады қазақ. Ауруханаға еврей ауырмау үшін, орыс емделу үшін, ал қазақ елуге ғана қол тигізіп барады деген де сөз бар. Ақиқат алдына соғатын жағы да жоқ емес мұның. Бірақ әншейін де мұқият, тыңғылықты Кетекең денсаулығын да күтумен өткен адам. Темекі тартпайды, ретті жерінде бірер рөмкілігі бар болғанмен ішімдік жағына жоқ. Жасы ұлғайған соң ара-тұра дәрігерге көрініп, ақыл-кеңестерге құлақ асуға көп құлық таныта бастаған. Бірақ сырқаттың төтеннен келе беретіні бар емес пе қашаннан. Қалыпты тірілігіне жазықтың өзеніндей қалпынан жазбайтын Кетекең ауруының беті қатты екенін іштей білсе де сыртына көп шығара бермейтін сыңайлы.
— Бала-шағаңның алдында, өзінің де өзгенің де мазасын кетірмей бола берген бақилық сәнді қарттықтың соңғы нүктесі, деген екен бір сөзінде. Мұны маған айтқан әріптес інісі Ырза Оңғарбаев. Ақтан тілеген кісі ғой, сол тілегі болды.
Сәнді қарттықтың соңғы нүктесі солай қойылды. Қоңыр күздің бір қоңырқай күні 77-ге қараған жасында өмірден Кетебай Қиынұлы озды.
Қай қазаның да беті жаман. Бетін аулақ қылсын қай-қайсысының да. Дегенмен жоқтаушысыз қазаны қазіргі бар, ендігі бар болатын қазақтың басына бере көрмесін. Сондай тәубаға келтіретін бір мысал:
Ауылда жалғызілікті, басқа жарымаған, ұрпақсыз, жанашыры тағы жоқ бір қария дүние салып жатады. Жылап еліктеп жатқан ешкімі жоқ. Жаназасын шығарып, енді көлікке сала бергенде келіп жеткен бір жалғыз әйел дауыс салыпты. Сөйтсе бұл екі етек болып енді ғана үлгірген марқұмның алыс бір туыс қарындасы екен. Сонда келіп көрген көшелі қарияның бірі - қазаның сәнді еді кірлі ау,- деп терең күрсініп жіберсе керек. Қазада да сән болады деп жатсақ осы жоқтауымен екен, жұртым.
Кетебайың бүкіл елі болып жоқтады. Алыс-жақындағы ағайын, дос, жолдас-жора, тілектес, ниеттес, көңілдес көп ағайынның басы құралды. Жармыштан, ата-мекеннен Әбді, Әділ бастап келген бауырлардың өзі айғыр топ. Ләззат Кетекең мен Қанекеңнің өзегін жарып шыққан перзент болғанмен елдің, елінің ұлы. Дос, інінің қайғысын бірге көтеріп, осындай ұлды, азаматты дүниеге әкелген ағаларына бір уыс топырақ салуды мұрат тұтқан астаналық топта Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Шерхан Мұртаза, Мырзатай Жолдасбеков, Тимур Құлыбаев, Қайрат Сатыбалды, Нұрлыхан Бекбосынов, Жақсылық Жанғазиев...т.б.
Жаңаөзендіктердің басында абыз қария Өтежан Алшынбаев. Ақтау, Бейнеу, Маңғыстау, Қарағия—бәрінен де топ-топ қазашылар. Марқұмның Ләззаттан кіші балаларының жолдас-жораларының өзі бір бір қауым. Марқұмның өз өтініші, туған-туыстарының да ұйғарымы бір жерден қауышып қабір үй толы қауымында анасы Зеріптің қасынан қазылған екен. Күздің ала бұлт кешкен аспаны астында сонша қарақұрым ел жиналды. Қаралы жиынның алқамды сөзін алған абыз Өтежан Алшынбаев. Көп жылдар Маңғыстау ауданының басшысы ретінде халық ағарту саласына көшбасшылық жасаған Өтекең Кетекеңе басшы болғанының үстіне аға да. Оның інісіне басшылығынан бұрын ағалығы тұрып, аға жолы өтімдірек болумен өткен.
Кетекең әріректегі Самалықов Төралы, Нұрниязов Сәду, Жалғасбаев Тұрар сынды өлкені халық ағарту саласының бұрынғы тарландарының ізбасары, асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы еді - деп тебіренді Өтекең Мен оны ете бір салмақты, сабырлы, өз ойын әр уақытта дұрыс айта алатын озық ойлы азамат, ұстаздар қауымының алдыңғы сапында жүрген көшбасшы маман ретінде танып білдім. Ол ұстаздардың да ұстазы бола алған адам. Біздің алдымызда ақын Әбділда Тәжібаев ағамыздың жерден шықтым, жердің бай мекенім, жер шақырса қайта өзіне кетемін деген сөзі бар еді. Сол айтқандай бәріміз де жердің жемісіміз, бәріміздің барарымыз сол жақ. Өкініштісі Кетекең ерте бара жатқандай, ерте мінгендей келместің кемесіне.
Бірақ, Кетеке, сен олқыңның бәрін толтырып кетіп бара жатырсың. Ұлы, қызыңның алды бүкіл халқы алақанға салып сыйлаған азамат болды, арты ата атын алты қыр асырды. Бұл сенің шәкірт тәрбиесі ұстаздық ұлағатыңнан кейінгі өмірдегі екінші ұлы жемісің.
Хош, Кетекең інім. Барар жағын жарық, жатар жерің жәннат болсын. Халық жазушысы, заңғар Әбіш Кекілбаев алғаш мектеп есігін осы Таушықта, Кетекең көп жылдар директор болған мектепте ашқан. Үйі анау 7-ші шахтаға қараған Жаластың етегінде отырған сонда. Осында бір тоқсан оқып қысқа салым ауысқан Оңдыдағы мектепке. Реті солай келіп, кәмелеттік аттестатты да осы мектептен алған.
— Қанзеке адай, Кешеке ағай, Ләззат ағайын, қазаның арты қайырлы болсын дейміз алдымен,- деп бастады Әбекең лебізін. — Бұл дүниенің барлығын реттеп тұрған күштердің өзі біздің келуіміз бен кетуімді де шешкен әркімге әр түрлі ырыс-несібе берген ғой. Бұл бәрімізге ауыр тиетін қаза болғанмен сол үлкен кісінің әділдігін көрсететіндей орнымен болып отырған оқиға бұған да тәубә дейміз.
Жаңа білетін кісілер айтып жатыр, Кетекең 4-5 жастан бастап жоқтықты, жетімдікті, соғысты т.б. ғұмырға қауіп төндіретін талай-талай кептің бәрін кешіп кешігіп келіп 77-ге жетіп кетіп отыр,- деп жатыр. Осының өзінен артық үлкен тәубә, шүкіршілік жоқ деп білейік.
Сол 77 жасын есепке салғанда 15 жасын шәкірт болып өткізіпті, ал 61 Пайғамбар жасын ұстаз болып жасап кетіпті. Мұндай өмір жолы кез келгеннің басына бұйыра бермейтін бақ, абырой. Ата-баба біліп айтқан шығар, кез келген кісінің мың жасауы мүмкін емес, бірақ мың жасайтын кісілер болады деп. Алдымен дұрыс ұрпақ өсіріп, ұрпағымен бірге жасайтын әкелер жасау мүмкін. Аясында бақ өсіріп, ағашынан ағаш өрген бағбандар мың жасауы мүмкін. Артынан өсіп келе жатқан ұрпаққа еңбек етіп, тәлім еткен кәдімгі ұстаз мың жасауы мүмкін,— дейміз.
Кетекең соның үшеуінің де басынан өткізіп кеткен кісі. Сондықтан ол жер бетінде аты мың жасайтын кісінің біреуі деп есептеп тұрмын. Ұстаздық жөнінен келсек, осы тұрғандардың көбі Кетекенің шәкірттері. Сол шәкірттердің біз де біреуіміз. Төрелі мен Тұрардан бастап осы Кетекең мен Қанзия апайдың алдынан еткенбіз. Соның арқасында алыс-жақында ат шаршатып жүрміз. Осы тірлігімізде ең бірінші алғысты аспанда құдайға айтып, жерде Бекетке, содан соң қасымыздағы ұстаз алдында алдымен басымызды тұрамыз. Сондай ұстаздарымыздың саны азайып бара жатқаны қабырғаға батады. Ағаларымыз кеткенде өзіміздің үлкейіп бара жатқанымызды сезу де оңай емес. Осыдан аз-ақ жылдар бұрын Алматыдан келе жатқанымызда қайда бара жатырғансыңдар деушіге "пәленше деген келіншек үйленейін деп жатыр" немесе "пәленше деген қарындас құтты орнына қонайын деп жатыр" екен. Соның тойына бара жатырмыз дейтін едік. Енді сапарымыздың мәні өзгеріп бара жатыр. Пәлен деген ағамыздың түген деген жеңгеміздің соңынан топырақ салып, дұға тигізуге бара жатырмыз дейтін болдық. Ол үшін әрине құдайға өкпелемейміз. Алдымызда арулап жөнелтетін Пайғамбар жасынан асқан ағаларымыздың барлығына да шүкіршілік етеміз.
Өйткені біздің әкелеріміздің біздің жасаған жасымыздың жартысын жасамай, қайда қалғаны белгісіз болып кеткен ұрпақтың шүкіршілік пен тәубадан басқаға тілі келмеу керек деп ойлаймын. Өсіп өніп отырған ұрпақтың алдында, басы түгел ағайынның алдында, заманның түзу шағында алдыңғыларымыз кете барса, арттағы біздер армансыз болып қалармыз.
Атаның артында қалған ұрпағы аман болсын. Ұрпағының алды халқына қадірін өткізіп жатыр, қоғамын абыройлы бастап бара жатыр — бәрі баянды болсын.
Ақылды кісі, 60 жыл ұстаз болған кісі бұл дүниенің ауырын да, жеңілін де, ащысын да, тұщысын да білетін кісі көп нәрсені түсініп жатқан шығар. Кетекең ол жақта жолығатын жолдастары, айтатын әңгімесі, артына көрсететін шапағат шарапаты - бәрі он болатын кісі. Иншалла, ағаның о дүниеге сапары да бұл дүниедегі сапарыңдай абыройлы болып, нұры шалқып, топырақтың жәннаты бұйырсын.
Сақып Келелбаев Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары облыстағы мемлекеттік қызмет өкілдері, жұртшылық кейінгі толқын атынан сөз алды. Қара тілден қаймақ айыратын ділмар Сәкең лебізі Кетекең несімен қадірлі қай қасиетімен құрметті деген сауалдың жауабын дөп берді.
— Кетекең, біріншіден, азамат. Кешегі қиын заманда қиын өмір сүре жүріп үлгілі от басын құрады, Ізінен ата жолын қуған ұл, қыз өсірді. Қоғамының талабына сай өмір сүріп, еліне қалқысыз қызмет қылды. Тура жолдан тайған жоқ.
Екіншіден, Кетекең ұлағатты ұстаз. Ол тіпті кәсіподақ қызметінде жүріп те ұстаз болып қалды. Және ол қандай ұстаз болды десеңізші. Бұл қызметіне ой толы, қыр толы алды абзал аға жасындағы, арты азамат атанған жүздеген шәкірттері айғақ бола алады. Құрмет туралы сөз болса біріншіден, Кетекең патриоттық үлкен жүрегімен құрметі. Соның мысалы, 1964 жылы Таушық елі көшкен жұрт болып өгейсіп қала барғанда, Кетекең кетпей ұстын болып осында тұрып қалды. Ауылды замана көшіне әкеліп қосып, екінші жасауымен бірге жасады.
Екіншіден, ата атағын шығаратын, аруағын үстейтін перзент өсіріп құрмет көрді. Бүгін оның ноқтаға ұлы Ләззатты бүкіл елі құрметтесе ол Кетекеңе көрсетілген құрмет алдымен. Жай құрмет емес алдына алғысын салған құрмет. Бүгін бұл кәдеге осыншама халықтың жиналуы сол қадір-құрметтің халықтың мөлдір, тұнық қылаусыз сезімнің мыңнан бір бөлігі ғана.
Адам баласының арманы таусылмақ емес. Дегенмен Кетекең арманы аз адам болып аттанып бара жатқандай бақилығына. Себебі, ол арманын аласартпай, көңіліне діттегенін тындырып, алаңсыз, тыныш кетіп бара жатыр. Биікте өткен арыс биігінде кетті. Көпшіл, әрдайым көп тілегімен орайлас, үндес жүретін тілеуқор жан едіңіз. Енді бақилық мекеніңізде де сол көптің батагөй тілекшісі қамқоршысы, желеп-жебеушісі болып жатыңыз.
Қалауов Теңелбай Таушықта Кетекеңнің қоғамдық қызметіндегі әуелі көмекші інісі артынан орнын басқан ізбасары—ақсақалдар кеңесінің төрағасы. Теңкең аузына бір ауыз өлең жолдары оралды осы қаралы жиында.
Өмір деген тоқтауы болмай қоймайтын,
Ағып бір жатқан көш екен.
Жетіп барып бітері,
Өлім деген осы екен.
Қуантып бастар бастауын,
Қайғырып кетері несі екен?!
Солай бұл төрткүл дүниеден,
Сен де кеттің, Кетекем.
Перзенті боп Қиынның,
Келген қысқа ғұмырда.
Көркі болып жиынның,
Әділ жолға сиындың.
Бата дарып бойыңа,
Бағына елдің бұйырдың.
Жақсыны бұрын түстеген,
Кемелдігімді үстеген.
Болмашыға бұрылмай,
Баянды іске күштеген.
Жармышы болған жаңаның,
Бой салып өскен дарағым. Кеткенің-ау шынымен,
Үңірейтіп орнын ағаның.
Аспанды бұлт басқан сол бір қаралтым күнгі түсте үй толы қауымы қарасын бір қабірге көбейтіп. Қиынұлы Кетебай жер бетімен табысты. Ел бір арыс ұлынан айрылды...
Тірінің өлі алдындағы бір парызы қазанын; артының кәдесін орнымен атқару болса, соның бірі ескерткіш тұрғызу ғой. Ол әркімнің қалауына, талғамына қарай жасалатын іс қой. Көбіне марқұмның өмірдегі орны, білініп, кәсібі де көрініс беруге тиіс. Бұл жалпы ескерткіш атаулыға тән, оның үстіне біздің Маңғыстау елінде қашаннан бар, кең орын алған үрдіс. Бәз біреулер беріден пайымдап, бейпіл сөйлеп айтқанда мұнда бәсеке дейтіндей пендешілік пиғыл жоқ. Бәрі жарасымды. Бәрі еліне деген құрмет.
Ұрпақ жұрияттары Кетекең басына Үлкен күмбез мазар орнатты. Негізгі құрылыс материалы жергілікті жерден. Өзеннің ақ тасы. Құлпытас орнына Қап тауынан әкелген мәрмәрдан кісі бойындай етіп қашалған марқұмның мүсіні. Өте бір сәтті шыққан өнер туындысы. Кетекеңнің өмірдегі кескін-келбеті мәрмәрға айна-қатесіз көшірілген де қойған. Алдында ашық кітабы жатыр. Қаламы ұштаулы тұр. Осылайша Маңғыстауда қабір басына қойылатын монументальды ескерткіштердің жаңа бір жақсы үлгісі келді.
Ауыздыбастың айналасын ақ шекелек шың көмкерген ойында өмірге келіп, жалаң аяқ, жадау иін, жыртық көйлекпен балалығын артқа салып, бозбала болып та бой түзеп үлгірмей, аға орнын басып аға болып, кетіп, ерте есейген, егделігін де ертелеу еншілеген, солай өмірде де, еңбек жолында да ерте тұрып ырысын өзі тырбанып арттырған ер аға Кетекең — Кетебай Қиынұлы өз биігінде, қыр басында мәңгі тыныстап жатыр.
Марқұмның көзі көрмесе көңілі жеткен нұрлы көрешегі мен келешегі арттағы жақсы атаулының баршасына нәсіп болғай.
2005 жыл, қыркүйек — 2006 жыл, ақпан.
Ақтау — Ауыздыбас — Таушық
№ 2 қосымша
АЗАНБАЙҰЛЫ ЕСТЕК
Естектен — Қайып, Өтеу
Қайыптан - Жабай, Тәжі, Тұрымтай, Сағындық
Өтеуден - Тілеуберді, Жетеген
Жабайдан — Еселбай, Төселбай, Теңселбай, Жолмағанбет
Тәжіден - Қашқынбек
Тұрымтайдан - Шүйішбек
Сағындықтан — Әлімбай
Тілеубердіден — Алмағанбет, Қожан, Есжан
Жетегеннен - Аманбай, Иманбай, Қошым, Жол, Ерпанай
Жабай ұрпақтары
1) Еселбай балалары:
Тасмағанбет (Ташан) Тастығара
Дума (о.ж) Дауылбай (о.ж)
Ташаннан - Қойбағар
Қойбағардан — Азамат
Тастығарадан - Елеусін (о.ж), Мұқан, Ерғазы, (о.ж), Байғазы(о.ж)
Мұқаннан - Балмұханбет, Амангелді, Жұмажан
Балмұханбеттен - Сағыныш
Сағыныштан — Айдын
Жұмажаннан - Қуаныш, Айберген
2)Төселбай балалары:
Жарылғасын, Оңдасын (о.ж), Шәмелей, Емеш
Жарылғасыннан - Шиланбай
Шиланбайдан - Ақнияз, Тілеужан, Нұржан, Бақытжан
Ақнияздан - Бауыржан, Ғалымжан, Қамбар, Санақбай
Тілеужаннан — Қанатбай
Нұржаннан - Азамат
Бақытжаннан - Елдар, Әнуар
2. Шәмелейден - Жиенбай (о.ж) Қосай
Қосайдан - Жаңалық, Озғанбай, Жайық, Еділ, Енисей
Жаңалықтан - Думан, Берекет
Жайықтан — Шаттық
Еділден - Дарын, Абат
Енисейден - Ұлан, Ұлағат
3. Емештен - Төлеген, Әмірхан, Аманқос
Төлегеннен - Мұқал, Шоқан, Рабит, Ғабиден. Шеген, Қабден, Қасен, Мұстафин, Мардан, Мұқтар. Мұқалдан - Ербол, Нұрбол, Жамбыл, Жарас.
Нұрболдан - Шыңғыс
Ғабиттен - Бақыт
Ғабиденнен — Қайрат, Мақсат, Бағдат
Шегеннен — Алмас, Қылыш, Найза
Қабденнен - Алтынбек, Күмісбек, Райымбек
Қасеннен - Наурызбек
Мұстафиннен - Әли
Әмірханнан - Марат, Нұрлан, Тұрмағанбет
Мараттан — Нұрдәулет, Нұртілеу
Нұрланнан - Мәди
Аманқостан — Санат, Болат, Саламат
Болаттан — Досат, Нұрсат
3)Теңселбай балалары:
Батыр, Тәшекен, Тілекеш, Тілепі (Сақтаған)
Батырдан - Жиенбай (о.ж)
Ташекеннен - Ұлықпан, Үркімбай (о.ж), Сүлеймен
Ұлықпаннан — Құлжан
Құлжаннан - Тұңғышбек, Қанышбек, Рамазан, Мұқарам, (о.ж)
Аманбек
Тұңғышбектен - Ибрагим
Сүлейменнен - Бердеш, Бердібек, Өмірбек
Бердештен — Сырымбек, Бақтияр, Серік, Жомарт, Жұмат
Бердібектен — Айбек, Айберік
Өміррбектен - Ақылбек, Әділбек, Төребек
Тілекештен - Саламат (о.ж)
Тілекпіден - Зұлқарнайын (Зұлхан), Болат (о.ж), Әбілхан
Зұлханнан - Әділхан, Кемелхан, Әбдірахман, Дәулет, Әбдірасул.
Әділханнан — Ахметжан
Кемелханнан - Мұқанбет, Мырзағали, Қуанышқали, Наурызғали
Дәулеттен - Смағұл, Ақылбек
Әбдірасулден -
Әбілханнан — Құрманғазы, Омар, Оспан, Қалдыбек
Жолмағанбет балалары:
Жолмағанбеттен - Күзенбай
Күзенбайдан - Алпысбай (о.ж)
Тәжі ұрпақтары
Қашқынбек балалары:
Сүйеу, Іңірбай (о.ж), Мұқанбет, Бүркіт (о.ж), Бүлі (о,ж)
Сүйеуден — Төлесін
Төлесіннен - Серік (о.ж), Берік, Қазбек
Беріктен — Мұқтар, Қанат
Қанаттан — Саттар, Мейрамбек
Қазбектен - Жәнібек
Мұқанбеттен — Өсер
Өсерден - Дүйсенбек, Рзабек, Мырзабек, Үсенбек, Сабырбек
Дүйсенбектен - Ізбасар, Жақсылық
Рзабектен - Абай, Нұрсұлтан
Тұрымтай ұрпағы
Шүйішбек балалары:
Шүйішбектен — Махан
Маханнан — Тұрахан, Мейір, Рашай
Тұраханнан — Қанат
Қанаттан — Бұғабай, Амантай, Қонысбай, Байғабыл, Мәлік
Мейірден — Алдаберген, Арыс
Алдабергеннен - Уәйс, Жаңалық, Бәйіш, Талғат
Арыстан — Мұрат
Мұраттан - Нұрғиса
Уәйстен — Марат, Саламат
Бәйәштен - Әділбек, Мереке
Жаңалықтан - Асылбек, Жақсылық
Рашайдан - Жұмабек (тен) - Айжарық, Жалғас
Сағындық ұрпағы
Әлімбай балалары:
Қарабек
Қарабектен ~ Сәрсен
Сәрсеннен — Жанұзақ (о.ж)
Тілеубай ұрпағы
Алмағанбет балалары :
Есенғазы, Өмір, Толыбай (о.ж)
Есенғазыдан - Момын, Қарағұл, Жыңғылбай (о.ж), Сарбас (о.ж)
Момыннан — Жәуміт,Қараман
Жәуміттен - Қамбар, Алпамыс, Бейнеубай, Таңатар (о.ж)
Қарағұлдан - Көптілеу, Жеткізген
Көптілеуден — Т'ұтқабай - Кемел
Жеткізгеннен — Ғазиз — Мадияр
Қараманнан - Аманжол, Құралбай, Нұрбол
Қамбардан - Елдос, Жандос, Әлібек, Жәнібек
Алпамыстан — Қуаныш, Еркебұлан
Махан — Тұрахан — Қанат
Өмірден — Жиенбас, Базылбек
Жиенбастан — Жақсылық, Жетібай, Қошқарбай, Айтбай, Қыстаубай, Бүркіт.
Базылбектен — Қоблан
Қожан балалары:
Айсұлтан, Боран
Айсұлтаннан - Найзабек (о.ж)
Бораннан - Қуанбек, Базарбек (Фортта тұрады)
Қуанбектен - Ерсайын, Ақбай, Иван, Серік
Ерсайыннан — Арыстан — Қалмырза
Ақбайдан — Есет
Иваннан - Асқар
Серіктен — Абылай
Базарбектен - Берік
Беріктен - Берекет
Есжан балалары:
Аймағанбет, Мақаш
Аймағанбеттен — Әмір (о.ж), Тәжімағанбет
Ауданбайдан — Шынжырбек
Шынжырбектен - Айдын, Көмек
Айдыннан - Фидел, Қайыр Қайырдан — Асылбек. Айбек
Көмектен - Бауыржан, Нұржан, Руслан, Еркін, Дәурен
Бауыржаннан - Думан
Барақтан — Іляс, Қиян (о.ж), Болат, Қуат
Ілястан — Табылды, Шанытбай, Әбділла, Оспан, Әбдкарим
Болаттан - Мұрат, Жұма, Мұрат, Ораз, Абай, Қайрат
Қаттан — Сәрсен, Серік
Сәрсеннен — Бағдат
Шаңғытбайдан — Темірбек, Омар, Жүсіп, Серік
Әбділладан - Мейірбек, Жанарбек, Әнуар
Оспаннан - Руслан, Рүстем, Бауыржан
Табылдыдан — Асқар, Ғазиз
Әбдікәрімнен - Нұрсұлтан, Азамат
Тәжімағанбеттен — Нұрмұқанбет, Уәли, Нұрлыбек
Нұрмұқанбеттен - Нұрәділ, Нұрлан, Ибрагим, Нұралы, Нұрсұлтан.
Уәлиден — Бастар, Жұмабек, Қазбек
Нұрлыбектен — Сұлтанбек, Бердібек
Алматы жақта Ұзынағаш және Бейнеуде тұрады.
2) Иманбай балалары:
Айтжан, Сұлтан (о.ж), Шахан (о.ж), Қиын, Шиғұл
Айтжаннан — Қылышбай (о.ж), Боқан, Қоянбай
Боқаннан – Тағанияз
Тағанияздан — Бекзат
Қоянбайдан — Қармыс, Тұрмыс, Мәдениет, Сәкен
Қармыстан — Серік, Берік
Серіктен - Асқар
Тұрмыстан — Бақытжан
Мәдениеттен - Дәурен, Бауыржан
Сәкеннен - Мереке, Думан, Дидар
Қиыннан — Кетебай, Көшер
Кетебайдан - Ләззат, Жолдыбай, Амангелді, Шыңғыс, Әлібек, Қазбек.
Ләззаттан — Айсұлтан
Жолдыбайдан – Берік
Амангелдіден — Нұртас
Шыңғыстан — Нұрзат
Әлібектен – Жәнібек
Қазбектен —
Көшерден — Қаныбек, Рзабек, Болатбек
Қаныбектен — Азамат, Роман, Саламат
Рзабектен – Ырымбек
Болатбектен — Шапағат
Шиғұлдан – Ондаған
Оңдағаннан — Есбол
3)Қошым балалары: Қалдыбай (о.ж)
4)Жол балалары:
Темірбек, Сәди, Масқар (о.ж)
5)Ерпанай балалары:
Құлбай, Зорбай
Құлбайдан - Қанат - Санат, Талғат — Нұрасыл,
Бүркіт - Бекасыл, Бейбарыс
Қорғанбай — ?
Зорбайдан — Айнабек
№ 2 қосымша
НАҒАШЫ ЖҰРТТЫҢ ҚЫСҚАША ШЕЖІРЕСІ
Адай - Тәзіке, Қосай -
Тіней - Арық, Таңат -
Таңат - Өтеміс - Қасқа, Қоныс -
Қоныс - Нәдірбай, Ораз, Бөлек
Нәдірбай - Ақжігіт, Жаулыбай, Әділ.
Әділ - Есенбай, Байқадам.
Есенбай - Бапа, Қошан, Бабай, Елемес, Амантай, Өтебай.
Бапа - Сатыбалды
Сатыбалды - Шенен, Денеш.
Шенен - Бақытжан, Қазақ, Ораз, Нұрғали
Нұрғали – Тәжіұрат - Тәжмағанбет, Зереп
Тәжмағанбет балалары Ақтөбе облысы, Алғада.
Қазақстан Республикасы
Түпқараған ауданы
Түпқараған ауданы өкімінің және аудандық Маслихаттың 199 жылғы 12 қыркүйек күнгі шешімімен ауданның рухани тыныс тіршілігін байытып, мәдениеті мен экономикасын дамытуға сүбелі үлес қосқаны үшін ҚИЫНОВ КЕТЕБАЙҒА Маңғыстау облысындағы.
Түпқараған ауданының ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ атағы беріледі.
Аудан әкімі
Аудандық Мәслихаттың хатшысы
Республика Казахстан
Тупкараганский район
Решением акима Тупкараганского района и районного Маслихата от «_12-» сентября — 1997г. № 239 за личный вклад в обогащение духовной жизни и в развитии культуры экономики района присвоено КИЫНОВУ КЕТЕБАЮ ПОЧЕТНЫЙ ГРАЖДАНИН.
Тупкараганского района Мангистауской области
Аким Тупкараганского района:
Секретарь районного Маслихата
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру